шекарасына ілігіп, Петропавловск — Қызылжар қаласына келіп тоқтады. Сұңғыла Күләнда, оку, білімі биік болмаса да, табиғи алғырлығы арқасында, енді осы жерде тағдыр дейтін тақ- сыреттің бір тармағы шешілетінін аңғарды. — Әй, сорлығарлар,— деді ол Әзиза мен Нәфисага.— Құдайға жалбарынып коріндер. Осыдан пойыз тіке Сібірге тартса — құрыдық. Онда тірі қайтуымыз екі талай. Ал, оңға бұрылса — Қазақстанда қаламыз. Қанша дегенмен ел ғой — өлмеспіз. Содан ол отыра қалып, дұға оқысын. Пойыз да ұзақтұрып алды. Күләнданың Қүдайға жалбарынуы да үзакка созылды. Бір дүғаны — «Әлхамдү»-ды қайталай бере ме, әлде сон- шалықты көп біле ме — ол жағы ана екеуіне белгісіз? Пойыздың бел темірлері сақыр-сұқыр, вагон ары-бері ырғатыла береді. Зарықтырып барып, бір кезде қызыл пойыз қозғалды-ау. Онын калай тартарын андып түрған бүл үшеуі гана емес, бүкіл вагон екен, бір кезде әйелдер, әсіресе орыстар жағы: — Қазақстанға кеттік,— деп шу ете калды. Біреулері: — Қазақстан — шел дала, курап өлеміз,—деп күніренді. — Сібірде тонып өлер едік қой,—десті біреулері. Ал, Күләнда мойнына жүн орамалын салып: — Иә, Көк Тәңірі! Иә, әруақ! Ақ жол бере гор!— деп еңіреп жіберді. Діні каттылау, жігерлі әйел Қазақстанда не күтіп түрганын білмесе де, әйтеуір туган топырақ қой деп, алдынан бір иненің жасуындай сәуле жылтырагандай іші жылып сала берді. Әзиза мен Нәфиса оны қосыла күшақтап, косыла жылап, Жасаганга жалбарынды. Қазак даласы да әлі кар жамылып жатыр екен. Ойдым- ойдым орманы бар, ара-түра шогыр-шогыр, аласа үйлі ауыл көрінеді. Есіктерінін алдында ерттеулі тұрган аттар. Бірде пойыз жолдын капталынан тазы ерткен, түлкі тымақты, салт атты казак көрінгенде, Күләнда: — Бауырым-ай!— деп айқайлап жіберді. Салт атты атының басын іркіп, пойызга қарады. Бірақ оның ішінде кім барын, қандай кайғы, кандай касірет барын сезбей, аңырып түрды да, атын тебініп, борт-борт желіп кете барды. — Осындай елден, осыншама жерден Мәскеуге кетіп неміз бар еді,—деп өкінді Күләнда.— Қызмет деді, өкімет деді
басиелеріміз. Тіпті, сенің Тұрарың мен менің Сұлтанбегім бір кезде, Ташкентте айтысып қалып та жүрді. Ойбу, сорлылар- ай десеңші. Одан да әлгі тазы ерткен қазақ құсап, елде жүре берсеші. Орыстың қатындары қосылып алып: — Бродяга Байкал переехал...— деп зарлы энге басты. Ара-тұра дабырласып, баяғы декабристердің әйелдерін еске алды. — Солар сияқты кайсар болу керек,—деді біреуі. — Олар Сібірге байларының артынан барса, алтын менен күміске малынып барган. Сен жәлептің нең бар, жаланбұт сорлы,— деді екіншісі. Олардын дау-дамайын тындап отырып-отырып, Нэфиса: — И-и, ұятсыздар, яман сүз айталар,— деп бетін бүрып әкетті.— Қарыйсын, қарыйсың, интеллигент кібік еще. Онысы рас. Бұлардың арасында қара шаруаның қатыны жоқ. Бәрі де ірі-ірі кызметкерлердің, оқымыстылардың, кайраткерлердің әйелдері. Яки, өздері оқымысты немесе ақын-жазушы, әртіс. Сталин мен Ежов қоғамнын басын кесіп алып, қүр денесін қалдырды. Бассыздарды басқару оңай. Басы жұмыс істейтін акылды адам хауіпті. Акылынан айырылған коғам не болмақ?! Алда не күтіп түр? Айнала аппақ қар. Дүние бұлынғыр, мүнар, мұнар, мұнар заман. Әзиза қалжырап барып, ұйыктап кетіп еді, түсіне түсі- ніксіз әлденелер кірді: бұлттын ішінде ұшып жүр екен дейді. Дауыл соғып, үшырып әкеткен дейді. Үздігіп-үздігіп жерге түскісі келеді, түсе алмайды. Жерде Сәуле қалып барады: мама, мама!— деп шырылдайды. Кіп-кішкентай, топ-томпақ колдарын созады. Бір уақытта шарт етіп, найзағай соққандай болды да, Әзиза оянып кетті. Сөйтсе, пойыз солқ етіп тоқтаган екен. Вагондар бір-біріне соқтыгысып калган екен. Орыс катындар: — Бревна везет, что ли,—деп бұркылдасты. Әзиза мәңгіріп отырып, бір мезгіл терезеге үніліп еді: — Ай!— деп айкайлап жіберді. — Не болды, байгұс-ау,—деп Күләнда жалт карады. Әзиза ернін тістелеп, өксіп жылаган даусым шыгып кетпесін дегендей аузын басып, тұншыгып: — Көк-ше-тау,—деді. Қараса — вокзал екен, қызыл үйдің төбесінде: «Кокше- тау — Кокчетав» деген жазуы бар. 694
— Е, жарықтық, Көкш е,— деді К үләнда әулие көргендей қолын қусырып, басын иіп.— Жынданайын дегенсің бе, неге сонша бақырдың,— деп Әзизаға үрысты. Әзиза сазарып, үндемей қалды. Күләнда өкпелетіп алдым ба деп, лезде мейірленіп: — Қой, Әзиза, әшейін айтам, елді сағынғансыңғой,—деді. Кішкентай Рида қыңқылдады. Әзиза таскерең болғандай оған назар да салмады. Жылаған баланы Нәфиса көтеріп алды. Тас меніреу калпында көп отырды. Терезеден көз алмайды. Тек, пойыз жүре бергенде ғана, еңкілдеп те еңіреп кеп жіберді. Күләнда басынан сипады. Орыс қатындар оқшиысып: — Что с ней?—деді. Нәфиса түкке түсінбесе де, көңілі босап: — И-и, ғазиз баш, ғариб мискин,—деп койды. Вагонда бауырласып алты тәулік жол жүргенде, Нәфиса Әзизанің кім екенін білген. Рыскүловты естіген екен. Оның Сұлтан-Ғалиевпен дос-жаран болғанын білгенде, Әзизамен тіпті апалы-сіңлідей болып кеті. Пойыз Кокшетаудан үзап кеткенде ғана, Әзиза Риданы өз колына алып: — Сол кезден калган бір жапырак белгі мынау,— деп койды. — Не болды, айтсаңшы,— деп Күләнда тіл катқанда барып, соноу бір кезде, 1930 жылы Рыскүловпен түңғыш рет осы Көкшетауда, түп-тура жанағы вокзал басында, түйыкта түрған люкс-вагоннын ішінде танысканын айтып, сыр шертті. Тіпті Рысқұловтың сондағы кейбір мінезін суреттеп, күліп те жіберді. Түкке түсінбеген орыс катындар Әзизанын біресе жылап, біресе күлгенін көріп, бір-біріне карасып, біреуі тіпті саусағымен өз басын нүкып та қойды. Әзиза арада «жеңгетай» жүрген Ескендір Тынышбаевтың небір қылықтарын еске түсіріп, мәз болды. — Қай Тынышбаев?—деп калды Күләнда. — Мүхамеджан Тынышбаев. Ескендір сонын баласы. Күләнда ол кісіні жаксы танитын болып шыкты. Үш нәрсе арсыз: ұйкы арсыз, тамак арсыз, күлкі арсыз. Орыстар мұны білмей ме, Әзизаның күлгеніне тан қалады. Бірақ өздері де біресе жылайды, косылып олен айтады, сакылыктасып күледі. Түткындар пойызында осындай өмір әзірше ешкімді де өлтірместен, ақырында Акмола деген
тш тт қалаға да әкеп жеткізді-ау. Вокзалдардың бәрі бір-біріне ұқсас. «Ақмола — Акмолинск» деген жазуы болмаса, мынау да Кокшетаудың вокзалындай. Пойыз ыңқ етіп тоқтаған сон, сыртта дабыр-дүбір көбейді. Шошақ буденновкалар кобейді. Репродуктор даусы саңқылдап тұр. Радио концерт беріп жатыр. Тіпті осы пойызды бүкіл халык болып күткендей, перрон басы гу-гу. Бұл не екен деп, тұтқындар терезеге үңіледі. Бірақ гүл алып шықкан ешкім жоқ. Арсылдаған овчарка иттерімен алысып түрған милиция. Бір уақытта сырғыма жалпак есік ашылып кетті де, сырттан бір зілман дауыс: — Шығындар!—деді. Сатысы жок мал вагоннан әйелдер бірін бірі сүйемелдеп, қарғып түсе бастады. Таза ауаға үйренбеген байғұстардың басы айналғандай болды. Күн әлі едәуір суық екен. Барын үстіне іліп, бастарын шандып алған әруақ сияқты түт- қындарды сапқа тұрғызып, мылтық кезенген, арпылдақ ит жетектеген айдауылдар тізбекті вокзалдын ішіне кіргізбей, шетке алып шықты. Оқшаулау бір сары үйдің мандай- шасында «АЛЖИР штабы» деген жазу бар екен. Топырлатып соған кіргізді. — АЛЖИР-і несі?—деп күңкілдесті түтқындар. — Африкада Алжир деген ел бар, соган әкететін шыгар,— деді бір еврей эйел. — Онда Сібір айналдырмай-ақ, Мэскеуден ары неге әкетпеді,—деп біреу шүбәланды. — Суықтан суырып алып, ыстыққа шыжгырмақшы,—деп бір әйел ашу шақырды. — Не разговаривать!— деп арс етті бастық. Әлгі ашушаң әйел: — Азамат бастық, сүрауга рүхсат етініз?—деді. Бастық оган ызгарлана қарап: — Ал сұра,—деді. — Айтыңызшы, бізді Африкаға айдайтындарыңыз рас па? —Оттама! Қайдагы Африка?—деді анаутүсін жылытпай. — Онда бүл кай Алжир? — Акымақ,— деді бастық,— АЛЖИР — Акмолинский лагерь жен изменников родины. Түсіндін бе? — Сонда біз осы калада каламыз ба?— деп қоймады әлгі батыл эйел.
— Молчать, сука! Тым коп білгін келеді. Енді бір сөз айтсаң, карцерге салдырамын. Сонымен, «суканың» жағы семді. Түтқындарды бір- бірлеп ішкі бөлмеге кіргізіп жатты. Аяғы талған Әзиза баласын бауырына кысып, суык кабырғаға сүйеніп, тізесін бүгіп отыра бергені сол еді: — Рысқүлова,— деп айкайлады колында кағазы бар милиционер. — Мен... — Кір ішке! Бөлменің іші жып-жылы екен. Төрдегі стол басында екі еркек, бір әйел отыр. Әйел де милиция порымында. Еркектін біреуі казак сиякты. Басы жап-жалтыр. Қалкан кұлақ. Шап-шағын. Қасында дәу орыс отыр. Төрдегі кабырғада — Ленин мен Сталиннің суреті. Қаптал қабырғада — Дзер жинский мен Ежовтың портреті. Карсы капталда — «Халық жауларына — өлім» деген үлкен жазу түр. Есік жақ кабырғадағы плакатта — буденновка киген, кіжінген чекист бір колында винтовка, бір колымен «халык жауын» кылкындырып түр. Чекист зор, ал «халык жауынын» үлкендігі — күшіктей-ак. —Рыскүлова Әзиза Түбековна,—деді жүмыртқа бас казак алдындағы кағазды окып.— Дүрыс па? — Дұрыс,—деді Әзиза. — Қолындағы кімнін баласы? — Өзімнің балам. — Фамилиясы кім? — Рысқүлова. — Аты? — Рида. — Әкесінің аты. -Тұрар. Дәу орыс қозғалақтап: — Тот самый,— деді. Жүмыртка бас: — Дәл өзі,—деді. Содан сон, Әзизаға қарап: — Нәрестеге обал ғой, фамилиясын озгертпейсің бе?— деді жаны ашыған болып. — Неге?—деді Әзиза шоқ баскандай. — Бұл байғүс бала ертен өседі, халық жауының фамилиясын алып жүргені ауыр болады, корланады гой. Мандайына карғыс таңбасын басып қойғандай... 697 45-626
Әзиза әлдеқалай әруақтанып кетті. Кімнің алдында тұрғанын да үмытқандай. Тергеуші қазақты тұңғыш рет көріп, іші бүратын шығардеп үміттеніп еді, жаны ашығантүрі мынау. — Ал, мен айтсам, Рысқұловтың фамилиясын алып жүру зор мақтаныш,— деді Әзиза арқаланып. Әйел чекист тыжырынып: — Ишь ты,— деді. — Жә, өйтіп қызбаланбаңыз,— деді қазақ чекист бас терісіне дейін қызғылтым тартып.— Аяғанды білмесең, анырап каласың. Қызынды детдомға өткіземіз. — Ж ок!— деп шыңғырып жіберді Әзиза.— Мен тірімін ғой. Мені өлтірсендер, сонда өткізіндер! — Айқайлама!— деп кызғылтым бас чекист акырып қалды. Қатын дауысты неме, үні шаңқ етті. — Тумай жатып мүның не жазығы бар, ағатай-ау. — Орысша сөйле!— деп шіңкілдеді казак чекист.— Жазығы сол — халык жауының түқымы. Кәмелетке жеткен сон, бүл да түрмеге алынады. Білмейсің бе? Үкім солай. — Құдайдан корыксандаршы... — Болды! Сенен баска да кезек күтіп түрғандар көп. Хабарлаймын. АЛЖ ИР-де боласың. Мамандығың бар ма? — Ба-а-ар. — Қандай? — Ма-а-ал дәр-і-ге-рі... — Как раз,—деп калды дэу орыс. — АЛЖИР-де мал фермасы бар. Сен керексің. Ал, ана баланды мына кісіге тапсыр,— деп әйел чекисті көрсетті. — Полина Карповна, қызын алып, Осакаровка детдомына откізесіз. — Құп болады,— деп Полина Карповна орнынан түрегелді. — Бермеймін!—деп Әзизаның жан даусы шықты. Чекист әйел Әзизаны шапалақпен беттен тартып-тартып жіберді де, кұндақты онын колынан жұлып алды. Мұндай соққы күтпеген Әзиза әуелі есенгіреп, содан соң баласына колын соза ұмтылды. — Айналайындар-ау, аясандаршы! Байымды алдындар, анамды, бауырларымды, тұңғыш қызымды да алдындар... Ескіндір-Шурикті де алдындар. Жалғыз жапырақ кішкентай нәрестені де кимайсындар ма-а-а... 698 *'< .
Алты айлык Рида түрмеде туып, бэле керген емес пе, беті ересек адамдай әжімді, көзін мұң басып, аузы кемсендеп, тырбандап, кішкентай ғана арық қолын әлсіз созып, жылауға да шамасы келмей, мәліш қозы маңырағандай, жай ғана ыңырсыды. *** Тұтқын әйелдерді Ақмоладан АЛЖИР-ге жаяу айдады. Чекистер мен милиционерлер біреулері шанаға, біреулері атқа мінген. Қыс бойы жатып, нығыздалған қасат қар күн сәл-пәл жылыған соң, солқылдай бастаған. Содан да жүру қиын. Қардан бір аяғынды суырып ала берсең, келесі аяғың күмп етіп, түсіп кетеді. Жүріс баяу. Бәрі де бір ізбен ілбіп келеді. Әсіресе, із салушыға қиын. Сондықтан айдауыл алдыңғы адамды кезек-кезек алмастырып отырады. Із салар кезек Нәфисаға жеткенде, кешегі Татарстан Совнарко- мының қатыны көпке шыдамай құлап қалды. Аяғындағысы жұқа етік екен, байғұс, тойға барамын деп ойлады ма, үйінен қыстық етік те киіп шыкпапты. Бәлкім, шамасын кел- тірмеген де шығар. Құлап қалған Нәфисаны айдауылдар шанаға лақтырып тастады. Кезек Күләндаға келгенде ол онша шаршамаса да, Нәфиса күсатып шанаға салар ма екен деп, бір жағына қисайып барып, кұлай кетіп еді, айдауыл аямастан мыл- тықтың дүмімен періп-періп жіберіп, қолтығынан жұлқып түрегелтті. Күләнданың ізімен келе жатқан Әзиза шыдай алмай: — Әй, көргенсіз, үрма!—деп айқайлады-ай. Кен. дала. Дауыс ешбір тосқауыл кормей алыска-алысқа кетті. Әзиза Әзизаға ұқсамайды. Бүрынғыдай жылауықемес. Айдауыл: — Ух ты, бля...— деп бұған да үмтыла бергенде, Әзиза қарулы ғой: — Мә саған бля...— деп айдауылды көкірегінен періп кеп жіберіп еді, анау қар үстіне тыраң етіп, құлап түсті. Мұны көрген тырнадай тізбек, орысы бар, қазағы, еврейі бар — барлық әйел ал кеп күлсін. Қүдай күлкі бермей койса, адам жарылып өлер еді. О дүниедегі тозақты көріп қайтқан ешкім
жоқ, бірақ, рас болса, тозақта да адамдар бір-біріне от шашып ойнап, күле беретін көрінеді. Бірақ бұл жарық жалғанда күлкі аз да, жылау көп. Мүмкін, жаратылыс солай ма? Неге, әйтпесе анасының қүрсағынан шыққанда бала күліп шықпайды, жылап шы- ғады? Бүл дүниеге келгеніне ренжігендей сыңай танытады. Анасынан күліп туған бір бала бар ма? Әзір ондайды ешкім естіген де, көрген де жоқ. Әйелдердің әлгі қыран күлкісі ұзаққа бармады. Аяғы аспаннан келіп құлап қалған айдауыл үстінің қарын қаға-маға қайта тұрды. Жерден винтовкасын көтеріп алды. Әзизаға қарай кезене бергенде жүрт шу ете қалды. Аттың үстінде келе жатқан үлық чекист: — Бобров! Перестань баловаться!— деп айқайлады — Одан да ол асау қатынды алдына қой. Осыдан АЛЖИР-ге жеткенше жол салсын. Корейік күшін. Әзиза тырна тізбектін алдына шықты. Малтығып келеді. Қарайған бар ма деп мойнын созады. Қардан биік шоқ-шоқ қарағаннан басқа қарайған көрінбейді. Аспанға үніліп еді, о да үнірейіп тұр. Суық бүлт түксиеді. Аспанды бүлт басқанда Құдай Жердің бетін қалай көреді? Қарғыс атқыр қара бүлт. Ол болмаса Құдай мына күнәсіз Әзизаның осыншама қорлық көргенін байқап қалып, мейірімі түсер еді... Алдыға үздігіп кадала қарай берген сон, көзі бүлдырай бастады. Шоқ-шоқ қараған жайылып жүрген қой сияқты болып кетеді. Кейде шоқы-шоқы биік тау тәрізді боп көрінеді. Мәскеу түбіндегі Клязьма орманында шанғы теуіп үйренгені қандай онды болган. Копке дейін шыдап бақты. Қасарысып келеді. Козінен от жарқылдағандай. Артынша мүнарлана бастады. Мұнар сағым арасынан әлдекім бүған қарсы қүшақ жая, теңіз кешіп жүзіп келе жатыр. Жақындап қалды. Қүшағын айкара жайып келе жатыр. Толқын-толқын қара шашы желбіреп келе жатыр. Алтын жиек козілдірігі ж арқ-ж ұрқ етеді. — Тұра-а-ар!!! Әзиза кос қолын алдыға соза, кеуек ауаны қармап, етбетінен қүлап түсті. 7оо
ТҰРАР Мұрнына қарағай шайырының иісі келді. Мұрны әлі де иіс сезеді екен. Адамнын қара тастан айырмашылығы сезімталдығында ғой. Ал, түрме бастықтары тұтқынды сол сезімнен айыруға неге сонша жанын салады? Сезімнен айырса — илеуге оңай. Айтқанына көндіре береді. «Кінәсін» мойындаттыра береді. Ал, Рысқүлов ойлайды: ақырғы мақсаты ату болса, жанды қинамай-ақ атып тастай салмай ма? Кім көріп жатыр? Кім араша түсіп жатыр? Ойбай, Рыскұловты түткындап, азаптап жатыр екен деп шырылдап, іздеу салған, сұрау салған бір жан бар ма? Бар болса бар шығар, бірақ оны Рыскұлов білмейді. Қаншама жанға жақсылық жасады, біреуі алдынан шығып, араша түспегені ме... Мен мынаған қол үшын бердім, мынаны қатерден құтқарып қалдым, мынаған жәрдемдестім деп Рысқүлов өзі айтпайды, осыдан осы жолы өле кетсе, соңынан ешкім де айтпайды. Ал, сонда қазақтың: осы жаксылығың алдыңнан кайтсын, Алладан қайтсын деп жататыны қайда? Бәрі бекер болғаны ма? Бір емес, екі емес, миллионды копе-көрнеу аштықтың аранынан сонау төңкеріс жылдары құтқарды. Отыз бір, отыз екі, отыз үштің қызыл қырғынында Сталиндей айдаһардын аран аузына түсіп кетуге пейіл болып шырылдап, қазақты күтқара гөрдеп, хатта жазды, ауызба- ауыздаайтты. Кімдерге қызмет кылмады? Соноу Қиыр терістіктегі Саха бауырлар автономия сұрады. Сталинді көндіріп, автономия алып берді. Қырғыздардың республика болуына барын салып бакты. Кәне, сонда көрген жаксылығы. Мәскеудегі Кен институтінен бір казак шәкіртін окудан, комсомолдан куып жатыр екен. Ашаң жүзді, сидан бойлы, биязы жігіт екен. Барар жері, басар тауы баяғы, Рыскұлов. Осылай да осылай, окудан шығарды. — Не үшін? — Әкен ірі саудагер болған дейді. — Оны кім айтыпты? — Сөйтіп Алматыдан арыз түсіпті. —Тексерді ме? — Жоқ. Рыскүлов, Совнаркомнын бір бастығы Рыскүлов, телефонный күлағын көтереді. Рыскұловтың бір телефон сокканы бір тағдыр, яки мын тағдыр.
— Алло,— дейді институт директоры. — Мен Рыскұловпын. Ана жігітке тиіспеңіз. Мен онын, әкесін білемін. Әкесі ірі саудагер емес, сол ірі саудагердің кол астында қызметші болып жүрген катардағы қарапайым адам еді. Баланы оқуға кайтып алыңыз. — Қүп болады, жолдас Рысқүлов. Әне, Рысқүловтың бір ауыз сөзі адам тағдырын қалай- калай шешеді. Ә, бәлкім, сол студент окудан шығып кете берсе не болар еді... Ә, бәлкім, ол енді институт тәмәмдап, кейінірек ел билейтін ірі кайраткер болар. Кім біледі? Сонда сол кайраткер Рысқұловты есіне алар ма екен, әуелі. К ейін-кейін мемуар жазарда Рысқүлов деген азамат өтіп еді. Соның маған осындай бір шарапаты тиіп еді деп бір ауыз жылы сөзін кияр ма екен. А, мүның бәрі кісілікке, үлкен парасатқа байланысты. Ал, әзір әзірейілден арашалар ешкім жоқ... Мүрнына карағайдың иісі келеді. Қарадан шыққан торе боп, ел баскарып тұрғанда, Мәскеу түбіндегі Яуза деген өзен бойындағы саяжайында монша болушы еді. Кілең қара- ғайдан соккан сол моншаға кіргенде осындай қүдіретті хош-күрең иіс аңкып тұрар еді. Аңқанды ашып, сарайынды алтын суымен суарғандай болар еді. Өзін бір мезгіл сол моншада отырғандай сезінді. Біртүрлі рахат хәл кешті. Сол сәттен соң, санасы қалыбына келіп, камерада отырғанына әбден көзі жетіп, көңілі су сепкендей басылды. Шайыр иісі өзі жаткан қарағай тосектен шығады екен. Сонда ол ауық-ауық, санасы адасқақ болып, есі ауысып кете беретінін аңғарды. Жынданып кетудің алды болмаса неғылсын деп қауіптенді. Жігерін жасытпай, қайрауға қайрат қылды. Жігер сынса — рух сынады. Мәңгүрттің бір белгісі сол. Қарағай иісі куат бергендей болды. — Ей, қасиетті қарағай! Қарсы бұтақ бітетін қайсар- лығыңнан бер,—деп тіледі.— Өміріңнің ұзақтығынан бер деп айта алмаймын. Мәңгі жасыл жастығыңнан бер деп те айта алмаймын. Ол Құдайдың ісі. Тек кайсарлығыңнан берсең болғаны. Мына иттер мені жасытып, майыстыра алмас болсын. Сынсам да майыспай шорт сынайын. Рысқұлов қарағай төсекке етпетінен түсіп, төсекті алақанымен сипалап, осылай күбірледі.
— Ей, қасиетті қарағай! Адамдар сенен салтанатты сарай да салады, адам қамайтын абақты да салады. Адамдар сенен нәрестеге арнап бесік те соғады, өлікке арнап табыт та соғады. Ас ішетен касықта, адам өлтіретін найзаның сабы да сенен жасалады. Жақсылығың мен жамандығың егіз. Жамандыққа сенің жазығың жоқ. Адамдар солай ойлап тапқан. Енді меніңтұтқындықтөсегім болдың. Табытым бола алар ма екенсің. НКВД атылғандарды табытқа салып көмер ме екен... Егер НКВД атылғандардың бәрін табытқа салып көмер болса, окіметтің қазынасының белі кайқандап қалмай ма? Ондай шыгынга бара қоймас. Әй, сол табытқа салды не, салмады не — бәрібір емес пе?! Өлген адамға бәрі-бір. Табыт-мабыт тірілердің тыраштығы. Табыт сенің дененді мәңгі сақтамайды. О да шіриді. Бәрінің ақыры — топырақ. Кәдімгі жәй топырақ. Сол топырақты басып жүріп, сол топырақты жыртып, егін егіп жүріп, соның бір заманда тірі адамның денесі болғанын адамдар ойланып жатпайтыны жаман. Топырақтан жаралған — топыраққа айналмак! Одан басқа жол жоқ. Кейбір елдерде олген адамды ортеп жіберіп, күлін суға, ауаға шашып жатады. Ешқайда қашып қүтыла алмайсың. Бәрібір жерге түсесің, топыраққа қосыласың. Сондықтан да бүрынғы моңғолдар кор қазып, әуре болып жатпаған. Өлгендерді апарып тастайтын арнайы сайы, жырасы болады. Сонда жатып, жермен жексен болып, топырақпен қауышады. Адам тәнін солай тауысады. Мүны Рыскүлов Моңғолстанда көрген. Ал, жан ше? Жанның жені бір басқа. Оның жұмбагы коп. Жүмбақты шешкен ешкім жоқ. О дүние деген бар дейді. Шын дүние сол деседі. Рысқұловтың мына кәзір бастан кешіп жатқанының бәрі Жалған дүние корінеді. Шын дүние әділетті сияқты. Бәле-жала, қиянат, қараулық, арамдық атаулыға жол жоқ, қарауыл күшті корінеді. Ал Жалған дүниеде қарауылдың озіне қарауыл керек. Сонымен Шын дүние жақсы сияқты. Бірақ соны барып, өз көзімен коріп, қайтып келген ешкім жоқ. Бар трагедия сонда. Әйтпесе, адамдар ажалмен арпалысып, өлімнен қорқып несі бар? Мына Рысқүлов сыңайлы итқорлық кормей, Қүдай-Құдай деп сол Ш ын дүниеге женей бермей ме? Мәселе қайда? Рысқүлов қарагай тосекте оң жамбасына аунап түсті. Рахат. Глебов суғатүншыгып олгендей үн қатпайды. Сүраққа шақырганды қойды. Ешкім мазаламайды. Осындайда ойланбаганда қайда ойланасың? Жалган дүниең мен Шын
ШИИ дүниенді ойлай бер, Рысқұлов. Рахат... Ай сонда Рысқұлов өзінін жауларынан кегін ойша бір алды-ау дейсің... Баяғыда-баяғыда, Талғар таудың бауырында, Бесағаштың басында, Солдат сайдың қабағында, кураған арша алауының көмескі сәулесіне ақ сақалы шағылысып отырып, Ахат атасы айтар еді: — Әзірейіл деген болады,— деп Ханға да, қараға д қарамайды. Құдайдан әмір болған күні келіп, жанынды алады. Жанынды о дүниеге алып барып, тергеуге салады. Жалған дүниеде істеген жақсылығың мен жамандық таразының екі басына түседі. Жақсылығың коп болса, пейішке кіресің. Жамандығың басым болса, тозаққа айдайды... Арша ағашы шытырлап жанады. Хош иісті түтіні мүрнынды қытықтайды. Алау басындағы балалар Ахат атаның әңгімесін тындағанмен, түсіне бермейді. Бала Тұрар сонда түсінбеген әңгіме енді ересек Тұрардың ойын билеген үлкен сұраққа айналды. — Әсет-жан, осы аурудан өлем білем, Алланың аманатын берем білем,— деп Кемпірбай қыран айтқандай, Рысқүлов бүл түрмеден шықпас сыңайлы. Әкесі Рысқүл қайта-қайта түсіне кіріп, атқа мінгес деп, үзенгісін босата бергеніне қарағанда, бүл жарық дүниедегі талқаны таусылатын да түрі бар. Сонда жанның тәннен бөлініп үшатыны шын ба, қиял ма? Мәселе қайда? Ал, жан тәннен болінді делік. Ал, иә пейішіне, иә тозағына түсті делік. Сонда сол шын дүниеде де өмір өлшеулі ме екен, әлде мәңгілік пе? Егер өлшеулі болса, сол Шын дүниеден өзге тағы да басқа дүние бар ма? Міне, сүрақ. Иса пайғамбар әлі оралған жоқ. Ораламын деп кетіп еді... Әрусәлім қаласының жанындағы Голгоф тауының басында оны жаулары кірешке шегелеп өлтіріп, өлігін тас табытқа салып, тас қақпақпен бастырып тастап еді... Сол түні таңға жақын Иса пайғамбар тас қақпаны ысырып шығып, аспанға ұшып кетті. Адам тұрмақ піл көтере алмас қақпаны қалай ысырды, міне, екі мың жылға жақындады, әлі ешкім білмейді. Бүл да үлы жүмбақ. Аңыз дейін десең, бұл «аңызға» адамзаттың үштен бірі сенеді. Ал, Иса пайғамбардың бүл Жалған дүниеде жасағаны рас. Мухаммед пайғамбар оны ұстаз түтқаны рас. Бірі — христиан дінінің әкесі, бірі — мүсылман дінінің әкесі. Екі діннін қаны қосылмайтындай. 704 Ч - '
Ал, өсиеті бір. Ең ізгі өсиеттер. Жақынынды өлтірме. Жамандықтан аулақ бол,жақсылыққа жақын бол. Үрлық қылма, қиянат қылма. Таза жүр, таза түр. Қаріп — қасерді, жетім-жесірді ая... Адамға — адам бол дегеннен басқа, бөтен пиғылы жоқ. Адамға жақсылықтан басқа тілері жоқ. Пиғылы пасық, ниеті қарау, ісі бүзық жандарды түзу жолға салмақ болған. Құдай жолына салмақ болған. Сөйткен Иса пайғамбарды әзәзіл азғырған адамдар көпе-көрнеу өлімге қиып жіберді. Бірақ ол бүзылған дүниені түзеймін, күнәға белшесінен батқан жер бетіне қайта оралып, үлы Сот құрамын, жердің жүзін ластан арылтып, тазартамын деп еді, әлі жоқ... Діндарлар әлі күтеді, дінсіздер толып жатыр. «Шын» дүние дегеніне қарағанда, онда тек шындық үстем болатын шығар. Мына Жалған дүниеде жала жабылып, зәбір коргендер Шын дүниеде әділдікке жететін шығар. О сонда Тұрар Рысқүлов талай-талай залымдармен есеп айырысар еді... Сталин Шын дүниеге сенер ме екен? Діни семинарияда оқыған кісі ғой... Бірақ береке таптырмаған. О сонда, Шын дүниеде Сталинмен кездесер күн туса... Бірақ Сталин әзір олмейді ғой. Ол үзақ жасайтын шығар. Мейлі. Коп болса жүз жыл жасар. Кәзір каншада озі? Өткен ғасырдан —жиырма бір жыл, бүл ғасырдан отыз жеті жыл — 21 + 37 == 58. Рысқүлов есепке жүйрік еді. Енді ежіктеп жатып, Сталиннің жасын әрең шығарды. Әлі елу сегізде. Коп болса, жүз жасар. Өлгендер асық- пайды. Қайда асығады? Сталин олгендер сапына, әйтеуір бір келеді. Сонда... Сонда не боларын коз алдына елестете алмай, Рысқүлов сол жамбасына тағы бір аунап түсті. Қарағай иісі елес берді. Демек, иіс қабілеті әлі топастанбаған. Сталин мұны атқызатын түрі бар. Түрі бүзық. Әлдеқалай әлмеғайыптан бір қүдірет араша түспесе, Рысқүловты өлтіреді. Оған козі жетті. Өлгеннен сон, Сталинді күтіп жатады. Қанша болса да күтеді... Ау, Шын дүниеге Сталин келгенше, Рысқүлов Ленинмен неге кездеспейді? Иә, десенші. Ол жарықтық, Шын дүниенің «ескі» түрғыны емес пе? Ал, кездесті делік. Сонда Рысқұловтьщ Ленинге қоятын кінәсі бар ма? Рысқүлов енді он жамбасына аунап түсті. Оны да місе түтпай, басын котеріп, төсектен аяғын салбыратып отырды. Ленин туралы жатып ойлау жарамас. Ленинді бір кезде
Пайғамбар деген Рысқұловтың өзі еді ғой. Ескі Ташкент базарында жұрт одан: Ленин кім деп сұраған. Көсем дейін деп еді, Сталин де көсем, Троцкий де кесем, Бухарин де көсем. Содан Ташкенттің карапайым халқына түсінікті болсын деп: —Ленин — пайғамбар!—деп айкай салган осы Рысқүлов. Сөйтіп еді, түсінікті болды да шыкты. Кедей-кепшік, жарлы-жакыбайлар алакайлап кол сокты. Тобырдын ара- сынан біреу кеңірдегін соза айкайлап: —Ленин мұсылман ба, кәпір ме?—деп октескендей сұрак койды. Ал, мықты болсан, жауап беріп кор! Мұндайда ойланып, ыңыранып, ыңқылдап, мыңкылдап тұрып алсаң — онбайсың. Даладағы тобыр — залдағы тындаушылар емес. Тобырдың заңы катал. Рыскұлов сонда қатты састы. Бірак сыр бермеді. Ленин — мүсылман десе өтірік айтады, кәпір десе бәлеге қалады. — Ленин — кедейлердің, кембағалдардың досы. Ол адамдарды дініне қарай бөлмейді. Оған орыс та, езбек те, казак та бәрібір. Адамдардың бәрін Қүдай жаратқан. Сондықтан Ленин үшін ұлттардың бәрі бірдей. — Әб-бәракәлла, бәракәлла!— десті жүрт. Бірақ әлгі ала тақия кеңірдегін соза түсіп, жауапқа канағаттанбағанын айкайлап айтайын деп еді, қалың тобыр онын үнін ошіріп жіберді. Сойтіп, Рыскүлов бір катерден күтылды. Сұрақтан кұтыларсың-ау, ал өз арыңнан калай құтыларсын? Жаңа тура сұраққа тура жауап бере алмай, жалтарып кетті. Шындыкка жүгінсе — Ленин мұсылман дінін де, христиан дінін де талкандады. Яғни, дінсіз, Қүдайсыз. Ал, әлгі тобырға солай деп айтып кор. Тобыр сенің Рысқүлов екеніне карамайды. Қош, Рысқүлов сойтіп, Ленинді пайғамбар деді. Жұртты сендірді. Бірак соған сенді ме? Иә, сенді. Ленин әуелі, тіпті Қазан төңкерісіне дейін: ұлттар оз тағдырын озі шешсін, өз билігіне оздері кожа болсын!— деп ұран тастағанда, Рыскүлов: міне, пайғамбар деді. Тіпті, Қазан төңкерісінен кейін Финляндияға азаттык беріп жібергенде де: о, сөзінде тұрады екен деді. Содан дәметіп калган Рыскүлов Түркістан мен Қазакстаннын тәуелсіздігін дауласын. Дауласа-дауласа 1920 жылы мамыр айында акыры Л ениннін алдына да жетті-ау, әйтеуір. Ленин Рыскұловты туган бауырындай жаркылдап, анкылдап карсы алсын. Қанша батыл болса да алгашында именшектеп түрган Рыскұлов мынандай акжарқын адамды коріп, жолым болады екен деп, куанып калсын. Әрберден 706
соң, келген шаруасын бірден баяндай алмай, айдаладағы әңгіменің жетегінде кетсін. Ленин одан емтихан алғандай, Түркістанда шаруа, дихан деп кімді айтамыз? Молдаларды қалай қүртамыз? деген сияқты алдамшы сүрактармен сикырлап тастады. Эрине, сикыры бар. Алдына неге келіп, неге кеткенінді сезбей каласың. Ә дегенде, Рысқұловтүйедей шаруамен келіп, түймедей пайда таппай, Лениннің арбауына мәз болып, кұралакан шықты. Лениннін кабинетінен шыгып, «Метрополь» мейманханасына оралып, диванга қисайып жатып, әлгі кездесудің нәтижесін ой таразысына салып, өзін өзі қайрап: «ақымақ болма, алданба!» деп түйілді. Лениннін алдына тагы барды. Барды да әуелі Түркістан мен Қазакстанды біріктіру мәселесін койды. Түркістан — егемен болуын, тіпті тәуелсіз болуын талап етті. Мәскеуден жіберілген «Түріккомиссия» деген қызыл комиссарларды, ягни: Фрунзені, Куйбышевті, Голощекинді, тагы баска- ларын Түркістаннан кайтарып алуды талап етті. — Неге?—деді Ленин. — Олар сол баягы патшанын генерал-губернаторлары сиякты. Кеудемсок. Жергілікті басшыларды, ТуркЦИК-тің өзін көзге ілмейді. Әкірендеп билік айтады. Бүлардың отаршылардан қандай айырмашылыгы бар?— дейді Рыс- қүлов.— Түркістанга ак патшаның орнына қызыл патша келіп, бәз-баягыша билеп-төстеп жатканын көріп-біліп отырган бүкіл Шыгыс бүдан кейін, Кеңес окіметіне кайтіп бүйрегі бүрады? Бұл дейтінің социализм идеясының беделін түсіріп, Шыгысты, ягни Индияны, Иранды, Ауганды, тагы баскаларын социализмнен безіндіру. — Иә, мәселе, үлкен мәселе,— деп Ленин дөң мандайлы басын кисайта калган.— Жарайды, әкетайым, мүны Политбюрога мәселе дайындайтын комиссия қүрайық. Түркістан туралы сіздің Жобаңызды да Политбюрода талкылайық. Түріккомиссияны да тындайық. Солай гой, әкетайым? Жоні сол емес пе? Ә, солай, солай. Ендеше, Рыскүлов, әкетайым, бүл атүсті асыгыс шешетін мәселе емес, ө-ө-т-е үл-ке-ен, о-о-от-е маңызды мәселені ақылмен, сабырмен шешейік. Рыскұлов ку қарагай төсектің үстіне кайтадан қисайды. Түркістан дауының шиеленіскені сонша, Политбюро дардай басымен үш рет жиналды. Мүйіздері карагайдай- карагайдай көсемдер, жап-жас Рысқұловпен үш күн бойы айтысты. Сонда Рысқүлов не дейді? Түркістан (Қазакстанды
қоса) империянын отары болып, сіңірі шықкан ел. Егер социалистік тоңкеріс шын мәнінде социалистік болса, езілген елдерге бостандық берсін. Ленин жолдастың бүрынғы үрандары да осылай болатын. Ендеше сол, ұран орындалсын. Түркістан саяси, экономикалық, әлеуметтік жагынан дербес, тәуелсіз ел болсын. Өз әскері болсын, оз шекарасы болсын. Шетелдермен дербес дипломатиялық қатынас жасасын. Ал, РСФСР-ден біз кол үзбейік. Бірімізге біріміз жәрдемдесейік. Сіздегі жокты бізден алыңыздар, мысалы, мақта, мал. Біздегі жоқты сізден алайық, мысалы, техника, түрлі тауарлар. Әділі осы емес пе? Бірімізге біріміз көз алартпайық. Тарих алдындағы әділеттік осы болады. Әйтпесе, социалистік гуманизм дегеннің бәрі бекер, шетел, оның ішінде Шығыс социализмге сенбейді. Шырқыраған шындықты Рысқүлов осылай айтып жанталасады. Бірақ маркасқалар марғау. Онда Түркістан Қазақстанымен коса әлдекімдерге жем болып кетеді-міс. Сірә, Сталин айтқан шығар. Ағылшындар андып жүр деді. Түркия да сау емес деді. Түркия десе, Сталиннің денесіндегі жүннің бәрі түрпиіп шыға келеді, не бәлесі барын кім біледі? Түрік дүниесіне жаны қас. Онысын, тіпті кейде, жасыра алмай да қалады. Ленин Мүстафа Кемәлға кол ұшын берейік дегенде, Сталин іштей тынып, жактырмады. Сонымен не керек, ақыры Ленин шешім шығарды. — Рысқұловтың жобасы кабылданбасын, кері кайта- ры лсын,— деді. — Түріккомиссияның жобасы кейбір түзетулермен қ а бы л да н с ы н ,— деді. Деді! Мәс-саған: «Әкетайым, кокетайым!» Әне, Рысқұловтың көңілі «пайгамбардан» сонда калган. Енді кімге барып шагынады? Құдды Сәбит Дөнентайұлының мысалындай. Бозторгай қыргидың үстінен арыз айтып қаршыгага барса, каршыга қаз-үйректі қырып салып, қүс әлемін шулатып жүр. Бүркітке барса, белшесінен қанга батып ол отыр. Ендігі бір нәзік үміт. Коминтернде шыгар. Дәл сол 1920 жылдың жазында Коммунистік Интернационалдың II Конгресіне дайындық жүріп жатты. Ленин баяндамашы. Баяндамасының тезистерін үлт өкілдеріне де жіберіпті. Пікір білмек. Мүнысы —демократия. Пікірді Қазақстандагы Ахмет Байтүрсыновтан, Түркістандагы Түрар Рысқүловтан білмек- ші болыпты. Демократия!
Ахмет Байтұрсынов пен Тұрар Рыскұлов сол пікірді бірігіп жазсын. Бірігіп жазсақ салмақтырақ болар деген шығар. Жазғанда не дейді? Қымбатты Владимир Ильич, ұлт мәселесі оңбай тұр дейді. Кешегі отар елдер сол отар күйінде қалды дейді. Кешегі патша генералдарының орнына енді большевик генералдары келіп, елді тоздырып, алкымнан алып бара жатыр дейді. «Бокты сідікпен жуып болмайды» дейді. Ленин хаттың осы жерін окығанда: — Тьфу, азиаты!— деп мұрнын басып, тыжырынған көрінеді. Өзінде Азияның қаны жоктай. Тыжырынса тыжырына берсін, шындык солай ғой. Біреуі ак, біреуі кызыл болғанмен, генералдын аты — генерал. Ленин бұл екі арыстың айткан ескертпелерін ескермеді. Коминтерн үмітті ақтамады. Енді барар жер, басар тау жоқ. Ендігі Сот — бір Құдай ғана. Ленин Құдайдын алдына әлдекашан барған. Рыскүлов та кешікпей баратын шығар. Сәті түссе, екеуі Жараткан Қүдыреттін алдында кездесетін шыгар. Сонда Рысқүлов не дейді, Ленин не дейді? — Владимир Ильич, сіз сол жолы Түркістанды түзакка салып кеттіңіз. — Түрар Рысқұлович, әкетайым-ау, о не дегенініз, төңкерісшіл Түркістан Ресейден мүлде кол үзіп кетуіне жол жок еді ғой. Сіз әкетайым, Түрік республикасы, Түрік компартиясы дегенді шығардыныз. Марксизмге мүлде жат. Соныңыз үшін гана, Сталин сізді жазаға үсынды. Ал, мен күтқарып қалдым. Мәскеуге шақыртып, биік мәртебелі кызмет бергіздім. Әйтпесе, Сталиннің алғашкы кұрбаны Сұлтан-Ғалиев емес, сіз болатын едіңіз. — Сүлтан-Ғалиевқа неге араша түспедініз? — Әкетайым-ау, ауырып қалдым. Сүлтан-Ғалиевты талапайлап талқыға салғанын мен тіпті білген де жоқпын. Білесіз гой, мен Горки деген жерде ажалмен арпалысып жаттым. Иә, тым өкінішті-ақ... — Жарайды, ол солай-ак болсын. Ал, Зәки Валидиді неге корғамадыныз? Ол кезде сіз сау едіңіз гой. — А-а-а, Зэки Валиди... Ө-т-е талантты башкүрт еді, шайтан алгыр. Есімде, есімде... бір хаты есімде: «Владимир Ильич, түбінде опық жеп жүрмеңіз».. Иэ, осылай гой деймін.
Осы мәндес бір хаты болған. Опық, Зәки көреген екен. Опық көп, Түрар, әкетайым, опық деген жетіп жатыр. — Зәки әлі тірі. Жалған дүниеде жүр. — А-а-а, солай ма. Тірі болсын, тірі болсын. Иә, иә, ол, айтпақшы, шетелге қашып кетіп еді-ау... Әлгі хатты ол сонда жазған. Сонда жазған... — Егер шындық дәлірек болсын десеңіз, Зәки Сізге: « Аса қүрметті Владимир Ильич! Сақ болыңыз, бәлкім, қатерлі қателердің бастау-бүлағында Сіз өзініз түрған шығарсыз»— деп жазып еді ғой. —А-а-а, солай ма? Мүмкін, мүмкін. Мен ол кезде науқас едім ғой. Сіз үмытпапсыз, Тұрар Рысқүлович... үмыт- папсыз... А-а-а, оны сіз қайдан білесіз? Хат маған ғана арналған ғой. — Сізге арналғанмен, Сіздің науқас екеніңізді біліп, Зәки ол хаттын көшірмесін озінің достарына да жолдаған. — Солай ма... Сонда мен қандай қателердің басында түрыппын, әкетай? — Үлт мәселесін аумақ-саумаққа айналдырдыңыз, Владимир Ильич. Сіз озіңіз: «Башқүрттар үлы орыстарға сенбейді, өйткені үлы орыстар башқұрттарға қарағанда мәдениеттілеу, ал сол мәдениеттілігін башқүрттарды тонауға арнады. Сондықтан башқүрттар үшін үлы орыстар «қанаушы», «тонаушы». Бұл бағамен келіспеуге болмайды, бұл зорлықпен күресу керек» дедіңіз. Оте әділ айттыңыз. Ал, сойте түра, 1919 жылы 20 наурызда башқүрттарға автономиялы азаттық беру жоніндегі Келісімге Сіз, Сталин және Зэки Валиди қол қоя түрып, арада он торт ай откен сон, 1920 жылы 19 мамыр күні осы Келісімнін күшін жойып, байғұс башқұрттарды қайтадан ұлы орыстың табанына салып бердініз. Аумақ-саумақ емей, бүл не сонда? — Ох, сайтан алғыр, рас-ей, шынында да оте ореске болған, о-т-е өрескел болған. — Өрескел іс толып жатыр, Владимир Ильич. Сіз Түркістандағы окілініз Иоффеге айтқан осиетіңіз есіңізде ме? — Иоффе? Не деппін оған? — «Біздің барлық үлы саясатымыз үшін туземдердің сеніміне ие болу өте маңызды: үш есе, торт есе маңызды: біздер империалистер емес екенімізді дәлелдеуіміз керек, мүндай сүмдыққа біз жол бермейміз»...—дедіңіз. Рас қой? — Рас-ей, сайтан алғыр.
— Ал іс жүзінде қандай болды? — Иә, қандай болды? — Іс жүзінде сіз Түркістанның занды өкіметінің үстінен ұлы орыс өкіметін орнатып қойдыңыз. Түркістанның занды президенті мен болсам, менің үстімнен Фрунзені, Куйбы- шевті, Голощекинді, Томскийді, тағы кімдер еді, Рудзу- такты, Бокийды коқырайтып қойдыңыз. Ақыры мен президенттіктен, жалпы Түркістаннан кетуге мәжбүр болдым. Осы ма сіздердің «империалистер» болмағаныңыз? — Әкетайым-ау, империализмнің ымырасыз қас жауы мына мен сонда империалист болғаным ба? — Өкінішке орай, империалистердің бас көсемі болды- ңыз. — Қалайша? — Оны сізге 1920 жылы қыркүйекте тағы да сол Зэки Валиди жазған. Ашық жазған. Есіңізге салайын, мазмұны былай: Владимир Ильич, шығыс халықтарына Орталықтың көзкарасы — шовинистердің көзқарасы. Түркістаннан Рысқұловты, Башқүртстаннан Валидиді зорлап кетірдіңіз — шығыста жоқ таптық күресті жасанды түрде қоздырдыңыз. Сөйтіп, үлтшыл Рысқұлов пен Валидиді кетіру арқылы орыс шовинизміне адал күл болар кадрларды ұлттар арасынан жасанды түрде өсіріп, солардың қолымен үлттарды канай- тын көсеу жасадыңыз. Бірак, біліп қойыңыз, Владимир Ильич, осы құйтырқының құрбаны өзіңіз болып жүр- мегейсіз.— Міне, Зәкидің сізге хаты. Солай, Владимир Ильич, сіз өмір бойы империализммен, үлы орыстың шовинизмімен күрестіңіз. Сойте тұра, өзіңіз империалист, шовинист болғаныңызды байқамай қалдыңыз. Міне, трагедия. Сіз майда халықтарға, олардан булығып шықкан қайраткерлерге астамдықпен қүл ретінде қара- дыңыз. Сенбесеңіз, Сұлтан-Ғалиевты тындаңыз. 1923 жылы мамырда Сталин Сүлтан-Ғалиевты түрмеге салды. Сонда отырып ол Орталық Бақылау Комиссиясына, Сталинге, Троцкийге хат жазды. «Мен кіммін?— дейді Сүлтан- Ғалиев.— Коммунист, революционермін бе, әлде саяси сатқын, арандаткыш албастымын ба?.. Мен қүлдықтың қүрсағынан шықтым. Қаналғандардың ішіндегі қаналған халықтан шықтым. Иә, мен революционермін, бірақ күл-революционермін. Мен бүкіл өмір бойы азаттыкка үмтылдым. Бірақ бүкіл өмір бойы құлдық сезімнен арыла
алмадым... Қазан төңкерісінен кейін азат шығармын деп ойладым. Бірақ маған бәрібір Құлсың деді». Көрдіңіз бе, Владимир Ильич, Сүлтан-Ғалиев сияқты аса ірі тұлғаның өзі Кеңес екіметі түсында да өзін-өзі Құл сезінсе, өзгелерге не жорық? Ал, Сталин Сұлтан-Ғалиевтың соңына неге шырақ алып түсті, соны білесіз бе? — Жоқ, әкетайым. — Ендеше, тындаңыз. Сіз жалған дүниеден қайтар алдында, сол Горкиде жатып, Өсиетнама жаздырдыңыз. Бұл оте қүпия қүжат еді. Өсиетнамада сіз өз уәзірлеріңіздін біразына сипаттама бердіңіз. Троцкий, Бухарин, Каменев, Зиновьев, Сталин... туралы. Сталин шексіз билікті қолына алды, осынысы насырга шаппаса екен. Әрі десе, дөрекі, мейрімсіз, катал дедініз. Міне, бүл жерде сіз пайғамбарсыз. Бүл хатты сіз съезге арнасаңыз да, сіздін уәзірлеріңіз оны халықтан, күллі коммунистерден жасырып қалды. Ал Сүлтан-Ғалиев мүны жер-жерде айтып жүрді. Одан кейін оны Сталин ондырсын ба? Айналып келгенде, Сұлтан-Ғалиев сіздің идеяңыздың құрбандығы. Бәлкім, сіз тірі болғанда Сұлтан-Ғалиевты Сталиннің қудалауынан корғап калар ма едіңіз... — Иә, егер мен тірі болғанда... — Сұлтан-Ғалиевтың мен туралы Сталинге не жазғанын білесіз бе? — Айта беріңіз. — Рысқүловты Түркістаннан бекер кетірдіндер. Ол Түркістанды тәуелсіз етпек болғанда, бүкіл Шығыстың камын ойлады. Түркістан күлдықтан азат болса, бүкіл Шығыс соның үлгісіне еліктейді деп ойлады. Ал сіздер «пантюркизм», Түран орнайды деп корықтыңыздар. Тұран болса несі бар еді. Түркістан, Қазакстан, Қашқария, Хиуа, Бұхара, Ауған мен П ерсияның түркі бөлігі бәрі бірігер еді. Социализм үшін бүл кауіпті емес еді. Бұл орыс үлтшыл- дығына қауіпті, батыс европалык капитализм үшін қауіпті, ал революция үшін түк те кауіпті емес еді. Рыскұловты Түркістаннан кетірдіндер. Ал содан не пайда таптындар? Онын орнына орыстар келді, яғни баяғы отаршылар келді. Түркістанның шаруасы күйзелді, экономикасы шатқаяктап кетті. Нәтижесінде басмашылар бас көтерді. Басмашы деген ол тек байлар гана емес, Кеңес өкіметінен корлық корген
нағыз кедейлер. Демек, Түркістандағы социализм ісіне орасан зиян келді. Міне, Орталыктың «көрегендігі». Сұлтан-Ғалиев осылай дейді, Владимир Ильич. — Сөйте тұра, ол әлі тірі ғой. —Тірі болатын. Бірак 37-нін зұлматынан кұтылмас. Қу қарағай тосекте жатып алып, Рыскүлов анау-мынау, әлдеқандай Глебов сияқты сүмырай емес, Лениннің озімен сөйлесіп, оған шындыкты бетіне басканына кәдімгідей женілейіп, кәдімгідей куанып қалды. Глебов күрып кетті. Мүны мазалағанды қойды. Бәлкім, шаршаған шығар. Оның да күні күн емес. Болмағанды болды дегізу керек, істемегенді істедім дегізу керек. Бәрі керісінше келу керек. Бәрі де Қүдайдын ісіне карама қарсы. Қүдайсыз болудың озінен де адам азатын шығар. Қүдайға сенбесең сені кім жаратты? Дүниені кім жаратты? Дүние-әлемде неге тәртіп орнаған?. Неге ұдайы қар жауып, қыс болып түрып алмайды? Немесе неге ұдайы жаз болып, шілде шакырайып тұрып алмайды? Бәрі кезекті, бірінен соң бірі кезегімен келіп-кетіп жаткан тіршілік. Бұл тәртіпті орнатқан кім? Атана нәлет Глебов емес қой. Рыскұлов көзі ілініп, үйыктап кетеді. Түсінде тагы да Кокшетауды көреді. Когілдір кол жагасында Әзиза екеуі кол үстасып, ну қарагайдың арасына кіріп кетеді. Қарагайдың иісіне мае болады. Мәңгі жасыл карагай бүларга әл-қуат беріп, жасарта түседі. Қарагайдың озінен медет алган бүлар енді мәнгі картаймайды. Ешкашан ауырмайды. Өйткені, қайсар қарагайдың озінен шипа алган. Олар енді қарагайдың басына үя салып, құска айналады. Қүрысын бақталас, бақас адамдар өмірі. Олар енді кыран болып гұмыр кешеді. Өмірге кырандар келтіреді... Кенет жақпар тастын киясынан Қызыл Жебе мінген Рыскүл шыга айкай салады. —Түрар! Мінгес артыма! ӨМІРЗАЯ Содан сол Холкинді таспен үрып жықкан сойканнан кейін, Ескендірді Пьянков тас зынданга қаматты. Эрине, сотсыз, тергеусіз атып тастай салуга да болатын еді, неге екені белгісіз, сүп-суыктас капасқа камады, балаң жігіт бір тәулікке де шыдаган жок: кызуы көтеріліп, алаулап, ажалдай 713 ч 46-626
суық абақтыда алаулап, өртеніп бара жатты. Лагерьдің емшісі келіп, ес-тұсынан айырылып жатқан Ескендірді лазаретке алдырды. Қос өкпе қолқамен бірге қабынып, қап-қара болып, үсіп кеткен екен. Лагерьдің емшісі Пьянковқа: енді бұл адам катарына косылмайды, өліп қалмай тұрғанда еліне кайтарып жібе- рейік — деді. Пьянков қарқ-қарқ күліп алды да: қайда өлгені бәрібір емес пе, оны соноу Мәскеуге кім апарады? «Жетім Шағалаға» да тыңайткыш керек, деді. Топырак пендеге туған жерден бүйырсын деген үғым бар. Пьянковта ондай үғым жоқ. Қу сүйегің саудырап қайда қалады — оған бәрібір. Империялық сана адамды отан- сыздыққа баулиды, Мысалы, осы Ескендірдің атасы Рысқұл баяғыда Бодойбодан кашканда, тек бостандық тілеген жок. Ноқталы басқа бір өлім, өле кетсем — өлігім туған жерде қалсын деп тіледі Құдайдан. Арманы — Ақсу-Жабағылы еді, оған жете алмағанмен, нағашы жұрты — Таластан мәңгі мекен тапты. Осыдан бір ай бүрын туған әкесі Тұрар Ескендірге өсиет арыз айтып, сүйегімді тапсан, Рыскұлдың касына апарып кой деді. Үміт шіркін не дегізбейді. Жалғанда жалғыз ұлы Ескендірдің мұндай хәлге түсетінін Рыскүлов қайдан білсін? Әлі жас кой, бірдене етіп, тырмысып- тырбанып ажал қүрығынан кұтылып кетер деп үміт етіп еді. Енді сол Ескендір күлак естіп, көз көрмеген Жетім Шағала деген кішкентай аралда калып барады... Ал, Пьянковта отан жоқ. Оған бәрібір. Қарны тойса —сол жер отан. Отаннан тамыры үзіліп калған. *** Емханаға Ескендірді іздеп келіп, көңілін сүраған жалғыз жан Мирхайдар Фаткулин болды. Жанында жакының жоқта, жер түбіндегі алакандай аралда ажалмен арпалысып жатканында, жанашыр біреу табылып, хәлің калай деп бір ауыз сүрағаны —дүниенін бар байлығына бергісіз олжа. — Хәллар нишек, Умырзая,— деді Фаткулин екі иінінен дем алып, екі беті алаулап жатқан Ескендірден. — Хәлді көріп түрсыз ғой, Мир-Хай-дар а-ғ-а,— дейді ентігіп, дем жетпей жатқан Ескендір.—Умырзая дегеніңіз не, Мир-Хай-дар а-ғ-а? — И-и, куз нұрым, не десем екен, умырзая ол орысша — подснежник.
— А-а, бәйшешек,— дейді Ескендір қазақшалап. — Умырзая тұғырысында бізде, татарларда жыр бар. — Айтыңызшы, Мир-Хай-дар а-ғ-а. — Ул бик моңлы, сине расстроить итәргә булми. — Айтыңыз, маған мұңлы музыка ұнайды. Өйткені, өмір солай. — Яри, куз нұрым, айтиын. Фаткулин терезеге қарап, көзін жұмып, жайлап бас- тайды. Боз катлавы эрегач, жир өстенә Умырзая чыға, қарағыз, Умырзая чыға, Умырзая калка Умырзая суза сабағын. Боз катлавы кебек көнкүрештән Чығасым ла килә тизрәк, Умырзая кебек, Умырзая кебек, Умырзая кебек тиз үрләп... Умырзая бик тиз үсеп чыға Бик аз ғана яши, тураеп, Умырзая бик тиз Башын асқа ия, Умырзая сула моңаеп... Юқ, мин яшар идем озақ, озақ, Минем килми алай буласым: Умырзая кебек, Умырзая кебек, Умырзая кебек суласым... Фаткулиннің даусы пәс, жарыкшақтау болғанмен, шын сезімнен шығып, өзінің де кеудесіне мұз боп қатып жатқан көңіл жібіп шырқағанда, дүниеде бүдан асқан әнші жоқтай көрінді. Ескендір әлгі әннің сөздеріне көбінесе түсіне алмады. Бірақ бәйшешек туралы болған соң, ән ырғағының өзі-ақ, оның тағдырын айтып бергендей болды. Яғни, көктем шығып, тоң жіби бастағаннан-ақ, жер бетіне қылтиып бәйшешек шығады. Оның өмірге ынтызарлығы сонша, тез өсіп, сабағы тез ұзарады. Мүзды тоң секілді күнкөрістен мен де тезірек құтылғым келеді дейді әнші. Бәйшешек сияқты тез-тез қүтылғым келеді дейді. Бірақ бәйшешек байғүс,
тез-тез өсуге асыққанмен, ғұмыры қысқа, мүңайып тез солады дейді. Жоқ, мен бәйшешек сияқты тез-тез солғым келмейді, мен ұзақ-ұзақ өмір сүргім келеді дейді. Жөтел қысып, ентігіп жатып, Ескендір әннің соңғы жолдарын әнмен қайталамақ болды. Юқ, мин яшар идем озақ, озақ, Минем килми алай буласым: Умырзая кебек, Умырзая кебек, Умырзая кебек суласым.. — Жоқ, Мир-Хай-дар аға, мен өмірзая сиякты тез солғым келмейді. —Дүрыс, дүрыс, бауырым, сенін организмің жас. Ауруды жеңесін, көз нүрым. Айығып кетесің. Тек аурумен күресе біл,—деп Фаткулин қуат берген болды. — Әніңізге көп рахмет, Мир-Хай-дар а-ғ-а. Осыдан қайтып қайырлы күндер туса, Эрифа апам түрмеден шыкса, Рыскұловтар қайтадан бір бас коссақ, мен сіздің осы әніңізді айтып берем. Эрифа апам бәрін түсіндіреді. — Ол кім — Әрифа? — Тұрар Рысқұловтың кайын енесі. — О да түрмеде ме? — Иә. — О, қаһар соккан қатыгез заман! Хуш Искандер. Менің мүнда екенімді біліп койса, Холкин ондырмас. Сен одан біздің бәріміздің кегімізді алып бердің, Искандер. Бірак жаны сірі екен, қайтадан жұмысқа шыкты. Бұрынғыдай емес, жуасып қалған сиякты. Рахмет саған, Искандер... *** Ескендірдің сүйегімен Жетім Шағаланы тынайтпак болған сол Пьянков лазаретке ентігіп, емпең басып, өзі келсін. Емшіге: — Ескендір Рысқүловты тез жолға дайында!—деді. — Не боп калды? — Білмеймін. Мәскеуден пәрмен келді, алып келіндер дейді. Ескендірді арбаға мінгізіп, параходка алып бара жаткан жолда, ылдидан өрге тас тасушылар ошарыла тұрып, окшиыса қарап калды. Біреуі:
—Бастықты ұрып жықсаң елге қайтарады екен ғой,—деді. — Еліне қайтара ма, әлде материкке алып барып ата ма?— деді басқа біреуі. Сүлдесі сынық Ескендір әлсіз қолын көтеріп, қоштасу ишарасын жасады. Холкинді үрып, карцерге түсіп, қос өкпеден айырылмағанда осылардың арасында жүре беретін бе еді... Аз күн тағдырлас болған талайсыз бауырларына қимас көңіл танытты. Көптің арасынан әлгі татар кісісін іздеді. — Мирхайдар аға,— деп шырылдады.— Мирхайдар Фаткулин! Мирхайдар тачканың сабынан қолын босата алмай, амалы қүрып, кеудесін алға сүйреп, мойнын созып: — Хуш, Искандер! Бағырем, хуш!— деді.— Рухлар сақласын, ходаем сақласын сине, ғиззатлем! Әтиіңе кургәш сәлем айтырсын... Ескендір «әтиін»— әкесін көре ме, көрмей ме, Түрар Рысқұлов тірі ме, өлі ме — онымен жұмысы жоқ. Бәрі де үміт дүниесі ғой. Кеудеден жан шықпайынша, үміт дүниесі өлмейді екен. Ешзаман көзге көрінбейтін, оқ өтпейтін, отқа күймейтін, мәңгі жоғалмайтын Жан деген қүдірет кеуденнен қош деп ұшпасын. Жан үшса —Тән тулақ. *** Глебов Рысқүловтың АЙЫПТАУ қорытындысын шы- ғарып, бәрін хаттап та қойған. Тек соны мойындаймын деп Рысқұлов қол қойса болды. Оны Ежов құптайды. Вы шинский қол қояды. Ульрих үкім шығарады. Айыптау қорытындысы негізінен жеті тармақтан тұрады. Бірінші. Рысқүлов 1919 жылдан «Иттихат ва Тарраки» үйымында болды. Екінші. Энвер Паша ж әне Зәки Валидовпен байланыста болды. Басмашыларға жәрдемдесті. 1921 жыл. Үшінші. Қазақстан, Орта Азия, Закавказ, Қырым, Башқұртстан, Татарстанды СССР-дан бөліп әкетпек болды. Сөйтіп, буржуазиялық-үлтшыл мемлекет құрып, оны Германия, Жапония және Түркия боданына бермек болды. Төртінші. Рысқұлов Рыковпен бірікті. Бесінші. Сталин, Молотов, Ворошилов, Каганович жолдастарға қастандық жасамақ болды. Алтыншы. Германияның шпионы. 1923 жыл. 717
Жетінші. Түрки яны ң шпионы. М үның өзі Р С Ф С Р Қылмыс кодексінің 58—1, а, 58—2, 58—8, 58 —11 статьяларына жататын қылмыс. Осы статьялар бекітілсе, Рысқүловқа Ату жазасынан басқа жаза жоқ. 1934 жылғы 1 декабрьде қабылданған Заң бойынша, бүл қылмысты іс СССР Жоғарғы Советі Жоғарғы Сотынын Әскери Коллегиясының қарауына жатады. Әскери Колле- гияның Төрағасы армвоенюрист У л ь р и х . Коллегияның қүрамында Ульрихтен басқа бриг- военюрист Зарянов, I рангалы военюрист Кандыбин, I ран- галы военюрист Костюшко, СССР Прокурорының орын- басары Рогинский бар. Рысқұловтың тағдыры осы бесеуінің қолында. Адамның тағдырын адамға қаратып қою қиянат. Адамды Алла жаратты, ендеше оның тағдырын Алланың өзі шешсе керек еді. А, мүмкін, Жаратқан Қүдырет Рысқүловтың тағдырын шешуді осы бесеуіне тапсырған шығар. Жаратқан Құды- реттің ықтиярынсыз ешнәрсе болмайды дейтіні қайда? Сот жабық болатын болды. Куәлар шақырылмайды. Айыпталушы адвокат жалдай алмайды. Әскери сотта адвокат болмағаны ғой. Сонымен, Рыскұловты корғаса, тек бір Қүдай ғана қорғайды. Одан кейін, өзін өзі ғана қорғайды. Басқа ешкім жоқ. Бірақ соттың ісі созылып түр. Себебі — болмашы ғана бір ілік. Алдын ала тергеу протоколына, Рысқүлов кол қоюы керек. Глебовтын осы арада заңның тәртібін сақтай калуы түсініксіз. Лубянкада он ай отырғызып, соншама сансыз сүрақ қойып, том-том сүрақ-жауап жазылғанда, сол томдардың әр парағының аяғында Рысқұловтың қолы тұруы тиіс екен. Ал, оған ол қолын қоймайды. Үзілді-кесілді бас тартады. Глебов оны суға да салады, отка да салады, адам жанын қинаудың канша амалы бар — бәрін істейді, бірак түткын кол қоймайды. Ақырғы максат біреу. Рысқүловтың көзін қүрту. Ендеше, оның қол қоюынын қанша қүны бар? Оны кім тексеріп жатыр? Соттың зандылығын, тергеудің әділдігін таразылап жаткан кім бар? Рысқұловтың қолын қолдан жасай салу қиын емес. Оны қай экспертиза зерттеп жатыр? Сорақы соттың осы бір жерде «әділеттік» сактап, ыздия калуы ақылға қон- байды-ак. Сонымен, Глебов ақырғы шабуылдардың біріне шыккан. Рыскұловты кабинетіне алдырып, қойылған айыптарды 718
пысықтап, ал енді осыны мойындайсың ба?— дейді ғой. Жауаптың орнына Рысқұлов: — Мен Лениннің өзімен сөйлестім,— деді. Глебов жалт қарап, Рыскұловтың бетіне үңілді: «Ақыры алжаскан екен» деді. — Не? Не? Не сандырақтап отырсын? Қайдағы Ленин? — Иә, кәдімгі Владимир Ильич. Ол менің сұрақтарыма жауап бере алмай, қиналып калды. — Не сұрақ қойып едіц? — Владимир Ильич, сіз әуелі үлттар бостандығы туралы ұран тастадыңыз. Үлттар өз тағдырын өздері шешсін дедіңіз. Кейін жеме-жемге келгенде бұл уәдеңізден тайқып кеттіңіз. Оныңыз қалай?—дедім. — Ол не деді? — Ол былай ғой, әкетай-ау, енді былай...—дей береді. — Оңбаған, енді үлы әруаққа тіл тигізуге шықтың ба?— деп ашуланды Глебов. — Жоқ, азамат тергеуші, мен болған әнгімені айтып отырмын. — Сандалма! Ленин 1924 жылы қайтыс болған. Өкінішке орай, сен әлі тірісін. Өлген адаммен калай сойлесесің? — Жоқ, қателесесіз азамат тергеуші. Өлетін адамныңтәні ғана, ал жан өлмейді. Анау мавзолейде жатқан Лениннің сарғайып, қураған тәні ғана, ал жаны... — Жетті, оңбаған мракобес! — Мракобес мен емес, сізсіз, азамат тергеуші. Сіз Шын дүниені білмейсіз. — Ендеше, сол «Шын» дүниені сағынып тұрсаң, кешікпей барасың. — Ол рас, азамат тергеуші, сіз де барасыз. Сіз де өлесіз. Глебов селк ете калды. Глебов талай адамды өлімге оз колымен аттандырса да, осы өзім де өлемін-ау деген ой басына келмепті. Сол «өлім» деген суық сөз енді жүрегіне октай қадалды. Неге сескенді? Демек, бұл да небары ажалды адам гана екен гой. Әмірі жүріп, қүдыреті үстем болып түрганда, пенде шіркін, Қүдайды үмытады. Өзін өлмейтіндей санайды. Міне, бүл надандықтың шыңы. Ал, надандық билеген заман — соры калын заман. — Солай, азамат тергеуші. — Оттама. — Оның несі оттау? Шындық қой. Әлде, сіз өлмейсіз бе? Құдайдан «өлмейсің» деген кепілдік алып па едіңіз? — Ж оқ.— Глебовтың аузынан еріксіз шыгып кетті.
— Әне, көрдіңіз бе, ондай кепілдігіңіз жоқ. Ендеше, сіз бен біз әлі Шын дүниеде кездесеміз. Мені бүгін атып тастарсыз, не ертең... Бәрібір. Ал, содан кейін мен Шын дүниеде сізді күтіп жатамын. Асықпаймын. Жанталасып өлмеуге тырысарсыз. Енді көп болса елу жыл жасарсыз. Мейлі жүз жыл болсын. Мен асықпаймын. Әйтеуір, бір келесіз. Әне, сонда... — Сонда не болады? — Сонда мына маған істеген адам айтқысыз аюандығыңыздың бәрі алдыңыздан шығады. — Хм-м,— Глебов «Беломорканал» папиросынын корабын түбінен шертіп жіберіп, бір талын алып, шырпы тұтатты. Қолы кәдімгідей дірілдеді. Бұл пенде. Небары кәдімгі ажалды пенде. Ажал туралы шындап ойға қалған сыңайлы. Сонымен бірге, ол Рыскұловтың сөз саптауына таң калды. Бұрын мүндай емес-тін. Ленинмен сөйлескені несі? Сандырақтап отыр дейін десе, сөзінің қисыны бар. Бірақ Ленинмен сөйлесу... қисынға келмейді. «Шын» дүние дегенді шығарыпты. Мұнысы да кайран қалдырады. А, бәлкім, бұл «жаксылықтың» нышаны шығар. Енді бүған кұжатқа қол койдыру оңай болар. — Сөйтіп, Рыскүлов, екеуміз біраз мылжындасып алдық. Енді іске көшейік. Міне, мына протоколға қол қоясын,—деп Глебов түптелген том-том үш кітапты көрсетті. — А-а-а,— деді Рыскұлов ол кітаптарға селқос қарап.— Яғни, Рыскүлов үш бірдей мемлекеттің шпионы. Совет өкіметін кұлатпақ болды. Бұл жөнінде Рыковпен сыбайлас. Көсемдердің көзін жоймак болды, яғни террорист. Үлы Түран мемлекетін құрмақ болды, тағысын тағылар. Осы ғой. Оны мен мойындап қол қоюым керек. Осы ғой? — Осы. — Жарайды, Глебов. Мен кояйын. Бірак сен Актеніздегі баламды алдыр. Ескендір Рыскүловты осында алдыр. Бір корейін. Бір-ак рет. Әйелім Әзизаны, баска балаларымды кинамандар. Олардың ешкандай жазығы жок. Мен кол қояйын, бірак баламды бір көрсет. Содан сон, неге болса да мен дайын. Негізінде талабы дұрыс. Рас, НКВД тұтқындармен тәжікелеспейді. Дегенмен, қатыгез заңнан да саңлау табуға болады. НКВД үшін алыстағы жаткан баланы алдыру қиын емес.
Рас, Рысқұловты тағы да азаптауға болады. Есінен мүлде адастыруға да құдырет жетеді. Өзі де адасуға бейім тұрған сияқты. Бірақ Глебов жалыққан сияқты. Ол Рысқұловқа: — Жарайды,— деді. *** Ескендірдің А қ теңізден оралуы осындай себептен еді. Бірақ ол әкесіне жолыға алмады. Рысқүловтың ақырғы арманы орындалмады. «Халық жауларының» тізімі оқтын-оқтын Сталиннің алдында жататын. Әрине, «халық жауларының» қошқар- лары. Бүкіл Одақ бойынша миллиондаған «жау» болса, онын бәрін Сталин қалай оқып отырады. 1937 жылы ұсталғандар түрмелерде әлі отыр. Міне, 1938 жылдың күзі болды, әлі жаза жоқ. Үзаққа созылған бұл неғылған тергеу, неғылған сот?! Сталиннін көніл-күйі пәс еді. Болмашы нәрседен көңілі бей-жай болды. Дәу қара трубкасын түтата бергенде, трубка таре ете калды да, от шаршып, мүртының ұшын жалап өтті. Кәдімгідей күйген жүннін конырсык иісі шықты. Неге екені белгісіз? Әлде, «Золотое руно» темекісінін ішіне біреу оқ дәрі қосып койған ба? Әлдекалай араласып кетті ме? Бүл не? Қастандық па? Мүмкін, біреу оқ атты ма? Басы жап-жалтыр көмекшінің зәресі кетті. Сталин шегетін темекіні дереу зерттеуге алдырды. Табан астында Ежовты шакырттырды. Сөйтіп «темекі ісі» басталды да кетті. Ол темекі кайдан әкелінеді, кім дайындайды, Кремльге кім жеткізеді, кімнін колынан, кімнің тексеруінен өтеді — түтас тізбек катан тергеуге түсетін болды. Құда каласа, күрбандық мол болады. Мұрттың үшы үйтілді екен деп тіршілік токтап қалмайды. Сталин күсаланып жатып алмайды. Ежовты касына алып, «халык жауларынын» кошкарларынын тізімін колына қалам алып отырып, кайта карап шыкты. Троцкий шет елде. Зиновьев отыр. Каменев отыр. Томский отыр. Бухарин отыр. Рыков, Рудзутак отыр. Сокольников, Чубарь, Радек дейтін- дер отыр. «Нацмендер» деген тізімге келіп еді, ең басында Рыскүлов түр. Сүлтан-Ғалиев, Файзолла Ходжаев, Икрамов, Атабаев, Қожанов... осылай тізбектеліп кете береді екен. Сталин Рыскүловтың түсына кара каламды батырың- кырап біраз отырды. Ендігі мәселе сол калам калай қисаяды:
сүрақ қоя ма (?), әлде үшкір таңба (Ү) қоя ма — соған тіреліп түр. Сұрақ белгісін қойса, әлі тергеу созыла түседі. Үшкір таңба қойылса — бүл өмірдегі талқаны таусылды деген сөз. Үшкір таңба (Ү) садақ жебесінің ұшы гой. Сол жебе жүрекке қадалмақ. Сталин үйітілген мұртын сипады. Сарғыш көзі қысы- лыңқырап, қоңыр қайыспен қапталған дәу есікке қадалды. Есіктен Рысқүлов кіріп келетіндей, сонда Сталин оған: «А, Түркістанның Шыңғыс ханы, төрлет» дейтіндей. Рысқұлов оған: «Оқасы жоқ, төрге грузиннің кінәзі отырып қалган екен, оқасы жоқ» дейтіндей, ұзақ қарады. Бір кезде болып еді, сондай қақтығыс. Бір ойды бір ой жетелейді. Кенет Сталиннің құлағына: «Сталин қателеседі!» деген ащы сөз саңқ етіп жеткендей болды. Сондай да бір қақтығыс болғаны рас еді. Нахал, Рысқұлов, нахал. Тым қүрыса, «Сталин жолдас» деуге болады ғой. Жоқ, түйеден түскендей қылып «Сталин» дейді. Рас, ол кезде, 1923 жылы, Сталиннің атына «жолдас» деген сөзді қоспай сөйлейтіндер баршылық еді. Троцкий оны тіпті көзіне ілмейтін сияқты болатын. Каменев оте жүмсак кісі еді. Иосиф Виссарионович дейтін. Бухарин кесірлі, мақтаншақтау еді. Сталинмен ол да санаса бермейтін. Мейлі, бұлар революцияның тарландары гой. Оларга кешірімді де шыгар. Ал, Рысқүловқа не жок? Жасы да кіші. Нахал. О, ол не демеді: «Түрікреспубликасы!» деді гой. Дербес мемлекет қүрып, жеке-дара баскарып отырмақшы болды гой. «Түрік»дейді. К орсетейінсаган түрікті! «Түбібіргетүріктер, бірігіндер!» деді гой. Біз «барлық елдердің пролетарлары, бірігіндер!» деп ұран тастасак, ол «Түбі бірге түріктер, бір болыңдар!» деп қыңырайды. Қ ыры к кісі бір жак, кыңыр кісі бір жақ. Білеміз түріктерді. Әлемнін күн шыгысынан күн батысына дейін мұхиттай тасыган. Түрік емес халыктарды тасырандап басынган. Шыңгыс ханды монгол дегенмен, түбі түрік тектес еді... Бірақ Көк Түріктің жиған-тергенін шайкап кетті. Кейінірек Ақсақ Темір, Баязит, Токтамыс бірін бірі жеп қойды. Олар бірін бірі жүтып қойганы абзал болды. Егер бүл үшеуі бірігіп кимылдаганда, дүние жүзінің картасы кәзір мүлде баска сипатта болар еді... Мына Рыскүлов солардың қатесін түзетпек. Қ ы р ы к к ұ р ақ тү р ік ті кайта кұрамак. Бұл ма, бүл мына тізімдегілердің бәрінен де кауіпті. Ол тіпті бір кезде Мұстафа Кемәлга да кол созды гой. Енді сөйткен Мүстафа Кемәл — АТАТҮРІК атанды. Егер Рыскүлов Ататүрікпен жалгасса не болмақ?
Сталин тізімдегі Рысқұловтың тұсына қаламын қадап тұрып, қап-қара қылып, баттитып «Ү» белгісін соқты. Сұр жебенің үшкір ұшын салды. Тіршілікте, баяғыда да, беріге дейін де Сталин Рыс- құловпен қызмет бабында, тойларда сыпайылық сақтап, тіпті әзілдесіп, тіпті қалжындасып, тіпті қақтығысып жүруші еді. Бірін бірі өлімге қимас сияқты еді. Бірақ С А Я СА Т деген сайтанның ісі кейде, көбінесе сайқал мінезді. Саясаткерде жеме-жемге келгенде, мейірімнен гөрі, қаталдық, қатыгездік үстем болады. Әсіресе, Сталин сияқты саясаткер кімді аясын... ** * Глебов Ежовтан тағы да таяқ жеді. Ежовтың алдынан ол тышқаннан қорыққан пілдей болып, тапырандап, осқы- рынып шықты. Өткен жолғыдай емес, Рысқұловтың «сандырағын» тындап, алқам-салқам шалжиып отырған жоқ. Әуелі пистолетін суырып алды. Рыскүловтын шекесіне сүп-суық қарудың үшы қадалды. Ай-шай жоқ: — Қол қой, иттің баласы! — деді. Әуелі қару суық, қаруды тіреп тұрған адам суық, ал осы екеуінін әрекетімен келейін деп тұрған ажал одан да суық. Рысқүлов бүл Лубянканы мекендегелі бері олім туралы талай-талай ойлады. Ойлай-ойлай тіпті сол ойға еті, жүйкесі үйреніп кеткендей де сияқты. «Өлемін-ау» дегенде бұрын- ғыдай түла бойы түршікпейтін болды. «Ноқталы басқа — бір олім» деген бар. Соған бойды да, ойды да дағдыландыру керек. Өлімнін ешқандай да қорқынышты емес екенін мойындау лазым. Сонда жеңіл болады. Қиналмайсың. Өлген адамға ешкім үкім жүргізе алмайды. Өлім сонымен күшті. Тірілердің иттігін, пасықтығын, сатқындығын, қорқау- лығын, сорақылығын, қиянатшылдығын козіне де ілмей, жайсаң қалпында, арыстай боп, сұлап түсіп, жата береді. Міне, пандық, міне, тәкаббарлық. Өлген адам кор емес, тәкаббар. Ол Сталинді де, Ежовты да менсінбейді. Сонда түптің түбінде кім ұтылады? Ал, Глебов? — бишара. Әтештің ауызындағы шегіртке. Бар болғаны — палач. Глебов міз бақпай қалған Рысқүловтын шекесін пистолеттін шолақ ұшымен нұқып-нұқып жіберді. Шекесі шығыңқы еді. Пистолеттің ауызынан доңгеленіп із қалды. — Уәде қайда? — деді Рысқұлов шімірікпей.
— Қандай уәде, хайуан? — Бала қайда? — Қайдағы бала? — Ескендір Рысқұлов. — А-а, мен соған бола сөгіс естідім, оңбаған! Глебов ызаланып жерге бір түкірді. — Балаң осында. Бірақ оны Ақ теңізге қайта айдайтын шығар. — Жолықтырамын деп едің ғой? — Алдымен протоколға қол қой, одан кейін көреміз. — Баламды көрмей — қоймаймын. — Сен небары сотталушы қылмыскерсің. Ал, қылмыскер талап қоя алмайды, түсінсеңші, бишара! — Мен алдымен адаммын ғой. Сотта да соңғы тілек деген болмаушы ма еді? — А, оның рас, оны сол сотта айтасың. Сот болу үшін, мына алдын ала тергеудін протоколына қол қой. Рысқүлов тілі байланғандай сілейді де қалды. Глебовқа қос көрінбесе, Рысқүловтың көзі біресе қылиланып, біресе ақиланып тұрғандай елестеді. Пистолетпен нүқып еді, селт етпеді. Ежовтын тапсырмасы бар. Істі бітіру керек. Ежов та қызық. Формализм не керек? Протоколды Вышинскийге бекіттіріп, сотка тапсыра салмай ма? Жоқ, өйтуге болмайды. Вышинский Рыскүловтың қолынсыз істі бекітпейді. Ол әділ болғандығынан емес. Ежовпен іштей бақталас. Қәзір Ежовтың аты дүрілдеп тұр. Дүние жүзі біледі. Ежов десе, жарты дүние жапырылып жығылады. Ал, Вышинскийді біреу біліп, біреу білмейді. Егер Ежовтың ісінен кыл-қыбыр шығып жатса, оны Вышинский пайдаланып, аяғынан шалуы ықтимал. «Ну что ж,— деді Глебов озіне өзі.— Ең ақырғы амал калды». Содан соң, меңіреу тартқан Рысқүлов санырау деп ойлады ма, катты айкайлап: — Рысқүлов, сен ауырып қалыпсың, дәрігерге қарату керек. Емханаға барасың,— деді. Рысқүлов тіл қатпады. Есіктен еңгезердей екі айдауыл келіп, Рысқұловты ішкі түрменін емханасына алып кетті.
Дәрігерден гөрі, қасапшыға ұқсайтын, ақ халаты кірлеу, мұрны қолақпандай түкіс біреу Рысқүловтың қан қысымын өлшеген болды. Шешіндіріп, өкпесін, жүрегін тындаған болды. Кәпірдің тырнағы өскен, қолы да күс-күс, дәрігердің қолындай емес. Сөйтіп, медсестраға бірдеңе-бірдеңе деп тапсырма берді. Медсестра Рысқүловтың көк тамырына укол салды. Бар ем-дом сонымен бітті де, Рысқүлов айда- уылдармен бірге Глебовтың кабинетіне қайта оралды. Сол-сол екен, озі бүрын талай азап шегіп, қорлықтың неше түрлісін шеккен кабинет бұл жолы бұған баяғы озінін Совнаркомдағы кабинетіндей болып корінсін. Козіне оттай басылды-ау. Ай-шай жоқ, Глебовтың креслосына барып отырып алды. Глебов аяғының ұшынан басып, қүрақ үшып жүр. Комекшісі сияқты. Шіркін, дүние озгеріп сала берді. Коңілі көкке котерілгендей. Глебов сүп-сүйкімді. Еденге әлдеқалай су төгілген екен. Ой, айдын-шалқар кол сияқты, айналасына ақбоз үйлер тігілген, шұрқыраған үйір-үйір жылқы, бір-бірімен тебісіп, шайнасып жаткан айғырлар... Адам сорлы омір бойы жүмақты іздеумен отеді. Сойтсе, жүмақ... оп-оңай жерде екен. Айнала — жайсаң жандар. Біреуге біреудің қысастығы жоқ. Дүние кең. Қыспақ жоқ. Астындағы — кресло емес, яки Қазығүрттын торі, яки Талғар шыңы, жоқ, Хан-Тәнірі. Айқайлап ән салды. Ойқастатып, Қызыл Жебе мініп, Рысқүл да жетті. Биікте, тақта отырған патша баласына қол бүлғайды. «Мінгес Қызыл Жебеге!» дейді. Сүп-сүйкімді, биязы Глебов: «Тұрар Рысқұлович, мына каулыларға қол койыныз. Бәрі тексерілген. Қатесі жоқ» деп қолын кеудесіне басып, бүк түсе қалыпты. Не деген коп қаулы. Иэ, мынау Турксиб туралы... Мынау Дагыстан автономиясы туралы. Мына бет — Кыргызстан автономиясы, мына бет — Якутия автономиясы. Мынау, Караганды шахта- ларына қосымша қаржы болу туралы... — Түрар Рысқүлович, у вас же отличный, калли графический почерк. Что ж вы так... Подпишитесь по-аккуратнее,—дейді Глебов жалынышты үнмен. Рысқүлов эр «қаулының» астына қолын айбақ-сайбақ койып отыр еді гой. Глебов сорлы содан коркады. Не деген таусылмайтын коп қаулы. А-а, мынау Эзиза гой! Негып түрсын, Әзиза. Жақындасаңшы бері. Колындагы қызың ба? Атын кім койдын? Рида? Е, жақсы екен. Артына тыгылып
тұрған кім? Сәуле? Ей, Сәулеша, келе ғой, келе ғой. О, жаным әшейін, кішкентай күнім менің. Ескендір қайда? Үйленді? Қойшы-ей? Қүтты болсын. Әжесінің қолында? Елизаветта Петровна ма? Е, ол тірі ме еді? Шешесі? Наталья ма? Ол келіп пе? Келген екен ғой. Жоғалып кетіп еді. Наташа? Ах, кербез сұлу Наташа... Глебов, подожди. Көрмей түрсың ба, Наташа гой мынау. Жена моя. Әзиза ма? Әзиза, келші, жаным. Өкпелеп қалдың ба? Ну, Глебов, подожди, не торопи. Надя ма? Тоже моя жена. Хорошенькая. Майя! Маечка! Пианинон бар ма? Жок. Глебов! Достань Маечке пианино. Достанешь. Ну, вот хорошо. А это кто еще? Сталин? Чего тебе надо?! Тебе, что, трон нужен? Богом хочешь быть? Трон на Хан-Тенгри? Пошел ты, жалкий пес! Загубил Султан-Галиева? Загубил. Осы жерде Глебов шошып кетіп, Рысқұловтың аузын баса қалды. Біреу естіп қойған жоқ па деп, алақтап жан-жагына карады. Құмырадан жынды шыгарып алып, енді кайтып кіргізе алмай кор болды. Рысқүлов есін жисын деді ме, бетінен шапалақпен тартып-тартып жіберді. — Ну Глебов, не ласкай. Ну, что ты так угодничаешь? тебе не девушка. Не лезь, не лезь! — Шыбын шаккан гүрлы көрмеді.— Ну, что Сталин, загубил Ильича? Загубил. Теперь хочешь быть Богом? Бог не на Хан-Тенгри, а на Гималаях. Иди туда, если Он уступит тебе свой трон, иди. Ну, Глебов, не приставай. Хватит. Ишь, как щенок лезет. А ты, Сталин, ступай. Что? Турки? Какие турки? Ну, что тебе все мерещатся турки? Түріктер кызыңның қойнынан шықты ма? Нен бар түріктерде?! Кто? Магжан? Воспевал турков? Ты его тоже загубил? Да? Ах, ты, людоед! Я пантюркист? Кто сказал? Жантоков? Голощекин? Ах, старый козел! Уничтожил царскую семью, съел половину казахов, вместе с тобой Сталин, теперь за меня... Сталин! Как ты сожрал три миллиона казахов? Как ты не подавился? Поделился с Голощекиным? Ну, да, поделился. Как? Как? Казахи совсем не годились для роли долговечного исторического народа? Это твоя теория? Что? Что? Тебе нужна была территория? И поэтому уничтожить казахов? Бог ошибался, создавая казахов? И ты намеревался исправить эту ошибку? Глебов буынып еле жаздады. Бірақ Рысқұловтың арынын токтатуга шамасы келмеді. Шыдай алмай шылым тұтатып еді, Рыскүлов атып түра келді. 726
— Пожар! Пожар! —деп айкай салды.— Мировой пожар! Горит Рейхстаг! А это ты, Георгий! Привет, дружище! А да, мы с тобой отдыхали в Крыму. Помню, помню. Слушай, Димитров! Я тебе из Лубянки писал письмо. Не дошло? Что? Сталин перехватил? И обвинил тебя, что ты связан с Рыскуловым? Ах, дерьмо! Мешок дерьма! Глебов шыдай алмай Рысқұловты пистолеттін дүмімен кұлақ шекеден бір ұрып кұлатты. *** Консилиум Ескендір Рыскүловтың көп болса бір-акапталык өмірі қадцы деп шешті. Қос өкпесі де іркілдеп іріп кеткен. Оны емдеп жазатын ешқандай құдырет жоқ. Сондыктан, деді консилиум, баланы түрмеге кайта салудың ешкандай реті жок. Егер туған-туысканы бар болса, солардың колына берген жөн. Аурухана оған енді керек емес. Әрі десе, мұнда онсыз да орын жетпей жатыр. Баланы шығарып жіберген дұрыс. Ауруына байланысты деп Ескендірді түткыннан босату үкімі шығарылды. — Сені өз колына алатын кімің бар? — деп сүрағанда Ескендір кімді атауды білмей қиналды. Кім калды? Әкесі, егер тірі болса, түрмеде. Әзиза айдауда. Түйметайдың не болғанын білмейді. Надя? Бір сау қалған сол шығар. Бірак «халық жауын» ол кабылдар ма екен. — Менің әкемнен баска ешкімім жок,— деді Ескендір.— Ол өзі де түрмеде. Мені сонын қасына апарып камаңыздар. Түрме басшылары: — Жок, ол болмайды, ол мүмкін емес,— деп шешті. — Онда мені Ак теңізге апарып тастаңыздар. — Онда бір нәрсең калып кетіп пе еді? Мына дерт сол Ак теңізден тапкан олжаң ғой. — Өлген адамга «Жетім Шагала» жаксы мекен. — «Жетім Шагала» жұмак емес шыгар. — «Жетім Шагал ада» өмірзая өседі. — «Өмірзая»? Ол не? — Бәйшешек. Подснежник. — А-а. Бәйшешек барлык жерде оседі. — «Жетім Шагаланың» бәйшешегі өзгеше. — Несімен? — Умырзая бик тиз үсеп чыға, Бик аз гына яши, тураеп,
Умырзая бик тиз Башын асқа ия, Умырзая сула моңаеп. Жөтеліп-жөтеліп, ентігіп-ентігіп әрең айтты. Әнімен айтты. — Бұл әнді қайдан білесің? — Сонда бір жақсы адам үйретті. — Татар болды ғой. — Иә. — «Жетім Шағалада» сенсіз де мүң көп. Кәне, кім бар сені қолына алатын? Ескендір Рысқұлов көп ойланды. Кім бар? Әкесі Қазақ- станға жет деп еді. Онда қай туысқан бар? Есіне ешкімді түсіре алмады. Түлкібас деуші еді. Кейде Түркібас дер еді. Неге дегенде, о басында Түркібас еді, кейін-кейін Түлкібас деп кеткен. «Л» мен «Р»-дың сойтіп шатасып жүретіні болады. Әйтпесе «Тараз» емес, «Талас» деуші еді, әкесі. Төменгі Таласка бар. Сонда бабаң Рысқұл жатыр деп еді, әкесі. Мүмкін, соған жеткізіп салар. — Мені Төменгі Таласқа апарып тастаңыздар,— деді Ескендір. — Ол кай жер? — Қазакстанда. — Онда кімің бар? — Бабам бар. Дедушка. Рыскүл аты. — Шақыртсақ, сені келіп алып кете ала ма? — Жоқ, ол өлген. — Е, бала, сен не, Чеховтың Ванькасы болайын дедің бе? «Деревне. Дедушке». Солай гой? Ескендір үзақ жөтелді. Езуінен канды көбік көрінді. *** Есінде ештеңе жоқ. Мең-зең. Пистолеттін дүмі тиген жер томпайып ісіп қалыпты. Соны колымен сипалады. Бүл қайдан ісіп жүр? Есіне ештеңе түспейді. Әлде, соншама үзак үйықтап калган ба? Денесі дене емес, қүр сүлде. Әлде, өліп тірілгені ме? Әлгі өлгенде жан бөлініп, Шын дүниеге барады дегені қайда? Шын дүниені коре алмады. Тіпті елее те жок. Бұл қалай? Жүрегіне май кілкігендей көңілі мүлде бей-жай. Бүл кайдан пайда болды деп шекесіндегі ісікті тагы сипалады. Сыздап ауырады. Әлде, төсектен кұлап түсті ме? Есінде жоқ.
Элде, Глебов тағы соққылады ма? Онда білер еді ғой. Жоқ, біраздан бері Глебов қол жүмсаған жоқ. Глебовты көрмегелі бері қанша күн өтті? Бүгін қай күн? Қай ай? Әлде, талай жылдар өтіп кетті ме? Мынау өзі Лубянка ма, жок әлде басқа түрме ме? Жан-жағына қарайды: баяғы сол тор көз соқыр терезе. Баяғы сол тұмшаланған жарымжан шам. Босағада — параша. Жалғыз табуретка. Басқа ештеңе жоқ. Сол қарағай төсек. Кдрағай иісі сезілмейді. Түк те түсініксіз... Сөйтіп отырғанда айдауыл келіп есікті ашты. — Жүр,— деді. Рысқұлов жүре алсашы. Қисаландап құлай береді. Аяғының буындары былқ-сылк, жер тіреп тұра алмайды. Айдауылдың сүйемелдеуімен үстіңгі кабатқа әрең шыкты-ау. Үйреншікті кабинетте, Глебовтың орнында бұл жолы Нейман отыр. — Отыр,—деді. Үні қатқылдау. — Окы,—деп бір парақ қағаз ұсынды. Рысқұлов винтігі жоғалып, бір көзі түсіп қала беретін козілдірігін қолымен үстап, қағазға үңілді. Айыптау қорытындысы деп жазылыпты. Одан жоғары оң шекесіне: Бекітемін: Вышинский деп кол қойылыпты. Айыптау қорытындысы жеті тармақтан тұрады екен. Сол баяғы «Иттихат», Энвер Паша мен Зәки Валиди. Қазақстан, Орта Азия, Кавказ сырты, Қырым, Башқүртстан, Татарстан елдерін СССР-ден бөліп алу; оларды Германия, Жапония және Түркия боданы ету; Рыковпен байланыс; Сталин, Молотов, Ворошилов, Кагановичке карсы террор ұйым- дастырмақ әрекет; Германияның шпионы, Түркияның шпионы. Бәлендей-бәлендей статьялар бойынша іс СССР Жоғарғы Сотының Әскери Коллегиясына тапсырылсын... Рысқұлов Нейманға карап: —Мен протоколға кол қойған жоқпын. Мына корытынды з а н с ы з ,— деді. Нейман мырс етіп, амалсыз адамдай қолын жайды. — Өкінішті, әрине. Бірақ қол қойыпсыз. — Қашан?
— Оны мен білмеймін. Тергеуші Глебов қой. — Глебов қайда? Менің қолымды өзінше қоя салған ғой. Бүл подлог! — Глебов енді басқа қызметте. Ол жоғарылап кетті. Оның орнында әзірше мына менмін. — Сіз көптен бері көрінбей кетіп едіңіз ғой? — Иә, іссапарда болдым. Білесіз бе, қайда? — Қайда? — Қазақстанда. — М-м. Менің ісім бойынша шығар? — Бір жагынан о да бар. Сондағы әріптестерге көмектестім. — Мүндай сырды мен сияқты түтқынға айтуға бола ма? Нейман қызарақтап қалды. — Сіз сыр шашпайсыз. — Рахмет сеніміңізге. — Жантоқовты білесіз ғой. — Иә... Білемін. — Сол сізден кешірім өтінді. — Қалайша? — Ол ату жазасына бүйырылды. — Ол да... — Иә, ол да ХАЛЫ Қ ЖАУЫ. Сізге бекер жала жаптым деп өкінді. — Демек, мен ақпын ғой? — Жоқ. — Неге? — Кінәларьщызды өзіңіз мойындап отырсыз. — Қалай? Мен мойындаган жоқпын. Нейман том-том дәптерлерді алып, Рысқұловтың алдына тақады. — Мынау сіздің қолыңыз гой? — Иә-ә... үқсайды. Бірақ... — Не бірақ? — Мен қол қоюдан бас тартқанмын. Мынау... Менің қолым емес. Айбақ-сайбақ қой! — Жөндеп қараныз. Сіздікі. Рас, ыждагатсыз, ықылассыз қоя бергенсіз. Әйтпесе, сіздікі. Міне, мына беттерде қолыңыз түп-түзу. Әрбір беттің соңында «Т. Рысқұлов» деп тұр. Асыққанда айбақтатып осылай қоя беретіні рас. Сонда бұл қалай? Бір 730
бет, екі бет есте қалмауы мүмкін-ақ болсын. Екі жүз алпыс үш бетке қол қойғаны қалайша есінде қалмайды? — Солай, азамат айыпталушы. Енді сотты күтесіз,— деді Нейман. — А-а... — Не айтайын деп едіңіз? — Жантоқов... — Иә, Жантоқов. — Ол қалайша... Иә, ол маған жапқан жаласын мойындағаны есепке алынбай ма? — Алынар ма еді, кім біледі, егер сіз өзіңіз айыбыңызды мойындамасаңыз, — Мен, мүмкін, ауырған шығармын. Акыл-есім түзу болмаған шығар. — Оны дәрігер, экспертиза аныктауы керек еді. Енді кеш. Кәзір есіңіз дұрыс. Сап-саусыз. Денсаулығыңызда ауытқу болды деген анықтама жоқ. Міне, делода жок. Демек, ештеңемен дәлелдей алмайсыз. — Адам өзіне өзі әдейі қастандык жасап, тезірек өлгісі келуі де мүмкін ғой. Менде де... Сондай кезен болған шығар. Өзіме өзім не бәленің бәрін үйіп-төге берген шығармын. Бұл есепке алынбай ма? Нейман бойын тіктеп алды: — Вышинский жолдас Заңға еш жерде жок жана теория енгізді. Яғни: АЙЫ ПТАЛУШ ЫНЫҢ М ОЙЫНДАУЫ - ӘДІЛЕТТІҢ САЛТАНАТЫ. Міне, білдіңіз бе? Бұл жаңа ТЕОРИЯ. *** «Адамның күні адаммен». Осында мүхиттай терең сыр жатыр. Ғасырлардың елегінен өткен соз. Сойтіп барып, біз ғаріпке жеткен сез. Мына аласапыран заманда осының растығына тағы бір дәлел болды. Жендеттер Ескендірді түткындауын тұткындап алып, енді қалай күтыларын білмей бастары қатты. Әрине, кошеге шығарып тастау немесе түрменің ауруханасында шіріту олар үшін қиын да емес. Бірақ, Ежовтын аузынан шығып қалған бір ауыз соз олар үшін заң. Жакындарының колына табыс етіндер деген. Жанашырлыкпен айтылмаған шығар. Мейі- рім, кайырым деген ұғым Ежовка жат. Әйтеуір, масылдан күтыла салғысы келген ғой.
Сонымен, НКВД-нің қолы үзын. Рысқүловқа жанасты алыс-жақын адамдардын бәрінің тізімі бар. Олардың бірен-сараны болмаса, бәрі де түрмеде. Т үрмеден аман қалған Жанша Досмүхамбетовтың жүбайы Ольга Константиновна бар еді. НКВД соған хабар жеткізді. Осындай да осындай, Ескендір Рысқұловты алып кетіңіз. Былай қарасаң, Ескендір Ольганың екі туып, бір қалғаны емес. Егер Ескендір туған сінлісі Надянын баласы болса, бір сәрі. Рысқүловтың Надядан бұрынғы қатыны Наталья Колосовскаядан туған бала ғой. Яғни, Надяның күндесінен. Мүндайда Ольга Константиновна: мен ондай баланы білмеймін, аулақ жүрсін десе, ешкім де кінәлай алмас еді. Бірақ Ольга адамда жөні бөлек жан еді. Бір сөзге келмей Ескендірді қабылдап алды. Сіңлісі Надяга телефон соқты. — Наденька, Шурик вернулся! —деп сүйінші сұраганда да болды. Алаш-Орда көсемдерінің бірі Жанша Досмұхамбетов- тың жиган-терген жиһазы дегенде ескіден калган жалгыз кереуеті бар еді. Оның өзі коне заманның көзіндей піл сүйекті тектес ақ кереует болатын. Айыбы, бір аягы ж ок еді, оның орнына кірпіш қалап қойыпты. Калуга ма, Воронеж бе, әйтеуір біреуінде, коп жыл жер аударылган Алаш-Орда «ханы» Жанша ақыры Мәскеуге келіп, осы бір екі бөлмелі пәтерге түрақтаган. Сәбит Мүқановтың «Адасқандар» романын қазакшадан орысшага аударып, оны осы Ольга машинкага оз қолымен басып, Ж анш а баспага апарып тапсырып еді. Акшасын әне-міне аламыз-ау деп жүргенде, Жаншаны НКВД алып кетті. Сол кеткеннен ұшты-күйді хабарсыз. Ольга аударманың акы- сынан дәметіп баспага барып еді, қолжазба жок болып шықты. НКВД құрыгы мұнда да жеткен сыңайлы. Сойтіп, күн көрісі шыкпа жаным, шықпа болып отырган Ольганың бар байлыгы — ақ кереуеттің үстіне Ескендір Рысқүлов сүлай түсіп жатып алсын. Қос өкпеден тырнактай қалганша тыным таппай, жөтеліп жатты. Екі беті алаулап, көзі оттай жайнап, жарык жалганның сонгы сәулесін сіміріп, жанталасқан сәт келді. Апалы-сінлілі Ольга мен Надя оның асты-үстіне түсіп, аузына су тамызып, актық кызметтен аянбады. Рысқүловқа екеуінің де окпесі кара казандай болса да, оның жалгыз жәдігері аз күн дәуреннен соң, бүл дүниеден өтерде, Ольга мен Надя өткен-кеткен өкінішті ұмытып, жандары мына
міскіннің жанымен жалғасып, осының жанымен бірге шығардай шырылдады. — Шурикті тілі қалдыра гөр,— деп Құдайға жалбары- нып-ақ бақты. Бірақ олардың арызы Құдайдың құлағына жеткен жоқ. Ескендір шаштың бір қылына ғана ілініп тұрғандай, үзілуге жақын қалды. Соның өзінде есінен бір танған жоқ, тынымсыз жөтелдің ара-арасында ентігіп, екі иығынан дем алып, сөйлеп жатты. «Жетім Шағаладағы» өткен өмірде қиссадай қылып айтып берді. Мирхайдар татар туралы аса бір асқан сезіммен тебіренді. Онын «Омірзаясын» ыңылдап айтты. Өмірде бұдан артық ән жоқ деді. Өйткені, ол өзі туралы еді. Кәктемде жердің тоңы жібісімен бәйшешек қылтиып шығады. Тіпті қардың астында жатып та шыға беретіні болады. Соншалықты асығады байғұс. Неге асығады, тез өсіп, тез олу үшін бе? «Өмірзая» Ескендірге арналған ән. Мүны шығарған қандай данышпан?! Демек, Ескендір сияқты қыршын кеткендер бұрын да аз болмағаны гой. Тағдыр солай болган соң, не әкініш?! Қайран, Ескендір. Гүлдеп шешек атқанда үсіп ұрып, ызғар соққан бишара. А оның бүл азаптан қүтылып кетуіне де болатын еді-ау. Глебов айтты гой Павлик Морозов туралы. Сонын тілін алғанда, тірі қалатын еді. Бірақ туған әкесіне жала жауып, оны олімге қиып жіберіп, жер бетінде қайтіп жүреді. Рас болса, адамнын денесі —адамнын киімі ғана корінеді. Адам өлді дегені — киімінің ғана тозғаны. Ал, жан елмейді. Жан не адам бейнесінде, не бір жәндік, не бір осімдік бейнесінде жер бетіне қайта оралады. Ескендірдің жаны, сірә, омірзая — бәйшешек болып оралар. Онда тагы да тез солады. Бірақ жылда, жылда қайтадан шыға береді. Ескендір ешқандай жанталасқан жоқ. Қың деп қинал- ғанын да білдірмеді. Тек бір сәтке бой жасағандай болды. Тіпті жастыктан басын көтеріп, көңілденіп, касында отыр- ған екі әйелді үміттендіріп те қойды. Надя куанып: — Құдайға шүкір, беті бері карады,— деді. Бәлені коп корген Ольга үндеген жок. Ол акыргы сәт екенін сезді. Надяны ауыз үйге шакырып, сыбырлап: — Байгұс-ау, дайындалайык,—деді. Надя үрпиіп, коркып калды. Ескендір ың-жыңсыз жатып, жай гана жүріп кетті. Тек бетінің кызылы оңып, бозарып калды. Күлімсіреп жаткан бойы дүниеден отті.
Екі эйел оны М әскеу зираттарының біріне қоймакшы еді. Ольга айтты: — Ваганьков зиратында Ғани Мұратбаев жатыр, соны қасына қояйық,— деді. Сөйтсе, оған рұхсат жоқ екен. Оган да өлген адамның атақ-даңқы болуы керек екен. Ал, Ескендір болса «халық жауы». Ақыры крематорий дегенге түсті байғұс бала. Жерден топырақ та бұйырмады. Топырақ бұйырғанда моласына жылда өмірзая өсіп шығатын ба еді. Крематория оның кішкентай кұмыраға салынған бір уыс күлін алып берді. Екі әйел құмыраның бүйіріне: «Ескендір Тұрарұлы Рысқұлов. 1920—1938» деп жаздырды да, крематорий қабырғасының бір қуысына апарып қойды. Сөйтіп, Өмірзая жыры таусылды. ТҮРАР Қатты уйықтап қалған екен. Өмір таусылып, өлім есік қағып тұрғанда бұл қайдағы үйқы? Кілең ақ қайыңның ішінде жүр. Көктем екен дейді. Бірақ қай жердің қайыңы? Мәскеу түбіндегі Яуза орманында осындай ақ кайындар болушы еді. Сол ма? Жок, Көкшенің Бурабайы ма? Әлде, Талғар, әлде Ақсу-Жабағылы ма? Кілең зипа бойлы, сылаң қаққан сұлу қайындар. Жапырақтары нәзік, ашаң жасыл. Бір кайыңның бүйірінен жас тамшылап тур. Әлдекім жаралап кеткен екен. Кәдімгі адам көзінің жасы сияқты мөгі-мөлдір. Жапырақтар сыбдыр-сыбдыр сыбырласады. Ал, мынау үнсіз жылайды. Сөйтіп турғанда, әлгі қайың лезде Әзиза болып шыға келеді. Рысқұлов жүрегі тарсылдап, қуанып қалады. Бірақ Әзиза куанбайды. Бүған қарай қушақ жая умтылмайды. Қартайып, бетін әжім басып, шашы ағарып кетіпті. — Әзиза, неге мүңаясың? — дейді Рысқулов. Жақын дайын десе, орнынан қозғала алмайды. Әзиза үн катпайды. Арада түсініксіз бір көріністер өтеді де, Әзиза қайтадан қайыңға айналып кетеді. Рысқұлов кілең ақ қайыңның арасынан шыға алмай әлі жүр. Әзиза есінен шығып кетті. Әлдеқандай кұстар шырылдап ән салады. Әлдебір қус тынбастан біреуді шақырады. Жағы сембейді. Үнінде жалыныш, сағыныш сарыны бар. Бұл да мұнды.
Кенет аяғының астынан бәйшешек көрінеді. Абайламай өзі басып кетіпті. Еңкейіп бәйшешекті түзетпек болады. Бірақ сабағы сынып калған екен, қылжиып қайта кұлайды. Кенет дауыл түрып, орман шуылдайды. Ак қайындар бүгіліп-бүгіліп, жапырақтары жамырап қоя береді. Рыс- күлов орманнан жол таба алмай, калай қарай жүрерін біле алмай, азынаған у-шудан үрейленіп барып, оянып кетеді. — Тұтқын Рысқүлов, на выход! — деді айдауыл. Түннің қай мезгілі? Белгісіз. —Сағат қанша? —деп сұрады Рысқүлов. — Түн ортасы болды,—деді айдауыл. Түн ортасында тергеуге алып бара ма? Айтпақшы, тергеу бітті ғой. Түн ортасында, тек атуға алып баратын шығар. Өлімнен корықпа, өлім түк те қорқынышты емес деп өзін өзі канша қайрап, бойын үйреттім дегенмен, түңғыш рет жүрегі су-у-у етіп, тұла бойы қалтырап қоя берді. Сілейіп түрып калды. Тек айдауыл мылтықтың ұшымен итергенде ғана, ілбіп басып, алға жылжыды. Қанша айтқанмен, талай айлар бойы мекені болған, көп күн азап шеккен, каншама ойлар мүхитын кешкен камера ғой, артына бүрылып карағай төсекке қарады. Тұмшаланған әлсіз шамға карады. Олардан баска ешкімі жоқ. Баска кіммен коштасады? Ешкімі жоқ. Жүздеген, мындаған адамдарды білуші еді, біреуі жок. Кұдайдан баска ешкім жок. Ал, Қүдайдың калауы осы болса — көнбесіңе не шара... *** Кәдімгідей үлкен залдың іші жап-жары к екен. Мүндай жарықты көптен бері көрмеген Рыскұловтың козі қарыкты. Қос айдауылдың какпалауымен тұтқыннын орнына әрен тауып барып отырды. Козі үйреніп, жан-жағына карап еді, залда катар-катар орындықтар бар екен. Бірак онда жан баласы жоқ. Төр жақка карап еді: президиум столы кызыл мәуітімен капталып о да бос түр. Президиум түсына СССР Гербі ілініпті. Терезелер қызыл перделі. Рыскүлов сотқа келгенін түсінді. Сот емес, трибунал. Соттын рәсімі коп. Адвокат деген болады, айыптаушы прокурор деген болады. Куәлар шақырылады. Мүнда ешкім жок. Бірак кейінірек келетін шыгар. Кенет жер астынан шыккандай бір дауыс: — Встать! Суд идет,—деді. '' у: 735
Орнынан тұратын Рысқүловтан баска ешкім жок. Кос айдауыл кос капталында онсыз да какшиып тұрған. Түкпірдегі есіктен аласа бойлы, жалтырбас кірді. Генерал формасы бар. Оның соңынан бірінен сон бірі тізіліп, торт адам кірді. Бәрі де әскери формада. Жалтыр басы армвоенюрист Ульрихтың өзі екен. Ол как ортада. Әлдекімдер том-том кағаздарды әкеліп койды. Рыскұлов ол томдарды таныды. Он айлық тергеудің жемісі. Автор — Глебов. Бірак бүл арада Глебовтык өзі жок. Вышинский де жок, Ежов та жок. Олар оз міндеттерінен кұтылған. Олар енді баска тұткындармен әуре. Қамалған жалғыз Рысқүлов емес кой. Бірак мұнын соты жеке өтпек. Жанында екі айдауыл. Алдында — бес генерал. Әскери коллегияның торағасы Ульрих формальді түрде Рыскұловтан омірбаянын сұрады. Рысқүлов жауап берді. Ульрих Рыскүловтын кандай кылмысы барын тізіп шыкты. Сол баяғы Вышинский бекіткен Айыптау коры- тындысындағы жеті тармақ. — Осы кылмыстарыңызды мойындайсыз ба? — деп сұрак койды Ульрих. — Жок, мойындамаймын,— деді Рыскүлов. — Қалайша? — деп Ульрих көзілдірік астынан Рыс- кұловка шұкшия қарады.— Мұнда мойындаған колыңыз түр ғой деп папкаларды алаканымен үрғылап койды. — Маған колды калай койдырғанын білмеймін. Сірә, есімнен тандырса керек. — Өйтіп совет тергеу орнына жала жаппаңыз,— деді I рангалы военюрист Костюшко. — Мен совет өкіметі үшін кеудемді окка тоскан адаммын. Менің совет өкіметіне қарсы істеген кастандығым жок,—деді Рыскұлов әлі де әлденеден үміттеніп. — Сендердің бәрін солай сайрайсындар,— деді Вышин- скийдің орынбасары Рогинский.— Сендер Вышинский жолдастың созімен айтканда, екі аякты айуансындар. — Айыпталушы Рыскүлов, сізбенен тәжікелесіп отыратын уакыт емес. Түн ортасынан ауды. Бар болса, соңғы сөзіңізді айтыңыз,— деді Ульрих жексүрындау күлімсіреп. — Менін кінәм жок! Жок! Жок! — деп айкайлап жіберді Рысқұлов. Біраконы мына меңіреу зал менен меніреу әскери коллегиядан баска ешкім естімеді. — Бұлардың бәрі сөйтеді,—деді Костюшко.
Сот «кеңесу» үшін залдан шығып кетті. «Кеңесу» үшін. Мүндай формализм не керек... Рыскүлов орындыкты сыкырлатып козғалақтай берсе керек, айдауылдың біреуі иығынан түртіп: — Тыныш отыр,—деді. Өзі емес, ойы ғой тыныштық таптырмай бара жаткан. «Қенесуге» кетті. Ә, бәлкім, ішінде бір имандысы табылып: Ау, жолдастар, мүнымыз әделетсіздік кой. Рыскүлов айыбын мойындамады ғой, дейтін шығар. Ә, білкім, атуға емес, айдауға кесім кабылдар. Ендігі ой осы төңіректен ұзаған жок. Рыскұловты ой кыспағында калдырып кинамай, әскери коллегия каздай тізіліп, лезде кайта оралды. Олар енді креслоларына отырған да жок. Ульрих бірден үкімді окыды. «СССР атынан СССР Жогаргы сотының әскери кол- легиясы мына қүрамда: АРМВОЕНЮРИСТ УЛЬРИХ, БРИГВОЕНЮРИСТ ЗАРЯНОВ, I РАНГАЛЫ ВОЕНЮРИСТ КАНДЫБИН, I РАНГАЛЫ ВОЕНЮРИСТ КОСТЮШКО, СССР ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ РОГИНСКИЙ- ҮКІМ ШЫГАРДЫ. МОСКВА ҚАЛАСЫ, 8 ФЕВРАЛЬ 1938 ЖЫЛЫ. Жабық сот мәжілісі. ҚАРАЛДЫ: РЫСҚҮЛОВ ТҮРАР РЫСҚҮЛОВИЧТЫҢ ІСІ. 1894 ЖЫЛЫ ТУҒАН. РСФСР СОВНАРКОМ ТӨРА- ҒАСЫНЫҢ БҮРЫНҒЫ ОРЫНБАСАРЫ. РСФСР КЫЛМЫС КОДЕКСІНІҢ 58—1а, 5 8 -2 , 5 8 -8 , 58 -1 1 СТАТЬЯЛАРЫ БОЙЫНША БЕЛГІЛЕНГЕН ҚЫЛМЫСТАРЫ БОЙЫНША... Үкім шыгарды: РЫСКҮЛОВ ТҮРАР РЫСҚҮЛОВИЧ ЖАЗАНЫҢ ЕҢ АУЫР ТҮРІ - АТУҒА КЕСІЛСІН. ҮКІМ ӨЗГЕРМЕЙДІ, ҚАЙТА ҚАРАУҒА ЖАТПАЙ- ДЫ». Сот небары он төрт-ақ минутке созылды. Тергеу канша ұзак болса, сот сонша кысқа болды.
Үкімнің кошірмесін Рысқүловтың қолына ұстатты. Рысқұлов залдан шығып бара жатқан Ульрихтың соңынан:— Азамат Төрағасы! —деп айқайлады. Ульрих қайырылып қарады. — Бүлардың бәрі сөйтеді. Енді жалынып бәле болады,— деді Костюшко. Дегенмен Ульрих Рысқүловка: — Не айтасыз? — деді. — Азамат төрағасы, ақырғы тілегім: мен жуынып ал ай ы н ,— деді. —Жуынғанмен сыртыңтазарады, ал пиғылды қайтесің? — деді Костюшко. — Да, пусть,— Ульрих колын сілтеді. Айдауылдарға: — Шомылдырындар,— деді. *** Көптен бері жылы су тимеген денесі кәдімгідей жіпсіп, тіпті мандайынан шып-шып тер шыкты. Рыскүлов сол жіпсіген денесін сабындап, ыскылап жуынды. Жүрегінде суыл жок, қорыққаны, үрей буғаны білінбеді. Жылы суы, мұздай суы бар, сабыны бар ванна, түрме ваннасы — Рысқұловтың бұл жарык дүниеден соңғы көрген рахаты болды. Өз денесіне өзі таңқалды. Тек шандыр ғана калыпты. Ілмиіп арықтапты. Қолының қары, аяғының саны салбырап, тоқсандағы кәрі адамдай сиықсыз көрінді. Рыскүлов оз түрінен өзі жерігендей болды. Тозған екенсің ғой, сорлы, деді. «Киімі» тозған екен. «Киімін» сыпырып тастайтын кез келген екен. Бірақ жүректегі көзге ілінбес, көрінбес жан әлі орнында. *** Рысқүлов сөйтіп озін озі арулады. Өзін өзі жумаса, мүның сүйегіне кім түседі, кім жуындырады? Өз иманын өзі үйірді. Әйтпесе, мүның иманын кім үйіреді? Жаназасын кім шығарады? Кімге карызбын? деп ойлады. Алыс-жақын адамдардың бәрін коз алдынан өткізді. Ешкімге қарыз емес сияқты. Ал қарыз болғанда кайтеді? Оны калай отейді? Өтеуге мүмкіндігі жок кой.
Бұл дүниеде кімге қарыздар? Әрине, алдымен, еңалдымен анасы Қалипа марқұмға карыздар. Бірақ, бұл дүниеден тым ерте өтіп кеткен анасынын қарызынан калай құтылмақ? Ары ойлап, бері ойласа, анасына арнап ас та бермепті. Қүран түсірмепті. Әжелерің Қалипа деген кісі деп балаларына да үйретпепті. Мұның бәрі, әрине, Қалипаны өзі де тым-тым аз білгендігінен шығар. Қалипа қайтыс болғанда, Тұрар небары төртке жана шығып еді-ау... Өзгесің деп өзегінен теппей өсірген егей шешесі Ізбайшаға қарыздар. Ізбайша да бакытсыз. Аласапыранда адасып калды. Әрине, әкесі Рысқүлға қарыздар. Тым болмаса, оның адаскан моласына белгі де койдырмапты. Әрине, кінәлі. Алматыдан Қордайға дейін аркасына салып, Меркеге шығарып салып, Саймасай болып кегі үшін канға — кан дегендердін күрығынан құтқарып қалған Ахат атасына қарыздар. Өкіметтін қуғынынан жасырып, «Қырғызбаев» деп оз фамилиясын берген Меркедегі Қырғызбай атасына ка рыздар. Оныңадуынды әм шексіз мейірбан кемпірі Салихаға карыздар. Ойлап тұрса, Рысқүлов екі аяғы аспаннан салбырап түсе қалмаған екен. Мейірімді адамдардың аркасында жоктан бар болған екен. Енді міне, солардың қарызынан қүтыла алмай кетіп барады. Бәлкім, Шын дүние бар екені рас болса, сонда қүтылар. А, бәлкім... Рысқұлов осы қарыздың бәрінен осы омірде-ақ құтылған шығар. Он сегізінші — он тоғызыншы жылдары; отыз екі — отыз үшінші жылдары миллиондаған адамды кенес окіметі әдейі ұйымдастырған аштықажалының тырнағынан құткарып қалып еді ғой. Мүмкін, осы есепке алынар... Атуға жаналғыштар кәзір келе ме, әлде бір сағаттан кейін келе ме — белгісіз? Уақытын айтқан жоқ. Ату қорқынышты емес. Октиер, тыз етер. Оны сезесің бе, сезбейсің бе — Құдай білсін. Атуға дейінгі сәт қиын. Күту қиын. Ажал жарықтық, канша дегенмен түсі суык. Ойла- майын десең де үрей кинайды. Үрейсіз адам жоқ. Өлімнің мәні де сонша шығар. Сонысымен қадірлі де болар. Адамдар елімнен қорыкпаса, мына былғаныш дүниеде не болар еді? Одан бетер былығар еді. ' 739
О басында адамдар өлімнен қорыкпайтын да заман болыпты деседі. Содан адамдар есіріп, жердін бетін ластап жіберіпті. Дүниеде есірік көбейіп, қылмысқа толып, әлем сасып кетсе керек. Сонда қүдыретіңнен айналайын Қүдай олардан үміт үзіп, жер бетінен жойып жіберуді ойлапты. Нұх пайғамбарға әмір беріп, кеме жасатып, сол кемеге тірі жан атаулыны жыныс бойынша бір жұптан мінгіз депті. Кемеге мінгендер ғана, болашақ таза тұқым үшін тірі калып, басқалардың бәрін топан суы қаптап өлтіріпті. уң Ж аналғыштар неге кешікті? Өз ажалымен өл^гендерге Әзірейіл көзге көрінбей келеді екен. Ал, Рысқүловтың Әзірейілі көзге көрініп келуі керек. Көзге көрініп келгені қиын. Камера, тас камера, тас капас меңіреу. Оған арызың өтпейді. Шіркін, Қүдырет бұған күш берсе, темір торды жүлкып сындырып, терезеден үшып шыкса, Құдырет буған М ИҒРАЖ кереметін көрсетсе... МИҒРАЖ, тек пайғам- барларға ғана бүйырған. Рыскүлов пайғамбар емес, небары кәдімгі пенде. Миғраж кереметімен Иса пайғамбар көрден шығып, көкке ұшып кеткен. Мұхаммед пайғамбар миғраж күшімен Пырақка мініп, аспанға ұшып, Жәбірейілмен тілдесіп, Алланын әмірін Жерге жеткізген Расул. Жок, Рыскұлов тас қапастан шыға алмайды. Миғраж оған бүйырмаған. Кез-келгеннің бәрі Миғраж күшімен ғарышка үшып кете берсе, миғражда касиет кала ма? Ендігі бір қолынан келгені, Рыскүлов өзін өзі кайрады: үрей болып калтырама, әлдекімдер сиякты бакырып бажылдама. Ажалды сабырмен күтіп алудың өзі абырой. Жаналғыштардың алдында абыройынды төкпе. Қорықпа! Көп болса, пистолетпен атар. Қас-кағым сәт шыдасан — бәрі бітеді. Бір Рыскұлов осылай дейді. \"чС^^ЕГінші Рысқұлов: когілдір аспанды, ж ары к күнді қайтіп киясың? Өзін касиет тұткан кайсар карағайды, акбозым кайынды қалай қиясың? Жалған-жалған дегенмен, кұрт- құмырскасына дейін кымбат кой. Сені туған елің, жерің бар ғой, қаһар мен кайғы қамаған Қазакстанды, озін басын қоспак болган Түркістанды —Тұранды қалай калдырасың? — деді. Шіркін-ай, ой дүние-ай, Түркістан түгел болғанда Рыскұлов бұл касіретті шегер ме еді. Топырағы да бұйыр- маған, тарыдай шашыраған талапай Түркістан!
Дүние кезек деуші еді. Ер түріктің тарыдай шашыраған тамтығы кайта бір бірігіп, кайта бір кайраттанып, қанатын керіп, көкке бір самғар күн туар ма екен? Көк бөрінің алтын басы жалтылдап, көгілдір туы желкілдеп, көк түріктің әруағы тіріліп, элем алдында қасқайып түрар заман қашан келерсін? О дүние-ай, сонда мен қайта тірілсем! Сол күнді бір көрсем. Керөлең мен Орхон суындай, Ертіс пен Еділ толқынындай анырап аққан армандарым-ай. Шынымен-ақ адыра қалдындар-ау. Менінтекті бабаларым — Күлтегін мен Тоныкөк, Түман хан мен Меде хан... Есім хан мен Қасым хан, Тәуекел мен Тәуке хан... қайдасындар? Сендерді алған сүм ажал мен бейбақты қүрығынан қүтқарар ма?! Ел деп, жер деп еніреген ерлерім, жандарың жаннатта болсын, нүрларың пейіште шалкысын. Мына мендей пендеге медет беріндер. Ажал алдында қуат пен шыдам беріндер. Түлпар тектес Түркістан! Сенін басыннан адасып үшкан бак басына қайта келіп конар болса, менінрухым Құдыреттің нұрына шомылар. Сенін басыңа қайта келіп қонған бақты бақталас-бақастығымен, күншіл, қиянатшылдығымен үркі- тіп жібермесе екен надандар мен жамандар. Қызғаныш пен күншілдік, үя бүзған рушылдык түбімізге жетті ғой. Келер ұрпаққа сол сасық мұра кесірін тигізбесе екен. Қиянат пен қысастықтан мен дүниеден кетермін. Қазактың, жалпы түрік нәсілдің бар жамандығы бізбен бірге жоғалып, дүниеге адал да асқақ, бауырмал да батыр, акылды да тәкаббар үрпақ келсе екен. Түрік әлемі тұтас болса екен. *** Арқанын ақ бораны соқты. Әуелі жаяу боран еді. Бүрыннан жатқан қасан қардың үстімен сырғанақтап, сыландап, сусылдап мың сан ақ жыландар ойқастап, ойнақ салғандай еді. Артынан терістіктің желі қатая түсті де аспан мен жердің арасы ақ түтекпен түтасып кетті. «Арқанын ақ мылтығы» деген осы. Мүндайда «АЛЖИР» ақ кебін оранған олікке айналады. Әйтеуір, тіршілік бар екенін анда-санда таре етіп, атылған мылтық дауысынан білесін. Бүл енді қарауыл. Биік мұнарада тұратын қарауыл. Оның да күні күн емес. Тері тұлыпқа қанша орандым дегенмен, мүндай сүрапыл соққанда қарауылда түру екі азап. Бірі — азынаған боран болса, екіншісі қорқыныш. Пейілі бүзық түтқындар лагерьден осындайда қашады. . -ИХ&&Г 741
Қашқанда қайда барары белгісіз? Айнала ақтеңіз. Белуардан күртік қар. Әрі қүтырып тұрған боран. Түншығып-ақ өлесің. Бірақ лагерьден бір сәт қүтылып, еркіндікке шыкканды асыл арман ететіндер аз емес. Азаттық үшін неге болса да бас тігетіндер табылады. Лагерьді айнала қоршаған шарбақтың әр бүрышында сопактау ағаш үйшік тұрады. Ол үйшік темір тағандардың үстінде, биікте. Сол арадан бүкіл лагерь алаканындағыдай көрінеді. Алыстан Караганда, әлгі үйшіктер тікесінен тік койган табыттар сияқты боп та елестейді. Торт бүрышта торт прожектор түнде аждаһаның көзіндей багжияды. Онын жарыгынан кыбырлаган қүмырсқа да көрінердей. Бірақ, мына ақтүтек боранда прожектор да ак шел баскан ауру көздей әлсірейді. Сол коркынышты. Қарауылдар мүндайда кашқынды байқамай калуы мүмкін. Содан корыккан карауылдар кезек-кезек, анда-санда, гүрс-гүрс мылтык атып кояды. Онысы бір жагынан «біз ояумыз, біз сакпыз» деген белгі. Ак дауыл үдей түседі. Қарауылдардың «табыт» үйшіктері сыкырлайды. Прожекторлар шайкалып, әлсіз сәуле жанталаса билеп тұрады. Үш кабат нар тосектер қатар-қатар тізілген сасык барактың іші калың ұйкыга кеткен шақ. Құлкын сәріден ел орынга отырғанша тынбай жұмыс істейтін «халык жау- ларының катындары» сүлай түсіп, сілейіп қатып қалгандай шырын ұйкының кезі. Бұлар үшін осы бір сәттен артық жаннат жоқ. Тек, Әзиза кайта-кайта шошып оянып, шошып оянып кете берді. Түсінде неше түрлі кұбыжык көреді. Біресе ақ боранның арасында жалгыз өзі калып, айнала ұлыган каскырлар камап алады. Жерде карайып жаткан агаш екен, сонымен корганайын деп еңкейіп ала бергенде, әлгі агаш шірік болып шығады. Қолына ілінбей іріп кетеді. Қаскырлар жакындай түсіп, тап-тап береді. Әзиза «Тұрар!» деп айкайлап, оянып кетеді. Астынгы кабатта жаткан Күләнда: — Әй, сорлығар, немене, жаман түс көрдің бе? Жөнделіп, жайланып жат,—деп сыбырлайды. Енді көзі іліне бергенде, үйден кара бука Тұрарды сүзейін деп тұрганын көріп, тагы да бақырып оянады. Әлгі Күләнда тагы да: 742
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 632
- 633
- 634
- 635
- 636
- 637
- 638
- 639
- 640
- 641
- 642
- 643
- 644
- 645
- 646
- 647
- 648
- 649
- 650
- 651
- 652
- 653
- 654
- 655
- 656
- 657
- 658
- 659
- 660
- 661
- 662
- 663
- 664
- 665
- 666
- 667
- 668
- 669
- 670
- 671
- 672
- 673
- 674
- 675
- 676
- 677
- 678
- 679
- 680
- 681
- 682
- 683
- 684
- 685
- 686
- 687
- 688
- 689
- 690
- 691
- 692
- 693
- 694
- 695
- 696
- 697
- 698
- 699
- 700
- 701
- 702
- 703
- 704
- 705
- 706
- 707
- 708
- 709
- 710
- 711
- 712
- 713
- 714
- 715
- 716
- 717
- 718
- 719
- 720
- 721
- 722
- 723
- 724
- 725
- 726
- 727
- 728
- 729
- 730
- 731
- 732
- 733
- 734
- 735
- 736
- 737
- 738
- 739
- 740
- 741
- 742
- 743
- 744
- 745
- 746
- 747
- 748
- 749
- 750
- 751
- 752
- 753
- 754
- 755
- 756
- 757
- 758
- 759
- 760
- 761
- 762
- 763
- 764
- 765
- 766
- 767
- 768
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 650
- 651 - 700
- 701 - 750
- 751 - 768
Pages: