— Қызық екен. —Қызығы шамалы, Тұрар Рысқұлович, —деп Фрунзе сәл мұңайып қалды. Көкшіл көздерін мұнар басты. Ж асаураған да сияқты. Орнынан тұрып кетіп, терезе жаққа барды. Нәл қаққан етігінен кабинеттің едені сыкырлады. Гимнастер- касын қынай буған жалпақ белдікке саусақтарын сұғып жіберіп, столдан есікке дейін, есіктен столға дейін, теңселіп жүрді де қойды. Еден сықырлайды. Генерал-губернатор Куропатин дәуірінде бұл еденде кілем жатушы еді. Рысқүлов оны детдомға бергізіп жіберген. Фрунзе теңселіп жүре береді, кілемсіз еден сықырлайды. Орнынан Рысқүлов та түрды. Дәл қазір Ташкентте, ТүркЦИК төрағасының кабинетінде тұрғаны болмаса, ой-санасы бала Тұрардың астанасы — Мерке шаһарын ара- лап кетіп еді. Фрунзе Рысқүловқа бетпе-бет келіп: — Менің әкемнің қабірі Меркеде жатыр, — деп сыбырлады. — Бірінші рет естіп тұрмын, Михаил Васильевич... — Әрине, бірінші рет естисің. Оны кім біледі? М еркенің іргесіндегі зиратта белгісіз жатқан бір қабір. Басындағы агаш кресі де тозған шығар. «Василий Михайлович Фрунзе» деген жазуы да өшіп қалмаса нетсін. Рысқүловтың жүрегі бүлк ете қалды. Түла бойын бір дүлей соғып өте шыққандай болды. «Талас бойында, Ойық даласында менің әкем Рысқүл да белгісіз бір молада жатыр-ау... Басына белгі қоя алмаған жалғыз үлдан не қайыр?!» Рысқүловтың реңі озгергенін байқаған Фрунзе оны өзінше түсінді. — Әрине, бірінші рет естідің. Мен ешкімді де кінә- ламаймын. Әкелер рухы бізді кешіреді. Өйткені, біз революцияның әділет жолында жүрдік. — Әкелер рухы азаланбаса жарар еді, — деп Рысқүлов арқасынан зілмауыр жүк түскендей жеңілейіп қалды. — Бәрі де әлгі фон Таубеден шығып кетті ғой, — деп Фрунзе жайдары қалпына түсе бастады. — Сол фон Таубе Жетісудың губернаторы болып түрган заманында, бір күні Пішпекке келеді күймесін қоңыраулатып. Қаланы аралап жүріп, ауруханаға көз салады. Қараса, кейбір койкаларда орыстармен аралас қыргыздар да жатыр екен. Губернатор қасқыр көрген ешкідей ежірейіп, шошып кетеді.
— Мыналар кім? —деп айқайды салады. Аурухананың дәрігері менің әкем болатын. — Бұлар қырғыздар, жоғары мәртебелі мырза, — дейді ол. — Ауру қырғыздар. — Ж оғалт көздерін! — деп ақырды губернатор, — ауру- хананы малқораға айналдырып жібергенсіндер! — Олар да адам ғой, жоғары мәртебелі мырза, — дейді әкем. — Ендеше, өзің жоғал! Сөйтіп, М еркеге айдап жібереді. Ал М еркенің ол кезде қандай екенін өзің білесің, Тұрар Рысқұлович. Көрдің бе, сөйтіп екеуміздің әкеміз де губернатордың тепкісінен жапа ш еккен. Тегінде губернатордың қырына оңай адам ілікпейді ғой. — Рас айтасыз, Михаил Васильевич, панасыз қырғыз- дарға жаны ашып, ара түсу де ерлік. Әлі күнге дейін біздің кейбір коммунист жолдастардың қолынан келмейтін ерлік. Екеуі де үнсіз. Екеуі де әкелерін көз алдарына келтіріп, алысқа, артта қалған жылдардың ар жағына көз тігіп отырған сияқты. Сәлден соң Фрунзе тіл қатты: — Талай майданда болдым. Бір рет әкем Василий М ихайлович коз алдыма түрып алды. Уфаны алар алдындағы жанталас. Ақтардың самолеті түйіліп келіп, бомба тастап өткенде астымдағы атымның күл-талқаны шығып, өзім соның астында қалдым, құлағымнан қан кетті. Сол қолым- нан жан кетті. Сонда әкемді көрдім... — Сіз таң қалмаңыз, Михаил Васильевич, осындай хәл м енің басы м нан да өтіп еді. Рас, сіздікіндей 1919 жылы емес, 1916 ж ы лы М ерке түбінде, патш аға қарсы көтеріліс кезінде. Атыма оқ тиіп, аяғым астында қалып, қолға түстім... Фрунзе айтты: — М ерке түбінде... М ерке түбінде менің әкем қалды. Белгісіз жатса сол жаман. Рысқүловтың кеудесі бүлк етті: — «Белгісіз жатса, сол жаман. Талас бойы, Ойық даласы...» Рысқұловтың да көңілсіз ойға кеткенін байқаған Фрунзе кенет жайдарыланды: — Иә, жерлес, — деді қазақша-қырғызшаны ара- ластырып. — Мен әлі қазақ пен қырғыз тілін мүлде үмытқан жоқпын. Сонымен аруақтардың құлагын біраз шулаттық.
Осы да жетер. Ал енді қазіргі тіршілікке келелік. Голоще- киннің айтып жүргені не? — Келсек-келейік! — деп Рысқүлов ТүркЦ И К төр- ағасының креслосына барып шалқақтай отырды да, Фрунзе- нің көзіне тура қарап, мүлде салмақтана, сазара түсті. Рысқұловтың бір қасиеті де, бір қасіреті де осы тәкаббар тіктігінде еді. — Сіздің «Түрік халықтарының коммунистік партиясы», «Түрік советтік автономиялық республикасы» дегеніңіз, менімше, қате атаулар, Түрар Рысқүлович. Фрунзенің мандайы жиырылып, қысқа қырқылған қайсар шашы тікірейе түсті. Көкшілдеу көзінде ызғар болмаса да, өңменнен өтіп, тесірейе қарады. Рысқүлов міз бақпаған соң, көздерін басқа жаққа аударып әкетті. «Жаңа ғана екеуміз егіз туған бауырлардай еміреніп отыр едік, лезде жауыққандай болдық-ау. Мынау қиын адам ғой» деді ішінен Фрунзе. — Әрине, революционерлер де қателеседі, Тұрар Рысқүлович, әңгіме сол қатені мойындап, тез түзетуде ғой. Қателеспейтін адам жоқ. Мысалы, мен өз басым... Тіпті еске алудың өзі ұят, — Фрунзенің екі бетіне лып-лып етіп қызыл рең жүгіріп, тікен шашты басын шайқап-шайқап қойды. — Немесе Валериан Куйбышевті алайық. Брест шарты жөнінде Лениннің өзіне қарсы шықты-ау... Енді ойласам, осы күнге дейін көңілім әлем-жәлем бұзылып, бетім дуылдап қоя береді. Осы Валериан Куйбышев Брест шартына қарсы «солшыл коммунистердің» қолын қойдырып, документ жинады ғой. Қызды-қыздымен қолымды мен де қойып жібердім. Үят-ай! Лениннің саясатын түсінбей, жалған намыс жетегінде желігіп кетіппіз де. Біздің партияның ең қарт мүшелерінің бірі Голощ екиннің өзі де оңбай сүрінді ғой. VIII съезд кезінде Троцкий «Военная оппозиция» дегенді домбаздап, Ленинге қарсы шыққаны есіңізде ме? Бүл «оппозицияның» жоспары бойынша, біртүтас уставы бар армия үстап керегі ж оқ еді. Көрдіңіз бе, сүмдықтың төркіні қайда жатқанын? Уставка бағынған біртұтас армия болмаса, совет өкіметінің халі не болар еді? Ал Троцкийдің осы «Военная оппозициясын» Голощекин жақтап, жағасы жыртылған ж оқпа? Қатесін кейін, әрине, мойындады. Көріп отырсыз, жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ ж оқ екен. Мәселе, қатені дер кезінде түзетуде. Солай, Түрар
Рысқұлович, ойланыңыз. Достық ниетпен, сыр бүкпей, шынымды айтып отырмын. — Михаил Васильевич, мен де сыр бүкпей, шынымды айтайын, тек түсінуге тырысыңыз. Мен қателескен жоқпын. Әлгі айтып отырған термин мәселесі — жалғыз мен емес, М усбюроның үшінші конференциясы қабылдаған шешім, Түрккомиссия мүшелері мақұлдаған, келіскен шешім. Ал енді Ф рунзе келіп, соның бәрін жоққа шығарғаны қалай болар екен? Енді Фрунзеге Рысқүлов тесіле қарады. Фрунзе мырс етіп, басын шайқап қойды. Тіпті креслодан түрып кетіп, ары-бері жүре бастады. — Ол рас, — деді Ф рунзе сәлден соң, — Екі бірдей конференция сізді қуаттап шыққаны рас. Дегенмен, қарсы ш ыккандар да ж оқ емес екен. Түрккомиссияның мүшелері де көнген, келіскен. Элиава сізді толық қуаттапты. Куйбышев те келісіпті. Голощекин біраз қипақтаса керек. Бірақ ақырына дейін шыдас бере алмапты. Ал Рудзутак қасарыса қарсы болыпты. Егер Рудзутак екеуіңіз дос екеніңізді еске алсақ, оның қарсы болуы мүлде тегін емес. Міне, көрдіңіз бе, бүл мәселеде сізбен келіспейтін жалғыз Фрунзе ғана емес екен. Ш ынына келеек, —деп Ф рунзе бір көзін қысыңқырап, қуақылана сөйледі. — Ш ынына келсек, Рысқүловтың мысы басып кеткен. Ж о-жоқ, дүрыс түсініңіз. Фрунзе баска- лардың бәрінен ақылдырақ, яки батылырақ болғаннан сізге қарсы шығып отырған жоқ. Неге екенін білмеймін, сіз мені дүрыс түсінесіз деген бір түрлі сенімім бар. Әлде, жерлестігімізден бе екен. Әлде, тағдырлас болғандықтан ба?.. Сізге шындыкты айтуға батылым жетіп отыр. Басқа жолдастарға осы жақындық, сыршылдық жетіспеген-ау деймін. Кейбір мәселелерді тек конференциялардың мінбесі арқылы емес, осылай оңаша сырласу арқылы да шешуге болады. Сонымен «ТҮРІК» — деген термин неге керек? Рысқүлов бір түрлі мүңайғандай күрсініп салды. «Мүның да босаңситын кезі болады екен-ау?» —деп қойды Фрунзе. — Сіз менің орнымда болсаңыз, түсінер едіңіз, Михаил Васильевич, — деді Рысқүлов қайтадан қатайып алып. — «Түрік» деген сөздің кейбір жолдастарға неге түрпідей естілетіні түсінікті де, түсініксіз де? Осы сөз жүрген жерде пантюркизм тіріліп кететіндей көрінеді кейбіреулерге. Ал байыбында мүлде олай емес қой. Түркістан жерін түркі
халықтары мекендейді. Ол тарихи шындық. Қазіргі өзбек, қазақ, қырғыз, түркімен, башқүрт, татар, азербайжан, үйғыр деп жүргендеріміздің бәрі түптеп келгенде — түріктер. Ептеген жергілікті ерекшеліктері болмаса, тіл де бір. Тіл бір жерде үлттық сана да бір. Ал үлттық сана жүрген жерде, теңдік сезімі деген де бірге жүреді. Мұны Ленин «Үлттар және автономизация» туралы мәселеге» деген хатында әділ айтқан. Мәселен, ондаған жылдар бойы патша отар- шылдығының тепкісінде келген ұлттық тендік туралы сезімінің, арманының қандай болатынын отарлық қанау көрмеген үлттардың өкілдері мына біздерше сезінбейді. Бізді түсіну үшін қан жылап, қанауда жүріп көру керек. Біз басқа ірі-ірі ұлттармен тереземіз тең болғанын армандаймыз. Иық тірестіріп, күш салыстыру үшін емес, әрине. Бізді күштілер үнемі кемсітіп келді. Үлттық кемсіну сезімінің қандай қорлық сезім екенін сіз білесіз бе? Осыдан төрт-ақ жыл бүрын Түркістанның соңгы генерал-губернаторы Куропат- кин заң жариялады. Ол заң бойынша, жергілікті түркі халықтарының адамдары орыстың әкімін көргенде басы жерге жеткенше иілуге тиіс болды. Күймеде, яки басқа көлікте ол байгүстар орыс адамына үшып тұрып, орын беруге тиіс болды. Егер орыс адамы ол байгұстарды жәбірлеп, үрып-согып жатса, қарсыласпауга тиіс болды. Бас саугалап, бүгежектеген, жалтақ болған, қаргыс таңбасы басылган, қасам атқан қу өмір! Әне, Михаил Васильевич, сол сорлылық сезімнен бұл халықтар әлі де арылып болған жоқ. Сол қорлық, бүгежек сезімнен арылу үшін де біз ірі-ірі үлттармен тең түруымыз керек. Ол үшін қазақ, қыргыз, өзбек тагысын тагылар болмай, бүкіл түркі тілдестер біртүтас болуымыз керек. Азгантай елдің маңдайында ырыс тұрмайды, азгантай ел алысқа қүлаш үра алмайды. Қысқа жіп күрмеуге келмейді. Бүл мәселенің бір жагы, —деп Рысқұлов Фрунзеге барлай көз тастады. Әлгі айтқанының оган қандай эсер еткенін байқагысы келген болар. Фрунзе сыр бермей сазарды. Тек: — Екінші жагы не? —деп қалды. — Екінші жагы бұдан да күрделірек, әрі маңыздырақ. Түркістан республикасының географиялық орналасуы аса ерекше. Бұл бүкіл Ш ығыстың қақпасы тәрізді. Европаға «терезе» ашып алганнан кейін Петр I Ш ыгысқа да «терезе» оюды ойлаган гой. Сондықтан да Орта Азияға экспедиция жіберген. Иә, мұның бәрі сізге белгілі, Михаил Васильевич.
Бә-ә-әрі де сі-і-ізге бел-гілі. Ал енді Ш ығыстың аузында тұрған Түркістан басына коммунистер келді. Бүкіл Шығыс қолына дүрбі алып қарап отыр. Коммунистер не істер екен?— деп. Бүкіл Ш ығыстың бетін бері қарату үшін не істеу керек? — Не істеу керек? — Ф рунзенің басы еріксіз кегжең ете қалды. — Шығысты үркітіп алмау керек. Ал, біздің кейбір коммунистер — «максималистер» алғашқы кезенде ойсы- раған олқылықтар жіберіп алды. Оны сіз білесіз. Сондықтан қайталап айтып жатпаймын. Тек айтарым: Түрік Совет республикасы болып түрса, Ш ығыс шынымен бізге іш бүрады. Ал мүның өзі көп жеңіс. Әрі десе, біз қазір Мусбюроны жаптық. Ал Шығыс бұрын Мусбюроны танитын. М усбюроның жабылуын Ш ығыс теріс түсінбес үшін де, енді Түркістанда советтердің әділ ісін дүние-әлемге тану үшін де Түрік республикасы керек. Сөз жоқ, РСФ СР қүрамында. Тек солай! Біз әуелі дербес бөлініп кетуге дейін ұлттар еркіндігін жарияладық. Мен оның қай кезең, қай жағдайда тиімді-тиімсіз екенін жақсы білемін. Ал сөйте тұра, Сталиннің «автономизациясына» дейін шегіну, әрине, келеңсіз жағдай болар еді. Кордіңіз бе, Михаил Васильевич, ұлт мәселесінің теоретигі саналып жүрген Сталиннің өзі қалай қателеседі? Біздіңде қателесуіміз мүмкін. Бірақ қазіргі кезеңде ең дұрысы — Түрік Совет республикасы. Бұдан шошымау керек. Мен бір кезде күннің батысынан күннің шығысына дейін өркен жайған Түрік қағанаттығын әсте армандап отырған жоқпын. «Түрар Тұран дәуірін аңсайды» деп кейбір жолдастар бекер айтады. Әр дәуірдің келбеті басқа-басқа, оны түсінбейтін мен емес. Үлы Түрік қағанаттығы да, Түран дәуірі де келмеске кеткен тарихи бір кезеңдер. Бірақ түрік халықтары тоз-тоз болып, басы бірік- пей кетсін деу де қате. Фрунзе қабағын түйіп, тұнжырап, жүдырықтарын қосақтап, столды жай ғана қойғылап-қойғылап қойып отыр екен. Рысқүлов барлап алды да: — Немене, ұнамай ма? — деді. Фрунзе жұдырықтарын жазып, жайдарылана күлді. — Ж оқ, Түрар Рысқүлович, тек біз бір-бірімізді түсінбейміз-ау деп қорқамын.
шш — Өте өкінішті. Түрік халықтарының хәлін Түркістанда туып-өскен сіз түсінбегенде, Витебск губерниясында туған Голощекин түсінеді деп мүлде ойламаймын. Оның үстіне сіз отаршы отбасында емес, патшадан қуғын көрген кедей семьяда тудыңыз, қаналган, қиянат көрген, қырсық шалған халықтың психологиясын, арман-тілегін сіз қалайша үқпайсыз? Біз де еңсемізді көтеріп, ел болғымыз келеді, озық елдермен тереземіз тең болғымыз келеді. Осы да қате ме? Біздің жүрегімізге отаршылдықтың тікені қадалған. Сіз қызыл тікенді, шеңгелді далада ж алаңаяқ жүріп көрдіңіз бе? Көрдіңіз. Табанға тікен кіргенде, кейде суырайын десең үшы алынып, түбірі қалып қояды. Сөйтіп ол шіріп, іріндейді. Совет өкіметі біздің жүрегіміздегі тікенді суырмақ болды. Бірақ түқылы алынып, түбірі қалып қойды. Әлі түгел тазалап болған жоқ. Отаршылдық озбырлығын кеш кен біздің жүрегіміз әлі сыздайды. Сіз осыны да сезбейсіз бе? — Мен Түркістанда туғаным рас. Осы өлкенің ауасын жүтып, суын ішіп өскенім де рас. Бірақ Түркістандағы түрік дейтін халықты мен білмеймін. Мен қырғьіздарды, қазақ- тарды, өзбектерді, түрікмендерді, тәжіктерді білемін. Айтпақшы, тәжіктер түрік тілінде сөйлемейді ғой. Рысқұлов көзілдірігі жалт етіп, басын шалт көтеріп алды. Тосын сүрақ еді. Сәл кірді. Іле: — Оныңыз рас, Михаил Васильевич. Тәжіктер — парсы тілдес халық. Түрік республикасы көлемінде оларға авто- номиялық облыс беруге біз дайынбыз. Енді Фрунзе басын кегжең еткізді: — Ал тәжіктер автономиялы облыс емес, жеке республика болғысы келсе ше? — Түрік республикасынан бөлініп шығамыз деушілерге қарсылық жоқ. Ал бірақ, кеше Мусбюро конференциясында да, Өлкелік V конференцияда да тәж ік өкілдері мұндай мәселе көтерген жоқ, қайта біздің программаны толық куаттады. Фрунзе қос қолымен шүйделі басын қысып үстап, түнжырап отырып қалды. Бүл кім, алдында отырған адам? Ш ыннан ниеті бұзық адам ба? Ш ыннан қауіпті ме? Олай болса, революцияның, таптың қас жауы ретінде неге көзін жоймасқа? Теңіз толқынына былқ етпей қасқайып түра беретін қара жартас сияқты неткен дүлей күш, неткен шыдамы берік, жігері шарболат қайсар жан? Ақылсыз, қүр
дүлей деп айта алмайсың. Қайта ақылы асқақ. Бүл шыннан жау болса, өте қиын-ақ. Ал революция паруанасы болса, ондай революция бақытты. «Түркістанда туып-өскен сіз түсінбегенде...» деді-ау. Ол рас. Мен мұны түсінуге тиіспін. Қалай, қай жағынан? Кенет Фрунзенің көз алдына соноу алыс Верныйдың Губернатор көшесінде көрген бір сүмдығы келе қалды. Ерлер гимназиясы Губернатор көшесінде болатын. Д әл гимназия қарсы сы нда Губернатор бағы бар еді. Тәкаббар жасыл емендері асқақтаған сол бақ жан-жагынан биік шойын шарбақпен қорш аулы тұрар еді. Ж ай гана ш арбақ емес, әрбір қарыс сайын сояудай-сояудай істік темірлері аспанга шаншылып түратын. Торт жағында төрт қақпасы бар болатын. Әр қақпаның мандайшасында: «Иттер мен киргиздарға кіруге рүқсат жоқ» деген жазуы бар тақталар қағулы тұратын. Бір күні сабақтан шығып, енді қайда барсақ екен, Алма-Атинка өзеніне кетсек пе, әлде тауға тартсақ па екен деп, Фрунзе өзінің достарымен парктің алдында түрғанда көшеден сақ-сақ еткен дыбыс естілді. Қараса, бөркін шекесіне киген салт атты қазақ, тас төселген Губернатор көшесінің қақ ортасымен, тағалы аттың түяғын тарсыл- датып, салып үрып келеді екен. Парктің кақпасы ашық тұрғанын көріп қалып, тізгінді тартып алып, атының басын кегжең еткізіп, бақ ішіне арындата кіре бергенде, ар жагынан мылтығын кезеніп, қабасақал дәу қазақ шыға келді. — Постой, скотина! Қайда? — Ой, тамыр, пішен базарға барамын. — Сен білмейді, что-ли, бұл парк тұрмақ, Губернатор көшесімен ат мінген, түйе мінген, есек мінген киргиздардың жүруіне болмайтынын. — Е, қайдан білейін, бәрі Қүдайдың жері емес пе? — Көрсетемін мен саған Қүдайдың жерін! Қабасақал үскірік шалып кеп қалды. Ш іркеу жақтан қылышы салпандап, санын соғып, едірең мұрт урядник жетіп келді. Аттың шаужайынан үстап тұрған қабасақалдан істің мән-жайын сүрап жатпай-ақ, урядник наганының қабын сипалай: — Түс аттан, оңбаған! — деп ақырды салт аттыга. — Оу, мен сенің қүдаң емеспін аттан түсетін, асығыс шаруам бар, е бү жермен жүруге болмаса, басқа жолға
түсейін, жібер, — деп салт атты шылбырды қабасақалдың қолынан жұлқып қалып еді, дәу неме босатпады. Ары тарт, бері тарттан аттың басы кегж ең-кегж ең етіп, көзі оқшия бастады. — А, сен әлі өкіметтің өкілін тындағың келмейді! — деп урядник наганды қабынан суырып алды. Бір қолымен салт аттының шалғайына жармасып, жұлқып-жүлқып қалды. Салт атты қозғала қоймады. Қайта қамшысын ыңғайлап ұстап: — Қоя бер! —деп айбат шекті. Салт атты урядникпен әлек болып жатқанда, қабасақал бәкімен тартпаны қырқып жіберді де урядникке: — Тарт! — деп салт аттының ту сыртынан ер-тоқымымен қоса қопара итеріп тастады. Екеулеген күшке шыдай алмай, салт атты жерге сүйретіле құлады. Жерде жатқан «киргизді» есін жидырмай ана екеуі бет-аузына қарамай тепкілей бастады. — Ж үріндер, мынау сұмдық қой! — деді сонда Фрунзе жолдастарына. Бір топ гимназистердің жүгіріп жеткенінен сескенген урядник: — Мырзалар, әрі жүріңіздер, бүл жерде ешқандай қызық жоқ, —деп «киргизді» тепкілеуін қоя тұрды. — Өкімет адамының бүйтіп жабайылыққа барғаны үят емес пе, мүныңыз қалай? Босатыңыз оны. М үмкін, ол қала тәртібін білмейтін шығар, қырдан келген шығар. Бір жолға түсіндіріп, үрмай-соқпай-ақ босатып жібермейсіз бе? — деді Фрунзе. Аузы-басы қанап, орнынан тұрып, етегін қаққылады. Анадай жерге ұшып түскен бөркін алып, басына киді. — Мырзалар, гимназист екендерінді көріп тұрмын. Басбұзар киргизга ара түскендерің үшін басшыларың бастарыңнан сипай қоймас, аулақ жүріндер! — Урядник қоқилана қалды. Салт атты ер-тоқымын көтеріп, қабасақал- дың колындагы шылбырды тартып еді, қабасақал: — Атты бермеймін, штраф төлейсің, сонан соң аласың атты, — деді. Күйіп кеткен жолаушы ер-тоқымды аттың үстіне лақтыра салып, қамшымен қабасақалды бастан ала тартып кеп жіберді. Қабасақалдың шекесінен қара қан бұрқ ете түсті. — Міне, бұл соттың ісі! Енді түрмеде шірисің, айуан! — деп урядник наганын кезенді... 259
Қ азір Рысқұловтың алдында отырып, Ф рунзе осы бір жайды еске алды. Бірақ ол зорлық-зомбылық келмеске кетті ғой деді өзінен өзі. Совет өкіметі енді ондай қиянатқа жол бермейді. Мұны Рысқұлов та түсінеді. Бірақ психологияны жаңа заманға бірден ыңғайлау оңай емес. Қарғыс атқыр ескінің елесі Рысқүловтың есінен шықпай түрғаны сон- дықтан. Мұны мен, әрине, түсінемін. Бірақ ұлт мәселесі бұл жолмен шешілмейтінін бұл түсінбесе амал не? Әйтеуір, түркі түқымдастар іріленіп, күшті болса екен дегеніне көне қою қате ғой. Бұл пантюркизмге тартатын жол ғой. Оған үлкен тосқауыл керек. Рысқүлов дәл қазір Фрунзенің соноу алыс Алматыны оймен аралап қайтқанын білген жоқ. Бірақ қолбасшының көкш іл көздерін мұң шалғанын байқады. Рысқұлов тағы біраз қасарысса, Фрунзе илігетін сияқты көрінді. — Ал түптің түбіне келсек, тіпті ұлтқа бөліп жатудың керегі жоқ, — деді Рысқұлов үнін жұмсартып. — Бізге бірлік, бірлік арқылы ірілік керек. Өзіңіз білесіз, күні кешеге дейін республикада коммунистер партиясы үш үдай болып келді: Мусбюро (оны мен басқардым), крайком, шетелдік ком мунистер секциясы. Крайком ұйытқы бола алады. Беделі қалмады. Көпш ілік, тіпті Шығыс елдері де Мусбюроны мойындап, тек соны ғана таныды. Ал бұл келеңсіз жай екенін түсініп, үш тармақты біріктіріп, крайком беделін көтеру жөнінде мәселені бірінші көтерген мен болатынмын. Ақыры солай болды да. Кешегі V конференция солай шешті. Демек, біртұтас партия бар, оны өзбектікі деп, қырғыздікі, қазақтікі деп бөлшектемейміз ғой. — Сондықтан да «түрік» дегеніңіз түсініксіз. Үсақ ұлттардан безіп, ірі үлт болуга ұмтылуыңыз жұмбақ. — Фрунзенің көзі қайтадан қатулана бастады. — Оны мен әлгінде ғана түсіндірдім ғой — Енді Рысқүлов- тың даусы қатая түсті,— Бүкіл Ш ығыс алдында «Түрік» дегеніміз — жарнама. Шығысты сіз социализмге мылтықпен айдап әкеле алмайсыз. Шығысты социализмге, советке қарай икемдейтін Түркістан, ондағы түркі халықтары. Егер сіз сол түркі халықтарының бірігуіне жол беріп, өзге ірі халықтармен терезесін тең етсеңіз, Шығыс, сөз жоқ, сізге тәнті болады. Тәнті болады да советке қарай қол созады. — Ол рас та шығар. Бірақ мен «түрік» яки «түркі» деген халықты Түркістанда бар деп білмеймін. Мен бала кезден қырғызды, қазақты, өзбекті білемін.
— Сол айтып отырғандарыңыздың бәрі де түрік дейтін ұлттың жаңқалары екенін түсінгіңіз келмейтіні өкініш ті. Тарихты түсінгіңіз келмейтіні қалай, Ф рунзе жолдас? Тарих сізге Колчак емес қой тас-талқанын шығарып жүре беретін. Фрунзе күліп жіберді. Көздерінен сәуле шашырап, жанарының айналасын үсақ әжім тұта қалды. Орнынан тұрып келіп, Рысқүловтың иығына қолын салды. — Ал бірақ, Тұрар Рысқүлович, сіздің Н әзір Төреқүлов туысқаныңыз өзбек, қазақ, қырғыз, түрікмен, тәжікті осы дәл бүгін ж еке-жеке республика етіп, шекараларын бөлуді талап етеді. Бүған қалай қарайсыз? — Күдікпен қараймын. Н әзірлер бір күндік ұранның адамдары. Ты з етпе ж үйріктер. С із айтып отырған Н әзір 1917 жылдың күзі мен 1918 ж ы лды ң басында О ры нборда «Қазақ» газетінің редакциясында істеді. «Қазақ» газеті «Алаш орда» партиясының тіліне айналған. Сонда Н әзір бүкіл Қ азақ- стандағы қазақтарға «Түсі бірге Түркістанға қосылайық» деп үран тастағандардың қатарында еді. Енді келіп, дәл қазір Түркістанды бөлшектеп, жеке-жеке республикалар болуын талап етеді. Бір күндік үран деген осы... М әселенің төркіні әріде-е-е жатыр... Ж арар, Михаил Васильевич, сіз мені, мен сізді иландыра алмадық. Бірақ мен өз пікірімде қаламын. Ал сіз қаласаңыз, тағы да конференция шақыртайық. Көпшілік шешсін. Көпш ілік маған: — Рысқұлов, сенікі қате! —десе мен көндім. — Е, жоқ! Он күнде бір конференция шақырып отыруға жағдай көтермейді. Голощекин дүрыс істеген: сізбен келісуін келіскен де ақырғы шешімді, яғни сіздің үсынысыңыздың бекітілуін РКП (б) Орталық Комитетінің, ВЦИК-тен күткен. Соны біз де күтейік. Орталық не дер екен... —К үтсек — күтейік! Ең дұрысы: Л енинмен көзб е-көз отырып шешкен абзал. Ленин не айтса, соған тоқтау керек. Ал енді Михаил Васильевич, түрік халықтарының өнерін тамашалаңыз. Осындағы студенттер концерт беріп, түскен қаржыны аш халықты асырауға бермекші. Ж үріңіз, Михаил Васильевич... 261
*** Наурыз әлі шыға қоймай, сәуір әлі туа қоймай тұрса да, Таш кент көктем құшағында еді. Ш ымған тауынан кешке қарай салқын самал лекілдеп, күндізгі қапырықты сыпырып-сиырып алып кетіп, тыныс кеңейген кез. Терек, қайындардың сырғалары салбырап, мәжнүн талдар иіліп, аш аң жасыл жапырағы зүміреттей жайнап, бір қуаныш, бір мүңның арасында үн-түнсіз тербеледі. Губернатор паркін- дегі зау шынарлар ара-түра бөтен дарақтардың арасынан бұтақтарын өткізіп жіберіп, бүкіл паркті, тіпті күллі аспанды қаусырғысы келгендей, қүлашын кеңге жайып, алыптығын танытып түр. Парк төріндегі ашық эстрада жақтан керней даусы тымық кешті жаңғырықтырып, қала халқын мазасыз халге салды. «Әлдекім үйленді ме? Көптен бері үзіліп қалған керней үні қайта шықты ғой» деп көш е-көшемен жүрт ағылып, Губернатор бағына жеткенше асыққан. Ащы керней үнінен парктің ағаштарына қонақтап үйренген үзақ-қарғалар да мазасызданды. Пар-пар етіп, үдере көтеріліп, іңір қараңғылығында қайда барарын білмей уап-шуап, у да шу болды. Парк қақпасының алдында Рысқұлов пен Фрунзені сарғыштау толқын шашы мандайына түскен, ашаң жүзді, әдемі жігіт күтіп алды. — Ғани Мұратбаев — Түркістан комсомолының жетекшісі, — деп таныстырды Рысқұлов жігітті Фрунзеге. — Бүгінгі кешті үйымдастырып жүрген осы Ғани. Өрім жігіт жалт етіп қарап, Ф рунзенің қолын алды. — Жүріңіздер, — деп Мұратбаев ағаларын эстрада жаққа бастап жүрді. — Кәне, жол беріңіздер! Мүратбаевтың ескертуімен қақ жарылып, жол ашқан халық Рысқүлов пен Ф рунзені бірі танып, бірі танымады. Сыбыр-сыбыр көбейді. — Рысқүлов! Рысқұлов! — Кәне, кәне! — Қасындағы кім? — Ол атақты батыр Фрунзе. — Фрунзе? Рас па?
Бұлар эстрада алдына жеткенше шыжандай адам Рысқұлов пен Ф рунзенің келгенінен бәрі хабардар болып, көргісі келіп, мойындарын созып, алға кимелеп, бірін-бірі таптап кете жаздап, маза кете бастады. Әлдекім: — Жасасын Фрунзе! — Жасасын Рысқұлов! —деп айқай салды. Айқай-шу, ұран көбейді. Фрунзе сәл қысылыңқырап: — Қайдан біліп қойды? Әлде, біздің келетінімізді күні бүрын хабарлап па еді? — деді. — Ж ақсының аты елге өзінен бүрын жетеді. Халық арнайы хабарсыз-ақ танып, қүрметтеп түр ғой, — деді Рысқүлов. Іле Мұратбаевқа қарап: — Бастандар, — деді. Мүратбаев бастырмалы эстрадаға тез көтеріліп, әлі де ұрандап тұрған халыққа қолын созды. Айқай-шу басыла қоймады. Мүратбаев дауыстап: — Мемлекетіміздің аса көрнекті қайраткерлері Фрунзе мен Рысқұлов жолдастарға жалынды сәлем! —деді. — Сәлем! Сәлем! — деген үн Ташкентті дүр сілкіндіріп өтті. Скамейка жеткендері отырып, жетпегендері иін тіресіп түрегеп түр. — Сіздердің алдарыңызға қазір Түркістанның өнерлі студент жастары шығады, — деді Мүратбаев. — Сонымен қатар, Түркістанда гастрольде жүрген туысқан Қазан татар- ларының «Сәяр» ансамблінің өнерін тамашалайсыздар. Бүл интернационалдық концерттен түскен қаржы аштыққа үшыраған халыққа көмекке беріледі... Бірінші болып өзбектер биледі. Жігіті мен қызы. Ж ігіті ала тақия, белін күлдәрімен буған бейқасап шапан, қызы сары ала атлас көйлек, тілерсегіне жеткенше қызыл ала атлас штан киген. Дағарашы музыканы таңқылдата бергенде-ақ қыз бен жігіт мың бұралып, лыпылдай жөнелген. Рысқүлов Фрунзеге сыбырлап: — Қыз болып билеп жүргенге зер салыңыз, — деді. Фрунзе қадала қарап, отырып-отырып: — Несі бар, өте әдемі, биязы билейді, — деді. — Қыз болып билеп жүрген жігіт қой.
— Ә, солай ма? А йтпасаңыз, ойыма да келмес еді. Ой, қу-ай, аумайды ғой қыздан! — Эстрадаға нағыз өзбек қызы шықса, жақсы-ақ болар еді. Бірақ әзірш е қиын. Паранжыға қарсы күрес жүргізіп жатырмыз. Дін, ескі әдет пәрмені әлі күшті. Келесі топ тәж ік биін биледі. —Сіз түркі түқымға жатқызбайтын тәжіктер осылар. Әлгі өзбектер биінен не айырмашылығы бар? Ф рунзе үндеген жоқ. Тек би біткенде қолын қатты соқты. Ж үнін көзіне түсіре сеңсең бөрік киген түрікмендер де биге басты. Тек аппақ айыр қалпақты, қырғыз жігіті қүйқылжытып қомүз тартты. — Міне, бүл менің нағыз жерлесім, — деп Фрунзе қомданып қойды. Қомүзшы жігіт жұртқа қарап, тағзым етіп, иілгенде Фрунзе қолын бүрынғыдан да қаттырақ соқты. Қырғыз кеткен соң, шымылдық жабылып қалып, сәлден соң қайта ашылды. Сахнада молаға үқсас төмпешік пайда болыпты. Ж үрт — «мұнысы несі?» —деп түсіне алмай, аң-таң болып түрғанда, эстраданың арғы бетінен аңыраған ащы да зор дауыс кернейден де қатты естіліп, ақбоз атты біреу сахнаға шауып шықты. Х алық гу етті. Асау ақбоз үрке жаздап, тірсектері дір-дір етіп, ауыздықпен алысып, шыр айнала бергенде, сахна қапталынан екі жігіт жүгіріп шығып, атты тізгінен, шылбырынан ала берді. Ал аңыраған салт атты ер үстінен аунай түсіп, сахна ортасындағы тілсіз төмпешікті құш ақ- тап қүлап, түңғиық терең, жүрек жұлқыр қүдіретті әнге басты. О, Зәуреш, сенің үшін елден келдім, Баяғы өзің көрген жерден келдім. Сен неге мен келгенде тебіренбейсің? Иіскеп бір сүйейін-ау деген едім... ай ... Рысқүлов Фрунзеге түсіндірмек болып, ән мазмұнын орысшалай бастап еді, Фрунзе: — Білемін, білемін, түсінемін, — деді Рысқүловқа Ф рунзенің даусы дірілдегендей болып естілді. Не керек алмас қылыш қын болмаса, Өтірік неге керек шын болмаса. 264 -ъэгщ
Сен қалған отыз ұлдан едің Зәуреш, Басыңды бір көтерші-ай тым болмаса... Тілерсектен қан кешіп, өлімнің неше түрін көрген үлы қолбасшы галифе қалтасынан орамал алып, мүртын сипаған болып, білдіртпегенсіп, көзін сүртті. Рысқұлов ойлады: «Менің жиналыста, айтыста қызыл кеңірдек болып, жүз рет сөйлегенімнен, мына жүрек жеген бір-ақ ән әлдеқайда құдіретті-ау». Ш ексіз, шетсіз үн Ташкент аспанының астын тітірентіп, демі таусылмастай, әрі елжіреп, әрі еңіреп, әр жүректі тілімдеп түрып алды. —Ой, бауыр-ем! —деп әлдекім қалыңның ішінен ышқына айқайлап жіберді. Бүкіл халық ішінен тынып, тығылып- тығылып, үнсіз жылап тұрды. Әлден уақытта барып, әнші бауырын көтеріп, орнынан тұрып, халыққа қарап тәжім етті. С аңқ-саңқ етіп сөйлеп кетті: — Мен осы «Зәурешті» аштықтан, обадан, сүзектен қырылған бауырлар рухына бағыштадым. Енді бізге аштық, оба, сүзек сияқты тажалдар жоламайды. Өйткені, Кеңес өкіметі халықты қорғайтын болады. Ендігі жерде мен сіздерге тек қуаныш әнін, ғашықтар әнін гана айтатын боламын. Ж ап-жас жігіттің түла бойынан шоқ шашырап тұрғандай еді. Ж аңа ғана дүйім жүртты жылатып алып, енді бірте-бірте сол бейбақтың жүзін жадыратты. Ауылдан мен шықтым, күн де батты Боз жорға ат, жамандатқыр, ішін тартты. Боларын бір сүмдықтың біліп едім, Ауылы қалқатайдың қашықтапты... Ала шапандар, бейқасап шапандар, сырмалы қара шапандар, түрікмен сеңсең бөріктер, ала тақиялар, айыр ақ қалпақтар, дөңгелек бүйра бөріктер, ақ сәлде, көк сәлделілер жапырыла қол соқты. Кирпростың шәкірті Қүрманбек Жандарбековтың «Зәуреш» пен «Боз жорға атынан» соң, сөз «Сәярға» берілді. «Сәяр» ансамблінің жетекшісі Исмағұл Рәми дөңгелек қара тақия киіп шығып, көпшілікке тағзым етіп, татар артистерін таныстырды: Гүлсім Болгарская, Ғабделбәри
Ф айзуллин-Болгарский, М әрфуға Мұртазина, Валиулла Мұртазин, Кәрим Тинчурин, Ғабдолла Камал, Ғабдолла Карим, Сара Байкина, Зэки Баязитов, Ғабдрахман Ман- гушев. — Ш оқынған татарлар ма? Болгарскийі қалай? — деп сыбырлады Фрунзе. — Ж оқ, Михаил Васильевич, бұлар да өз тарихын ұмытпауды ойлайды. Болгар, яғни Бүлғар мемлекеті болған баяғыда. Еділ бойын жайлаған. Соны меңзеп түрган фамилия ғой, — деді Рысқүлов. — Ірі болуды кім аңсамайды? Бұлгар — кезінде кемел мемлекет болған. «Осы бір детальдің өзімен де өз идеясын шегелеп жатыр. Не деген бас?» — деді ішінен Фрунзе. Бүл арада «Сәяр» Таш кент түнін ән мен биге бөледі. «Ғалия-бану», «Сағыну»,«Сарман», «Тәфтиляу», «Өмірзая», «Гүлжамал», «Мәрфуға» бірінен соң бірі өтердей, өзекті өртеп, жанды жалынға орап, дүниенің уайымын үмыттырып, арман әлеміне, сүйіспеншілік, махаббат еліне шақырады. Иін тірескен, өзге өмірді үмытып, тек сахнаға мойын созған жүздеген жан татар өнер шеберлерін шетінен қайта-қайта шақырып, осы бір тәтті кезең таусылып қалмаса екен деп үздігіп, меймандарды жібермеуге тырысты. Бірақ ләззаттың да шегі бар, әрі десе сирек те келте кездесетін бақытты шақ қожырар шақ та туды. Исмагүл Рәми шығып, Түркістан, Ташкент халқына рақмет айтты. «Сәяр» түгел қосылып, «Салағыш» әніне салып, халықпен қоштасты: «Салағыш, Салағыш! Мин китәм жырақларға, Бағырем, хуш! Бағырем, хуш!» — Түсінікті ме? —деді Рысқұлов Фрунзеге. — Түсінікті. Өзіміздің: «хош» кой. Тек «бағырем» не? — Бауырым, яғни туысқаным, бір туысқаным, қарын- дасым, қардашым, емшектесім... Ф рунзе «Тагы да өз идеясын шегеледі» деді ішінен. Концерт бітіп, Рысқүлов пен Фрунзе қоштасарда, Фрунзе: — Айтыңызшы, Түрар Рысқүлович, қазақтардың көп қырылғаны рас па? — деді. I 266
— Рас, Михаил Васильевич, отырықты ел өйтіп-бүйтіп жер сауады, сауда-саттықпен айналысады. Ал мал баққан қазақ екі жыл қатарынан соққан ашаршылық соғысынан сансырап кетті. Бір ғана Перовск уезінде Гержот миллионға жуық қазақты қырды. Фрунзе Рыскүловқа көңіл айтқандай, үнсіз ғана қос қолдап иығынан құшақтап, тез бұрылды да қайта-қайта жөткірініп кете барды. Соңынан қарауыл солдат қараң- дайды. *** Фрунзе жаңа ғана көріп-тындаған концерттің әсерінен әлі айыға алмай келіп, стол басына отырды. Қолына қаламұш алып, шыны дәуіттегі сияға бір батырып, неден бастарын ойлап, ақ қағазға тесіле қарады. Ақ қағазға тесіле берсең, не жазарынды сол сыбырлап айтатын сияқты. Қаламұш әуелі кібіртіктеп барып, көсіліп жүре берді. «Қымбатты Владимир Ильич! — деп бастады Фрунзе Ленинге арнаған осы хатын. — Оралдан Ташкентке келге- німе де біршама уақыт болып қалыпты. М енен бүрын мұнда Түрккомиссияның басқа мүшелері келгенін озіңіз білесіз. Элиава, Рудзутак, Куйбышев, Голощекин жолдастар едәуір жүмыс атқарып үлгеріпті. Түркістандағы жағдай күрделі де әр қилы. Ағылшындардың тіміскі әрекеті, басмашылардың озбырлығы, Жетісудағы кулактар мен ақтардың сойқаны Түркістандағы тіршілікті қиындатып түр. Бірақ біз бүл қиындықты көп кешікпей жеңіп шығатынымызға сенімім мол. Бұдан гөрі күрделірек қиындық — Түркістандағы Мұ- сылман қауымынан шыққан коммунист басшылармен тіл табысу. Бүл ретте біз тығырыққа тіреліп түрмыз... Мұндағы, Түркістандағы, мұсылман коммунистерінің ішінен екеуін айрықша атауға болады. Біріншісі — өзбек- терден Тұрсынходжаев, екіншісі — қазақтардан Рысқұлов. Рысқүлов ақылдылығымен коса, аса ірі де бай мінездің адамы. Мүнда Рысқүлов және оның тобы өте белгілі. Басқалардың бәрінен де Рысқүлов ерекше ақылды. Оның тобында іскер адам көп. Рысқүлов халыққа әбден танымал, ал бүлай деп Атабаев пен Төреқүлов жөнінде айтуға болмас еді. 267
Тұрар Рысқұлов — партия қайраткерлерінің ішінде аса үздіктерінің бірі. Түркістанда Совет өкіметі мен ком- мунистік партияның даму тарихындағы тұтас бір дәуір Рысқүловтың есімімен тікелей байланысты. Рысқұлов жолдастың есімі — төңірегіне партия қызметкерлерінің бел- гілі бөлігі топтасқан жалау, ту сияқты. Қажымас қайрат- жігері, аса ірі үйымдастырушылық дарыны бар, прин- циптеріне мейлінше берік, бірбеткей Рысқүлов халық арасында мол беделге ие болып, аты аңызға айналды. М арксизмді тәп-тәуір меңгерген, білімді десең білімді, шешен десең шешен. Сөйте тұра, үлттық мотивтерге іші бүра береді. Міне, маған қолыма қалам алдырып, Сізге хат жаздырып отырған да осы жағдай. Таяуда болып өткен Түркістан Коммунистік партиясының бесінші конференциясында (ол кезде мен Түркістанға әлі келмеген едім) Рысқүлов біздің ісімізге зиянды үсыныс жасап, ол үсынысын конференция арқылы өткізіп жіберген. Ең қиыны — Рысқүловтың сол қауіпті үсынысын конфе ренция түгелге жуық қолдап, қуаттаған. Тіпті біздің Түрккомиссияның мүшелері де, Рудзутактан басқасы, Рысқүловтың жетегінде кеткен. Егер біздің революция от-жалында шыныққан аса белгілі қайраткерлеріміз Элиава, Куйбышев, Голощекин жолдастар Рысқүловтың айтқанына бас шұлғи берген болса, онда Рысқүловтың қандай пәрменді, сесті, логикасы темірдей берік, бетқаратпас қайраткер екенін өзіңіз де түсіне бересіз. Ал оның «үсынысы» дегеннің мәніне келетін болсақ, осындай дәті берік, ақылды адамның, іштей адал коммунист басшының көпе-көрнеу қатесіне қынжылмасқа болмайды. Ол Түркістан орнына «Түрік советтік партиясы», «Түрік советтік республикасы» дегенді шыгарып, ұлтшылдық, бәлкім, тіпті пантүріктік жолға түсіп отыр. Рысқүловтың имандай сеніміне қарағанда, өзбек, қазақ, қырғыз, түрікмен т. б. түркі түқымдас халықтардың бәрі бір-ақ ұлт, яғни Түрік... М ұның ар жагы неге апарып соғарын өзіңіз білесіз. Мен Рысқүловтың бұл қатесін бетіне айтып, түсіндірген болдым. Бірақ ол илікпеді. Оны сөзбен жеңу қиыннын қиыны. Енді міне, бізбен келіспеген соң, Москваға аттанып,
Сізбен жүздесіп, өз идеяларын сарабыңызға салмақшы. Ендігі мәселе өзіңізге байланысты, Владимир Ильич! Коммунистік сәлеммен Фрунзе». *** Перронға Рысқұлов, Низам Ходжаев алдымен шықты. Оларды шығарып салуға Сағдулла Түрсынходжаев, Санжар Асфандияров, Файзолла Ходжаев, Әкмәл Икрамов, Қабылбек Сарымолдаев келген екен. Рысқүлов перронға шыққан соң, шығарып сала келушілердің арасынан Нәзір Төреқүловты, Сұлтекенді — Сұлтанбек Ходжановты іздеп еді, олар көрінбеді. Бұлардың соңын ала М оскваға жүретіндердің екінші тобы келіп жетті. Олар Элиава мен Рудзутак еді. Аттан- дырып салуға Фрунзе, Куйбышев, Голощекин келіпті. — Демек, жүретін болдыңыздар ғой, — деді Фрунзе Рысқұловтың колын алып тұрып. — Солай болды. — Менімше, Элиава, Рудзутак бәріңіз бір вагонда болғандарыңыз дұрыс еді-ау. — Өзі де солай. Егер олар қаласа, бір вагондамыз,— деді Рысқұлов. — Бәсе, Өзім де солай сеніп едім,— деп Фрунзе Рысқүлов пен Рудзутакты қоса қүшақтап тұрды,— Екеуіңіз— екі полюс сияқты болып тұрғандарыңызбен араларыңызды ажыратпас арқау барына сенемін. Рысқүлов Фрунзені зейінмен тындай түрса да, көзі басқа бір ж аққа қадалғандай болды. Аздан соң: — Кешіріңіз,— деп Фрунзенің құшағынан сытылып шығып, перронның шетіне қарай кете барды. Перронның тақтай төсеген едені бітер жерден әрірек, қарағай бағанаға байлаулы ер-тоқымды, әбзелді бір сүлу ат түр екен, Рысқүлов соған жақындап барып, жүгенін үстай бергенде, ат басын кегжең еткізіп, тыпырши берді. Рысқүлов аттың мойнын шапаттап, жалынан сипаған соң, жануар тыншығандай болды. Рысқұлов оның жүнін қасылап, тұмсығынан сипа- лады. Аттың мойны салбырап, көзін жүмды. Түмсығын Рысқүловтың омырауына үйкегендей болды. Сол кезде Рысқұлов аттың мойнына бетін басып, мелшиіп түрды да қалды.
Перрондағылар аң-таң. Пойыз жүретін уақыт болды. Рысқұлов аттың мойнынан бетін ажыратар емес. — Міне, нағыз киргиз, бұлар аттың үстінде туған ғой,— деп ыржиды Голощекин.— Рас айтам, бір жерде оқығаным бар. — Сіздің оқыганыңыз бар, ал менің көргенім бар,— деп Фрунзе жақтырмай қалды.— Біріншіден, Филипп Исаевич, киргиз емес, қазақ. Екіншіден, осы қазақ, мен білсем, бүл атты танып тұр. Әкесі туралы маған айтқан бір әңгімесінде Түрар суреттеген ат осындай сүлу, сүліктей мал болатын. Бұл, сірә, соны таныды. — О-о,— деп Голощекин есесін қайтармақ болды.— Рыскүловтың әкесінің заманындағы жүйрік ат әлі тірі деп ойлайсыз ба? Сіз де кызык екенсіз, Михаил Васильевич. — Голощекин жолдас,— деді Фрунзе ресми мақамга түсіп,— Нағыз ереуіл, казан аттар түқымсыз кетпейді. Түрар Рыскүлдың баласы екені рас болса, сол Рысқүл мінген тұлпар аттың түқымы неге болмауға тиіс? Осы кезде вокзалдың ресторанынан бір күндыз бөрік, шибарқыт камзол, шоқайма көк етік киген бір қазақ қонышын қамшылай шыгып, өзінің атына жабысып тұрган бөтен адамды көріп: — Әй, бұл қайсың?— деп алға теңселе басып ұмтылған. Қамшысын сыгымдап үстай ұмтылған. Ж ақындап барып, әлгі адамның үры емес екеніне көзі жеткендей болған соң: — Саган не керек?—деген. Рысқұлов аттың иесіне қарап тұрып: — Айтыңызшы, бүл аттың тегін білесіз бе?— деді. Масаң адам ойланып қалды. — Білмеймін, әйтеуір Әулиеатадан ба, М еркеден бе, жоқ-жоқ, Алматыдан, иә, иә, Алматыдан. Нагашылары- мыздан қалап әкелген. Эй, оны неге сұрадың? Мал ұрлатып па едің? — И ә,— деді Рысқүлов бір күрсініп.— Баягыда Қызыл Ж ебе деген керемет ат болған. Сол ма деп қалдым. Бәлкім, соның түқымы шыгар, кім біледі? — Жолдас Рысқұлов! Жолдас Рысқүлов! Пойыз, пойыз!— деп айқайлады перрондагылар. М асаң қазақ «Рысқұлов, Рысқұлов» дегенді естіп: — Ойбай, бауырым, сен шыннан Түрарсың ба?— деді. 2?о чааЁЗйзйЯйайайййаа»
— Иә, мен Тұрармын. Әкем Рысқұлдың тұлпары Қызыл Ж ебе еді. Қош, сау бол. М асаң қазақ аузы аңқайып тұрып-тұрып, бір уақыт Рысқұловтың соңынан бір сүрініп, бір кабынып түра жүгірді. — Тоқта, Түрар! Міне кет Қызыл Ж ебенді, міне кет, бауырым. Бұл кезде Рысқұлов көк вагонның үзеңгісіне аяғын сала берген. Артына бұрылып, әлгі қазаққа: — Қай ауылдансың?—деп айқайлады. Паровоз өкіріп-өкіріп жіберді. Әлгінің не айтқанын Рысқүлов есіте алмады... Пойыз Ташкенттен сытылып, қазақтың кең даласына шығып, көсіліп ала жөнелгенде, терезе алдында түрған Рысқұловтың жанына Элиава келді. — Тұрар Рысқұлович, сіз бұрын бүл жолмен жолаушы жүріп пе едіңіз? Рысқұлов басқа дүниеден оралғандай, Эливаның бетіне бағдарлаңқырай қарап: — И ә, жүрдім. Алғаш 1915 жылы осы жолмен Самарға бардым. Оқу іздеп... Сондағы ауылшаруашылық институтіне түспекші едім. — Түстіңіз бе? — Ж оқ. Емтиханның бәрін үздік тапсырдым. Пішпек орман техникумын бітіргенім туралы аттестат та кілең үздік баға еді. Институтке қабылдану жөнінде бүйрық беруге келгенде, ректор менің документтерімнің шекесіне: «Мал баққан номад баласына егін шаруашылығымен айналысудың керегі жоқ»,—деп жазып жіберіпті. — Иә, солай?— Элиава Рысқұловты енді танығандай ентелей түсті. Содан не болушы еді, ректорға көзбе-көз жолықпақш ы болып, қабылдауын үш күн күттім — қабылдамады. Ақыры кабинетінен шығатын кезді андыдым. Дәлізде алдын орап: — Мен өзіңіз айтқан номад баласымын. Соноу жердің түбінен Самарға әрең жетіп едім. Оқуға қабы лдаңы з,— дедім. Ректор алтын шынжыр баулы козілдірігін ақ перчаткалы қолымен түзеп киіп, бетіме үңіле қарап түрып: 271
— Еліңе қайт, жігітім, сенің халқың егін салмайды, мал бағады. Малынды бағып жүре бер,— деді. — Кешіріңіз, қазір біздің елде де егіншілікпен айна- лысады. Білмеуші ме едіңіз? Столыпин реакциясынан кейін жерге егін салу бізде де жанданды. — Е, жігітім, ондағы егін салушылар — Россиядан барғандар. Ендеше, солар айналыса берсін. Сен малыңа бар,—деп сыпайы ғана арқамнан қақты да, жүре берді. Ж үріп бара жатып, ақ перчаткасын екінші қолымен қағып-қағып қойды. Әңгіме сонымен тәмам болды, Ш алва Зубарович.— Элиава күрсінді. — Сонымен кері қайтып кеттіңіз бе? — Қайтайын десем, қалтада соқыр тиын жоқ. Орыс тілінен менен емтихан алған мұғалім, әлі атын ұмытқан жоқпын, Виктор Васильевич Болотников деген кісі ректордың қылығына қатты ашуланды. Сөйтсем, орыстың үлығы орыстардың өзін де тындамайды екен, Болотников ректорга сөзін өткізе алмады. Ақыры акылын айтты: — Қаржың ж оқ болса, пристаньға бар да жүкші бол. Ж арты ай, бір айда қаржы жинап, еліңе қайт,—деді. Ахмар дейтін башқұрт жігіті екеуіміз, о да номад ретінде оқуға қабылданбаған, пристаньға барып, Волга пароход- тарынан жүк түсіріп, жүк тиеп, бір ай шамасында жүмыс істеп, содан түскен тиынға билет алып, Ташкентке әрең жеткенмін...— Рысқұлов сөзін айтып бітірмей: — Ананы қараңыз!— деп дауыстап жіберді. — О не?— Элиава Рысқұлов нүсқаған далаға жалт қа- рады. Әлгіде Таш кент вокзалында жолықкан қүндыз бөрікті қазақ қызыл айғырды көсілтіп, пойызбен жарысып келеді екен. Қызылдың жал-қүйрығы түлпардың тұрқымен бірдей шаншылып, үстіндегі адам жал құшып, соңында бұрқ-бұрқ еткен шүбалаңқы шан қалып, атқан оқтай зымырайды. Ш абандоз құндыз бөркін қолына алып, пойыз жаққа қолын бүлғайды. Ж үрттың у-шуына купеден Рудзутак та шығып, салт аттыны көріп: — М ынау бағанағы вокзал басындағы адам ғой,— деді. — Әй, рақмет, бауырым, ер екен, енді түсіндім,— деп Элиава сүйсінді. Пойызбен жарысқан қазақты машинис те байқаган екен, озандатып, паровоздан үзақ гудок берді.
Құрығанда он километрдей оқша зулаған қызыл айғыр бірте-бірте қалыңқырай берді. Салт атты құндыз бөркін озып бара жатқан пойызға созды. — Тұрар Рысқұлович, сіз бақыттысыз,— деді Рудзутак.— Мына қазак сізді осынша жерге дейін шығарып салды ғой. Рысқұлов масаттанудың орнына бір түрлі мұңайған сыңай танытты: — Қызыл жебеден тағы да коз жаздым, Ян Эрнестович. — Қызыл Жебе сіз өзіңіз ғой. Жаңағы қалып койған тек сіздің көлеңкеңіз ғана. Түркістаннан шығып, Москваға заулап бара жатқан Қызыл Ж ебе — міне, сіз... әлі биікке атыласыз. — Оны сіз бен біздің Ленин алдында кездесетін сәтіміз шешеді. Биікке атылу, яки құлдилап қүзға қүлау — бәрі де Ленин алдында белгілі болады. — Оныңыз рас, Тұрар Рысқүлович, Ленин біздің айтысымызды әділ анықтары хақ. — Жолдастар, шай дайын, купеге кірейік,— деп Шалва Элиава Рысқүлов пен Рудзутакты құшағы жеткенше қапсырып, дастарқан басына қарай икемдеді... Үшінші кітаптың соңы.
қыл кепіР төртінші кітап
Т АБ А Л Д Ы РЫ Қ Күдік пен үміт арпалысқан түн еді. Ол «Метрополь» мейманханасының ең жайлы люкс нөміріне орналасты. Емен ағаштан қиюласқан есіктегі арыстан бейнелі мыс түтқадан бастап, кіре берістен төселген жұмсақ, қызыл күрең кілем, әр бөлмеде әшекейлі айналар, меймандар бөлмесіндегі аппақ пианиноға дейін, тек өте сыйлы, жоғары мәртебелі қонаққа ғана арналғанбыз дегендей тәкаббар, маңғаз сыңай таны- тады. «Метрополь» әрине, патша заманынан қалған мұра. Мұнда ол кезде, тек шетелдік миллионерлер, алпауыттар, Ресейдің қалың қалталы капиталистері ғана тоқтар еді. Қазір де мүнда көбінесе шетелдік елшілер, дипломаттар түседі. Мейманхана қызметшілері есік алдындағы сары ала оқалы киім киінген қарауылынан бастап, үй сыпыратын әйелдеріне дейін тым инабатты бола тұра, «бізді біліп қой» дегендей кердендеу келеді екен. Совнаркомнан Түркістан басшыларын орналастыруға әдейі келген Бонч-Бруевичтың көмекшісі Рысқүловты осы люкс-нөмірге ертіп келгенде, Рысқүлов: — Мен мүндай үйде түрып үйренбеген адаммын. Басқа жүпынылау бөлме беріңіз,— дейін деп түрды да, өзінің тек Рысқүлов қана емес, Түркістан президенті екені есіне түсіп, байтақ бір республиканың атынан келіп түрғанын ойлап, үндемей калды. Рысқүловтың жалғыз чемоданын нөмірге алып кірген қызметші қайтып шыққанда, дәліздегі үй сыпырушы әйел одан: —Ж апонияныңпремьер-министрі емес пе?—деп сүрады. — Ж оқ, Түркістанның президенті көрінеді,— деді қызметші. — Ол қандай ел? Сірә, кедей шығар, чемоданы біреу-ақ кой.
— Иә, біреу-ақ. Өзі жеп-жеңіл,— деп қызметші иығын қиқаң еткізіп кете барды. Әдетте, мұндай ірі қонақтар чемодан көтеріскен қызмет- шілерге қалтасынан суырып, «чаевые» деп ақш а ұстатар еді, Түркістанның президенті ондай рәсімді білмей ме, білсе де сараң ба, әйтеуір ырым жасамады. Біреуге тиын-тебен ұсынуға қолының икемі жоқ. Тиын- тебен қымбат емес, адамның ары қымбат. Рысқүлов адам- дарды кемсіткісі келмейтін. Ж алғыз чемоданды ашып, ішіндегі жалғыз таза костюмді тұтас қабырғаны алып жатқан абажадай гардеробқа іліп қойды. Гардероб ең кемі он шақты костюмге шақ шығар. Ж ағалай салбыраған киім ілгіштері көп екен. Рысқұловтың жалғыз костюмін мүндағы гардеробтың өзі де менсін- бегендей кердең кейіп танытады. Костюмі біреу-ақ болғанмен, кілең ақ бәтес көйлек мұнда көп-ақ еді. Ілгішке жағалай бір-бірден асып қойды. Гардероб көйлекпен толды. Баяғыда әкесі Рысқүл қаһарлана қатты айтқан: — Түрар! Жағанды кірлетпе!—деп. Сол сөз өмір-бақи миына қашап жазылғандай, умы- тыл май қалды. Рысқүлов таза жағалы көйлек кимей, еш уақытта далаға шыққан емес: Бір жамандықтың бір жақсылығы бар. Баяғыда Талғар таудың бауырында бүғып қана жатқан Тау-Ш ілмембет ауылында жүргенде, Рысқұл жалғыз үлы Тұрарға көп қарайлай қоймайтын. Онысы үлын жек көргені емес, түрмыс солай еді ғой. Күні-түні түзде, ат үстінде, бел шешпей жорық кешкен адам баласын мәпелей ала ма? Алматының көк қақпалы түрмесінде жылға жақын бірге жатқан мезгіл — әке мен баланың жандай жақындасқан кезі еді ғой. Ш ын мәнінде әкесінің кім екенін Түрар сонда білген. Әкеден көп сабақты сонда алған. Түрменің ауласын сыпырып, ат қорасын тазалап, кілең кір-қоқыспен күн кеш кен баланың, әрине, жалғыз ескі көйлегі кірлейді де. Сонда да болса әкесі: — Тұрар! Жағанды кірлетпе!— деп ақырғанда, бала жалғыз тік көйлекті күнде жатар алдында жуып қоятын. Содан шығар, қазір ел басқарып, қайраткер атанған кезде, костюмі бір-екеу-ақ десе, көйлегі көп болатын. — Түрар! Жағанды кірлетпе!— деп әкесі ақырғаннан бері де, міне, он бес жыл өтіпті. Ол кезде Тұрар он жасар бала 276
болса, енді жиырма бестегі ер азамат. Осыдан он бес жыл бұрын, ол Лениннің есімін тұңғыш рет түрмеде, әкесімен бірге отырып, саяси тұтқын Александр Бронников деген орыстан естіген. Сонда енді он бес жылдан кейін М оскваға барып, Ленинге кездесемін-ау, екеуден-екеу, жүзбе-жүз әңгімелесем-ау деп, әрине, армандай қойған жоқ шығар. Енді, міне, жиырмасыншы жылдын, май айының орта- сында, Кремльдің түбіндегі «Метрополь» мейманханасына түнеп шығып, сәтін салса, бүгін сағат күндізгі он бірде Лениннің өзімен кездеспекші. Әрине, қанша ерен жүйрік десе де Рысқүлов та пенде: көңілі қобалжулы. Айтар әңгімесінің арқауын қанша пысықтап, ширатып алдым дегеннің өзінде, мәселені неден, қалай бастаудың сәтін ойлап, бейхал бір сәтті бастан кешірді. Алыста, Ташкентте жатып, хат арқылы хабарласу бір басқа да, Ленинмен ауызба ауыз сүхбаттасу мүлде басқа дүние. Ж әне бүл қол беріп, жай сәлемдесіп қана шығатын шаруа емес. Өте даулы, насырлы іс. Рыскүлов Түркістанға Ленин- нің өзі арнайы жіберген Түріккомиссиямен айтысып келіп отыр. Анау-мынау ауылдағы айтыс емес, тым күрделі айтыс. Түріккомиссияның мүшелері — әлемге аттары әйгілі аса ірі кайраткерлер, Лениннің серіктері: Фрунзе, Куйбышев, Элиава, Рудзутак, Голощекин... Осыншама ірі түлғалармен тіресіп, мейлі бұл қате идея да болар, оз идеясын қорғау, әркімнің қолынан келе бермейтін сұрапыл батылдық. Жастықтың әсері ғой, жиырма бес жас адамға не істетпейді, тізгінге көнбес асау ғой, арыны қатты ғой дейін десен, жиырма бесінде біреулер әлі оңы мен солын танымай жүргенде, Рысқұлов тым-тым есейіп-ақ кеткен. Мемлекет, халық тағдырын алдын ала көп болжап, бағдарлауға, алысты шолып көруге шамасы жеткен шағы еді. Алысты болжауға оны үйреткен өмірдің өзі болатын. *** Рысқүловтың жиырма бес жасаған өмірінде қанша кеш батып, қанша таң атты — ешкім есептеген емес. Талай таң аткан сияқты. Бірақ бүгінгі таңның жөні бөлек. Бүгінгі танда ол тым ерте, М әскеудің аспаны енді-енді бозара баста- ғанда-ақ түрды да, жақсылап моншаға түсіп, өте мүқият
жуынды. Пэру ана діндарлар Мекедегі касиетті Кағбаға кірерде осылай тазаланатын шығар... Рысқұловтың Қағбасы — Лениннің кабинеті. Оның та- балдырығын адал аттау керек. Ол табалдырыктан аттарда ж ан-жүрек тазалығы да қажет. Ж үрегің, ниетің, ойың кір- шіксіз болсын. Мыңболғыр, «Метрополь» мейманханасының қызмет- шілері тілегінді емеурініңнен танып, айтқанынды екі етпей, ісінді лезде бітіреді. Рысқүловтың қара шевиот костюмін, ақ бәтес көйлегін, қара галстукті қызметші әйел тап-түйнақтай етіп үтіктеп, пакетке орап әкеліп берді. Рысқүлов трюмо-айнаның алдында отырып, сақалын қырып, бетін жылы сумен жуып, киіне бастады. Айнаның алдында қап-қалың шашын тарақтап болып, ақ пианиноның қақпағын ашты. Қаз қатар тізілген ақ, қара тілшіктерді абайлап саусақпен басып көрді. Пианино сыңғырлап түр екен. Енді жалғыз саусақтап емес, кос қолды бірден салған кезде, хан сарайындай кең люксті «Полонез» үні кернеп ала жөнелді. Дәлізде жолкілемді сыпырып, тазалап жүрген әйелдер, ары-бері өтіп жатқан адамдар аңырып түра қалып, люкснөмірге құлақ түрді. Сол кезде көрші нөмірден шығып, Низемеддин Ходжаев люкске кірді. — О, Түрар, сазың жүдә шырайлы. Дәлізде жұрт тырп етпей тындап қалыпты. Көңіл-күйің жақсы екен. Сірә, жолымыз болатын шығар. Рысқүлов пианиноның қақпағын жапты. — Ж ұрттың мазасын алған екенмін ғой, байқамай қалыппын. Ал, Низам ака, шабатын аттың жарауы жақсы деген, тамақтанып алайық,—деп Рысқүлов Ходжаевты көрші бөлмеде дайын түрған дастарқанға шақырды. *** — Сәл, күте түрасыздар, әлі бес минут уақыт бар,— деп көмекші қабылдау бөлмесінің бүрышында тұрған сандықтан сағатқа қарады. Сағаттың үзындығы кісі бойынан асады. М аятник тілі баяу ырғалады. — Отырыңыздар,— деп көмекші былғары диванды нүсқады. — Ильичте Сталин жолдас бар еді. Бес минуттан кейін шығуға тиіс. 278
«Саспа, саспа!»—деп Рысқұлов өзін өзі қанша қайраса да, жүрегінің жиірек сокканын, кара папка ұстаған қолының болар-болмас дірілдегенін байқады. Бұрын қанша бір сын сәттерде бүлай қобалжып көрген емес. Оның үстіне, жанындағы Ходжаевқа көзі түсіп кетіп еді, шықшыты бұлтылдап түр екен. Не катты ашуланғанда, не қатты қуанғанда сөйтетін әдеті. Қазір — абыржып отырғаны анық. Өмірінде, бәлкім, бірақ рет кездесетін оқиға алдында, әрине, толқиды. Өзбектерден көзге түскен қайраткерлердің ішінде шын кедей, жүмысшы табынан шыққан шынайы большевик. Мақта фабрикасының бұрынғы жүмысшысы. Мейлінше шыншыл, адал дос. Рыскұловты туған інісіндей жақсы көреді, Рыскүлов та оны айрықша сыйлайды. Небәрі бес-ақ минут. Рыскұловтың жиырма бес жыл жасаған өмірі жиналып келіп, осы бес минуттің ішіне сиып кеткендей. Еміс-еміс ес білген шағынан бастап, көрген- білгенінің бәрі көз алдынан тізіліп, зу-зу етіп өтіп жатты да, ең соңында Қызыл Жебеге мінген әкесі жар басында атын ор киіктей ойнақтатып тұрды да алды. Аса бір қысылған, басына ауыр сын түскен кезде, әкесі қалайда не түсіне кіреді, не коз алдына оқыстан елестеп осылайша көлбендей береді. Қазір де баласына дем бергісі келгендей, өзеннің арғы жағасында, жар басында, алау ат үстінде бүған жалтақ-жалтақ қарап түрғандай корінеді. Рысқүловтың ышқына қысылатындай жоні бар шығар. Лениннің алдына бара жатыр. Есіктен кіруін кіретін болды. Қайта шығу жолы қалай? Ақылдысың ба, ақымақсың ба, бәрі осы жерде ашылады. Көбінесе осындай үлы адаммен кездесіп, сұхбаттасуда тағдыр шешіледі. Орыстардың әлгі «Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарап шығарып саладысы»— дәл осы тұс. Кейде ақылды адамдардың өзі бір көргенде онша онды эсер қалдырмауы мүмкін. Керісінше, жылпостау, жағымпаздау біреулердің бағы жанып кетеді. Ол, әрине, ұлы адамның көрегендігіне, сезімталдығына байланысты. Ал Ленин өте көреген адам. Сойлесіп отырған кісінің бағасын сөзінен де, козінен де таниды. Әдетте адамның ішінде не пиғыл жатқанын, ниеті ақ па, қара ма — біліп болмас. Лениннің аса бір алғырлығы — ол кісінің не ойлап отырғанын байқап қояр еді. Міне, Рысқұлов қазір сол сынға түспек. Арада тура бес минут өткенде, қоңыр былғарымен қапталған есік ың- жыңсыз ашылып, аяғын ың-жыңсыз басып, Сталин шықты. 279
Тіп-тік жирен шашты, қап-қалың тоқпақ мұртты, айбынды ақ сары жүзінде шешек дағы бар, сарғыштау қой көздерін сәл қысыңқырап қарайтын кісі екен. Үстіндегі қылаң құла френч, хром етік өзіне жарасып-ақ тұр. Рысқұлов пен Ходжаев орындарынан түрды. Сталин алдымен сәлемдесті. Екеуіне барлап бір қарады да, Рысқұловтың қолын бірінші алып, көздерін тіктей қарап: — Рысқүлов жолдас сізсіз бе?—деп сүрады. — Иә, менмін, жолдас Сталин. — Сіз Ходжаев жолдассыз ғой?— деп Низамединге бүрылды. — Иә, жолдас Сталин. Бұлар сырттай бір-бірін жақсы біледі. Сырттай болса да, жұмыс бабымен үдайы байланысып түрған. Сталин Үлттар мәселелері жөніндегі комиссариаттың Халық Комиссары. Ал Рысқұлов пен Ходжаев басқарған Мүсбюро осы Сталин басқаратын Наркомнацтың Түркістандағы үлкен бір саласы десе де болғандай. — Владимир Ильич сіздерді күтіп отыр. Көріскенше! Жолдарыңыз болсын. Осыны айтып, Сталин баяу бүрылып, сыртқы есікке қарай, бұрылды. «Көріскенше» дейді. Әрине, көріседі. Үлт мәселелерін тікелей басқарып отырған Комиссармен кездеспеуге, сөй- леспеуге бола ма? Ал Түркістан ұлт республикаларының ішінде ең ірілерінің бірі ғой. *** Кабинетке алдымен Рысқұлов кірді. Қомақты үлкен столды жаналай өтіп, бері келе жатқан Ленинді көрді. Егер әлдеқалай табан астында қарсы алдынан әкесі Рысқұл шыға келсе, кенет не істерін білмей, дағдарып қалар ма еді, қайтер еді... Д әл қазір сондай бір хал басынан өтті. Бірақ дағдарыс лезде өте шығып, бойын билеп алып, Лениннің ұсынған қолын қос қолдап алды. Рысқүловтың көзіне ең алдымен түскені — Л ениннің маңдайы еді. Осы уақытқа дейін қанша адаммен кездесті, бірақ мүндай арайлы мандайды әлі көрген жоқ. Лениннің мандайы ерекше үлкен екенін ол суреттен де көріп жүр ғой. Бірақ мынау суретте көргеннен мың есе ерекше сияқтанды. Рысқүловқа сол арайлы мандайдан 280
болар-болмас ғана лыпылдап, нәзік сәуле жанып тұрғандай көрінді. Лениннің қол алысы жігерлі екен. Ынты-шынтысымен, адал жүрек, ақ пейілімен, риясыз, ашық амандасады екен. Алақанынан бір ыстық леп тыз етіп, Рысқүловтың алақанына өтіп, өн бойын шамалы шарпып өткендей болды. «Отты жүрек деген осы екен» деді Рысқұлов. Дінге де, ертекке де сенбейді. Бірақ, Лениннің мандайынан арай-сәуле шашырағын көзі көріп, жүрегінің отты екенін алақанынан сезді. и ' — Сәлеметсіз бе, Түрар Рыскүлович! Сәлеметсіз бе, Владимир Ильич! «Жолдас Рысқүлов» демей, «Түрар Рысқүлович» дегенді өте бір мейірімді лебізбен айтқанда, Рысқұловтың іші жылып сала берді. Бұл жақсылықтың нышаны еді. Ол қандай жақсылық екенін Рыскүлов бағамдап, пайымдап жатқан жоқ. Тек лыпыған сезім өне бойын аралап өтіп, жанын жай таптырғандай болды. Рысқүлов Лениннің қолын рәсімді мезгілден көбірек үстап қалғандай ма, қалай, бұл сәтте Низамеддин Ходжаев Лениннен көз алмай, шығыс дәстүрімен басып иіп, оң қолын жүрегінің тұсына басып, кезек күтіп түр екен. — Низамедин Ходжаевич Ходжаев, ТүркЦИК төраға- сының орынбасары,— деп таныстырды оны Рысқүлов. Алдына кім келсе де, қандай ой, қандай пиғыл, мақсатпен келсе де, Ленин ол адамды ең алдымен өзінің отымен тазартып алады екен. Дүниеде оттан артық таза, оттан артық тазартқыш жоқ. Дүниенің бар тымырсық, қоқыс-қопсығын, ірік-шірігін, тек от қана тазарта алады. Дүние дертінің оттан артық емі жоқ. Ленин, сөйтсе, өзі де от жүректі, от арайлы жан екен. Мейірбанды, жас балаша қуанғыш көздерінің құйрығында да бір-бір үшқын жылтылдайды. Сол мейірімді үшқынын шашырата қарап: І / ' — А -а, Түрар Рысқүлович, сіз осындай екенсіз ғо й ?!—деп балаша танданды Ленин,— Ойламаңыз, мен сізді білмейді деп. Сіз туралы бәрін де білемін. Түрккомиссиядағы жолдастар сіз туралы айтты да, жазды да. Ж ақсы жағыңыз да, не деуге болады, жағымсыздау жағыңыз да бізге мәлім. Ал бірақ, дәл осындай жап-жас, дәл осындай жігерлі жігіт деп ойламап едім. Сіз болсаңыз, жап-жас екенсіз... Тоқтаңыз, тоқтай түрыңыз, мен өзім-ақ айтайын: иә, иә, сіз менен
НЯНИ тұп-тура жиырма бес жас кішісіз! Таптым ба? Таптым ғой. Міне, көрдіңіз бе, қандай жассыз? Күнәден пәк нәрестедей қуанғаны-ай, жарықтықтың. Сол-сол екен, Рысқүловтың түла бойын шырмап түрған әлдебір қүрсау өзінен өзі тарқады да кетті. Кәдімгі Ахат атасының алдында отырғандай бір рахат сезімге бөленді. Иә, Ленин Рысқүловтан жиырма бес жас үлкен. Осы таяуда ғана еткен көкектің ішінде елуге толды. Партияның тоғызыншы съезі өтіп жатқан мезгіл-ді. Съезд соңына таман бір топ делегаттар ендігі мәжілісті Лениннің елу жасқа толғанына арнайық деп үсыныс қояды. Бұл үсынысты бүкіл съезд делегаттары ду қол шапалақтап қуаттайды. Сонда Ленин басын қайта-қайта шайқап, орнынан тұрып, қолын коте- ріп: — Жолдастар, одан да, кәне, «Интернационалды» айтайық,— дейді ғой. Дүрыс-ақ, зал «Интернационалды» күндей күркіретіп айтып шығады. Бірақ бәрібір Ленин туралы делегаттар бірінен соң бірі мінбеге шығып сойлей бастайды. Сонда Ленин ештеңеге қарамай залдан шығып кетеді. Кабинетіне барып: мен туралы созді кысқарты- ңыздар! — деп телефондап, президиумге хат жазып, мазасы кетеді. Иә, нағыз ұлы адам озінің үлылыгы туралы басқа біреулер айтып, марапаттап жатқанын сүймейді. Өйткені, үлы адам озіне озі сенеді. Өзіне өзі сенбеген ұлысымақтар ғана дәріптеуді, марапаттауды, қолдан үлы жасатып, қол- паштауды қажетсінеді. Рысқүлов әлгінде Низамедин Ходжаевтың косем алдында бүктүскенін коргенде: «апыр-ай, бекер болды-ау» деп бүрынғыдан бетер қысылып еді. Онды болганда, Ленин Ходжаевты тез сүйемелдеп, қолын қысып: Мүнда Бұхараның әмірі жоқ, жолдас Ходжаев,— деді, Ходжаев та есті кісі гой, тез түсіне қойды, қайтып ерсі қылық корсетпеді. Рысқүлов сонда осы қазір ғана озі Үлы Табалдырық- тан аттап, Үлы Дүниеге енгенін сезді. Бұған дейінгі өмірінін бәрі — ұзын жол, бүралаңы да, орі де, ылдиы да, соқпағы да коп шұбалаң жол, оны Үлы Табалдырыққа жеткізген екен. Үлы Табалдырықтан аттау үшін адамга дәт керек, үлкен әрі таза рух керек. Дәтің болмаса, рухың жер бауырлап жатса,
ойсананда қиқым-сиқым, шөп-шалам, ұсақ-түйек болса, Үлы Табалдырықтан аттауға адымың жетпес еді. Үлы Табалдырықтан аттағандағы мақсат — Рысқүлов өзіне қызмет сүрап келген жоқ, пәтер тілемейді, жала- кымды көбейт демейді, атак-дәреже тілемейді. Ол халық үшін, халықтың тагдырын шешу үшін, Түркістан елін шын бакытқа жеткізу үшін, Ақыл-Ой алыбының алдында түр. Рыскүловтын бүл ниетін Ленин бірден сезді. Басқаларға беймәлім, баскалардың өресі жетпес аса бір нәзік, отты сезім арқылы, рентген сәулесіндей түйсік арқылы, Ленин Рыс- қүловтың ішкі жан дүниесін сарагерлікпен аралап шықты. Демек, Түркістанда Совет окіметі орнаптүрса да, әлі бір кінәраттар бар. Соның себебін, кілтін табу керек болар. Ол үшін Рысқүловты тындап көру ләзім. Отырыңыз, Түрар Рысқұлович. Жолдас Ходжаев, оты- рыңыз. Ленин лап ете калган отты қимылымен қолын сермеп, былгары креслоларды меңзеді. Өзі Рысқұловтың қарсысына отырды. Рысқұловпен қатар Ходжаев жайгасты. Ленин оң қолының шынтағын столга сүйеп, жагын таянып, оң козін сәл қысыңқырап, Рысқүловқа қарады. Коздері нәзік сәуле шашып күлімдеді. Ахат атасының коздері кейде осылай күлімдейтін. Әлдебір шалықтама, елес сияқты бір үқсастық бар. Эрине, Ленин мен Ахаттың арасы жер мен коктей. Ленин — алып, Ахат — ауылдагы қарапайым кара шал. Рысқұлов іштей жымың етті. Осы М оскваға жүрер алдында Ахат Таш кентке келіп, Рысқұловтың үйінде екі-үш күн мейман болды. Әуелі Рысқүловқа ұрсып алды. «Өзің өкіметсің. Сойте тұра, үйің қүрқылтайдың үясындай гана. Малың жоқ, тіпті үрерге итің де жоқ. Орыс келін қайда кеткен? Неге шай қайнатып, қызмет қылмайды? Әлгі жаман немең қайда? Орыс келіннен туган Ескендірді айтам. Шөбересін иіскеген адам иманды болады деуші еді, мен де шобере иіскеп, шын дүниеге аттанар шақта иман жинайын да». Рысқұловтың М оскваға жүретінін біліп: —Ленинді көресің гой?—деп сұрады. — Көремін, ата, сол кісімен жолыгуга бара жатырмын,— деді Рысқүлов. — Әй, әттесі-ай,—деп кенет Ахат шәт-шәлекей болды да қалды. — Не болды?
— Ленинмен жолығатынынды білгенімде ауылдан тым болмаса, қозы қарын май, құрт ала келетін едім ғой. Ауылдың дәмін татқаны жақсы еді ғой Лениннің. Қазы- қарта жоқ, әрине. Ондай тұрмы сқа әлі ж етпесек те, құрт-май табылар еді де. Өте сирек күлетін Рысқүлов сол жолы көзінен жас аққанша шек-сілесі қатты. — Неменеге күлесің!—деп ренжіді Ахат. —Ж әй , әш ей ін ,—деді Рысқүлов атасын ренжітіп алмайын деп,— Күн ыстық, М әскеуге жеткенше қарындағы май еріп кетпей ме екен? — Ә, солай ма,— деп Ахат ойланып қалды.— Онда, Тұрар-ау, сол Ленинді шақырсаңшы, ертіп келмейсің бе? Былтыр ашаршылықта сол Лениннің серігі деп бір сақалды орысты ертіп келмеп пе едің ауылға? Аты кім еді? — Кобозев. — Иә, Қобызов. Ол келгенде, Ленин де келетін шығар. Былтыр жоқшылықта Қобызовты күте алмай үятты болып едік, биыл ептеп тоқш ылық қой. Сөйт, Түрар, шақыр біздің ауылға Ленинді. — Әлдене есіңізге түсіп күлдіңіз ғой, Түрар Рысқұлович?—деді Ленин. Рысқүлов таң қалды. — И ә, Владимир Ильич, оныңыз рас. Елде менің бір атам бар, қартайған кісі. М оскваға баратынымды біліп, өтініш айтып еді: ауылға Ленинді шақыр деп. Сый-сияпат көр- сетпекші. Ленин жарқылдап, шалқалай түсіп, балаша күлді. Күл- гені — шығып келе жатқан күннен сәуле шашырағандай екен. — Міне, қызық. Қонақжай қарт екен атаңыз. И ә,— деп Ленин лезде орнынан серпіле түрып, қабырғадағы картаның алдына барды.— Түркістанда болған емеспін. Эрине, барса болар еді.— Ол Түркістанның түсын алақанымен сипалады.— Кеңбайтақ өлке ғой Түркістан. Ленин бір сәтке қиял қанатын жазып, Түркістанның түкпір-түкпірін аралап кеткендей, карта алдында, бірегей басын он жағына сәл қисайтып, көзін жұмыңқырап түрды. Сонда ол Түркістанның аспанмен тілдескен асқар тауларын, таулардан тулап аққан өзендерін, шексіз жазира даласын, сол даладағы шалқар көлдерін, құм басып, қуарып жатқан шөлдерін көрді ме екен?
Ленин арманшыл адам. Адамға табиғат қанат бітірмеген, арман берген. Арман — сол қанаттан да ұшқыр ғой. Арман-қанатқа мінген адам ізгі қасиеттердің қуатымен алысқа ұшады, алысты көреді. Ол самұрық құстың өзі көтеріле алмас биікке шығады. Сол биіктен жер бетіндегі тіршілік оған алақандағыдай анық көрінді. Ташкенттің Ескі базарында былтыр Рысқұлов үлкен митингіде сөз сөйледі. Сонда оған ақ сақалды бір қарт: — Ортақ Рысқұлов, Ленин кім, патша ма?— деп сұрақ қойды. — Ленин Совет үкіметтің басшысы,— деді Рысқүлов. — Е, онда ол да патша да. — Ж оқ, ол — пайғамбар,—деді Рысқүлов. Әлі көзі ашылмаған халыққа әбден ұғыныңқы болу үшін пайғамбар деді. Ол діншіл ұғымнан мүлде басқа сыпаттама болатын. — Ә, бәрекелла, а мұның дұрыс жауап. Ленин — пайғамбар, өйткені ол кореген. Халықтың тағдырын алдын ала көре біліп, үлы харекет жасаған адам, әрине, пайғамбар. —Айтыңызшы, Тұрар Рысқұлович, жаңағы сіздін атаңыз, әрине, шаруа ғой. Қазіргі жағдайда шаруа деп кімді айтамыз? Тотеннен қойылған сұрақ еді. Рысқүлов ойланып қалды. Ш аруаның қыры-сырын бес саусағындай білсе де, тәпе-тәннен аузына соз түсіңкіремей күмілжіді де, сәл іркілістен соң, қазіргі шаруаның хал-жайын оз білгенінше анықтап бердіі^ПГаруа деген халықтың басынан, басқасын былай қойғанда, соңғы екі-үш жылдың ішінде коп күйзелістер отті. Қүрғақш ылық пен ашаршылық әбден титығына тиді. Ш аруаға, диқанға совет окіметінің комегі өте-моте керек-ақ. — Ол комек қандай формада болмақ, жолдас Рысқүлов? Ленин креслоға қайта барып отырды. Әңгіме сарыны ресми реңге кошкенде «жолдас Рысқүлов» дейді екен. Рысқүловтың әр созіне ден қоя, сәл алға ұмтылыңқырай отырып тындады. V— Өзіңізге белгілі, Владимир Ильич, патша отаршылығы кезінде, бүкіл Түркістанда, әсіресе, оның Қазақстан болігінде шаруалар шұрайлы жерден айрылды. М иллион- даған десятина нәрлі жерді кулактар иемденді. Жетісу, Әулиеата, Ш ымкент уездерінде, Сырдария бойына бұл саясат өте-мөте қытымыр келді. Бір ғана мысал, Владимир Ильич, 1913 жылға дейін Ж етісуда отарш ылдар қазақ ж әне қырғыз
шаруаларының миллиондаған десятина шұрайлы жерін тартып алып, өздерін тауға, тастақка түріп тастады. Күн көрісі қараң болған қазақ-қы рғы з 1916 жылы патша мен жергілікті байларға қарсы көтерілді ғой. Ол көтерілісті патша әкімш ілігі аса бір қанкүярлықпен басып тастады да, қалған жерді тағы тартып алды. Әне, сол кулактар сол жерді әлі де бауырына басып отыр. Бірінші көмек — сол жерлерді кулактардан алып, шын иесіне кайтару. Екінші көмек — жергілікті шаруа ол жерді өз күшімен игере алмас. Ендеше, шаруаны күш -көлікпен қамтамасыз ету керек. Әне, сонда Совет өкіметінің: «Жер — шаруаға» деген үраны іске асады. Ал біздің жағдайда бұл әзірше тек ұран ғана. -г ~иә, — деді Ильич даусын созыңқырап,— Демек, кулактар жерді бауырына басып отыр. Ал бай дегеніміз кімдер? — Бай дегеніміз, Владимир Ильич, кулактардың казак туыстары. Олар көбінесе мал үстайды. Мыңғырған мал солардың қолында. Әлі күнге дейін жалшылары бар. Сол баяғы бай — әлі бай. Сонымен, Владимир Ильич, Түркістан пролетариата совет өкіметі жариялаған тендікке, бос- тандыққа, яғни, халықтың тілімен айтқанда, өз қолы өз аузына әлі жете қойған жоқ. Неге дейсіз ғой? Мен бүл жөнінде толық баяндаманы ЦК-ның, ВЦИК-тің атына жолдаганмын. Біріншіден, Түркістандағы алғашқы совет өкіметін кейбір шовинист-болыиевиктер, эсэрлер басқарды. Олар үлт мәселесінде ойсыраған олқылықтар жіберді. Мен оларды колонизатор коммунистер дер едім. Түрккомис- сияның келуімен байланысты істің беті бері қараған сияқты. Бірақ Түріккомиссия «кос өкімет» тудырып отыр. Мәселені ақылдасып, тізе қосып шешуден гөрі, бүйрыққа, әмір айтуға бейім түрады. Ал Түрккомиссияға Сіз берген нүскаулар олай емес қой. Оның үстіне, совет аппараттарында әлі де болса патша заманынан қалған чиновниктер көп. Қақсал коло- низаторлар тонын айналдырып киіп, арамызда әлі отыр. Олар істі бүлдірмесе, түзетпейді. Мен сіздің әр секунді алтыннан қымбат уақытыңызды алып неғыламын, Вла димир Ильич, менің және жолдастарымның Түркістан туралы жобасы мен үсынысы ЦК мен ВЦИК-те жатыр. Уақытыңыз жетсе, сонымен танысып, ақ-қарасын, оң- терісін ажыратып берсеңіз. Ш ындық қой. Сізден Шындық, Әділеттік күтеміз.
Біздің Түркістанда университет жоқ, Владимир Ильич. Ал мектеп деген, әсіресе, ұлттар тіліндегі мектеп, бұлт басқан каранғы түнде, әлдеқалай анда-санда, әрең жылтырап, бір көрініп қалатын жұлдыздар сияқты тым-тым сирек. Патша губернаторлары Түркістан мен Қазақстанда мектеп салудан гөрі, түрме салуға құштар болды. Енді керісінше болғаны жөн шыгар. — Рысқүлов жолдастың айтып отырганының бәрі дүрыс, Владимир Ильич,—деп Ходжаев қостады. Ленин түркістандық екі басшыны да құшақтағысы келгендей, қолдарын жайып жіберіп, лезде жиып алды. Ж илетінің қалтасына сол қолының саусақтарын сұғып, оң қолымен жағын таянып, сәл қабақ шытқандай болды. Сонда барып, Рысқүловтың есіне Лениннің сол қолы иығынан, жауырын түсынан жаралы екені есіне түсті. Эсер Каплан атқан улы оқтың зардабы әлі де сыркырайтын сияқты. Ал Ленин оны сездіргісі келмейді, кенет күлімсіреп, сөйлеп кетті: — Университет болады, жолдас Рысқүлов, жолдас Ходжаев. Әлгі сіз айтқан бұлт ашылып, самсаған жүлдыздар сияқты жүздеген мектептер де ашылады. Ол университет, ол мектептер әсем салынуы керек. Сұлу болуы керек. Түрмелер азаяды. Түрмелер мүлде жойылса, әрине жақсы болар еді. Бірақ, әзірше лағынет атқыр капитализмнің, оның психологиясының сарқыншағы үзілгенше түрме де болады. Мүны Түрар Рысқүлович, сіз үмытпастан Луначарскийдің де есіне салыңыз. Ал Сіздің Түркістан республикасының болашақ сипаты туралы жобаңыз жақын күндерде Саяси Бюро мәжілісінде қаралады. Оған дейін ЦК бөлімдерімен, ВЦИК-тегі, Совнарком, Нарконацтагы жолдастармен танысып, әңгімелесіңіздер. Біз әлі көрісеміз, қалайда кездесеміз. Иә, Түркістан мәселелері туралы ЦК мен ВЦИК, Совнарком комиссия құрады... Түркістан...—деп Ленин тағы да картага қарады.— Шығыс. Иә, Батыс — ақылды, Шығыс — дана. Батыс — кеңістік. Шығыс — терендік. Батыс — әрекет- шіл, Шығыс — арманшыл. Батыста әлі цивилизацияның ұшқыны енді-енді жылтырай бастағанға дейін, жүздеген жыл бүрын Шығыста философияның ұлы-үлы мектептері болган. Арманшыл, қиялшыл Шығыс. Ояту керек сол Шығысты. ■ле&вайайав&йзяйййу' ?28
Ш ығыстың ақылына әрекет қосылса, керемет болады. Ал, енді, келесі кездескенш е сау тұрыңыздар! Ленин креслодан серпіле түрегеліп, әуелі Рысқүловтың, содан соң Ходжаевтың колын кысты... *** Болымсыз болбырлар дүниеден көлеңке тәрізді өте кетеді. Тек от кеуделі адамдар ғана дүниенің шырайын кіргізіп, жер бетінің жарасын жазып, өз қызуымен ескі-қүсқыны өртеп жіберіп, өртеңнен көкмайса жайқаста алады. Россияда революцияның неге жеңгенін Рысқүлов бір марксистей білсе де, енді ап-анық сезіп, себеп-салдарын саралап, салалап түсінгендей болды. Ленин сынды от кеуделі пайғамбар тумаса, оның отты, дана миы лауламаса, оның отты үні найзағайша шатырламаса, Россия копке дейін ыңырсып, әрі бай, жүрдай кедей қалпында қала бермек еді. Егер от кеуделі Ленин өз түлғасымен жаңа бір күндей жарқ етпесе, Рысқүловтың тагдыры не болмақ еді? Рысқүлов бір мезгіл осылай да ойлады. Көп болғанда Таш кенттегі мүғалімдер институтын бітірер еді. «Алаш» газетінің редакторы Көлбай Тоғысов, мүмкін оны қызметке алар еді. Зайсаннан шыққан Көлбай Тоғысов — ерте туған көбегендердің бірі. Тұңғыш қазақ журналистерінің төл басы десе де болады. 1905 — 1907 жылдардағы революцияның бір сарбазы-патшаның түрмесін де көрді. Содан кейін Мүха- меджан С ералиннің «Айқап» журналында қызмет істеді. 1917 жылы «Үш жүз» атты үсақ буржуазиялық бағыттағы партия құрды. Ташкентте «Алаш» газетін шығарды. Патшаны, бай- ларды, алпауыттарды сынай отырып, «Алаш» партиясының «көсемдерімен» де айқасты. Жалпы демократиялық бағытта болғанмен, пантюркизмді уағыздады. Ташкентте оқып жүрген жас Тұрар, әрине, Көлбай Тоғысовтың ықпалында біраз болғаны рас. Бірақ өмір екеуінің жолын екі айырды. Көлбай Тоғысов та Октябрь революциясынан кейін, бұрынғы райынан қайтып, большевиктерді төңіректеп, Совет жолын үстанды да, 1918 жылы Омбыда ю стиция комиссары болып түрган шагында, ақ гвардияшылардың қолынан қаза тапты. 288
*** Үлы Табалдырықтан енді аттап шығар кезде, Низамедцин Ходжаев бір тапқырлық жасады. М үмкін, ол тек Ход- жаевтың ғана тапкырлығы емес, Ходжаевты туған халықтың канға сінген рәсімі шығар. —, Владимир И льич, біздің Түркістанға келіңіз, жүдә күрсан боламыз,— деп Ходжаев қолын тағы да кеудесіне басты. Ильичтің күлімдеген көзі жылт ете қалып, балаша мәз болып, қарқылдай күлді. — Рақмет, жолдас Ходжаев, рақмет.— Осыны айтып, кенет тағы да картаға көз тігіп, орасан басын сәл қозғап қойды:— Иә, Түркістан. Көруді армандаймын. Түркістан туралы коп оқыдым. Бірақкозбен көргендей қайдан болсын? Мына киыншылық құрсауынан құтылып, социализм нығайып, еліміз әлденіп алған соң, несі бар, аралауға да болады. Түркістан... ар жағы Қазақстан... Иә, біз Қырғыз олкесі деп жүрміз. Айтпақшы, Тұрар Рысқүлович, Сіз қалай ойлайсыз, сібірлік жолдастар бізге шағым айтып, мәселе котеріп жатыр: «Ертіс бойы түгел Қазақстаннан болініп, Сібір өлкесіне қарасын» дейді. Бүл қалай болады? Осы таяуда олардан делегация да келмекші, қазақтардан да келеді. Сіз калай ойлайсыз? — Ертіс бойы ежелгі қазақ жері, Владимир Ильич,— деп Рысқүлов кәп ойланбай жауап қатты.— Патша отаршылдығы кезінде көшпенді орыстарды қоныстандырған, яғни Сібір қазактары, әйгілі атаман Ермактың қандастары ғой. Патша зордан қоныстандырғанына қарапайым орыстар кінәлі емес, әрине. — йііне, міне, Тұрар Рысқұлович, мәселе осында ғой. Сібірлік жолдастар Ертіс біздікі дейді, қазақтар — біздікі дейді. Ал, енді, Қаңтаров дейтін бір жолдас, тіптен солақай соғып, Ертіс бойынан күллі орыстарды кошіру керек деп дауласады. —Дүрыс емес,—деді Рысқұлов салмақтана түсіп.— Ондай солақайлыққа жол ашылса, біз де айта аламыз: бүкіл Түркістаннан орыс біткенді алып кетіндер деп. Олай болмайды ғой. Ал, бірақ, Ертіс оңірі қазақтардікі, демек Қазақстанға қарауы керек, тек орыстарды көшірудің керегі жоқ. Ш атақтың кокесі сонда болады. Арты қиын. Егер Совет өкіметінің үлттар тендігі жөніндегі Декларация бүзылса, осы 289 19-626
уақытқа дейін, өкініш ке орай, әсіресе бізде бұзылып келеді. Қазақтар мен орыстар көрші-қолан, ауылдас отырып-ақ, жап-жақсы өмір сүре алады. Ж алғыз Ертіс бойы емес, бүкіл бүрынғы отаршылдыққа болған өлкелерден жалпы орысты емес, шовинистерді әкету керек, жер аударып жіберу керек. Ал іріткісіз жерде орыс пен қазақ ағайынды адамдардай-ақ тату-тәтті түра береді. Орыстың ішінде оңбағаны жүзден біреу, бәлкім, мыңнан біреу. М енің бала кезімде, әкемнің Қара Иван дейтін досы болды, біздіңше, тамыр. Әкемнің басына ауыр күндер туып, қамауға алынар тұста, алыс-жақын ағайыннан қорған таппай, сол Қара Иванды барып паналап еді. Ж андармдар аулымыздың ту-талақайын шығарып, күлін көкке үшырғанда, сол Қара Иванның жақсылығын көп көрдік. Ондайлар орыста аз емес. Рас, колонизаторлар қалдығы әлі де бар. Халықтарды араздастырып, арасына от салатын солар. Қүтылсақ, солардан қүтылайық. Ал, бірақ ендігі жерде Қазақстанға ішкі Россиядан халықты коптеп аудара берудің де жөні жоқ. — Рақмет, Тұрар Рысқұлович,— деп Ильич Рысқүловтың көзіне аса бір зейінмен зерделей қарап, қолын қысты. *** Арада аз ғана күн салып, әлгі сол Сібір — Қазақ дауы Лениннің алдында шешілді. Қабыргада баяғы карта түрған. Алтай тауларынан бастау алып, үзыннан-үзақ созылып- созылып барып, Обь өзеніне қүлаған күре тамырдай ирелеңдеген тарам-тарам жуан қара сызық — Ертіс дариясы. Қайран Қара Ертіс. Ертістің ар жағында көрдім сені, Сырғанды қайық қылып өткіз мені,— деген әнді қазақ қай ғасырда шығарды? Ата мекен ғой ол! Ертіс пен Еділдің арасы емес пе, Қара Бесік?! Патшаның жөні бір басқа. Озбырлықты оған пешенесіне жазған. Отарлау саясаты — оның басты қаруы. Ал Совет дәуірінде Сібір ревкомы: «Ертіс біздікі! Қазақстанға қарамасын,— деп өктем- өктем әкірендегені қай жосық?» Лениннің кабинетіне алдымен сол Сібір ревкомының өкілі — кеспелтек келген сақалды кісі кірді. Оның шын 290
фамилиясы Соколов еді. Бірақ Лениннен бастап, көп басшы жолдастар «Сибиряк» деп атайтын. Сәлден соң, сұңғақ бойлы, көмірдей кара шашы толкын аткан, кара мұртты, сұлу казак қасқая кіріп, сәлем берді. Бұл Қ азакстанны ң жоғын жоқтауш ы Қантаров деген кісі еді. — Ал, Сибиряк жолдас, қазак деген жақсы халықты неге ренжіткіңіз келеді?— деп Ленин Сібір ревкомының өкілін тұтқиылдан «тұткынға» алып, тырп еткізбей тастады. Сибиряк жеңіске жететініне күмән келтірмей, айтар сөзін әбден ықтияттап, дайындалып-ақ түрған. Жаңағы түтқиыл сүрақтан соң-ақ, аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп, абдырап қалды. — Ренжіткен емес... әш ейін қазақтар мен Сібір казактарының арасында жанжал туып кетпесін деп... — Сондықтан да олардың арасына шовинистік өрт салу керек пе?— деп Ленин мыскылдай күлді.— Үлттар арасында араздық тудырудың дәл өзі емес пе, Сіздің талабыңыз? Сибиряк қаба сақалын сипалай береді, қыртыс-қыртыс мандайынан шып-шып тер шыға бастады. — Ежелден келе жатқан егесті біржола тыйсақ па деп... — Неткен сұмдық!— деп Ленин лезде оң қолымен санын бір салды.— Ау, бұл нагыз ұлы державалық Сібір саясатының дәл өзі емес пе? Көкетайым-ау, сіз бүл мәселеге Сібірдің такаббар мұнарасынан, тіпті Үлы Иванның мұнарасынан көз қиығыңызды керги тастап тұрсыз ғой. Мүмкін, енді Сізге жетпей тұрғаны Гималай биігі шығар? Тек, әйтеуір ағыл- шындардың дүрбісімен қарай көрмеңіз! Сибиряктің сілейген жері осы болды. Түсінген адамға Ленин: «Сен немене, Үндістанды екі жүз жыл бойы езгілеп келе ж атқан ағылшын ба ед ің ?!» деп түр ғой. Кабинет толы комиссия мүшелері сілтідей тынып, іштерінен дем алғандай. Ленин кенет Қаңтаровқа бұрылып: — Ал сіз не айтасыз?— деді. Қаңтаров орнынан түрып. — Не айтайын? Ертісті босатып, ежелгі қазақ жерін қазақтардың өзіне қайтару керек,— деді. — Сонда Ертіс бойын қоныстанған орыстарды қайтеміз? — Алтайға қарай көшіру керек, о жақта жер көп,— деп Қаңтаров айылын жияр емес.— Тарихи әділеттік салтанат құрсын! Ленин сәл жымиып, басын шайқады:
— Тарихи әділеттік! Ж оқ, жолдас Қантаров, бұл нағыз әділетсіздіктің түрі. Қаңтаров «қалайша?» дегендей аңтарылып аузын ашып қалды. Ол тіпті күні кеше кызыл кеңірдек болып айтыскан қарсыласы Сибирякқа карап, көмек тілегендей болды. «Екеуміз де оңбай соққы жедік, сондағы шешім не болмақ?» дегендей еді оның коз карасы. Сибиряк та күні кешегі айтыста ақикөз болған Қаңтаровқа енді бүйрегі бүрып түрғандай, жұбатарға сөз таба алмай, іштей жаны ашитын сияқты. Сонда Ленин кабинетті қыран көзбен лезде бір шолып өтіп, ендігі айтыстың реті ж оқ екеніне көзі жетіп: — Қаңтаров жолдас, қазақтардың бәрі сізше ойламайды. Тарихқа, оның өткеніне, оның болашағына сізден гөрі, терең бойлай қарайтын азаматтар қазақтарда да бар.— Ол Рысқүловты көз алдына елестетті. Политбюроның келесі мәжілісінде Түркістан мәселесі каралатыны есіне түсті. Ол мәселе Сібір мен Қазақстанның шекарасын анықтаудан әлдеқайда күрделі. «Соншалықты ақылды адам,— деді Ленин ішінен,— бірақ о да қателеседі». Қарсылық бар ма? С ибиряк пен Қаңтаров тағы да бір-біріне қарады. Әуелгі ызғар Л ениннің қүдіретті жылуынан еріп сала бергендей екен. Екеуі де жымиып барып, бір-бірінің қолын алды. Тіпті Сибиряк Қаңтаровты қапсыра құшақтап, арқа- сынан қақты. — Міне, халықтар достығы дегеніміз,— деп Ленин мәжілісті жапты. *** Лениннің кабинетінен шыга бере, Рысқұлов қабылдау бөлмесінде жиылып қалған кісілерді көріп: «Біз, сірә, Ильичтың уақытын көп алып, мына кісілерді күттіріп қойыппыз-ау» деп бір сәт өзін кінәлі адамдай сезінді. Әуелі бүрыннан таныс, қызметтес, әрі айтыскер әріп- тестері Элиава мен Рудзутак орындарынан түрегеліп, Рысқұлов пен Ходжаевтың қолын алып амандасты. — Тұрар Рысқүлович, жүзіңіз тіпті нүрланып кетіпті. Сірә, жолыңыз болған-ау,—деп күлді Элиава. — Оныңыз рас, Ш алва Зубарович, айымыз оңынан туды десе де болады. Сіздер немене менің Ильич алдынан сүмірейіп шыққанымды күтіп пе едіңіздер?
— Жоға, Түрар Рыскұлович, Құдай сактасын. Ондай ойдан аулақпыз. Иә, айтпақшы, танысып қойыңыздар: Чичерин жолдас, Крестинский жолдас. Түркістан туралы комиссияның мүшелері. Рысқұлов, әуелі Чичеринмен, онан соң Крестинскиймен кол алысты. Сөйткенше болмай, Фотиева: — Ж олдастар, сіздерді Ильич күтіп отыр,— деді. Элиава, Чичерин, Рудзутак, Крестинский бірінен соң бірі Лениннің кабинетіне кіріп бара жатты. *** Рысқұлов пен Ходжаев Кремль сарайынан шықканда мамыр айының күні маужырап-ақ тұр еді. Әлгінде ғана көктемнің кәусар жаңбыры жауып өткен екен, сирень гүлдеріне тамшы ілініп, ашылған күн сәулесімен жақұттай жарқырап, мың қүбыла ойнап түр. Айнала — биік соборлар. Жауын шайып өткен күмбездері ерекше жалт-жүлт етіп, көздің жауын алғандай. Ходжаев соборларға кезек-кезек қарап, тандайын қағып: — Ж үдә, ғажайып екен ә, Түрар,— деді. Рысқүловтың басқа бір ойдың, Ленинмен кездесудің әсерінен әлі арыла алмай келе жатып, Ходжаевтың сөзі санасына кешеуілдеп жетіп: — А?— деді.— А, соборлар ма? Бұл да жатқан тарих қой, Низам-ака. Орыс елінің түтас тарихы осы соборлармен байланысты. Патшалардың бәрі осы жерде тәж киген. Соңғы патша Николай Екінші де осында таққа отырған. Біздің білетініміз сол Николай Екінші ғой. Көрдік қой оның «қайырымын». — О кісі Петерборда тұрмады ма? — Иә, мекені сонда болды, бірақ патшалық таққа отыру рәсімі, тек Кремльде өткізілген. Астана қайда болмасын, бірақ Москва — М арказият — кіндік қала. Петербургке астананы көшірген Петр Бірінші ғой. Енді совет түсында ежелгі тарихи әділеттік бойынша, Ленин астананы қайтадан Москваға көшірді. — Жүдә, ақылды болған екен де,—деп қойды Ходжаев. 293
АВТОРДАН Бухгалтердің киіз кітабындай осы бір дәу дәптердің бірінші парағын ашып қойып, екі күн отырдым. Ештеңе жаза алмадым. Ой деген ойқастап, оқыранып олай да өтеді, бүлай да өтеді. Бірақ қағазға түсіретін құдірет көпке дейін келмеді. Ол Рысқүловтың бейнесі еді. Қарсы алдыма суретін қойып қойдым. Бұл сурет 1923 жылы Рысқүлов Түркістан республикасының Совнаркомы болып түрған кезде түсірілген. Түрі жап-жас, бармақ мүртының табы ғана білінеді. Көзілдіріктің ар жағындағы көздер қартамыс. Қартамыс та емес, түңғиық оппа сияқты. Ж ап-жас болып, көпті көрген көсем көз. Дөп-дөңгелек көзілдіріктің алтын жиегінің жоғары доғасын қап-қара имек қас комкеріп түрады: Қастың үсті дөңбек те, сәл жоғарырақ бір сай бар сияқты да қайтадан доңестеніп ала жөнеледі. Екі шекесі бүлтималы секілді. Ш екелігі шығыңқы. Қүдай о басында шақтап берген басқа сүрапыл сұңғыла ми симай кетіп, содан бастың формасы өзгеріп, мандайы мен шекелігі бүл- тиыңқырап кеткен тәрізді. Имек қою қара қас пен дауылды күні үдере көш кен қара бүлттай толқындана дүркіреген қара шаштың арасы ойпаң бел жазық мандай. Бүл суретте мені таң қалдыратын мүше — ерін. Еркекке бітетін ерін емес , уызына жарыған балпанақтай баланың ерні осындай топ-томпақ, үлбірек болса — болар. Еріннің екі үшында сәл-пәл білінер бір иірім бар. О да нәрестенің нышанындай. Иегі сүйрік те емес, ж алпақ та емес, өте бір үйлесімді, сүйкімді. Мен суреттің дөңестеу мүрыннан жоғары жағын қолыммен басып түрып, ауыз бен иек жағын бөлек қараймын. Бір бетте екі дүние, екі әлем жатқандай. Бірі көп жасаған, мың жасаған ежелгі еврейлердің қартамысы М афусаилдай да, бірі сүтке тойып алып, бесігінде рақаттанып жатқан сәбидің жайдарман жара- тылысындай. Ақпанның бүгін он алтысы. Таңертең терезеден үңіле қарағанда қүз қиясы, қиядағы қырандар үясына дейін корініп, төніп тұрған тауды қазір көк ала түтін бе, түман ба — сүрқай бір сұмырай көлбеп алды да, таудың тек сүлдесі ғана қалды. Күн шақырайып, шеке қыздырып, Жазушылардың шығармашылық үйінің төбесінен тамшы үзіліп түседі. Рысқүловтың суретін ысырып қойып, көк түтін — шымылдық түтқан тауға тесіле қарап көп отырамын. Әлгінде
ғана шыршасынын әрбір кылтанағына дейін ап-анық көрініп тұрған тау мұнар-мұнар-мұнарлардан елегізіп қана белгі береді. — И ә,— дедім мен бір күрсініп,— тауды күн шығар- шықпас таң әлетінде көру керек. Мен кешіктім. Кеш тұрдым ба, кеш тудым ба, менің іздегенім енді мүнар-мұнар- мүнардың ар жағында. Амал не, үңіл сол мүнарға! Бүғда дінінің дзен дейтін тармағын пір түтатын жапонша таудың өзіне емес, әруағына, сүлдесіне қарай-қарай көз бүлдырады. Дзенге сенген байғүс жапон қараңғы үйде қабырғаға қарап, тесіліп, қашан бір елес, ж арқ еткенше күндер бойы, түндер бойы тізерлеп отырар еді. М енің көз алдымда ешқандай жарқыл жоқ. Көрінен өре түрегелген әруақтардай арбиған теректер ғана, ар жағы көк түтін, қарауытқан тау боктері. Қарлыға қарқылдаған қарғалар. Қүйрығы кір кимешектің етегіндей, желбірек үшқан сыпсың сауысқан. Басқа қүс қалмаған. Бір кезде осы арада қырғауыл пар-пар үшып, жыртылып-айрылады екен. Қырғауыл қазір түске кіреді. Әріде-әріде, там-түм кекілік бар деседі. Оны біз көре алмаймыз. «Үлы тауға шыққан бар ма, үлар етін жеген бар ма?» деуші еді баяғыда. Үлар ш іркін баяғыда сондай сирек болса, енді не қалды дейсің? Мұнарлы тауға тесіле қарап отыра берсең, басыңа осындай-осындай, неше алуан бірдеңелер лықсып келе береді, келе береді. Ал іздегенің, зарығып іздегенің жоқ. Келмейді... «Шын жыласа соқыр көзден жас шығады» деген рас па, кім біледі... Әйтеуір, бір сәт Рысқүлов мұнар таудың тасасынан шыға келіп, терезеден бері тәніп қарағаны рас. Әлдеқайда, төменгі этаждан музыка ыңырсыды. Жұлдыз- дардың сыбырласқаны сияқты бір ғажап үн. Ол періштелер тілі шығар, мен қайдан білейін? Адамдар тілін әрең түсініп жүрген пенде, періштелер сәзін үғар ма? Рысқүлов өзінің суретіне үқсайды. Бірақ өңі сүзектен тұрғандай боп-боз. Музыка ыңырсиды. Төменгі этажда скрипка тартатын адам жоқ. Радио және жоқ. Ж азушылар алаң болмасын деп мүндағы номірлерге радио тартпаған. Сонда бүл не? Мүмкін, скрипка сазында сойлеп тұрған Рысқүлов шығар? Ол музыкант болған ғой. Онысын тарихшылар жазбайды. Тек көзін корген, сегіз жыл бірге түрған жан жары Әзиза кемпір ғана айтады: «Біздің Түрар пианинода, мандолинада, скрипкада тамаша ойнайтын» деп. Әзизаның айтуынша, 295
Рысқұлов «Амур толқындары», Огинскийдің «Полонезі», орыстың «Бродяга» сияқты саздарын ылғи ыңырсыта тартады екен. «Бродяга»—менің әкем гой дейді екен. «Бродяга Байкал переехал» деген менің әкем емегенде, кім?« дейді екен. Терезеден Рысқұлов төніп тұр. М енің әлі бір таңба түспеген дәптеріме сұстана қарайды. Үн жоқ. Аузын ашпайды. М із бақпайды. Ертеде, Италия елінде шыгар, бір данышпан мүсінші жас Қүдайдың мүскінін ақ мрамордан қашап болып, әлгінің асыл нәсілді тірі адамнан аумай калганына өзі де ғажаптанып: — Ау, сөйлесеңші енді!— деп шыңғырып жіберген екен. М әрмәр адам, әрине, сөйлемейді. Рысқүлов әлі мәрмәрдан мүсінделген жоқ. М әрмәр тұрмақ, гипс те бұйырған жоқ. Терезеден төніп түрған тек елее шыгар. Сонда да: — Бірдеңе десеңш і,— деп үнім әрең шықты. М узыка ыңырсиды. Рысқүлов ауыз ашпайды. Бірақ мен жүлдыздар сыбырынан бір үн естимін: Әуелі Рысқүлов маган мысқылдай қарап: — Байғүс бала, қолың көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлап нең бар еді,— дегендей көрінді. Бірақ Рысқүлов мыс- қылдамаушы еді-ау, деймін. Не айтса да әжуасыз, мысқылсыз, адамды қорламай, турасын бір-ақ айтушы еді-ау, деймін. М узыка ыңырсиды. Соның өзі бірте-бірте сөзге айналып бара жатқандай екен. Рысқұловқа қарап едім, міз бақпады. Бірақ сөз анық естіле бастады. — Байғұс бала... Бала деймін-ау, сен қайдағы бала? Мен гой қырық үш жасымда қиылдым. Бір тарихшылар мені отыз сегізінш і жылы, қырық үш жасында қиылды деп жүр, ал кейбірі: жоқ, Рысқүлов қырық үшінші жылы қырық сегіз жасында өлді дегенді шығарып жүр. Сөйтіп, менің жасымды бес жылга ұзартыпты. Мейлі, соның өзінде де сен, жазушы жолдас, менен қазір бес жас үлкенсің. Сонда қайдан бала боласың? Сен туған отыз екінші жылы мен Кремльде оты- рушы едім. Сол жолы Сталинге арнайы барып, екі рет елу беттен мәліметж азы п тапсырып едім... Ж ә, әңгіме ондаемес. Әңгіме — сенің мен туралы жеріне жеткізе жазу қай- да-а-а-а? Ал Мұхтар жазар еді. Мұхтар екеуміз дос бола- ты н б ы з. Ол м енен бір ж ас кіш і еді, мені тари хш ы лар 1894 жылы туған деп жаңылыс жазады. М енің шын туган жы- лым — 1896-шы жыл. Анасының құрсагында жатқан уақытта қазақ бір ж асқа есептейді де, мені 1894 жылы 26 желтоқсанда туган деп жаздырған. И ә, сол Мұхтар жазар еді. Ол жазған
«Қараш-Қараш» үлкен эпопеяның кіріспесі ғана еді ғой. Мен Ташкентте Совнарком кезінде, ол САГУ-де аспирант еді. Үйге жиі келетін. Күніне түнде бірер сағат уақыт тауып мен бастан кешкен хикаяны айтамын, ол бір калың кара дәптерге жазып отыратын. *** Мен төртінші бетті жазып болып, басымды көтеріп алсам, тау мүнардан айыға бастапты. Батып бара жаткан ақпан күнінің қызылы шындар басын шалыпты. Әлдеқайдан моңғол ән салып түр. Даусы үш тармақ болып шығады екен. Енді бір кезде ш аңқобыз зарлап қоя берді. Мен Рысқұловтың елесінен айрылып қалдым. *** Келесі күні таңертең тау тағы да асқақтап, айбындана көрінді. Таудың белуарына дейін шахматтың тақтасындай шатыраштап, алма ағаштар отырғызып тастапты. Әрбір шыбығы айқын байкалады. Одан әрі де жыбырлаған үйшіктер ағарандайды. Дачалар. Таудың төбесіне дейін өрмелеп барады. Күн тау шоқыларынан сырық бойы көтеріле-ақ, әлгі алма бауларын, дачаларды көк түтін көлбей бастады. Біраздан кейін тәкаббар таудың өзін, көк шілтері шымылдық түтып қалды. Не жазарынды, неден бастарынды білмей, дағдарып, көк түтінді әлемге әрі-сәрі коз салып, көп отырасың. Ж азу- шының жүмысы — жалғыздың ісі. Бұл іске басқа біреу қол үшын бере алмайды. Асар шақырып, ұйымдасып бітіре салатын шару а емес. Ж алғыздың ісіне жаратылыс жар болсын. Қүдай деп айтуға қорқамыз. Қүдай десең — діншілдік. Ж аратылыс десен, — жат көрмейді. Түптеп келгенде екеуі бір үғым. Әңгіме терминде. Кейде терминнің өзінен теперіш көріп, таяқ жеуге болады. Рысқүлов сондай хәл кешкен. «Түркістан Советтік республикасы» деудің орнына «Түрік Советтік республикасы» дегенді ұсынды. Сонда «Түркістан» мен «Түрік» арасында асу бермес асқар тау жатқан жоқ. Түркістан — түріктер елі деген ұғым. Алайда, «Түркістан» құлаққа майдай жағымды, «Түрік» деген түрпідей тиеді. «Түрік»— үлттық үғым бола тұра, үлтшыл-
дықты елестетеді. «Түркістан»— географиялық атау ретінде еш кімнің қытығына тимейді. Әйтпесе түбірі бір. Осындай бір қотыраш ойдың оппасына түсіп, малтығып отырғанда, бөлменің түтас бір кабырғасын алып жатқан терезеден төне қарап, Рысқұлов тағы оралды. Сүзектен тұрғандай боп-боз. Рысқүлов тіршілігінде екі-ақ рет ауырған адам. Бала кезінде сүзекпен ауырған, кейін ер жеткенде 1922 жылы М осквадан Орынборға келе жатып, Еділ бойындағы елді аралағанда, аш-арықтардан тағы да сүзек жүқтырып алды. Адам бүл дертпен екінші рет ауырмайды деген заң Рысқұловқа келгенде бүзылып кетті де, екінші рет сүзекпен жығылды... Ол үзақ әңгіме. Терезеден төнген Рысқүловқа мен де тесіле қарасам, оның дерті сүзек емес, аштық сияқты. Аштықтан әбден әлсіреген адамның сықпыты. Иірімденіп түратын әдемі екі үрты суалған. Бүлдіргендей уылжыған қыз ерін көгерістеніп кеткен. Көзінде — қасірет. Түбінде бір қасық су жылтыраған шыңырау қүды қсияқты. «Өмірінің көбі аштық пен арпалыста өтіп еді, өз қу тамағы емес, миллиондаған халықтың, әсіресе казан үрмай, қар жаумай, аштыққа қайта-қайта ұрынған қалың қазақты ң қамы үшін не көрмеген Рысқұловтың бір басына үйліп-төгілгендей екен. Халқы тоқ. Тоқтықтан ақ түйенің қарны жарылып, тоқ балалар нан лақтырып ойнап жүргенде, жалғыз Рысқұлов аштықтан бұралып түр. Иисус Христостың суреті еске түседі. Рысқүлов Иисус Х ристостың суретін 1906 жылы түрме басты қ П риходькомен бірге Кафедрал Соборға кіргенде көрген. Христостың қалың қасіретті көзіне қарап таң қалған. Неткен шексіз азап?! Не үшін? Христос кім, Рысқұлов кім? Екеуінен нендей ұқсастық іздемекшісің? Сандырақ! Сарғайып ұзақ отырғанда ойыңа нелер келмейді. Сандалма! ЕСКЕНДІР Мың тоғыз жүз жиырмасыншы жылдың коктемі Қарақойын халқына рисалат нүрын сеуіп, жақсылық жаршысы бола келгендей. Осыдан дәл бір жыл бүрын қатарынан екі жаз, екі қыс ашаршылық болмағандай, адам дар шоп тамырын қазып, қоңыз теріп жеп кетпегендей, откен бір сүрапыл сүмдықты лезде ұмыттырып, мамыражай мамыр
айы тамылжып тұрған кез еді. Д әу-Баба таудың сай-саласы, шатқал-жықпылдарында балауса көк балақтап, арасында жайылып жүрген мал көрінбей есіріп кетті. Ж әпірейген жаман қотыраш үйдің корасынан бес-алты тұяқ қой-ешкісін өріске айдап шыққан. Ахат таңертең шеңгел шарбақтың түбі балақтап, күлгін-жасыл жапырақ жайып түрғанын байқады. Даладан қырқып әкеліп шарбаққа тіккен қу шеңгел қайдан көктей қойсын, түбінен өскен басқа шөп шығар деп, түртінектеп, қолымен жүлып көріп еді, бөтен шөп емес, сол ку шеңгелдің өзі екен. — Иә, көк Тәңірі,—деді Ахат алқаракөк зүбәржат аспанға алақанын ж айы п.—Осы мейіріміңнен айырма! Қу ағаш қа дейін көгерген екен, ол сенің рахымың, Тәңірі. Пенделердің пендешілікпен бүл қүдіретінді ұмытып кетсе, кешіре гөр! Ақбас шың баяғыдай емес, бұлдырап көрінеді. «Бүған да шүкір,— деді Ахат өзіне өзі күбірлеп.— Тәуба, тәуба. Менің жасыма жеткен де бар. Жетпеген көп. Тумақ бар, өлмек бар. Әйтеуір жарық дүниеге келген соң — жан тәтті. Ж арық сәуле көріп жүре бергің келеді. Құдайтағала қор қылмай алса болғаны. Иә, жаңа шыққан жақсы күн! Абырой бер, амандық бер, ел-жүртты аман қыл. Үлы жылан жылындағыдай ашар- шылыгынан сақта. Тәңірі! Енді мені алсаң да арман жоқ. Тандыры кеуіп, қүрсағы қурап қалған қара жердің қайтадан көктегенін кәрдім. Әлімбек бабамыздан бері жасап келе жаткан мына бәйтеректің жапырағы жамырағанын естідім. Жапырағы қанша болса, үя салған қүс та сонша. Шуылдауын, масайрап сайрауын қарашы. Ахат қүс базарына айналған бәйтерекке қарай аяндады. Қаракөк қабыландай керіліп жатқан Дәу-Бабаның жотасынан аса ақбас шындар жаңа шығып келе жатқан күн сәулесінен алтын жалатқандай ж арқ-ж үрқ етті. Ахат алтын тәжді тауға көзін көлегейлеп, кеп қарады. Осы кезде сонадайдан қорбия қозгалып келе жатқан адамды байқап, көзі анық көрмесе де, жүріс-тұрысынан Дәу-Омар екенін таныды. Дәу Омар әдейі дыбыс беріп, анадайдан тамағын қырнап, қақырынып алды. — Ассалаума-әлейкүм, Аха! — Әлейкүм-әссәлем, Омармысың? Мал-жан, бала-шага аман ба? — Ш үкір, Аха. Кеше қызыл тарыны сеуіп болдық. Қарақойын жарықтықтың қара аңызына салдық қой. Топырағы әлі баяғыдай, түгін тартсаң майы шығады.
Қарааңызды қодірен басып кеткен екен. Биыл тарыны жаңалап сеппесе де, сол қодіреннің өзі-ақ бітіп қалатын- дай-ау, сірә. — Тәуба-тәуба де, Омар,— деп Ахат мына қодарлау інісінің аңқылдақтығын аспан әлемі естіп қоймасын, қырсық шалмасын дегендей ыңырсиды. — Құда қаласа, астықтың астында қаламыз. Сәуірде сепкен бәһәрі қазірдің өзінде тізеден келеді, тек мал түсірмей, аман өсірсек екен. Елдін ынтасы жаман емес, Аха. Бұл мойынсерік деген жарықтық береке екен ғой. — Әлбетте, Омар шырағым,— деп Ахат ширай түсті.— Бірлік барда тірлік бар. Бүл айналайын Кеңес өкіметін білмей келіппіз ғой, біріктірді ғой басымызды. Түрардың айтқаны келді емес пе? Былтыр осы уақытта, әлгі Лениннің Қобызев дейтін досымен бірге келгенде айтты ғой Тұрар: «Әр үйде жеке-жеке тырбанғанды қойыңыздар. Үйымдасып, ұжым- дасып тірлік істендер. Бір ауылда бес-алты өгіз болса, әрқайсы ң әр ж аққа тартпай, бірлесіп жер жыртып, бірлесіп егін орып, астықты кейін бөліп алындар деп. Сол былтыр емес пе, әрқайсымыздың алдымызға, бес-алты түяқтан мал үлестіріп бергені. Әне, енді соның рәтін көріп, жемісін жеп отырмыз. — Иә, оның рас,— деп күрсінді Дәу Омар. Бұдан бір жыл бүрын, дәл осы уақытта ол Ташкенттің түрмесінде отырған. Шерменде болып, басмашыларға қосылып, шатасып, шақшадай басы шарадай болып, шым-шытырық шырғалаңға түскен. Содан жаңа Ахат айтқан Қобызев (Кобозев) дейтін орыс пен Түрар түрмеден шығарып алып, ісін анықтап, ақтап шыққан. Успенский дейтін біреу түрмеде наганның дүмімен қарақұсынан ұрып, көзден айрылып еді. Таш кенттің ең тәуір деген дәрігерлері қарап, алты айдан кейін жанары қайта жанған. Содан бері көзілдірік киетін болды. Бұрын Тұрар десе тыжырынып тұратын одыраңбай Дәу Омар, енді Тұрар- ға өлердей тәнті. Елге келіп, үйіріне қосылып, осындағы мойынсеріктің тұтқасын үстап, Қарақойын халқын ұйым- дастырып жүрген де осы Омар. — Дауылбай аузымен қүс тістеп түрған кезде, ата-баба мекені Қарақойыннан айрылып, қос қолымызды төбемізге қойып, бет ауған жаққа тентіреп кетіп едік, енді міне, сол жүмақ — қара бесікке қолымыз қайта жетті,— деді Дәу Омар
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 632
- 633
- 634
- 635
- 636
- 637
- 638
- 639
- 640
- 641
- 642
- 643
- 644
- 645
- 646
- 647
- 648
- 649
- 650
- 651
- 652
- 653
- 654
- 655
- 656
- 657
- 658
- 659
- 660
- 661
- 662
- 663
- 664
- 665
- 666
- 667
- 668
- 669
- 670
- 671
- 672
- 673
- 674
- 675
- 676
- 677
- 678
- 679
- 680
- 681
- 682
- 683
- 684
- 685
- 686
- 687
- 688
- 689
- 690
- 691
- 692
- 693
- 694
- 695
- 696
- 697
- 698
- 699
- 700
- 701
- 702
- 703
- 704
- 705
- 706
- 707
- 708
- 709
- 710
- 711
- 712
- 713
- 714
- 715
- 716
- 717
- 718
- 719
- 720
- 721
- 722
- 723
- 724
- 725
- 726
- 727
- 728
- 729
- 730
- 731
- 732
- 733
- 734
- 735
- 736
- 737
- 738
- 739
- 740
- 741
- 742
- 743
- 744
- 745
- 746
- 747
- 748
- 749
- 750
- 751
- 752
- 753
- 754
- 755
- 756
- 757
- 758
- 759
- 760
- 761
- 762
- 763
- 764
- 765
- 766
- 767
- 768
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 650
- 651 - 700
- 701 - 750
- 751 - 768
Pages: