351БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАшарының жартысын баурап алуы және жеке тұлға ретінде кемел әрі жоғары қасиеттерге ие болуы бізге мынаны көрсетеді: Бұл әлемде ең маңызды тұлға осы кісі және Жаратушымыз жайлы тура сөз сөйлеу Оған тиесілі.Міне, кел, қара! Осы керемет тұлғаның жүздеген анық әрі нақты мұғжизаларының қуатына, дініндегі мыңдаған тамыры терең ақиқаттарына сүйене отырып айтарымыз: Оның алға қойған мақсаттарының ең бастысы және өмір бойы арпалысқан арманы Уажиб-ул Ужудтың бар екенін, оның жалғыз, дара екенін, есім-сипаттары кемел екенін дәлелдеу, оған куәлік ету және сол Уажиб-ул Ужудқа халықтың көзін жеткізу, жария ету және анық білдіру болып табылады. Демек, мынау ғаламның рухани Күні және Жаратушымыздың өте жарқын айғағы осы Хабибуллаһ деген кісі екені даусыз, сөзсіз. Оның куәлігін растайтын, қуаттап, бекітетін әсте алданбайтын, алдамайтын үш үлкен иджма яғни ақылдасқан пікір бірлігі бар.Біріншісі: «Егер ғайып пердесі ашылса яқиным өзгермейді яғни (шүбәсіз, анық білу сенімі сол қалпында қалады» деген Хазіреті Али (радиаллаһу анһ) секілді және өзі жерде тұрып ағзам ғарышты, сондай-ақ Исрафилдің алып бейнесін көрген Ғаус-ы Ағзам (қуддусу сыррух) тәрізді назары өткір, ғайыпты көре алатын мыңдаған қутуб пен ұлық әулиелерден құралған және Әл-і Мұхаммед деп аталатын әлемге танымал нұрлы жамағаттың бір ауыздан иджма қылып растаған. Екіншісі: Әу баста, бәдәуи, оқу-жазу білмейтін, қоғамдық өмір ережелерінен бейхабар, саяси сауатсыз, кітапсыз және надандық жайлаған қараңғы заманда өмір сүріп жүріп тез арада өте мәдени, сауатты, саяси қоғамдық өмірді әбден меңгерген халықтарға ұстаздық етіп әрі мемлекеттерге үстемдік еткен әрі оларға жетекші, білікті дипломат, әділ басқарушы би болып шығыстан батысқа дейін ұлан ғайыр құрылықты басқарған, өздері «Сахаба» деген атпен танымал мәшһүр жамағаттың бір ауыздан ұжымдасып мал-жандарын, керек болса әке-шешесін, руын пида еткізетіндей дәрежеде қуатты иман келтіріп жаппай растауы.Үшіншісі: Әр ғасырда мыңдаған өкілдері бар және әртүрлі пән мен ғылым саласында табысқа жеткен өте зерек, сан-алуан салада еңбек етіп, үмметтің ішінен шыққан сансыз кәміл ғұламалар мен ілімі терең ғалымдардан құралған үлкен жамағат бір-біріне сәйкес ғылыми, нақты түрде растаған.
352БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИДемек, бұл кісінің уахданиетке куәлігі шағын, жеке басымен шектелмей, жалпыға ортақ, ауқымы кең күлли, әсте мызғымас берік, бүкіл шайтандар біріксе де ешбір тұрғыдан қарсы шыға алмайтын шәһәдат (куәлік) екен деп түйді. Міне, пайғамбарымыздың бақытты дәуіріне ақылымен саяхат еткен дүние жолаушысы және өмірге қонақ кісі манағы нұрлы медреседен алған дәріске қысқа ишара ретінде бірінші мақамның он алтыншы мәртебесінде былай делінген болатын: Сосын, бұл дүниеде өмірдің ұлы мақсаты және өмірді өмір қылып тұрған иман екенін түсінген әлгі шаршамайтын, тыным таппайтын жолаушы өз-өзіне былай деді: «Мен іздеп жүрген Құдіреттің сөзі, кәламы деп аталатын дүниеде аты шулы, өте жарқын үкімі жүріп тұрған әрі әкім және өзіне тәсілім болмай ерегіскендерді жаппай айтысқа шақыратын Құран-ы Мұғжиз-үл Баян. Жаратқан ол туралы не дейді, соны тыңдап көрейік. Алайда, ең әуелі бұл кітап бізді жаратқан Құдіреттің сөзі екенін дәлелдеу керек болар» деп іздестіре бастады.Жолаушы осы заманда болғандықтан бірінші болып Құранның мағынауи ғажап тәпсірі болған Рисалей-Нұрға қарады. Оның жүз отыз кітапшалары Құранның аяттарының нүктелері, жарық сәулелері, терең түсініктемесі екенін аңғарды. Және Рисалей-Нұр тым қырсық тәкәппар әрі дінсіз ғасырда жарыққа шығып әртарапқа Құран ақиқаттарын батыл әрі қайсар түрде жайса да ешкім қарсы келе алмауы, оның ұстазы, қайнар көзі, бастау алар бұлағы, Күні Құран Кәрім екені, Ол әлбетте аспани, ол адам сөзі емес.
353БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАТіпті, Рисалей-Нұрдың жүздеген кітапшаларынан бір ғана рисалесі, Құранның айғағы, Жиырма бесінші Сөз бен Он тоғызыншы Мәктубтың ақыры Құранды қырық тұрғыдан қолға алып мұғжиза екенін дәлелдегені сонша көрген жандар мінемек түгіл таңғала қайран қалып, жоғары бағалап мақтаған. Дәл қазір Құранның таңғажайып тұстарын және оның хақ Кәламуллаһ екенін дәлелдеуді Рисалей-Нұрға сілтеп тек қысқа ишаралармен оның ұлықтығын көрсететін бірнеше тұжырымға назар аударды.Бірінші тұжырым. Қалайша Құран, күллі мұғжизаларымен және хақ екенін дәлелдейтін ақиқаттарымен Мұхамедтің (с.а.у.) бір мұғжизасы болып табылады. Сол секілді Мұхаммед (с.а.у.) да бүкіл мұғжизаларымен, пайғамбарлық сипаттарымен және іліми кемелдігімен Құранның бір мұғжизасы боп саналады әрі Құран кәламуллаһ екеніне бұлтартпас дәлел боп есептеледі.Екінші тұжырым. Құран дүниеде нұрлы да жарқын, бақытты әрі шынайы түрде қоғам өміріне өзгеріс ендірген. Сонымен қатар адамдардың нәпсілерінде әрі рухтарында, әрі ақылдарында, әрі жеке бастың және қоғамдық өмірлерінде, әрі саяси ахуалға ықпал етіп түбегейлі өзгеріс әкелген әрі онысын әрімен қарай жалғастырып, басшылық етіп келеді. Он ғасыр бойы минут сайын оның алты мың алты жүз алпыс алты аяты жоғары бағаланып құрметпен ең азы жүз миллионнан астам адамдар тарапынан оқылып келеді. Ол адамдарды тәрбиелеп, нәпсілерді жөнге салып, көңілдерді тазартып, рухтарға қанат беріп, биікке көтерді. Ақылдарға тура бағыт пен нұр, өмірге нәр сыйлап бақытқа бөлеуде. Әлбетте, мұндай кітаптың теңі табылмас, ол таңғажайып әрі бәрінен жоғары, мұғжиза.Үшінші тұжырым. Құран сонау ғасырдан қазірге шейін бәлағат яғни шешендік, тіл өнерін шебер пайдаланғаны сонша, Қағбаның дуалына алтынмен жазып іліп қойған аты шулы ақындардың «Муаллақат-ы Сәбға» деп аталған танымал мәшһүр өлеңін төмендетіп алып тастауға мәжбүр қылған. Ләбидтің қызы әкесінің әлгі өлеңі жазылған тақтайшаны түсіріп алып жатқанда былай деген екен: «Мұның Аятқа қарсы тұрарлық бір құны қалмады».Әрі, бәдәуи бір араб шешені Аятын ести сала сәжде қылған екен. Сонда оған: «Сен мұсылман болдың ба?» деп сұрағанда: «Жоқ, бірақ, мен мына аяттың бәлағатына яғни шешендігіне қайран қалып сәжде жасадым!» деген екен.
354БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИӘрі, бәләғат ілімінің дана, кемеңгер тұлғалардың бірі Абдүлқадир-і Джуржани, Сәккаки және Зәмахшари сынды мыңдаған кемеңгер имамдар мен әдебиет қайраткерлері иджма түрде бір ауыздан құптап, «Құранның бәлағатына адамның тағаты жетпейді, бұлай сөз саптау ешкімнің қолынан келмейді», деп ұйғарым жасаған. Әрі, Құран өз заманынан бері әрдайым айтысқа шақырып өркөкірек, менменшіл ақындар мен шешендердің қытығына тиіп, намысын аяқ асты етіп таптағандай былай дейді: «Сендер бір ғана сүреге тең келер жазу әкеліңдер әйтпесе дүниеде де ақыретте де сорлап, қор боласыңдар!». Сонда сол ғасырдың өркөкірек әрі қырсық шешендері бір түйір сүреге ұқсас жазу жазып жеңіске жетудің қып-қысқа жолы тұрғанда ұзақ әрі мал-жанға қауіпті соғысуды таңдағандары мәселені ондай айтыс жолымен шешудің мүмкін еместігін көрсетеді.Тіпті, біреу аятын оқып: «Мұның таңғажайып деп жүрген шешендігін көре алмай тұрмын» депті. Сонда, Оған: «Сен де манағы жолаушы секілді сол ескі заманға барып, сол жерде тыңдап көр!» деді. Ол да өзін Құраннан бұрынғы заманда жүргендей қиялдап қарап еді, болмыс атаулы астаң-кестен, әлемді қайғының бара бұлты басып, меңіреу әрі бейсана табиғаттың құрсауында, ұшы қиыры жоқ, аласапыран, аумалы-төкпелі баянсыз дүниені көрді. Енді, Құранның тілінен осы аятты тыңдап еді, бұл аят ғаламды тұмшалаған пердені ашып нұрландырғаны сонша, бейне бір әр ғасырдың саналы жандарына түгеллей дәріс беріліп, көздерін ашқанын көрді. Мына ғалам үлкен мешіт тәрізді, әу баста, аспан мен жер, барлық жаратылыс өздеріне жан біткендей зікір, тәсбих етіп, әрбірі өзінің міндетін құлшына атқарып әрі өздерін бақытты сезініп, риза болуда. Мұны көрген соң, аяттың шешендігіне біршама көзі жетіп, басқа аяттарды осыған салыстырып, Құран өзінің зор шешендігімен жер шарының жартысын, адамзаттың бестен бірін қалай баурап алғанын, үстемдігі мәңгі екенін, құрметпен он неше ғасыр бойы үздіксіз жалғасып келгенінің мыңдаған хикметтерінен бір хикметін аңғарғандай болды.Төртінші тұжырым: Құранның ақиқатқа толы мазмұнында өзіндік бір ләззат бар. Ең тәтті нәрсені қайталай берсе, жалықтырып жіберетіні рас. Алайда, Құранды қайта-қайта оқу жалықтырмақ түгілі жүрегі қа¬раймаған, зауқы бұзылмаған адамдардың қызығушылығын
355БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАарттырып, тәттілігін үдете түсетіні бұрыннан бері жұртқа аян болып, халық арасында кең тараған. Құранның жастығы, ғажаптығы сонша сан ғасыр өтсе де және оны қолға түсіру оңай бола тұра, жаңа түскендей өзінің балғындығын сақтап келеді. Әрбір ғасыр тап өзіне айтылып, жаңа түсіп жатқандай күйінде көреді. Түрлі ғылым саласындағы ғалымдар қолынан тастамай оны әрдайым пайдаланып жүрсе де әрі оның сөз саптауына еліктеп, соған ұқсастырып еңбек жазса да, Құранның түсіндірудегі ғажап әдісі мен баяндау тәсілін ешкім меңгере алмаған.Бесінші тұжырым: Құранның бір қанаты өткен шақта, бір қанаты болашақта, ал тамыры мен бұтағы болса, бұрынғы пайғамбарлардың бір ауыздан растаған ақиқаттары деуге болады. Бұл олардың үкімдерін растап, бекіте түседі. Олар да өзара ұқсастығымен мұны растауда. Сол секілді, әулие мен асфиялар одан нәр алып, өсіп шыққан жемістері тәрізді. Олар өздерінің рухани кемелденуі арқылы әлгі «қасиетті ағаштың» да жанды, нәрлі ақиқаттардың қайнар көзі екенін дәлелдейді. Ал, екінші бұтағынан өсіп-өнген әулиеліктің тура жолдағы бүкіл тариқаттары, дін Исламның бүкіл шынайы ілімдері бірлесе келіп, Құранның нағыз хақ, ақиқаттардың жиынтығы және мазмұны, яғни, шексіз күрделі мәселелерді қамтуы тұрғысынан таңғажайып екенін көрсетеді.Алтыншы тұжырым: Құранның алты жағы да нұрлы. Бұл оның хақ әрі шын екенін көрсетеді. Иә, астында бұлтартпас айғақ пен дәлелдер, үстінде иғжаздың нұрлы сәулелері, алдында, яғни, ұстаған бағытында екі дүниенің бақытының сый-сыяпаттары, артында сүйенер тірегі көктен түскен уахидың ақиқаттары, оң жағында сансыз дұрыс ойлайтын ақылдардың дәйекті құптаулары, сол жағында таза жүректер мен ар-ождандардың сенімдері мен шынайы берілуі, осы аталғандар Құранның бәрінен үстем, таңғажайып, мызғымас әрі ол жер бетіндегі еш соққы, оқ өтпейтін аспани мықты қорған екенін дәлелдейді. Осы алты мақамнан көрініп тұрғанындай, оның хақ әрі рас екенін, адамның сөзі еместігін, ішінде бірде-бір қате жоқ екенін растаушы біріншіден, әлемнің Иесі, әрдайым жақсылықты қолдаушы, хаққа жақ, өтірікшілдерді, жала жабушыларды масқаралаушы, барлығын билеп басқарушы Аллаһ. Ол – Құранға әлемде ең жоғары орын, мақбұл да үстем әрі биік мәртебе берген. Екіншіден, дін Исламның бұлағы, Құранның аудармашысы болған Азиз тұлға Расулдің (с.а.у.) бәрінен де артық оған сеніп, құрмет етуі және уахи түсіп жатқанда
356БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИұйқы басқандай маужырап қалуы әрі одан өзге аян хабарлар, басқа сөздер Оның әкелген уахиының дәрежесіне жете алмауы, ұқсамауы және оқу-жазуды білмесе де, өткен тарих пен болашақты көрместен, Құран арқылы еш күмәнсіз сенімді түрде дұрыс хабарлауы және өзіне мұқият қадағалап отырғандардың алдында ешбір қулығы, ешбір қатесі байқалмауы және бар күшімен Құранның әрбір үкіміне беріле иман етіп, мойынсұнуы, ешнәрседен тайсалмай әрдайым алға ұмтылуы, Құранның аспани ақиқат екенін, ішінде әсте жалған жоқ бәрі рас екенін, Мейрімі мол Жаратқанның қасиетті сөзі екенін растап нақтылай түседі.Әрі адамзаттың бестен бірі, бәлкім одан да көп бөлігі мына Құранға жан тәнімен беріліп, оның ақиқатына құштарлана ден қойып тыңдауы әрі көптеген оқиғалар мен белгі-ишаралардан анықталғанындай оқылған кезінде жындар мен періштелер, руханилер көбелектей айналасына үймелеп, хақ сөз тыңдауға жинала қалуы, Құранның ғалам бойынша ең жоғары мәртебеде екенін тағы да растайды.Сондай-ақ, адамзат жаппай, сауатсыз наданынан бастап ең ақылды, зерек ғалымға шейін әрқайсысы Құраннан толық қанағаттанарлық дәріс алуы, өте терең ақиқаттардың байыбына барып аңғаруы, ғылым мен пән және Ислами жүздеген ілім саласының және ұлы шариғаттың ғұлама-ғалымдары, сондай-ақ, «Усул-уд Дин», «Илм-і Кәлам» саласының дана ғалым ғұламалары өзіне қатысты қажетті мағлұматты, керекті жауапты Құраннан табуы, бұл да Құранның хақ пен ақиқаттың бұлағы екенін растайды. Және әдебиетте алғы сапта тұратын араб ақын-жазушылары (күні бүгінге шейін мұсылман болмағандары да) айтысуға өте мұқтаж бола тұра, Құранның иғжазының негізгі жеті түрінің бір ғана түрі шешендігіне қарсы, тіпті, бір ғана аятына тең келер жазба жаза алмай қашқақтауы, айтысып атын шығарғысы келетін әйгілі ақындар мен дана ғұламалардың өзі ешбір тұрғыдан, ешбір қасиетіне қарсылық көрсете алмауы, ауыздарын аша алмай үндемей қалуы, бұл да Құранның мұғжиза екенін, адамның қолынан келер шаруа еместігін дәлелдейді. Иә, сөздің қадірі, оның жоғарылығы мен шешендігі, оны «кім айтқан, кімге айтқан, неге айтқан» деген жақтарымен анықталады дейтін болсақ, Құранның теңі жоқ, оған жету мүмкін емес. Себебі, Құран Кәрім, күллі әлемнің Раббысы, бүкіл ғаламды Жаратқан Аллаһтың үндеуі, Оның киелі сөзі әрі ешбір тұрғыдан
357БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАкөшіру, ұйқастыру мүмкін емес пәрмені, әрі, ол бүкіл адамзаттың, тіпті, болмыс атаулының өкілі, жоғары мәртебелі кісіге түскен. Ол – адамзаттың мақтанышы, ең абыройлысы, аты әлемге әйгілі ерекше тұлға. Оның иманы берік, талғамы орасан екені сонша, алып Ислам дінін қамтитындай кең, ауқымды әрі оны Қаб-ы Қаусәйін мақамына көтеретіндей дәрежеде киелі. Және Құран «не туралы айтады?» десе, ол – екі дүниенің бақыты жайлы баян қылады. Ғалам не үшін жаратылғаны, оның нәтижесі, оны Жаратқанның мақсаты туралы сыр шертеді және әлгі басты себепкердің бүкіл Ислам ақиқаттарын қамтитын, орасан зор, алып иманын түсіндіреді және мына үлкен ғаламды да географиялық карта, яки сағат, яки сарай секілді жан-жағын түгелдей көрсете отырып, оны жасаған ұлы Шеберді сипаттап, жақсылап таныстырады.Міне, осындай баяны мұғжиза Құранның, әлбетте, теңін табу мүмкін емес, оның иғжазына жету ешкімнің қолынан келмесі хақ. Және Құранға түсініктеме жасап, тәпсір жазған, кейбірі отыз-қырық, тіпті, жетпіс томдық еңбек жазған зерек, ілімі терең көзі қарақты мыңдаған ғалым ғұламалардың дәлелге сүйене баяндаған Құранның шексіз қасиеттері, терең мағыналары мен тұжырымдары, сондай-ақ, ғайып оқиғаларының әртүрінен көптеген ғайыптық хабарларды көрсетуі, дәлелдеуі, атап айтқанда, Рисалей-Нұрдың жүз отыз кітабы, оның әрбір кітапшасы Құранның қасиетін, қысқа тұжырымын бұлтартпас айғақтармен дәлелдеуі, әсіресе, Құранның мұғжизалығы туралы сыр шертетін «Мұғжизат-ы Құрание» кітабы, пойыз, ұшақ секілді ғылым жетістіктерінен көптеген жаңалықтарды Құран¬нан тауып шығарған Жиырмасыншы Сөздің екінші мақамы, сондай-ақ, Рисалей-Нұрға, электр тоғына ишара қылатын аяттардың белгі-нышандары жазылған «Ишарат-ы Құрание» атты «Бірінші Шуақ» және Құранның әріптері өте тәртіппен, жүйелі орналасқанын, олар сырға толы, мағыналы екенін көрсеткен «Румузат-ы Сәмание» атты сегіз кітапша және «Фәтих» сүресінің соңындағы аяты бес тұрғыдан ғайби хабар беретінін, оның өз алдына бір мұғжиза екенін дәлелдеген көптеген Рисалей-Нұрдың әрбір кітапшасы Құранның ақиқатын, нұрын ашып көрсетуі, міне, бұлар Құранның теңдессіз мұғжиза, таңғажайып екенін білдіреді және жұмыла Құран ғайып әлемінің мына көрінген әлеміндегі тілі және ғайыптың бәрін білетін Ғаллам-үл Ғуюб Бір Аллаһтың сөзі екенін дәлелдейді.
358БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ«Міне, алты тұжырыммен, алты жақтан, алты мақамда ишара етуге тырысқан Құранның жоғарыда аталған қасиеттері бар. Сол үшін оның орасан зор нұрлы үстемдігі, ұшантеңіз киелі билік-салтанаты күллі ғасырларды нұрға бөлеп, жер жүзіне түскеннен бері жарықтандырып, аса құрметпен жалғасын тауып келеді. Әрі сол қасиеті үшін Құранның әрбір әрпі ең аз он сауап, он жақсылық жасағандай қымбат, он түйір жұмақ жемісін береді. Тіпті, кейбір аяттардың, сүрелердің әрбір әрпі жүз, мың кейде одан да көп пайда береді. Кейбір ерекше берекелі уақыттарда әрбір әрпінің нұры мен сауабы оннан жүзге артып кететін ерекше қасиеттерге ие». Міне, осыны әлгі дүние жолаушысы аңғарды да, өз-өзіне былай деді:«Иә, осындай қай жағынан болсын мұғжиза, таңғажайып мынау Құран, өзіндегі сүрелері, аяттары үндесе, сырлары мен нұрлары өзара сәйкес келе отырып және берген жемістері мен нәтижелері бір жерден шығуы арқылы бәрі бір ауыздан Аллаһ Тағаланың бар екенін, Оның жалғыздығын көркем есім-сипаттарымен бірге дәлелдеп куәлік етеді. Бүкіл имандылардың сансыз имандары, куәліктері оның куәлігінен, оның нұрынан нәр алған».Міне, біздің жолаушымыздың Құраннан алған тәухид дәрісі және иман сабағына қысқа ишара ретінде Бірінші мақамның он жетінші мәртебесінде былай делінген болатын:
359БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАСосын, пақыр адамзатқа пәни, уақытша бір алқап я болмаса бір үй, баспананы емес, оны үлкен әлемге, дүниеге тең келер алып та мәңгі бақи мүлікке ие қылатын және пәни адамды мәңгі өмірге дайындайтын сондай-ақ, ажал дарағашы күтіп тұрған бейшара адамды мәңгі жоқ болу қауіпінен құтқаратын және мәңгі бақыттың қазынасын ашатын, адамзаттың баға жетпес өте қымбат нәрсесі иман екенін түсінген әлгі жолаушы яки өмірге мейман болушы өз-өзіне былай деді:- Қане алға! Иманның шексіз толып жатқан мәртебелерінен бір мәртебесіне жету үшін ғаламның жалпы жаратылысына назар аударып «бұл не дейді екен, тыңдап көрейік, манағы ішіндегі болмыстан алған дәрісімізді толықтырып, одан әрі нұрландыра түсейік» - деп Құраннан алған үлкен әрі ауқымы кең дүрбімен қарады. Қараса:Бұл әлем керемет тартымды да тәртіпті жаратылғаны сонша бейне бір алып заңғар Сүбхани кітап немесе дене түріндегі үлкен Раббани Құран яки сұлу да зәулім Сәмадани сарай немесе жүйелі құрылған Рахмани шәһар тәрізді. Бұл кітаптың барлық сүре, аяттары, кәлима, сөздері тіпті әріптеріне, баптарына, бөлімдеріне, бет, парақтарына, жолдарына дейін жаппай әрдайым ретті түрде өзгертіліп, хикметпен ауысып отырады. Бұл бізге ұжымдасып, бірігіп бір Алим-ы Күлли Шей, бір Қадир-і Күлли Шей, Шебер барлық нәрсенің барлық жағын көретін, ненің немен байланысатынын білетін, соған қарай мәміле жасайтын Наққаш-ы Зүлжәлал, Катиб-ы Зүлкәмал Аллаһтың бар екенін, оның болмысы хақ екенін аңғартады. Сол секілді өзіндегі негіздер, «әнуағ» яғни мақұлықтардың түрлерімен және «әджза» яғни бөлшектерімен, тұрғындарымен, ішіндегі болмыстарымен, кіріс-шығыстарымен сондай-ақ, жаратылыстағы болып жатқан пайдалы құбылыс-өзгерістерімен, хикмет толы жаңаруларымен, барлығы бірге осы істерді өзінің шексіз құдіретімен, орасан зор хикметімен істеп жатқан Шебердің және теңдесі жоқ Ұста Аллаһтың сөзсіз бар екенін әрі Оның уахдетін білдіреді.
360БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИБірінші ақиқат. Усулуд-дин уә илм-і Кәлам саласының зерек ғалымдары мен Исламның дана ойшылдары көрген әрі сансыз айғақтармен дәлелдеп берген «худус» пен «имкан» ақиқаты. Олар мәселені былай шешкен:«Әлемде және барлық нәрседе өзгеру, алмасу бар екені рас. Олай болса, жаратылыс міндетті түрде пәни, кейіннен пайда болған, оны бастауы жоқ қадим деуге болмайды. Кейіннен болғаны рас болса, әлбетте оны бар қылған бір Жаратушы болды ғой. Сондай-ақ, барлық нәрсе өз затында, түптеп келгенде болуына я болмауына бір себеп керек әйтпесе болуы екі талай, еш айырмашылық жоқ. Әлбетте, болмыс абъсолюттік және әзәли яғни бастауы мен соңы жоқ деп айта алмаймыз. Және тығырыққа тірелетін, ақылға сыйымсыз дәуір мен тәсәлсүл ұғымы яғни анау мынаны, мынау ананы жасады деп, шынжырлама түрінде бірін-бірі жарату мүмкін еместігі бұлтартпас айғақтармен дәлелденген. Олай болса, әлбетте, Уажиб-ул Ужуд бір Аллаһтың болуы шарт. Оның теңі болмайды, ешнәрсе оған ұқсамайды, өзінен басқалар мүмкін әрі өзгелер оның мақұлығы яғни оның жаратқандары болмақ. Иә, худус ақиқатын әлемнің барлық жерінен кездестіруге болады. Басым көпшілігі көзге көрінсе, қалғанын ақыл көреді. Рас, көз алдымызда жыл сайын күз мезгілінде бір әлем ғайып болады. Сонымен қатар, саны шексіз, әрбірі тірі ғалам сықылды жүз мың түрлі өсімдіктер мен ұсақ жәндіктер әлгі әлеммен бірге опат болады. Бірақ опат болу құбылысы өте жүйелі түрде жүзеге асады, яғни олардың қайта тірілуіне ұйытқы болатын және Аллаһтың рахымы мен хикметінің мұғжизалары әрі құдіреті мен ілімінің өнері болып табылатын дән-дәнектер мен тұқымдарды, жұмыртқаларды көктемде өз орындарына тастап, атқарған амал дәптерлері мен жасаған қызмет жоспарын оларға тапсырып Хафиз-ы Зүлжәлалдың әмірімен оның хикметіне аманат қылып сосын барып опат болады. Ал келесі көктемде ұлы хаширдің жүз мыңдаған үлгі-мысалы мен дәлелі ретінде әлгі опат болған ағаштар мен тамырлар және кейбір тірі жандар қаз- қалпында жан бітіп, тіріледі. Кейбірінің өзі болмаса да орнына өзіне ұқсас теңдестері жаратылып, тіріледі. Және былтыр көктемдегі жаратылыс жасаған амалдарының, атқарған міндеттерінің парақтарын жариялағандай Құранның деген аятының бір үлгі-мысалын көрсетіп тұрады.
361БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАӘрі, ішіндегі болмысымен қоса жалпы алғанда әрбір күзде, үлкен бір әлем опат болып орнына әрбір көктемде жаңа әлем келеді. Осы опат болу мен қайтадан пайда болу құбылысы өте тәртіппен, жүйелі түрде жүзеге асады әрі керемет өлшеммен, ретті түрде әрбір түрлі жаратылыс қирап қайта жаратылатыны сондай бейне бір дүние ғажайып мейманхана секілді. Оған тірі жандар топ-топ болып қонаққа келеді, неше түрлі әлемдер жолай соға кетеді, тұрақсыз дүниелер келіп кетіп жатады. Әрбірі өз міндетін атқарып болған соң көзден таса болады.Міне, бұл дүниеде осындай сансыз жанды заттарды, белгілі бір міндеті бар әлемдерді аса көрегендікпен, білікті түрде, асқан хикметпен, дәл өлшеммен, тепе-тең әрі тәртіппен жаратып, өз орындарына қойып, Раббани мақсаттарға, Иләһи межеге қарай бағыттап, жойқын түрде Рахмани қызметке пайдаланып, рахымды түрде жұмсап отырған Зат-ы Зүлжәлалдың сөзсіз бар екені және оның шексіз құдіреті, асқан хикметі бар екені ақылға Айдан анық көрініп тұр.Ал, имкан ақиқатына келер болсақ, ол да барлық жерде кездесіп, әлемді қамтып жатыр деуге болады. Өйткені, барлық нәрсе, ол мейлі үлкен я кіші болсын ғарыштан жерге дейін, зәрреден жұлдыздарға шейін барлық зат, бүкіл жаратылыс өзіне тән болмысқа, белгілі бір суретке, пішінге, ерекше бітім мен өзіндік сипаттарға ие түрде әрі хикметке толы жағдайда, пайдалы да тиімді жабдықталып дүниеге жіберіліп жатады. Алайда, әлгі белгілі бір түрде жаратылған зат шексіз мүмкіндіктердің ішінен әлгіндей белгілі, өзіндік түрге енуі, ерекшелікке ие болуы... әрі сансыз суреттер бола тұра, шексіз ықтималдардың ішінен осындай әдемі де ерекше, өзіне жарасымды белгілі бір суретке орануы әрі, өзі тектес тұқымдастары қанша болса сонша мүмкін жолдар бола тұра ол затқа өзіне лайық болмыс-бітімді ерекшелендіріп арнауы сондай-ақ, сипаттардың түрлері мен мәртебелері қанша болса сонша мүмкіндіктер мен ықтималдар көп әрі манағы зат солардың арасында еш қандай түр-түсі жоқ, қалай болары белгісіз бола тұра кенет оған өзіндік ыңғайлы да пайдалы сипаттарға ие болуы, әрі сансыз ықтималдар ішінде белгісіз, не боларын білмейтін, белгілі бір мақсаты жоқ, бағыт-бағдарсыз әлгі жаратылысқа әлгіндей хикметке толы тиімді хал-жағдай жасап, өте пайдалы құралдармен жабдықталуы, қамтамасыз етілуі, бізге мынаны мегзейді: Болмыстың жалпы немесе жалқы түрде қалай
362БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИжаратылуы тұрғысында мүмкін қанша жолдары болса сонша және әрбір жаратылыстың жоғарыда аталған болмысы, оның бітімі, сурет-пішіні, сипат пен хал-жағдайының болу мүмкіндігі қанша болса сонша, әр нәрсені жеке-жеке айырып талдаушы, таңдаушы, тағайындаушы, лайықты орнына қоюшы бір Уажиб-үл Ужуд Аллаһтың сөзсіз бар екеніне, оның құдіреті мен хикметі шексіз екеніне, еш нәрсе, ешбір іс одан жасырына алмайтынына, ешбір зат оған қиын еместігіне, ең үлкен нәрсе оған өте кішкентай нәрсе сияқты оңай болатынына, көктемді бір ағаштай, ал бір ағашты бір дәндей жеңіл жарататынына дәлелдер, ишаралар бар. Бұл көрініс, мүмкіндік дейтін ақиқаттан шығып, нақтыланып ғаламның осынау үлкен куәліктің бір қанатын ашып берді.Ғаламның осы тектес куәлік ететінін және оның екі қанаты мен екі үлкен ақиқаты бар екенін Рисалей-Нұр кітапшалары, атап айтсақ Жиырма екінші, Отыз екінші Сөздер мен Жиырмасыншы және Отыз үшінші Мәктубтар толығымен дәлелдеп, жан-жақты түсіндіргендіктен соларға сілтеп осы ұзақ мәселені қысқа қайырдық. Ғаламның жалпы алғанда ортаға шығатын алып, күлли куәлігінің екінші қанатын дәлелдейтін дәлелі мынау.Екінші ақиқат: Мына әрдайым болып жататын өзгерістер мен құбылыстардың ішінде өзінің болмысын, атқарар қызметін, егер тірі жан болса тірілігін сақтап қалуға, жүктелген міндетін атқаруға тырысқан махлұқтарға яғни жаратылысқа қарайық. Оларда өздеріндегі күш-құдіретінің шамасынан тыс өзара жәрдемдесу ақиқаты байқалады. Мысалға, элементтер тірі организмге көмектеседі, бұлттар өсімдіктерге суғарып медет береді, ал өсімдіктер болса хайуанатқа азық боп қол ұшын береді, хайуандар да адамзаттың игілігіне қызмет етеді, кәусар бұлағындай аналық сүттер нәресте, төлдерді азықтауға асығады. Және тірі жандардың әлі келмейтін көптеген қажеттіліктері мен ризықтары күтпеген жерден нәсіп болып жатады. Тіпті, жеген тағамның бөлшектері де денедегі жасушалардың жөнделіп, реттелуіне қызмет етеді. Осындай Раббани бағындыруға, Рахмани қызмет еткізуге қарап отырып «тәғауын» дәстүріне яғни бір-біріне жәрдемдесу ақиқатына көптеген мысалдар келтіруге болады. Ол мысалдар тұп-тура, анық түрде бүкіл әлемді бір сарайдай басқарып отырған бір Рабб-ул Аләминнің жалпы әрі мейірімге толы рубубиетін көрсетеді. Жаны, ақылы, мейірімі жоқ бола тұра бір-біріне қамқор,
363БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАақылды сияқты әрекет ететін мына өзара жәрдемшілер, әлбетте өте Рахим, Хаким бір Рабб-ы Зүлжәлалдың құдіретімен, рахымымен, әмірімен бір-біріне көмектеседі.Міне, ғаламда болып жатқан осындай жаппай жәрдемдесу, жұлдыздардан бастап тірі жандардың ағза мен сезім мүшелері, ұсақ бөлшектеріне шейін жүйелі түрде жүзеге асып жатқан тепе-теңдік, қауіптерден сақтау және аспан мен жердің әсем де құлпырған жүзінен бастап сонау гүл-шешектердің күлімдеген жүзіне дейін қалам жүргізген безендіру ақиқаты сондай-ақ, Күн системасынан бастап сонау жүгері, анар секілді жеміс-жидектерге дейін үкімін жүргізіп тұрған реттеу ақиқаты, және Күн мен Ай, элементтер мен бұлттардан бастап сонау бал арасына шейін белгілі бір міндет жүктеу секілді алып та ауқымды ақиқаттардың өздеріндей үлкен куәліктері, ғаламның куәлігінің екінші қанатын яғни бөлігін құрайды, дәлелдейді. Рисалей-Нұр осы үлкен куәлікті дәлелдеп, жан-жақты түсіндіргені рас. Олай болса біз қазір қысқа ишарамен қанағат қыламыз.Сонымен дүниеге мейман кісінің ғаламнан алған иман дәрісіне қысқа ишара ретінде бірінші мақамның он сегізінші мәртебесінде былай делінген болатын:
364БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИСосын, дүниеге келіп Жаратушысын шарқ ұрып іздеп жүрген және он сегіз мәртебеден өтіп, ақиқат ғарышына қолы жеткен және иман миғражы арқылы ғайып түрдегі мағрифаттан өтіп һәзіране, мүхатабане яғни Раббысының алдында тұрғандай, Онымен сөйлесіп отырғандай мақамға қолы жеткен іздемпаз әрі құштар жолаушы өзінің рухына былай деді: Киелі «Фатиха» сүресінің басынан бастап «ияка»сөзіне келгенше ғайып түрде мадақтап келеді де сосын құзыр тауып «Саған ғана» деген үндеуіне ие болатыны секілді біз де ғайып түрде іздеудің орнына тұп-тура іздегенімізді іздеп жүргенімізден сұрайық. Болмыс атаулыны көрсетіп тұрған Күнді Күннің өзінен сұраған жөн болар. Рас, барлық нәрсені көрсетіп тұрған нәрсе өзін бәрінен жақсы көрсетеді емес пе!? Олай болса Күннің шуағы арқылы Күнді танып, көргені сияқты біз де Жаратушы Халиқымызды көркем есімдерімен, киелі сипатарымен бірге қабілетімізге қарай тануға тырысалық! Біз бұл рисаледе ол мақсаттың көптеген жолдарынан екі жолын және ол екі жолдың да шексіз мәртебелерінен екі мәртебені және ол екі мәртебенің де сансыз ақиқаттары мен терең де ұзақ түсіндірмесінен тек екі ақиқатты қысқа-нұсқа баяндамақпыз.Бірінші ақиқат: Ап-ашық көзге көрініп тұрған және шексіз әрі әрдайымғы, өте жүйелі де ұлық және аспан мен жердегі жаратылысты шыр айналдырып отырған, орындарын өзгертіп әрі жаңартып тұрған, ғаламды толық құшағына алған «фағалиет-і мүстәулия» ақиқатын яғни барлық нәрсені қамтып тұрған, кез-келген жерден көруге болатын қызу жұмысты байқаймыз. Және әлгі жан-жақты хикметке толы «фағалиет» ақиқатының ішінен «тәзахур-ы Рубубият» ақиқаты яғни бәрі толық басқарылып, бағындырылып тұрғанын көреміз. Және осы жан-жақты рахымды басқарудың ішінен «тәбаруз-ы улухиет» яғни ашықтан ашық өзіне табындыру ақиқаты нақты түрде байқалады.Міне, осы билікке жарасар іс пен хакимге тән әрдайымғы фағалиеттен, қызу жұмыстан, перде артында бір Файыл-ы Қадир уә Алим Аллаһтың істері көзбен көргендей байқалады. Және осы
365БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАтәрбиелеуші, әрнәрсенің алдын алушы, жан-жақты ұйымдастырушы Раббани істен, ол бір перде болса оның арғы жағынан барлық жерде сәуле-шуақтары кездесетін Иләһи есімдерді сезгендей анық білуге болады. Ал енді, осы жәлалын шашқандай айбынды әрі жәмала қызықтырғандай нәзік көркем есімдерден, яғни пердесінің артынан «құдси сифат-ы сәбға» яғни Аллаһтың киелі жеті сипатының бар әрі рас екенін «илмәл-яқин», «айнал-яқин» тіпті «хаққал-яқин» дәрежеде білуге болады. Ал, осы жеті құдси сипаттың тіріге тән, құдіреттіге лайық, біліктідей, естігендей, көріп тұрғандай, қалауымен істеушіге жарасатындай, сөйлеушіге тән, осылайша жан-жақты шексіз түрде әсер етуіне қарап анық әрі еш күмәнсіз, нақты түрде осы сипаттардың иесі Уажиб-ул Ужудтың, әлгі есімдердің иесі Уахид-ы Әхадтың, Файыл-ы Фәрд-і Сәмадтың болмысын Күннен де ашық әрі жарқын түрде жүректегі имани көзбен көргендей нақты білуге болады. Өйткені, керемет әрі қызықты кітап пен тамаша бір үй, анық түрде жазу, жасау деген істі мегзейді. Ал әдемі жазу мен епті іс-қимыл болса анық түрде жазушы, ұста деген атын, ал жазушы, ұста деген аттар болса анық түрде жазушылық, ұсталық деген өнер мен сипатты, ал өнер мен сипат болса шүбәсіз өзін көрсетеді. Ол – әлгі сипаттар мен есімдердің иесі, жасаушы, шебердің нақ өзі болмақ. Файылсыз бір фийл яғни іскерсіз бір іс, мүсәммасыз бір исим яғни иелері жоқ бір есім болмайтыны секілді, мәусуфсыз бір сипаттың яғни сипатталушысыз бір сипаттың және шеберсіз бір өнердің болуы әсте мүмкін емес.Міне, осы ақиқат пен қағидаға байланысты мына ғалам, бүкіл болмысымен тағдыр қаламымен жазылған, құдрет құралымен жасалған бір емес бірнеше қызғылықты кітаптарға, хаттарға, сан-алуан сарайлар мен ғимараттарға ұқсайды. Әрбірі мыңдаған тұрғыдан және бәрі қосылып жан-жақты Раббани уә Рахмани шексіз істерді және ол істердің бұлағы болып табылатын Иләһи мың бір есімді, ал олардың қайнар көзі болған Сүбхани киелі жеті сипатты, ал ол шексіз әрі құдси сипаттардың иесі, бұлағы Әзәли уә Әбәди бір Зат-ы Зүлжәлалдың сөзсіз бар екенін, Оның жалғыз екенін көрсетіп, шексіз куәлік етеді. Сондай-ақ, барлық болмыстағы күллі сұлулықтар, әсемдіктер, құндылықтар мен кемелдіктер де Раббани істің, Иләһи есім-сипаттардың, Сүбхани «шуынаттың» өзіне тән, еш теңдесі жоқ құдси сұлу-жәмалына, кемеліне және барлығы жұмылып бір Зат-ы Ақдестің құдси жәмалына, киелі кемеліне анық түрде куәлік беріп
366БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИшәһәдат қылады. Сонымен, фағалиет ақиқатының ішінен көрініс тапқан Рубубиет ақиқаты, ілім және хикметпен жарату, жоқтан бар ету, жасау және тәртіппен, өлшеммен тағайындау, суреттеу, алдын алу, алмастыру сондай-ақ, қалау-ерікпен өзгерту, орын ауыстыру, түсіру, көтеру, кемелдендіру және мейіріммен азықтандыру, нығметке бөлеу, жарылқау, сыйлық беру секілді шуынатпен яғни Иләһи істермен, тасаруфаты арқылы яғни керемет толық басқару арқылы өзін көрсетеді әрі таныстырады. Рубубиеттің көрінісі дейтін ақиқаттың ішінен анық сезіліп тұрған Улухиеттің көрінісі дейтін ақиқат та көркем есімдердің мейірімді де жомарт түрде шағылысуы арқылы және «Субути жеті сипат» деп аталатын «хаят», «ілім», «құдірет», «ираде», «сәмиғ», «басар», «кәлам» сипаттарының жәлалли уә жәмалли көріністері арқылы өзін таныстырады, бар екенін білдіреді. Иә, қалай Аллаһтың «кәлам» сипаты уахилер мен илһамдар арқылы Зат-ы Ақдесті таныстырады, дәл солай «құдірет» сипаты да дене түріндегі сөздер болып табылатын шебер жасалған өнер туындылары қоршаған орта арқылы ол Зат-ы Ақдесті білдіреді. Ғаламды жаппай материалдық үлкен Құран кейпінде көрсетіп бір Қадир-і Зүлжәлалды сипаттап, таныстырады да ол туралы мағлұмат береді. Сондай-ақ, ілім сипаты да хикметке толы және тәртіпті де өлшемді жаратылыс қанша болса сонша, және ілім мен қалау арқылы, безендіру, бір-бірінен ажырату, ерекшелендіру арқылы жаратылған қанша зат болса, сонша сол сипаттардың иесі бір ғана Зат-ы Ақдесті білдіреді. Хаят яғни тіршілік сипатына келер болсақ, құдретті көрсететін бүкіл жаратылыс және ілімнің бар екенін білдіретін бүкіл тәртіпті әрі хикметті, әрі өлшемді де әдемі суреттер, хал-жағдайлар сондай-ақ, басқа да сипаттарды көрсететін күллі дәлелдер, осылай хаят тіршіліктің сипатының дәлелдерін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар хаят сипатының рас екенін білдіреді. Сол сияқты хаят та әлгі дәлелдермен мына айна тәріздес бүкіл тірі жандарды куәгер ретінде Зат-ы Хай-ы Қаюм Бір Аллаһты көрсетеді. Осылайша ғаламды бастан аяқ әрдайым жаңадан-жаңа әрі түрлі-түрлі шағылыс-сәулелер мен ою-өрнектерді көрсету үшін әрқашан өзгеріп, жаңарып отыратын шексіз айналардан құралған алып, үлкен бір айна бейнесіне енгізеді.Осылай салыстырып қараса, көру, есту, қалау, сөйлеу сипаттары да әрқайсысы жеке-жеке анық түрде Зат-ы Ақдесті білдіреді, таныстырады. Әрі, бұл сипаттар Зат-ы Зүлжәлалдың болмысына
367БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАдәлел болғаны секілді хаят дейтін ақиқат бар екенін, рас екенін және Ол Аллаһ хаят иесі, тірі екені ап-анық түрде дәлелдейді. Себебі, білу деген хаятқа тән яғни тіріге тән; есту де хаятты көрсетеді; көру де тірілерге тән сипат; қалау-ерік, ол да тірінің ісі; ықтиярымен күш-құдіретін көрсету ол да тірілік иесіне лайық; сөйлеу болса ол да білетін әрі тірінің жұмысы. Міне, осы тұжырымдардан түсінгеніміз, хаят сипатының жеті мәрте әлемдей ұлық дәлелдері бар және өзінің және осы сипаттардың иесі бар екенін көрсететін айғақтары бар. Сондықтан хаят бүкіл сипаттардың негізі, қайнар көзі және Исм-ы Ағзамның бұлағы, ұйытқысы болып отыр. Рисалей-Нұр осы бірінші ақиқатты қуатты айғақтармен дәлелдеп, біршама түсіндіргендіктен ол теңіздей мағрифаттан осы аталған тамшыдай мағлұматпен әзірге қанағат қылып шектелдік.Екінші ақиқат: Кәлам (сөйлеу) сипатынан шығатын тәкәллүм-і Иләһи (Аллаһтың сөйлеуі) жайлы.Аятының сырымен, Иләһи кәлам яғни Аллаһтың сөзі шексіз көп. Біреудің бар екенін білдіретін анық белгі оның сөйлеуі болып табылады. Демек, бұл ақиқат шексіз дәреже Әзәли Мүтәкәллим Аллаһтың бар екеніне, біреу екеніне куәлік етеді. Бұл ақиқаттың қуатты екі куә осы кітапшаның он төртінші және он бесінші мәртебелерінде баяндалған уахилар мен илһам (аян) тақырыбында қозғалған-ды. Ауқымы кең тағы бір куә оныншы мәртебесінде ишара етілген аспаннан түскен кітаптар жайлы жерінде айтылған болатын. Тым жарқын әрі күрделі куәгерлігі де он жетінші мәртебесінде Қасиетті Құран жайлы айтқанда тоқталып өткен болатынбыз. Сондықтан, бұл ақиқаттың баяндалуы қалай куәлік ететінін әлгі мәртебелерге сілтеп ол ақиқатты таңғажайып түрде білдірген, және куәгерлігін басқа ақиқаттардың куәлігімен қоса баяндаған мына ұлы аяттыңәнуары мен әсрары яғни нұрлары мен сырлары біздің жолаушымызға жеткілікті болса керек әрі қарай бара алмаған екен.
368БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИСонымен, жолаушының осы құдси мақамнан алған дәрісінің қысқа түсіндірмесіне бір ишара ретінде бірінші мақамның он тоғызыншы мәртебесінде былай делінген екен:* * * * *
369БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАҮшінші Шұға яғни Мінәжат Рисалесі, Аят-ул Күбра рисалесі тағы басқа бес-алты рисале Кастамонуда жазылған. Бұл Рисалелер. Ұстаздың Кастамонудағы өмірі, қандай қызмет атқарып, немен шұғылданғандығын және қандай бағыт ұстанғандығының жарқын көрінісі. Саид Нұрсидің халық үшін, Ислам жолында, Иманды арттыру жолында қалай еңбек еткендігін осы рисалелер дәлелдеп беруде.* * * * *КІРІСПЕМына, Иманның Сегізінші айғағы, Аллаһтың Вужуб-у Вужудын және Уахданиетін ғана емес, Рубибиетінің барлық нәрсені қамтып тұрғандығы мен Құдіретінің ұлылығын дәлелдеп беруде. Билігі бүкіл нәрсеге жүріп тұрғандығы мен мейрімінің барлық нәрсені қамтып тұрғандығын да дәлелдеп беруде.Сондай-ақ Аллаһтың Хикметі бүкіл әлемдегі барлық нәрсені қамтып тұрғандығын да дәлелдеп отыр.Қорыта айтқанда; Бұл, Иманның сегізінші айғағындағы әрбір кіріспе сегіз нәтижені дәлелдерімен қоса түсіндіріп береді. Осы жағынан алғанда Иманның сегізінші айғағында аса жоғары ерекшеліктер бар.Саид Нұрси
370БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИМІНӘЖАТО, Раббым! О, Иләһым! Менің, иманның нұрымен, Құранның тәлімімен, сондай-ақ, Расул-ы Әкрем ғаләйссилату уәссаламның дәрісімен және Сенің Хаким есіміңнің көрсетуімен көзімнің жеткені: Аспанда керемет тәртіптілігімен сенің бар екеніңді білдірмейтін, меңземейтін ешбір әрекет, ешбір қозғалыс жоқ. Және аспан денелерінің ішінде еш дыбыс шығармастан тым-тырыс күйде өзіне тән міндет атқарып, ешқандай тіреусіз тұруы арқылы сенің рубубиетіңді көрсетпейтін, саған куәлік етпейтін бірде-біреуі жоқ.Және өзінің өлшемді жаратылысымен, тәртіпті жағдайымен және нұрлана күлім қағуымен, сондай-ақ, бүкіл жұлдыздарға тән ұқсастық жағымен сенің улухиетің мен уахданиетіңнің ұлықтығына ишара етіп, куәлік қылмайтын ешбір жұлдыз жоқ. Және он екі ғаламшардың әрқайсысы хикметті қозғалысы, мойынсұна бағынуы, жүйелі міндет атқаруы арқылы сенің міндетті түрде бар екеніңе куәлік етеді және Улухиет Салатанатыңды мегзеп ишара қылады.
371БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАРас, аспан әлемдері өздерінде орналасқан денелер арқылы әрқайсысы жеке-жеке Аллаһтың құдіретіне куәлік етумен қатар, барлығы бірге де ап-анық түрде куәлік етеді. - О, жер мен көкті жаратқан Жаратушы! – Сенің сөзсіз бар екеніңе куәлік етуде. О, зәрелерді керемет қосындыларымен бірге жаратып, басқарып отырған және әлгі жұлдыздарды жұлдызды шоғырларымен бірге шыр айналдырып, әміріне мойынсұндырған Аллаһ! Олар сенің жалғыздығыңа, бір екеніңе қуатты түрде куәлік ететіні соншалық, көкте қанша жұлдыз болса, сонша нұрлы, жарқын дәлелдер өзара куәліктерін бекітіп растауда. Һәм, мына мөлдір де ашық, тап-таза, тамаша аспан әлемдеріне қарашы! Ғаламат үлкен, өте шапшаң денелерімен бірге сақадай сай әскер, тіл алғыш қалың қол, электр лампаларымен көмкерілген салтанатты кеме секілді Сенің рубубиетіңнің ұлықтығына және барлығын жаратқан шексіз құдіретіңнің зор екеніне ап-анық дәлел болып тұр. Сондай-ақ, шексіз көк аспанды қамтып жатқан билігіңмен, әрбір тірі жанды қамқорлығына алып тұрған рахымыңның кеңдігін дәлелдейді. Сондай-ақ, аспан мақұлықтарының барлық істері мен жағдайларын көріп-біліп отырған, уысында ұстап тұрған әрі реттеп басқарып отырған іліміңнің шексіз екеніне және хикметіңнің бүкіл оқиғаларды қамтып, назардан тыс қалдырмайтынына куәлік етеді. Ол куәлік пен дәлелдің анық-қанықтығы сонша, бейне бір аспандағы жұлдыздар әлгі куәгер аспанның куәлік сөздері іспеттес, денеге айналған нұрлы айғақтары десе болады. Һәм, аспанды кең майдан немесе теңіз ретінде қарастырсақ, ондағы жүзіп жүрген жұлдыздар құдды тәртіпті әскер, керемет кемелер, таңғажайып ұшақтар немесе ғажап шам-шырақтар іспеттес халдері арқылы сенің улухиетіңнің салтанатын, оның асқан әдемілігін көрсетуде. Әлгі әскердің бір ғана жауынгері, яғни, жұлдызы болған Күннің өз системасындағы және жер шарындағы атқарар қызметінен анық көрінетіні Күннің жолдастары болып саналатын жұлдыздардың кейбіреуі ақырет әлемімен байланысты және босқа тұрған жоқ, атқарар міндеттері бар. Тіпті, олар бақи әлемдердің Күндері іспетті.
372БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИО, Уажиб-ул Уджуд! О, Уахид-і Әхад! Мына керемет жұлдыздар, анау ғажап Күндер, Айлар, жаппай сенің иелігіңде, сенің аспаныңда, сенің әміріңмен, құдірет-күшімен және сенің қалауыңмен, басқаруыңа бағынып, бұлжытпай мойынсұнуда, белгілі бір міндет атқаруда. Сонау аспан денелері бірі қалмай өздерін жаратқан, шыр айналдырып тұрған, басқарушы бір ғана Халиқты тәсбих қылып, тәкбир (ұлықтау) етеді. Хал тілдерімен «Субханаллаһ, Аллаһу Әкбар» дейді. Мен дағы солардың барлық тәсбихтеріне қосылып сені пәктеймін. О, өте жарқын көрінетіндіктен жасырын қалған Аллаһ! О, тым шексіз ұлық болғандықтан құпия болған Қадир-і Зүлжалал! О, Қадир-і Мұтлақ! Қасиетті Дана Құранның дәрісімен және Расулуллаһ Аләйхссалату уәссаламның тағылымымен түсінгенім мынау болды: Аспандар мен жұлдыздар сенің бар екеніңе, жалғыздығыңа куәлік етеді. Солар секілді көк аспан да бұлттар арқылы, күннің күркүреуі арқылы және жел-дауылдарымен, жауын-шашындарымен сенің сөзсіз бар екеніңе, жалғыз екеніңе куәлік етеді. Иә, жаны жоқ, бейсана бұлттың тірішіліктің көзі саналатын жаңбырды мұқтаж жан-жануарларға медет қылып себелеуі тек сенің рахымың мен хикметің арқылы ғана болмақ. Оған шым-шытырық кездейсоқтық араласа алмайды. Сондай-ақ, аса қуатты электр тоғы бар және өзінің жарықтандыру қабілетіне ишара ете отырып, одан тиімді пайдалануға ынталандыратын жай оғы аспандағы құдіретіңді анық көрсетеді. Һәм, жаңбырдың келе жатқанын сүйіншілеп хабар беретін, алып аспанға тіл біткендей сөйлететін және тәсбихтерінің дыбысымен көктерді жаңғыртатын найзағай жарқылы мен күннің күркіреуі де өз «хал» тілдерімен сені пәктеп, рубубиетіңе куәлік етеді.Һәм, тірі жандардың өмір сүруі үшін аса қажетті рызық пен қолданылуы жағынан ең қолайлысын яғни дем беру және тіршілік иелерін рахаттандыру секілді көптеген міндеттер жүктелген желдер де ауа қабатын бейне бір хикметке байланысты «ләух-ы махыв уа исбат», «жазып-сызып, түсіндіріп, сосын өшіріп тастайтын тақтаға» айналдыру арқылы сенің құдіретіңнің іскер екеніне ишара және сенің сөзсіз бар екеніңе шәһадат етеді.
373БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАСенің шексіз қамқорлығыңмен бұлттардан сауылып тірі жандарға жөнелтілген мейірімділіктің мөп-мөлдір керемет өлшемді тамшылары да өз сөздерімен сенің рахымыңның кең, мейіріміңнің мол екеніне куәлік етеді. О, Мутасаррыф-ы Фағал! О, Фәйяз-ы Мутағал! Сенің сөзсіз бар екеніңе бұлттың, найзағайдың, желдің, жаңбырдың, әрқайсысы жеке-жеке куәлік еткендері секілді барлығы қосылып біртұтас күйде құрамы әртүрлі, табиғаты бір-бірінен алшақ болса да, өзара бірлесу арқылы, араласа-құраласа отырып бір-бірінің міндетіне көмектесу арқылы Сенің уахдетіңе, бір екеніңе өте күшті ишара етеді. Һәм, алып кеңістікті бейне бір ғажап махшар майданына ұқсатып, кейде бір күнде бірнеше рет түнертіп, бірнеше рет жадыратып рубубиетінің ұлықтығына куәлік еткізеді, әлгі алып кеңістікті жазу-сызу тақтасы тәрізді өзгертіп отырады және бұлттарды қысып, сол арқылы жердегі бау-бақшаны суарады. Осылайша, құдіретінің ұлықтығын, барлық нәрсеге күші жететінін дәлелдейді. Сондай-ақ, жер бетін жаппай қамтып, күллі жаратылысқа ауа қабатын басқарып отырған рахымың мен үстемдігіңнің шексіз кең әрі кәміл екенін дәлелдейді. Һәм кеңістіктегі ауа қабаты хикметке толы шексіз міндет атқаруға жұмсалып, ал бұлт пен жаңбыр болса ілім талап ететін пайдалы істерге қолданылуда. Бұл шаруа әрине бүкіл нәрсені қамтитын ілім мен кәміл хикметті қажет етеді. Әйпесе мүлдем іске аспас еді. Уа, Фағал-ун Лимә Юрийд! Әуе қабатындағы қызу жұмыстарыңмен әрдайым хашир мен қияметтің үлгісін көрсетіп, бір сағатта жазды қысқа, қысты жазға ауыстырып, жаңа бір әлем жаратып, ескісін ғайыпқа жіберу секілді істер атқарып жатқан құдіретің, әлбетте, дүниені ақыретке ауыстырады және ақыретте мәңгі бітпейтін істерін паш ететінін мегзейді. О, Қадир-і Зүлджәлал! Көктегі ауа қабаты, бұлт, жаңбыр, күннің күркіреуі мен найзағай секілді жаратылыс, сенің иелігіңде, сенің әміріңмен, сенің ғана күш-қуатыңа бағынышты түрде қызмет етіп, өз міндетін адал атқаруда. Құрамы бір-бірінен алыс, мүлдем ұқсамайтын әлгі кеңістіктегі жаратылыстар,
374БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИөздерін өте жылдам түрде әміріне бағындырған, бұйрықтарын орындатқызған Әміршісін, Әкімін пәктеп, оның шексіз рахымын мадақтап паш етуде.О, жер мен көктің Халиқ-ы Зүлжалалы! Сенің хикмет толы Құраныңның тағылымы және Расул-ы Әкрем ғаләйһиссалату уәссаламның дәрісі арқылы көзім жетіп, мынаған иман еттім: Аспан жұлдыздармен бірге, атмосфера кеңістігі ішіндегілермен бірге сенің сөзсіз болмысыңа, бір екеніңе, уахдетіңе куәлік еткені секілді, «арз» яғни жер шары бүкіл мақұлықтарымен, хал-жағдайымен сенің бар екеніңе, бір екеніңе өзінде қанша жаратылыс болса, сонша куәлік етіп, қыруар ишаралармен мегзейді. Иә, жер бетінде болып жатқан құбылыстарға, ағаштар мен хайуандардың жыл сайын бейне бір киім ауыстырғандай құлпыруына назар аударалық! Ол құбылыстардың жалқы немесе жаппай түрде өте жүйелі жүзеге асуы Сенің міндетті түрде бар және бір екеніңе куәлік етеді. Куәлік етпейтін бірде бір құбылыс жоқ.Һәм, хайуанатың бәрі де әлсіздігі мен мұқтаждығына қарай, өзіне мейірімді қамқорлық жасалуы және өміріне қажетті заттардың хикметпен берілуі тұрғысынан Сенің бар екеніңе, біреу екеніңе куәлік етеді. Куәлік етпейтін бірде біреуі жоқ.Һәм, әрбір көктем сайын көз алдымызда жаратылып жатқан өсімдік болсын, хайуан болсын барлығының да керемет өнерлі жаратылуы, нәзік әсемдігі, ерекшелігі, реттілігі, өлшемді жасалуы тұрғысынан Сені таныстырады, сен туралы айтады. Жер бетінде көптеп кездесетін өсімдік пен хайуанат деп аталатын құдіретіңнің кереметтерін, өнеріңнің мұғжизаларын әрі шамасы шектеулі, құрамы ұқсас, тіпті, бірдей жұмыртқа мен жұмыртқашықтарды, ұрықтықтар мен дәнек-тұқымдарды алайық. Олардың ішінен болмыстар еш қатесіз, керемет толық әрі сұлу әрі өзара бір-бірінен өзгеше түрде шығып, көркем жаратылуы Сани-ы Хакимінің бар әрі жалғыз, бір екеніне, хикметі мен құдіреті шексіз екеніне куәліктерінің өте күштілігі сонша, жарықтың Күнге куәлігінен әлдеқайда қуатты әрі жарқын.
375БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАҺәм, ауа, су, нұр, от, топырақ секілді элементтерді алайық. Олар өздері бейсана бола тұра саналы әрі керемет міндет атқарып, әрі құрамы қарапайым әртарапқа жайылғыш, тәртіп дегенді білмейтін, қайда бұрса, сонда ағып жүре беретін бола тұра өте тәртіпті нәтиже беруі, соңында сан-алуан пайда мен жеміс салуы, ғайып қазынасынан өнімдерді әкеліп беруі бекер емес. Олардың ішінде сенің жалғыз әрі сөзсіз бар екеніңе куәлік етпейтіні жоқ. О, Фатыр-ы Қадир! О, Фәттах-ы Ғаллам! О, Фағал-ы Халлақ! Жер шары өзін мекендеуші барлық тұрғындарымен бірге Жаратушысының уажиб-ул Уджуд, ешбір шартқа тәуелсіз бар екеніне куәлік етеді, дәл сол секілді – О, Уахид-ы Әхад! О, Ханнан-ы Мәннан! О, Уәһһаб-ы Рәззақ! Сенің әхадиетіңе, уахдетіңе, яғни, бірлігіңе бетіндегі таңбасымен, тұрғындарының жүздеріндегі мөрлерімен және өзара ұқсас, біркелкі әрі бір-бірімен матасып жатуы, біріне-бірі жәрдем етуі, сондай-ақ, оларға үкім етіп тұрған рубубиет есімдерінің, Иләһи істердің біреу болуы жағымен ап-анық түрде сенің уахдетіңе, әхадиетіңе қанша жаратылыс болса, сонша куәлік етеді. Һәм, Жер шары бір әскери бөлімше яки көрме, яки тағылым орны болуы жағымен, сондай-ақ, өсімдік пен хайуанат тобындағы төрт жүз мың түрлі ұлттан құралған болмыстың сан түрлі жабдықтары рет-ретімен берілуі арқылы сенің рубубиетіңнің айбындылығын, құдіретіңнің барлық нәрсеге жететінін дәлелдейді. Дәл сол секілді саны шексіз тірі жандардың түрлі құрал-жабдықтары жүйелі түрде берілуі сенің рубубиетіңтің айбындылығына, құдіретіңнің шексіздігіне дәлел болады. Сол секілді сансыз тірі жандардың сан-алуан рызықтары дәл уақытында құп-құрғақ қара топырақтан Мейірімін төге мол түрде берілуі және сол сансыз жаратылыстың әрқайсысы зыр жүгіріп Раббани заң-әмірлерге мойынсұнуы - рахымыңның барлық жерді қамтитындай кең екенін, әкімдігіңнің күллі нәрсені ішіне алатынын аңғартады. Һәм, жерде әрдайым өзгеріп отыратын мақұлықтардың топ-тобымен айдалып, басқарылуы, өліп-тірілулері және хайуандар мен өсімдіктердің де басқарылуы мен алдын алу шаралары
376БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИміндетті түрде барлығын білетін іліммен, әрнәрсеге үкімі жүретін шексіз хикметпен болатын іс. Бұл әрине сенің іліміңнің мұхит, хикметіңнің орасан зор екенін көрсетеді. Һәм, дүниеде қысқа мерзім ішінде мойнына сансыз міндеттер жүктелген, мәңгі өмір сүретіндей қабілет пен рухани құрал-аспаптармен жабдықталған және жер жүзіндегі жаратылысқа үстемдік ететін адам баласын алайық. Оған мына тәлім алар дүниеде, мына уақытша әскери орын-дүниеде, мына бір сәттік көрмеде мұнша мән берілуі, мұнша шығын, осынша қыруар рубубиеттің шағылыс-әсері, мұнша Субхани үндеу, осыншама Иләһи ихсан-сый-сыяпат, әлбетте, әрі оған дау жоқ, мына қып-қысқа, мұңлы өмір үшін емес және мына қайғы аралас тіршілік пен бәлесі көп, фәни дүние үшін беріліп, тек сол үшін арналмаса керек. Иә, ол тек қана мәңгі өмірге арналған, бақи сағадат әлемі үшін берілген. Бұлар мәңгі әлемде болатын ақыреттік сый-сыяпаттармен байланысты, тіпті, солардың бар екенін көрсетеді. О, Халиқ-ы Күлли Шей! Жердегі күллі мақұлық сенің иелігіңде, сенің жеріңде, сенің күш-қуатыңмен, сенің құдірет және қалауыңмен, сенің ілімің және хикметіңмен басқарылып, мойынсұнуда. Жер жүзінде қызу жұмыс атқарып жатқан рубубиетіңнің ауқымы кең, көлемі шексіз және оның басқаруы мен іс-шаралары, тәрбиесі кемшіліксіз әрі өте мұқият һәм әртараптағы істері өзара ұқсас, сондай-ақ, бір және бірлікпен атқарылуда. Демек, бөлінуі мүмкін емес біртұтастық, бірі-бірінен ажырамайтын күлли түрде басқарып, әрнәрсені орны-орнымен рубубиет қылуда яғни реттеп басқаруда. Һәм, жер шары барлық тұрғындарымен бейне бір тіл біткендей, тіпті, одан да анық сансыз өз тілдерімен Жаратушы Халиқын тақдис (ұлықтау), тәсбих (пәктеу) етуде. Және мол нығметке бөлену жағымен хал тілдерімен Рәззақ-ы Зүлджалалдарын мақтап-мадақтап, шүкір етуде.О, тым жарқын көрінетіндіктен жасырын қалған және тым ұлықтығынан көрінбей тұрған Заты-Ақдес! Жер жүзінде Сені күлли тақдис, тәсбих еткендермен бірге мен де Сені кемшілік атаулыдан, әлсіздіктен, ширктен ада екеніңді айтып, бүкіл мадақ, мақтау сөздерімен саған шүкір етіп, мадақ айтамын.
377БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАО, Рабб-ул Бәррі уәл Бахр! Құранның дәрісімен, Расул-ы Әкремнің ғаләйһиссалату уәссаламның тағылымымен түсінгенім: Қалайша аспандар мен кеңістік және жер шары Сенің бір және сөзсіз бар екеніңе куәлік етеді, дәл солай теңіздер, өзен-көлдер, бұлақтар мен сарқырамалар Сенің уажиб-ул ужуд уә уахдетіңе, яғни, міндетті түрде бар әрі бір екеніңе анық түрде куәлік етеді. Иә, дүниенің ғажайып су қоймасы, бу қазаны іспеттес теңіздердің ішінде өзінің табиғатымен, реттілігімен, пайдалылығымен, керемет жағдайымен Жаратушысын таныстырмайтын ешбіреуі, ешбір жаратылыс, тіпті, ешбір тамшы су жоқ. Қарапайым су мен қара топырақта өмір сүріп жатқан, ризықтары тамаша түрде беріліп тіршілік ететін ғажайып мақұлықтарды, жаратылысы таңқалдыратын керемет теңіз хайуандарын, әсіресе, біреуінің өзі бір миллион жұмыртқа шашып теңізге көрік беретін балықтарды алайық. Олар жаратылыстарымен, белгілі бір міндет атқаруы жағымен, керемет басқарылуы және асыралуы, тәрбиеленуі тұрғысынан жаратқан Иесіне ишара етеді, Ризық беруші қамқоршысының бар екеніне куәлік етеді. Һәм, теңізге қарайық. Оның ішінде керемет жаратылысымен, тартымды табиғатымен, пайдалы қасиетімен сені танымайтын, таныстырмайтын ешбір жауһар, жақұт, асыл тас жоқ. Иә, олар жеке-жеке куәлік ететіні секілді барлығы қосылып жұмыла өзара ұқсас әрі аралас-құралас болуы арқылы және жаратылыс таңбаларының бір болуы мен жеңіл әрі жылдам жаратылуы тұрғысынан, сондай-ақ, санының көптігі жағымен Сенің жалғыз екеніңе куәлік етеді. Сонымен қатар жерді топырағымен бірге, үстін жайлап жатқан мұхит пен теңіздерді тепе-теңдікте ұстап, кеңістікке іліп қою әрі суларын төкпей-шашпай Күнді айналдыра кездіру және көршілес топырақты шайып кетуіне жол бермеу һәм топырақ пен судан сан-алуан тіршілік иелерін, асыл тастарды жарату әрі олардың азық-түлігі мен өзге де қажеттіліктерін жаппай әрі толығымен беріп, қамтамасыз ету және жер бетіне үйіліп қалатындай
378БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИсансыз өлексе жаназаларға кірлетуіне жол берілмеуі Сенің сөзсіз бар екеніңе, Уажибул-Уджуд екеніңе жаратылыстың санынша ишара етіп, куәлік қылады. Осылайша, рубубиетіңнің салтанаты ұлық екеніне және барлығын қамтып жатқан құдіретіңнің шексіз екеніне ап-анық дәлел болғаны секілді аспанның арғы жағында орналасқан алып жұлдыздардан бастап, сонау теңіз түбіндегі керемет қорекпен қамтамасыз етіліп жатқан тым ұсақ балықтарға шейін құшағына алып жатқан рахымыңның да, басқарып тұрған әкімшілігіңнің де ауқымы кең екеніне дәлел болып табылады. Олардың ретті әрі пайдалы, хикметті де өлшемді, жүйелі болуы Сенің іліміңнің әрнәрсені толық қамтитынын, хикметіңнің барлығын басқаратынын мегзейді. Және Сенің мына мейманхана секілді дүниеде жолаушылар үшін осыншама рақымды іс-шаралар жасауың және оны кеме секілді жүздіріп адамзаттың саяхаттауына, қажетіне падалануына ыңғайлы болуы бізге мынаны білдіреді: Жолаушыларға арнап жол бойына орналасқан бір түндік керуен сарайға, яғни, уақытша қонақ үйіне мұнша теңіз байлықтарын кәде қылып сыйға тартқан Құдірет, әлбетте, мәңгілік әлемінде мәңгі рақым сый-қазыналарын мол түрде жаратып тарту еткен болса керек. Мына әлемдегі көргендеріміз олардың фәни, кішкентай, уақытша үлгі-нұсқалары, көмескі көріністері болмақ. Міне, теңіздердің осылай өте ғажайып түрде жер бетіне айнала керемет орналасуы, ал теңіз мақұлықтарының да өте жүйелі түрде басқарылып, толық қамтамасыз етілуі тек қана Сенің құдіретіңмен, Сенің ерік-қалауыңмен атқарылуда, олар Сенің иелігіңде, Сенің әміріңе мойынсұнып, хал тілдерімен Жаратушы Иесін ұлықтап «Аллаһу Әкбар» деп пәктеп, мадақтауда. О, тауларды жер шары кемесіне қазына толы қазық етіп қаққан Қадир-і Зүлжәлал! Расул-ы Әкремнің (ғаләйһиссалату уәссалам) тағлымынан және Құран-ы Хакимнің дәрісінен түсінгенім: Қалайша теңіздер ғажайыптығымен Сені танып таныстыруда, сол секілді таулар да зілзәланың
379БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАәсерінен жердің тынышталуына, ішіндегі дүмпулердің басылуына, сондай-ақ, теңіздердің шайып кетуіне кедергі болуы, сонымен қатар ауаның зиянды заттардан тазаруына және су қоймаларының бірігуіне, тірі жандарға қажетті заттардың жиналуына ұйытқы болуы жағымен, яғни, осындай аса маңызды қызметтерімен, зор хикметтерімен Сені танып отыр әрі таныстыруда.Иә, тау жыныстарының түрлерін немесе түрлі ауруларға шипа боларлық шикі заттардың түрлерін және тірі жандарға, әсіресе, адамдарға аса қажетті әрі түрлері сан-алуан жер асты қазыналардың жыныстарын, сондай-ақ, таулар мен далаларды гүл-шешектерімен безендіріп, жемістерімен құлпыртып тұрған өсімдіктердің түрлерін алайық. Олардың ешбіреуі кездейсоқ, өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Себебі керемет хикметпен, өте жүйелі әрі әдемі де әсем, аса пайдалы түрде жаратылуда. Әсіресе, элементтерге, оның ішінен тұзқышқылына, лимон қышқылына, сульфат пен ашудас секілді сырттай ұқсас болғанымен дәмдері мүлдем басқа заттарға назар аударалық. Әсіресе, өсімдіктердің қарапайым топырақтан неше түрлі болып өсіп-өнуі, сан-алуан гүл ашып, жеміс беруі таңғажайып. Міне, осы құбылыстар, бізге өте қадир (құдретті), өте хаким (шексіз дана), өте рахим (аса мейірімді) және өте кәрим (аса жомарт) бір Аллаһтың шүбәсіз бар екенін анық білдіретіні секілді барлығы қосылып өздерінің біркелкі басқарылуы һәм бір әдіспен жүйеленуі әрі қайнар бұлағы, мекен-жайы, табиғаты мен өнер тұрғысынан бірдей болуы, біріңғай және арзан әрі оңай әрі мол және тез жаратылуы жағымен, Шебер Аллаһтың уахдетіне, әхадиетіне куәлік етеді. Таулардың ішіндегі, сыртындағы элементтер дүнияның әр тарапында кездеседі, әрбір түр бір уақытта, бір әдіспен, еш қатесіз өте кәміл түрде жылдам жаратылады, әрі бір-біріне кедергі болмай, басқаларымен бірге аралас-құралас бола тұра әсте араласпай жасалады. Бұл құбылыс Сенің рубубиетіңнің айбындылығына және бәріне үстем құдіретіңнің шексіз, әрі асқақ екендігіне дәлел болып табылады.
380БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИСондай-ақ, жер жүзіндегі күллі тірі жандардың шексіз қажеттіліктерін, тіпті, неше түрлі ауруларын, тіпті, сан-қилы рахат-зауықтарын, түрлі тәбеттерін өтейтіндей дәрежеде таулардың іші-сыртын қазына байлықтармен, өсімдік-ағаштармен толтырып құлпырту және мұқтаждардың игілігіне мойынсұндыру; бұл да Сенің рахымыңның шексіз кеңдігін, үстемдігіңнің орасан зор екенін білдіреді. Сондай-ақ, топырақ қабаты қараңғы әрі аралас, түк көрінбейтін болса да астындағы жаратылыстың бәрін біліп, көріп, араластырмай, мұқияттылықпен, қажеттігіне орай барлығын орны-орнына қойып, дайын тұруы, Сенің әрнәрсені білетін іліміңнің терең екенін, барлығын реттейтін хикметіңнің бүкіл затты қамтитын күлли екенін және дәрі-дәрмектердің әзірленуі, шикізаттардың орналасуы, міне осы аталған іс-шаралар рубубиетіңнің рахымды және жомарт әрі керемет іс атқаратынын және жарылқауыңның нәзік әрі әсемдігіне ап-анық түрде ишара қылады, дәлелдеп көрсетеді. Һәм, мына дүние қонақүйінде жолаушылап келген қонақтарға арнап алып тауларды қажетті заттармен толтыру және келешекте қажет болады деп пайдалы нәрселермен мұнтаздай етіп оны сақтау қоймасы жасау және оларды өмірге қажетті қазыналардың көзі етуі, міне, бұл да керемет кәрім, тым қонақжай, өте хаким және аса Мейірімді әрі құдіреті күшті, тәртібі қатаң бір Аллаһтың бар екеніне ишара, дәлел болып табылады. Олай болса, міндетті түрде әлгі өзі өте жақсы көрген қонақтарына арнап мәңгі әлемде мәңгі бітпес сый-сыяпаты, мәңгі таусылмас қазына байлықтары болмақ. Бұл жердегі таулардың орнына ол жақта жұлдыздар сол қызметті атқаратын болады. О, Қадир-ы Күллі Шей! Таулар мен ішіндегі мақұлықтар жаппай сенің иелігіңде, олар сенің күш-құдіретіңмен және ілім-хикметіңмен басқарылуда әрі орны-орнына қойылған. Олар өздерін осылай белгілі бір міндет жүктеп, бағындырып отырған Жаратушысын тақдис қылып (дәріптеп), тәсбих етеді (ұлықтайды).
381БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАО, Халиқ-ы Рахман, уа Рабб-ы Рахим! Расул-ы Әкремнің ғаләйһиссалату уассаламның тәлімімен және Құран-ы Хакимнің дәрісімен түсінгенім: Қалайша аспан, кеңістік пен жер шары, тау, теңіз және ішіндегілер, күллі мақұлықтар барлығы Сені танып отыр әрі таныстырып жатыр, сол сияқты жердегі барлық ағаштар, өсімдіктер және олардың жапырақтары мен гүл-шешектері, жемістері де Сені анық түрде таныстырады әрі өздері де сені таниды. Енді барлық ағаштар мен өсімдіктердің сүйкімді де тартымды зікір ететін жапырақтарына және тамаша әдемілігімен Шебер Аллаһтың көркем есімдерін сипаттап, таныстыратын гүл-шешектеріне қарайық! Және нәзік жаратылысымен, мейірім шуағымен күлім қағатын жемістеріне назар аударалық! Олардың кездейсоқ болуы әсте мүмкін емес. Олар керемет Иләһи өнермен арнайы реттеліп безендірілген. Ол реттіліктің ішінде өлшем бар. Өлшемнің ішінде әсемдік бар. Әсемдіктің ішінде нақыштар, ою-өрнектер бар. Нақыштармен қоса тамаша сан-алуан хош иістер шығады. Ал хош иістердің ішінен жемістердің түрлі-түрлі дәмдері байқалады. Міне, осы аталған нәрселер шексіз рахим және кәрим бір Аллаһтың сөзсіз бар екенін анық көрсетеді. Сонымен қатар, осылардың барлығын қосқанда бүкіл жер жүзінде өзара бірлік пен бір тұтастық, өзара ұқсастық және жаратуында сәйкестік, басқарылуында біркелкілік, өзара тығыз байланыс және оларды басқарып реттеп отырған күш пен Раббани есімдердің үйлесімділігі, бір-біріне сәйкестігі және тек бір түрінің саны жүз мыңнан асып, сапырылысып жатса да шатастырылмай ретпен жаппай жүйелі басқарылуы, міне, бұлар бізге Уажиб-үл Уджуд, болуы шарт, міндетті түрде бар бір Аллаһтың анық біреу және бәрін бір өзі жасап отырғанын көрсетеді. Һәм, олар жаппай Сенің уажиб-үл Уджуд екеніңе уә уахдетіңе, яғни, міндетті түрде бар әрі жалғыз екеніңе куәлік ететіні секілді, жер жүзін мекендеген төрт жүз мың түрден құралған тіршілік иелері дейтін әскердің сансыз тұлғалары сан-алуан түрде қоректеніп, асыралуы, жүйелі
382БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИтүрде басқарылуы, яғни, еш шатастырылмай керемет үйлесімді де тәртіппен ұйымдастырылуы, міне, бұл да Сенің рубубиетіңнің уахданиеттегі ұлықтығына, айбындылығына және көктемді бір түйір гүлдей жарата алатын құдіретіңнің шексіздігіне, оның барлық нәрсені жасай алатынына дәлел болып табылады. Сондай-ақ, жер шарының әр тарапында өзінің сансыз тірі мақұлықтарына, шексіз азықтардың сан-алуан түрлерін әзірлеп берген рахымыңның орасан кеңдігіне және сондай сансыз істер мен кәміл жарылқау жұмыстары, жүйелі басқару мен асырап, толық қамтамасыз ету іс-шаралары өте тәртіпті түрде жүзеге асуы және барлық нәрсе, тіпті, зәррелер әлгі Иләһи әмір мен іс-шараларға толық мойынсұнуы, аса бағынышты болуы Сенің әкімшілігіңнің кінәратсыз, ауқымды екеніне нақты дәлел болып табылады. Сонымен қатар сол ағаштар мен өсімдіктердің әрбір жапырағы, гүл-шешегі мен жемістері, тамырлары мен тал-бұтақтары секілді әрбір бөлшегінің әрнәрсесін, әрбір ісін алдын-ала біліп, көре отырып, соған қарай олардың пайдалары мен хикметтеріне және соңында болатын тиімді нәтижелеріне сәйкес жаратылуы Сенің іліміңнің барлық нәрсені қамтитынына және хикметің барлық затқа әсер ететініне анық түрде айғақ болады әрі сансыз тұрғыдан меңзеп ишара қылады. Осылайша, Сенің орасан зор шеберлігіңнің көркемдігін және шексіз әсем нығметтеріңнің кәмілдігін сансыз тілдермен мақтап дәріптейді.Сондай-ақ, мына уақытша мейманханада, бір түндік керуенсарайда қысқа мерзімде және азғантай өмірде ағаштар мен өсімдіктердің қолымен мұнша қымбат ризық, құнды нығмет пен қыруар шығын, сый-кәденің берілуі тегін емес. Мұндай сый-сыяпат бізге мына мағынаны білдіреді, тіпті, анық көрсетеді: Бұл жерде өзінің меймандарына осыншама сый-сыяпат дайындаған құдіреті күшті, жомарт Жаратушы Рахим Аллаһтың осы күллі шығындары мен тартулары өзін жақсы көргізу, таныстыру, риза қылдыру үшін бола тұра, өз ісіне, ұлы мақсатына қарама-қайшы әрекет қылып, яғни, бүкіл мақұлықтар тарапынан: “Бізге дәмін татқызды, бірақ
383БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАтойғызбай бізді жоқ қылды” демеуі әрі дегізбеуі үшін және де Улухият, Құдайылық сипатының мерейін, ұлық беделін түсірмеу үшін әрі шексіз мейірімін жоққа шығармауы, әрі шығартпауы үшін әрі өзіне құштар да қарыздар бүкіл достарын бәрінен құр қалдыру арқылы ашуландырып дұшпанына айналдырмау үшін, әлбетте, әрі қалай болғанда да мәңгі әлемде, мәңгі мекенде, мәңгі тұрақтайтын құлдарына, мәңгі мейірім қазынасынан, мәңгі жәннаттарында мәңгі әрі жәннатқа лайық бір түрде саялы да мәуелі ағаштар мен гүлді жеміс-жидектер даярлап қойғаны анық. Бұл жердегі көргендеріміз бар болғаны сол жаққа назар аудартып ынталандырып қызықтыратын, тұтынушыларға көрсету үшін ғана қойылған үлгі-нұсқалар ғана. Сондай-ақ, ағаштар мен өсімдіктердің барлығы жапырақ, гүл және жемістері арқылы, бейне бір жазылған сөз секілді бір мағына білдіріп, Сені пәктеп, мадақтап зікір еткендері секілді, ол сөздердің әрқайсысы жеке-жеке Сені пәктеп мадақтайды. Әсіресе, жеміс жидектерге назар салайық! Олардың ішкі құрылысы таңғажайып әрі сан алуан, әсем де шебер жасалуы және дәнек, тұқымдардың керемет мұғжизалы жаратылуы, сосын оларды тағам салатын ыдыстарға толтырып яғни, жеміс-жидектерді ағаштарарқылы немесе өсімдіктердің қолына беріп өзінің сыйлы қонақтары жан-жануарларға ұсынуы, бұл олардың хал тілімен жасаған тәсбихтері, дәріптеулері боп саналады. Тәсбих етіп, дәріптейтіні соншалықты анық, ол кәдімгі тілмен ауызша айтылатын зікірден де ап-анық. Бұлардың барлығы Сенің иелігіңде, Сенің күш-қуатыңмен, Сенің құдіретіңмен, Сенің қалауыңмен әрі жарылқауыңмен, Сенің рахымың және хикметіңмен іске асуда, олар Сенің әрбір әміріңе толық мойынсұнатын қызметшілерің екеніне дау жоқ. Уа, өте айқындығынан жасырын қалған әрі шексіз ұлықтығынан қалқаланып көрінбей қалған Хаким, Шексіз Дана, Шебер, Мейірімді Жаратушы! Бүкіл ағаштар мен
384БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИөсімдіктер және олардың сансыз жапырақтары мен гүлдері, жемістері өздерінің тілдерімен Саған қанша тәсбих айтса, мен де Сені сонша кемшілік атаулыдан, әлсіздіктен, серігі болудан пәктеп, Саған шексіз мадақ, соңсыз шүкір айтамын. Уа, бүкіл нәрсені бір-бірінен ажыратып, әрқайсысын жеке-жеке ерекше жаратушы Құдірет! Уа, бәрін хикметпен басқарушы Рабб! Уа, Мейірімді Тәрбиеші! Расулуллаһтың (с.а.у) тағылымымен және Құран Кәрімнің үйретуімен мынаны түсіндім әрі кәміл иман еттім: Қалайша өсімдіктер мен ағаштар Сені танып, Сенің киелі сипаттарың мен әсем есімдеріңді дәріптеп басқаларға білдіреді, дәл сол секілді, жанды мақұлықтардың ішіндегі рух иесі адамзат пен хайуанат та болмыстарындағы сағат секілді өте керемет, дәлме-дәл жұмыс жасап жатқан яғни жасатқызылып жатқан ішкі-сыртқы ағзаларымен де; бойларында орналасқан өте нәзік әрі дәл өлшеммен жасалған әрі маңызды пайдаларына орай орналастырылған құрал-жабдықтары мен сезім-түйсіктері арқылы да, сондай-ақ, бойында өте күрделі жұмыс атқаратын, асқан шеберлікпен әрі аса хикметпен, өте мұқият әрі үйлесімді орналастырылған дене мүшелерімен де Сенің сөзсіз бар екеніңе әрі сипаттарыңның хақ екеніне жұмыла куәлік етеді. Өйткені, мұншама көрегендікпен жасалған күрделі де нәзік өнерге, саналы да мақсатты түрде атқарылған іске, хикмет толы басқару жұмысына, керемет үйлесімге әлбетте, соқыр күш пен меңіреу табиғаттың, сергелдең кездейсоқтықтың араласуы әсте мүмкін емес, олардың ісі дегенге ешбір ақыл иесі сенбейді. Ал, өзінен-өзі солай құрастырылып пайда болды деу мың есе ақылға сыйымсыз, жөнсіздік болар. Өйткені, егер солай болған болса, онда оның әрбір бөлшегі сол дененің барлық нәрсесін, болмыс-пішінін, қалай жасалуы керектігін, тіпті, ол дененің қоршаған ортамен болатын бүкіл байланысын білетін, көретін, жасай алатын, құдды бір иләһ (тәңір) сияқты жан-жақты басқаратын терең ілімді, шексіз құдіретті болуы керек. Сонда ғана болмыс атаулының жаратылуы соларға тапсырылады немесе “өздігінен болып жатыр” делінеді.
385БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАСондай-ақ, бүкіл болмыс, денелерде жалпы алғанда байқалатын өзара ұқсас басқару, бірегей тәрбиелеу, біртектілік әрі бір түрде болу және жүздеріндегі көз, құлақ, ауыз секілді ағзалар тұрғысынан ұқсас болуы, сондай ақ, жеке-жеке алғанда жаратылыс таңбалары бәрінде бірдей болуы, олардың азықтануы мен жаратылуында сәйкестіктің болуы әрі бір-бірінің ішіне ретпен орналасуы, бұлардың бәрі Сенің біреу екеніңе нақты түрде куәлік етеді, куәлік етпейтін бірде бірі жоқ. Және олардың әрқайсының бойында Сенің күллі әлемді қамтып жатқан бүкіл есімдеріңнің сәулелері көрінуі, уахидиет ішіндегі әхадиетіңе ишара етеді, ишара етпейтін ешбірі жоқ. Сондай-ақ, адаммен бірге хайуандардың бүкіл жер бетіне жайылған жүз мың түрін алар болсақ, олардың сақадай сай, тәртіпті бір әскер тәрізді толық жабдықталуы, тәлім-тәрбие алуы, белгілі бір міндет жүктеліп, оны олардың адал атқаруы, заңға мүлтіксіз мойынсұнуы және Рубубиеттің бұйрықтарын ең кішкентайынан бастап сонау ең үлкеніне шейін бұлжытпай орындауы - Сенің Рубубиетіңнің, яғни, билік пен басқару ісіңнің ұлықтығына куәлік етеді әрі олардың саны көп шексіз бола тұра барлығы бірге тым керемет әрі еш нұқсансыз әрі өте жылдам жаралуы әрі аса шебер жасала тұра, өте оңай жаратылуы Сенің құдіретіңнің орасан зор екенін дәлелдеп қана қоймай, шығыстан батысқа дейін жайылып жатқан, микробтан сонау мүйізтұмсыққа дейін, ең кішкене жәндіктен ең үлкен құсқа дейінгі болмыс атаулының жаппай рызықтарын дер кезінде жеткізетін мейіріміңнің шексіз ауқымды екеніне және әрқайсысы тәртіпті жауынгер сияқты жаратылыс міндеттерін адал атқаруы; жер жүзінің әр көктемде әскерге шақырылып, күзде әскери міндеттен босатылып, орнына басқа, жаңадан келетін қарулы жауынгерлерге әскери бөлімше сияқты болуы – Сенің рубубиетіңнің, билігіңнің шексіз кеңдігін нақты дәлелдейді. Сондай-ақ, хайуандардың әрқайсысы әлемнің шағын үлгі-нұсқасы және бір кішігірім мысалы тәрізді болғандықтан,
386БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИолардың өте терең ілім, мұқияттылық, даналықты керек ететін түрде болуы және сапырылысқан бөлшектері бір-бірімен араласпай әрі бүкіл жануарлардың сан алуан түрлері өзара шатастырылмай, қатесіз, жаңылыссыз, нұқсансыз керемет құрастырылуы – Сенің іліміңнің әрнәрсені қамтитындығына және хикметіңнің барлық нәрсені толықтай қамтитынына олардың саны қанша болса, сонша рет ишара қылады. Сол секілді, олардың әрқайсысы өнердің дара ғажайып үлгісі әрі хикметтің таңғажайып мысалы болып өнерлі де әсем жаратылуы - Өзің сонша қалап жария қылғың келген Раббани өнеріңнің кәміл көркемдігі мен шексіз дәрежедегі сұлулығыңа ишара етеді және әрқайсысы әсіресе, күллі сәби мен нәрестелердің керемет еркелеп, мәпеленіп азықпен қамтамасыз етілуі әрі тәбеттері мен өтініш-тілектерінің орындалып, толық қанағаттандырылуы - Сенің қамқорлығыңның сондай шырын әсемдігіне сансыз ишара етеді.О, Мейірімді де Рахымды! О, уәдесіне берік, өте Сенімді! О, қиямет күнінің Әміршісі, дін күнінің Иесі! Сенің Расулуллаһ ғалейһиссәлату Уәссәламыңның тағылымы және хикмет толы Құраныңның үйретуімен түсінгенім: Әлемнің қорытындысы, нәтижесі тіршілік. Ал, тіршіліктің қорытындысы рух. Және рухтың қорытындысы, рух иелерінің ең таңдаулысы сана мен саналылар. Және саналылардың ең жоғары кәмілі Адамзат. Күллі әлем, болмыс атаулы тіршілікке байланысты болып, сол тіршілік үшін қызмет етіп, сол үшін зыр жүгіреді. Тіршілік иелері рух иелеріне бағынышты болып, дүниеге солар үшін жіберіледі. Жан-жануарлар адамдарға бағынышты болып соларға тәуелді түрде игілігіне қызмет етеді. Әрі адамзат жалпы өзінің табиғаты жағынан Жаратушысын шынайы жақсы көреді және Жаратушысы да оларды жақсы көреді әрі өзін оларға әрбір ісімен, жақсы көргізеді. Және адам баласының қабілеттілігі, оның рухани зор мүмкіндіктері бұл дүниеден басқа мәңгі әлеммен, соңсыз тіршілікпен тығыз байланысты. Адам, мәңгі болуды, бақилықты
387БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАаңсайды, оның жүрегі мен санасы мәңгілікке құштар, оны тілімен де дұға етіп Раббысынан, Жаратқан Иесінен жалбарына сұрайды. Ендеше, әлбетте және қалай болғанда да, өзі өте жақсы көріп сүйген, сүйікті де сүйкімді болған адам баласын Жаратушы Иесі қайта тірілместей етіп, мәңгіге жоқ қылып жібермейді. Оны әу баста мәңгі бақи махаббатпен жаратқан бола тұра мәңгі бақи дұшпанына айналдырып, қатты ренжітуі әсте мүмкін емес. Ақиқатында, адам баласы басқа мәңгі бір әлемде бақытты өмір сүріп, осы дүниеде қызмет қылып, бақи дүниеде мәңгі бақытқа қауышу үшін жіберілген. Сондай-ақ, адам бойында шағылысатын Иләһи есімдердің мына өткінші де қысқа өмірдегі көріністеріне үңіле қарасаң о дүниеде әлгі есім-сипаттарға айна болған адамдардың мәңгі нұрға бөленетіндігін байқауға болады. Иә, мәңгінің досы мәңгі болмақ. Бақидың саналы айнасы бақи болуы тиіс. Хайуандардың рухтары мәңгі бақи боп қалатыны және Сүлеймен Пайғамбардың (ғ.с) көкегі мен құмырысқасы, Салих Пайғамбардың (ғ.с) түйесі, Асхаб-ы Кәһфтің иті секілді кейбір жеке тұлғалар рухымен қоса денесі де мәңгі болып бақи әлемге көшетіні және әрбір түрдің кейде пайдалануы үшін бір ортақ денелері болатындығы нақты риуаяттардан түсінікті болуымен қатар, солай болуын Иләһи хикмет, ақиқат, рахым, рубубиет талап етеді.О, Құдіреті шексіз Қайюм! Бүкіл тіршілік иелері, рух иелері, саналы жандар Сенің мүлкіңде, жалғыз Сенің ғана күш-қуат және құдіретіңмен, тек Сенің ғана игеріп, басшылық етуіңмен және Сенің шексіз мейірім және даналығың арқылы рубубиятыңның әмірлеріне мойынұсынып, жаратылысына сай жүктелген міндетті атқаруда. Олардың кейбірі, адамның күш-қуаттылығына орай немесе үстемдігіне байланысты бағынған жоқ, керісінше жаратылысынан адам баласы өте әлсіз, шарасыз болғандықтан Иләһи рахым тарапынан бағындырылған.Сондай-ақ, олардың кейбірі хал тілдерімен, кейбірі кәдімгі тілдерімен барлығы жаппай Жаратушысын, Раббысын кем сипаттардан, қателесуден, өзіне серік ұстаудан пәктеп,
388БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИберген нығметтеріне ризашылығын білдіріп мадақ айтып, әрқайсысы өздеріне тән құлшылықтарын жасап дәріптеуде. О, өте жарқын көрінетіндіктен білінбей құпия қалған! О, шексіз ұлықтығы себепті перделенген Киелі Жаратушы! Бүкіл рух иелерінің Сені пәктеп жасаған тәсбихтеріне қосылып, мен дағы Сені пәктеп, ниет ете деймін. О, әлемдердің Раббысы! О, әуелгілер мен ақырғылардың Қожайыны! О, көктер мен жерлердің Иесі! Расулуллаһтың (с.а.у) тағлымы мен Құран Хакимнің үйретуі арқылы мен мынаны түсіндім әрі иман еттім: Көктер, аспан кеңістігі, жер, құрылық пен теңіз, ағаш, өсімдік, хайуан, әрқайсысы жеке-жеке, әрбір бөлшегі, әрбір зәрресі арқылы Сені біліп, танып, әрі Сенің бар және бір екеніңе куәлік етіп айғақ болатыны, ишара ететіні секілді, әлемнің қорытындысы болып табылатын тіршілік иелері және тіршілік иелерінің де қорытындысы болып табылатын адамзат және адамзаттың да қорытындысы болып табылатын пайғамбарлар мен әулиелер, асфиялар, өздерінің асыл қасиеттерімен яғни таза жүректерімен, дұрыс ақылдарымен, және өздерінің көріп, куә болғандарына және ашқан жаңалықтарына, көкейге қонған аяндарына сүйене отырып, барлығы бір ауыздан нақты түрде, жүздеген тәуәтүр қуатында Сенің міндетті түрдегі болмысыңа, сөзсіз бір екендігіңе, жалғыздығыңа куәлік етіп, хабар беруде. Олар өздерінің мұғжизалары мен кереметтеріне және бұлтартпас айғақтарына негіздей отырып берген хабарларын үсті-үстіне дәлелдей түсуде. Иә, Сенің сөзсіз болмысың мен киелі сипаттарыңа және уахдетің мен әхадиетіңе, яғни, жалғыз әрі дара екеніңе, сондай-ақ, көркем есімдеріңе куәлік етпейтін, айғақ болмайтын, ишара қылмайтын бірде-бір илхам яғни жүректе ғайып пердесі жағынан ескертуші біреуді көрсетпейтін бірде-бір сезім жоқ. Барлығы жаппай Сені еске түсіріп, Сенен хабар беріп тұрады және аян беруші біреуге
389БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАқаратпайтын да бірде-бір аян жоқ. Және киелі сипаттарың мен көркем есімдеріңді тауып, ашып бермейтін ешбір нақты сенім-наным да жоқ және пайғамбарлар мен әулиелерде болатын, Аллаһтың нұрларын көзбен көргендей қанағаттанбайтын ешбір нұрлы жүрек те жоқ және асфиялар мен сыддықтарда, яғни, Аллаһтың адал құлдарында күллі нәрсені жаратушы Аллаһтың болмысын ғылыми түрде растамайтын, Оның белгісі мен бірлігін дәлелдемейтін бірде бір нұрлы ақыл жоқ. Яғни таза жүректер мен нұрланған ақылдар Жаратушының бар әрі бір екеніне, Оның қандай екеніне ишара қылып, тіпті, дәлелдеп тұрады. Әсіресе, бүкіл пайғамбарлар мен әулиелердің, асфиялар мен сыддықтардың имамы, жетекшісі, қорытындысы болып табылатын Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уәссалам) әкелген хабарын қуаттап, дәлелдейтін мұғжизалары, сондай-ақ, шынайылығын растайтын терең ақиқаттары әрі бүкіл киелі де аспани кітаптардың негізі, қорытындысы болып табылатын Баяны ғажап Қасиетті Құранның тәухид аяттары мен иман мәселелері түгелдей Сенің міндетті түрде бар екеніңді көрсетіп, киелі сипаттарыңа, жалғыздығыңа әрі көркем есім мен сипаттарыңа куәлік етіп, анық дәлел болады. Сондай-ақ, қалайша жоғарыда аталғандай бүкіл жүз мыңдаған турашыл хабаршылар өздерінің мұғжизалары мен кереметтеріне және дәлелдеріне сүйене отырып Сенің бар және бір екеніңе куәлік етеді, сол сияқты барлық нәрсені қамтып жатқан Ғарш-ы ағзамның күллі істерін басқарып тұрған, сонау көңілдің түкпіріндегі жасырын әрі жылт еткен көмескі ойлар мен талап-дұғаларды білетін, еститін, игеретін, жүзеге асыратын рубубиетіңнің ұлық дәрежесін, сондай-ақ, көзіміздің алдындағы түрлі-түрлі, сансыз нәрселерді бірден жарататын, ешбір іс басқа бір іске, бір жұмыс басқа бір жұмысқа кедергі болмастан ең үлкен нәрсені ең кішкене шыбын құрлы да көрмей оңай жарататын құдіретіңнің шексіздігін жұмыла растап, бір ауыздан жар салып хабар беруде, дәлелдеп көрсетуде. Сондай-ақ, мына әлемді рух иелеріне, оның ішінде адам
390БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИбаласына керемет ыңғайлап, ішінде не керектің бәрі бар зәулім сарай секілді жаратып және жұмақ пен мәңгі бақытты жын мен адамзатқа дайындап қойған және өте кішкене бір жәндіктің тыныс-тіршілігін де назардан тыс қалдырмайтын әрі тым бейшара, жаралы да аянышты бір жүректі қуантып риза қылуға дайын рахымыңның кеңдігін, сондай-ақ, атомдардан сонау ғаламшарларға дейінгі жаратылыстардың бүкілін әміріне бағындырушы, мойынсұндырушы, оларға белгілі бір міндет жүктеп іс атқартушы әкімдігіңнің шексіз жойқындығын хабарлап, мұны мүғжизалары мен айғақтары арқылы дәлелдеген. Сонымен қатар, әлемді элементтер қанша болса, сонша баптардан тұратын сансыз кітапшаларды қамтитын алып бір кітап тәрізді жаратқан және Ләух-ул Махфуздың дәптерлері болып табылатын Имам-ы Мубин мен Китаб-ы Мубинге бүкіл жаратылыстың барлық уақиғаларын тізіп жазып қойған және бүкіл дән, тұқымдарға ағаш атаулының мазмұны мен бағдарламасын, сондай-ақ, саналы жандардың миына, жадына олардың өмірбаяндарын мұқияттап, еш шатыстырмай жазып қойған іліміңнің әрнәрсені қамтитындығына, сондай-ақ, әрбір жаратылысты көптеген хикмет-пайдалармен жаратқан, тіпті, әрбір ағаштан жемістерінің санындай нәтижелер алатын және әрбір пендесінен ағзалары, тіпті, бөлшектері мен жасушаларының санына сәйкес пайдалар көздейтін, атап айтқанда адамның тіліне көптеген міндеттер жүктеуімен бірге, оны тағамдардың дәмдері қанша болса, сонша зауық, ләззат алатындай көп нүктелермен, кішкене таразылармен жабдықтаған киелі де мол хикметіңнің әрнәрсені өз қарамағына алғандығына, сондай-ақ, осы дүниеде үлгілері көрініп жатқан жәмал мен жәлал, яғни, ұлы да сұлу есімдеріңнің көріністері одан да жарқын бір түрде мәңгі әлемде жалғасын табатындығына және бұл дүниеде оларды көріп ынтық болғандардың мәңгі әлемде олармен бірге болатынына бір ауыздан, бәрі бірге жұмыла куәгерлік етіп дәлелдейді, ишара етеді.
391БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАСондай-ақ, әу баста жүздеген нақты мұғжизалары мен нақты аяттарына сүйеніп Расулуллаһ (с.а.у) және хикмет толы Құран, одан кейін бүкіл нұрлы рухтар иесі болып табылатын Пайғамбарлар, таза жүректердің иесі, құтыбтар мен әулиелер, ақыл сезімі нұрланған асфиялар, барлық киелі парақтар мен кітаптарда Өзің көп кайталаған уәделерің мен ескертулеріңе сүйене отырып және Сенің мейірімің мен құдіретің, хикметің мен қамқорлығың, жәмал мен жәлал секілді киелі сипаттарыңды, үстем абыройың мен ұлықтығыңды және толық рубубиетіңді негіз қылып, көріп білгендеріне және ғылыми дәлелдерге негізделген сенімдеріне сүйене отырып жын мен адамзатқа мәңгілік бақыт тосып тұрғанын сүйіншілейді, ал адасқан дінсіздер үшін тозақ бар екенін әйгілеп жар салады, иман етіп куәгерлік етеді. О, Құдіреті Шексіз әрі Дана! О, Аса Мейірімді де Рахымды! О, уәдесіне берік әрі асқан Жомарт! О, Ұлылық пен Шексіздік және Айбат Иесі Қаһһар-ы Зүлжәлал! Мұншама адал достарыңды және мұншама уәделеріңді әрі мұншама киелі сипаттарың мен маңызды істеріңді бекерге шығарып, рубубиетіңнің бұлжымас талабы және Өзің сүйген және олар да Сені мойындап, бағыну арқылы өздерін Саған сүйсіндірген әлгі сансыз ізгі құлдарыңның сансыз дұға тілектерін қабыл етпей, дініңнен безген, тәкәппарлана бас көтеріп уәдеңді жоққа шығару арқылы Сенің шексіз ұлық мәртебеңе тіл тигізген әрі қаһарлы айбатыңа шек келтіріп және Иләһи абыройыңа кір келтірмекші болған әрі рубубиетіңе, толық тәрбиегерлігіңе, мол Мейіріміңе күйе жаққысы келген, қаһарға ұшыраған адасқан тобыр мен кәпірлерді растаудан, яғни, олардың қайта тірілуді жоққа шығарған ойларын дұрыс қылып, растаудан қуаттаудан жүз мың дәреже адасың әрі шексіз дәрежеде пәксің, өте жоғары биіксің! Ондай шексіз зұлымдықтан, жағымсыз істен, тұрпайылықтан пәк деп білемін. Сенің шексіз әділетіңді, көркемдігіңді, мол мейіріміңді паш етіп денемдегі бүкіл ұсақ бөлшектердің санынша сол ниетімді қайталағым келеді.
392БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИСенің әлгі адал да турашыл елшілерің мен ақиқатшыл жаршыларың сенімді де қанық түрде Сенің ахиретте мейірімге толы қазыналарың бар екеніне және бұл дүниеде тек белгі-нышан берген, мәңгі әлемде толығымен көрінетұғұн көркем есімдеріңнің ғажайып жарқын көріністері о дүнияда жалғасын табатынан куәлік етеді, ишара қылып сүйіншілейді. Және бүкіл ақиқаттардың бұлағы, жарқыраған Күн көзі болып табылатын Сенің «Хақ» есіміңнің ең үлкен шуағы, осы хашир, яғни, қайта тірілу екеніне өздері иман келтіріп, сосын Сенің құлдарыңа дәріс беруде.О, Пайғамбарлар мен сыддықтардың Раббысы! Олардың барлығы Сенің мүлкіңде, Сенің әмірің мен құдіретің арқылы, Сенің қалауың мен игеруің арқылы, Сенің ілімің мен хикметің арқылы Саған мойынсұнған жандар. Олар өте маңызды да жауапты міндет жүктелген қызметшілерің. Олар Сені дәріптеу, ұлықтау, мадақтау, бірлеу арқылы жер шарын бейне бір зікірханаға, әлемді алып мешітке айналдырып жіберген. О, Раббым! О, көктер мен жерлердің Қожайыны! О, Жаратқан Ием! О, бүкіл нәрселерді жоқтан бар еткен Жаратушы! Көктерді жұлдыздарыменен, жерді ішіндегілеріменен және бүкіл жаратылысты барлық жағдайыменен әміріне толық мойынсұндырған құдіретің мен қалауыңның құрметіне және хикметің мен рубубиетің әрі мол мейіріміңнің ақына нәпсімді тізгіндер, мойынсұндыра гөр! Асқақ арман, биік мақсатқа жеткізе гөр! Құранға және Иманға қызмет ету үшін адамдардың көңілін Рисалей-Нұрға бұра гөр! Маған және достарыма кәміл иман, ақыры қайыр, жақсылық бере гөр! Хазіреті Мұса ғалейһиссәламға теңізді, Хазіреті Ибраһим ғалейһиссәламға отты, Хазіреті Дәуіт ғалейһиссәламға тау мен темірді, Хазіреті Сүлеймен ғалейһиссәламға жын мен адамды және Хазіреті Мұхаммедке (ғалейһиссәлату уәссәлам) Күн мен Айды бағындырғаныңдай Рисалей-Нұрға жүректерді баурап,
393БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАақылдарға оны мойындата гөр! Мені және Рисалей-Нұр шәкірттерін нәпсі мен шәйтанның кесірінен, қабір азабынан, жәһәннам отынан сақта! Баршамызды Жәннәт-ул Фирдәуста шат-шадыман, бақытты қыла гөр! Амин! Амин! Амин!Құран Кәрімнен және Ардақты Пайғамбарымыздың мінәжаты Жәушән-ул Кәбирден алған осы дәрісімді пікірмен жасаған құлшылық деп есептеп, Мейірімді Раббымның алдына ұсыну барысында қателескен болсам, қатемнің кешірілуі үшін Құранды және Жәушән-ул Кәбирді шапағатшы қылып Аллаһтың мол мейірімінен ғафу етуін жалбарына сұраймын.Саид Нұрси* * * * *
Бесінші бөлімБәдиүззаман ДенізлідеРисалей-Нұр оқырмандарының шеңбері барған сайын кеңеюде... Нұрларға құштар жандардың саны арта түсуде еді. Рисалей-Нұрдың керемет әсері мен жақсы нәтижелерін байқап отырған Ислам дұшпандары,неше түрлі құйтырқы әрекеттермен Рисалей-Нұрға және оның авторы Бәдиүззаманға қастық қылуда еді. «Бәдиүззаман жасырын ұйым құруда, халықты үкіметке қарсы қоюда. Жаңашыл өзгерістердің тамырына балта шабуда. Мұстафа Кемалға тажал, суфиян, дін бұзар деп, мұнысын Хадистермен дәлелдеуде», деген секілді сылтаулармен үрей туғызуда еді. Нәтижесінде Бәдиүззаман 1943 жылы жүз жиырма алты шәкіртімен бірге Кастамонудан Денізлі қылмыстық істер сотына жөнелтіліп, қамауға алынады. (Сілтеме )*Артынша, Рисалей-Нұрда саяси тақырыптардың бары-жоғын анықтау мақсатында бірнеше мемлекеттік қызметкерлерден тұратын топ құрылып, Рисалелер мен жазылған хаттар сараптала бастаған кезде, Бәдиүззаман, «Мұндай істің маманы емес мына топ, Рисалей-Нұрға сараптама жасай алмайды. Анкарада маман-ғалымдардан тұратын топ құрылсын, Еуропадан философтар шақырылсын. Егер олар қандайда бір қылмыстық әрекеттердің барын дәлелдесе, ең ауыр жазаға да дайынмын» деп, қарсылық білдіреді. Осыған байланысты Анкарада профессорлар мен ғалымдардан құрылған арнайы топ, Рисалей-Нұрдың әр жолына жіті сараптама жасайды. Осы сараптамалардың нәтижесінде арнайы топ, Бәдиүззаман ешқандай саяси әрекеттер жасап жатқан жоқ. Еңбектері тек қана ғылыми, имани, бұл жазбалар Құранның бір тәпсірі» деген анықтама Сілтеме:Денізлі түрмесіне қамалудың бір ғана себебі, Спарта және Қастамону уәләяттары бастаған көптеген аймақтарға Рисалей-Нұрдың тара-луы осылайша дінге деген сүйіспеншіліктің артуы. Денізлі түрмесіне қамалмай тұрып, жетінші шұға, яғни \"Аятул Күбра\" рисалесі Стамбулда жасырын түрде басылып шыққан еді. Иман ақиқаттарын жақсылап түсіндіріп, дәлелдеп беретін бұл туынды, Имансыздардың зәресін алды. Денізлі түрмесіне қаматуға сылтау болды.
395БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕбереді. Сотқа тартуға себеп болған әңгімелер бос уайым, өтірік, жала екендігі түсінікті болады. Сотта Бәдиүззаман аса ауқымды, нақты дәлелдерге негізделген өзін-өзі ақтау баяндамасын жасайды. Сот 1944.06.16 күні № 199/136 ақтау шешімін шығарады. Бір жүз отыз бөлімінен тұратын Рисалей-Нұр жинағы түгелдей ақталып, авторға қайтарылады. 30.12.1944 күні қылмыстық істер Касациялық соты да бұл шешімнің дұрыс екендігін растап, Рисалей-Нұр көтерген мәселелердің хақ екендігі толық дәлелденеді.Бәдиүззаман бірнеше шәкірттерімен бірге тоғыз ай қамауда жатып, ақтау қарарына орай түрмеден босап шығады. Алайда түрмеде Саид Нұрсиге у беріледі. Аллаһ сақтап аман қалады. Өлім аузынан қайтады. Тарихта болмаған асқан зұлымдық пен азапқа душар болады. Бәдиүззаман, жасырын дінсіз, мұнапықтардың айдап салуымен барлық сот орындарында жапа шеккеніне, олардың мұның көзін жою үшін әртүрлі қастандық қылғандарына қарамастан, хақ пен ақиқатты жария етуде өлімнен де қорықпай қарсы тұра білді.Бәдиүззаман Денізлі Түрмесінде «Миуа Рисалесі» атты рисалені жазады. Бұл рисале, кейінірек “Аса-и Мұса” жинағының бас жағына енгізіледі. Миуа рисалесі екі жұма күні жазылады. Түрмедегі барлық Нұр шәкірттері, тіпті қамауда жатқан басқа кісілер де бұл рисаленің жазылып таралуына ат салысады. Түрмеге қағаз кіргізуге рұқсат жоқ еді. Бұл рисаленің кейбір сөйлемдері оттық қорапшаларының сыртына жазылған еді. (Сілтеме )** * * * *БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИДІҢ ДЕНІЗЛІ СОТЫНДАӨЗІН-ӨЗІ АҚТАУ СӨЗІНЕН ҮЗІНДІЛЕР«Иә, біз жамағатпыз, бұл жамағаттың әр ғасырда үш жүз елу миллион мүшесі бар. Бұл жамағат күніне бес уақыт намаздарында осы жамағаттың принциптеріне ерекше құрмет көрсетіп, қағидасы бойынша өз дұғалары арқылы бір-біріне көмекке ұмтылуда. Біз осындай ұлы жамағаттың Сілтеме:Он мәселеден тұратын аса маңызды \"Миуа Рисалесінің\" алтыны-шы, жетінші мәселелері осы бөлімнің соңына енгізіліп отыр.
396БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИмүшелеріміз. Біздің міндетіміз де Құранның Имани ақиқаттарын саф күйінде мұсылмандарға жеткізіп, оларды да өзімізді де мәңгілікке жойылудан, берзахтағы қапастан құтқару. Құйтырқы саясатқа толы дүниелік ұйымдармен, бізді кінәлауға сылтау болып отырған басқалай жасырын ұйымдармен ешқандай байланысымыз жоқ. Біз ондай түкке тұрғысыз нәрселермен шұғылданбаймыз...............................................................................................................................Егер біз бұл дүниелік нәрселерге көңіл аударар болсақ, қазіргідей, шыбынның ызыңындай ғана емес зеңбіректің оғы жарылғандай дауыстар шығар еді. Әскери трибуналдың және Мұстафа Кемалдың ашу-ызасына қарсы өте қатаң түрде және олардың намысына тиетіндей әңгімелер айтқан адамды, он сегіз жылдан бері ешкімге білдірмей дүниелік ұйым құрды деп айыптау, оған деген дұшпандықтың көрінісі... Бұл мәселеде менің немесе кейбір шәкірттерімнің қателіктері үшін Рисалей-Нұрды кінәлауға болмайды. Ол, Құранмен тікелей байланысып тұр. Ал Құран Арш Ағзамға байланған. Осындай мықты арқандарды үзуге тырысатындай ол жерлерге кімнің қолы жете алады...Оның бұл елге әкелген заттық-рухани берекеті мен ерекше қызметі, Құрандағы отыз үш аяттың ишаратымен және Имам Алидің (р.а) ғайби үш кереметімен және Гаусы Ағзамның (к.с.) сенімді хабарымен белгілі болып отырған Рисалей Нұр, біздің қарапайым әрі жеке басымызға қатысты кемшіліктерге жауапты емес, болмайды да, болмауы да керек! Әйтпесе, мына ел материялдық болсын, рухани болсын орны толмас зиянға ұшырайды. (Сілтеме ) Кейбір діннен *безгендердің шайтани істері арқылы Рисалей Нұрғa қарсы құрған тұзақтары мен қисынсыз жала сөздері, түкке тұрғысыз болып қалады, иншаллаһ. Оның шәкірттерін басқалармен салыстыруға келмейді. Олардың арасын ыдыратып, мақсатынан ешкім бас тартқыза алмайды. Аллаһтың жәрдемі арқасында олар жеңілмейді! Егер, Құран қарумен қорғанысқа тиым салмағанда, халықтың күре тамырындай болған және баршаның көңілін жаулап алған, жер жерге тарап кеткен әлгі шәкірттері, шейх Саид және Менемен оқиғасы тәрізді шағын, Сілтеме:Бұл аманат, Кастамону қаласындағы жер сілкінуден жиырма күн бұрын жазылған. Рисалей Нұр берекетімен басқа өлкелерге қарағанда аз зардап шеккен. Енді апаттар да біздің мақсатымызға қолдау көрсетті!
397БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕнәтижесіз оқиғаларға араласпайды. Құдай бетін әрмен қылсын, егер бұған мәжбүрлейтіндей дәрежеде зұлымдық жасалып, Рисалей Нұрғa қарсы шабуылға шықса, онда үкіметті алдаған дінсіздер мен мүнафықтар мың рет өкінетін болады!Сонымен: Біз олардың дүниелік істеріне араласпайды екенбіз, олар да біздің ақыретімізге, иман жолындағы қызметімізге араласпасын!Тұтқын Саид Нұрси* * * * *Уа, мырзалар! Сендерге турасын айтайын: Осы жердегі кісілерден басқа және бізбен яки Рисалей-Нұрмен байланысы жоқ немесе азғана байланысы бар жандарды санамағанның өзінде, менің қаншама адал бауырларым, ақиқат жолына сапарлас көптеген шынайы достарым бар. Біз, Рисалей-Нұрдың нақты хабарына сүйеніп екі жердегі екі төрт болатынындай анық көзіміз жеткен ақиқат мынау: өлім – хақ және ол мәңгі жоқ болу емес, Құран оның мәнісін ашып бергеніндей біз үшін ол құрметті демалысқа шығу, ал бізге қарсы шығып, тура жолдан тайған кәпірлер үшін, өлім я мәңгіге жойылу (егер ақыретке сенбейтін болса) немесе (егер ақыретке сеніп, бірақ азғындыққа салынған болса) мәңгі бақи, қараңғы қапас, жалғыз өзін қамайтын зындан болмақ. Апырым-ай, бұл мәселеден де маңыздырақ мәселе бар ма екен дүнияда, басқа нәрселер соған құрал болатындай. Әрине жоқ, бола алмайды да. Олай болса, неге бізге тыныштық бермей тиісе бересіңдер? Біз ең ауыр жазаның өзін нұрлы әлемге сапар шегуге рұқсатнама деп қабылдап, табандылықпен сабыр етеміз. Алайда, бізді жазғырып, адасқандардың атынан тұтқындағандардың, осы мәжілісте өздеріңді көріп отырғанымыздай анық түрде мәңгі жоқ болып тынатынын немесе жалғыз адамдық зынданға қамалатынын және олардың сондай ауыр жазаға өте жақын уақытта тартылатынын білеміз тіпті, көзбен көргендей сенеміз. Оларды адамгершілік тұрғыдан шынымен аяймыз. Бұл анық әрі маңызды ақиқат. Мұны дәлелдеуге және ең қырсық тоңмойындардың да көзін жеткізуге дайынмын.
398БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИМәселені түсінбейтін, ызақор, руханияттан жұрдай сарапшыларға емес, ең атақты ғалым, философтарға да айдай анық қылып дәлелдеп бермесем, қандай жаза берсеңдер де қабылдаймын. Міне, сендерге дәлел ретінде екі жұмада абақтыда жазылған және Рисалей-Нұрдың өзегін, қорытындысын және негіздерін жеткізетін және Рисалей-Нұрдың ақтау сөзі ретіндегі «Миуа» рисалесін ұсынып отырмын. Түпнұсқасы төте жазумен жазылғандықтан Анкара жоғарғы сотына беру үшін қатты қиналсақ та жаңа әріппен жаздыруға тырысып жасырын жұмыс істеп жатырмыз. Енді осыны оқыңыздар! Бірақ, өте ден қойып қараңыздар. Егер, жүректерің (нәпсілеріңе жауап бермеймін) менің айтқандарымды мойындамаса, жалғыз адамдық камерада отырған маған кез-келген қиянат жасап, азап берсеңдер де үндемей көнемін.Қорытынды: Сендер, я Рисалей-Нұрға тиіспей бостандық беріп, еркін қоя беріңдер, я болмаса осы өте қуатты да мызғымас ақиқатты қолдарыңнан келсе бұрыс екенін дәлелдеп, теріске шығарыңдар. Мен осы кезге шейін сендерді де дүнияны да ойламайтын едім, ойламас та едім. Бірақ, мені мәжбүр қылдыңдар. Мүмкін, сендерге ескерту жасау керек болған шығар деп ойлаймын. Сол үшін тағдыр бізді осында алып келді. Біз, деген киелі ережені ұстанып кез-келген қиыншылыққа сабыр сақтауға бел будық. Тұтқын: Саид Нұрси* * * * *Пайғамбарымыздың алтын ғасырынан бері жалғасып келе жатқан Ислам дәстүріне сәйкес, Рисалей-Нұрдың бұлағы болған жүздеген Құрани аяттарды жинастырып, мұны үлкен нығмет деп біліп «Хизб-үл Құрани» топтамасын жасағанымызды «Дінге өзгеріс ендіріп жатыр!» деп байбалам салуда. Көпшілікке көрсетпей келе жатқан, сотта тіркелгеніндей отынның астынан табылған, сол үшін бір жыл жазасын да өтеген \"Тәсәттүр рисалесі\" биыл ғана жазылып таратылғандай, сол үшін бізді айыптағысы келеді.
399БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕҺәм Анкарада, үкімет үйінде танымал біреумен (Мұстафа Кемал) айтысып қалып, оған қатты-қатты сөздер айтсам да қарсылық таныта алмай, үні де шықпай қалған-ды . Енді сол өтіп кеткен оқиғаны, баяғыда өліп қалған әлгі адамның қателігін бетіне басып көрсеткен хадистің ақиқатын баяндайтын орынды әрі қажетті, аса ауқымды бірақ әркімге көрсетпей жүрген сын сөздерімді сылтау қылып мені жауапқа тартқысы келеді. Өліп қалған және үкімет пен байланысы үзілген бір адамға құрмет ету маңызды ма? Әлде Аллаһ Тағаланың әмірі болған әділет заңы маңызды ма?Біз үкіметтің негізгі ұстанымдары бізге сүйеу болады. Сол арқылы өзімізді қорғап қаламыз деп жүрген ар-ождан бостандығы, керісінше бізді айыптауға себеп болуда. Бізді бейне біз ар-ождан бостандығы негіздеріне қарсы секілді көрсетіпті.Сондай-ақ, бір рисаледе азғын мәдениеттің зияны мен кемшіліктерін мінеп жазған сөзімді қайдан шығарғанын қайдам, соны желеу етіп айыптағысы келеді. Бейне бір мені радио, ұшақ, поезд секілді (Сілтеме )* техника жаңалықтарын қабылдамайтын, техникалық жетістіктерге қарсы адам ретінде жауапқа тартқысы келеді. Міне, осы мысалдарды салыстыра отырып бұл әрекеттер әділет заңына қаншалықты қайшы екеніне көздері жеткен ынсапты да әділ Денізлі қаласының прокуроры мен соты Иншаллаһ ондай күдіктерге мән бермейді деп, сенеміз.Бір қызығы мынау: Басқа бір сот отырысында прокурор менен, \"көпшіліктен жасырып жүрген Бесінші Шұға рисалесінде (Әскер ана сұмдық қорқынышты адамның қолынан өз тізгінін құтқарып қалады) депсің. Мақсатың әскерді үкіметке қарсы қою ма?\" деп сұрады. Өз жауабымда \"Ол қолбасшы не өледі, не орынын өзгертеді әскер оның билігінен құтылады\" деген мақсатта айтқан едім, дедім. Сегіз жылдан бері екі-ақ рет қолыма алып, жасырын ұстаған, тіпті жоғалтып алған рисале еді. Ақырзаман жайлы хадистің жалпылық Сілтеме : 1Мен радио туралы былай дегенмін: «Радио, Аллаһтың адамзатқа берген үлкен нығметі. Осыған шүкір ретінде радио арқылы Қасиетті Құранды жер бетіндегі адамдарға тыңдату үшін пайдаланып әуетолқынына Құран оқыту керек!»
400БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИмағынасы баяндалып, бұрынырақта жазылған еді. Тіпті мұны ешкім көрмеп еді. Сонда қалай айыптауларға себеп болуда? Өкінішке орай ана найсаптардың жаласы, айыптау қағаздарына тіркеліпті.Тағы бір қызығы мынау: Мен бір жерде былай дегенмін: Ұшақ, поезд және радио Аллаһ Тағаланың құнды нығметтері. Оған шүкір ету керек еді. Адамдар шүкір етпеген соң сол ұшақтардан төбесіне бомба жауды. Радио да Иләһи зор нығмет, оған шүкір ретінде радионы миллион тілді Қари секілді пайдаланып, бүкіл адамзатқа Құран тыңдату керек.(Сілтеме )* Жиырмасыншы Сөзде Қасиетті Құранның техника жаңалықтарынан ғайби хабар бергенін жазғанымда бір аяттың ишари мағынасы ретінде кәпірлер поезд арқылы Ислам әлемін жаулап алады деген болатынмын. Мақсатым, мұсылмандарды соңғы техникалық жаңалықтарға құлшындыру бола тұра, керісінше мені айыптауға соны сылтау етіп көрсетіп бейне бір мен поезд, ұшақ, радио секілді жаңалықтарға, өркениетке қарсы адамдай айыптап отыр. Һәм, бізге қатысы жоқ бір адам Рисалей-Нұрдың екінші атауы болған Рисалет-үн Нұр сөзінен мынадай мағына шығарып: «Рисалей-Нұр Құранның нұрынан бір Рисалет яғни илһам». деген екен. Осы сөзді қате түсінген сарапшының сөзіне орай, маған «Рисалей-Нұр расул деп айтты» деген жала жауып отыр. Һәм, ақталу сөздерімнің жиырма жерінде нақты айғақтармен мынаны дәлелдеген болатынмын: Бүкіл дүние бізге берілсе де біз дінді, Құранды және Рисалей-Нұрды дүниенің жолына пайдалана алмаймыз, пайдалануға болмайды. Біз оның бір ақиқатын дүниелік салтанатқа айырбастамаймыз, іс жүзінде де солай. Бұл айтқаныма жиырма жылдан бері жиналған мыңдаған дәлелді алға тарта аламын. Олай болса мен және біз бар даусымызбен демекпіз:Саид Нұрси* * * * *Сілтеме: Ұстазымыздың бірнеше жыл бұрын айтқан әрі қалаған ақиқаты мемлекетімізде жүзеге асып отыр. Әлхамдуллиллаһ, қазір радиодан Құран оқылуда. Иншаллаh, Құран ақиқаттарын баяндайтын Рисалей-Нұрдың радиолардан сабақ ретінде берілетін, адамзаттың одан дәоіс алатын заманы да алыс емес.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 632
- 633
- 634
- 635
- 636
- 637
- 638
- 639
- 640
- 641
- 642
- 643
- 644
- 645
- 646
- 647
- 648
- 649
- 650
- 651
- 652
- 653
- 654
- 655
- 656
- 657
- 658
- 659
- 660
- 661
- 662
- 663
- 664
- 665
- 666
- 667
- 668
- 669
- 670
- 671
- 672
- 673
- 674
- 675
- 676
- 677
- 678
- 679
- 680
- 681
- 682
- 683
- 684
- 685
- 686
- 687
- 688
- 689
- 690
- 691
- 692
- 693
- 694
- 695
- 696
- 697
- 698
- 699
- 700
- 701
- 702
- 703
- 704
- 705
- 706
- 707
- 708
- 709
- 710
- 711
- 712
- 713
- 714
- 715
- 716
- 717
- 718
- 719
- 720
- 721
- 722
- 723
- 724
- 725
- 726
- 727
- 728
- 729
- 730
- 731
- 732
- 733
- 734
- 735
- 736
- 737
- 738
- 739
- 740
- 741
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 650
- 651 - 700
- 701 - 741
Pages: