Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore sherkhan_murtaza_shygarmalary_tom_2

sherkhan_murtaza_shygarmalary_tom_2

Published by Іле аудандық Кітапхана, 2022-04-05 11:06:42

Description: sherkhan_murtaza_shygarmalary_tom_2

Search

Read the Text Version

— Біз бәрін білеміз. Бізге бекер менсінбей қарайсыз. Гунибке барып, Шәмілдің әруағына сиынып, анттасқан Қорықмасов екеуіңіз емес пе едіңіз... — Қандай ант? — Қандай ант екенін тиісті жерінде өзіңіз айтасыз. Безеу бет айтарын айтып алып, артынан өкініп қалды. Мастығы лезде тарқап кеткендей, лезде қуқыл тартты. Бұл тергеуші емес. Бұл тұтқындаушы. Әрі десе, «вагонзакта» кім бар, кім жоғын жариялауға да тиісті емес. Ақылы артынан кіріп, қипақтап қалды. — Сол Қорықмасовты осы купеге әкелуге болмас па екен,—деді Рысқұлов әдейі. — Оны сағынсаңыз, әлі кездесудің сәті түседі ғой деп ойлаймын. Дима, тырп етуші болма! Безеу бет осыны айтып, купенің есігін таре жауып, кетіп қалды. Пойыз дөңгелегі сарнайды. Таусылмайтын неткен үзақ жол. Мезгіл күндіз бе, түн бе — белгісіз? Тұтқын мен түн- түнек некелескендей. Түтқын тек түнекті ғана сезеді, түнекті ғана аймалайды, тұтқыннын әйелі — түнек. Енді осыған көн, дағдылан, Рысқұлов. Енді қайтып сүйген жарын, алған жарын Әзиза Түбекқызын аймалайсын ба, жоқ па — бір Тәнірінің ісі. Енді сен түнек қүшағындасын. Қараңғы қара қапас саған ынтық болды, амал не? Қорықпа. Анаң Қалипа маркүмнын кұрсағында жатқанында да осындай қараңғы болатын. Жарық дүниеде қырық жыл жасапсың. Жарық дүниеге келгеніне тәуба қыл. Келмей қалсан қайтер едің? Азды-копті дәурен кештің. Қарадан шығып хан болғандай дәрежеге жеттін. Коп жандар жабы мінгенде, сен ақбоздан арғымақ міндің. Бірақ ол да жағы түкті жылқы айуан. Бір түнде-ақ ақбоздан аударылып түстің. Алтын-күміс әбзелді арғымағың адастырды. Ақ некелі асыл жарың артта, Қап тауының бір қойнауында аңырап қалды. Бұ да болса, Тәнірінің жазуы шығар, тәуба қыл. Ендігі жарың — сайқал түнек. Қаранғы қапасқа да түртінектеп үйренерсің. Тек, егілме, мүжіле берме. Қайрат кыл. Алда әлі тозақдеген сынак түр. Сталин саған қүрығын коптен үйірген. Ноқтасын үзе беріп нең бар ед?! Енді құрығын салды. Қылқындырмаса болғаны.

Арасына он екі сағат салып, екі жолаушы пойызы Кисловодскіден бірінен соңбірі Москваға келді. Мәскеуде де сирень гүлдеп, терістік самалымен айналаға хош иіс жайылып түрған мейірлі шақ екен. Алдыңғы пойыздын «вагонзагінен» түскен Рысқұлов, жап-жарық сәулеге көзі қарығып, жарық сәуледен шо- шынғандай, жанарын қолымен баса қалды. Сонда барып көзілдіріксіз екені есінетүсті. Қараңғыда көзілдіріктіңтүкке керегі жоқ екен. Жарық әлемді жатырқау қас-қағым сәтке ғана созылды. «Вагонзактан» түсе салысымен, айдауылдар оны перрон жиегінде әзір түрған қара машинаға тықты да жіберді. Қара м ашинаның іші қараңғы екен. Көзі жай тапқандай болды. Орыстар «черный ворон» деп атап кеткен машинанын артқы есігі кайта ашылды да жарық сәуле жанталаса, әлдекіммен бірге таласа-тармаса жарк етті де, есік таре жабылып, кайтадан түнек түсті. Мүнда терезе деген болмайды екен. Әлгі соңғы кірген Қорықмасов-ау, деп шамалады Рысқүлов. Енді оқталып, өзінен хабар берейін деп еді, соны сезіп қойғандай, қарауыл: — Не разговаривать!—деп бүйыра шолақ қайырды. Қай көшемен қайда келе жатканы белгісіз. Дүние —дүние ме, әлде, жансыз куыс па — белгісіз? Рыскүлов әуелі осы өзім бармын ба дегендей, кісенсіз бос колымен бет-аузын сипалап еді, тікенектей болып сакал осіпті. Бұрынғы бармак мүртының айналасы да тікірейіп, тікен шыккандай екен. Кішкентай Сәуле әкесінің алдында отырып, бетаузын сипалап, бармак мүртты саусағымен түртіп көріп: «Ой!»—деп колын лезде тартып алып, ішек- сілесі қата, сыңғыр-сыңғыр күлуші еді... Енді көрсе... корқып кететін шығар. Енді көрсе... *** Келесі пойыз түнделетіп келді. Әзиза зілдей шамаданды сүйрелеп жүріп, таксиге отырып, үйіне тартты. Таксидің шоферіне: — Орталық. Ногин бульвары, 25,— деді. Өз үйі, оз ұясы. Үй толы жан. Кейде шаршайтын. Бірақаз күн аулакта жүріп, сағынып қалыпты. Такси үйге жа- қындағын сайын жүрегі лүпілдей түсті. Қүдайдан: «Тұрар

үйде отырса екен» деп тіледі. Шіркін-ай, кәзір бүл үшінші этажға көтеріліп, N 48 пәтер қоңырауының түймесін басқанда есік ашылып кеп кетіп... алдынан Түрар шыға келсе... Бүл мойнынан қүшақтап түрып, солығын баса алмай енкілдеп бір жыласа... Кішкентай Сәуле: «Мама!»— деп титтей саусағын шошайтып, бүған қарай жортақтап жүгірсе... Қызын бауырына басып, омырауын көз жасымен көл қылса... «Неге жылайсың?»— деп әділетсіздіктен, үлкендердің үрейлі өмірінен бейхабар сәби состиып таң қалса... Анасы Әрифа. «И-й, қызем, жылама, бәрі де өтті-кетті. Қаһар суққаннар Түрарны напрасно арестовать иткәннар. Инде извинение сұрадылар», деп тұрса... Ескендір, Рәшид, Шәміл, Әли — бәрі-бәрі мұны қоршап алып, құшақтаса... Содан бәрі де улап-шулап, дастархан басына отырып, Әрифаның шәк- шігімен рахаттанып, шәй ішсе... Бүл сонда күйеуіне қарап:— Тұрар-ау, не болды, айтсаңшы, десе? Тұрар сүйкімді күліп отырып:— Е, бір оңбағандар үстімнен арыз жазыпты. Мен Ежов аркылы Сталинмен бір ауыз сөйлесуім мүң екен, Ежов: жаңылдық, жаздық, кешіре гор,—деп босатып жіберді, десе... Бүл:— Голощекин кақбас емес пе?— деп сүраса, Тұрар:— Е, о да бар, басқалары да карап жатпапты, Қазақстаннан да табылыпты десе... О, дүние-ай... Арман-қиял не демейді? Айтқанындай, үшінші қабатқа да көтерілді. Жүрегі түскір жүрек емес, асау аттын түяғындай, мұның кеудесін дүрс-дүрс тепкілейді. Алқына түсіп, ағарандап әрең корінген түймені басты... үн жоқ. Баж-баж еткізіп қатарынан қайта-қайта басты. Үн жоқ. Тырс еткен жан жок. Подъездің жайшылықта жарқырап түратын шамы да кілмиіп қалыпты. Енді барып байқады: есіктің күлпы тұсынан тілдей-тілдей қағазды айқыш-үйқыш крештей жапсырып, морлеп тастапты. Жүрегі мү-ү-ұз болып, қүйқасы шымырлап барып, екі тізесі озінен озі бүгіліп, бүк түсті де калды... ...Қанша уақыт өткенін білмейді, есі кірсе керек, көзін ашса, екі миллиционер мұнын бетіне үніліп қарап тұр екен. — Менін үйім қайда?— деді үні шығар-шыкпас. — Бұл үйге мөр басылған. Ашуға болмайды.— деді бір милиционер. — Менің балаларым, кәрі анам қайда? —Олар, сірә, таныстарыңыздың үйінде болар. — Менің күйеуім қайда? — Күйеуініз тергеуде.

— Ол қай жерде? — Ішкі түрмеде. — Ішкі түрме деген не? Ішкі, сыртқы деген түрме бола ма екен? — Болады. Ішкі түрме деген НКВД-нын өз ішінде. — Лубянка ма? — Иә. — Мені онда кіргізе ме? — НКВД-нің бюросына барып, арыз жазып, рұхсат сүрасаныз, мүмкін, жолықтыруы. — Сендер неге келдіндер? — Біз мөрленген үйлерді күзетеміз. — Үйлер... үйлері қалай? Менің ғана үйім емес пе? — Жоқ, қарсы есікке караныз, о да мөрленулі. — Рудзутак?!.. *** — Кел,—деді Надежда Константиновна,— кір енді. Неғып түрсың босағада? Өзіміз де күтіп отырмыз сені... Қанша айтканмен, күндес қой. Тұрардын бұрынғы әйелі. Табалайтын шығар деді. Күлін шашып, етегін ашып күлетін шығар деді. Мені тастап алған нақсүйері сен едін, енді не болдың, деп айта ма деп қорықты. Біреудің сорынан біреу бақыт тапқан қандай болады екен? Жас едің, сұлу едің, сұлулығынды суға езіп іш енді, деп айта ма деп жасканды. Бірақ алдырған албырт, анасының койнын ашады. Бұрын көрмеген күндесінің есігін қақты. Есік қағардан бүрын, ары жүр десе кайтем деп көп ойланды. Акыры, мен бейбакка ендігі жерде бетмоншағым үзіліп тұрған жараспас деп, тәуекелге басты. Жоқ, күндесі кеудесінен итерген жоқ. Кір, үйге кір, деп тұр. — Біздің адамдар осы үйде ме? — Осы үйде. Осы үйде болмағанда қайда барады? Жүр енді. Сәулесі аурудан түрғандай азып қалыпты. Бала да болса, бәлені сезе ме екен, Әзиза оны бас салып күшактағанда кішкентай Сәуле күрсініп салды. Әзиза солқылдап жылап, дауыс қыла бергенде, шешесі Әрифа: — Дауыс қылма! Ярами!—деп каһарланды.

Тұрардың Надеждадан туған қызы Соня да, одан бұрынғы Наташадан туған ұлы Ескендір де... кішкентай Майя да үрпиісіп, жап-жас бала жүректеріне үрей үя салып, әлде бір беймәлім ойлағандай, әлден қартайып қалғандай, беттерінен қызыл тайып, боп-боз болып, әлден әжім түсіп қалғандай, мезгілсіз шыққан бәйшешекті қайырымсыз қатал үсік үрғандай солыңқы екен. Екі үйдің арасындағы дәнекер — Ескендір еді. Ескендір кішкентайынан, соноу Ташкентте осы Надежданың, Рыс- қүловша айтқанда, Наденьканың колында өсті. Тағдыр екен, Надяға Қүдай қос күндес берді. Алғаш- қысын, атақты сұлу Наталья Алексеевнаны Надя көрген жоқ. Бірақ одан туған Ескендірді бауырына басты. Кейінгі күндесі, міне, енді алдында отыр. Бұрын: — Жана шешен кандай екен?— деп сұрайтын Ескен- дірден. — Жақсы,—дейтін Ескендір. — Бізге көптен бері келмей кеткенің содан екен ғой,—деп ептеп қызғаныш білдіретін Надя. — Қойшы, мама, мен сені жақсы көремін,— деуші еді, есі кіріп калған Ескендір. Надежда Константиновна Тұрардан да гөрі, осы Ескен- дірді қызғанатын сияқты еді. Осы Ескендір өз шешесін көрмесе де, шешеден кенде болған жоқ. Әжесі Елизавета Петровна оны жөргегінен бағып-қакты. Өгей шешесі Надежда Константиновна оны колынан жетектеп жүріп өсірді. Кіші огей шешесі Әзиза Түбекқызы оны шекесінен шертіп көрген емес. Бұлардың үстіне тағы бір ана Ескендірге шуақты мейірімін мол төкті. Ол — Ольга Константиновна еді. Надежданың туған апасы, Жанша Досмағамбетовтың жан жары. Воронеж айдауынан кейін Досмағамбетов те Москвадан баспана тапкан, куғын-сүргіннен сәл саябыр- лаған тұсы еді. Бүлардың үйіне де Ескендір жиі барып түрушы еді. — А, Ескендір батыр кел,— дер еді Ж анш а Дос- мағамбетов,— Әкен қалай, аман ба?—дейтін.— Жұмысы көп, қолы тимейді, көріспегелі коп болды,—дейтін. Ал, Ольга Константиновна баланың асты-үстіне түсіп, бәйек болып, асының дәмдісін аузына тосатын. Қүдыреттің ісі шығар, Ж анш а екеуінен бала жоқ. Неге екенін кім білсін, осы Ескендір әлдеқалай адасып қалған өз балалары сияқты 597

көрінетін де, екеуі де Ескендірді айналып-толғанатын. Ескендір үйлеріне келгенде, соноу Ташкентте өткен жаймашуақ аз жылдардың жылылығы ілесе келгендей, ерлі-зайыпты екеуі де қаяулы көңілдері шәйдай ашылатын. Ол Түрар Рысқүлов Түркістан Совнаркомы болған кез еді. Бір жолы Ольга Константиновна Ескендірге матрос көйлек кигізді. Өздері жалақысы аз, кембағал адамдар «өкіметтің» баласына көйлек сыйлағаны жараса ма, жараспай ма, бірақ матрос форма Ескендірді қызы қты руш ы -ақ еді. Қуанып кетті. — Нарком әкеңнен байғазы сұра,— деп қалды Ольга, Ескендірдің үстіне қүйып қойғандай жараса кеткен матросканы сипап тұрып. Онысына Ескендір аса түсіне алған жок. Тек Жанша Досмағамбетов: — Оля, үлкендердің ісіне баланың қанша қатысы бар? — деп күстаналағандай болды. Сінлісінен ажырасқалы бері, Ольга Константиновна Рысқүловты үнатпайтын. Мүнысы занды да шыгар. Бірақ «ерлі-зайыптының арасына есі кеткен түседі» дегендей, Надя мен Түрардың тұзының жараспаганына кім кінәлі? Ол енді екі адамның өзі ісі. Айналып келгенде, жазмыш солай. Әйтпесе, соноу жиырма екінші жылы, қызыл Түркістаннын басшысы Түрар Рысқұлов, Орынбордагы «алаш» көсемі Жанша Досмагамбетовтың үйіне калай тап болган? Жол- жөнекей Наденькамен қалай тагдырласқан? Осының бәрінде жұмбагы көп өмір жатыр. Біз құмырсқа тіршілігінен не білеміз? Адамдардың да қымқуыт, қыбыр- жыбыр күйбеңінен аңғарып жатқанымыз аз. Адам жанынан хабарымыз бар ма? Дүниедегі қасірет атаулы сол адам жанының құпиялылыгында жатқан жоқ па екен... Міне, тагдыр шіркін тарының қауызындай тар пәтерге әкеліп, Рыскүловтың бұрынгы әйелі мен соңгы әйелін түйістірді. Бұрынгы әйелі Софья — Соня дейтін қызымен біржарым бөлмелік пәтерде тұрганда, соңгы әйелі Әзиза алты бөлмелі ақ ордада омір сүріп жатты. Бір күннің ішінде қара дауыл ақ орданы құлатты да, Әзиза бұта паналаган торгайдай, Надяның тар құжырасына келіп тыгылды. Сол Әзизаны енді күндесі Надянын өз сінлісіндей кағып-баққаны адам баласы таңгаларлық іс. — Байгұс-ау, ай-күніңе жетіп калган екенсің гой? Енді қиналып, қобалжи берме. Ішіндегі нәрестеге обал болады.

Тыныштал,— деп Эзизаны жуындырып-шайындырып, ас- тына жұмсақ төсек салып, алдына дәмді ас қойды. Одан Эзизанын жаны тынши қойған жоқ: —Лубянкаға барып қайтамын,—деп тыпыршыды. — Лубянка саған кұшағын айқара ашып тұрған жок. Құрсағындағы балаға тыныштық бер,— деп Надя басу айтты. — Сонда артынан іздер-сұрары ж ок бейшара болғаны ма, Тұрардың?— Әзиза қайтадан камыға бастап еді, күндесі: — Енді Түрарға бір Қүдайдан баска ешкім де көмектесе алмайды,— деп күрсінді.— Ойлап калма, мен Тұрарға кысастық жасап отыр екен деп. Бірак, мен білетін болсам, бұл істе екеуміздің колымыздан түк те келмейді. — Сонда не, адамдардың бәрі катыгез болып кетті ме? Кеше ғана Түрар, Тұрар деп жүретін Ворошилов қайда? Молотов кайда? Әрі-беріден кейін Түрардың ұсталғанын Сталин біле ме екен өзі, әй, білмейді-ау, білсе — босаттырар еді. Жок, мен ізденемін, барамын,— деп Әзиза байыз тап- пады. — Өзің біл, бірак баланы өлтіріп аласың, зорыға берме. — Бір кора жанды үйден шығарып тастағаны мынау... Ол үйдің мүлкі қайда? — Қой, қызым, бас аман болса, дүниесі садаға,— деп шешесі Эрифа басу айтты.—Тұрараман күтылса, дүние кайда кетер дейсің? Ал, Тұрардың ісі шынымен қиындаса, расында да, бір кора жан кайда барып корғалаймыз? Надя бізді кашанғы күтеді? Алматыға кайту керек пе? Білмеймін, кызым, картайғанда мұндай сұмдық корсет деп тілемедім Құдайдан. — Апа, көңіл жетсе, орын жетеді. Мен сіздерді ауыр- сынады деп ойлап калмаңыз,— деп ыкылас айтты Надя. Тәнірі туғаннан сала ма, тумағаннан сала ма — бұ да жарык дүниенің бір кұпиясы. Бәлесі жұғады, аулак, аулак десе, Надяға кім кінә коя алар еді? Адам жанына үңіліп көр де тан кала бер. *** Жамандык жалғыз жүрмейді, жүт жеті ағайынды деген рас екен. Надя үйінін қонырауы шырылдады. Есік ашыл- ғанда ар жағынан: — Наденька, жан дегенде жалгыз бауырым!— деп шашы бурыл тарткан, сұңғак бойлы, сыры кетсе де сыны кетпеген,

ажарлы Ольга Константиновна кіріп келді.— Жаншадан тағы айырылдым. «Қара қарғаға» салып алып кетті. Сіңлісін қүшақтап түрып, үй толы қазақтарды көрді. Ескендірден басқасын танымаса да шамалады. — Тұрар да ма?—деп айқайлап жіберді. —Иә,Тұрарды даұстады. Курортта жүрген жерінен. Ана кісі — енесі, анау ай-күніне, әне-міне босанайын деп отырған — әйелі. Ештеңеге түсінбей әркімге бір жаутан-жаутан қарап, шешесінін қолтығына тығылып түрған Сәуле... — Апыр-ау, ақырзаман келген шығар,— деді Ольга Константиновна аққүба өңі сұрланып.— Менің байым «ежелгі жау», «Алаш Орда», ал нағыз большевик Рыскұловта несі бар?! Әлде, «Алаш» аз болып, большевиктер өзін озі жей бастады ма? Надяга қараганда октемдеу, өр мінезділеу кісі еді, Сталиннен бастап Ежовқа дейін біраз заһарын тогіп алды. Надя оган: — Кой, Оля, естіп койса...— дей беріп еді: — Естісін, әлгінде Жаншаны әкеткенде де айттым. Әдейі айттым,— деп әпкесі дес бермей кетті.— Мені де алып кетсін деп айттым. Бірақ мені тұтқындамады, онбағандар. — Мына Рысқұловтар үйсіз қалды,—деді Надя жай ғана.— Сенің үйінді алып қоймаса жарар еді... — Не деп отырсың, сорлы?! Маган енді үй не керек?! Алатын заттарын алды. Жаншаның жазбаларын, жазу машинкасына дейін алып кетті. Енді ол үйді ортеп жіберседе болады. Май кұйып озім-ақ ортеймін де, озім де түрмеге түсемін. Ендігі омір маган не керек? Оһ, Жанша! О, Жаһан-Шах!— деп Ольга Константиновна кенеттен анырап ала женелді. Оган қосылып Әзиза жылады. Кой-қоймен әрең отыр екен, небары екі-ақ күнде пенде болып, мүсәпір хэлге түскенін айтып жылады. Мұндай сұмдықты көрмеген Сәуле шар-шар етіп, шошып кетті.— Эй, баланы қорқыттындар, хуатит!—деп Эрифа қайратка мінді.— Байларыңәзіртірі гой, неге жамандық шақырасындар, о бастарына корінгірлер! — деді. Ольга лезде тиылып: — Рас, бабы мы,— деді. Ол Казақстаннын Мәскеудегі тұрақты окілдігінде машинистка болып істеуші еді. Кенсе жолдарынан аздап хабары бар адам. Ары-бері әңгімеден соң, тұтқындармен 600 &

калай жолығудың амалын қарастырды. Әзизаны НКВД-ға ертіп апаратын болды. — Досмағамбетовтің түрмеге түскені бүл бір емес, талай қүқайды көрген. Қүдай жар болса, босанар. Ал, Рысқү- ловтың жолы оныкінен гөрі, жеңіл болса керек. Ізденейік,— деді. — Надяның мына куықтай үйінде күн көре алмассындар, менің пәтерім қаңырап бос тұр, соған көшіндер,— деді Рысқұловтарға. Сол екі арада Нұрбеделін ертіп, Түйметай да жетті. Бұл да тозақ отына талай түсіп, піскен адам. Аңырап жылаған да жоқ, ойбайына да баскан жоқ. Басқа түскен нәубет тас- түйіндей бекітсе керек, көңілі босаған Әзизаға: — Әруақ-Құдай жақсылығын берсін. Әліптің артын бағайық. Жылама, кебенек киген келеді, кебін киген өледі. Тұрар кебенекпен кетті ғой,— деді. Таяуда ғана ол жұмыс істеп жүрген тігін фабрикасы оған пәтер берген. Тұрардың панасыз қалған семьясын о да оз үйіне шақырды. Жайшылықта бүйтіп басы қосыла бермейтін әр нәсілдің адамдарын осындай бір ауыртпалық біріктіріп, туысқаны да, туыспағаны да жан бауыр болып, қатыгез қаталдыққа қарсы тұрғандай еді. Тасыр-тұсыр трамвай өтті. Таяудағы мектептен барабан үні естілді. Аядай үйде аспан астын кернеуге жарайтын қайғы-уайым барын сезбегендей «ен бақытты» Совет елінде тіршілік қыз-қыз қайнап жатты. ТЕРГЕУ Мәскеудің қақ ортасында, Кремльден алые та емес, дөңестеу аланда түксиген сүп-сүр үй тұрады. Кремльге әлдеқалай кіруің мүмкін, ал мұнда өз еркімен бейтарап бір жан кіре алмайды. Бұл үйдін есіктерінен, терезелерінен шыбынның кіріп-шығуы да мүмкін емес. Шыбын екеш шыбынға да күдікпен қарайды. Мәскеудің қандай бір үйі болмасын, бәрінің шатырына көгершін ұя салып, емін-еркін ұшып-қонып жүреді. Бүл қалада бұл құс атаулы мәскеу- ліктермен бірге пропискаға түрған сияқты. Көгершінді ешкім жатырқамайды.

Сол көгершін, тек мына сур тас үйге ғана үя салмайды. Үя салмақ тұрмак, маңайына жоламайды. Адамнан гөрі, жан-жануар, үшқан құс, жүгірген аң, кұрт-күмырсқа сезімтал дейді ғой. Топан суы каптарын, зілзала боларын адам алдын ала білмейді, ал әлгілер біледі. Мысалы, өткен ғасырдағы бір зор зілзала алдында, біреудің иті үйінде ұйықтап жатқан жас нәрестені көйлегінен тістеп ала кашыпты. Итім құтырған екен деп иесі мылтығын ала жүгіріпті. Артынша аяғының астындағы кара жер теңселіп ала жөнеледі... Сүр тас үйдін сүсынан корқа ма, әлде бұл үйдің адамдары күсты улайтын бірдеңе сеуіп тастаған ба, әйтеуір бүған көгершіндердін жоламайтыны рас. Бұл үйдін қызметкерлері, бәлкім, көгершіндерден кауіптенетін де шығар. Өйткені, көгершін хат тасушы қызметін де атқаратын көрінеді ғой. Тылсым құпиядан жаралған тас үйден сыртқа бір түйір сыбыс та, дыбыс та шықпауы керек. Маркүм, Феликс Дзержинский іргетасын калаған ЧК, ол дүниеден кайтқалы бері, мын есе өсіп, өнерленіп, канаты кат-кат болып калындап, каһарлы мекемеге айналғаны сонша, одан корыкпайтын, одан сескенбейтін, Сталиннен баска, бір де бір жан жоқ. Мейлің кім болсан ол бол, маған десең, Сталиннің он колы бол, бәрібір, сұр тас үйді көргенде, жүреге зырқ етпей калмайды. Міне, осы үйдің астындағы зынданға Рыскүлов түскелі бір апта өтті. Подвалды зындан демегенде не дейміз? Подвал болғанда да иір-шиыр, шытырман жолдары, дәліздері коп. Дәліз шамы өлегізіп, сыксиып тұрады. Айнала мұздай сұр тас. Мүншама тас тауы жок Мәскеудің кай жерінен табыла берген? Бірак таңғалатын не бар? Бір түйір тасы жок еспе, ұлпа құмнын арасына баяғының перғауындары соноу алыстағы Асуаннан үйдей-үйдей тас тасып, соны кашап, таудай- таудай пирамидалар тұрғызған ғой. Бүдан бес мың жыл бұрын. Пойызы жок, тракторы жок, экскаваторы, бульдозері, краны жок сол кезде әлгіндей болғанда, мына мотор заманында бір үйдін астын-үстін тастан оруі киын болып па, тәйірі? Сол подвалда НКВД-нін Ішкі түрмесі деген орналаскан, Бұхардың әмірінен несі кем: үстіңгі жағы салтанатты Сарай, асты — зындан. Шамада бір аптадан соң, айдауыл Рыскұловты зынданнан шығарып, екінші кабаттағы тергеушінін бөлмесіне жеткізді.

Бөлменің жарығынан Рысқүловтың көзілдіріксіз жарым- жан көзі қарығып, төрдегі столды, стол басында отырған адамның сұлбасын ғана көрді. — Отырыныз,—деді әлгі адам. Рысқұлов түртінектеп, шамалап барып, колымен сипалап тауып, табуреткаға отырды. — Немене, көзіңіз нашар ма?— Әйелше жіңішкелеу дауыстын бүл тұнғыш сүрағы. — Көзілдірігімді жоғалтып алдым,—деді Рысқүлов. —Жарамаған екен,—деді әлгі, сөйтіп қоңырау қақты. Кіріп келген адамға: —Барсуков, азамат Рысқүловтың көзілдірігін әкеліп бер. — Құп болады. Арада бес минут отпей, Барсуков Рыскүловка көзілді- рігін ұсынды. Рысқұлов сипалап, ары-бері тонкеріп қарады. Өзінікі сияқты. Құлағына іліп еді, жанары жарқ ете қалды. — Кордініз бе, козілдірігінізге дейін жоғалмаған,— деді стол басындағы жұтқалтан сары кісі. — Танысып қояйық: тергеуші Нейман. Мен тергеуші, сіз жауапкер. Есінізде ме, азамат Рыскұлов, камерада жатқаныңызға қанша күн болды? — Алты... иә, алты күн. — Дүрыс. Ал сол алты күн бойы сізді неге жауапқа шақырмаған? — Оны мен білмеймін. — Білмейсіз. Әрине, білмейсіз. Бірақ әріректен ойла- саныз — білесіз. Егер сізді сол Кисловодскіден келген бойда менін алдыма алып келсе, сіз: — Қандай правок бар? Мені Ежовқа жолықтыр! Сталинмен жолықтыр!—деп тулар едіңіз, рас па? — Сол талапты әлі де қоя аламын. Ежов озі де біліп отырган шығар. Ал, Сталин жолдаспен хабарласуымды қамтамасыз етуіңізді талап етемін, жолдас Ней... Нейман. — Азамат тергеуші. Түсіндініз бе, мен сіз үшін бүдан былай «азамат тергеуші». — Иә, азамат тер-геу-ші. —Демек, алты күн сізге аз болган. Адам өзінің жагдайын түсініп-білу үшін алты күн жеткілікті еді-ау. Сіз оптимист екенсіз. Алты күн жалғыздықта адам күйрей бастайды. Өзінің түтқын екенін, бейшара екенін әбден сезеді. Ал, сіз... рас костюміңіз үйпалақтаныпты, шалбардын қыры кетіпті. боз 'ч й а

Сірә, тас төсек үстінде аунақши бергенсіз ғой. Жағаңыз кірлепті... Сақалыңыз... — Жетті!—деді Рысқұлов қалшылдаңқырап. Рысқұловты кемсітіп, намысын қорлап, жігерін жасыту үшін бір-ақ сөз жетіп жатыр. Ол — жағаң кір екен деген сөз. Баяғыда-баяғыда, Алматының түрмесінде әкесі Рысқұл екеуі жатқанда, әкесі Түрарға: — Түрар! Жағанды кірлетпе!—деп ақырып қалатын. Содан бері Конституцияны да, партия уставын да оқыды. Оқымақ тұрмақ, соларды жазуға өзі де қатысты. Бүлжытпай орындады. Бірақ солардың бәрінен биік, қүдыретті Жарғы — әкесінің әлгі: — Жағанды кірлетпе!— деген бүйрығы еді. Өмірде нелер жоқшылық, жетімдік көрсе де, содан бері көйлегінің жағасын кірлетіп көрген емес еді. Ал, енді, мына неме, бұған жағаң кірлепті дейді. Не деген қорлық? Демек, әкесі Рысқұлдын аманат-бүйрығын бүзған болды ғой. Тергеуші мұның бірін де білген жок. Бірақ қорлағанын сезді. Айыпкер деп алдында отырған адамды қорлай салу ол үшін түк емес. Бұған әбден бойы үйреніп, кәдімгі әдетіне айналып кеткен. Қорлау, жәбірлеу... одан зоры, одан да сорақысы жетіп жатыр. Рыскүловтың бетіне күлімсіреп карап, отырып-отырып, тандайын тақ еткізіп, басын шай- қады. — Мінезіңіз бар екен,— деді. — Менен сіз жауап алмақшысыз ғой? — Иә. — Мен сізге жауап бермеймін. — Неге? — Жауап беруге дайын емеспін. — Қандай дайындық керек. — Моншаға түсіп, қырынып, таза көйлек киюім керек. Үсті-басымды жөндеуім керек. — Сөйлейтін сіздін көйлегіңіз емес, тіліңіз гой,— — Жана ғана мені кемсіттіңіз, қорсынып отырып, жауап бере алмаймын. — Нейман адырандап калган әкіреңбай болмаса керек, ойланып калды. Содан сон қоңырауды басып жіберіп: — Барсуков!—деді. Барсуков жетіп келді.

— Тұтқынды жақсылап моншаға түсіріп, шаштаразға алып барып, қырындырып, таза көйлек бер. Ұқтың ба? Тез орында. — Құп болады! *** Арада бір сағат шамасы откенде Барсуков тұтқынды қайтып алып келді. Нейман аңкиды да қалды: қарсы алдында мүлде басқа адам түр. Керіскедей келісті, кара шевиот костюмі де зауыттан жаңа шыққандай. Койлегінің жағасы аппақ. Тек галстугі жоқ. Жетпей тұрған бір ғана деталь. Егер галстугі болса, мүны козге тұтқын деп емес, баяғы совнарком деп елестетуге болар еді. Сонда кім тергеуші, кім айыпкер екенін ажырата да алмастай екен? «Иә, бұл қатты жаңғақ,— деді ішінен Нейман.— Әрине, озін кінәлі санамайды. Өзін кінәлі санаса, ендігі жүні жығылып, күйбендеп калар еді». Нейман алдындағы адамның тегін емес екенін сезді. Егер алғашқы келген бетте әнгіме басталып кеткенде, бүл соз жок, Рысқүловты қорлауын қоймас еді. Енді, амал жок, андысып сойлесесін. Коз алдында бейшара тұтқын емес, кәдімгідей дәрежелі адам тұрады. — Сонымен, карсы болмасаныз, жүмысымызды бас- тайық,—деді Нейман.—Мен сүрак коямын, сіз жауап бересіз. Ең алдымен шамалы гана формализм. Фамилияңыз, атыныз, әкеңіздің аты? Рыскүлов: «Осы да сүрақ па?» дегендей окыс қарады. — Сіз шыннан менің кім екенімді білмейсіз бе? — Білемін. Бірак протокол осыны талап етеді. Өз аузыңыздан шыққаны жон. Рыскұлов қитығынкырап біраз отырды да, акылға салып, майда-шүйдеге бола ерегісе бермейін деді. — Рыскұлов Тұрар Рысқүлович. —Туған жылыныз, айы, күні. Туған жеріңіз? Нейман ак кағазға Рыскұловтың аузынан шыккан созді қакшып алып, жазып отыр. Шапшаң жазады екен. — 1894 жыл, 26 желтоқсан. Верный уезі, Ш ығыс-Талғар болысы, Тау-Шілмембет ауылы. — Үлтыңыз? — Қазақ. — Шыққан тегініз? — Кедей шаруа.

— Төңкеріске дейінгі кәсібіңіз. — Жұмысшы. Бағбан. — Төңкерістен кейін? — Қызметкер. — Біліміңіз. — Аяқталмаған жоғары білім. — Партиялығыңыз? — 1917 жылғы қыркүйектен большевиктер партиясының мүшесімін. — Семья жағдайыңыз? — Үйленгенмін. Терт балам бар. — Шетелдерде тұратын туыстарыңыз бар ма? — Жоқ. — Туыстарыңыздан сотталғандар бар ма? — 1906 жылы әкем сотталған. Нейман қаламсапты сия-сауыттың жиегіне сүйеп қойды да, папирос тұтатып, шылым қорабын Рысқұловқа үсынды. — Рахмет, шылым шекпеймін. — 1906 жыл,— деді Нейман үйдін төбесіне қарап, аузынан түтін бұрқырап. Темекісін күлдеуішке салып, мыжғылап өшірді де: — Оқып шығыныз да, астына қол қойыныз,— деп әлгі протоколды Рысқұловқа ұсынды. Рысқүлов оқыды, бәрі дұрыс. «Т. Рысқүлов» деп қолын қойды. — Бүгінгі жүмыс осымен бітті,—деді Нейман. — Қалайша? Менін білгім келеді, азамат тергеуші, мен не үшін отырмын? — О, ол ұзақ әңгіме. — Қысқартып, бір сөзбен айтқанда? — Қысқартып, бір сөзбен айтқанда дейсіз бе? Асықпасаңыз қайтеді? Қәзір алдын ала тергеу жүргізіледі. Ал, қаулы содан соң қабылданады. Не үшін түтқын- далғаныңыз сол қаулыда айтылады. — Бізде: «Әкесі өлгенді де естіртеді» деген мәтел бар. Оның несін созбақтап, әспеттей бересіз. Айта салыңыз. Мысалы, мені қамауға алу үшін де мотив керек қой. Қандай күдікпен қамауға алдыңыз? Адам өлтірдім бе? Қазына тонадым ба? Жоқ, болмаса диверсия жасадым ба? Әлде, пара алдым ба? Нейман екі қолын алдына салып, саусақтарын айкас- тырып, жымиып күлді. Соны да білмейсің бе?— деген сыңайлы.— Ақылсыз емессің. Ірі қайраткер болдың. Алды-

артыңа карамайсың ба? Алдындағы Рыков қайда? Бухарин қайда? Жерлестерің Акмал Икрамов пен Файзолла Ходжаев, Нығмет Нұрмақов, Сұлтанбек Ходжанов қайда? Наивный, что ли?— Бірақ дауыстап: — Асыкпаңыз. Әр нәрсе өз мезгілімен,—деді. — Мен сіз ойлағандай, «наивный» емеспін,— деді кенет Рысқұлов. Нейман шошып калды. «Меніңойымды оқып отыр ма?» — Мен бәрін де біліп отырмын. Бірак сіздердің тағатын айыптарынызға менің ешқандай қатысым жоқ. Ғаламат жала жабылмақшы. Сондыктан да мен корғануға тиіспін. Мені қорғайтын жалғыз Сталин жолдас. Сталинге хат жазуға және оны оз қолына тигізуге жағдай жасаныз. Бүл меніц азаматтық правом. — Жазғыңыз келсе — жазыңыз. Бірақ, «өз қолына тигізуге» кепілдік бере алмаймын. Өйткені, мен Сталин жолдаспен козбе-коз кездеспеймін. — Онда Ежов арқылы. Ежов мені жақсы біледі. — Ендеше, Ежов жолдастың өз атына жазыңыз. Нейман Рысқұловқа бір парақ қағаз, қалам ұсынды. Рысқұлов қаламды үстап, сәл ойланды да жаза бастады. Ішкі істер халық комиссары Ежов Николай Ивановичке Николай Иванович! Мені сіздің қызметкерлеріңіз 21 май түнінде Кисловодскіде түтқындап, Москвага әкеліп, түрмеге салды. Сіз мені жақсы білесіз. Совет өкіметіне адал қызмет еткенім Сізге аян. Мүмкін, әлдекімдердің жапқан жала, жаққан күйесіне сеніп қалеан шыгарсыз. Мені озіңіз қабылдап, ақиқатқа көз жеткізуіңізді сүраймын және менің түрмеде екенімнен Сталин жолдасты хабардар етуіңізді өтінемін. Т. Рысқұлов. Қағазды Нейманға карай жылжытты. Нейман қадалып оқып шықты. — Орысша өте сауатты жазады екенсіз,—деді.— Қолыңыз да ап-анык, тайға танба басқандай екен. — Бала күннен жиған-терген дегендей. Аса білімді болмасак та, барымыз осы. Ал, енді сізден бір сұрайын 607

дегенім: мұнда жатқалы да біраз күн өтті. Кисловодскіде менің әйелім қалып еді, аяғы ауыр еді. Оның тағдырынан не білесіз? — Иә, озім де айтайын деп едім. Осыдан үш күн бүрын екі әйел сізге жолығуға рұхсат сұрады. Біреуі сіздің әйеліңіз, сірә, қазақ болуы керек. Екіншісі орыс әйел. Жанша Досмағамбетовті білесіз бе? — Әрине, білемін. — Ендеше, соның әйелі. — Ольга Константиновна! — Дәл озі. Таң қалдыңыз ғой. Оның да күйеуі осында. — Танғаларлық нәрселер кобейіп түр гой. Ал, сонда әйеліммен жолығуға рұхсат болмағаны ма? — Әзірше. Тағы қандай тілегіңіз бар? — Тілек болғанда... Менің кітабымның қолжазбасын сіздің қызметкерлеріңіз алған еді. Сол жоғалып кетпесе жарар еді. — Білемін. Тарихи енбек қой. Жоғалтпаймыз. Ол қол- жазба туралы әлі әңгімелесеміз. — Көп жыл тірнектеп материал жинап, түнде үйықтамай, көз майын тауысып жазған дүнием еді, шашылып, жоғалып кетпесе дегенім ғой. Рысқүловты айдауыл камераға қайта әкеліп жапты. Темір есіктегі темір құлып сақыр-сұқыр етті де тынды. Камеранын ортасында түрып, жан-жағына қарады. Жабықтемір есіктен басқа торт қабырға тұтас сұр бетон. Терезе жоқ. Төбеде торлап тастаған шам елігізіп тұр. Тақта төсек. Босаға жақтағы бүрышта «параша» дегені тұр. Ол дәрет сындыратын шелек. Басқа түк жоқ. Әр қабырғасы торт қадам. Көрден гөрі сәл кенірек. Тақтаға қисайды да ойға қалды. Енді оның ойдан басқа жолдасы жоқ. Әзиза, әйтеуір, аман-есен жеткен екен. Ал, Ольга Константиновна... Бұрынғы қайынбикесі. Жанша... бұрынғы бажасы. Қайран, Жанша. Оған да құрық түскен екен. Оған қүрық қайта-қайта түсе береді. Өмірінін ширегі түрмеде өткен шыгар. О басында түрмемен алысып, адвокат болуды қалап еді. Ақыры түрме жеңетін түрі бар. Соноу 1922 жылдың күнінен кейін, Рыскүлов пен Досмағамбетовті тағдыр туысқан етті. Бүйрық екен, екеуі бажа болды. Содан 1923 жылы Рыскұлов Жаншаны Орын- бордан Таш кентке көшіріп алды. О, 1923 жыл. Рыскұлов

Түркістанның Совнаркомы. Кімдерді шақырмады сонда ол Ташкентке. Жанша Досмағамбетов, Халел Досмағамбетов, Мағжан Жұмабаев, Әубәкір Диваев... Мұхтар Әуезов... Кілең ығай мен сығайлар. Кілен білімділер, зор таланттар. Санжар Асфандияров тағы бар.— Біздін Түркістанға қарынның тоқтығы ғана жеткіліксіз. Біздің Түркістан рухани байлыққа да молығуы керек,—дер еді Рысқүлов. Ақындар, жазушылар, ғалымдар, әншілер, жыршылар... осының бәрі енді-енді тамыр байлап, қаулап өсіп келе жатқанда, Сталин жолдас, Ленин өле салысымен, оның өлі денесі суымай жатып, Түркістанды таратып, бөлшек-бөлшек етуді жедел қолға алды да, республика жыртысқа айналып кетті... «Бөліп ал да билей берді» Сталин патшадан асырып жіберді. Ал, Рысқұлов Түркістан республикасына Қазақстанның батысын, теріс- тігін, шығысын қоспақ еді... Енді Ж анш а да осында көрінеді. Сол 1923 жылы бүлар бір үйдің адамдарындай, дастархан басында үдайы бірге болар еді. Ж анш аның балдызы, Рысқүловтың әйелі Надя босанып, Софья атты қыз дүниеге келді. Сондағы тойхана... Бәрі-бәрі коз алдында. Жанша бүрыннан атағы жер жарған адам, Ташкентте өте сыйлы болды. Оны жүрт қазактан шыққан Плевако десетін. Федор Плевако патша заманынын аты анызға айналған адвокаты ғой. Осы Досмағамбетовтін жерлесі әрі жиені десе де болады. Оның өзі бір роман. Федор Плеваконың әкесі бір орыс әкімінің қолында малайлықта жүрген қазақ қызымен көңіл қосады ғой. Орынбор маңында. Бірақ некелеспеген көрінеді. Әкесі Плевак деген латыш екен. Қазақ қызы одан үш бала табады. Бірак бәріне айналадағылар «заңсыз» деп қарайды, келеке қылады. Отырса — опақ, тұрса — с-опақ. Малай қазақ қызын орыс қожайын шок,ындырып, Екатерина деп атаған екен. Сол сормандай Екатерина тағы да төртінші бала табады ғой. Келемежден кекірік атқан адамдар бүл казақтың малай кызы болашақ үлы адам туғанын кайдан білсін? Білсе күлмес еді. Болашақ ұлы адамның анасын қорламас еді. Бірак адамдар көбінесе адасады ғой. Адамдар адаспаса заман эр кезде де түзу болмай ма? ...Сөйтіп, сорлы ана бұл баласын өзенге тастап өлтірмек болып, жөргекке орап алып бара жатқан жерінен иманды біреу кездесе кетіп, бейкүнә нәрестені аман алып қалады... 609 ч с / Г ш

Кейін сол бала аты әлемге әйгілі Федор Плевако болып шығады. «Плевак» деген ыңғайсыздау соз болган сон, ол зандастырып жүріп, фамилиясына «о» костырып, Плевако болган гой. Кейін-кейін озінің жарык дүниеге келмей жатып, өліп кала жаздаганын білгенде, Федор Плевако озінің казак анасын айыптамаган. Қайта алақанына салып, аялап отырады екен. Ал, сол Плеваконың нагашысы Жанша Досмагамбетов те кезінде аты күллі Сібір жүртына тараган айтулы адвокат еді. Жарықтык. Жанша Түрарга откен-кеткен хикаясын айтып отырып: — Білесің бе, Түрар, бірінші рет сот алдында жаламен айыпталган адамды коргауга барганымда, үстімде фрак та ж ок еді. Ал, сотка адвокаттын фраксыз баруы — ісінің теріс кетуімен бірдей. Бірақ мен сол процесті женіп шыгып, алгашкы қаламақыма фрак сатып алдым,— дер еді. Сөйткен Жанша Досмагамбетовтін озіне кәзір адвокат керек. Әрине, бұлар енді бұрынгы жарасының аузын тырнап канатады. Эрине, «Алаш» дейді. Сен соның көсемісің дейді. «Алаш» алдақашан кешірілгенін, Лениннін озі оган кешірім жасаганын есепке алмайды. Әлде, есепке алар ма екен? Тәрізі жаман, алмайды-ау. Әйтпесе, Жаншага бүрын да сот бол- ганын, одан акталганын бүлар білмей отырган жоқ кой. Тегіннен тегін кайтадан үстамайды гой. Рысқүлов сонда, такыр такта үстінде жатып, баягы Орынбордың кешін еске алды. Жаншанын жүпыны құжырасы еді. Қызарып барып, күн баткан кеш болатын. Жанша мен Ольга косылып, «Вечерний звон» — «Кешкі қоңырауды» айткан іңір шак. Армандар айдынында жүзген кос акку. Жұптары жазылмастай еді. «Қозы Көрпеш, Баяндай бір молада өлсем-ау» деген ән осыларга багыш- талган сияқты еді. Акыры жүптары жазылыпты. Сынарынан айырылган Ольга Константиновна тас капастагы Жаншаны коруге келіпті. Жолыктырмапты. Қос акку бірі жазым болса, екіншісі де — құсадан оледі деуші еді. Қос акку. Жанша мен Ольга. Бірін-бірі аймаламаса отыра алмаушы еді. Енді кайтпек? Енді не болады? Тәңірі ісі — тәлкек. Тәнірі ісі — тәлкек. Адамнын басы — Алланың добы. Қалай тебеді, солай домалайды? Әйтпесе, бірін-бірі алақа- нына салып отыргандарды ажыратып несі бар?

&&&&%&&&&&' ЦЦ Мүмкін, Тәңірге тиіспеу керек шығар. Дүниені бүлдіріп жатқан Тәңірінің тәрбиесінен шығып, қүдайсыз болып кеткен адамдар болар. Ал, ондайларға: «Тәйт, малғүн!» деуге жарамаса, Тәңірінің қүдыреті қайда? Әділет аттаған, қиянат қылған қаражүректерді неге тәубаға келтірмейді? Мүмкін, жәбір көрген жанға Тәнірі куат берер, көкірегіне нұр себелетіп; отты тіл, орақ ауыз беріп, өзін-өзі ақтауына септесер? Жанша Досмағамбетов, талай жазықсыздарды жазадан аман алып шыққан айтулы шешен, айбарлы адвокат — Жанша Досмағамбетов өзін өзі қорғап шығар? Омбыда ол баяғыда кінәсіз қараланған орыс әйелін сотта арашалап сөз сөйлегенде, жұрттың бәрі, тіпті соттың өзі де солқылдап жылаған деседі. Айдаладағы әлдебір әйелді солай жанын салып қорғағанда, Жанша Досмағамбетов өз басына тажал төнгенде, өзін өзі қалай қорғамас екен? Сөз береді ғой, сөйлейтін болар. Бірақ мына Жоғарғы соттын Әскери Коллегиясының бастығы, бас сот Ульрих Жанша Дос- мағамбетов озін озі қорғап сөйлегенде, сол Ульрих солқылдап жылай қояр ма екен? Әне, мәселе қайда? Бас айыптаушы, ягни бас прокурор Вышинский жүрегі елжіреп, кеңілі босай қояр ма екен? Ульрих те, Вышинский де анадан, адамнан туган. Анадан жана туғанда адамдардың бәрі бірдей. Мүмкін, адамның анасы заманы шығар. Заман калай қакпайлайды, солай қарай қайырылып, ыктияры өзінде болмай сорлай ма екен? Заманына қарай когамы болар ма? Адамдар қоғамы. Қоғам — тобыр ма? Сиыр да тобыр, қой да тобыр. Бір табын сиырды ұзын қамшылы бір адам жат десе жусатады, тур десе өргізеді. Оның аты бақташы. Мәселе — бақташыда. «Дүние бір қисық жол бүрандаған» деуші еді Рыскұл марқұм. Сол жол бүраландап жүріп, Ольга Константиновна мен Әзизаны біріктіріп, түрменің терезесіне үңілдіріпті. Үңіліп күйеулерін іздейді. Күйеулер көрінбейді. Көрсет- пейді. Жолатпайды. Ольга Әзизага жол көрсеткен болды гой. Мұндай сүмдықты туасы көрмеген Әзиза байгұс, әйтпесе, оз бетінше Лубянкага жол таба ала ма? — Менің сінлімді тастап, сені алганда Рысқүловтын мүйізінің қарагайдай болганы кайсы?— деп Ольга теріс айналса, Әзизанын қолынан не келер еді? Бетегесі бытырлап, сексеуілі сатырлап, даланы өрт алганда ақбәкен мен қасқыр бірге кашатын көрінеді. Басқа түскен ортақ нәубет

араздасқанды, ажырасқанды жақындатады. Әйтпесе, Әзиза Рысқұловтың табалдырығын аттағалы бері Ольга да, Жанша да Түрармен хабарласқанды сап тиған. Енді, міне, сол Ольга Әзизаны қолынан жетектеп, тас түрменің бұлым-бүлым бұралаң қуыстарын түртінектеп, күйеулерін таба алмай жүр. Тас қапастағы жалғыз жанның жарық сәулесі — басын- дағы ойы дегенмен, ойлануға да дағды керек. Өмірбақи әрекеттің, ірі-ірі қимылдың ішінде жүрмесе, көңілі көншімейтін Рысқұлов мына жатыстан жалығып, іш-құса бола бастады. Не кітап, газет оқи алмайды, не жазу жаза алмайды. Тым құрыса, қағаз бен қалам берсе... Нағыз жазу жазатын жер түрме болар. Неше толқын ойлар жосылып жатыр. Қүмдауыт жағаға келіп жығылып жатқан ақжал толқындар қанша соққыласа да құмда із қала ма? Мына қагазсыз-қаламсыз ой да сол сияқты. Рысқүлов өсіп кеткен тырнағымен қабырғаны тырнап көрді. Сүр бетонда із қалған жоқ, ал тырнағы жыртылып, жырымданып қалды. Тырнақтан басқа қаруы жоқ. Оның өзі тас кабырғаға болмашы із салуға да жарамайды. Жата берсе, жаншыла беретініне көзі жетті де төрт қадам шаршы камераны айналып жүре берді, жүре берді. Басы айналып, тақтаға барып қүлаганша жүре берді... *** Тергеушінің алдына екінші рет алып келді. Нейман орнынан түрегеліп барып, қайта отырды. Рысқүловтын сақалы тағы өсіп кетіпті, жагасы тагы да кір шалғандай екен. Кір қайдан жүғады? ІІІахтага түсіп жатқан жоқ. Кетпен шауып, орақ орып, жер қазып жатқан жоқ. Тәулігіне екі-үш рет қана ашылатын темір есіктен басқа саңлауы жоқ тас камераға шан-тозаң қайдан кіреді? Костюмі де мыжылыпты. Рысқүловтың өні сүзектен түрғандай екен. Ол алғашқы талабын тагы қойды. — Моншага түсіп, іш киім ауыстырмай, сақал-мүртты алдырмай, ешкіммен сөйлесе алмаймын,—деді. Жирен шашын бір жағына қарай жылмита қайырған, дәл жұтқыншағынын тұсында құмалақтай қалы бар Нейман, Рысқұловқа бала күнінде Тау-Шілмембет ауылынын көге- нінен көрген жағал лақты еске түсіреді. Жағал лақтың алқымында бармақтай түймесі болушы еді, төбелінен бастап, жон арқасы, алқымынын жүні қып-қызыл да, басқа жағы 612

кара болатын. Ондайды казак жағал дейді. Мына кызыл шашты, мойнында коныр калы бар, кара костьюмді Нейман Рысқүловка кенеттен сол алыстағы ауылды елестеткені ғой. — Бұл тілегіңізді орындай алмаймын,— деді Нейман бұл жолы салкын кабак танытып. — Неге? — Ереже солай. — Өткен жолы ше? — Өткен жолы бір рет ереже бұздық, со да жетеді. Нейман ар жағын айтпады. Айтқанда, Рыскүлов Ней- маннын үстінен қарайтын Глебов деген бастык бар екенін, сол Глебов өткен жолы Рысқұловка жасаған «мырзалығы» үшін, Нейманға ескерту жасағанын білер еді. Мүндағылар сыр шашпайды, сыр шашса, ол ЧК бола ма? Мұндағылар сыр тартады. «Досье» жинайды. Сен туралы не бір деректерді досье дейді. Айталык, бұл кеңседе Рыскүлов туралы кандай досье барын Рыскұлов білмейді, ал мұндағылар біледі. Адам туғанда екі иығына екі періште қонады дейді. Он иығындағы періште адамның оң істерін, сол иығындағы періште теріс кылыктарын хатқа тізіп отырады екен. Содан ахиретке барғанда адамнын жамандығы мен жаксылығын таразыға салып өлшейді екен. Жамандығың коп болса — тамұққа тарт, жақсылығын коп болса — жүмакка жонел. Әділ ғой. Ал, мұнда да солай ма? Кім біледі? Солай ма, солай емес пе — тергеу дейтін театр көрсетеді. Нейман сазарып отырып: — Ал, бастаймыз. Мен сұраймын, сіз тек шындыкты айтасыз,— деді. — Шіркеу сиякты болды гой,— деді Рыскұлов мырс етіп. — Иэ, солай десе де болады. Шіркеуде, тек шындык айтылады. — Шіркеу шындык айтканың үшін күнәнді кешіреді. Ал күнәсі жок адам не айтады? Нейман кабак шытты. — Тергеуші сіз емес, мен. Маган бұдан былай сүрақ коймаңыз. Нейман кагазын жайып, каламын колына алды. — Мәселені 1915 жылдан бастаймыз. 1915 жылы кайда болдыныз? —Ташкентте. — Не істедіңіз?

— Мүғалімдер институтінде оқыдым. Сабақтан қол бос уақытта, Ташпулат деген бай өзбектің бау-бақшасын күтіп, бағбан болдым. Көмектесетін туыстын жоқтығынан. — Одан басқа не істедіңіз? — Баска не істейін? Оку оқып, жүмыс істеген адамның басқа шаруаға қолы тие ме? — Көлбай Тоғысов дегенді білесіз бе? — Білемін. — Оның «Үш жүз» деген партиясын да білесіз ғой? — Естідім, бірақ оған қатысым жоқ. — Қатысыңыз жоқ? — Жоқ. — Жарайды. Міне, бүл жерде жалған айттыныз. Ал, Мунавар Кары дегенді білесіз бе? — Естідім. — Оның «Иттихад ва Таракки» деген партиясын білесіз бе? — Естуім бар. — Естуіңіз бар. Естіп қана койған жоқсыз. Тікелей қатыстыңыз. «Иттихад ва Таракки» деген қалай аударылады? — «Бірлік пен өрлеу». — Оны кайдан білесіз? — Ондық сауатым бар. — «Шуро-и-исламия» деген не? Қалай аударылады? — «Ислам кеңесі». — Ол да партия ғой? — Иә. — Мүше болдыңыз ғой? — Жоқ. — «Иттихад ва Таракки» партиясынын түпкі мақсаты? — Білмеймін. — Білесің!— Енді Нейман «сіз» деп сыпайылағанды койып, «сенге» көшті.— Білесін. Әбден білесің. Оның түпкі мақсаты — Жапонияның қолдауымен Түркі-Татар мемле- кетін күру еді ғой. Қалайша үмыттың? — Мен мұндай арандатушы сүрақтарға жауап беруден бас тартамын. — Бас тарта бер. Бірақ бәрібір мойындайсың. Ал партияның Орталык Комитетінің мүшесі болған Файзолла Ходжаев біздің колымызда. Мойнына қойып береді. Куәларын көп. Қашып құтыла алмайсың. Әуелі ен жакын достарың Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Қай-

ғысыз Атабаев, Юсуп Абдрахманов, Нығмет Нұрмақов қойып береді. Рысқұлов көзін жұмып, қайда отырғанын ұмытқандай, ойға малтығып қалды. Қайран Ахан тағы түскен екен ғой темір торга. Арыстанды тек темір торға қамап үстайды. Ахаң бүған жала жаппас. Олай болуы мүмкін емес. Ахандай асыл зада туа бермес. Ол мұны оққа байламайды. Жалған! Бірақ цирктегі найсаптар арыстанды да айтқанына көндіріп, айдауына жүргізеді-ау. Тіпті жұртты алдап, кейбір сайқал циркші басын арыстанның аузына да тығады. Сонда көрермендер таң қалып, қол шапалақтайды. Батырлығына сүйсінеді. О, сорлылар! Алданғанын білмейді. Арыстанның азу тісін қағып алып тастағанын олар білмейді. Азу тісі жоқ арыстан — арыстан ба? — Ал? Рысқүлов көзін ашып алды. Дүниеде не жаман — өзіңнің ақ екенінді дәлелдей алмайтынын жаман. Дәлеліңнің бәрі айдалаға кетіп, оны үғар құлақ, түсінер жүрек болмағаны азап. Рысқүлов сол азап батпағыныңтереніне батқанын сезді. Бірақ үміт өлмейді ғой, үміт өлген жерде адамды тірі екен деме. — Азамат тергеуші,— деді Рысқұлов түрменің тіліне көндіге бастап.— Мен сізге әне күні бір тілек айтып, қолыңызға хат беріп едім. Мәселімді қайтармай қабылдап алып едіңіз. Иманды екен деп іштей сүйсіндім де. Сол хатым Ежовтын қолына тиді ме? Нейман енді шауып бара жатып, алдынан бір ор кездесіп, оқыс тоқтаған аттай оқыранып қалды. Әлгінде ескертті: маған сұрақ қойма деп. Оған пысқырмады. Сұрақ қойып отыр. Керісінше мұның сұрағын жауапсыз қалдырды. Дегенмен, бірденесі бар, мысы басып кететіндей... Глебов ескертті: оның үлкен-үлкен қызметте болғанының бәрін үмыт деп. Колхоздың қамбасынан картоп ұрлаған мүжықтан жауапты қалай алар едін, солай ал деп. Кәзір: — Сұрақ қойма! Менің сұрағыма жауап бер! Жалтарма!— деп столды жұдырығымен қойып қалғысы келді де, әлдене тежеп қалды. Онын орнына:— Көмекшісіне тапсырдым. Одан арғысын білмеймін,— деді. Шындығында, Ежовтың көмекшісінен бұрын, Глебовқа, өзінің тікелей бөлім бастығына көрсеткен. Глебов Рыс- құловтың Ежовқа жазған хатын оқып шығып: «Вот нахал!» — 615 .

деген. Артынша: «Мейлі, көмекшісіне бер. Николай Ива­ нович бір рахаттанып қалсын», деді. Тұтқынның арызын оқығаннан Ежов неге рахаттануга керек? Нейман ойланып калган. Мұндағылардың бәрі Ежовқа еліктеуге тырысады. Жүріс-тұрысына дейін, соз сөйлеу мәнеріне дейін... Нейман шамданып отыр. Өзінің осалдыгына озі ыза. Бүл сүрақ қояды, ал Рысқұлов әңгімені бұрып, айдалага алып кетеді. Ал, бүгінгі сүрақ-жауаптың протоколын Глебов күтіп отыр. Глебовқа не бетін айтады? Оның алдына танбасыз ак қагазды апарып қоймақ па? — Кәне, сұраққа жауап беріңіз,— деді Нейман. Қайтадан «сізге» көшіп кеткенін кеш андап қалды. Одан бетер ызаланды. — Мен айттым гой: арандатқан сүрақтарға жауап бер- меймін. — Жақсылықпен жауап бермесеңіз, сізді не күтіп тұр- ганын сезесіз бе? Тагы да «сіз». Аузынан калай шыгып кеткенін сезбей қалатын не жыны бар? Өз сөзіне озі ие бола алмайтындай не Күдай ұрды? — Сеземін,— деді Рысқұлов айылын жимай. — Жете сезінбей отырсың,— Бүл жолы сөзі дүрыс шықты,— Сезінсең бүйтіп кергімес едің. Бірақ ескертемін: қор боласыз.— Қайтадан «сіз». Шайтан алгыр. Мынаның бір сиқыры бар ма? Глебов айтады: картоп үрлаган мұжықтай көр дейді. Ал, мынаның айылын жимай отырысы мынау. Сақал-шашы өсіп, киімі де мыж-тыж болып қалса да әлі төредей. Ақылына, сөз сөйлеу жүйесіне, өзін өзі тік үстасына, тұп-түнық түңгиық көзіне қарап отырып, қайтіп мүнымен мұжықша сойлесесің. Мүмкін, Глебов озі сөйлесіп көрер. Онда: Нейман, сен тұтқыннан жауап алуга жарамайсын. Сенің орның бұл емес, бар, шошқа бак десе — не болмак? — Сонымен, не де... әлгі «Иттихад ва Таракки». Түрік- Татар мемлекеті. Есіңізге түсіріңіз. Жапония протекциясы. Рас қой? Қатыстыңыз гой? — Сандырақ. Нейман жүдырыгымен столды қойып қалды. Сия сауыттың жиегіндегі калам жерге үшып түсті. Қор қылганда, Нейман әлгі қаламды еденнен озі көтеріп алды. Артынша

ІМ Ё І өзіне өзі тағы ашуланды: «неге анаған көтертпедім? Алып бер ана қаламұшты!—десем, ол міз бақпай отырып алса»... Одан ары не болмақ, қол жұмсамақ па? О басында занды ойлап шығарғандар — даналар. Соноу түнғыш рет «юстиция» дегеннен бастап, заң ізгілікке қызмет етуге тиіс еді. «Юстиция» дегеніңіз Әділет деген соз ғой. Москва университетінде ақ сақалды профессорлар Нейман- ның басына осы ұғымды құйып-ақ баккан. Сойтсе, профессорлардын лекциясы бір баска екен де, тікелей жүмыс бір басқа екен. Дәл кәзіргідей, Глебовтың тапсырмасындай жүмыс істеу, университетте бес жыл оқып, әптер-тәптер әуре болудың түкке қажеті жоқ екен. Ал, қараңыз, Рыскүлов жана «сандырақі» деп баттитып салды. Сандырақ екені рас, оны Нейман да біледі. Бірақ тапсырма: осыны қайтсен де мойындат дейді. Мойындату үшін занды белден басып, зорлықка бару керек. Зорлықпен мойындату керек. Ал, профессорлар бүлай окытқан жоқ. Ал, зорлағанныц өзінде мойындамаса ше? Одан бетер зорлай түс. Сөйтіп, палачқа, жендетке айнал. Диплом саған сол үшін берілген. Рысқұловпен алғашқы тәжіке осындай бір ойға да калдырды. Нейман онай жеңіс болмайтынын түсінді. Шын- дығында кім түтқын? Рысқұлов па? Нейман ба? Шындықты сезе тұрып, әділетсіздікке бару — үлкен тұткынныц қамытын кию екенін сезіну де қиын, сондықтан да жаның топастана береді. «Қарсы сұрақ қоймаңыз», деп ескертсе де Рысқүлов Нейманға тағы сауал берді: — Мен сізге жауап беруге тиісті емеспін. Біріншіден, мен большевиктер партиясыныц мүшесімін. Мені тұтқынға алу үшін, Устав бойынша, занды түрде партиядан шығару керек. Бір. Екіншіден, мен ВЦИК-тің мүшесімін. ВЦИК сессиясы мені мүшеліктен шығармай түрып, мені қамауға алуға ешкімнің де қақысы жоқ. Айтыңызшы, мені қамауға алуға кандай Заң бар? Нейман тосылып қалды. Партия мүшесі, ВЦИК мүшесі. Олардан шығармай тұрып, тұтқындауға болмайтынын Нейман да біледі. Бірақ, формальды түрде болса да, Рысқүлов партиядан, ВЦИК-тен шығарылды деген қағаз бар ма, жоқ па — оны білмейді. Тек тістеніп тұрып: 40-626

— О жағынан қам жемеңіз. Сізді тұтқындауға ордер берілді ме, берілді. Ар жағы қиын емес. Сіз алдақашан партиядан да, ВЦИК-тен шығып қалғансыз,—деді. — Мені сыртымнан шығара алмайды. Ондай Заң жоқ. — Заң жөнінде мұндағылар сізден ақыл сұрай қояр ма екен? — Менің тағы бір өтінішім бар. — Айтыныз,— деді Нейман ықылассыз. — Маған орталық газеттерді беріп тұрса болар еді. — Оны қайтесіз? — Оқимын. — Не үшін? — Совет өкіметі орнында ма, жоқ па — соны білу үшін. Нейманның сарғыш көзі шақшиып кетті. — Не сандырақтап түрсыз?!— Дереу сөзбе-сөз қағазға түсірді. — Сандырақ емес, күдік. Совет өкіметі үшін бар ғүмырын сарп еткен адамдар шетінен қамауға алынып жатса, сонда көнілге күдік кіре ме, ж оқ па? Нейман жауап берген жоқ. Рысқүловтың аузынан шыққан сөзді қағазға түсіріп болып: — Енді мынаған қол қойыңыз,— деді. *** Камераға қайтып келген сон, Рысқүлов әлгі Нейманның айтқандарын сөзбе-сөз еске түсіруге тырысты. «Иттихад ва Таракки» дегенді әкеліп жапсырмақшы. Мунавар Кары дегенді талай естіген, бірақ сөйлескен адамы емес. Бұл не сандырақ сонда? Осыдан екі-үш жыл бүрын алыста, Москвада жатқан бүған Алматыдағы Жантоқов деген біреу республикалық газет арқылы тиіскен. Рысқұлов баяғыда «Шуро-и-исламия» партиясының мүшесі болған деп сан- далыпты. Оған Рысқұлов сол газеттің өзі арқылы жақсылап тұрып жауап берген. Ал, «Иттихад ва Таракки» дегенді, тіпті жалақор Ж антоқовтың өзі де атамап еді. Енді алғашқы улы оқ болып сол қадалып түр. Рысқұлов тас қапаста осылай отыра берсін. Ойлансын. Ойлауға ешкім тыйым сала алмайды. Ал, дәл сол мезгілде Сталин өзінің уәзірлерін шақырып алып, бәріне бір-ақ сұрақ қойды: — Еге-е-ер, Жапония бізге соғы-ы-ыс аша қалса, сонда-а-а... жапондардан корейлерді қалай айырамыз?

Уәзірлері ойланып қалды. Ворошилов, Молотов, Кага­ нович, Калинин, Берия, Ежов... Сұрақтың астары түсінікті. Қиыр Шыгыста, совет жерінде де корейлер тұрады. Егер жапон соғысса, жапондарға түр-түсі ұқсас корейлерді абайламай атып аламыз ба, деп қауіптеніп отырған жоқ Сталин. Корейлер жапондарга қосылып кетер деп отыр гой. Жапонга да, корейге де араласы жоқ, олардын тілін де, дінін де, арман-тілегін де, қайгы-қуанышын да білмейтін уәзірлер тұқшиысып калды. Сонда Берия шошаң етіп: — Жапондардан корейлерді айыру оп-оңай,— дейді. — Қалай?—дейді Косем. — Корейлерді котере көшіріп жіберу керек. — Қайда? — Кавказга емес, әрине, Қазақстанга! *** Тергеуге үшінші рет шакырылды. Бұл жолы Нейман жалгыз емес екен. Жанында қасқабас полковник отыр. — Төртінші бөлімнің бастыгы Глебов,— деп таныстырды озін. Үні октем. Басының қасқалыгы болмаса, баягы Ташкенттегі Успенскийге ұксастыгы коп екен. Бетіне біз тықсаң батпайтын, беті — бет емес, кон жапсырып койгандай, жап-жалпақ, айыр иек. Мұрны қонкақ. Козілдіріктін ар жагынан жылан коз ызгар шашады. Нейман мүның касында иман жүзді екен. Успенский марқүм, Түркістан республикасында Ерекше болімнің бастыгы болатын. Рысқұловқа істемеген бәлесі калмаган. Кушекин екеуі қосылып алып, коп қорлык көрсеткен. Ақыры озі әшкереленіп, атылып кетіп еді. Одан бері де он сегіз жыл өткен екен. Кім біледі... атылды деген Успенский әлдеқалай тірі қалып, енді Рыскүловтың алдынан шыгып отырмасын. Он сегіз жылдың ішінде адам пішіні өзгеріп, шашы түсіп, каска бола салу киын емес-ті, Фамилиясы... Фамилиясын озгертіп алып жүргендер аз ба? Косемнен бастап, косемдерден бастап... Жылан коз міз бақпастан, кірпік кақпастан Рысқүловқа үзак карап, үнсіз отырды. Едәуір уақыт осылай үнсіз сұқ кадап болган соң: — Ал, айыпкер, айтынызшы, сіз неге менін комекшім Нейманға жауап бергіңіз келмейді,— деді.

Енді Глебовқа Рысқұлов тесіле қарады. Үн қатпастан, көздер мен көздер арбасып көп отырды. Глебовтың көзі — атылатын мылтықтың аузындай сүп-суық, Рысқүловтың көзі — түпсіз терең азап пен қасірет түңғиығы. Кінәлі көз болса — қипақтап кетер еді, шыдай алмай тайқақсып, жыпы- лықтар еді. Тұңғиыққа тас тастап жібермесең осылай мыз- ғымай, үлы қасіреттің уытын шашып, қаратас болса да жүрегінді шымырлатар түрі бар. Глебов шыдай алмай: — Айтыңыз!— деп арс етті. Қабаған итке тас лақтырсаң өршелене түседі. Мұны Рысқүлов бала күнінде талай көрген. Көрші ауылдағы Нұрсалы деген кісінің иті абалап тұра үмтылғанда, басқа балалар бытырай зытып берді, бұл тапжылмай тұрып қалды. Итте де иман жоқ екен, тайсалмай тура бетіне шапшығанда бүл қос колымен ақсиған азудан алып, қасарысты да қалды. Сөйтіп, сол алақанының қалың еті жалбырап шыға келді. Ахат атасы киіз күйдіріп басып, жолжапырақ таңып, жалбыз тағып, әрең жазып алып еді. Содан алақанында үзыннан үзақ тыртық қалды. Алақанның сызығы — адамның тағдыры, өмір жолы десіп жатады. Ол сызыктуасы бітеді. Сол туасы біткен сызыққа қабаған иттің әткір тісінің тыртығы қосылды. Бұ да болса нышан шығар. Бүл ғүмырда Рысқүловқа қабаған төбеттер коп кездесті. Коп қапты. Енді мына Глебов... — Айтыңыз!— деп арс етті. — Мен арандатқан сұраққа жауап бермеймін,— деді Рысқұлов сабырмен. — Сіз, мүмкін, бізді менсінбейтін шығарсыз, мүмкін, біз сіздің тақияңызға тар келетін шығармыз? Мүмкін, сіз Мемлекеттік айыптаушы Вышинский жолдастын өзі жауап алғанын қалайтын шығарсыз? Асықпаңыз. Вышинский жолдас сізді ұмытқан жоқ. Уақыт келеді. Ал, біздікі — алдын ала тергеу. Түсіндіңіз бе? Алдын ала тергеу. Предвари­ тельное следствие! Глебов жауап күтіп, безірейді де қалды. — Мен әуелі не үшін тұткындалғанымды білгім келеді? Маған қандай айып, қандай кінә тағылмақшы?— Рысқұлов та жауап күтті. Глебов басын шайқап, бір езулей мырс етті де: — Сендердің бәрің бір қалыптан шықкан сияқтысындар. Сіздің пікірлес, рухани туысыңыз Рыков та дәл осылай деп еді. «Не үшін? Қандай кінәм үшін?» Бірінің аузына бірі

түкіріп қойғандай. Рыков та осында отыр. Білетін шығарсыз. Не үшін отыр? — Мен білетін Рыков адал адам. Лениннін серігі. Одан жау іздеу — қараңғы үйден кара мысық іздеу, тіпті сол мысық мүлде жоқ болса да... —Оһо!—деді Глебов қасын керіп.— Сіз философиямен де айналысады екенсіз ғой. Жөн-жөн. Ал, осында Бухарин де отыр. Вышинский жолдастың сөзімен айтқанда, «түлкі мен шошканың дүбәрасы». Міне, сол «түлкі мен шошқаның дүбәрасы» да жауап алған сайын Гегельден соғады да отырады. Біз Гегельдің кім екенін білмейтіндей. Білеміз, Гегельді. Буржуазияның асыранды төбеті. Ал, сіз болсаңыз, азиат екеніңізді танытып, Конфуцийдің әруағын қозғап отырсыз. Білімдерінді көрсеткілерің келеді. Сол білімді адал іске, Сталин жолдас бастап орнатқан социализм ісіне жұмсасандар ғой. Ал, сендер сол орасан күшпен орнатылған социализмді құлатуға тырысып, жанталасып жүрсіндер. — Түсінікті болды,—деді Рыскүлов. — Не түсінікті? — Менің не үшін отырғанымды айтып қойдыныз. Ал, енді бүл, кешіріңіз, азамат тергеуші, нағыз барып түрған сандырақ. Рысқұлов, мына Рыскүлов, бүкіл саналы өмірін социализм үшін сарп еткен Рысқүлов, енді сол социализмді күлатпақ па?! — Ол аз болса, ССРО-ны құлатып, Орта Азия мен Қазақстанда «Үлы Түркістанды» орнатпақ. Ол аз болса, баяғы-баяғы ұлы Тұран мемлекетін қайта құрмақ. Дәл түстім бе? Глебов өзінің тапқырлығына өзі мәз болып, кеңк-кенк күлді. Жанында қағаз жазып отырған жылмақай жирен шаш Нейман, торен соқыр болса, бір козінді қысып отыр дегендей, о да күлді де: — Рас-ау,— деп койды. Ал, Рыскұловтын санасын қайғы бұлты қаптады. Мыналар мына түрімен істің байыбына барып, ақ пен қараны ажыратып, әділдікке жүгінетін түрі жоқ. Жон білетін, білімі жетік, жан-жақты толғай алатын адамдар болса бір жөн. Тапсырмамен, дайын сүрақ, дайын қалыппен келіп отырған орындаушылар. Ал, дәлелдеп кор ақ, адал екенінді. Күні кеше Бухарин кім еді? Лениннің озі санасқан сардар еді. Енді мына тексіздер оны түлкі мен шошқанын некесінен туған дүбәра деп отыр. Сонда кімді аяйды бұлар? Қай заманда

туып, қай заманға кез болғансың, Рысқұлов? Кедерлі кер заман осы ма?... Глебов — Нейман емес. Глебов дүлей. Алдына Рыс- қүловты екі рет шақырып алып, екі рет түк өндіре алмаған Нейманды жерден алып, жерге салды. «Салага» деді. Сірә, шаласың, әлжуазсың дегені шығар. Сол кездегі, Ягода мен Ежов түсындағы тергеушілердің тілінде, яғни жаргонында «қысыр сиырды идіру» деген ұғым бар еді. «Сен қысыр сиыр тұрмақ, бұзаулы сиырдың озін сауа алмайсың»,—деп үрысты. Енді сол «қысыр сиырды» қалай сауу керек екенін корсетпек боп озі келген түрі еді. Бірақ өзі де ондырып ештеңе «сауа» алмай отыр. Нейманга таба болатын болдым-ау деп іштей ызаланып отыр. — Сіз, айыпкер Рысқұлов, әлгінде Рыков адал деп қалдыңыз-ау. Ленин сенген серігі дедіңіз. Шыннан солай ойлайсыз ба, жоқ, әлде « бөрік кигеннің намысы бір» деп, Совнаркомда бірге істеген соң қимайсыз ба? — Мен 1926 жылдан бастап, Рыков Совнаркомнан жазықсыз кеткенге дейін бірге жұмыс істедім. Лениндік гвардияның нагыз тарланы деп таныдым. Осы айтқанымнан кайтпаймын. Глебов зымияндана басын шайкады. — Ай-ай, адамдар-ай, калай гана адасады,— деп аяды.— Айыпкер Рысқүлов, сіз Рыковтан бүрын емес, кейін тұткындалдыңыз. Не себептен екенін ангарасыз ба? Рысқүловтың өзегі мұздап қоя берді. «Мынау не қоңырсытып отыр, шыннан...» Глебов психолог еді, Рысқүловтың өңінің өзгергенін байқап қойды. — Иә, иә, дұрыс күдіктеніп отырсыз. Рыков алгашкы жауаптың өзінде-ақ сыбайласы, серігі ретінде сізді атады. — Серігі болганым рас... Онда тұрган не бар? Глебов салалы саусагын кезеп: — Өйтіп монтаны бола калмаңыз. Әңгіме — Совет окіметіне кастандық жоніндегі серіктік туралы. Қарай гор, білмегенсуін. Жүрегі түскір бір жамандықты сезеді. Бірак конілді кайтіп сендіресің? Ақылды қайтіп адастырасың? Ақылга симайды гой. Осы ойын жеткізбек боп, Рысқүлов: — Сонда қалай, азамат тергеуші, Рыков патша жан- дармдарынан азап көріп, бір шыбындай жанын шүберекке түйіп жүріп, азаттық үшін арпалысып жүріп, Совет өкіметін 622

орнатысады. Айталық, мен де... Сонда қалай, өзіміз орнатқан өкіметті өзіміз қүлатпақпыз ба? Глебов бұл сұраққа дайын көрінеді. — Бәрің солай сайрайсындар. Зиновьев пен Каменев Қазан төңкерісіне қарсы болған. Енді олар да сендер сияқты безектейді. Совет өкіметін орнатысып едік, не жазығымыз бар деп жылағанда етегіне жас толады. Айла-шарғы. Бәрібір қүтыла алмайсындар. Ең жақын деген досын Рыков сені сыбайласым деп отырғанда, кайда, қалай қашып құтыласын? Одан да езе бермей іске кошейік. — Рыков мені жау деп атауы мүмкін емес. Ж әне оның досы жалғыз мен емес. —О!—деп колын шошайтты Глебов.—Өте дүрыс. Жалғыз досы сен емес, толып жатыр. — Кімдер сонда?—деп Рысқүлов шапшыды. — Коп. Бухарин, Томский, Раковский, Крестинский, Ходжаев, Икрамов, Атабаев, Нұрмақов... Көп. Мен сізге айтайын: Рыков пен Бухарин шатаспаған, шатастырмаған жер жоқ. Соноу Қиыр Шығыстан, Қиыр Батысқа дейін. Спрут! Ондайды білуші ме едіңіз? Спрут — теңіз алпауыты. Толып жатқан аяғы бар. Сол аяқтарымен жұрттың бәрін жалмап, матап алған. Отан, партия сеніп берген билікті олар солай пайдаланған. Көксегендері — капитализм. — Онда кезінде капитализммен неге күрескен? — Көзбояушы жалған күрескерлер. Кәне, сонымен тікелей шаруамызға кіріселік. Өткен жолы сізге «Иттихад ва таракки» партиясындағы рөліңіз туралы сұрақ қойылған. Айтыныз. —Азаматтергеуші, бір нәрсенін басын ашып алайық: мен бір-ақ партияны білемін. Ол — коммунистер партиясы. Бұл партияға мен 1917 жылы қыркүйек айында кірдім. Дәл сол кезде басымды қатерге тігіп, оққа байладым. Бүкіл елдегі сияқты сол кезде Әулие-Атада да коммунистерге қарсы террор қүтырынып тұрған болатын. Соған қарамай, больше- виктер қатарында болып, Әулие-Атада Совет өкіметін құру әрекетін басқардым. Әулие-Атада Совет өкіметін орнатып, оның басшыларының бірі болдым. Содан бері бұл жолдан тайған емеспін. Ал, енді болмаған істі болды деп, маған қайдағы бір «Иттихадты» әкеліп тануыңыз зан алдында да, ар алдында да күнә. Сондықтан, бүл сұрақты қайтала- мауьщызды өтінемін.

Глебов қызыл папкадан бірнеше парақ қағазды суырып алды да, соңғы парағын Рысқұловтың алдына жылжытып қойды. — Айыпкер Рысқұлов, парақтың ен сонына көз салыныз. Танисыз ба? Кімнің қолы? Рысқүлов бірден таныды. — Ходжаевтың қолы. — Ходжаевтар көп қой. Қай Ходжаев? — Файзолла. — Өте дұрыс.— Глебов көкірек кере сөйледі.— Ал, сол Ф айзолла Ходжаев айтады. 1918 жылдан бастап Мунавар Кары бастаған «Иттихад ва Таракки» партиясының Орталық Комитетіне мен (яғни Ф. Ходжаев), Заки Валиди, Тұрар Рысқұлов мүше болдық дейді. Негізгі мақсат Түркі-татар мемлекетін қүру еді дейді. Бұл мақсатта біздің демеушіміз Жапония мен Түркия болды дейді. Кейін Англия да көмектеспекші еді дейді. Түркиядан бүл іске Энвер Паша тікелей араласты дейді. Солай. Сондықтан ойдан шығарып, жала жауып, біз қиянат жасағандай көргенініз бекер. Біз ойдан шығарып отырған жоқпыз. Файзолла Ходжаевтың өзі айтып отыр. Текке сіресе бермей, икемге келіңіз. Дәлел — бұлтартпайтын дәлел. — Ал, мен сенбеймін,— деді Рысқұлов терлеп кеткен көзілдірігін алып, пиджагінің женімен сүртіп отырып (Бүл түрмеде тұтқынға беторамал үстатпайды. Беторамалға буынып қалуы мүмкін дейді).— Сенбеймін. Файзолла Ходжаев болмаған нәрсені айтуы мүмкін емес. Файзолла Ходжаев ертеректе Бүхарада «жәдидтер» партиясында болғаны рас, ал «Иттихадта» болған емес. Глебов алдындағы кағаздарды бүріп алып, сілкіледі. — Мынау не? Саған ойыншық па? Файзолла Ходжаевтың қолын өзің танып отырсың ғой. Тағы не керек? — Файзолла Ходжаевтың озі керек. Өз аузынан естімейінше, мына қағазыңызға сенбеймін. — Мынау дүлей шығар,— деп Глебов орнынан тұрып кетті. «Мені кінәлап едің» дегендей Нейман да козғалактап калды. Глебов жемтікке түсетін қара қүстай қалбайып, Рыс- құловтың алдынан бір шығып, артынан бір шығып, қолдарын бір-біріне сарт-сарт соққылайды. Рингке шығарда боксерлер осылайша қоразданар еді. «Не болар екен?»— дегендей, Нейман қипақтай бастады. 624 ^

Нейман, негізі, бұл кәсіпке адасып келген адам. Юрист екені рас. Университет бітіргені де рас. Бірақ университет айыпкерге кол жұмса деп окыткан емес. Қайта кол жүм- саушыларды айыпта деп үйреткен. Глебов баска тұтқындарға істегенін Рыскүловка да істейтін болды-ау деп ішінен кыпылыктап отыр. —Жалпы сенікі де дұрыс,—деп жүмсарды кенет Глебов.— Куәні айыпкермен беттестіру керек. Ол заннын аксиомасы. Кенет кілт токтады: — Бірақ одан бір нәрсе озгереді екен деп ойлама! Сағынсан, Ходжаевпен де кездесесін. Сонда Ходжаев көзінді шүкып тұрып, мойныңа қойып береді. Ходжаев сенен горі, әлдекайда акылды. Сен сиякты касарыспай-ақ, бұлталақка салмай-ақ, бәрін мойындады. Неге? Өйткені, НКВД кұдыретті күш екенін, пролетариат диктатурасынын жауларына катыгез екенін біледі. Онын кырағы көзінен ешнәрсе де жасырып калуга болмайтынын сезеді. Сен сиякты сезімсіз емес. Демек, агынан жарылып, бар шындыкты айтады да, ауыр да болса айыбын, жазасын жеңілдетеді. Рыскүлов үндемеді. Сөзім эсер еткен шыгар деді ме, Глебов тагы да түйіндей түсті: — Түсінемісің, Рысқұлов, жазасын женілдетеді. Жаза канша ауыр болса да, бар шындыкты жасырмай жайып салганы үшін, сот оны ескереді. Соны сен де ойлан, Рыскүлов. Өкіметте оте ірі тұлга болғаның рас. Сол іріліктен мына хәлге бірден кұлаганың, әрине, оте қиын. Ал, ірі болып үйреніп калган адамга бишаралық хәлге түсу оңай емес. Көндіге алмайсын. Намысың жібермейді. Бірак, амал не? Кәзір мәселе бір-ақ нәрсеге тіреліп тұр: не өмір, не өлім? Өлім болганда да корлык өлім. Мәңгібақи кара таңбалы өлім. Үрім-бұтагыңа, ұрпактарыңа кара таңба. Айтпакшы, сенде бір ұл, үш кыз бар ғой. Соларды ойла!— Бүрылып, Рыскүловка бір қарап алды. Өз сөзінен озі ләззат тапкандай әрі карай жалгады.— Ал, Файзолла Ходжаев әріден ойлайды. Өзі, әрине, сотталады. Бірак омірі сакталуы мүмкін. Оның есесіне, туған-туыскандарына, балаларына азап ауартпа- лыгы азырақ түсетін болады. Сот мұны ескерусіз қал- дырмайды. — Айтып болдыңыз ба?— деді кенет Рысқұлов басын котеріп алып. — Әзірше.

— Ендеше, бұл үгіт-насихатыңыздан түк те шықпайды. Болмаған істі болды деп айта алмаймын. Маған десен кәзір атып жібер. Қалай ғана, өмірі маңайынан жүріп көрмеген қайдағы бір «Иттихадты» қалай ғана мойындауға тиістімін?! Мынау сұмдық қой, сізге біреу:— тыр жалаңаш шешін де үстіңе боқ жағып ал, сөй тте далаға шықдесе,—көнесіз бе? А? Рысқүловтың көзіне жарқыл пайда болды. Оты өле- гізімепті. Күлдің астында қып-қызыл шоқ жатыр екен. Жарқ ете түсті, Глебов сескеніп қалды. Тайқақсып барып, орнына отырды. Онысын ерсі коргендей қайтадан түрды. Рыс- қүловқа таяп келіп, саусағымен козілдірігін шұқыды: — Козің жаман, Рысқүлов,—деді. Рысқұлов Глебовтың қолын қағып жіберді. Әрине, қате болды. *** Біреу иығынан жұлқығанда ғана есін жиып, козін ашты. Бірақ алдында оңкиіп түрған адамнын бет-жүзін айыра алмай, еріксіз козін сипалап еді, кәзілдірігі жоқ екен. Козілдірік орнына қолына жылбысқы бірдене жабысты. Козінің алды қол тигізбей сыздап ауырды. — Тірімісің-ей?— деді алдындағы дәу пері гүрілдеп.— Ал, атауынды іш.— Осыны айтты да дәу пері табуреткаға қалайы табақша қойып, есікті салдыр-гүлдір жауып шығып кетті. Қалайы табақ сәл-пәл ағарандайды. Қолын созып, сипалап коріп еді, табақ жып-жылы екен. Сол жылылықты сезген саусақтары, бүкіл денесі тірілгендей болды. Өлтіре, ондырмай соққан екен. Ауырмаған жері жоқ. Табақшаны абайлап ерніне тақап еді, ерні ашып ала жонелді. Аузын да бүзған болды ғой. Ерні, қайран Рысқұловтың үлбірек қызыл ерні конектей болып ісіп кетіпті. Табақты табуреткаға қайта қойып, саусағымен ернін сипалады. Мұның ерніне дом- баздап бірдеңе жапсырып қойғандай доңкиіп тұр. Ауыр- сынады. Қырыққа келгенше қызылы кетпеген қайран Рысқүловтың ерні. Бұл ерін жандай жақын сұлу әйелді ғана сүюге жаратылған сияқты еді. Жас сәбидің ерніндей жүп-жұмсақ, бейкүнә періштедей еді... Енді не болды? Енді не істейді? Кімге барып шағынады? Арызы кімге жетеді? Ежовқа хат жазып еді — жауап жоқ. Сталин... Сталинге жетсе ғой арызы. Қанша қатал десе де, есіне алар еді. Бірге отырып; бірге түрып жүріп еді ғой. Баяғы

Сұлтан-Ғалиевтың тойында дастархандас болғаны қайда? Сұлтан-Ғалиев? Рыскұлов елес көргендей орнынан тұра беріп еді, өзегі тартылып қалғандай, бауыры жаздырмай, тактаға қайтадан құлап түсті. Іші-бауырын езіп тастаған ба? Бауырын жаза алмады. Бүрісіп жатып еді, ептеп ауырғаны қойғандай болды. Сұлтан-Ғалиев. Осыдан он төрт жыл бүрын. 1923 жыл- дың шілде айы. Иә. Шілде айы. Сонда оны соққыға осылай жыққан екен ғой. Сонда ол сорлыға айтпасты айтқызған екен ғой. Демек Рысқұлов, сен сол Сұлтан-Ғалиевтын осыдан он төрт жыл бұрын көрген сұмдығын енді көріп отыр екенсің ғой. Ал, осыдан он төрт жыл бүрын сол Төртінші Кеңесте сен Сұлтан-Ғалиевтың міскін хәлін коріп: «жігерсіз» деп ренжіп едің. Сталинге қасқайып қарсы түрмады деп іштей күс- тәналап едің. Ал, өзін Сталинге: — Сталин қателеседі!— деп айбар шегіп едің. Тіпті әдеттегі «жолдас» деген үйреншікті сөзді де қоспай айттың-ау. Есінде ме? Е, есінде болса сонын жазыры деген осы болады. Сталинге айбар шегіп... Тагы да болса бағың бар екен. Он терт жыл бойы бостандыкта жүріпсің. Мына қиямет-қайымның сынарындай заманда он торт жыл, түрмесіз тұру деген сөз үлкен олжа гой. Ендеше, шүкір де, тэуба де. Тэуба? Сонда Сұлтан-Ғалиев сияқты жоқ нәрсені, болмаган кылмысты мойындау керек пе? Атасына нәлет! Бала болган. Бала болып, ауылдын жүгірмектері сиякты «әкенді», «шешенді» деген боктауды аузына алмапты. Сүтінен дарымаган, сүйегіне сіңбеген соз. Ал, бірак «Ата­ сына нэлет!» деп құшырланып, ілуде бір айтып қалатын әдеті бар. Әкесінен жұккан. Сөйтсе, әкесі маркұм, мына сұм дүниенің қорлығына, ақикөз әділетсіздігіне шыдай алмай кетеді екен гой. Шыдай алмай, кеуде кернеген кектен тым болмаса аздап леп шыгарарда: «Атасына нәлет!» дейді екен де. Онын озін де атылган октай сарт еткізіп, қысқа қайырар еді. Әйтпесе, дүрысы: «Атасына нәлеті» ғой, жоқ, ол «і» деген жүмсақ үнін алып тастап, «нәлет» деп сак ете қалатын. Жарайды. Сұлтан-Ғалиев ертеде, тым ертеде откен- кеткен. Тірісін де, өлісін де білдірмей жіберді. Бірак «Сұлтан-Ғалиевщина» деген әлі тірі. Сірә, есіріп тұрган шыгар. Осы «щинамен» әлі талайларды жылататын шыгар.

Сұлтан-Ғалиевтың Фатима атты аса сұлу келіншегі бар еді. Сол тойда... үйлену тойында аппақ үлде мен бүлдеге оранған Фатима хордың қызындай көрініп еді. Оған Сталиннің өзі де қызыққан сияқты көрінген. «Мир-Саид, сен бақыттысың» деп еді, сонда ол Сұлтан-Ғалиевке. Рысқұлов қимылдауға әрекет жасап еді, ішегі үзіліп кеткендей іші түйнеп қоя берді. Осындай қорлықта жатқанда Сұлтан-Ғалиевтың қашанғы үйлену тойы есіне түскеніне тан қалды. Өткенді еске алған — немді алған деді. Одан да мына қорлық хәлінді ойласаншы. Не амал бар? Бір нәрсе анық. Егер Глебовтың айтқанына көніп, айдауында жүре берсең — мынандай өлімші күйге түспейтін көрінесің. Өзінді өзің аямай, өзіне өзің қайдағы бәленің бәрін жаба бер. Не жазса — соған қол қоя бер, басынды шұлғи бер. Жаның қалады, байғүс. Қаранғы қапаста, көзілдіріксіз бүлыңғыр дүниеде ана бұрыштан әлдекім сыбырлап: «Жаның қалады, байғұс» деп тұрғандай. Ры сқүловсезіктеніп ты н тындады. Сыбырлаған үн естілмейді. Көзін сығырайтып, бұрыш-бүрышқа қарады. Бүлдыраған парашадан басқа ештене белгі бермейді. Камераның төбесіне карап еді: темір тордың ішінен сықсиып кішкентай шам көрінді. Ілмиігі тұр. Онын өзіне темір тұмылдырық кигізіп қойған. Кішкентай сәуленін өзін қамап қойған. Қамауға келгенде бұлардың өнері асқан. Жарық сәулеге дейін тұтқындап тастапты. Тесіліп қарай берсең кәдімгідей жан-жағына жіп-жіңішке кірпіктей сәуле шашы- ратады. Кәдімгідей құлпырып ойнайды. Кейде кемпірқосақ болып, жасыл-қызыл, сары-көк түстеніп жайрандайды. Ендігі жерде Рысқұловтын табынатын Күні осы бір ілмиген нәзік сәуле болмақ. Жарык, беріп те жарытпайды. Бірақ тас еден қайсы, тас қайсы, тас қабырғалар қай түста — содан хабар береді. «Тас қапшык» деп аталатын бұл мекен Тамұқтың табалдырығы ғана болатын. Төр — алда. ЕСКЕНДІР Класс алдағы мемлекеттік емтиханға дайындалып жатқан кез еді. Тарих пәнінін мүғалімі шәкірттерін тағы бір пысыктап, дайындықтарын байқап түрған. — Сонымен, үлы француз революциясының көсемдер кімдер?— деп сұрады бетін әжім басқан, бурыл шашын

желкесіне түйген, қап-қара көздерін әлдебір мұң кіреу- келеген кішкентай әйел Элеонора Давидовна.— Кәне, кім айтады? Екі-үш бала кол көтерді. — Аз, аз,— деді мұғалім класты күстәналап.— Ал, Рысқүлов, кәне, сен айта койшы. Ескендір Рыскұлов партанын қақпағын қайырып, орнынан түрегеліп, қүдды әкесінін шашындай кайратты, қалың кара шашын қолымен қайырып қойып, жауап берді: — Үлы француз революциясынын көсемдері: Марат, Дантон, Робеспьер. — Дүрыс,— деді мұғалім. Бірак «дұрыс» дегеннен басқа ештене айтпай, Ескендірге біртүрлі мұная қарап, тұрып калды. Ескендірдің әкесі түрмеде отыр. Оны мұғалім біледі. Жүрттын бәрі біледі. Өйткені, газеттер жабыла жазып жатыр. «Жау» деп жатыр. Ал, мынау сол «жаудың» баласы. Өте жақсы окып, алтын медаль алатын кандидаттар қатарында жүрген. Енді бүған алтын медаль бүйырмауы да мүмкін. Мектеп директоры таяуда педсовет өткізіп, «халық жау- ларының» балаларына қатал болуды ескертті. —Тағы не айтасың, Ескіндір?—деді, Элеонора Давидовна шәкіртінің сонғы сөзін тындап түрғандай қайғылы үнмен. —Тағы айтарым: бұл үш көсем бірін-бірі жалмап қойды,— деді Ескендір Рысқұлов.— Дантон мен Робеспьер Маратты кұлатты. Келесі кезекте Робеспьер Дантонды өлтірді. Ақыр соңында Робеспьердің оз басы гильотинаға түсті. Бұлар осылай бірін бірі жайратып жатқанда, кішкентай генерал Наполеон Бонапарт шыға келді. — Жарайды, отыр,— деді мұғалім баланың жауабын асығыс тоқтатып. Неге сескенгені белгісіз? Элеонора Давидовна өні өзгеріп, кәдімгідей корқып қалды. Неге екенін, тек шамалауга болады. Тарих кейде бір-біріне ұксап жатады. Айталык, дәл кәзір ССРО деген үлы елде де сондай бір жагдай болып жаткан жок па екен? Ленинді өз ажалынан өлді деп жүр. Күмәнді болса да, мейлі, солай-ақболсын. Зиновьев пен Каменов қосылып, Троцкийді елден аластатып жіберді. Ал, Бухарин Зиновьев пен Каме- невты тобыктан қағып түсірді. Сөйткен Бухарин енді тас қапаста отыр. Солардың, сол арқарлардың көлеңкесінде елеусіз ғана жүретін, аласа бойлы сұр шинельді адам... Осылай ойлаудын өзі қорқынышты.

Онсыз да өзінен езі абдырап тұрған мұғалім кенет есік серпе ашылып, алқын-жұлқын болып директордың өзі кіріп келгенде, мүлде тілі байланып қалғандай болды. — Элеонора Давидовна, кешіріңіз,— деді сасқалақтаған директор қоңқақ мүрнының үстіндегі козілдірігі секендеп.— Рысқүловты сабақтан босатыңыз. Керек... Содан сон, директор мелшиіп қалған мүғалімнін рұх- сатын күтпей-ақ, Ескендірге қарап: — Кәне, Рысқүлов, жүре ғой. Портфелінді де ала жүр,— деді. Класс, үрей жайлаған класс, жым-жырт. Бүлар есі кіріп қалған балалар. Бәрін де түсініп койды. Ескендірмен парталас қыз оның қолын ғана сипалады. Сөз айта алмады. Тек кластан шығарда ғана, Ескендір Рысқұлов артына бұрылып қарап, он жыл бірге окыған жолдастарына үн-түнсіз қол бүлғады. Содан сон, кластын қабырғасында ілулі тұрған Сталиннің суретіне карады. Сталин азиялық бір кішкентай қызды құшақтап, күлімсіреп тұратын. Өзгермейтін. Үдайы күлімсіреп түратын. Мына отырғандардың бәрі қиялдап, кішкентай М амлакат дейтін кыздың орнында мен болар ма едім деп армандайтын. Сталин барда совет елінде бір де бір баланы ешкім шекесінен шертпейді. Совет балаларынан бақытты ешкім жоқ. Содан қайтып Ескендір үйге оралған жок. Үй дейтін үйі де жоқ қой. Сол баяғы өгей шешесі Надежда Констан- тиновнаның пәтерін паналап қалмап па еді? Надяның тар кұжырасына бәрі бірдей симайтын болған сон, Әзиза шешесімен, Сәулесімен Түйметайдын үйін жағалады. Бұта қорғалаған торғайдай әркім әр жаққа кетті. Ал, Ескендір болса... сол Глебовтың алдынан бір-ақ шықты. Глебов бірден дүрсе коя бермей, әуелі жылы-жылы сойлесті. — Сабағың калай?— деп койды,— Мектеп бітірген сон кайда бармақсың? дегенді айтты. Тіпті:— Чекист болғың келмей ме?—деп те сүрады. — Менен чекист шыға қояр ма екен,— деді бала қабағы салбырап. Есі кіріп қалған ғой, тегін келіп отырмағанын түсінеді. — Неге? Неге сенен чекист шыкпаска?— Глебов «Казбек» папиросын алып тұтатты.— Шегесің бе?— деп қорапты Ескендірге карай жылжытты. — Жок, темекі шекпеймін.

— Ал, айтшы, неге сенен чекист шықпайды? — Оны өзініз де біліп отырсыз гой. Менің әкем ұсталды емес пе? — Иэ, оны білеміз, білгендіктен де айтып отырмын. Түсінесін бе? — Жоқ, түсінбедім. — Түсінбесен, айтайын,— деп Глебов түтінді будактатып, балага карай үрлеп жіберді.— Павлик Морозовты естуің бар гой. — Иә. — Сендерге мұғалімдерің айтты ма оның кім екенін? — Айтты. Озім де білемін. Ол туралы окыганмын. — Өте дұрыс. Қалай ойлайсың, Павлик Морозовтын әрекеті дұрыс па, дұрыс емес пе? —Әрине, дүрыс. —Молодец! Әрбір совет пионері, комсомолы, әрбір совет азаматы Павлик Морозовтай адал, ақжүрек болса, жолында әкесін де аямаган. Павлик Морозов совет жастарының шамшырагы. Ал енді сен..— Глебов Ескендірге мейірлене карап, күліп койды.— Сен Павлик Морозовтан қай жерін кем? — Сонда не істеуім керек?— деді бала әңгіменін бүрандаганынан сезіктеніп. — Өзің байкамайсын ба? Жана өзін айттын гой, әкем үсталды деп.— Глебов Ескендірге тікшие калды. Мұндай сорды бүрын көрмеген кок өрім бозбала айдаһар алдындагы кожектей бір уыс болып, бүрісе бастады. Жарайды. Павлик Морозов болса, әкесінің колхозга зиянкестік жасап, астык жасырганын әшкереледі. Бір есептен дұрыс та шығар. Колхоздың мүлкі — ортак мүлік. Ортак казынага суык колын сұккан онбайды. Сорлайды. Ал, мына Ескендір өз әкесінің қай ұрлыгын айтып әшкерелемек? Акыры батылы жетіп: — Менін әкем не үшін ұсталды?— деді. — Міне, міне, балакай, кызык әңгімеге енді келдік,—деп Глебов алакандарын уқалап койды.— Бәсе, не үшін ұсталды? Айтшы, Искандер, әкең Тұрар Рысқүловты өте жаксы көресін бе? — Менде әке біреу-ак кой. Қалай жаксы кормеймін.? — Демек, оте жаксы коресің. Ол сенін туган шешенді тастап кеткенін білесін бе? —Тастап кеткен жок. 631

— Е, енді қалай? Туған шешенді білесің бе өзің? — Білмеймін, — А? — Әжем Елизавета Петровна айтқан: шешең өзі кінәлі, әкеңнің жазығы жоқ деген. — Соған сеніп қалдың ғой. Ал, сен әжең, кім дедін? Иә, Елизавета Петровна ояздың әйелі екенін білесің бе? — Білмеймін.— Бала тұқшиып жерге қарады. — Хм,— деді Глебов басын шайқап.— Сонда Тұрар Рысқүлов озінің жалғыз үлынан өткен-кеткен істі жасыр- ғаны ма? Білмесен, біліп қой, балақай, сенің әлгі әжен, генерал Колосовский деген Шымкенттін оязы болған, сонын әйелі. Сенін туган шешен Наталья сол ояздың қызы. Ал, ояздың қызына үйленген Рысқұлов сол патша генералынын жесіріне заңсыз жер беріп, бау-бақша беріп, тіпті совет өкіметінің тұсында да шалқақтатып қойған. Сенін әкеннін сол жақсылығы үшін ол кемпір Рысқұловты мақтай ма, жоқ даттай ма? Әрине, мақтайды. Туған қызынын ар-намысынан гөрі, оған дүние-мүлік қымбат. Әне, капитализмнін кал- дығы. — Қорламаныз менін әжемді! Ол ешкімді қанаған жоқ. Өле-олгенше оз күнін өзі көрді. Ол капиталист емес. — Оһо,— деді Глебов қасын көтеріп. Ішінен: «ох, ты, бөрінің болтірігі!» деп қойды.— Жарайды, коңіліне алмай-ак кой. Сонымен, әкең түрмеде отыр. Не үшін отырғанын білмейсін? Айтшы, Искандар, үйлеріңе келім-кетім кісілер көп болушы ма еді? — Әрине, көп. — Мысалы. — Оның қайсы бірі есте тұрады. Елден келетіндер, осындағы студенттер. Бірақ мен олардың бір де бірін танымаймын. — Танымайсың. Мейлі. Ал, олар әкеңмен не туралы әңгімелесуші еді? — Оны мен қайдан білейін? Үлкендердің әнгімесіне араласпаймын. — Дұрыс. Оның әдептілік, әрине. Дегенмен, өздерің дастархан басында шүйіркелесіп отырғанда сол келіп-кеткен адамдар туралы, айталық, студенттер туралы әкен не айтушы еді?

— Сірә, көмек сұрайтын шығар. Әкем Қазақстан постпредствосына телефон соғып, студенттерге ақшалай көмек көрсетіндер деп жататын. — Дүрыс қой. Студенттер тарығатын шығар. Олардын аты-жөні есінде қалған шығар? — Жоқ, есімде жоқ. Мен әдейі кұлак түріп тындаған емеспін. — Жарайды. Ал, енді қонақтардың бәрі арыз айтып, көмек сұрап келмеген шығар. Елден келгендердің ішінде үлкен бастықтар да болған шығар? — Эрине, болды. Мен Файзолла ағайды, Әкмал ағайды жақсы білемін. — Яғни, Файзолла Ходжаев, Әкмал Икрамов қой? — Солай. — Дұрыс-ыс. Ал, олар әкеңмен не туралы әңгімелесуші еді? Есінде жок па? — Олардын әңгімесіне араласқан емеспін. — Әрине, араласпайсың. Бірақ жандарынан ары-бері өткенде, не дастархан басында естіп калуын мүмкін ғой. Айталық, олар шетелдер туралы әңгімелесуі мүмкін. Өйт- кені, олар үлкен бастықтар ғой. Қалайша ғана Германиядағы фашистер туралы, яки Жапонияның Қытайға озбырлығы туралы айтпай отырулары мүмкін? Бүл туралы үлкендер түрмақ, мектептегі окушылар арасында да айтылады ғой. Бала ойланып қалды. — Есіңе түсірші. Бала басын шайқады. — Жоқ, есімде жоқ. — Хм...— Глебов кос қолымен столдың жақтауын шіреп тұрып, орнынан көтерілді. Мына «мұрынбоқпен» осыншама уакытты боска кетіріп, тәжікелесіп отырғаным неғылғаным дегендей, өзін өзі күстәналады. — Есіне, түсіресің, иттің баласы! Ескендір селк ете калды. Жасы он жетіге толғанша жан адам оған «иттің баласы» деп кормеген. Тосын болды. Күтпеген жерден біреу жүрегіне қанжар сұғып алғандай, сол қанжарды жүрегінен суырып тастауға жан таласкандай: — Қорламаңыз!— деп даусы дірілдеп, орнынан әрі үрейлене, әрі ызалана, корғаншактай түрегелді.

ТЕРГЕУ Үйреншікті орнында орындык жок. Болменін бір бұрышындатұрған шығар деп Рыскұлов жан-жағына карады. Торде, стол басында Глебов отыр. Екі-үш адым жерде, кішірек столдың жанында — Нейман. Нейман енді тергеуші емес, хатшы ретінде қалған сынайлы. Глебов не айтады, Рысқүлов не дейді — соны кағазға түсіріп отыруға тиісті. Арқалыксыз табуретка тұрушы еді... жоқ. Рыскұлов алданған баладай аңырып қалды. — Стоять!— деді Глебов.— Орындық берілмейді. Жұмсақ креслода отыра-отыра құйрықтарың жалпайып кеткен. Түрегеп түрған пайдалы. Қабырғаға сүйенуге болмайды. Берірек, берірек жақында. Йемене, сужүрек болып калғансын ба? Асау едің ғой. Әлгі жабайы жылкы сиякты. Сендер жакта ғой деймін сол жылкы. Пржевальский жылкысын айтамын. — Тарпан. Мустанг,— деп түзетті Рыскұлов.— Ол жакка Пржевальский жылқы айдап барған жок. Пржевальскийден жүз мың жыл бұрын жайылып жүрген жабайы жылкы. — Үлтшылдыктың уына миын шылқылдап тұр, ә?! — Онын кай жері үлтшылдык? Шындық кой. Пржевальский барып үрығын тараткан жок. — Ж ә, жетті! Одан да сен мынаны айт: Германияға кай жылы бардың? — 1922 жылы. — Не үшін? — Балаларды оқуға түсіру үшін. — Немене балаларды окыту үшін ССРО-да оку орны жетпей калды ма? — Іскер мамандар дайындау керек болды. — Сонда калай, Совет елінде іскер мамандар дайындай алмай ма? — Батыста тәжірибе мол. —Демек, Батыстан үйрену керек болғаны ғой? — Пайдалы істі үйрену керек. Үлы Петрдің өзі де батыстан бастаған. — Оһо! Үлы Петр болғын келген екен ғой. Браво! Браво! Оқуға канша бала түсірдін? — Алпыс. — Бәрі де казақтар ма?

ШШ — Жок, казағы да, өзбегі де, тәжігі де, қырғызы да, түрікмені де бар. Түркістанның терт көзі түгел. — Төрт көзі түгел қайтты ма? —Түгел ғой деймін. — Өйткені, мен бүл екі арада Түркістаннан алыстап, Монголия асып кеттім, одан Мәскеу... — Демек, озін камқорлық жасап, Германияға апарып окуға түсірген студенттердің арғы тағдырын білмейсін? — Неге? Біразын білемін. Кәзір олар ірі-ірі мамандар... — Ал, елге кайтпай калганы бар ма? Рыскұлов әлденені есіне түсіргендей ойланып қалды. — Білмеймін. — Білмейсін? — Білмеймін. — Ә, залым. Білмей калуын. Вели Каюм қайда? — Вели Каюм?— Рысқүлов осыдан он бес жыл бүрын озі бастап, немістер еліне ертіп апарған орімдей алпыс жастың ішінен, Вели Каюмды ойша іздеп, азаптана іздеп, есіне түсіре алмай қойды. Коп ойланса басы сыздап, ауыратынды шығарды. Басының ісігі әлі қайтпаган. Басы шойындай ап-ауыр. Қиналып коп ойланса сынып кете жаздайды. — Иә, Вели Каюм! Глебов қатты айқайласа, мүның шекесі шың ете қалады. — Есімде қалмапты. Рыскұловтың конектей болып ісіп кеткен еріндері икемге келмейді. Әрең сойлейді. Созі тұншығып, су ұрттап алып сойлегендей, былдыр-былдыр естіледі. — А-а, есінде қалмаган. Жон-жон. Есінді түзеу керек. Есіне сондатүседі. Рысқұлов, сен монтаны бола қалма. Сенін зымияндығына найза бойламайды. Бәленің бәрін жүз жыл бұрын ойлайсың. Сонау 1922 жылдың озінде сен Германияға шпиондардын ұрыгын сепкенсің. Соның бірі Вели Каюм. Сен сонымен байланыс жасап түрасың. Қаскабас полковник шіреніп орнынан тұрды. Жалпақ, белдігіне кос қолының саусақтарын қыстырып алып, хром етігі жалтырап, столдан бері шықты. Рысқұлов оның жакындағанынан жаксылық күтіп тұрган жоқ. Соккы жейтінін сезеді. Азап. Азапка озін озі іштей дайындады. Коп болса, откен жолгыдай ұратын шығар. Анау тагалы етігімен тебетін шыгар. Шыда, деді, жанды жерден тиіп, кеудеден шыбын шыкпаса болды, басқасы түк те емес, деді. 635

Дегенмен, қаскабас полковник бетпе-бет таяп келгенде түла бойы дір етіп, сәл сәтке түршіккендей болды. Тергеушінің демі де білінді. Аузынан ашкылтым, жағым- сыздау иіс шығады. Сірә, арак ішіп, ащы капуста, не түздалған қияр шайнаған болуы керек. Рыскүлов еріксіз басын кегжитіп алды. Пендеге шікәмшілдік не керек? Пенде басымен жиіркеншек. Соны сезе койғандай, Глебов та жазасын берді-ау. Рысқұлов басын кегжиткенде иегінің астын ала дәу жұдырыкпен періп кеп жіберіп еді, байғұстың басы қабырғаға сарт ете калды. Шүйдесінен соғылды. Онсыз да буалдыр жанар карауытып қоя берді. «Ештеңе етпейді,— деді ішінен.— Шыда, шыда». Жаксы бар, жаман бар. Тұщы бар, ащы бар. Тағдыр саған екеуін де аямай-ак берген. Шыда. Тозақта бұдан да зоры болатын көрінеді. Адам сол тозакка шыдайды дейді. Несі бар, бұл әлі тозақ емес шығар. Шыда, кайран Рысқұлов. Бірақ, адалдығын үшін қайыры азаптан болар болса, адалдық не керек? Дүниеде қиянаттан аскан обзырлық бар ма екен? Сен аксың, онынды озің жақсы білесін. Бірак сен қарасын дейді. Сен ақ екенінді дәлелдей алмайсың. Дәлелдейсің, әрине. Бірақ, сенің ақ екенінді біле тұра, білгісі келмесе қалай болады? Оның атын не дейді? Міне, дүниедегі сүрапыл сұрак! — Айт, сатқын тобет! Вели Каюмнен қандай хабар алып тұрасың? Кім аркылы байланыс жасайсың? — Вели Каюм? Кайдағы Вели Каюм? — Вели Каюм! Сен 1922 жылы Берлинге апарып тастап кеткен Вели Каюм. Түркістанды Германияға каншаға сатпақ болдың, айуан? Айт! Фон Розенбергтен канша хат алдың, айт? — Фон Розенберг? Ол кім ол? — Білмегенси қалады, оңбаған! Мә! Мә! Мә! Рысқұлов еденге кұлап түскеннен кейін де Глебов оны тепкілегенін қойған жоқ. Қарсылығы жок, каруы жоқадамды былш-былш тепкілеген сайын жаны рахаттанып бара жаткандай, Глебов жаныға түсті. Нейман шыдай алмай, терезенің алдына барып, теріс карап тұрды. Егер Глебов, қызыл бет, касқабас Глебов колына кәзір пышак алып, Рысқұловтың қолын бір бөлек, аяғын бір бөлек кесіп алып, канын сорғалатып, етін жеп отырса, түк те таң калудын керегі жоқ. Дүниеде осындай да адам жегіш адамдар болады. Олар әйел сүюден, бала сүюден еш лэззат таппайды. 636 ' ч й

МЖ- Олар адам етін жеуден, яки ұрып-соғудан, адамды мейлінше корлаудан рахат табады. Адамзат сорлынын, осындай да сорты болады. НКВД Глебовты калай тапқан десеші? Бірақ кәзір Глебовтың кұмары канбай тұр. Глебов өз күрбанының жаны азапка түскеніне сүйсінеді. Ол үшін тұткын шыңғыруы керек, ыңырсуы керек, жылауы керек, жалынып-жалбарынуы керек, Глебовтың аяғына жығылуы керек. Қанша тепкілеп жатса да, Рыскұлов оның бірін де істемеді. Қыңқ деп дыбыс шығармайды. Жансыздан жарал- ған тұлып кап сияқты. Рыскүловпен тағдырлас болған, кәзір де көрші камераларда жатқан тұткындардың көбінің осал жері — олар мына корлыкка шыдамайды. Рас, шыдағанынша шыдайды, бірак көп үзамай рухы сынып, шыдамнын бел омыртқасы күйрейді де, Глебовтар салтанат күрып, жеңіске жетеді. Жауды әшкерелеп, кылмысын «мойындатқан» сайын Глебовтың шені осе береді. Ол осы таяуда ғана полковник болды. Ендігі арманы генерал болу. Арман да арак сиякты — алдандырып, сананды уландырып, адамды тэубасынан жанылдырып, тойымсыздыкка жетелейді. Глебов генерал да болар. Ал, содан кейін: болдым, толдым деп, токтар ма екен? Жок! Одан ары ол Ежовтын орнын армандамасына кім кепіл? Егер Ежовтын орнына ертен Глебов отыра калса, оган да танданудың керегі жок. Егер Глебов сонымен токтап, «канагат» десе... Дүниенің дүние болып дөнгеленіп тұруы— қанагатта. Бірак, коп адамдар, канагатты білмейді. Содан да барып казактар: «Кедей байга жетсем дейді, бай Қүдайга жетсем дейді» деген макал шыгарган. «Қанагат карын тойдырады, канагатсыз жалгыз атын сойгызады» дегенді де казекем айтқан. Қанагатсыз жан Құдайдын мансабын армандайды. Дүниеден талай-талай патшалар, императорлар өтті. Талай Нерондар кетті. Қолы жетпеген жері жок, бәрін де алды. Бірақ Құдайдың орнын ала алган жок. Айналып келгенде, солардың бәрі жендеттер. Ендеше, Глебовтан несі артык? Глебов — жендет. Жендет Глебов Рыскүловты местей қылып тепкілеп- тепкілеп, акыры өзінің сілесі катып, орнына барып отырды да, Нейманга: — Су экел!—деп ақырып калды. Шолдеп калыпты. Каншама күш кетті. Шахта астынан кайламен көмір казгандай калжырап калды. Бірак Рыс- 637

құловты ұрып, тепкілегеннен гөрі, көмір қазған әлдеқайда пайдалы. Қайла қатты тисе тас көмір қақырап түсе береді. Ал Рысқұлов... — Әкетіндер!—деп айқайлады Глебов. — Ар жақтан есік ашылып, екі айдауыл кіріп келіп, Рысқүловты қап көтергендей көтеріп алып кетті. Тірі ме, өліп қалды ма деп, біреуі еңкейіп бетіне караған да жоқ. Жағанды үстап, тандай қағып, таң қалатын несі бар? Жендеттер Сократты да аямаған. Сократ адамзаттың ары ғой. Соны да қиянат қылған. Оған да өкіметке қарсы шыктын деген. Өкіметті құлатпақшы болдың деген. Ақыры өлім жазасына бүйырған. Достары Сократқа: —Қашып кет, көмектесейік, — дейді ғой. Сонда Сократ: — Немене, ол жақта адам өлмей ме екен? — деген. — Неге өлмесін, оледі ғой. — Онда айырма қайсы? Түрмеде ол не, қашып кетіп ол не, бәрібір емес пе? Жендеттер Сократқа у беріп өлтірді. Солай. Жендеттер қай заманда да қатыгез. Бірақ солардын бәрі жиылып, Лубянкадағы жендеттерге жеткен жоқ... Адамды азаптауға келгенде, Лубянкадағы жендеттер, тек баяғы жуан-жуандардын бір әдісін қолдана алмай жүр. Жуан-жуандар қолға түскен тұткынды үрып-үрып қана коймайды. Шашын ұстарамен тақырлап сыпырады да жана сойылған түйенің көн терісімен басын кепештеп, айдалаға, шөлге, шілденің шақырайған күнінін астына апарып тастайды. Көн кеуіп, кепеш тартылады. Ал, адам сорлының шашы өспей түрмайды. Өсейін десе тас боп қатқан көн теріні тесіп өте алмайды. Содан қайырылып барып, адамнын бас сүйегін тесіп өсетін көрінеді. Сонда барып, адам ақылынан адасады. Адасқаны сонша, озінің атын да, туған әкесін де, шешесін де үмытады. Қүлақ кесті қүл болады, асыранды итте де ес болуы мүмкін. Ал, әлгі мәңгүртте ит қүрлы ес болмайды. Егер Лубянкадағы жендеттер осы тәсілді үйренсе, кез келген адамды мәнгүрт кылып, мәселені оп-оңай шешер еді. Мәселен, Глебов Рысқұловқа: — Түркияның шпионымын де, —десе ол, ойланбастан: — Т үркияны н шпионымын , — дер еді. — Жапониянын шпионымын де, —десе, — Ж апон и ян ы н шпионымын, — дер еді. Германиянын шпионымын, — дей салар еді. «Апыр-ай, айттым-ау» деп кынжылып, қысылмас еді. Өйткені, мәңгүртке бәрібір.

Адамдарды мәңгүрт жасаудың бүл тәсілін НКВД білмейді деп айту да қиын. Оның білмейтіні жердің астында. Мүмкін, ол бүл тәсілді әлсіз, әлжуаз санауы. Одан да сорақы, сойқандары бар емесіне кімнің көзі жетеді? Батыстың бір газеті Гитлер өз жауларын жазалау үшін, НКВД-нің тәсілін үйреніп жүр деп бекер жазбаған шығар. Қандышеңгел қатыгез Гитлердің өзі үйренсе... онда Глебовтарға ақыл айтып керегі не? ** * — Гуниб тауына шығып алып, Қорықмасов екеуің Шамильдің әруағына арнап дұға қылғандарын рас қой? Глебов бұл жолы күтпеген қырдан соқты. — Шамильді еске алғанымыз рас, бірақ дүға оқыған жоқпыз. Білмесек, несін оқимыз? — Мүсылман емессіндер ме? Неге білмейсіндер? — Біз орыстанған мүсылмандармыз. Дұға білмейміз. — Міне, тағы да жалған айттың, Рыскұлов. Сен тіпті Түркістанда «Мүсылман партиясы», «Мұсбюро» дегенді де күрған жоқ па едін? Сол үшін Сталин жолдастын өзі саған жазбаша ескерту жасамап па еді? — Дұрысы: РКП(б)-ның мұсылман бюросы. Ол ком- мунистер партиясы. Онындінге қатысы жоқ. — Ал, Түрік партиясы ше? Сен құрған Түрік партиясы, Түркі республикасы — ол не? Рысқүловтын алдынан сан рет шыққан сұрақ. Сан рет түсінік те берген. Түсіндіре алмайды. Түсінгісі келмейді. Түркістанды түрік тілдес халықтар мекендейді. Түрік деген атаудан неге қорқасындар дейді. Түсінбейді. Түрік деген кәзіргі Түркия емес. Кәзіргі Түркия сол баяғыда өткен ұлы Түрік мемлекеттің бір сынығы ғана. Үлы Түрік мемлекеті — өлген бура. Өлі бураның бас сүйегінен тірі атандар неге үркеді? Түсінбейді. Түсіндіре алмайды. Түрік деген сөз бәріне құбыжық көрінеді. — Солай атау керек болды, — деді Рысқүлов бір түрлі құлазып. — Жөн-жөн, — деп Глебов құнжындап қалды. Бұл Рыскүловтан алган тұңғыш «он» жауабы еді. Нейман да асыгыс жазып, қагазга түсіріп жатты.

— Ал, алғашқы әңгімеге қайта оралайық. Гуниб тауынын басында Қорықмасов екеуің Шамильдің әруағын атап тұрып, не деп анттастындар? — Анты несі? Қандай ант? Біз бозбала Герцен мен Огарев емеспіз гой, Воробьев тауына шыгып алып, патшаны қүлатайық, елге бостандық алып берейік деп анттасатын. Глебов оз сұрагына өзі окініп қалгандай болды. Қайдагы Герцен мен Огарев туралы сайрап кеткен Рысқұловтын тапқырлыгынан озінің оресі томен екенін амалсыз мойын- дап, пұшайман хал кешкендей Нейманга карады. Ал, Нейман білімді. Ол жауапқа ішінен сүйсініп, күлімсіреп койды. Алгырлыққа алгырлықтаныта алмаган жендет, әрине, ашуга басады. Ол өшін дүлейлікпен алады. — Сен өйтіп бұлталақтатпа, кәззап! Сонда, Гуниб тауында Түркия жакка карап тұрып, қол жайгандарын қайда? Түркия аркылы Англия мен Германияга сиынып, Совет өкіметіне карсы жасырын әрекет жасамак болгандарың кайда? Ол не, ант емес пе? — Сандырақ! —деді Рысқұлов. Глебов өңкиіп түрегелді. — Үра бер! —деді Рыскұлов. — Үрганнан басқа қолыңнан не келеді? — Қателесесің, Рысқүлов, — деді Глебов кенет мырс етіп. — Саган енді қол былғамаймын. Біліп қой. Бірақ баска амал табылады. Әбден табылады. — Шақыр Қорық- масовты! — деп айдауылга арс етті. Енді Рыскұлов тосылды. «Бүл ит Қорыкмасовты сын- дырган екен гой, —деді. — О да баягы Сұлтан-Галиев сиякты сынган екен гой. Соның аузымен мені кінәламақ кой. Қайран, Қорыкмасов». Қолы кісендеулі Қорыкмасов кірді. Қорыкмасов екенін күні бүрын білмесе, Рыскұлов оны танымас еді. Ал, Қорықмасов Рыскүловпен беттесуге келе жатканын білмесе керек, бір дегеннен тани алмады. Тосылып тұрып-тұрып, әлден уакыттан сон; — О, Түрар! Бауырым, армысын, — деді. — Сені де корлапты гой, копей огылдары. — Молчать! — деді Глебов. — Жабайылар тілінде сөй- лесуге рұхсат жок. Қорыкмасов Нейманга бүрылып:

— Мына сөзін жазып қойыныз, — деді. — «Жабайылар тілінде сөйлесуге рүхсат жок! — Молчать! Глебов үстелдің үстіндегі папкадан қағаз алды. Оқи бастады: «Биыл, яғни 1937 жылы 20 мамырда Ры сқұлов екеуміз имам Шамиль орыстармен соғысқан жерлерді араладық. Сапар соңында исі түрік нәсілдерін астыртын біріктіруге Шамиль әруағы алдында ант берістік. Сөйтіп, Шамиль жете алмаған мақсатка біз жетуге сөз байластық... Тергеу барысында осы айтқанымды растап, қол қоямын. Қорық- масов!. Глебов парақты Қорықмасовтын көз алдына жақын- датып: — Сенің қолын ғой? —деді. — Менін өлігімнің қолы, — деп Корықмасов кеудесін коріктей керіп, қасқая қалды. — Мені олтіріп, ес-тұсымнан тандырып койдырған қол. — Қорықмасов! — деп ыржиды Глебов қолапайсыздау қимылдап. — Өлген адам қол қоя ала ма? Не деп тұрсың? — Сенбе, Тұрар! Бұлар әлі саган да солай қол қойдырып, сорынды қайнатып, сорпанды ішіп, соған мае болады. Сенбе, Тұрар! — Сенбеймін, —деп сыбырлады Рысқұлов. — Әкет! —деп айқайлады Глебов. Айдауылдар Қорықмасовты білегінен тарта бергенде, Қорықмасов қүмық пен қазаққа ортақ жырды зарлана аныратты: Арғымақтай асау ерлерге Әзірейіл бүғалық салғанда, Аялы қолдарын жайып, Айыр тізеден жүгініп, Жаратқанға тілеу тілегі жалбарынса — Болжалды күннен оза алмас. Тәңір жазған жазудан Тақта отырған патша да болса оза алмас... Әзірейіл азу тісті, аш көзді Бос кайтар ма жан алуға келген сон, Дүниеде еш окінішім қалмады, Жыламаңыз маған енді олген соң... 641

— Әкет! — деп ақырды Глебов. Қорықмасов Рысқұловпен осылай бақұл бол айтысты. Осылай коштасты. Атадан асыл туған азамат екен, айылын жимады. Рысқұловқа бұл сабақ болды. Арғымақтай асау ерлер. Әзірейіл бұғалықтады. Дүниеде бәрі де өлшеулі. Әсіресе, өмір өлшеулі. Өлшеулі өмір біткен соң, Тәңіріге қанша жалынсаң да талқаның таусылады. Тәңірі қол жайып, жалбарынғанның бәрінің арызын орындай берсе, Тәңірі бола ма?! Ж алпак шешей жалпандаған бірдене болады-дағы. Рыскұлов Қорықмасовтың жыр қоштасуына жырмен жауап бере алмағанына өкінді. Мына жендеттер: «Хош, кайыр!» деуге де мұрша бермеді. Қорықмасов Рысқүловты «әшкерелеуге» жарамайтын болған сон, тез алып кетті. «Жабайылардың» тілінде жыр төгіп, азаптын өзін поэзияға айналдырып жіберген Қорықмасов қолшоқпар бола қой- масына Глебовтын көзі жетті. Глебов Рысқұловты тырп еткізбей, дәлелдермен матап тастау үшін, куәлерді көбірек шақырмақшы еді, енді ойланып қалды. Файзолла Ходжаевпен беттестірмекші еді, Рысковпен жүздестірмекші еді. Қорықмасов бұл жоспарын бұзып кетті. Ходжаев та, Рыков та Қорықмасовша өз колдарынан бас тартып, Рысқұловты жасытудың орнына дем беріп, рухтандырып кетсе — одан не пайда? Куәлар көп. Куәларды қойдай тоғытуға болады. Әкмал Икрамов, Қайғысыз Атабаев, Сұлтанбек Хожанов, Ораз Жандосов, Нәзір Төреқұлов, Нығмет Нүрмақов, тағы басқалары толып жатыр. Бір сәтке Глебов солардың бәрін мүрнынан тізіп қойып, бір дауыспен, хормен: — Рыскұлов — жау! — дегізіп жамыратқысы келді. — Рысқұлов — шпион! — деуге европалықтар да жетіп жатыр: Бухарин, Рыков, Рудзутак... Өз ойы өзіне біраз желік берсе де, Глебов мұнын бәрін сыпырып тастап, тың әдіске баспақ болды. Мұның бәрі Рысқұловтың бетін тырнауға жарайтын біреу болса — ол Алматыдағы Жантоқов. Глебов алдында жатқан кағазға «Жантоқов!» деп жуан етіп жазды да, Рысқұловты Нейманға қалдырып, өзі кабинеттен шығып кетті. Шығып бара жатып: — Не тілегі бар екен, сұра, — деді.


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook