201БӘДИҮЗЗАМАН БАРЛАДАайналуына себеп болған еді. Ескі Саид кезінде Ағылшындардың діни сұрақтарына нақты да бұлтартпас жауаптар берген еді. Логика ілімі бойынша Ибн Синадан да асып түсіп, «Талиқат» атты туындысын жазды. Логикалық салыстырмаларда, «Қиясы-Истиқраи»(нәтижені дәлелдеп шығу үшін жасалатын салыстырмалар) деп аталатын он мыңға жуық логикалық салыстырмалар жасап, еш қандай ғалым жете алмаған дәрежеге жеткен. «Сүнухат» атты шығармасынан түсінгенім, Пайғамбарымыз(с.а.у.) мағна әлемінде, бір медреседе бұл кісіге дәріс беріпті. Сол рухани дәрістің негізінде «Ишарат-үл Иғжаз» атты керемет тәпсірін жазады. Бір күні маған былай деді: Дүние жүзілік соғыс және соның нәтижелері кедергі болмағанда Аллаһтың рұхсатымен Ишаратул Иғжаз тәпсірін алпыс том етіп жазар едім. Инша Аллаһ Рисалей-Нұр келешекте сол жоспарлаған тамаша тәпсірдің орнын басатын болады.Ұстазыммен жеті-сегіз жылдық сұхбаттарымда көптеген маңызды нәрселерге куә болдым. Бірақ дегендей теңізді дәлелдеуге осы да жеткілікті деп білдім. Өйткені ұстазымнан ұзап бара жатыр едім. Асығыс жаздым. Ұстазым аятының сырына орай, мені үнемі жанында жүргендей көріп, солай болуы үшін дұға ететіндігіне сенемін.Хафыз Халид* * * * *
Ұстаз Бәдиүззаман Саид Нұрсидің Барлада тұрған үйі. Ең алғашқы Нұр медресесі. Алып діңгектен үш тарам болып өскен шынар ағашы. Үстіңгі жағында Ұстаз талай түнді зікірмен, құлшылықпен өткізген ұяшық.
Үшінші бөлімБәдиүззаман ЕскішеһирдеРисалей-Нұрдың барған сайын халық арасына тарала түскенін және иман мен Исламияттың күш ала бастағанын түсінген дін дұшпандары «Бәдиүззаман жасырын ұйым құруда, режимге қарсы, қазіргі режимнің іргетастарын қиратуда» деген жалалы арыздармен үкіметті алдап, үрейге салады. 1935 жылы Ескішеһир қылмыстық істер Соты Бәдиүззаманды өлім жазасына кесу мақсатында және бұл үкім міндетті түрде орындалсын деген нұсқаумен Бәдиүззаман Саид Нұрсидың үстінен іс қозғайды. Осы мақсатта Ішкі істер министрі мен Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы арнайы жасақталған бір рота әскермен Спартаға келеді. Спарта-Афион жолының бойына атты әскер жасақтарын тізіп қояды. Спартаның және көршілес аймақтардағы әскери бөлімшелердің барлығында дабыл қағылып, бәрі де сайланып тұрады. Таң сәріден Бәдиүззаманды шәкірттерімен қоса, қолдары кісендеулі күйінде машиналарға отырғызып, Ескішеһирге жөнелтеді. Жолда арнайы жасақ командирі Бәдиүззаманға құрметпен қарап, кісендерін шешкізіп қояды. Намаз оқуларына кедергі жасамайды. Ақиқатқа көзі жетіп, Бәдиүззаманның кінәсіз екенін түсінген арнайы жасақ командирі Бәдиүззаман мен шәкірттерінің досына айналады.Жүз жиырма шәкіртімен бірге Ескішеһир түрмесіне жеткізілген Саид Нұрси жалғыз адамдық камераға қамалып, өзі де, шәкірттері де неше түрлі қиыншылықтарды басынан кешіреді. Қаншама қиыншылықтарға тап болса да, «Отызыншы Лема», «Бірінші» және «Екінші Шуақ» осы жерде жазылады. Қамауда отырған көптеген кісі Бәдиүззаман осында қамалғаннан кейін нәпсілерін тыйып, дінге бет бұрады.Жасырын дінсіздер Спарта аймағында «Бәдиүззаман және шәкірттері өлім жазасына кесілетін болды» деген алып қашпа сөздер таратуда, халық арасында үрей туғызуда еді. (Сілтеме ) Екінші *Сілтеме: Иә, зұлымдықтың соңы залымның өзін сорлатады, солай болды да. Сол жоспарларды құрғандар қазір ажал аузында, тозақтың түбіне қарай
204БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИжақтан Бәдиүззаманның қамалуына байланысты халық көтеріліп кете ме деп қорыққан диктаторлық кезеңнің үкімет басшысы Шығыс аймақтарға іс-сапарға шығады.Ал Бәдиүззаман өмір бойы тек қана заңға сәйкес әрекет етіп, бүлік шығаруға мүлдем қарсы еді. «Бірнеше адамның қателіктері үшін жүздеген адамның зиян шегуіне себепкер болуға болмайды» дейтін. Сондықтан да жасалып жатқан зұлымдықтарға қарсы бір де бір келеңсіз оқиға орын алған жоқ. Бәдиүззаман өз шәкірттерін сабыр етіп, шыдап бағуға, тек қана иман мен Исламға қызмет етуге шақырды. Мұндай үрейлер мен уайымдардың дінсіздердің пайдасына жарап кететіні түсінікті. Бәдиүззаман жүз жиырма шәкіртімен бірге 1935 жылы Ескішеһір қылмыстық істер сотына жөнелтіледі.Жазылған бүкіл рисалелер мен хаттар қолдарында тұрса да, қылмыстық жазаға тартып, соттап жіберерліктей ешбір ілік таба алмаған билік, қандай жаза қолдану керектігін сот төрағасының өзіне қалдырады. Ол да өз бетінше Саид Нұрсиға он бір ай, ал он бес шәкіртіне алты айдан жаза кеседі. Жүз бес кісіге ешқандай жаза кесілмей, ақталып шығады. Егер оларға жабылған жала расталар болса, Саид Нұрси өлім жазасына кесіліп, шәкірттері де ұзақ мерзімге сотталар еді. Мұндай орынсыз жазаға наразы болған Саид Нұрси, біреудің атын ұрлаған немесе қыз алып қашқан адамға лайық он бір айлық жазаға келіспейтіндігін жеткізеді. Өзінің не өлім жазасына кесілуін, не босатылуын талап етеді. Осы жерде бір ғажайып оқиғаны айтпай кетуге болмайды. Оқиға былай болған: Бәдиүззаман түрмеде жатқан күндердің бірінде Ескішеһирдің прокуроры Ұстазды базардан көреді. Аң-таң болып, түрмеге келеді. Келе сала түрме бастығының жұмыстан қуылатындығын айтып,- Бәдиүззаманды неге базарға жібересің? Мен оны жаңа ғана базарда көрдім ғой, деп дүрсе қоя береді.- Жоқ, мырза. Бәдиүззаман түрмеде, тіпті, жалғыз кісілік камерада, нанбасаңыз өзіңіз барып көріңіз.сырғуға дайын. Таулары шағылып, тозақтың азабынан да ауыр азаптар шегуде.Бәдиүззаман болса, Исламның батыр қызметшісі ретінде Ислами абыройы мен имани батылдықпен өмір сүруде. Құран мен Иман жолындағы қызметі әлі жалғасуда. Ислами жеңістері арқылы Мұсылман Түрік халқына және Ислам әлеміне рухани мерекелер сыйлауда.
205БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕҚараса, Ұстаз өз орнында екен. Бұл оқиға Әділет басқармасына да жетеді. Судьялар бір біріне “Бұл қалай болуы мүмкін, миымызға сыимайды“ дегеннен басқа шара таба алмайды. (Сілтеме )** * * * *Сілтеме: Дәл осындай оқиға Бәдиүззаман Денізлі түрмесінде отырғанда да болады. Халық Ұстазды таң намазында бірнеше мешіттен көреді. Мұндай жағдай екі-үш рет қайталанады. Мұны естіген Прокурор, түрме бастығына, Бәдиүззаманды таң намазына неге мешітке жібересің? деп, қатты ашуланады. Анық-қанығын зерттеген кезде, Бәдиүззаманның түрмеден ешқайда шығарылмағаны анықталады.Ескішеһир түрмесінде тағы бір оқиға орын алады. Жұма күні, өз бөлмесінде кітап оқып отырған түрме бастығы.- Бастық! Бастық! деген жуан дауысты естиді. Қараса, сөйлеп тұрған Бәдиүззаман екен.- Бүгін менің міндетті түрде Ақ мешітте болуым керек.- Жарайды Хазірет, деп жауап береді. Ішінен, молдекең өзінің түрмеде отырғанын, сыртқа шыға алмайтынын түсінбейтін шығар деп, бөлмесіне кіріп кетеді. Түс кезінде Бәдиүззаманға бір қарап қояйын, Ақ мешітке бара алмайтындығын айтайын деп қараса, Ұстаз камерада жоқ. Қарауылдан сұраса, «іште еді ғой, есік жабық тұр» дейді. Бірден мешітке қарай жүгіреді. Бәдиүззаманның бірінші қатарда намаз оқып тұрғанын көреді. Намаздың соңына қарай, ол кісіні таппай қалады. Дереу түрмеге қайтып келеді. Ұстаздың «Аллаһу әкбар» деп сәждеге жығылғанын көріп, таң қалады. (Бұл оқиғаны түрме бастығының өзі айтқан).
БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИДЫҢ ЕСКІШЕҺИР СОТЫНДА ӨЗІН ҚОРҒАП СӨЙЛЕГЕН СӨЗДЕРІНЕН. 1935 ЖЫЛЕскішеһир сотында Саид Нұрсидың саяси істермен айналыспағандығы белгілі болады. Тек қана бір Аятты тәпсірлеген бір шығармасына байланысты жаза беріледі. Аятты тәпсірлеген тәпсірші ғалымды жазалау әлемдік құқық тарихында болмаған, өте үлкен құқықтық қате.Қорғау сөздерінен үзіндіЕй, судьялар алқасы! Мені төрт-бес бап бойынша айыптап, қамап отыр.Бірі н ш ісі: Кері тартпалық ниетпен, дінді пайдаланып, қоғамның қауіпсіздігін бұзуым мүмкін деген хабар түсіпті.Жауап. Біріншіден, мүмкін деген нәрсе басқа, оқиғаның орын алуы басқа нәрсе. Кез келген адам көп адамды өлтіріп қоюы мүмкін. Біреуді, мынау адам өлтіріп қоюы мүмкін деген сылтаумен сотқа тартуға бола ма? Кез келген оттық бір үйді өртеп жіберуі мүмкін. Сол үшін бүкіл оттықтарды жойып жіберу керек пе?Ек і н ш і ден, Жүз мың рет қайталайын! Біз айналысып жүрген иман ілімі, Аллаһтың ризашылығынан басқа еш нәрсеге құрал бола алмайды. Күннің айға серік болып, оған бағынбайтындығындай, мәңгілік бақыттың нұрлы да қасиетті кілті және ақыреттік өмірдің Күні болған Иман да бұ дүниелік өмірге құрал бола алмайды. Бүкіл әлемнің ең үлкен мәселесі және әлемдегі ақиқаттардың ең үлкен сыры болған иманнан маңызды мәселе жоқ. Сондықтан Иман мәселесі бұ дүниеге құрал бола алмайды.Ей, судьялар алқасы! Егер мына азапқа толы қапастар тек қана менің бұ дүниелік өмірім мен өз басыма қатысты болғанда, он жылдан бері шыдап келе жатырмын ғой, әлі де шыдай берер едім. Бірақ менің қамауға алынуым мына әлемнің ұлы сырларын тәпсірлеуші және көптеген жанның мәңгі өміріне әсер ететін Рисалей-Нұрға байланысты болып отыр. Ендеше жүз басым болып, күн сайын біреуі кесіліп отырса да, бұл ұлы сырдан бас тартпаймын. Сендердің қолдарыңнан құтылсам
207БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕда, ажалдың тырнағынан құтыла алмаймын. Мен қартайдым, қабір аузындамын. Бүкіл әлемнің барлық сырларын ашып берген Құран Хәкімнің баяндауларын көзге көрсетіп тұрып тәпсірлеп берген Рисалей-Нұрдағы сол сырлардың жүздеген үлгілерінің біреуіне, яғни барлық адамның басына келетін ажал мен қабірге қатысты иманның сырына назар аударыңыздар. Өлім мен ажалдың ақиқаттарына сенген бір адам, мына өмірдегі бүкіл саяси мәселелерді олардан артық көре ала ма? Өйткені, қашан өлетіні белгісіз болғандықтан кез келген уақытта тап беруі мүмкін ажал – не мәңгі жойылу немесе бұдан да жақсы әлемге жеткізер жолдама. Ешқашан аузы жабылмайтын қабір – не мәңгілікке жойып жіберетін жалмауыз шұңқыр, немесе тұрақты да мәңгі әлемнің есігі.Рисалей-Нұр Қасиетті Құранның нұрымен ажалды мәңгілікке жойылу жағдайынан, демалысқа шығу жолдамасына, қабірді түпсіз терең апаннан, жайнаған бақшаның есігіне айналдырудың жолын екі жерде екі төрт болатынындай анық көрсетіп беруде. Осы жолды табу үшін бүкіл әлемнің салтанатынан да бас тартар едім. Ақылы бар адам әрине бұдан бас тартады.Ей, мырзалар! Осыған ұқсас жүздеген имани мәселелердің сырын ашып, түсіндіріп беретін Рисалей-Нұрға зиянды жазба, саяси мақсатта жазылған кітап ретінде қарау..., қандай ождан, қандай ақыл, қандай заңға сыяды. Келешек ұрпақ, ақыреттегі алдыңғы ұрпақ, Аллаһ Тағала мұның жауабын сұрамай ма? Сондай-ақ, мына діндар елді басқарушылар, діндарларға қолдау көрсетуі керек емес пе еді? Ал, зайырлы Республиканың принциптері бойынша бейтарап қалып, дінсіздерге тиіспейтін болса, онда сол бейтараптықты ұстанып, діндарларға да әр нәрсені сылтауратып, тиіспеуі керек қой.Үшіншіден: Бұдан он екі жыл бұрын Анкарадағы бастықтар, ағылшындарға қарсы жазған «Хутуват-ы Ситте» атты еңбегімді бағалап, мені Анкараға шақырды. Бардым, жасап жатқан тірліктері маған ұнамады. - Бізбен бірге қызмет ет, деді.- Бүгінгі Саид о дүние үшін қызмет еткісі келеді, сіздермен бірге жұмыс жасай алмаймын. Бірақ, сіздерге де тиіспеймін дедім.Иә, оларға тиіскен жоқпын. Тиіскендерді де қолдамадым. Мұсылман елдің пайдасына жарар әскери талант, өкінішке орай мұсылмандарға қарсы пайдаланылды. Мен, расында да Анкарадағы
208БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИбасшылардан, әсіресе, Президенттен тамаша талантты байқадым. Өзіне де мұндай талантты халықтың қанына сіңген нәрселерге қарсы қолдануға болмайды, дедім. Сондықтан қолымнан келгенінше дүниеуи істерден аулақ тұруға тырыстым. Он үш жылдан бері саясаттан қол үздім. Тіпті, соңғы жиырма айтта (бір-екеуінен басқа) өз бөлмемнен шықпай жалғыз отырдым. Мұндағы ойым көпшілікпен араласып, «саяси істермен шұғылданып жүр-ау» деген ой туғызбау еді. Үкіметтің шаруасына араласпай отырғандығымның,Бірінші дәлелі, он үш жылдан бері саясаттың жаршылары болған газет оқуды қойдым. Мұны тоғыз жыл отырған Барладағылар да, тоғыз ай болған Спартадағы достарым да жақсы біледі. Спарта түрмесінде отырған кезімде, бір арсыз журналистің Рисалей-Нұр шәкірттеріне тиіскен мақаласын еріксіз естіген едім.Екінші дәлел: Он жылдан бері Спарта уәләятында жүрдім. Дүниеде қаншама өзгерістер болып жатса да, ешқашан саясатқа араласуға тырысқан емеспін.Үшінші дәлел: Отырған жерімді тосыннан келіп, тінтіп, астаң-кестеңін шығарды. Он жылдан бергі жеке хаттарым мен кітаптарымды алып қойды. Әкімшілік те, полиция да бұл кітаптарымның ішінен Үкіметтің саясатына қайшы келетін еш нәрсе таба алмағанын мойындаған еді. Мен сияқты он жыл емес, он ай жазықсыз жер аударылып, аяусыз жапа шеккен бір адамның ең жасырын қағаздары (жазғандар) тінтіліп, ортаға шығарылса, залымдардың бетіне лақтырарлықтай он нәрсе табылмай ма?Төртінші дәлел: Тартып алынған кітаптарымның барлығын да көріп отырсыздар. Олардың еш қайсысында саясатқа байланысты еш нәрсе жоқ. Бәрі де Иман, Құран жайлы. Екі-үш рисалемде Бұрынғы Саид үнсіз қала алмай, қатыгез қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне ашуланып, сол қызметкерлердің өзім-білемдік әрекеттерін сынап жазған едім. Бұлардың Үкіметке еш қатысы жоқ. Соның өзінде оларды жариялауға рұқсат бермей, жеке хаттарымның арасында қалдырған едім. Үкімет көзге көрсетіп жасаған әркеттерге қарайды. Жүректегі жеке сезімдерді кінәлауға қақы жоқ. Біреу өз үйінде отырып, іштей патшаны да сынап-міней береді ғой.Сонымен жеті жыл бұрын (түрікше азан шықпай тұрғанда) кейбір қызметкерлер менің сәлдем мен Шафиғи мәзһабы бойынша құлшылық жасауыма қарсы болуларына байланысты қысқа ғана
209БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕрисале жазылды. Біраз уақыт өткеннен кейін түрікше азан шықты. Мен де ол жазбаны ешкімге көрсетпеңдер деп, жариялануына тыйым салдым. Сондай-ақ, Ислам Академиясында қызмет етіп жүрген кезімде, тәсәттүр (әйелдердің әурет жерлерін жауып жүруі) жайлы аятқа қарсы Еуропадан айтылған сынға жауап жазған едім. «Жиырма төртінші Лема» атты осы қысқа ғана «Тәсәттүр Рисалесін» жаңа заңдарға байланысты жарияламай жүрдім. Ал бұл рисале мәдениеттің Құран аяттарына қарсы шығуына байланысты олардың ауызын жабатындай ғылыми жауап еді. Ғылымның тәуелсіздігін республикалық заңдар шектей алмайды.Бесінші дәлел: Тоғыз жыл бойы кішкентай ауылда қоғамдық, саяси өмірден қол үзуді қаладым. Қаншама қиыншылықтарға қарсы шыдап бақтым. Дүниеуи саясатқа араласуға тырысқан жоқпын. Егер араласқым келсе, Барлада емес, Стамбулда отырар едім. Осы жолғы қатаң түрде қамауға алынуымның себебі, менің алдыма жалынып келмеді деп ашуланған Спарта Уәлиі мен биліктегілердің өштесуі мен қабілетсіздіктері, түймедейді түйедей етіп, ішкі істер министрін үрейлендірулері.Мені танитын достарым жақсы біледі. Саясатқа араласу немесе соған тырысу, немесе соны ойлаудың өзі менің негізгі мақсатыма, рухани жағдайыма, Иман қызметіне қайшы келеді. Маған саясаттың сойылы емес, Нұр берілген. Мұның сыры мынада, Иман ақиқаттарына сусаған, сол жолды қалаған жандардың, бұл ақиқаттарға күмәнмен, артында бір саяси ойын тұрған жоқ па, деп сын көзбен қарауына жол бермеу және оларды бұл ақиқаттардан мақұрым қалдырмау үшін Аллаһ менің жүрегіме саясатқа деген жиіркеніш сезімін орнатқан деп білемін.................................................................................................................................Мыңбасы Асым Бейден жауап беру талап етілді. Егер шынын айтса, Ұстазына зиян тиеді. Өтірік айтса қырық жылдан бергі намысы мен турашылдығы, әскери абыройы аяқ асты болатынын ойлап «Я Раббым менің жанымды ал!» деп дұға етті де он минуттан кейін жан тапсырды. Ақиқатшыл шәһидке айналды. Бұл өмірде ешқандай заң қате дей алмайтын, жақсылық жасауды қателік деп білетіндердің өрескел қателіктерінің құрбанына айналды. Иә, Рисалей-Нұрдан шын дәріс алған адам, өлімді бұл дүниелік міндеттерден босау ғана деп білгендіктен ажал шәрбатын су ішкендей сіміре салады. Егер мен
210БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИкеткен соң артымда қалған бауырларымның қайғыларын ойламасам, мен де бауырым Асым Бей сияқты Я Раб! жанымды ал дер едім. Өткенге не шара. Маған тағылған айыптаулардың,Үшінші бабы: Рисалей-Нұрдың үкіметтен рұхсат алмай-ақ тарала бастауы.Имани сезімдердің арта түсуі арқылы болашақта үкіметтің еркін әрекет етуіне кедергі болуы, қоғамның тыныштығын бұзуы мүмкін деген сылтаулар.Рисалей-Нұрдың өзегі – Нұр. Нұрдан зиян келмейді. Менің саясаттың сойылын тастағаныма он үш жыл болды. Қоғамдық өмірдің іргетасы саналатын қасиетті ақиқаттарды анықтап беруде... Мына ақ ниет халықтың жүзден тоқсан тоғызына пайдасы тигендігіне осы кітаптарды оқыған барлық кісілерді куәға тартамын. Ең болмаса біреу ортаға шығып, «Мен бұл кітаптардан зиян шектім» десін. Екіншіден менің баспаханам жоқ. Қаптаған хатшыларым да жоқ. Бір адамды әзер таптым. Жазуым да нашар. Жартылай үммимін, бір сағатта бір бет қағазды әзер жазамын. Марқұм Асым Бей сынды кісілер маған Құдайдың өзі жеткізген сыйы еді, әдемі жазулары арқылы маған жәрдем етті. Менің елден жырақ жүрген жабырқау күндерімдегі естеліктерімді жазды. Содан кейін, Имани нұрларды дертіне дәрмен еткен кейбір кісілер сол жазбаларды оқығысы келеді, оқып көріп, мәңгі өмірдің бақытына бөлер ем-шара екендігін түсінді. Өздері көшіріп, көбейте бастады. Өздерің алып тексеріп жатқан «Мазмұн рисалесі», Рисалей-Нұрдың әрбір бөлімі Құран аяттарындағы ақиқаттарды тәпсірлеуде. Әсіресе Иманның шарттарына қатысты аяттарды көңілге қонымды етіп тәпсірлейтіндігі сонша, Европалық философтардың мың жылдан бергі Құранға жасап жүрген шабуылдарын тойтарып, олардың жоспарларын тас-талқан етуде. Әзірге қолдарыңызда «Қарттар Рисалесінің» Он бірінші үмітіндегі Иман мен тәуһидтің мыңдаған дәлелдерінен бір ғана дәлелі бар. Үлгі ретінде соған назар аударыңыздар. Зер сала қараңыздар, бұлардың жалғасы жазылуы керек пе? Жоқ па? Түсінесіздер. Мынаны да біле жүріңіздер. Құранның әрбір аятындағы ақиқаттарды тәпсірлеп беруде... Еуропалық философтардың мың жылдан бергі Құранға қарсы жасап жүрген шабуылдары мен пландарын тас-талқан етуде... Рисалей-Нұрдың халыққа қаншалықты пайдалы екеніне бірнеше мысал келтіре кетейін. «Үнемділік Рисалесі» мен науқас жандарға арналған Иманнан туындайтын жиырма бес шипалы рисале,
211БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕИманның қарттарға сыйлар он үш үміті, халықтың жартысынан көбін құрайтын кедейлер мен науқастарға және қарттарға баға жетпес байлық, дертіне дауа, болашаққа деген үміт екенін азғантай ғана ұяты бар адам түсінер деп ойлаймын. Сондай-ақ, сөзіміздің ақиқаттығын көрсету үшін айта кетейін, қолдарыңыздағы «Мазмұн рисалесі» жиырма жылдық жазбаларымыздың «мазмұны». Бұлардың ішінде тамыры Ислам академиясындағы кездеріме тірелетіндері бар. «Мазмұндағы» сандар, жазылу ретіне сәйкес келмейді. Мысалға, Жиырма екінші Сөз, Бірінші Сөзден бұрын жазылған. Жиырма екінші Мектуб (хат), бірінші Мектубтан бұрын жазылған. Мұндай мысалдар көп. Имани ілімдерден тұратын Рисалей-Нұр, қоғамның тыныштығын сақтауға ықпал етеді. Жақсы мінез-құлықтардың бұлағы болған Иман - тыныштықты бұзбайды, сақтайды. Имансыздық – жүгенсіз кететіндіктен қоғамға қауіп тудырады...Отыз жыл бұрын газеттен бір хабар оқыдым. Ағылшынның отарланған елдерге жауапты министірі «Мына Құран, мұсылмандардың қолында тұрғанда, біз оларға толық билік жүргізе алмаймыз... Бұл кітаптың көзін жойып, мұсылмандарды одан суытып жіберуіміз керек» депті. Сол залым кәпірдің сөзінен кейін отыз жыл бойы Европалық философтарды зерттедім. Нәпсімнен кейінгі жауым солар болды. Елдегі жағдайларға көп назар аударған жоқпын. Елдегі кемшіліктер Европаның бүлдірген нәрселері деп білемін. Европалық философтарға өшігіп, солармен арпалыстым. Аллаһқа шүкір, Рисалей-Нұр әлгі қырсық, залым кәпірдің арманын іске асыртпады және метерияшыл, табиғатшыл философтардың аузына құм құйдым. Әлемде өз еліндегі рухани күштің қайнар бұлағына айналып отырған берекелі тәпсірге тыйым салып, авторын қамап, соттап жатқан ешқандай үкімет жоқ. Европалық монахтардың еркін өмір сүруі, дүниені тәрк етіп, ақырет жолында құлшылық етіп жүргендерге заң жүзінде ешқандай тыйым жоқ екенін көрсетеді.Қорыта айтқанда, ешқандай себепсіз он жылдан бері қамауға алынып, басқалармен араласуға, хабарласуға тыйым салынып отырған ғаріп бір қарттың екі дүниенің бақытына себеп болар иман ақиқаттары жайлы жазған ғылыми еңбектеріне әлемдегі ешқандай заң тыйым салмайды деген ойдамын. Осы уақытқа дейін қандай да бір ғалымның бұл жазбаларға қарсы сын айтпауы олардың дұрыс екендігін көрсетеді.
212БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИМаған тағылып отырған кінә мен тұтқындалуымының себебі ретінде көрсетіліп отырған.Төртінші себеп: Мемлекет тыйым салып отырған тариқат сабақтарын беруде деген хабар жетіпті.Жауап берейін. Біріншіден қолдарыңыздағы бүкіл кітаптарым менің тек қана иман ақиқаттарымен шұғылдануда екендігіме дәлел, куә болады. Өз шығармаларымда да «Қазіргі заман тариқат ұстанатын емес, иманды құтқаратып қалуға тырсатын кезең. Тариқатсыз да жұмаққа кіретіндер көп, Ал имансыз адамға жәннат бұйырмайды. Сондықтан Иманды сақтап қалу керек», деп талай рет жазғанмын...Екіншіден: Он жылдан бері Спарта Уәләятында жүрмін. Біреу бұл маған «Тариқатқа қатысты сабақтар берді» дей алса айтсын. Өзім ағартушы-молда болғандықтан, менімен жақын араласқан ақыреттік бауырларыма имани ілімдер мен ақиқаттар жайлы сабақтар бергенім рас. Бұлар тариқат тәлімдері емес, ақиқат жайлы дәрістер. Мынаны да айта кетуім керек, мен Шафиғи мәсхабын ұстанамын, намаздан кейінгі тәсбихатым Ханафи тәсбихатына қарағанда өзгешелеу. Сондай-ақ ақшам намазынан құптанға дейін, одан соң таңға дейін ешкімді қабылдамай, өзіммен-өзім отырып тәуба-истиғфар айтып, аяттар оқумен шұғылданамын. Әлемдегі ешқандай заң мұндай жағдайға тыйым салмайды деп білемін. Осы тариқат мәселесі қозғалған кезде, үкімет адамдары мен сот қызметкерлері менен,– Қалай өмір сүріп жатырсың? Немен күн көрудесіз? деп сұрайды.Жауап: Тоғыз жыл тұрған Барла ауылының халқы куә, аса үнемшілдік пен берекет және қанағат деген қазынам арқылы өмір сүрудемін. Кей күндері жүз тиын кейде тіпті одан да аз жұмсайтынымды менімен араласып жүргендер жақсы біледі. Тіпті, жеті жылда киім-кешек, кебіс, шұлыққа жеті лира жұмсаппын.Өмір тарихымды да жақсы білесіңдер. Өмір бойы ешкімнен еш қандай сыйлық, садақа да алған жоқпын. Ең жақын достарымның да реніштеріне қарамай сыйлық, садақаларынан бас тарттым. Алуға мәжбүр болған сыйлықтардың ақысын бергеннен кейін ғана алатын едім. Ислам Академиясында жұмыс істеген кезімде алған айлығымның басым бөлігін кітап бастыруға жұмсадым. Азғантай мөлшерін қажыға бару үшін жинадым. Сол азғантай ақша үнемділік пен қанағаттан туындайтын берекет арқылы маған он жылға жетті. Мені де абыройсыз қалдырмады, сол берекелі ақшадан әлі де бар...
213БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕЕй билер алқасы! Біразға созылған түсініктерімді тыңдаудан жалықпаңдар. Өйткені менің үстімнен қозғалған іс жиырма отыз томға жетті. Осыншама айыптауларға қарсы, түсініктемелерім де біразға барады әрине. Мен он үш жылдан бері дүниелік саясатқа араласпағандықтан заңдарды білмеймін. Сондай-ақ өзімді ақтап алу үшін өтірік айтпайтындығыма өмір тарихым куә. Мен бар шындықты айттым. Сендердің ар-ождандарың білсін. Заңды қалай бұрмалауды жақсы білесіңдер. Мынаны ескеріңдер, кейбір қабілетсіз қызметкерлердің қабілетсіздіктерінен немесе босқа үрейленуінен немесе жоқтан өзгені сылтауратуларынан және өз қызметтерін жоғарылатқысы келгендер, жаңа шыққан жеңілдіктер, еркіндіктер жайлы заңдарды мен үшін жарамсыз етіп тастауға тырысып, менің ісіме дүрбімен қарап, түймедейді түйедей етіп көрсетуге тырысады. Сіздер сол қабілетсіздер мен үрейленгіштердің түйедей етіп көргендері негізінде түймедей ғана нәрсе екенін көре алады деген үміттемін. Яғни олардың дүрбілерін теріс қаратып қарарсыздар. Тағы бір өтінішім бар. Рұхсат етілген кітаптарымның мен үшін мың лирадан артық құны бар. Оларды өзіме қайтарып беріңіздер. Олардың басым көпшілігі он екі жыл бұрын Анкара кітапханасына салтанатты түрде қабылданып, кітапхана басшысы мұны газетке жариялаған болатын.Қазір менің тағдырыма үкім шығарып отырған билер алқасының рұхсатымен, бұл түсініктемелерімнің бір көшірмесін бас прокурорға беріп, мені мұндай қиын жағдайға ұшыратқандардың үстінен іс қозғатып, бір көшірмесін ішкі істер министріне, енді бір көшірмесін мәжіліске жібергім келеді.* * * * *ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАН ҚОРҒАУ СӨЗДЕРІМНІҢ БІРІНШІ ҚОСЫМШАСЫТергеушіге және алқа билерге айтарым! Алдыңғы берген жауаптарыма қосымша ретінде үш нәрсені айта кетейін.Біріншісі: Бізді қатты таңғалдыратын нәрсе, бізді кінәлауға бір себеп табылып қалардай, біз бір ұйым құрып алғандай, орынсыз сұрақтарды қасақана сұрайды. «Бұл ұйымды құру үшін ақшаны қайдан алдыңдар?» дейді.
214БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИЖауап: Маған осындай сұрақ қойғандарға менің де сұрағым бар. Сендер айтқандай саяси ұйым құрғандығымыз жайлы қандай дәлел, құжаттарың бар? Мұндай ұйым құруға ақша жұмсағандығымыздың дәлелі бар ма? Мен он жылдан бері Спарта Уәләятында қатаң бақылауда отырамын. Бір-екі досым мен он күнде бір өтетін бір-екі жолаушыдан басқа адам көрмеген, ғаріп, жалғыз, бұ дүниеден теріс айналған, саясатты жек көретін, қанша рет саясаттың теріс әсерлеріне куә болған, өз елінде мыңдаған достарының ортасында жүріп, саясатқа араласуға өте ыңғайлы сәттерде де саясаттан жиіркене қашқан және иманды сақтап қалу деген асыл мақсатқа саяси теке-тірестер арқылы қандай да бір кедергі туындауын аса ауыр қылмыс деп білетін, және ондай нәрселерден шайтаннан қашқандай қашып, он жылдан бері қағидасын үлгі етіп, айланың ең үлкені айла жасамау деген ұстаныммен өмір сүріп келе жатқан адамның, он жылдан бері Спарта Уәләятының өз ісін жақсы білетін бақылаушы, тыңшыларына сездірмей жүруі мүмкін бе?«Жасырын ұйым құрып алып, саяси әрекеттер жасап жүрсің» дегендерге тек мен ғана емес, бүкіл Спарта Уәләяты және мені танитындардың бәрі де тіпті, аз ғана ақылы, ар-ожданы бар адамдардың бәрі де қарсы шығып, “мұндай қара ниет ойларыңмен оны айыптай алмайсыңдар” дейтін болар...Екіншіден: Біз көтерген мәселе, Иман мәселесі. Имани бауырластығымыз бұл өлкедегі және Спарта уәләятындағы елдің тоқсан тоғыз пайызын қамтып тұр. Ал ұйым дегендерің аз ғана топтың бірігуі. Бір адамға қарсы тоқсан тоғыз адам ұйым құрмайды. Тек қана бір дінсіз, найсап жұртты өзі сияқты дінсіз деп ойлап, мына діндар халықты қорлау ниетімен осындай байбалам салады.Үшіншіден: Мен секілді Түрік халқын қатты жақсы көретін, Құранның мақтауына-мадақтауына лайық болған Түрік халқын сол үшін мақтан тұтатын, алты жүз жылдан бері бүкіл әлемге қарсы тұрып, Құранның ту ұстаушысына айналған халықты жақтаушы және мың ұлтшыл Түріктен кем түспейтіндей Түрік халқы үшін тер төккен және бұған мың Түрік куә бола алатын бір адам және отыз-қырық Түрік жастарын, намазсыз отыз мың жерлесінен артық көріп, елден жырақ, айдауда жүруді өз еркімен қабылдаған және ағартушылық-молдалық жағымен де ілімнің абыройын сақтап, Иман ақиқаттары жайлы сабақтар беріп жүрген бір адамның айналасына он
215БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕжылдан бергі, тіпті отыз жылдан бергі жиырма отыз, тіпті мыңдаған шәкірті тек қана Иман, ақиқат, ақырет жолында жиналса, ақыреттік досына айналса бұны көп көруге бола ма? Бұның не зияны бар! Ар-ожданы бар, ынсапты жан, мұндай сындарды мақұл көре ме? Бұларға саяси ұйым деп қарай ала ма?Төртіншіден: Он жылда жүз банкнот жұмсап, күніне қырық тиын жеткілікті болған және жетпіс жамау шапанды жеті жыл киген адамға «Ақшаны қайдан аласың, ұйымды қалай құрып жүрсің» деушілердің ар ұяттан қаншалықты жұрдай екендігін сәл ғана ұяты бар жан түсінер.Екінші жағдай: Менемен оқиғасына ұқсас бір оқиға ұйым-дастырып, халықты үрейлендірді. Еркіндік туралы заңдар жүзеге асып кетуінен қорқып, үкіметті алдарқатты. Үкіметтің «Еркіндік туралы заңдарын жүзеге асыруды оңайлаттырамыз» - деген сылтаумен мені Барладан Спартаға айдап әкелді. Менің ондай арандатуларға бой алдырмайтынымды, халыққа, отанға зияны тиер істерге көңіл аудармайтындығымды байқады. Байқады да жоспарларын өзгертті. Өзім қаламайтын атақ-даңқымды пайдаланып, ойымызға кіріп-шықпайтын құйтырқы әрекеттер арқылы Менемен оқиғасына ұқсас бір оқиға ұйымдастырды. Халыққа да Үкіметке де, кінәсіз болса да қамауда жатқан тұтқындарға қатты зиян тигізді. Қазір өтіріктері әшкере болып қалса да, қасқырдың ешкіні жеуге тапқан сылтауы секілді сылтаулар тауып, әділет орындарындағы қызметкерлерді алдауға тырысуда. Халқымды қорғау құқымды пайдаланып, әділет орындарындағы қызметкерлерге бұл мәселелерге мұқият мән берулерін ескертемін. Нағыз кінәлілер солар. Олар үкімет адамдарына жағыну үшін, кейбір аңқау жандардың сезімдерін қоздырып, түкке тұрғысыз бір оқиға шығартып, түймедейді түйедей етіп көрсетіп, бұлар жасырын ұйым деген таңбаны баса салады. Үкіметті де алдап соғады, бейкүнә жандарды езгіге салады. Елге зиян тигізіп, бар кінәні біреуге арта салады. Мына мәселе де солардың бірі.Үшінші жағдай: Үкіметтік органдардың ішіндегі өз тәуелсіздігін сақтап қалуға және сырттағы біреудің ықпалынан әсер алмауға және бейтарап түрде сезімдерді іске араластырмауға мүдделі орган – сот. Мен сот билігінің тәуелсіз екендігіне сене отырып, тәуелсіз түрде өз құқымды қорғап қалуға құқым бар деп білемін. Барлық жерде, сотта да мал жан мәселесі бар. Егер судья өз сезімдеріне беріле отырып бір адам өлтірушіні өлім жазасына кессе, сол судьяның
216БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИөзі де адам өлтірушіге айналады. Демек әділет орынындағылар өз сезімдерін араластырмай, сырттағы біреудің де ықпалында қалмай әрекет ете алмаса, сырт көзге әділ сияқты көрінгенмен сұмдық күнәға бату ықтималы бар. Сондай-ақ кісі өлтірушінің де, ешкімі жоқтардың да, тіпті оппозициядағы біреудің де өз құқы бар. Құқын қорғау үшін бейтарап орын іздейді. Әділдік жақтан алып қарағанда бұра тартушылыққа жол беретін, әділеттің өзіне зиян беретін өзім туралы бір оқиға. Спартада да мұнда да жауап қағаздарымдағы атым Саид Нұрси болса да, қайта-қайта Саид Күрди деп жазып, мені бұл Күрд деп көрсетуде. Осылайша менің ақыреттік бауырларымның ұлтжандылық сезімдеріне тиісуде, маған қарсы болымсыз сезімдерін оятуға тырысуда және сот биілігі мен әділеттіліктің негіздеріне мүлдем керағар әдеттер қалыптастыруда. Иә, судья мен соттың ешкімге тәуелсіз, бейтарап әрекет етуі әділдіктің ең бірінші шарты екендігін көрсететін көптеген тарихи оқиғалар бар. Хазіреті Али (р.а.) халифа кезінде бір Яһудимен сотта бірге отыруы және көптеген патшалардың қарапайым адамдармен бірге сотқа тартылуы сынды тарихи оқиғалар толып жатыр. Мені бұл бөтен деп сыртқа теуіп, солай көрсеткісі келгендерге және әділдікті бүркемелегісі келгендерге айтарым:Ей, мырзалар! Бәрінен бұрын мен мұсылманмын, Күрдістанда дүниеге келдім. Бірақ Түрік халқына қызмет еттім. Қызметімнің тоқсан тоғыз пайызы түріктерге арналды. Өмірімнің басым бөлігі Түріктердің арасында өтті. Ең сенімді, ең адал достарым Түріктер еді. Ислам әскерінің ең қаһарманы Түріктер еді. Құран жолында соларға болысуым керек болды. Маған бұл Күрд деп, өзін ұлтжанды көрсеткісі келген адамдардың кем дегенде мыңынан артық Түрік халқына қызмет еткендігіме, шынайы мәрт мың Түріктің баласы куә бола алады. Сондай-ақ, алқа билердің қолындағы отыз-қырық кітабым, әсіресе Үнемділік, Қарттар Рисалесін, науқастарға арнау кітапшасын куәға тартамын. Ол кітаптар Түрік халқының бестен төрт бөлігін құрайтын қиын жағдайларға тап болғандар мен кедейлерге және науқас жандарға және діндар тақуаларға мың Түрікшілден артық қызмет етті. Олар Күрдтердің қолында жоқ, түрік жастарының қолында. Алқа билерден рұхсат сұрай отырып, біздің басымызға осынша бәле-жаланы үйіп төгіп, кейбір үкімет адамдарын алдап соғып, ұлтжандылық бет пердесін киіп алып, осынша құйтырқылық әрекеттерге барған залымдарға айтарым:
217БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕЕй, мырзалар! Маған дәлелсіз тағылған, тіпті дәлелденсе де қылмыс болып саналмайтын айыптауларға менің ғана жауапты болуым керек бола тұра, қырықтан астам Түріктің алтындай жастарын, аса қадірлі қарттарын ауыр қылмыс жасап қойғандай етіп, мына бәлені бастарына жаудыру ұлтжандылық па? Босқа азап шегіп, қамауда отырғандардың ішінде Түрік жастарының мақтанышы боларлық жандар бар. (Сілтеме ) Алыста болсам да қадірін түсініп, *сәлем ретінде Иман ақиқаттары жайлы кітап жібергенім үшін, ауыр қылмыс жасаған адамдай бала-шағасының қасынан алып кетіп қамап тастау ұлтжандылық па? Маған онсыз да басқа ұлт деп қарайсыңдар. Қамауда жатқан мына мәрт те құрметті Түрік жастары мен қарттарының ішіндегі кейбір кісілерді өз ұлтымының жүз адамына да айырбастамаймын. Солардың құрметіне он жыл бойы маған зұлымдық жасағандарға қарғыс айтуды да тоқтаттым. Солардың ішіндегі кейбіреулерінен парасаттылықтың ең жоғарғы дәрежесін байқадым. Таңданысымды да мақтауларымды да жасырмаймын. Түрік халқының даму-өрлеу себептерін солар арқылы түсіндім. Мен ар-ожданымды және басқа да қасиеттерімді ортаға қоя отырып айтайын. Егер сол бейкүнә жандардың санындай денем болса немесе солардың бәріне келген машақаттарды бір өзім ғана тартсам, ант етемін, сол аяулы жандардың орнына қасқайып тұрып азап шегер едім, соны тілеймін. Менің оларға деген бұл сезімдерім, олардың бойындағы қасиеттерге байланысты. Әйтпесе, маған көмектескендіктері үшін емес. Өйткені кейбіреулерін енді ғана көрдім. Кейбіреулері менен пайда көрсе, мен олардан зиян көрген шығармын. Тіпті мыңдаған зиян тигізсе де олар мен үшін қадірлі.Ей, Түрікшілдіктерін алға тартатын залымдар! Түрік халқының мақтанышы боларлық осынша кісіні түкке тұрғысыз сылтаулармен (өздерің айтпақшы) мен сияқты бір күрдтің кесірінен азапқа салу, қорлау Түрікшілдік пе? Ұлт жандылық па? Отан сүйгіштік пе? Мұны өздеріңнің қасиетсіз ар-ождандарыңа қалдырамын.Енді әділ сот олардың кінәсіз екендіктерін түсініп көпшілігін босатты. Егер сол жерде бір кінә болса ол да маған тиесілі. Олар өздеріндегі асқақ қасиеттерінің талабы бойынша мен секілді әлсіз, қарт молдаға пеш жағып беру, су әкелу, тамақ пісіру, жазылған рисалелерді таза параққа көшіру сынды істерді тек қана Аллаһ Сілтеме:Ол кісілер соттың үкімімен екі айдан кейін бостандыққа шықты.
218БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИризалығы үшін жасады. Естелік дәптерім сынды мына екі рисалемнің соңғы беттерінде мені сыйлағандықтан және естелік үшін өз қолтаңбаларын қалдырды. Мұндай адамдарды осындай сылтаулар арқылы жауапқа тартатын заң бұ дүниеде бар ма екен? Осындай әдіс, осындай нәрсе бола ма екен?ҚОРҒАУ СӨЗДЕРІМІНІҢ ЕКІНШІ ҚОСЫМШАСЫ.Ей алқа билер! Бұл баяндауларымда мүмкін өз міндеттеріңе қатысы жоқ нәрселер көрулеріңіз мүмкін. Бірақ бұл мәселенің бүкіл елге, тіпті бүкіл әлемге қатысы бар. Тек қана сіздер емес олар да рухани түрде тыңдап тұр. Сондай-ақ баяндауларымда жүйесіздік байқалады. Себебі менің өте маңызды құқым аяққа тапталды. Менің жазуым нашар. Бұл, өлім мен өмір белдесер шақ, маған хатшы беріңдер, өз құқымды қорғау үшін таза параққа жаздырып алайын, дедім. Берілмеді. Тіпті, мені екі ай бойы ешкіммен сөйлестірмеді. Сондықтан нашар жазу үлгіммен жүйесіз жазылды. Жақсылап жаза алмадым. Соңғы баяндауым осы: Егер тіпті қисынға келмесе де араға от тастаушылар мен домалақ арыз жазғыштар айтқандай, Рисалей-Нұр үкіметтің саясаты мен кейбір заңдарына үйлеспейді, қарсы келеді екен делік. Саяси ұстанымы басқа, ой-пікірі басқа екен делік. Тіпті барлық рисалелер иман жайлы емес, саясат жайлы айтады екен деген жаланы қабыл еткеннің өзінде, айтар жауабым былай: Мейлінше еркіндікте өмір сүрудің үлгісі Республикалық басқару, деп білесіңдер. Қазіргі үкімет те Республикалық басқарудың ең демократиялық түрін қабылдап отыр. Олай болса нақты дәлелденген, бұлтартпас ғылыми ақиқаттар мен ой-пікірлерге Республикалық басқарудың талаптарына орай, ғылыми ой-пікір бостандығын аяқ асты етіп, шектеу қоя алмайды. Қылмыс деп танымайды. Әрине қоғамның тыныштығын бұзбаса. Әлемде бір ғана саяси көзқарасты ұстанатын қандай үкімет бар. Ал жарайды, мен жасырын түрде өзімнің саяси көзқарасымды жазған екенмін делік. (Мүлдем қисынсыз болса да) Оларды өзімнің жақын достарыма көрсеткен екенмін делік. Мұны қылмыс деп білетін заңды естімеген екенмін. Ал Рисалей-Нұр, Иманның нұры жайлы айтады. Саясаттың қараңғылығына батпайды. Өзін олай төмендетпейді.Егер тіпті былай болса: Зайырлы Республикалық басқарудың мәнісін түсінбеген біреу былай десе: «Сенің жазбаларың дін туралы, дінсіз Республиканың принциптеріне қарсы келеді».
219БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕЖауабы: Зайырлы Республикалық басқару жүйесі дінді Үкіметтің істеріне араластырмау екендігін білеміз. Ал ойға келмес нәрсені айтып, дінді жоққа шығару, дінсіз болу дегенді ақымақ дінсіз ғана қабыл көреді.Әлемде ешқандай халық дінсіз өмір сүрген жоқ.Түрік халқы әлемдегі санаулы халықтардың бірі. Әлемдегі Түріктердің бәрі де мұсылман. Басқа мұсылман халықтардың аз да болса басқа дінді ұстанатындары бар. Мұндай дініне берік және мың жылдан бері Хақ діннің айбынды әскеріне айналған, бүкіл әлемге ұлтының мақтан тұтар ерекшеліктерін милиондаған діни оқиғалар арқылы көрсетіп берген және қылышының ұшымен өз тарихын жазған бұл берекелі халықты «Дінді жоққа шығарып, дінсіз болады» деп кінәлаушы, өтірікші, дінсіз, тексіздер ауыр қылмыс жасайтындығы сонша, тозақтың түбіндегі әсфел-і сафилинде жазасын тартуға лайық болады. Ал Рисалей-Нұр, діннің экономикалық, қоғамдық өмірдің заңдылықтарын да қамтитын кең шеңбері жайлы айтпайды. Оның ең негізгі тақырыбы, бағыты діннің ең негізгі іргетасы болған Иманның ұлы ақиқаттары жайлы. Сондай-ақ мен сөздерімді ең әуелі өз нәпсіме арнаймын. Одан кейін Европалық Философтарға. Мұндай киелі мәселелер дұрыс айтылып жатса әрине, олардан зиян келеді деп уайымдайтын тек шайтандар ғана деп ойлаймын. Тек үш-төрт рисаледе мемлекеттік қызметкерлерге сын айтылады. Бірақ ол рисаледегі сөздер үкіметке қарсы шығу, сынау үшін айтылған жоқ. Маған зұлымдық жасаған және қызметін асыра пайдаланған адамдарға арналады. Кейін қате түсініктерге жол ашпасын деп, сол үш-төрт рисалеге «Басқаларға бермесін» деп, көбейтілуіне тиым салынды. Басқа рисалелердің басым бөлігі төрт-бес жыл бұрын, кейбіреуі сегіз жыл бұрын, кейбіреуі он үш жыл бұрын жазылған. Үнемділік Рисалесі, Қарттар рисалесі, Науқастарға арнау рисалесі өткен жылы жазылды.Сондай-ақ бұл рисалелердің мемлекеттік заңдарға қайшы келмейтіндігін, қоғамның тыныштығын бұзып, халықты адастырмайтындығын, керісінше үкіметтің қолдау көрсетуі керектігін аз да болса ақылы бар жан бұл рисалелерге бейтарап қарай алса түсінеді. Тіпті айталық, үкіметтің ұстанымдарына үйлеспегеннің өзінде 28-шілде 1933 жыл шыққан мұндай қылмыстарға рақым–шылық таныту заңы мен кейіннен шыққан Рақымшылық заңына
220БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИсәйкес бұл кітаптарды тергеп-тексерудің заңсыз екендігін және бізге жасалып жатқан әділетсіздіктердің тоқтатылуын және кітаптарымның өзіме қайтарылуын талап етемін.Адам хайуанаттардың ең төменгі дәрежесінде деп ойлайтын және бұл дүние мәңгі тұра беретіндей көріп, адам да бұл жерде мәңгі өмір сүре беретіндей етіп ойлайтын ақымақтың, «Сенің жазбаларың өте әсерлі имани дәріс беруде. Адамды мына дүниеден суытып, назарыңды ақыретке бұрғызады. Ал, біз бар күшіміз бен бүкіл зейінімізді дүниелік өмірге арнағанда ғана өмір сүре аламыз, өйткені, қазір жаудан қорғана жүріп өмір сүрудің өзі қиындап кетті» - дегеніне;ЖАУАП: Шынайы Иманға қол жеткізетін сабақтар, шынында да ақыретке назар аудартады. Бірақ, бұл дүниенің ақыреттің егіс алқабы, базары, фабрикасы екенін түсіндіру арқылы дүниелік өмір жолына көбірек уақыт жұмсатады. Сондай-ақ, имансыздықтың кесірінен қатты әлсіреп қалған рухани күшке қуат береді. Үмітсіздіктің кесірінен жалқаулық пен немқұрайлылыққа ұрынғандарды қайта талпындырып, еңбек еткізеді. Бұл дүниеде өмір сүргісі келген біреу, өмірдің қызығына қол жеткіздіретін, жұмысқа құлшынтып, қиыншылықтарға төтеп бере алатындай рухани күшке ие қылатын имани дәрістерге тыйым салатын заңның болғанын қалай ма? Сондай заңның болуы мүмкін бе?Ал егер, елді басқарудың, қоғамның тыныштығын сақтаудың негіздерінен бейхабар надан бір белсенді былай десе: «Сенің рисалелерің, елдің тыныштығын бұзатындарға, бүлік шығаратындарға әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, сен де байқамай қазіргі билікке қарсы келсең, Рисалелеріңнің қатты әсерімен бүлік шығып кетуі мүмкін ғой, сол үшін саған тиісуде» дегенгеЖауап: Рисалей-Нұрдан сабақ алған адам, қаншама адамның қаны төгіліп, құқы тапталған бүліктерге араласпайды. Қаншама рет босқа әуреленген, зиянға ұшыратқан бүліктерге жоламайтындығын іс жүзінде көрсетіп берді. Он жыл ішіндегі он бүлікке Рисалей-Нұр шәкірттерінен оннан бірі де тіпті ешқайсысы да араласпауы, Рисалей-Нұрдың мұндай бүліктерге қарсы екендігін және қоғамның тыныштығын сақтауға себеп болатындығын көрсетеді. Қоғамның тыныштығын сақтап, басқаруда мың иманды адамды басқару оңай ма? Он дінсіз, ойына келгенін істеп жүре беретін адамды басқару
221БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕоңай ма? Әрине Иман тамаша мінез сыйлап, мейрімділік оятады және біреуге зиян тигізуден аулақ болуды үйретеді. Ал менің байқамай қалуыма келер болсақ, он үш жылдан бері мүмкін болғанынша, қолымнан келгенінше өзіме, үкіметтің назарын аудартпау, олармен әуре болмау, істеріне араласпау үшін Спарта Уәләятында, мәлім жерде қоғамнан жырақ, жалғыз өзім саясаттан сырт айналған хәлде өмір сүргенімді бұл ел біледі.Ей менің басыма осындай бәле жаудырған найсаптар! Менің ешқандай бүлік шығармай, қоғамның шырқын бұзбай отырғаным үшін маған ашуланып, кәрлеріңді төгіп отырғандарың түсінікті болды. Қоғамның шырқын бұзу үшін мені қаматтыңдар. Елдің шырқын бұзып, билік орындарында бүлік шығарғысы келгендер, билікті алдап, маған айдап салып, әділет органдарын босқа әуреге салып, мені қаматып отыр. Олардың үстінен жалғыз мен ғана емес, бүкіл ел болып, бас прокурор өзі басқарып, сотқа арыз түсіруі керек.Егер біреу: «Саған арнайы міндет жүктелмеген, елдің құрметін қабыл көріп, арнайы органның қызметкері секілді діни сабақ беруіңе болмайды. Оның үстіне діни сабақтар беретін ресми орындар бар, солардың рұхсаты керек» десе, оған айтылар жауап:Біріншіден, кітап басумен айналысатын менің баспаханам да хатшыларым да жоқ.Біздікі өзімізге ғана тиесілі. Жеке істерде, әсіресе иманға қатысты рухани істерде ар-ождан бостандығы қағидаларына сәйкес, ол адамға бостандық берілуі керек.Екіншіден: Бұрынғы демократиялық үкімет, мен Ислам Академиясында жүргенде Европаға қарсы Ислам ақиқаттарын дәлелдеп беру және халық ағарту істерін маған жүктеді. Дін істер Басқармасы да мені Ванға уағызшы етіп тағайындады және осы уақытқа дейін жарық көрген жүзге жуық кітаптарым ғұламалардың қолдарында. Олардың еш сын айтпаулары менің елге сабақ беруге құқым бар екендігін дәлелдейді.Үшіншіден: Егер қабірдің ауызы жабылып, адам бұл дүниеде мәңгі өмір сүрер болса, әскери, басшылық, ресми міндеттер ғана қалар еді. Бірақ, күн сайын отыз мың адам деген ақиқатқа куә болуда. Онда әрине бұ дүниелік міндеттерден де маңызды имани міндеттер (уәзипалар) бар. Құранның бұйрығы бойынша Рисалей-Нұр осы
222БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИміндеттерді орындауда. Рисалей-Нұрдың әміршісі, қолбасшы саналар Құран өз әмірін үш жүз елу милионға жүргізіп тәлім беріп тұр. Күн сайын кем дегенде бес рет, бестен төрт бөлігінің қолдарын Аллаһтың алдында жайғызып, бүкіл мешіттерде, жамағаттарда аспаннан жеткен қасиетті бұйрықтарды оқытқызуда. Әлбетте оның шынайы тәпсірі, сол күннің бір нұры, қызметшісі болған Рисалей-Нұр, Аллаһтың қалауымен Имани міндеттерін ешкімге ұрынбай-соқтықпай-ақ атқаратын болады. Олай болса бұл дүниені ғана ойлаушылар мен саясаткерлер онымен тайталасып, күресудің орнына оны пайдасына жаратуға аса мұқтаж. Жаратылыстардың тылсым сырларын ашқан, олардың қайдан келіп қайда баратындығын, не болатындығы жайлы сырларды ашып берген Рисалей-Нұрдың бір тақырыбы саналар Жиырма тоғызыншы сөз және атомдардың өзгеру сырларын ашқан Отызыншы сөз және әлемдегі үнемі болып жатқан жойылу, аяқталу, қайта жаратылудағы тылсым-сырларды ашушы жиырма төртінші мектуб және Тәуһидтың терең сырларын ашып, өте оңай түрде түсіндіріп берген және адамзаттың қайта тірілуі бір шыбынның қайта тірілуі секілді оңай екендігін жеткізетін Жиырма екінші мектуб және табиғатшыл-табиғат жаратады деушілердің күпірлік түсініктерін түп тамырымен қопарып тастаған «Табиғат Рисалесі» атты Жиырма үшінші лема сынды Рисалей-Нұрдың көптеген бөлімдері бар. Бұлардың біреуіндегі сырды тауып ашушы ғалым, зерттеуші, профессор кез келген үкіметтің мақтап-мадақтауына, сый-сыяпатына ие болатынын бұл рисалелерді мұқият оқып-талқылаған адам растайды.Бұл баяндауларыма тақырыптан тыс нәрселер іздеп, үңіле берудің қажеті жоқ. Өйткені Рисалей-Нұрдың жүзден астам бөлімдері менің үстімнен қозғалған іске тіркеліп отыр. Алқа билер оларды егжей-тегжейлі оқуға міндетті. Бұлар Құранға және Ислам Әлеміне және болашаққа қатысты болғандықтан, мен де түсіндіре отырып жауап беруге мәжбүрмін. Бұл мәселені бүге–шігесіне дейін түсіндіріп беру, алыс-жақын барлық ықтималдарды баяндау арқылы болмақ. Олай болса мәселемізге ұзақтан болса да байланысы бар бір ықтималды айта кету қажет. Ол былай: Егер дінсіздік пен күпірлікті кәсіп еткен кейбір бақытсыз жандар, саяси мақсаттарды қалқан етіп, биліктің біраз жеріне келіп алып, билікке ықпал етіп жүрсе немесе мемлекеттік қызметте жүріп, құйтырқы әрекеттермен Рисалей-Нұрды жойғызып,
223БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕмені қорқыту арқылы аузымды жабу үшін «Диктатуралық заман өтті. Өткенді ұмытып, бар күшімізбен болшаққа ұмтылуымыз керек. Ал сенің керітартпалық әрекеттер жасап, дінді, иманды күшейтетін дәрістер беруің бізге ұнамайды» дер болса, оның Жауабы: Біріншіден өткен шақ деп тұрған уақытың болашаққа айналып кетті. Нағыз болашақ сол. Біз де сол жаққа баратын боламыз.Екіншіден: Рисалей-Нұр Құранның тәпсірі болғандықтан Құранмен байланысып тұр. Құран болса жер шарын ғарышпен байланыстырып тұрған бүкіл әлемдік тартылыс күші секілді, өзіне тартып тұрған ақиқат. Азиядағы билік басындағылардың Құранның Рисалей-Нұр сынды тәпсірімен тайталасуына болмайды. Онымен мәмілеге келіп, оны пайдасына жаратып, қорғаулары керек.Ал менің аузымның жабылуына келер болсақ. Болмашы бір жетістік пен түкке тұрғысыз саяси идеялардың жолында және бұ дүниелік атақтар үшін қаншама ердің басы кетіп жатқан болса, мәңгі өмірде бақытты етер байлық, жұмаққа жетелер өмірдің нәрі және бүкіл философияларды таң қалдырған жаңалықтың жолында, денемдегі молекулалардың санындай басым болса және солар кесілуі керек болса, ойланбастан қияр едім. Мені қорқытып, не болмаса көзімді жойып, үнімді өшіру – бір тілдің орнына мың тілді сөйлетеді. Жиырма жылдан бері көңілдерден орын алған Рисалей-Нұр, кесілген бір тілімнің орнына мың тілді сөйлетеді деп үміттенемін. Аллаһтан соны тілеймін.* * * * *
224БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИТүкке тұрғысыз болса да ауыр қылмыс саналып,жауап алынған бір мәселе«Сен басыңа неге шляпа кимейсің? Сот орындары сынды ресми мекемелерде сәлдеңді неге шешпейсің? Демек сен бұл заңдарға қарсы шығудасың. Бұл заңдарға қарсы шығудың жазасы ауыр» дейді. Жауап: Бір заңға қарсы шығу басқа, ол заңмен амал жасамау мүлдем басқа нәрсе. Алғашқысының жазасы өлім болса, екіншісінің жазасы бір күнге қамалу немесе айыппұл төлеу, не ескерту алу. Мен бұл заңдар бойынша амал жасап жатқаным жоқ, амал етуге де міндетті емеспін. Өйткені ешқайда шықпай жалғыз өмір сүрудемін. Ал бұл заңдар үйдің ішіне жүрмейді.Ескерту: Соңғы екі айда өте мұқият тексерулер жасалып, Спарта соты да Ескішеһир соты да ішкі істер министрлігімен біріге отырып, он жылдан бері жиналған, сырт көзге көрсетпей жүрген кітаптарым мен жеке хаттарымды жинап алып тексергендерімен, жасырын ұйым құру сынды кінә артар еш нәрсе таба алмады. Мұны өздері де мойындағанымен, әлі де тексеруде. Мен де оларға былай деймін: Ей, мырзалар! Босқа шаршамаңдар. Бір нәрсе іздеп, оны осы уақытқа дейін таба алмай жүрулеріңізге қарап, бұл мәселелерді басқарып тұрған бір күштің барын, оны жеңе алмайтындарыңды және тайталаса алмайтындарыңды түсінулерің керек қой. Бір ғана шара бар – мәмілеге келу. Осынша бей күнә жандарды қинап, таптағандарың жетер. Аллаһтың қаһарын шақырып, ашаршылық, оба сынды апаттарға себеп болуларың мүмкін. Ал мен секілді асау мінезді, ең құпия сырын да бөгде адамға тартынбай-ақ айта беретін және әскери трибуналдарда қасқайып тұрып атақты қорғау сөздерін айтқан бір адамды, қартайған шағында басына қауіп төндірер өткен өміріндегі оқиғаларды жасыруға мәжбүр бір адамды, дәлелденуі мүмкін емес жасырын ұйым құрды деп кінәлау, барып тұрған ақымақтық немесе әдейі жасалуда.Алқа билерден бір құқымды талап етемін. Жинап алып кеткен кітаптарым мен үшін мың лирадан да қымбат. Олардың басым бөлігі он екі жыл бұрын алғыстар айтылып, Анкара кітапханасына мақтанышпен қабылданған болатын. Әсіресе тек қана ақыретке және Иманға қатысты Он тығызыншы Мектуб пен Жиырма тоғызыншы сөз мен үшін өте қымбат. Олар менің рухани байлығым және өмірімнің нәтижесі. Құран кәрімнің мұғжизаларының оннан
225БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕбір бөлігінің көріністерін көрсетіп бергендіктен мен үшін аса қымбат. Сондай-ақ оларды өзіме арнап түптетіп, әшекейлеткен едім. Қарттығымның естеліктері ретіндегі Қарттар Рисалесінің бір нұсқасын өзіме арнап жаздыртқанмын. Олай болса сол кітаптарым мен арабша Рисалелерімді өзіме қайтаруды бүкіл жан дүниеммен қалаймын. Түрмеде де қабірде де болсам мына өмірдің маған артқан бес түрлі жанды қинар ғаріптігіне қарсы тұрар жолдастарым да достарым да сол кітаптар. Оларды менен алып қою жан төзгісіз алтыншы ғаріптікке душар етеді. Мұндай ауыр халден туындайтын жан айқайымнан сақтаныңдар.* * * * *Сот төрағасынан және билер алқасынан асамаңызды бір құқымды талап етемінБұл мәселе менің жеке басыма ғана қатысты емес. Сіз мені ақтап шығарып, жағдайды түсінгеніңізбен мәселе бітпейді. Өйткені ғалымдар мен тақуа жандар халықтың ойынша кінәлі сияқты көрінуде, үкімет те оларға сенімсіздікпен қарайды. Сондай-ақ ғалымдар мен тақуа жандар қауіпті және зиянды әрекеттерден өздерін қалай сақтап қалуға болатынын білулері керек. Сондықтан менің қорғау сөздерімнің соңғы бөлімдерінің жаңа әріптермен басылып таратылуын қалаймын. Сол кезде ғалымдар мен тақуалар құйтырқы әрекеттерге алданып қалмай, зиянды, қауіпті бастамаларға жоламайтын болады.Халықтың оларға кінә артуынан үкімет те құтылатын болады. Үкімет те ғалымдар мен тақуаларға сеніммен қарап, ортадағы түсініспеушіліктер жойылатын болады. Билікке де халыққа да Отанға да қатты зияны тиген мұндай келеңсіздіктер қайталанбайтын болады........................................................................................................................Шынында да бұдан тоғыз жыл бұрын Оныншы сөздің сегіз жүз нұсқасы жазылып таратылуы, кәпірлердің жүректеріндегі қайта тірілуді жоққа шығару түсінігін кеуделерінде қамап ұстап, тілдеріне жеткізбеді. Ауыздарына құм құйып, ғажайып дәлелдерді көздеріне шұқып тұрып көрсетті. Иә қайта тірілу сынды Иманның үлкен бір шарты, Иманның айналасындағы құрыш қамалға айналды.
226БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИКәпірлердің аузына құм құйды. Әлбетте, Республикалық Үкімет бұған риза болған сияқты. Өйткені Оныншы сөз депутаттар мен әкімдердің және жоғарғы лауазымды қызметкерлердің қолында еркін оқылып жатты........................................................................................................................ Төрт айдан бергі, мына өмір мен өлім белдескен шақта, менің мына аянышты халім бір хат арқылы да сұралмады. Мені халыққа жек көрінішті етіп көрсету үшін, маған көмектескісі келгендерге тыйым салынды. Осындай қәріп халім мен жалғыздығымды суреттейтін қарсылық білдіру сөздерімдегі бір әңгімені айта кетейін. Баяғыда бір ауруға шалдыққан патшаның емі, бір баланың қаны екен. Баланың әкесі қазының қарары арқылы ақысын алып, баланы патшаға әкеліп беріпті. Бала сол жерде жылап-сықтаудың орнына күлген екен. Одан,– Сен неге көмек сұрамайсың? Шағым айтпайсың ба? Күлгенің не? деп сұрапты. Бала да былай деген екен:Адам бір қиын жағдайға тап болған кезде, әуелі әкесіне, одан кейін қазыға, одан кейін патшаға шағым айтады. Менің әкем, менің сойылатынымды біле тұра сатты. Қазы да өлтірілуіме қарар берді. Патша да менің қанымды ішейін деп тұр. Мұндай таң қаларлық және бұрын-соңды болмаған сұмдық жағдайға күлмегеннен басқа не істеуге болады.Міне, ей Шүкрү Қая мырза! Біз де сол баланың кебін кидік. Дертімізді әуелі жергілікті әкімге, одан кейін сотқа, одан кейін ішкі істер министрлігіне айтып, жазықсыз жапа шеккендігімізді, залымдардың қолынан құтылу үшін арыз жазуымыз керек бола тұра, көріп отырғанымыздай арыз айтар ең соңғы деңгейдегі ішкі істер министрінің біз жайлы негізсіз күдіктерді расқа санап, одан кейін сол қателіктерін бүркемелеу үшін қасарысу, одан да үлкен қателік екенін ойламай, өздері душар болған менмендік дертіне ем ретінде біздің қанымызды ішкісі келеді. Немесе түрлі сылтаулармен біздің көзімізді құртқысы келеді. Біз де Шүкрү Қаяның жеке басының үстінен Ішкі істер министрі Шүкрү Қаяға шағым түсіргіміз келеді. (Сілтеме ) Егер мына соттың тәуелсіз жағдайларын сақтай алатын *Сілтеме:Шүкрү Қаяның қаншалықты негізсіз күдіктерге бой алдырып,
227БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕжәне сырттың әсеріне бой алдырмайтын, бойларындағы әділдік сезімдерін әділ түрде пайдалана алатындығын және біздің Шүкрү Қаяның жеке басына қатысты айтар сөздерімізді тыңдайтынын білсем, Шүкрү Қая мырзаның жеке басының үстінен арыз жазып, іс қозғатар едім. Өйткені бір жылдан бері күн сайын немесе апта сайын біз жайлы мәлімет, есеп сұратып, тыңшыларға да, полицияға да бізді құрбанға сойылатын қойдай бақтырып қойды. Сот, әділдіктен басқа еш нәрсені ойламауы қажет бола тұра, қызметкерлердің ішінде шынында да әділ жандар болса да жоғары лауазымда отырған Шүкрү Қая сынды біреудің ықпалына шыдай алмағандықтан, бізді ақтап шығармай, әуреге салып отыр. Жергілікті билік – Спарта Уәлиі мен полициясы бәрінен бұрын бізге және қамаудағы Спарталық бейкүнә, бейшара жандарды қамқорлыққа алып, тез арада бостандыққа шығулары үшін жүгіру, солардың ар-ождандарының талабы бола тұра, керісінше мағынасы да маңызы да жоқ сылтаулар тауып, қамаудағы Спарталықтарға, әсіресе мұқтаж-пақыр жандарға тамақ та бермей аш қалдырып, жаныштауда. Мұндай жағдай шағым айту емес, зар еңрер жағдай емес пе? Біз де манағы бала секілді күліп қана жауап берудеміз және өз ісімізді Әзиз Жаббарға тапсырдық.* * * * *өшігіп жүргендігінің дәлелі мынау: Мен сияқты жалғыз адам мен үш-төрт до-сымды сотқа беру үшін Анкарадан жанына жүз жандарм мен он бес-жиырма полицей ертіп келуі Спартадағы ішкі әскер мен бір полк әскер аздық ететіндей айналасын жайпап, үркітіп-қорқытып келуі. Бір полицей мен бір жандарм ғана атқарар іске халықтың екі-үш мың лира ақшасын шашты. Кейіннен бостандыққа шыққан бейкүнә бейшараларға Спартадан, сонау Ескішеһирге ба-рар жол пұлға бес жүз лира шығындатты. Бейшараларға зиян шектіруден басқа, жұмыстарынан қалдырып,елді осынша дүрліктіру ішкі істер министірлігінің қоғамның тыныштығын сақтау жолындағы іс-шараларына, халықтың еркін жұмыс істей алуына қаншалықты зиян бергендігін көрсетеді. Демек бос уайымға салынып, сұмдық оқиға орын алғандай көрсетіп, түймедейді түйедей ету арқылы ішкі тыныштықты сақтауға мұқтаж бір кезеңде елді дүрліктіріп, заң атынан заңсыз әрекет ету, құқықтық тұрғыдан ауыр қылмыс екендігін айтып, ішкі істер министрі Шүкрү Қаяға, Шүкрү Қаяның жеке басының үсітінен шағым айтамын.
228БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИБейкүнә бауырларымның жан айқайына ешкім құлақ аспай, менің олармен сөйлесуіме тыйым салынған кезде, олардың жабырқау көңілдеріне демеу беру үшін жазылған бір сөз.(Орайы келген соң осы жерге енгіздім)Хафыз Аллаһтың өзі сақтап, қорғап жүргендігін қараңыз, мәселемізге байланысты Рисалей-Нұрдағы Рисалелердің санына сәйкес келетіндей жүз жиырмадан астам адамның жеке қағаздарын қанша тексерсе де, шетелдіктердің құйтырқы әрекеттері мен опозицияшыл ұйымдардың қолпаштауларына сүйенген бұрыннан да бар және жаңа құрылып жатқан қаншама ұйымдармен Рисалей-Нұр шәкірттерінің байланысы барын дәлелдейтін ешқандай айғақтың табылмауы, ашықтан-ашық Раббани жарылқау, қорғау. Аллаһтың қорғауы мен Имам Али (р.а.) және Ғаус Ағзам (қ.с.)-тың Рисалей-Нұрға байланысты ғайби кереметтерін нақтылай түсетін Раббани қолдау. Бұлардың атқысы келген оқтарын кері қайтарып, қырық екілік зеңбіректің оғын қырық екі бейкүнә жанның Аллаһқа жайған қолдарымен тойтарып, өз бастарын жарды. Бізге сауабы мол, елеусіз ғана жаралар салды.Бір жылдан бері оқталып келе жатқан зеңбіректің оғынан елеусіз жаралар алып, аман қалу ғажайып оқиға. Мұндай ғажайып жарылқаулар мен қорғауларға қаншалықты қуануымыз, шүкір етуіміз керек. Бұдан кейінгі өміріміз өзімізге тиесілі емес. Өйткені, бүлікшілердің жоспары бойынша біз аман қалмауымыз керек еді. Демек, бұдан кейінгі өмірімізді Хақ пен ақиқат жолына арнауымыз керек. Шағымданудың орнына, шүкір етуге тұрарлық мейірімнің белгілерін, өңін, өзегін көре білуге тырысуымыз керек.* * * * *Маған өте ауыр тиген және үш күнде бір стақан айран мен бір стақан сүттен басқа бір нәрсе ішуіме мұрша бермеген аурудың үшінші күні бірден көңіліме оралды. Мен де бұл нәрселерді тәбәрік ретінде соттағы қорғау сөздеріме кіріспе ретінде жаздым. Қатты кеткен не кемшін жерлері болса ауырып тұрғандығымнан болар. Иә, жүз адам қорғауы керек мәселені жалғыз өзім қорғауға мәжбүр болдым. Зейінім ашылмай, қиналып тұрғандықтан ақиқаттарды өз орындарына қоя отырып баяндай алмадым.
229БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕ(Соңғы қорғау сөздеріме маңызды бір хикметке орай кейіннен жазылған кіріспе)Қорғау сөздерімнің барлық жерінде кездесетін, жасырын да қауіпті ұйымға қарсы сөйлеу мәнерімнің мақсаты мынау: Республикалық Үкімет «Дінді биліктен бөліп тастап, бейтарап қалу» принциптерін қабылдады. Дінсіздерге дінсіздіктері үшін тиіспейтін болса, діндарларға да діндар болғаны үшін тиіспеулері керек қой. Сонымен қатар, мен де бейтарап және еркіндікті қолдауға мүдделі болуға тиіс Республикалық Үкіметтің, дінсіздікті жақтап, құйтырқы әрекеттер арқылы үкіметтік қызметкерлерді алдарқатып өз дегендерін істетіп жүрген жасырын ұйымдардан арылып, олардан аулақ болуын қалаймын. Сол жасырын лаңшылдармен күресудемін. Үкіметке кіріп алған сол ұйым мүшелері шынайы діндарларға жаба салу үшін қолдарына екі түрлі жаланы іліп алған. Жақпай қалған діндарларға жаба салып, үкіметті айдап салуға тырысуда. Ол екі жаланың біріншісі: Сол лаңшылдардың дінсіздік әрекеттерін қолдамағандарға «Керітартпа» деген жаланы жаба салуда. Екіншісі: Мына мұсылмандар басқарып отырған үкімет Құдай сақтасын дінсіздік саясатын ұстануда дегенді қолдамағандарға «Дінді саясатқа құрал қылуда» деген жаланы жаба салуда (Сілтеме )*Республикалық үкімет сол жасырын лаңшылдардың елге, халыққа зиян пікірлерін дәріптеп, қолдамас. Оларды тоқтату Республикалық Үкіметтің талабы. Ондай лаңшылдарды қолдау арқылы Республикалық басқарудың негізгі принциптеріне мүлдем керағар іс жасай алмайды. Республикалық Үкімет біз бен сол лаңшылдарды салыстырып төрелігін айтсын. Кім залым, кім зиянкес соған үкім шығарып, ол үкімді де орындасын. Жоққа шығара алмайтын бір ақиқат, дінсіздік пен діндарлық Адам Ата заманынан бері бар және қияметке дейін жалғаса бермек. Бұл мәселеміздің өзегін түсінген жанның бәрі де бізге жасалып жатқан шабуылдардың барлығы да тікелей алғанда дінсіздіктің пайдасына діндарлық ұғымына қарсы Сілтеме:Яғни «Үкіметтің саяси ұстанымы жоқ. (Құдай сақтасын) Үкіметтің саясаты дінсіздік» деп түсінетін ол лаңшылдардың көзқарасы бойынша, менің Құран Кәрімнің нақты үкімдерінен нәр алып тұрған Рисалей-Нұр арқылы жасап отырған Имани қызметімді опозициялық саясат деп, әлемдегі ең сорақы жаланы жабуда.
230БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИжасалып жатқан шабуылдар екенін түсінеді. Философтардың басым көпшілігі батыстан, Европадан шығуы ал, Пайғамбарлардың басым бөлігі шығыстан Азиядан шығуы тағдырдың бір белгі беруі, ишара жасауы іспетті. Демек, Азияда діндарлық алдыңғы орында болмақ. Азияның алдыңғы қатарлы көшбасшыларынан саналатын бұл Республикалық Үкімет Азияның жаратылысына тән қасиетін пайдаланатын болады. Бейтараптық ұстанымын дінсіздікті қолдауға емес, діндарлықты жақтауға қарай бұратын болады.Екінші жағдай: Рисалей-Нұрдың ішінен заңға қайшы мәселелерді іздеуге болады. Бұл соттың шаруасы. Ал Рисалей-Нұрдың бір өзі рухани жүз жаңалық ашқан жинақ. Бұл жаңалықтардың біреуін иемденіп кетіп, жаңалық ашушының құқына зиян келтіруге болмайды.Ғалымдар мен ақиқатшылардың, әдебиетшілердің ортасында бұл жаңалықтарды ашушының үлкен беделі, құны бар. Біреудің ашқан жаңалығын екінші біреу иемденіп кетуіне болмайды.Егер иемденіп кетер болса, оны сотқа беретін заң бүкіл әлемде бар.Келешекте Үкіметтің рұхсатын алып, жарыққа шығарғым келетін жиырма, отыз жылдан бергі ашқан жаңалықтарым мен жазғандарымды және елу жылдан бергі зерттеулерім мен пікірталастарымды, әр түрлі саладағы зерттеулер мен еңбектерімнің нәтижесі және жемісі ретінде жазған және жүздеген рухани жаңалықтар мен мыңдаған ақиқаттарды қамтып тұрған жүзден астам Рисаледен тұратын Рисалей-Нұр жазылып қойғаннан кейін шыққан бірнеше заңға үйлеспейтін он бес мәселені тілге тиек етіп, айыптауларға негіз ету, бұл ақиқаттарға және менің құқыма зиян тигізуімен қатар, басқа біреудің плагияттық жасауына, иемденіп кетуіне жол ашатындықтан, бұл жерде бәрінен бұрын әділдік атынан және заң атынан менің құқымның қорғалуы басты назарға алынатын нәрсе. Қылмыстық істің материалдары ретіндегі күдікпен жиналып алынған кітаптарымдағы ақиқаттарды ғалымдар мен философтарға, Академиялық зерттеушілерге қарсы дәлелдеп беруім үшін ол кітаптар қолымда болуы тиіс. Бұл жаңалықтар мен ғылыми көзқарастарымды дәлелдеу үшін кітаптарымның қайтарылуын талап етемін. Мені соттасаңдар да Оларды соттай алмайсыңдар. Түрмеде де олар маған жолдастық етулері керек. Әділ сот орындарының ақиқатты, әділдікті сақтау қасиеттеріне, абыройына мүлдем керағар
231БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕнәрсе болған қаскөйлердің сөзіне еріп, бір жаққа бұра тартуға жол бермей, қаскөйлердің жоспарын іске асырмайды деп білемін. Әділдікті барлық нәрседен жоғары қойып, ешкімнің ықпалында қалмай, міндеттерін әділ атқаруы тиіс екендігіне сүйеніп, өз басым үшін емес, көптеген ақиқаттар мен қаншама бейкүнә жандарға тағып отырған айыптаулардың Рисалей-Нұрға еркіндік берілуі арқылы тоқтатылғанын қалаймын.Үшінші жағдай: Бізге орынсыз тағылып жатқан айып, жалпылық сипатта, ешқандай қағидаларды назарға алмай тағылып отыр. Қылмыстық кодекстің 163-бабының кең шеңберінде қайткенде де мені қамауға алу екендігі белгілі. Бізге қарсы айтылған бірнеше мәселенің нақты жауаптары қолыңызға берілген қорғау сөздерінде айтылған. Он-он бес параграфқа бола рухани жүз жаңалықты және жүздеген маңызды ақиқаттарды қамтып тұрған, жүзден астам кітапшадан тұратын Рисалей-Нұр, сый-сыяпат беріліп, мадақталудың орнына жазаға тартылып, сынға алынуда. Соттан өз құқым мен Рисалей-Нұрдың ақталу құқын талап етуге құқым бар. Осы жағдайлар түсіндіріліп, шешімін табуы кезек күттірмейтін мәселе.Төртінші жағдай: Осы уақытқа дейін маған тиісіп, билікті бізге қарсы айдап салып жүргендердің қасгөй екендіктері және мұны бізге дұшпандық пиғылмен істеп жүргендіктері, бізге соққы беру үшін барлық есіктерді тоздырып жүргендіктерінен белгілі. Әуелі бұлар «Тариқатшылар» деді. (Еш нәрсе шықпады) Содан кейін бұлар «Ұйым» деді. Одан кейін «Оппозициялық саясат жүргізуде, оппозициялық ұйым, рұхсатсыз кітап басуда» деген сияқты көптеген орынсыз айыптар тағып, бізге соққы беру үшін қаншама тырысса да, ешқандай ілік таба алмаған соң, заңдағы ішкі тармақтардың шектеулеріне қарамастан, сыртқы, жалпы жағдайды негізге алып, ешқандай ақылды жан мақұл көрмейтін бір тарауға сүйеніп, бізді айыпты етіп, қаматқылары келеді. Айтып отырғандарын әлемдегі бірде бір есі дұрыс адам мақұл көрмейді. Титтей де болса ұяты бар адам «Жала» дейтін болады. Айтқандары мынау:«Саид Күрди дінді саясатқа құрал қылуда». Бұл айыптауды жоққа шығаратын он бес-жиырма дәлел бар. Қолдарыңыздағы қорғау сөздерімде айтылған бір дәлел мынау.Менің жүздеген куәлар арқылы куәландыра алатын жағдайым ондай айыптауларды түп-тамырымен қопарып тастайды. Ал айтайын: Мен тоғыз жыл тұрған Барла ауылының халқы және
232БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИтоғыз ай тұрған Спартадағы достарым мен мені жақыннан танитын достарым куә. Мен он үш жылдан бері саясаттың жаршысы саналар бірде бір газет оқыған жоқпын. Тыңдамадым да, қаламадым да. Тіпті менің жеке басыма қатысы бар делінген және жұртты елең еткізген оқиғалар жайлы жазған газеттерді де оқығым келмейді, оқымадым, оқытпаймын да.Он бес жердегіден басқа барлық мәселелер ақыретіме, Иманыма, және ақиқатқа байланысты екендігі үкіметтің тексерулері арқылы белгілі болып тұрған Рисалей-Нұр арқылы Саид дінді саясат жолында пайдалануда деуге болады ма? Яғни өзі бүкіл әлемдегі ең жоғарғы ең қадірлі нәрсе деп білген қасиетті хақ дін мен Иман ақиқаттарын саясатқа, қауіпті де күнәларға толы және көптеген жанның құқы тапталар жаман мақсаттарға пайдалануда, деуге бола ма? Олай дейтіндердің ақылдан, ар-ожданнан қаншалықты ұзақ шешім қабылдайтындықтары белгілі. Ал әділ сот мұндай негізсіз жалалардың жолын кесіп, әділ үкім шығарады деп сенеміз. Заңды білмеу, ақталуға себеп бола алмайды. Дегенмен, өз елінен жырақта, алыстағы бір ауылда, қатаң бақылауда, бұ дүниеден сырт айналған, бұғаудағы бейшара адамның заңдарды білмеуіне ынсапты жандар түсіністікпен қарауы керек қой.Мен сондай адаммын. Менен босқа күдіктеніп, жауапқа тартқылары келіп отырған заң баптарының ешқайсысын да білмейтін едім. Тіпті жаңа әріптермен қол да қоя алмайтынмын. Жанымда жүрген көмекшіден басқа адамдармен кейде он күннен астам уақыт бойы кездеспеген күндерім болды. Жұрт маған көмектесуден қашады. Адвокат жалдауға жағдайым жоқ. Өмір бойы «Ең жақсы айла, айла жасамау» деген ұстанымда болғандықтан, қорғану барысында ешқашан шындықтан ақиқаттан айнымадым, турашылдықтың негіздерін ұстаным еттім. Осы ақиқаттарды негізге ала отырып, қорғау сөздерімде немесе бірді екілі рисалемде қазіргі заңдарға және ресми құжаттарға үйлеспей қалған сөздеріме түсіністікпен қарау әділдіктің талабы. Қорғау сөздерімде қысқа қайырылған мәселелер айыптауларға қарсы жазылған қарсылық сөздерімде толық айтылған, бұлар бірін-бірі толықтыруда. Заңдағы 163-баптың шығарылуындағы негізгі мақсат қоғамның шырқын бұзуға себеп тудырмау Ал, менің жазбаларымда қоғамның тыныштығын бұзатын ешқандай белгі, ишаралардың жоқ екендігі қорғау сөздерімде жиырма рет айтылды. Жазаға тартар ешқандай нәрсенің жоқ екенін
233БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕдәлелдеп берсем де, баста жабылған жаланың әсерімен бізді сол заң бойынша жазалау үшін 163 бапты алға тарту, әділдіктің абыройына мүлдем жараспайды. Сондықтан мені ақтап шығуларыңызды талап етемін және соңғы сөзім.* * * * *АЙЫПТАУЛАРҒА ҚАРСЫ АЙТАР СӨЗДЕРІМЕй алқа билер және прокурор мырза! Бұл жерде маған тағылған айыптардың әр бабына жеке-жеке берілер жауаптар қолдарыңыздағы қорғау сөздерімде бар. Әсіресе «Соңғы қорғау сөзім» деп аталатын отыз бес беттік бір қорғау сөзімді, қарсылық білдіру сөзім ретінде сіздерге ұсынып отырмын.Әділдік пен ар-ожданның назарын осы жаққа аударту үшін былай деймін: Қоғамның тыныштығын бұзар еш нәрсе жасамасам да осындай айыптаулар тағылып он жылдан бері Спарта Уәләятында жазықсыз жапа шегіп, қысым жасалуда. Мұндай жөнсіздікке қандай ар-ождан рұқсат береді? Егер бізді 163-бап бойынша айыптар болса, Дін істері басқармасынан бастап, барлық имамдар мен уағызшыларды да қоса айыптау керек болар. Өйткені дін уағыздауда солармен біргеміз. Егер дін уағыздау ішкі жағдайдың шырқын бұзуы мүмкін деген жаңсақ пікір алға тартылар болса, онда ол барлығына ортақ болуы керек. Менің олардан жоғары тұрар бір айырмашылығым бар. Ол тек қана Иман ақиқаттарын насихаттау, түсіндіру. Бұл дегеніміз егер тіпті барлық дін адамдарына қарсылық білдірілсе де бізді ондай қарсылықтардан сақтап қалар нәрсе. Мені қанша тергеп-тексерсе де осы уақытқа дейін ілік таба алмаулары, тіпті таба қалған күннің өзінде мені ғана кінәлауы керек бола тұра, жиырма шақты бейкүнә жанды бала-шағасынан, жұмысынан айырып, қапаста қинау әділдікке жатпайды. Маған жай ғана жолап кеткен қаншама бейкүнә жан, қамауға алынып, қаншама зияндарға душар болып отыр.Шығыстағы оқиғаларға байланысты жер аударылыуым, айыптауларға қосымша болуына орай айтарым: Ресми қағаздарда
234БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИменің атыма тағылар ешқандай айыптаулар, түсіндірмелер жоқ. Шығыстағыдай оқиғалардың алдын алу мақсатында жер аударылдым. Мұны үкімет орындары біледі. Мен ол кезде де қазіргідей жалғыз өмір сүрдім. Бір таудың үңгірінде жалғыз тұрдым. Бір көмекшім ғана бар еді. Ешқандай себепсіз он жыл ұстады. Оның тоғыз жылын бір ауылда, бір жылын Спартада тұруға мәжбүр етті. Енді мына жағдайға душар болдым.Үшінші айыптау мәлімдемесі.«Барлада жүргенде кіммен байланыс құратындығы жіті тексерілді. Алыстан, жақыннан араласқан адамдар бұл кісіден моральдық – материялдық көмек алып іске кірісті және Рисалей-Нұр деп ат қойған жазбаларын бөлім-бөлім етіп жазып, әр түрлі жолдармен көбейтіп, Антальия, Айдын, Милас, Егрідір, Динар, Ван қатарлы аймақтарға өз адамдары арқылы таратқаны белгілі болды. Бұл кітаптардағы мемлекеттің ішкі тыныштығын бұзатын жазбаларға, жасырын, жартылай жасырын деген белгі қояды. Осылайша көздеген мақсатын өзі де мойындап, көрсетіп отыр» деген мәлімдемелерге бұдан бұрын сіздерге берген «Соңғы қорғау сөз» атты отыз бес беттік қорғау сөзімде нақты жауап бергенмін. Қосымша ретінде айтарым:Жағдай мүлдем басқаша. Жүз мың рет қайталай аламын, олай емес! Иман ілімін Аллаһтың ризашылығынан басқа еш нәрсеге құрал қылған жоқпын, олай жасай алмаймын. Олай етуге ешкімнің құқы жоқ. Рисалей-Нұр деп аталатын жүз жиырма бес Рисале жиырма жылда жазылды.Біз басқалар оқымасын, сіз «жасырын» деген Рисалелерге келер болсақ, олардың үшеуі бізді мақтангершілікке, рияға итермелемеуі үшін солай деген едім. Енді сол басқалар оқымасын дегенімнің бір шетін паш етуге мәжбүр болдым. Олардың біреуі Ғаус Ағзамның, екіншісі Хазіреті Алидың кереметтеріне және ықыластың сырына қатысты жазбалар. Ана екі кереметтің маған қатысы жоқ. Мені жүз орап кететін Құран жолындағы қызметті мақтаған Хазіреті Али мен Ғаус Ағзамның ишаралары. Ал рия мен мақтангершіліктен, менмендіктен құтқарар ықыластың сырларын ашар рисалелерді хас шәкірттерімнен басқалар оқымасын деген едім. Айыптауларға себеп боларлықтай, ішкі тыныштықтың бұларға қандай қатысы бар. Ал, басқалар оқымасын деген екінші топ жазбаларыма келсек;
235БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕ«Ислам Академиясында» және тоғыз жыл бұрын Европалықтардың сынына және Доктор Абдуллаһ Жевдеттің дінсіз адамдай жасаған шабуылдарына қарсы жазған бір-екі рисалем. Сондай-ақ кейбір қызметкерлердің менен өш алардай тиісулеріне байланысты жазған шағын жазбалар. Бұлар жайлы соңғы қорғау сөздерімде айттым. Бұл төрт рисале жарыққа шыққан соң көп ұзамай-ақ, еркіндік туралы заңдар мен үкіметтің ісіне араласып кетпеу үшін бұларды «жариялауға болмайды» деп ең жақын бір-екі шәкіртімнен басқаларға тыйым салдым. Мұның дәлелі осынша тексерулерге қарамастан олардың еш жерден табылмауы. Тек жалпы тізімде ғана аттары жазылғандықтан түсіндірілуі талап етілді. Мен де жауап бердім. Бұл жауаптар қолдарыңызға тапсырылған.Айыптау құжаттарында әр түрлі аймақтардың аты аталып, сол жерлердегі адамдар арқылы Рисалей-Нұрды жазып, таратуда деп баяндаған. Жауап ретінде айттарым:Мен бір ауылда, айдауда, жалғыз өзім, қатаң бақылауда жүрдім. Жазуым да нашар, жұрт маған көмек беруге қорқады. Иман жайлы жазылған жазбаларымды төрт-бес танысыма жібердім. «Жазып таратуда» деп жар салу қаншалықты ақылға сыйымсыз екендігін ескерерсіздер. Жұрт маған шамадан тыс ілтипат көрсетуде, Ванда он бес жыл бойы ағартушылықпен айналыстым. Бір досыма бір-екі имани рисалемді жолдауымды жаюмен, таратумен айналысуда деуге бола ма? Менің баспаханам жоқ, хатшыларым жоқ, жазуым да нашар, әлбетте таратумен айналыса алмадым. Демек, Рисалей-Нұрдың өзі тартымды. Өзін-өзі жаюда. Бір айтарым, «Оныншы сөз» атты хаширге қатысты рисалені, жаңа әліпби шықпай тұрып бастырдық. Жоғарғы лауазымды үкімет адамдарының, депутаттардың әкімдердің қолдарына тиді. Ешқайсысы қарсылық білдірген жоқ. Ол рисалелерден сегіз жүз нұсқа жазылды. Солардың әсерімен тек ақырет жайлы, Иман жайлы жазылған рисалелер өздігінен-ақ көптеген адамдардың қолына тиді. Олардың өздігінен тарап кетуі мені қуантты. Бұларды мен кейбір жеке хаттарымда ынталандыру мақсатында жазған едім. Үш ай бойы барлық жақта жүргізілген тінту тексерулердің нәтижесінде, бүкіл елден он бес-жиырма адамның ғана қолынан бұл кітаптарды таба алыпты. Мен сияқты отыз жылдан бері кітап жазып, ағартушылықпен өмірін өткізген бір адамның, өз досына жеке жазған жазбаларын баспагерлікпен айналысуда деуге бола ма? Арнайы мақсатта әрекет етуде деуге бол ма?
236БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИМырзалар! Егер мен дүниелік немесе саяси мақсат көздеген болсам, осы он жылдың ішінде он бес-жиырма адаммен емес, жүз мың адаммен байланыс орнатар едім. Соңғы қорғау сөзімде бұл мәселеге байланысты егжей-тегжейлі түсінік берген едім.................................................................................................................................Қазіргі мәдениеттің бұл аяттарды сынға алуына қарсы бүкіл тәпсірлерде айтылған ақиқаттар, нақты және шүбәсіз ғылыми жауаптар бола тұра, маған қарсы айыптауларға бұны да қосып отыр.Айыптаулар, менің Құран әріптері мен арапша зікірлердің аудармасы түпнұсқа мәтіндер мен әріптердің орнын баса алмайды деген сөздерімді алға тартып кінәлап отыр.Бұл мәселе сегіз жыл бұрын орын алған мәселе еді. Бұл ешқандай дау туғызбас ғылыми ақиқат. Біраз уақыт өткеннен кейін, заманның талабы деген желеумен үкімет Құран әріптері мен зікірлердің аударма жасалып оқылуын қабыл етті. Ал ғылыми ақиқаттар үшін мені кінәлауға бол ма?Мешітіміздің жабылуына байланысты төрт негізден тұратын жазба еді. Маған зұлымдық жасаған аймақ басшысы мен аудан әкімінің және солардың бірнеше танысының жеке бастарына, олардың өз қызметтерін асыра пайдалануына қарсы жазылған шағым жазба еді. Ол жазбаны ешкімге бермедім. Ешкімнен де табылмады.................................................................................................................................Оныншы Сөзде көптеген сәйкестіктер бар. Ондағы жолдардың саны, өзінің жазылу тарихына және дінді дүниелік істерден бөліп тастаған дінсіз Республиканың жариялану тарихына сәйкес келеді. Бұл олардың қайта тірілуді жоққа шығаратындығына бір ишара. Яғни бір мағынасы мынау: Республикалық жүйе дінге де дінсіздікке де араласпайды деген принципті ұстанып, бейтарап қалады. Кәпірлер мен бұзғыншылар Республикалық жүйенің осындай бейтараптығын пайдаланып, қайта тірілуді (хашир) жоққа шығарулары мүмкін деген сөз. Үкіметке қарсы шығу емес. Үкіметтің бейтарап қалуына ишара. Бұдан тоғыз жыл бұрын, Оныншы Сөздің сегіз жүз нұсқасы жазылуы арқылы, кәпірлердің жүрегіндегі қайта тірілуді жоққа шығару пікірін
237БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕкеуделерінен шығармай, тілге келтіртпеді. Ауыздарын жапты. Оныншы Сөздің ғажайып дәлел-айғақтарын көздеріне шұқып тұрып көрсетті.Иә, Оныншы Сөз, қайта тірілу сынды иманның ұлы ақиқатының айналасындағы құрыш қамалға айналды. Адасқандардың аузын жапты. Республикалық Үкіметтің бұған риза болуының дәлелі, депутаттар мен әкімдердің және жоғары лауазымды тұлғалардың қолында ол рисале еркін жүрді.Европалық мәдениет пен философияның, бәлки ағылшынның бүлдіргіш саясатының сойылын соғушылардың «Тәсәттүр» аятына қарсы шығуларына бұлтартпас, қуатты және ғылыми жауап. Мұндай ғылыми жауап, он бес жыл бұрын ғана емес, әрқашан құпталатын жағдай. Ғылымның еркіндігін, еркіндік сүйгіш Республикалық Үкімет шектемейді................................................................................................................Ей, судьялар алқасы! Рисалей-Нұр дүниелік нәрсені көздеп, дүниелік мақсат тұтқанда, жүз жиырма рисаленің ішінен мыңдаған сынға аларлық тақырып табар едіңдер. Жүз жиырма мың тәтті жемістің ішінен өздерің ұнатпаған, ауыздарыңа кермек болып сезілген он жеміске бола осындай берекелі бақшаны қоршап, жауып тастауға және бақшаның иесін кінәлауға бола ма? Әділетшіл ар-ұяттарың білсін. Мен отыз жылдан бері Еуропалық философтармен және соларға еріп, сыртқы күштердің сойылын соғып жүрген діннен безген оңбағандармен алысып, солардың ауыздарын жабарлық жауаптар берудемін. Менің сөздерім нәпсімнен кейін соларға арналатынын рисалелерді оқыған жан түсінеді...Сіздерге бір сұрақ қояйын. Европалық философтардың басына ұрған жұдырықтарым мен шет елдіктердің құйтырқы әрекеттеріне көмектесіп жүрген дінсіз, бүлікшіл немелердің беттеріне ұрған ғылыми шапалақтарымды үкіметті ұрып жатқандай еткен кім? Бұл соққылар үкіметке арналған деу, біздің ойымызға да кірмейді. Олай болудың ықтималдық дәрежесі жоқ. Еркіндік сүйгіш Республикалық үкімет, мұндай ғылыми соққылар үшін жауапқа тартпай, қолдау көрсетуі керек қой.
238БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИЕСКЕРТУ(Қолымызға үш күнге берілген айыптау қағаздарына қарсы уәжнама жаздық)Бірінші күні кеш берілгендіктен кешке дейін оқумен отырдық. Екінші күні басым бөлігі аударылды. Бес-алты сағаттық уақыт тауып, бұл уәжнаманы өте асығыс жаздым.Бұдан бұрынғы қорғау сөздерімде айтқанымдай, заңдарды, әсіресе қазіргі ресми іс жүргізу шараларын білмегендіктен және көптен бері ешкіммен сөйлеспегендіктен және мұндай ұзақ уәжнама төрт-бес сағат ішінде асығыс жазылғандықтан әрине кемшін жақтары көп болады. Түсіністікпен қарайды деп сенемін. * * * * *АЙЫПТАУШЫ СОТҚА СОҢҒЫ ҚОРҒАУ СӨЗІМАлпыс беттен астам айыптау ниетпен жазылған қарарнамадағы (он екі бет) жеке басыма қатысты айтылғандарға қарсы қорғау сөздерім.Қарарнамада бізге қарсы айтылған сөздерге сотқа тапсырылған қорғау сөздерде нақты жауаптар бар. Бұл қарарнама деп аталатын айыптауларға қарсы, он тоғыз беттен тұратын қорғау сөздерімді ортаға қоюдамын. Бұл екі қорғау сөз, сұрақ-жауап жүргізуші судялардың қарарнамаларындағы сынау-айыптау бөлімдерінің бәрін де жоққа шығарып, олардың негізсіз екендігін көрсетуде. Енді бұл қарарнаманың сүйенген негіздері мен айыптаулары қайдан шығып жатқанын, қайдан көшіріп алғандықтарын «Бес негіз» ретінде айтып берейін.Біріншісі: Рисалей-Нұрдың жүз жиырма бөлімінен үш-төрт бөліміндегі он-он бес сөйлемді сылтауратып, мені және Рисалей-Нұрды Үкіметтің принциптері мен жүйесіне қарсы және ішкі тыныштықты бұзуға тырысуда деп, негізсіз айыптауларына жауап: Бүкіл Европаның ортақ затына айналған Европалық мәдениеттің кейбір заңдарын Республикалық үкімет заманның күштеуімен қабыл алды. Сол заңдардың пайдалы емес, зиянды тұстарына бағытталған, Құрандағы ақиқаттарды қорғау жолында жазылған ғылыми
239БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕеңбектерге «Үкіметтің принциптері мен жүйесіне қарсы шығуда» және «Үкіметтің төңкерісшіл ұстанымдарына қарсы әрекет етуде», деп айдар тағуға бола ма? Сонда бұл үкімет Европалық мәдениеттің зиянды жақтарына қорғаушы болу сынды әрекеттерге барардай төмендеп кетті ме?Ондай зиянды мәдениеттің Исламға қайшы келер заңдары, үкіметтің бұрыннан бергі мақсаты ма? Үкіметке қарсы шығу қайда? Осындай зиянды заңдарға қарсы Құран ақиқаттарын ғылыми түрде қорғау әрекеті қайда?Құран Хәкімдегі аяттарды бір мың үш жүз жылдан бері тәпсірлеп келе жатқан миллиондаған тәпсірлер мен қазір де кітапханаларда толып тұрған тәпсірлердесынды аяттардың қасиетті ақиқаттарын Европалық философтардың сынап-мінеуіне қарсы отыз жылдан бері жазып жүрген ғылыми қорғауларым үшін «Үкіметтің төңкерісшіл принциптеріне, жүйесіне қарсы мақсат ұстануда» деп мені айыптау, ашықтан ашық жала, қасгөйлік, бос үрей. Мұндағы сот та соларға ермегенде, мұндай жауаптар беріп қорғанбайтын да едім.Сондай-ақ бұл елге, мына халыққа зиянкестік ниетпен, Европаның дінсіз ұйымдарының сойылын соғушы грек, армян ұйымдары дінсіздік пен бүліктің тұқымдарын шашуда. Осындай бұзғыншы ұйымдарға қарсы баяғыдан бергі жасаған ғылыми түрдегі қорғау әрекеттерім қалайша үкіметке қарсы шығу бола қалады? Үкіметке қарсы шығуда деуге қандай себеп бар? Үкіметті дінсіз секілді көрсетіп жүрген қай арсыз? Республикалық Үкіметтің негіздері мұндай дінсіздерге қарсы болса да, үкіметтік ұстанымдардың бірі де дінсіздік етіп көрсетуші бұзғыншыларға қарсы отан үшін, халық үшін жиырма жылдан бергі жасалған жемісті ғылыми еңбектеріме «Дінді саясат жолында пайдалануда және үкіметке қарсы айдап салуда» деген мағына беруді қандай ар-ождан мақұл көреді? Кім бұған риза болады?Менің бұл сотқа ғана емес, бүкіл әлемге жар сала отырып айтарым: Мен Европалық философтарға, әсіресе дінсіз философтарға және саясатты дінсіздіктің құралына айналдырғандарға және қоғамға
240БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИрухани соққы берушілерге қарсы Иманның асыл ақиқаттарын қорғадым және қорғаудамын. Мен мына Республикалық Үкіметті заманның қыспағына орай кейбір мәдени заңдарды қабылдаған және отанға, халыққа зиян тигізуші дінсіздік ағымдарына жол бермейтін Ислами Үкімет деп білемін. Қарарнама деп аталатын айыптау қағаздарына еңбегі сіңген жауап алушы соттарға емес, солар арқа сүйеп тұрған бұзғыншы залымдардың жымысқы әрекеттеріне қарсы айтарым:Сендер мені «Дінді саясат жолында пайдалануда» деп айыптап отырсыңдар. Мұндай айыптауларың көпе-көрнеу жала, негізсіз екендігіне жүз нақты дәлел келтіре отырып, мен де сендерді саясатты дінсіздіктің құралына айналдыруда деп айыптаймын. Баяғыда бір жарбаз (Сілтеме ) патша болыпты. Әділ болам деген *ниетпен зұлымдық жасайды екен. Бір күні ақиқатшыл бір ғалым оған былай депті: Уа Патша! Сен қол астыңдағыларға әділ боламын деп зұлымдық жасаудасың. Өйткені сынға алғыш, жарбаз көзқарасың әр кезеңдегі кемшіліктерді бір жерге жинап, бір уақытта жасағандай етіп суреттеу арқылы, сол адамды аяусыз жазаға тартасың. Сондай-ақ бір қауым елдің жеке-жеке жіберген кемшіліктерін сынға алғыш, жарбаз көзқарасың арқылы сол елдің әрбір адамына қаһарыңды төгіп, жазықсыз жазалаудасың. Сенің бір жыл бойы түкірген түкірігің бір күнде түкіріледі деп санасақ, соған өзің тұншығып қаласың. Әр кезеңдерде ішкен сульфат сынды дәрілерді жинап бір күнде бірнеше адам ішкеннің өзінде бәрі де өліп кетеді. Ал, игі істер анда-санда жіберілген кемшіліктерді жуып кете тұра, сен қарамағыңдағылардың кемшіліктерін жауып кетер игі амалдарына мән бермей, жарбаз көзқарасың арқылы әр кезеңдердегі кемшіліктерін жіпке тізіп, ауыр жаза қолданудасың. Осыдан кейін әлгі патша, ақиқатшыл ғалымның ескертулері арқылы, әділдік жасадым деп жүріп жасаған зұлымдықтарынан құтылған екен.................................................................................................................................Жасырын бір күш мені қасақана қаматқысы келеді. Неше түрлі нәрселерді сылтауратып, қасқырдың қайтсем де қойды жеуім керек дегені секілді, неше түрлі айла-шарғы қолданып, мені кінәлі етіп, Сілтеме:Жарбаза – адамның өмір бойғы кемшілігін бір уақытта бір жерде жасалғандай етіп көрсету. Жарбаз, осындай істермен айналысатын адам
241БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕсоттатқысы келетіндігін сеземін. Мысалға, үш айдан бері «Саид Күрди дінді саясат жолында пайдалануда» деген бір-ақ ауыз сөз қайталануда. Мен де барлық қасиетті нәрселерді алға тартып ант етемін. Мың саясат жүргізсем де, имани ақиқаттардың жолына садаға кетсін. Менің имани ақиқаттарды дүниелік саясат жолында пайдалануым мүмкін емес. Мұны жүз рет дәлелдеп берсем де, олар өздерінің мән-мағынасы жоқ сөздерін бәдіктің тақпағындай қайталай береді. Демек, біле тұра мені кінәлі еткісі келеді. Мен де ондай бүлік ұйымдастырғыш залымдарды саясатты дінсіздік жолына пайдалануда деп айыптаймын. Олар өздерінің құйтырқы әрекеттерін сездірмеу үшін мені кінәлап, Саид дінді саясатқа құрал қылуда деп сарнауда. Демек мені қаматқылары келеді. Менің де ол кәпірлерге айтарым: «Қартайған шағымда, бір-екі жылдық өмір үшін сендердің алдарыңда тізе бүкпеймін».................................................................................................................................Бесінші негіз: Төрт тараудан тұрады.Бірінші тарау: Қарарнамада сөзбен ойнау әдісі бар. Бір сөз әдейі айтылмаса да, соған мән беріліп, астарлы мағына іздеуде. Рисалей-Нұрдың мақсаты мүлдем басқа болғандықтан сөздерінен астарлы мағына іздеудің не қажеті бар. Тіпті бір мағына шығып тұрғанның өзінде түсіністікпен қараулары керек қой. Осы мәселені мына мысал арқылы түсіндірейін:Мәселен, мен бір мақсаттың соңында жүгіріп бара жатқанда, жолда үлкен бір адамды соғып кетіп, ол құлап қалса, мен оған «кешіріңіз» десем, ол әрине кешірім беріп, маған қатты ренжімейді ғой. Ал егер қасақана бір саусағыммен оның құлағынан шертсем, мазақ еттің деп, ренжіп қалады.................................................................................................................................Рисалей-Нұрдың көздегені иман мен ақырет қана болғандықтан, ғылыми және логикалық әрекеттері барысында тек қана бұл дүниені ойлаушылардың саясатына тиіп кеткен, қатты айтылған сөздер болатын болса, кешіріммен қарап, түсіністік таныту керек. Өйткені біздің мақсатымыз сіздерге тиісу емес, біз өз мақсатымыздың жолында кетіп барамыз.................................................................................................................................
242БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИЖер бетінде жасалмаған әділетсіздікке душар болдым.Соңғы қорғау сөзім мен үш уәжнама арқылы, жиырма нақты дәлел келтіріп, бір жүз алпыс үшінші баптың маған ешқандай қатысы жоқ екенін дәлелдеп бердім. Бұлардың ойынша сынға алынар жиырмаға жетпейтін сөз тауып отыр. Әр кезеңдерде жазылған аса құнды, пайдалы, ақыретке қатысты және Европалық философтардың бүлікшіл, дінсіз шәкірттеріне қарсы (Ислам Академиясының мүшесі болуыма орай) жазған ақиқаттарға толы ғылыми жауаптарым, арада талай уақыт өткен соң, заманның қыспағына байланысты шыққан Мәдени Заңдардың кейбір баптарына, жүз мыңдаған сөздің он-он бесі үйлеспей қалды деп, менің қамауға алынуым талап етілді. Көптеген маңызды жаңалықтарға толы жүз жиырмадан астам кітаптан тұратын Рисалей-Нұрдың қолда бар барлық нұсқалары жиналып алынды. Тергеп-тексеруден соң барлық ғылыми, логикалық, құқықтық талаптарым мен қорғау сөздерім қабылданбады.Бір жүз алпыс үшінші бап, қоғамның тыныштығын бұзу және діни сезімдерді қоздыру деген мағынаға келеді. Мұндай кең шеңберді қамтитын заңға бір нәрсені сәйкес келтіруге болады әрине. Мұндай заңдарды шектеу қағидалары да бар. Әйтпесе мұндай кең шеңберде мені жауапқа тартқандай, дін істері басқармасындағылардан бастап, барлық діндарларды, уағызшыларды, имамдарды жауапқа тартуға болады. Жүз беттен асатын қорғау сөзімдегі нақты дәлелдерге де қарамай,заңнан мені кінәлі етіп көрсететін мағыналар шығаруда. Мұндай мағыналар арқылы кез келген насихат айтушыны, тіпті бір досын жақсылыққа шақырушы бір адамды да қаматып жіберуге болады. Бұл заңның көздегені мынау болса керек. Өз идеяларымызға шын берілуіміз керек деген желеумен, өздерінен басқа саяси көзқарасы барларға және өз «мәдениеттерінің» дамуына кедергі болушыларға жол бермеу.Олай болса, бұл заңның бізге ешқандай қатысы жоқ екенін нақты дәлелдер арқылы қаншама рет дәлелдегенбіз.Бұл бап ешқандай шектеусіз, өзіне жақпай қалған кез келген адамды жауапқа тарта салардай болмауы керек.Мен он жылдан бері қатаң бақылаудамын. Жиырма жылдан бері жазған жүз жиырма рисалемді осынша тексеруден өткізсе де нәтижесінде қоғамның тыныштығын бұзар бір белгіні менен де сол рисалелерді оқыған кісілердің бойынан да таба алмады. Он үш жылдан бері саясаттан шайтаннан қашқандай қашатыныма
243БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕмені танитын жандардың бәрі куә болса да, мұны өзім жиырма түрлі дәлелдермен дәлелдеп беріп, үкіметтің ісіне араласпасам да адам төзгісіз азаптарға душар болдым. Бәріне де шыдап, дүниелік істерге араласпай, бұл өмірдегі ең үлкен мақсатым иманға қызмет ету деп жүрсем де «Саид дінді саяси мақсаттарға пайдалануда, сол арқылы қоғамның тыныштығын бұзуға әрекет етуде» деп, мені жүз алпыс үшінші бап бойынша соттау – жер бетіндегі соттардың қадір-қасиетін түсіретін және назар аудартатын және бұрын соңды болмаған құқықтық жағдай деп білемін.Ендеше, Жиһангер Патшалардың және ұлы қолбасшылардың қарапайым қазылардың алдында тізе бүгіп, толық мойынсұнулары, сот орындарының мызғымас қасиеті мен абыройы барын көрсетуде. Сондықтан сот орындарының осындай жоғарғы рухани қасиеттеріне арқа сүйеп, құқымды, еркіндігімді қорғаудамын.Бір мақаланың ішіндегі зияны тиеді деген бес-алты сөз цензуралық бақылаудан өтпей қалса соларды алып тастағаннан кейін мақала жариялана береді ғой. Жүз жиырма кітаптың әр кезеңде бөлек-бөлек жазылғандығына қарамай, бір-екі рисаледегі биліктің қазіргі көзқарасы бойынша зиянды болуы мүмкін деп таныған он шақты сөзге бола жүз он бес кітаптың қаншама пайдалы жақтарын ескермей, бұлардың басым бөлігі Анкара кітапханасында тұрса да тыйым салынуы, жер бетіндегі сот орындарының абыройына кір келтіретін жағдай. Касациялық сот бұл абыройды сақтап қалар.Ең көп сынға ұшыраған және барлық кітаптарымның тексерілуіне себеп болған мына екі мәселе; аяттары. Кітаптарымның сотқа тартылуына себеп болған бес-алты мәселенің алғашқы екеуі осы екі мәселе. Мен пайдасы мол шынайы мәдениетке қарсы емеспін. Кемшілігі мен зияны көп, өзім «мимсіз» деп атап кеткен мәдениетке қарсы отыз-қырық жылдан бері, Қасиетті Құранның мұғжизаларын негізге ала отырып, әлгі мәдениеттің Құранға үйлеспейтін жақтарын әшкерелеп, Құранның мұғжизаларын дәлелдей отырып, Арабша да, Түрікше де көптеген кітаптар жаздым. Оларды баспадан да шығардым. Қолжазба күйінде де тараттым. Қазіргі заңның мұрагерлік жайлы баптарының жоғарыдағы екі аятқа қайшы келетінін заманында салыстырмалы түрде әшкерелеген едім. Қырсық философтардың да аузын жабарлық дәлелдер келтіргенмін.
244БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИРеспубликалық Үкіметтің заманның талабы деген оймен қабылданған мәдени заңдарының кейбір баптары қабылданбай тұрып та сол мәселелер бойынша мәдениетшіл философтарға қарсы шығып, дәлелдеп тұрып жазғанмын. Ежелгі кезең мен Орта ғасырларда қор болған әйелдің құқын Қасиетті Құран қорғап қалғандығын айтқан едім. Енді осы екі мәселе жайлы айтқандарым, Республикалық Үкіметтің заңдарына қайшы келеді деп, 163-бап бойынша жауапқа тартылудамын.Менің де жоғарғы сотқа айтарым бар. Бір мың үш жүз елу жыл бойы, әр ғасыр сайын үш жүз елу миллион адамның қоғамдық өміріне нағыз ақиқаттар мен Илаһи заңдарды көрсетіп беріп отырған, үш жүз елу мың тәпсірдің бір ауыздан мақұлдаулары мен бүкіл ата-бабаларымыздың рухына құрмет ретінде, және Қасиетті Құранның мұғжизаларын Европалық дінсіздерге көрсету үшін, екі аятта анық айтылған ақиқаттарды осыдан он бес жыл, он жыл және тоғыз жыл бұрын үш кітабымда жазған едім. Қазір менің денсаулығым көтере алмайтын яғни өмір сүруім мүмкін емес жағдайда қамап ұстаулары, өлім жазасына кескенмен бірдей. Осындай бір-екі сылтау тауып, менің жүз отыз кітабыма тыйым салып отырған жөнсіз қарарды, әлбетте егер жер бетінде әділет деген нәрсе қалған болса қабылдамай, үкімін бұзар...Бізді қатты таң қалдырған, қынжылтқан жағдай мынау. Спартада түймедейді түйедей етіп, шындыққа жанаспайтын, өтірік мәліметтерге сүйене отырып, үстімнен қарар шығарылды. Мәзһабымыз бойынша өтірік айтуға ешқандай жол берілмегендіктен, өзіме зияны тиіп тұрса да бұл қарарға қарсы барлық шындықты айтып бір жүз жиырма беттік нақты және ақылға қонымды дәлелдермен қорғау сөздерімді жаздым. Жоғарыдағы заңға еш қатысым жоқ екенін дәлелдедім. Бұл сөздерім мен дәлелдерді көзге ілмей, жазылған күні мен қайта көшірілген күнін, тіпті бір кісіге жазып жіберген күндерін шатастырып, жиырма жылда жасалған шаруаны бір жылда жасалғандай көріп, Спартадағы орынсыз қарарда да, тергеп-тексеру сотының қарарнамасында да, прокуротураның айыптау қағаздарында да біздің ісімізді қараушы соттың соңғы қарарында да өлеңнің қайырмасындай қайталап, біздің үстімізден үкім шығарды.Хақ жолындағылар мен ақиқатты шайқалтып жіберген бұл әділетсіз қарардың дереу күші жойылуын және Рисалей-Нұрдың кінәсіз екендігін жариялауды, әділеттіліктің ең жоғарғы дәрежесі
245БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕсаналар соттан талап етемін. Егер осы әділ жанайқайымды тыңдамаса, мұңымды да шерімді де былай шығарар едім.Ей, менің басыма осыншама бәлені үйіп-төгіп, осы жағдайларға душар етіп отырған залымдар. Қалай болғанда да мені моральдық-материалдық түрде өлтіргілерің келіп тұрғаны анық. Олай болса, жәбірленуші бейшаралардың құқығын қорғап қалатын әділет органдарына несіне жүгіндіңдер. Тікелей қарсы алдыма шығып, «Сенің бұл өмірде тірі жүргеніңді қаламаймыз» демейсіңдер ме...Тергеу орындары төрт айға жақын тергеп-тексеріп шыққан бір жүз он жеті адамның ісін қылмыстық сот атүсті қарап, тергеудегі қаншама қателерге назар аудармады. Әсіресе Академия мүшелерінің алдында түсіндіріп, дәлелдеп беремін деген Рисалей-Нұрдағы маңызды жаңалықтарға байланысты ғылыми қорғауларым назарға алынбады. Атүсті қаралып, асығыс қарар бергендіктен, соттың ақиқатшыл, әділетшіл болуын талап етемін және мұндай асығыс қарар заңға сәйкес келмейтіндіктен жөнсіз деп білемін және қайта тексерілуі керек.НӘТИЖЕ: Бұл жерде соттағы деректер мен жиналып алынған кітаптарым мен қолжазбаларымның қалай сарапталғандығына қарап-ақ, ғылыми-логикалық, құқықтық барлық уәждеріме мән берілмегендігі белгілі болып отыр. Тергеу орындары да сот та мән бермеген. Заңсыз, дәлелсіз өзім білемдікке салып, барлық уәждерімді жоққа шығарған. Сондықтан отыз жылдан бері Европалық Философтар мен мәдениеттің арсыздықтарына қарсы Түрік-Ислам заңдарын қорғап келген және жаратылыстың тылсым сырларын ашушы және рухани жаңалықтарға толы рисалелерім жиналып алынды. Сонымен қатар денсаулығым көтере алмайтын материялдық қиындықтарға да душар болып, қамауға алындым. Жоғарыда айтылған себептер мен айыптауларға қарсы айтылған уәждеріме және соңғы сотта бес жағдайды қамти отырып жазған қорғау сөздеріме, екінші уәжнамама және соңғы қорғау сөздерімде егжей-тегжейлі түсіндіргеніме сүйене отырып, ашықтан-ашық әділетсіздікке душар етіп тұрған бұл үкімдеріңізді бұзу арқылы әділеттілік танытарсыздар деп күтемін.деп, Аллаһтан пана іздеймін, тәуекел етемін.
246БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИБұдан бұрынғы жүз беттен тұратын жеті қорғау сөзім соттар барысында бірнеше рет оқылды. Бірнеше соттың іс қағаздарында тіркелді. Мына қағаздарымыз әзірге таза парақтарға көшірілмегендіктен әзірге оқылмады және тіркеуге алынбады. Алдағы уақытта тіркеуге алынады.* * * * *Касациялық сот бізге шығарылған үкімді бұзбаған жағдайда, істі қайта қарату үшін министрлер кеңесіне жазылған арыз-хат.(Бұл жерде, сырт көзге байқалатын шағым, үкіметке айтылар шағым. Сын сөздер, үкіметті алдау арқылы қулық-сұмдық жасаушыларға айтылды.)Ей істің бәрін бітіріп, мәселені шешіп қойған мырзалар! Бүкіл әлемде аз кездесетін әділетсіздікке душар болдым. Мұндай әділетсіздіктің алдында үнсіз қалу ақиқаттың өзіне құрметсіздік болғандықтан, амалсыздан, аса маңызды бір ақиқатты паш етуге мәжбүр болдым. Менің айтарым: Мені өлім жазасына кесетін немесе жүз жылға қамалуым керек болатын қылмысымды заң жүзінде дәлелдеп беріңдер, не болмаса менің жынды екенімді дәлелдеп беріңдер. Олай ете алмасаңдар маған және рисалелерім мен достарыма толық еркіндік беріп, бізге зиян келтіріп, шығынға ұшыратқандардан солардың өтеуін алып беріңдер. (Сілтеме )*Кез келген үкіметтің заңы, жөн-жосығы бар. Сол заңдарға қарай жаза береді. Республикалық Үкіметтің заңдары бойынша мені және достарымды ең ауыр жазаға лайық етерлік себептер табылмаса, онда сыйымызды беріп, кешірім өтініп, бостандыққа шығарулары керек. Өйткені біз атқарып жатқан Құрани қызмет егер үкіметке қарсы болса, маған бір жылдық, достарымның әр қайсысына алты айлық жазамен бітпеуі керек. Маған және менімен жақын араласқан достарыма жүз жылдық қамау немесе өлім жазасы кесілуі керек, болады. Егер біз атқарып жатқан қызмет үкіметке қарсы болмаса айыптап, қамау емес, Сілтеме:Касациялық сот бізге шығарылған үкімді бұзбай өз қалпында қалдырған жағдайда, министрлер кеңесіне және парламентке, ішкі істер министрлігіне, әділет министрлігіне жіберіп, ісімізді қайта қарау үшін жазылған арыз-хат. Егер бұл арыздарым мен құқымды бұл органдарға да тыңдата алмасам, бұл өмірмен қош айтысу маған уәжіп болатын шығар. Өйткені үнсіз қалсам өз құқыммен бірге мыңдаған жанның құқы тапталатын болады.
247БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕсый-сыяпатпен қабылдаулары тиіс шығар. Өйткені үлкен қызмет атқарылуда. Ал жүз жиырма Рисале сол қызметтің жаршысы болып отыр. Сол еңбектер арқылы Европалық Философияның тас-талқаны шығып отыр. Әлбетте қоғамға қатты әсер етер мұндай қызмет, не өз ішімізде сұмдық нәтижеге апарады, не өте тамаша, аса жоғарғы дәрежедегі ғылыми жемістер береді.Сондықтан, көз бояшылық жасалып, жұрттың ойын басқа жаққа аударып, залымдардың бізге жасап жатқан зұлымдықтарын, алдамшы әрекеттерін бүркемелеу үшін, баланың ойыны сияқтандырып маған бір жыл жаза кесіп отыр. Мендей жандар не өлім жазасына кесіліп, дар ағашына кеудесін кере шығады. Не болмаса өзіне лайық орында, еркін жүреді.Мыңдаған лиралық құнды алмастарды ұрлай алатын әккі ұрының, он тиындық әйнек сынығын ұрлап алып, алмас ұрлағандай ауыр жазаға ұрынуы әлемдегі ешқандай ұрының, тіпті саналы жанның жасайтын әрекеті емес.Ондай ұры өте қу болады. Мұндай ақымақтық жасамайды.Ей мырзалар! Сендер ойлағандай мен сол ұры секілді болдым делік. Онда мен Спартаның қиыр шетіндегі кішкентай ауылда тоғыз жыл отырамын ба? Қазір менімен бірге жеңіл жаза алған он-он бес бейшараның ойын үкіметке қарсы қойып, өзіме де қауіп төндіргенше баяғыдай Анкарада немесе Стамбулда жоғарғы қызметте отырып, мыңдаған адамға ықпал ете алар едім. Ол кезде, мұндай бейшара халде сотталмай, өз ісіме, қызметіме жарасатын жағдайда дүниелік істерге араласар едім. Өзімді мақтап-мадақтау үшін емес, айтуға мәжбүр болған соң, баяғы кейбір мінездерім қозып кетіп, мені түкке тұрғысыз, пайдаға жарамайтын біреу етіп көрсету арқылы үнімді өшіргілері келетіндердің қателесіп жүргендіктерін көрсету үшін былай деймін:«Екі қиыншылық мектебінің куәлігі» атты бұрынырақта басылып шыққан қорғау сөздерімді оқығандар куә, отыз бірінші март оқиғасы кезінде көтеріліске шыққан сегіз полкты бір сөзбен тоқтатқан және сол кезеңнің газеттері жазғандай азаттық соғысы кезінде «Хутуват-ы Ситте» атты мақала жазып, Стамбулдағы ғұламаларды Ағылшындарға қарсы көтеріп, ұлттық майданға күш беріп, Аясофиядағы митингте мыңдаған адамға сөзін тыңдатқан, Анкарадағы Ұлттық мәжіліс құшақ жая қарсы алған және бір жүз алпыс үш депутаттың қол қоюы арқылы Университет пен заманауи медресенің салынуына қаражат
248БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИбөлінуін қабыл еткізген және Президенттің қатты наразы болуына қарамастан, табандылық танытып, намазға шақырған (Сілтеме ) және *Ислам Академиясында қызметте жүргенде, сол кездегі үкіметтің қолдауымен Европалық философтарға қарсы Ислами ақиқаттарды қорғау міндеті жүктелген және соған лайық деп танылған тұлғаны және майданда жүріп жазылған, ал сендер тартып алған «Ишаратул Иғжаз» тәпсірін сол кездегі бас қол басшы Әнуар Паша қатты бағалап, ешкімге көрсетпеген құрмет көрсетіп, жеңісті күндеріміздің жәдігері болсын, соған қосқан бір үлесім болсын деп, сол Ишаратул Иғжаздың басылуы үшін қағаз бергізіп, авторына алғыс жариялаған еді. Осындай бір адам ат ұрлау немесе қыз алып қашу немесе қалтаға түсу сынды қылмысқа барып, ғылыми дәрежесі мен қасиетті Имани қызметін, мыңдаған аяулы достарының құнын түсіріп, масқара бола алмайды. Олай болса сендер оны бір жылға соттап, қой ұрлаған ұрыға істегендеріңді істей алмайсыңдар. Себепсіз он жыл қинаған соң енді бір жыл қамауда және тағы бір жыл қатаң бақылауда ұстау арқылы қаскөй қызметкер мен қарапайым бір сақшының басынуына көн дей алмайсыңдар, (Патшаның да басынуына көне алмаған) ондай азап шеккенше өлім жазасына кесілгенін артық көреді.Егер осындай бір адам дүниелік істерге араласқанда немесе арал–асқысы келгенде және қасиетті иман қызметі оған рұқсат бергенде Менемен және Шейх Саид оқиғаларының он есесін шығарардай болып араласар еді. Бүкіл әлемге естілердей жарылыстың дауысы, масаның ызыңындай дәрежеге түсіп қалмас еді.Республикалық Үкіметтің мынаған мән беруін қалаймын: Мені осындай бәлеге душар қылған жасырын ұйымның қолданған айла-шарғылары, құйтырқы әрекеттері, теріс үгіттері осындай жағдайды көрсетіп тұр. Өйткені, бізге қарсы бұрын-соңды жасалмаған үгіттер, айла-шарғылар жасалуда. Оның дәлелі де мынау: Жүз мыңнан асатын достарымның ешқайсысы алты айдан бері хат жазып, сәлем жолдай алмады. Үкіметті алдап, құйтырқы әрекеттер жасап Сілтеме:Бұрынғы Саид сөз сұрайды және былай дейді: “Отыз үш жыл сөз бермедіңдер. Қазір маған көңіл аударып, сізді кінәлауда және сізден қорқып отыр, онда менің сөйлеуім керек болып тұр. Менмендік жаман нәрсе, бірақ менменсіген, бірбеткей, тәкапбар адамдарға қарсы өзіңді қорғап қалу үшін менмендік көрсетіп қою да керек. Сондықтан Бүгінгі Саид сияқты кішіпейілділікпен сөйлей алмаймын.” Мен де сөзді соған бердім. Бірақ менмендігіне, мақтангершілігіне қосылмаймын.
249БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕжүргендердің айдап салуымен, еліміздің Шығысынан батысына дейін бізді жамандаулар, тексерулер жалғасуда. Ал жасырын ұйымның жоспарлары мен сияқты мыңдаған адамды ең ауыр жазаға тартқызуға жете тұра, елеусіз бір адамның ұсақ-түйек ұрлығына берілер жаза берді. Жүз он бес адамның он бесіне жазықсыз бес-алты айлық жаза кесті.Қандай да бір есі түзу адам, қолында алмас қылышы бола тұра айбарлы арыстанның немесе айдаһардың құйрығынан түртіп, оның өзіне бас салуына мүмкіндік бере ме? Егер оның мақсаты қорғану не арпалысу болса, қылышты жанды жерге ұрмай ма? Сендер мені сондай адамның орнына қойып, маған осындай жаза беріп отырсыңдар. Егер сол адамдай ақылға сыйымсыз әрекет етіп отырсам, бүкіл елді шулатып, жамандаудың, елді маған қарсы қоюдың орнына, есуас адамдай жындыханаға жіберілуім керек қой. Егер, сендер осынша мән берерлік адам болсам, арыстанның өзіме атылуына, айдаһардың тап беруіне жол берерліктей қылышпен олардың құйрығынан түртпей, мүмкіндігінше қорғанар едім. Он жыл бойы жалғыз отыруға өз еркіммен көніп, адам төзгісіз қиыншылықтарға шыдадым. Сонда да үкіметтің ісіне ешқашан араласқаным жоқ, араласқым да келмейді. Өйткені Иманға деген қасиетті қызмет мені ондай әрекеттерден тыйып отыр.Ей, істің бәрін бітіріп, мәселені шешіп қойған мырзалар! Жиырма жыл бұрынғы газеттердің жазғанындай, бір мақаласы арқылы отыз мың адамға өз ойын қабыл етізіп қолдау тапқан, Аласапыран кезеңде төңкерісшіл топтың барлық әскеріне өз сөзін тыңдата алған және Ағылшын дін басының алты жүз сөзбен жауап беруін талап етуіне қарсы алты сөзбен жауап берген және демократиялық төңкерістер кезеңінде атақты дипломатша сөз сөйлеген адамның жүз жиырма рисалесінен бұл дүниеге, саясатқа қатысты он бес-ақ сөздің шығуы мүмкін бе? Сонда да бұл адам саясат жүргізуде, мақсаты дүниелік істерге, үкіметтің ісіне араласу дегенді қандай ақыл қабыл көреді. Егер оның ойы саясат пен үкіметтің ісіне араласу болса, бір ғана рисалесінің өзінде жүз жерде ашықтан-ашық немесе ишаралар арқылы өз ойынан хабар берген болар еді. Ол адамның мақсаты үкіметті саяси сынға алу болса, орамал мен мұрагерлікке қатысты баяғыдан белгілі бір-екі қағидадан басқа сынға алар нәрсе таба алмас па еді? Республикалық Үкіметтің жасаған төңкерістері,
250БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИбір-екі шағын мәселеден ғана тұра ма? Мен оларды сынауды мақсат тұтпаймын. Баяғыда жазған бір-екі кітабымда бір-екі сөз бар екен деп, үкіметтің жаңа жүйесін сынға алып, шабуылдауда дейді. Мен де мынадай сұрақ қояйын. Осындай елеусіз жазаға да тұрмайтын ғылыми бір жазбаға бола, бүкіл елді әуреге салып, үрейлендіретін не бар?Міне, менімен бірге он бес досыма болмашы бір жаза беру, бізге қарсы бүкіл елге үгіт жүргізу, халықты үрейлендіріп бізден сырт айналдыру, ішкі істер министрінің қалың қолмен Спартаға келіп, бір адам ғана атқара алар іске кірісуі, Премьер министр Исметтің осы шаруаға байланысты Шығыс аймақтарға кетуі, мені екі ай бойы ешкіммен сөйлестірмей қамап ұстауы, елден жырақ жүргенімде біреудің жағдайымды сұрауына, сәлем жолдауына жол бермеу – таудай ағаштан бұршақтай ғана жеміс тауып, мәнсіз, мағынасыз заңсыз іс атқару. Мұндай іске заңқой, заңмен ғана іс атқарар Республикалық Үкімет қана емес, ақылға сай іс атқаруға тырысатын әлемдегі үкімет атаулының ешқайсысы бармайтын шығар.Мен өз құқымды заң шеңберінде талап етемін. Заң атынан заңсыздық жасағандарды қылмыскер деп білемін. Республикалық Заңдар мұндай қылмыскерлердің өзім білемдік әрекеттеріне тосқауыл қойып, құқымның тапталуына жол бермес деп үміттенемін.Ескішеһир түрмесінде жалғыз кісілік камерада отырған тұтқынСаид Нұрси* * * * *
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 632
- 633
- 634
- 635
- 636
- 637
- 638
- 639
- 640
- 641
- 642
- 643
- 644
- 645
- 646
- 647
- 648
- 649
- 650
- 651
- 652
- 653
- 654
- 655
- 656
- 657
- 658
- 659
- 660
- 661
- 662
- 663
- 664
- 665
- 666
- 667
- 668
- 669
- 670
- 671
- 672
- 673
- 674
- 675
- 676
- 677
- 678
- 679
- 680
- 681
- 682
- 683
- 684
- 685
- 686
- 687
- 688
- 689
- 690
- 691
- 692
- 693
- 694
- 695
- 696
- 697
- 698
- 699
- 700
- 701
- 702
- 703
- 704
- 705
- 706
- 707
- 708
- 709
- 710
- 711
- 712
- 713
- 714
- 715
- 716
- 717
- 718
- 719
- 720
- 721
- 722
- 723
- 724
- 725
- 726
- 727
- 728
- 729
- 730
- 731
- 732
- 733
- 734
- 735
- 736
- 737
- 738
- 739
- 740
- 741
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 650
- 651 - 700
- 701 - 741
Pages: