Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Өмір Тарихы

Өмір Тарихы

Published by risalekz, 2020-01-27 03:21:39

Description: “Рисалей-Нұр” жинағының авторы
БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ
(Tarihçe-i Hayat)

Keywords: БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ

Search

Read the Text Version

ОН АЛТЫНШЫ МЕКТУББұл хат сырына бөленіп, намысқа тимейтіндей жұмсақ тілмен жазылды.Көпшіліктің сұрайтын және көкейінде жүрген сұрағына жауап. Бұл сұраққа жауап беруге зауқым жоқ, қаламаймын да. Бүкіл нәрсемді Аллаһқа тапсырып, соған ғана тәуекел еткен едім, бірақ мені өзіммен өзім жүруіме мүмкіндік бермей, назарымды дүнияға қарай бұра бергендіктен өзім үшін емес, достарым мен кітаптарымды әһли-дүнияның күдігі мен қысымынан құтқару үшін, жағдайдың анық-қанығын достарыма да, әһли-дүнияға да, билікке де түсіндіру мақсатында «Бес тұжырым» арқылы «Жаңа Саид» емес, «Ескі Саидтың» тілімен баяндауға мәжбүр болдым.БІРІНШІ ТҰЖЫРЫМ«Саясаттан неге бас тартып мүлдем жоламайсың?» дейді. Жауап: Осыдан оншақты жыл бұрын, Бұрынғы Саид біршама саясатқа араласты. Саясат арқылы дінге, ғылымға қызмет етемін деп босқа шаршады. Бұл жолдың күмәнді, қиын, бос әурешілік, керісінше ең маңызды мәселеге кедергі келтірер қауіпті жол екенін көрді. Көбі өтірік, тіпті шетелдіктердің қолшоқпары болып қалғанын да байқамауы мүмкін. Сондай-ақ, саясатқа араласқан адам, билікке я жақтас болады, я қарсылас болады. Жақтас болатындай, мен мемлекеттік қызметкер де, депутат та емеспін. Олай болса, менің саясатқа араласуым бекер. Бостан-босқа саясатқа араласып қайтемін?

252БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИЕгер, қарсылас жаққа шықсам я пікірмен (идеология), я күшпен араласуым керек. Пікірмен араласуға маған қажеттілік жоқ. Өйткені, мәселенің бәрі түсінікті. Менің білгенімді жұрттың бәрі біледі. Босқа жақ талдыру мағынасыз. Егер, күшпен бүлік шығару арқылы қарсылық көрсетсем, нәтижесі күмәнді мақсат үшін мыңдаған күнә арқалау ықтималдығы басым болғандықтан ол да қажетсіз. Өйткені, бір адамның кесірінен көп адам бәлеге қалады. Оннан бір ықтималға бола күнә арқалап, бейкүнә жандарды да күнәға батыруға арым шыдамайды деген Ескі Саид, темекімен бірге газетті де, саясатты да, саяси-дүниелік әңгімелерді де тәрк етті. Содан бері, сегіз жыл өтсе де бірде-бір газет оқымағаны, тыңдамағаны бұның нақты айғағы. Оқығанымды, не тыңдағанымды көрген біреу болса айтсын. Ал, бұдан сегіз жыл бұрынғы Саид күніне сегіз газет оқитын еді.Оның үстіне бес жылдан бері қатаң бақылаудамын. Саясатқа тарыдай қатысым барын байқаған адам болса айтсын. Ал мен секілді асау мінезді, қағидасы бойынша «Айланың үлкені айла жасамау» деп білетін турашыл адамның ойы сегіз жылды қойып, сегіз күн де жасырын қала алмайды. Саясатқа деген ынтам, ұмтылысым болса аңдуға, бақылауға қажеттілік тумай-ақ, зеңбіректен оқ атылғандай анық естілер еді.ЕК І Н Ш І Т Ұ Ж Ы РЫ МЖаңа Саид саясаттан неге осынша тартынады?Жауап: Нәтижесі күмәнді, түкке тұрғысыз, бір-екі жылдық дүниелік нәрселерге араласып, миллиардтаған жылдарға ұласатын мәңгі өмірдің бақытынан айрылып қалам ба деп қорқамын. Сондай-ақ ең маңызды, ең қажетті, ең таза, ең шынайы қызмет Иман мен Құран жолындағы қызмет болғандықтан саясаттан аулақпын. Оның үстіне мен қартайдым, енді неше жыл өмір сүретінім белгісіз. Олай болса, мен үшін ең маңызды шаруа мәңгі өмірге дайындалу. Мәңгі өмірдің бақытына қол жеткізудің ең бірінші шарты және мәңгілік бақыттың кілті – Иман. Сол жолда еңбек ету керек. Бірақ, ілім үйретіп, адамдарға пайда тигізуге шариғат бойынша міндетті болғандықтан қызмет еткім келеді. Ал ондай қызмет я Иманға, я қоғамдық өмірге

253БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕжәне дүниялық тұрмысқа қатысты болмақ, Екіншісі менің қолымнан келмейді. Мынадай аласапыран заманда сапалы қызмет ету де мүмкін емес. Сондықтан ондай қызметті қоя тұрып, ең маңызды, ең қажетті, ең сенімді қызмет – Иманға қызмет етуді таңдадым. Өзім көз жеткізген Иман ақиқаттарын және өз тәжірибемнен өткен рухани дәрілерді басқалар да алсын деп ол есікті ашық қалдырдым. Мүмкін, Аллаһ бұл қызметімді қабыл етіп, бұрынғы күнәларыма өтеу болар. Бұл қызметке малғұн шайтаннан басқа (мұсылман болсын, кәпір болсын, сыддық болсын, азғын болсын) ешкімнің қарсы шығуға хақысы жоқ. Өйткені, имансыздық мүлдем басқа нәрсе. Зұлымдықта, пасықтықта, үлкен күнәларда жиіркенішті болса да, шайтани ләззат болуы мүмкін. Бірақ, имансыздықта ешқандай ләззат жоқ. Қайғы үстіне қайғы, қиналыс үстіне қиналыс, азап үстіне азап. Қартайған шағымда мен сияқты елеусіз, жалғызілікті, бұрыңғы күнәларын жеңілдетер сауапты іс атқаруға мәжбүр адамға, мәңгі өмірге дайындалуды яғни қасиетті имани нұрға қызмет етуді тастап, қауіпті, саяси ойындарға араласу, ақылға мүлдем қонымсыз, хикметке қайшы әрі ақымақтық екенін ақымақтар да түсінер.Ал, Құран және Иманға қызмет, менің саясатқа араласуыма неге бөгет болады? Десең, менің жауабым: «Егер, саясатқа аралассам, алдануы оңай, аңқау қарапайым халық, алмастай қымбат Иман мен Құран ақиқаттарын өзіне жақтас жинау үшін саяси үгіт деп ойлап, күмәндануы мүмкін. Сөйтіп әлгіндей қымбат алмастарға арзанқол әйнек деп қарайды. Сонда саясатқа араласудың кесірінен алмастай құнды ақиқаттардың құнын түсіріп, қиянат жасаған боламын.Ей, әһл-и дүние. Менімен неге әуре боласыңдар? Мені неге өз жайыма қалдырмайсыңдар? Егер сендер: «Шейхтер кейде біздің ісімізге араласады. Саған да кейде шейх дейді» десеңдер, менің айтарым: Ей, мырзалар! Мен шейх емеспін, молдамын, ағартушымын. Бұған дәлел, төрт жылдан бері осындамын. Ең болмаса бір адамға тариқат сабағын бергенімде, күмәндануларыңа болар еді. Маған келушілердің барлығына дерлік «Иман керек, Исламият керек.... Тариқат заманы емес!» дедім.Егер сендер: «Саған «Саид күрди» дейді. Сенің ұлтшылдық ойың бар шығар. Бұл да бізге жақпайды» десеңдер. Оған да айтарым: Ей, мырзалар! Бұрынғы Саидтың да, Жаңа Саидтың да жазғандары

254БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИалдарыңда. Солар куәлік етеді. Мен деген қатаң бұйрығы бойынша, баяғыдан бері шариғатқа үйлеспейтін ұлтшылдық пен нәсілшілдікке қарсымын. Оны Еуропадан келген дерт, қоғамды улайтын нәрсе деп білемін. Европа өздерінің осы дертін мұсылмандардың арасына жайып, алауыздық тудыру арқылы бөліп-бөліп, жұта салуды ойлап отыр. Осы Еуропадан келген дертті баяғыдан бері емдеуге тырысқанымды шәкірттерім де, менімен араласқан адамдар да біледі.Олай болса, ей, мырзалар! Әр нәрсені сылтауратып маған қысым көрсетудің себебі не? Бұл, Шығыста бір солдат қателік жасаса, батыстағы бір солдатты «Сен де әскерсің» деп қинау, жазаға тарту... немесе, Стамбулдағы саудагердің қылмысы үшін Бағдаттағы бір дүкеншіні «Сен де саудагерсің» деп соттау сияқты нәрсе. Әр оқиғаны сылтауратып маған тиісу, қандай заңға саяды? Бұған кімнің ары барады? Бұл қай үкімнің талабы?Ү Ш І Н Ш І Т Ұ Ж Ы РЫ ММенің жағдайымды уайымдап, тыныштығымды ойлайтын және әртүрлі қиыншылықтарға сабыр етіп, үндемей жүргеніме таң қалатын достарым: «Сізге жасалып жатқан қысымдарға, қалай шыдап жүрсіз? Сіз бұрын ашушаң, намысқой едіңіз. Басыңыздан сөз асырмайтын, әрнәрсеге көне бермейтін едіңіз ғой» - дейді.Жауап: Кішкентай екі оқиға мен екі әңгімеден жауабын табасыңдар.Бірінші әңгіме. Екі жыл бұрын бір бастық мені сыртымнан, себепсізден себепсіз мазақ қылып, қорлайтындай сөздер айтыпты. Мен оны кейін естідім. Бұрыңғы Саидтан қалған сезімдерім қозып, бір сағаттай ашуландым. Содан кейін, Аллаһтың мейірімі жүрегіме мынадай ақиқатты жеткізді. Ашуымды да тарқатты, әлгі адамға да кешірім бергізді. Ақиқат мынау еді: Өзіме өзім былай дедім: Егер оның мені қорлау үшін айтқан сөздері және айтқан кемшіліктері жеке басыма, нәпсіме қатысты болса, оған Аллаһ разы болсын. Нәпсімнің айыптарын көрсетіп жатыр. Егер шындықты айтқан болса, нәпсімнің тәрбиесіне итермелейді. Мақтангершіліктен құтылуға көмектеседі.

255БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕЕгер өтірік айтқан болса, мені риядан және рияның негізі болған өтірік атақтан құтқаруға себеп болады.Жалпы, мен нәпсіммен татуласқан адам емеспін. Өйткені, оны тәрбиелегенім жоқ. Біреу менің мойнымда немесе қойнымда улы шаянның тұрғанын айтса немесе көрсетсе, оған ренжу емес, қайта қуану керек болар. Егер ол адамның мазақ етіп қорлауы менің Иман мен Құранға қызметші екендігіме қатысты болса, оған менің қатысым жоқ. Ол адамды мені жұмсап отырған Құранның Иесіне тапсырамын. Ол – Әзиз, уә Хаким.Егер, ниеті тек мені сөгіп, қорлау, табалау үшін жасаса оның да маған қатысы жоқ. Мен айдауда жүрген, қолым байлаулы тұтқын, ғаріппін. Өзімді өзім қорғау менің міндетім емес. Ол мені осында бақылауда ұстап отырған ауылды, ауданды, уәләятты басқарып отырғандарға тиесілі. Бір адамның қолындағы тұтқынын қорғау соның шаруасы. Мәселенің ақиқаты осылай болған соң, жүрегім жай тапты. дедім. Ондай оқиға болмағандай ұмытып кеттім. Кейін оны Құранның кешірмегенін білдім, өкінішті-ақ.Екінші әңгіме. Биыл бір оқиғаның болғанын естідім. Оқиға болып кеткеннен кейін қысқаша ғана естісем де, сол оқиғаға тығыз байланысым бар секілді айып тағылды. Онсыз да ешкіммен хабарласып жатқаным жоқ. Иман мәселесіне байланысты хаттарды бір-екі досыма өте сирек жазатынмын. Тіпті, өз бауырыма төрт жылда бір-ақ рет хат жаздым. Өзімді өзім қарым-қатынастан тыятынмын. Әһл-и дүние де маған тыйым салушы еді. Аптасына бір рет қана, бір екі танысыммен жолыға алатын едім. Ауылға келген қонақтардың бір-екеуі ғана айына бір рет ақыреттік мәселелер жайлы бір-екі минут сөйлесе алатын. Нәпақа үшін жұмыс істеуге өте қолайсыз, елден жырақ бір ауылда жападан жалғыз, ғаріп халде бүкіл нәрселерден тыйылдым. Тіпті, төрт жыл бұрын қирап қалған бір мешітті жөндеткен едім. Елде жүргенде уағыз айтуға рұқсатым, имамдық құжатым болғандықтан сол мешітте төрт жылдан бері имамдық етсем де (Алла қабыл етсін) осы жылы қасиетті Рамазан айында мешітке бара алмадым. Кейде намазды жалғыз оқыдым. Жамағатпен оқылған намаздың жиырма бес есе сауабы мен игілігінен құр қалдым. Екі жыл бұрыңғы әлгі бастықтың маған қарсы жасаған

256БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИәрекеттеріне шыдаған болсам, басымнан өткен осы екі оқиғаға да дәл солай шыдамдылық таныттым. ИншаАллаһ, әрі қарай да осылай жалғастырамын. Былай да ойлап қоямын: «Егер әһлі-и дүнияның маған жасап жатқан қыспақтары, қинаулары айыпты да кінәлі нәпсім үшін болса кештім. Мүмкін менің нәпсім осылай түзелер. Күнәларымның жуылуына өтеу болар».Дүние деген қонақ үйдің қызығын көп көрдім. Аздап жапасын шексем де шүкір етемін. Егер, әһл-и дүния мені Иман мен Құранға қызметші болғандығым үшін қыспаққа алып жатса, қорғану менің шаруам емес. Оны Әзиз Жаппарға тапсырамын. Егер, баянсыз және рияға себеп болатын және ықыласты бұзатын жалған атақ – даңқты жою және халықтың маған деген құрметін азайту мақсатында жасалып жатса оларға рахмет. Өйткені, көпшіліктің құрметіне бөлену және халықтың алдында атақты болу мен сияқты адамдарға зиян деп білемін. Менімен араласқан адамдар мені жақсы біледі. Мен өзімді құрметтегенді қаламаймын. Тіпті, жек көремін. Тіпті маған шамадан тыс құрмет көрсеткені үшін қадірменді бір досыма елу рет ескерту жасаған шығармын. Егер жұрттың алдында мені төмен түсіріп, мән бергізбеудегі мақсаттары мен тәржімеші боп жүрген Иман мен Құран ақиқаттары үшін болса, олары бос әурешілік. Өйткені, Құранның жұлдыздарын перде мен бүркемелеу мүмкін емес. Көзін жұмған адам, өзі ғана көрмейді. Басқаларға қараңғылық орната алмайды.ТӨР Т І Н Ш І Т Ұ Ж Ы РЫ МБірнеше күдікті сұрақтың жауабы.Біріншісі. Әһл-и дүние былай дейді: Қалай күн көріп жүрсің? Жұмыссыз қалай өмір сүріп жатырсың? Мемлекетімізде жалқаулар мен басқаның еңбегін жеп отырған арамтамақтарды қаламаймыз.Жауап. Мен үнемділік пен берекеттің арқасында өмір сүремін. Раззақ Аллаһтан, басқа ешкімнің міндетсінуін қаламаймын. Және ешкімнен еш нәрсе алмауға қарар бергенмін. Күніне жүз тиын, тіпті қырық тиынмен күнелткен адам ешкімнен еш нәрсе сұрамайды. Бұл мәселені қозғағым келмейді. Менменсіп, мақтанып тұрғандай болмас үшін, бұл туралы айтуды ұнатпаймын. Бірақ, әһл-и дүние күдіктеніп, сұрап қоймағандықтан айтайын. Кішкене күнімнен бері ешкімнен еш нәрсе алмау (Тіпті зекет болса да), айлық та алмау (Бір-екі жыл Ислам академиясында істеген кезімде достарымның өтініштерін

257БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕжерге тастай алмай, алуға мәжбүр болдым. Ол ақшаны да рухани түрде халыққа қайтардық), дүнияуи күнкөріс үшін біреуге кіріптар болмау, өмір бойғы қағидам. Өз елімдегілер мен басқа жерлердегі мені танитындар мұны жақсы біледі.Осы айдауда жүрген бес жыл ішінде қаншама достарым маған кәде сый жасауға тырысты, қабылдамадым. «Онда қалай күн көресің» десеңдер, берекет пен Аллаһтың жарылқауымен өмір сүріп келемін. Рас, нәпсім әрқандай қорлыққа да, елеусіз қалуға да лайық болса да, Құран қызметінің кереметі ретінде ризық жөнінен Иләһи жарылқау болған берекетке бөленудемін.сыры бойынша Аллаһтың маған жасаған жақсылықтарын еске түсіре отырып, рухани шүкір ретінде бірнешеуін айтайын. Рухани шүкір болуымен қатар, рия мен мақтаныш та өз үлесін алып кетсе, осы берекеттен айырылып қалам ба? - деп қорқамын. Өйткені, жасырын берекетті мақтанышпен әшкере ету берекеттің кетуіне себеп болады. Амал жоқ, айтуға мәжбүр болдым. Сонымен, біріншісі: Отыз алты нан шығатын екі пұт бидай маған алты айға жетті. Әлі де бар. Қашанға дейін жететінін білмеймін. Бір (жылға жетті.)Екіншісі: Биылғы қасиетті Рамазанда маған екі үйден тамақ келіп еді. Екеуі де жақпай ауырып қалдым. Жұрттың асын ішуге маған тиым салынғанын түсіндім. Одан кейін үш нан мен бір келі күріш Рамазанның соңына дейін жеткенін, маған қарайлап жүрген берекелі отбасының иесі, ардақты досым Абдуллаһ Чавуш айтты. Куә болған сол. Тіпті, әлгі күріш Рамазаннан он бес күн кейін бітіпті.Үшіншісі: Тауда, маған және қонақтарыма бір келі сары май үш айға жетті. (Күнде нанға жағып жегеннің өзінде) бірде Сүлеймен дейтін абзал қонағым келген еді. Оның да менің де нанымыз таусылуға таяды. Сәрсенбі күні болатын. «Барып нан алып кел!» - дедім. Айналамызда екі сағаттық жерден беріде нан ала қоятын ешкім жоқ. «Жұманың түнін сенімен бірге осы тауда дұға жасап өткізгім келеді» - деді. Мен де «тәуекел, қал» - дедім. Содан кейін, жүре-жүре бір таудың басына шықтық. Мұның еш қажеттілігі де себебі де жоқ еді. Құманда суымыз және біраз шай, шекеріміз де бар еді. «Бауырым, шай қойшы» дедім. Ол іске кірісіп

258БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИкетті. Мен де терең сайдың жарқабағына біткен қарағайдың түбіне отырдым. Көңілім жабырқау, мынадай бір ойға баттым «Азғантай ғана көгерген нанымыз бар, екеумізге кешке дейін ғана жетеді. Екі күн бойы не істейміз. Мына ақ жүрек, абзал жанға не айтамын». Осылай, ойланып отырғанда бірдеңеге басым өзінен өзі бұрылғандай болды. Қарасам, қарағайдың үстіңгі жағында, бұтақтардың арасында үлкен бір нан тұр. «Сүлеймен, сүйінші. Жәнаб-ы Хақ бізге ризық берді» дедім. Әлгі нанды алып қарасақ, аң да құс та тимеген... Жиырма-отыз күннен бері бұл төбеге ешкім шықпаған еді. Сол нан екеумізге екі күнге жетті. Таусылуға таяғанда төрт жылдан бергі адал досым Мұстақим Сүлеймен қолында наны бар, төменнен шыға келді.Төртіншісі. Мына үстімдегі шапанды жеті жыл бұрын ескілей алған едім. Бес жылдың ішінде киім, ішкиім, кебіс, шұлыққа төрт жарым лира жұмсадым. Берекет, үнемдеу және Аллаһтың мейірімі маған жеткілікті.Міне, осы мысалдар сияқты көп нәрселер бар. Иләһи берекеттің көптеген қырлары бар. Осы ауылдың халқы мұның бірталайын біледі. Бірақ, бұларды мақтану үшін айтып отыр деп ойлап қалма. Айтуға мәжбүр болдым. Сондай-ақ, мен үшін жақсы нәрсе деп ойламаңдар. Бұл берекеттер не менің жаныма келген адал ниет достарыма сый. Немесе Құран қызметінің жарылқауы. Не болмаса үнемшілдіктің берекелі пайдасы. Немесе зікірлерін Я, Рахим, Я, Рахим деп салатын қасымдағы төрт мысықтың ризықтары берекет түрінде келеді. Мен де пайдасын көремін. Мысықтардың жабырқаулы пыр-пырларын мұқият тыңдасаң, «Я, Рахим», «Я, Рахим» деп зікір салатындарын түсінесің. Мысық туралы сөз болған соң, тауықты еске түсірді. Бір тауығым бар. Осы қыста жұмыртқа машинасы секілді күн сайын Аллаһтың мейірім қазынасынан бір жұмыртқа әкеліп тұрды. Азғантай ғана үзіліс жасады. Бір күні екі жұмыртқа әкелді. Мен де таң қалдым. Достарымнан осылай бола ма деп сұрап едім, Олар: «Иләһи сый шығар» - деді. Осы тауықтың жазда шығарған балапаны бар еді. Қасиетті Рамазанның басында ол да жұмыртқалай бастады. Қырық күнге дейін жалғасты. Өзі кішкене, қыстың күні, Рамазан айындағы бұл берекелі жағдай, қасиетті Рамазанның сыйы екендігіне менің

259БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕде, маған көмектесіп жүргендердің де шүбәсі қалмады. Оның үстіне анасы тоқтатқан кезде, бірден сол бастады. Мені жұмыртқасыз қалдырмады.Екінші күдікті сұрақ. Әһл-и дүние былай дейді: Біздің дүниямызға араласпайтыныңа қалай сенеміз. Сені еркіңе қоя берсек біздің дүниямызға араласатын шығарсың. Қулық жасамайтыныңды қайдан білеміз. Өзіңді дүнияны тәрк еткен адам ретінде көрсетіп, жұрттан дүние алмайтындай көрінгеніңмен, жасырын түрде қулық жасап бір нәрселер алып жүрмегеніңді қайдан білеміз? Жауап. Жиырма жыл бұрыңғы әскери трибуналдағы және демократиялық төңкерістен бұрыңғы көпшілікке мәлім хал-жағдайым. Сондай-ақ, әскери трибуналдағы «Екі мусибат мектебінің куәлігі» атты өзімді қорғау сөздерім дәлел. Қулық былай тұрсын, кішкентай да болса айла жасауды ар санаумен өмір сүрдім. Егер, айлакерлігім болса, осы бес жылдың ішінде бір рет болса да сендерге жалпақтап, өтініш жасап барар едім. Айлакер адам өзін жақсы көрсеткісі келеді. Одан тартынбайды. Айласын асыруға, алдауға тырысады.Ал, мен өзіме қарсы жасалып жатқан сұмдық шабуылдар мен сынақтардың алдында бас иіп, пәс түспеймін. «Тәуеккелту әл-Аллаһ» деп дүниелік адамдардан сырт айналдым. Сондай-ақ, ақыреттің бар екенін білетін және дүниенің ақиқатын түсінген есі дұрыс жан өкінбейді. Қайта айналып, дүниемен әуре болмайды. Елу жылдан кейін, жалғызілікті, адам дүнияның бір-екі жылдық бос әңгімесіне, көзбояушылығына мәңгі өмірін пида етпейді. Пида етсе, айлакер емес, ақымақ, есуас болғаны. Онымен әуре болатындай ақымақ, есуас адамның қолынан не келеді. Ал, сырттай дүнияны тәрк етіп, іштей соны тілеу деген күдікке келер болсақ, сыры бойынша: Мен нәпсімді ақтамаймын. Нәпсім әртүрлі жамандықты қалайды. Бірақ, мына фәни дүнияда, уақытша қонақ үйде, қартайған шақта, қысқа ғана өмірде, азғантай ләззат үшін мәңгі де баянды өмірін, мәңгілік бақытын тас-талқан ету ақылдының ісі емес. Ақыл бар саналы адам олай істемейтіндіктен нәпсім қаласа да, қаламаса да ақылға мойынсұнған болатын.

260БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИҮшінші күдікті сұрақ. Дүниелік адамдар былай дейді. Сен бізді жақсы көресің бе? Жақтырасың ба? Егер жақтыратын болсаң, неге бізбен араласпай, ренжіп жүрсің. Егер, жақтырмайтын болсаң, онда бізге қарсысың. Ал, біз қарсыластарымызды жаншып тастаймыз.Жауап. Мен сендер түгілі, дүниені де ұнатпаймын. Жақсы көрген болсам дүниядан баз кешпес едім. Сендерді де, дүнияларыңды да ұнатпаймын. Бірақ, араласпаймын. Өйткені, менің мақсатым басқа. Көңілім басқа нәрселерге алаңдайды. Өзге нәрселерді ойлауға жүрегімде орын жоқ. Сендердің шаруаларың жүректі емес, іс-әрекетті бақылау. Сендер елді басқаруды, қауіпсіздікті ойлайсыңдар. Сендердің істеріңе араласпаса болды емес пе? Лайық еместіктеріңе қарамай «Жүрегің де жақсы көрсін» деуге қандай ақыларың бар. Жүрекке араласатын болсаңдар.....Иә, мен Қыстың күні көктемді қалап, армандауым мүмкін. Бірақ, оны жасай алмаймын. Әрі тырыспаймын. Сол секілді әлемдегі жағдайдың түзелуін қалап дұға етемін. Әһл-и дүнияның тура жолға түсуін қалаймын. Бірақ, мұны жасай алмаймын. Өйткені қолымнан келмейді. Іс жүзінде орындауға тырыспаймын. Өйткені, ол менің міндетім де емес, күшім де жетпейді.Төртінші күдікті сұрақ. Әһл-и дүния былай дейді: Неше түрлі бәлені көрдік. Ешкімге сенбей қалдық. Қолыңа мүмкіндік берілсе, біздің ісімізге араласып кетпейтініңе кім кепіл?Жауап. Осыған дейін айтылған нәрселер, сендерге сенім туғызуы керек еді... Туған жерімде, шәкірттерім мен туысқандарымның арасында, менің тілімді алатындардың ортасында, буырқанған оқиғалардың ішінде жүріп дүниелеріңе араласпағанда, елден жырақ, жападан-жалғыз, ғаріп, әлсіз, бүкіл күшін ақыретке арнаған, қарым-қатынас, хабар-ошар жоқ, Иман мен Ақыретке қатысты нәрселерде ғана алыстан ақыреттік дос тапқан жан, өзі де жұртқа, жұрт та бұған бөтенси қарайтын біреу, қауіптен басқа пайдасы жоқ дүнияларыңа араласса, ақымақтың ақымағы болғаны.БЕСІ Н Ш І Т Ұ Ж Ы РЫ МБес кішкентай мәселеге қатысты.Біріншісі. Әһл-и дүние маған былай дейді: Сен біздің мәдениетімізді, өмір салтымызды неге ұстанбайсың? Неге біз сияқты киінбейсің? Демек, бізге қарсысың.

261БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕМенің де айтарым: Ей, мырзалар! Сендердің мәдени өмір салттарыңды маған орында деуге қандай ақыларың бар? Сендер емес пе, мені мәдени құқымнан айырып, бес жыл бойы қоғамнан оқшау ұстап, қарым-қатынастан үзіп, бір ауылда қамап отырған? Барлық жер аударылғандарға қалада достарымен, туыстарымен жолығуға рұқсат құжат бердіңдер. Ал мені себепсіз жалғыз ұстап, ешбір жерлесіммен кездестірмей отырсыңдар (Бір-екеуінен басқа). Демек, мені қоғамның бір мүшесі, біздің бір азаматымыз деп санамайсыңдар. Сөйте тұра мәдениеттеріңнің талаптарын орында деп қалай айтасыңдар? Бұл дүниені маған зындан еттіңдер. Зынданда жатқан адамға мұндай ұсыныс жасалмайды. Сендер маған бұл дүниенің есігін жаптыңдар, мен де ақыреттің есігін қақтым. Иләһи мейірім ол есікті ашты. Ақыреттің есігінде тұрған адамға бұл дүниенің сапырылысып жатқан тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін не деп ұсынасыңдар. Маған ерік беріп, еліме қайтарып, құқымды берген кездеріңде ғана «біздің салтты ұста!» дей аласыңдар.Екінші мәселе. Әһл-и дүние былай дейді: Бізде, діни үкімдер мен Ислам ақиқаттарын үйрететін ресми орындар бар. Сенің дін жаюға қандай өкілеттілігің бар. Сен айдауда жүрсің. Олай болса бұл істерге араласуға хақың жоқ.Жауап. Хақ пен Ақиқат шектеуге келмейді. Иман мен Құранды қалай шектеуге болады. Сендер дүнияларыңның тәртібін, заңын шектеп ретке келтірерсіңдер. Бірақ, Иман ақиқаттары мен Құранның негіздерін ресми түрдегі ақы-пұл төленетін дүнияуи мәселелермен қатар қоюға болмайды. Негізінде, Иләһи жарылқау боп табылатын ондай тылсым-сырлар, таза ниетпен және дүние мен нәпсани қызықтарды қойып, тазару арқылы ашылады. Оның үстіне сендердің сол ресми мекемелерің де елде жүргенімде мені уағызшы деп қабылдап сол қызметке тағайындағанды. Мен уағызшы болуды қабылдадым, бірақ жалақысын алмадым. Қолымда құжатым бар. Уағызшы, имам болып кез-келген жерде қызмет етуге ақым бар. Өйткені, менің жер аударылуым негізсіз болған. Сондай-ақ, жарамсыз деп танылатын құжаттар қайта қаралып, қалпына келуде. Ендеше, бұрынғы құжаттарымның күші жойылған жоқ.Екіншіден: Мен, Иман ақиқаттарын тікелей өз нәпсіме арнап жаздым. Көпшілікке арнағаным жоқ. Расында рухтары мұқтаж, жүректері жаралы жандар Құранның сол емдік рухани дәрілерін

262БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИіздеп тауып алуда. Тек қиналғанда ғана азық-түлік алу үшін жаңа әріптер шықпай тұрып, Хаширге қатысты бір рисалемді баспаға апарып бастырдым. Ол кезде де бұрыңғы найсап әкім, әлгі рисалені тексертіп, айып тағатын ешнәрсе таба алмай, тиісе алмаған еді.Үшінші мәселе. Әһл-и дүния маған күдікпен қарағандықтан, менің кейбір достарым әһл-и дүнияға жақсы көріну үшін, сырт көзге менен аулақ жүргендей болады. Тіпті сынап та жүрген болар. Бұлардың менен аулақ жүріп қашқақтауларын зымиян әһл-и дүния өздеріне деген адалдық емес, екіжүзді оңбағандық деп ойлап әлгі достарыма жаман көзбен қарайды.Ал, менің оларға айтарым, ей, ақыреттік достарым! Менің Құранға қызметім үшін қашпаңдар! Өйткені, ИншаАллаһ, менен сендерге зиян келмейді. Егер айталық, пәле келсе немесе маған зұлымдық жасалса, Сендер менен қашқанмен құтыла алмайсыңдар. Олай істесеңдер одан сайын пәлекетке ұшырап таяққа лайық боласыңдар. Оның үстіне, соншалықты уайымдайтын не бар?!Төртінші мәселе. Осы айдауда жүрген кезімде байқағаным, менмендік пен саясаттың батпағына түскен кейбір кісілер маған өздеріне жақтас немесе бәсекелес сияқты қарайды. Құдды мен де олар секілді дүниялық ағымдармен байланысым бардай.Ей, мырзалар! Мен Иманның ағымындамын. Қарсы жақта Имансыздық ағымы бар. Басқа ағымдарда шаруам жоқ. Менің жауларымның ішінде жалақы алып, жұмыс істеп жүргендері өздерін ақтауға тырысады. Бірақ, ақысыз, пұлсыз өз еркімен маған қарсы тосқауыл болып, тиісіп, қысым көрсету өрескел қателік. Өйткені, бұған дейін дәлелденгендей дүнияуи саясатта шаруам жоқ. Бүкіл уақытымды да, өмірімді де тек қана Иман мен Құран ақиқаттарына арнаған адаммын. Сол жолдың құрбанымын. Олай болса, маған тиісіп, қысым жасап жүрген адам есін жиып, өзінің бұл әрекеті дінсіздік пен имансыздықтың атынан Иманға тиісу болып саналатынын ойласын.Бесінші мәселе. Дүния фәни, өмір де қысқа. Атқарылатын істер де көп. Мәңгілік бақытқа қол жеткізу немесе айырылып қалу мәселесі де осы жерде шешіледі. Мына, дүния атты қонақжай да иесіз, босқа емес. Оның аса Хаким, аса Қамқор Мейірімді басқарушысы бар.Сондай-ақ, дүниедегі игілік те, жамандық та ескерусіз қалмайды. Және қағидасы бойынша Аллаһ пендесіне «Шамасынан тыс ауыр жүк жүктемейді» және зиянсыз

263БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕжол зиянды жолдан әлдеқайда артық. Және дүниелік атақ пен даңқ, дос-жарандар қабір аузына дейін ғана. Олай болса, ең бақытты жан кім десең дүние үшін ақыретін ұмытпай, ақыретін бұ дүниенің қызығына пида етпей, мәңгі өмірін дүниелік өмір үшін зақымдамай, өмірін бос нәрселермен зая етпей және өзін қонақпын деп біліп, қонақжай Иесінің әмірлерін орындап, қабір есігін абыроймен қағып, мәңгілік бақыт әлеміне сапар шеккен кісі дер едім.* * * * *ОН АЛТЫНШЫ МЕКТУБТЫҢ ҚОСЫМШАСЫӘһл-и дүния ешқандай себепсіз, менен яғни әлсіз, ғаріп бір адамнан күдіктеніп, мыңдаған адамның күші бардай үрейленіп, маған көп шектеу қойып тастаған. Барла аулының шетіндегі Бедреде де, тауда да, бір-екі күн қалуыма рұқсат бермеді. Естуімше, «Саидтың елу мың сарбаздық күші бар. Сондықтан оны еркін жібере алмаймыз» дейді екен. Менің айтарым:Әй, бейбақ, әһл-и дүния! Бар күштеріңмен дүние үшін жанталассаңдар да дүниелік істі үйрене алмай ақымақша әрекет етесіңдер. Егер, жеке басымнан қорқатын болсаңдар, елу мың әскер емес, бір ғана сарбаз менен елу есе көп жұмыс атқара алады. Яғни, есіктің алдында тұрып, маған: «Шықпайсың!» десе болды. Ал, егер менің қызметімнен, Құран ақиқаттарына делдалдығымнан және Иманның рухани күшінен қорқып жүрсеңдер қателесесіңдер. Ұстанымым бойынша елу мың сарбаз емес, елу миллиондық күшім бар. Хабардар болыңдар. Өйткені, Құран Хакимнің күшімен сендерге дінсіздеріңмен қоса, бүкіл Еуропаға қарсы тұруға дайынмын. Өзімнің жазып, таратып жүрген Имани нұрлар арқылы олардың «нақты ғылым», «табиғат» деп жүрген берік қамалдай ұғымдарын тас-талқан еттім. Дінсіздеріңмен қоса, бүкіл Еуропа жиналып келсе, Аллаһтың таупығымен мені бұл ұстанымымнан, бұл жолымнан қайтара алмайды, иншаАллаһ жеңе алмайды. Олай болса, мен сендердің дүнияларыңа араласып жатқам жоқ, сендер де менің ақыретіме араласпаңдар! Аралассаңдар да, түк шықпайды.

264БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИҚұдай жазған тағдыр, білек күшке көнбес,Аллаһ жаққан шам үрлегенмен сөнбес.Әһл-и дүния, мен туралы басқаша ойлап, қатты қорқатын сияқты. Менде жоқ, бірақ бола қалған күннің өзінде саяси сипатта емес және айыптауға себеп болмайтын шейх, лидер, пір, хан тұқымы, рубасы, жоғары беделді, халықты соңынан ерту, жерлестермен кездесіп тұру, дүнияуи нәрселермен шұғылдану, тіпті саясатқа араласу, тіпті, оппозицияда болу сияқты менде жоқ сипаттарды ойлап үрейленуде.Тіпті, түрмеде отырған немесе сыртта жүрген, және бұлардың ойынша ешқашан кешіруге болмайтын адамдарға да рақымшылық жасауды қарастырып бірақ мені ол заңнан тысқары қалдырып, көп нәрседен тыйып отыр.Әлсіз және фәни бір адамның мынадай бір ұмытылмас сөзі бар:Зұлымдықтың зеңбірегі, қамалы бар, оғы барӘділеттің қайтпас жүзі, қайырылмас қолы бар.Мен де былай деймін: Әһл-и дүнияның билігі мен күші бар. Ал, Құран қызметшісінің Құраннан алған шатаспайтын ілімі, жаңылмайтын сөзі бар. Адаспайтын жүрегі, сөнбес нұры бар. Көптеген достарыммен бірге мені бақылап жүрген бір бастық: «Жеңілдік алу үшін неге өтініш жазып арыз бермейсің?» деп бірнеше рет сұрады.Жауап: Менің арыз бермеуімнің, яки бере алмауымның бес-алты себебі бар.Біріншісі. Мен әһл-и дүнияның тұтқыны болатындай олардың дүниесіне араласқаным жоқ. Оларға неге өтініш жасаймын. Мен Иләһи тағдырдың тұтқынымын. Соның алдында айыптымын. Соған өтініш жасап жүрмін.Екіншісі. Бұл дүние тез өзгеретін қонақүй екенін нақты білдім. Сондықтан, мәңгі тұратын шынайы отан емес, барлық жер бірдей. Жанталасып, елге оралғанмен ол жақта мәңгі қалмаймын ғой. Барғанмен не пайда? Барлық жер қонақүй. Егер, қонақ үй Иесінің рахымы жар болса, жұрттың бәрі дос. Ешбір жердің жаманы жоқ. Егер, оның рахымы жар болмаса, бүкіл жер де жүрегіңе тар, барлық нәрсе жау болады.Үшіншісі. Жалпы арыз-өтініш құқықтық заңға сәйкес жазылады. Алты жылдан бері маған қарсы жасалып жатқан мәміле бейбастық ешқандай заңға сәйкес келмейді. Маған, жер аударылғандар туралы шыққан заңға сәйкес үкім шығарылған жоқ. Мен бейне бір

265БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕмәдени құқықтан, тіпті дүниелік құқықтан жұрдай адам ретінде айыпталдым. Мұндай заңсыз әрекет етушілерге заңды түрде арыз-өтініш беру мағынасыз.Төртіншісі. Барлаға қарасты Бәдре ауылының ауасы өзгешерек болған соң, бірнеше күн сол жақта болып қайтуым үшін, биыл, осы жердің бастығы менің атымнан жоғарыға өтініш жасады. Рұқсат бермеді. Осындай елеусіз бір нәрсеге рұқсат бермей жүргендерге қалай өтініш жазуға болады. Бұл өтініш жазудың пайдасы жоқ. Бұл өзіңді төмен түсіріп қорлау деген сөз.Бесіншісі. Әділетсіздікті әділет деп санайтындардан әділет күту, оларға өтініш жасау орынсыз болар. Әділет ұғымын құрметтемеу боп табылады. Мен мұндай қатеге бой алдырып, әділетке құрметсіздік жасағым келмейді. Уәссалам...Алтыншы себеп. Әһл-и дүния маған саясат үшін қысым жасап жатқан жоқ. Өйткені, менің саясаттан қашатынымды және араласпайтынымды жақсы біледі. Олар менің дінге беріктігім үшін, біле тұра немесе білместікпен дінсіздіктің пайдасына мені азаптап жатыр. Ендеше оларға өтініш жасау, дін жолында жүргеніме өкініп, дінсіздік жолын құптау деген сөз. Оның үстіне мен оларға өтініш жасап, көмек сұраған сайын әділ, Иләһи тағдыр мені олардың залым қолымен азапқа салады. Өйткені, олар мені дінге берілгендігім үшін қыспаққа алуда. Ал, тағдыр мені діндарлықта, ықыласта кемшілігім болғаны үшін, және кейде әһл-и дүнияға жағымпазданғаным үшін жазалауда. Олай болса, әзірге бұл азаптан құтылу жоқ. Егер әһл-и дүнияға өтініш жасасам тағдыр: «Әй, рияшыл, өтініш жасағаныңның жазасын тарт!» дейді. Егер өтініш жасамасам, әһл-и дүния: «Бізді мойындамайды екенсің, онда қыспақтан құтылмайсың» дейді.Жетінші себеп. Бір қызметкердің міндеті, қоғамға зиянкес адамдарға жол бермеу және пайдалы жандарға жәрдем ету екені белгілі. Ал, мені бақылаушы қызметкер көптен бері менің жаныма жақындамай жүріп, қабір аузында тұрған қарт кісіге «Лә иләһә иллаАллаһ» сөзіндегі иманның нәзік те терең сырларын түсіндіріп жатқан кезімде (Мені бір ауыр қылмыс үстінде ұстап алғандай) жаныма жетіп келді. Ықыласпен тыңдап отырған әлгі бейшараны қуып жіберіп, ақиқаттан мақұрым қалдырды. Менің де ашуыма тиді. Бұл жерде басқалай кісілер де бар. Әлгі қызметкер оларға мән бермейді. Кейін, сол адамдар ауылдағы қоғамдық өмірді бұзатындай

266БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИәдепсіз әрекеттер жасаса да оларға құрмет көрсетіп, қадірлейтін болды. Және жүз қылмыс жасап, зынданда жатқан адам, өзін қарауылдап жүрген сарбазбен сөйлесе алады. Ал, мені қарауылдап жүрген үкіметтің екі шенеунігі бастығы да, қызметкері де бір жылдан бері бөлмемнің алдынан қанша рет өтсе де, менімен сөйлескен де емес. Бірде-бір хал-жағдайымды сұраған жоқ. Бастапқы кезде, мені жек көретіндіктен жоламай жүр екен деп ойлайтынмын. Сөйтсем бос үрейден жоламайды екен. Мен оларды жұтып қоятындай қашады. Қызметкерлері мен шенеуніктері осындай адамдардан тұратын үкіметті үкімет деп, арқа сүйеп, өтініш жасау ақылға сыймайды. Босқа өзін қорлау болар.Бұрыңғы Саид болғанда Антере сияқты былай дер еді:Бұрыңғы Саид жоқ. Бүгінгі Саид болса әһл-и дүниямен сөйлесуді мағынасыз деп біледі. Дүниелері бастарын жалмасын. Не істесе, соны істесін. «Олармен Ұлы Сотта соттасамыз әлі» - деп, Бүгінгі Саид үндемейді.Өтініш жазбауымның сегізінші себебі. «Біреуді шариғатқа қайшы түрде жақсы көріп, махаббат қылудың нәтижесі аяусыз жек көріну» қағидасы бойынша әһл-и дүния лайық емес болса да соған қарамастан, оларға көңіл бөліп жақсы көргенім үшін Иләһи әділ тағдыр сол әһл-и дүнияның қолымен мені азапқа салуда. Мен де, бұл азапқа лайықпын деп үнімді шығармай көніп отырмын. Олай дейтінім мен бірінші дүниежүзілік соғыста еріктілер полкының командирі болып екі жыл соғыстым. Жаумен арпалыстым. Әскердің бас қолбасшысы Әнуар пашаның мақтауына ие болып шәкірттерімді, достарымды пида қылдым. Жараланып тұтқынға түстім. Тұтқыннан келгеннен кейін, ағылшындардың Стамбулға басқыншылығы кезінде басымды қатерге тігіп, «Алты қадам» дейтін еңбектеріммен ағылшындарға қарсы үгіт-насихат жүргіздім. Мені мына азапқа салып, еш себепсіз тұтқынға алғандарға аянбай көмектестім. Бұлар да сол көмегімнің ақысын осылай қайтаруда. Үш жыл Ресейде тұтқында жүріп, шеккен бейнет пен азапты бұл жерде мына «достарым» маған үш айда тартқызды. Ал, орыстар маған күрдтердің ерікті қолбасшысы, казактар мен тұтқындарды бауыздаған қатыгез адам

267БӘДИҮЗЗАМАН ЕСКІШЕҺИРДЕдеп қараса да, діни сабақтарыма тыйым салмады. Тұтқындағы тоқсан офицердің көпшілігіне сабақ беретін едім. Бір мәрте орыс офицері келіп тыңдады. Түрікше білмегендіктен саяси сабақ деп ойлап, бір рет тыйым салды. Кейін, қайта рұқсат берді. Сол казарманың бір бөлмесін мешіт жасадық. Мен имам болдым. Ешкім киліккен жоқ. Араласып, хабарласуға тыйым салған жоқ.Ал, мына «доссымақтар», өздерінше отандастарым және діндестерім. Мен олардың иманын құтқаруға тырысып жүрсем де ешқандай себепсіз, менің саясаттан да, дүниеден де байланысымды үзгенімді біле тұра, үш жыл емес, алты жыл бойы тұтқында ұстап қинауда. Қарым-қатынастан тыйып тастады. Құжатым бар екеніне қарамай, сабақ беруге, тіпті бөлмемде жеке дәріс өткізуге, хабарласуға тыйым салды. Тіпті, құжатым бола тұра өзім жөндеп, имамдық еткен мешітіме де барғызбай отыр. Қазір де мені жамағат сауабынан мақұрым қалдыру үшін үш адамға да (тұрақты жамағат және ақыреттік бауырларым) имамдық етуімді қабылдамай отыр. Сондай-ақ, мен қаламасам да, біреу маған жақсы десе, бақылаушы қызметкер қызғаныштан булығады. Беделіңді түсірем деп, бейбастық шаралар қолданады. Бастықтарға жағыну үшін менің мазамды алады. Міне, осындай жағдайдағы адам Аллаһтан басқа кімге сыйынады. Қазының өзі даугер болса, әлбетте оған шағым айтудың мағынасы жоқ. Кел, сен айт. Бұл жағдайға не дейсің? Сен не десең о де, менің айтарым бұл «достардың» ішінде мүнапықтар бар. Мүнапық кәпірден де жаман. Сондықтан бұлар кәпір орыстың істемегенін істеп отыр.Әй, бейбақтар! Мен сендерге не істедім және не істеп жатырмын. Имандарыңды құтқаруға және мәңгі бақытқа жетулеріңе қызмет етіп жүрмін ғой. Демек қызметім риясыз, Аллаһ үшін болмағаны ғой, кері әсер етуде. Сендер мүмкіндік тапсаңдар болды, мені ренжітуге тырысасыңдар. Сендермен Маһкеме-и Кубрада кездесеміз әлі.деймін.Саид Нұрси* * * * *

Төртінші бөлімБәдиүззман КастамонудаБәдиүззман Саид Нұрси Ескішеһир түрмесінен шыққаннан кейін Кастамонуға жер аударылады. Біраз уақыт полиция бөлімшесінде тұруға мәжбүр болады. Кейінірек сол бөлімшенің қарсы алдындағы, әр дайым полицейлердің бақылауында тұрған үйге орналастырылады. Саид Нұрсидың Қастамонуда полиция бөлімшесінің қарсы алдында тұрған үйі. (Сол жақта, оң жақтағы ғимарат полиция бөлімшесі)Сол жерде сегіз жыл полицияның көз алдында қатаң бақылауда қиын күндер өткізеді. Бірақ мұнда да қарап отырмайды. Жасырын түрде Құранның нұрларын елге таныстырумен болады. Әсіресе, Инеболыдан өте еңбекқор шәкірттер шықты. Спартадағы шәкірттер сынды бар ынта-жігерлерін Рисалей-Нұрдың жазылып, таралуына жұмсады.

269БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАОсылайша, Қара теңіз жағалауларында да Рисалей-Нұрға деген қызығушылықтар арта түседі.Ұстаз Қастамонуда жүргенде Спартадағы шәкірттерін қатты алаңдайтын. Ол кісі Аллаһтың сездірумен, Рисалей-Нұрды бүкіл әлемге паш етіп, сол жолда жан аямай еңбек ететін шәкірттердің басым көпшілігі Спартадан шығатынын немесе иман қызметі Спартадағы шәкірттердің бастамасы арқылы дами түсетінін сезетін. ................................................................................................................................Нұр шәкірттері Құрметті Ұстаздарының хал-жағдайына қатты алаңдайтын. Ұстаздан және басқа да Нұр шәкірттерінен хат-хабар алып тұруға тырысатын. Бәдиуззаман жиырма жеті жыл бойы Нұр шәкірттеріне арнап ғылыми, имани, ислами тақырыптарда және иман жолында қызмет етулеріне байланысты көптеген хаттар жазған еді. Шәкірттері де бұл хаттарды қолмен көшіріп тарататын. Дінімізге қастық ойлаушы қасгөйлердің, почта бөлімшелері арқылы Нұр шәкірттерінің өзара хат алысуларына тыйым салдыртуларына дейін барған ауыр күндерде Нұр шәкірттері бұл хаттарды ауылдан ауылға, қолдан қолға, аймақтан аймаққа өздері тасумен айналысты. Тіпті өзара «Нұр» почтасын ұйымдастырды. Бұл іске жан-тәнімен кіріскен «Нұр» почташылары өз істерін қасиетті борышымыз деп білетін. Өте маңызды ақиқаттарға толы бұл хаттар Рисалей-Нұр жинағына “Лахикалар” (Қосымшалар) деген атпен енген еді. Бұл хаттар Нұр шәкірттерінің рухани қажеттіліктерін толық қанағаттандырып, оларға Иман, Құран жолында қалай қызмет ету керектігін түсіндіретін нұсқаулыққа айналды. Сондай-ақ халықтың, Ислам дұшпандары ұйымдастырған шындыққа жанаспайтын, ойдан құрастырған азғыру-алдау жоспарларына алданбай, керісінше ақиқаттарға көз жеткізуі үшін де бұл хаттар өте пайдалы еді.Осылайша дінсіздіктің уақытша сән-салтанат құрған кезеңінде (көптеген кісілердің үмітсіздікке түсіп, жалқаулыққа бой алдырған кезінде) жүректерге үміт ұялатып, шаттық сыйлады. Иман жолында қызмет етуге талпындырды. Мұсылмандарды үмітсіздіктен құтқарып, Рисалей-Нұр арқылы болашақта Исламның жеңісті де жемісті күндері болатынына ишара жасап, сүйіншілеп жатты.

270БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИБұл хаттар жүрек пен рухқа шабыт сыйлап, ақылды баурап алатын ақиқаттарға толы. Бәдиүззаман Саид Нұрсидің Кастамонудан жазған хаттары мен шәкірттерінің Ұстазға жазған хаттарының кейбіреуіне орын берейік. Төменде орын алған бұл хаттар бес жүз беттен асып кететін. «Қастамону қосымшасы»-нан алынып отыр. Ұстаздың Спартадағы шәкірттеріне жазған хаттарында Ұстаз өз шәкірттеріне Рисалелерді көшіріп жазып, таратудың маңыздылығын, Нұр шәкірттерінің әзірге мардымсыз болып көрінетін еңбектерінің әлемдегі ең маңызды мәселе екендігін, бір күні бұл елде Рисалей-Нұрдың Нұры арқылы ұлы жеңістерге бастар жолдардың ашылатынын сүйіншілеп, Рисалей-Нұр қызметінің негіздерін нығайтуда еді.* * * * * Қымбатты Бауырларым, Рисалей-Нұр қызметіндегі көптеген шәкірттердің Аллаһтың жарылқауы мен керемет жағдайларды сезінетіні секілді мына бейшара бауырларың да мұқтаждығына орай көптеген нәрселерді сезінуде. Сондай-ақ, осы маңдағы шәкірттер де “ Біз Рисалей-Нұрдың ақиқаттарын жаю жолында қызмет еткен сайын, күн көрісіміз жеңілдеп, рухымыз рахат күй кешетінін анық сезінудеміз” дейді... Саид Нұрси * * * * *Ақыреттік бауырларыма маңызды бір ескерту:Екі нәрсе айтылады.Біріншісі: Рисалей-Нұрмен айналысқан адамның ең маңызды шаруасы, рисалелерді жазу немесе жаздыру және солардың таралуына көмектесу. Оларды жазып, жаздырып, оқыған адам “Рисалей-Нұр шәкірті” болып саналады. Осы атқа лайық адам ретінде әрқашан

271БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАменің дұғаларыма және рухани жетістіктеріме ортақ болады. Менен басқа да дұға етуші мыңдаған бауырларым мен Рисалей-Нұр шәкірттерінің дұғалары мен рухани жетістіктеріне ортақ болады.Рисалей-Нұрды жазған кезінде төрт түрлі құлшылық еткен болып саналуы мүмкін. Біріншіден, өзінің иманын күшейтеді. Екіншіден, басқа біреудің иманын құтқаруға тырысады. Үшіншіден, Хадистің үкімі бойынша “Бір сағаттық Тәфәккур (ой-толғау) кейде бір жыл бойы құлшылық еткендей” болып саналатын имани тәфәккурге қол жеткізуі мүмкін. Төртіншіден, қол жазбасы нашар ұстазына көмектескен болып саналатындықтан жетістіктеріне де ортақ болу сынды көптеген пайдаларға кенелуі мүмкін. Кішкентай ғана рисаленің өзін жазып алған адам, маған үлкен сыйлық бергендей болып саналады. Олардың әр беті бір пұт шекерден де қымбат. Бұл сөздердімнің растығына серт беремін.Екіншісі: Рисалей–Нұрдың қатыгез де Имансыз, жын және адам дұшпандары, Оның болаттай берік қамалдары мен алмас қылыштай өткір де күшті дәлелдеріне қарсы тұра алмағандықтан, жасырын айла тәсілдер қолдана отырып, Рисалей-Нұрды жазып, таратушы бауырларымның ынта-жігерлерін бәсеңдету, жазуын тастату жолында шайтани әрекеттерге баруда. Әсіресе осы аймақтар Нұрларға мұқтаж, жазушылар өте аз болғандықтан бұл елді Рисалей-Нұрдың ақиқаттарынан мақұрым қалдыруға тырысуда...Ақиқаттарды танып-білу үшін менімен сұхбаттасқысы келген адам, кез-келген рисалені оқыса, менімен емес, Құранның қызметшісі болған ұстазымен кездесіп, имани ақиқаттар жайлы тамаша сабақ алады..............................................................................................................................Сабирдің хаты әзірге жолда келе жатқанда, сол хаттың рухани әсері арқылы мына аятты, аятымен қатар ойлап отырған кезде, бірденен мынадай бір мағына жетті. Құранда Рисалей-Нұрға осыншама ишаралардың болуы және Нұр шәкірттеріне арналған сүйіншілердің ілтипатына бөленулерінің сыры мен хикметі, бәлекеттердің сұмдық екендігі сондықтан да ешқандай кітаптың-туындының жете алмаған мақтау-мадақтау дәрежелеріне көтеріліп отыр. Демек оның маңыздылығы өзінің ұлылығында емес,

272БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИбәлекеттердің қорқынышты, бұзғыншылығының қаттылығына қарамастан аз күш жұмсаса да маңызды роль ойнайтындықтан мына екі аят ишара етуде. Құран сүйінші хабар жеткізіп, «Рисалей-Нұрдың шеңберіне кіргендер имандарын сақтап қалып, қабірге иманмен кіреді және Жәннаттық болады» деп сүйіншілеуде.Иә, кейде бір солдат, бір жұмыс орындау арқылы маршалдан да жоғары бағаланатын болады. * * * * *Он тоғызыншы сөздің аяғында айтылғандай Құрандағы қайталаулардың хикметтері Рисалей-Нұрда да кездеседі. Әсіресе екінші хикметі дәлме-дәл орын алған. Ол хикмет те мынау: Кез келген жан әр қашан Құранға мұқтаж. Бірақ жұрттың бәрі әр уақыт бүкіл Құранды оқып шығуға мүмкіндік таба алмайды. Бірақ бір сүрені оқуға көп адамның шамасы келеді. Сондықтан Құранның ең негізгі мақсаттары көбіне ұзақ сүрелерде орын алған, әрбір сүре шағын Құран сияқты болып қалған. Демек ешкімді мақұрым қалдырмау үшін, Хашир, Тәухид, Қысса-и Мұса сынды мақсаттар бірнеше рет қайталанған. Дәл осы жоғарыдағы хикметке байланысты кейде өзім де білмей, арнайы жасамасам да тіпті қаламасам да Иманның кейбір маңызды ақиқаттары мен күшті дәлелдері бірнеше рисаледе қайталанады. Мен бұл нәрселерді қалай ұмытып кеттім деп қатты таң қалатынмын. Бүгінгі таңда кез келген адамның Рисалей-Нұрға мұқтаж екендігін нақты түсіндім. Ал жұрттың бәрі оларды оқуға мүмкіндік таба алмайды. Тапса да бәрін оқып шыға алмайды. Бірақ шағын ғана Рисалей-Нұр есебіндегі бірнеше тақырыптардан тұратын бір рисалені оқып шыға алады. Көбіне өзі мұқтаждық сезінген мәселелерді сол жерден оқи алады. Әрқашан ас-суға мұқтаждық сезінгеніндей сол жерлерден оқып талқылай алады.Саид Нұрси* * * * *

273БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДААдам бойындағы мейірім, Хақ Тағаланың мейірімінің бір көрінісі, бір белгісі. Адамның мейрімі, Аллаһтың мейірімінен және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мейірімділік дәрежесінен асып кетпеуі керек. Егер олардан да асып кететін болса онда ол мейірім емес, адасушылыққа, дінсіздікке апарар рухани дерт, жүректің, жан дүниенің науқастығы. Мысалға, кәпірлер мен мұнафықтардың тозақта жануы, азап шегуі немесе жихадқа бару секілді нәрселерді өзінің мейірім шеңберіне сыйдыра алмай, әр түрлі мағына шығарып, Құран–ның және Иләһи діндердің негізгі қағидаларын жоққа шығарады. Бұлай ету аса үлкен зұлымдық және мейірімсіздіктің ең сорақысы. Өйткені, жазықсыз хайуандарды жеп қоятын жыртқыш аңдарды бағып-қағып, мейірімділік таныту ана жазықсыз хайуандардың құқын таптау және мейірімсіздік. Ал мыңдаған мұсылмандардың мәңгі өмірін тас-талқан етіп, жүздеген иманды жанның өмірінің соңында опық жеп қалуына себеп болар ауыр күнәларға итермелеуші адамдарға мейірім төге жақтас болу және жазадан құтылып кетуін тілеу, жәбірленуші мұсылмандарға жасалған мейірімсіздік және аса қатігездік.Рисалей-Нұрда сан рет дәлелденгендей, күпір мен адасушылық бүкіл әлемді қорлау және жаратылыс атаулының бәріне бірдей жасалған зұлымдықтың ең сорақысы және мейірімнің кері қайтуына және бәлелердің жаууына себеп болады. Тіпті теңіздің түбіндегі балықтар да «Мына күнәһарлар біздің мазамызды алып бітті» деп Аллаһқа шағым айтатындығы жайлы нақты риуаят бар. Олай болса кәпірлер мен мүнафықтардың азап шегуіне мейіріммен қарайтын адамдар, мейрімге лайық сансыз бейкүнә жандарға жанашырлық танытпауда.* * * * *Рисалей-Нұр Ислам ақиқаттарына байланысты қажеттіліктерді толық қамтамасыз етеді. Басқа шығармаларға мұқтаждық қалдырмайды. Көптеген тәжірибелер арқылы нақты түсінгенім, Иманды сақтап қалу, күшейту және шынайы иманға қол жеткізудің ең қысқа, ең оңай жолы Рисалей-Нұр. Рисалей-Нұр ол жолды он бес жылдан он бес аптаға қысқартып жібереді. Шынайы Иманға

274БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИқол жеткіздіреді. Мына пақыр бауырыларың бұдан жиырма жыл бұрын көп оқу арқылы кейде бір том кітапты бір күнде талқылау жасай отырып оқып шығатын. Жиырма жылға жуықтады, Құран және Құраннан нәр алған Рисалей-Нұр маған жеткілікті болуда. Басқа бір де бір кітапқа мұқтаждық сезінбедім, қолымда басқа кітап та жоқ. Рисалей-Нұр әр түрлі ақиқаттарды қолға алса да, жазылуы барысында ешқандай кітаптың қажеті болмады.Сендердің басқа кітаптарды қажетсінулерің менікінен жиырма есе кем болса керек. Сондай-ақ мен сендерді қанағат тұттым, басқаларға көңіл бөліп, олармен шұғылданып жатқаным жоқ. Сендердің де Рисалей-Нұрға қанағат етулерің керек. Бүгінгі таңда солай ету аса қажет...* * * * *Бірінші негіз: Мұсылмандардың қам көңілдеріне демеу болып, болашақта жарқын Нұр бар деп сүйіншілеуі. Болашақта, қиын кезде, мұсылмандардың иманын күшейтіп, құтқарып қалатын Рисалей-Нұрды алдын ала сезіп, оны демократиялық төңкерістер арқылы саяси шеңберде жүзеге асады деп ойлаған, сезімдерін жорып жатпай-ақ іске асыруға тырысқан. Саясатпен, күшпен, санмен болады деп ойлаған. Сезгендері дұрыс. Қалай орындалатынында қателескен.Екінші негіз: Бұрынғы Саид кейбір саясаткерлер мен әдебиетшілердің сезгендері сияқты аса күшті диктатураның болатынын сезіп, жорамалдауды-жоруды қажет ете тұрса да, ресми, әлсіз, аты ғана диктатура саналған билікке қарсы шығуда еді. Ал олар кейінірек орын алатын нағыз диктатураның сұлбасын, көлеңкесін ғана сезіп, нағыз диктатура осы деп ойлаған, соған қарсы әрекет еткен.Мақсаттары дұрыс болғанымен, нысанада қателік жіберген. Бұрындары, Бұрынғы Саид осындай диктаураны сезген. Кейбір еңбектерінде оған қарсы шабуылдар да жасаған. Сол сұмдық диктатураға қарсы шариғатқа сай демократиялық-парламенттік жүйені ұстанған дұрыс деп ойлайтын. «Шариғатқа сай еркіндік, Құранның үкімдерінен аспайтын мәжіліс ондай диктатураны тоқтатады», деп ойлаған. Сол жолда әрекет еткен. Сондай-ақ «Мұназарат рисалесінің» рухы, негізі саналар соңғы жағындағы

275БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАмедресетуззехраның ақиқаты, болашақта қызмет атқаратын Рисалей-Нұр медресесіне орын дайындау болып табылады. Ол кезде өзі білмесе де соған қарай бет бұрып отыр. Осы бір Нұрлы ақиқатты алдын-ала сезіп, материялдық жағдайда орындалады деп ойлаған.Кейінірек, бұл ақиқаттың материялдық жағы да ортаға шыға бастады. Сұлтан Решад (марқұм) он тоғыз мың алтын лираны Ванда іргетасы қаланған медресетүззехраға бөлгізді, іргетасы қаланды. Бірақ бірінші дүние жүзілік соғыс басталып, аяқсыз қалды. Бес-алты жылдан кейін Анкараға бардым. Сол істі қайта қолға алдым. Екі жүз депутаттан бір жүз алпыс үш депутат қол қойып, сол медресеге жүз елу мың банкнот бөлуді қабыл етті.Өкінішке орай, медреселер жабылды, бұл да аяқсыз қалды. Бірақ Аллаһқа сансыз шүкір етемін, сол медресенің рухани жалғасы Спарта уәләятында құрылды. Рисалей-Нұр жарыққа шықты.Инша Аллаһ, болашақта Рисалей-Нұр шәкірттері бұл ұлы ақиқаттың материялдық жақтан да жүзеге асуын яғни медресенің салынуына мұрындық болады.Саид Нұрси* * * * *...........................................................................................................................Рисалей-Нұрдың аса маңызды, жоғарғы деңгейлі иман қызметі оларға жеткілікті болып, толық қанағаттандыратын. Ол шәкірттердің көкірек көздері мына ақиқатты көруде еді. Яғни, Рисалей-Нұр арқылы қызмет ету Иманды сақтап қалуда, ал тариқаттар мен шейхтар, әулиелік дәрежеге жеткізеді. Бір адамның иманын құтқару он иманды жанды әулиелік дәрежеге шығарудан маңыздырақ және сауабы да мол.Өйткені Иман, мәңгілік бақытқа қол жеткіздіретіндіктен, мұсылманға бүкіл жер шарының салтанатындай мәңгілік бақыт сыйлайды. Әулиелік дәреже мүміннің Жұмақтағы орнын кеңейтеді, жарқырата түседі. Бір адамды сұлтан ету, он адамды әкім қылғаннан сауапты іс.

276БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИМіне осы өте маңызды сырды сенің Спарталық бауырларыңның кейбіреуі ақылмен көз жеткізбегенмен көкірек көздері арқылы көрген болуы керек, мен сияқты күнәһар, бейшара бір адамға дос болуды әулиелердің, бар болса мүждеһидтердің соңынан еруден артық көріп отыр. Осы ақиқатқа сүйене отырып, айтарым «Осы қалаға бір құтып, Гаус Ағзам келсе, сені он күнде әулиелік дәрежеге шығарамын» десе сен, Рисалей-Нұрды тастап соған еріп кетсең, Спарта қаһармандарына жолдас бола алмайсың!Саид Нұрси* * * * *Рисалей-Нұр шәкірттерінің ішіндегі кейбір бауырларымның менің жеке басыма деген көзқарастарының шектен шығып кетпеуі үшін айтылған әңгіме. Бұдан қырық жыл бұрын ағам Молла Абдуллаһ (рахметуллаһи алейһ) екеуміздің арамызда болған әңгімені айта кетейін.Ағам марқұм, үлкен әулиелердің бірі Хазіреті Зияиддиннің (Қуддисі сируху) муриді еді. Тариқаттағы адамдардың өз піріне деген сүйіспеншіліктері мен жақсы ойлары асыра сілтеуге апарып жатса да пірі мұны қабыл көретіндіктен, ағам марқұм былай деді. “Хазіреті Зияиддин бүкіл ғылымдарды біледі. Әлемдегі бүкіл нәрседен хабары бар” Өзінің піріне деген сүйіспеншілігімді ояту үшін, ғажайып нәрселер айтты. Мен де бауырыма былай дедім. “ Сен асыра сілтеп жатырсың. Мен онымен кездесіп, сөйлессем көптеген мәселелер бойынша одан озып кетуім мүмкін. Сондай-ақ, сен оны мен сияқты шынайы жақсы көрмейсің. Өйткені сен әлемдегі бүкіл ілімдерді біледі деп ойлаған Зияиддинді жақсы көресің. Сен сондай пірге қол бергенсің, соны жақсы көресің.Егер ғайып пердесі ашылып, ақиқаттар көрінер болса, сенің сүйіспеншілігің жойылып кетуі мүмкін, немесе төрттен бірге дейін азайып кетеді. Мен де ол кісіні жақсы көремін, мақтан тұтамын. Өйткені ол кісі Пайғамбарымыздың сүннетіне сай, һақ жолда, мұсылмандарға әсері мол өнеге болуда. Ол кісінің дәрежесі қандай болса да оған деген сүйіспеншілігім ортаймайды, қайта құрметім арта түседі.

277БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАДемек, мен нағыз Зияиддинді, Сен қиялыңдағы Зияиддинді жақсы көресің”. Ағам ақиқатты мойындайтын ғалым адам болғандықтан менің айтқандарыма тоқтап, сөзімнің растығын мойындады.Ей, қымбатты Рисалей-Нұр шәкірттері, менен де бақытты бауырларым. Менің жеке басыма деген сүйіспеншіліктерің сендерге қатты зиян тигізе қоймас, алайда сендердей ақиқатшыл адамдар қашан да Иманға қызмет ету тұрғысынан қарасын. Кемшіліктерге толы жеке басымның ақиқаттарын көрсеңдер, мені аяп кетер едіңдер. Оларды айтып сендерді шошытпай-ақ қояйын.Саид Нұрси* * * * *Бір апта бұрынғы хатыңыздағы жақсы ойларыңызды аша түсетін менің жауабымның бір хикметі былай: Бүгінгі таңда кез-келген нәрсені өз пайдасына жаратып жіберетін өте күшті ағымдар бар. Тіпті мұсылмандар күтіп жүрген, бір ғасырдан кейін келер тұлға, қазір келген болса, өз істерін әлгі ағымдар пайдаланып кетпес үшін, саяси әлемде болып жатқан нәрселерден аулақ тұрып, әдіс-әрекеттерін өзгертер еді деп ойлаймын.Үш үлкен мәселе бар, біріншісі өмір, екіншісі шариғат, үшіншісі иман. Ақиқатына келер болсақ ең маңыздысы, ең үлкені Иман мәселесі. Бірақ қазіргі жағдайда, жұрттың ойынша, ең маңыздысы өмір мен шариғат болып көрінгендіктен, ол тұлға қазір арамызда болса да, бұл үш мәселенің орындарын бірденен ауыстырып жіберу Адетуллаһқа (Аллаһ қойған заңдылықтар) сай келмейтіндіктен, ең басты мәселені негізге алар, еді. Өйткені иман жолында қызмет өзінің сафтығын, кіршіксіздігін сақтап қалуы керек. Тез алданатын қарапайым халықтың ойына бұл қызметте де басқа мақсаттар бар-ау деген нәрсені кіргізбеу керек.Сондай-ақ жиырма жылдан бергі зұлымдық пен бұзғыншылықтан адамдардың мінез-құлқы, табандылығы, өзара сенімділік бұзылғандығы сонша, оннан бір тіпті жиырмадан бір адамға сенім арту қиын. Мұндай қиын жағдайға қарсы, аса табандылық, бір-

278БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИбіріне деген сенім, Ислам жолындағы жанқиярлық керек. Әйтпесе істің бәрі босқа кетеді, аяқсыз қалады, зая болады. Демек, ең ықыласты, сәлеметті, ең маңызды, ең табысты қызмет, Рисалей-Нұр шәкірттерінің қасиетті қызметі.Саид Нұрси* * * * *Биылғы қасиетті Рамазан айы, Ислам әлемі үшін, Рисалей-Нұр шәкірттері үшін де өте маңызды және қымбат болып отыр. Рисалей-Нұр нұр шәкірттерінің «Ақыреттік амалдар үшін серіктестік» құруларының сырына орай, біреуінің қол жеткізген сауабы бәрінің амал дәптеріне жазылуы Аллаһтың мейіріміне сай келер нәрсе болғандықтан, Рисалей-Нұрдың шеңберіне шынайы ықыласпен кіргендердің пайдасы шаш етектен және бәріне де ортақ. Әрқайсысы мыңдаған пай алады. ИншаАллаһ дүниелік малға ортақ болғандар сияқты әркім өз пайдасын ғана бөліп алмайды. Әрқайсысының амал дәптеріне бірдей сауап жазылады. Бір адам әкелген май шам, мыңдаған айнада жеке-жеке май шам болып көрініс табатынындай болады. Демек, Рисалей-Нұрдың садық шәкірттерінің біреуі, Қадір түнінің ұлы ақиқаты мен Рамазан айының жоғарғы мәртебесіне қол жеткізсе садық, шынайы шәкірттердің бәрі де сол ақиқаттарға қол жеткізеді, пайда алады. Солай боларын аса мейірімді Аллаһтан үміт етеміз.Саид Нұрси* * * * *Бірінші мәселе: Бір бауырым намаздан кейінгі тәсбихатқа сәл жалқаулық танытқан кезінде деген едім.Намаздың соңында оқылатын тәсбихат Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) ұстанған жолы, істеген ісі. Осы тұрғыдан қарағанда тәсбихаттың маңызы зор.

279БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАБұл сөздердің ақиқаты тереңдей түсіп, мынадай бір мағына шықты: Соңында пайғамбарлыққа ұласқан Расулуллаһтың әулиелігі - бүкіл әулиеліктен жоғары. Олай болса, сол әулиелік жолдың өзіндік әдіс-ережесі, үзбей оқылатын дұғасы болып табылатын намаздан кейінгі тәсбихат та соншалықты маңызды. Ол басқа рухани жолдардан, дұға-ережелерден анағұрлым маңызды.Енді бұл мағынаның сыры одан әрі ашыла түсті: Мәселен, алқа-зікір кезінде немесе “Нақши хатмесі” болып жатқан мешітте бір-бірімен байланыста отырған жамағат нұрлы да тәтті бір күй кешеді. Сол секілді көкірегі ояу кісі намаздан соң деп тәсбих тартқан кезінде, сол зікір алқасының рухани жетекшісі Ахмедтің (с.а.у) яғни ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) құзырында жүз миллион мүминнің қолдарында тәсбих, зікір етіп отырғанын ойлайды. Сондай ұлы әсермен ол да дейді.Содан соң рухани жетекшісінің бұйрығын орындап деген кезде өзін әлгі алқа-зікірдің арасында отырғандай сезініп, Ахмедтің (с.а.у) ауқымы кең рухани шеңберінің ішінде жүз мыңдаған муридтердің деген сөздерінен пайда болған орасан зор шүкіршілік пен ризашылықты, яғни сансыз хамдты ойлап солармен бірге деп шүкіршілік етеді. Сосын дейді, тағысын тағы...Дұға етіп болған соң деп отыз үш рет қайталап, Ахмедтің (с.а.у) рухани жолын ұстанып алқа-зікірге өзі де қатысып, ауқымды дұғаға ортақ болып, бірге отырған мумин бауырларды ойлай отырып, осы алқа-зікірдің жетекшісі Ахмедке (с.а.у) назар аударып, Яғни, О, Аллаһтың Елшісі! Саған Аллаһтың мыңдаған рахымы мен сәлемі болсын! дейтінін аңғардым, сезіндім, тіпті қиялыммен көрдім.

280БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИДемек, намаздан соң тәсбихат оқу өте маңызды.Екінші мәселе; Отыз бірінші аяттың ишаратының түсіндірмесінде осы аятты түсіндіре келе былай айтылады:Мына ғасырдың бір ерекшелігі, біле тұра дүниелік өмірді, ақыреттік өмірден артық көргізеді. Яғни: Тез сынып қалатын әйнек сынықтарын, мәңгі жарқырар алмастан артық көру заңдылыққа айналған. Мен бұған қатты таң қалатынмын. Бірнеше күннен бері мына нәрселер ескертіліп отыр. Егер бір адамның бір мүшесі ауырып қалса немесе жараланып қалса, дененің басқа ағзалары өз жұмыстарын бәсеңдетіп, ауырған жерге көмекке ұмтылады. Сол сияқты адам бойындағы өмірге құштарлық, өмірді қорғау, өмірден ләззат алу, өмірге деген махаббат сынды сезімдер орналасқан қасиет, әр түрлі себептердің кесірінен жараланған. Басқа сезімдердің бетін өзіне бұрғызып, өзімен ғана шұғылдандырып қойған. Олардың өз міндеттерін ұмыттыруға тырысуда. Сол сияқты, адамды өзіне тартып кетер ойын-күлкіге толы, тамаша, той-думан адамды еліктіріп әкетеді емес пе. Жоғары қызметтегі адамдар да тіпті жаулықты әйелдер де бала сияқтанып әлгілерге еріп, өз жұмыстарын ұмытып кетеді. Мына ғасырдағы өмір салты, әсіресе қоғамдық өмір аса қорқынышты, азабы мол, бірақ тартымды, елікпелі жағдайда тұр. Адамдағы ұлы сезімдерді, жүрек пен ақылды қу нәпсінің соңынан жүгіртіп, әлгі пәлекеттердің отына көбелектей түсіруде. Иә, дүниелік өмірді сақтап қалу үшін, аса мұқтаж жағдайда, уақытша ғана ақыреттік өмірден артық көруге шариғатта рұхсат бар. Бірақ өмірге тікелей қауіп төндірмейтін зиянға ұшырап қаламын деп, дүниелік өмірді артық көруге рұхсат жоқ. Ал мына ғасыр, адамның сол сезімін улап тастағаны сонша, азғантай шығын, болмашы бір зиян шегемін деп, алмастай құнды ақыреттік өмірді ұмыттырып жібереді.Бүгінгі таңда адамның өмірге құштарлық, өмірді сақтау сынды сезімдері ысырапшылдықтың үнемдемеудің, қанағатсыздықтың, ашкөздіктің кесірінен берекені қашырды. Күнкөріс қиындап, мұқтаждық артты. Бұл дүниені ғана ойлайтындар көңілді осы дүниеге ғана бұрғызып, үнемі осы мәселені ғана қайталай берген соң, ынта-жігердің бәрі солай қарай ауды және болмашы бір қажеттіліктің жолында ақыреттік мәселені қиып жіберетін жағдайға жетті. Мына ғажайып ғасырдың ауыр дертіне Қасиетті Құранның ем-шараларын паш етуші Рисалей-Нұр және оның табанды, қайсар, ықыласты,

281БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАсадық жанқияр шәкірттері қарсы тұра алады. Олай болса бәрінен бұрын Рисалей-Нұрдың шеңберіне кіру керек. Мына ауыр дерттің шырмауынан құтылу үшін табанды түрде, шын ықыласпен, сенімді түрде Рисалей-Нұрға жармасу керек.Саид Нұрси* * * * *Хафыз Алидің өз ұстазы жайлы айтқандарын, мендегі ерекшеліктерді шамадан тыс пәк етіп суреттеуін, оның кіршіксіз көңілінен шыққан сөздерін мені мақтау емес, өзіндік бір дұға деп қабылдаудамыз. Сондай-ақ, Хафыз Алидің сөздеріндегі, Сав аулының, аудандардың, Спартаның өзіндік бір Нұр медресесіне айналуын және Рисалей-Нұрдың садық шәкірттері ерекше түрде, күннен күнге нұрланып, өрлей түсуі, бізді, Анадолыны тіпті Ислам Әлемін қуантар, құлшынта түсер ақиқат хабар деп білеміз. Соңғы жағындағы «Сенімді хабаршының айтқанындай, рухани жеңістерге ұмтылатын және қараңғылық пердесін түріп тастайтын уақыт келді, ол да осы жерден басталмақ» деген сөздеріне қосылып, бүкіл жан дүниемізбен соны Мейірімді Аллаһтан тілеп, дұға етудеміз, үміт етудеміз. Бірақ біздің Рисалей-Нұр шәкірттерінің міндеті өз ісін атқару, Аллаһтың ісіне араласпау және өз ісімізді Аллаһтың ісіне негіздеп, оған біз былай істесек, сен қалай жасайсың дегендей болмау. Санға емес, сапаға мән беру. Ұзақ уақыттан бергі мінез-құлықтың бұзылуына себеп болып, бұл дүниелік өмірді ақыреттік өмірден артық көруге итермелеп жатқан жан түршігерлік себептердің қыспағына қарамай ұмтылған Рисалей-Нұрдың бүгінге дейінгі жеңістері, жемістері, бұзғыншылар мен азғындардың бетін қайтаруы, жүз мыңдаған бейшаралардың иманын құтқаруы және бірі жүзге, кейде мыңға татырлық жүздеген, мыңдаған шынайы мүминдерді жетілдіруі, сенімді хабаршының хабарын растап, іс жүзінде дәлелдеп беруде. ИншаАллаһ, ешқандай күш оны Анадолының кеудесінен суырып ала алмайды. Ақыр заман жақындағанда, кең шеңбердің қызметшілері, яғни Аллаһтың рұхсатымен Мәдінің шәкірттері келген кезде, бұл шеңберді кеңейте

282БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИтүседі. Қазіргі дәнектер сол кезде жайқалып өсетін болады. Біз де өз қабірімізде соларды тамашалап жатып, Аллаһқа шүкір ететін боламыз.Саид Нұрси* * * * *Құрметті бауырларым.Дүниелік өмірді ақыреттік өмірден артық көретіндерге байланысты ертеректе жазылған екі жазбаның қосымшасы.Мына ғасыр, өмір сүрудің шарттарын ауырлатып, қажеттіліктерді көбейтіп жіберді. Аса қажет емес көп нәрсені әдет, үйреншіктілік, тәуелділік деген ұғымдар арқылы аса қажет заттардың қатарына қосып жіберді. Жұрттың негізгі мақсаты, әрдайым ойлайтыны, дүниелік өмір, қу тіршілік болып қалды. Сол арқылы, діни, ақыреттік өмірге қарсы тосқауыл қойылды, екінші, үшінші планға түсіп қалды. Сол қателіктің жазасы ретінде сұмдық, ауыр соққылар жеді. Дүние тозаққа айналды. Осындай пәлекеттердің кесірінен діндарлар да үлкен қателіктерге ұрынды. Кейбіреулер мұны түсіне алмай жүр. Кейбір діндар тақуа жандар, бізбен жақын араласуда. Сондай бір-екі кісіден байқағаным, бұл дүниелік шаруаларының табысты болуы үшін діндар болып, діни міндеттерін орындағысы келеді.Тіпті, тариқатты кереметтерге қол жеткізу үшін қалайды. Демек, ақыреттік сенімі мен діни міндеттерінің ақыреттік жемістерін, бұл дүниелік өмірге баспалдақ, саты жасауда. Екі дүниедегі бақыттың өзегі болған діни ақиқаттардың дүниелік пайдасы, тек қана ынталандыру. Егер сол амалдар дүниелік пайдалар үшін жасалатын болса, мақсат сол болса, ол амал босқа кетеді, ықылас та қалмайды, сауабы да болмайды. Рисалей-Нұрдағы өлшемдердің осындай дерттерге толы қатыгез ғасырдың пәлекеттері мен зұлымдықтарынан құтқаратынына қырық мыңнан астам куә бар. Демек Рисалей-Нұрдың маңайында жүргендер, оның ішіне кірмесе, қауіпті жағдайда қалуы мүмкін. ишарасы бойынша бүгінгі

283БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАтаңда мұсылмандар біле тұра дүниелік өмірді бірінші орынға қойып, дүниенің жолына ақыреттік өмірлерін қиып жіберді. Сондай-ақ бір мың үш жүз жиырма төртінші жылдан бастап (хижри) мұсылмандардың басына жаңа режим орнады. жифр және Әбжәд есебі бойынша бір мың үш жүз жиырма үш немесе жиырма төрт шығады. Дәл сол кезде, Бірінші дүние жүзілік соғыста Исламның жаулары жеңіске жетіп, келісім шарт бойынша дүниелік мәселелер діннің алдына шықты. Екі-үш жылдан кейін нәтижелері іс жүзінде көріне бастады. Саид Нұрси* * * * *БӘДИҮЗЗАМАННЫҢ ЕКІНШІ ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК СОҒЫС КЕЗІНДЕ ЖАЗҒАН МАҢЫЗДЫ БІР ХАТЫМына қыстың суығымен бірге адамзаттың басына келген рухани қыстың суығы, соғыс, жоқшылық, ашаршылық, мендегі мейірім, жанашырлық сынды сезімдерге қатты әсер етті. Бірден мынадай бір нәрсе ескертілді. Мынадай пәлекеттерге тап болған кәпірдің өзіне рақымшылық, жарылқау болады. Ондай рақымшылықтың жанында мына пәлекеттер түк те емес. Мұндай Иләһи нәубат, бейкүнә жандарды шәһиттік дәрежеге көтеріп кетуі мүмкін.Үш-төрт айдан бері әлемде не болып жатқанынан, соғыстың жағдайынан да бейхабар едім. Европадағы және Ресейдегі бала-шағаға жаным ашып, әлемдегі жағдайларға көңіл бөлдім. Осы бір рухани ескертудің мәселелерді ашып беруі, мені қинап тұрған мейірім мен жанашырлыққа дәрі, ем болды. Мәселе былай екен. Осындай нәубат кезінде залымдардың қылмыстық әрекеттерінің кесірінен өлгендер мен сорға батқандардың он бес жасқа дейінгілері қай діннің өкілі болса да шәһит кеткенмен бірдей. Мұсылмандар секілді жарылқауларға қол жеткізетіндіктен, мына қиыншылықтардың орны толады. Он бес жастан асқандар егер жазықсыз жәбірленгендер болса олар да аз сыйлық алмайды. Мүмкін тозақтан құтылар. Өйткені ақырзаманда дінсіздер тоқырауға ұшырап, Мұхаммед(с.а.у.)-ның дініне де немқұрайлы қаралады. Сондай-ақ ақырзаманда шынайы

284БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИИсауи діні жаңғырып, Ислам дінімен бірге болады. Қазіргі таңда тоқырауға ұшырап, қараңғыда қарманып қалған Христиан дініндегі жазықсыз жандар, тартқан азаптары арқылы олар да шәһит болуда деуге де болады.Әсіресе қарттар, әлсіз бейшаралар диктатор залымдардың зорлық-зомбылықтарынан азап шегуде. Сол азаптар, олар үшін мәдениеттің азғындығынан, күпірлігінен, философияның адастыруынан туындаған күнәлардың өтеуі ретінде сол азаптардан жүз есе артық пайда әкелуде деген ақиқат ескертілді. Аса мейірімді Аллаһқа шүкір еттім. Көңілім орнына түсті. Егер сол пәлекеттерге, адамзаттың басына осыншама ауыртпалықты үйіп-төккен залымдар душар болып жатса, өз пайдасы үшін адамзатты отқа ораған өзімшіл, адами шайтандар сондай азаптарға әбден лайық. Бұл Иләһи әділет.Егер сол пәлекеттерге, езілген халықты қорғап қалуға, адамзаттың бейбіт өмір сүруі жолында, діннің негіздерін сақтап қалу жолында, адамзаттың құқығын сақтап қалу жолында арпалысып жүргендер ұшырап жатса, ондай жанкештіліктің рухани, ақыреттік нәтижесі аса қымбат. Олардың мақтанышына айналады.Сайд Нұрси* * * * *Ғазиз, Сыддық бауырларым.Үш күн бұрын, сіздердің нұрлы сыйлықтарыңыз Қастамонуға келетін күні түс көрдім. Түсімде біздің шенімізді өсіру үшін рухани әлемнен патшаның бұйрығы келіп жатыр екен. Ол бұйрықты аса құрметпен ұстап келеді екен. Қарасақ ол ұлы бұйрық Қасиетті Құран екен. Содан кейін жүрегіме мына бір мағына келді. Демек, Рисалей-Нұрдың рухани тұлғасы және біз – Рисалей-Нұр шәкірттері Құранның арқасында ғайби әлемнен жоғары шен-мәртебе алатын боламыз. Қазіргі жоруы, сол бұйрықтың символы іспетті болған мына бейкүнә бауырларымыздың қолымен жазылған Құранның тәпсірін алуымыз болып отыр. Бұл түстің қазіргі жоруынан бір екі сағат бұрын Фейзи мен Әмин көрсеткен жорамалдар да дұрыс және өте маңызды. Бізді қуанышқа бөлеген мына нұрлы сыйлықты менің рухым алдын ала сезу қасиетімен сезген екен, бірақ ақылға хабар жеткізбепті.

285БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАОл сыйлықтың келуінен екі күн бұрын Фейзи мен Әмин айтып берген әңгімедегі түсті көретін күні күндіз, азаннан кешке дейін және екінші күні де бұрын соңды болмаған қуанышты сезімде жүрдім. Бұл сезімдерімді сыртқа да шығарып, қайта-қайта жымыйып, отыз-қырық рет күлген шығармын. Мен де Фейзи де қатты таң қалды. Отыз күнде бір күлмеген адамның бір күнде отыз рет күлуі бізді қатты таң қалдырды. Енді түсінікті болды. Ондай шаттық пен қуаныш, жоғарыда айтылған ұлы бұйрықтың символы іспетті болған бұрын жазу білмеген бейкүнә жандардың қаламынан туған жазулардан, болашақ ұрпақтың өмір парақтарына және Ислам әлемінің тағдыр дәптеріне және иманды жандардың болашақтағы өмір дәптеріне нұрлы әріптермен жазылып, бейкүнә жандардың кіршіксіз әрекеттері арқылы біздің амал дәптерімізге жазылар сауаптар мен Рисалей-Нұр шәкірттерінің жарқын болашағынан хабар беретін, бірақ әлі қолымызға жете қоймаған сыйлықтан туындап жатқан екен. Ондай ұлы сыйлықтан маған тиер мыңнан бір үлесті рухым сезіп, мені қатты қуантыпты. Иә, мұндай жүздеген бейкүнә жандардың қабыл болғыш амалдары мен дұғалары басқа да бауырларымыздың амал дәптеріне жазылатынындай, мен сияқты бір күнәһар жанның да амал дәптеріне жазылуы, мың қуантып, шаттыққа бөлері хақ. Мұндай қиын-қыстау кезеңде, ауыр жағдайларға қарамастан, қаһармандықпен еңбек еткендері үшін біз ол бейкүнә жандар мен бұрын жазу білмеген бауырларымызды құттықтаймыз. Олардың ата-аналарын, ауыл-аймағын, халқымызды да бүкіл Анадолыны құттықтаймыз. Жазу білмейтін бейкүнә жандардың әр қайсысына жеке-жеке алғыс хат жазу қолымнан келмей тұр. Мүмкіндік болса жазар едім. Олай болса осы тілегімді алғыс хат жазғандай етіп қабыл алсын. Мен олардың аттарын бір шеңберге жазып қоямын, дұға етерде қарап отырамын. Сондай-ақ оларды Рисалей-Нұрдың хас шәкірттерінің қатарына қосып, рухани табыстарыма үлескер етемін. Олардың ата-аналарына, туыстарына, ұстаздарына менің сәлемімді жеткізіңдер. Хақ Тағала оларды және бала-шағасын екі дүниеде бақытқа бөлесін. Амин. Амин. Амин.Саид Нұрси* * * * *

286БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИҚұрметті бауырларым, бүгінгі таңда барлық нәрседен бұрын тұруы керек мәселе Иман ақиқаттары. Басқалар екінші, үшінші кезекте қалуы керек. Рисалей-Нұр арқылы иман ақиқаттарына қызмет ету ең негізгі мақсат болуы керек... Ал, Әлемнің қазіргі жағдайы бұл дүниелік мәселелерді, әсіресе экономикалық мәселелерді, сондай-ақ, саяси мәселелерді, соның ішінде мәдениеттің арсыздануы мен адасушылығының жазасы ретіндегі Аллаһтың қаһарының бір көрінісі саналар дүниежүзілік соғыста бір жаққа болысу арқылы сезімдерді қоздырып, Иман ақиқаттарының орнына жүрекке сол зиянды, өткінші тілек – қалауларды орналастырып, инемен егу жасағандай етіп егуде. Рисалей-Нұрдың шеңберінен тыс жүрген, дәрежелері онша жоғары емес, кейбір әулиелер де сол саяси, әлеуметтік өмірдің иірімдеріне түсіп, иман ақиқаттарының үкімдерін екінші, үшінші орынға қалдырып, сол ағымдардың жетегінде кеткендіктен өзімен пікірлес мүнафықтарға сүйіспеншілікпен қарап, пікірі өзімен үйлеспейтін ақиқатшыл, тіпті әулие адамды да сынап-мінеп, оған дұшпан болады. Тіпті діни сезімдерді де сол ағымдардың ығына жығып береді. Осы ғасырдың сұмдық қауіптеріне қарсы тұрушы Рисалей-Нұрмен шұғылдану, сол жолдағы қызмет, менің назарымда қазіргі саясат пен әртүрлі ағымдардың дәрежесін түсіріп жібергені сонша, төрт айдан бері дүние жүзілік соғыс жайлы ойлаған да, сұраған да жоқпын.Һәм, Рисалей-Нұрдың һас шәкірттері, мәңгілік алмастай жарқыраған иман ақиқаттарына қызмет етіп жүргенде, залымдардың шахмат ойындарына көңіл бөліп, қасиетті борыштарына кедергі келтірмеулері және ой-пікірлерін былғап алмаулары керек. Хақ Тағала бізге нұр және нұрлы қызмет нәсіп етті. Оларға да зұлымдыққа толы шым-шытырық ойын берді.Олар бізге мән бермей, көмектеспей, қолымыздағы қасиетті нұрларды алуға талпынбаса, сендердің де өз қызметтеріңе зиян беріп, олардың шым-шытырық ойындарына назар аударуларың қателік болады. Бізге өз шеңберіміздегі рухани қызықтар мен имани нұрлар жетіп артылады.Саид Нұрси

287БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАОсы күндері Рисалей-Нұрға қастық қылып, сендерді қинап жүргендер мені қатты ашуландырды, тіпті оларға қарғыс айтқым келді. Бірден Спартаны аяп кеттім. Қарғыстың орнына, «Я Раббым! Спарта Рисалей-Нұрдың Медресетүззехрасы ғой, ол жердегі мемлекеттік қызметкерлерге иман бер, оларға иманды кетуді нәсіп қыл» деп дұға еттім және етудемін.Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыдық, Жанқияр бауырларым.Спартада қамалуымыздың есесіне Нұрлар осы өңірде кеңінен тарап, жеміс берді. біздің ісімізді бақылаушы, біздің ісімізбен және саясатпен айналысып жүрген бір кісі келді. Мен оған былай дедім: Осы он сегіз жыл ішінде сіздерге талап, тілек айтпадым. Газеттерді де оқыған жоқпын. Сегіз айдан бері әлемде не болып жатыр? деп те сұрамадым. Қасиетті қызметімізге рухани зияны тимесін деп, осы жерден естіліп тұрған радиоға құлақ түрмегеніме үш жыл болды.Оның себебі мынау: Иман жолындағы қызмет, имани ақиқаттар әлемдегі барлық нәрседен де жоғары. Ешқандай нәрсеге тәуелді және құрал бола алмайды! Өкінішке орай бүгінгі таңда адасқандар мен бейқамдардың және дүние үшін дінін сатып, алмастың құнын әйнектен де арзан етіп жүргендер бұл иман қызметі де сырттағы күшті ағымдардың бақылауында, солардың құралы деп ойламаулары және көпшіліктің алдында құнын түсіріп жібермеу үшін, Қасиетті Құран қызметі бізге саясатпен айналысуға үзілді кесілді тыйым салып отыр. Сіздер, ей саясатшылар мен үкімет адамдары! Босқа үрейленіп, бізбен әуре болмаңыздар. Керісінше, көмек көрсетулеріңіз

288БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИкерек. Өйткені біздің ісіміз сенімділікті, құрметті, мейірімділікті нығайтып, қоғамдағы тыныштық пен сенімділікті нығайтып, анархиядан сақтауға тырысу. Нағыз сіздер атқаратын шаруаның негіздерін анықтап беруде, нығайта түсуде!»Саид Нұрси* * * * *Әзиз, Сыдық, бауырларым.Осыдан он минут бұрын, батыл, өжет бірақ жазу білмейтін екі адам, біздің ортамызға бірін бірі ертіп келді. Оларға былай дедім: Бұл ортада жүріп қол жеткізер үлкен нәтижелердің жолында таймас табандылық, қайтпас жігер керек.Спарта қаһармандары көрсетіп жатқан ғажайып ерліктер мен әлемге атой салар нұрлы қызметтің негізі, өзегі аса табандылық пен қайсарлық. Мұндай қайсарлықтың бірінші себебі, иман күші мен ықыластағы қасиет. Екінші себебі жүректілік, батылдық. Мен оларға: «Сендер жүректілік пен білек күші арқылы аттарың шыққан жансыңдар. Бұ дүниелік қарапайым істерге сонша жанқиярлық таныттыңдар, ендеше Рисалей-Нұрдың қасиетті қызметі жолында, ақыреттік нәтижелері жолында нағыз мәрттік, жүректілік көрсетіп, өздеріңнің осы жолда табанды екендеріңді дәлелдей алатын шығарсыңдар» дедім. Олар да толықтай қабыл алды.Саид Нұрси* * * * *Адамзат үшін де Исламият үшін де үш үлкен мәселе бар. Бұлар Иман, Шариғат және Өмір. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы Иман ақиқаттары. Сондықтан да Рисалей-Нұрдың хас шәкірттері Құрандағы иман ақиқаттарын басқа ағымдардың жетегінде жібермеу, солардың қол шоқпарына айналдырмау және алмастай құнды Құранның

289БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАақиқаттары дінін дүниеге сатушы немесе соған пайдаланушы адамдардың назарында әйнек құрлы құнсыз болып қалмауы үшін және иманды құтқару сынды қасиетті борыштарын орындай алуы үшін, саясаттан жиреніп, одан сырт айналуда. Өздерің де білесіңдер, мына бауырларың он сегіз жыл болды қанша мұқтаж болса да, саясатқа және қоғамдық өмірге араласып кетпеуі үшін үкіметке бір де бір рет арыз айтқан жоқ. Бүкіл әлемнің астан-кестеңін шығарған соғысқа да сегіз-тоғыз айдан бері мән беріп сұраған жоқ.Саид Нұрси* * * * *Уа бауырларым! Өздерің білесіңдер, біздің ұстанымымызда менмендік, өзімшілдік, атақ-даңқын шығарып, жоғарғы дәрежеге көтерілу деген нәрсе жоқ. Ондайдан өлтіргіш удан қашқандай қашудамыз. Оларға жол ашар жағдайлардан да қашудамыз. Алты-жеті жылдан бергі осы жерде де, жиырма жылдық тәжірибемізден де түсінікті болғанындай, мен өзіме құрмет көрсетілуін, дәрежемнің артқанын қаламаймын. Бұл жөнінде сендерге қатаң ескертемін. Мені шамадан тыс көтере бермеңдер деп, сендерге ренішімді де айтайын. Тек қана, Қасиетті Құранның бүгінгі таңдағы рухани мұғжизасы болған Рисалей-Нұрдың атынан, мен де оның бір шәкірті болуым себепті, оған шын беріліп, сонымен шұғылдануды шүкір ете отырып қабылдаймын. Иә, менмендік пен өзімшілдіктен, атақ-дәрежеден, риядан осынша үркіп қашуды өмірлік ұстанымдарына айналдырған жандардан үкімет адамдары мен басшылардың және сақшылардың осынша үрейленуі, қаншалықты мағынасыз, қажетсіз екенін, ақымақтар да түсінер.Саид Нұрси* * * * *

290БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИӘзиз, сыддық бауырларым!Құранның өлшемі бойынша, иманнан кейінгі ең негізгі мәселе – тақуалық пен салих амалдар. Соңғы күндері осылар жайлы көп ойландым. Тақуалық – шариғаттың тыйым салған нәрселері мен күнәлардан аулақ болу. Салих амал – Аллаhтың әмір еткен істерін орындау, игі амал жасау. Жамандықтан тыйылу, қашан да пайдалы нәрсеге ұмтылудан артық тұрады. Сондықтан, мына аласапыран, бұзықтық етек алған әуесқойлық заманда тақуалық, яғни жамандықтан сақтану, ауыр күнәларды тәрк ету негізгі мәселе болып, алдыңғы қатарға шығып отыр.Қазіргі таңда бұзғыншылық мен келеңсіз көріністер етек алғандықтан, тақуалық - осы бұзғыншылықтарға қарсы тұратын өте күшті қалқан. Парыздарды орындап, ауыр күнә жасамаған адам құтылады. Ауыр күнәлар барлық жерде емін-еркін жасалып, азғындаған мына заманда салих-ізгі амалдарды ықыласпен орындаушылар өте сирек. Һәм осындай ауыр шарттар ішінде жасалған салих амалдардың сауабы да арта түспек. Білген адамға, тақуалықта бірқатар салих амалдар бар. Өйткені, харамнан қашып, олардан аулақ тұру – уәжіп. Бір уәжіпті орындау көптеген сүннеттерді орындаумен бірдей. Мынандай заманда (мыңдаған харамдардың шабуылына қарсы), аз ғана амал жасаса да жүздеген харамдардан қашу арқылы жүздеген уәжіпті орындайды. Бұл маңызды мәселе тақуалық ниетімен, харамдардан қашу мақсатымен жасалғанда ғана салих амал болып есептеледі. Бүгінгі таңда «Рисалей-Нұр» шәкірттерінің ең басты міндеті – күнәлар мен жөнсіздіктерге қарсы тақуа болу. Бір минутта мыңдаған күнәлар жасалып жатқан қазіргідей ортада адамдар жүздеген күнәларға бірден батады. Бұл әрине, тақуалық арқылы харамнан қашу ниетімен жүздеген салих амалдар жасауға болады деген сөз. Бір адамның бір-ақ күнде тас-талқанын шығарған сарайын жиырма адам жиырма күнде қалпына келтіре алмайтыны белгілі. Сондай-ақ бір адамның бұзғандарын қалпына келтіру үшін, жиырма адам керек болса, бүгінгі таңда мыңдаған орта бұзғыншыларға қарсы «Рисалей-

291БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАНұр» секілді бір ғана жөндеушінің ерліктері таң қалдырардай. Егер қарама-қарсы күш, саны жағынан тең болғанда, жөндеушінің кереметі сонда көрінер еді. Қоғам өмірінің ең маңызды негіздері мейірім мен сыйластық тым азайып кетті. Кей жерлерде тіпті сорақы. Құрметке мұқтаж бейшара қарттар мен әжелеріміз қиын жағдайларға душар болуда. Аллаhқа шүкір, Рисалей-Нұр» осы бір қорқынышты апатқа қарсы тұрып, «жөнге келтіру жолында табыстарға жетуде. Зұлқарнайын қорғанының құлауы нәтижесінде Ежуш-Мәжуш қауымының дүниені билеп, зұлымдық жайлайтыны секілді, Құранның қамалындай болған Мұхаммедтің (с.ғ.с.) шариғатының зақымдалуы нәтижесінде қоғам өмірі мен адам абыройына жасалып жатқан қастандық пен дінсіздік, Ежуш-Мәжуштен де бетер зұлымдық жасауда. Осы жағдайларға қарсы «Рисалей-Нұр» шәкірттерінің рухани тұрғыдағы жихадтары, сахабалар заманындағыдай аз ғана амал істеп, көп сауап алып, салих амалдар жасауына дәнекер болады.Әзиз бауырларым, осындай кезеңде қауіпті жағдайларға қарсы тұрарлық қаруымыз және ықыластан кейінгі ең үлкен күшіміз – «Иштирак-ы амал-и ухреви» дәстүрі, яғни ақыреттік істерді өзара бөлісу. Өз қаламдарымен бауырларының амал дәптеріне игі сауаптар жаздыратыны сияқты, сөздерімен де тақуалық қорғанына көмек жіберу, яғни біріне бірі қайыр дұға тілеу. Қисапсыз шабуылдарға ұшырап жатқан мына бейшара бауырларыңа қасиетті үш айда және киелі күндерде көмекке келу сендер сияқты қаhармандар үшін жарасар ерлік. Мағынауи көмектеріңізді шын жүректен өтінемін. Иманды және шын берілген «Рисалей-Нұр» шәкірттерін «Иштирак-ы амал-и ухреви» дәстүрімен барлық дұғамда рухани табыстарыма ортақ қылып отырамын.«Гүл», «Нұр», «Мүбаректер» және «Медресе-и Нурие» топтары мен жазу білмейтін қариялар және масумдар (бейкүнәлар) бастаған бүкіл бауырларымыз бен қарындастарымыздың сау-саламат және бақытты болуын тілеп дұға етеміз.Саид Нұрси* * * * *

292БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИАллаһқа мың шүкір, Рисалей-Нұр өзінен-өзі жайыла түсуде. Жан-жаққа тарап жатыр. Адасқан дінсіздердің айла-шарғылары оны тоқтата алар емес. Керісінше, көптеген дінсіздер қаруын тастап, қол көтеруде. Хафыз Али айтқандай олар қатты қорқуда. Енді олар бізге дінсіздік ұстанымдарындағы табандылықтарынан емес, қорқыныштан тиісуде. Олардың қорқыныштары Рисалей-Нұрдың пайдасына жарайды Инша Аллаһ!Саид Нұрси* * * * *...........................................................................................................................................Байырғы досқа һәм зерек жандарға және сендерге айтары: Қасиетті Құранның нұр фейізімен Бүгінгі Саид, иман ақиқаттарын ақылға өте сиымды, көңілге де қонымды етіп, ақиқатқа толы дәлелдер, бұлтартпас айғақтар тауып баяндап жатыр. Ол айғақтар мұсылман ғұламалары түгіл, өте қырсық батыс философтарын да таң қалдырып, қабылдауға мәжбүрлеп, шарасыз қалдыруда. Ал енді, Рисалей-Нұрдың қадір-қасиеті, оның маңыздылығы жайлы ишари немесе рәмзи түрде Хазіреті Алидің (р.а.) және Ғаус-ы Ағзамның (р.а.) хабар бергені секілді Құран-и Муғжиз-ул Баян да осы заманғы Құранның мағынауи мұғжизасы болған Рисалей-Нұрға назар аудартуы, ишари мағыналар түрінен рәміз, белгі беруі бұл Құранға жарасар іс, мұғжизасының талабы болса керек.Иә, Ескішәһир түрмесіндегі қиын-қыстау күндері шынымен киелі де мықты жұбанышқа мұқтаж болдым. Сол кезде көкейіме былай мағынауи ескерту жасалды: «Сен Рисалей-Нұр қабыл болған кітап екеніне бұрынғы өткен әулиелерді куәгер, дәлел ретінде көрсетіп жүрсің. Алайда, сыры бойынша, бұл мәселеде сөз иесі Құран. Апырмай, Рисалей-Нұрды Құран қабылдай ма? Ол не дейді?» делінді. Осы тосын сұрақтың жауабын іздеп, Қасиетті Құранға жүгіндім. Сол мезетте, Отыз үш аяттың ашық мағынасының астарлы түрдегі мәртебесінен ишари мағынасының бір тармағы Рисалей-Нұрға қатысты екенін және ол

293БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАсолардың ішінен орын алып, ерекше назар аудартып тұрғанын бір сағаттың ішінде сезіп білдім. Олардың кейбіреуі кеңінен, кейбіреуі қысқаша көрінді. Бұл менің ойымды қуаттап, ешқандай шәк-шүбә қалдырмады. Мен де мұсылмандардың иманын Рисалей-Нұр арқылы сақтап, арттыра түсу ниетімен сол ойымды қағазға түсірдім. Оны тек, хас шәкірттеріме беріп, көпшілікке көрсетпеңдер деген шарт қойдым. Имам, молдалар деп, күдіктеніп қарайтындай біз ол жерде: «Аяттың ашық мағынасы осы» дегеніміз жоқ. Һәм, ишари мағынасының ауқымы осы ғана деген жоқпыз. Біздің айтпағымыз, аяттардың ашық мағынасының астарында көптеген мәртебелері бар. Олардың біреуі ишари және рәмзи мағына деп аталады. Аяттың ишари мағынасының өзі күлли яғни өте ауқымды болып келеді. Оның әр ғасырды қамтитын жағы бар. Рисалей-Нұр да осы ғасырда әлгі ишари мағынаның күлли мағынасынан бір мағынасын иеленіп отыр. Оның әдейілеп, өзіне назар аудартып тұрғанын және маңызды міндет атқарғанын дәлелдейтін джифри есеп, риязи карине яғни белгі-нышандар тіпті, айғақ дәлелдер бар. Жалпы джифримен есептеп, мағына шығару көне заманнан бері ғұламалар арасында қалыптасқан дәстүр. Бұл, Құран аяттарын немесе оның ашық мағынасын төмендету емес, керісінше аяттардың таңғажайып қырларын, ерекше шешендігін көрсету, дәріптеу, оған қызмет ету. Мұндай ғайби ишараларға наразы болып, қарсы шығу жөнсіз. Бұрынғы ақиқатшыл кісілердің Құраннан көптеген мағына шығарып ишари рәміздерінен ақиқат тауып жазған еңбектерін жоққа шығармайтын адам, мұны да жоққа шығармауы керек, олай етуіне болмайды. Ал, мұндай құнды тәпсірдің мен секілді қарапайым адамның қолынан шыққанына таңғалып, миына сиғыза алмай қарсы шыққан адамға айтарым: Егер қарағай ағашының бидайдай ғана тұқымынан зәулім ағаш шығару Құдайдың құдіретін, Оның ұлықтығын көрсететін дәлел екенін ойласа, әлбетте біз секілді әлсіз, пақыр адам арқылы аса қажет кезде мұндай тәпсірдің жарыққа шығуы Аллаһтың шексіз рахымының дәлелі деп айтуға мәжбүр болар еді. Мен, Рисалей-Нұрдың абыройы мен қадір-қасиетін араға салып, сендерге және қарсы шығушыларға айтпағым: Бұл ишаралар және әулиелердің рәмізбен айтқан хабарлары,

294БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИишари белгілер мені әрдайым Аллаһқа шүкір етуге, Оны дәріптеуге, және өзімнің кемшіліктерімді мойындап истиғфар етуге итермелейді. Бұл ешқашан менің жүгенсіз нәпсімді қоздырып, мақтануға, тәкаппарлануға, менмендікке себеп болған емес. Бұған соңғы жиырма жылдық өмірім дәлел. Дегенмен, адам болған соң кемшіліктен, ұмытып кетуден аман болдым дей алмаймын. Өзім байқамайтын кемшіліктерім көп. Мүмкін, пікірім араласқан болар, кейбір қате жіберген жерлерім болған шығар. Мына заманда өте қуатты және тура жолдағы, миллиондаған жанкешті шәкірттері бар жамағаттар, рухани топтар мен ұстанымдар мына сұмдық дінсіздіктің шабуылына қарсы төтеп бере алмай, сырт қарағанда жеңіліп жатқанда, менің яғни жазуы нашар, ешкімі жоқ жалғызілікті, үнемі бақылауда, басқан ізі аңдулы, әдейілеп полиция бөліміне жақын үйге орналастырылған және ол туралы небір жалған ақпарат таратып, жұрт одан үркіп қашатын жағдайға жеткізіп қойған бір адамның әлгі рухани ұстанымдардан әлдеқайда көп табыстарға қол жеткізген Риселей-Нұрдың иесі емес екені анық. Ол оның шығармасы емес, және ол рисалелер менікі деп, мақтана алмайды. Ол Рисале тікелей хикметке толы Құранның заманауи тәпсірі, мағынауи мұғжизасы, Аллаһтың рахымымен сыйға тартылған. Ол кісі мыңдаған достарымен бірге Құрани сыйға ұмтылып еді, қалай болғанын өзі де білмейді, бірінші болып, тәржімеші болу міндеті соған нәсіп болыпты. Бұл оның ой-пікірінен, ілімінен, зеректігінен шыққан дүние емес екендігіне дәлел. Рисалей-Нұрда кездесетін кейбір тақырыптар кейбір Рисалелер алты сағатта, кейбіреуі небәрі екі сағатта, кейбіреуі тіпті бір сағатта, он минутта жазылған. Ант етейін, әлгі он минутта жазылған Рисалені Бұрыңғы Саид есінде қалған білімін, бұрын-соңды жинаған ілімін қабілетін пайдаланып он сағат ойланса да жаза алмайды. Бір сағатта жазылған Рисалені екі күн бойы бар күшімді жұмсасам да жаза алмас едім. Бір күнде, бар-жоғы алты сағатта жазылған Отызыншы Сөз Рисалесін мен де ең зерек діндар ғалым да алты күнде жаза алмасы анық...Бұдан шығатын қорытынды; Демек, біз құралақан пенде болсақ та өте бай зергерлік дүкенінің делдалы, қызметшісі болып тағайындал–ған екенбіз.Саид Нұрси

295БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАЖақында, таң намазынан кейінгі тәсбихатта Стамбулдағы қарттың қастық пиғылмен мен жайлы айтқан ауыр ғайбат сөздері есіме түсіп, Бұрынғы Саидтың сезімдері нәпсімді қайрап, «маған зұлымдық жасалып жатыр, мұндай зұлымдыққа шыдап тұруға болмайды» дегізді. Кек қайтарғым келді. Бірден кеудеме мына нәрселер келе қалды. «Мүмкін Рисалей-Нұрдың Стамбулда жайыла түсуіне себеп болатын шығар. Сен мына дүниелік өміріңді тіпті, ақыретіңді де Рисалей-Нұрдың жолына арнаған болсаң, бұған намыстанба, оны да пида қыл. Тіпті, әлемдердің жаратылуына себеп болған, Бүкіл Әлемнің мақтанышы, Пайғамбарымызға да (с.а.у.) есі дұрыс емес деген адамдар болған ғой. Күндей жарқын ол кісінің жанында тозаңдай болған өз намысыңа тигендерге мән берме». Содан кейін көңілім жай тапты.Саид Нұрси* * * * *Стамбул ғұламаларының ең білгірі, аса байыпты жан, ұзақ уақыт бойы бас муфти болған, бұрынғы Пәтуа бөлімінің басшысы Али Рыза Әфенді, Бірінші Шұғадағы Құрани Ишаралар мен Аят-үл Күбра рисалесін көргеннен кейін, Рисалей-Нұрдың хас шәкірттерінің бірі Хафыз Әлиге \"Дәл осы кезде Бәдиүззаман Ислам дініне ең үлкен еңбек сіңіріп жатыр және оның жазғандары өте орынды, дұрыс. Мынадай заманда оның мүмкіндіктері шектеулі болса да, жанқиярлықпен жазып жатқан Рисалей-Нұр тәпсірі, мүжәддид-и дін екендігіне нақты сенемін және Аллаһтан оның еңбектерінің жемісті болуын тілеймін\" депті.Сондай-ақ оның сақал қоймауын сынаушыларға қарсы Мәулана Жалаледдин Румидің аталарының бірі Султан-ул-Улеманың бір қиссасын айта келе Бәдиүззаманды ақтап, «Бәдиүззаманның әрине бір иджтихаты бар. Қарсы шыққандардікі жөнсіздік» депті. Содан кейін Қожа Мұстафаға (марқұм) бұйыра сөйлеп, «Айтқандарымды жаз» депті.

296БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИБәдиүззаманға аса құрметпен сәлем жолдаймын. Еңбектеріңізді соңына дейін жазып шығуыңыз үшін шын көңілден дұға етудемін. Өз білімдерін теріс пайдаланып жүрген кейбір ғалымдардың сын айтуларын көңіліңе алма. «Жемісті ағашқа көп тас лақтырылады» - деген атақты сөз бар ғой. Күрес жолыңызды жалғастыра беріңіз. Фейяз-ы мутлақ Аллаһу Тағала сізді жақын арада мұрат-мақсатыңызға жеткізсін, амин. Бір Аллаһқа аманат.Пәтуә бөлімінің бұрынғы басшысыАли Рыза.Міне, ғылыми және шариғат пен Құранға қатысты мәселелер бойынша сөз иесіне айтылған ғалым осындай үкім беріп отыр.* * * * *Әзиз, Сыддық, ыждағатты, тура жолдағы бауырларым. Өте маңызды бір ескертуге орай, бір ақиқатты айту керек болып тұр. сырына орай, әулиелер өздеріне білдірілмесе ғайыпты біле алмайды. Ең үлкен әулиенің өзі, дұшпанынының шынайы жағдайын біле алмағандықтан, орынсыз жерде араздаса беретіндігін Ашар-и мүбашшараның өзара қақтығыстары көрсетіп беруде. Демек екі әулие, ақиқат жолдағы екі адам, бірін-бірі жоққа шығаруы арқылы өз дәрежелерінен төмендеп қалмайды. Егер шариғатқа мүлдем керағар, қате екендігі анық көрініп тұрған иджтихатқа сүйеніп әрекет етпеген болса. Ондадағы жоғарғы деңгейді сақтай отырып, қарапайым халықтың шейхтерге деген сүйіспеншіліктерінің азайып кетуіне, имандары–ның әлсіреп қалуына жол бермеу керек. Рисалей-Нұрға орынсыз тиісіп жатса да ашуға бой алдырмау керек. Бүлік шығарушы, зиянкестер тура жолдағы екі жамағаттың араздықтарын пайдаланып, екеуінің қолындағы қаруларды бір-біріне сілтетіп, біреуін екіншісінің қаруымен ұрып, екіншісін біріншінің қолындағы дәлелдермен

297БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАжығып салуына жол бермеу керек. Рисалей-Нұр шәкірттері осы төрт негізді ескере отырып, өздеріне тиісушілерге ашуланбаулары, олардың өз істегендерін өздеріне жасамаулары керек. Бейбіт түрде, олардың сынға алған тұстарын түсіндіре отырып, жауап берулері керек. Өйткені бүгінгі таңда менмендік өршіп тұр. Ешкім, өз бойымен бірдей болып қатқан менмендігін еріткісі келмейді. Өз кемшіліктеріне болымды себептер табуда. (Өзін үзірлі сезінеді) Дау содан шығады. Хақ жолдағылар зиян шегуде. Адасушы, бүлікшілдер пайдасына жаратуда.Мына сынға алу оқиғасы, мынаған ишара етуде, келешекте өз ұстанымдарын қатты бағалайтын кейбір кісілер, кейбір өзімшіл сопылық ұстанымдағылар, нәпсісін ауыздықтай алмай, жұрттың қошеметін қимай жүрген білім үйретушілер, өз ұстанымдарын жарнамалап, соңынан ергендерді көбейте түсу үшін Рисалей-Нұр шәкірттеріне сын айтатын болады. Тіпті қатты тиісу ықтималы да бар. Мұндай жағдайлар туып жатса, сабырлық таныту керек. Жауласудың қажеті жоқ. Ол топтың басшыларының кемшіліктерін көрсетіп, жығып салудың да қажеті жоқ.Айтқым келмеген бір сырды айтуға мәжбүр болдым.Рисалей-Нұрдың рухани тұлғасы және сол рухани тұлғаның өкілдері болған хас шәкірттердің рухани тұлғасы Аллаһтың «Фәрид» есіміне бөленгендіктен, бір елдің құтыбы ғана емес, көбіне Хижазда болатын Құтып Ағзамның да ықпалында қалмайды және оның ықпалында қалуға мәжбүр емес.Бір уақытта бола беретін екі имам сынды, бірін-бірі тануға мәжбүр емес. Мен бұрын Рисалей-Нұрдың Рухани тұлғасы сол имамдардың біреуі деп ойлайтынмын. Ғаус Ағзамда «Құтбиет», «Ғаусиет» дәрежелерімен қатар «Фердиет» дәрежесі де болғандықтан, ақырзамандағы шәкірттері жармасқан Рисалей-Нұр, сол «Фердиет» дәрежесімен байланысты екендігін енді түсіндім.Жасыруға лайық осы ұлы сырға сүйене отырып, (олай болуы мүмкін емес болса да) Рисалей-Нұрға қарсы айтылған сын Мекке-и Мүкерремеден, Құтып Ағзамнан келсе де, Рисалей-Нұр шәкірттері еш алаңдамай, әлгі Құтып Ағзамның сындарын ілтипат, сәлем ретінде қабылдап оның көңілінен шығу үшін, ондай үлкен ұстазға сын айтқан жерлерді түсіндіріп, қолынан сүюлері керек.

298БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИУа бауырларым! Қазіргідей аласапыран жағдайлар мен әлемді шайқалтар оқиғалардың ішінде жүргенде аса қайсарлық пен суыққандылық және жанкештілік таныту керек. Иә, аятының ишаралық мағына–сына сай, ақыреттің барын біліп, иман келтіре тұра, дүниені ақыреттен артық көру, сынып қалар әйнекті біле тұра мәңгілік алмастан артық көріп, қуана-қуана айырбастау, істің соңын көрмейтін соқыр сезімге беріліп, дайын тұрған бір мысқал улы ләззатты, ілгеріде берілер бір батпан кіршіксіз ләззаттан артық көру қазіргі кездің сұмдық дерті, бәлесі. Осы бәлекеттердің сырына орай, шынайы мүминдер де кейде адасқандарға жақтас болу сынды өрескел қателіктерге бой алдыруда. Аллаһ Тағала Иманды жандар мен Рисалей-Нұр шәкірттерін мұндай нәрселердің бәлесінен сақтасын, аминСаид Нұрси* * * * *Уа бауырларам! Қазіргі кезде, әсіресе осы күндері Рисалей-Нұр шәкірттерінің қайсарлық танытуы, бір-біріне көмектесіп, абай болулары керек. Аллаһқа шүкір, Спартадағы және сол өңірдегі қаһармандар құрыштай берік екендіктерін көрсетті. Басқа аймақтарға да тамаша үлгі болды.Уа, Хүсрев! Әсерлі де тамаша жазылған хатыңды алдым. Өз ісіңді қайта жалғастырғаның бізді қатты қуантты. Мың рет қош келдің дейміз. Сен соңғы бір жарым жылда қаламым тоқтап қалды деп уайымдама. Сенің орныңа кереметі мол қаламыңнан туған жәдігерің саналар Мүжизат-ы Ахмедиенің біреуі шығыс аймақтарда қолдан-қолға өтуде. Кейінгі жазған нұсқаң да Стамбулда сенің орныңа тамаша жұмыстар атқаруда. Сенің қаламыңмен жазылған мұғжизалы Құранның осы өңірде, әсіресе қасиетті Рамазандағы саған әкелген сауаптарын, игіліктерін, алғыстарын ойла. ИншаАллаһ жақында басылып шыққан соң, бүкіл Ислам Әлемінен сенің рухыңа жаңбырдай жауатын дұғаларды ойла. Аллаһқа шүкір ет. Саид Нұрси

299БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАӘзиз Сыддық бауырларым!Мыңға жуық тәжірибелерім арқылы анық көзімнің жеткені және үнемі сезетін нәрсем, Рисалей-Нұрға қызмет еткен күндерімде (жасалған істің дәрежесіне қарай) тынысым ашылып, денем жеңілдеп, зейінім ашыла түседі. Күн көрісім жеңілдеп, берекет артады. Көптеген шәкірттерім «мұны біз де сеземіз» дейді. Сендерге былтырғы хатымда жазғанымдай менің азғантай аспен өмір сүруімнің сыры сол берекет екен.Сондай-ақ, Имам Шафиден жеткен, «Шын ықыласты, ілім жолындағы шәкірттің ризығына мен кепілмін» деген риуаят бар. Өйткені оның ризығында берекет бар. Жағдайдың ақиқаты осы және Рисалей-Нұр шәкірттері бүгінгі таңда ілім жолындағы шәкірт атануға лайық. Ендеше қазіргідей тапшылыққа қарсы Рисалей-Нұр шәкірттері өз қызметтерін бәсеңдетпей, күн көріс қамымен шапқылап кетпей, шүкір және қанағат етіп, Рисалей-Нұрға шәкірт болу жолында табандылық танытулары керек.Саид Нұрси* * * * *...................................................................................................................................Рисалей-Нұр және одан шын дәріс алған шәкірттер, дүниелік саясат қана емес, бүкіл дүниенің жолына Рисалей-Нұрды құрал ете алмайды және мұны осы уақытқа дейін жасаған емес. Біз тек қана мына өмірді ойлайтындардың ісіне араласпаймыз. Бізден қауіптену ақымақтық.Біріншіден: Біздің саясатпен айналысуымызға Қасиетті Құран тыйым салуда. Себебі алмастай құнды ақиқаттар әһл-и дүниенің алдында әйнектей құнсыз болып көрінбеуі керек.Екіншіден: Мейірім, ар-ождан, ақиқат бізді саясаттан аулақ ұстайды. Өйткені таяққа лайық дінсіз, мүнафықтар оннан екеу болса, олардың айналасында жеті-сегіз бейкүнә, бейшара, бала-шаға, ауру-

300БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИсырқау қарттар бар. Бәлекеттер келсе сол бейкүнә жандар да бәлеге қалады. Тіпті әлгі екі дінсіз, мүнафық көп зиян шекпей құтылып кетуі мүмкін. Сондықтан нәтижесі беймәлім саяси жолмен биліктің ісіне араласу, қоғамды дүрліктірер нәрселерге араласу, Рисалей-Нұрдың өзегіндегі мейірімге, хақ пен ақиқатқа үйлеспейді. Сондықтан Рисалей-Нұр өз шәкірттеріне саясатпен айналысуға тыйым салады. Үшіншіден: мына ел де, халық та, ел билігі де қандай жағдайда болса да Рисалей-Нұрға өте мұқтаж, Рисалей-Нұрдан қорқып, жауласу былай тұрсын, ең дінсізінің өзі де діндар адамдай, ақиқатшыл жандай ондағы қағидаларды жақтауы қолдауы керек. Әйтпесе, халыққа да, отанға да, Исламға да опасыздық болады. Өйткені бұл халықты, елдің қоғамдық өмірін анархиядан құтқарып үлкен бәлекеттерден аман сақтау үшін, бес негіз қажет, соған зәру.Біріншісі: Мейірімділік, Екіншісі: Құрмет, Үшіншісі: Сенімділік, Төртіншісі: Харам мен халалды ажыратып, харамдардан қашу, Бесіншісі: Ойына келгенді істеуді қойып, жөнге келу.Міне, Рисалей-Нұр қоғамға қатысты осы бес негізді нығайтып, қоғамдағы тыныштықтың ірге тасын мызғымастай етеді. Рисалей-Нұрға тиісіп жүргендер, осы әрекеттері арқылы анархияға жол ашып, елге, халыққа қоғамның тыныштығына қастық қылып жүргендіктерін біліп қойсын. Мұның қысқаша бір мағынасын да ана жансызға айттым: «Сені жіберушілерге айта бар. Он сегіз жылдан бері бір рет те болса жан тыныштығын ойлап, үкіметке арыз айтпаған, жиырма бір айдан бері дүниенің астаң-кестеңін шығарып жатқан соғыс жайлы хабар алмаған және маңызды қызметтерде отырған атақты кісілердің достық көмектерінен бас тартқан бір адамнан қорқып, үрейлену, біздің дүниелік ісімізге араласып кетуі мүмкін деп, оны аңдуда, оған қиыншылықтар туғызуда қандай мағына бар. Қандай жөні бар. Қандай заң бар. Ондай адамға тиісудің ақымақтық екенін ақымақтар да біледі». Әлгі жансыз да тұра қашты.Саид Нұрси* * * * *


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook