Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Өмір Тарихы

Өмір Тарихы

Published by risalekz, 2020-01-27 03:21:39

Description: “Рисалей-Нұр” жинағының авторы
БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ
(Tarihçe-i Hayat)

Keywords: БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ

Search

Read the Text Version

101ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІОсы тұрғыдан алғанда, уақытқа, мекенге тәуелді, мамандығы мен ой-өріс шеңбері тар, бір ғана кісінің, өресі мен қабілетінен туған бір тәпсір, Ұлы Құранның толық тәпсірі бола алмайды. Өйткені Құран үндеу салып тұрған халықтар мен адамдардың моралдық-материялдық жағдайларына, олар біліп тұрған ғылымдарға бір адамның маман болып, меңгеріп кетуі мүмкін емес. Сондықтан бәрін қамтитын тәпсір жаза алмайды. Бұған қоса бір адамның мамандануы, ұстанымы, өзіндік көз қарасы болады. Сондықтан Құрани ақиқаттарды дөп басып, бейтарап тәпсір жаза алмайды. Сонымен қатар бір адамның ой-пікірінен шыққан бір мәселе, оның өзіне ғана тән қалпында қала береді. Бұл айтқандарымды сен де қабылдайсың дей алмайды. Көпшілік өзі мойындаса, қабыл етсе оның жөні басқа. Олай болса, Құранның өте терең мағыналарын және тәпсірлерде шашыраңқы айтылатын игіліктерін және уақыттың тәжірибесі мен ғылыми жаңалықтардың нәтижесінде белігілі болып жатқан ақиқаттарын аша түсетін, әр қайсысы бір-бір ғылымның майталман маманына айналған зерттеуші ғалымдардан тұратын үлкен топтың бақылауы мен жетекшілігінде үлкен тәпсір жазылуы тиіс.Заңдылықтардың жүйелілігі бір адамның ғана ой-пікірімен ғана емес, жоғарғы дәрежелі мамандардан құрылған топтың зерттеуінен өтуі тиіс. Көпшілікке сенім туғызатын, халық алдында бұл істі мойнына алтын топ құрылғанда ғана үметтің сенімі мығым болады. Құран тәпсірін жазатын адам аса білімді, дана, Иманы кәміл, әулиелік кемелділікке жеткен болуы керек. Ал бүгінгі таңда мұндай шарттар жоғарғы деңгейлі, бір-біріне көмектесіп ой біріктіріп, рухани демеу болып, тәуелсіз ойлай алатын ықыласты топтың рухани тұлғасында ғана болады. Осындай рухани топ Құранға тәпсір жаза алады. Өйткені «Жалқыда жоқ нәрсе, жалпыда болады» қағидасына орай, бір адамның бойынан табылмайтын мұндай шарттар, арнайы топтан табылады. Осындай бір топтың құрылуын асыға күтіп жүргенде, алдын ала сезуге жататын бір сезіммен, елімізді тас-талқан ететін сұмдық зілзаланың алдында тұрғанымызды ойладым. (Сілтеме ) «Бір іс толығымен қолыңнан келмесе, ол істі мүлдем *тастай салуға болмайды» деген қағидаға орай, шамамның аздығы Сілтеме:Вандағы Хор хор медресесінің үстінде сабақ беріп тұрған кезде сұмдық зілзаланың келе жатқанын айтты. Расында да көп ұзамай бірінші дүние жүзілік соғыс басталды. Хамза, Мехмед Челик, Мехмед Михраи

102БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИмен кемшіліктерім бола тұрса да Құранның кейбір ақиқаттары мен сөйлемдеріндегі мұғжизалы ишараларды жалғыз да болсам жаза бастадым. Бірақ бірінші дүние жүзілік соғыстың басталуына орай, Эрзурумның Пасинлер тауындағы шатқалдарға кірдік. Тау-тастың арасындағы қиын күндерде, мүмкіндік туа қалса, кеудеме толған ақиқаттарды бір-біріне үйлесе қоймайтын сөздермен болса да жаза бердім. Ол кезде, ондай ауыр жағдайда қарай қоятын тәпсірлер, кітаптар болмағандықтан, жазғандарым тек қана жүрекке жеткен сунухаттардан (Аллаһтың жүрекке салар аяндары) тұрған еді. Жүрегімнен шыққан мағыналар егер басқа тәпсірлерге сәйкес келсе нұр үстіне нұр. Ал үйлеспейтін жақтары болса кемшілік менен. Иә, түзететін жерлері бар, бірақ майданда жүріп, шынайы ықыласпен, шәһидтердің арасында жазылған жамау тондай сөйлемдерді ауыстыруға шәһидтердің қанды көйлектерінің ауыстырылмайтыны секілді қарап, келісім бере алмадым, жүрегім де риза болмады, қазір де риза болмас. Өйткені шын ықыласпен қарап шықтым, түзетер жер таба алмадым. Демек, жүрегіме Құраннан жеткен мағыналарды Құрани мұғжизалардың өзі қорғаған екен. Сонымен қатар бұл «Ишаратүл-Иғжаз» атты кітабымды тәпсір жазайын деген оймен жазбадым. Егер Ислам ғалымдарының арасындағы зерттеуші ғалымдардың қолдауына ие болса, болашақта жазылатын жоғарғы деңгейлі тәпсірге үлгі және қайнар бұлақ болсын, сол кездің адамдарына арналған бір жәдігер болсын деген мақсатпен жаздым.«Ишаратүл-Иғжаз» тәпсірін қағазға түсіруші, жиырма шәкіртке татыр молла Хабиб Иран шекарасында, Халил Пашамен бірге аса маңызды әскери тапсырманы орындағаннан кейін, Вастанда шәһид болды.Соғыс кезінде Армиян жанкештілері көп жерлерлерде бала-шағаны қырып кететін. Бұған қарсы кейде Армиян балалары да өлтірілетін. Бәдиүззаман жүрген аймақта мыңдаған Армиян балалар жиналып қалған еді. Молла Саид әскерлерге «Балаларға тиіспеңдер» деген бұйрық береді. Содан кейін Армия балаларды босатып жібереді. Олар да Орыстардың қарамағындағы ата-аналарына аман-есен оралады. Бұл жағдай Армияндарға қатты әсер етеді. Мұсылмандардың мұндай мінезіне таң қалады. Орыстармен бірге ілгерілеген армиян жанкештілерінің басшысы да мұсылман балаларды өлтіруді қойып, «Молла Саид біздің балаларымызды өлтірмей кері қайтарды, бұдан кейін біз де мұсылман балаларды өлтірмейміз» деп уәде береді.

103ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІБәдиүззаман Саид Нұрси. Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңғы жылдарындаОсылайша Молла Саид сол аймақтағы мыңдаған бейкүнә жанның аман қалуына жол ашады. Көп ұзамай Орыстар Ван мен Мушты басып алып, Битлиске үш жақтан шабуыл жасайды. Битлистің Уәлиі Мемдух бей мен Кәл Али Бәдиүззаманға,

104БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ– Бізде бір полк әскер мен екі мыңдай еріктілер бар, кері шегінуге мәжбүрміз дейді.Бәдиүззаман оларға:– Айналадан қашып келіп жатқан халық пен бала-шаға жау қолында қалады. Біз өлгенге дейін төрт-бес күн болса да соғысуға мәжбүрміз деген соң, – Онда Муштың жау қолында қалуына байланысты, біздің әскерлер отыз зеңбіректі осы жаққа әкелуге тырысуда. Егер сен өз еріктілеріңмен бірге сол зеңбіректерді алып келе алсаң, сол зеңбіректермен бір неше күн жауға тойтарыс беруімізге болады. Халық та қашып үлгереді дейді.Бәдиүззаман:– Олай болса мен не өлемін не ол зеңбіректерді алып келемін деп, үш жүз ерікті әскерін ертіп жолға шығады. Түн ішінде Нұршин жаққа, зеңбіректердің жеткен жеріне қарай барады. Зеңбіректердің артынан қуып келе жатқан Орыс-казак әскеріне өз адамы арқылы «Битлисті қорғап тұрған еріктілердің қолбасы үш мың адаммен, таудағы атақты Мұса Бей мың адаммен осы зеңбіректерді алуға келе жатыр» деген асыра айтылған хабар жібертеді. Казактардың атаманы, қорыққанынан алға жылжи алмай қалады. Бәдиүззаман зеңбіректерді алып, бірден-екіден Битлиске жібереді. Осылайша барлық зеңбіректерді алып шығады. Отыз зеңбіректі де Битлиске жеткізеді. Сол зеңбіректерді пайдаланып, халық аман-есен қоршаудан шығып кеткенге дейін ерікті әскерлермен бірге төрт-бес күн жаудың бетін қайтарып тұрады. Бәдиүззаман соғыста жүргенде ерікті әскерлерге жігер беру үшін оқпанаға тығылмай алдыңғы жақта жүреді.Алдыңғы жақта ат ойнатып оңға-солға шапқылап жүргенде «Дәл қазір шәһид кетсем, мына жағдайым, яғни ең алдыңғы көзге түсер жерде шапқылауым, шәһидтік мәртебенің негізі саналар ықыласыма зияны тиіп кетпей ме? Мақтангершілік болып кетпей ме? деген де ойлар келеді. Бірден артқа қайтып, жолдастарының жанына келеді». (Сілтеме ) Алдыңғы жақта жүргенде денесіне төрт жарықшақ оқ *Сілтеме*:Осындай қан майданда, өмір мен өлім арпалысып жатқанда «Менің сырт көзге батырлық болып көрінер мына жағдайым, ықыластың сырына қайшы келмесін» деп ойлауы кемелдіктің бір үлгісі деуге болады. Майданда жүріп, жаудың қарсы алдында, оқ пен оттың арасында шәкірттеріне жігер беру үшін аса қажетті ерліктерге баруы, ат ойнатып, алғы шепте жүргенде, рухында және жүрегінде ең жоғарғы дәрежелі кемелдіктің белгісі болған ықыластың сырын бұзбауды ойлауы,

105ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІтиеді. Бірақ еріктілерге жігер беру үшін кері де қайтпайды, оқпанаға да тығылмайды. Сол жерде Уәли Мемдух Бей мен қолбасшы Кәл Алидің «Кері қайтсын» деген хабарын естігенде, - Мына кәпірдің оғы мені өлтіре алмайды, дейді.Расында да үш оқ денесінің өлтіріп жіберер жерлеріне дәл келгенімен біреуі қанжарына, екіншісі темекі салғышына тиіп, өзіне зиян келтірмеген екен. Түнде уәли Мемдух Бей мен қолбасшы Кәл Али және қарапайым халық аман-есен құтылып кеткеннен кейін, әскерлер де еріктілер де шегініп кетеді. Молла Саид бірнеше жанқияр шәкірттерімен бірге Битлистен қаша алмай қалған біршама бейшара халықты құтқару үшін өздерін пида етуге сол жерде қалады. Таң ертең жаудың бір полк әскерімен шайқасқа түседі.Достары мен шәкірттерінің көбі шәһид болады. Өзінің жиені әрі шәкірті Убейд те ұстазының жанында жүріп, ұстазы үшін өзі шәһид болады. Жаудың үш шеңбер қоршауын бұзып өтіп, тірі қалған шәкірттерімен бірге су үстіне салынған үйшікке келіп кіреді. Бір аяғы сынық, өзі жаралы халде отыз үш сағат сулы батпақтың ішінде қалады. Жоғарғы қабатта жау әскері мен офицерлері жүрсе де, қарапайым халықтың аман құтылғанына қуанып, көңілі шат күйде еді. Жанындағы достарының көңіліне демеу боларлық сөздер айтумен болады. - Жау әскері әбден жиналған кезде ғана қару қолданайық, бір-екі адамға оқ шығын қылмайық. Тіпті, сендер мені тастап кете беріңдер, бәріңді де кештім, өздеріңді құтқаруға тырысыңдар дегеніне шәкірттерін көндіре алмайды. - Сізді тастап кетпейміз, сізбен бірге шәһид боламыз, деп ұстаздарының жанында қалады. Құдайдың Құдіреті, отыз үш сағат бойы олар орыс әскерлерін көріп тұрса да, орыстар қанша іздесе де оларды таба алмай әуре болады. Шәкірттерімен бірге қолға түскен Бәдиүззаман Ван, Тбилиси, Килогрив арқылы Костромаға жөнелтіледі.соған аса мән беруі, оның мақтауға тұрарлық дінге қызмет ету, сол жолда жан аямай тер төгуі сынды, тіпті одан да күштірек рухының кемелдігіне дәлел бола алады.Молла Саидтың өмір тарихы көрсеткендей ислам әлеміне «Бәдиүззаман», «Сахибуззаман», «Фахруддеверан», «Фатинуласр» деген аттармен танымал. Бұл аттар тек сөзден ғана тұрған жоқ. Рисалей-Нұр арқылы атқарған Иман мен Құран жолындағы қызметі және милиондаған жанқияр шәкірттердің рухани тұлғасы болуы бұлтартпас дәлел, ақиқатшыл куәгер бола алады.

106БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИАрмиян жанкештілер жайлы, «Бұл жанкештілер беттері шоққа шыжғырылса да көздері ағып түскенше еш нәрсе айтпай шыдап тұра береді» дейтін әңгімелер айтылады. Мұны естіген Орыстар «Бәдиүззаманның еріктілері, Армиян жанкештілерінен асып кетеді. Сондықтан да олар біздің казактарды көп қырғынға ұшырата алды» дейді екен.Тұтқындар лагеріндегі Бәдиүззаман мынадай бір жағдайды басынан кешіреді.Бір күні орыс армиясының Бас қолбасшысы тұтқындар лагеріне тексеріске келеді. Орыстың Бас қолбасшысы Бәдиүззаманның дәл алдынан өтсе де, ол өз орнынан қозғалмай отыра береді. Бас қолбасшы ызадан булыққанымен мүмкін мені танымаған шығар деген оймен Бәдиүззаманның алдынан тағы да өтеді. Орнынан қозғалмай отырған Бәдиүззаманға тілмаш арқылы:- Мені танымады ма? – дейді.- Таныдым, Николай Николаевич емес пе?(Сілтеме )*- Олай болса, бұл әрекетің орыс армиясын, оның ар жағында орыс патшасын қорлау болып саналады.- Қорлаған жоқпын. Мен мұсылман ғалыммын. Иманды адам Аллаһты танымайтын адамнан қашан да жоғары тұрады. Сондықтан мен сенің алдыңда тік тұрмаймын. Осы әңгімеден кейін, Бәдиүззаманды бірден әскери трибуналға береді. Басқа да офицер тұтқындар кешірім берілуін өтінгенімен Бәдиүззаман, бұлардың өлім жазасына кесуі менің мәңгілік сапарға аттану паспортым болып саналады деп, қасқайып тұра береді. Өлім жазасы кесіліп, үкім оқылған соң, намаз оқып алу үшін мұрсат беруін, намаздан кейін өзіне атылар оқты көкірек кере қарсы алатынын айтады. Намазын бітіре бергенде орыстың Бас қолбасшысы келіп, кешірім өтінеді. - Бұл әрекеттеріңіздің қасиетті дініңізге беріктігіңізден екеніне көз жеткіздім. Кешірім өтінемін деп, үкімнің күшін жойғызады.* * * * *Бәдиүззаман екі жарым жылдай Россияның солтүстік аймақтарының бірі Кострома облысында тұтқында болады. Бүкіл өмірін Құранға, Исламға, Сүннет жолына арнаған жан, бұл жерде Сілтеме*: Николай Николаевич Романов Ұлы Князь. Орыс армиясының Жоғарғы Бас Қолбасшысы. 1856 Санкт-Петербург 1929 ж Антиб, Франция

107ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІде босқа отырмайды. Айналасындағы кісілерге ілім үйретіп, тұтқындарға сабақ береді. Тұтқында жүрген тоқсан офицерге сабақ беріп жатқанда, орыс офицері келіп, «Саяси үгіт» жүргізіп жатырсың деп, сабақ өтуге тыйым салады. Сабақтардың тек ғылыми, діни, өмірлік тақырыптарда екеніне көзі жеткен соң, қайта рұқсат береді.Бір күні тұтқыннан қашып шығып, Петербург, Варшава, Вена арқылы Стамбулға жетеді. Бәдиүззаман Саид Нұрси тұтқындағы өмірін бір шығармасында былай суреттейді. (Сілтеме )*Ресейдегі тұтқыннан қайтар жолдаСофияда түсірілген суретіСілтеме*:Бұл тұтқыннан оралған соң, арадан біраз уақыт өткенде Барлаға тұтқын кейпінде жер аударылған Ұстаз, өткен өмірінің кейбір тұстарын \"Жи-ырма алтыншы Леманың Он үшінші үміті\" деген атпен қағазға түсіреді. Қалаған адам сол жерге қарасын.

108БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИТұтқыннан қайтар жолда Софиядағы әскериАтташеден алған паспортыТұтқыннан қайтар жолда Софиядағы әскериАтташеден алған паспортының екінші беті

109ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАНЫҢ ТОҒЫЗЫНШЫ ҮМІТІНЕН ҮЗІНДІБірінші Дүние жүзілік соғыста тұтқынға түсіп, Ресейдің солтүстік шығысындағы Кострома деген жерде айдауда жүрген кезім. Сол жерде татарлардың шағын бір мешіті болатын. Ол мешіт әйгілі Волга өзенінің жағасында еді. Ондағы достарым, тұтқындағы әскери сардарлармен бірге тұрып жаттым. Бірақ, үнемі елегізіп жалғызсырауда болдым. Жалғыз болуды қаласам да, сыртқа рұқсатсыз жібермейтін. Татар ауылы маған кепіл болып, мешіттеріне орналастырды. Мен сол жерде жалғыз жататынмын. Көктем таяп қалған кез. Солтүстікке тән ұзақ түндердің көбін ұйқысыз өткізетінмін. Осынау қараңғы түндер мен түнек басқан өлкеде Волга өзенінің бір сарынды сарылы, жаңбырдың сары уайым секілді сытыры, желдің көңілсіз гуілі, мені ғапылдықтың ұйқысынан оятып жібергендей. Ол кезде, өзімді әлі қартпын деп, санамайтынмын. Алайда, сұм соғысты көрген кім болса да қартаяды ғой. Бейне, аятында айтылғандай балалардың шашы ағарғаны секілді, қырық жасымда өзімді сексендегідей сезінетінмін. Осынау ұзақ түндер мен түнек басқан бөтен жерде жүргенімде алыстағы елімнен де үмітім үзіліп сары уайым басты. Жалғыздық пен жарым көңіл сары уайымның ызғарында сарғайған жапырақтай қалтырадым. Міне, осындай ауыр халде жүргенімде, Құран Хаким көмекке келді.Тілім: деген қасиетті дұғаны оқыса, жүрегім де мұңын шағып былай деді: Гарибем, бикесем, заифем, натуванем, әл аман гуием, афву жуием, медет хаһем, зидергахет Илаһи.Ал, рухым елде қалған ескі достарымды сағынып, бөтен жердің топырағында қалатынымды уайымдап, Ниязи Мысри айтқандай:Әттең дүния, кетіп барам, мәңгі қайтып келмескеҚайран достар, бір көре алмай айналдыңдар елеске! - деп,

110БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИдостарымды іздеді. Міне, дәл осындай шарасыз жағдайда шынында соншалық әлсіздігім мен бейшаралығым Иләһи рахымға бөленуге себеп болды. Бұл жағдайға қазір де таңқаламын. Өйткені, осыдан бірнеше күн өткеннен кейін, жаяу жүрсе бір жылда әрең жететін ұзақ жолды жалғыз өзім, бірауыз орысша білмесем де оңай жүріп өтіп, көздеген жеріме жеткен едім.Міне, өте әлсіз, күйсіз жағдайда Иләһи жәрдемнің кереметімен қаптаған қатерден аман-есен құтылдым. Варшава арқылы, Австрияның үстімен Стамбулға жеткен едім. Ал бұл дегенің ақиқатында ақылға сыймайтын керемет болатын.Алайда, сонау Волга өзенінің жағасындағы мешіттегі ұзақ түнгі ғаламат жағдай, маған осындай шешім шығарып, тәуекел етуге итермелеген еді. Яғни, ендігі өмірімді үңгірде жалғыз өткізермін деген ой болатын. Өйткені, басқа адамдардың қоғамдық өміріне енді арласуды жөнсіз санадым. Онсыз да қабірге жалғыз барамын ғой, сондықтан қазірден бастап жалғыздыққа бой үйретейін дедім. Өкінішке орай, Стамбулдағы шулы орта менің ол ойымды уақытша естен шығарып жіберді. Бейне, сол бір бөтен жердегі ұзаққа созылған қараңғы түндер өмірімнің көзіндегі нұрлы қарашығы секілді, ал, Стамбулдың жарқын күндізі болса, сол өмір жанарымды жауып перделеген ағына ұқсайды. Иә, алдындағыны көруге жарамайтын көздің ағы секілді. Екі жылдан кейін ғана Ғаус Гейланидің «Фүтуһ-ул Ғайб» кітабын оқып, қайтадан көзім ашылды................................................................................................................................Бәдиүззаманның аман-есен Стамбулға оралуы ғылымның төңірегінде жүргендер мен қарапайым халықты қатты қуантты. Өзіне де айтпастан, Дін істері басқармасына қарасты «Дарул Хикметил Исламия» мүшесі етіп тағайындайды. Ол кездегі «Дарул Хикмет» Мехмед Акиф, Измирлік Исмаил Хаққы, Алмалылық Хамди сынды ғалымдардан құралған Ислам академиясы деңгейінде еді...Аса алғыр, батыл да еңбекқор ғалым, Ұстаздың рухани баласы есебіндегі інісі (ағасының баласы) Абдурахман (рахметуллаһи алейх) былай жеткізеді.1334 жылы (хижри) тұтқыннан келгеннен кейін көкем разы болмаса да, Ислам Академиясына мүше болып сайланды. Тұтқыннан жаңа шыққан оған біраз уақыт жұмысқа бармауына рұхсат берілді. Жұмыстан мүлдем шығып кеткісі келіп, қаншама рет арыз бергенімен

111ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІдостары жібермей қойды. Жұмысқа да кірісіп кетті. Байқаймын, өте-мөте қажет нәрселерге ғана ақша жұмсайды. Неге осыншама үнемдеп жұмсайсың дегендерге,– Мен көпшілікпен бірге болғым келеді. Халықтың басым көпшілігінің табысы аз. Ысырапқа жол беруші азшылықпен бірге болғым келмейді, деп жауап беретін.Академиядан алған айлығынан аса қажетті мөлшерін ғана өзі алып, қалғанын маған беріп “Сақтап қой“, дейтін. Мен де оның бір жыл бойғы берген ақшаларын, оның мейіріміне және дүниеге мән бермеуіне сенім артып, жұмсап жібердім. Ол маған “Бұл ақша бізге халал (адал) болып саналмайтын, халықтың ақшасы ғой неге жұмсадың? Олай болса, мен де сенің қаражат жұмсау өкілеттігіңді тоқтатып, өзімді тағайындадым“, деді.Арада біраз уақыт өткен соң, өзі жазған ақиқат жазбаларынан он екісін бастырып шығаруды қолға алды. Айлығынан жинаған ақшаларды солардың баспахана шығындарына берді. Бір-екі шағын жазбаларынан басқасын тегін таратты. Сатуға неге рұқсат бермегенін сұрағанымда,– Бұл айлықтан маған өлмес тамаққа жететіні ғана адал, басқасы халыққа тиесілі. Халыққа осылай қайтарудамын, деді.Ол жердегі қызметі көбіне осындай жеке шығармашылық істермен өтті. Ортақ жұмыстарға көп араласпады. Оны танитындар жақсы біледі, Бәдиүззаман кез келген уақытта жанын пида етуге дайын болатын. Сондықтан Дарул Хикметул Исламияда болаттай берік болды. Сыртқы күштердің ол жерді өз мүдделеріне пайдалануына жол бермеді. Бұрыс пәтуә шығарушылармен аяусыз күресті. Исламға зиян тигізер ой-пікірлер шыға қалса, соларға қарсы еңбектер жазып, жария ететін.ТҰТҚЫННАН КЕЛГЕННЕН КЕЙІНГІ СТАМБУЛДАҒЫ ӨМІРІ ЖАЙЛЫ ЖАЗҒАНДАРЫНАН(Жиырма алтыншы лема оныншы үміт)Тұтқыннан босап, Стамбулға келгеннен кейін мені тағы да екі жылдай ғапылдық басты. Саяси ағымдар ақылымды арбап, көңілімді алаң қылған күндердің бірінде Әюб Сұлтан мазары жақтағы төбеге шығып отырған едім. Осы жерден Стамбулдың айналасына көз

112БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИсалдым. Мен сонда өмірімнің аяқталып бара жатқанын байқадым. Қиял мен ой аралас бір қызық жағдайға түстім. Өзіме өзім: «Япырау, маған мұндай қиял-ой туғызған мынау қабір басындағы көктастардың жазулары ма, екен?» деп, ойға шомдым. Сол сәтте алысқа емес, дәл қабірстан жаққа қарағанымда көңіліме мынадай бір ой келді: «Мынау мазарстанда бәлкім жүз Стамбулдың халқы жатқан шығар, яғни Стамбул осы күнге дейін өз тұрғындарын осы жерге жүз рет әкеп жерлеген болар. Бүкіл Стамбул халқын мұнда әкеліп, жиып жатқан Хаким, Қадир Аллаһтың үкімінен сен де сырт қала алмассың, бір күні сен де келесің».Мен қабірдің басынан алыстап, жаңағы қиял-ойдың жетегінде Әюб Сұлтан мешітінің жанындағы бұрын да талай болған кішкене бөлмеге кірдім. Осы сәтте мен өзімнің уақытша қонақ екенімді үш жақты анық сездім. Мына кішкене бөлмеге қалай қонақ болсам, Стамбулға да қонақпын, мына дүниеге де қонақпын. Олай болса, қонақ өз жөнін жақсы білуі керек қой. Мына бөлмеден қазір шығып кететінім секілді, Стамбулдан да кетемін, онда мына дүниеден де бір күні кететінім анық...Міне, осы жағдайда өте аянышты әрі мұңлы көңіл-күй кешіп, жүрегіме де, жаныма да әлгі ой салмақ салды. Өйткені, мен бір-екі досыммен ғана қоштасқалы тұрғаным жоқ. Мен, жүздеген дос-жарандарыммен, жақсы көретін Стамбулмен де қош айтысқалы тұрмын. Мыңдаған жақын достарым жүрген мынау әсем дүниеден де кетемін ғой деген ойға шомып, қабірстан жаққа қайта бардым. Анда-санда ғибрат алу үшін синемаға баратынмын. Соның әсері ме, маған сол кезде Стамбул халқы жаппай өліп қалған, тек жер басып жүрген тірі өліктер секілді көрінді.Яғни бұрын өмір сүріп кеткен адамдардың бейнесін кинодан қазір тірі жүргендей етіп көрсетеді емес пе? Сол секілді, қабірдегі адамдар жүріп-жүрген мүрделер бейнесінде көрінді. Қиялыма былай дедім: Демек, қабірде жатқандар кинода тірі секілді жүреді ғой, дәл сол сияқты болашақта анық түрде қабірге кіретін мына адамдарды да қазір қабірде жатыр деп біл! Яғни, олар да мүрде деген сөз, қазір жүріп жүргені болмаса... Осы кезде кенет Құран Хакимнің нұры мен Гаус Ағзам Шейх Гейланидің жөн көрсетуімен әлгі қайғылы жағдайдың бәрі қуанышқа айналып шыға келді. Мәселен, әлгі қайғылы жағдайға қарсы Құранның нұры маған мынандай ой салды: Солтүстік шығыстағы

113ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІКостромада тұтқын болып жүрген кезіңде екі досың бар еді. Олардың бір күні Стамбулға қайтатынын білетінсің. Сонда біреу саған: «Досым, мұнда қаласың ба, әлде Стамбулға кетесің бе?» десе, еш ойланбастан қанатың болса Стамбулға ұша жөнелетіндей едің. Өйткені, мың жақыныңның тоғыз жүз тоқсан тоғызы сонда ғой. Мұнда, бір екеуі ғана бар, олар да кешікпей Стамбулға кеткелі жүр. Олай болса, сенің Стамбулға кетуің қайғы емес қуаныш қой. Иә, келгеніңе қазір қуаныштысың ғой? Сонау қиырдағы жау елінің қап-қараңғы ұзақ түндері мен суық күндерінен құтылғаныңа риза шығарсың. Өйткені, сен дүние жәннаты секілді Стамбулға келдің. Дәл осыған ұқсас сен туғаннан бері бірге болған ең жақын адамдарыңның жүзден тоқсан тоғызы қайтыс болып, сені қорқытып тұрған осы қабірстанда жатыр. Қазір бұл дүниеде қалған бір екі досың да кешікпей сол қабірстанға аттанады. Олай болса, өлім - айрылысу емес, қайта ең жақын адамдармен қауышу. Алайда, осы қабірстанға кеткендердің бір бөлігі мынау ескі ұясын тастап, сонау рухани әлемдегі жұлдыздар мен берзах дүниесінің қабаттарына көшіп кетті. Осы ақиқатты Құран Хаким өте анық түрде дәлелдегені соншалық, егер адамның жүрегі таза, ақылы азбаған және ғапылдық батпағына батып кетпеген болса, осының бәрін өз көзімен көргендей сенуге тиіс. Өйткені, мына дүниені өзінің шексіз мейірім, қамқорлығымен нығметке толтырып, ең елеусіз тұқым дәнектерді де аман сақтап, көктетіп-көгертетін Сани, Кәрім, Рахим Аллаһ осынау сансыз жаратылыс ішінде өзіне ең сүйікті де, сүйкімді етіп жаратқан адамзатты мына өтпелі дүниеден кейін ескерусіз, елеусіз қалдырады деп ойлау, әсте ақылға сыймайды. Сондай сүйіспеншілікпен жаратқан ғажайып пендесін із-түссіз жоқ қылмайтыны анық ақиқат. Өйткені, диқан топыраққа тұқым сеуіп, келесі көктемде бітік егін жинап алатыны секілді, Халиқ-ы Рахим, Аллаһ та, осы адам дейтін сүйікті пендесін басқа таңғажайып әлемге апару үшін топырақтың астында уақытша ұстайды. (Сілтеме )*Құраннан мұндай жақсы хабар алғаннан кейін әлгі қорқынышты боп көрінген қабірстан маған Стамбулдан да жылы көріне бастады. Мұндағы жалғыздығым маған дос-жарандармен бірге болған сұхбаттан да артық көрінді. Содан кейін, Бұғаз маңындағы Сарыиерден өзім тұрарлық бір бөлме таптым. Гаус Ағзамның (р.а.) Сілтеме*: Бұл ақиқатты екі жердегі екі төрт болатындай етіп Оныншы Сөз бен Жиырма Тоғызыншы Сөз дәлелдеген-ді.

114БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ«Фүтух-үл Ғайб» кітабы маған қалай ұстаздық етсе, Имам Раббани де (р.а.) өзінің «Мектубат» кітабы арқылы маған жол көрсетіп ұстаз болды. Міне, осы кездері жасымның ұлғайғанына, мәдениет деген мәнсіздіктен алыстағаныма, қоғамдық өмірден оқшауланғаныма риза болдым. Аллаһқа шүкір еттім.* * * * *ОН БІРІНШІ ҮМІТТұтқыннан келген соң Стамбулдағы Чамлыжа төбесінде салынған бір үйде, марқұм бауырым Абдурахманмен бірге тұратынбыз. Мұндай тұрмыс мен секілді жандарға дүнияуи жақтан жайлы өмір саналатын. Өйткені, тұтқыннан аман сау елге оралдым, Ғылым Академиясында ғылыми қызметім жалғасып жатыр. Маған деген құрмет, қошемет шамадан тыс артық еді. Мекенім Стамбулдың ең әдемі жері саналатын Чамлыжада болатын. Төрт құбылам түгел. Марқұм бауырым Абдуррахман сынды өте зерек, жанкешті, әрі дос, әрі шәкірт, әрі қызметші, әрі хатшы, бір жағынан рухани балам қасымда еді. Өзімді дүниядағы ең бақытты жандай сезініп жүрген кезімде айнадан шашым мен сақалымның ағарғанына көзім түсті. Осы сәтте Костромада тұтқында жүргендегі рухани жағдай тағы да қайталанды. Соның әсері ме екен, жүрекпен беріле жақсы көрген дүнияуи бақыт деп ойлағандарымды ой елегінен өткіздім. Бақытқа жетелейді деп жүрген себептердің қайсысын алып талдасам да бәрі өткінші, пайдасыз, алдамшы екен.Тап сол кездері, ең адал дос деп жүрген біреу, маған ойға келмейтін опасыздық жасады. Сөйтіп, дүнияуи өмірден әбден көңілім қалды. Өзі-өзіме былай дедім: «Япыр-ау, адам мұншалықты алданады екен-ау! Байқасам, ақиқатында менің аянышты хәліме көп адамдар кәдімгідей қызыға қарайды. Сонда, осынша адамның бәрі шынымен есі ауысып кеткен бе? Әлде мынау дүние параст адамдарды есі ауысқан ғып көріп отырған менің есім ауысқан шығар,Сол кезде мәңгілікті аңсайтын, алайда, фәнилікке беріліп кеткен рухым былай деді: «Иә, мен заттық тұрғыда фәнимін, онда мына фәнилерден маған не қайыр? Өзім әлсізбін, онда бұл әлсіздерден не пайда? Маған, дертіме дәрмен беретін Бақи, Сәрмәди, бір Қадир-ы Әзәли керек!».

115ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІАғасының ұлы Абдурахманмен бірге СтамбулдаСөйтіп, ең алдымен бұрыннан бері оқып келе жатқан іліміме жүгініп, ақылға жұбаныш, көңілге медеу боларлық бір сүйеніш іздедім. Ол уақытқа дейін пәлсапа ілімін Ислам ілімімен қатар үйреніп, соңында әлгі пәлсапалық ілімнің жалған екенін түсінгем-ді. Алайда, осы пәлсапалық ілім рухымды кірлетіп, рухани дамуыма көп кедергі болған екен. Міне, осындай әуре-сарсаң халде жүргенімде, Иләһи рахымның арқасында Құран Хакимнің хикметтері жәрдемге келді. Әлгі пәлсапаның кірлерін тазартты. Былайша айтқанда, фәлсафи ілімдердің бәрі рухымды дүниеге байлап тастаған-ды. Қай жағыма

116БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИқарасам да жарық-нұр көре алмай жүрдім. Сөйтіп жүргенде, Құран Хакимнен келген «Лә илләһа илләһу» сөзімен дәріс берген тәухид нұры жан-жағымды жарық нұрға толтырып, қараңғылықтан шығарды. Жаным жай тауып, терең тыныс алдым. Бірақ, дәл осы кезде өз нәпсім мен шайтан бірігіп, әлгі пәлсапа ілімі мен ғапылдықты пайдаланып ақылымды адастыру үшін шабуыл жасай бастады. «Құдайға шүкір» бұл шабуылға тойтарыс беріп, жүректің жеңісімен жетістікке жеттім. Осындай пікір-сайыстар басқа рисалелерде жазылған-ды. Сондықтан, оның бәрін соларға сілтеп, мыңдаған дәлелдерден тек біреуін ғана алға тартуды жөн санадым.Өйткені, жастық шағында жат жұрттық мәдениет пен заманауи ғылым деген атпен рухтары кірлеген, жүректері жүдеген, нәпсілері өршіп кеткен бір топ қарияларға пайдасы тиіп, олардың рухын тазартуға себі тисін деген ниетте жаздым. Тәухид туралы қате түсінік берген, шайтан мен нәпсінің кеселінен құтылсын дедім. Мәселен, Пәлсапа ілімінің уәкілі ретінде өз нәпсім былай дейді: Дүниедегі заттың бәрі өз табиғатына сай осы жаратылысқа өзіндік әсері, қатысы бар. Әрбір нәрсе бір себепке байланысты. Жемісті ағаштан, тұқымды топырақтан сұрауымыз керек. Олай болса, болмашы нәрсенің өзін Аллаһтан тілеп, Аллаһқа жалбарынудың қажеті не? Міне, осы кезде Құран нұрымен көрінген Тәухид сыры ашылды. Жүрегім әлгі пәлсапашыл нәпсіме былай деді: Болмашы, ұсақ нәрсенің өзі үлкен нәрселер секілді мына дүниенің Жаратушысы Аллаһтың құдіретімен жаратылады, оның таусылмас қазынасынан келеді. Басқаша болуы мүмкін емес. Ал себептер жәй перде ғана. Өйткені, ең маңызсыз, өте қарапайым көрінген жәндіктердің өзі шебер жаратылғаны сонша, өнер жағымен, шеберлік түрімен қарасақ, алып жаратылыстан да күрделі. Кішкене шыбын, өзінен үлкен тауықтан шебер жаратылысы жағынан артық болмаса кем емес. Олай болса үлкен кіші деп бөліп қарау мағынасыз. Не бәрін бірдей себептердің қолына тапсыру керек, я болмаса бәрін Жаратушы Аллаһқа тапсыру керек. Біріншісі тығырыққа тірелетін мәнсіз болса, екіншісі уәжіп, шарт яғни міндетті түрде солай. Өйткені, барлық нәрсені Қадир-ы Әзелиеге тиесілі десек, бүкіл нәрсе керемет тәртіппен, ғажап хикметпен жаратылып жатқанына куә боламыз. Демек, Аллаһтың шексіз ілімі бар, сол іліммен әрбір заттың нақты мөлшері белгіленіп сансыз нәрселер жоқтан үздіксіз түрде өте жылдам жаратылуда... Ол Қадир-ы Алим Кун фә якун әмірімен шақпақ шаққандай, не зат болса да, үлкен-кіші бәрін бірдей жаратып жатқанын сансыз дәлелдермен анық көрсетуде.

117ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІОл туралы Жиырмасыншы Мектуб пен Жиырма үшінші Леманың соңында дәлелденгеніндей, Аллаһ - шексіз құдірет иесі. Өйткені, таңғаларлық жағдайда жаратылып жатқан жылдамдық пен оңайлық тек қана сондай бір шексіз ілім мен құдірет Иесінің ғана қолынан келері сөзсіз. Мысалы, көзге көрінбейтін сиямен жазылған бір кітапқа осы жазуларды көрсететін өзіндік дәрі жағыла қалса, әлгі үлкен кітап бүкіл жазуларын көзге көрсетіп, өзін оқыттыра бастайды. Дәл сол секілді, әлгі Қадир-ы Әзелидің шексіз ілімінде әрбір заттың бейне пішіні түп-түгел жазылып дайындалуда. Ол Қадир-ы Мұтлақ Кун фә якун әмірімен, шексіз құдірет, теңдессіз қалауымен әлгі жазуларға жағылған дәрі секілді әсер етіп, өте жылдам әрі оп-оңай бүкіл нәрселерге бейне, пішін беріп, көзге көрсетіп, қозғалтып, өз өнерінің ғажайып әсемдігімен қоса құдіретінің бір көрінісі болған асқан күш-қуатын да паш етеді. Сөйтіп, шексіз жаратылыстағы ғажайып жазуларын оқытады. Егер, бүкіл нәрсені Қадир-ы Әзели, Алим-ы Күлли Шей жаратты демейтін болса, онда ең кішкентай деген шыбынның денесін жасау үшін дүниедегі түрлі заттың бәрінен өлшеп алатындай ғажайып таразы қажет болар еді. Және де әлгі кіп-кішкентай шыбынның денесінде қызмет етіп жатқан сансыз зәрре бөлшектердің оның денесінің хикметті құрылысын түгел білетін білімдері болуы керек. Өйткені, ақыл иелері бірауыздан мойындаған мұндай бір қағида бар, табиғи себептер ештеңені жоқтан бар ете алмайды. Егер солар жаратты дейтін болсақ, бір нәрсені жарату үшін барлық нәрсені бір жерге жинауы керек болады. Кез-келген тірі нәрсе, түрлі бөлшектер мен үлгілерден құралғаны белгілі. Былайша айтқанда, дүниедегі әрбір нәрсенің негізі бір дәнек секілді жинақталған. Олай болған жағдайда, жалғыз дәнекті жарату үшін ағаштың бойындағы бүкіл құрамын, бір жәндіктің денесін құрастыру үшін бүкіл жер бетіндегі элементерді жинап, елеп алатын елек, өлшеп алатын ерекше бір таразы қажет болады. Ал, табиғи себептер санасыз, жансыз. Аталған заттарды құрастыратын жоспар, іске асыратын жоба, тәртіппен қозғалатын тізім түзеп, қалыпқа келтіретін, үлгі модель жасайтын ілімі жоқ. Осының бәрін іске асыратын, зәрре бөлшектерді зыр жүгіртіп жұмсайтын, олар ешқайда шашырап кетпейтін, сәл де болса реттіліктен айырылмайтын жүйе болуы керек... Жаратылатын тіршілік иелері қанша көп болса да, әрқайсысы өз түр-түсімен ажыратылып, оларға сай пішін, бейне, бір-біріне ұқсамайтындай ерекшеліктермен жасалуы тиіс...

118БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИМіне, осы аз ғана шарттың өзін соқыр табиғат іске асыра алады деп ойлаудың өзі қандай ақымақтық, санаға сыймайды. Көкірегі ояу жан мұны жақсы түсінеді. Осынау ақиқатты түсіндіретін:аятының айтуы бойынша, бүкіл дүнияуи себептер (Сілтеме ) түгел *жиналып келсе де, жалғыз шыбынның бүтін денесі тұрмақ, оның жалғыз ағзасын да жаратуға шамасы жетпейді. Егер, оның дене мүшесін жинаса да, оған бір сәтке жан беріп, қозғалтып тұруға күші жетпес еді. Егер, бір сәтке солай ұстап тұрса, да әр сәт сайын өзгеріп, тазаланып тұратын зәрре бөлшектердің ғажайып тәртібін сақтап тұра алмас еді. Олай болса, себептердің жарату мәселесіне ортақ болуға ешбір қауқары жоқ. Онда, ол нәрселердің нағыз иесі мүлде басқа Біреу. Иә, олардың нағыз иесі бар.аятының сыры бойынша, Ол Жаратушы, бүкіл жер жүзіндегі тіршілік иелерінің денесін жалғыз шыбынды жаратқандай оңай жарата алады. Бір көктемді бір тал гүлді жаратқандай оп-оңай жаратады. Өйткені, ондай Жаратушы бөлшек заттарды жинастыруға мұқтаж емес. Өйткені ол, “Күн фәякүн“ әмірінің Иесі болғандықтан көктем сайын сансыз жаратылыс–тардың заттық денелерін ғана емес, сансыз сипатымен, есепсіз түр-түсімен жоқтан бар ететін...шексіз ілімінде әрбір нәрсенің түр-түсі мен модель-үлгісі түгел дайын тұратын... және бүкіл зәрре бөлшектер оның ілім мен құдірет шеңберінде әрекет ететін... әр нәрсені шақпақ шаққандай тез әрі оп-оңай жарататын Біреу. Және әрбір жаратылған нәрсе титтей де қателіксіз, өз әрекетін жалғастыра береді. Ғарыштағы сансыз ғаламшарлар бір әскери қол секілді қалай тәртіппен қозғалса, сансыз зәрре бөлшектер де дәл солай ерекше бір тәртіп, реттілікпен әрекет етеді. Өйткені, оның бәрі де Әзәли Құдіретке сүйеніп, Әзели ілімнің заң-ережелері бойынша қызмет етеді.Сол құдіреттің күшімен ғана іске асады. Шағын денелі тіршілік иелерінің маңыздылығы азайып қалмайды. Құдіретке сүйенген кішкентай шыбын, өзін құдіреттімін деген Намрудті жер Сілтеме*: Яғни, Аллаһтан өзге табынғандарыңның бәрі түгел жиналса, жалғыз шыбынды жаратуға шамалары келмейді.

119ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІжастандырды. Ұсақ құмырсқалар Перғауынның зәулім сарайын тас-талқан қылды. Самырсынның түймедей ғана тұқымы таудай ағашты басына көтеріп тұрады...Бұл ақиқаттарды көптеген рисалелерде дәлелдегенбіз. Мәселен, бір әскер өз патшасының бұйрығымен өзінен жүз мың есе артық күші бар бір шахты тұтқынға алуға шамасы жетеді. Олай болса, әрбір зат Әзели Құдіреттің қолдауымен жүз мың есе артық күш-қуатпен табиғи себептердің қауқары жетпейтін ғажайып өнерлерді жасауға шамасы келеді.Әрбір нәрсенің өте керемет, ғажап өнермен әрі тез жаратылуы шексіз ілім иесі болған Қадир-ы Әзелидің ісі екенін көрсетеді. Әйтпесе, жүз мың қайшылыққа толы себептердің ішінде мүмкіндік шеңберінен шығып, мүмкін емес жағдайға енеді. Ешнәрсе жасалмайды, жасалуы да мүмкін емес.Міне, осындай ғажайып нәзік те, теңдессіз терең әрі ап-анық дәлелдердің алдында шайтан мен адасушыларға еліктегіш нәпсім бір сөз айтуға да шамасы келмей үнсіз қалып, бәрін мойындады. «Лилләхил хамд» деп толық иманға келді. Және былай деді: Иә, маған да дәл сондай құдіретті Халиқ әрі Рабб қажет еді, ойымдағы ең елеусіз тілегімді де біліп тұратын... ең жасырын рухани қажеттіліктерімді де орындағанындай, маған мәңгілік бақытты сыйға тарту үшін мынау уақытша дүниенің орнына бақи, ақырет әлемін орната алатын...кішкентай шыбынды қалай жаратса, көктерді де солай жарата алатын... Аспанда Күнді қалай жүздірсе, көзімнің қарашығындағы зәрре бөлшектерді де дәл солай жүздіре алатын Құдіретке мұқтаж едім. Шыбынды жарата алмайтын біреу менің көңілімдегіні таба алмайды, рухани қажеттіліктерімді де қамтамасыз ете алмас еді. Көктерді жарата алмаған біреу мәңгілік бақыт дүниесін де жаратуға шамасы жетпес... Олай болса, менің нағыз Раббым көңілімдегіні тауып қуанышқа бөлейді. Көк жүзін торлаған бұлттарды әп-сәтте жиып, ашық аспанға айналдырғанындай бүкіл дүниені де ақырет дүниесіне әп-сәтте өзгертіп, Жәннатты жаратып, маған есігін ашып, «Қәне, кір!» дейді.Міне, ей менің нәпсім сияқты бақытсыздыққа ұрынып, өмірінің бір бөлшегін нұрсыз фәлсафа мен шет елдік пәндерге жұмсаған қарттар. Қасиетті Құранда үнемі қайталанып жатқан “Лә иләһә

120БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИиллә һу“ әмірінде иманның аса күшті, ақиқатқа сай, мызғымайтын, өзгермейтін негізі жатқанын түсініңіздер. Оның бүкіл рухани қиыншылықтарды жеңіп, жараларды емдеп жатқанын көріңіздер.* * * * *Стамбулда Дарулхикметте жүргенде жазған Сунухат Рисале–сінде ғажайып бір рухани жағдайды жеткізеді.ТҮСІМДЕ АЙТЫЛҒАНДАР1335 жылдың қыркүйегінде, сол кездегі оқиғалардан түңіліп, қатты күйзелуде едім. Осы қою қараңғылықтан құтқарар нұр іздедім. Рухани жақтан көрген түстей болып жатқан өңімде ол нұрды таба алмадым. Шынтуайтында өңімдей болған түсімде бір жарық көрдім. Егжей-тегжейлі айтып жатпай-ақ, маған айтқызылған кейбір нәрселерді баяндай кетейін. Оқиға былай болды. Жұма күні түнде ұйқы арқылы мысал әлеміне кірдім. Бір кісі келіп маған былай деді.– Исламның тағдырына байланысты ашылған ұлы жиынға сені шақырып жатыр.Бардым. Нұрға толы, бұ дүниеде көрмеген жандар. Сахабалардан бастап, әр ғасырдың өкілдері жиналған жиынға тап болдым. Тартыншақтанып, есік жақта тұрдым. Араларынан бір кісі:– Ей, пәлекеттер мен құлдырау ғасырының адамы! Сенің де сөз айтуға құқың бар. Өз ойыңды айт, деді. Түрегеп тұрған күйімде.– Сұраңыздар жауап берейін, дедім.Біреу сұрақ қойды.– Мына жеңілістердің нәтижесі не болады?Жеңгенде не болар еді?– Басқа түскен ауыртпалықтар, мүлдем жаман нәрселер емес. Кейде бақыт дегенің бәлеге айналады. Пәлекеттерден де бақыт туындайды.Баяғыдан бері Ила-и Келиметуллаһ пен Исламның азаттығы жолындағы жихадты өз мойнына алып, Ислам әлемі үшін жанын пида етуге дайын және халифаттың ту ұстаушысына айналған мына Ислам мемлекетінің басына келіп жатқан пәлекеттердің өтеуі, Ислам әлемінің келешек бақыты арқылы ғана өтелмек. Мына пәлекеттер, өміріміздің ұйытқысы, нәрі болған Ислам бауырластығының арта түсуін, өркен жаюын тездетіп жіберді.

121ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІБіз қиналсақ, Ислам Әлемі зар еңіреуде. Европалықтар қаттырақ тиіссе, дауыс салып жылайын деп тұр. Егер өліп кетсек, жиырма өліп, үш жүз тірілеміз. Ғажайыптар ғасырындамыз. Екі-үш жыл өліп жатып, қайта тірілгендер бар. Біз жеңілу арқылы уақытша бақытты() жоғалттық, бірақ тұрақты бір бақыт () күтуде. Болмашы ғана өзгерістермен шектеулі осы шақты келешектің ұлы өзгерістеріне айырбастаған жан ұтады, деп жауап бердім.– Түсіндіріп бер, деді.Мемлекеттер мен ұлттар арасындағы соғыс, әлеуметтік таптар арасындағы соғысқа айналып барады. Өйткені адам баласы бұғауда жүре алмағанындай, жалдамалы адам да болғысы келмейді.Егер жеңіске жеткенімізде жаудың қолындағы диктатуралық жүйеге бар күшімізбен жармасуымыз мүмкін еді. Ал ондай жүйе зұлымдыққа толы жүйе және Ислам әлемін табиғатына қайшы. Мұсылмандардың басым бөлігінің мүддесіне керағар, уақытша және іріп-шіруге бет алып бара жатқан жүйе. Егер ондай жүйеге жабысқанымызда, Ислам әлемін өз болмысына, табиғатына керағар жолға салар едік. Мына жамандықтардың ұясына айналған мәдениеттен тек қана зиян шектік. Шариғат қабыл етпейтін жамандықтары, жақсылықтарынан асып кеткендіктен адамзат одан бас тартуға пәтуа шығарған, адамзаттың оянуының, көзі ашылуының арқасында күресінге тасталуына үкім шығарылған, азғын, өркөкірек, қатыгез мәдениетті қорғап, Азияда өркенін жаюын қамтамасыз етер едік.Мәжілістен біреу, – Шариғат неге бұл мәдениетті қабылдамайды, деді. (Сілтеме )*Сілтеме*:Біздің мұрат-мақсатымыз мәдениеттің игіліктері және адамзатқа тигізер пайдасы. Мәдениеттің күнәға апарар бұзғыншылығының қажеті жоқ. Ақымақтар мұндай азғындық пен бұзғыншылықты жақсы нәрселер деп ойлағандықтан соларға еріп, бүлдіріп бітті. Сол жолда діни құндылықтарды қиып жібергенімен бұ дүниеде де қарық болған жоқ. Мәдениеттің бұзғыншылықтары, игіліктерінен асып кетті. Жамандықтары жақсылықтарынан асып түскені сол, адамзат екі дүниежүзілік соғыстың ауыр таяғын жеді. Сол күнәһар мәдениетті тас-талқан етіп, бүкіл әлемге қан құстырды. Иншааллаһ келешекте Исламның күшімен мәдениеттің игіліктері жеңіске жетіп жер бетін жаманшылықтардан тазартып әлемге бейбітшілік орнатады.

122БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИӨйткені ол бес болымсыз негізге орнатылған. Арқа сүйер жері қара күш. Қара күштің ісі зорлық. Көздегені пайда. Оның ісі басқа біреуге зиян беру. Өмірлік қағидасы күрес. Оның ісі қақтығыс. Адамдар арасындағы байланысы, басқаларды жұтудан нәр алатын нәсілшілдік пен болымсыз ұлтшылдық. Оның апарар жері осындай сұмдық соғыстар. Елітіп әкететін әдістері желіктіру, қоздыру арқылы құмарын қандыру. Ондай желігулер адамды періштелік дәрежеден иттен төмен деңгейге түсіреді. Адамның рухани құлдырауына себеп болады.Мына мәденилердің ішін сыртқа айналдырсаң, көбісінен қасқыр, аю, жылан, шошқа, маймылдың кейпін көресің. Сондықтан да мына мәдениет адамзаттың жүзден сексенін қиыншылықтар мен әбігерге салып қойды. Он пайызын өтірік(қияли) бақытқа жеткізді. Қалған онын екі ортада қалдырды. Нағыз бақыт – баршаны немесе көпшілікті қамти алатын бақыт. Мыналар азғантай ғана топты қамтып отыр. Адамзатқа мейірім төккен Құран, баршаның немесе көпшіліктің бақытына негізделген мәдениетті ғана қабыл көреді.Сондай-ақ, бетімен кеткен әуестіктің кесірінен, қажет емес нәрселер, аса қажет нәрселердің орнын басып отыр. Бұрын адам төрт нәрсеге ғана мұқтаж болатын. Мәдениет жүз нәрсеге мұқтаж етіп, пақырға айналдырды. Еңбек, шығындардың орнын баса алмаған соң, алдауға, харамға араласуға итермелеп, мінез-құлықты бұзды. Жалпыға берілген байлық пен атақтың орнына, жеке адамдарды кедей, арсыз етіп жіберді.Ежелгі дүниенің бүкіл жабайлықтарын мына мәдениет бір ретте-ақ құсты. Ислам Әлемінің мына мәдениетті қабылдаудан бас тартуы, оған қарсы салқын қабақ танытуы, қабылдай алмай қиналуы назар аударарлық жағдай. Осылай қашқақтау арқылы ғана таза тұрған шариғаттағы Аллаһ көрсеткен тура жолға, Римдік философияның даналықтарын тықпалауға болмайды. Олар өз ара үйлесім таппайды. Тура жол бағынышты бола алмайды. Бір негізден егіз туғандай болып ортаға шыққан, Ежелгі Рим мен Грек, екі философия арқылы су менен майдай болып ғасырлар бойы мәдениет пен Христиандықты араластырып жібергісі келсе де өз тәуелсіздіктерін сақтап қала алды. Бұл екі рух, басқаға қонғандай болып, қазір басқа бейнеде өмір сүріп жатыр. Егіз туған екеуі оларды біріктірер қаншама себептерге қарамай біріге алмай тұрса, Шариғаттың рухы болған хидает нұры ондай қараңғы, лас мәдениеттің негізі болған Рим философиясымен ешқашан біріге алмайды. Оған сіңіп кетпейді, дедім.

123ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІТағы да– Нұрлы шариғаттағы (Исламдағы) мәдениет қандай? деген сұрақ қойылды.Мұхаммедтің (с.а.у.) шариғатына орныққан және әмірлеріне мойынсұнған мәдениет, қазіргі мәдениетті жарып шығады. Оның болымсыз негіздерінің орнына болымды негіздер орнатады. Арқа сүйер жері күш емес хақ. Ал, ол атқарар іс, әділет пен жүйе. Мақсаты пайда емес, Иман арқылы даму. Оның ісі(сәні) сүйіспеншілік пен бауырластық. Бірігер жері нәсілшілдік пен ұлтшылдықтың орнына діни бауырластық, отан сүйгіштік, әлеуметтік бірлік бар. Бұлардың атқарар ісі шынайы бауырластық, бейбітшілік, сыртқы жауға қарсы қорғану. Өмірлік қағидасы күрес емес, көмек. Мұның ісі бірлік пен бір-біріне арқа сүйеу, желігудің орнына жалбарыну бар. Оның атқарар ісі адами даму, рухани кемелдік. Әуестікті шектейді, нәпсінің жеңілтектігінің орнына рухтың ұлы сезімдерін қанағаттандырады. Демек біз жеңілу арқылы екінші жолға түстік. Зұлымдыққа ұшыраған, жапа шеккен көпшіліктің жолына. Басқалардың сексен пайызы жапа шеккен болса мұсылмандардың тоқсан, тіпті тоқсан бес пайызы жапа шекті. Ислам Әлемі мына екінші жолға немқұрайлы қарап, сүйенішсіз қалып, бүкіл еңбегі еш кетуінің және өзгерістерге ұшырап қалудың орнына, ақылға келіп, оларды Ислами жолға бағыттап өзіне қызмет еткізуі керек. Өйткені жауыңның жауы қанша жауласса саған дос. Ал жауыңның досы саған жау. Бұл екі ағым бір-біріне керағар. Мақсаттары басқа болғандықтан біреуі «Өл» десе екіншісі «Тіріл» дейді. Біреуі зиян беріп, алауыз болуымызды, құлдырауымзды, әлсіреуімізді, ұйықтап жата беруімізді қаласа, екіншісі күш жинауымызды, ауыз біршілігімізді қалайды.Шығысқа деген дұшпандық, Исламның өркендеуіне кедергі еді. Ол қазір жойылу үстінде, жойылуы керек. Батысқа деген дұшпандық мұсылмандардың бірігуіне, бауырластықтың артуына әсер етер бір себеп, оның қала бергені жөн...Бірден мәжілістен мақұлдаулардың нышандары байқала бастады. Олар, Иә, үміт үзбеңдер, алда болатын төңкерістердің ішіндегі ең зор дауыс, Исламның даусы болады! деді.Тағы бір сұрақ қойылды.– Басқа түскен ауыртпалықтар, кемшіліктердің нәтижесі немесе алда берілер жарылқаулардың бастамасы. Сендер тағдырға мынандай қиыншылықтар тартуға пәтуә бергізетіндей не істедіңдер? Қоғамда орын алатын пәлекеттер, көпшіліктің қатесінен туындайды.

124БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИҚазір алар сыйлықтарың не болмақ? Мен де былай дедім. – Мұның басы Исламның үш негізгі шартын дұрыс орындамау. Намаз, Ораза, Зекет, Аллаһ бізден жиырма төрт сағаттың бір сағатын намаз оқуымыз үшін қалады. Жалқауландық. Бес жыл бойы жиырма төрт сағат жүгіртіп, машақат тартқызу арқылы намаз оқытқандай болды. Жылына бір ай ораза тұтуымызды қалады. Нәпсімізді аядық. Бес жыл өтеуін өтетті. Өзі берген малдың оннан бірін, қырықтан бірін зекет ретінде беруді қалады. Сараңдық жасадық, зұлымдық жасадық. Аллаһ та бізден (жиналып) қалған зекетімізді алды.Қазіргі пайдамыз мынау: Пасық күнәһар халықтың бестен бірі болар төрт миллион адамды әулиелік дәрежеге шығарды. Ғази болды, шәйт кетті. Ортақ қателіктерден туындаған ортақ ауыртпалықтар, өткен шақтың күнәларын жуып жіберді. Біреу былай деді.- Бір басшы қателесіп, елді пәлекеттердің ортасына тастап жіберген болса ше?- Жапа шеккен жан, сыйлық сұрайды. Не сол қателескен басшының игіліктерінен беріледі не ғайби қазынадан беріледі. Мұндай істерге ғайби қазынадан берілер сыйлық шәһидтік дәреже мен ғазилік. Қарасам, мәжіліс жақсы қабылдады. Өз толқуларымнан оянып кеттім. Терлеп кетіппін, екі қолымды алдыма ұстаған қалпымда төсекте отыр екенмін. Сол түнді осылай өткіздім.* * * * *Бәдиүззаман, басқа кітаптарды пайдаланбайтын.- Басқа кітаптарға неге қарамайсыз? деген сұраққа- Ойымды басқа нәрселерден таза ұстап, Құранды түсінуге тырысамын дейтін.Кейде басқа кітаптардағы аса маңызды мысалдарды пайдаланар болса сөйлемдерді қаз-қалпында алатын.Қаз-қалпында қайталаудың не қажеті бар? деген сұраққа- Ақиқаттар жалықтырмайды, сыртқы бейнесін де өзгерткім келмейді дейтін.Бәдиүззаманның Құран Ақиқаттары жайлы он екі кітап жазғаны жайлы жоғарыда бір ауыз айтқанбыз. (Сілтеме )*Сілтеме*:Бәдиүззаман Саид Нұрси Хазреттің Стамбулда және кейбір

125ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІбөлімдерін кейінірек Анкарада бастырған жазбаларын қырық жылдан кейін «Арабша Мәснәуи-и Нурие» атты жинаққа енгізіп бастырған еді. Сол Мәснәуи-и Нуриенің кіріспесінде бұл кітап жайлы былай делінген. «Қырық-елу жыл бұрын Бұрынғы Саид ақли ғылымдар мен философияға көп мән бергендіктен ақиқаттардың ақиқатын зерттеуде тариқатшылар мен ақиқатты зерттеушілер сияқты бір жол іздеді. Тариқаттағылардың басым көпшілігі ұстанатын тек қана жүрекпен әрекет етуге қанағаттанбады. Өйткені оның ақыл-ойы философиялық түсініктерден жараланған еді. Емделуі керек еді. Жүрекпен де, ақылмен де ақиқатқа барар жолды тапқан, Ұлы ақиқатшылдарға ергісі келді. Қараса олардың әрқайсысының өзіндік тартымды ерешеліктері бар екен. Қайсысының соңынан ерерін білмей, абдырап қалды. Имам Раббани де оған ғайби түрде «Тәуһид-і Қыбле ет» - деген еді. Яғни бір ғана ұстаздың артынан ер деген еді. Бұрынғы Саидтың ауыр жаралы жүрегіне мына нәрсе келді. «Нағыз ұстаз-Құран», ендеше тәуһид-і қыбле сол ұстаздың артынан еру арқылы ғана болмақ. Сол ұстаздың үйретуімен жүрегі де рухы да ғажайып бір жағдайда өрлей бастады. Нәпсісі де әр-түрлі шек-шүбәлар арқылы рухани да ғылыми да күрестерге итермеледі. Транстық жағдайда жүріп рухани дәре желерге көтерілушілердің жеткен дәрежелеріне Имам Ғазали, Мәуләна Жала-леддин, Имам Раббани сияқты жүрек, рух, ақыл көздері ашық күйінде аралай-тын болды. Аллаһқа шексіз шүкір. Құраннан алған сабақтарының арқасында ақиқатқа жол тапты. Тіпті ақиқатына да жеткендігін жаңа Саидтың Рисалей-Нұрлары арқылы көрсетті. Мәуләна Жале-ледин, Имам Раббани, Имам Ғазали сияқты ақыл мен жүректің үйлесімі арқылы жылжыған соң, бәрінен бұрын жүрек пен рухтың жараларын емдеп, нәпсінің шек-шүбәларынан құтылуға, тырысып, Аллаһқа шүкір, Бұрынғы Саид Бүгінгі Саидқа айналды. Түп нұсқасы Парсыша, кейіннен Түрікше жазылған «Мәснәуи Шәріп» сияқты ол да Арабша «Қатре», «Хубаб», «Хаббе», «Зуһре», «Зерре», «Шемме», «Шуле», «Лемалар», «Решхалар», «Ласиемалар» атты дәрістерімен Түрікше «Ноқта» және «Лемаат» атты жазбаларды өте аз уақыт ішінде жа-зып бастырған еді. Бұл ұстанымдарды жарты ғасырдан астам уақыт бойы Рисалей-Нұр арқылы жеткізіп, нәпсімен, шәйтанмен ғана емес, айналадағы не істерін білмей дал болғандар мен адасу жолына түскен философтарға қарсы күресте Рисалей-Нұр аса ауқымды жалпылық сипаттағы Мәснәуиге айналды._________________________________________________________Сол көшет дайындайтын орынға айналған Мәснәуи, іштей зікір салатын тариқаттар сынды, ішкі жан дүниені дамытып, жүрек пен рухқа жол аша білді. Оның бақшасы саналар Рисалей-Нұр ішкі жан дүниесін де дамытып, дауыстап зікір салушылар сияқты, айналадағыларға да назар аударып, Аллаһты таны-стырар жолды барлық жерден де көрсетіп беруде. Мұса Алейһиссаламның асасы сияқты кез келген жерден имани бұлақтар шығаруда.Сондай-ақ Рисалей-Нұр философтар мен ғұламалардың жолымен жүрген жоқ. Құранның рухани мұғжизасы ретінде, кез келген нәрседен Аллаһты та-

126БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИБұл жазбалардың үш-төртеуі Түрікше басқасы Арабша. Осы уақытқа дейін ешқандай кітапта кездеспеген баяндау әдісін қолданып, ақиқаттарды дәлелдеп беруде. Дарулхикметте қызмет істеп жүргенде басынан өткен рухани толғаныстарды кейінрек былай жеткізген еді.Дарулхикметте жүргенде сезінген рухани толғаныстар мен жан дүниесіндегі аласапырандарды бір хатында былай жеткізеді:Осыдан отыз жыл бұрын, Бұрынғы Саидтің бейқам басына қатты соққылар тиді, «әл-мәуту Хаққун» үкімі жайлы ойлады. Ол өзінің ұйыққа батқанын көрді. Медет сұрады, жол іздеді, құтқарушы қалады. Байқаса, жолдар әртүрлі, абдырап қалды. Ғаус Ағзам Шейх Гейланидің (р.а.) «Футух-ул-Ғайб» атты кітабын ашып, бағдар іздегенде:шықты.Бір ғажабы, сол кезде мен Ислами Хикметтер Орталығының мүшесі едім. Өзімше мұсылмандардың жараларын емдеуге тырысқан бір дәрігер едім. Ал шындығында, ең ауыр науқас өзім болатынмын. Науқас жан әуелі өзін емдеуі, сонан кейін өзге науқастарға қарауы керек қой.Хазреті Шейх маған былай деді: «Сен өзің науқассың, өзіңе емші ізде!»Мен: «Сен емшім бол!» -дедім. Өзімді оның тыңдаушысы деп санап, ол кітапты маған арнап сөйлеп жатқандай оқыдым, алайда кітабы өте қатаң еді. Менмендігімді аяусыз соққылауда болатын. Нәпсіме адам төзгісіз ота жасады. Шыдай алмадым, жартысына дейін өзімді оның тыңдаушысы етіп оқыдым, бітіруге төзімім жетпеді. Ол кітапты сөреге қойдым. Дегенмен кейін, шипалы отадан туындайтын ауырсынулар кетті де, рахаттанып қалдым. Сол бірінші ұстазымның кітабын кейін толық оқып шықтым және көп пайдасы тиді. Оның зікірі мен мінәжатын тыңдадым, өте пайдалы рухани нәр алдым.Кейін, Имам Раббанидің Мектубат кітабын көріп, қолыма алдым.Таза ниетпен аштым. Ғажабы сол, бүкіл “Мектубатында” тек екі жерде «Бәдиуззаман» сөзі бар. Сол екі хат маған бірден ашылды. ныстырар терезе ашты. Бір жылдық шаруаны бір сағатта атқарды. Құранға тиесілі бір сырды ашу арқылы мынандай сұмдық заманда қаптаған жауға алдыр-май, жеңістен жеңіске жетуде.

127ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІСол хаттардың басында «Мирза Бәдиүззаманға Хат» дегенді көрдім. Әкемнің аты Мирза болғандықтан, «Фәсубханаллаһ!» дедім, бұл маған айтып жатыр. Ол кезде Бұрынғы Саидтің бір лақабы «Бәдиүззаман» болатын. Ал һижраның үш жүзінші жылындағы Бәдиүззаман Һамаданиден басқа ондай лақаб атпен мәшһүр болған адамдарды білмеуші едім. Алайда, Имамның заманында да сондай бір адам болған екен де, әлгі екі хатты соған жазыпты. Ол кісінің халі, менің халіме ұқсайды екен. Әлгі екі хатты өз дертіме дауа деп білдім.Имам сол хаттарында және басқа да көптеген хаттарында қайта-қайта былай өсиет етеді: «Қыблаңды Таухид қыл!» яғни: «Біреуді ғана ұстаз тұт, соның артынан ер, басқалармен шұғылданба!». Осы ең маңызды өсиеті, менің қабілетім мен рухани ахуалыма үйлеспеді. «Мынаның артынан кетейін бе, әлде ананың ба, болмаса келесі біреудің соңынан ерейін бе?» деп сан рет ойландым. Тығырыққа тірелдім. Әрқайсысының әр түрлі тартымды қасиеттері бар еді. Тек біреуіне қанағат ете алмадым. Тығырыққа тірелген кезімде, Хақ Тағаланың мейірімімен көңіліме «Бұл әртүрлі жолдардың басы және бұл жылғалардың көзі, мына ғаламшарлардың күні – Құран Хаким, нағыз қыбланы таухид қылу сол болады. Ендеше, ең үлкен мүршид, ең киелі ұстаз да Сол» деген ой келді. Соған жабыстым. (Сілтеме )** * * * *«Бірінші Дүниежүзілік соғыста жеңіліс табуымыздан қатты күйзелетініңізді байқап жүрміз» дегендерге жауап:– Мен өз басыма түскен ауыртпалықтарға шыдадым. Бірақ, мұсылмандардың басына түскен қиыншылықтар менің еңсемді көтертпейді. Ислам әлеміне тиген соққылар, ең бірінші, менің жүрегіме тиіп жатқанын сеземін. Осынша қиналуымның себебі осы. Бірақ бір жарық көріп тұрмын. Сол нұр мына күйзелістерімді ұмыттыратын шығар, ИншаАллаһ.Сілтеме*:Жазбаның аяқ жағында: «Кемшін, қолынан көп нәрсе келмейтін қабілеттерім әрине ол ұлы ұстаздың (құранның) өмірге нәр берер фейзін ала ал-майды. Бірақ әулиелердің дәрежелеріне қарай, сол фейздермен өмірге нәр берер сыйлықтарды көрсете аламыз. Демек Құраннан жеткен «Сөздер», «Нұрлар» тек қана ақыли мәселер емес. Жүрекке, рухқа, болмысқа әсер етер имани мәселелер және Аллаһты түсіндірер аса құнды нәрселер» дейді.

128БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИСтамбул да ел мүддесі үшін атқарған еңбектерінің ең маңыздысы, ең әсерлісі «Хутуват-ы Ситте» (Алты қадам) еңбегін жариялап, қатыгез залымдардың бетіне түкіруі. Ислам дінінің абыройлы намысын жауға таптатпауы. Шетелдік басқыншылар Стамбулды басып алған кезде, Англикан шіркеуінің дінбасы, Ислам дін істері басқармасына қойған алты сұрағына, алты түкірікпен жауап қайтаруы, өжеттігі мен кемелдігін ісімен дәлелдеу еді. «Хутуват-ы Ситте» жарыққа шыққан кезде, Чанаккале (Дарданель) бұғазында кескілескен ұрыстар жүріп жатқан еді. Стамбулға басып кірген ағылшынның Бас қолбасшысына бұл шығарманы көрсеткен кезде, дереу тұтқындалып, өлім жазасына кесу керектігін бұйырады. Бірақ Бәдиүззаман өлтірілер болса, Анатолияның шығыс бөлігі түгелімен ағылшындарға қарсы көтерілетінін және олардың ешқашан ағылшындармен бітімге келмейтінін жеткізген кеңесшілердің сөзінен кейін, еш нәрсе істей алмай, шарасыз қалады. Стамбулдағы ағылшындар, құйтұрқы әрекеттерімен Шейхул Исламды және басқа да ғалымдарды ырықтарына көндіруге тырысып жатқанда, Бәдиүззаман өз шығармаларында ағылшындардың Ислам әлемі мен түріктерді отарлау саясаттарының құйтұрқылығын, тарихи дұшпандықтарын әшкерелеу арқылы олардың ойын іске асырмай тастайды. Анадолыдағы Ұлт азаттық қозғалыстарға қолдау білдіреді. Мұны өз аузынан тыңдайық. «Бір кездері, ағылшындар Стамбулға басып кірген кезде, сол елдің ең үлкен шіркеуі Англикан шіркеуінің дінбасы Ислам ғұламаларына алты сұрақ қойды. Мен ол кезде Ислам Академиясында қызмет ететінмін. Олардың қойған шарты бойынша, алты сұраққа алты жүз сөзбен жауап беруіміз керек екен. Мен, алты жүз түгіл алты сөзімді де шығын қылмай, беттеріне бір түкірікпен жауап беремін. Өйткені ол ел, алқымымыздан алып, кеудемізден басып тұрғанда дінбасылары тәкәппарлықпен жауап талап етіп отыр. Ондайлардың бетіне түкіру керек. Түкіріңдер залымдардың мейірімсіз бетіне!» деген едім.* * * * *Бәдиүззаманның Стамбулдағы Отан үшін атқарған ерен еңбектерін көріп отырған Анкара Үкіметі оны жоғары бағалап, Анкараға шақырады. Мұстафа Кемал Пашаның шақыртуларына:

129ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІМен қауіпті жерлерде жүріп, арпалысуды қалаймын. Алыста тұрып, атысуды ұнатпаймын. Анадолыға қарағанда бұл жерлер қауіптірек деп білемін - деген жауаптар қайтарады.Үш рет шақырғанымен келтіре алмайды. Ванның бұрынғы губернаторы, байырғы досы Тахсин Бейдің араласуымен Анкараға келеді.Анкара қошеметпен қарсы алады. Өкінішке орай мұндағы жағдай үмітін ақтамайды. Ұлттық мәжіліс, діни құндылықтарға селқостық танытуда, батыстық үлгілер деген желеудің артында Түрік халқының тарихи құндылықтары мен Ислами нышандардың аяқ асты болып жатқанын көреді. Депутаттардың көбі намаз оқымай кеткендіктен, олардың намазға мән беру керектігі жайлы баяндама жазып, таратады. Оның мәтінін Қазым Қарабәкір Паша мен Мұстафа Кемал Паша да оқиды. Баяндаманың мәтіні былай еді:Ей, Ислам жолында арпалысып жүрген мүжаһидтер! Осы күнгі жағдайлардан хабардар депутаттар!Мына пақырдың бір мәселеге байланысты он ауыз сөзін тыңдауларыңызды өтінемін.1. Мына жетістіктер баянды болып, жалғаса беруі үшін шүкір етуді талап етеді. Шүкір етілмесе мұндай нығметтер бізден сырт айналады. Аллаһ таупық беріп, Құранды жаудан қорғап қалдыңыздар. Олай болса, сол Құранның ең айқын әмірі саналар «намаз оқу» деген парызды орындауларыңыз керек. Әйтпесе, оның береке, фейзі сіздерге бұйырмайды.2. Бүкіл Ислам әлемін қуанышқа бөледіңдер. Сіздерге деген сүйіспеншілігін оятып, өздеріңізге назар аударттыңыздар. Ал ондай сүйіспеншілік, сіздердегі Ислами нышан-белгілердің тұрақтылығы арқылы жалғасын табады. Өйткені, бүкіл мұсылмандар Сіздерді Исламият үшін жақсы көруде.3. Бұл дүниеде, әулиелік дәрежеге шығар ғазилар мен шәһидтерге қолбасшы болдыңыздар. Құранның анық әмірлерін орындау арқылы, о дүниеде де сол нұрлы жамағатпен бірге болуға тырысу нағыз отансүйгіштердің ісі емес пе? Әйтпесе, бұл жерде қолбасшы болғанмен, ол жерде

130БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИқарапайым жауынгерден шапағат сұрауға зар болып қаласыңдар. Мына құнсыз дүниенің атақ-даңқы есі дұрыс, ақылы бар жанның жабысатын нәрсесі емес. Ондай нәрселерді негізгі мақсат тұтуға болмайды, олар бәрібір адамды қанағаттандыра алмайды.4. Мына мұсылман халықтың қай тобын алсаң да, өздері намаз оқымаса да, тіпті, пасық болса да, басшыларының діндар болғанын қалайды. Тіпті, бүкіл Күрдістанда қалыптасқан жағдай бойынша, кез келген мемлекеттік қызметкерге қойылар бірінші сұрақ, намаз оқи ма екен? Намаз оқитын болса, ол адамға толық сенім білдіреді. Оқымаса, қанша мақталса да, күмәнмен қарайды. Бір кездері Бейтүшшебабтағы рулар көтеріліске шықты. Мен барып, мән-жайды сұрадым? - Біздің әкім намаз оқымайды екен, ондай дінсіздерге қалай бағынамыз, деді. Ал бұл сөздерді айтып тұрғандардың өздері де намаз оқымайтындар. Тіпті, араларында қарақшылар да бар еді.5. Пайғамбарлардың көпшілігі шығыстан шығып, философтардың басым көпшілігі батыстан шығуы, тағдырдың бір белгісі іспетті. Шығысты өркендетіп, дамытушы күш дін мен руханият. Ақыл мен философия емес. Шығыстағы халықтарды оятып, оларға серпін бердіңіздер. Енді олардың болмыстарына тән жол, үлгі көрсетіңіздер. Әйтпесе, еңбектерің босқа кетеді. Немесе тамыры тереңге бармайды.6. Бізге де, Исламға да жау дұшпанымыз ағылшындар, сіздердің дінге селқос қарауларыңызды өз пайдаларына жаратуда. Тіпті, дінімізге деген немқұрайлылығымызды пайдаланып отырған адамдар, Исламға кемі грек әскеріндей зиян тигізуде. Мұсылман халықтың бақыты үшін мұндай селқостықты қойып, парыздарға мән берулеріңіз керек.7. Кәпірлер баяғыдан бері өздерінің мәдениеті бар, философиясы бар, ғылымы бар бүкіл күштерімен Ислам әлеміне қанша шабуылдап, материалдық жақтан басым түссе де, діни тұрғыдан жеңіске жете алмады. Ислам жамағатының өз ішіндегі бұра тартушы, ойы бұзық топтар азшылықта қалып, көпшілік жамағат сүннетке сай жолмен Исламның шын болмысын, мызғымас беріктігін сақтап тұрған кезде, Еуропаның азғын мәдениетінен сүзіліп шыққан бидғаттарға Исламда орын жоқ.Демек, Ислам әлемінде жаңаша даму жолындағы бір іс бастау үшін, Ислами қағидаларға толық сай келетін жұмыстар атқару керек. Басқаша болмайды, бұрын да болмаған. Жасағысы келгендер құрдымға кеткен.

131ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ8. Діннің әлсіреуіне себеп болып отырған Еуропаның азғын мәдениеті тозып бітуге жақын қалғанда, ал Құран мәдениетінің өрлеу кезеңінде дінімізге немқұрайлылық танытып, парыздарды орындамау, жақсылыққа апармайды. Ал, бұзғыншылыққа апаратын, бұра тартатын бір істің Исламға не қажеті бар. 9. Сіздердің жеңістеріңіз бен қызметтеріңізге ризашылық танытып, сіздерді жақсы көрушілер негізінен қарапайым халық, ал олар дініне берік шынайы мұсылмандар. Сіздерге шын көңілден сүйіспеншілік танытып, қолдау көрсетуде. Сіздер де Құранның әмірлерін орындау арқылы сол шынайы мұсылмандарға арқа сүйеулеріңіз керек. Бұл – Исламның өркендеуі үшін өте маңызды мәселе. Әйтпесе, Исламнан сырт айналған, тексіздер мен Еуропаға еліктеп, есі шығып жүргендерге сенім арту Ислами ақиқаттарға үйлеспейтіндіктен Ислам әлемінің көңілін суытып жібереді. Олар сізден сырт айналып, басқадан көмек күтетін болады.10. Бір жолда тоғыз қауіпті ықтимал, бір ғана аман өту ықтималы болса, сол жолға түскен адам ессіз батыр, нақұрыс болуы керек. Жиырма төрт сағаттың біреуі ғана жұмсалатын намазда жүзде тоқсан тоғыз бақытқа бөлену ықтималы бар. Әрі бұл дініміздің талабы. Жалқаулықтан туындайтын бір ықтималдық дүниелік ауыртпалығы болуы мүмкін. Ал парызды орындамау, жүзде тоқсан тоғыз ықтимал зиян. Бейқамдық деген сезім ғана бір пайыздық үміт беруі мүмкін. Сонда, дініне де, өміріне де зияны тиер парыздарды орындамауға не нәрсе сылтау бола алады. Сіздер секілді қолбасшылар мен депутаттарға жұрт еліктейді. Немесе сынға алады. Сынға алса да, еліктесе де, екеуі де зиянды нәрсе. Қаншама бұйрықтар мен дәлелдерге құлақ аспай, нәпсінің сандырағы мен шайтанның азғыруына еріп жүрген кісілермен бірігіп, үлкен іс атқару мүмкін емес. Мынадай ұлы төңкерістердің іргетасы берік болуы керек...Мына мәжілістің рухани күші, патшалық биліктің орнын басуда. Егер Ислами шариғатқа мойынсұнып және мойынсұндырып Халифалық міндетті қоса атқармаса, күнделікті өмірде төрт нәрсеге мұқтаж. Ол өзгермес қағидаларға негізделген күніне бес рет діни құлшылыққа мұқтаж, болмысы бұзылмаған, мәдениеттің ойындарына алданып, рухани мұқтаждықтарын ұмытпаған мына халық діни қажеттіліктерін қамтамасыз етпесе, онда Халифалық міндетті өздерің қабылдаған атқа, сөзге беретін боласыңдар. Ол міндетті атқару үшін күш керек болады. Мәжілістің қолында

132БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИболмаған, мәжіліс арқылы жасалмаған ондай күш, алауыздыққа жол ашады. Алауыздық аятына қайшы келеді.Қазіргі кез жамағат болатын, бірігетін заман. Жамағаттың рухани тұлғасы әрқашан мығым болады. Жалғыздың игілігі де, жамандығы да шектеулі. Жамағаттың бұл қасиеттері ауқымды болады. Сыртқы жауға қарсы тұруда жеткен жетістіктеріміздің құнын, іштегі бүлдірушілеріміздің кесірінен түсіріп алмайық.Біздің қас-дұшпандарымыз Ислами нышандарды бұзғысы келеді. Ал біз оларды сақтап қалуға міндеттіміз. Біздің не істеп жүргенімізді білмей селқостық танытуымыз, өз ісін жақсы білетін жауға жәрдем беру болып саналады. Дініміздің шарттарын ауырсыну, халықтың әлсіздігін көрсетеді. Әлсіздік танытуымыз, жауға күш береді. * * * * *Бұл баяндама, намаз оқитындардың қатарына тағы да алпыс депутаттың қосылуына себеп болады. Шағын намазхананы үлкен бөлмеге ауыстыру керек болады. Бұл оқиға Төраға мен Бәдиүззаманның арасында үлкен дау тууына себеп болады. Бір күні басшылық жиналысында елу-алпыс депутаттың өзара пікірталасы кезінде Мұстафа Кемал Паша.– Сіз секілді ержүрек ғалым бізге керек-ақ. Сізді мұнда пікірлеріңізден пайдаланармыз деген оймен шақырдық. Ал сіз, намазға қатысты нәрселер жаздыңыз. Арамызға жік салдыңыз, дейді.Бұл сөзден кейін Бәдиүззаман ақылға қонымды жауаптар беріп тұрып, ашулы түрде екі саусағын Пашаға қарай созып тұрған күйі былай дейді:– Паша! Паша! Исламияттағы иманнан кейінгі ең үлкен ақиқат – намаз. Намаз оқымаған адам – қиянат жасаушы адам. Ал қиянатшыл адамның жазасы – қоғамнан аластатылу, дейді. Паша райынан қайтып, еш нәрсе істей алмай қалады.Бәдиүззаман Анкарада жүрген кезінде, өзінің ең негізгі мақсаты шығыста университет ашқызу мәселесін көтерумен болады. Бір күні депутаттарға: Мен баяғыдан бері осы университетті ашқызуға

133ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІтырыстым. Сұлтан Решад пен сол кездегі үкімет жиырма мың алтын лира бөлдірді. Сіздер де осыны қолдаңыздар, дейді. Мәжіліс жүз елу мың банкнот бөлуге қарар береді. Депутаттар қол қоюы керек болады. Кейбір депутаттар,– Сен тек медресе программасын оқытқың келеді. Ал қазір біз батысты үлгі тұтуымыз керек, дейді.Бәдиүззаман: Шығыс Уәләяттар Ислам әлемінің орталығы іспетті. Жаңа пәндердің жанында діни ілімдердің оқытылуы өте-мөте қажет. Шығыстың дамуы дін арқылы болмақ. Ол жақтағы ұлттың да, отанның да дамуы діни ілімдерге негізделу керек. Әйтпесе, ұлты түрік емес мұсылмандар, түрікке деген бауырластықты сезінбейді. Бүгінгі таңда осынша жауға қарсы бір-бірімізге арқа сүйеуге, көмек беруге, сенім артуға мұқтажбыз. Осыған байланысты бір оқиғаны айтып берейін. Баяғыда менің бір күрд шәкіртім бар еді. Бұрынғы медресемде сабақ алған өте зерек шәкірт еді. Діни сабақтардағы мұсылмандар арасындағы бауырластық жайлы тақырыптардан әсер алып, тақуа, салих бір түрікті, дініне селқос, пасық бауырымнан, тіпті әкемнен де жақын туысым деп білемін, дейтін. Өкінішке орай, кейінірек әлгі шәкіртім тек қана батыстық үлгідегі пән ғылымдарын оқыпты. Арада төрт жыл өткен соң, тұтқыннан келгеннен кейін әлгі шәкіртіммен қайта жолықтым. Әңгіме барысында ұлттық тақырыптар да қозғалды.– Қазір мен рафизи (сүнниттік жолға қайшы келетін теріс ағым) бір күрдті түріктің тақуа молдасынан артық көремін, деді. «Әттеген-ай, осынша өзгеріп кеткенің бе?» дедім. Бір апта әңгімеден соң бұрынғы жағдайына қайта оралды. Ей, депутат мырзалар! Сол шәкіртімнің әуелгі жағдайы түрік халқына қаншалықты қажет болса, соңғысының қаншалықты зиян екенін өз ойларыңызға қалдырамын. Демек басқа жақтарда саясат жолында дінге немқұрайлылық танытсаңыздар да (олай бола қоймас), шығыс жақта діни сабақтар өткізу аса қажет. Бұл ақиқаттарды тыңдаған депутаттардың қарсы болғандары сыртқа шығып кетеді де, 163 депутат қол қойып, қолдау танытады.* * * * *Бәдиүззаман жас кезінен-ақ ойлап жүрген және сол жолда өмірін пида етуге дайын болған және өмірінің мәні, нәтижесі деп білген

134БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ«Ислам әлемінің оянуы, өркендеуі» деген үмітпен келген еді Анкараға. Парламенттік жүйе орнамай тұрып, Стамбулға келмей тұрып та шығыс Анадолыдағы жүздеген ғалым-ғұламалармен арадағы әңгімелері, Стамбулда танымал тұлғаға айналуы, ғұламаларды таң қалдырып, саясаткерлерді састырып тастауы, оның рухында Ислами жаңғырулардың негізін қалаушы болатын қасиеттердің бұрыннан-ақ жатқанын көрсетеді. Өзіне осындай міндеттің жүктелгенін және тағдырдың сол жолға айдап келе жатқанын жан дүниесі сезетін еді. Демократиялық төнкерістерден кейін, парламенттік жүйені шариғатқа қызмет еткізу, Анадолы мен Ислам әлемін бақытқа жетелер жүйе ету сынды үміттерге толы мақалалар жариялап, қоғамдық орындардағы үгіт-насихаттары, сөйлеген сөздері осы ниетінің нәтижесі еді. «Әл-Хутбетуш-Шамие», «Сүнухат», «Лемаат» сынды еңбектерінде байқалғанындай, «Алда болатын аласапыран оқиғалар мен төңкерістердің ішіндегі ең зор, ең тамаша дауыс – Құранның дауысы болмақ», деп баяндайды.Аббасилерден кейін Ислам Әлемінің басшылығын қолға алған Түріктердің мың жылдық тамаша басқаруы мен Халифалығынан кейін, бүкіл әлемді түршіктірген дүние жүзілік соғыс шығып, Османлы мемлекеті күйреді. Исламның ежелгі жаулары Орталық Үкіметті басып алып, Мұсылмандардың күні бітті, деп ойлаған еді.Міне Бәдиүззаман, Аллаһтың құдіреті мен жарылқауның арқасында дінге күш берер мүмкіндіктер туып тұр, осындай ең керек кезде, бірге болайын деген үмітпен барған еді Анкараға.Аллаһтың көмегі мен Пайғамбарымыздың мұғжизаларының арқасында жаудың бетін қайтарып, елді басқаруды қолға алған жаңа, Республикалық үкіметте тікелей Құраннан күш алатын және Ислам әлемінің бірлігіне арқа сүйейтін, Ислами ақиқаттарда жатқан ұлы күштер арқылы моральдық, материалдық жақтан мықты қоғам қалыптастыру деген ниет пен мақсаттарды орнықтыра түсу үшін, мәжілісте қызмет еткен еді. Алайда аса үлкен күштер қарсы шықты. Ислам әлемінің тағдырына әсер ететін және бір мың үш жүз жылдан бергі үмметтің, осы кезеңнің пәлекеттерінен сақта деп Аллаһқа жалбарынған кезеңге тап болғанын және сол фитненің (пәлекеттердің) отын кімдер лаулатып жатқанын түсінген еді.Бір күні Басшылық бөлмесінде Мұстафа Кемал Пашамен екі сағат әңгімелеседі. Түрік, Ислам дұшпандарының алдында атын шығару үшін Ислами қағида-нышандарды бұзу елдегі халыққа да, Ислам

135ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІәлеміне де зиян келтіретінін айтады. Егер бір өзгеріс жасау керек болса, Исламға сай, Құранның қасиетті қағидаларын негізге ала отырып жасау керектігін айта келіп, мынадай бір мысал келтіреді: Мысалға: Аясофия мешітінің іші игі жақсылар мен кәміл де аяулы жандарға толы. Босағада, аула ішінде бірен-саран тентек балалар мен арсыз қаңғыбастар, терезеден сығалап мешіттің айналасында жүрген сауыққұмар шетелдіктер бар. Сол кезде бір адам мешіттің ішіне кіріп, жамағаттың ортасында, тамаша дауысымен құлаққа жағымды түрде Құран оқыса, мыңдаған мұсылмандардың, игі жақсылардың назары соған ауып, қошеметке бөленеді. Көпшіліктің дұғасы арқылы сауап алады. Тек, әлгі тентек балаларға, қаңғыбас Құдайдан безген арсыздарға, кейбір шетелдіктерге ұнамай қалады. Егер, әлгі мешітке, сол тамаша жамағатқа басқа бір адам келіп әдепсіз түрде, нәпсіні қоздыратын өлең айтып, бақырып-шақырса, секіріп билесе, әлгі тентек балаларды күлдіреді. Ұятсыз қаңғыбастардың нәпсісін қоздырғандықтан оларға ұнайды. Мұсылмандардың кемшіліктерін көруден ләззат алатын шетелдіктердің мысқылдап күлуіне себеп болады.Бірақ, бүкіл игі жақсылар жамағаты оған жиіркенішпен қарайды. Олардың көзіне ең төменгі дәрежедегі азғын кейпінде көрінеді. Міне, осы мысалдағы сияқты Ислам әлемі мен Азия үлкен бір мешіт. Мұндағы имандылар мен тура жолдағылар әлгі мешіттің абыройлы жамағаты. Әлгі тентек балалар болса, баланың ақылындай ақылы жоқ ақымақтар. Қаңғыбас арсыздар болса, батысқа еліктегіш, тексіз, дінсіз тобыр. Сырттан қызықтаушы шетелдіктер болса, шетелдіктердің пікірін таратушы журналистер. Әрбір мұсылманның, әсіресе абыройлы да кәміл жандардың осы мешітте дәрежелеріне қарай орны болады, өзіне назар аудартып, көрініп тұрады.Егер Ислам дінінің негізгі сыры болған ықылас пен Аллаһ ризасы үшін Құран Хакім жеткізген үкімдер мен киелі ақиқаттарға сай іс-әрекет жасалса, өзінің хал жағдайымен (хал тілімен) Құран аяттарын оқыса, әрбір мұсылман айтатын дұғасына ортақтасып,барлығымен бауыр болып, байланыста жүреді. Тек, зиянкес жәндіктер секілді кейбір адасқандар мен баланың ақылындай ақылы жоқ ақымақтардың алдында қадірі болмайды. Егер әлгі адам даңқты ата-бабасы мен мақтан тұтар

136БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИтарихын, рухани жақтан арқа сүйер сахабалардың ұлы да нұрлы даңғылын тастап, әуестікке, мақтаншақтыққа, екі жүзділікке салынып, бидғат істерге бой алдырса, бүкіл ақиқатшылдар мен имандылардың назарында ең төменгі деңгейге құлдырап кетеді. сырына орай иманды жан қанша қарапайым, сауатсыз болса да, ақылы жетпей жатса да, ондай мақтаншақ адамды көрсе жүрегі тіксінеді, салқын қарайды, рухани түрде жиіркенеді.Міне, атағын шығаруға, даңққа бөленуге жаны құмар адам (екінші адам) сансыз жамағаттың назарында әсфәл-і сафилинге, яғни төменгілердің ең төменгі деңгейіне түседі. Түкке тұрғысыз, сайқымазақ, алаяқ қаңғыбастардың алдында уақытша, сасық бір орынға ие болады.сырына орай дүниеде зиян шегеді. Берзақта азап тартады. Ақыретте дұшпан, өтірікші кейбір достар табады. Бірінші жағдайдағы адам, егер «Хуббы жахты» жүрегінен аластатпаса, бірақ ықылас пен Аллаһтың ризалығын негізге ала отырып, атақ даңқын шығаруды мақсат тұтпау шартымен, бір жағынан алғанда болымды, рухани дәреже, тамаша мәртебеге қол жеткізіп, атаққұмарлық сезімін толық қанағаттандыра алады. Бұл адам азғантай ғана құнсыз бір нәрсені жоғалтқанымен, оның орнына көптеген құнды нәрсе табады. Бәлкім, бірнеше улы жылан оған жоламай кетер, есесіне көптеген жақсы жаратылыстар оның жанынан табылады, солармен дос болады. Тағы да айтсақ, жабайы улы аралар одан теріс айналса, мейірім шәрбатын жинап беруші берекелі бал аралары соған үймелейтін болады. Солардың қолынан бал жегендей тамаша достар табады. Өз дұғалары арқылы кәусар бұлақтың берекелі суын әрбір мұсылманға ішкізеді. Амал дәптеріне сауап жазылады. Мұстафа Кемал Паша өзінің ішкі ойын айтып, қарсылық білдіреді. Бәдиүззаманды өзіне тартып, беделін пайдаланғысы келеді. Бәдиүззаманға депутаттықпен қатар Ислам Академиясындағы бұрынғы қызметін ұсынады. Шығыс уәләяттардағы Шейх Сүнусидің орнына Бас уағызшылық қызметпен бірге зәулім сарай сыйға тартатынын айтады.

137ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІБәдиүззаман риуаяттарда айтылатын ақырзаманда келетін адамның белгілері мен бұрынырақта Стамбулда өзі тәпсірлеп жазған хадистердегі ақырзаманның сұмдық тұлғаларының адамдар арасына және Ислам әлеміне жеткенін көреді. Олар келген кезде оларға тек Құран ғана қарсы шыға алатыны жайлы риуаяттарда «Сол кездерде өмір сүрген адам саяси жолмен оларға қарсы келе алмайды. Тек қана Құранның мұғжизалы қылышының нұры оларды жеңіп шығады», деп айтылуына орай, Анкарада жұмыс істей алмайтынын түсінеді. Жоғарыда өзіне ұсынылған қызметтердің ешқайсысын қабылдамайды. Анкарадан кететінін естіген бірнеше депутат оны райынан қайтару үшін темір жол вокзалына дейін еріп келеді. Олардың тілектерін орындай алмайтынын айтып, Анкарадан Ванға қарай жолға шығады. Ол жақта қоғамдық өмірден қол үзіп, Ерек тауының баурайындағы, Зернебад өзенінің жоғарғы жағындағы үңгірге орналасады.* * * * *Анкарадан Ванға кетердегі “Бұрынғы Саидты“, “Бүгінгі Саидқа“ алып кеткен поездға алған билеті

138БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИАнкарадағы жағдайға байланысты Рисалей-Нұрдан қысқаша үзінді1922 жылы мен Анкарада едiм. Ислам әскерi грек әскерін жеңген кез. Осы кезде, күпірлік пікірдің көңiлi тасыған мүминдердің санасын улап, шатастыра бастағанын аңғардым. «Қап, мына аждаhа, иманның шарттарына зақым келтiрмесе игі еді!» деп қауiптендім. Содан, Аллаhтың сөзсіз бар әрі жалғыз екенін баяндайтын жоғарыдағы аятқа жүгiнiп, күпірліктің басын кесіп түсетін айғақтарды араб тілінде жазып, «Жаңа күн» баспасынан бастырып шығардым. Бiр өкiнiштiсi оған көпшiлiк мән берiп оқи қоймады, бәлкім арабша білетіндер аз болғандықтан ба, қысқа әрi нақты айғақтармен жазылған әлгi еңбегімнің әсері айтарлықтай болмады. Ал, әлгі дінсіздік ұғымы өртше лаулап, күшейе түсті.* * * * *

Екінші бөлімБәдиүззаман БарладаРИСАЛЕЙ-НҰРДЫҢ ЖАЗЫЛА БАСТАУЫҰстаз Бәдиүззаман Саид Нұрсидің Шығыс Анадолыда дүниеге келуінен бастап, осы уақытқа дейінгі өмір белестерінің әрқайсысына жеке-жеке тоқтап өттік. Енді, осы қырық-елу жылдық өмірінің нәтижесі, жемісі іспетті тарихта өте сирек кездесетін, күрескерлік өмірдің жаңа белесіне шыққанына куә боламыз. Қараңғылықтың барлық моральдік-материалдық перделерін серпіп тастап, әлемге нұрын шашқан Рисалей-Нұр ортаға шығуда. Әлемдік ғылым және ағартушылық сахнасына Түркиядан жаңа бір күн шығып келе жатыр еді!* * * * *ХАЗІРЕТІ БӘДИҮЗЗАМАННЫҢ ШЫҒЫС АЙМАҚТАН БАТЫС АНАДОЛЫҒА ЖЕР АУДАРЫЛУЫРИСАЛЕЙ-НҰРДЫҢ ЖАЗЫЛА БАСТАУЫ Бәдиүззаман жоғарыда айтылған Вандағы үңгірде өмір сүріп жатқан кезде, шығыста көтеріліс шығады. «Сіздің беделіңіз күшті, сіздің соңыңыздан еретіндер де көп, бізге көмек беріңіз» деген беделді бір кісінің хатына, «Түрік халқы ғасырлар бойы Исламға қызмет етті. Көптеген әулиелер шықты. Олардың немерелеріне қылыш сілтеуге болмайды. Сіздер де қылыш сілтемеңіздер. Райларыңыздан қайтыңыз. Халыққа білім керек, ағартушылық қызмет керек» деп жауап қайтарады. Соның өзінде билік Бәдиүззаманды батыс Анадолыға жер аударады.Әскери күзетпен айдап әкетіп бара жатқанда, «Хазіреті Ұстаз, бізді тастап кетпеңіз. Рұқсат етсеңіз, сізді алып қаламыз. Қаласаңыз Арабстанға алып кетейік» деп жалынған қарулы топтарға да, беделді кісілерге де, қарапайым халыққа да «Менің Анадолыға баруым керек, бұл өз қалауым» деп, жұртты сабасына түсіреді.

140БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИӘскери күзеттің қарауылдауымен әуелі Бурдур уәләятына жеткізіледі. Бұл жерде қатаң тәртіппен күзетіліп, тұтқындық өмір кешеді. Бірақ босқа қарап жатпайды. Он үш сабақтан тұратын «Нұрдың бірінші есігі» кітабындағы ақиқаттар бірнеше мұсылманға сабақ ретінде өткізіліп, жасырын түрде кітап болып шығады. Мұндай даналық қазынасының қадірін түсінген иманды жандар бұл кітапты қолмен көшіріп көбейтеді. «Саид Нұрси бұл жерде діни сабақтар жүргізуде» деген домалақ арыздардың жазылуына байланысты, үкімет «Құс ұшпас, керуен көшпес тау арасындағы бір түкпірге тығайық. Сол жерде өзі де өліп тынар» деген оймен Спарта уәләятына қарасты Барла ауылына жер аударуға қарар қабылдайды. Бәдиүззаман Бурдурда жүргенде, бір күні Қорғаныс министрі маршал Февзи Чакмак келеді. Бурдурдың әкімі маршалға: «Саид Нұрси үкіметке бағынбайды, адамдарға діни сабақ беруде» - деп шағым айтады. Маршал: “Бәдиүззаманнан зиян келмейді. Оған тиіспеңіздер, құрмет көрсетіңіздер” дейді. Қай жерге жер аударылса да, билік өкілдері Бәдиүззаманға қарсы зорлықшыл үгіттер жүргізіп, халықты Бәдиүззаманға жолатпауға, діни сабақ алдырмауға тырысатын. Бірақ, Ұстаздың діни сабақтарының қадірі артып, халық арасында жүректен жүрекке тарап жататын. Шығармаларына деген сүйіспеншілік арта түсуде еді.БАРЛАБарла – иманды жандарға рухани күш ретінде жеткен Рисалей-Нұр жинағының жазыла бастаған жері. Барла, мұсылман халықтың, әсіресе, Анадолы халқының басына түскен сұмдық жағдайларға, адасушылық пен дінсіздік деп аталатын қараңғылықтарға қарсы Құраннан жеткен нұрдың құйылған жері. Бақыт таңының атқан жері. Барла мына берекелі Анадолыға және мына мұсылман халықтың ұрпағына, тіпті Ислам әлеміне Аллаһтың мейірімі түсіп, жарылқаған, өлісінің де тірісінің де бақытына себеп болар туындының жарыққа шыққан жері... Бәдиүззаман Барлада да қатаң бақылауға алынады. Барлаға жер аударылуының себебі де үлкен қалалардан жырақта, алыс ауылға орналастырып, Ислам дініне қызмет етуіне бөгет болу, ешкіммен кездестірмеу, сөйлестірмеу. Діни, имани шығармалар жаздырмау, дінсіздермен күрестірмеу, Құранға қызмет еттірмеу болатын. Бәдиүззаман бұл жоспарларға керісінше әрекет жасай алды.

141БӘДИҮЗЗАМАН БАРЛАДАШалғайдағы шағын ауылдың өзінде Рисалей-Нұр тәпсірін жазып, жасырын таратуда еді. Бұл табыстар, бұл жеңістер, ұлы жеңістер еді. Осы бір дінсіздік белең алған тұста, ешқандай діни шығарма жазуға рұхсат жоқ еді. Діндарлардың үнін шығармай, көздерін жоюға кірісілген кез еді. Дінсіздер Бәдиүззаманның көзін жоя алмады, қарайып қалған жүректер мен ақылдарды қайта оятатын Ислами, имани жазбаларын жалғастыра беруіне кедергі бола алмады. Бәдиүззаманның дін жаю әрекеттері жиырма бес жылдық шектен шыққан зұлымдықтар мен диктатуралық кезеңдегі ешкім жасай алмаған істер еді. Осы бір дінсіздік белең алған тұста, ешқандай діни шығарма жазуға рұқсат жоқ еді.Бәдиүззаман Барлаға 1925-1926 жылдары жер аударылды. Бұл кезең Түркияда жиырма бес жылға созылған диктаторлық режимнің алғашқы жылдары еді. Жасырын дін дұшпандары Ислами нышандарды жеке-жеке жойып, Ислами рухты сөндіруді, Құранды жинап алып, жойып жіберуді ойластырып жүрген. Бұл істердің қолдарынан келмейтінін түсінген олар, отыз жылдан кейінгі ұрпақ Құранды өз қолдарымен құртатын жоспар құрып, енді соны іске асыруға тырысып жатқан еді. Исламды жою үшін тарихта болмаған бұзғыншылық пен зұлымдық жасалып жатқан еді.Алты жүз жылдан бері, тіпті, Аббасилер кезеңінде-ақ, яғни соңғы мың жылдан бері Құран Хәкімнің ту ұстаушысы ретінде бүкіл әлемге қарсы атой салған Түрік халқын Исламнан алыстату және дінінен мақұрым қалдыру үшін халықты мұсылманшылықпен байланыстырып тұрған бүкіл тамырларға балта шабылып жатқан еді. Тіпті дін дұшпандары бұл істе кәдімгідей жеңістерге де жетіп жататын. Бұл іс жекелеген кісілерге ғана қатысты емес, жалпылық сипат алған еді. Миллиондаған адамдардың, әсіресе, жастардың, жас шәкірттердің имандарына қауіп төндіріп, екі дүниеде де бақытсыздыққа ұрындырар жағдай еді. Сондай-ақ, Анадолының қияметке дейін келіп-кетер халқының мәңгі өміріне қатысты нәрселер еді. Ол кезең, ол жылдар, мың жылдан бері атқарған істері арқылы Құранның ту ұстаушысына айналған, ең жоғарғы мәртебелерге көтерілген қаһарман халықты Құраннан, Исламнан алыстатуға, әлемнің ең даңқты әскерінің мың жылдық дін жолындағы соғыстарын, айбынды тарихын, сол тарихтағы батыр бабаларын жаңа ұрпаққа, әсіресе мектеп жасындағыларға ұмыттыруға әрекет

142БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИжасалып, тарихпен байланысын үзуге, даму секілді болып көрінетін алдамшы әрекеттер арқылы алдарқатып, коммунистік жүйенің орнауына орын дайындалып жатқан кез еді. Исламның өн бойында дайын тұрған моральдық-материялдық ең жоғарығы даму деңгейі мен мәдени негіздердің орнына, материалисттік философияның батпағына батқан нұрсыз принциптер, әдепсіз әдебиетшілер мен философтардың пікірлері мен идеалары, жасырын коммунисттер мен масондардың басшылығында халық арасына жаппай таралып, сабақтар берілуде еді. Әсіресе Ағылшындар, Француздар секілді Ислам дұшпандарының Ислам Әлемін моральдық-материалдық тұрғыдан әлсірету, өздеріне тәуелді ету шараларының басында ер жүрек Түрік халқын діннен алыстату, әдет-ғұрып, мінез-құлықта исламға мүлдем керағар нәрселер жасату жоспары тұр еді. Өкінішке орай бұл жоспар іске асырылып жатыр еді.Бәдиүззаман Саид Нұрсидың Рисалей-Нұр арқылы Анадолыда жан аямай атқарған Имани, Құрани, Ислами қызметі, жер бетінде бұрын соңды болмаған дінсіздік дәуірдің басталу, орнығу кезеңі еді. Сондықтан... Бәдиүззаманның Рисалей-Нұр арқылы атқарған еңбектеріне зер салғанда, осындай сұмдықтарға толы, кері кеткен кер заманды да назарға ала отыру керек. Осыншама ауыр жағдайда атқарылған тарыдай ғана игі істің таудай құны болады. Жасалған азғантай жақсылық, үлкен нәтижелерге жол ашуы мүмкін. Рисалей-Нұр, осындай кер заманның қыспақтарын жарып шыққан жеміс. Рисалей-Нұрдың авторы, жиырма бес жылға созылған дінбұзарлық дәуірде дін жолында күрескен ұлы қаһарман, Мұхаммед (с.а.у.)ның үмметін қияметке дейін бақыт жолына шақырар кемел көшбасшы. Ал Рисалей-Нұр Құранның алмас қылышы екендігін атқарылған істер мен уақыт нақты дәлелдеп, көрсетіп беруде. Осындай ауыр да қайғылы, қара күндерде, дінсіздер орнатқан ауыр жағдайдың өзінде, Бәдиүззаман Аллаһтың жарылқауымен жазып шыққан Рисалей-Нұр тәпсірі, дінсіздіктің жайыла түсуіне қарсы, құлауы мүмкін емес, мызғымас қамал тұрғызды. Рисалей-Нұр материалистік, табиғатшылдық сынды дінге қайшы философияның қисынсыз, жөнсіз, ақымақтық екендігін нақты дәлелдер арқылы ақылға қонымды түрде дәлелдеп, ең діннен безген философтың өзін жығып салып, күпірлік ұғымды жеңіліске ұшыратты, дінсіздіктің белең алуына тосқауыл қойды.

143БӘДИҮЗЗАМАН БАРЛАДАБәдиүззаманға жасалған зұлымдықтардың, азаптардың, қиянаттардың ар жағынан жарқырап шыққан Рисалей-Нұр қазіргі замандағы және болашақтағы Исламның алмас қылышы. Рисалей-Нұр – рухтардың сүйіктісі, жүректердің қалаулысы. Сол сүйіктінің жолында қаншама жан пида болды.Рисалей-Нұр – Адамзаттың асыл тәжінің, Құтқарушысының, Ең жоғарғы дәрежелісінің қызметшісі және соның жолында қызмет етуде.Рисалей-Нұр – соңғы ғасырлардағы халықтың Құраннан күткен рухани мұғжизасы. Бұл тәпсірдің авторы Саид Нұрси бастаған миллиондаған Нұр шәкірттері Құрани ақиқаттардың айналасына көбелектей жиналып, соның нұрымен нұрлануда. Сол тәпсірдегі Құрани, Имани ақиқаттарды өз бойларына сіңіруде. Имандарын күшейтіп, осы ұлы ақиқаттарды бүкіл әлемге паш етуге, өмірлерінің соңына дейін соларды оқып, сол ақиқаттардың халыққа тарала беруі жолында қызмет етуді мақсат етіп отыр.Түрік халқын және осы елдің тұрғындарын, бүкіл мұсылмандарды мәңгілікке даңқты етіп, бір кездері жазылғандай болашақта да тарихтың алтын беттеріне Құран мен Иман жолындағы қызметте Ислам Әлемінің қолбасшысы ретінде жаздыратын, мақтан тұттыратын нәрсе Рисалей-Нұр болмақ. Қанатын кең жайып, тарала түскен, Анадолы мен Ислам әлемінде жақсы қабылданып, жақсы әсер ете бастаған, барған сайын тарала, таныла түскен бұл тәпсір, Құранға тиесілі, Ислам әлеміне мұсылмандарға тиесілі, осы ел халқының Ислами тұрғыдан мақтан тұтар мақтанышы. Елді басқарып тұрған үкіметтің табан тірер ақиқаттары, бүкіл әлемге жар салар ұлы ақиқаттар, Иншааллаһ уақыты келгенде радио арқылы бүкіл әлемге сабақ ретінде таратылып паш етілетін болады.Иә, әлемдік ғылым – ағарту сахнасына Түркиядан бір күн шығып келеді. Бұл жаңа күн, бір мың үш жүз жыл бұрын адамзат әлеміне жеткен күннің бір сәулесі және сол рухани күннің әр ғасыр сайын жарқырап көрінетін бір шұғыласы және халық күткен рухани мұғжизасы. Тек рухани тұрғыдан ғана емес, материялдық тұрғыдан да әсерін көрсетуде. Иә Рисалей-Нұр – әлем халықтарының өз өмірлерін қорғап қалуы жолында жан-таласып жармасып жатқан, сенім артқан атом және соған ұқсас бомбалардан, қарулардан әлдеқайда күшті әсер етер ерекшеліктерге ие! Мұның осылай екендігін аз да болса

144БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИБарлаға алғаш келген кезіғылыми назармен, көкірек көзімен Рисалей-Нұрға зер салған жандар және Рисалей-Нұрдың авторы Бәдиүззаман Саид Нұрсидың отыз жылдан бергі Анадолыдағы иман жолындағы еңбектеріне байыппен қарағандар көреді, түсінеді, мойындайды. Ақиқаттарға көз жеткізе алған жандар үшін, Рисалей-Нұр ортаға шыққалы бергі атқарылған істердің нәтижесі өте үлкен, милиардтаған мақтауларға тұрарлық және соған лайық. Рисалей-Нұр бұл елде шынайы иманға күш беріп, елдегі дінсіздікке, имансыздыққа, адасушылыққа, азғындыққа қарсы шығып, болымсыз әрекеттерге ұрынбай-ақ күресін жалғастыра алды және жеңіп шықты. Жалпылық сипат алған дін жолындағы ұлы күрестің жеңімпазы бола алды. Күрескер әскердің сарбаздары

145БӘДИҮЗЗАМАН БАРЛАДАретіндегі Нұр шәкірттері аса табандылық пен ауызбірліктен туындайтын қабыл болғыш ұлы сырлардың ашылуына, Аллаһтың мейірімінің түсуіне себеп болады. Бұл күрескер топ, шағын бола тұра, кішкентай ғана дәнектен бүкіл әлемге жайылып кететін Туба ағашы өсіп шығатынындай, он төртінші Мұхаммеди (с.а.у.) ғасырда Құраннан нәр алған Рисалей-Нұрдың Анадолыда жарқырай түсуі арқылы өсіп-өніп, Ислам әлеміне, адамзат әлеміне жайыла түсуде және бұдан кейін де кеңейе бермек.Рисалей-Нұрдың ұстанымы – тек қана тәуһид пен иманның негіздерін шын ықыласпен жеткізу. Іші, Құран мен Исламның ақиқаттарына толы. Аллаһтың мейірімімен мұсылман халықты рухани да, материалдық та пәлекеттерден құтқарар Құран мен Иманның берік қамалы қызметін атқаруда. Рисалей-Нұр, Иман, Құран ақиқаттарына қарсы шыққандармен күресу барысында күш қолдану немесе айтысып-тартысу жолын емес, дәлелдермен көз жеткізу, түсіндіру әдісін таңдаған.Рисалей-Нұрдың жүз отыз тақырыбының бәрінде де ақиқаттың жарқын жүзі бүкіл болмысымен анық көрсетілуде. Хақ дініміздің және адамзаттың бақыт жұлдызындай болған Құранның мұғжизалығын әлемдегі философиялық ой-пікірлердің барлығын қанағаттандырарлық дәлелдермен көрсетіп берген. Адамзаттың дамуы, бүкіл кемелдіктер мен мәдениеттің жетістіктері, барлығы да, Иләһи діндер мен пайғамбарлардың қолымен жасалғанын, әсіресе, Ислам дінінің арқасында және Ислам әлемінің басшылығымен адамзаттың надандықтан құтылғанын логикалық дәлелдермен дәлелдеп отыр. Жер бетіндегі бүкіл кемелдіктер мен мәдениет және даму көктен түскен діндер мен Пайғамбарлар арқылы жеткен, әсіресе Ислам келгеннен кейін адамзат баласы Ислам Әлемінің қамқорлығы арқасында надандықтан құтылды, құтыла бермек! Философия мен Даналықтарда байқалатын жоғарғы деңгей, көпшілікке пайдалы адамгершілік негіздер, күн шыққаннан кейін соның шапағымен ағараңдап тұратын түнгі жарықтар секілді. Пайғамбарлардың келуі арқылы адамзаттың ой-пікіріне, жүректеріне сәулелер шашылуда. Ақиқатқа сүйенген Философия мен даналықтың, ғылым мен өнердің жарқырап көрінуі, Құран атты күннің, Пайғамбарлық атты шам-шырақтың адамзат әлеміне түсірген сәулесінен нұр алғандығынан.Ей, Ислам әлемі оян! Құранға жабыс. Бар күшіңмен Исламға бет бұр.

146БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИЕй мың жылдан бері Құранға қызмет етіп, Ислам нұрын жер бетіне жаюшы аталардың ұрпағы! Құранға бет бұр. Соны оқуға, түсінуге, соны түсіндіруші, бүгінгі таңдағы рухани мұғжизасы болған Нұр жазбаларын талдауға тырыс. Тілің Құран Аяттарын әлемге жар салып тұрғанда хал-жағдайың, мінез-құлқың оның мағыналарын жеткізетін болсын. Хал-жағдайың мен де Құранды паш ет, оқы! Сол кезде сен дүниедегі ең құрметті, әлемдегі басшы және адамзатты бақытқа бастар адамға айналасың!Ей, сан ғасыр бойы Құранның ту ұстаушысы қызметін атқарып, әлемдегі ең құрметті орынға көтерілген аталардың ұрпағы, немерелері!Ояныңдар! Ислам әлемінің жарқын таңы атып келе жатқанда ұйықтап жату ақылға сиымсыз жағдай! Ислам әлемі қайта оянып жатқанда көшбасшы болу, жолдас, бауыр болу үшін Құран мен Иманның нұрларынан нәр ал, нұрлан, Ислами тәрбиемен тәрбиелен, кемелден. Нағыз адамға жарасар мәдениет болып саналатын Ислами мәдениетке жабыс.Сол мәдениетті өзіңе үлгі тұтуың керек. Европа мен Америкадан жеткізілген, шынтуайтуында ол да Исламның меншігі болған ғылым мен өнерді тәуһид нұрына иле. Құран түсіндіргендей тәфаккүр ету және мағна-и харфи назарымен қарау керек яғни бір нәрсеге оның жасаушысы, жаратушысы бар, ол зат жаратушысының атымен бір қызмет атқарып тұр деп қарау керек. «Мәңгілік бақытқа жетелер Иман мен Құранның ақиқаттары толы жинақ – Нұрларға қарай ілгеріле, алға бас», деу керек, дегізу керек!Ей, Азияның бұрынғы қаһарман әскерінің немерелері, қадірменді бауырларым! Бес жүз жыл жаттыңдар, жетер! Құранның жарқын нұрымен ояныңдар! Егер Құранның нұрына көздеріңді жұмып алып, бейқамдық төсегінде жата берсеңдер надандық пен бейқамдық сендердің түптеріңе жетіп, қор қылады...Құранның арнасынан бөлініп қалған тамшыдай болып, топыраққа тамбаңыздар! Ондай жағдайда қызық құмар, нәпсі құмар мәдениет сіздерді топырақтай сіңіріп, жұтып қояды. Басы біріккен судай болып, Қасиетті Құранның бақыт арнасында бірігіңдер. Қызық құмар, нәпсіқұмар мәдениетті шайып тастап, бұл елге абыл хаят суы болып келіңдер. Ислами ақиқаттың суын ағызыңдар.Исламдағы сол ақиқат сулары мен Иман нұры арқылы бұл жерлерде шынайы мәдениет пен ғылымның, өнердің гүлдері

147БӘДИҮЗЗАМАН БАРЛАДАашылатын болады. Бұл мемлекетте моралдық-материалдық бақыт орнап, бұл жерлер гүлге-гүлістанға айналады. Иншааллаһ...Сөзімізді қайта жалғастырайық. Бәдиүззаман Саид Нұрси, Барлаға жер аударылып, Рисалей-Нұрларды жаза бастаған жылдар, жоғарыда біршама айтып өткеніміздей, азғантай ғана еңбектің құны таудай болып артып кететін маңызды кезең еді. Қыстың қақаған суығында, қиын жағдайларда бір сағат күзетте тұру, бір жылдық нәпіл құлшылықтан да құндырақ болады. Сол сияқты сол бір зұлмат кезеңде жүз отыз кітапша емес, Иманға, Исламға қатысты ақиқатқа сай бір кітапшаның өзін жаза алу мың кітап жазудан да құнды.Дінсіздіктің дегені болып тұрған зұлматты кезеңде, діндарларды басып тастауға әрекет жасалып жатқан. Тіпті, Құранды да мүлдем оқыттырмай, Россиядағы секілді діни сенімдерді жойып жіберуді ойластырып жүрген. Бірақ мұсылман халықтың наразылығы бақылаудан шығып кете ме деген қорқыныштан ондай ойдан бас тартып, «мектептерде оқылатын жаңа үлгі бойынша білім алған жастар өздері-ақ Құраннан алыстап кетеді. Құранды қажетсінбей қалады. Осылайша Ислам дінінен байланыстары үзіледі!» деген жоспар құрылады. Осындай сұмдық жоспар құрушылар, жан түршігерлік фитне-бүліктердің қайнар көзі, қазіргі діни тұрғыдағы дамудың қас дұшпандары – сыртқы дінсіз ағымдардың басшылары және солардың адамдары еді. Иә, Түрік халқының басына түскен осындай сұмдық жағдайлардың ішкі сырларын егжей-тегжейлі жеткізуді, болашақтың шыншыл тарихшылары мен қазіргі демократ биліктің біршама еркін жазып жүрген журналистеріне қалдырайық. Біздің міндетіміз, тек қана Иман және Құран ақиқаттарымен шұғылдану. Біз тек қана Иманның, Исламның ағымындамыз. Адасушылық пен бүліншілік жайлаған азғын дәуірде Бәдиүззаман Саид Нұрси қатаң бақылауда еді. Нәмрудтар, Перғауындар, Езидтер жасамаған зұлымдықтардың неше түрі Бәдиүззаманға жасалуда еді. Бұл жағдай жиырма бес жылға созылды. Ол кездері бүкіл Ислам Әлемі, материялдық жақтан кедей, басқыншылардың қол астында, тәуелді жағдайда еді. Жасырын дінсіз, бүлікшіл-фитнешіл ұйымдардың бәрі Түркияда да Ислам әлемінің барлық жерінде сұмдық әрекеттер жасауда, қолдаушылары олардың қолтығына су бүркуде еді. Олардың бәрі де Исламға қарсы одақтасып алған еді. Ендеше, Рисалей-Нұр Бақыт ғасырындағы, Исламның әлемге жайылуының кілтіне айналған Бәдір, Ухуд соғыстарының маңыздылығы секілді, аса шешуші кезеңнің өнімі

148БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИболды. Рисалей-Нұр себеп болған имани қызмет пен дін жолындағы рухани жихад, Бақыт ғасырынан басқа кезеңдерде болмаған маңызды бір тарихи оқиға еді. Қол-аяғы байлаулы деуге болатын Бәдиүззаман Саид Нұрси, қатаң бақылаудағы тұтқын, ешкіммен сөйлесуге болмайтын айдаудағы бір адам бола тұра, жүз отыз кітапшадан тұратын Рисалей-Нұр жазбалары арқылы сөзге шешен уағызшыдай Анадолы намазханасы және Ислам әлемі деп аталатын мешітте уағыз айтып, Мұсылмандарға Құраннан алған сабақтарын қайталап беруде еді. Бәдиүззаман Саид Нұрси, Мұхаммеди (Хижри) он төртінші ғасырдың, милади (жаңаша) жиырмасыншы ғасырдың мұнарасына шығып алып, өзімен замандас мұсылмандарға және адамзатқа үн қатып, бұл ғасырдың соңында тізіліп тұрған болашақ ұрпаққа ұлы ағартушы, дінді жаңғыртушы ұстаз ретінде сөйлеп тұрғандай.(Сілтеме )*Рисалей-Нұрдың жазылуы және таралуыБәдиүззаман Саид Нұрси, Рисалей-Нұр жинағын тарихта ешбір ғалым басынан өткізбеген ауыр жағдайларда жазып жатты. Бірақ, иман жолында еңбек етсем деген сезімнің күшімен, алған бетінен қайтпады, жалықпады, таусылып, үмітсіздікке түспеді, қайта бар күшін салып, сабыр етті, қолда барға қанағат етті. Мына елді коммунистік айдаһардың аузынан, масондардың Сілтеме: Рисалей-Нұрға қатты қызығушылық танытқан, бейкүнә жастар мен балалар болатын. Мыңдаған мысалдардың біреуін айта кетейік. Бір күні, Бол-вадин ауылының үстінен өтіп бара жатқанда, ұстаздың келе жатқанын көрген бастауыш пен орта сыныптардың балалары бірі қалмай мектептің ауласынан шығып, арбаның айналасына үймелеп келіп, сәлем беріп жатты. Бұл жағдай Ұстазға «Қош келдің» деп, қарсы алумен, рахмет айтумен тең еді. Осыдан біраз бұрын Әмірдағында ұстаз мінген пайтонның өтіп бара жатқанынын алыстан байқап қалған балалардың жолдағы тікенектерге қарамай «Бәдиүззаман ата» деп жүгіргені еске түсіп, осы жағдайлардың сырын сұрадық. «Бұл бейкүнә балалардың ой-саналары көп нәрселерді түсінбесе де рухтары келешекте Рисалей-Нұр арқылы имандарын құтқаратынын, өздерін ғана емес, отанын да болашағын да қауіп-қатерден сақтап қалатындығын сезеді. Менің Рисалей-Нұрдың аудар-машысы болуыма орай Рисалей-Нұрға арналар сүйіспеншілік пен құрметті маған көрсетуде», деп жауап берген еді. Оларға дұға ететіндігін де айтқан. Ұстаз Бәдиүззаман балаларды өте жақсы көретін. Айналасына жиналған балаларға «Сендер бейкүнә болғандықтан, дұғаларың қабыл болады, маған дұға етіңдер» – деп оларға ілтипат көрсететін. Аналары Нұрлардан сабақ алушы Болвадиндік балалардың ұстазға көрсеткен құрметтерінің сыры осында.

149БӘДИҮЗЗАМАН БАРЛАДАапатынан, дінсіздердің шабуылынан құтқарып қалар (құтқарып қалды, әліде құтқара береді) және Ислам әлемі мен адамзатқа нұр шашып, жол көрсетер Рисалей-Нұр жинағын жарыққа шығарды. Жүз отыз кітапшадан тұратын Рисалей-Нұр жинағы жиырма үш жылда жазылып бітті. Нұр жазбалары, ел осыған аса мұқтаж кезде жазылғандықтан, жазылып біткен әрбір рисале, аса шипалы дәрідей әсер етті. Көптеген кісілердің рухани жараларын емдеп жазды.Рисалей-Нұрды оқыған кез-келген жан, бұл жазбалар өзіне арнап жазылғандай сезімге бөленіп, жан дүниесінде ондағы ақиқаттарға деген құштарлық сезімі артып, өз мұқтаждығын сезіне отырып талқылайды. Бұл жазбалар, қазіргі кездегі, болашақтағы барлық адамның Имани, Ислами, рухани, ақли, көңіліндегі барлық сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар беретін Құрани ақиқаттар.Рисалей-Нұр – Құранның заманауи тәпсірі. Аяттар өз реттерімен емес, иман ақиқаттарын баяндайтын аяттар уақыттың талабына сай тәпсірленген. Жалпы, тәпсір екі түрлі болады. Біріншісі, аяттардың сөздік мағынасын тәпсірлесе, екіншісі аяттың жеткізіп тұрған терең мағынасын, ақиқаттарын түсіндіріп, дәлелдеп береді. Рисалей-Нұр – екінші түріне жататын тәпсірлердің аса құнды үлгісі.Рисалей-Нұрдың жазылып таралуы да, басқа кітаптарға ұқсамайды. Саид Нұрсидің өз қолымен рисалелерді жазып, көбейтетіндей жағдайы жоқ. Жазу үлгісі нашар. Сондықтан шәкірттеріне ауызша айтып, олар да үлгеріп жазып отыратын. Бұл туындыларды шәкірттері қолдан қолға жеткізіп, мыңдаған дана кітаптар қолмен көшіріліп, таратылатын. Ал Ұстаз, сол кітаптарды тексеріп, түзетіп отыратын. Бірақ, бір кітаптың алғашқы нұсқасына қарап, салыстырып жатпайтын. Жиырма бес-отыз жыл бұрын жазылған кітаптарды да салыстырып жатпай, бірден тексеріп, түзетіп кете беретін. Жазылған рисалелерді, айналадағы ауылдардан келіп, аса қызығушылықпен алып кетіп, көшіріп көбейтуде еді.Бәдиүззаман Саид Нұрси Құраннан басқа кітаптарға қарамайтын. Рисалей-Нұрды жазу барысында ешқандай кітап пайдаланылмаған.Марқұм Мехмед АкифтіңҚұраннан ғана тікелей алып күш-нәрдіҚазіргі миға жеткізу керек Исламды деген жыр жолдарын шындыққа айналдыру Бәдиүззаманға ғана нәсіп болды.

150БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИРисалей-Нұрдың жазылуындағы ерекшеліктер де бұған дейін болмаған нәрселер. Мысалы, Араб әліпбиін сақтап қалу міндеті жүктелген Рисалей-Нұр міндетті түрде Араб әліпбиімен жазылуы керек еді. Ескіше жазуға тиым салып, бұрынғы баспаханалар жабылып қалған еді.Бәдиүззаманның ақша байлығы жоқ, дүниелік істермен де шаруасы жоқ пақыр болатын. Рисалелерді қолмен көшіріп көбейтушілер де пақыр, күн көріске ғана жетерлік шамалары болатын. Рисалей-Нұрды жазған кісілер полиция бөлімшесіне апарылып... Азапталып, түрмеге тоғытылып жатты. Билік Саид Нұрсиды жамандап, теріс үгіттер жүргізіп, жұртты қорқытумен болды. Бәдиүззаманнан дін, иман сабақтарын алмақ түгілі оған жақындауға қорқатындай етіп үрей туғызуда еді. Бір кездері діндарлардың, ақиқатшылдардың тек діндар болғаны үшін дарға асылулары, қорқыныш ұялатып, елдің сағын сындырған еді. Зұлымдықпен билеп-төстеп тұрған диктатура діндарлардың үнін шығармаудың амалын жасап бақты. Діннің ақиқаттарын халыққа жеткізер шығармалар жаздырылмады. Сабақтар беруге тиым салынды. Осылайша, Ислам дінін рухсыз дене қалпына келтіруге тырысты. Ислам дінінің негіздерін түсіндіруге қатаң тиым салынды. (Сілтеме )*Бастапқыда азғындықтың барлық түрін қоздырып, жалмап бара жатқан дінсіздік ағымы, Рисалей-Нұрдың көпшілікке таралуының арқасында арыны басылып, бәсеңдей береді. Мұсылмандарды моральдық-материалдық тұрғыдан қыспаққа алып, матап тастаған шынжырлар біртіндеп үзіле бастайды. Рисалей-Нұр, дінсіздіктің жұлынын үзіп, іргетасын тас-талқан етті.Сол кездегі дінсіздіктің қарсысына Рисалей-Нұр жасындай жарқылдап шықты. Қасиетті Құранның бұл нұры бүкіл күш-жігерін салып, жасырын түрде жазылып, таратылып жатты.Рисалей-Нұрдан шынайы иман сабақтарын алған және барған сайын көбейе түскен Нұр шәкірттерінің иманы күшейіп, Имани өжеттік пен Ислами батырлыққа қол жеткізуде. Бір батыр қолбасшының өз болмысымен жүздеген сарбаздарға күш-жігер беріп, рухтандырып жіберетіні сияқты, Рисалей-Нұрдың рухани тұлғасының уәкілі Сілтеме:Дінсіздік әрекеттердің бәрін де бүгінгі діни жаңғыруды көре алмау-шы жасырын дінсіздер жасауда еді.


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook