Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore sherkhan_murtaza_shygarmalary_tom_2

sherkhan_murtaza_shygarmalary_tom_2

Published by Іле аудандық Кітапхана, 2022-04-05 11:06:42

Description: sherkhan_murtaza_shygarmalary_tom_2

Search

Read the Text Version

Сөйтіп, Сталин Қазақстанды қартадан ғана біледі. Картадағы Қазақстан тым-тым үлкен. Осыншама жерді жайлаған халық қандай болуы мүмкін? Қазақтар қандай? Қазақтардың біреуі қарсы алдында түр. Ал біреуінің хаты тартпада жатыр. Біреуі халқы үшін шырылдайды. Ал біреуі сол халқы үшін шырылдағанды өлтіре жамандайды. Екеуі де оқыған. Патша чиновниктерінің жазуына қарасаң, қазақтар жартылай жабайы. Түркістанның соңғы генерал-губер­ наторы Куропаткин тіпті: «көшпенді қазақтар цивилизацияға жету үшін мың жыл керек әлі» дейді. Ж ала шығар. Әйтпесе, сондай халықтан мына Рысқүловтай адамдар туа ма? Асылы, Рысқұловты, тек қазақ жанды дейтіндер қате- леседі. И ә, Сталиннің әлі есінде: жиырмасыншы жылдардың басы еді. Үлт мәселелері жөніндегі К омиссариаттың бар кезі. Сталин — нарком, Рысқүлов — орынбасар. Осы Рысқүлов сонда, сонау қиыр терістікте жатқан сахалардың жогын жоқтап, Сталиннің мазасын қайта-қайта алғаны бар. Саха дейтін ел бар екен, оны орыстар Якутия деп кеткен. Аңыз айтады: орыстар тұңғыс-эвенкілерден сұрапты дейді, анау Лена өзенінің аргы бетінде кімдер түрады деп. Эвенкілер: — Яка, яка,— дей беріпті. «Саха» дегенге тілі келмегені шыгар. Содан орыс агайын «Якут», «Якутия» деп кеткен көрінеді. Тіпті «Лена» деп жүргеніміздің өзі саха тілінде «Оол-ена» болса керек, ягни «Үлы Ана» гой. Ш іркін, Лена дариясы үлы десе ұлы гой. Бергі жагасында түрып аргы жагасына қарасаң көз жетпейді. Осы Рысқүлов сахаларга автономия берейік деп қадалган жерден қан алды. Ал саха-якуттердің оз арасында кейбір бетке шыгарлары: — Якутия — патша түсында Россия империясының бір губерниясы болып келген, РСФСР қүрамында сол губерния күйінде қалсын,— дейді. Ал, Максим Аммосов, Платон Ойунский деген зиялылары Автономия керек деседі. Оларды Рысқүлов колдайды. Губерния емес, облыс емес, Автономиялы Республика болсын дейді. Ақыры Якут (Саха) Советтік Автономиялық республикасын күру туралы ВЦИК-тің жарлыгы шыгып тынды.

*** — Сен мына хаттағы деректердің бәрін қайдан ал- дың? Сталин Рысқұловқа жолбарыстың көзіндей шапыраш сарғыш көздерін қадай қалды. Рысқұлов та пенде. Өте сезімтал. Мына суық көздерден іштей үрей де туады. Бірақ сыр бергісі келмейді. Сталин жолбарыс болғанда, бүл қара қабыланша айыл жимай, сенімді қалпын өзгертпей, аспай-саспай тіл қатты. — Совнаркомға жергілікті азаматтардан келіп түсіп жатқан хаттар, телеграммалар көп. Әрине, оларға бірден сене салмай тексеру әбден керек. Сол үшін де Қазақстанға, қазақтар қашып барып жан сауғалаған Омбыға, Барнауылға, Новосібірге, Түменге, Орынборға, Еділ бойындағы қала- ларға уәкілдер жіберілді. — Сонда, немене, бүкіл Совнарком аппаратын таратып жібергенсің бе? Байқайды, Сталинге бүл әрекет үнамайды. — Ж оқ, жолдас Сталин, аппарат орнында. Совнаркомнан төрт-бес адам ғана. Көбісі студенттер. Москва, Ленинградта оқып жүрген қазақ студенттері... Сталин Рысқүловтың сөзін бөліп жіберді. — Немене, сонда ол қазақ студенттері мұнда оқу үшін келген бе, жоқ, әлде үкіметтің қаржысымен, Рысқүловтың тапсырмасымен ел қыдырып жүру үшін келген бе? Оқу қайда? — Ж оқ, жолдас Сталин, студенттер каникул кезін пайдаланды. Тіпті, көбіне қаржыны мен өз қалтамнан бердім. Үкімет қаржысы көп шығын болған жоқ. Сталин мырс етті: — Сен қашаннан бері қалтасы қалың бай едің? Бұл кекесін сұрақ Рысқүловтың жанын қинады. Әділет- сіздіктің түрі әр алуан. Сенің кісіге істеген жақсылығыңның өзін өзгертіп, содан бір пәле іздеп түрғаннан асқан әді- летсіздік бар ма екен?! — Рас, жолдас Сталин, менің байлығым тасып бара жатқан жоқ. Ж уырда бір кітапшам шығып еді, соның қала- мақысын қидым.

— А-а, қаламақы ма?— Сталин қара трубкасын бір бұрқ еткізді. «Алтын жібек» темекісінің хош иісі кабинетте қалқып тұр. — Оқу қайда?— дедіңіз, жолдас Сталин. Студенттер, әрине, оқуға тиіс. Бірақ халқы қырылып қалса, ол оқу кімге керек? Кілем үстімен былқ-былқ басып бара жатқан Сталин оқыс бүрылды. Тіпті, жып-жылтыр сафиян етігінің үлтаны шиқылдап да кетті. Көзі қаһар шашырағандай шаншыла қалды. Айтар сөзі одан да заһарлы болатын шығар. Бірақ бүрылып, бүкшіңкіреп жай-жай басып, дәу қара столға дейін жетіп, трубкасымен хрусталь күлдеуішті тықылдатып тұрып қалды. — Сонда қалай, біз Қазақстан басшыларына сенеміз бе, жоқ, әлде Рысқұловтың студенттеріне сенеміз бе? — Қазақстан басшылары не дейді? Қарсы сүрақты Сталин мүлде ұнатпаушы еді. Сталинге сұрақ қоюды жүрт көптен бері ұмытқан. Тіпті Полютбюро мүшелерінің өзі оған тіке сұрақ қоюдан қаймығатын. Сталин басын шайқап қалды. Бірақ жауап қатты. — Мен жақында Голощекин жолдастан хат алдым. Хатында ол жазады: Қазақстанда мен келгенге дейін совет өкіметі орнамаған екен дейді. Тіпті мен келгенге дейін Компартия да жүмыс істеп жарытпаған дейді. Октябрь дауылы Қазақстанды жанай өтіпті. Ондай революция рухы сезілмейді. Сондықтан мен өз жүмысымды Қазақстанда «Кіші Октябрь» орнатудан бастап жатырмын дейді. Республикадағы жергілікті кадрлар арасында жікшілдік бар. Сонымен күресемін дейді. Коллективизация онды жүріп жатыр. Оның қарқынын күшейтіп, көшпенділерді отырық- тандырамын дейді. Осының бәрі қалай эсер етті екен дегендей, Сталин Рысқұловқа бір қырындап тұрып, қиғаштай көз тастады. Рыскүловтың танауы делиіп, тынысы тарыла бастағандай, кіршіксіз ақ көйлектің жағасына сұқ саусағын салып, кеңітейін дегендей керіп тұр екен. Сталин мүны сезбеген болды. Сыңайы: «шиыршықтала түссін» дегендей. — Голощекин жазады,— деді Сталин әр сөзін нығарлап, бүрап түсіп.— Қазақтар жабайы немесе жартылай жабайы *\\ Г 495

дейді. Сондықтан «культррегерство» ендірмекшімін, халық- қа қасықпен тамақ жеуді үйретпекшімін дейді. «Енді қалай екен?» деп Рысқүловқа тағы бір көз салып еді, анау талаурап, таре кетейін деп тұр екен. Сталин мұртынан бүлк етіп, бір күлді де, қара трубкасындағы күлді хрусталь күлдеуішке тықылдатып, қаққылап-қаққылап, сары ала қүтыдан «алтын жібек» темекісін саусағымен ширатып, кор-қордай трубканы қайтадан толтыра бастады. Арадағы үзілісті пайдаланып қалайын деді ме, әлде шыдамсыздық биледі ме: — Ал Сіз оған не дейсіз?—деп қалды Рысқұлов. Сталин қылау түсе бастаған, қайратты, жирен шашты басын баяу бұрып қарады. Содан соң, асықпастан, аспай- саспай трубканы тұтатты. «Алтын жібек» түтіні жүрегін сәл-пәл жібіткендей күлімсіреп: — Өзің не дер едің?— деп Рысқұловқа сығырая қарады.— Егер, әлгі хатты Голо-щ ек-ин маған емес, саған жазса, сен не дер едің? Не деп жауап берер едін? Рысқүлов не дер еді? Жауабы дап-дайын. Жауаптан қиналып тұрған жоқ. Бірақ айту әдісін ойланып қалды. «Голощекин —онбаған, жалақор, барып түрған авантюрист дейін десе, соз жоқ, Сталинге жақпай қалады. Саяси сұхбат кезінде қызбалыққа жол жоқ. Әр сәзінді бағып сойлемесең, басың бәлеге шалынады. Бір жерден ұсталсаң, құтылу қиын. — Мен не дер едім...— Рысқүлов озін озі тізгіндеп, сабыр сақтайын десе де даусы жарықшақтанып шықты,— Мен не дер едім?— деп үнін түзеп алды,— Мен айтар едім: жолдас Голощекин, ойтіп тұтас бір республикаға жала жаппаңыз. Республикаға сіз келгенге дейін де коммунистер болған. Партия да болған. Республикада совет окіметін орнатуға басшылық жасағандар да солар. Мысалы, мен озім Үлы Октябрь революциясына дейін-ақ, Түркістан мен Қазак- станда большевиктерге қарсы аяусыз террор жүріп тұрған шақта, басымды олімге тігіп, партия қатарына кірдім. Біз Әулиеата уезінде Совет окіметін орнаттық. Бізге совет окіметін баска жақтан қалын қол келіп орнатып берген жоқ. Бүкіл Түркістанда, бүкіл Қазақстанда Октябрьден кейін іле-ш ала окімет билігін большевиктер оз қолына алды. Ал ол кезде, жолдас Голощекин, сіздің озіңізді кормек тұрмак, атынызды да естіген емеспіз. Біз Ленин деген есімді естідік.

Өзін көрмесек те сөзін ту етіп ұстап, ұран етіп асқакататтық. Сондықтан, жолдас Голощекин, бұл айтқаныңыз үлкен ж ала! Сталин терезеден әлдеқайда карап тұрып-тұрып: — Ал «Культррегерство» дегеніне не дер едің? Кошпенділер шынында да әлі цивилизациядан алыс екені өтірік емес кой. — Цивилизация дегеннің озінде коп сұрақ бар, жолдас Голощекин,— дер едім.— Әуелі мәдениетті деп кімді айтамыз? Галстук тағып, шаш қойған адамды ғана ма? Олардын арасынан нелер кәззаптар табылар. Ал оқу жағы болса, әрине, кемістік бар. Бірақ сіз жиі айтатындай, казақтар жабайы емес! Орысша оқығандар да бар, ал мұсылманша оқығандар —екінін бірі. Әлде, мүсылманша оқу цивилизацияға жатпай ма? Ал қасық, шанышқы дейсіз. Үялмайсыз ба, Голощекин! Аштан қырылып жатқан халыққа әуелі тамақ тауып беріңіз. Қасық пен шанышқының бір амалы табылар. — Болдың ба,—деп Сталин терезеден бері бұрылды,— Сен осының бәрін Голощекинге емес, маған айтқандай кіжініп түрдың-ау... Сен сондайсың, иә,„ Ал мен не деп жауап жаздым Голощекинге? Білмейсің. Әрине, білмейсің. Мен айттым: Дәл қазіргі кезенде, сіздің үстанып отырған бағытыныз бірден-бір дұрыс бағытдедім. Мүным калай? Рысқұлов ішінен: «Жетістірген екенсің!» деді. — Е, ендеше, Голощ екин колхоздастыруға қүлшына кірісіп жатқаны да содан шығар. Сонда Сталин жолдастың «Табысқа мастану» деген еңбегін жүрт қалай түсінбек? — Ө-ө-озің қа-а-лай түсінесің, жолдас Рискюлов? — Мен әсіреңкі әрекет, асыра сілтеу болмасын деп түсінемін. — Ал Рискю лов жолдастың 1930 жылы, ұмытпасам, 3 январь күні Саяси Бюроға коллективтендіруді тез қарқынмен жүргізуге болады деп, записка түсіргенін қайда қоямыз? Ал?! Рысқұлов көзі қарауытып барып, қайрат-қуатын әрең жинап, бойын әрең билеп, ойын түзеді. Мынандай адам алып империяны билеп түрғаны неткен сорақылық! Неткен жаһаил! Ол записканы зорлап жаздырған өзі емес пе еді? Онда да Сталиннін машинкаға басылған текстіне қол қойған. Ол енді Рысқұловтың запискасы атаныпты. Мынау сүмдықтан откен сұмдық жоқ шығар? Бәсе, Рысқұловқа кол 497

қойдыруға неге сонша өзеуреді десе, осындай қияметтің боларын білген екен гой. Рысқұловтың аузын мүлде буып тастау үшін, күні бұрын ойлаган айла болды гой. Не деген жәдігөй! Олай деп қазір айта алмайсың. Суға кетіп бара жатқанда қарманатын жалгыз тал бар. Рысқүлов сол зорлап қол қойдырған запискаға оз қолымен қосымша жазган. «Егер көшпенділер малы орталықтандырылар болса, онда Орталық оларга астық берсін, жер өндейтін, егіншілікпен айна- лысатын техника, құралсайман берсін» деген. Бұл талаптың бірі де орындалган жоқ. Енді, міне, Сталин Рысқүловтың ең талма жерінен ондырмай соқты. Аяусыз соқты. Ал дау айтып кор! Сталин айтып түр: «халық қырылып жатыр екен, онда оган Сталинмен бірге сен де кінәлісің» деп түр. Сұмдық-ай! Сенің үш ұйықтасаң түсіңе кірмеген сорақы әрекетті саган таңып түр. Ал ақталып көр! Халқының қан жылаганын соноу патша заманынан көріп, куәсі болган Рысқұлов; сол халыққа кәйтсем қол ұшын беремін деп жастайынан шырылдаған Рысқұлов; алтын сандықтың үстінде отырып, сол сандықтың кілті қолына тимей, өз жеріне, оз байлыгына ие бола алмай қорлық көрген еліне еңіреп жүріп жаны ашыган Рысқүлов; соноу Түркістан өкіметі тұсының озінде жергілікті халықтардың правосы үшін Кушекиндермен арпалысқан Рысқүлов; «Түркістан, Қазақстан патша отаршылыгынан Совет түсында да арылып болган жоқ!» деп айқасқа түскен Рысқұлов... енді келіп сол халықты бір сәтте сатып кеткен болды гой! Мұнан асқан масқара, мүнан өткен сатқындық бола ма өмірде?! Мұндай қара таңбаны мандайға басып, жер үстінде жүргенше, сол қара жер қақ айырылып, неге мына азгын Рысқүловты табан астында жұтып кетпейді?! — Ж олдас Сталин,— деді Рысқүлов есеңгіреген хәлден айыққандай бойын жиып,— сонда, Қазақстанда жойқын ашаршылықты қолдан үйымдастырған мен болдым ба? — Ақылы алгыр азаматсың гой,— деп Сталиннің тоқпақ мүрты бұрқ етті.— Солай болганы да. Запискада коллек- тивизацияны қарқындатайық деген өзің емес пе едің? — Біріншіден, ол менің запискам емес, Сталин жолдас- тың жобасының көшірмесі болатын. Сталин жолдас оган кол қоюға мені мәжбүр еткен. Рас қой. 498 \"ЧЙ

— Запискаға қол қоярда Рискюлов жолдастың басы әлі орнында болатын. — Рысқұлов қол қоймаса, басы жерге домалап түсетін еді ғой, ә? Рыскүлов мынандай зорлықтан жаны түршігіп, қаны карайып кетті де, ақыр ит өлім екен, не де болса тайсалмайын деп тастай бекіді. Соны сезген Сталин монтаны аянға көшті. — Бас жөнінде әңгімені доғарайық,— деді.— Әр адамға бір-ақ бас берілген. Кесілген бастың орнына екінші бас өсіп шықпайды. Әрі десе, адам өмірі мәңгілік емес. Қайтеміз күні бұрын бас кесісіп... Бірак Саяси Бюро коллективизация туралы каулы қабылдаса, оған Рыскұловтың да катысы бар екені — факт. Одан кұтыла алмайсың. — Солай-ақ болсын. Сонда ол Қаулыда коллективизация жолында халык жаппай кырылсын деген пункт ж оқ қой! Әрі десе, мен малмен ғана күн көріп отырған халықтың малы ортак кораға камалса, сол халыққа астықпен көмек корсету керек дегенім қайда? Там-түм астығын да тартып алып, адамдарды қаңғыртып жіберу керек деген жоқпын ғой мен?! Даусы қаттырақ шыққан Рысқұловқа Сталин адырая бір қарап, ары қарай түкті кілем үстінен мысықша басып жүре берді. — Рас, Қаулыда халык аштан қырылсын деген пункт жоқ. Бірақ, бұл тарихта тұнғыш салынған түрен болғандықтан, біз болжап білмеген, күтпеген жағдайлар болуы мүмкін. Кей жерлерде коллективизация ұсқындыққа үшырады. Оған кінәлі қаулы емес, жер-жердегі бұрмалаушылық, асыра сіл теу ш іл ік... — Ал мен хатымда соны жазып отырған жоқпын ба? Дұрыстап оқысаңыз, менің айтып отырғаным да дәл осы жағдай. Сталин бәрін түсінеді, түсінбейтін бәлесі жок. Ол кейбір патшалардай кеще емес. Ол ақылсыз болса, ол анғырт болса, соншама ақылдыларды артқа тастап, ең үлкен мемлекетті жекедара басқарып отырар ма еді. Қазір Рыскұловтың жанын кинап тұрса, ол оныңтопастығынан еме-е-ес. Ақылдылардың бәрі ақ пейіл, адал да бола бермес. Сталин ақылдылығында Демонның акылдылығындай бір сұмдық бар. Демонның арғы

тегі ібіліс пе екен? Адам ата мен Хауа ананы азғырып; күнәға батырып, ж үм ақж айдан қудырып жіберетін сол ібіліс еді ғой. Сүлу әйелді сүйіп, құшудан ләззат таппай, сол сүлуды қылқындырып өлтіруден ләззат табатын адамдар болатын көрінеді. Ондай адам бүл қылығының сұрқия-сүмдық екенін біледі, біле түра, істемеске амалы жоқ, табиғаты солай жаратылған, Құдай карғаған қаражүрек жан. Ал Сталин — мысық мінезді адам. Тышқанды бірден жеп қоймай, тышқанмен ойнап отыратын мысықты коргеніңіз бар ма? Босатып қоя береді, тышқан сорлы кұтылдым ба деп тұра қашқанда, мысық оны адым аштырмай алдыңғы аяғымен бас салады да, тағы да босатып қоя береді... Содан мысық рақат кореді, масаттанады, озінін октемдігін сезіп, содан бір шырын шарап ішкендей болады. Ал тышқан сорлының шыр-шыр еткен жаны мұрнынын ұшына келгені мысық үшін қызық, қызыққа мае. С талиннің садистігінде осы тектес үрейлі үрдіс мол еді. Бүрынғы кезде, кейбір елдерде, жиырма бірінші желтоқсанға қараған түнде туған баланы, анасынын шаранасынан шыға сала, олтіріп тастайтын қатал зан болған. Неге десе, жиырма бірінші желтоқсан күннің ең қысқарған кезі. Бұл күні бала тендессіз жауыз болады деген сенім үстемдік құрған. Ал енді, жиырма екінші желтоқстанға туған баланы, бүкіл ел болып, қуана қарсы алады екен. Өйткені, жиырма екінші желтоқсаннан бастап күн ұзара бастайды. Сталин жиырма бірінші желтоқсанда туған... Кім біледі, бұл соқыр сенімнің сандырағы шығар? Бірақ жиырма бірінші желтоқсан мен Сталиннің соншама жауыз болуы қабыса кеткені несі? Кездейсоқ бірдене болар... Сталин Рысқұловты қылқындыра беруден саябырлап, жайдарман, бір иманды қалыпқа түсті. — Ж ә, Тюрар, тым-тым қызбалана берме, жарайды... Бүл істі Молотов пен Кагановичке тапсырдым. Олар анық- қанығына жетіп, бір тоқтамға келгенде, сенің ұсыныста- рынды Саяси Бюрода қараймыз. Сталин жадырағанмен Рысқұлов жабырқаулы еді. — Молотов пен Каганович істің анық-қаныгына жеткенше, қазақтан не қалар екен? Әрбір күн сан мындаган адамды апанға тартып кетіп жатыр,—деді. 500

— Сен енді бізге кысым жасама,— деп Сталин ызғарсыз өкпелегендей болды. — Сізге қысым жасар хәл қайда менде? Мен өз басым ашығып, өліп бара жатсам, Сізге бүйтіп жалынбас едім... Халық қой. Алты миллион халық! Соның қазір жартысы-ақ қалды. —Әсірелеуге бейімсің, Тюрар, сен санап шыккан жоқсың ғой. — Сенімді деректер бар, жолдас Сталин. Ауа кошкендер, Россиянин орманына дейін жетіп, ағаш қабыгын кеміріп жатқан қазақтар, олар да олген қазақтар... Сталин тіл қатпастан түнере бастады. Адамның коңілі неге аумалы-токпелі? Коңіл шіркін неге аунақшып түрады? Түске дейін күн ашық еді, түс ауа қалың бұлт қаптады. Сірә, жауатын шығар. Сталин неге үндемейді? Әлде, қазақтардың қайгылы хәлі қабыргасына батты ма? Үлкен империя. Бұл император. Әрине, созде, саясат тілінде оның лауызымы басқаша айтылады. Бірақ маңызына, мәніне келгенде бәрібір. Ол император. Бәлкім, солай атаса Сталинге үнар ма еді? Ол Грозный патшаны, Петр — I ні жиі-жиі атайтын. Оларды соз жүзінде сынаган болып, іштей бүйрегі бұрып та тұратын сияқты. Бірақ онысын білдірмейді. Петр крепостной шаруаның жонарқасынан үш қабаттерісін сыпырып алды деп айыптаған болады. Ал озі ше? Үш қабат терісін сыпырсаң да тірі қалса, кәнекей. Ш ыбындай қырылып жатыр гой. Петр I кезінде де сорлы халық аз шыгын болмаган деседі. Бірақ дәл қазіргідей емес-ау. Генсек Сталин дегеннен горі, император Сталин деген әбден лайықты болар еді. Император Август, император Цезарь, император Тиверий, император Калигула, император Нерон... император Наполеон... Откен гой неше наһандар. Сталин солардың бәрінің де откен-кеткенін коп оқыған. Сталинді шала сауатты деп менсінбейтін Троцкийлер мүлде қателеседі. Рим императорларының іс-әрекетін, мінез- құлқын Сталин аса үната да бермейтін. Мысалы, Калигула дегені құрылтай жиналысына озі ардақтайтын аргымақ атын мініп келіп, онымен қоймай, сол жылқы баласын кон- сулдармен қатар отырғызып қойыпты дейді. Қалай отыр- ғызган? Арнайы орындық жасаттырған ба? Сірке суына

маржан салып, соны ерітіп, езіп ішеді екен дейді. Сталин қанша қүдіретті болса да әзір Жоғарғы Советтін сессиясына жылқы баласын отырғызған жоқ. Сірке суына маржан ерітіп те ішкен жок. Калигула сияқты жалт-жүлт киініп, сал-серілікке де салынбайды. Тұрмысы тым жұпыны. Бірақ Калигула: «Жек көрсе, жек көре берсін. Тек, қорықса болғаны» дейді екен. Сталин осысын қүптауы мүмкін. Бірақ бүл жағынан Сталин Калигуладан әлдеқайда ақылды. Қол астындағы халық қашанғы қалтырап отырады? Халық Сталинді сүйетін болсын. Сталинсіз қалай күн кореміз, дейтін хәлге жететін болсын. «Жасасын Сталин!» деген үран әлі жаппай айтыла қойган жоқ. Бірақ жаппай айтатын болсын. Адамдар Қүдайга емес, Сталинге табынатын болсын. Калигула ақымақ. Сталиннің аңсары әріде жатыр. Рас, Калигула сұлу әйелді аймалап отырып: «Мойны қандай әсем?! Алай да жендетке: «Кес!» деуім мүн, осы әсем мойын қиылады да түседі-ау» дейді екен. Міне, бұл Сталиннің ұғымына әбден келеді. Сталиннің «ақ дегені — алғыс, қара дегені — қарғыс». Енді мүның бетіне қарсы келер ешкім жоқ. Зиновьев пен Каменев енді оның етігін тазалауға пейіл. Бухарин қайда бармак? Әне, ақсаусақ ақылмандар қандай күйге түскен? Енді гой, мына азиат Тұрар Рысқұлов бұган оқтын-оқтын булығып, дауыс котереді. Ау, алдагыларды неге кормейді? Троцкий, Зиновьев, Каменев, Рыков... Кеше гана Рыковпен бірге жүмыс істеді гой. Лениннен кейінгі екінші Совнарком. Сол Рыковтың озі әнкі-тәнкі болып кеткенін көріп сескенбей ме, бұл Рысқұлов? Бірак балапанын арашалай қарақұсқа қарсы шабатын тауықтың айбынын корген бар ма? Рысқұловта да сондай бір инстинкт бар. Өзге үшін озін өртке тастап жіберетін ерекше бір қасиет бар. Әйтпесе, бұгып кала түрса, айтқанды істеп, айдауга көніп жүре берсе, «мыналарың сүмдық!» деп айқай салмай, ақырын жүрсе, озіне мың есе пайда гой. Сталинге керегі сол: бетке келмей, бетегеден биік, жусаннан аласа бол. Ал мына Рыскұлов тыныштық таппай, тызылдап тұр. Осыдан екі жыл бұрынгы записканы есіне салып еді, одан сескенер емес. Басқа біреу жым болар еді, мынау қайта өршеленіп барады. Рыскұлов Сталиннің осы ойын оқып білгендей: 502

— Жолдас Сталин,— деді.— Сіз әлгінде запискаға қол қойдың, демек ЦК қаулысына сен де ортақ, коллекти­ визация қисық жолға түсіп кетсе, сен де жауап бересің дедіңіз. Айтыңызшы, сол запискаға мен қол қоймасам, Қаулы қабылданбай калатын ба еді? Коллективизация токтап қалатын ба еді? Сталин күптеген сұрақ. Сталиннің бетіне кан шапшып, өрттей күреңітіп ала жөнеледі. Ж атқан жыланның құйрығын Рысқүлов өзі басты. Сталин «алтын жібек» темекісін трубкаға салайын деп тұрып, соны үмытып кеткендей, бұған безеріп көп қарады. — Өзің қалай ойлайсың?—деді ызғарлана. — Өзім калай ойлаймын? ЦК-ның қаулысы менің қолымсыз да қабылданар еді. Партия саясаты, Сталин саясаты маған қарап қалған жоқ қой, солай емес пе? Тек, әлі күнге түсінбейтінім: маған зорлап кол койдыру, неге қажет болды? Әлде, қазақтарды аштан кыру үшін бүрын жоспар- лаған дүние ме? Оған кінәліні іздейтіндер табылса, Рысқұловты ұстап беру үшін керек болды ма? — Сені ұстап беріп, кінәлап жатқан ешкім жоқ қой. — Иә, әзір жоқ. Ал ел ертең есі кіріп, етегін жиған кезде, кінәліні іздейтіні хак. Сонда Рыскұловтың бетіне қара күйе жағылмак. Сталин ақыры трубкасын толтырып болды. Асықпай түтатты. Түтіннен жүрегі жібегіндей сәл-пәл езу тартты. — Бәсе-е-е,— деп мекіренді,— Осы сен қазақтардың қырылып жатқанына бола емес, өз атыңа қара күйе жағылатынына бола жанталасып түрған жоқпысың? А? — Ж оқ!— деді Рыскұлов күмілжімей.— Менің атыма кір жүққаннан тарихтың бір қылы да қисаймайды. Рыскұлов бұл дүниеде болды ма, болмады ма, одан тарихқа келер-кетер ештеңе де жоқ. Ал қазақтардың қырылғанын тарих кешіре алмайды. Әне, мәселе қайда, жолдас Сталин. Бұл енді, Сталин көтере қоймайтын тым-тым, кесірлі создер еді. Басқа бір жағдайда Сталин Рысқұловты екі шайнап, бір-ақ жұта салар ма еді, бірақ дәл қазір ол Рысқұловтың жанпидаға бел байлағанын сұңғылылалықпен түсінді. Енді Рысқүловтың неден болса да тайынбайтынын, халық қайғысына қаны әбден қарайғанын сезді. Ол өлімнен қорқып түрған жоқ. Сталин ана дәу столдың үстіндегі

кнопканы бір басып қалса, ажал кіріп келетінін Рысқұлов білмейді емес. Біледі. Біле тұра тәуекелге бел байлапты. Бұған Сталин сүйсініп те қалған сияқты. — Тарих туралы бірдеңе айттың-ау, Тұрар. Сонда тарих, мысалы, мен жөнінде не демек? — Оны дәл қазір болжау қиын. Сіз әлі Совет Одағын көп жыл, тым үзақ уақыт басқарасыз. Сіздің әділ бағаңыз сол ұзақ кезеңнің жемісіне байланысты. Бірақ әрбір басшыға мен император Августын тағдырын тілер едім. Сталин қалт тұра қалып, таңырқаған пішінмен: — Иә, Император Август қасиетті болған деседі,— деді.— Талай императорлар өткен. Солардың ішінде Август неге ерекше, соны білесің бе? — Император Август айтқан екен... — Айта бер, не депті? Рысқұлов Сталинге қарап, түтыққандай түрып қалды. — Айт. Рысқүловтың мүдіргені Сталинге үнамай қалды. «Жан- пидаға бел байлағаны бекер болды ма?» деп алданғандай хәлде калды. — Император Август: Римді мен қыш қала қалпында қабылдап алып едім, енді мәрмәр шаһар қалдырып бара жатырмын,— депті. Сталин ойланып қалды. Дегенмен, бүл Рысқүлов та сұңғыла. Тегін емес. О басында Сталин оны «Түркістаннын Ш ыңғыс ханы» деп ойнап айтса да, аузына бұл сөз бекер түспеген. Сталин кеще болып кетпесе, мына Рысқұлов оган: — Қарамағыңа қалың халықты қабылдап алып едің, артында сол қалың халықтың сүйегінен мың-мын мұнара қалдырма деп түр ғой. И ә, бұл жүрек жұтқан. Бұл енді ешқандай жазадан да қорықпайды. *** Рысқүловтын онсыз да хан базардай қалың кісі пәтеріне тағы семья қоныс тепті. Бүл баяғы О разбақтың өзі, қатыны, бала-шағасы еді. Оразбақ — М олдабектің баласы, Молдабек Рысқұлдың туған інісі еді ғой.

Рысқүлов Сталинмен бірге өткізген ауыр сағаттардан соң, кештетіп үйіне келсе, үйдің іші абыр-сабыр. О разбақ келіп, Түрарды құшақтап тұрып көрісті. Үзақ жол жүріп келгендікі ме, әлде өлік иісі сасыған өлкеден жеткендікі ме, әйтеуір, Оразбақтың тұла бойынан жидігендеу, жиренішті иіс шығады. Онсыз да езілген еңсесін езе түскен бұл кездесудің қуанышы шамалы еді. Рысқұлов айтпай-ақ түсінді: бүлар да аштық апанынан қашып шыққандар. Оразбақтың айтуынша, елде жаппай қырғын басталған. Ж ергілікті халық үп деп, бір түйір дән таппай отырғанда, Арқа жақтан ауған адамдар одан бетер үрей қаптатса керек. Жығылған үстіне жұдырық дегендей, ел арасын түрлі ауру жайлап алған. — Ауылдағы туысқандарың: Ахат бабаң, Дәу-Омар атаң сияқтылар да М әскеу жаққа қашпақшы. Менімен бірге кетпекші еді, пойызға іліне алмай қалды. Мен, әйтеуір олермендікпен іліндім,— дейді Оразбақ. —Олардан бекер айрылғансың, сен болмасаң Ахат кәйтіп жол табады?—деп қалды Рысқұлов. — Ойбу, Тұрар-ай, балапан басымен, тұрымтай тұсымен болып кеткен заман емес пе! Қарындасқа қарайлайтын күн кайда? Рыскұлов Совнаркомның кезекшісіне телефон соқты. «Тез біздің үйге санитарлар жетсін» деді. Босқындардың мына толкынын дезинфекциядан откізбесе, үйдегілерге қауіп. Кім біледі, бұлардың нендей ауру жұқтырып алып келгенін. Қайын енесі Эрифаның қабағы түсіп кеткен екен... Есіктің конырауы сылдырады. Әзиза барып есік ашқанда ар жақтан донес козілдірікті еңгезердей кісі: — Можно —деп кіріп келді. Бұл — Рудзутак еді. Рысқұловтармен корші түратын. Ян Эрнестович Рудзутак. Рудзутак! Так-так-так!— деп Сәкен Сейфуллин олеңге қосатын Рудзутак. Түркістан кезенінен Рысқүловпен қызметтес, ниеттес, жақсы жолдас. Рудзутак «козіме кос корінді ме» дегендей козілдірігін сипалады. Үй толы адам, кобінің түр-түсі ботен. Әсіресе, зоз 33— 626

балалар көп. Әрқилы, әр кейіптегі сәбилер. Рудзутак қарап тұрып-тұрып: — Так — деді.— Мынау Ескендір, мынау — Ш амиль, анау — Рашид... Кешір, Тұрар, басқаларын танымадым... Рыскүлов қарқылдап күліп жіберді. Сирек күлетін адамның мұнысы сәл ерсілеу де керінді. — Ян! Сен білмейсін бе, немене? Бүл — коллективизация. Тек, деревняда ғана емес, М оскваның как төрінде де, сталиндік коллективизацияны жеделдеткен қаркынмен үйымдастырып жатырмыз. Таныс бол, біздің колхоздың жаңа мүшелері: Нүрбедел, Күміскүл, Сейсекүл, Гауһар, Ғалия, Нүрия. Бүлардың бригадирі, яғни шешесі, менің туған қарындасым — Түйметай. Ал мынау екінші бригада,— деп Оразбақ жаққа қолын жайды.— Бригадир — Оразбақ. Орысша айтқанда, двоюродной брат. Яғни, мұныц әкесі Молдабек, менің әкем Рысқүл, екеуі бір кісінің — Ж ылқыайдар деген кісінің балалары. Анау кісі — осы Оразбақтың әйелі, әне ана үш кішкентай осы екеуініц балалары, ягни екінші бригаданың мүшелері. Бізде үшінші бригада бар. Ол — Базановтар бригадасы. Ауыл-шаруа- шылық Академиясының ш әкірті Нәйля Базанова қазір үйде жоқ. Ал анау Эли Базанов — оқушы. Нәйля мен Әлидің шешесі, мына Эрифамен бірге туган, ягни Әзиза- мен боле. Ал тортінші бригада — ол озіміз, мына Рыскүловтар бригадасы. Так что, Ян Эрнестович, коллективизация қарқыны бізде үдеген қарқынмен жүріп жатыр. Ертең бес, одан аргы күні ме, тагы да бір топ арыз берушілер елден келіп, біздің колхозга косылмақ. Қалай, үнай ма? Рыскүлов бұл хабарды әзілге айналдыргысы келсе де, ар жағында аш у-ыза жатқанын, тіпті мұнысы әзілден горі, кекесінге ұқсап қалганын, аса зерделі кісі гой, Рудзутак байқамай калган жоқ. — Да-а-а. Демек, Қазақстанда коллективтендіру науқа- ны аса бір шарықтаган қарқынмен жүріп жатыр екен гой,— деді. Әзиза әдеп сақтап, корш іні шайга шақырып еді, Ян Рудзутак Рысқүлов екеуі кабинетке кіріп кетті. — Осылай, Ян,— деп күрсінді Рысқүлов. — Д а-а-а,— деді Рудзутак.

— Аштықтан кашып кел гендер. — Біздің үйдегілер: «Рысқұлов үйіне кілең бір жүдеген адамдар келіп жатыр» деген соң, кіріп шығайыншы дегенім ғой. Кештетіп келгенімді кешір, Тұрар. — Қазақстан байырғы халқынын айрылып бітетін болды,—деді Рысқұлов тістеніп тұрып. — Ал ондағы европалықтар ше? — Қазақстандағы европалықтар егіншілікпен айналы- сады. Соноу Столыпиннен бері шүрайлы жерлер солардың қолында. Колхоздасу оларға онша ауыр тиіп жатқан жоқ. Рас, арасында колхозға қарсы бас көтергендер жоқ емес. Олар аштан қырылмайды, себебі — коры бар. Ал мал баққан көшпенді казақтардың малын жаппай алып еді, бір күндік запасы жоқ сорлылар сорлады да қалды. — Голощекинмен сөйлестің бе? — Голощекинмен адам тілінде сөйлесуге болмайды,—деп Рысқүлов жазу столының тартпасын тартып қалып, құн- дақтаулы жатқан маузерді көрсетті.— Міне, мынау арқылы керек! Геноцидті ұйымдастырып отырған Голощекин. Сен оны білесің гой. Адам етіне жерік кәрі сайқал. Оған, әсіресе қазақтардың өлігі оте ұнайды. —Тәуекел деп Сталинге мен де кірсем қайтеді? — Мың бол, мың болғыр, Ян Эрнестович! — Рас, Сталин шамданып қалуы да мүмкін. Араласпас іске араласасың деп, айыптауы да мүмкін. Бірақ шындық үшін күресу де керек шығар. — Шындық! Әділет! Кім айтқаны есімде жоқ... Баяғыда біреу: «Справедливость в Риме восхваляется, но бедствует» деген екен. Бізде де сондай-ау деп қоркамын. — Ал Достоевский: «Правда выше Некрасова, выше Пушкина, выше России...» дегені бар гой,— деп костады Рудзутак.— Сондықтан шындық үшін, әйтеуір түяқ серпу керек қой. Екеуі де үнсіз отырып калды. Екеуі де перделі терезеге тесіле қарап, тың тындағандай болды. Көрші болмелерден күбір-сыбыр естіледі. Эрифа балаларға: «Тиш-ш-ш» деп булығып жүр. «Үйде ботен кісі отыр, шуламандар» деген болар. — Есінде ме, Тұрар... Соноу 20-шы жылы..—деп Рудзутак ыңғайсыздана күмілжіді.— Сол конференцияда мен саған

үзілді-кесілді карсы шығып едім ғой... Енді ойласам, тым әсіре қызыл болған екенмін. Конференция сені түгел қолдап, қол шапалақтап түрып алғанда, мен ойладым: «Рыскүлов шынында да Түркістанды РСФ СР-дан бөліп әкетеді екен» деп. Рысқұлов бас шүлғып, жай езу тартты. — Өтіп кеткен әнгіме ғой, Ян. Ол кезде сенікі де — жөн. Ө йткені, алдымызда үлгі ж оқ еді ғой, бәрі тыннан басталып жаткан. М енің талабым — конституциялық қана талап болатын. Үлттық республика рас болса, РСФСР құрамына федеративтік право бойынша кіргенің рас болса, федерация күрамында бол. Бірақ басыбайлы қүл болма. Азын-аулак оз дербестігің, оз еркіндігің болсын. Сол-ак кой менің та­ лабым. — Ал енді Одақ болдық. Бірақ барлық республикалардың тізгіні бір-ақ колда...— деп қалды Рудзутак. «Сталинде» деп айтуға жасқанды ма, онсыз да түсінікті ғой деді ме, Сталинді аузына алмады. — Енді мына колхозды қүйындатканы киын. Украинада да адам шығыны коп деседі...— Коллективизацияны жеделдету туралы қаулыға зорлап отырып, маған да қол қойғызған қорлығын айтсаңшы,— деп күйінді Рысқұлов.— К олхоз болса — береке болады, ел молш ы лыкка белшесінен батады, деп сендіргенін кайтерсің? Кім білген мұндай сойканның соғарын? Өкініштен озегім өртенеді... — Сенің қол қойғанында тұрған не бар, Түрар. Сен кол коймасаң да каулы қабылданады. Политбюро түгел қол коймаса да қабылданады. Сталин өзі-ак шығарады. — Вот именно!—деп Рыскұлов орнынан түрегеліп кетті,— Дәл осыны айттым ғой мен Сталинге! — Оған бола күйіне берме. Колхоз деген, оны жау ш апқандай тездету деген, С талиннің ісі екенін жұрттың бәрі біледі. — Ол рас қой,— деп қыза түсті Рыскұлов,— Бірақ кейін-кейін осы колхоздың шикілігі шығып, оның асыгыс болғаны қате екенін айыптап, бір ақылдылар шыкпай ма? Сонда мойны құрықтай, озі сырыктай бір профессорсымак түрып: бұган Рысқүлов та кінәлі. Политбюрога записка түсіріп, үсыныс жасаган сол деп оттамасына кім кепіл? Ал мен бәс тігемін, дәл сол профессорсымак Сталиннің көзі

тірісінде, «сталиндік колхоз құрылысының жеңісі, салта- наты!»—деп алдымен даурығады. Сталиннің көзі тайған күні сол әлгі өзі айтқан жарапазанды өзі жоққа шығарып тағы даурығады! — Ол рас,—деп Рудзутак өкінішпен басын шайқады. Екеуі бір-біріне мұң шақкандай көпке дейін отырды. Тіпті көрші бөлмелердегі көп адамның абыр-сабыры да сап тыйылды. Сірә, бәрі де ұйқыға кеткен болар. Қалай жайғасты екен? Әлгіде Эрифа: «Бұлардын бәріне төсекорынды қайдан табамыз?» деп аңырып тұрғанын көріп еді Рысқұлов. — Иә, жағдайың кісі қызығатындай емес, Тұрар,— деп Рудзутак жаны ашыған пішін таныта.— Бір пәтерде — бір колхоз. Әйелін тамаша адам. Дегенмен, бақыттысың, Түрар. Мұндай әулие әйелді мен көрген емеспін. Егер осыншама аш адам Латвиядан қопарыла көшіп, менің үйіме келсінші, әйелімнің не болып кетерін коз алдыға елестетудің өзі қиын. Азамат, алтын адам Әзизаң сенің. Молодец! — Оның рас,— деп келісті Рысқүлов.— Бірақ қайын енем біраз жақтырмай, ептеп мінез корсетіп еді, кейін нәубет жағдайын түсінгеннен кейін, қайта бүл бейшараларға қам- қоршы бола бастады. — Совминдегі жолдастарға айтып, бұларға интернат сияқты бірдеңе үйымдастыру керек шығар,—деді Рудзутак. — Москваға кашып келіп жатқандар жалғыз менің туыскандарым ғана емес, Ян. Өз туыстарымды өзім асырауға шамам келеді. Ал Қазан вокзалының басында ыңырсып жатқан казақтарды барып көрсең сен. Ж аның шошиды. Әне, соларға приют үйымдастырған болдым. Олар күнде шүбап келіп жатыр. Ж алғыз Москва ма екен? Саратовта, Тамбовта, Рязаньда жатқандары қанша? Орыс ормандарында қанша қазақтың басы қалғанын ешкім де анық білмейді. Осының бәрі не үшін? Соншама не жазды қазақтар? Қандай қылмысы бар?— Рысқүлов Рудзутакқа жақындай түсіп, сұмдық сыр ашкандай болды:— Осының сыры неде? Сталин Голоще- киннің қолымен қазақтарды жойып жіберіп, ұлан-байтак жерді босатып алмақшы ма деймін. Рудзутак сескеніп қалды. — Қой, олай болмас,— деді. —Лайым да сен айтқандай болсын,— деді Рыскұлов.

Рысқұлов аз ұйықтап, ерте тұрса, бұдан да бұрын түрған адам бар екен. Оразбақ киініп алып, бір жаққа кетейін деп жатыр. — Оу, таң атпай қайда барасың?—деді Рысқұлов. — Возкалға барамын. Мүмкін бүгінгі пойызбен Ахат атам келіп түсетін шығар... Тастап кеткеніме өкінемін,— деді Оразбақ мұңайып. Бір кезде болыс болдым деп, ауыл-аймақты аштан қыра жаздаған Оразбақ, енді сол істегені алдына келгендей хәл кешкен. Колхоз белсенділері енді мүның өзінің бірер тұяқ малын, жүрек жалғап отырған соңғы пәтір нанын тартып алып, үй-ішімен аштан қырылатын болған соң, Тұрарға жетсем, өлмеспін деп Москваға тартқан ғой. Ахат пойызға іліне алмай қалыпты. Рысқұлов: «Әй, Оразбақ! Аштардың азын-аулақ ауқатын тартып алған қандай болады екен? 19-шы жылы болыс болғанында елге істегенін алдыңнан шықты ма?» дейін деп еді, айтпады. Сол бір әсіреңкілігі үшін жазасын сотсыз-ак алған. Бір кездегі иттігін бетіне шыжғырып баса берген келіспес те. — Мен де барар едім,— деді Рысқүлов.— Бірақ Ахат атаның дәл қай күні келетіні белгісіз. Әрі десе, қазір Сталинмен тағы да кездесу...— деді. — Сен әуре болып кайтесің? Москваның ішінде адасып кететін мен емес, өзім-ақ тындырамын,— деп Оразбақ таңғы шайға да қарамай, Қазан вокзалына кетіп қалды. Оразбақ шығып кеткен сон да, Рысқұлов көңілі қо- балжулы еді. Азап жолынан келе жатқан Ахат қартты өзі шығып қарсы алғанда да болатын еді. Оған үлкен басы кішірейіп кетпес еді. Әрі десе... Әрі десе, сол Ахатайтулы 1916 жылы, Рысқүл Сібірге айдалып, Тұрар Приходьконың қолында қалып, шіркеу оқуына берілетін болғанда, сол Ахат кішкентай Түрарды алып қашып, орт шалған қалың қамыстан, күшігін желкесінен алып шыққан арландай болып, Рыскұл- дын жалғыз жәдігерін Мерке асырып жібермеп пе еді? Егер сонда, Тұрар Приходько мырзаның қолында қала берсе, діни семинарияға оқуға берілер еді. Христиан дінінің казақтан шыққан миссионері болар ма еді? Қазақтарды: «христиан дінінің православие тармағына кіріндер!» деп

үгіттер ме еді? Кім біледі... Діни семинарияны бітірген Әліби ағасы, бірақ, кейін революционер болып шықты ғой. Тағдырдыц жолы сан тарау. Әр істің себебі бар. Сан тарау жолдыц қайсысына түсерің сәл себепке байланысты. Сол жолы Ахат оны дін оқуынан аман алып қалғаны ақиқат. Сонда Ахат Тұрарды Алматыдан Қордайдың тауына дейін арқалап, одан әрі бір мал айдаушыға аманат айтып: «Меркенің қой базарында Қырғызбай деген делдал бар. Баланы соның колына тапсыр. Рысқүл деген есіл ердің баласы десең, өзі түсінеді» деген. Сол Ахат енді Москвадан пана іздеп келе жатыр. *** Ашаршылықтың азап жолын көтере алмаған тоқсандағы қартың келе сала, ауруханаға түсті. Оны Рысқұлов өзі орналастырды. — Апыр-ай, ата, баяғыда, есіңізде ме, Талғардан Түл- кібасқа көшкенде: «Өлсем, сүйегім ата-бабамның қасында қалсын» деп едіңіз ғой,— деді Рысқүлов сүлдерін сүйретіп жеткен Ахатқа.— Енді сол ата-баба жатқан топырақтан неге безді ніз? Ахат кемсендеді. Қызыл жиек көзін орамалмен сүртіп: — Е, Тұрар балам, мен өлімнен қаш қан ж оқпы н,— деді демігіп.— Түлкібаста аштан өлсем, комусіз қаламын-ау деп қорықтым. Аштан олгендерді вокзал басынан жинап алып, аяқтарынан сүйреп арбаға лақтырып салып, айдаладағы сайға апарып тастағанын өзім көрдім. Көмусіз қалған бейбақтың жаны, екі дүниеге де симай, мәңгі-баки шырылдап, қорлық көреді екен, мен содан қорықтым... Енді өлсем де, арманым жоқ, сен көмусіз қалдырмассың... — Қорықпа,— деп жұбатты Рысқұлов.— Әлі-ақ жазылып кетесің. Аштық — уақытша нәубет. Бұл қиыншылықтан да қүтыламыз, қамықпа. Мына Оразбақ пен Түйметай немесе біздің үйдегі келінің ыстық сорпа әкеліп тұрады, өзім де келіп түрамын. — Мен өліп қалсам, Пернегүлге қарайлас, саган аманат,— деп сыбырлады Ахат. Сөйтіп, Рысқұловтың «колхозына» жана мүшелер «өз еркімен» келіп қосылды.

Рысқұловтың асүйінің плитасынан қазан түспейтін бол­ ды. Кіріп-ш ыққан кісінің көптігінен, Рысқұлов есігі қоңы- рауының жағы сембейтін болды. К іріп-ш ыққан адамның көптігінен, үй ішіндегі дәретхана босамайтын болды. Төтеннен келген кісіге бүл үйден колаңса, бөтен иіс те сезіле бастады. Рыскүлов үйіне күнде дезинфекция жасалатын болды. ЕКІ ЖҮЛДЫЗ Рысқұловтың үйіне тағы бір мейман келді. Рыскұлов оған ерекш е қуанып калды. Бұл жөні бөлек қонақ еді. Жандай жақсы көретін тетелес інісі, рухани досы Мұхтар Әуезов телефон сокканда, Рыскұлов жұмысын тастай салып, Совнаркомнан машинаға отырып, вокзал басына жетуге асыкты. Екеуі төс қағысып, құшактасып корісті. Түлға-бітімі ботен, ажары айдай, кереқарыс мандай, нәркес козді Мүхтар бү жолы жүдеу көрінді. Түрмеден шықкан беті екен. Рысқүлов істін мән-жайына бүрыннан әбден қанык. Сондықтан «не болды?», «калай болды?» деп мазаламай, жолсоқты болған күрметті мейманды бірден үйіне апармакеді, Мүхтар: —Тұрараға, мен бір қонақ үйіне жайғассам жарар,—деді. — Қ азы наны ң үйінде жата-ж ата жамбасын сарғаймап па еді, қой «қонак үйі» дегенді.— Сонан соң ш оферға:— Үйге тарт, деді. ...Ж иырма екінші — жиырма үшінші жылдар еді... Байтақ Түркістанны ң кіндік каласы Таш кент еді. Рыскүлов Түркістанның премьер-министрі, ал Әуезов — аспирант болатын. Сол жылдары казақтын ақын-жазушылары, ғалымдары Ташкентке коп жиналды. Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Ж үсіпбек Аймауытов, Халил Дос- мұханбетов, Ж анш а Досмұханбетов... Көп еді олар. Ш етінен ірі тұлғалар. Ташкентте аз уақыт ішінде көбінін кітаптары басылып шыкты. Бір күні көмекші: — Мұхтар Әуезов деген жазушы келіп тұр,—деді.

Рысқұлов бұрын Әуезовті көрмесе де, атына қаны қ еді. Семейден Орынборға кетіпті дегенді естіген. Ол ойланып жатпай: — Кірсін,—деді көмекшіге. Рысқұлов қазақ зиялыларында еркек басымен Мағжан Ж ұмабаевтың көркіне қызығушы еді, мынау да бір келіскен кескін екен, сүйсініп қалды. Ж үріс-тұрысы, сөз сөйлеу мәнері аса бір тектілікті танытқандай, күн шұғылалы жарық мандай, арыстай азаматпен лезде тіл табысты. Тәңірісі сүйген үлдың мандайынан шүғыла шашырап тұрады деуші еді, мынау сондай ілуде бір кездесетін нағыз бозымнын өзі екен. Әуезов сонда, өзінің оқу іздеп келгенін, өткен-кеткен хикаяларын балдай тәтті тілмен жеткізген. «Алашордаға» байланысты қуғын-сүргінге детүссе керек... Содан Рысқүлов екеуі сырлас, мұндас болып кетті. Соның жемісіндей болып, 1927 жылы дүниеге «Қ араш -Қ араш » келді. Бұл Тұрарды ң әкесі Рысқүлдын ноқтаға сыймас тағдыры туралы. Рысқүл әулетінің қиямет жолы туралы біртуар шығарма еді. «Қараш-Қараш» баспадан шыққанда, Рысқұлов М осква- да болатын. Кітап қолына тиісімен тырп етпей, тіпті дастарқан басына да бармай, бір деммен оқып шықты. Кітаптың соңғы бетін жауып қойып, өмірі көзінен жас шықпаған Рысқүлов, сонда егіліп жылады-ай келіп. Сөйтсе, өзі шыр етіп, дүниеге келгеннен бері, мандайы тасқа соғыла-соғыла, іштегі құса беріштене берсе керек. Енді сол іштегі сіре-сіре мұзды, мына кітап, құдіретті күннің жылуындай қыздырып, еріткенде, содан сел жүріп кеткендей екен. Бар оқиға — бастан-аяқ сол 23-ші жылы Әуезовке өзі айтып берген әңгіме. Бұл айтып отырған, Әуезов қалын қара дәптерге жазып отырған. Ал енді сол айтқаны жазушынын көкірек корігінен өткенде, суреткердін өз сүзгісінен шыққанда, Рысқұловтың қарабайыр әңгімесіне қаламгердің жүрек оты қосылғанда, тас аралас алмастан сан қырлы, сан сәулелі, ғажайып гәуһар мүсінденіп, дүниені таңқалдыру үшін, құдірет күшпен туа қалған екен. Әуезовтің дара дарынына Рысқұловтың козі жетіп, тәнті болған. Сондай дарын түрмеге түсіп қалыпты дегенде,

қабырғасы қайысқан. Түрме деген дүлей дүниеден ақылдың кенін арашалап алуға амал да іздеген... Енді, міне, сол түрме деген суық үйден шыға сала, Мүхтар Әуезов еш қайда бүрылмай, тіке Тұрар Рысқұловқа келіп еді ғой. Әзизаның дәмді шайынан кейін, екеуі кабинетке оңаша кетіп, сол отырғаннан таң атқанша отырсын... Екі ойшыл кездескенде әңгіме шіркін, әрленіп, өңі кіріп, сөзге жан біткендей, қос құлагер шапқандай, ақыл-ойдың кені ақтарылғандай болмақ қой. Ш іркін, сол түнгі әңгімені осы заманның магнитафонына жазып алса ғой. Қағазға түскен сөз қалады, ал екеуара сол әңгімеден не бар?.. Мұхтар жазасыз жапа шеккенін, әкімдер оны «Алашқа» таңып, жазушы деп, жазушы болмаса да қаратабанды танып, пролеткульт дегенді шығарып, шын талантты танымай, қайдағы дарынсыздар тайрандап, дарындылардын канаты кырқылып, жағаға дауыл лақтырған кемедей қайрандап жатқанын айтты. Пролетариаттан шықпасаң, жазушы емессің. Ж арапазан жазса да кедей-кепшіктен шыққандар ғана танылса, күні бүгін көзі тірі жүрсе, граф Лев Толстойлардын хәлі қалай болар еді?— деді. Содан, әңгіме өзінен өзі қиғаштап, қазақтан шыққан ақын-жазушылардың ортасына қарай ойысты. Әуезов күні кеше ғана, республиканың партия газеттеріне түрмеден ашық хат жолдап, мен өткенімнен бездім десе де, қазір Рысқұловқа ағынан жарылып: — Ахан — менің пірім,— деді.— Менің пірім Сүйінбай деп Жамбыл деген жырау айтқандай, менің табынатын ағам — Ахмет Байтұрсынов, Аханды, Мағжанды жамандап, жала жауып, соттатып жібергендер қазір Алматыда алшаң басып жүр. Мұның өзі түлпарды есек тепкендей, ерсіден де ерсі кылык болды. Елдігімізге жараспайтын сүмдық. Большевиктердің белгілі басшыларының бірінің алдын­ да отырғанын ұмытып кеткендей. Рысқүлов та сыр бүкпей, бұ да бір шешілді бүгін... Бір біріне имандай сенгендіктен шығар, әйтпесе адамдар бір-бірінен сақтанып, екі шоқып, бір қарайтын заман белгі беріп қалған-ақ, кез еді ғой. ОГПУ-дің қүлағы түрік, құрығы ұзын. Қойынындағы қатыныңа, бауырындағы балана сыр шашу — қырсыққа шалындыратын бейдау күндердің күңгірт көлеңкесі түсе бастаған.

— Аханды мен бұрыннан білуін бір кісідей білсем де, жүзбе-жүз көрісуім, жиырмасыншы жылдың жазы еді,—деді Рысқүлов.— Аяулы бір кездер болады ғой, Мұхтар. Сол жиырмасынш ы жыл мендегі бір қиын да қы зы қ кезең еді ғой. Түріккомиссиямен айтысып, Москваға келгенбіз. Қасымда Низам Ходжаев деген өзбек бар. Ондағы айтыс-тартыстың сыры саган белгілі, айтып ем гой бір... Содан, ұмытпасам, сол майдың аяқ шені гой деймін. «Метрополь» мейманханасына түскенбіз. Бір күні фойеде Ахаң отыр екен. Бұрын көрмесем де бірден шамаладым. — Ассалаумағалейкум, Ақа,—деймін баягы. Ол да: — Сен Тұрармысың, шырагым?—деді. Содан шүрқыраса кеттік. Нөмірге барып, шай алгызып, ақ-жарқын әңгіме тиегі агытылды. Алдында Аханды түрмеге жауыпты дегенді естіп, Сұлтанбек екеуміз қол қойып, Ленинге телеграмма жібергенбіз. Ақ-қарасын тез шешіп, қылмысы жоқ болса, Ахмет Байтұрысынов түтқыннан босатылсын деп... Енді осы таяуда гана, Лениннің III интернационал конгресінде жасайтын баяндамасының тезистерін алган едім. Ленин өз тезистерін тандап-тандап бірнеше кісіге жіберген екен. Осыны оқып, сын-ескертпе, ұсыныстарыңыз, қосым- шаларыңыз болса, жазып жіберіңіз депті. Лениннің тұсында демократияның сондай да ұшқыны болатын. Сөйтсем, әлгі тезисін Ленин Ахаңа да жолдаган екен. Демек, Лениннің үгымында, Ахаң Л ениннің озіне ақыл қосар ірі фигуралар санатында болганы гой. Әңгімеден әңгіме туындап, әлгі тезис сөз болганда, Ахаң: — Онда бүл тезистерге байланысты ойымызды екеуміз бірігіп ж азсақ қайтеді?— деді. Содан Ахмет Байтұрсынов пен Тұрар Рысқұловтың «Ленин тезистеріне қосымшалар» деген аты-шулы еңбек туган. «Атышулы» болатыны — біздің «оппоненттеріміз» әлі күнге дейін, сол еңбекті біздің қатеміз ретінде, жөні келсін-келмесін, бетімізге баса берді. Лениннің озі айып- тамаган дүниеден қазіргілер қате іздеп, арам тер болып, сонымыздан қалмайды. Мүхтар сәл қозгалақтап, тамағын бір кенеп, етженділеу, әдемі мүрнын сипалап қойы. Оның бірдеңе айтқысы келгенін сезіп, Рысқүлов сәл кідірді.

— Сол хатты «атышулы» дегені болмаса, не жазган- дарыңызды жөндеп білмейміз,—деп қалды Әуезов. — Не жазушы едік? Сол баяғы үлт мәселесі. Ленинге біз былай дедік. Сіз, Владимир Ильич, үлт бостандығын, үлт республикасынынеркіндігін жарияладыңыз. Ал бірақ, біздің Түркістанда жағдай басқаша. Бізді жергілікті өз өкіметіміз емес, тікелей М осква басқарып, екі тізгін, бір шылбыр М оскваның қолында, қалай бұрады, солай жүреміз. Өзіңше бір сәл әрекет жасайын десен, Москва: «тәйт!» дейді, үнің өшеді де қалады. Түркістан республикасы — РСФСР құрамында шақтап болса да өз еркіндігі болсын деп, өз сыртқы істер комиссариатымызды, өз ақшамызды жасайық деп едік, Түркістан бүлініп жатыр деп, Орталықтан «Түріккомиссия» дегенді жібердіңіздер. Түріккомиссия сіздің: «түркістандықтармен түсінісіп, тіл табысып жүмыс істендер» деген ақылынызды былай шыға бере, ұмытып кетіп, Таш кентке келе сала, бас-басына комиссариат ашып алды да, біз далада қалдық. Президент — Фрунзе сияқты, партия басшысы — Голощекин сияқты, эскери комиссар — Куй­ бышев сияқты, міне осылай кете береді. Біздің указымыз, қаулыларымыз жүрмейді, тек Түріккомиссия бекітіп беруі керек. Ау, сонда дедік, бұлардың баяғы патша генерал- губернаторларынан несі артық? Патшанын генералдары да бір, бүлар да бір. Сонда, жарықтық Ахаң: «Нәжісті нәжіспен жуып болмайды» деген сөйлемді қосып жіберді. Мен: «тым қатты кетіп қалмаймыз ба?»— деп едім, көнбеді. Барсын осылай деді. Ондағымыз — бүрынғы патша әкімдерінің, олардың Совет түсындағы қалдықтарының істеп кеткен сойқанын түзеу үшін жіберген қызыл комиссарларының олардан артық жері жоқ, дегендегіміз ғой. Дөрекі, әрине. Бірақ Ахаң: «осылай ащы айтсаң есте қалады», деді. «Ленин тезистеріне қосымшалар» деген хат солай туған. Ленин шамданбаған сол хатты, ендігі пысықтар конырау қылып, қағады да жүреді. — Сөйткен Ахаң, енді А қ Теңізде айдауда жүр,— деп Рысқүлов қолын жайып, шарасыз екенін байқатқандай болды,— Баяғыдағыдай телеграмма жіберіп., құтқарып ала- тын дәурен жоқ... Әуезов те сәл қозғалақтап қойып, бұл әңгімені тұтата түсті.

црщ — Елім де еңіреген ер Ахандай-ақ болсын. Қалың елдің кінәсі жоқ, әлбетте. Бірақ сол елдің шала оқығандары неге қудалайды Ахандарды? Міне, біздің зор қасірет. Алыстан жау шапты дейтін емес, қудалаушы, көре алмаушы, жақын- нан жау іздеуші — өзіміздің атқамінерлеріміз. — Аханның әлгібір атақты өлеңі, қалай еді... соларға арналған ғой,— деп Рысқұлов сол өлеңнің басын есіне түсіре алмай, мандайын қолымен тіреп, отырып қалды. — Иә, пәлі, ол мынау ғой,— деп Әуезов көмектесіп жіберді. Киын емес абақтыға жапқаны, Қинамайды дарға асканы, атканы. Маған ауыр осылардың бәрінен, Өз аулымының иттері үріп, қапканы. — Сүмдық қой!— деді Рысқұлов алақанымен санын бір салып қалып.— Өз аулымыздың иттері! — Былтыр ғана Ш әкірімді айдалада атып тастаған өз аулымыздың иті. М ағжанды «ұлтшыл» деп, «пантюркист» деп, «сарыуайымшыл» деп, «феодализмді көксеуші» деп Әуезов аркасы қозғандай алқына, қайта-қайта жөткіріне сөйлеп кетті.— Айналайын Ж үсекем қандай еді, Ж үсіпбек Аймауытовты айтамын... Әуезов, толқығандікі ме, әлде шыннан науқас па, кенет жөтел қысып, қалтасынан орамалын алып, аузын басып, кәдімгідей демігіп қалды. — Кешіріңіз аға,—деді көзінің жасын сүртіп. — Тас түрмеде жатып, денсаулығынды бүзып алған- сың-ау!—деп сезіктенді Рысқұлов. — И ә,— деді Әуезов, сәл қысылғандай.— Өкпеме дақ түскен сияқты. Түрме деген нағашыңнын ауылы емес көрінеді, аға. —Түрменің дәмін он жасында татқан адамға оны түсіндірмей-ақ қой,— деді Рысқұлов жабырқап — Аурудың алдын алу шарт. Тез емдел. — Соны өзінізбен ақылдасайын деп едім, Түрар аға. Бір жағынан қысылып та отырмын. Елдің жағдайы анау. Жүмыс басыңыздан асып жатқанда, бүкіл елдің тауқыметі зіл болып арқаңызға батып түрғанда, мен өзімнің пәндауи жағдайымды айтып, әуре еткенім де жарамас.

— Елің қасіретке тұншығып тұр. Оны тас қапаста отырсаң да сезген шығарсың,—деді Рысқұлов жүзін қайғылы колеңке кіреукелеп.—Б ірақ ажал да ш аршайтын шығар, не бопты? Алты миллион қазақты ажал тип-типыл ете қоймас. Зұлымдық қақалатын күн жақындап қалды-ау деймін.. Сонда қалған қазақтың қапалы көкірегіне сәуле шашатын өзіндей азамат керек. Ж азуш ы сы ж оқ ел — жарлы ел. Білесің бе, Франция, Англия, Германия, Россияда өткен ғасырларға әлемді танкалдырған жазушылар шыққанда, Польша әдебиеті кенжелеу еді. Ал Адам М ицкевич дүниеге келген- нен кейін, поляктар басқа европалық елдермен иык теңестіргендей болып, еңсесі көтеріліп қалды. Көрдін бе, жалгыз М ицкевич... Ал біздің қазакка Мицкевичтер керек емес деп ойлайсың ба? Ол сен емессің бе, Мұхтар?! — Пәлі, Тұрар аға, тым асырып жібердіңіз,— деп Әуезов қозғалақтап, қуқыл өңіне қызыл рай жүгіріп, тіпті ай мандайы жіпсіп кеткендей болды. — Еліңнің трагедиясы тендессіз,— деп жалғады ойын Рысқұлов.— Омыртқасы опырылып кеткендей, ал бірак омыртқа да орнына келер-ау, ең сұмдығы — рухы сынбасын де. Халыққа рух беретін сен, сен сиякты жазушылар. Рухынан айрылған халық — мүлде өлген халық. Сондықтан, сен ең алдымен керексің халыкка. Әттен, сендейлер аз, бірен-саран. Ғабитпен қалайсың? — Ғабиттың болашағы зор,—деді тотен сұраққа Әуезов.— Арлы азамат. Кейбіреулер сияқты жалтақтап калган емес, сойыл соғар емес. — Дұрыс,— деді Рысқүлов нығарлап.— Кейбір жазушы, сыншы-сымақтар Голощекиннің сойыл соғары боп кет- кенде, Ғабит сол Голощекинге тайсалмай карсы шықты. Міне, бұл ерлік. Мүсірепов енді ештеңе бітірмей-ақ койса да, сол ерлігінің өзі халыктың кокірегінде жатталып қаларлық. — Сол Голощекин Ғабит сиякты жас жауқазындарды түп-түгел жуадай солдырып жібермесе неғылсын,— деп Әуезов каупін айтты. — Голощекиннің күні таянған шығар. Мен Монғолияда болдым ғой, Мұхтар. М оңғолдардың арғы-арғы атасы бізбен бір сияқты... Сол моңғолдарда балаға қарақүстың көленкесі түскені жаман ырым екен. Моңғолдар одан өлердей қорқады екен. Иә... Голощекиннің өртті көлеңкесі Қазақстаннын

соншалықты кең даласын шарпып кетті. Енді оның кететін кезі таяп қалды-ау деймін. — Лайым солай болғай,— деді Әуезов мына әңгімені қүныға тындап отырып. — Сонымен, менін тілімді алсан, өкпе ауруын емдейтін курортқа бар. Асқынбай тұрғанда алдын ал. Мүнда аялдайтын шаруаң болмаса, тез жүріп кеткенін жөн. Қырымда жақсы курорт бар. Путевкан менің мойнымда, Мүхтар. — Алла разы болсын, Тәңірі жарылқасын, Тұрар аға... — Түрмеде жазу-сызу болмайтынын білемін, енді денсаулығынды түзеп, әлденіп алған соң, кірісесін ғой бір жүмысқа, не жазбақсың? — Жазатыным бар, Тұрар аға. Басқалары бір төбе, кесірінен сақтаса, жазарым бір төбе. Ол — Абай туралы керемет хикаялар көкірегімде сайрап тұр. Абайдын ар жағында — казак, казақтын бүкіл болмысы тұр. Бұл ғұмырда көретін канша жарық сәулем бар — бәрін соған арнамақпын, Тұрар аға. Абай менің Тәңірім, Абай менің бүкіл өмірімнің мәні, Абай менің ғашығым. Құдірет о басында кеудеме иненің жасуындай сәуле үялатқаны рас болса, бәрін сарқып Абайыма бермекшімін. — Тіршілік болып, сенің сол шығарманды оқуға жаз- сын,—деді Рысқұлов.— Абайды Тоғжановтар жау көріп, жат санап жүргенде, сен дос көріп, пір тұтып, оның үлы аруағын тірілтпек талабына гүл бітсін, Мүхтар. Абай сияқты арысы бар елдін — ырысы бар. Абай барда элем алдында қазақтың жүзі төмен болмайды. Жетесіз жандар соны түсінбейді. Түсіне түрып, қараласа, күнәсі екі есе ауыр. Сол күнәкар сорлылардың күн көріс үшін арын сатқан құлқыншыл көмейіне құм қүятын сен бол, Мүхтар! — Айтқаныңыз келсін,— деді ырымшылдау Әуезов шын тебіреніп. — Қазіргі қазак сыншыларын Абайға көзқарасынан тануға болады. Абай — барометр. Абайды мансүқтаушы — ұлттың шіріген жұмыртқасы. Абайды таныған талант — ұлттың үміті. Үмітсіз шайтан деген. Сен сол үміттін ең жарық жұлдызы болсаң керек-ті. Сенің амандығың — ұлттың байлығы. Абайды, Абай арқылы ұлтты сүйетін Смағұл

Садуақасов сияқты арыстардың Голощекин сағын сындырып жіберді. Енді сенің сағың сынбасын. Көбінесе ашыла бермейтін, тұйықтау Рысқұлов бұл түні бір бауырын жазып, көсіле сөйледі. Тағдыр бір туған бауырлардан кемтарлау қылды. Ағайын-туған аз емес, бірақ бәрі дерлік жер бауырлап жүреді. Қанаты қат-қат, биікке үшар біреуі жоқ. Осылайша бір отырып әңгімелесуге жарайтын, арман ақтарысатын, күнбе күнгі күйбің-күйбін ку тірліктен биіктеп, әңгімені әріден тартып айтатыны... жоқ. Мысалы, Оразбакпен осылай отырып, мүң-шер тарқата аласың ба? Әйтеуір, бар болсын, аман болсын... Ал оған қарап Рысқүлов бауырдан, дос-жараннан ада екен деу тағы обал. Армандас, тілеулес ағайыны эр тарапта бар. Әр ұлта бар. Осы Москвадағы Нығмет Нүрмақов, Нәзір Төреқүлов, Сүлтанбек Ходжанов... Өзге ұлттардан кешегі латыш Рудзутак, дағыстандық Қорықмасов, соноу қиыр терістіктен шыққан сахалар Ойунский, Аммосов, өзбектегі Әкмал Икрамов, қырғыздан Абдрахманов, Сталиннің алғашқы құрбандарының бірі болып кеткен, татар Сұлтан-Ғалиев, о, Рысқұлов дос-ж араннан кенде емес. Ал енді, оның омақаса қүлауын Құдайдан күндіз-түні тілейтіндер де табылады... Кабинеттін есігін ептеп тықылдатып, қолында подносы бар, Әзиза кіріп келді. Көзі ұйқылы. — Кешіріңіздер, шай әкелдім,— деп подносты столдың үстіне қойды да, жай жымиып тағы да:— Кеш іріңіздер,—деді. — О, пәлі, сіз кеш іріңіз...— деп Әуезов не «жеңге» дерін білмей, не табан астында аты аузына түспей, абдыраңқырап қалды. Ж еңге деуге қимай ма екен, уыздай жас. —Ж еңгеңніңаты —Ә зиза,—деп Рысқүлов демеп жіберді. — Иә, айтқансыз... түн үйқыңызды бөлгенімізге кешірім болсын, Әзиза,—деп түзелді Әуезов. — Оқа емес, Сіз сияқты аса сыйлы мейман күнде келіп жатқан ж оқ,— деп Әзиза есікті жауып шығып кетті. — Бұл өзі ыңғайсыз болды-ау... — Бағана таныстырдым ғой, жеңген осы. Ташкентте көргенім басқа еді-ау деп, таң қалып отырған шығарсың. Ол жеңгең де, Надя, осында, Москвада. Одан Софья деген қызымыз бар. Ерлі-зайыптылар ретінде ажырасқанмен, ен

жакын туыстардай араласып тұрамыз,— деп Рысқүлов күдік-күмән қалдырмай әңгімені ашып салды. — Осы ұмытпасам, Жаһаншах Досмүханбетовпен бажа едіңіз-ау,— деп қалды Әуезов. —Дұрыс айтасың, Ж анша менің бажам болатын. О да осы манда. Ә дегенде, Надямен ажырасқанымызды жақтырмай, кінәлап жүрді. Қазір жақсымыз. Сол баяғы адвокатура- сымен айналысады. — Тағдыры қиын адамдардың біреуі сол. — Аса білімді кісі ғой Ж анша. Білімділердінтағдыры оңай болмайды,— деді Рысқүлов Әуезовтің пиаласына шай құйып.— Әсіресе, халық үшін қабырғасы қайысатындар көп азап шегеді. Парадокс! Қазіргі біздің Қазақстан кешегі патш алық Россияны ң отары еді гой. Ж анш а Досмұхамбетов, Мұхамеджан Тынышбаевтар, тіпті Ахметті, Әлиханды, Міржакыпты, Мағжанды былай қойғанда, міне, сол Ж анша мен Мұхамеджандар отаршылдыққа карсы, азаттық үшін, дербестік үшін күресті. Бүларды С оветокіметі жау көреді. Ал Индияның азаттығы үшін күресіп жүрген Махатма Гандиді мадақтайды. Саясат пен моральдің қиыспайтын жері осы. Саясат бір тобенің үстінде, мораль бір төбенің үстінде. Моральсіз, имансыз саясат — сайқал саясат. Бүгінде көп айтылып жүрген халықтар тендігі, ұлттар бостандығы, тең праволы Одак... Ал бірак Ленин, іс басынан кете бастаған Лениннің түсында-ақ, одан кейін сталинизм кезінде, мүның бәрі әдіре қалды. Оны қазір Қазақстанның қалпынан көріп отырмыз... Ал Мүхамеджан болса, Совет өкіметіне адал кызмет етті. Мен саған айтайын, Мұхтар, Түрксібті салған — Мүхамеджан. Соның асқан инженерлік білімі арқасында, Түрксіб мезгілінен бір жыл бұрын іске қосылды, мил- лиондаған сом қаржы үнемделді. Ал енді, Советке соншама пайдасы тиген адамды, Совет өкіметі соттап жібереді. Қазір Воронежде жүр. Неге? Сол баяғы «Алаш!» Кезінде Түрксібке кызметке айтысып жүріп алдырған мен едім, ал енді казір оган ара түсе алмаймын, айдаудан кұтқара алмаймын. Не деген қорлык?! Рыскүловтың күйінішін аздап болса да басқысы келгендей, Әуезов: — Оның есесіне тұтас халықты коргап жатырсыз ғой,— деп калды.

Рысқұлов та пенде, сәл жібиін деді. Жылы сөзді кім жек көрсін? Тек, көлгірсімесе болғаны. Ал Әуезов шындықты айтты. — Голощекин көп ұзамай кететін шығар,—деді Рысқұлов жадырап.— Бірақ голощекиншілер, өзіміздің голощекиндер қортиып-қортиып отыра бере ме деп қорқамын. — «Қолынан кайыр бермейтін қортиғандар би болды»,— деп Әуезов қостады. — Қазақстан аспанынан қара бұлт арылар-ау, бірақ Қазақстан тарихында өмірі өшпейтін қара таңба қалып қоятын болды. — Қазақстан ғана емес, Кеңес өкіметінің өзегінде... Рысқұлов бас изеді. — Совет Одағына таңба. Оның рас. Әйтпесе, халықты сонш ама аш арш ылыққа ұрындыратындай Совет елі мүлде мүшкіл хәлде де емес. Шетелден қарызға алса да астық тауып беруіне әбден болады. Мен Сталинге о басында айттым: көшпенді қазақтың малын колхоз алады екен, ендеше астықпен қамтамасыз етейік дедім. Орындамады. Қайта қабының түбіндегі қалған-қүтқанын да тартып алды. — М енің бір үқпайтыным,— деді Мұхтар.— Сталин жолдас ақылды кісі, өйтпесе өзінен күштілерді оңгеріп кетпес еді ғой. Б ірақ өте айлакер, ал айлакер болу үшін ақыл керек, айлакер бола түра, алдағысын неге болжамайды? Алдағы ұрпақ оның жауыздығын әшкерелемей ме? — Тирандардың ешқайсысы ахиретін ойлап жатпайды. Нерон солай, Калигула солай, Наполеон солай... Олар шексіз мансапқа мае болып, соның мастығымен кейінгісін мансұқ етеді. Тирандардың мастығы баяғы Ш ыңғыс ханның Сүбетей баһадүрінің мастығындай ғой. Білетін шығарсың, Сүбетей баһадүр шабуылға шығарда бір ту биенің күретамырын қиып жіберіп, жып-жылы қанды тойғанша сіміріп алады екен. Сонда екі козі қанталап шыға келеді екен. Ал енді Сүбетейді тоқтатып көр! Тирандарда сондай бір қан сұраған қорқаулық бар. Коздерін қызғылтым шел басып қалатын болуы керек. Біздің С текең де сол тирандардың сауытын киіп алуға пейілі кеткен. Бірақ олардан бір озгешелігі — жеке басы дүниеқоңыз емес. Дүние жимайды. Қашан кәрсең қоқиып жалғыз френчпен, сол баяғы қырым етікпен жүреді де қояды.

Үйінде де жиһаз жоқ. Алтын, күміс, жарқылдаққа құмар емес. Бар қүмарлығы — билік. — Билік болса, байлық не керек? Екеуі осылайша, енді қайтып кездеспестей, мына алмағайып заманда әлдекандай күндер болады, армансыз қүмардан шығайық дегендей, бір-бірін қимай, таң атқанша отырды. Таңның атқанын олар Москва көшелерінде қыскы аязды сықырлата жүре бастаған трамвайлардың шиқылынан байқады. Рельстің бұрылысында трамвайлардың доңғалақ- тары шыңғырып-шыңғырып жібереді. М осква үлы қала, енді үйқысынан ояна бастайды. Таң атса да, әлі қараңғы. Биік-биік үйлердің шамдары бірінен соң бірі ж арк-ж үрк ете қалады. Ал Рыскұлов кабинетінің шамы таң атқанша жанып тұрды. Талай-талай әңгіме-сыр тиегі ағытылды. Біреуі тас қапаста жалғыз отырып, әңгіме аңсап қалған. Біреуі тағдыр қапасының кыспағына түсіп, көптен бері жан-жақын доспен сұхбаттаса алмаған. Сол түні Әуезов Ш әкәрім қажының қайғылы тағдырын, арман дариясын кешіп, дүниеден откен Абай даныш панның әрқилы кезендерін айтты. Рыскұлов ертеде, Ташкентте оқып жүргенде, Қолбай Тегісов деген азаматпен қалай таны сқаны н, ол кұрған «Үш жүздің» тарихын, М ұстафа Ш оқаевпен қалай кездескенін айтты. — Мүстафа Ш оқаевты да келер-келер бір үрпақ зерттеп, байыбына барып түсінуі мүмкін,— деді.— Өте күрделі, оте зерделі ер еді. Адасқаны да ақиқат. Бірақ халық деп жүріп, шетелге қанғырып кетті ғой,— деді. — Мүсекең шетелде бір кітап шығарыпты,— деді Рысқүлов күлімсіреп қана.— Ж арықтық, маған тиісіпті: Рыскүлов Сталиннің сүйіктісі, фавориты, депті. Сталиннің «сүйіктісі» болсам, алты айдан бері алдына қайта-қайта барып, «Қазақстанды аштық ажалынан қүтқара гор!» деп жалынып, сол алты айдан бері сөзімді өткізе алмай қояр ма едім? Әйтеуір, енді-енді бері қараған сияқты. Қайтадан аунақшып, айнып қалмаса екен деп, күндіз күлкі, түнде ұйқы жоқ, Мұхтар. Бедірейген бедеу аспанға қарап, Көк Тәңірден бір тамшы жаңбыр тілеген бәдәуидей, уақытты откізіп жатырмыз.

Сен аман бол, Мұхтар. Бүл нэубет те өтер-кетер. Бірақ тарихқа жазылмай кала ма деп қорқамын. Халықтың тағ- дырынан горі, ку карынның қамын коп ойлайтын күн- көрістің құрбандары тарихты бұрмалайды-ау деп қорқамын. Өмір жетсе, осының бәрін, жазушы болмасам да, тарихшы ретінде озім жазар едім, кім білсін? «Кыргызстан» деген кітабым шықты. Енді «Қазақстан» атты дүние жазсам ба деп едім. Қарттар: «Адамныңайтқаны болмайды, Алланыңдегені болады» деуші еді. Бүйырса, жазамын. Ал енді, бұл тарихтың коркем созбен жазылған нүсқасы да болуға керек. Тарих барып тоқтаған жердің ар-жағын, тылсым жағын коркем әдебиет коре алады. Ал енді, бұл саған аманат, Мүхтар. Сенің ғана қолыңнан келеді. Қазақтың басқа қаламгерлерін мансүқтамаймын. Ғабит те, Сәбит те жазар. Ал сен жазсаң, жоні белек болар еді. Бүл сұрапыл «Война и мирге» бергісіз ғой. 1812 жылы Россияны жау шапты. Ал 1932 жылы Қазақстанды сырттан жау шапқан жоқ. Өзімізді езіміз шаптык. Мүның философиялық, әлеуметтік астары басқа. Мұны бізге Ш олохов барып жазып бермейді. Мүны сен жазасың, Мұхтар. Әуезов басын шайқады. — Түрар аға-ай, айтқаныңның бәрі алтындай. Бірақ біз Эзоптың дәуірінен де қиын дәуірде түрмыз ғой. «Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ» деген мақалдын дәурені откен. — Оны білемін ғой,— деп қарсыласты Рысқұлов.— Бірақ сен жаза бер, жаза бер. Заман үнемі осылай болмас. Сталин айтады: социализм аяғынан нықтұрған кезде, централизмнен нағыз демократияның езіне кеш еміз дейді. Сондықтан, ұдайы қыспақ бола бермес. Сен жаз, Мұхтар. Ақылды адамдар да қателеседі. «Жанылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деген қазақтың кене грек фило- софтарынан несі кем?! Рысқұлов Сталинге әлі сенеді. Сталиннің түла бойына залымдықпен түрпідей түк шығып, каулап есіп, калындап бара жатқанын баска білмесе де Рысқүлов білуі керек қой. Қанша ақылды, сүңғыла білімді дегенмен, қайран қазақтың сенгіш анкаулығы атавизмдей арылмай, табиғатында қалып қалған. Әуезов ты қ-ты қ ж етеліп, онысын білдірмейін деп, жеткірінген болып, орамалмен аузын басып, теріс ай- налды. 524

Өзі науқас, жолдан арып келген адамды дем алдырмай қинадым ба, деп Рыскұлов сезіктенді. Бірақ соны байқап калган Әуезов бетін бері бұрып, езу тартып: — Бүл түн — үмытылмас түн болды. Лұқпан Хәкім айткандай, мың жасап калдым,— деді.— Адам баласы мың жыл жасаушы ма еді, тәйірі. Хакім өзі тектес ойлылармен әңгіме-дүкен үстінде өткізген әрбір күнін — бір жылга балаган гой. Ал нәсіп болса, үлы нәубеттуралы да жазармын. Аяулы Абайымды жазсам, арманым сол. О да қазактын катал тагдыры, мол-мол касиеті мен соры туралы болмак, ага. Қазақтардың қаналуынын бел ортасы. — Талабыңа таудын ұлылығын берсін, Мүхтар. Қазак каналуының коркем эпопеясы керек бізге!— деп Рыскүлов ширыға түсті.— «Қазакстан» туралы кітабыма материал карастырып жүріп, колыма Әлихан Бөкейхановтын 1910 жылы Петербургте шыккан, үлкен бір жинакка енген «Қазактар» атты макаласына тап болдым. Сонда Бөйкей- ханов II Думанын депутаты Марков дегеннің созін келтіреді. Ол сөзі «Товарищ» дейтін басылымында 1917 жылы жарияланыпты. Сонда депутат Марков не деген деп ойлайсын? Оны ауызбен айтудың өзі сүмдық...— Рыскүлов жазу столының тартпасынан бір калың кок дәптерді алып, ары-бері актарып:— Ә, міне, таптым,— деді.— Міне. «Киргизы (қазактар дегені)— потомки орд Чингисхана и Темарлана и что с ними нужно паступать так, как поступали с краснокожими в Америке». Рыскүлов кок дәптерді таре дегізіп жауып, тартпага кайтадан лактырып жіберді. Жаңагы окыган сүмдык созге кок дәптер кінәлідей шиіріп тастады. — Көрдің бе, Мұхтар, сонда сол Шынгыс хан мен Аксак Темірдің со-о-ноу замандардагы сойканына бола, казіргі қазақтар сорлау керек! Ал сондай залым ой иелерінің казір жок екеніне кім кепіл? Рыскұлов сәл сабасына түсіп, мырс етіп: — Сталин оқта-текте маган калжындаган болып: «А, Түркістанның Шыңгыс ханы» дейтіні бар. Әдепкіде шын калжыңы шығар деп қалып жүрдім. Енді-енді ойласам, артында зілі бар ма деймін? Коз алдында бір адам шөлден қаталап өлейін деп жатыр делік. Қасында шелек толы суы бар бір кісі отыр делік. Сонда, әлгі әл үстінде жатқан байғұсқа бір

жұтым су бермегені қалай? Қазақстанға, қазақтарға деген Сталин мен Голощекиннің әрекеті де солай ма... Сондықтан, Мүхтар, бір тумақ бар, бір өлмек бар. Тіршілікте зүлымдықпен арпалысып қал. Мен енді соған басымды тіккен адаммын. Арты не болары — бір Тәңірге аян. Көп сөйлеп, мазанды алдым. Кешір. Енді қайтып мүндай бір жұлдызы жарқыраған сәттер орала ма, жок па, қайдан білейін? Келгеніңе, сәлем бергеніне рақмет. Қаяулы коніл бір жеңілейіп қалды. Ал енді ертен... ау, ертең деймін, тан атып қалды ғой, бүгін саған путевка жаздырамын. Қырымға. Келістік қой? — Келістік,— деп күлді Әуезов. Осылайша, ойранды отыз екінші жылдын, қалың бүлт қаптаған бір түнінде, Екі Жұлдыз таң атқанша жарқырап тұрды. «ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТПАЙСЫҢ!» Сталиннің қабылдауында болып, оның кабинетіне кіру — арыстанның апанына қарусыз кірумен бірдей. Қайтадан тірі шығарың, яки олі шығарыц неғайбыл. Сталин өзі атып тастамайды, әрине... Қолында шексіз билік болса, каһа- рынан барлық пенде калтырап тұрса, содан ләззат алатын қасиет тирандарға тән. Рысқүлов соңғы кезде, Сталиннің қабылдауына жиі келетін болды. Бүған жалтыр бас, лай коз, комекші таң- қалатын сияқты. Сталиннің оң қолы мен сол қолы іспетті Молотов пен Кагановичтің оздері сирек келетін кабинетке Рысқүловтың қайта-қайта келуі кезекшіге жұмбақ. Сталин оған: — Рысқүловты шақыр,— дейді. Ол тапсырманы орын дайды. Ал Сталин мен Рысқүлов не туралы сойлеседі,— ол жағы белгісіз. Рысқүлов кіргенде де, шыққанда да сыр бермейді. Бір нәрсе анық: не Рысқұлов жоғарылайды, не жойылады. Комекші осылай ойлайды. Ал Рысқүлов үшін бұл комекшінің тұсынан оту — тозаққа барар жолдағы Цербердің тұсынан өтумен бірдей. Аңызда, діни мифологияда сондай бір тобет бар. Өте қорқынышты.

Бұл жолы да Рысқұловқа лай көзбен сүқтана қарап, көзі көз емес, рентген шамындай бозарып, келушінің үсті-басын тінткілеп шықты. Жоқ, ол қалтанды, қойны-қоншынды ақтармайды. Өйтсе, тым түрпайы болар еді. Бүл көзбен тінтеді. Көзінде өнменіңнен өтетін бір сиқыр бар. Амалсыз аза бойың каза түрады. Егер шыннан арам ойлы болсан, егер шыннан Сталинге қаскөйлікпен бара жатсаң, бүл Цербер сенің ол пиғылынды бірден біліп қоятын сияқты. Кезекші Рысқұловқа тақыр басын сәл иіп, миығында зәрлі жымиыспен кабинет жақты нүсқады. Сталин көрінді. Аласынын өзі асқақтап көрінетіні ғажап. Мүнда да өзекті пенде түсіне бермес бір қүдірет бар... Рысқүлов діндар болмаса да ішінен: «Иә, аруақ,— деді — қорлықтан, зорлықтан, қатыгездік пен қайырымсыздықтан қырылған миллион қазақтын аруағы қолдай гор!»— деді. Солай ойласаң, ол аруақтар бар ма, ж оқ па, қолдай ма, қолдамай ма, оған көзі жетіп жатқан ешкім жоқ, бірақ көнілге демеу, яғни өзінді рухтандырғандайсын. Мынандай сәтте, әйтеуір, аждаһа көрген кожектей бұқпайсың, тізең де калтырамайды. Рухың, жігерін берік болса, аруақ қолдағаны сол шығар. Құдай ондағанда, Сталин мұртынан бүлк-бүлк күліп, баяғыша: — А-а-а, Түркістаннын Шыңғыс ханы, кел!—деді. О да пенде болып, әзілдегісі, коңіл кетергісі келетін шығар... Әлде, өзінен әлсізді әжуалап, мысқылдап, содан жаны рақат табатын шығар, кім біледі? Шыңғыс ханның ролінде озі болғысы келсе де, оны неге Рысқұловқа қиятыны белгісіз? — Сен, байқаймын, тым жүдеп кеттің,— деді Сталин Рысқұловқа тіктеп қарап.— Түнімен ұйқы бетін көрмей, кірпік ілмей шыққан сияқтысың. Немене, ауырып жүрген жоқсың ба? — Жоқ, жолдас Сталин, денім сау... — А-а-а, денің сау болғаны жақсы,— деп бүрылып кетіп, кара трубкага «алтын жібекті» ширатып сала бастады. «Осынын көріпкелі бар шығар,—деді ішінен Рысқүлов.— Менінтүнімен үйықтамағанымды қайдан біліп қойды? Әлде, түрім тым ұсқынсыз ба? Түнімен Мүхтар екеуміздің не туралы әңгімелескенімізді біліп қойса ғой...»

Бірақ Сталин Рысқұловтың түні бойы, болашақ үлы жазушымен бірге отырғанын білмейді. Мүмкін, бұдан былай Рысқұловтын үйі андуға алынар, оның үйіне кім келіп, кім кеткені есеп-шотқа салынар? Ал, дәл қазір, Рысқүлов үйіндегі «колхоздын» есебінен, түр-түсінен ОГПУ-дің ең ы сқаяқ агентінің өзі де жаңылысып қалар еді. Эрине, кеше ғана түрмеден шыққан «Алаштың» адамы жан-жаққа бұрылмай, тікелей Рысқұловқа жолыққаны, ОГПУ-дің назарында болуы әбден ықтимал. Бірақ «Елдің иесі, бөрінің тәңірісі бар» деген. — Білемін,—деді кенет Сталин бұған қырын қарап тұрып. Сөйтті де ар жағын айтпай түрып алды. «Нені біледі? деп, Рысқұлов іштей сескеніп қалды. — Қасқыр орманға қарап үлығанын қоймайды. Сен де сондайсың. Қазақстан деген қайғыдан қаның қарайып, түсің бүзылып, семіп бара жатырсың.—Осыны айтып Сталин бетін бері бүрды. — Оныңыз рас, жолдас Сталин. — Рас болса, бұл істі сағыздай соза бермей, бір жағына шығарайық. Голощекинді кері шақырамыз. Сегіз жылдай отырған екен, жетер енді. Рысқүловтың өніне қан жүгірейін деді, бірақ бірден елпендей қойған жоқ. — Жалғыз Голощекиннін кетуімен мәселе шешілмейді ғой, жолдас Сталин. Сталин Рысқұловқа ызбарлана бір қарады да, бұрылып кетті. Жақтырмай қалды. — Білемін. — Білсеніз, тезірек жәрдем беріңіз. — Сонда неден бастаймыз? Рысқүлов: «Хатта бәрі жазулы ғой!» деп мынаның самарқаулығына корынса да сабыр сақтады. — Ен алдымен тездетіп тамақтауып берейік. — Одан кейін? — Аштардын жан-жаққа босып жатқанын тоқтатайық. — Одан кейін? — Қытай ауып кеткендерді кері қайтарайық. Оларға жағдай жасайық. —Тағы да?

— Қазақстанда 1932 жылдың басында қырық миллион мал бар еді. Содан қазір небәрі бес-ақ миллион қалды. —Немене, сонда өзіміз де бұзаулаймыз ба? Табан астында калай көбейтеміз? — Колхоздың малын мемлекетке етке тапсыруды біраз жылға тоқтата тұрайық. Жеке меншік секторда малды кобірек ұстауға рұқсат берейік. Сталин: — Стоп!— деді.— Сонда қалай, кулак пен байларды қайтадан қалпына келтіру керек пе? — Ж оқ,— деді Рысқұлов.— Кулак пен бай кісі еңбегін қанаушылар. Ал тұлдыры жоқ қу кедей, екі-үш бас сиыр, он шақты қой ұстаса, одан бай шыға коймайды. Артық бас малын мемлекетке өткізеді. Ол пайда, жолдас Сталин. — Тағы да. — Қазақстанда тым болмаса, тұқымдык қор да жоқ. Көктем болса таяу. Егіс басталады. Соған дейін Қазақстанға мемлекеттік қордан тұқым босатылсын. Әйтпесе, халық аштықтан арыла алмайды. — Тағы да. — Өзіңіз білесіз, жолдас Сталин, мындаған казак республикадан тысқары облыстарға ауып кетті. Өзбек- станға, Түрікменстанға, Қырғызстанға, Тәжікстанға дейін... Ал РСФСР-дің коптеген облыстарында да талай қазақтар қанғып жүр. Ішкі Россия, Астрахан, Орынбор, Челябі, Қорған, Томен, Омбы, Таулы Алтай, Кемер, тағы басқа жерлерде... Солардын бәрін бірден қайтарып алу қиын ғой. Оларға жергілікті басшылық жағдай жасап, жүмыс тауып берсін. Енді олардың көбі өрт шалған Қазақстанға қайтпай, мүлде қалып та қояр. Қайғылы, әрине. — Неге қайғылы? Жаудың жері емес кой. Бәрі — КСРО! — Оныныз рас, жолдас Сталин. Бірақ туған топырақтан ажыраған қазақ — түп тамырынан ажыраған қазақ. Ол шашырап кеткен сон, ең алдымен тілінен айрылады. Өйткені, соноу Төменге кеткен қазақтарға сол жерден қазақша мектеп ашып бермейді ғой. Ол қазақ енді өз салт-санасынан, әдет-ғұрпынан, төл мәдениетінен айрылады. Сонда не болады? — Интернационалист болады,— деді Сталин бұл теориясына масаттангандай, трубкасын жогары шошайта у 529

көтеріп.— КСРО-ны мекендеген халықтар бір кезде бір-ақ тілде сөйлеуге тиіс. Келе-келе дүние жүзіндегі барлық халықтар да бір-ақ тілде сөйлейтін болады. Диалектика заңы солай! Рыскұлов Сталинмен айтысқа зауқы шаппады. Өз айтқанын қүптатып дағдыланған, патшалық диктаттың дәмін алған асқақ адам қазір талас көтермейді. Онымен сөз таластырам деп істі насырға шаптырғаннан не пайда? Мүндайда, аруағыңнан айналып кетейін, Қожанасырдын ақылына жүгінген жон. Баяғыда Сталин сияқты бір хан Қожанасырды шақыртып алып: — Ал, Қожеке, есегіне бес жылдын ішінде оқу үйрет. Бес жылдың ішінде есегің кітап оқи алмаса, басың кесіледі?— депті. — Қүп болады, хан ием,— деп Қожанасыр қол қусыра қалыпты. Хан алдынан былай шыға бергенде, әлгі әңгімені естігендер Қожекеце: — Есіңіз дүрыс па озі! Келісе салғаныныз қалай? Ау, есек бес жыл тұрмақ, мын жылда да оку үйренбейді ғой!— депті дейді. — Е-е,— деп күледі Қожекем қутындап.— Бес жылда не хан оледі, не мен өлемін, иә болмаса есегім оледі. Рыскүлов Сталиннің мына зорлығына іші қазандай қайнап, шыдай алмай дау айтқысы келсе де, озін-озін тыйып тастады. — Тағы да!— деп Сталин өктем үн қатты. — Тағы да болғанда былай, жолдас Сталин. Қазақстанда таяу арада халық санағы өткізілсін. — Несі бар, откізсек — өткізейік. Одақ көлемінде откізейік.— Сталин асығыстық жасамадым ба дегендей, оз созіне өзі ойланып қалды. Санақ мадақтарлық болмас. Өйткені, аштықтан азайған жалғыз қазақтар емес, Украина, Россияның кейбір облыстары... Сталин сәл тұнжырап тұрды да: — Жә, сонымен Голощекин кетеді,— деп әнгіменің бетін бұрып әкетті.— Онын орнына кім лайық? Осыны айтып, Рысқұловқа козін сығарайта карады. Көзін сығырайтқаны — сынағаны. Бүл орыннан Рысқұловтын дәмесі бар ма деп ойлайды? Рысқүлов Қазақстанды басқаруға 530

жарап жатыр. Бірақ аузы күйген үрлеп ішеді. Бір кезде Түркістанды басқарып, тендік талап етіп, тең терезе талап етіп, Орталықты әуре-сарсаңға салған. Орталықтан барған Түріккомиссиямен айтысып, тас-талкан шатақ шығарып, қатты тулаған. Ол ұмытылмайды. — Бүрын ғой, жолдас Сталин, жергілікті кадр өсіп- жетілген жок деп келдік. Енді тандауға татитын қазақ кайраткерлері бар,—деді Рысқулов. — Өзінді есептеме,— деді Сталин.— Әңгіменін басын ашып алайык. Сен Одаққа керексін. КСРО — көп ултты мемлекет. Орталықта ұлт өкілдері отырғаны — біздің кадр мәселесіндегі устанған саясатымыз, и-ә-ә.. Қазақстанға әзір қайтпайсың. Сонда кімдер бар? Рыскүловтың көнілі пәстеніп, кұлазыңқырап калды. Бірақ «Қара күстың көлеңкесінен» айығатыны бойына қуат бергендей, сыр білдірмей, жайдары үнмен: — Нығмет Нұрмаков,— деді,— Көп жылдан бері Орталықта отыр. Үлкен мектептен өтті. Жігерлі қайраткер. Бура тартып бүлдірері жок. — Нюрма-а-аков,— деп созаландатты Сталин,— Ана Жоғарғы Советте, Калининнің касында отырған Нюрмаков кой? — Иә. —Ол жөнінде анекдот бір әңгіме естіп едім. Сен де білетін шығарсың. Голощекин Нюрмаковпен келісе алмай, Казак- стан Совнаркомы төрағалығынан босаттырып, орнына Ораз Исаевты тандады ғой. Исаев істі кабылдауға барғанда, Нюрмаков: — А, аксақ кел ,—депті дейді. Сірә, Исаев сылтып басатын болуы керек, иә. Сонда Исаев: — Меніц аяғымның ақсақ екені рас, ал сен, Нюрмаков, саяси ақсақ адамсың,—депті дейді. Рас па? — Мүмкін. — Мүмкін болса, сол создің жаны бар. Рас, Москвада шындалған шығар. Бірак ол Исаевпен қалай жұмыс істесе алады? Жаңылмасам, сендерде ғой деймін: «Екі қошқардын басы бір қазанға сыймайды» дейтін. Нюрмаковқа бола, Исаевты күрбандыққа шала алмаймыз. — Олардын бастарын бір казанға салып пісірудің қажеті жок, жолдас Сталин, олардың басы пісіп болған. Баландық аурудан арылған. Екеуі бірлесіп жұмыс істесе алады.

— Білмеймін. Өте күмәнданамын,— деп Сталин семіп қалған ауру қолын бұлғаң еткізді.— Сендерде, қазақтарда, ру дей ме, жүз дей ме, бір ауру бар ғой, әйтеуір. Көзіңе мақтағаным емес, біздің европалық коммунистер Түркістан мен Қазақстан қайраткерлерінін ішінен сені ерекше атайды, иә... Бірақ сейткен сенін езінді де өз ағайындарың сыйдырмады ғой! «Ходжановщина», «Рыс- куловщина», «Мендешевщина», «Сейфуллинщина», тағы қандай «щина- лар» бар? Осынын бәрі сол ру таласы... Бүл ауру сендерге сүтпен кірген, сүйекпен кетеді. Рысқүлов іштей пұшайман болып, езегі ертенді. «Ай, кайран қазекем, ақыры мына Сталинге де табалаттың-ау», деп күйінді. — Сондықтан,— деді Сталин енді бүғалық тастап, қылқындырып.— Қазақстанға қалыс адам керек. Қазақ- тардағы барлық рулардан, барлық жүздерден тысқары тұратын, ешбір руға, ешбір жүзге бүйрегі бүрмайтын, қара қылды қақ жаратын әділ адам керек. Дұрыс па, Рискюлов? — Дүрыс қой,—деп қиналды Рысқүлов.— Бірақ... — Не «бірақ»? — Қазақ республикасы құрылғалы он екі жылдан асып барады. Осы уақытқа дейін республика партия үйымын бір де бір қазақ басқарған емес. Бұл үлт үшін үлкен намыс. Басқалар бізге: оз олкелік комитетін басқаруға жарайтын бір үл тудырмаған неғылған халық деп бірі күліп, бірі табалайды. Оның үстіне... Сталин шатынай бастады. Шыдамсызданып: — Иә, онын үстіне,—деді. — Оның үстіне қалыстан келген кісі жергілікті халықтың тілін білмейді, үлттық психологиясын, әдет-ғүрпын, түрмыс- салтын білмейді. Сойтіп, орасан қателікке үрынады. Оны мына Голощекиннен коріп, козіміз жетті гой. Голощекин сегіз жылдың ішінде қазақша сегіз соз үйренген жоқ. Индияны билеуге тағайындалған Англияның губернаторы да бір, Голощекин де бір. Бір айырмашылық Англияның губернаторы Индияның халкын жасанды аштыкка ұрын- дырып, жартысын қырып тастаган жоқ. Иә-ә, Рысқұлов тым-тым алыска кетіп қалды. Мұнша ашық кетпеуі керек еді. Бірақ барды айтып, батыл 532

сөйлейтін қу ауыз бұл жерде де ауыздықка бой бермей, арындап кетті. Соноу жиырмасыншы жылдың өзінде Фрунзе, Куйбы- шевтер Москваға, Орталық Комитетке талай ескертті: Рыскүлов ерен қайраткер, бірақ мінезі бірбеткей деп. Сонысынан басына таяқта тиді, тыйылатын уақыты да болды. Бірақ қалай арындап кеткенін кейде өзі де байқамай қалатын шығар? «Үяда не көрсең, ұшқанда соны аласын» деген ғой. Тау-Шілмембеттін ақсақалы Ахат қария інісі Рысқұлға ұдайы: — Күштімен күреспе, ұлықпен тіреспе,— деп айтып отыратын. Сонда тордағы жолбарыстай шиыршық атқан інісі Рыскұл азуын қайрап, шықшыты бүлтындап: — Шалкайғанға — шалқай, пайғамбардын ұлы емес. Еңкейгенге — енкей, әкеңнен қалған құл емес!— деп шапшитын. Рысқұл мұны айтып қана қоймай, іс жүзіне де асырды. Күштілермен күресті, мықтылармен тіресті. Бір болыстың бетіне түкірді, бір болысты атып өлтірді. Ақыры айдалып кетті. Мына Рысқүлов соны көріп өскен. Шындық үшін жаны шыңғыратын касиет бала кезден жабысқан. Әкеден оған мұраға байлық қалған жоқ, әкеден мирас болып, тек рухы ғана қалды. Рысқүл рухы, жігері шарболаттай берік кісі еді. Сталиннің сарғыш көзі тотиянын сепкендей жасыл- данып, Рыскұловка үзак карады. — Сенің ашынатын жөнін бар,— деді күтпеген жерден,— Айталық Грузияны барып бір казақ басқарып отырса, оған грузиндер калай қарареді? Логикаңорынды. Бірақкім біледі, адамына да байланысты шығар. Тарихта ондай мысал аз емес. Айталық, сенің арғы бабан қыпшақ Бейбарыс Египетті биледі ғой. Және қалай биледі?! Тағы бір бабан Бабур Индияны биледі. Және қалай биледі?! Жалайырлар Иранды жүз жыл басқарды. Иә-ә. Ол тарих. Ол откен тарих... Рысқұлов Сталиннің ақылының алғырлығына тәнті. Троцкий Сталинді шаласауатты деп күліп, менсінбей келді. Сталин діни семинариянын озін бітірмей, шығып кеткен. Сонда бұл осыншама білімді кайда жүріп жинаған? — Сол өткен тарихқа октын-оқтын коз тастап, асылын алып, сасығын садака тастау әбден пайдалы,— деді Рыскұлов.— Сіз айтқан Бейбарыс Египетке орасан пайда

келтірген қайраткер. Египет қана емес, бүкіл таяу Шығысты «крестеносцы» дегендердің қырғынынан сақтап қалған орасан түлға. Ол өзі басқарған елді қырған жоқ, қайта қырғыннан қорғап қалды. Ал Бабур болса, артында мәңгі өлмес мәдени, тарихи мүралар қалдырды. Жалайырлар моңғолдардың шапқыншылығынан қалған басқыншылар. Олардың Иранға не жақсылық істегенін мен білмеймін. — Міне-міне, Рысқүлов, өте дүрыс айттың,— деп Сталин куанып қалған сияқты.— Сенімен айтысудың өзі әрқашан пайдалы. Әйтпесе, мен сенімен осыншама уақыт алдырып, сөз таластырмас едім. Демек, Қазақстанға біз Қазақстанның, қазақтардың жанын түсінетін, жақсылық жасайтын адам жібереміз. Сталин трубкалы қолын безеп, сарғыш тістерін керсете күліп, семік қолымен мұртын сипап қойды. Оның осы күлкісі мен болмашы қимылының өзі, Рысқұловтың жолын буып тастағандай болды. Рысқұлов Қазақстанды басқаруға жарайтын қазақ азаматтары аз емес: Нығмет Нүрмақов, Нәзір Төреқұлов бар, Сұлтанбек Ходжанов бар, Санжар Асфандияров, Ораз Жандосов, Жалау Мыңбаев, Әбілхаир Досов, тағысын тағылар, толып жатыр, деп тағы тіреспекші еді, Сталиннің мына мекірене күліп, мүртын сипағаны соңғы тұжырымдай керінді. Ендігі ерегес сөздін бәрі — бос сөз болмақ. Рысқұловтың бұл ойын сезіп қалғандай, Сталин: — Ал қазақ жолдастар рушылдықтың, жікшілдіктін қаншалық зиянды екенін әлі де болса түсінсін. Бәлкім, басқа ұлт өкілі басқара бергеніне намыстанып, бастары бірігер. Рушылдық, жікшілдік аурудан айығар. Әне, сонда респуб- ликаны қазақ басқарсын,—деді. Ол заман қашан келмек? Жүзге белінгеніне жүздеген жылдар болды. Бөлінгенді бөрі жейді. Жеп келе жатыр. Үш жүздің хандары үш жаққа тартып, ақырында әркімнен таяқ жеді. Қалмаққа қарсы соғыста ғана бастары біріккендей еді, кейін қайта ыдырады. Бастары бірігу үшін тагы да «Аңырақай» керек пе? Анырай-аңырай болған жоқ па? — Сен риза болмай қалдың-ау, Тюрар.— деді Сталин Рысқұловтың түнжыр түрін байқап,— қазақтарды аштықтан құткар дедің, жарайды, қүтқарамыз. Есінде болсын, Совет Одағында қазір артылып жатқан астық жоқ. Сонда да болса,

Қазақстан үшін қарастырамыз. Әлгі айтқан ұсыныс- талаптарынды іске асырамыз. Голощекинді кетіреміз. Енді не керек? Қанағат қайда? — Рақмет, Иосиф Виссарионович,— деді Рысқүлов риза екенінің белгісі ретінде «жолдас Сталин» деп қатып калмай.— Бәріне ракмет. Тек, Голощекинді Голощекинмен алмастырмасаныз болды. — Әне, риза емессің,— деп Сталин кос колын жайды.— Риза емессің, тауфихсыз. Рыскұловтың көмейіне талай сөздер кептеліп келіп-ак түр, бірақ беті бері караған істі бүлдіріп аламын ба деп тілін тістеді. — Рақмет тағы да,— деді.— Тек, Саяси Бюро шешімі тезірек шығып, тезірек іске асса екен. Сталин мырс етті. — Саяси Бюро-о-о,— деп телефонға колын созды. Кнопканы басып калды. — Жолдас Молотов! Ар жақтан дауыс: — Тындап тұрмын, жолдас Сталин,—деп елпен етті. — Рысқұловтың ұсыныстарын негізге алып, шешім дайындаңыз... Тез арада. — Мақүл, жолдас Сталин. — Бүгіннен бастап іске асырылсын. — Қүп болады, жолдас Сталин. — Голощекинді Москваға шақырыңыз. — Командировкаға ма? — Жоқ! Мүлде! Сталин трубканы қондырғысына сарт дегізіп, салып қойып, Рысқүловқа қарады. — Міне, Саяси Бюро шешімі! «Саяси Бюро деген — мен, соны да білмедің бе?» дегендей, күстәналай сөйледі. Рыскүлов білместігіне опынғандай: — Кешіріңіз, жолдас Сталин,— деп күмілжіді. Сталиннің император екенін үмытып кеткеніне ренжіп, өзін өзі кінәлап, даусы бүлініп шықты. Әңгімелес серігінің ойын оқып қоятын көріпкелдігі бар Сталин:

— Саяси Бюро мәжілісін шақырып, сенің үсыныс- тарынды жан-жақты талқылап, сарапқа дауысқа салып жатқанға қанша уақыт керек? Асықтырған, ышқына ты- қыршып тұрған өзің емессің бе, Рискюлов?!— деді. — Иә, и ә д е п Рысқұлов қостаған болды. Бірақ ойы мүлде алысқа адасып кеткендей еді. «Демократия, Әділет, Азаттық» деген ауылдарды іздеп адасқандай. Қазақстан — РСФСР құрамында суверенді, автономиялы республика. Бірақ өзін өзі басқара алмайды. Тіпті оның тағдырын РСФСР үкіметі де шеше алмайды. РСФСР-дің бір бастығы Рыскұлов. Не келеді қолынан? Бәрін Орталық шешеді. Орталық үшін Саяси Бюро шешеді. Саяси Бюро үшін Сталин шешеді. Айналып келгенде — бір-ақ адам! Ол қүдірет. Сол құдіретін жана ғана корсетті. Телефонный бір кнопкасын басып қалуы мүң. Бір кнопка — миллиондардын тағдыры. Миллион- дардың тағдырын түймедей ғана бір кнопкаға бағындырған Сталин ұлы емегенде кім үлы?! Осы үшін ғана «Жасасын Сталин!» деп өңешің үзіліп кеткенше айкайлауға әбден болады. — Жасасын жолдас Сталин!—деп айқайлап жіберді кенет Рысқүлов қолын көтеріп. Сталин тан калып, Рысқұловқа состия карады. — Үлы Сталин мәңгі жасасын!— деді Рысқүлов жер кайысқан халыктын алдында мінберден айқайлағандай айқайлап. — Тюрар, не болды саған?!—деп Сталин састы. Рысқүлов енді кімнің алдында тұрғанын үмытқан сияқ- ты. Үлы Сталиннің: — Не болды?— дегенін де естімейтін сияқты. — Халықтардың ұлы көсемі Сталин жолдас мын жа­ сасын!— деді Рысқұлов Сталин кабинетінің сары шілтерлі терезесінен бүкіл әлемге жар салып. Бүл дауысқа еліріп, екпіндей басып, жалтыр бас көмекші кіріп келді. Сталинге қастандық болды ма деп зәресі жоқ. Жалтыр бас көмекшіні коргенде ғана, Рысқүлов есін лезде жиып, Сталин мен көмекшіге кезек-кезек қарап: — Кешіріңіздер,—деді. — Артист,—деп күліп жіберді Сталин. — Бәріміз де артиспіз, жолдас Сталин. Дүние — үлкен сахна. Біз сол сахнада жүрген артистерміз. 536 4

— Ендеше, бұл комедияны осымен доғарайық. Сен титықтаған сияқтысың. Дем ал. — Бул комедия емес, трагедия, жолдас Сталин. Сіз бен біз бұл трагедияда басты рольдерді атқардық. — Ну, мүлде трагедия деуге келмес. Жарайды, траги­ комедия десек калай болады?— деді Сталин. —Әдеттегідей сіз эрдайым данышпансыз, жолдас Сталин. Сіздікті дүрыс: Траги-комедия! — Ендеше, сол траги-комедия аяқталды. — Ж оқ,—деп езеуреді Рысқұлов дес бермей.— Траги- комедияның бірінші болімі осымен бітті. Әлі жалғасы бар! Төртінші кітаптың соңы. >\" 537 35-626

1АМУК, б ес іншікіт

СОҢҒЫ СӘУЛЕ Пойыз ежелгі қыпшақтар даласының жазығынан шығып, таулы өлкеніңетегіне келіп ілікті. Жер бедері өзгере бастады. Вагонның купесіндегі тымырсық ауа да жұпар аңқығандай ақ пейілденіп сала берді. Қасиетті Кавказ өз болмысынан белгі берді. Баяғы батырлардың басынан түсіп қалған дулығадай шоқылар тізбегі көрінді. — Бештау,—деді Рысқұлов. — Кәне,— деп, келіншегі Рыскүловпен басын түйістіре терезеге үңілді. Әзиза Кавказбен сырттай таныс. Лермонтовты көп оқыған, Бештау дегенде құлағы елен ете калганы да сондыктан. Зымырап келе жатқан пойыз емес, заулап қашып бара жаткан телеграф баганалары мен көгілдір шырша агаштары сиякты. Ашык терезеден шырша жүпары аралас кермек жусан иісі де бұрк ете калды. — Әне, анау көрінгені Машук,—деді Рысқүлов шыгыстан мұнарта қарайган мұнды тауды нүскап. — Дуэль сонда болган, ә?— деп Әзиза жас балаша танданды. Кітаптан оқығанды көзбен көрген, әрине, әсерлі. Жас келіншек бейтаныс сезімге бөленіп, бұрын құлақпен естіп, кітаптан оқығанды көзбен көргеніне бір куанса, сол қымкуыт кызықты да қайгылы окигаларды өзі бастан кешкендей бір мұнайды. Әзиза еріксіз күрсініп еді, күйеуі оны шашынан сипап: — Шаршаган жоқсын ба? Жақындап қалдық, кешікпей келеміз,—деп көңілін көтермек.

Келіншегі аяғы ауырлап қалған шақ еді. Бұйырса, екінші баланың анасы болмақшы. Москва түбіндегі саяжай да тыныш-ақ еді, бірақ осы жолы Әзиза Түрардан қалғысы келмей, мені де ала кет деп жалынғандай өтінді. Рыс­ ку л о втың: — Аяғың ауыр ғой, жол алыс, қиналып қаласың ғой,— дегеніне көнбеді. — Өтінемін, Түрар, осы жолы мені де ала кет,— деп қиылды. Дәрігерлер қарсылық білдірген жоқ. Қайта: — Мұндай кезде Кавказдың ауасы касқалдақтың қанындай қажет,— деп Рысқүловтың өзін үгіттеді.— Құрсақтағы нәресте де таза, шипалы ауа тілейді,— деп кеңес берді. Сөйтіп, 1937 жылдың, мамыр айының бел ортасында Рысқұлов демалыс алып, «Москва — Кисловодск» пойызына келіншегін отырғызып, курортқа тартып еді ғой. Москвадағы пәтерінде бір «колхоз» адам қалды: қайын енесі Әрифа, Әрифаның балалары Рәшит пен Шәміл; Әзизаның бөлелері Нәйлә мен Әли Базановтар; Түрардың қарындасы Түйметай, оның бір топ балалары... Пәтер иесіз емес, пәтерге симағандары Клязьма өзенінің бойында, орман ішіндегі саяжайда тұрады. Тұрар мен Әзизаның тұла бойы түңғышы — үш жасар Сәуле күтімсіз болмас. Оны бағып- қағушылар көп-ақ. Түрардың бірінші әйелінен туған Ескендір тірі болсын, ер-азамат болып, он жетіге шықты. Екінші некеден туған Софья да... Майя да ес біліп, етек жиған балғындар. Солардың бәрінің қолдан қолға түсірмей ермек ететіндері — үш жасар Сәуле... «Үйдегілер не боп қалады» дейтіндей уайым жоқ, енді, Қүдай қаласа, жақсылап бір дем алуға болады. Жақсылап бір демалатын жөні бар. Жұмыстан шарша- майды. Жүмысқа Рысқүловтан көнбіс адам жоқ. Бірақ, әсіресе биыл жүйкеден шаршаған сыңайлы. Жүйкеден... жүйкеден шаршаған жаман. Жоқ, мұны конаштап, тыны- шын алып, мазалап, соңына түсіп қудалап жатқан ешкім жоқ. Әр-әр жерден «ұстап кетіпті», «алып кетіпті» деген хабар ызғырықтай тигенмен, бұл сескенетін дәнеңе жоқ. Қайта нарком Ежовтың өзі, мұны көрген сайын, басын иіп

амандасып, хал-жай сұрасып, жампандап қалады. Тіпті осы таяуда ғана, Кремльде кездесе кетіп: — Тұрар Рысқұлович, бауырым-ау, жерлесім-ау, халіңіз қалай? Демалыс қашан? Қайда барып демалмақсыз?— деп асты-үстіне түскендей болған.— Осы бір лағнет алғыр жүмыстан бас бұра алмаймын. Әйтпесе, өзімнің Қазақ- станыма барып, Ертістің суына біртүсуді армандаймын,—деп мүңын шаққандай болған. Ертісті атағаны — бір кезде Семей губкомында істегенін меңзегені. «Қазақстаным» дегенде емешегі езіледі. Шыннан сеніп қаласың. Сенбесіңе лаж жоқ: кішірек сүрғылт көздері мөлие қалады; шап-шақ, пәкене бойлы, арық адам, етженді, алуан тұлғалы Рысқұловтың алдында жас баладай жасқан- шақтап, тым әдеп сақтап, тым кішіпейіл бола қалады. Ал, сөйткен Ежовтан небір қошқар мүйізді ығай мен сығайлардың өзі ығып жүреді. Әлдеқалай сезіктенетін шығар, әйтпесе несіне қорқады... Ежовтан сескену, Рысқұловтың қаперіне кірмеген. Тіпті онымен тым-тым еркін сөйлесетін. Тіпті онымен түйенің үстінде отырып сөйлескендей сөйлесетін. Кінәсі жоқтығына сенгендіктен шығар. «Үйқым тыныш болсын десен, арыңтаза болсын» деген екен бір ойшыл. Арының тазалығы шығар, Рысқұлов Ежовты көргенде, әлдекімдер сияқты жүрегі зырқ ете қалмайтын. Бірақ... айнала ызғырық соғып тұрғандай. Есік-терезесі жабық үйдің өзінен үскірік ұрып тұрғандай, біртүрлі жай- сыздық байқалады. Жайсыздық өз үйінде емес, үлкен үйде. Үлкен үйі — бүкіл ел ғой. Үлкен үйден, қап-қара түннің өзінде, қара мысық іздеу деген бірдеңе шықты. Тіпті қара мысық жоқ болған күннің өзінде де, іздей бер деген сезік сыздап түр. Ел аман, жұрт тынышта бұл неғылған сезік? Не жаман — сыздауық жаман. Жарылмай — жазылмайды. Осыдан бір апта бұрын, Рысқұлов көсемнің өзін көрген. Көсем әдеттегідей: — А-а, Чингиз-хан, хал қалай?—деген. Рысқүлов демалысқа шығып, Кисловодскіге баратынын айтқан. — А-а, Кис-ло-вод-ск,— деген косем,— оте дұр-р-рыс. Кисловодск... Білесің бе, Тюрар, кавказдықтар Кисловодск туралы не айтатынын? Білмейсіц. Кавказдықтар айтады:

«Кисловодскіде кедей адам бай болады, ауру адам сау болады». Көрдің бе, қалай? Косем сонда жасыл-сарғыш көздерін сығырайтып ту­ ры п: — О, оңтүстік!— деген.— Білесін бе, Тюрар, онтүстік туралы бір акыннын не айтканын? Білмейсің. Кім еді?.. Мэй... жоқ, Фэт... жоқ, Надсон... Жоқ, Тютчев, иэ, Тютчев: «О, этот юг, о, эта Ницца! Как их блеск меня тревожит! Ж изнь, как подстреленная птица, Подняться хочет и не может...» — Қалай? Рысқүлов сонда бұл оленді оқымағанына ыңғайсыз- данған. Оқымак тұрмақ, әлгіде көсем атаған ақындардын көбін білмейді екен. Көсем мұның бәрін кайдан біледі? Рыскүлов Маяковскийді, Демьян Бедныйды, ептеп Есенинді окыған. Ал, әлгі... — Көрдің бе, калай?— деп Рыскүловтың ойын болген косем.— Өмір шіркін оқтиіп, канатынан кайырылған құстай талпынады,а бірак ұша алмайды. Мысалы, мына мен,—деген косем,— оңтүстікке баргым келеді — бара алмаймын. Неге? Білмейсін. Жагдай солай. «Косем бара алмаган оңтүстікке менің бара жатканым калай?»—деп калган Рыскұлов. Соны сезіп койгандай косем күлімсіреп: — Жолын болсын, Тюрар, дем алып кайт,— деген.— Қасиетті Кавказ саган куат берсін. — Айтқаныңыз келсін,— деп куанып калган Рысқүлов. Косем лезде: — Осы жұрт оңтүстікке неге құштар? Неге терістікке бармасқа. Мені терістік тартып тұрады.— деген. Ойланып түрып-тұрып:— Бәлкім, терістікте каторгада болғаны- дыгымнан шыгар. Кейде Туруханга баргым келеді. Сен ше, Тюрар?— деген. Лезде:— Жә, бөтен, ойлап калма, қалжың гой,— деген. Косемнің Туруханга барғысы келеді. Баягыда айдауда жүрген жері гой. Онда косем кәдімгі пенде еді. Коптің бірі еді. Пенде болган соң, әрі жас жігіт болган сон, одан да пендешілік откен шығар. Рысқүловтын достары сыбырлап 542


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook