Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore sherkhan_murtaza_shygarmalary_tom_2

sherkhan_murtaza_shygarmalary_tom_2

Published by Іле аудандық Кітапхана, 2022-04-05 11:06:42

Description: sherkhan_murtaza_shygarmalary_tom_2

Search

Read the Text Version

— Байғұс-ау, не болды саған? Ш ошына бердің ғой,— деп сыбырлайды. Дауыстауға болмайды. Баска катындар оянып кетсе, бетінді тырнайды. Әзиза: — Тұрар,—дейді. — Немене, Тұрар? — Бүгін Тұрарға бірдеңе болды,—дейді Әзиза. — Тек, жағыңа жылан жүмырткалағыр. Түс қой ол. Түс түлкінің боғы деген, тыныш жат. Түсімде Сұлтанбегімді мен де көремін. Олар қайбір жетіскен дейсің. Көрген түстің бәрін көңіліңе ала берме. Үйыкта. Әлгі әзірейіл келіп, оятып, жүмыска айдайтын уақыт та таяп калды. Тыныш жат... Бірак Әзиза үйықтай алмайды. *** Көзге көрініп келер ажалды күтіп жатқан адам нені аңсауы мүмкін? Әрине, ку өмірді аңсайды. Ал, Рыскұлов бір жұтым қымызды ансады. Бір-ақ жүтым. Қазакстанға көптен бері бармаған адам кымыздың дәмін де үмытып кетеді ғой. Бүл да үмытып кеткен. Ал, енді мына айтып келер ажалдың алдында сол үмытылған қымыз қайдан ғана есіне түскені ғажап. Жолбарыстың жүрегіне жерік болған әйелдей бір жүтым кымызды тілегені сонша, орнынан тұрып барып, темір есікті токпактағысы келді. Артынша: бұл лағнет атқыр Лубянкада кымыз кайдан болсын деп ойлады. Лубянка түрмак, бүкіл Мәскеуден бір жүтым кымыз табылар ма екен. Бұл енді өмірді қимай аласүрғаны сиякты. Қымыз дегені өмірдің синонимі сиякты. Есіне соноу 1925 жылдың көктемі түсті. Монғолстан. Ешкілі тау. Айдаладағы араттың үйі. Көк шалғындағы тапал жылқылар, бие сауған монгол келіншек. Араттың жап-жалпақ киіз үйі. Әне қымызды монгол жолдасы Түмен-Жырғал екеуі сонда ішкен. Енді мына жарык дүниемен мәнгі қоштасар шакта, есіне Талғар тау емес, Аксу-Жабағылы емес, Аспара — Мерке емес, Көгілдір Көкше де емес, кай-қайдағы Ешкілі тау түскені несі? Иә, сонда Ешкілі таудан қымыз ішіп аттанып, Орхон бойындағы бабаларының басына барған. Күлтегін мен Тоныкоктің ескерткішін корген. Тастағы сына жазуларды оқи алмай окінген. ■ 743

Содан сәл кейін, Үлан-Баторға оралғанда, Ринчино оған жала жапты. Ринчино моңғол басшыларына: Рысқүлов — айтулы пантюркист, сонысы үшін Ленин мен Сталиннен таяқ та жеді. Бірақ пантюркистігін әлі қоймай, кеше көне Кок Түріктердің ескерткішіне барып зиярат етіп, дұға оқып кайтты. Өзі панмонголизмге қарсы бола түрып, пантюркизмді қоздырмақ, деп соқты. Қайда барса да қарсы жау табыла кетеді. Рысқүловқа алыстағы Моңғолстанда да маза бере қоймады. Мәскеу Рысқүловты Коминтерннің өкілі етіп, жібере отырып, соңына Ринчиноны салып қойды. Осындай андысқан, арпалысқан далбаса тіршіліктің атасына нәлет дейін десе де, бір жұтым қымызды ансайды. Ой, қу дүниенің тәттісі-ай. Сөйткен дүние, бір кем дүние, мың кем дүние Рысқұловтың атау-кересіне бір кесе кымызды да кимады. Егер Қазақстанда атылса, бүл атау-кере бұйырар ма еді, кім біледі, бірак елден топырақ та бүйырмайтын болды. Бәлкім, мүның моласына әруақ сыйлаған әлдекім туған жердің бір уыс топырағын әкеліп шашар еді, әттең Рыскүловка мола да бұйырмайды ғой. Сүйегінің кайда калғанын ешкім білмей сорлайды ғой. Сол кайғы. Көкірегі кызған темір басқандай ашиды. Сол ашыған кеудесін сипалаған сайын, төскалтасындағы кағаз қатыр- лайды. Бұл Әскери Коллегияның үкі-і-мі. Ө-ө-ол-і-і-м жазасына кескен Ү-ү-үк-і-і-ім. Бойтүмардай қылып, төскалтасына торт бүктеп салып койды. Өлім жазасы туралы үкім кағазды колыңа ұстатканы кандай азап. Айтпай-ак, абайсызда-ак, атып тастай салуға болады ғой. Кім тексеріп жатыр. Жок, сен атыласың деп күні бүрын әйгілеп, оның куәлігін колыңа ұстатады. Садизм деген салдакынынбіртүрі. Қатал түрі. Рыскүлов сол үкім-кағазды көрге өзімен бірге ала кеткісі келді. Бірак жерге көмгенде киімді шешіп алмас па екен деп те уайымдады. Әлде, крематорияға салып ортеп жібере ме? Әттең, бүл кағазды шірімейтін кұтыға салып сақтаса... Ондай кұты кайдан табылмак? Қағаз шіри ме, шірімей ме деп көп ойланды. Темір екеш темір де шіриді, кағазға не дауа?..

*** Рысқұлов машинкаға орысшалап басылған үкім қағазды төрт бүктеп, оны тағы да екі бүктеп, төрт бұрышты түмардай етіп, төс қалтасына қайта салды. Бірақ оған да көңілі көншімей, қайтып алды. Қағаз шірімеуі керек. Өзінің өлгенінен гөрі, осы қағаздың шірігені қабырғасына қатты бататын сияқты, караптан қарап отырып, тым әбігерге түсті. Мүны қалайда сақтаудың қамын ойлап, әбден әуре болды. Қаптап қоятын, шірімейтін зат жок. Өлім күтіп отырған адамның уайымы басқа болса керек еді, Рысқүлов жарықтық, баска дүниенің бәрін үмытып, әлгі үкімді, өлім үкімін қасиетті құрандай қастерлеп, ерніне тигізіп, мандайына басып, тәуеп етті. Сірә, ақылынан адасты ма, онысы несі дейтіндей әбес қылық болды. Үкім кағазды орайтын бір түлдыр жоқ екенін білсе де, тас камераның ішін қайта-кайта тінткіледі. Тас қабырға, тас еден, бұрыштағы параша, төбедегі сықсима шам, қу қарағай төсек, жалғыз табуреткадан басқа лыпа жоқ. Түрменің кенеп шалбары мен кенеп көйлегін сипалап қойды. Кенеп те шіриді. Баяғыда (бір жыл толмаса да баяғыдай ғой) Әзиза сыйлыкка деп сатып әперген әміркен туфлидін сынарын алып, ары-бері қарады. Қайысы таза, сырты сырлы — осы шірімес деп ойлады. Ертеде-ертеде, бала күнінде сүзекпен қатты ауырып түрғанда, Ахат атасы бір жапырақ сары қағазға арабша дүға жазып, оны кара былғарымен қаптап тігіп, ала жіптен бау тығып, Түрардын мойынына іліп қойып еді. Кейін сол түмарды Меркенін интернатында оқып жүргенде, Кузьмин- каның балаларымен бір төбелесте ала жібі үзіліп кетіп, жоғалтып алды. Кім біледі, сол түмар мойнынан үзіліп түспей, осы уақытқа дейін жүре бергенде, Рысқүлов мұндай бәлеге ұшырамас па еді... Әміркен туфлидің былғарысын жыртып алмақ болып, езуінен тартқылап көріп еді — көнбеді. Кесіп алуға пышақ, бәкі жоқ. Ондайды түрмеде ұстатқызбайды. Туфлидің езуін айыра алмағанына қарағанда, колынан күш те кеткен болуы керек. Оның үстіне Рыскүлов мұны киіп, көп жүріп жаткан да жок кой, туфли өңі түссе де, әлі жана еді. Бүтін туфлиді жыртып, бүлдіру, обал да сиякты. Бірақ өзі өлер болса, туфлидің не керегі бар? 48-626

Сөйтіп, ол ақыры түрменің кенеп көйлегінің бір жеңін жартылай жыртып алмақ болды. Ойына перғауындар туралы оқығаны түсті. Ертеде, Мысырда бұл дүниеден қайтқан перғауынды бальзамдап, оны кендір кенепке қат-қаттап орап, табытқа салып, содан сон, барып, алтын саркофагпен қаптайды екен. Перғауынның кебініне жібек мата табылмай қалды дейсіз бе, кендір кенепті бекер тандамаған шығар. Түрменің көйлегі тірмізік екен: сол жақ жеңінің ұшын тартқылап көріп еді, жыртыла қоймады. Содан көйлекті шешіп алып, қос қолдап жатып, төрт елідей жерін жыртып алды. Үкім қағазды қастерлеп түрып, соған орап, төс қалтасына салып, сипалап қойды. Томпайып, білініп қалма- сын деп сескенді. Енді көпке дейін шірімес деп үміттенді. Өле-өлгенше үзілмейтін сорлы үміт. Саған да рахмет. Сол үміт болмаса, адам кім? Адамнын. басқа жан-жануардан айырмашылығы да сол үмітте шығар. Ату жазасына кесілгені айдай аян болса да әлі ойлайды. Әлі-і де-е үміттенеді. Әлдебір ғайыптан қайырым, мейірім күтіп, үкім өзгеріп қалар ма деп те елегізиді. «Мын бір түннің» ғажайыптарында, кейбір романдарда адамды дарға аспақ болып, мойнына түзак салып түрған сәтте де кейде патша үкімді жойып, елімнің сұп-суық еңі озгеріп сала бермеуші ме еді? Адам ажалдан құтылып кетуші еді ғой. Бірақ меңіреу тас қамера тырс етпейді. Даладан, кең дүниеден мұнда дыбыс жетпейді. Үйқы арсыз. Осыншама үрейдін, ажалдың аузында отырса да Рысқүлов мызғып кеткен екен. Әкесі Рыскұл келіп, камераның темір есігін тоқпақтап түр. —Оян, Тұрар! —деп айкай салды.—Жүр, кетеміз, атасына нәлет! — деді. Сөйткенше болмай, темір есік шакыр-шұқыр ашылды да, Рысқұлов оянып кетті. Жүрегі түскір зу-у-у етіп, тарс-тарс соғып, ауызына тығылды. Айдауылдар келген екен. — Шық! — деді. Рысқүлов тас камераға аңырып, айнала карады да темір есіктін табалдырығынан аттады. Әкесі әлгінде ғана: «Жүр, кетеміз, атасына нәлет!» деді. Ап-анык айтты. Сол дауыс кұлағында әлі тұр. «Мың бір түннің» ғажайыбы келмеді. Ғайыптан ешкім кұтқармады, үкім өзгермеді. Бұған көзі әбден жетті. Бірак коркыныш жоқ, үрей жоқ. Әкесінің әлгі «атасына нәлет!» дегені бұл жалған, алдамшы дүниені балағаттағаны шыгар. Сол куат болды. Бір ауыз соз дәт беріп,

буыны бекіді. Енді өлмеді-ау деген сұрапыл сезімнің өзі өліп қалған тәрізді. О дүние рас болар. Әйтпесе, әкесі кайдан жүр. Түс дейін десең, айтканы келді ғой. Рыскұл: «жүр!» деп акырып еді, Түрар жүріп келеді. Рас, әзірше алдында бір адам, екі жағында екі адам, артында екеу. Барлығы бесеу. Бұл бесеудің кайсысы атар екен? Әлде, бәрі жабылып ата ма? Аш ішектей бүралаңы коп тас коридор. Едәуір уакыт жүріп, тағы бір кабат құлдилап, зынданға түскен сияқты. Соңгы қадамдар гана калган шыгар. Қайран Тұрар, анаңнан туып, тәй-тәй баскалы бері бұл сүм дүниеде канша кадам жүрдің екен?. Сол таусылмастай корінген үзак жол касам үрғандай, біреу жүлынын жүлгандай кілт үзілейін десе керек. Енді канша кадам калды? Таусылмады гой, атасына нәлет! Түлкінің ініндей ирелендеп бітпейтін неткен үзак коридор. Рыскүлов кеудесін сипалап койды. Орама кагаз кытырлады. Енді осыны біліп калмаса екен. Құлағы шыңылдады, ыңырсыган, сыңсыган бір әуен жанын жайландырғандай болды. Дүние озі оны кимай, коштас- кандай зарлы. Жоктау сиякты. Кейбіреулер зарлы әуенді неге жактырмайды? Сезімі топастар шыгар. Әйтпесе, дүниенің кобі зар гой, жоктау гой. Өлімнің сауабы — жоктау. Жоктауды маркүмның рухы сезіп, риза болады. «Ойбай-ойбай!» деп бакырган обал. Қолыңнан келсе, ойбайламай келістіріп жоктау айт. Маркұмның тіршілікте істеген жаксылыгын айт. Жоктау да онер. Өнеріңмен оліні де, тіріні де тебірент. Әне, сол сауап. Бірақ, Рыскұловты кім жоктайды? Жоктаусыз калган кайран ер... Жогалган коп, табылган аз. Сол жогалганның бірі сенсің, Тұрар, бауырым. Бұл зар баяғыда озің көрген Керолең мен Орхонның ағысы сиякты. Баяғы бабаларыңның тас мүсін- дерінің касында түрып, сол агыстың, армандар ағысының әуезіне кұлак салып едің гой. Мынау соның сарыны гой. Керолең мен Орхон, Ертіс пен Еділ, Әмудария мен Сырдария, Іле мен Шу сенің де рухынды тербетіп осылай мәңгі ага берер. Жасыма, атасына нәлет! Сені әлі дүниенің озі жоктайды. Мыналар кәзір мылтык кезенгенде калтырама! Үлы бабаларыңнан артык емессің. Атса — атсын! Малгұндар кішкентай бір күнді, жарык күнді атып түсіргенін байқамай калсын. О, жендеттер! Рыскұлов атылған соң, дүниедегі

жылу сэл де болса кеміп калатынын сезбейсіндер ғой. Сез- бейсіндер. Дүниенің қайғысы ол. Мынау құлақтағы әуен сол. Әттең дариға! Адам атылған соң да осы ғажайып әуенді естіп жатар болса. Әкесі Рысқүл баяғы-баяғыда, Бодойбоның алтын кенінен қашқанда, Ақсу-Жабағылының аршасының түбіне жетіп өлгенді армандап еді. Неге десе, ол Отаны екен гой. А рш атүбінде калган сүйек шірімейді деседі. Сол арманга әкесі де, баласы да жете алмаса не шара! Мына құлакты шыңылдатқан сол арман зары гой. Осыны түсіне алмагандар шын бейшара. Кеуек кеуде. Жазмыштан озмыш жоқ. Жазмышын осылай болды, Тұрар. Жан-дүниенді түсініп жаткан жан жок касында. Қасындағылар — кара тас. Етіктерінің нәлі сақ-сақетеді. Сен жалгызсың. Өкініші көп өткінші дүние деген осы. Өкінішпен өтіп бара жатқан сен гана емес. Дэл осы дәлізбен әлгінде гана кұмықтың үлы Қорыкмасов өтті. Алдымен сені атпай, оны атканы несі. Екеуің Гуниб тауының басында тұрып, Шәмілдін әруағына сиынып: Әруағың қолдап, Жолбарысың жебесін! — деп кол жайып едіндер. Қайда сол әруак?! Неге колдамайды? Әлде, адасып калды ма? Әлде, Лубянканың терең зынданын таба алмай калды ма? Ажал шындап келгенде әруақ та адасады. Ал, әкен шақырып кетті. Әкең сені жер түбінен де тауып жетті. Жамандық ойламаған шыгар. Мына сұмпайы, сұ- рыксыз, сайкал дүниенін мазагынан сені тезірек күткаргысы келген шыгар. Бүл жолы әкең Рыскұл әзірейілдін ісін кұптады-ау. Мына былганыш, әділетсіз дүниеден сені асыга алып шыкпакшы болды-ау. Тек, үрейге бой алдырма! Атасына нәлет! Мына жендеттер сенін коркып, калтырап, кемсендеп, қыңсылаганыңнан ләззат алады. Бұйыртпа оларга ондай салдақы ләззатты! Шаман келсе, бетіне түкір. Олар сол сесіңнен-ак сескеніп, көп үзамай өздері де өледі. Осы бір окыс оймен Рыскұлов артына бұрылып еді, көзінің жанары олегізіген жендет: — Бұрылма! — деп арс етті. Рыскұлов, қор болганда, тілі тандайына жабысып, былш еткізіп түкірерге бір түйір дымкыл да таппай калды. 748

Муны да Құдай кос көрмеді. Кұдай кос көрсе, мүны тым күрыса, мына зынданда аткызбай-ак, орыста не көп — орман көп, орманға апарып атканда, тым болмаса, аспанға карап, колын жайып: — Уа, Тәнірі, бір шыбындай жанымды кабыл ал! — деп сонғы рет үн қатар еді ғой. Мына капаста ондай арызды айт не, айтпа не — Кұдайдың күлағына жетпейді. Бір түйір корғасын октың өтеміне бір түйір түкірік те таппады — не шара? Осы өкінішпен тас тұйыкка келіп тірелгенін байқамай да қалды. Тас қабырғаға шак етіп, алдымен көзілдірігі соғылды. Онсыз да шегесі босаған бір шынысы еденге түсіп, күл-талканы шықты. — На счастье,— деді жендеттердің бірі. Оған ешкім күлген жок. Өлім алдында жендеттер де кобалжып, қалжың-малжыңға заукы сокпайды. Рыскүловтын бетін бері бүрып, жон аркасын қабырғаға тіреп қойды. — Көзін танайык па? — деп сүрады Кіші Жендет Үлкен Жендеттен. — Да он и так слепой,— деп мырс етті Үлкен Жендет. «Слепой» екені рас еді. Көзілдірігінің бір көзі түсіп, калған сон, екі көзі екі түрлі көріп, басы айналғандай болды. — Снимите ему очки! —деді Үлкен Жендет. — Они теперь ему ни к чему,— деп келісті Кіші Жендет. Кіші Жендет Рыскүловтың алтын жиекті көзілдірігін сыпырып алып, кейін шегініп кетті. Енді Рыскүловтың бүл дүниекор былғаныш дүниеден алып бара жатқан еш нәрсесі жоқ. — Откройте ему рот! —деді Үлкен Жендет. Кіші Жендет кайтып барып, Рыскүловтың шыкшытын кысып тұрып, аузын аштырды. — Посмотри хорошенько — нет ли золотых зубов? Өлегізіген сокыр шамның сәулесінен жонді коре алмай, Кіші Жендет Рыскүловтын иегін котеріп, езуін саусағымен коріп, ары-бері үнілді. — Алтын тіс жок. Тістері түп-түгел, каскырдың тісіндей, шайтан алғыр,— деді Кіші Жендет. — Эти азиаты и есть волки,—деп қалды Үлкен Жендет.— Сызмальства мясо жрут. х ’ 749 Ч й ж с ж й

Кіші Жендет езуіне саусағын салып көргеннен болар, Рысқұловтың аузы түкірікке толып-ақ кетті. Жендеттің бетіне былш еткізіп түкіріп кеп жібергенде, әлгі сорлы екі көзін алақанымен басып, әз болды да калды. Өшін алмақ болып, Рыскүловты ішінен бір тепті. — Назад! —деп акырды Үлкен Жендет Кіші Жендетке. Қаһарына қарағанда, үзак жыр таусылатын сыңайлы. Рыскұлов бір түрлі жеңілейіп калды. Жендеттің бетіне келістіре түкіргені бүкіл иттікке, күллі опасыздыкка, жалған дүниенің опасыздығына түкіргені еді. Сонысына өзі де риза болды. Ж ендеттіңтепкенін елеген де жоқ. Аузында алтын тіс болмағаны кандай онды еді. Әйтпесе, мы на иттер алтын тісті жұлқылап әуреге салар еді. Мейлі, таза кетіп барады. Ит дүниеден сабақты мне де алып бара жатқан жоқ. Мына кенеп көйлек пен шалбар, сірә, кебіні болар. Ал аяғындағы әміркен туфлиін біреуі шешіп алар. Әзиза алып беріп еді, енді бір жендетке бұйырар. Окасы жок, ит жалғанда еш нәрсенің опасы жок. Үлкен Жендет өзгелерді он кадамдай кейін шегіндіріп, сапка тұрғызды. Барлығы да нагандарының құлағын сырт-сүрт кайырып, шүріппеге сұк саусактарын салып, команда күтіп түрды. Үлкен Жендет ок үнемдейін деген шығар, барлығына түгел атқызбай, Рыскұлов бетіне түкіріп жәбірлеген Кіші Жендетке: — Черныш! Бір адым алға! —деп бүйырды. Тапалтак Черныш селк етіп, тенселе жаздап, алға жылжыды. Козі кысықтау, бет-әлпеті таза орыс деуге де келмейтін, коңырқай түсті, қотыр бет біреу. Бірак, жалпы орыста таза орыс бар деу де қиын. Орыспен кімнің қаны араласпаған? — Ат! — деген бұйрык естілгенде Черныш тағы селк етті. Үлкен Жендет содан секем алды ма, әлде мүндайдағы рәсім есіне түсті ме: — Отставить,—деді. Мұндайда, әдетте соттың үкімі оқылады. Үлкен Жендет қалтасынан кағаз суырып алды. Алайда сықсима шамнан жарытып сәуле тамбаған сон, үкімді окып жатпай-ақ: — Халык жауы Рыскүлов атылсын! —деп бүйырды. Үлкен Жендет біресе: «стрелять!», біресе: «отставить» деп түрғанда, Рыскүловтың коз алдына сонғы суреттер келді.

Бүкіл ғүмыры қас қағым сәтке сыйып, жүйткіп өте шықты да, ең соңында Қызыл Жебесі тыпыршыған әкесі Рысқұл түрды да калды. Үлкен Жендет «отставить!» дегенде, сорлы соңғы үміт тагы да жылт етті. Мүмкін, әбден үрей етіп, коркытқаны шығар, атпайтын шығар... Онысы әурешілік. Ол тағы алданды. Бүкір наган өзіне кадалганын буалдыр арасынан көзі шалып калды. Бірақ бірден атылмады. Өйткені, Рысқұловтың түкірігі көзін бітеп тастаган ба, Черныш та жонді коре алмай, дәлдеп коздей алмай, шамалы іркіліп калды. Неге атпайсын деп үрса ма деп, әйтеуір шүріппені басты-ау... Наган таре етті — Рысқұлов кұламады. Оқ он кұлагының сыргалыгын гана жұлып түсті. Сыргалықтан қан соргалады. Жаны шыкпай жатып, қан шықты. Сақ етер тиді саныма, Саксырым, толды қаныма,— дер еді конедегі жауынгер жырау. Ол тагы да: Жапанда жалғыз қалып барамын, Жанымда бір туғанның жоғынан,— дейді гой. Жапанда Рыскұлов жалгыз калды. Обал болды-ау деп аяган жан болмады. Қайта Үлкен Жендет, байгүс Чернышты: — Тфу, идиот! —деп бетіне бір түкіріп, итеріп жіберді де, онын орнына озі тұрды. Бір емес, екі түкірік жеген Черныш үтылды ма, ұтты ма? Бұл үлкен мәселе. Қүдайдың: «Өлтірме!» деген осиеті рас болса, Черныш елтірген жоқ. Шын дүние рас болса, Черныштың күнәсі женілдеді. Ал, бұл дүниеде не күтіп тұрганы белгісіз? Үлкен Жендет оны, сірә аямас. Түкірумен қүтылып кетсе — мол олжа. Өз денесінен кан шыкканын корген сон, Рыскүловтан дегбір кеткендей болды. Әуелгі батылдыгы, тәуекел деп тас жұтып, бекінгені сетінегендей болды. Тіпті: — Аяндар,—деп дауыстап та жібере жаздады. Шын сорлы сонда болар еді, Құдай абырой бергенде санасы тез сауыгып: «Сабыр, сабыр, атасына нәлет!»— деді. Бұл онын санамен айткан сонгы сөзі еді. Браунинг тагы таре еткенін естіді ме, естімеді ме... еш жері ауырган да жоқ, ауырса ауырган да шыгар, бірақ оны сезген жок. Козінен бір от жарк етті де,

шыр-ыл-да-а-ап ұшып, бұл-дыра-ап барып, жоқ болды. Ар жағы... ар жағы тып-тыныш. Жарық та жоқ, түнек те жок. Мүмкін, көзінен жарк етіп ұшқан жан шығар. Жан кеудеден үшады деген бекер болар. Сірә, көзден ұшатын сыңайлы. Дүние теңселген жоқ, теңіз шайқалған жоқ. Құлан иектеніп тағы бір таң атып келе жатты. Бар болғаны бір піл бір қүмырсқаны басып кеткендей әпенделеу әлеміш әлем сол баяғы баз калпында қала берді. Екі жендет Рысқүловтың былқ-сылқ еткен өлі бойынан жылуы кетпеген денесін қанар қапқа салды да, қабырғадағы тесік науаға сырғытып, итеріп жіберді. Өлік салған қапты сырттағылар қағып алып, үсті жабық машинаға лақтырып тастады. Лактырса лақтыра берсін, атасына нәлет! Енді оны сезіп жаткан Рысқүлов жок. Қанылтырмен қапталған науаның кақпағы кайта жабыл- ды. Қаңылтыры жалтырап кетіпті. Қажала-қажала жылтыр болған ғой. Неге, немен қажалды екен? Баяғыда, патша заманында Лубянканың бүл зынданы бір кірәшан (крещенный) татар саудагерінін дүние-мүлік сақ- тайтын қоймасы болган екен. Сол мүлікті сыртка қап- қабымен осы науа арқылы шығарып, қап-кабымен осы науа арқылы ішке кіргізеді екен. Ш окынған татар болса да ісі әлдеқайда иманды. Ал, енді Кеңес өкіметінің ЧК-сы мен НКВД-сы бұл науа арқылы атылған адамдардың өлігін шығарады. Кірәшан татардың мүлкі көп қажады ма, әлде өліктер көп кажады ма, науа жап-жалтыр. АВТОРДАН «Социалистік Қазақстан» газетінің жас әдеби кызмет- керімін. Секретариатта ретушер Ким деген қартандау кісі бар. Бір күні кіріп барсам — бір ескі суреттің бетін үшкір пышакпен қырнап отыр екен. Үңіліп қарадым. — Сто, не узнаешь? — деді Ким ағай. «Что, не узнаешь» дегені. — Нет,— дедім. — Рисыкулов,—деді Ким. Жүрегім шым ете калды. 752

Газеттің номері шыққаннан кейін осы суретті (ориги­ нал — түпнүсқасын) маған бересіз бе деп жалындым. — Не снаю,— деп түқшындап отырып-отырып,— ладно, ладно, только никому не покасывай,—деді. Суреттін бетін біреу бүрын тырнап бүлдірген екен. Ким соны жамап-жасқап, ретуштап отыр. — Заль, заль, белила нету,— деді. «Жаль, жаль, белила нету» дегені. Ақ бояу іздеп отыр. Әрілеп, ақтамақшы. Рысқүлов туралы дүниенін түкпір-түкпірінен тірнектеп жинаған материалдарымнын төлбасы осы сурет болды. 1960 жыл еді. СОҢҒЫ ТҮЙІННІҢ БІР БАЙЛАМЫ Бас прокурор Руденко демократтау көрінді. Басын изеп амандасып, Әзизаға: — Отырыңыз,— деп орындықты көрсетіп, сыпайы мінез танытты. — Он күн күтіп, алдыңызға әрең кірдім,—деді Әзиза. — Иә, оныңыз рас. Кезінде репрессияға ұшырағандардын ісін кайта карау — кол байлау. — Мен шындыкты, тек сіздің аузыныздан естиін деп келдім. Тұрар Рысқүловтың кырык үшінші жылы өлгені рас па, жоқ әлде одан бүрын атылды ма? — Әзиза Түбековна, Рыскұлов 1943 жылы өз ажалынан кайтыс болды. Кешіріңіз, бүл, әрине, сізді жүбата коймас. Бірақ шындық солай. — Сол уакытқа дейін ол кайда жүрген? Түрмеде ме, әлде айдауда ма? — Иә, сүрағыңыз дүрыс, Әзиза Түбековна. Ол айдауда болған. — Қай жерде? Руденко мүная калғандай кол жайып: — Таңғалманыз: Қазакстанда,—деді. — Қазакстанда? Оның қай жерінде? Руденко енді жымиған болды. — Қайтыс боларының алдында ол Қостанай даласында екен... — Қостанай? Онда лагерь бар ма? 753

— Сірә, бар болғаны ғой, Әзиза Түбековна. Сенбесеңіз, міне куәлік қағаз... Руденко машинкамен басылған, мөрлі, гербілі бір парак қалындау қағазды ұстата берді. Военная Коллегия Верховного Суда СССР 13 июля 1 9 5 6 г. № Н Р-0014 /5 6 М осква, ул. Воровского, д. 13. Т ур а р Р ы скуло в, о т б ы ва я н а к а за н и е , у м ер 1 9 а п р еля 1 9 4 3 г о д а о т п а р а л и ч а с е р д ц а ... № 4 3 /1 3 - 5 1 9 4 5 3 1 с /о М В Д С С С Р . С о о б щ е н о о с м е р т и в О А Г С г. М о с к в ы . — Иэ, Эзиза Тураровна, то есть, извините, Тубековна, менің көмекшілерім сізге дұрыс айткан, ал сіз оларға сенбедіңіз. Міне, документ... Қудай-ау, сонда Қостанай мен Акмоланың арасы тиіп тур ғой! Онда екенін білгенде Әзиза ұшып жететін еді ғой. Бұл не деген сумдық?! Не деген тасжүрек дүние?! Әзизаны көп болса атып тастар еді де. Атылмай көп жасағаннан гөрі, Тұрарын бір көріп, атылып кеткеннің өзі мың есе артық еді ғой. Ай, қатыбас, қакбас тағдыр! Руденконы ң көмекшісі: Тұрар Рысқұлов 1943 жылы өлген дегенде міз бакпай безерген Әзиза, енді мына Бас Прокурордың алдында отырып, ал кеп ботадай боздасын. Руденко конырау басып, көмекшісіне су алдырып ішкізіп, Әзизаны кабинетінен, әйтеуір әрең дегенде шыгарып салды. Көмекшінің бөлмесінде есін жиып алган сон, Эзиза Руденкога қайта кірмек болды. — Бәрі түсінікті болды гой, енді сізді кабылдамайды,— деді көмекші. — Маган Рыскұловтың заттарын кайтарсын, соны айтамын,— деді Эзиза. — Өкінішке орай, ешкандай заты жок,— деді көмекші.— Біз сүрау салганбыз. — Қалай жок? Оны Кисловодскіде туткынга алганда, жазып жаткан кітабының колжазбасы бар болатын. Фотоаппараты бар болатын. Сагаты бар болатын. Парт-

билеті, куәлігі бар болатын. Неге жоқ? Қаламдары бар болатын... Бұл сөзге көмекші күлмесе де, мырс етті. — Қайдағы қаламды айтасыз,—деді. Сол-сол екен, Әзизаның көп-көп заманнан бері қор- даланып, қат-қат жиналып жатқан ашу-ызасының, керемет- тей кегінің, шер-шеменінің аузы ашылып, жанартаудай бүлқына бір атқылады дейсін... — Әй, қарабет! Не деп түрсың?! «Қайдағы қаламың» не? Мен сендейді Рысқүлов бір үстаған қаламның үштығына да теңгермеймін. Білдің бе?! Тауып бер. Заң алдында талап етемін. Рысқүловтын өзін ізсіз-түзсіз қүртып жібергендерің үшін, Қүдай алдында жауап бересіндер. Ал, ол үстаған, түймедей бір зат табылса, оны мен дүниенің бар алтынына айырбастамай, түмар етіп, тағып жүремін. Сол үшін керек! Айқай-шуға адамдар жиналып калды. — Кіргіз мені Бас Прокурорға! Маған Рысқүловтын қайда қалғанын, сүйегі қайда жатқанын айтсын. — Оны ешкім де білмейді,— деді көмекші, жыларман болып жуасып.— Қүдай үшін, кешіріңіз. — Неге ешкім білмейді? Міне, қағазда өлген күніне дейін жазулы тұр ғой. Жирен-қызыл шашы селдіреп, бурыл шалған бір кісі Әзизанын қолындағы қағазды алып, қарап тұрып, түсі куарып, басын шайқағандай болды. Бірақ сыр бермеді. Бұл баяғы тергеуші Нейман еді. СОҢҒЫ ТҮЙІН АВТОРДЫҢ РЫСҚҮЛОВПЕН ҚОШТАСУЫ Қош, Тұрар, бауырым, көкем менің! Мен сізге дәл кәзір алпыстан жана асқан жасымның жартысын арнадым. Отыз жыл бойы сізбенен қол ұстасып, бірге жүріп, бірге тұрдым. Отыз жыл бойы жан-дүниемді, ой-санамды билеп, ұзақ сапарға жол бастадыңыз. Ол аса қиын жол еді. Біреулер айтты: бүл жолға бекер түстің, жете алмайсың, деді.

Біреулер айтты: қолың көтере алмайтын шоқпарды беліңе бекер байлайсың деді. Біреулер айтты: шеті жоқ, шегі жоқ мұхитқа түсіп кеттің-ау, байғүс, батып кетпесең жарар еді деді. Олардың айтқаны рас еді. Мен көп малтығып, көп түншықтым. Жағалауға жете алмай, батып кетуім әбден ықтимал еді. Бірақ, Түрар көке, өзіңіз алып шықтыңыз. Сіздің жұлқар рухыңыз алып шықты. Бұл кітап сіздің зәулім тұлғаңызға лайық деп айта алмаймын. Қолымнан келгені осы болды, көке. Қүдай шақтап берген күш-қуаттан, шағын таланттан аса алма- дым... Асылық айтып, Қүдайға күнәкар болмайын. Құдайдың мүнысына да мың да бір тәуба. Маған осынша ғүмыр беріп, жарық сәуле көрсетіп, қолыма калам үстатқанына шүкір. Өлтіре саламын десе, Қүдайға ештеңе емес. Менің марқүм, анам Айша ертеректе «Қызыл Жебенің» бірінші кітабы шыққанда: — Сен Рысқұлов туралы кітап жазды дейді ғой,—деді. — И ә,— дедім мен. — Сенің әкең Мүртазаны «Рысқүлшына» («Рысқүлов- щина» дегені) деп ұстап әкетіп еді, сол ма? — Сол. Айша кимешегінің астынан қолын шығарып, кіртиіп жасаураған көзін сүртіп, мыс сақиналарын сипалап отырып: — Одан да оз әкенді жазбайсын ба,—деді жай гана. Кордіңіз бе, қалай? Ол да озінше Әзиза сияқты. Сібірдін бір түкпірінде, баяғыда сүйегі қурап калган Мүртазасын өле-олгенше сағынып етті. Сіз туралы «хамсаны» мен сол жазыксыз жапа шеккен әкемнің әруагына да багыштаймын, Түрар коке. «Хамса» жолы женіл болды дей алмаймын. Жазу киын. Жазганынды басып шыгару одан да қиын. Журналға жарияланып жатқан жерінен түтқындалып, жарық кормей калган кезі де болды. Өлген бураның басынан тірі атандар жаман үркіп, осқырынып, окалақтап, тайрандады. — Рысқұлов — пантюркист! — десті. — Рыскұлов туралы роман жазып жүрген автор — неопантюркист! —деді. Мен кек сактамадым. Оларды Қүдай кешсін.

Мен торыққан кезде, Сіздің рухыныз әл-куат берді, Тұрар көке. Мен Сізді түсімде көретін болдым. Қолымнан жетектеп алып, тасжарғаннын бүтағынан үстап, өрге карай тарткылағаныныз есімнен кетпейді. Қателеспесем, иә Талғар тау, иә Аспара тау, иә Ақсу-Жабағылының аршалы кия беткейі еді.— Қияға шығып не бар? — деймін.— Жүр,— дейсіз,— Теңбіл Торғайды көрсетемін,— дейсіз.— Шолпан Кебісті көрсетемін,— дейсіз. О, ол бір ғажайып дүние еді: найза шындары көз жетпес көкке барып тірелген таулар, айнала жаңғак ағаштары, зау теректер, зипа шынар, бүтақтарында жыбырлаған құс үялары. Қүдайдын жұмак жараткан дүниесі. Маңкиған манғаз маралдар еш нәрседен үрікпейді. Жолбарысы мен елігі бірге жайылған жадыра әлем. Киікотының хош иісінен бас айналады. Тобышак тамырын кемірген козыдай кызыл суырлар бізден корыкпай, сак-сак күледі. Үлкендігі үшактай самрұқ калыктап жүр.— Тұрар кеке, адамдар неге көрінбейді? — деймін мен.— Адамдар келсе, мұншама кереметтен тұлдыр калар ма еді,— дейсіз Сіз.— Әне Теңбіл Торғай! Ойдым-ойдым, көгілдір, кызғылтым, күлгін түсті Теңбіл Торғай Сіздін алақанынызға келіп конады. Тамылжыта сайрап коя береді. Онын тілін Сіз ғана түсінесіз.— Міне, Шолпан Кебіс! Шынында да әдемі, сары алтын жалаткан жұмақ гүлі жалт-жүлт етеді. Кәдімгі тан алдында туатын Шолпан жұлдыз сұлу- лыктың, махаббаттың киесі көрінеді. Оны еуропалыктар Венера, Стелла дейді, Аврора дейді. Біздің түрік дүниесі Шолпан, Чулпан, Чолпон, Зуһра деседі гой. Сол Шолпан бірде аяғындағы алтын кебісін абайламай жерге түсіріп алыпты. Содан мына Аксу-Жабағылыда Шолпан Кебіс атты оте әдемі, оте нәзік, жәудір коз гүл оседі. Тұрар коке, Сіз сонда, сол Шолпан Кебісті аймалап коп түрдыныз. Таң күланиектене, найза шындар сүлбасы сұстана көрінгенде, сол шындардың үстінен шаншыла жарқырап, Шолпан жүлдызтуған еді. Сіз соған сүқтана карап қалдыңыз. Шаткалда мен бүрын коріп, естімеген ғажайып қүстар сайрап, дүние-әлемді керемет әуенге боледі. Тіпті, тәкаббар найза шындардың озі теңселіп, тебіреніп кеткендей еді. Мен соған тан калып, он бойымды бір ғажайып сиқыр билеп, масаң болып түрғанда, Сіздің кенет кайда кетіп қалға-

ныңызды да байқамаппын. Сіз де жоқсыз, Шолпан Кебіс те жоқ, Теңбіл Торғай да жоқ. — Көке! — деп шыңғыра айқайлап жіберіп барып, оянып кеттім. Сізді қайтып кере алмадым. Мен шетсіз, шексіз дүниеде, сөйтіп жападан жалғыз қалдым. Енді қайтып кездесеміз бе, жоқ па — білмеймін? Алпыстан асқан жас мынау. Жарық дүниенің сәулесі әлі қанша бүйырады — болжаусыз. Таң мақшарда Алла, Құдырет, Шексіз Шебер Құдырет, Шексіз Дүние-Әлемді Жаратқан Құдырет, Шексіз, Телегей Ақыл-Ой — Көк Тәңірі бізді о дүниеде көрісуге жазсын! Жаныңыз Жаннатта болып, нұрыңыз Пейіште шалқысын! Біз пақырды Әруағыңыз қолдап, Жолбарысыңыз жебей жүрсін! ӘУМИН. Б е с ін ш і к іт а п т ы н с о ң ы

МАЗМҮНЫ Ж ұлдыз көпір. ( Ү ш і н ш і к і т а г і ) ............................................... 6 Қыл көпір. ( Т ө р т і н ш і к і т а п ) .................................................... 274 Тамүқ (Б е с і н ш і к і т а г і ) ................................................................. 538

«Қазығүрт» баспасының директоры Темірғали Мұратбекүлы КӨПБАЕВ ШЕРХАН МҮРТАЗА Алты томдық шыгармалар жинағы Екіііші том КЫЗЫЛ ЖЕБЕ Үшінші, төртінші, бесінші кітап Редакторы Ермахан Шайхыулы Суретшісі Нүран Айымбет Техникалық редакторы Тамара Суранова Теруге 19.12.01 ж. жіберілді. Басуға 20.02.02 ж. қол койылды. Калыбы 84x1081/32. Офсеттік кагаз. Каріп түрі «Тип Таймс». Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 40,7. Шартты бояу колемі 41,5. Есегіті баспа табагы 42,0. Таралымы 5000 дана. Тапсырыс № 626. Келісімді бага. «Казығүрт» баспасы, 480060, Алматы каласы, Тимирязев көшесі, 103-үй, 4-иәтер Телефакс: 44-10-96 «Кітап» баспа үйі, 480009, Алматы каласы, Гагарин даңғылы, 93. тел.: 42-36-31,42-07-90. Іоо_кіІар@ таі1.ги


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook