Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore sherkhan_murtaza_shygarmalary_tom_2

sherkhan_murtaza_shygarmalary_tom_2

Published by Іле аудандық Кітапхана, 2022-04-05 11:06:42

Description: sherkhan_murtaza_shygarmalary_tom_2

Search

Read the Text Version

Нейман бастықтың айтқанын орындаушы. Глебов — бас- тык. Мемлекеттік Хауіпсіздік Бас Басқармасынын төртінші болімінің бастығы. Ал, Нейман — оперуполномоченный. Егер Глебовтай қатал, қатыгез болса, нағыз өсетін кезі осы тұс. Мансапқорлар, шенкұмарлар осындай бір аласапыран кезінде, дауылды толқын шағында толқынмен бірге көбік боп көтерілген шөп-шаламша тез көтеріледі. Тек шөп-шалам болуға жара. *** — Не тілегі бар екен, сұра, — деген тапсырманың астарында не жатканын түсіне алмай, Нейман анырып біраз отырды. Үнсіз отыра беру тағы жарамайды. Ақыры шә- кірттік парызбен: — Не тілегіңіз бар? —деді. Рысқұлов Нейманды аяғандай жәй ғана мырс етті. Сені мен менінобалым осындай кезенге тап қылған тағдырға, деді. Жендет болуғатабиғаты тартпайтын бұл жігіттен не тілемек? — Менің Ежовқа жазған хатымнан жауап болмады, — деді Рысқүлов, неге жауап болмайтынына енді көзі жетсе де. Нейман иыгын қиқаң еткізді. Нейман қайдан білсін? Глебовқа тапсыруын тапсырған. Одан арғысы бұган бей- мәлім. — Әрине, оны сіз білмейсіз, — деді Рыскұлов оның шарасыздығына өзі кінәлі болғандай. — Тілек. Тілек жолы киылды гой. Әйткенмен, кім білген? Мүмкін болса, маган қагаз-қалам беріңіз. Қызыма хат жазайын деп едім. — Бүл мүмкін, — деп Нейман Рысқұловқа орындық үсынды. Үстіндегі баягы шевиот костюмі умаждалган, көйлегінің жагасы кірлеген, сакал-шашы бұрқырап гүлдегендей бурылданган Рысқұлов бір парак кағазга қадалып отырды да, хатын бастады. «Лйналайын, алтыным Соня! ( Надядан туган қызының аты София еді гой, соны еркелетіп Соня, Сонечка деуші еді). Мамаң екеуіңе сәлем жолдап отырмын. Денсаулыгың қалай? Оқуды қалай аяқтадың? Ескендір сендермен хабарласып туратын шыгар. Менен қам жемеңдер. Партия не десе, сол болады. Менің денім сау.

Ақыяды бол, айналайын. Оқуыңды жақсы оқы. Әрине, түрмыстан тарыгарсыңдар. Әзірше менен қайран жоқ. Бірдеңе етіп амалдай түрыңдар, шыдаңдар. Сонечка! Сенің музыка мектебін тастамауыңды қалар едім. Пианино үшін ақы төлеу де оңай емес, бірақ әзірше амалдап үстай түрыңдар. Таза ауага шықпай, қалада қамалып қалганың да жаныма батады. Бірақмүндай хәлге дуиіар болган жалгыз сен емес, бүкіл Рысқүловтар әулеті гой, амал қанша... Қалада кәрі-жасы бар мыңдаган адамдар түрып жатыр гой. Қайткенде де мамаң екеуің тым қүрыса, паркке барып жүріңдер. Үйден шықпай түмшаланып қалмаңдар. Мамаңның хәлі қалай? Денсаулыгы мәз емес еді гой. Басқа жүмысқа ауысқан жоқ па? Айналайын Сонечка! Сен маган егжей-тегжейін айтып хат жаза гор. Эрине, бейсеубет бөтен создің керегі жоқ. Үй-іиіі, отбасының жагдайын жаз. Адрес: ССРО Ііикі Істер Халық Комиссариаты. 590 «а» бөлме. Б.И. Нейман жолдасқа. Ал, ол болса хатыңды оқып, маган тапсырады. Сондықтан конверттің сыртына соның фамилиясын жаз. Емтиханда қандай сабақтан, қандай бага алганыңды, музыка сабагынан не алганыңды жаз? Айтпақшы, үмытып барады екенмін. Демалысқа шыгар алдында сендерге барып, шаш қырқатын машинканы алып кетіп едім. Егер Селезнев сүрай қалса, машинканы папам әкеткен дерсің. Агаң Ескендірмен көрісіп түрыңдар. Ал, қызым, аман бол! Тәңірі саган жар болсын! Мамаңа сәлем айт. I. VII. Папа. Парақты бүктеп, сыртына: «Москва, Кропоткин көшесі, 17 үй, 61 пәтер. С.Т. Рысқұловаға» деп жазды. Нейман хатты оқып шықты. Біреудін хатын оқу әдептілік емес, тіпті кылмыс. Бірак бүл мекеме Заң дегенге пысқыр- майды. Қайта Нейманнын танысканы дұрыс. Басы артык сөз айтылмауға керек. Мысалы, Рысқүлов жанындай жаксы көретін перзентіне: хәлім нашар. Глебов деген жендет бар. Үдайы үрып, есімнен тандырып тастайды, — деп жазса, не болмак? Үят қой. Өлім ғой. Ол кызға мұғалімдер сағат сайын: совет адамдарынан бақытты ешкім жок, — деп жактары

талғанша айтпаушы ма еді. Советтің заңы ең әділ заң. Оған дүниеде заң жетпейді демеуші ме еді. Ендеше, түрмедегі ондай-ондай «майда-шүйдені» сып- сындатып сыртқа шығармау керек. Нейман хатты қарап шығып, жағын таянып отырып қалды. Бұл неғылған адам, Рыскүлов? Не істесе де, не десе де партияныкі әділ дейді. Шыны ма? Сонда өзін кінәлі санағаны ма? Мынаны Глебов окыса — қылмысынды мойындадың демей ме. Егер Рысқұлов өз қызына пианиноны жалға ақы төлеп алып берсе, пианиноны басы бүтін сатып алуға ақшасы жетпегені ме? Ескендір деген ұлын жазыпты. Қызына Ескендірмен кездесіп түр депті. Білмейді ғой сорлы сол Ескендірінің кәзір осы түрмеде отырғанын. Мүмкін, жана Глебов сонын камерасына кеткен шығар. Спектакльдің көкесі әлі алда. Оны да білмейді мына Рыскұлов. Қырсык шалған не деген әулет бұл Рысқұловтар! 1906 жылы Рыскүл он жасар баласымен бірге Алматының түрмесіне отырады. Ал, 1937 жылы Тұрар Рыскұлов өзінің он жеті жасар баласымен бірге Мәскеудің түрмесіне түседі. Пешенелеріне түрме деген танба жазылған неғылған әулет... * И=* Тұткындалғалы бері тұңғыш рет түсінде Әзизасын көрді. Түрмесіз, тергеушісіз, айдауылсыз еркін дүние екен дейді. Көкшетауда жүр екен. Сірә, жұмак шыгар. Аспаны когілдірдің көгілдірі, аппак үлпа бұлттары да жүп-жұмсак. Алыстан-алыстан сағымданып, көк теңіз төсінде жүзген ғажайып кеме сияктанып Көкше көрінеді. Әзиза екеуі қатарласып сол Көкшеге ұшып келе жатыр екен. Жан-жағын акша бұлттар коршап алып, бұларды қорғап келе жатқан екен дейді. Ақша бұлттар кәдімгідей кызғылт канат періштелер болып кетеді. — Біз адамбыз ғой, калай үшып келеміз, адамдар ұшпаушы еді ғой, — дейді Әзиза. — Бізді періштелер қаумалап келеді. Олар — махаббат киесі, біздің тілеулестеріміз, —дейді Тұрар. Олар Көкшеге жетіп, Окжетпеске конбакшы болғанда алдарынан дәу кара пері шығып, Әзизаны Тұрардан тартып алмакшы болады. Әзизамен қатарласа ұшып, қүлағына:

— Рысқұловқа қосылма, ол сенен бүрын бірнеше әйел тастаған. Әрбіреуінен бір-екі баласы бар, сорлайсың, — деп азғырады. Кызғылт қанат көгілдір періштелер кара дәу әзәзілді кумак болады. Жан-жағынан шүйіліп, шокыса да кара дәу әзәзіл: — Сені мен Кавказ тауына алып ұшамын, жүмақта тұратын боласың, —деп арбайды. — Көкшеден артык жұмак жок! — деп шырылдайды періштелер. Бір періште Түрардың колына пайғамбардың кылышы —зүлфухарды ұстата береді. Түрар зұлфухармен дәу кара әзәзілді шауып өлтіреді. Көк аспан, көгілдір Көкшені махаббат жырына бөлеп, періштелер ғарыш әнін салады. Рыскүлов оянып кетіп, әлгібір шырындай тәтті түстін әсерінен: «апыр-ай, адам түрмеде жатып та бакытты болады екен-ау!» деп таң қалды. Өң мен түстің айырмасы не? Түс те өмір емес пе?! Түс те өмір болар болса, Рыскұлов тағы да бір бакытты сәтті бастан өткерді. Ой, түс түлкінін боғы-дүр, дейтіндер бар. Сонда өң дегеннің өзі түс емес пе? Адам туады. Арада әжік-күжік әуремен біраз дәурен кешеді. Адам өледі. Туу мен өлудін арасын өмір деп қойыпты. Өлім деген кұдыреттің алдында адам: не көрдім, не білдім? — деп ойлануға шамасы келер болса, қандай корытындыға келер еді? Бүкіл өмірін бір көрген түстей-акболып кыскармай ма? Кендүниедегенінбір тарының қауызындай ғана болып тарылмай ма? Ендеше, сол алдамшы ғұмыр дегеннін көбі не, азы не — бәрібір. Ал, жарайды. Жаңа ғана Рыскүлов Әзизасын колынан үстап, қызғылт канат көгілдір періштелермен бірге соноу алыстағы Көкшенін үстінде ұшып жүрді. Рас қой? Ал, тәні, екі жарым айдан бері су тимей кірлеген тәні, Глебовтын таяғынан көк ала болған денесі мына тас камерада жатты. Сонда көгілдір Көкше аспанының астында сайран салған немене? Міне, мәселе кайда жатыр! Тән деген бар. Ол кәдімгі Глебовтын таяғынан ауыратын дене: аяк-кол, бас, кұлак, коз, мұрын, тағы баска кәкір- шүкір. Ал, жан деген бар дейді. Адам өлгенде тәннен бөлініп ұшады дейді. Әлгінде ғана Көкшені аралап қайтқан сол жан шығар? Сәл сәтке Рыскұлов олген шығар, жаны азаттык алып, түрмеден шығып, есінде ертектей болып, алтын арман

ағысындай болып, өмір-бақи көкірегінде күншуак болып жатталып калған Кекшені аралаған шығар. Ал, кәдімгі сүм омірде Рысқүлов баяғыда, яғни 1930 жылы сұлу Кокшеге барғаны рас. Сол жакта практикада жүрген Әзиза сұлуды іздеп барғаны рас. Сыртынан ғашық болып, отыздан асқан шағында да жастықтың жалауын жықпай, жаны сүйген жас қызды Алматыдан іздеп барып, тапканы да ерлік кой. — Е, қойшы соны, — дей салса, алақанына Әзизадай ак періште қонар ма еді. Рысқүлов жеңістің дәмін көп татқан адам. Ал, бірак сол жолы Әзизаны іздеп сапарға шыққан күндер мен Кәкшеге келіп Әзизаны коріп, оған оз сезімін айтып, бозбалаша қызба әуреге түскен күндері мен түндеріне бұл дүниеде ештеңе тек келмейді. Кокшетау әкімдері Рысқүлов келіпті дегенге шәт-шәле- гей болып, әрі сескеніп, әрі кұрмет тұтып, асты-үстіне түс- кен. Ол кезде Рысқүловтың портреті косемдердің портрет- терімен бірге, кеңселердін, мектептердің қабырғаларына ілінетін. Рысқұлов атында колхоздар, мектептер бар болатын. Сөйтсе, Рыскұлов облыс басшыларымен шаруасы жок, олардын бәйектігінен азар да безер болып, қыз іздеп жүр. Ол да бір дәурен. Кейін бұл жайды Голощекин естіп: «Тоже мне государственный деятель» деп күлді дейді. Государственный деятель каһар шашып, қакайып қалсын, жар сүймесін, ғашық болмасын деген бар ма? Сондай-сондай пасықойлы, сасық пиғылды, пыш-пыш осекті, қатып қалған партиялық тәртіпті тәрк етіп, сол қалыптаскан коғамдық қағидалардан қарғып отіп, сүйгеніне қол созу да зор ерлік, өмірде қайталана бермес бал дәурен. Сол жолы, Түрксибті салып жатқанда, Мұхамеджан Тынышбаевпен істес болмаса, достаспаса, окіметтің рези- денциясын қалдырып, Мұханның үйіне түспесе, сол арада Мүхан дәнекер болып, баласы Ескендірді араға салып әрекеттемесе, Рысқұлов Әзизаға жолығар ма еді? Коп адамдар оз жарын жанамалай отіп жүріп те таба алмайды. Қүдай қосқандар ғана қиыспас жар болады. Рысқүловтың мандайына о басында Әзизадай жарық жұлдыз жазылған екен, кеш те болса — жолықты. Аз жыл бірге дәурен кешті. Оған да шүкір. Әзиза жолықпаса, басқа әлдекім тап болар еді, кім біледі? Сойтіп бүл түнде, әлде тан алдында Рысқұлов ғажайып түс корді. Конілі кәдімгідей котеріліп қалды. Адам-пендеге

бақытты болу үшін, көп те керек емес кой. Небары түстің озіне байып қалды. Адам коңілін Глебов та, тас камера да бұғалықтай алмас екен. Содан Рысқүлов мұны жаксы ырымға жорыды. Аспанда періштелермен бірге, Әзизамен бірге ұшып жүру — жақсы- лык деп койды. Қара дәуді пайғамбардын зүлфухарымен шауып тастағаны кандай онды болды. Зұлымдык жеңіледі екен, мен жеңеді екенмін деп кәдімгідей сеніп қалды. Қаранғы қапаста бір үміт шоғы жылтырады. Сол шок өшіп қалмаса екен деп әруақтарға жалбарынды. Баяғыда өтіп кеткен, есіне сирек алатын Домалақ анасына сиынды. Осы кезге дейін қып-кызыл коммунист болып, әруакка сиын- бағанына окінді. ЕСКЕНДІР Камеранынтемір есігіндегі кара кұлып салдыр-гүлдір етті де, әлгінде аспандап үшып жүрген Рысқұлов кәдімгі кара жерге топ ете калды. Тап-тар тас капаста отырғанын есіне салып, кара күлыптың кілті шакыр-шұқыр шикылдап, әрен ашылғандай болды. Майлап қойса қайтеді. Темір екеш темір де май тілейді. Қызык болғанда, кіп-кішкентай камераға Глебов пен Нейман өздері келді. Қасында жендеттері бар. Темір есік ашық қалды да, адамдардың сүлбасын танитындай селдір сәуле түсті. Жалғыз табуреткаға Глебов жайғасты да баскалары босағада түрып калды. — Жағдайын жаман көрінбейді, Рыскүлов, — деді Глебов сәлем сөздің орнына' Әлгі әдемі түстен рухтанып калган Рысқұлов шынында да ширақ еді. Бірак жауап каткан жоқ. — Сені әуре етпейік деп өзіміз келдік, — деді Глебов кеңпейілденіп. — Үйіңе келсе, үйдей өкпенді ұмыт деген. Өткендегі азырак түсініспестікті ұмытып, жон әңгімеге көшейік. Кәне, сонымен, бүл жолы жапондар туралы сыр шертісейік. Жиырма торт, жиырма бесінші жылдары Мон- голияда болдын. Рас кой? — Рас. — Не тапсырмамен? 648

Рыскұлов мырс етті. Осындай да сұрак бола ма екен? Текке уақыт алу үшін бе? Моңғолияға не тапсырмамен барғанын Глебов шыннан білмей ме? — Коминтерн аткару комитетінін тапсырмасымен Кенестік үлгідегі жана Моңғол өкіметін құрысу мақса- тымен. — Оны білеміз, — деді Глебов шыдамы кете бастап. Өйткені, бір кісілік тар қапаста ол отырып көрмеген. Өкпесі қысыла бастады. Бұрыштағы парашанын иісі де колканы алып бара жатыр. Тіпті, Глебов мұнда келгеніне өкініп те қалды. Бірак мақсатқа жету жолында мұндай «құрбан- дыққа» шыдау да керек шығар. — Білсеніз сол. Түнғыш рет бүкіл монғолдық Үлы Кырылтай өтті. Соны ұйымдастыруға атсалыстым. Үлы Қүрылтай Монғол Халык Республикасын жариялады, әне, соған бағдаршы болдым. Монгол халык Республикасының Конституциясы қа- былданды. Соны жазуға көп күш жұмсадым... — Жә, болды. Бәрін істеген сен екенсің ғой. Әйтпесе, Монғолиянын беті бері карамайтын болғаны да. — Олай болуы да мүмкін еді. Өйткені, жана Моңғолияға карсылар да табылды. Монғолияның астанасын Кызыл Батыр — Үлан Батор деп атауға ұсыныс жасаған да мен. — Жетті. Желпіне берме, — деп Глебов орнынан түрып, табуретканы теуіп кеп жіберді. Қу ағаштын жазығы не? Парашанын касына барып кұлады. — Сен өйтіп Моңғолияны жарылкамай-ак кой. Онан да сол Моңғолияны Қазақ- станмен, Түркістанмен коса Жапонияға қалай сатпақ болғанынды айт. — Казакстан мен Түркістанның басын ауыртпа, — деді Рыскұлов жаңа жаланынтөніп келе жатканын бірден сезіп. — Ал Моңғолияны Жапонияға саткысы келгендер шынында болған. Ал, мына мен солармен күрескенмін. Екеуі екі басқа әнгіме. — Міне, бүл екіжүзді суайттың сөзі, — Глебов мекірене күліп койды. — Айталык, шынында да Коминтерн сені Монғолияға игі істер үшін жіберді делік. Ал, сен сол Монғолиядан әрі өтіп, Қытайға не үшін бардың? 1924 жылы казан айынын оны мен он үші арасында кайда болдың? Есіңнен шыға қоймаған шығар? — Иә, рас. ОГПУ-дін адамдары жүмысты жаман істемейді. Сол күндері Маньчжурияның шекарасында 649 42-626 I

болғаным рас. Қасымда Моңғолияның премьер-министрі Церен-Дорж, әскери және сыртқы істер министрі Чойбалсан болғаны да рас. Бірақ біз Моңғолияны Жапонияға сату үшін емес, болашақ Моңғол Халық Республикасының шекарасын хауіпсіздендіру үшін бардык. —Үлкен-үлкен есімдерді атадың. Бірақ олар саған қорған бола қояр ма екен? Церен-Дорж кәзір дәл өзің сияқты түрмеде отыр. Ал, сені де, Церен-Доржды да әшкерелеуші Чойбалсан өкімет басында. Чойбалсан әшкерелесе, қайда барып қүтылмақшысын, сорлы. Осыны ойладың ба? Сорлы дегені отіп кетті. Тіпті жетім бала болып, кісі есігінде жүргенде де естімеген қорлық сөз. Бүл Рысқүлов- тардын намысына тиіп, шыдамнан шығарамын деген арам пиғылын болса, осылай тілде. Кәзір де Рысқүлов сабыр тізгінінен айырылып калып: — Куәгерің Чойбалсан екен, алдыр сол Чойбалсанды, мойныма койып берсін, —деді. Глебов жексұрындау дауыспен қаркылдап тұрып күлді. Қарсыласты женудін, жүйкесін жүндей түтудің бір пасық амалы —дарақы күлкі. Глебов онымен де қоймай тағы да: — О, сорлы, — деді, — Чойбалсан кім, сен кім? Чойбалсанның бір ауыз сөзі жетіп жатыр. Ол оны айтты да. «Рысқүлов дегендерің Жапонияның шпионы, мен оны білемін» деді. Солай деп Кремльдін өзінде айтқан. Ал онын Кремльде кіммен сөйлесетінін сен білуге тиіссін. — Ол мүмкін емес, —деп Рысқүлов дау айтпақ болды. Бүл дауының далбаса екеніне, дау айтып, жөн соз айтып, мынаны иліктіре алмайтынына, жала дегеннін шегі жоқ, түпсіз екеніне енді көзі жетіп, жігері қүм болды. — Онда Чойбалсанның өзі де шпион. Өйткені, Қытай шекарасында бірге жүріп, бірге түрдық. Асылы мүндайда тілді тістеп, мылкау болып қалғанның өзі артық. Кәзір Рыскүлов шын айтса да, ашумен айткан бір сөзі таяқ болып тиіп, басына сарт ете қалды. — Әб, бәлем, — деді Глебов куанып кетіп, — енді сен тәуелсіз бір мемлекеттің, бізге дос мемлекеттің басшысына тіл тигіздін бе? Нейман! Жазып кой! Басқаның бәрін сызып тастағанда, тек осы сөзін үшін ғана атыласын, иттін баласы! Глебов әуелі «иттің баласы» деп Рысқүловтың үлы Ескендірді тілдеп еді, енді өзін боқтады. Мұндай қорлыкка Ескендір шыдамаған жерде әкесі қайдан шыдасын! .... • ' ^ ■ ■ ■ з й е я й й й я а в е г -- л - і \" 6 5 0 ............................

— Әкеме тіл тигізбе, сволочь! — деп Рыскұлов кайда отырғаны есінен шығып, шапши түсті. Сол-сол екен, Глебовтың көзі тұзданып, екі беті талақтай ісініп, терісіне сыймай тырсылдап, сөз айта алмай тұтығып тұрып-тұрып: — Б-б-баста! —деді босаға жақтағыларға ақырып қалып. Сол-сол, екен, қарсы камераның есігі жүйкенді жұлып жегендей шықырлап барып ашылды. Глебов Рысқұловты тақтадан ұшырып түсірді де, жендеттердің көмегімен ды- рылдата сүйреп, есіктің табалдырығына алып келді. Қарсы камерадан да көкпардай тартқылап әлдекімді есіктің көзіне жеткізді. Әлгінің басы салбырап, жүзі көрінбейді. Екі колтыгынан екі жендет сүйемесе оз аяғынан түра алатын түрі жок. — Бетін корсет! — деп ақырды Глебов карсы камера- дағыларға. Жендеттің жүндес колы түтқынның ұзын шашын уыстап тұрып, кері тартып калғанда, кегжең етіп, әлгі пенденіңбасы жоғары көтерілді. Көнектей болып ісіп кеткен беттегі коздер көрінбей жұмылып қалған. Әлпеті адам танымастай. —Танисың ба? — деді Глебов Рыскұловты бүйірден түйіп калып. — Өз баланды өзің танымай не көрінді саған кәззап! — Ес-кен-дір! — Бұл Рыскүловтың жан даусы еді. Өлі екені белгісіз, тірі екені белгісіз түлып сияқты денеге кенет жан біткендей қыбыр-кыбыр кимылдап барып: — Папа... — деген үн елегізіп естілді. Барбиып ісініп, бір-біріне желімденіп калган еріндері әрен козғалғандай болды. — Мына иттер сені не күйге салған, қүлыным! Рыскұлов ышқына ұмтылғанда жендеттердін әлуетті қолдары да шыдас бермей, Рысқұловтан ажырап қалды. Екеуінің арасы екі-ак адым еді. Екі араны тас дәліз бөліп тұрушы еді. Бір адамнын денесін как бөліп, екі жартыны екі тас камераға камаған екен. Енді сол кақ бөлінген екі жарты бір бүтін болып, кайта кабысайын дегенде, тас жүректер әл бермей, Рысқүловты кері сүйреп әкетті. Адам неге ак аю сиякты болмайды екен? Сірескен кок мүз, ак қардын үстінде екі аю кездесіп калады. Біреуі әкесі, біреуі баласы. Бірак екеуі бір-біріне манкиысып карап түрып-түрып, екеуі екі жаққа ажырап кете барады. Енді кайтып бүлар мына шексіз-шетсіз мүз дүниесінде кездесе ме,

кездеспей ме — белгісіз? Бірін бірі іздемейді де, сағынбайды да. Табиғат қатал дүниеде қатал жаратқан хайуанат. Ал, Рысқүлов дәл кәзір атып жіберсе де, Ескендірін, шалажансар болған Ескендірін бір құшақтап, бауырына баспақшы еді, қатыгез дүние қос көрмеді. Ол ол ма, жендеттер Рысқүловтын көзінше баланы тозақ отына шыжғыра бастады. Бүдан гөрі, Рысқүловты бірден атып-ақ тастағаны да онды болар еді. Бірақ жендеттер одан ләззат ала алмас. Адам баласы когамында садизм деген ұғым бар. Адамды адамнын азаптауынан жаны рахатка бататын сүмдықты солай деп атайды. Біреу әйел сүйгеннен лэззат алады, біреу арак ішіп, наша тартып рахат табады. Ал, садист найсап адамды неғұрлым ерекше азаптаса, соған сүйсінеді. Глебовтар сол түқымнан еді. Глебов енді Ескендірдің қасына озі барды. — Айтшы, Ескендір, ақылың бар ғой, мынау әкен немістер мен жапондардын шпионы екені рас қой, ә? — деп аярлана қалды. Бала тілі күрмеуге келмей: — Па-па, не дейді мыналар, рас па? —деп әрең үн қатты. — Сенбе, Ескендір! Сенбе, бауырым! Сенбе, балам! — Рысқұлов әр созін ышқына, ен акыргы созіндей озеурей сойледі. — Мен саған сенемін, па-па... Сол-сол екен, Глебов иек кағып қалып еді, алпамсадай жендеттер Ескендірдің колын бүрап, тырнақтарынын астына ине сұққылай бастады... Баланың беті ніл тартып, кокпеңбек болып, су жұтып, тұншыққандай болып түрды да: — Па... — деп шыңғырғанда тас меңіреу қапастын озі қақ жарылғандай, азап шеккен адам емес, дүн-дүниені жаратқан Құдайдың озі қорланғандай, қорқаулардын озін корқы- тардай үрейлі естілді. — Глебов! Баланы қой, мені азапта, жалбарынамын, —деп жалынды Рыскұлов. Ол енді қанша бұлқынса да қимылдай алмас қодар қүрсауында калган. — Ә, солай ма, бәлем! — деп ыржия сүйсінді Глебов. — Сені әлі бұлбұлдай сайратамын, сайқал сайтан. Совет окіметімен ойнаған кандай болады екен, көрсетейін саған. — Глебов! Сен де әке шыгарсың. Сенде де бала бар шыгар. Адам едік қой, азаптама баланы, жалбарынамын, Глебов.

— Иэ, мен де әкемін, менде де бала бар. Бірақ біз Совет өкіметін қүлатып, жауларға сатылғымыз келген жоқ. Бүл-бұл ма, Рысқұлов, бұл әлі гүлдің шешегі ғана, тікенегі әлі алда... Соны айтып Глебов қызметкерлеріне: — Иттің баласынын шалбарын түсіріндер! — деп бүйырды. — Қарап тұр, Рыскұлов, көрейін калай касары- сатынынды! Баланың әбиүрі ашылды. Оған қарсылық та білдірген жоқ. Сірә, есінен танған шығар. — Еще коммунист называется! —деп ызаланды Глебов. — Баласын мүсылмандаткан. Сүндетке отырғызған. Көрдіндер ме? Ой оңбаған. Сөйте тұрып, панисламист, пантюркист емеспін дейді. Аяр неме! — Жендеттеріне карап: — Бастан,- дар! —деді. Жендеттер баланың балғын үрпіне ши жүгірте бастады. Баладан ышкынған бір дыбыс естілді де, үні өшті. Рыскұлов ауа жетпей алкынып, жүрегін ұстап қалды. Дүние астын-үстін көшіп бара жатқандай, аяғының асты теңселіп, көзі қарауытып, басы айналып жүре берді. Жендеттер оның бетіне су шашты. Дәрігер шакырып, укол салдырды. Рысқұловтың дес бермес асау жүрегі ақырында әлсіреген екен. Анасы Қалипа маркұмның құрсағында жатқан кезден бастап-ақ соккан жүрек бір сәтке тынбай, үзбей соғып келе жатса, оның өзінде көбінесе жанталаса, алқына соқса, темір екеш темір де тозады, ал мүның ет жүрегі шаршамай кайтеді? Жасы қырык үшке караған екен. Кырық үш жыл бойы қызыл тікен кешкен арпалыс өмір, одан кала берсе, мына Лубянка тамұғы, одан кала берсе, өзіңнен туган жас баланын, мынандай азабын кору, бір адамның арқасы котере алатын жүк емес кой. Қайта Рысқүловтың жаны сірі екен: жаңағыдай сұмдықтан соң, жүрек қабы жарылып кетуі де ғажап емес еді ғой. — Глебов,— деді Рысқұлов көзін ашып, есі кірген соң, — баланың түк жазығы жоқ, обал деген бар, обалын тартасың, күнәға батпа. Глебов, екі беті алаулап, қан көрген қасқа төбеттей жаландап, көзілдірігіне дейін терлеп кетіпті. — Сүйінші, Рыскұлов! — деді ол даракылана күліп. — Әйелің босанды. Қасында болып, Кисловодскіден әкелген шампанды өзің ашпағаның өкінішті, әрине.

Рыскұлов бір сәтке азап атаулының бәрін ұмытқандай болды. Кәдімгідей әлденіп, жанарына жаркыл пайда болып: — Қашан, қайда? —деді. — Осы жаңа ғана хабар жетті. Бір өкініштісі, үйінде емес. Енді сенде үй жоқ екенін білетін шығарсың. Бутырка түрмесінде. Қайын енең де сонда. — Сонда калай, олар да жау ма? — Өзің қалай ойлайсың? — Олардың жазығы жоқ. — Сонда өзің ғана жазыкты болғаның ғой? — Глебов, мен-ақ жазықты болайын. Босат баламды да, әйелімді де, қайын енемді де. Олардың кылаудай да қылмысы жоқ. Сойте ғой, адамгершіліктен мүлде ада болмаған шығармыз. Глебов масаттанып, қоқиланып калды. Дес бермес асаудың озін бұғалыктады. Енді Ежов мұның бұл енбегін лайықтап бағаламай корсін. Өзіне орынбасар етіп алмай корсін. Мансаптың мастығы — алтынның буындай аяр. Мансап үшін Глебов туған әкесін, туған анасын да, тіпті баласын да аямайды. Бүгін — полковник, ертең генерал болады. Бүл кезде карсы камераның темір есігі жабылған, олісі де белгісіз, тірі екені де белгісіз, Ескендір есіктің ар жағында қалды. Жүрегі суылдап, жаны шыркыраған Рысқұлов: — Ескендір! —деп айкайлады, үні карлығып шыкты. Дыбыс болмады. — Ескендір, үлым менің, жалғызым менің! — деп кырылдады Рысқұлов. — Неге жалгыз? Сенде бала коп қой. Міне, бүгін тагы бірі дүниеге келді. Әп-әдемі қыз бала. — Ескендір ұлдан жалгыз гой, — деп сыбырлады Рыс- кұлов. — Феодал ты, однако! — деп Глебов қагытты — сонымен жаңагы сұмдык кайталанбасын десен, кылмысынды мойын- дап, протоколга кол кой, Рыскүлов. Осы ойнаганымыз жетер. — Қай қылмысты айтасың, Глебов? — Озің де білесің гой, ақылың бар, жонге кел. Әуелі кеңес окіметіне карсы әрекет жасаган үлтшыл пантүрік үйымының басшысы екенінді мойында. Соган кол кой. Аргы жагын одан ары жалгастыра береміз. — Ондай ұйым болган жок кой, Глебов. Болмаган нәрсені калай болды деймін.

— Өзің біл. Жаңағы — жанағы ма? Одан да зорын көремін десең, қол қоймай-ақ қой. — Глебов, мен ойланайын, есіме түсірейін, ал әзір мені мына баламның камерасына қама. Не болмаса Ескендірді менің камерама алдыр. Өлсе — өлігін көрейін, өлмесе біразырақ қасында болайын. Тағдыр Рысқүловтар пеш- енесіне солай жазған шығар: баяғыда мен де әкеммен бірге бір камерада жатып едім. Енді бір сәтке мен де баламмен бірге болайын. Өтінемін сенен... Глебов, жеңімпаз Глебов бір мезгіл кеңпейіл болғысы келді ме, жоқ әлде шыннан көңілі жібіді ме, Рысқұловтын бұл тілегін орындап, Ескендірді Рысқұловтың камерасына алдырды да, есікке күшейтілген қарауыл қойып, өз кабинетіне кетті. Жұмысы катты, жұмыстан о да шаршайды, біраз тыныққысы келген шығар, сойтіп үзіліс жариялады. Жоғарғы кабатқа котеріліп, киімін шешіп, жанбырлы суға шомылды. Өзінің тыр жаланаш денесіне коз салды. Коз алдына Ескендір келді. Сүндеттелген. Ескендір сүн- деттелген. «Ух, басурман» деді. Өзінікі бүрік еді. Бүрігін түріп, қызарып тұрған үрпіне үңілді. Ойша ши жүгіртіп корді де, тұла бойы түршігіп, дір ете калды да, өзіне озі «дурак» деді. Бір сәт сезімге берілгені үшін, озін озі катты күстаналады. Аяушылық сезімді аластап тастамак болып, суды сарылдата ағызып, үсті-басын жокемен ысқылай берді, ысқылай берді. Құдай тазартпаса, езін озі тазарта алмайтынымен ісі жоқ. А қ сейсепке оранып отырып, салқын сыра ішті. Жаны кіріп, рахаттанып отырғанда, көмекші келіп: — Ежов жолдас шакырып жатыр, —деді. *** Ескендірді алдына алып, былк-сылк еткен басын қүшактап, мандайынан, бетінен сүйіп, шашын сипалап, аймалап, өбектеп, асты-үстіне түсіп, жаны калмады. Ескен- дір ұзақ талмаусырады. Тек, Рыскұлов баласының көбесі согілген тырнактарын сипалап сүйгенде ғана, Ескендір ыңырсып, кірпігі қимылдап, көзін ашқандай болды. — Мен үшін тозаққа түстің, ұлым, кешір мені. Ескендірдің кезерген, домбыққан, конектей ерні қыбырлады. Не айтқанын әкесі ести алмады. — Мені естіп жатырсың ба, үлым? — деді Рысқұлов. Баласынын кірпігі мен ерні қимылдады. — Естісең, тында. Й Г 655

Екеумізді бұлай бірге отырғыза бермес. Әлгі жендеттер кешікпей келер де, бізді ажыратар. Сондықтан тындап кал: мен жау емеспін. Бәрі жала. Бірақ менің тірі жүргенім — әлдекімдерге тиімсіз. Өмір деген хайуандар дүниесінен де қатал. Өзім өшкеніме өкінбеймін, бірак жазықсыздан жазықсыз сендерді азапқа салдым. Жаныма сол батады. Тындап жатырмысың, Ескендір? — Баланың қанталаған ерні тағы қыбырлады. — Мені тірі қалдыруы неғайбыл. Тәрізі солай. Тек протоколға менің колым қойылмай тұр. Сол үшін мына иттер жанталасып жатыр. Осы уақытқа дейін шыдап келдім. Бірақ сені азаптағанына шыдай алмаймын. Сені азаптан қүтқару үшін, енді неге болса да кол қойып, мойныма ала беремін. Бұлар сені гана емес, Эзизаны да, Эрифаны да камап қойыпты. Әзиза босаныпты. Кішкентай қарындасың бар корінеді. Түрмеде туган сорлы. Сені камаган бұлар Рашидті де, Шәмілді де тұтқындаған шыгар. Осыншама бейкүнәлардың не жазыгы бар? Бәрінді тозакка салып койганша, мен курбан болайын. Сонда сендерді тірі калдырар. — Рысқүлов алқынып, окпесі қысылгандай деміге жәтеліп, созін жалғады: — Ескендір, бауырым, саган жақсы әке бола алмадым, білем! Кеш мені! Ескендір ыңырсыды. Не ойлағанын айта алмайды. Ажал аузынан қайткан, бәлкім, әлі ажал аузында жатқан ұлына Рысқүлов ұзын-сонар әңгіме айтып текке әуре болып отыр ма? Бірақ айтпасқа амал жок. Енді қайтып тагдыр бұлардың басын қоса ма, ж оқ па — беймәлім? Қайтсе де кәзір айтып қалуы керек. Баланын санасына жетпесе, тым құрыса мына тас меңіреу қабыргалар естісін. — Ескендір, бауырым, үлым, мен омір бойы әділдік үшін күрестім. Күштілері әлсіздерін езгілеген қиянатпен алыс- тым. Үлы халык кіші халықтарды жүтып жіберетін қоркаулықпен арпалыстым. Айлакерлер анкауларды алдай- тын қулық-сүмдыққа қарсы шықтым. Әкелері балаларын пайғамбардай коріп, балалары әкелерін Қүдайдай қүрмет- тейтін коғамды аңсадым. Менін үраным: «Өзіңөлме, өзгені де олтірме!» еді, менің қүраным: «Өзіңе тілемегенді озгеге де тілеме» еді. Қайтейін, Құдай қос кормеді ме, міне, енді осы ақ жол дегенім кері жол болып, замана түсі сұрапыл тартты. Дос дегенім қас болды, алтын дегенім тас болды. Бүл да бір отпелі кезең шыгар. Дүние түзелер. Сен әлі жассын гой. Мына қанды шеңгелден кұтылсан, алдыңнан жарық әлем жаркырар. Сонда мына сорлы әкенді есіңе аянышпен

алғайсын. Мен туралы шындыктын. бетін шаң басар, тозаң түрар, кат-кабат топырактың астында калар. Сол шындыкты аршып алып, менің кінәсіз күйіп кеткенімді кейінгілерге жариялағайсың. Әрифа анамызды білмеймін, Әзиза тірі калар, Әзизаны, бауыр-қарындастарынды қанатынның астына ала жүр. Ата мекенің, алтын бесігің — Қазакстан. Одан тамырын үзіліп қалмасын. Қаңбақ дейтін шөп болады, қауқиған шар сияқты, тамыры осал болады. Жел тұрғанда тамыры үзіліп, домалай береді. Үшарын жел біледі, қонарын сай біледі. Қаңбакта Отан болмайды. Сондайынан сақтасын. Отаның Казақстан, Ескендір, естідің бе?! Баласының кірпігі қимылдап, ерні қыбырлады. Тыр- нағына қан қатқан қолымен әлсіз ғана әкесінің қолын сипалады. Сонда Рыскұлов жаны шыркырап, әкіріп-өкіріп жылап жіберді. Іші-бауыры елжіреп, дәл кәзір ажал жетсе де Тәңіріге риза пейілмен шала-жансар ұлын қүшактап, тасбауыр тағдырына тәуба айтты. Жаралы қол, жаралы жанды сипалап, аймалағаны — Тәңірінің тартуы ғой! О, бейбак Рысқұлов, сенің жарақат жанынды бұлайша ешкім де аялаған жоқ. Мына қасірет қамақ, зарлы заманда жартыкеш жанынды ебектеген адамның табылғаны — бейіштің тәріне шыққаннан артық көрінді. Касиетсіз ұлдан сақтасын, Құдайым. Әкең жақсы кісі еді жамбас жеген, Жақсыдан жаман туса онбас деген... — дегендей, Ескендір жаман үл шықса, ана Глебовтың сойылын соғып, Павлик Морозов болып, мына көрген қорлықтан гөрі, әкесін сатып құтылар еді. Ескендір адал туған ардақ екен. Рысқұловтын жүрегі соған елжіреді. О, дүние-ай, сонда Рысқұлов, өзгелерді жек көргеннен емес, осы жолы Қүдайдан, тек Ескендірдің тілеуін тіледі. Рысқүлдан үл туған бұл жалғыз еді, бұдан туған ұл Ескендір жалғыз. «Жалғыз үлы бардың шығар-шыкпас жаны бар» деуші еді. Енді осыны тірі кыла гөр деп тіледі. Бұл кетсе — Рыскүловтар әулетінің тұқымы үзілгендей шығар. Қыз баласы біраз бар, оларын да жанындай жаксы кереді. Бірак олардан тараған ұрпақ Рыскүлов болып жалғасар-жалғаспас, кім білед? Кұдай ұлдан сала ма, кыздан сала ма, әр нәрсе иманына қарай. Бірақ кәзір көз алдында жаткан үл бала амандығы үшін басым кетсе өкінбен деп бекінді Рысқұлов. Ескендірді қүтқару жолында бәле-жаланын бәрін езіне жапсырып алмакка бел байлады.

*** Ежов еңгезердей Глебовтың иығынан ғана келгендей еді. Қалшиып қалған Глебовтың кепиетіне амалсыз басын көтеріп, төменнен жоғары қарайды. Түздай көзі тұнжыр. Оқ жыланның көзіндей сұп-суық. Кірпік қақпайды. Кірпігі де жоқтың қасы. Бұл енді Ежов. Мәттақам Ягоданың орнына келген Ежов. Кәзір Ягоданың өзі де тұтқын. Талай-талай кінәсіз жандарды зар илеткен Ягода, енді өзі де кан құсып, зар жылап отыр. Бұл зандылық па, не сонда? Адамға істеген кысастығың, жауыздығың алдыңнан шығатыны болғаны ғой. Егер өмір заңы табиғат заңынан туындайтын болса, мұнысы әділ. Табиғатта бәрі де тәртіппен калыптасқан. Тәртіп бұзылған жерде, табиғат кек алмай қоймайды. Бүл ретте, Ягоданың бейшара халге түскені занды дейік. Ал, Рыс- күловтікі немене? Демек, адамдар омірінде зандылық ала- қүла, тіпті ала кол. Ежов ежірейіп қарайды. Глебов жылан арбағандай ісініп барады. Басының айтақыр кызғылтым қасқасынан шып-шып мөлдіреп, бөртіп тер шықты. Қолын көтеріп, терін сүртуге де шамасы жоқ. Арбау азабына түсіп, мелшиді де қалды. Түтқындардың алдында айбарлы, алпамсадай Глебов кәзір өзінен мансабы үлкеннін алдында айдаһар көрген көжектей дір-дір етеді. Глебовтың бұл азабынан Ежовтың жаны рахат тап- қандай. Кіп-кішкентай болып, үп-үлкен адамды калшыл- датып қойған қандай ләззат! Ол Глебовты үн-түнсіз-ақ осылай үрейге салып қойып, кепке дейін тіл қатпады. Неге шакырдыңыз деп анау сұрамады. Бүлдіріп аламын ба деп қорқады. Ежовка ұнамай қалу — кұрып кетумен бара-бар. Не кызметтен томендейсің, не түрмеден бір-ақ шыгасың. Ягодадан әулие емессің. Ал, Глебов болса осуді аңсайды. Полковниктен генерал болгысы келеді, одан әріден де үміткер. Құдай қай жерімнен ұрып қалды деп тұр. Түрлі күдік, сан сұрақ. Не жазып калдым деп іштей бір азапқа түсті. Аузымнан арақ пен сыраның иісі шыгып тұр ма деп демін ішінен алады. Дем алмауга, ауа жұтпауга болмайды. Ақырында барып-барып, Ежов: — Рысқүлов? —деді жай гана, — Рысқұлов.

Сөзінің аяғын да айтпайды, тек «Рысқұлов» дейді. Шын акымақ болмаса, Глебов оны емеурінінен-ақ түсінуі керек. Түсінді де: — Рысқұловтың шаруасы бітуге таяу, — деді аптығып. — Кол, — деді Ежов міз бақпай, — қол. — Әлі кол қойған жоқ, бірак бүгін қояды, Николай Иванович. — Қанша ай. Ежов сүрақ лебімен де айтпайды. Тек жай ғана «кан- ша ай» дейді. Мұны Глебов түсініңкіремей саскалақтап калды. — Не канша ай, Николай Иванович? Ежовтың көзі акшыл тартты. — Рыскұловтан кылаудай жөнді жауап ала алмағаныңа неше ай болды, оңбаған? Ә, бұ жолы Ежовтың даусы ащы шықты. Ш аң к ете калды. — Рыскұлов, Рысқұлов... —деп Глебов тұтығып калды. — Не Рысқұлов, Рысқұлов? — Оны сіз білмейсіз ғой. — Оңбаған.Мен бе Рысқүловты білмейтін?! Ежов корланып қалды. Сұп-сүр адамның беті боз топырақтанып кетті. — Мен онын. мінезін айтамын, — деп ақталды Глебов. — Бұл мекемеде мінез деген болмайды, Глебов! Бұл мекемеде тек мойындау болады. Осыған да өнерің жетпеді ме? Біз сені не үшін жоғарылаттық? Рас, Қорықмасовты, Ходжаевты, Нұрмақовты «жуасыттың». Сол үшін жоға- рылаттық. Бірақ мына істі бітірмесең бүрынғы қызметіңнін. бәрі зая кетеді. — Амалын таптым, Николай Иванович. Рысқүловты баласымен кездестірдік. Енді көнетін сияқты. Көнеді, Николай Иванович. — Білемін, — деді Ежов кірпік қақпастан. — Баласымен екеуін бір камераға жайғастырып қойғанынды да білемін. Ал, айта ғойшы, әкесі мен баласын бір камерада ұстасын деген қай уставта, қай ережеде бар? Глебовты кара басып қалды: ондай ереже жоқ. — Бұл өзі әулеттік дәстүр корінеді, Николай Иванович, — деп ыржиды сасқанынан Глебов. — Қайдағы әулеттік дәстүр?

— Осы Рыскүлов бала кезінде әкесімен бірге түрмеде бір камерада отырыпты. — Қай кезде? — Сірә, патша заманында. — Ал, онда айта қойшы, Глебов, патшаға карсы бол- ғандар кеңес өкіметіне қарсы бола ма? Глебов тосылып қалды. — Айт. — Болатын болғаны ғой, Николай Иванович. Троцкий де, Зиновьев те, Бухарин де, Рыков та патшаға карсы болған. Бірақ Кеңес өкіметіне де карсы. Мұндайларды аспан да, жер де кабылдамайды. — Мұның рас, Глебов. Глебов өзінің тапкырлығына риза болып, іштей іріленіп калды. — Сен Дантені окиды екенсін ғой, Глебов? — Тамұқтың ұңғыл-шұнғылын білу керек кой, Николай Иванович. — Сенінше Рысқүлов кәзір тамүкта отыр деп ойлайсың ба? — Тамұқтан да ары. Оның көзінше баласын кинадык. Рысқүловтыц жаны шырылдап, шығып кете жаздады. Тіпті дәрігер шақырттык. — Ал, сол шырылдаған жаны кәзір жұмакты жайла- ғандай рахатка батқанын білесін бе? — Қалайша? — Баласы касында болса, оны аймалап сүюдін өзі оған пейіштін төрінен артык. — Оларды ажырату тіпті де киын емес. — Солай, Глебов. Азаптың ен үлкені — зарыктыру. Бірін бірі сүйетін адамдарды зарықтырып, ансатып кою. Бар! Жоғал! *** — Әке, — деді Ескендір әрен сыбырлап. Папа демеді, әке деді. — Не қүлыным? — Рыскүлов жыбырлаған ерінге кұлақ тосты. Баласынын мандайы тершіді. Рысқұлов оны ала- канымен сипап сүртті. — Не, Ескендір, не айткың келді? .660 чЗйааяайй.

— Көнбе. — Неге? — Адал бол-саң, көн-бе. — Сені, сендерді азаптап өлтіреді ғой, құлыным. — Өл-тір-мей-ді. Аз-ап-тай бер-сін. Рыскүлов өз ұлының мұнша беріктігіне так калды. Өзі де өжет еді, ал мына Ескендір өзінен өткен шарболат болды. Жайшылыкта білінбейді екен. Үлы ер-азамат болып, есі кіріп, озбырлыкка, корлыкка шыдамай, оған жан-тәнімен қарсы қасиеттің иесі болган екен. — Сенсіз, сендерсіз емір маған не керек? Сендерді айуандардың аузында қалдырып, тірі жүргенде мен кай ұшпакка шығамын? Бәрібір бүлар енді мені сындырмай тынбайды. Карауылдар темір есіктің оймактай тесігінен сығалап, карап-карап қояды. Қарауыл катулы, қарауыл сақ. Рыскүлов баласының басын абайлап тактаға сүйеп қойып, есікке барып, карауылды шакырды. — Не? —деп жекірді оймактай тесіктен көзі жылтылдаған сақшы. — Бала талыксып жатыр, су беріндер. Қарауыл есікті ашып, бүйірі қабыскан калайы кружкені ұсынды. Мүнысына да рахмет. Рыскұлов Ескендірдің басын кетеріп, кружкені ерніне такады. Домбыққан доңбек ерін көндіге коймады. Дымқыл тиген соң, кан катқан ерін бірте- берте жіпсігендей болды да, сызықтап бірер тамшы су тандайына әрең жетті. Рыскүлов кояр да қоймастан тагы да тамшылатты. Ескендірдің козі ашылайын деді. Судан шамалы жұтып, уһ деді. Қанша елімші етсе де жас емес пе, беті бері қарап, тіріле бастады. Суды сыздықтатып түгелге жуық ішкізгенде Ескендір басын кетерді. — Әке, бүлар менен Павлик Морозов жасағысы келді, көріп тұрсың ғой, мен көнбедім. Сен де шыда. Бар созі осы болды. Көп сөйлеуге әл-дәрмен жоқ, Рысқүлов баласының басын кеудесіне кысып, шашының әрбірталынан сүйіп, мұндайадал перзентбергеніңе тәубадеп тағдырына тауфих етті. — Мен ез әкемді көргендей болып отырмын, Ескендір, — деді, — Рыскүл атанды айтамын. Сол 1906 жылы ол екеуміз осындай тас камерада бірге отырғанда, ол мені қүдцы сен сиякты кайраушы еді. Осы уакытқа дейін менің мүқалмай

келгенім сол қайрақтың қаттылығынан шығар. Қайрақ қатты болса, пышақ өткір болады. Енді міне, сен де мені қайрап отырсың. Әкемдейсің. Рысқұл өзі ж оқболсада көзі бар. Мың рахмет, ұлым. Ақылыма азық, бойыма қуат, жүрегіме жігер бергеніңе рахмет. Әйтпесе, мен әлгі Глебов иттің айтқанына көнейін деп едім. Мені ол төбет мұқалта алмас, бірақ сындырар. Сен аман қалсаң екен, Құдайым-ай. Сен тірі қалсаң Рысқүлдың рухы да, Түрардың рухы да сөнбес еді. Ал, сен жоқ болсаң, есіл Рысқүл да, мен де жоқпын. Тауыс- тәмәм. Рысқұлов баласын бауырына қыса түсті. Осы қауышу арқылы оз жүрегін, өз жанын ауыстырып бергісі келгендей, қүшағын жазбады. — Мен осыдан мерт болсам, сен аман қалсаң, мен сенің көзің арқылы арайлап атқан танды, басын арай шалған асқар тауды, жасыл орманды, заңғар кокті, қүдіретті күнді керермін. Сен аман қалсаң, Ескендір, әйтеуір бір кезде Қазақстанға кайт. Алатауға кара. Түлкібас-Жуалы деген ел бар. Ол сеніңата-бабаңның бесігі. Ақсу-Жабағылы деген жер бар. Аршасын иіске. Әулие-Ата, Мерке деген шаһарларға тағзым ет. Ол менің балалық, жастық ғұмыр кешкен мекенім. Талғар деген апайтос таудың бауырына барып түне. Ол менің кіндік қаным тамған жүрт. Сонда менін рухым да сенімен бірге болып, дүниедегі ең асыл, қымбат мекендерді коріп, мейірім қанар. — Ескендір, естимісің, осыдан тірі қалсаң, Талас деген жерді тап. Таласты білмейтін қазақ жоқ. Бірақ екі Талас бар. Бірі жоғарғы Талас, ол қырғыздың Таласы. Бірі төменгі Талас, ол қазақтікі. Әне, сол томенгі Таласта атаң Рысқүлдың сүйегі жатыр. 1918 жылы озім барып, моласын кордім. Қасымда Қабылбек Сарымолдаев деген жігіт бар еді. Сол жолы әкемнің басына белгі орнатамын деп уәде беріп кетіп едім. Мен мәңгілік олмейтіндей, мен еш заман жаманшылық көрмейтіндей, әне-міне деп жүргенде олшеулі омір шіркін май шамның білтесіндей таусылып қалған екен. Байқа- маппын. — Ескендір, естимісің, ұлым? Мен озімді Кеңес окіметінің тірегіндей коріп, мен болмасам, кеңес өкіметі құлап қалатындай керіп, жұмыстан бас бүра алмаппын. Әйтпесе, сол Әулие-Ата, Таластың тұсынан бастап, Турксиб теміржолын да салдырдым. Сонда бірер күн уақыт тауып, Рысқұлдың басына белгі орнаттыруға құдыретім жетер еді

ғой. Жоқ, Рысқүлдың моласына тас коюдан гөрі, социа- лизмнің мұнарасын аспанға дейін көтеру мүрат болды. Баяғы Вавилонның мұнарасын салғандай едік. Бүл мақсатта біз бәрін де: әруақты да, баланы да, жарды да ұмыттық. Сөйткен социализмнің маған көрсеткені, міне, мынау... — Ескендір, естіп жатсаң, саған айтар арызым бар. Сол Рысқүлдын жатқан жерін тауып ал. Оның көзін көрген, моласын білген кәрі-күртан әлі бар. Қабылбек Сарымолдаев дегенді жолықтырсан, жол көрсетер еді. Бірақ мына нәубеттен Қабылбек аман қалар деймісін. Сұрай-сүрай, табарсың. Атаңның басына белгі қоя сал. Тасына: «Басына Құдайдан басқанын ноктасы сыймаған Рыскүл Жылқыайдар» —деп жаздырып қой. Әруағы риза болып, сені қолдап жүреді. Үрпағым, үрығым деп тебіренеді. Одан жаман болмайсын. — Ескендір, естіп жатырсын ба? Ескендір ыңыранып, бас изегендей болды да, қолын тақымына таяп, аяғы дір-дір етіп, тітіркенді. Сірә, үрпі ауырған. Жаналғыштар оның үрпін шабақтап тастады. Адам тәнінің ең нәзік жері — үрпі ғой. Үрпіні шабақтағаннан гөрі, бас сүйегіңнін қакпағын алып, миынды шабақтаған әлде- кайда женіл. Үрпінді қорлағаны — зәузатынды, үрім- бұтағынды қорлағаны. Бірақ жендеттін саған бүгін істегені, ертен өзінің алдынан шығады деседі. Бірақ оны жендеттер білмейді, білгісі келмейді. — Ескендір, тында, балам. Мен сенің айтқан ақылынды алып, бойыма тұмар қылып тағамын да, Глебовтың протоколына қол қоймаймын. Сеземін: қол қойсам да өлтіреді, қоймасам да өлтіреді. Бұлардың сыңайы солай. «Жапалақты таспен ұрсаң да, тасты жапалақпен ұрсаң да жапалақ өледі». Әлдеқалай тірі қалсам, оны керермін, өле кетсем —тағдырдың бір уыс талқаны таусылғаны. Сонда сен, Ескендір, менін белгісіз қалған мүрдемді іздеп табарсың. Егер денемді өртеп жібермесе, сүйегім қалады ғой. Сүйек кепке дейін шірімейді. Соны таба алсаң, саудыратып қапқа салып, аузын тігіп, Таласқа, Рыскұлдын жанына апарып қой. Рыскүл Ақсу-Жабағылыда жатқанды армандаушы еді, тағдыр екен, Талас даласындағы шеңгелдің арасында жатыр. Мен одан несіне бөлінейін. Шецгел болса — шеңгел болсын. Шенгел де ғүмыры зәрлі, әм зарлы осімдік. Күздің күні жел тұрғанда қоңырауларының мүңлы ән салғанын естісен. Өмірдің өз реквиемі сол. Мені жерлерде музыка тартылмас.

Музыканың керегі жоқ. Шеңгел қоңыраулары бәрін де айтып жеткізеді. Күзгі шеңгел қоңыраулары. Совнарком болып сорайып барып солғанша, сенің ішінде қой бағып жүрсемші. Ен дала, есіл дала, сенен алыстап кеткендегі тапканым осы ма? Қай мұратқа жетіп жығылдым. Есіл дала, арман тау, калды-ау бәрі... Рысқүлов осалдық жасап, баласына көз жасын көрсетіп алды. Ескендірдің басын тізесіне алып отырып, өзінен өзі көз жасы ыршып кеткенін байқамай калды. Бір тамшы жас Ескендірдің бетіне тамып кеткенде, баласы таңғалып, козін ашып, әкесіне қарады да: — Әке, жылама!— деді. Рысқүлов ыңғайсызданып, ұялып қалатын жағдай емес. Өмір мен өлім арпалысып түрғанда ұялып-қызарудың жөні қайсы? — Неткен әділетсіздік! — деп Рысқүлов күйіп кетті. — Не жазығым бар еді? Болмағанды болды деп, істемегенімді істеді деп... Түркияның, Жапонияның Германияның шпионы екенмін. О атасына нәлеттер! Бұл не корлау?! Рыскүлов — шпион! Не деген жала! Күйелегісі келсе, каралагысы келсе, баска бір желеу табуга да болады гой. Бәрінен де шпион дегені күйдіреді. Әлде, күйдіру үшін, жүйкенді мүжіп жеу үшін әдейі қорлай ма екен? — Қүдайдың өзі де пайғамбарларды сынакқа алады екен ғой. Білуші едіңғой. Ибрайым пайғамбардың озін күйзелтіп, Құдай одан баланды кұрбандыққа шал деп талап етпеуші ме еді. Ибрайым Құдайдың айтқанын екі етпей, жалғыз үлын пышакпен бауыздайын деп енді оқтала бергенде, Қүдайдан парман келіп: — тоқтат! — демеуші ме еді. — Баланы бауыз- дама, бір қошақан шала сал! — демеуші ме еді. Иов пайғамбарды да канша азапқа салды. Акыры адалдығына козі жетіп, Қүдай оларды жарылқаушы ма еді. Кім біледі... біз де сондай шығармыз. — Мұның бәрін бала күнінде марқұм, әжең Елизавета Петровна үйреткен ғой саған. Солай болса игі еді... Егер кәзіргі Қүдай Сталин болса, ол менің адалдығымды сынау үшін осындай азапқа салып койса, онда ондай Қүдайдың атасына нәлет! Ал, шын Кұдырет, шын Қүдай бар болып, соның сынағында жатсам, онда мен шындық үшін бәріне де көнер едім. Бірак, ондай қайдан болсын... — Жылама дедің, Ескендір. Жарайды, козімнің жасын тыярмын. Ал, кан жылаған жүрегімнің жасын калай

тоқтатайын? Шешесі босанып, түрмеде жатса, күйтақандай Сәуле қайда калды? Әжесі де түрмеде. Соня байғүс не болды екен? Акы төлеп, жалға алған пианиносын да алып койған шығар? Оған мен хат жазып едім, колына тиді ме екен? Сабағынды жаксы окы, пианиноны тастама деп едім... — Әке, — деді Ескендір басын көтеріп, өз бойына өзі ие болғандай әл кіріп, даусы жігерленіп. — Әке, уайымшыл екенсін ғой. Рыскүлов бір мезгіл: «Мынау өзі мейірімсіз боп калған ба?» деп ойлады. Өзгеден мейірімсіздік көрген жан катыгез болады. Сонда Ескендір карындастарынын хәлін үмытқаны ма? Шешеден бөлек болса да, әкеден бір туған емес пе?! — Мен балажанмын ғой, Ескендір. Соняны, Сәулені калай аямасқа? Майя... Мен жүмыстан келгенде алдымнан қүлдырандап жүгіріп шығатын. Сәуле... калай енді? — Әке, оның бәрін ойлап, күйзеле берсең, үзакка бармайсын, күйрек боласын. Күйрек болсан, ана Глебов оп-онай сындырады. «Шпион» екенінді мойындайсың. Сонда сен аяп, емешегің езілген Соня, Майя, Сәуле өмір бойы «шпионнын» кыздары атанып жүргені жаксы ма? Солай ғой? Дүниеге түрмеде туып келгені тағы бар. — Не деп кеттің, күлыным! Енді кайттім? Не істеймін сонда? — Мойындама. Жана мені олар азаптағанда есіңнен танып, бәрін мойындап, кол коюға шак калдың. Мойын- даймын, қол қоямын деп уәде де бердің. Осалдык осындай болады. Мойындама. Болды. — Айту онай, күлыным, сені тірідей сойып, іреп жатса, мен безірейіп тұруым керек пе?! — Безірейіп кал. Сонда олар максатына жете алмай, жеңіледі. Рухани жеңіледі. Жанна Д' Арк сөйткен. Оны өртеп жіберсе де бәрін женді. Осы кезде дәлізден тасыр-түсыр дыбыс естілді. Әзірейілдер тобы жакындап калды. Адамға ажал төнгенде жан алғыш Әзірейіл тасырлатпай- ак, айналасын азан-казан кылмай-ак, ың-жыңсыз келеді де, керегін алып кете береді ғой. Ал енді, мына Әзірейілдің қаңғыр-қүңғыр, салдыр- сүлдыр салып, тасырандап келе жатканын сезіну өте ауыр- ак. Эке мен бала, қылыштамаса ажырамастай, жабысты да қалды. Өлімнен қорыкпа, — дейді бүрынғы бір ақсақал, — өлгенше ғана коркынышты, өлген соң ештеңе де сезбейсің, 43-626

түк те қорқынышты емес. Солайы солай-ау, бірақ қанша батыр тусаң да, ажал жарықтықтың түсі суық. Азап одан да өткен. Әке мен баланың үрейлі көздері есікке қадалды. Темір есік қыңсылап, қиналып барып ашылды. Глебов пен серіктері: түтқындар не істеп отыр екен?— дегендей есік көзінде тосылып тұрып қалып еді. Эке мен бала дауылдан ықтағандай біріне бірі жабысып, көздері үрейлене жыл- тылдап, міз бақпай калыпты. Глебов ыза мен ашуга булығып, еле жаздап келе жатқан. Осы Рысқүловтарға бола Ежовтың өзінен сөгіс естіді. Өсемін деп жүргенде өшіп қала жаздады. Мейірім бүған не керек? Мейірімділік мұнын несін алған? — Әкет иттін баласын! —деп акырды ол жендеттерге. Еңгезердей екеу ішке кіріп, Ескендірді Рыскүловтын бауырынан көкпарша жүлып алды да дырылдатып сүйрете жөнелді. Үмтыла берген Рысқүловты біреуі көкірегінен теуіп кеп жіберіп күлатты. — Ес-кен-діррр! — деген зарлы үн дірілдеп, тас кабырғаларда көпке дейін жаңғырығып түрып алды. * ** Рысқұловтың бұрынғы әйелі Надя, Надежда Констан­ тиновна Лубянкадан шақыру қағазын алганда кәдімгідей үрейленіп калды. Рысқұловтың жан-жағын түгел сыпырып жатканда бұл: «Алдакашан ажырасып кеткен әйелде несі бар?» деп ойлайтын. Сөйтсе, қателесіпті. Глебов бүғалықты бұған да тастады. Кеше гана Надя өзінің Бутырка түрмесінде жаткан күндесі Әзизаға жолығып, тамак апарып берген. Жаңа босанған анаға қалжа керек. Түрме калжаламайды. Түрме сүлының суын ғана береді. Ал, Надя Әзизаға қара койдын қалжасы болмаса да, семіз тауықтын еті мен сорпасын апарып еді. Әзиза содан едәуір әлденіп қалды. — Сәуле не болды? — деп сүрады Әзиза. — Сәуленді детдомға өткізіп жіберіпті, —деп Надя көзіне жас алды. — Түрардан не хабар? — Ештеңе білмеймін, Ескендір екеуі бірге көрінеді. Бар білетінім сол.

— Бізді біраздан соң этаппен айдайтын көрінеді. Сонда емшектегі баланды ажыратамыз деп ескертіп койды. Күн бұрын біліп, күдер үзген де жақсы. Соты біте салысымен этаппен жонелтетін сияқты. Сен, Надя, бізге бола тұзаққа түсіп жүрме. Кесіріміз тиіп, сені де сергелдеңге салмасын. Бүдан былай маған келмей-ақ қой. Ал, мына дәм-тұзыңа мың да бір рахмет. Жаксылығың Кұдайдан кайтсын, — деп Әзиза күндесіне рахмет жаудырды. Түрме адамды катайта ма екен, бұрынғыдай жылап-сыктап, Құдайға шағым айтып зарлаған жоқ. Сол Надя енді айыриек, қасқабас полковник Глебовтың алдында отыр. Полковник миды қатырып кай-кайдағыны коп сұрады. Ата тегінен бастап түк қалдырған жоқ. Қайда туғаны, қайда оскені, Рысқұловқа калай жолыққаны... Алды-артын орап, қамап келіп, сұрактың тірелген жері: — Рысқұловпен неге ажырастыңыз? — болды. —Тағдыр солай шығар. — Сіз «тағдыр-пағдырды» қойыңыз. Накты себебін айтыңыз. — Нақты себебі сол, Тұрар 1924 жылы Моңғолияға кетті. Бір жылдан астам уакыт коріспедік. Араға әзәзіл араласты. Түрар енді саған оралмайды. Жас омірінді оксітпе деді. Алданып қалдым... Мұны біреулер Тұрарға да жеткізіпті. Ол қайтып келгеннен кейін ың-жыңсыз ажырастық. Бірақ ол туған кызы Софьядан кол үзген емес. — Ал, енді, мынаны тында, — деді Глебов алақандарын уқалап, — Сен Ташкентте қалғанда, кейін Мәскеуге көшкенде, Рыскүлов Моңғолияда етегіне намаз оқып жүрді деп ойлайсың ба? Сол Моңғолияда онын, Ойун атты монгол кызымен түрғанын шыннан білмейсің бе? Кейін сол Ойунды Мәскеуге алдырып, оқуға түсіргенін де білмейсің бе? Сол Ойун Рыскүловтан қыз бала тапқанын да білмейсің бе? — Білмеймін. Білгім де келмейді, —деп Надя бүл әңгімені жактырмаған қабақ танытты. — Сонда деймін-ау, — деп озеуреді Глебов. — Рыскүлов күнәға белшесінен батса да оған кешірімді. Ал, сен тірідей «жесір» қалып, аздап ойнап-күлсең, оның кешірімсіз. Осы да әділеттік пе?! — Оған тореші — бір Қүдайдың озі, —деді Надя сабырмен ғана сыпайылық сактап. — Адамдардың күнәсіне адам тореші бола алмайды. Өйткені, күнәсіз пенде жоқ.

Глебов не айтарын білмей тосылып қалды. Сен де күнәкарсың деп түр ғой. «Мына Рысқүловтың талақ тастаған қатыны қалай-қалай сөйлейді» деп, әңгіменің оңін өзгертті. — Рас-ау, Рыскүлов сізге жат адам. Көмегі де шамалы. Әйтпесе, туған қызы Сонечкаға бір пианино сатып алып беруге мүмкіндігі бар ғой. Ал, Сонечка пианиноны жалға алады. — Жалдың акысын әкесі толеп тұрды, — деді Надя. Қайран әйел заты. Мүны айтпай-ақ коюға да болады ғой. Глебов осы созге жармаса кетті. — Жарылкаған екен. Жас әйелімен курортқа барады. Ал, Соняға түрмеден жазған хатында: «Шешеннің денсаулығы мәз емес еді...» деп етірік жан ашыған болады. — Ол кайдағы хат? — деп танданды Надя, — Қайдағы хатты айтып отырсыз? Глебов артык кеткеніне өкінді. Рыскүлов түрмеде жатып, қызы Софьяға хат жазады екен, бірақ ол хаты Софьяға жетпей, «Рыскұловтың ісі» деген калың папканың ішіне сүңгіп кетеді екен. Бүл сырды Глебовтың озі айтып койды. Мүны Ежов білсе кешірмейді. — Жә, бүл басқа әнгіме. Енді негізгі мәселеге көшейік. Рысқүловпен бірге түрған кезіңізде оның совет өкіметіне карсы кандай әрекеттерін байкадыңыз — соны жасырмай- жаппай түгел айтыңыз. Сол арқылы сіз социалистік Отанға көмектесесіз. Оны біздін окімет елеусіз калдырмайды. Сізге лайыкты қызмет, үй-жай беріледі. Қызыныз қалаған музыка оқуына түсе алады. Тек, дүрыс түсініңіз: бұл Отан игілігі үшін керек. Рыскүлов сізді корлады, енді есесін алатын кез келді. Глебовтың «лекциясынан» кейін Надя караптан-карап отырып, солқылдап бір жылады дерсің. Глебов жактырмай: — Ей, катын, неге жылайсың? —деді. Надя солығын баса алмай, орамалмен бет-аузын сүртіп, мүсәпір үнмен: — Жәй әшейін, Қүдайдың осыншама киянатқа салғанына корланамын, — дегені ғой. Дүрыс кой. Көңіліндегісін жа- сырмай, бүркемей айтты. — Сені корлаған Қүдай да емес, біз де емес, Рыскүлов. Айт соның зиянкестік әрекеттерін. Сонда корлык сезімнен арыласың. Сен ғой оған 1922 жылдың күзінде косылдын. Ал, айтшы, жездең Ж анш а Досмүхамбетов пен Рысқүлов не

туралы әңгімелесуші еді? Естімеуің. білмеуің мүмкін емес кой екеуінің жымыскы әрекеттерін. — Естідім. білдім. —леді кенет Надя ширығып. — Айт, онда. — деп Глебов ширығып. — Айтсам, ол екеуі өнерді өлердей жақсы көруші еді. Рысқүлов мандолина тартатын, Жанша оған қосылып ән салатын. Оған менің әпкем Ольга Константиновна қосы- латын. Ой, керемет кештер еді ғой сол... — Сонда ол кандай әндер? — Қандай болушы еді, адамға канат бітіріп, аспанға шарыктатып алып кететін ғаламат әндер. — Мысалы? — Мысалы, «Кешкі конырау», «Тәптиләу», «Айнам- көз...» — Жарайды. Жаксы екен, —деп үзді Глебов. — Ау, енді ол екеуі үдайы ән сала бермейді ғой. Ара-түра өмір туралы, заман туралы шүйіркелеспей ме екен. Екеуі де саясаттың адамдары. Сонда олар ел басқарып отырғандар туралы айтпауы мүмкін емес кой. А? —Азаматтергеуші, —деді Надя колын кеудесіне басып. — Мені бекерге қинайсыз. Мен саясаттан мүлде аулакадаммын. Сондықтан Рыскүлов кіммен не туралы сөйлесті — оған мән беріп, зер салып көрген емеспін. Сондықтан болмағанды болды деп, естімегенімді естідім деп Қүдайға күнәкар болар жайым жок. Өтінемін сізден, кинамаңыз мені. Әрі десе, Рысқүловпен іргеміз ажырасқалы да коп заман өтіп кетті ғой. — Міне, мұнын жалған, — деп Глебов шакшия калды. — Өтірік! Рыскұловтан ірген аулак болса, оның семьясын неге үйіңе кіргіздін? Жас әйелінін сонынан түрмеге барып, тамак тасып жүргенінді біз білмейді дейсің бе? Неге аярланасың арсыз катын? Намыс қайда? Өзіц үлы орыс нәсілінен бола түра, байшыл-феодал Рыскүловтың көп қатынының бірі болуга, тіпті күңі болуга пейілсін. Осы да ақылга сия ма? Надя кайтадан қапаланып, көзіне жас алды. Бет орамалын уыстап отырып, тіл катты. — Азамат тергеуші, адамның айтқаны болмайды, Құдай- дың дегені болады. Рыскүловка тисем, мандайдагы жазу шыгар. Бірақ оган өкінбеймін. Ал, ажырассак — о да тагдырдын ісі. Соган бола, басына күн туганда Рысқұловтың семьясына кол үшын бермесем — менің «үлы орыс нәсілінен» екенім қайда? Оның несі намыс. Нәсіл ауруына шалдықсак — жетіскен екенбіз...

— Болды! — деп Глебов жазықсыз әйелді бетінен шапа- лақпен салып кеп жіберді. Жалғанда жалғыз жары болған Рысқұловтан жемеген шапалақты қайдағы бір қанішерден жегені жанға батып, Надя байы өлген қатындай дауыс қылып, боздап ала жөнелді. *** Сонда Рысқұлов пен Ескендір Тынышбаев Алматыдан шығып, Семей асып, Барнауылдатып, Жаңасібірді айналып, одан Солтүстік Қазақстанның астанасы Петропавл — Қызылжарға соғып, Көкшетауға осындай бір Магелланның жолымен жетіп еді-ау. Бір тәуірі — Рысқұловтын жарқ-жарқ еткен жеке вагоны бар. Тамақ тоқ. Рысқұлов Мәскеуде «Востоккинонын» «командировкасымен» келе жатыр. Рысқұловтын вагоны Көкшетау вокзалынын басында, тұйық жолда тұр. Күн жауын, жер лайсан, асфальт жоқ, тілерсектен батпак. Аяғындағы туфлиін аяса да Ескендір амал жоқ, жорыққа шықты. Рысқұлов вагонда қалды. Ескендір әлгі қызды ал кеп ізде. Сүрай-сұрай тапты-ау. Сөйтсе, бір татардың үйінде пәтер жалдап тұрады екен. Қыз үйде ж оқ екен. Кешікпей келіп қалар деп үміттендірді үй иесі. Ескендір далаға шығып, коше бойын көзімен тінтіп, а Құдайлап тұрғанда, тілеуінді бергір Әзиза жарқ етіп, бір бүрыштан шыға келді. Аяғында резінке етік. Резіңке етіксіз жүру мүмкін емес. — Мүнда қайдан жүрсің?—деп таң қалды Әзиза. — Сені айттыра келдім. — Кімге, өзіне ме? — Жоқ, үлке-е-ен кісі. — Кім ол «үлке-е-ен» кісі? — Жүр, көресің. — Осы түріммен бе? — Алтын батпақ ішінде де жалтырайды. Әуелі Әзиза біраз тулап бақты. Ескендірге: — Біреуді жарылқамай-ақ, алдымен өзің үйленіп алмайсын ба?— деп күстана айтты. Ескендір едәуір састы. Соноу Алматыдан алты күн жүріп жеткенде, мына қыз бүлданып, шынымен көнбей қойса, үят болды-ау, деп қысылды. Өлердегі сөзін айтып жатып, Әзизаны үйден алып шықты-ау, әйтеуір.

Бағы ма, соры ма, Әзиза тәуекел деп Ескендірге ілесті. Сол жолы ер-токымын бауырына алып туласа, аулак жүр десе, Рысқүловпен көрісуге көнбей қойса, кім біледі, Әзизаның өмірі мүлде басқа арнаға түсер ме еді, Отыз жетінің каһарына ұшырамай, басқаша, мамыражай, тыныш ғүмыр кешер ме еді... Сол жолы... Көкшетауға практикаға Нәйлә келіп, бұл Украинаға кеткенде ше... Сол жолы Украинаға практикаға кеткен Нәйлә кейін — кімсін — академик Базанова болып аскақтамады ма... Нәйлә академик атанған кезде, Әзиза АЛЖ И Р дейтін елде не көрмеді?! Тағдыр деген тас мандай жазу, солай шығар... Не десен, о де, әйтеуір сол жанбырлы жаздын кешінде, Ескендір Тынышбаев Әзиза Түбеккызын Кокшетау станциясында, оқшау жолда, жеке-дара, жаркырап түрған Тұрар Рыскүловтын вагонына әкеліп ендірді. Түйыкта тұрған вагоннын баспалдағына аяк артудын өзі киын болды. Күміспен каптағандай никельдеп тастаған аппак түтка, кілем, сандал мен емен ағаштан қиылған кабырға, айнала жарқ-жұрқ еткен айна... төбеде күлпырма күлімкоз шамдалдар... Әуелі кірерін кіріп алып, калай кайтып шығып кетудің амалын білмей, Әзиза басы айналып калғандай болды. Жұлығынан батпак етікпен мына кілемді қалай баспак? Артынан итермелеп, жүр-жүрлеген Ескендір болмаса, кері карай түра кеп қашпак. Ескендір онын есін жиғызғандай: — Етігінді шеш те, туфлиінді киіп ала сал,— деді. Рысқүлов та тағатсыздана күтіп отыр екен, шіренбей-ақ, бәйек кағып алдарынан шықты. Мейман қыздың плащын озі алып, іліп койды. Аса бір ілтипатпен өтініп, Әзизаны купеге шакырды. Рыскұловтын вагоны өзге вагондарға ұксамайды екен. Мынау кәдімгі үй сиякты. Ас үйі, асханасы, жатын жері, қонак бөлмесі, тіпті бильярдына дейін болады екен. Қайда карасаң да арқалығы биік креслолар. Отыра берсең былқетіп, сүнгіп кетесің. Былқылдак диван, мамық төсек... Рысқұлов та дәуренді сүрсе керек. Рас, өз үйінде емес, кызметіндегі кабинетінде емес, әсіресе осы Турксибті баскарғалы бері. 1926 жылы Рыковке орынбасар болды. Ал Рыков болса, маркүм Лениннін орнында отыр ғой. Рыскұлов патша кезінде басталып, Әулие-Атаға жетер- жетпес токтап калган теміржол қүрылысын ары қарай жалғастыруды ұсынды. Бұл жол бітсе, орасан байлықтың күретамыры болатынын дәлелдеді. Рыков ақылды кісі еді,

Сталинді көндірді. Көндіріп қана қойған жоқ, жол құрылысына қыруар қаражат бөлдірді. Соның бәрін Рыс- құловтың қолына аса беделді өкілеттікпен бірге тапсырды. Рысқұловқа жеке вагон Рыковтың пәрменімен берілді. Еңбегіне қарай ембегі деді. Рысқұловтын енбегі зор еді. Еңбегің қанша зор болса да, осы бір жөнсіз жарқылдақ вагон саган керек пе еді, Рысқұлов? Жөнсіз жарқылдақты жактырмаушы едің гой. Әкең Рысқүл мінбеген вагон, бабаң Жылқыайдар түсінде де көрмеген вагон. Аргы ата- бабаларың Қарақүл, Әлімбек, Алсай — Сары, — Сәлік— Шілмембет— Бекболат — Шымыр — Дулат — Бәйдібек; қасиетті анаң — Домалак естіп-білмеген вагон. Арғы-бергі әулетіңнен мүндай астын-үстін айналап тастаган үйде кім түрган? Бәрін Қүдай қылат та... Әйтпесе, мамық төсек, қүс жастық пен тас төсектің арасы бір-ақ қадам болганы ма? Әурелікке жаралған фэни адам, Бак пен сордың арасы бір-ақ қадам,— деуші еді гой баяғылар. Осындай-осындай асыл сөздердің бәрі баягыда айтылган. Бүрынгы ата-бабалар бүгінгі мәңгүрт ұрпақтарынан анагүрлым ақылды болган-ау, сірә. Әсіре қызылга қызықпаушы едің-ау, Рысқүлов. Төле би бабаң айтты деген сөз бар еді: «Жеттім деген жыгылар, толдым деген төгілер»,—деген. Болдым-толдым деген жаман. Аяз атаң айтқан жолмен жүре берсең қор болмас едің гой. «Аяз би, әлінді біл, қүмырсқа, жолынды біл» дегені қайда әулие атаңның. Ол кісі хан болганда да босагасына жаман шапанын іліп койыпты гой. Ал, сен, Рыскүлов, мына алтынмен аптап, күміспен күптеп тастаган вагонның мандайшасына баягы «Қыргызбаев Түрар» болып жүргендегі жыртық жейденді неге іліп қоймагансың? Отыздын ортасына келгенде, он сегіздегі қызды іздеп, қызметінді тастап, Көкшеге келгеніне жол болсын. Айбынын артық екен, ешкімге дес бермеген, бас имеген сүлу қыз алдыңа өзі келгені-ай. Ішпей-жемей тоятын әдемі столдын үстіне аппақ дастархан жайылды. Стол үстіне Әзиза Түбекқызы туасы көрмеген тагамдар қойылды. Кекіліктің еті дейсің бе, балгын бүзаудын еті дейсің бе, алтын түстес апельсин, банан дегенді Әзиза кітаптан оқыганы болмаса, көзбен көріп отырганы

осы. Шоколадтың шырыны да осында. Алтын түстес шампан, жеңіл шарап, өте қымбат коньяк та бар екен. Оны Ескендірден баскасы ішкен жоқ. Арак көрінбейді. Аракты Рыскүлов жек көруші еді. Тамактан дәм татып, бірер бокал шампан ішілген сон, Ескендір: —«Кәзір келем» деп жылдам шығып кетті. Сол кеткеннен мол кетті. Вагонда бір кызметші мен Тұрар, Әзиза екеуі-ак калды. Қыз әуелі бүл онашалыктан сескенген. Сөйтсе, онысы бекер екен, Рыскүлов кыздың үй-ішін, күн көрісін, окуын, әсіресе тәптіштеп сүрады. Казанда оқу бітірген, казак зиялылары алғашкы карлығаштарының бірі әкесі Түбек Есенғұлов маркұм болып кетіпті. Анасы Әрифа екі кыз, екі үлмен калыпты. Түңғышы осы Әзиза екен. Інілері Рәшит пен Шәміл, сінлісі Нәдия әлі мектеп окушылары көрінеді. Сонымен әлі іске жарап түрған азаматы жок, жетімектеу отбасы шалакүрсак, коңыртөбел күн кешіп, бір Кұдайдың рақымына карап қалған сыңайлы. — Енді осы окуды тезірек бітіріп, жүмыс істеп, шешем, екі інім мен сінліме карайлассам...— деді кыз мүнайыңкырап,— Әйтпесе, Рәшит окуын тастап, кара жұмыска түрам дейді. Окуын тастап кетсе обал ғой,—деп койды. Сонда Рыскұлов бір үйге әке орнына әке болғысы келген, мына жап-жас қыздың талабына Күдайдай табынып, тәнті болды. Бүл кызда Қүдай берген көрік кана емес, үлкен адамгершілік мінез, иманға бай касиет бар екенін сезіп, ынтық көнлі лапылдай түсті. Өзі жасында жокшылықты, жетімдікті көп көрген адам, мына кыздың жағдайын түсінеді. Қыз оған кедейшілігін айтып шағынып отырған жок, бір көрген адамнан көмек те тілеп отырған жок. Үлкен кісі жағдай сұрап отырған соң, жасырмай шынын айтқаны. Сонда Рыскүлов бүларға калай кол ұшын берем деп ойлады. Әй-шәй жоқ, мен сендерге жәрдем беремін деп айтса, әсіренкілік болады. — Ағай, мен сізден кайыр тілеген жоқпын,—десе, не бетін айтады. Рас, Рыскұлов кызмет басында отырғанда мын-мындаған адамға көмегі тиді. Әлі күнге дейін студенттер, кемтарлар, бүған арыз айтып, жәрдем тілеп жатады. Алды ашық адам олардын бетін қайтарған емес. Кім көп, Рыскүловтан жаксылық көрдік дегендер коп. Ал, мына жағдай бір баска. Бұл жол жіңішке, өте нәзік жол. «Маған ти, бай боласын» дей ме: Оспадарсыздық. Ожар

қылық. Асылы, итке сүйек тастағаның жақсылық емес, сол сүйекті итпен бөліскенің жақсылық. Ал, қалай бөліседі? Мәселе осында. Басқаша айтқанда, бар болып, бай болып, кемтардың, яки жоқ-жүтаңның алақанына бір уыс талқан салғанын асып кеткен қайырымдылық емес. Өзін аш отырып, қолындағы жарты жапырақ нанды озіндей аш пендемен боліскенің адамгершілік. Шын жаксылық сол деседі. Рыскұлов кәзір жарқ-жұрқ еткен вагонда отырғанмен, ол онын оз жеке- меншігі емес, мемлекеттігі. Ал, өзінде асып-тасып бара жатқан байлық та жоқ. Сол қолда барының озінен мына қызға: «Мә, шырағым, студент екенсің» деп қалай үсынады. Рабайсыз әрекет. Жас шағынан аралары алшақтау ер кісі мен бүл- діршіндей қыздың арасын не жалғамақ? Қандай дәнекер бар? Ол, тек коңіл шығар. Ол, тек сезім шығар. Сенің өкіметтігін, сенің дүниен бүл күрделі іске дәнекер бола алмайды. Қыз болса, әлі есік кермеген, бесік көрген. Ал, Рыскүлов бір емес, екі әйелмен отандаскан кісі. Оны кәйтіп жасырады? Жасыруға келмейді. Екеуінен екі бала бар, бірі үл, бірі кыз бала. Көкірек шіркін текірек тепкенмен, осындай-осындай оспақтар тосқауыл емес пе? Ал, Мұхаң, Мұхамеджан Тынышбаев: «Саған тиген қазақтың қызының мандайының ырысы бес елі» деп дес бермейді. Пойызбен пәленбай күн жүріп, алыстан ат арытып, арындап келген коңіл дәл кәзір осыны ойлағанда: «Менің мұным қай желіккенім?» дегізгендей де болды. Бірақ қыз мұны көріп, шошып кетіп, шоршып түскен жоқ. Өте инабатты. Өте коргенді. Әдептен озбай, дара- қыланбай, бірақ бұйығы болып, сөзден де тосылмай, шешіліп әнгіме айтып, сүрағына қарай жауабын беріп, өз кадірін өзі сақтап отыр. — Шырағым, Әзиза, міне екеуміз түн жамылып оңаша отырмыз,— деді Рысқүлов жеңіл шарап күйылған хрусталь бокалды қолына үстап,— Менің кім екенімді де білмейсіз. Сойте түра, жатсынбай, жатыркамай келіп, дастарханымнан дәм татып отырғаныңызға дән ризамын. Тәңірім, сізге ылғи да жақсылық беріп, жарылкай горсін. Сіз үшін!— деп бокал түйістіргенде, хрустальдар сыңғыр-сыңғыр ән салғандай болды. — Кешіріңіз, мен сізді білемін,— деді кенет, Әзиза,— Әкем маркүм, ұдайы аузынан тастамай айтып отыратын. 674

Қазақтан шыққан нағыз қайраткер деп сүйсініп, бауырымыз ғой деп мақтанатын. Сізді көргеніме, дәмдес болғаныма мен де қуаныштымын. — Ой, жаным, мың жаса, көп рахмет!— Жақсы сөзге жан семіреді. Рысқұлов лезде қанаттанып, жабыркаулау көңілі жадырап, әруақтанып шыға келді. Адам байғұстың бакытты бола салуы үшін коп те керек емес қой. Қырык күрау көкілді жамай салса — соған мәз. «Мені білген, соны балаларына айтып, қүлағына салған әкеңнен, әкеңнің әруағынан айналайын!»— деді ішінен.— «Әттең, сол Түбекең тірі болса ғой»,— деп те койды. Шарапты тіпті бүл жолы түбіне дейін алып жібергенін де байкамай калды. Ал, Әзиза болса, бокалға ернін тигізіп кана, ханнан туған ханзададай болып, сыланып отыр. — Алмадыңыз ғой. — Ішпеуші едім, аға, ренжімеңіз. Рысқүлов әлдекімдер сиякты өңмендеп: «ал-алға» баскан жок. Зорлыкка жаны кас еді. Осы отырғанның озіне жаны жадырап, көңілі шала мае еді. Сонда да ырымын жасап, шампаннан кыздың бокалына жаңалап бір-ер тамызып койып еді, енді бокалды Әзиза кәтеріп: — Аға, сый-сияпатыңызға, үлкен басыңызды кішірейтіп, мен сиякты елеусіз ғана, катардағы бір қарындасыңызды мұнша күтіп, күрметтегеніңізге көп рахмет. Мына ғүмырда әлі де көрер сәулелі күндерініз мол болсын. Әрдайым жолыныз он болсын. Сіз үшін, аға,— деді. Рыскұлов орнынан түрегеліп кетті. — Ризамын, жаным,—деді. Темір есіктін күлыбы салдыр-гүлдір етті. Рысқүлов көгілдір Көкшетаудан, жарк-жүрк еткен вагонның мамык креслосынан тас еденге бір-ак кұлап түсті. Көзін сипалап еді, алақаны жып-жылы жаска шыланып шыға келді... *** Бұл жолы олар Рысқүловты ұрған жок, соккан жок. Тек бір тас каранғы куыктай кұдыкка түсірді де, темір кақпағын жауып койды. Рыскүлов кұдыкка кептеліп калды. Тіпті мойнын бүрып, басын козғалтуға да шамасы келмеді. Сәлден сон, дәл төбесі мүздай бір тамшыдан тыз ете калды. Мірдің оғындай, сүп-суық тапшы тағы да тырс етті. Үшінші, төртінші, бесінші тамшы... Бір макау сағат тырс-тырс етіп,

дәл төбесінен, төбесіндегі орайдан ұрды да түрды. Әуелі түлабойы түршігіп кетсе де, бұдан өлмеспін деп ойлаған. Кейін-кейін бір сарынды жалғыз ғана тамшыдан зүлмат күшті сүрапыл соқты. Жалғыз тамшы. Көлемі көз жасындай ғана. Салмағы грамға да жетпес. Бірте-бірте сол тамшы гүрзіден де күшті сойқан соққыға айналды. Аяғы ала жіппен буылып, бауыздалайын деп жатқан лақ та тыпырлайды. Ал, мүның тыпырлауға мүршасы жоқ. Әлдекандай түйсікпен, қолын кәтеріп, алақанымен басын бүркемелек болып еді, кептеуден қолын шығара алмады. Сөйтсе, кептеу құдықты да біреу әдейі ойлап тапқан екен. Адамды қүдыққа тікесінен тік тастап жібергеннен кейін, ұраның қабырғалары қусырылып, пендені қол-аяғын, мойнын, басын тырп еткізбей қысып, қүндақтап қояды екен. Эр елде, эр заманда адамды азапка салудың неше алуан түрін ойлап тапқан. Адамның Алла-Құдірет берген ақыл-ойы адамды жарылкауға емес, жазалап, азаптауға ауып кеткен сияқты. Кінәлі деп тапқан кісісін бағанға байлап қойып, астынан от жағып ортейтіндер бар. Үрлық-карлық қылғанды әуелі бір саусағын, кылмысты қайталаса, екінші саусағын, тағы қайталаса, бүкіл қолын шауып тастайтындар бар. Адамды терең зынданға тастап, аюға, арыстанға, жолба- рысқа талататындар бар. Жерге қазык қағып, қазықты үшкірлеп, соған адамды артымен отырғызып, зомбылай- тындар бар. Адамның екі қолын екі аттың күйрығына байлап, торт атты торт жаққа айдап паршалайтындар бар... Тағысын тағылар. Толып жатыр. Ал адамды жарылқаудың түрлері қайсы? Есіңе бірден түсе де қоймайды. Лубянканың жендеттері мына тамшы тәсілін оздері ойлап тапты ма, жоқ, әлде бүрыннан бар амал ма — оны Рысқұлов кайдан білсін. Бірақ, шамада он-он бес минут откеннен кейін шыдай алмай, шыңғырып жіберді. Небары он бес минут, небары құйтакандай, қүмырсқадай тамшы. Соған да адам төзбей ме екен? Соған бола дардай кісі шыңғырып жібере ме екен? Бостандықта жүрген бейкам сорлы солай ойлайды. Кім де болсаң басына оны бермей-ақ қойсын. Өзіңе тілемегенді озгеге де тілеме деген Үлы Кітапта. Ал, Лубянканың женденттері Үлы Кітапты жек кореді. Жамандық қылғанға жақсылық қыл дейді, Үлы Кітап. Ал, атам казак таспен үрғанды аспен ұр дейді. Шындык кай жақта?

Әуелгі тамшы Рысқүловтың төбесіне мүп-мұздай болып, инедей кадалған. Мұздай тамшылардан ә дегенде басы да мұзға айнала бастаған. Қорғасындай ауырлаған. Егер күдык-қалып тіреп түрмаса, ол бас ендігі кеудесіне сылк құлап түсер еді. Қүдық-қалып тіреп түр. Рысқүловтың әлі сөне қоймаған санасы сезеді: миы да мұздап, қата бастаганда миының кылдай нәзік тамырлары шытыр-шытыр сынып жаткандай көрінді. Көзі шытынап, шарасынан шыгып бара жаткандай кан каксап ауырып, көз тамырын біреу қышқашпен тартып, суырып жаткандай болды. Солқылдата суырды. Екі шекесі, мандайы тырсылдап, бас сүйекті кернеп кеткен ми, енді сүйекті сындырып, атылып шығатын сияктанды. Аязды түнде, шелектегі су, мүзға айналып, темір шелекті кернеп кеткені сыман. Ми мұздап, сана соніп, сезім еліп, кеудеден шыбын үшып кеткендей, дүние-әлем кап-қараңғы тартып, еш жерінің ауырған-сыздағанын да сезбей, тұла бойы сіресіп, серейе бастаған тұста, миынан бір иненің жасуындай от жылт ете қалды. Соніп-сөніп барып, қайтадан жылт етті де, бірте-бірте ұлғайып, сол шоқтан от тұтанып, алауға айналғандай басы ысып ала жонелді. Ыстығы сонша, енді Рысқұловтың қайта тірілген санасы әлгі мүздай тамшыны ансап шыға келді. Бірақ мұздай тамшы әлі де сол бір сарынмен тырс-тырс ұрып түрған. Мүздай тамшы лапылдаған отка айналды. Бір тозак келесі тозакка ұласты. Мұздап олген қиын ба, ортеніп олген қиын ба? Өлім қиын емес, өлімді күткен киын. Рыскұлов сол қиынның қиянына шыкты. Құдайдан олім тіледі. Бірак адам итжанды деген рас екен, жаны шыға коймады. Кыздырған табаға салып, шыжғырғаннан жаман хал кешті. Үрпіне біреу қып-кызыл, қызған темір баскандай шыбын жаны шыр- кырады. Бұл еркек байғүстың жыныс мүшесі неге нәзік жаратылған? Жарық дүниеге бала тудыратын, түқым тарататын күдіретті күш емес пе еді. Сойтсе, сол шіркін суыкка да, ыстыққа да шыдамай алдымен сорлайды екен. Рыскүлов, сірә жан дауысы шығып, айкайлаған шығар. Бірак оны озі білмейді. Өзінде ес-ақыл калган жок, ми ертеніп жатқанда қайдагы акыл?! Жалғыз бір жаркете калган ой: жендеттер Ескендірдің үрпіне ши жүгірткенде жаны осылай киналган екен-ау, деген тәрізді бір түйсік. Сорлы әке, өзі тозакотына шыжгырылып тұрып та баласын үмыта алмаса керек. Ал, үлы пайғамбарымыз Мұхаммед- галайссалам:

«Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң тағы да анаңа, содан кейін барып атаңа жақсылық жаса!»— дейді. Солайы солай ғой, ананың жөні тым бөлек. Ал, Ескендірдің анасы артына бір қайырылып қарамай, балам бар екен-ау демей, ізім-қайым ғайып болған жоқ па? Әлде, қарадан жаратылған қара бала деді ме екен. Онда Рысқұловты өзі іздеп келіп неге тиген? Дүниеде біз білмейтін сансыз жүмбақтолып жатыр. Ал, мына тамшылаған суық судан от оранған әке байғұстын өлер шағында да көз алдына Ескендір елестейді. Ендеше, әкенін де әкесі бар, шешенің де шешесі бар шығар. Бәрі де айналып-айналып келгенде, иманға байланысты қасиет болар. Өртеніп өлер шағында сол қасиеттін қылтиып белгі бергені-ай... Өрт-жалынға шыдай алмай алас ұрды. «Алас ұрды» деген өтірік сөз. Кептеу қүдықта алас үруға шамасы қайда?! Аласапыран болған миы ғана. Миының мың — миллиард клеткалары, бәлкім, бұрын өмір бойы тырп етпей, үйықтап жатқан клеткалары оттан шошып оянып, бырс-бырс етіп, күйіп кетіп жаткандай болды. Егер адамның басындағы мың миллиард клетка түгел тірі болып, тіршілік істесе, адам Қүдай болатын көрінеді. Онда онын білмейтіні жок, онда онын колынан келмейтіні жок. Бірак адамдардын бәрі Күдай болып кетпес үшін, соншама клеткалардын шамалысы ғана кызмет кылатын сиякты. Енді мына дүлей орттен Рысқұловтың миы ботка болып, бұрқ-бұрқ кайнаған кезде, санасына сан түрлі сурет керініс берді. Талғар таудың баурайындағы топалаң көкпардын ішінен жаркетіп, Рыскұл корінді. Жаратылыстан көкжал кок борі болып туған Рыскұл көкпарды тулак күрлы кермей, озгелерден жұлып алып, такымына басқан кезде, небір палуан жігіттер әлгі серкені тартып ала алмады. Бір кезде Қызыл Жебе додадан оқша атылып шыкты да, адырнасын аямай тарткан садактың жебесіндей заулап ала жөнелгенде, ауа суылдап, жебе ысқырып бара жаткандай болды. Бұл елесті Рысқұлов үмытып кала жаздаған екен. Енді мына миы ортеніп бара жатканда, сол суретті сактаған клетка оянып кетіп, тұтқын сорлының коз алдынан ғажайып сурет сүрен салып, заулап өтті. Сонда алды-артына карамай зымырап бара жатқан кок борі Рыскүлдың соңынан түтқын: — Көке!—деп шырылдап коя берді. Сол-сол екен, Рыскүловтың миының кайнағаны сап тыйылды да, қайтадан көзінін алды кырауланып, түла бойы

көк мұз қүрсанып, сіресіп, серейіп, әуелі тырнактарынан, бармактарынан жан кете бастады. Әлгіде ғана бұрқ-сарқ қайнаған миы қытырлап, мұз катқан көдедей сырт-сырт етіп, мың-миллиард летка енді шыныдай шытырлап, күйреп жатты да, Рысқүлов кап-қараңғы, түпсіз түңгиыкка батып кете барды. Сол кезде, сырттан бақылап тұрған жендет кранды бүрап, тамшыны тоқтатты да, қүдықтан Рысқүловтың денесін суырып алды. ӨМІРЗАЯ Бүгін де күні бойы тас тасыды. Ақтеңіздің ортасында өзге дүниеден адасып калган осы такыр аралда не көп — тас коп. Жүздеген түтқын тасиды, сонда да таусылмайды. Сол тастан тұтқындардың бір болігі ұзыннан үзақ кора сияқты үй салып жатыр. Мүнда кірпіш болмайды. Бәрін тастан салып жатыр. Мына түрғызып жатқаны, рас болса, түрме. Түрменің үйлері мұнда көп, бір қалашық. Бірак жетпейтін корінеді. Өйткені, жаңа тұтқындар кемемен лек-легімен келіп жатыр. Жаңа түрме салу керек. Мұндағы бастық: окіметке масыл болмаймыз, тұтқындар өздерін өздері асырайды депті. Сөйтіп, аралдың едәуір жерін трактормен жыртқызып тастады. Жыртқызғаны бар болсын, топырағынан тасы коп екен. Бастық екі жеп биге шықпақ болды. Егістік жердіңтасын теріп тазарту керек. Әрі десе, сол тастан үй салып, түрме жасау керек. Әйтпесе, материктен, үлы жерден, кемемен кірпіш тасып, машақат боласың. Мүны ойлап тапқан лагерь бастыгы Николай Борисович Пьянков Берияның өзінен алғыс алған көрінеді. Газет окыгандар Пьянков орден алыпты десіп жүр. Пьянков — зор денелі, аю түлғалас адам. Қорбиып жүрісінің өзі жерді дірілдеткендей. Бет-аузы, шоң мүрны кып-кызыл болып, бортіп жүреді. Шекесіндегі киғаш тыртык, әсіресе шодырайып түрады. Жуан мойнына дейін кып-кызыл. Кыстың кырык градус қакаган шағында да бөкебай салмайды. Қара тонының түймесін агытып тастап, алшаң-алшаң басканда, аралдың бүдан басқа күдайы жок екенін бірден біле бересің. Оны Пьянков өзі да мақтана айтады. «Көктегі Қүдай бір Қүдай, аралдагы замы Николай!» 679

деп тұздаған қиярдай барбиған сұқ саусағын шошайтып қояды. Дәу бас, тек денесімен бірге бұрылады. Мойны өз бетінше бүрылуға келмейді. Жабайы қабан сияқты. Бір ғалым: адамның мінез-кұлқы, бет-әлпеті жеген тамағына, әсіресе етке тікелей байланысты деп өзінше жаңалық ашыпты. Мүмкін, рас та шығар. Пьянков та шошканыңтоң майын жейді. Қара нанмен қосып, бүралақтап ұрады. Әрине, айғыр стакан арактан соң. Оған косатыны, тек пияз иісі, шошка майынын иісі мүнкіп тұрады. Әлбетте, Пьянков аралдын әкімі болғанда, онын орынбасарлары, кемекшілері де кеп. Бәрі бірдей Пьян- ковтай зор болмағанымен, кілең әйдіктер. Олар да сол Пьянковқа ұксағысы келеді. Ол калай киінсе, калай жүріп-тұрса, кұзырындағылар да солай жүруге тырысады. Лагерьдегілер кәдімгі колхоздағыдай бригада-бригадаға болінген. Әркайсысының бригадирлері бар. Ескендірдің бригадирі Холкин деген еді. Кирилл Трифонович. Бұл да еңгезердей. Бұл да шон мүрын. Бірак козі бітіктеу. Бітік болса да ызғарлы, тұз коз. Шашын «бокспен» қойдырады. Еңбегінде ғана кекілі бар. Баска жағы тықыр. Кок тыкыр бас желкесіне карай катпар-катпар болып барып жығылады. Міне, осы Холкин Ескендірдің бригадирі. Бригадада Ескендірден баска кырыктоғыз адам бар. Яғни, Ескендірмен елу адам. Ішіндегі ен жасы осы Ескендір. Мүны үстағанда жасы он жетіде еді, енді Құдай аман койса, он сегізге шыкты. Он сегізінде әкесі Рыскұлов ел басқарып еді, бүл, тағдыр екен, алыстағы аралға айдауға кетіп, күндіз-түні тас тасып жүр. Жадау топырактын арасында не көп — тас көп, үй орнындай жерді бүгін тазалап кетсен, ертең сол жердін бетіне кайтадан тас шығып жатады. Тағы тазалайсың, тағы шығады. Қүдайдыц кұдіреті шығар, әйтпесе тас дегенің кайта-қайта шыға беретін сүнғыла шоп емес. Соноу-соноу алыста калған, озі шыр етіп дүниеге келген Сайрам суда, Манкент маңында озбек шал қауын егетін. Қауындыкка кейбір жылы сүнғыла шоп шыгатын. Сол сүп-сұр сүнғыла шопті канша жүлып тастаса да кайтадан кылтиып шыға беретін. Сойтіп кауынды аздырып, ауруға шалдыктырушы еді. Мына тастар да сондай. Таусылмайды. Тауыса алмайсың. Мұнысы бір жағынан Пьянков үшін жаксы да болды. Қүрылыс материал іздеп әуре болмайды. Тасты бір-біріне қалап түрмені сала бер, сала бер. Түрме дегенде, түрме де емес. Айдаудағылар түратын жатакхана. Малкора тәріздес.

Тастан салынған соң, өмірі жылынбайды. Әйтеуір, баспана. Отыз-қырық адам бір қораға қамалады. Нар дейтіні болады. Пойыздағыдай үшқатардан келеді. Тұтқындар астыңғы, не ортадағы қатарға таласады. Оны әлі жеткендер алады. Әлі жетпегендер ең жоғарысына өрмелеп жатқаны. Түрме дегенде, бұл аралдыңөзі түрме. Бүл аралдан қашып кете алмайсың. Ең жақын жағалауға дейін жүз шақырым. Оған қайықсыз, кемесіз ешкім де жете алмайды. Ал, жағадағы кайықтардың қарауылы күшті. Жақындасаң- ақ атып тастайды. Ол үшін жауапқа да тартылмайды. Айнала ақшулан теңіз. Сондықтан да Ақтеңіз деп атаған. Жанына жақындап барсаң —қаракөк. Алыстан шулан тартып жатады. Ал, дауылды күндері аппақ ақ кобікке айналады. Өкімет құлыпсыз түрмені осылай ойлап тапқан. Бүл жағынан кенес өкіметі жаналық ашқан жоқ, әрине. Мұхит пен теніз ортасындағы аралдарға түтқындарды апарып тастау әрбір елде ежелден-ақ бар. Аты әлемге әйгілі Наполеонның өзін Атлант мұхитындағы Әулие Елена аралына апарып тастаған ағылшындар еді. Әулие Елена аралы да мына Жетім Шағала аралындай жалаңаш, төңірегі түнерген, түксиген арал көрінеді, жарықтық. Ескендір мектепте жүргенде Наполеон туралы коп окитын. Әсіресе, Пушкиннің Наполеонға арнаған өленін жаттап алып, мақамына келтіре, күніренте айтқанда мұғалім апай Элеонора Давидовна көзіне жас ала жаздайтын. Әсіресе, мына бір шумақты тебірене айтар еді: Онда скала, гробница славы... Там погружались в хладный сон. Воспоминания величавы Там угасал Наполеон. Мұнда да, Ақ тенізде де түнерген жартастар, тұнжыр теніз. Түнжыраған түпсіз теніз бүктетіліп, ыңыранып жатып, қабағы қатулы қара жартасты қауып алып, жүтып жібергісі келгендей ызаланып жатады. ЬІныранып, жатып-жатып, кей-кейде дауыл көтерілгенде қара жартасқа шапшиды-ай келіп. Жартас сонда шайқалып кеткендей болады. Бүл, тек алдамшы көрініс. Әйтпесе, жартас былқ етпейді. Тек кеудесі су-су болып, әжімдерінде ак көбіктер бірінен сон бірі жыбырлап, сөніп жатады.

Неге Жетім Шагала? Құдай бір-біріне байланыстырып, бір-біріне тәуелді етіп қойған дүние. Шағалалар мына қара жартасқа ұя салады. Дауылды күндері арпылдаған толқын тым асқактаса, сол ұяларды жүтып жібереді. Сондыктан шагала байгүс, үясын толқын жетпейтін биікке салуга тырысады. Теңіз бір жагынан оган жау, бір жагынан — дос. Теңізсіз шагаланың күні жоқ. Теңіз шагаланы асырайды. Майда шабақ балықтарын ұстап жейді. Ал, қыстың күні теңіз сіресіп, мұз қүрсауга оранганда шагалалардың қайда кете- тінін білмейсің. Ескендір шагалаларга қызығады. Неге осындай құс болмадым екен деп армандайды. Құс болса... Әкесі Түрар ода елін сагынатын шыгар, сол Мәскеуде, хан сарайындай үйде тұрып-ақ, кейде қолына мандолина алып, ыңылдап өлең айтар еді. Ескендір қазақшага онша жетік болмаса да әкесінің әніне құлақ салып, сөзін де түсінер еді. Басында Казығұрттың кеме қалған, Болмаса кереметі неге калган? Сұлу қыз, көркем жігіт бәрі сонда, Апыр-ау, неге келдім сол арадан?! Ахау, Гүлдәр-айым Күн мен айым, Үшарға қанатым жок, неғылайын,— деуші еді әкесі. Сонда, кейде көзіне шіпілдеп жас та келіп қалатын. Сөйтсе, соның бәрі сагыныш екен гой. Үп-үлкен бастық болганымен, кәдімгі Рысқүлов басымен оның да канаты жок екен гой. Үшарга канаты жоқ... Ал, мына дүлей теңіздің ортасындагы тас аралда калган баласы ше? Экеде бол маган канат балада болушы ма еді?! Бала жүдеді. Баланы тас сорып койды. Тас пен Холкиннің добалдай жұдырыгы. Бала байгүс, кара жұмыска жок еді. Титтейінен дагды- ланбаган, өмірі мандай жіпсіп, кол күшімен күн көрмеген жан мына тозакка шыдайтын халі жок. Бүган Рыскұлов та кінәлі шыгар. Үдайы ат үстінде жүріп, үлынын тәрбиесіне уақыты жете бермеген де шыгар. Баланы жастан, катынды бастан депті гой бабаларымыз. Баласы сәби шагында Рысқүлов ылги да сыртта жүрді. Ташкент деді, Мәскеу деді, Баку деді, Моңголстан деді. Кейін-кейін барып, тек Әзи- заның тұсында гана косы түзеліп, түтіні түзу шыга бастап еді.

Содан осы Ескендір ақсаусақтау болып қалған. Бұғанасы бекімей, кабырғасы қатпай жатып, бірден Жетім Шағаланың тасына түскен қандай? Холкин тан шырай бермей жатып, бригаданы айқайлап тұрғызар еді. Тұтқындар кара көбенде апыл-ғұпыл асыға бастайды. Ағаш нарлар сықырлайды. Үшінші қабатта жататын Ескендір шошып оянса да, ұйқысын қимай жата бергісі келеді. Ересектер киініп болғанда ғана, бұл нардан аяғын салбыратып, есінеп отырады. Мүны көзі шалып қалған Холкин оны аяғынан сүйреп, жерге құлатып түсіреді. Ал, кеп тепкілей бастайды. — Сволочь!— дейді аузын толтырып, рахаттана боқтап,— Азиат!— дейді. — Жалқау, жабайы ит,— дейді. Холкин өзі шошқанын майын шикідей жеп жүргенде, Ескендір күміс қасықпен ішіп, зәйтүн майына қуырылған кекілік етін алтын жиек, көкшіл фаянс табақтан жегенін білмейді. Сойте тұра, жабайы дейді.— Ух, нацмен!— дейді. «Нацмен» дегені — национальное меньшинство. Ескендір «ұлы» орыстын туған жиені екенімен де жүмысы жоқ. Орыстын жиені едім деп ол айтпайды. Ондай жағымпаздыққа Құдай жаратпаған тұқым. Әйтпесе, сондай туыстығын бүлдап, жәмпендеп, жарам- сақтанып, онысымен қоймай, казақты жамандап күн көріп жүргендер қаншама. Содан Холкин балаға таңғы тамақты бергізбей жүмысқа салады. Төсектен тез түрмағаны үшін берген жазасыныңтүрі сол. Жалғыз дөнгелегі бар «тачка» дегені болады. Сол тачкаға тасты үйме ғып салып, балаға: «ал, айда» дейді. Тачканы ойдан қырға қарай, үй салынатын жерге жеткізу керек. Тас шығып жатқан жер ойпанда. Жалғызаяк бұралан жолда тачкасы түскір, бұлтың-бұлтың етіп, қисайып кете береді. Тачканың кос сабы болады. Қос қолдап, кеуденді алға салып, ілгері итергенде, тачка сені кері итереді. Қарулы қол, әлуетті қайрат болмаса, тачка сені құлатып, озінді таптап өтуден тайынбайды. Сол күні Ескендір екі барып келуге жарады. Үшіншіде әл-дәрмен кете бастады. Тачка бүлталақтап, сабы баланың өзін әрі-бері шайқалақтатып, жөнге көнбей, қырсық шала берді. Сөйтіп келе жатқанда, бірер тас домалап түсіп те қалды. Өліп бара жатсан да тас түсірмеуің керек. Холкиннің бүйрығының бір түрі осы. Жолға тас түсірмей жеткіз. Түсіп калған тасты тачкаға қайта салу мүмкін емес. Ол үшін тачканын сабын жерге койып, қолды босату керек қой. Ал,

жерге қояйын десең, тачкадағы тастың бәрі ақтарылып, қол арбаның өзі төмен қарай зытады. Міне, мәселе қайда! Баланың мандайынан аққан тер мойнына қарай ағылады. Теңіз жақтан соққан өкпек жел, әлгі терді лезде қатырады. Енді тер мен желдің арпалысы басталады. Тер аққанын қоймайды, жел қаққанын қоймайды. Екі ортада адам деген бишара пенденің жаны шырқырайды. Құдай сорлатқанда, тоқтап тұрып қалуға тагы болмайды. Өйткені, артыңнан қаздай тізіліп келе жатқан басқа тұтқындар бар. Ал, жалғызтабан жол біреу-ақ. Айналып өте алмайсың. Жан- жағың жақпар-жакпар шоқалақ. Тачка жүрмейді. Бір адам жолда тоқтап қалса, соңындағы басқалардың бәрі тоқтайды. Ал, бұл жағдайды Холкин көрмей калмайды. Көреді. Бітік көз болса да көреді. Солтүстіктің аспаны түнеріп тұрады. Холкин одан да түнеріңкі. Оңтүстікте, Ескендірдің туған жерінде алдақашан жаз шығып, өрік пісейін деп қалған. Мүнда мүздың көбесі енді-енді ғана сөгіліп, тоңы енді-енді ғана жіби бастаған. Жалғызаяқ жолдың жиегіндегі тастардың арасынан қыл- тиып-қылтиып, ілмиіп қана бірен-саран көкшіл гүл көрінеді. Бәйшешек сияқты. Бірақ бәйшешектен гөрі сүйріктеу. Анадайдан айқайлап, Холкин жақындап келгенде, әлгі әлжуаз уыз гүлдер оның етігінің жалпақ табанының астында мыжылып қалды. Алпамсадай неме, келе сала, Ескендірді жағасынан алып, тоқпақтай жүдырығымен түгі үрпиген жақтан ала періп кеп жібергенде, бала жолдың жиегіндегі мүк басқан тасқа қалпақтай ұшып түсті. Арттағылар у-шу. Сол-сол екен, иесіз калган тачка тасымен қоса төмен қарай домалап барып, келесі тачкаға соқтығыссын. Оның адамы құлап қалсын. Ол барып арттағы адамға үрынғанда, ол да тачкасынан айырылып қалсын. Не керек, қараптан-қарап түрып, қаздай тізілген қатар үмар-жұмар жайрасын. Оны көріп, Холкин енді ашуын тырнадан алған тазыдай, ал кеп тепкілесін Ескендірді. Айнала дүние түнерген дүлей, тұтасқан мұз болса да адамдардың бәрі тілсіз таска айналып кетпеген шығар, екі-үшеуі жүгіріп келіп, балаға араша түсті. Оған Холкин екіленіп кетті: — Ах, вы, мать твою... Халық жаулары! Бунт! Бунт па б ү л !— деп, ал кеп долдансын. Әлгі екі-үшеуді жан-жакка тулақтай лактырып тастады. Өзі күшті-ак. Күшті болмаса, 684

мұндай жерге бастық болу қайда? Әрі десе, арақ пен доныз майының буы бар. Қапсағай келген, мосқалдау бір кісі, өзі орыска үқсан- қыраса да, орысшасы мүкістеу шығып: — Азамат бастық, аясаңшы, бүл жас бала ғой,—деді. — Ая дейді, кімді аяймын? Халыктын жауы Рыскұловтың баласын ба? Сен білесін бе оның не істегенін? Жолдас Сталиннің өзіне қарсы шыккан. Рыковпен бірігіп, жолдас Сталинге қастандық жасамақ болган!—деп Холкин аузынан түкірігі шашырап кетті.— Ал, сен онбаган Фаткулин, сен де жаусың. Ух, ты, сволочь — Сұлтан-Галиевщина! Қарга карганың көзін шұқымайды. Қара мүны жаны аши қалуын. Фаткулин айтарга сөз таппағандай аузы анкиды да қалды, «Рысқүлов» деді ол ішінен күбірлеп. Көрмеген, бірак коп естіген. Сұлтан-Ғалиев екеуі Сталиннің орынбасарлары десетін. Екеуі дос екен десетін. «Ей, міскін бишара бала,— деді ішінен.— Сен Түлпардың тұягы екенсің гой». Бала соны естіп қойгандай, сол іштей жанашырлықтан бойына әл-куат біткендей, төрттагандап орнынан түра беріп еді, Холкин ызалана ышқынып, ту сыртынан теуіп кеп жіберді. Айнала түрғандар: «Аһ!» деді. Бірак ешкім араша түсе алмады. Орындарынан қозгалмады. Ескендір енді бетін бері бүрды: жүзінде балалықтан белгі калмапты. Бетініңтүгі тікірейіп кеткен, тым қаһарлы көрінді. Енді өлетін шыгар деген бала орнынан бір-ақ қаргып, ширак түрды. Жерден бір кесек тасты колына қыса түрегелген екен, шапшып барып, Холкинді беттен салды-ай кеп. Пілдей ауыр Холкин ыргалып барып, гүрс етіп, күлап түсті. А йналатұрган түткындар тагы да: «Аһ!» деді. Бірсыпырасы бәледен аулақ деп қаша жөнелді. Дереу тачкаларына жармасып, төгіліп калган тастарын теріп, сала бастады. Ал, Фаткулин Ескендірге: — Бекер болды,—деді. — Мейлі,— деді Ескендір.— Енді маган бәрібір. Рахмет сізге,—деді.— Екі дүниеде де үмытпаймын. *** — Рыскүлов, сен баланның кәзір кайда екенін білесің бе?— деді Глебов «Беломор» папиросының қорабын кақ- қылап, қақпагын ашып, ішінен бір талын суырып алып.

— Білемін,— деді Рысқұлов саспастан,— сенің тамұғында. Ежовтың темір тырнағында. — Қателесесің, Рысқұлов,— деп Глебов езуін қисайта күліп, сол езудің қисайып тұрған жеріне папирос қыстырды. Рысқүловтың іші қалтырап кетті. «Өлтірген екен ғой» деді, бірақ сыр бермей, табуретканың бір бүрышында ғана сіресіп отырды. Табуреткаға қүйрығынды ілінер-ілінбес қана қойып, шоқиып отырасың, жайғасып отыру жоқ. Ал, мүның қиянат екенін бастан кешкен ғана біледі. Глебов папиростың қорабын сілкіледі. — Білмедің, Рысқұлов. Сенің миың шаршаған екен. Алғыр едің, сұңғыла едің. Енді айни бастапсың. Әлгі қораппен ойнап, тағы да қүйқылжыды. Ары-бері шайқады. — Міне, мұнда, мынаның ішінде,— деп корапты Рыскүловтың мұрнының үшына тигізіп-тигізіп қойды. Мұрнына темекінің иісі келді. Рыскұлов түсінбеді. Шынында да миы топастанған шығар. Ескендір қораптын ішінде. Ол не дегені? Өлтіріп, өртеп жіберіп, күлін салып алды ма? Алғашкыда жүрегі түскір су-у ете калса да, енді бәріне де көндіккендей енжар қалып сактады. Өмірде әкеге бала өсиет айтқан бар ма? Балаға әке өсиет айтар еді, ал Ескендір болса Рыскұловка: «Әке, ештеңені мойындама» деді. Бүл оның ақырғы сөзі, яғни есиеті. Рыскүлов баланың жанын сақтап қалу үшін Глебовтың қағазына қол қоя жаздады. Үлы айтты: «Өлтірсе өлтірсін, бірак кол қойма!» деді. Рысқұлов содан бері талай өліп, талай тірілді, бірак кол коймады. — Білмедің, Рыскүлов, міне мына жерде, оқы,— деп папиростын жазуын көрсетті Глебов. — Бе-ло-мор-ка-нал,— деді Рыскұлов шала сауатты адамдай ежелеп окып. — Молодец!— деді Глебов куанып кетіп.— Осы сен дегенмен сауаттысың-ей. Әкең әліпті таяқ деп білмеген, бабаң суқараңғы. Осы сен окуды қайдан үйреніп жүрсің-ей? Кім үйреткен саған? — Болған жақсы адамдар. Түрмеде үйрендім. — Бәсе, бәсе. Сені, тек түрме ғана түзейді. Жөргегің жеркепе, түрағың — түрме. Сөйте тұра, билікке таласасың. Рыковпен ауыз жаласып, Сталин жолдасты құлаткың келді. Рыков — Сталиннің орнына, сен Түркістанға ұлы хан болғың келеді. Солай ғой? Айт, шынынды! 686

— Сандырақ,—деді Рысқүлов селқос қана. — Жапония ше? — Сандырақ,— деді Рысқүлов есінегісі келгендей. — Германия ше? — О да. —Түркия ше? Рысқұлов бү жолы үндемеді. 1921 жылы мұсылман коммунистердің Мәскеудегі жиналысында осы Рысқұлов: «Түркия азаттық үшін арпа- лысып жатыр. Мүстафа Кемәлдың жолы — ақжол, әділет жолы» деп еді. Сөйткен Мұстафа Кемәл, енді Ататүрік атанды. Азаттық үшін арпалысып, жауларын женіп, түріктердің әруағын асырып, өз алдына тәуелсіз, егемен мемлекет күрған адамда да арман бар ма екен? Рысқұлов біртүрлі мүнайып, терезеге қарады. Ататүріктін бақытына қызықты ма, әлде оған бір кезде тілеулес болғанын ризалықпен сезінді ме — тастай түйілген адам енді елжірей бастады. Глебов шыдай алмай, Рысқүловтың ту сыртынан келіп, папиростың шоғын төбесіне басып кеп қалды. Рысқүловтын бір кездегі киіздей қалың шашы бұл күнде селдіреп, сиреп еді. Ш оқ төбесін күйдіріп түсті. Бірақ ол селт етпей, отыра берді. Глебов ызаланып: — Тьфу, дьявол!— деді де, қоңырау шалып, айдауылды шакырып, ақырып қалды: — Әкет! *** Камераға кіріп, тас төсекке жантайып жатып, төбесінің күйіп қалған жерін саусағымен сипалап корді. Удай ашыды. Ашытқаны қорлық емес. Рысқүловтың төбесіне адам айуанынын темекі түқылын басып, мыжғылап өшіргені корлық. Бірақ бұған Рысқүлов аса қорынған жоқ. Не көрмеген бас? Неге шыдамаған тебе? Осыдан үш күн бүрын бүл төбеге сүп-суық зәрдей тамшы да тамшылатып қойды. Содан, ақыры Рысқүлов үш күн бойы ес-түсінен айырылып жатты. Жаны неткен сірі еді. Таудағы тасжарған тұқымынан жаралған шығар. Глебовтын келесі сынағынын түрі — жаңағы. Төбесіне темекінің шоғын басып өшірді. Бірақ, сөйтіп түрып, Рысқұловтын рухын жандандырып та кетті. Оны Глебов өзі сезген жоқ.

Рысқұловтың жар дегенде жалғыз ұл баласы тірі екен. Ақ Теңізге айдаған екен. АқТеңізден ана бір жылы Онега көліне дейін канал қазғанда, айдаудағы адамдар шыбындай қырыл- ған. Ескендірді, әрине, курортқа алып барған жоқ. Азапка алып барды. Бірақ мына тас камерадан тәуір болар. Мүмкін, жаны тірі қалар. Әйтеуір, үміт өлмейді. Үміт өлгенде Рысқүлов та өледі. Рысқүлов енді Әзизаны ойлады, жана туған нәрестені ойлады. Бұрын олар есіне түскенде өзегі өртеніп кетуші еді. Енді өйтпейтін болыпты. Оларды азапқа салуын салады, бірақ атып тастамас. Рысқүлов солай ойлайды. Содан кейін, көз алдына Сәулесі келеді. Сүп-сүйкімді томпиған бишара. Енді не болар екен? Түйметайдың қолында калган шыгар. Әлде, Әрифа алып қалды ма? Алпыстагы кемпірді қама- майтын шыгар. Сол бірдене етіп өлтірмес. Софья гой, оз шешесінін колында... Иә, Рысқұлов. Үяң бұзылды. Дауыл соқты. Қара дауыл... Кенет көз алдына Қызыл Жебе мінген Рыскүл түра калып: — Тұрар! Котер басынды!—деп зекіді. ӘЗИЗА Мәскеуден шыккан пойыз әуелі, сірә, Рязань қаласына тоқтады. Түн іші еді, тор терезеден өлегізіген фонарьлар, ары-бері жүгірген адамдардын сұлбасы гана корінеді. Әзизанын қүлагына: «Рязань, Рязань» деген дауыстар «Рюзань, Рюзань» болып естіледі. Шешесі Әрифа: «Юризан буйлары» деген ән айтушы еді. Сол Юризан емес пе екен деп те ойлады. Орыс тілін жетік білетін сияқты-ақ еді, бірақ «Рязань» дегеннің магынасы не екен деп ары ойлап, бері ойлап ақыры таба алмады. Түткындагы эйелге онын не керегі болды екен? Бірақ адам тұтқында болганмен, темір торлы сасык, қызыл вагонда шоп-шалам төсеніштің үстінде жатқанмен, ой тұтқындалмайды. Ойды ешкім кісендей алмайды. Окіметтің ең осал жері сол. Өкімет соган ызаланатын болар. Ойды тұткындап өшіру үшін, алдымен адамды өлтіру керек. Әне, содан барады да өкімет өз адамдарын өлтіре береді. Өкімет ойдан жаман қорқады. Қарауында кілен ойлай білмейтін мәңгүрттер болса, өкімет мақсатына жетіп, мерейі үстем болар еді. Бір жаманы — түрмедегілер де ойлай біледі. 688

Л Р Р >&^8ЙЙ8Й8Й8^ Міне, өкімет тұтқындарының бірі Әзиза да ойлап келе жатыр. Қайдағы-жайдағы «Рязань» деген сөздің шығу тегін таба алмай миы қатты. Юризанмен түбірлес емес пе екен деп шүбәланды. Оның оған қанша зәру болғанын бір Қүдайдык өзі біледі. Одан да, байғұс-ау, өз хәлінді ойласаңшы. Мына жатысың не жатые? Тесік-тесігінен жел қүтырынған жыртык вагон. Жайшылықта мал таситын вагон. Енді сол мал вагонда толган адам. Төсеніші иістенген ескі шөп. Әзизаның бауырында алты айлық баласы. Суық тимесін деп кеудесіне қыса түседі. Киім-басы жұқа, тұтқын әйелде қай бір жылу болады. Әйтеуір, әзірге соғып түрган соң, осында бір жылы леп бар шыгар деп кішкентай тіріжанды жүрегінің түсына қатты қысып алады. Ал жүрек мұздап қалса не болады? Жүрек мүздап қалса, бауырындагы бала да мұздап өледі. Қолтоқпақтай мүзга айналады. Содан сон, ой да тоқтайды... Қайдагы Рязаньді қайтесін?! Одан да Рысқүлов не болды — соны ойла! Бірақ Әзиза оны ойлай-ойлай шаршаган. Тагдыр қосқан қосагы өлі ме, тірі ме —білмейді. Ой, дүние-ай десенші. Кімсін — Рысқүлов, кімсің — Рысқұловтың әйелі Әзиза сұлу еді... Әурелікке жаралган фэни адам, Бақ пен сордың арасы — бір-ақ қадам,— деуші еді Рысқүлов. Ол оны өз әкесі Рысқүлдан естіген, Рысқұл оз әкесі Жылқыайдардан... сөйте-сөйте ар жагы, арғы атасы әз Төле биге дейін, бәлкім, одан да ары жалгаса бёреді. Демеу, баянды бақыт жоқ. Байлық деген не, бақыт деген не, бала деген не?—деп сұрады дейді әз Төле биден. — Байлық — алакандагы мұз, Бақыт — ұзатылатын қыз, Бала — артында қалатын із,— депті дейді әз Төле. Әзиза кеше ғана бақытты еді, кеше ғана Кремльдін қақпасынан ары-бері сүраусыз өтуші еді... Ендігі жатысы мынау. Рысқүлов оны ұшпаққа да шыгарды. Рысқұлов оны азап аранына да түсірді. «Әкемнін өлерін білсем бір уыс талканға айырбастап жіберер едім» деген екен, баягыда бір бейбақ. Сол айтқандай, заман бұлайша сайқалданып шыға келерін кім білген... Рысқүлов тірі сияқты көрінеді. Ондай адамды кім өлімге қияды? Көп болса, соттаған шыгар. Коп болса, Сібірге

айдаған шығар. Бәлкім, ол да осы пойызбен келе жатқан болар... Үміт шіркін, ой шіркін осылай өрбиді. Әзиза жан- жағына қарайды. Жан-жағы ығы-жығы адам. Бәрі —әйелдер. Басқа-басқа, осыншама әйел жау болғанда, Кеңес өкіметіне шынында да хауіп төнгені рас та шығар. Іргесінде, вагонның кабырғасында кабысып Күләнда жатыр. Ірге жақка әдейі жатқан. Әзизаға: — Әй, сорлығар, емшекте балаң бар. Ірге жақтан суық соғады, мен жатайын, аз да болса, қалқан шығармын,—деген. Бұл Күләнда. Сұлтанбек Хожановтың жан-жары. Бұл да сонау ұшпақтан мына тамұкка күлап түскен міскін. — Бізді қайда алып бара жатыр?— деп сұрайды Әзиза. — Сен де сүрайсың-ау, мен қайдан білейін,— дейді Әзизадан гөрі, кекселеу Күләнда.— Көп болса, Магаданға алып барар, одан ары Америка асырып жібермесе, кайда апарады? Магаданда да ел тұрады дейді ғой. Ташкентте тұрса да, Мәскеуде тұрса да күндіз-түні үйінен қонақ үзілмейтін, сонын бәрін аткарып, казаны оттан түспейтін кайран Күләнда: — Әй, сорлығар, жылама, өй, әздек неме. Байымыздын аркасында біраз дәурен сүрдік. Бір аштыктын бір токтығы бар. Тоқтыктың да аштығы бар. Азар болса, сонын карымы шығар. Неге жылайсың, өй, көзің аккыр? Ер-азаматтар кебін киіп кеткен жок, кебенек киіп кетті ғой. Соларға кесірін тиеді, жылама!— дейді: Артынша Әзизаны күшақтап, өзі де өксиді. Содан сон, аяғын ауылдың әніне ұластырып: Сүлтанбек-ау, Тұрар-ау, Тауда үшкан үлар-ау. Алыс кетіп барамыз, Жайды кім бар сұрар-ау, аһ,— дейді. Әзиза одан бетер солкылдайды. — Ойбу, жүбатамын деп жылатып алдым-ау, кой Әзиза, сабыр қыл,— дейді.— Жылай берме, емшегін суалып калады, қызынды өлтіріп аласың. Осы Күләнда, сөйтіп үлесіне тиген шишакпак қора- бындай қара нанның жартысын Әзизаға береді.— Емшегің суалып қалмасын, сорлы,— дейді. Оны да Құдай осы Әзиза мен емшектегі алты айлык нәрестесі өліп калмасын деп жолсерік қылған шығар. Тіпті, әлдекалай баска вагонға 690

« а р хйМйййзжайь бөлініп кетсе де, Әзизаның күні не боларын ешкім болжай алмас-ты. Өзің тойып отырып, итке сүйек тастағанын қайырымдылық емес, озін аш отырып, итпен сүйек бәліс- кенің қайырымдылық. Вагонның тор терезесінен, жыртық-тесігінен таң атып келе жатқанының белгісі білінеді. Біреулер: Волга, Волга десті. Сойтсе, пойыз Еділге де келіп калган екен. Анасы Әрифа «Ақ Идел, А қ Идел» деп үдайы ынылдап ән салар еді. Сол Ақ Идел осы болды. Әзиза әлі мүзы сөгілмеген озенге тесіктен сығалап қарағанмен, шалқып аққан Еділді коре алмады. Сол-сол екен, Қазан, Қазан деген дауыстар естілді. Бұл Қазан да анасының айтуынан таныс. Әкесі барып, Әрифаны алып, аз күн кызык дәурен сүрген. Ерте кетіп қалды. Ерте кеткені де дұрыс болған шығар. Әйтпесе, мына нәубетке алдымен ілінетіндердін бірі сол еді. Өйткені, окыған ғой. Жоғары білімді. Ал, оқыған, козі ашыктар өкіметке хауіпті. Бәрін кынадай кырып жатыр. Артында жан жары Әрифа, үлдары Рәшид пен Шәміл, кыздары Әзиза мен Нәдия калды. Кәзір Әрифа да, Рәшид пен Шәміл де түрмеде. Нәдия белгісіз. Әйтеуір, Әзизанын білетіні — түрмеге түспеген, тек Нәдия болатын. Бәлкім, ендігі оны да үстаған шығар. Қазаннын вокзалынан, пойыздыңтүткын вагонынан қала көрінбейді. Сыртқа шығармайды. Вагоннын іші адамдардын иіс-коңысынан сасып кетті. Ертелі-кеш бір келіп, түтқын- дарға олмес тамақ үлестіретін карауыл милиционерлердін озі мұрындарын басып тұрады. Бірак пенде неге конбейді, түтқындарга бүл иіс аса білінбейді. Бір кезде вагоннын сыргыма есігі сақыр-сұкыр сырылдап ашылды да, сырттан екі айдауыл ішке бір әйелді итеріп кіргізіп жіберді де, есік сырылдап кайта жабылды. Сол бір сәтте сырттан енген суық ауа тұткындарга жұмақтың лебіндей боп сезілді. Бір-ақсәт. Айдауылдар итеріп жіберген әйел еденде жаткан біреулерге сүрініп, құлап түсті. Қатындар бажылдап, козің жок па? деп оны тағы итеріп тастады. Әлгі байгүс, ыгыса-ыгыса Күләнда мен Әзизаның қасына жетіп кұлады. Күләнда оны колтыгынан сүйеп, өзі ыгысып, жанынан орын берді. Бейтаныс әйел вагонның қараңгылыгына козі үйренейін деген шыгар, жан-жагына қарады. Тілі байланып калгандай, шошынып, ә дегенде сөйлей де алмады.

— Бұл, Қазан ба?— деп Күләнда оны сөзге тартты. Бейтаныс әйел Күләнданың бетіне сескене карап: — Ие, ие, Қазан. Каһар сұққан Қазан,— деді кекештеніп. Сөйтсе, бүл Татарстан Совнаркомынын қатыны екен. Аты Нәфиса екен. Байын бес ай бүрын үстап, Мәскеуге әкеткен. Өзін таяуда тұтқындаған екен, енді міне... — Қая барабыз, қая?— дейді байғұс. — Қайда баратынымызды біз де білмейміз,—деп Күләнда жауап берді. — Сез мұсылман қатыны бұларсыз?— дейді Нәфиса. — Иә,— дейді Күләнда.— Орыстанған мүсылманбыз. Әзизаның бөбегі ьщырсып қана жылай бастайды. Ауру адамның ыңырсуы. Жөндеп жылауға да шамасы келмейтін болар. — И-и, бүл кешенің бәләкәй малайы бар?— дейді көзі шарасынан шыға жаздаған Нәфиса. — Бар, бар,— дейді Күләнда.— Анасынан сүт шықпайды. Аш. Сөйтсе, Нәфисанын да тоғыз айлық ер баласы бар екен. Оны өзімен бірге алдырмапты. Бөбегімен бірге келе жаткан Әзизаға қызыккан сыңайлы. — Сез бақытлы,— дейді Әзизаға.— Минем малайым қалдылар, әниімде... — Мен емес, сен бақыттысың,— дейді Әзиза.— Мына менің кызым аштан өледі, сенің балаң елмейді. Анаңның колында қалса, өлтірмейді ғой. Менін анам да түрмеде. Кенет Нәфиса Әзизаның кішкентайына кол созып, алдына алып, омырауын аша бастады. — Емшегім сыздай береді, сүті бар шығар,—деді. Әзизаның кызы қыңкылдай бастап еді, сүттің иісін сезіп, тынши калды да бәтен әйелдін төсіне басын тықты. Осылайша тұткындар пойызы касиетті Орал таудың беліне шығып, Свердлов дейтін каладан да өтті. Мағжан болса айтар еді: ҮзынОрал — күн мен түннің арасы, Арғы жағы жын-шайтанның ордасы, Бергі жағы ер түріктің даласы,— деп. Пойыз сол ер Түріктің даласына ентелей беттеді. Жолда талай орман, дала, қала қалды. Сөйтіп, кәзіргі Қазақстанның 692


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook