Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Өмір Тарихы

Өмір Тарихы

Published by risalekz, 2020-01-27 03:21:39

Description: “Рисалей-Нұр” жинағының авторы
БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ
(Tarihçe-i Hayat)

Keywords: БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ

Search

Read the Text Version

51ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІИслам ақиқаттары мен адам болмысына тән қабілеттерді иманнан алынатын жігерді, аш адамның тамақты тез қорытып жіберетініндей тез пайдаланып, ерекше қарқынмен алға жылжитын боламыз. Бір кездері солай еткен болатынбыз. Мен бір шәкірт ретінде және мына демократияның айтуға рұхсат беруіне орай айтарым. Ей, мына Отанның ұландары! Демократияны бұрыс түсініп, қолдан шығарып алмайық. Ашып, боржып, кеткен бұрынғы диктатураны басқа ыдысқа құйып ішу арқылы шашалып қалмайық. (Сілтеме ) Негізінде демократия *дегеніміз, діни әмірлерге мойынсұна отырып, Шариғи әдеттерге сай мінез-құлыққа қол жеткізу арқылы өркеңдеу.................................................................................................................................Бәдиүззаман* * * * *Сілтеме: Иә, одан да қатал диктатура орнап, бұғаудың ащы уын ішкізді.

Жасасын Шарағат-ы Ахмеди(с.а.у)Діни газет: №77,5 наурыз 1325,18 наурыз 1909Ислам діні Аллаһтан келгендіктен мәңгілікке жалғаса бермек. Нәпсіге құл болудан құтылудың жолы Исламға арқа сүйеу, ешқашан үзілмейтін сол арқанға жармасу. Ақиқатында өзімізге тиесілі еркіндікті, өз пайдамызға жаратудың жолы исламға арқа сүйеу. Өйткені, Әлемдерді Жаратушы Аллаһқа шын мағынасында құл болған жан, жаратылғандарға құл болмайды. Кез келген адам өз әлемінің қолбасшысы болғандықтан өзінің шағын әлемінде үлкен жихад жүргізуге міндетті және Пайғамбарымыздың (С.А.У) мінез-құлқын үлгі тұтып сүннеттерін орындауы керек.– Ей, Әмірлерге бойұсынушы Әулиелер! Аллаһтан тәупық тілесеңдер, Аллаһтың заңдарына сай әрекет етіңдер. Әйтпесе дұғаларың қабыл болмайды. Аттары белгілі Пайғамбарлардың бәрі де Ислам мемлекеттері мен Османлы елінің аумағынан шыққан. Бұл да тағдырдың бір белгісі іспетті.Бұл елдің халқын кемелдендіретін қозғаушы күш–дін. Азия мен Африканың алқаптары мен Балкан түбегінің гүл бақшалары Исламның нұры арқылы дамып, өркендейтін болады. Дүниелік жолда дінді пида етуге болмайды. Бұрын, келмеске кеткен диктатураны сақтап қалу жолында шариғи мәселелер аяқ асты болды. Діни мәселелерді тәрк ету мен аяқ асты етуде зияннан басқа не пайдасы болды. Халықтың жүрегіндегі дерт, діннің әмірлерін дұрыс орындамау болып тұр. Бұл дерттің емі діндарлықты, тақуалықты арттыру. Біздің жамағатымыздың ұстанымы, сүйіспеншілікке сүйіспеншілік, жауластыққа жауластық. Яғни мұсылмандар арасындағы сүйіспеншілікті арттыру, жауласқандарды талқандау. Жолымыз, Пайғамбарымыздың мінез-құлқын үлгі тұту, сүннеттерін орындау, қайта жаңғырту. Нұсқаушымыз Ислам шариғаты, қылышымыз нақты дәлелдер, мақсатымыз Аллаһтың келамын асқақтату (Ила-и Келиметуллаһ)Бәдиүззаман

АқиқатДіни газет: №70,26 ақпан 1324,март 1909Біз Қалу Бәладан бері Хазреті Мұхаммед (С.А.У)ның жамағатына мүшеміз.Бізді біріктіріп тұрған нәрсе таухид. (Бір Аллаһқа сену) Антымыз иман. Аллаһтың бір екендігіне сенетін болсақ, әр бір мұсылман Аллаһтың сөзін асқақтатуға (Исламды жаюға) міндетті. Бүгінгі таңда мұсылмандар материялдық тұрғыдан дамуы керек. Өйткені шетелдіктер ғылым мен өнердің қаруын пайдаланып, бізге моральдық үстемдік жүргізуде (моральдық жақтан езгілеуде). Біз де ғылым мен өнердің қаруын пайдаланып, Исламның дамуына кедергі (дұшпан) болып тұрған надандық пен кедейшілікке, жауыздыққа қарсы жихад етуіміз керек. Ал сыртқа қарсы күресті Исламдағы нақты дәлелдердің алмас қылышына тапсырамыз. Өйткені мәдени адамдарды түсіндіру, көздерін жеткізу арқылы жеңуге болады, сөз ұқпайтын надандар секілді күшке сенудің қажеті жоқ. Біз сүйіспеншілікпен әрекет етеміз. Жауласатын уақытымыз жоқ. Демократия-кеңесе отырып әділ және заңды жолмен күш біріктіру. Ислам дінінің құқықтық жүйесі он үш ғасыр бұрын орнағандықтан, заң шығару үшін Еуропаға алақан жаюдың қажеті жоқ. Бұлай ету Исламға қиянат етумен, қылмыспен тең. Солтүстікке қарап тұрып намаз оқумен бірдей. Күш, заңның қолында болуы керек. Әйтпесе бас – басына би болу жайлап кетеді. үкімі жүріп, ар-ожданның әміршісі болуы керек. Ол да көпшіліктің оқу – білімімен, мәдени болуымен немесе Ислам дінінің атымен болуы керек. Әйтпесе бас-басына би болу жалғаса бермек. Бірігу, әуестік пен қызық үшін емес, Аллаһ үшін болу керек. Адамдар еркіндікте болғанымен Аллаһтың құлы. Барлық нәрсе еркіндікте. Басқа біреудің кемшілігі өзге бір адамның кемшілігіне үзір бола алмайды. Үмітсіздік – дамуға кедергі. “Маған не керегі бар, басқалар ойласын” деу, диктатуралық жүйенің сарқыншағы.Бәдиүззан

54БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИБәдиүззаман Салоники қаласында Стамбул Равиндерінің басшысы яһуди Карассомен әңгімелесіп қалады. Карассо әңгіме ортасында сыртқа қашып шығады. Жанындағы достарына қасында енді біраз отырсам мені де мұсылман қылатын түрі бар деп, жеңілгендігін мойындаған екен. Ал сол Карассо Османлы мемлекетін бөлу жолында жасырын және жүйелі түрде әрекет етіп жүрген жасырын ұйымның беделді бір мүшесі еді. Карассоның Бәдиүззаманмен әңгімелесуінің негізгі себебі, оны өз жағына тартып, өздерінің лас істеріне пайдалану еді. Бірақ олай ету қайда...* * * * *Отыз бірінші март оқиғасы деп аталатын аты шулы оқиға орын алады. Шариғатты жақтаушылар мен сол оқиғаға араласқан он бес шақты молда дарға асылады. Олардың денелері сот ғимаратының бақ шасында асулы тұрғанда Бәдиүззан сотқа тартылады. Терезеден олардың асулы денелері көрініп тұр еді. Соттың төрағасы Хүршид Паша Бәдиүззаманнан – сен де шариғатты қаладың ба? деген сұрақ қояды. Бәдиүззаман: – Шариғаттың бір ақиқаты жолында мың жаным болса да пида етуге дайынмын. Өйткені Шариғат бақыттың да шынайы әділеттің де дамудың да себепшісі. Бірақ, менің қалауым төңкерісшілердің қалағанындай емес.Бәдиүззаманның сол әскери трибуналдағы өзін-өзі қорғау сөздері сол кезде екі рет басылып шыққан. Сол сотта дарға асылады деп, күтілген еді. Ақталып шықты. Сот алқасына рахмет те айтпай шығып, Баязидтен Сұлтанахмедке дейін қалың топтың ортасымен жүріп отырып, залымдар үшін жасасын жәһаннам! деген ұран тастаған еді. Отыз бірінші март оқиғасының ішкі беті ашыла түсуі және Бәдиүзаманның соттағы батыл қорғау сөздерін жеткізу үшін әскери трибуналдағы сөздерінің бір бөлігі өмір тарихы кітабына енгізілді.* * * * *

Басымнан өткен екі қиыншылық мен үшін мектеп болды. Сол мектептер берген куәлік немесе әскери трибунал және Саид Нурси атты кітапшадан үзінділерКІРІСПЕ: Бір кездері демократия ақымақтық болып саналатын. Қауқарсыз диктатура мені жындыханаға тықты. Ол жер мен үшін бір мектеп болды. Бір кездері дұрыс жүріп-тұру, турашылдық, керітартпалық болып саналды. Парламенттік басқару орын алған кезде, қатал диктатура мені түрмеге тықты. Ол жер де маған бір мектеп болды. Ей менің дипломдарымды қызықтаушы жандар! Өтініш, рухыңыз бен қиялыңызды мәдениетпен жаңа танысқан, ашушаң, бәдәуи шәкірттің асау бейнесі мен түсінігіне уақытша жібере тұрыңыз. Қате түсініп, қателесіп кетпеу үшін солай етіңіз. 31- март оқиғасынан кейін Әскери трибуналда былай дедім:– Мен шәкіртпін, сондықтан барлық нәрсені шариғаттың таразысымен өлшеймін. Мен ұлтымызға тек мұсылмандар деп қараймын. Сондықтан кез келген нәрсеге Ислами көзқараспен қараймын, солай таразылаймын. Менің бұл сөздерім, түрме деп аталатын берзах әлемінің есігінде және дар ағашы деп аталатын станцияда ақыретке бара жатқан поезды күтіп тұрғанда адамзат қоғамының қатігездігін сынай отырып, сіздерге ғана емес бүгінгі күні өмір сүріп жатқан бүкіл адамзат баласына арналады. Сондықтан сырына сәйкес ақиқаттар жүрегімнің тереңіннен жалаңаш қалпы шықты. Бөтен жандар қарамасын. Мына асулы тұрғандармен бірге ақыретке кетуге әбден дайынмын. Әр нәрсе қызық болып көрінетін бір бәдеуи, Стамбулдың таң ғажайып қызықтары жайлы көп естігенімен көрмеген болса, соларды көруге қатты құштар болады ғой, мен де таң ғажайып ақырет әлемін көруге сондай құштармын. Мені ол жаққа жіберу, жаза болып саналмайды. Қолдарыңнан келсе маған моральдық азап беріңдер. Басқа азаптар, мен үшін азап емес, мәртебе болады! Бұл билік диктатуралық кезеңде ақылға дұшпан еді. Енді өмірге қастық қылуда. Егер үкімет осындай болатын болса жасасын есуастық! Жасасын өлім! Залымдар үшін де жасасын жәһаннам. Мен онсыз да өз пікірімді жеткізер жер іздеп жүрген едім. Мына әскери трибунал сондай бір жерге айналды. Менен бұрыңғыларға қойған сұрақтарын, маған да қойып,

56БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ– Сен де Шариғат қаладың ба?, деді. – Шариғаттың бір ақиқаты жолында мың жаным болса бәрін де қиюға дайынмын. Өйткені Шариғат бақыттың да нағыз әділеттің де дамудың да себебі. Менің Шариғатты қалауым төңкерісшілердікіндей емес!, дедім. – Иттихад-ы Мұхаммедие(с.а.у)нің мүшесісің бе? деді.– Мақтанышпен айтамын... Ең қарапайым әскерімін. Бірақ өз анықтамам бойынша... Оған ермеген адам дінсізден басқа кім болуы мүмкін? Көрсетіп беріңіздерші.Сол сөздерді қазір жариялап отырмын. Себебі демократияны қаралаудан, шариғат ұстанушыларды үмітсіздіктен, замандастарды тарихтың алдында надан, ақымақ етіп көрсетуден, ақиқатты күдік- күмәндардан арашалап қалуым керек. Ал бастадым... – Ей генералдар, офицерлер! Түрмеге түсуіме себеп болған қылмыстарымның өзегіяғни, мақтанышым болған игіліктерім, енді күнә болып саналуда. Енді қалай қарсылық білдірерімді білмей, таң қалудамын.Кіріспе ретінде айтарым: Мәрт адам қылмыс жасап, өзін төмен түсірмейді. Егер жала жабылса жазадан қорықпайды. Оның үстіне жазықсыз дарға асылсам екі шәйттің сауабын аламын. Егер түрмеде қалсам еркіндік дегендері тек сөз жүзінде қалған мұндай қатігез үкіметтің ең жақсы мекені түрме болса керек. Жапа шегіп өлу, зұлымдық жасап өмір сүруден қайырлы.Тағы айтарым: саясатты дінсіздіктің құралына айналдырған кейбіреулер, қылмыстарын бүркеу үшін, басқаларды керітартпа және саясатты діннің құралына айналдырушы ретінде кінәлайды. Қазіргі полиция, бұрынғылардан бетер. Бұлардың адалдығына қалай сенуге болады? Солардың создері арқылы әділет орнай ма? Дұрысты бұрыс, бұрысты дұрыс етіп көрсеткен адам әділ болмайды, залым болады. Қатесіз адам болмайды. Бірақ ұзақ уакыт бойғы қоғамдағы жақсылықтары оның кемшіліктерін жуып кетпей ме? Ал құйтырқы әрекеттер арқылы сол кемшіліктер бір уақытта бір адамның ойынан шығып жаткандай етіп көрсету арқылы, ол адам ауыр жазаға лайық деген пікір қалыптастыруға болады. Ал бұлай ету-үлкен зұлымдық. Енді он бір жарым қылмысымды санап берейін. (Сілтеме )*Сілтеме: Автордың ұстанымдарына қатысты жерлер енгізілді. Толық мағлұмат

57ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІБІРІНШІ ҚЫЛМЫС: Былтыр, Парламенттік басқару жүйесі орнаған кезде, министрлік арқылы шығыстағы руларға елу-алпыс телеграмма жібердім. Мағынасы былай еді, парламенттік басқару және ата заң деген нәрселелерді естіген болсаңыздар, нағыз әділ және шариғатқа сай кеңес сол болмақ. Жақсы қабылдаңыздар. Сақтап қалуға тырысыңыздар. Бұ дүниелік даму парламенттік басқару жүйесі арқылы болмақ. Диктатурадан ең көп зардап шеккен бізбіз. Бұл телеграммаларға жан-жақтан жақсы жауаптар келді Демек Шығыс аймақтарға ескерту жасап, олар қамсыз отырғанда тағы бір диктатуралық режим орнауына жол бермедім “Маған не керегі бар” демедім. Демек, қылмыс жасаған болғаным ғой. Осы сотқа тартылдым.ЕКІНШІ ҚЫЛМЫС: Айя Софияда, Баязитте, Фатихте, Сүлейманиеде ғұламалар арасында да шәкірттер арасында да сөз сөйлеп, шариғаттың және парламенттік басқарудың шын мағына-ларын түсіндіріп бердім. Өзім білемдікке салатын диктатурының шариғатқа қатысы жоқ екенін жеткіздім. Хадисінің сырына орай, шариғат бұл әлемге диктатура мен күштеп билеп-төстеуді тоқтату үшін келген. Қай жерде не айтсам да оларға қарсылық білдірушілер болса, әр бір сөзімді дәлелдеп беруге дайынмын. Және былай дегенмін: “нағыз шариғаттың жолы, шариғатқа сай кеңестегі ақиқаттар.” Демек парламенттік жүйені шариғи дәлелдер бойынша қабылдадым. Басқа парламентшілдер сияқты біреуге еріп, шариғатқа қарсы деп ойламадым. Шариғатты оның жолына құрбам етпедім. Шамамның келгенінше Ғұламалар мен шариғатты Европаның бұзық ойларынан құтқаруға тырыстым. Демек қылымыс жасған болғаным ғой. Осындай жағдайға тап болдым. ҮШІНШІ ҚЫЛМЫС: Стамбулда жиырма мыңға жуық жерлестерім бар. Олардың көбі сауатсыз, аңқау жүк тасушылар. Кейбір партия мүшелері солардың сауатсыздығын алға тартып, шығыс аймақтардың атына кір келтіре ме? деп қорықтым. Осыған байланысты жүк тасушылардың жиналатын жерлерін, шәйханаларды араладым. Былтыр солар түсінетін тілмен парламенттік жүйені түсіндірдім. Сөздерімнің өзегі мынау еді: Диктатура күшпен алғысы келген адам, жоғарыда айтылған шығарманы оқысын.

58БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИбилеп- төстеу. Демократия әділдік, шариғатқа сай нәрсе. Падишах Пайғамбарымыздың әміріне мойынұсынып, соның жолымен жүрсе- Халифа. Біз де оған бағынамыз. Ал, Пайғамбардың соңынан ермей, зұлымдық жасаса, Патша да болса-қарақшы. Біздің жауларымыз-надандық, мұқтаждық, алауыздық. Бұл үш жауға қарсы өнер, білім, ауызбіршілік атты қарулармен соққы беруіміз керек. Бір жағынан алғанда біздің көзімізді ашып, дамуға итермелеген шынайы бауырларымыз Түріктермен және көршілерімізбен дос болып, бір жеңнен қол шығаруымыз керек. Жауласу жаман нәрсе, оған уақытымыз жоқ. Үкіметтің ісіне араласпаймыз, өйткені үкіметтегі іс жүргізудің қыр-сырын білмейміз. Міне сол жүк тасушылардың Австрияға қарсы (мен сияқты бүкіл Европаға қарсы) (Сілтеме ) *байкот жариялауына, осындай аласапыран заманда ақылды әрекет етулеріне сол насихаттардың әсері болды. Патшаға деген көзқарастарының түзелулеріне және байкоттар жариялау арқылы Европаға эканомикалық соғыс ашуларына себеп болдым. Демек қылмыс жасадым. Басым осындай бәлеге қалды.ТӨРТІНШІ ҚЫЛМЫС: Европа біздегі надандық пен фанатизмнің кесірінен шариғатты (Құдай сақтасын) диктатураға ыңғайлы деп білгендіктен, қатты қынжылған едім. Олардың ондай ойларын жоққа шығару үшін, Парламенттік жүйені шариғат атынан қолдадым. Басқа бір диктаторлық жүйе европалықтардың ойын растата ма деп қорықтым. Аясофия мешітінде бар күшімді салып, жан даусыммен депутаттардың алдында сөз сөйледім. Оларға былай деген едім! Парламенттік жүйені шариғатқа сай келетін жағымен қабылдап, солай түсіндіріңіздер. Әйтпесе жаңа бір жасырын, дінсіз диктатура өзінің лас қолымен арам ойларына қалқан қылып, берекелі нәрсені былғап тастауы мүмкін. Демократия шариғаттың әдептерінен шығып кетпеуі керек. Надандар мен қара дүрсін тобыр бетімен кетсе, дандайсып, нәпсіқұмарлыққа салынады, заңға бағынбай кетеді. Әділдік жолында төрт мәзхабты да назарға алыңыз. Сонда намаз дұрыс оқылады. Демократиялық принциптердің төрт мәзһабтың шеңберінен шығып кетуі мүмкін екендігін айттым. Сілтеме:Бір күні, ақ саусақ жанның біреуі Бәдиүззаманға өзінің біліміне сай киінуі керек екенін айтады. Бәдиүззаман оған «Сіз өзіңізше Австрияға бай-кот жариялаған боласыз да солардың жіберген қалпағын киесіз. Ал мен бүкіл Европаға байкот жариялап, рухани жақтан да материялық тұрғыдан да өз елімнің өнімдерін тұтынудамын» деп жауап берді.

59ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІМен бір шәкірт бола тұра ғұламаларға парыз болған істі мойныма алдым. Демек қылмыс жасаған болуым керек. Осындай таяқ жедім?БЕСІНШІ ҚЫЛМЫС: Газеттер, намысқа тиер мақалалар жазып, мұсылманға жараспайтын мінездерді көрсетіп, елдің санасын улауда. Мен де оларға қарсы мақалалар жарияладым. Айтқаным мынау еді: Ей журналистер! Әдебиетшілер әдепті болуы керек. Сонымен қатар Ислами әдептерді бойына сіңіре білулері керек. Олардың сөзі халықтың жүрегіндегілерге бейтарап болу керек. Баспасөз туралы заңды, біздің ар-ожданымыздағы діни сезімдер мен таза ниетіміз шығаруы керек. Ал сендер екі түрлі қате теңеу жасап, яғни ауылдық жерлер мен Стамбулды Европомен салыстырып, жұрттың ой-пікірін батпаққа тықтыңдар. Сонымен қатар адамдарды өзара жауластыру, кек алу сынды нәрселерді ояттыңдар. Әлі әріп танымайтын балаға жаратылыстар жайлы философиялық сабақтар беруге болмайды! Еркекке артист әйелдің киімі жараспайды. Европалық сезімдерді Стамбулда іске асыруға болмайды. Ұлт аралық ерекшелік-географиялық айырмашылық, ортаның өзгешілігі, уақыт пен ғасырлардың айырмашылығы сияқты. Біреудің киімі, екінші біреудің денесіне жараспайды. Демек Француз революциясын толықтай көшіріп әкеліп әрекет етуімізге болмайды. Қателік, көзқарастарды іске асыру мен жағдайдың не талап етіп тұрғанын ойламаудан шығады. Мен көп нәрседен хабарым жоқ, ауылдың адамымын, мынандай, құйтырқылықтың, арам ойын іске асырудың неше түрін білетін журналистерге насихат айттым. Демек қылмыс жасадым.АЛТЫНШЫ ҚЫЛМЫС: Үлкен жиындарда қаншама рет халықтың толқуын көрдім. Қарапайым халық саясатқа араласып кетсе елдің тыныштығын бұза ма? деп қорықтым. Түрікшені жаңа үйреніп жүрген шәкірттің тіліне жарасымды түрде сол толқып тұрған халыққа басу айттым. Баязитте студенттердің жиынында, Аясофия мәулітінде, Ферах театрында көтеріліп тұрған халыққа басу айтып, сабырға шақырдым, біршама тоқтаттым. Әйтпегенде тағы бір аласапыран жағдай болатын еді. Мен бір бәдәуи адаммын, мәдениетті адамдардың айлалы әрекеттерін біле тұра, солардың ісіне араласып кеттім. Демек қылмыс жасадым.ЖЕТІНШІ ҚЫЛМЫС: Итихад-ы Мұхаммеди (с.а.у.) деп аталатын ұйымның құрылғанын естідім. Мына қасиетті атты иеленіп жүргендердің біреуі болымсыз әрекет жасамас па екен деп қатты қорықтым. Кейіннен бұл қасиетті есім жайлы Сүхейл Паша, Шейх

60БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИСадых сынды мүбәрәк жандар тек қана ғибадат пен сүннеттерді орындау жолында пайдаланатындықтары жайлы түсіндірме жазыпты, деп естідім. Олар әлгі саяси ұйыммен байланыстарын үзіп кетті. Саясатқа араласпайтын болды. Бірақ тағы да қорықтым. Бұл ат баршаға ортақ, бұны меншіктеп, иемденіп алуға болмайды. Бір жағынан алғанда мен әр-түрлі діндар ұйымдарға (жәмиет) мүше сияқты көріне беремін ғой. Өйткені мақсаттарымыз бір. Осылайша мен де сол қасиетті ұйымның бір мүшесімін. Бірақ мен айтып тұрған және мүшесі болған Итихад-ы Мұхаммедидің анықтамасы мынау: Шығыстан Батысқа дейін, Оңтүстіктен Солтүстікке дейін созылып жатқан нұрлы арқанмен байланысып тұрған ұлы шеңбер. Қазір олардың үш жүз миллионнан астам мүшесі бар. Бұларды біріктіріп тұрған нәрсе бір Аллаһқа деген сенімдері. Аяттары иман. Мүше болушылар, Қалу бәләдан бері сол топқа кірген мүминдер. Аттары жазылған тізім – Ләуһ-у Махфуыз. Бұл ұйымның баспа сөзі барлық ислами кітаптар. Күнделікті газеттері ила-и Келиметуллаһты мақсат еткен барлық діни газеттер. Клубтары мен жиындары мешіттер мен медіреселер, зікірханалар. Орталығы Харамейн – Шарафейн. Мұндай ұйымның төрағасы Әлемдердің Мақтанышы (с.а.у.). Ұстанымдары – әркім өз нәпсісімен күресу. Яғни Мұаммед (с.а.у.) мінез-құлықтарынан үлгі алу. Пайғамбарымыздың сүннеттерін жаңғырту, басқаларға да сүйіспеншілік таныту,қолынан келсе насихат айту. Бұл ұйымның ұстазы Пайғамбарымыздың сүннеттері, заңнамасы-шариғаттың бұйрықтары мен тыйымдары. Қылыштары да нақты дәлелдер. Мәдениетті адамдарды жеңудің жолы, дәлелдей оытырып, көздерін жеткізу, мәжбүрлеу емес.Ақиқатты зерттеу, сүйіспеншілік арқылы болады. Жауласу-жабайылық пен қырсықтыққа қарсы жасалады. Көздеген мақсаттары да Ила-и Келиметулаһ. (Аллаһтың сөзін дәріптеу, асқақтату) Шариғаттың тоқсан тоғыз пайызы мінез-құлыққа (ахлах), құлшылыққа, ақыретке, кемелдікке қатысты, бір пайызы ғана саясатқа қатысты. Оны да басшылар ойласын. Қазіргі мақсатымыз сол нұрлы арқаннан ұстаушыларды құлшындырып, өз қалауларымен кемелдіктің жолына бастау. Аллаһтың сөзін асқақтатудың бүгінгі таңдағы бір жолы, материалдық жақтан даму. Міне мен осы ұйымның мүшесімін. Сол ұйымның ұлғая түсуіне әрекет етудемін. Бөлінушілікке себеп болатын партиялар мен саяси ұйымдардың сойылын соғып жүрген жоқпын...Қорытынды: Сұлтан Сәлімге бият еттім,оның Ислам бірлігі

61ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІжайлы пікірін қабыл еттім.Ал ол Шығыс аймақтарды Ислам бірлігіне шақырды. Олар қабыл алды, бият етті.Қазіргі Шығыста тұрып жатқан халық сол халық. Бұл мәселеде алдыңғы буын ағаларым: Шейх Жамаледдин Афғани, ғалымдардан Мысыр мүфтісі марқұм Мұхаммед Абдүх. Асыра сілтеуші ғалымдар, Али Суави,Қожа Тахсин және Ислам бірлігін қалаушылар Намық Кемал, Сұлтан Сәлім. Ол кісі бір сөзінде былай деген:Алтыбақан-алауыз болса елім,Қабірде де байыз тауып жата алман.Бірлік қана жауды жеңу шарасы,Ел бірлігі жүрегімнің жарасы.Яауыз Сұлтан СәлімМен екі мақсат үшін тырыстым.Біріншісі: Сол қасиетті атауды меншіктеуден,аясын тарылтудан сақтау және бұл аттың баршаға ортақ екендігін айттым.Босқа даурықтырмауға , алауыздық тудырмауға тырыстым.Екіншісі: Мына орын алған үлкен пәлекеттерге себеп болған топтардың арасындағы алауыздықты таухидты түсіндіру арқылы тоқтатпақ болдым. Өкінішке орай уақыт бұған мүмкіндік бермеді. Сел келді, мені де жұлып кетті. Бір өрт шыға қалса бір бұрышын болса да өшіремін деуші едім. Өкініштісі, молдалық киімімді де өрт шалды. Қуантарлығы маған беріліп жатқан атақ-даңқ жоқ болды.Мен бір қарапайым адаммын. Депутаттар мен сенаторлар ойлайтын шаруаны мойыныма алдым. Демек қылмыс жасадым.................................................................................................................................СЕГІЗІНШІ ҚЫЛМЫС: Әскерлер кейбір ұйымдарға мүше болуда. Янчарлардың сұмдық бүліктері ойыма келді. Қатты састым. Бір газетке быдай деп жаздым. Қазір ең қасиетті ұйым иманды әскерлердің ұйымы. Бүкіл мүминдер және кәсіби әскерлер, қатардағы жауынгерден бастап қолбасыға дейін сол ұйымның мүшесі болып саналады. Ал, бірлік, бауырластық, заңға бағыну, сүйіспеншілік және Ила-и Келиметтулаһ әлемдегі ең қасиетті ұйымның мақсаты. Бүкіл мумин әскер осы мақсаттың жолында. Әскер-орталық. Халық пен қоғам соларды қолдауы керек. Басқа ұйымдар, халық әскер сияқты өзара сүйіспеншілік пен бауырластыққа берік болуы керек.

62БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИАл Иттихад-ы Мұхаммеди (С.А.У) барлық мұсылмандарға ортақ, бәрін қамтиды. Жеке ұйым, топ, партия емес. Орталығы мен алғы сапы ғазилер, шәйттер, ғалымдар, мүршидтер. Бұған қайта мүше болатындай ешбір мұсылман (сарбазы да сардары да)оның сыртында жүрген жоқ қой. Игілік жасағысы келген кейбір ұйымдар өздеріне Иттихад-ы Мұхаммеди (С.А.У) деп жүрген болуы мүмкін. Оған мен араласпаймын. Өзім шәкірт бола тұра,ғалымдардың шаруасын мойыныма алдым.Демек қылмыс жасадым.ТОҒЫЗЫНШЫ ҚЫЛМЫС: Марттың отыз бірі күні болған сұмдық оқиғаға екі-үш минут ұзақтан қарап тұрдым. Әр-түрлі талаптарды естідім. Бірақ жеті түсті нәрсе қатты айналғанда ақ болып көрінетіні секілді, әр-түрлі талаптардағы бүлікшілікті мыңнан бірге түсіріп, қарапайым халықты анархиядан құтқаратын және жеке адамдардың қолында қалған саясатты мұғжиза түрінде сақтап қалған «шариғат» деген сөз ғана естілді. Істің насырға шапқанын түсіндім.Ешкімді тыңдар емес. Насихат айтудың пайдасы қалмапты. Әйтпегенде, әдеттегідей бұл өртті сөндірге тырысар едім. Бірақ, қара тобыр көп еді.Олар сауатсыз және аңқау. Менің де алдамшы атақ-данқым бар.Үш минуттан кейін ол жерден кетіп қалдым. Бақыркөйге бардым. Ондағы ойым, мені танитындар бұл іске араласып кетпесін болды. Жолыққандардың бәріне, бұл іске араласпаңдар дедім.Аз да болса араласқан болсам, үстімдегі кимім де, мен қаламасам да дүрілдеп кеткен атақ-даңқым да менің бұл іске араласқандығымды көрсетіп берер еді. Бәлкім Аястафанусқа дейін барып, “Харекет әскеріне” жалғыз да болсам қарсы тұрар едім, мәртше өлер едім. Дәлелдеп жатудың қажеті қалмас еді. Екінші күні өміріміздің өзегі саналар бір әскерден сұрап едім. – Солдаттар бетімен кетті, офицерлер солдаттың киімін киіп алыпты, деді. – Неше офицер өліпті деп, қайта сұрадым. – Төртеу-ақ, диктатураны жақтаушылар екен, Шариғаттың заң–дары сақталады деп, мені алдады. Газеттерге зер салсам, олар да бұл көтерлісті дұрыс деп суреттеуде. Бір жағынан мен де қуанып қалдым. Шариғаттың үкімдері толық орындалатын болды деп. Бірақ әскердің тәртіпке бағынбай кетуіне қатты өкіндім. Барлық газетке әскерге арнап үндеу жарияладым: “Ей әскерлер! Офицерлер бір күнә жасап, өздеріне зұлымдық жасады. Ал

63ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІсендер тәртіпке бағынбау арқылы отыз миллион Османлыға және үш жүз миллион мұсылман халыққа зұлымдық жасаған болдыңдар. Өиткені бүкіл Ислам әлемінің және Османлының ар-намысы, бақыты, діні, бүгінгі таңда сендердің тәртіпке бағынуларың арқылы сақталып тұр деуге болады.Өздерің шариғат талап етесіңдер ал, бұйрыққа бағынбау арқылы шариғатқа қайшы әрекет етесіңдер”. Мен олардың міндеттері мен батырлықтарын мақтадым. Елдің ой-пікірінің айнасы саналар өтірікші газеттер олардың мына істерін дұрыс етіп көрсетті. Менің мақтау сөздерім арқылы насихатым бір шама әсерлі болды. Көтерілістің басылуына септігі тиді. Әйтпегенде оңай болмайтын еді. Мен ғой, жындыхананы зиярат етіп шыққан адаммын, не шаруам бар, бұл істерді ақылдылар ойласын демегенім үшін қылмыс жасаған болдым. ОНЫНШЫ ҚЫЛМЫС: Қорғаныс министрлігіндегі әскерлерге жұма күні ғұламаларымен бірге бардым. Өте әсерлі сөздермен сегіз полкты сабасына түсірдім, бұйрықтарға мойынсұнғыздым. Насихаттарымның әсері кейін білінді. Айтқан сөздерімнің көшірмесі мінекей: “Ей бір Аллаһқа иман етуші әскерлер! Отыз миллион Османлы мен үш жүз миллион мұсылман–ның намысы, бақыты, діні бір жағынан алғанда сендердің бұйрыққа бағынып, бағынбауларыңа байланысты. Сендерді басқарып отырған офицерлер бір күнә жасау арқылы тек өзіне зиян берер болса, сендер бұйрыққа бағынбау арқылы үш жүз миллион мұсылманға зұлымдық жасаған боласыңдар. Өйткені бұйрыққа бағынбау – мұсылмандар арасындағы бауырластық сезімін әлсіретеді. Біліп қойыңдар, әскери бірлік – үлкен және жүйелі түрде жұмыс атқаратын фабрикаға ұқсайды. Ол жерде бір тетік өз бетінше әрекет етсе, фабриканың тас-талқаны шығады. Қатардағы жауынгердің саясатқа араласуына болмайды. Янчарлар бұған куә. Сендер шариғат дедіңдер, бірақ шариғатқа қайшы әрекет етіп, шариғат атына кір келтірдіңдер.Шариғат, Құран, Хадис, Хикмет, тәжрибе арқылы нақтыланған бір нәрсе бар. Ол, мұсылман басшыларға бағыну. Сендердің басшыларың (Улул әмір) ұстаздарың офицерлер.Мысалға, бір өнерлі инженер немесе тәжрибелі доктор бір күнә жасап қойса, медицинаға немесе инженерлік іліміне зияны тимейді. Сол сияқты жоғарғы білімді, әскери өнерге берілген, зиялы, отан сүйгіш мұсылман офицеріңнің бір қатесі үшін, бұйрыққа бағынбау арқылы, мұсылмандарға зұлымдық жасамаңдар! Өйткені бұйрыққа

64БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИбағынбау бір ғана зұлымдық әрекет емес, миллиондаған халықтың құқын таптау деген сөз. Өздерің де білесіңдер, бүгінгі танда Ислам дінінің байрағы сендердің қайратты қолдарыңда. Ол қолдың күші бұйрыққа бағыну мен тәртіпте. Өйткені, тәртіпті, бұйрық тыңдайтын мың әскер, жүз мың қарақшыдан артық. Жүз жылдан бері отыз миллион адам жасамаған, көптеген қан төгістер арқылы жасалатын мұндай төнкерісті сендер бұйрыққа бағыну арқылы қан төгіссіз жасадыңдар. Мынаны да айта кетейін; Отан сүйгіш зиялы бір офицерді жоғалту, рухани күшіңізді жоғалту болып саналады. Өйткені қазіргі күш, иманның күштілігінде, ақылдың алғырлығында. Кейде бір зиялы жан жүзге татиды. Шетелдіктер сендерді осындай мықты жақтарымен жеңіп кетуде. Қара күш жеткіліксіз! Қортынды: Әлемдердің мақтанышы болған Пайғамбарымыздың бұйрығын сізге жеткізейін: Жасасын Шариғатқа сай Демократия!Демек мен мұнша ғалымдар тұрғанда осындай маңызды шаруаны мойныма алдым Қылмыс жасадым...ОН БІРІШІ ҚЫЛМЫС: Мен Шығыстағы халықтың қиын жағдайларын көріп жүретінмін. Түсінгенім мынау болды: Бұ дүниелік бақытқа бір жағынан алғанда жаңа, мәдени ғылымдар арқылы қол жеткізуге болады. Ол пәндердін бір саласы ескіліктен арылған ғұламалар. Екінші бір бұлағы медреселер болуы керек. Сонда ғана дін ғалымдары жаңа ғылымдарға үйреніседі, оларды жатырқамайды. Өйткені ол жақтағы жартылай бәдәуи халықтың не істеп не қоятынын ғұламалар шешеді, солардың қолында. Осы мәселемен билік ордасына келдім. Ордадағы бас-басына би болған диктаторлар күдікпен, күмәнмен қарады. Қазір көбеймесе азайған жоқ.Диктаторлықты тақтан тайдырылған Сұлтанға жапты. (Қазір ол жоқ қой.) Ішкі істер министірі маған айлық ақша тағайындап, сыйлықтар берді. Мен қабыл етпедім. Қателік жасадым ба? Бірақ сол қателігім медреседегі білімді сылтауратып, дүниелік мал жинайтындардың әрекеттерін әшкерелеп, қайырлы нәрсеге себеп болды. Ақымақ саналдым. Түрмеге қамалдым. Мейірімді Сұлтанға бас имедім. Жеке басымның мүддесін ойламадым. Қазіргі ызыңдаған масалар мені күшпен емес сүйіспеншілікпен өз қатарына қоса алады. Бір жарым жылдан бері мұнда елдегі оқу-ағарту істерін қайтсем дамытамын, деп жүрмін. Стамбулда мұны талай адам біледі. Мен

65ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІбір шаруаның баласымын, осыншама нәрселерге оңай қол жеткізсем де шаруаның баласы ретіндегі пақыр жағдайымды сақтап қалдым. Жанымдай жақсы көретін шығыстағы тауларды тастап шығып, елімнің бақыты үшін жынды атанып, жындыханаға да түрмеге де түстім. Ал, парламенттік жүйе орнаған соң, азапты түрмеге қамалуыма себеп болған нәрселерді атқаруға тырысу арқылы үлкен қылмыс жасаған болуым керек, осындай аяусыз сотқа тартылдым. ЖАРТЫЛАЙ ҚЫЛМЫС:Ислам әлемінің орталығы, Халифаттың орталығы болған жерді қолынан шығарып алмау үшін, марқұм сұлтан Абдулхамид Хан Хазірет, өзінің қоғамдық істердегі қателіктерін түсінген шығар, сөз тыңдайтын шығар. “Ең дұрыс жол, бейбіт бітім жолы” ғой деген оймен, қазіргі жауласуларға қайнар көз, дәнек және мәселелерді ушықтырып жіберген нәрселерді жақсы нәрселер деп ойлағандықтан, марқұм сұлтанға газет арқылы былай дедім: Күңгірт Йылдыз (жұлдыз) сарайын университет жаса, жұлдыздай жайнап Шықсын. Ол жерге туристер мен жендеттердің орнына, ғалымдар мен мейірім періштелерін орналастыр. Ол жер жұмаққа ұқсасын. Жұлдыз сарайындағы халық саған сыйға тартқан байлықты, халықтың ең жаман ауруы болған надандық деген кеселді емдеу үшін үлкен діни университет ашып, өзіне қайтар. Зиялы халықтың сүйіспеншілігіне арқа сүйе. Сенің жақсы басқаруыңа халық кепіл болады. Бұл өмірден кейінгі ақыретті ойлау керек. Дүние-мүлік сені тастап кетпей тұрғанда сен оларды тәрік қыл! Өміріңнің зекетін о дүние жолында жұмса. Жұлдыз сарайы, не көңіл көтеретін, не білім жетілдіретін орын болуы керек. Ішінде не туристер қыдырып жүруі керек, не ғалымдар ғылыммен шұғылдануы керек. Берсең қолыңнан, бермесең жолыңнан алынуы керек. Қайсысы жақсы екенін ынсапты жандар айтсын. Мен бір кедей шаруамын патша ағзамға насихат айттым, демек қылмыс жасадым. Бұл қылмыстың жартысын айтатын уақыт әлі келген жоқ.(Сілтеме )*..................................................................................................................................Обал-ай, Өкінішті-ақ! Бізді бақытқа жетелер шариғатқа сай Сілтеме: Қалған жартысының уақыты он бес жылдан кейін келді. Автордың жиырма сегіз жыл бойы қамалуына себеп болған «Сиражуннурдың» соңындағы әңгімеге назар аударыңыз. Сол жарты қылмыстың не екенін түсінесіз.

66БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИдемократиялық өзгерістер, экономикалық дамудың қайнар көзі еді және Исламиятқа сай жаңа оқу жүйесіне халық өте құштар және соған сусап отыр еді. Асыра сілтеушілер мен демократиялық өзгерістерді қаламайтын қаскөйлер және өз ойларынша зиялы саналатындар, дінсіздер сияқты немқұрайлы әрекет етіп, өкінішке орай халықтың қалауына тосқауыл қойды. Бұл тосқауылды қоюшыларға тойтарыс берілуі тиіс, Отан үшін соны өтінемін.Ей Патшалар! Сардарлар! Мына он бір жарым қылмысқа мыңдаған адам куә. Мүмкін мұның кейбіреуіне Стамбулдың жартысы куә шығар. Осы он бір жарым қылмысымның жазасына ризашылығыммен қоса, он бір жарым сұрағыма да жауап талап етемін. Бұл жамандықтарымның орнын басар бір жақсылығым бар. Айтайын: Жұрттың ынтасын жойып, қуанышын басқан қаскөйлік пен жік-жікке бөліну, бір жаққа бұра тарту сезімдерін оятушы және осыларға себеп болар ұлтшылдықтың қалыптасуына жол ашушы, аты демократия, заты диктатура және «Иттихат және тараққи» деген атқа да кір келтіруші осы жердегі диктатураның бөлімшесіне де қарсы келдім.Кез келген адамның бір ойы бар. Жалпыны қамтыр бейбітшілік керек. Жалпылық кешірім керек. Бөле-жара қаралмауы керек. сонда ғана басқаларға шыбын-шіркей ретінде қаратар бөлінушілік тумайды. Мақтангершілік демеңдер! Біз шынайы мұсылманбыз. Алданармыз бірақ алдамаймыз. Мына дүние жолында өтірікке бой алдырмаймыз. Өйткені біз деп білеміз. Бірақ шариғатқа сай демократияға ант бергендіктен диктатураның қайсысына болса да (демократия деген ат алып, соның шапанын жамылып алған болса да) көрген жерде шапалақ ұрамын.Менің ойымша демократияның жаулары, демократияны мейірімсіз, оңбаған, шариғата қайшы етіп көрсету арқылы, ақылдасып шешудің де жауларын көбейтіп жатқандар. «Аты өзгерген нәрсенің заты өзгермейді». Адамның ең үлкен қателігі, өзін қателеспеймін деп ойлауы болғандықтан өз қатемді мойындаймын. Елдің насихатын қабылдамай, елге өз насихатымды қабылдатқым келді. Өз нәпсімді түзетпей жатып, басқаларды түзетуге тырысқандығымнан жақсылық жасауға итермелеу ісімнің әсері болмады. Аллаһтың бұл бұйрығының

67ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІқадірін түсіріп алдым. Тәжірибелер арқылы анық болған бір нәрсе – жаза айыптың нәтижесі. Бірақ кейде дәл сол айыпты істі жасамаса да басқа айыптары үшін жаза тартады. Адам кінәсіз бола тұра жазаға лайық болады. Аллаһ басына бәле орнатып, түрмеге тығады, әділетті іс жасайды. Ал сот оған жаза кесіп, зұлымдық жасайды.Ей, мұсылман басшылар! Бір құндылығым бар еді. Сол арқылы мұсылман халыққа қызмет еткім келіп еді. Бетімді қайтардыңдар. Мен қалмасам да өздігінен шығып кеткен атақ-даңқым бар еді. Сол арқылы қарапайым халыққа айтқан насихаттарым әсерлі болатын. Ол алдамшы атақтың жойылғанына қуанбасам өкінбеймін. Қазір мына өмірден жалыққандаймын. Егер өлім жазасынан тайсалмай, өлімнің бетіне күле қарамасам, мәрт болмай кетейін. Менің материалдық тұрғыдан сотталуым, сендердің моральдық тұрғыдан сотталуларың болмақ. Мұндай жағдай маған зиян бермейді, даңқ сыйлайды. Бірақ халыққа обал жасадыңдар. Өйткені насихатымның әсерін басып тастадыңдар. Екіншіден өздеріңе зиян. Өйткені жауларыңның қолындағы бір дәлелге айналдым. Менің бүкіл өлшемдерімді алдыңдар. (таразылап көрдіңдер) Ал, ең ықыласты деген адамдарыңды осылай зерттесеңдер қаншасы аман шығар екен.Егер демократия бір ғана топтың өзім білемдігінен тұратын болса және шариғатқа қайшы әрекет болса (Сілтеме ) Өйткені өтірікпен дос болу – өтіріктің нақ өзі. *Бұзғыншылықтың үстіне орнатылған, аты ғана демократия деп аталған нәрсе, бұзғыншылықтың нақ өзі. Демократия деген нәрсе, хақтың, турашылдықтың, бөліп жармаудың негіздеріне орнатылғанда ғана тұғырлы болады. “Отыз бірінші март оқиғасы” деп аталатын жай түскендей сұмдық дауыл, көптеген себептерге орай, қаншама қабілеттерді оятып кетті. Нәтижесі бүлік болғанымен, көтерілісшілердің аузына үнемі мұғжиза көрсетуші шариғат сөзі оралды. Бұл дауыл көп шығынға ұрындырмады. Сәуірдің ортасынан кейін газеттер айпталды.Осы оқиғаға себеп болған жеті мәселе мен жеті жағдайға назар аударылса, ақиқат анықталатын болады.Сілтеме:Яғни бүкіл әлем, жындар да адамдар да куә болсын, мен керітартпамын.

68БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ1. Тоқсан пайыз, Иттихат және Тераккиге (партияның аты) және олардың диктатуралық билігіне қарсы жасалған әрекет еді.2. Партиялар арасындағы тартыстарға себеп болған министрлерді ауыстыру еді.3. Қиянат жасалған Сұлтанды тақтан тайдыртпау еді.4. Әскерилердің сезімдері мен теріс ойларына бөгет болу еді.5. Қатты шуға айналған Хасан Фехми мырзаны өлтірген адамды табу еді.6. Қызметтен кеткендер мен полк сардарларын сыртқа теппеу, қолдау көрсету еді.7. Еркіндіктің азғындыққа айналып кетуіне жол бермеу, шариғаттың шеңберінен шығармау және қарапайым халық шариғатқа сай саясат деп білетін қысасқа қысас пен қол кесуді іске асыру еді.Бірақ батпаққа бата түсуде... тұзақтар құрулы еді. Қасиетті әскери бұйрыққа бағыну адыра қалды. Партиялардың жік-жік болып бөлінуі, жауласуы, дауласуы белең алды. Газеттер сөз сапырып, өтірік пен жалаға толып кетті. Жеті түсті шеңберді қатты айналдырса ақ болып көрінетініндей осы жеті талаптан, шариғаттың ақ түсі көрінді. Бүліктің алдын алды.Бар болмысыммен айтарым: Біздің дамуымыз ұлттық болмысымызға айналған Исламның дамуы және Шариғаттағы ақиқаттардың ортаға шығуы арқылы болмақ. Әйтпесе, өз жүрісінен жаңылысып, басқаның жүрісін де үйрене алмады дегеннің кебін киеді. Иә, бүкіл сезімдерімізді даңқты мұсылман халқымызға, ақыреттік сауаптарға, ұлтқа, Исламға қызмет етуге, отанды сүюге, дінімізді сүюге арнауымыз керек.Ей Пашалар, Сардарлар! Қылмыстарыма жаза, ал сұрақтарыма жауап талап етемін.Исламият – ұлы адамгершілік. Шариғат ең жоғарғы мәдениет. Ислам әлемі дәуіріміздің ең жоғарғы мәдениеті болуға лайық.Бірінші сұрақ: (Сілтеме ) Газеттердің алдауына еріп, шариғатқа *сай келеді деп біліп, жергілікті әдеттерге сүйеніп, жаппай дүрбелеңге араласып кеткен аңғал адамдардың жазасы не болмақ?Екінші сұрақ: Бір адам жылан бейнесіне енсе, немесе бір әулие қарақшының киімін киіп алса, немесе демократия диктаторлық қалыпқа кірсе, оларға соққы берген адамның жазасы не? Мүмкін олар шынында да жылан, қарақшы, диктатура шығар.Сілтеме:Бұл сұрақтар қырық-елу бейкүнә адамның босап шығуына себеп бол-ды.

69ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІҮшінші сұрақ: Диктатор бір ғана адам бола ма? Бірнеше адам диктатор бола алмай ма? Меніңше «Күш заңда болуы керек», әйтпесе диктатура көптеген бөлімшелерге бөлініп кетеді. Кландық топтар белең алады.Төртінші сұрақ: Бір бейкүнә жанды өлім жазасына кескен зиянды ма? Он қанішерді бостандыққа жіберу зиянды ма?Бесінші сұрақ: Материялдық қысым ғалымдар мен ойшылдарды жеңе алмағаны былай тұрсын алауыздық тудырып, араға іріткі салмай ма?Алтыншы сұрақ: Қоғамдық өміріміздің кені ұлттық ауыз біршілікті, бөле-жара қарауды тоқтатпай орнатуға бола ма?Жетінші сұрақ: Тең құқықтылықты ысырып қойып, заңды кейбіреулерге ғана жүргізу, сырт көзге заңды, әділ сияқты болып көрінгенімен теңдік жойылған жерде зұлымдық орнамай ма? Сондай-ақ ақталып, бостандыққа шығулары арқылы күнәсіз екендіктері көрініп жатқан қамаудағылардың басым бөлігі, бәлкім жүзден сексені бейкүнә бола тұра, мұны көрген жұртта оларға деген жаулық көзқарас пен кек алу пікірі тумай ма? Әскери трибуналға айтарым жоқ. Ұстатып отырғандар ойлансын.Сегізінші сұрақ: Белгілі бір топ басқалардан бөлініп шықса, жұрттың ең нәзік сезімдеріне тиісе-тиісе жұртты демократияға қарсы етіп көрсетсе және жұрт олардың өздеріне қойып алған демократ деген аттың арғы жағындағы қатаң диктатураға шүйліксе, бұған кім кінәлі?Тоғызыншы сұрақ: Бір бақша күтуші бақшаның есігін ашып, жұртқа рұхсат берсе, содан кейін шығын болғандығы түсінікті болса, бұған кім кінәлі?Оныншы сұрақ: Ой-пікір және сөз еркіндігі берілсе, содан кейін неше түрлі сыни сөздер айтылса, бишара халыққа оқ жаудыру үшін жасаған жоспар болып саналмай ма? Әйтпесе, басқа сылтаулармен мұны іске асыру ойға келмес пе еді?Он бірінші сұрақ: Жұрттың бәрі демократияға ант беруде. Негізінде аты бар, заты жоқ демократияға өзі де қарсы болса немесе оппозицияға қарсы үнсіз қалса, бұзған антының өтеуін өтеуі керек болмай ма?Ел өтірікші болып қалмай ма? Жұрттың адал ойы, өтірікші, жақсы-жаманды ажырата алмайтын болып саналмай ма?

70БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИҚорытынды: Қатаң диктатура мен өзім білемдік билік надандыққа арқа сүйеп, үкімін жүргізіп тұр. Диктатура мен тыңшылық рух күш біріктіріп алғандай. Мақсат Сұлтан Абдулхамидтен құтылу емес екен. Мақсат жұмсақ дара билікті, қатаң диктатураға айналдыру екен!Жарты сұрақ: Әлсіз бір дене масалар мен аралардың шаққанына шыдай алмай, солардан құтылу үшін асып-сасып жүргенде біреу, «мұның мақсаты масалар мен аралардан құтылу емес, алып арыстанды оятып, өзіне шабуыл жасатқызу» десе. Бұл сөзіне қай ақымақты сендіре алады? Сұрақтың екінші жартысын қоюға рұхсат жоқ.Ей Пашалар, Сардарлар! Бар даусыммен былай деймін: Газеттерде жарияланған мақалаларымдағы ешбір ақиқаттан танбаймын. Егер өткен шаққа, бақыт ғасырындағы шариғаттың әділ сотына шақырылсам, өзім жазған мақалаларымдағы ақиқаттарды жайып саламын. Әрі кетсе сол кезеңнің үлгісіне сай шапан кигізермін. Ал егер, болашаққа, үш жүз жылдан кейінгі даналардың сын сотына шақырылсам, тағы да сол ақиқаттарды қаз-қалпында, балғын түрінде ортаға қоямын. Кеңейіп кеткен жерлерін тарылтып, жыртылған жерлерін жамап жіберуім мүмкін. Демек, ақиқат өзгермейді. Ақиқаттар хақ . Халық оянды. Сөзбен алдау ұзаққа созылмайды. Ақиқат деп ойлаған қияли нәрселердің өмірі қысқа. Халықтың ой-пікірі қарқынды дамуда, сөзбен алдау доғарылып, ақиқаттар анық көрінетін болады. ИншаАллаһ.Сендердің азапқа салар түрмелеріңнің жағдайын айтайын. Заман жан түршіктіреді. Мекен қорқынышты. Тұтқындар үрейлі, газеттер өтірікші, ақыл-ой әбден шатасқан, көңіл мұңлы, ар-ождан уайым мен қайғыға бой алдырған, қызметшілер мейірімсіз, күзетшілер зеріккен. Менің ар-ожданым мені мазаламаған соң, мұндай жағдай маған қызық болып көрінді. Қиыншылықтардың әр түрлі болуы (өзгеруі) маған музыкалық әуендердің әр түрлі болатыны сияқты көрінетін. Өткен жылы жындыханада алған сабақтарымды енді осы мектепте аяқтадым. Қиыншылықтар ұзаққа созылғандықтан, сабақтарым да ұзаққа созылды. Бұ дүниенің рухани ләззаты болған бейкүнә жанның жапа шегуі «Әлсізге мейіріммен, залымға жиіркенішпен қарау» деген сабақты үйретті. Көптеген бейкүнә жандардың ішін қайнатып,

71ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІкеуделерін жарып шығып, ах ұрғызып жатқан бу, мейірімді бұлтқа айналады деп үміттенемін. Ислам әлемінде жаңадан ту көтеріп жатқан мұсылман мемлекеттердің көбеюі арқылы мейірім бұлты да қалыптасуда.Егер мәдениет дегендерің абырой таптар шабуылдарға, араға от тастар жалаларға, найсаптардың кек алу ойларына, шайтанша сөз сапыруға, дінге немқұрайлы қарай беруге ыңғайлы орын болса, жұрттың бәрі куә болсын «Мәдениеттің бақыт Сарайы» деген айдар тағылған мұндай арам ойлар жайлаған қаладан, Шығыстың нағыз еркін жатқан тауларындағы жабайы тірлік шатырларын артық санаймын. Өйткені мына «мимсіз» мәдениеттен таба алмаған еркін ой, сөз еркіндігі, жақсы ниет, ақ жүрек Шығыс Анадолының тауларында қаймағы бұзылмаған күйінде тұр.Менің білуімше әдебиетшілер әдепті болушы еді. Кейбір әдепсіз газеттерді жаман ойларды жаюшылар деп білемін. Егер әдептілік деген осындай болса, көпшіліктің ойы сан-сақта жүрсе, сендер куә болыңдар мұндай әдебиеттен бас тартамын. Бұларға қосылмаймын. Өз елімнің биік тауларында, яғни Башиттің басындағы жансыз табиғи суреттерді газеттерден де артық көріп, тамашалаймын, соларды оқимын. Біздер фейз алар аспан, кіріптарлықтан жоғары.Қажеті жоқ дәреженің төмені де биігі,Жеткілікті Аллаһ беріп, жарылқаған сыйлығы.Үміттеніп, таусылмайтын армандардан бас тарттым.Мәжнүн болдым, бірақ енді Ләйліден де бас тарттым.Ескерту: Менің мәдениеттен бас тартуым сендерді ойландыратын болар. Мұндай диктатурамен, азғындықпен, қызыққұмарлықпен біте қайнасып кеткен мәдениеттен бәдәуилік өмірді артық көремін. Мына мәдениет елді кедей, қызыққұмар, арсызға айналдырады. Бірақ шын мәдениет адамзаттың дамуына, кемелденуіне, адамның болмысына, жаратылысына сай әрекет етуіне себеп болатындықтан, осы жағынан алғанда мәдениетті болуға тырысу, шынайы мағынада адамгершілікке ұмтылу.Сондай-ақ демократиялық басқару жүйесін қолдауым, соны қалауымның себебі: Азия мен Ислам әлемінің келешектегі дамуының бірінші баспалдағы шариғатқа сай демократиялық жүйе және шариғат шеңберіндегі еркіндік.

72БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИИә, өрлеу де құлдырау да Исламның бақытының кілті де демократиялық кеңес. Ал, үш жүз жетпіс миллион мұсылман осы уақытқа дейін, шет елдіктердің рухани диктатурасының табанына жаншылуда. Енді, әлемде әсіресе Азияда Ислами билік нығайған кезде, әрбір мұсылман сол биліктің кішкентай бір бөлшегіне ие бола алады. Демократия үш жүз жетпіс миллион мұсылманды құлдықтан құтқарудың бірден-бір шарасы. Тіпті қазір осы жерде сол демократияны қалыптастыру жолында жиырма миллион адам зиянға ұшыраса да, садаға кетсін. Жиырма беріп, үш жүз ұтамыз.Обал-ай, өкініштісі сол, біздегі ұлттар, топтар ауа сияқты ыдыраңқы. Судай біте қайнасып жатқан жоқ. Инша Аллаһ Ислам ақиқаттарындағы энергия арқылы бірігіп, Ислами білімдердің нұрынан күш-қуат алып, әділеттің орта жолын ұстанатын болады. Шариғатқа сай демократия жасасын! Шариғаттағы ақиқаттардан сабақ алған еркіндіктің таңы жарқырай берсін!Диктатураның ҒарибуззаманыДемократияның БәдиүззаманыҚазіргі биліктің БидғатуззаманыСаид Нұрси* * * * *Осы оқиғалардан кейін Стамбулда көп қала алмайды. Батуми арқылы Ванға кетіп бара жатып, жолай Тбилисиге соғады. Сол жерде Шейх Санан төбесіне шығып, айналаға зер сала қарап тұрғанында қасына орыс полицейі келіп:- Неге мұнша тесіле қарап тұрсың? – дейді.- Медресемнің жобасын жасап тұрмын.- Қай жерденсің.- Битлистенмін.- Бұл жер Тифлис (Тбилиси) қой.- Битлис пен Тифлис бауыр емес пе?- Не деп тұрсың?- Азияда, Ислам әлемінде бірінен соң бірі үш нұр туады. Сендерді үсті-үстіне үш зұлмат қараңғылық басады. Мына диктатуралық режим тас-талқан болады. Сол кезде мен де келіп, осы жерге медресе ашамын.- Айтады екенсің! Дәмеңнің зорына таң қалып тұрмын.

73ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ- Мен де сенің ойыңа таң қалып тұрмын. Мына қыс осы қалпы жалғаса береді деп ойлайсың ба? Әрбір қыстың артынан көктем келеді. Түн артынан таң атады.- Мұсылмандар бөлініп-бөлініп кетті ғой.Бәдиүззаман: Білім алуға кетті. Үндістан - Исламның қабілетті бір баласы. Ағылшынның дайындық курсында сабақ алып жатыр. Мысыр - Исламның зерек бір перзенті. Ағылшынның басқару мектебінде сабақ алуда. Кавказ бен Түркістан - Исламның екі батыр ұлы. Орыстың әскери академиясында оқып жүр...Осы асыл текті перзенттер дипломдарын алғаннан кейін әр қайсысы бір-бір құрлықты басқарып, ардақты да әділ әкелері Исламның ақ туын кемелдіктің көкжиегінде желбіретіп, мына заманға қарсы жүретін болады. Адамзаттың жаратылу сырлары мен хикметтерін әлемге паш етеді.* * * * *Ванға барған соң жергілікті ру-тайпаларды аралап әлеуметтік, мәдени, ғылыми сабақтар жүргізіп, ағарту жұмыстарымен айналысады. Сол кезеңдерді суреттейтін сұрақ-жауап түріндегі «Мүназарат» атты кітабы жарық көрген еді.Бәдиүззаманның сол кездердегі бір жағынан саясатшылармен, екінші жақтан қарапайым халықпен етене араласып, шүйіркелесіп, әңгіме-дүкен құрып отыруы назар аудартады. Бұлардың бәрінен де, Ол кісінің бір ғана және ең үлкен мақсаты Ислам нұрының, Құран ақиқаттарының бүкіл әлемге жайылуы екендігі және өзін сол жолға арнағандығы көрініп тұрады.* * * * *Бәдиуззаманның Шығыс Анадолыдағы ру-тайпалар арасындағы әңгіме-сұхбаттарынан бірнеше мысал:Сұрақ: Басқа қандай жағдай болса да, дінге зиян тимесе болды ма?Жауап: Ислам, Күн секілді, үрлегенге сөнбейді: Күндізгідей жарық, көз жұмғанмен түн бола салмайды. Көзін жұмған адам өзіне ғана қараңғылық орнатады.

74БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИДінді қорғап, соған қызмет етуді шарасыз басшыларға, жағымпаз қызметкерлерге, шолақ ойлы офицерлерге тапсырған дұрыс па? Әлде халықтың санасына әбден сіңген, ислами сезімдердің қайнар көзіне айналған иман нұрының мызғымас тіреулері мен алмас қылыштарына тапсырған дұрыс па? Өздерің салыстырып көріңдер. Иә, сол нұрлы тіреулер діннің жүгін арқалайтын болады. Көріп отырғандарыңдай неше түрлі сәулелер жарқылдай бастады. Ақырын-ақырын өзіне тартып жатыр. Діни сезімдер, әсіресе хақ діннің сөзі өтімді, үкімі жоғары, әсері күшті болатынын ғылым нақтылай түсуде.Егер маса ызыңын тоқтатса, бал арасы гуілдемей қалса, сендердің көңілдерің түспесін. Еш уайымдаушы болмаңдар. Өйткені бүкіл әлемді әуенмен тербеткен, ақиқаттардың сырын бір жүйеге келтірген Илаһи әуен тоқтамайды. Үнемі күмбірлеп тұрады. Падишаһтардың Патшасы, Мәңгілік Сұлтан, Құран атты Илаһи әуенмен бүкіл әлемді әнге бөлеп, аспан деп аталатын күмбездің астын жаңғыртып, Асхаб-ы Кеһфтің үңгіріндей болған ғұламалар мен машайыхтың, орақ ауыз шешендердің зейіні мен көкірегінде және тілдерінде қайта жаңғыртып, солардың тілдері арқылы алуан түрлі күмбірмен дүр сілкіндіріп, сол дыбыстардың денеге айналған түріндей болған бүкіл Ислами кітаптарды домбыраның бір шегіндей, заңдардың бір тармағындай етіп қойған және әр бір шектің Жаратушыны жар салып тұрғандығын, аспани, рухани дауыстарды көкрегімен ести алмаған, тыңдай алмаған жан ондай күмбірлермен салыстырғанда масаның ызыңындай болған бір бастықтың бақырып шақырғанын және қара шыбындай қызметкерлердің ызыңдарын ести ала ма?Сұрақ: Демократиядағы еркіндікті біреулер былай түсіндірді. «Демократиялық қағидалар бойынша адамдар ойына келген арсыздықтар мен нәпсіқұмарлыққа барса да ешкім еш нәрсе демейді екен, біреуге зиян тигізбесе болды» - дейді ғой. Сол рас па?Жауап: Ондайлар демократиялық еркіндікті емес, өздерінің нәпсіқұмарлықтары мен арсыздықтарын жариялауда. Баланың сылтау айтуы секілді сандырақ. Ал нағыз еркіндік – әдептілікті шариғаттан үйреніп, кемелдене түсу. Ал, азғындық пен арсыздыққа бастайтын еркіндік – еркіндік емес, хайуандық. Шайтанның жетегінде кетіп, нәпсіге құл болу. Еркіндік – өзіне де, өзгеге де зиян тигізбеу.Ей көшпенділер! Сендердегі азаттық – жартылай азаттық. Екінші жартысы басқаның еркіндігіне қол сұқпау. Сендердегі азаттық-өлмес тамақ табу мен жартылай жабайылық араласқан азаттық.

75ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІМұндай азаттық өздерің осы тауда бірге өмір сүріп жатқан малда да бар. Бұл бишара хайуандарға рахат, ләззат сыйлайтын да осы еркіндік. Алайда, күндей жарқын, рухты тәнті етуші адамгершіліке лайық еркіндік – мәдениеттің бақыт сарайында біліммен сусындаған жоғарғы құндылықтарға қол жеткізіп, Ислами тәрбиемен безенген еркіндік болмақ.Сұрақ: Тәуелсіз болу - имандылықтың белгісі дейді. Мұны қалай түсінеміз?Жауап: Иман етіп, Аллаһқа қызметші болған адам басқаның зорлық-зомбылығына көніп, езгісіне түспейді. Сондай-ақ, имани мейірім басқа біреудің құқын таптауға жол бермейді.Патшаның жөні түзу қызметкері, қойшыны басынуға бара қоймайды. Бір бейшараны басынбайды. Демек иман қаншалықты кәміл болса, азаттық та соншалықты жарқырай түседі. Бақытты ғасыр дегенің сол.Сұрақ: Бір ұлы тұлғаның алдында, әулиенің шейхтің, ғұламаның алдында қалай еркін бола аламыз. Олардың жоғарғы қасиеттері біздің мысымызды басса несі сөкет. Біз олардың өнегесінің тұтқыны емеспіз бе?Жауап: Әулиеліктің, пір болудың, ұлылықтың сәні – кішіпейілділік. Тәкәббарлық, басынушылық емес. Тәкәббарлық танытса үлкендік емес, білгендік емес балалық. Ондайларға сендер де ұлы тұлға деп қарамаңдар.Сұрақ: Бізге жұбаныш сыйлаған мына асқақ үмітті, үмітсіздікке айналдырып жіберетін және өмірімізді улап, елімізді бөлшектеп жібергісі келіп, аузын арандай ашқан жыландарды қайтеміз?Жауап: Қорықпаңдар, мәдениет, фазилет және азаттық адамзат әлемінде жеңіске жете бастағандықтан, таразының екінші басы қаласа да қаламаса да ақырын-ақырын жеңілдей береді. Аллаһ бетін аулақ қылсын, егер біздің бөлшек-бөлшегімізді шығарып, өлтіре қалған күннің өзінде, сенімді болыңдар, жиырмамыз өлсек, үш жүз болып тірілеміз. Басымыздан ұятқа қалдырар нәрселер мен алауыздықтың шаңын сілкіп тастап, нағыз зиялы, ауыз біршілігіміз мол жағдайда адамзаттың керуеніне көшбасшы боламыз. Біз ең әдемі, ең жоғарғы дәрежедегі өмірге жол ашар өлімнен қорықпаймыз. Біз өлсек те Исламият аман қалады. Сол қасиет дарыған халқымыз аман болсын!

76БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИСұрақ: Мұсылман еместермен қалай тең боламыз.Жауап: Теңдік, жоғарғы дәреже, даңқта емес, құқықта. Құқық бойынша, хан да қара да бірдей. Шариғатымыз «Біле тұра құмырсқаны да баспаңдар» деп, олардың өзін қиын жағдайда қалдыруға тиым салып тұрғанда, Адам баласының құқын қалай таптайсың? Құдай сақтасын біз ондайға бармаймыз.Иә, Имам Алидің қарапайым бір яһудимен соттасуы және мақтанышымыз саналар Салахаддин Аюбидің жарлы христианмен соттасуы, сендердің мына қате түсініктеріңді түзетер деп ойлаймын. (Сілтеме )*Өйткені, демократия халықтың қамын ойлайды, билік халықтың қызметшісі. Егер демократия дұрыс жүретін болса, әкім мен уәли би емес, жалақыға жалданған қызметкер ғана болады. Мұсылман емес адам басшы, би болмайды, бірақ қызметкер бола алады. Мысалға мемлекеттік қызметкер белгілі бір дәрежеде бастық – би дейік. Мұсылман емес үш мың адамды бастық етіп сайлау арқылы Әлемнің түкпір-түпкірінде үш жүз мың мұсылманның әкім болуына жол ашылады. Бір жоғалтып, мың ұтқан зиян шекпейді.Отыз бірінші март оқиғасы жайлы айтқан бір жауабы.Мен Отыз бірінші март оқиғасында мынаған жақын бір жағдайға куә болдым. Исламияттың демократияшыл және еңбекқор жанашырлары, өмірдің асыл тасындай көрген демократиялық нығметтерді шариғат арқылы іске асырып, билікті әділет жолынан айнымауға шақырды. Қасиетті шариғатты демократияның күші арқылы көтеруге және демократияны шариғаттың күшімен тұрақты етуге және бұрынғы кемшіліктер мен күнәлардың шариғатқа қарсы әрекет етуден туындағанын түсіндіруге және осыны іс-жүзінде дәлелдеуге тырысты. Кейінірек оңы мен солын ажырата алмайтындар, шариғатты диктатураға ыңғайлы деп ойлап, тоты құстай қайталап, «Шариғат керек» деп сайраған кезде, шынайы мақсат түсініксіз болып Сілтеме: Бұрынғы Саид Нұрдың жарқын қасиеттерінен туындап жатқан зор үміт пен шаттықтың арқасында саясатты Ислам жолында пайдаланып, еркіндік жолында қызу іске кірісіп жатқанда, бір жағынан, алдын ала сезу қасиеттері арқылы да аса қорқынышты дінсіз диктатураның келетінін бір ха-дис шәріптің мағынасы арқылы түсініп, елу жыл бұрын хабар берген. Саидтың жұбаныш берер хабарларын әлгі диктатура жиырма бес жыл бойы жоққа шығартатынын сезіп, отыз жылдан бері деп са-ясатты тастап, Бүгінгі Саидқа айналған еді.

77ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІқалды. Онсыз да жоспарлар құрылған екен. Сол кезде отаншылдық бетпердесін тағып алғандар, қасиетті атауға қиянат жасады. Ғибрат алар қара дақ осы.(Сілтеме )*................................................................................................................................Шынтуайтына келгенде, тегі мұсылман бір адамның ақыл-ойы Исламияттан алыстап кетсе де, ішкі болмысы мен ар-ожданы Исламнан безбейді. Ең азғын-ақымақтың өзі арқа сүйер қорғанымыз болған Исламға бар болмысымен жақтасады. Әсіресе, саясаттан хабары барлар жақсы біледі... Сонау Бақыт ғасырынан бері бір де бір мұсылманның саналы, дәлелді түрде басқа дінді қабылдаған кезі болмаған. Діннен безгендер болған. Ол басқа мәселе. Еліктеушілер мән беруге тұрмайды. Ал басқа діннің өкілдері саналы түрде, дәлелдерге сүйене отырып, топ-тобымен Исламға кірген. Егер біз нағыз Исламды және Исламға лайық түрдегі дұрыс бағытты көрсете алсақ, олар бұдан кейін де топ-тобымен Ислам дінін қабылдайтын болады.Тарих мынаны да көрсетіп беріп отыр: Мұсылмандардың дамуы, өз дініне беріктігіне тікелей байланысты. Басқалардың дамуы, діндерінен қаншалықты алыстауына байланысты. Ақиқатына келсек, адам баласы дінсіз өмір сүре алмайды. Көзі ашық, адамгершілікті түсінген, болашақтан, мәңгі өмірден үміті бар адамның дінсіз өмір сүруі мүмкін емес. Ал, көзі ашық жан, әлемдегі қыспақтарға қарсы және шексіз арман-тілектерінің орындалуын қалайды. Сондай-ақ, арқа сүйер тірекке, яғни хақ діндегі ақиқаттарға қол жеткізбесе өмір сүруі қиынға соғады...Сондықтан кез келген адам хақ дінді табу жолында ізденеді. Бұл адамзаттың болмысына сай діннің Ислам екендігіне дәлел.- Ей, найсап, арсыздар! Бүкіл әлемді құшағына алып, біріктіретін, қамқор болатын, нұрға бөлейтін ерекшеліктерге ие Ислам ақиқаттарын қалай азсынасыңдар? Кедей-кепшікке, кейбір бірбеткей молдаларға меншіктеп беріп, мұсылмандардың жартысын сыртқа тепкілерің келеді. Бүкіл кемелдіктердің кені, адамзаттың бүкіл сезімдерінің нәрі болған Исламды кедей-Сілтеме:Барма, абай бол, жаны ашығандар ол оқиғалар кезінде үнсіз қалды. Қастық ойлаған газеттер, нағыз еркіндіктің үнін шығартпады. Демократия азғантай адамның мойнына артылды, қолдаушылардың басы бірікпеді.

78БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИкепшіктер мен бәдәуилердің, дамудан кенже қалған адамдардың діні деп ойлайсыңдар. Иә, әркім өз айнасынан көргендеріне сенеді. Демек, сендердің айналарың солай көрсетіп тұр.Сұрақ: Қатты кеткен жоқсың ба? Қиялыңдағыларды ақиқат деп тұрсың ау? Бізді надандар деп қорлап тұрсың. Қазір ақырзаман емес пе? Барған сайын бұдан да жаман болады.Жауап: Бұл дүние басқалардың даму алаңы болады да, бізге келгенде құлдырау шұңқырына айнала ма? Олай болса, мен де сендермен сөйлеспеймін!Мына жаққа қарап, болашақтың адамдарымен сөйлесейін. Ей, үш жүз жылдан кейінгі асқақ ғасырдың артында бізге көрінбей Нұрлы Сөздерді үнсіз тыңдап, бізді ғайыптан тамашалап тұрған Саидтар, Хамзалар, Омарлар, Оспандар, Тахирлер, Жүсіптер, Ахмедтер және басқалар! Сіздерге айтам. Бастарыңды көтеріп, сөзіме құлақ түріңдер. Мына замандастарым мені тыңдамаса, тыңдамай-ақ қойсын. Тарихтың терең қатпарларынан сымсыз телефон арқылы сендермен сөйлесейін. Қайтейін! Асығыстық жасап, қыста келдім. Сіздер, жұмақтай құлпырған көктемде келетін боласыздар. Қазір егілген Нұр дәнектері сол жерлерде гүл ашатын болады. Өз қызметіміздің ақысына сізден сұрайтынымыз, өткен шақтың ауылына өтер кезде, мазарымызға соға кетіңдер. Сол көктемнің сыйлықтарынан бірнешеуін медресемнің мазар тасындай болған(Сілтеме ) және сүйегіміз жатқан Хор хор өлкесінің *қарауылындай болған қамалдың қабырғасына таға кетіңдер. Қарауылға ескертіп қоямыз, бізді шақырыңдар. Мазарымыздан деген дауыс естисіңдер.Бір кезеңнің омырауын еміп, бізбен емшектес болған, ал көздері өткен шақта, ақыл-ойлары өздері сияқты қасиетсіз балалар, мына кітаптың (Сілтеме ) ақиқаттарын қиял деп ойлайды. Ал мен ол **кітаптағы мәселелер мен ақиқаттар сіздер арқылы ортаға шығатынын білемін.Сілтеме*: Медресетуз Зехранның Вандағы үлгісі ретіндегі, кейін қирап кеткен Хор хор медресесінің мазар тасы іспетті Ван қамалы.Сілтеме**:Келешекте жазылар Рисалей-Нұр жинағын алдын ала сезу қабілеті арқылы сезіп, содан хабар беріп отыр.

79ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІЕй мені тыңдаушылар! Мен қатты айқайлаудамын. Өйткені он үшінші ғасырдың мұнарасына шығып алып, мәдени көрінетін, дінге немқұрайлы, ақыл-ойы өткен шақтың ең терең шұңқырында жүргендерді мешітке шақырудамын. Ей, екі дүниенің рухындай болған Исламиятты тастап, екі аяқты қозғалатын мазарға айналған бейбақтар! Келешек ұрпақтың есігінде тұрмаңдар. Сендерді мазар күтіп тұр. Былай тұрыңдар. Бүкіл әлемге Ислами ақиқаттардың туын желбіретер жаңа ұрпаққа жол беріңдер!Сұрақ: Бұрынғылар бізден артық болды. Кем дегенде, біз құрлы еді. Бізден кейінгілер бізден әлдеқайда төмен болады емес пе?Жауап: Ей, Түріктер мен Күрдтер! Егер қазір бір жиын ұйымдастырып, сіздердің мың жыл бұрынғы аталарыңыз бен екі жүз жылдан кейінгі ұрпақтарыңызды шақырсам.Оң жақтағы сапта тұрған аталарыңыз. «Өй, атадан қалған мирасты жеп масыққан ерке тотайлар. Өміріміздің нәтижесі сендерсіңдер ме? Бізді жерге қараттыңдар!»- демей ме?Ал сол жақта тұрған болашақтан келген ұрпақтарың, аталарыңның сөзін қостап, «Өй, жалқау әкелер! Мына даңқты аталарымызбен байланыстырып тұрған сіздер ме? Қасиеттен жұрдай, бұзғыншы екенсіздер ғой!» дер еді. Көріп отырсыңдар ғой бұл жиынға қатысып тұрған екі жақ та сендерге қарсы.(Жауаптардың жалғасы)Олай болса менің де айтарым мынау: Сендердің бойларыңда батылдық бар. Белгілі бір пайда, намыс, абырой жолында немесе “Мынау жігіт“ екен деген сөзді есту үшін немесе өз төресінің абыройын көтеру үшін өмірін қиып жіберуге дайын жандардың көкірек көзі ашылса, мұсылман халқы үшін (Сілтеме ) яғни үш жүз *миллион Мұсылманның бірлігі мен бауырластығына ұйытқы болып, рухани жараларына дауа болып тұрған Ислам жолында мың жаны болса да қиып жібермей ме? Он тиындық нәрсе үшін өмірін қиған адам, он теңге үшін қуана-қуана қияды...Өкінішке орай, біздегі жақсы нәрселердің бәрі мұсылман еместердің қолында кетті. Жақсы мінезімізді де ғайри мүслімдер ұрлап әкетті. Ал, біз әлеуметтік, отбасылық мінез-құлқымыздың Сілтеме*: Халқымыз бір дене. Рухы Ислам, ақылы Құран мен Иман.

80БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИқадірін түсіріп, мән бермегендіктен олар бізді тастап, аналарға кетті. Ал, олардың кейбір арсыздықтары өз ішінде сұранысқа ие болмағандықтан біздің надандық деп аталатын базарымызда құны артып тұр.Тағы бір таң қалатын нәрсеге неге назар аудармайсыңдар? Дамудың негізі, ал шынтуайтында, Хақ діннің талабы «Мен өліп кетсем де елім бар, халқым бар» деген ой-тілекті де ғайри мүслімдер ұрлап кетті. Енді солардың жанкештілері «Мен өлсем де, халқым аман болсын, Рухани өмірім солармен бірге жалғасады»-дейді. Ал, барлық азғындықтар мен өзімшілдіктің негізі болған «Мен өлгеннен кейін дүниені топан су алса да, маған бәрібір» немесе сынды ақымақтық сөздер мен бұл дүниені ғана ойлайтын мінезіміз бізді жетектеп барады. Ал дін Исламның талабы - ең жақсы қасиет мынау болуы керек. Біздің ар-ожданымыз, ой-пікіріміз, рухымыз бар күшін салып, «Мен өлсем, Ислам деп аталатын халқым тірі, мәңгі жасай бермек. Халқым аман болсын. Маған ақыреттік сауап жетеді. Халқыммен бірге рухани өмірім жалғаса береді. О дүниеде де қуанышқа бөлейді. деп, жанқиярлықтың нұрлы жолбасшы–ларын үлгі тұтуымыз керек.................................................................................................................................Сұрақ: Бізге ең бірінші не қажет?Жауап: Турашылдық.Сұрақ: Тағы не керек?Жауап: Өтірік айтпау.Сұрақ: Одан кейінЖауап: Адалдық, тұрақтылық, ықылас, табандылық, бір-бірімізге демеу болуымыз керек.Сұрақ: Неге бұларды айттың?Жауап: Күпірліктің өзегі өтірік. Иманның өзегі шыншылдық. Өміріміздің жалғаса беруі Иман мен адалдықтың, өзара көмектің тұрақтылығы арқылы болатынына жоғарыда айтылған дәлелдер жеткіліксіз бе?

81ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІСұрақ: Әуелі басшыларымыз түзелуі қажет қой.Жауап: Иә, басшыларың мал-мүліктеріңді қалталарына салып алғанындай, ақыл-естеріңді де тартып алыпты немесе сыртқа шықпастай етіп бас сүйектеріңе қамап тастаған екен. Олай болса солардың қолындағы ақыл-естеріңмен сөйлесейін:Ей, жұмыр бастылар мен басшылар! Жалқаулыққа салынып алып, тәуекел деп жатудан сақтаныңыздар! Анау істейді ғой, мынау істейді ғой дегенді қойыңдар. Қолдарыңдағы байлықты, бастарыңдағы ақылды халыққа қызмет ету үшін жұмсаңдар. Өйткені мына бұқараны жұмысқа салу арқылы еңбек ақыларыңды алып отырсыңдар.қазір еңбек ететін, қызмет көрсететін уақыт.................................................................................................................................Қорытынды: Мұсылмандар оянды (Сілтеме ) және оятып жатыр. *Жақсыны жақсы, жаманды жаман қалпында көре бастады. Осы аймақтағы руларды тәубеге келтірген сыр осы. Бүкіл Ислам әлемі осы қабілеттерге қол жеткізе бастады.Ал сіздер көшпенді (бәдәуи) болғандықтан, өз болмыстарыңыз бұзыла қойған жоқ. Сондықтан сіздердің болмыстарыңыз Ислам деп аталатын ұлттың болмысына жақын.................................................................................................................................Ел аралап жүргенімде мені танымайтындар киіміме қарап, саудагер деп ойлайтын болса керек.Саудагерсің бе деп сұрайтын.Жауап: Иә, саудагермін де химикпін де.Сұрақ: Ол қалай болғаны?Жауап: Екі затты араластырсам, біреуінен шипалы дәрі шығады. Екіншісінен жарық берер ток шығады.Сұрақ: Ондай заттар қайда бар?Жауап: Мәдениет пен кемелдіктің базарынан табылады. Маңдайында адам деген жазу бар, екі аяқты жүретін сандықтың Сілтеме: Иә, Бұрынғы Саидтың қырық бес жыл бұрын айтқан бұл сөздерін, Пакистан, Араб елдері өз тәуелсіздіктерін алу арқылы растады. Әлі де растай бермек.

82БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИішінде жүрек(қалб) деп аталатын кейбіреуі қап-қара, кейбіреуі брилианттай жарқыраған қорапшада жатыр.Сұрақ: Олардың аты не?Жауап: Иман, махаббат, адалдық, ізгілік!Жериде-и Сейяре ..Әбу лә-шей.. Ибн-үз Заман..Әһул-Ажаиб ..Ибн-үл Аммиүл-ғараиб Саид Нұрси.* * * * *Бір күні Ванан Шамға (Дамаскіге) келеді. Шам ғұламаларының өтініші бойынша Әмәуи мешітінде он мыңға жуық жамағатқа уағыз айтып, хұтба оқиды. Олардың арасында жүзден астам ғалым-ғұламалар бар еді. Бұл хұтба көпшіліктің көңілінен шығып, ризашылық тудырады. Кейінірек бұл хұтба «Хұтба-и Шамие» деген атпен жарық көрді.Хұтба-и Шамие Ислам әлеміндегі моральдық, материалдық кеселдердің қайдан шығып жатқандығын, не себепті мұсылман–дардың тәуелсіздіктен айырылып, қиыншылықтарға душар болып жатқандығын дөп басады. Бұдан құтылудың жолын көрсетеді. Ендігі жерде дүние жүзі мұсылмандарының моральдық-материалдық тұрғыдан дамитынын, Ислам мәдениетінің кемелдіктері ортаға шығып, әлемді былғап біткен лас нәрселерден тазартатынын ақылға қонымды дәлелдермен көрсетіп береді. Сүйінші хабар жеткізеді. Барлық мұсылмандарға және бүкіл адамзатқа құнды сабақ, тамаша хұтба. Бәдиуззаман Хұтба-и Шамиенің бас жағында былай дейді:Мен осы кезге дейін адамзаттың әлеуметтік өмірі деп аталатын медреседе тәлім алдым. Мынаны үйрендім. Шетелдіктердің, Еуропалықтардың дамып кетіп, болашаққа қарай зымырауы, ал біздің материалдық тұрғыдан орта ғасырда қалып қоюымыз алты түрлі кеселдің кесірі.1. Ішіміздегі үмітсіздік деп аталатын дерттің белең алып, жандануы.2. Саяси-әлеуметтік өмірде шыншылдықтың жойылуы.3. Дұшпандықтың қолдау табуы.4. Мұсылмандарды бір-бірімен байланыстырып тұрған нұрлы баулардан мұсылмандардың бейхабар қалуы.

83ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ5. Неше түрлі жұқпалы аурулар сияқты жайылып бара жатқан бас-басына би болу.6. Бас пайдасын қоғамдық мүддеден артық көру.Бұл алты дерттің дауасын қоғамымыздың медицина факультеті іспетті болған Құранның дәріханасынан алған сабақтарымдағы «алты сөзбен» жеткізейін. Бұл емнің негіздері солар деп білемін.Бірінші сөз: «Әл-Әмәл» яғни Аллаһтың мейірімінен үміт үзбеу. Алған сабақтарыма сүйене отырып айтарым. Ей, Ислам Жамағаты! Сүйінші! Ислам әлемінің бақыты, әсіресе, Османлының бақыты, әсіресе, Исламның дамуы Арабтардың оянуы арқылы болады. Бұл жарық таңның да белгілері көрінуде. Бақыт таңы ататын уақыт жақындап келеді. Үмітсіздіктің кеудесін басып тұрып, бүкіл әлем еститіндей етіп, сенімді түрде жар саламын. (Сілтеме ) Болашақта тек *қана Исламның жұлдызы жанып, Құран ақиқаттары үкім жүргізетін болады.Бұл сөздерді өзім сабақ алып, көз жеткізген дәлелдерге сүйене отырып айтамын. Сол дәлелдердің ішінен кіріспесімен қоса алғанда бір жарым дәлел айта кетейін. Ислам – хақ дін. Рухани да, материалдық жақтан да дамуға болатын кемел қасиеттері бар.Бірінші жағы рухани даму: Болған оқиғаларды тіркеп отыратын тарих – шындықтың куәгері. Тарихтан көріп отырғанымыздай, орысты жеңіп шыққан жапонның Бас Қолбасшысының Исламның хақ дін екеніне куә болған жері былай еді: «Ислам ақиқаттарында күш-қуат бар. Ал мұсылмандар сол күшке арқа сүйеп, амал ету дәрежелеріне қарай дамығандығына тарих куә. Сондай-ақ, тарих мұсылмандардың Ислам ақиқаттарына салғырт қарауының дәрежесіне қарай мәдениеттен жұрдай болып, төменгі деңгейлерге түсіп, тоз-тозы шығып кететініне және жеңілістерге ұшырап отыратындығына да куә. Басқа діндердегі жағдай бұған керісінше».Егер біз Исламдағы көркем мінезді және Иман ақиқаттарын ісімізбен көрсете алсақ, басқа діндегілер топ-тобымен Исламға кірер еді. Тіпті, көптеген мемлекеттер Ислам дінін қабылдар еді.Сілтеме: Бұрынғы Саид алдын ала сезу қабілеті арқылы 1371 жылы Араб елдері бастаған Ислам әлемі шетелдіктердің боданынан құтылып, Ислами мемлекеттер құратынын қырық бес жыл бұрын сезіп, хабар берген. Алай-да екі дүниежүзілік соғыс пен отыз-қырық жылға созылған диктатуралық басқарудың болатынын ойламаған. Бір мың үш жүз жиырма жетіде болады деп сүйіншілеген. Кешіктірер себептерге назар аудармаған.

84БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИЕй, мына Әмәуи мешітінде отырған бауырларым және Ислам әлемі атты алып мешіттегі туысқандарым! Сіздер де ғибрат алыңыздар. Соңғы қырық бес жылдағы оқиғалардан ғибрат алыңыздар. Өздерін ақылды, зиялы қауым өкілдеріміз деп санайтын жандар естеріңді жиыңдар. Әңгіменің тоқ етері: Біз Құраннан дәріс алушы мұсылмандар дәлелдерді мойындаймыз. Иман ақиқаттарын ақыл-ойымызбен, жүрегімізбен қабылдай отырып, соған мойынсұнамыз. Басқа діндегілер секілді дінбасыларға еру үшін дәлелдерді жоққа шығармаймыз. Болашақта адамзат ақыл мен ілімнің соңынан еретін болады. Сол кезде, барлық үкімдері ақылға үйлесімді түрде орнығатын қасиетті Құран билік жүргізетін болады. Сондай-ақ, Исламият таңының атуына және адамзатқа сәуле шашуына кедергі болар перделер де ашыла бастады. Кедергі келтірушілер де кейін шегінуде. Осы уақытқа дейін Ислам ақиқаттарының бүкіл әлемге толық жайылып кетуіне мұрша бермей тұрған сегіз түрлі кедергі бар еді. Бірінші, екінші, үшінші кедергілер. Еуропалықтардың надандығы мен жабайылығы және өз діндері жолындағы фанатизм. Мәдениет пен оқу-ағартудың игіліктерінің арқасында бұл үш кедергінің көбесі сөгіліп, ыдырап келеді.Төртінші, бесінші кедергілер: Дінбасылар мен рухани көсемдердің диктатуралық биліктері және еуропалықтардың соқыр сеніммен соларға еруі. Бұл екі кедергі де адамзаттың санасында ақиқатты іздеу, азаттық идеяларының тууы арқылы қирауға жақын қалды.Алтыншы, жетінші кедергілер: Біздегі бас-басына би болу мен шариғатқа қайшы келетін әрекеттерден туындайтын нашар мінез кедергі болуда. Қазір диктатуралық билік жойылды және отыз-қырық жылдан кейін кландық топтардың билеп-төстеуі де жойылады. Халықтың Ислам жолындағы күш-қайратының артуы және нашар мінез, жаман қылықтардың тудырар нәтижелері батпаққа батырар тұйық екендігі көрінгеннен кейін, бұл екі кедергі де жойылуға жақындап келеді. Иншааллаһ, тып-типыл жойылатын болады.Сегізінші кедергі: Жаңа ғылыми жетістіктер, кейбір мәселелер бойынша Ислам ақиқаттарының сыртқы мағыналарына қарсы шығу арқылы Исламның бұрынғыдай жайылуына кедергі келтірді. Мысалға: Аллаһтың әмірімен жер шарын қадағалап тұрған «Сәур және Хут» деп аталатын рухани періштелерді, расында да алып денелі

85ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІөгіз және балық деп қабылдаған. Ал жаратылыстану ғылымдары мен философия ақиқатты түсінбеген соң, Исламға қарсы шыққан. Осыған ұқсас жүздеген мысалдар бар. Ақиқатқа көз жеткізсе, ең қырсық философ та мойындауға мәжбүр болады... (Тіпі Рисалей-Нұр, «Құран ғажайыптары» атты бөлімінде қазіргі ғылым сынға алған барлық аяттардың астарында Құранның мұғжизалы сәулелері жатқанын көрсетіп беріп, оқымыстысымақтар сынға алған Құранның сөйлемдері мен әр бір сөзінде ғылымның қолы жете алмайтын асқақ ақиқаттар жатқанын дәлелдеп беріп, ең қырсық философты да бағынуға мәжбір етті. Бұл кітап жарыққа шықты, қалаған адам оқып көрсін. Бұл кедергінің қырық бес жыл бұрын айтылған сол сөзден кейін қалай күйрегенін көрсін.)Кейбір Ислам ғалымдарының бұл тақырыпта жазған еңбектері бар. Осы сегізінші кедергінің тас-талқаны шығатыны жайлы көптеген ишаралар бар.Қазір болмаса да отыз-қырық жылдан кейін ғылым мен шынайы білім және мәдениеттің игіліктері осы үш үлкен күшті қаруландырып, әлгі сегіз кедергіні алып тастау үшін ақиқатты іздеу ниеті мен ақиқатшылдықты және адами сүйіспеншілікті сегіз жауға қарсы қойып, сегіз майдан ашып, оларды тықсырып барады. Инша Аллаһ жарты ғасырдан кейін оларды тас-талқан етеді. Игіліктің ең жоғарғысы, жаудың өзі сол игілікті мойындауы................................................................................................................................Бәдиүззаман мысал ретінде Исламның хақ екендігін мақтанышпен жеткізген «Принц Бисмарк пен мистер Карлайлдың» сөздерін жеткізгеннен кейін. «Анау Америка мен Европаның ақыл бақшалары мистер Карлайл мен Бисмарк сынды дана өнімдер бере бастауына сүйене отырып, мен де еш күмәнсіз Европа мен Америка Исламға аяғы ауыр, уақыты келгенде Ислами мемлекетті дүниеге әкеледі. Османлының Европаға жүкті болып, Европалық бір елді дүниеге әкелгеніндей болатынын айта аламын» дейді.Ей, мына Әмәуи мешітіндегі бауырларым және Ислам әлемі деп аталатын алып мешітке жарты ғасырдан кейін жиналатын туысқандарым! Болашақта шынайы және рухани билік жүргізетін және адамзатты екі дүниеде де бақытты ететін тек қана Ислам діні мен әртүрлі аңыз қоспалардан арылып, Құранға мойынсұнып, Исламға айналған Исауи діні болмақ.

86БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИЕкінші жағы: Исламның материалдық жақтан да алға шығатыны. Болашақта Исламият материалдық тұрғыдан да билік жүргізетін болады. «Бірінші жақта» Исламның рухани тұрғыдан алға шығатыны дәлелденген болса, «Екінші жақта» материалдық жақтан дамитынын көрсетеді. Өйткені, Ислам әлемінің рухани болмысына бес түрлі күш бірігіп, біте қайнасып тұр.Біріншісі: Бүкіл кемелдіктердің ұстазы - үш жүз жетпіс миллион адамды бір кісідей етіп, шынайы мәдениет арқылы ақиқатқа сай ілімдерді бойына сіңірген, ешқандай күш жеңе алмайтын Ислам ақиқаттары.Екіншісі: Мәдениет пен өнердің шынайы ұстазы, дамуға себеп боларлық заттармен жабдықталған мұқтаждық пен бел шешіп отырғызбайтын пақырлық та үлкен күш. Бұлар тоқтаусыз итермелей беретін күш.Үшіншісі: Адамзатты жоғарғы мақсаттарға жетелеп, сол жолда еңбек еткізетін, езгіге көнбейтін және ұлы сезімдерді оятып, жаңашылдыққа жетелейтін, мәдениетке ұмтылдыратын үшінші күш Шариғаттағы еркіндік. Яғни, адамгершілікке лайық, ең жоғарғы кемелдікке деген ұмтылыс.Төртіншісі: Мейірімділікті бойына сіңірген имани батырлық. Яғни, ешқашан пәс түспеу. Залымдардың әділетсіздігі алдында қорқақтық танытпау. Зұлымдыққа ұшырағандарға да зорлық көрсетпеу. Яғни, шариғи еркіндіктің негіздеріне сай, диктаторларға жағымпазданбау, байқұс-бейшараларға да үстемдік жасап, тәкаппар болмау.Бесіншісі: Ислам құндылықтары. Әлемге Аллаһтың әмірлерін паш етуде. Қазіргі таңда Ислам құндылықтарын паш ету, шынайы мәдени құндылықтарды дамыту және материалдық тұрғыдан алға өрлеу арқылы болмақ. Бұрынғы кезде Исламның дамуы, жаудың сағын сындыру, шабуылдарын тойтару арқылы, яғни қарудың күшімен, қылыштың жүзімен болған еді. Болашақта қылыштың орнын нағыз мәдениеттің дамуы, экономикалық өрлеу басады және жауды ақиқаттың рухани қылышы жеңетін болады.Біліп қойыңыздар: Біздің мұрат-мақсатымыз мәдениеттің игіліктері және адамзатқа тигізер пайдасы. Мәдениеттің күнәға апарар бұзғыншылығының қажеті жоқ. Ақымақтар мұндай азғындық пен бұзғыншылықты жақсы нәрселер деп ойлағандықтан соларға еріп, бүлдіріп бітті. Сол жолда діни құндылықтарды қиып жібергенімен бұ дүниеде де қарық болған жоқ. Мәдениеттің бұзғыншылықтары,

87ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІигіліктерінен асып кетті. Жамандықтары жақсылықтарынан асып түскені сол, адамзат екі дүниежүзілік соғыстың ауыр таяғын жеді. Сол күнәһар мәдениетті тас-талқан етіп, бүкіл әлемге қан құстырды. Иншааллаһ, келешекте Исламның күшімен мәдениеттің игіліктері жеңіске жетіп, жер бетін жаманшылықтардан тазартып, әлемге бейбітшілік орнатады.Еуропа мәдениетінің іргетасы имани ақиқаттардың үстіне орнатылмаған, олар әуестік, қызыққұмарлық, бәсекелестік, үстемдік етудің негіздеріне орнатылған. Сондықтан да бүгінге дейінгі мәдениеттің бұзғыншылықтары жақсылықтарынан асып кетті. Төңкерісшіл ұйымдар ағашқа түскен құрттай кеміруде. Бұл оқиғалар болашақта Азия мәдениетінің жеңіске жетуіне себеп болады. Болашақта мұсылмандардың жеңіске жететінін білдіретін осыншама ишара-дәлелдер тұрғанда неге осынша үмітсіздікке түсіп отырсыздар. Сол үмітсіздіктеріңіз мына әлем басқалар үшін даму алаңы, ал мұсылмандар үшін төмен құлдырау орны деген қате ойға жетелейді. Бүкіл әлемде және адам баласының бойында дамуға, кемелденуге деген ынта бар. Иншаалаһ болашақта Ислам әлемі де бұ дүниенің қызығын көретін болады. Бұл да адамзаттың бұрынғы қателіктерінің өтеуі болар. Қыстан кейін көктем келіп, түннен кейін таң ататыны секілді адамзаттың таңы атып, көктемі де келер иншаалаһ...Зер салып қарасаңыз, уақыттың басы мен аяғы бір-бірінен ұзап бара жататындай, бір сызықтың бойымен жылжып бара жатқан жоқ. Жер шары сияқты бір шеңберді айналып жүргендей. Кейде өрлеу-өркендеу жаз бен көктемді көрсетеді, кейде құлдырау қыс пен боранды көрсетеді. Қыстан кейін көктем келіп, түннен кейін таң ататыны сияқты, адамзаттың да таңы атады, көктемі келеді. ИншаАллаһ...Ислам ақиқаттарының сәулесі (күні) арқылы әлемдегі бейбіт өмір мен нағыз мәдениетті көруге жазсын. Мейірімді Аллаһтан соны тілейміз....................................................................................................................................Екінші сөз: Өмір тәжірибем бойынша көңілге түйгенім. «Үмітсіздік» деп аталатын ауыр дерт. Ислам әлемінің жүрегін жайлап алған. Бізді өлтіріп бара жатқан сол үмітсіздік. Батыстың бір-екі миллиондық шағын бір мемлекеті шығыстағы жиырма миллиондық елді басып алып, өздеріне қызметші қылып қоюда. Сол

88БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИүмітсіздік, тамаша мінез-құлқымызды өлтіріп барады. Көпшіліктің жайын ойлаудың орнына өз қамын ғана ойлауға апаруда. Сол үмітсіздік, рухани күшімізді жойып отыр. Бұрын аз ғана күшпен шығыстан батысқа дейін жеткен едік. Енді сол ғажайып рухани күштің орнын үмітсіздік басқандықтан залым Еуропалықтар төрт жүз жыл бойы үш жүз миллион мұсылманды бұғаулап отыр. Тіпті, сол үмітсіздік, басқаның немқұрайлылығын өзінің жалқаулығына үзір етіп, не шаруам бар» - дегізуде. «Жұрттың бәрі мен сияқты нашарлар емес пе?» - деп имани батылдықты жоғалтып, Исламға қызмет етуді қоюда. Бұл дерт бізді осылай өлтіруде. Олай болса, біз де одан кегімізді алып, оның өзін өлтіруіміз керек. қылышымен үмітсіздіктің басын шауып түсеміз. хадисінің ақиқатымен белін үземіз. Иншаалаһ...Үмітсіздік – үмметтің де, елдің де «обыр» деп аталатын сұмдық ауруы. Кемелдікке кедергі жәнеақиқатына кереғар, қорқақтар мен сорлы, бейшаралардың ісі, сылтауы. Ислами өрлікке жараспайтын қылық. Әсіресе, арабтар сынды адамзаттың мақтанышына айналған қауымға мүлдем жараспайтын нәрсе. Ислам әлемі арабтардың ерлігінен сабақ алған. Иншааллаһ арабтар үмітсіздікті тастап, Исламның қаһарман әскері болған түріктерге жәрдем етіп, бірігіп Құранның байрағын бүкіл әлемде желбірететін болады....................................................................................................................................Үшінші сөз: Бүкіл өмірімде көз жеткізген ақиқаттарым және әлеуметтік өмірдің аласапырандары мына бір нәрсені анық білдіріп тұр. Ол сыдық (турашылдық) – Исламияттың негізі де сол. Көркем мінездердің дәнекері, асқақ сезімдердің қайнар көзі. Олай болса, қоғамдық өміріміздің іргетасы болған турашылдықты өз арамызда жандандырып, сол арқылы рухани дерттерімізді емдеуіміз керек. Турашылдық – Исламның қоғамдық өмірінің нәрі, өзегі. Рияшылдық – өтіріктің іс-әрекетке айналған түрі. Жағымпаздық – өтірік іс-әрекеттің ең сорақысы. Екі жүзділік, мұнафықтық өтіріктің ең бәлелі түрі. Өтірік айту – Жаратушы Хаққа жала жабу. Күпірліктің

89ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІбарлық түрі – өтірікшілік, жалған айту. Иман – сыдық, турашылдық. Сондықтан да ақиқат пен жалғанның арасы тым ұзақ. Шығыс пен Батыстың арақашықтығындай қашық тұруы керек. От пен нұр секілді, бір-біріне араласпауы керек. Ал, жауыз саясат пен залым азғырушылық бұларды бір-біріне араластырып жіберді. Адамзаттың кемелдігін де сапырылыстырып жіберді. (Сілтеме )*Ей, мына Әмәуи мешітіндегі бауырларым және қырық-елу жылдан кейінгі Ислам әлемі деп аталатын алып мешіттегі төрт жүз миллион бауырларым! Бақытқа қол жеткізу тек қана турашыл болып, дұрыс әрекет ету арқылы болмақ. Ең мықты сүйеніш турашылдық. Яғни, ең мықты және беліңді байлар шынжырың турашылдық болуы керек......................................................................................................................................Сілтеме: Уа бауырлар! Саидтың қырық бес жыл бұрын айтқан бұл сөздерінен сол кездегі Саидтың саясатқа, Исламдағы әлеуметтік мәселелерге қатты мән бергендігі түсінікті болар. Бірақ ешқашан дінді саясат жолында пайдаланған-ау деген ой тумасын. Керісінше саясатты дінге қызмет еткізу жолында бар күшін салып жүрді. «Діндегі бір ақиқат, мың саяси мәселеден артық» дейтін. Кейбір мұнафық, алаяқтардың саясатты дінсіздік жолында пайдаланғысы келетіндігін, сондай ойда болып, соған әрекет ететіндігін қырық бес жыл бұрын сезіп, саясат-ты Ислами ақиқаттарға қызметші етуге, құрал етуге күш салды. Жиырма жылдан кейін әлгі мұнафықтардың батыстың даму үлгісі деген атпен саясатты дінсіздік жолында пайдалану жоспарына қарсы, кейбір діндар саясаткерлердің дінді Исла-ми саясаттың жолында пайдаланғысы келгендігін көрді. Ислам – күн. Оны жердегі жылтырақтарға қызмет еткізіп, бағынышты етіп қоюға тырыспау керек. Олай ету Исламның құнын түсіру, аса ауыр қылмыс. Тіпті Бұрынғы Саид осындай саяси көзқарастардың кесірінен, бір діндар ғалымның өзінің саяси көзқарасын қолдайтын мұнафықты асыра мақтап, өзінің көзқарасына қарсы болған діндар ғалымды қатты сынға алып, пасық санағанын көрдім. Бұрынғы Саид оған «Бір шайтан сенің пікірлеріңді қолдап, көмек берсе оған рахмет айтып, өзіңнің саяси көзқарастарыңа қарсы болған періштеге лағынет айтарсың» - деді. Сондықтан да Бұрынғы Саид деп, отыз жылдан бері (қазір қырық бес жыл болды) саясаттан сырт айналды. (Сілтеме1 )Сілтеме :1 Ұстаздың жүз отыз кітабы мен хаттарын үш сот және үкімет адамдары қатаң тексерулерден өткізсе де, оған қарсы әрекет етушілердің арасын-да қанша залым, мүртед, мұнафықтар жүріп, ұстазды жасырын түрде өлтіріп жіберуге бұйрық алғандар жүрсе де, дінді саясат жолында пайдаланғандығы жайлы бір де бір айғақ таба алмаулары, оның дінді саяси мақсаттарға пайдаланбағандығын дәлелдейді. Оның өмір тарихын жақыннан білетін біздер Нұр шәкірттері мұндай ғажайып жағдайға таң қалудамыз және Рисалей-Нұрдың айналасындағы шынайы ықыластың бір себебі де осы деп білеміз.Нұр Шәкірттері

90БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИТөртінші сөз: Өмір тәжірибем мен адамзаттың қоғамдық өміріндегі ақиқаттардан шыққан нәтиже мынау: Сүйіспеншілікке ең лайық нәрсе сүйіспеншілік. Дұшпандық жасауға ең лайық нәрсе де дұшпандық. Яғни, қоғамдық өмірдің тірегі және бақытқа жетелейтін махаббат пен сүйіспеншілік те сүюге және сүйіспеншілікке лайық. Ал қоғамдық өмірдің берекесін кетіріп, тас-талқан ететін дұшпандық пен жауласушылық та жек көруге, жауласуға лайық жаман қасиет. .....................................................................................................................................Бесінші сөз: Шариғаттан алған сабақтарымнан түсінгенім, бүгінгі таңда бір адамның жасаған бір күнәсі бір күнә күйінде қалмайды. Кейде үлкейіп кетеді, көбейіп, жүзге жетеді. Жасалған жақсылық та сол күйінде қалмайды. Кейде мың есе артып кетеді. Мұның сыры мынада: Шариғаттағы еркіндік пен шариғатқа сай түрдегі кеңесу халқымыздың мықтылығын көрсетуде. Халқымыздың өзегі, рухы Ислам. Ал Османлы Халифаты мен Түрік әскері сол халықтың ту ұстаушысы және Исламият деп аталатын халықтың қорғаны іспетті. Арабтар мен түріктер ағайынды бауырлар, сол қасиетті қорғанның сақшылары. Бүкіл мұсылмандар бір тайпа ел секілді болып тұр. Әрбір мұсылман сол тайпаның ішіндегі рулар секілді бір-бірімен бауырлас. Бір-біріне рухани демеу болуда. Бір рудың ішінен біреу қылмыс жасаса, қарсылас жақтың адамдары үшін әлгі рудың бүкіл адамы қылмыскер болып көрінеді. Ал жақсылық жасаса, сол рудың бүкіл мүшесі сол істі мақтан тұтуына болады. Осы сырға байланысты бүгінгі күні және қырық-елу жылдан кейін жасалған бір қылмыс сол күйінде қалмайды. Миллиондаған мұсылманның құқын таптаған болып есептеледі. Қырық-елу жылдан кейін мұндай оқиғалар анық байқалатын болады.Ей, осы әңгімені естіп отырған мына Әмәуи мешітіндегі бауырлар және қырық-елу жылдан кейін Ислам әлемі деп аталатын мешітке жиналатын мұсылмандар! «Біз ешкімге зиян тигізіп жатқанымыз жоқ. Пайда келтіруге де шамамыз жоқ. Сондықтан «үзіріміз бар»» деп, сылтау айтпаңыздар. Бұл айтқандарың үзірге саналмайды. Жалқаулықтарың мен «маған не қажеті бар» деп қол қусырып отыруларың өздеріңе аса зиян, ал мұсылмандардың құқын таптау. Бір жамандықтың мың есе артып кететініндей, Ислам жолындағы бір жақсы іс те мың есе артып, миллиондаған мұсылмандарға пайдасы тиюі мүмкін. Сондықтан «маған не керегі бар» деп жататын заман емес!....

91ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІЕй, мына мешітегі бауырларым және қырық-елу жылдан кейін Ислам әлемі атты алып мешітке жиналар бауырларым. Мен бұл жерге сіздерге сабақ беріп, насихат айту үшін шықты екен деп ойлап қалмаңдар. Сендерден өз құқымды даулай келдім. Яғни шағын қауымдардың екі дүниелік бақыты-бағы, сіздер сияқты, яғни Араб және Түрік қауымдары сынды үлкен және дамыған, билік айтушы, ақылшыларға байланысты. Сіздердің жалқаулықтарыңыз бен кемшіліктеріңіздің кесірінен біз сияқты бишара інілерің, Мұсылман халықтар зардап шегуде. Әсіресе ей өсіп-өнген және толық оянған немесе оянып келе жатқан Арабтар! Бұл сөздерімді әуелі сізге арнаймын. Өйткені біздің және бүкіл мұсылман халықтардың ұстазы, Имамы, Ислам жолындағы муджахидтер сіздер едіңіздер. Кейінірек өскен-өнген Түрік халқы осы қасиетті борышты өтеуде сізге көмекке келді. Сондықтан, жалқаулық жасаған күнәларың ауыр, бірақ жақсылықтарыңыз да, игі істеріңіз де көп. Әсіресе қырық-елу жылдан кейін Араб қауымдары, Америка құрама штаттары секілді дамып, өркендеген соң, әлсіреп, бұғауда қалған Ислами билікті баяғы замандағыдай жер шарының жартысына, бәлки басым бөлігіне оратуыңызды мейірімді Аллаһтан тілеп, асыға күтудеміз. Қиямет қайым орнап кетпесе, ИнашаАллаһ келешек ұрпақ мұны көретін болады.Қате түсініп қалмаңдар бауырлар! Күдік, күмән тумасын. Мен бұл сөздерді саясат үшін, сіздерді құлшындырайын деп айтып тұрғаным жоқ. Ондайдан Құдай сақтасын. Ислами ақиқаттар барлық саясаттан әлдеқайда жоғары. Саясаттың барлық түрі соған қызмет етуіне болады. Бірақ Ислами ақиқаттарды өз жолына пайдалануға еш қандай саясаттың хақы жоқ. Мен өзімнің кемшін зердем арқылы Ислами қоғамды көптеген құрал жабдықтары бар бір фабрика ретінде көремін. Бұл фабриканың бір құрылғысы ақырындап қалса, немесе екінші бір құрылғыға күш түсіретін болса, құрылғылар істен шығады. Ислам бірлігінің уақыты келе жатыр. Сондықтан, бір біріміздің жеке кемшіліктерімізге қарамауымыз керек.Қамыға, күрсіне отырып мынаны да айтайын: Кейбір шет елдіктер біздің қымбат мүлкімізді, Отанымызды бізден тартып алды. Оның орнына түкке тұрғысыз бірдемелерін берді. Сол сияқты асқақ мінезіміз бен сол мінезден туындаған қоғамдық өмірімізді гүлдендірген мінез-құлқымыздың бір бөлігін қоса алады. Оны өздерінің өркендеуіне арқау етті. Олардың орнына бізге өздерінің азғын мінез-құлқын жұқтырды. Мысалға: Олар бізден алған ұлттық мінезді пайдаланып.

92БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ«Мен өлсем де ұлтым аман болсын. Өйткені ұлтыммен бірге мен де жасай беремін» дей алады. Бұл сөзді бізден алды. Олардың дами беруінің өзегі осы, бізден ұрлап алған мінезі. Мұндай сөз хақ діннен және Имани ақиқаттардан шығады. Бұл біздің, мұсылмандардың мүлкі. Ал сол шетелдіктерден бізге жұққан жиіркенішті мінезді бойына сіңірген менмен біреу «Мен шөлдеп өлсем, енді қайтып жаңбыр жаумасын. Егер мен бақыт таппасам, бүкіл әлем білгенін істеп, бұзылып кетсін» дейді. Ал мұндай ақымақтық сөз дінсіздіктен шығуда. Ақырет жайлы білмеуден шығуда. Біздің ішімізге сырттан құйылған у.Сол шетелдіктердің (бізден алған ұлтжандылық пікірі арқылы) бір адамы бүкіл бір ұлттай қадірі артуда. Өйткені бір адамның қадірі, сіңірген еңбегімен бағаланады. Кім өз ұлтына жанашырлық танытса, жалғыз өзі бір ұлт секілді болады. Кейбіреуіміздің мән бермеушілігімізден, шет елден жұқтырған нашар мінезімізден, аса қадірлі де күшті мұсылмандар атты ұлтымызбен қоса, бәріміз де «өзім-өзім» деп жүріп, ұлтымыздың қамын ойламай өз пайдамызды ғана ойлаудың кесірінен, мың адамымыз бір адамдай үнсіз қалады.Яғни: Кім өз қамын ғана ойласа ол адам емес. Өйткені адамның болмысы мәдени, өзі тектестердің қамын ойлауға мәжбүр. Қауымдасып өмір сүру арқылы ғана жеке тұлғалар өмір сүре алады. Мысалға, нан жеу үшін, қаншама адамға тәуелді. Сол үшін қаншама адамға рахмет айтуы керек. Үстіндегі киім арқылы қаншама фабрикамен байланысып тұрғанын ойлаңдар. Жануарлар сияқты бір терімен өмір сүре алмайды. Сондықтан өзі тектестермен байланыста болу – адам болмысының талабы. Өз тектестеріне рухани құн төлеуге мәжбүр болғандықтан, адамның болмысы мәдени болуды талап етеді. Өз пайдасын ғана ойлаған жан адамгершіліктен айрылады. Бейкүнә болудан қалып, жыртқышқа айналады. Қолынан еш нәрсе келмейтін, шынымен де үзірі бар болса, оның орны басқа!.....................................................................................................................................Алтыншы сөз: Мұсылмандардың қоғамдық өмірінің кілті шариғатқа сай кеңесу.аяты кеңес құрудың қажет екенін

93ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІбұйырады. Ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан адамзат тарихындағы «ой қосу» деп аталатын нәрсе адамзаттың дамуы мен ғылымның алға жылжуына үлкен үлес қосқан. Азияның артта қалуының бір себебі шынайы түрде кеңес құрмау. Азияның болашағын айқындар кілт – кеңес құру. Жеке адамдардың өзара кеңес құратыны секілді жамағаттар, тіпті әрбір құрлық өзара кеңес құруы керек. Сонда ғана төрт жүз миллион мұсылман аяқтарына салынған бұғауды үзіп шығады. Шариғатқа сай ақылдасудың арқасында имани мейірімнен бастау алатын шариғи еркіндік, шариғи әдептермен көркемделіп, батыстың бұзғыншы мәдениетін жеңіп шығады. Иманнан туындайтын шариғи еркіндік екі нәрсені бұйырады.Яғни, иман осы нәрселерді талап етеді. Өктемдік жасап басқаны аяққа таптамау және өзі де тапталмау. Залымдарға бас имеу. Аллаһқа ғана құл болған адам, басқаға құл болмайды. Пенделерді құдайдай көрмеңдер. Яғни, Аллаһты танып білмеген адам, дәрежелеріне қарай бүкіл нәрсеге құдайлық сипат береді. Шариғи еркіндік Аллаһтың Рахман, Рахим есімдерінің көріністері арқылы жеткен сый. Иманның өзегі.Шыншылдық, турашылдық жасасын. Үмітсіздіктің үні өшсін. Сүйіспеншілік арта берсін. Амин...* * * * *Дамаскде көп қалмайды. Шығыс Анадолыда Медресетуз Зеһра деген атпен ашқысы келген жоғары оқу орнының жұмыстарымен Стамбулға келеді. Балқан түбегіндегі уәләяттарға сапарға шыққан Османлы патшасы Сұлтан Решадпен бірге жолға шығады. Поезда

94БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИбірге келе жатқан екі мұғаліммен болған әңгіме былай өрбиді. Кейін, «Хұтбе-и Шамие» деп аталатын жинаққа енген бұл әңгімеден бір үзіндіні қаз-қалпында жеткіземіз.«Сұлтан Решаттың Румеліге (Балқан түбегіне) жасаған саяхаты барысында Шығыс Уәләяттар атынан мен де қатыстым. Поезда екі мұғаліммен үзеңгі жолдас болдым. Әңгіме барысында маған мынадай сұрақ қойды.– Діни бірлік, яғни Исламшылдық маңызды ма? Әлде ұлт-шылдық маңызды ма? Қайсысын бірінші орынға қою керек?- Жауап: Біздер, яғни мұсылмандар дініміз бен ұлтымызға бөлек-бөлек қарамауымыз керек. Екеуі бірігіп кеткен. Сырт қарағанда бөлек нәрселер сияқты болып көрінер. Дін – ұлттың рухы. Екеуін екі нәрсе деп қарар болсақ, халықтың басым көпшілігі дінге жанашырлық танытып, сол жолға күш жұмсайды. Ұлттық мүддені жеке басынан жоғары қоятындар ғана ұлтшылдықтың жүгін арқалайды. Олай болса, дінге деген жанашырлық алдыңғы орынға шығуы керек. Ұлт жанашырлығы соған демеу, қорған болуы керек. Әсіресе біздер, шығыс халықтары батыстықтарға ұқсамаймыз. Жүрегімізде діни сезім басым.Пайғамбарлардың басым көпшілігі Шығыстан шығуының өзі шығысты тек қана діни сезімдер оятып, дамуға жетелейтініне ишара етеді. Бақыт Ғасыры мен Табиғиндер заманы бұған нақты дәлел.Ей, осы діни бірлік пен ұлтшылдықтың қайсысы маңыздырақ деген сұрақты қойып отырған мына поезд деп аталатын жылжымалы медреседегі достарым және уақыт атты поездбен бізбен бірге болашаққа қарай зымырап бара жатқан шәкірттер сізге де айтарым осы: Түріктер мен Арабтар мұсылман деген ұлттың ішіне сіңіп кеткен, ажырату мүмкін емес. Діни бірлік ғарыштан жеткен өте мықты, нұрлы шынжырмен байланған. Үзілмейтін шынжыр, бұзылмайтын қасиетті қамал. Әлгі екі мұғалім, - Бұл өте үлкен мәселе, сондықтан нақты дәлел керек деп, дәлел сұрады.Сол сәтте біз мінген поезд тунельден шыға келді. Біз де бірден терезеден жан-жағымызға қарадық. Бес-алты жасар бала темір жолдың дәл жанында тұр екен. Екі мұғалімге былай дедім.- Мына бала осы әрекетімен сұрақтарыңа нақты жауап беріп тұр. Менің орныма мына бейкүнә бала біздің жылжымалы медресемізге мұғалім болсын. Ол өз жағдайының тілімен мына ақиқатты жеткізуде.

95ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ- Қараңыздар, мына поезд айдаһардай ақырып, күндей күркіреп, жерден шыққан жалмауыздай тунельден атып шығып, балаға қарай ұмтылса да, темір жолдан бір-ақ метр жердегі бала міз бақпай тұр. «Алдыма келгенді таптап кетермін» деп ақырғанына мән беріп те жатқан жоқ. Не деген батырлық, қаншалықты еркіндік десеңізші. Оның бұлай мән бермеуі, оның батырлығы былай деп тұр.- Ей, ақырған паровоз, сен қанша күркіресең де мені қорқыта алмайсың. Сен бір заңға бағынасың. Сенің тізгінің сені айдаушының қолында, маған түк те істей алмайсың, оған шамаң келмейді. Мені де өзіңе бағындыра алмайсың. Өз жолыңмен жүре бер.- Міне ей, мына поездағы жолдастарым және елу жылдан кейінгі ғылым қуған бауырларым, мына бейкүнә баланың орнына қаһарман Рүстем немесе алып Геракл уақытты артқа тастап келе қалған болса, олардың кезінде поезд болмағандықтан олар поездың белгілі бір жүйеге бағынып, өз жолымен ғана жүретінін білмейді. Басынан түтін будақтап, аузынан буы бұрқырап, тесіктен атып шыққан жалмауыздың өздеріне қарай тап бергеніне шыдай алмай, әлгі екі батыр бір шақырым аулаққа қашар еді. Қашқаннан басқа шара таппас еді. Өйткені олар поездың өз жолымен ғана жүретін бағынышты көлік екеніне сенбегендіктен әр қайсысы вагондай үлкен жиырма арыстанды соңына ерткен сұмдық бір арыстан деп ойлар еді. - Ей, бауырларым және елу жылдан кейін осы сөздерімді еститін туысқандарым! Алты жасқа да тола қоймаған мына балаға, ана екі батырдан да асып түсер батырлық, еркіндік беріп тұрған нәрсе, ол бейкүнә баланың жүрегіндегі ақиқаттың дәні. Яғни, поездың бір заңға бағынып жүретініне және оның тізгіні әміршісінің қолында, соның бұйрығына бағынышты екеніне сенуі. Соған толық көз жеткізуі. Ал, ана екі батырдың зәресін алған нәрсе, «Поездың бір жүйемен жүріп, бір әміршіге бағынатынына сенбеу». Бұл надандыққа тән сенімсіздік. Осы мысалдағы екі таңғажайып батырдың зәре-құттары қалмай қорқуларына себеп болған нәрсе, олардың сенбеулері мен надандықтары.Бұл жағдай Рисалей-Нұрда жүз қайтара дәлелденген ақиқат. Осы рисаленің кіріспесінде бір-екі мысал айтылған еді.

96БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИМәселе былай: Күпірлік пен адасушылық, кәпірдің назарына бүкіл әлемді сансыз жаудың қалың қолы етіп көрсетеді. Ештеңені көрмейтін күш, ессіз кездейсоқтық, меңіреу табиғаттың қолындағы күн системасынан бастап, өкпеге түскен құрт аурудың микробына дейінгінің бәрі қаптаған жау, бейшара адамзатқа шабуыл жасауда, адамның бүкіл болмысына, барлық қабілеттеріне және сансыз қажеттіліктері мен талап-тілектеріне қарсы үнемі қорқыныш туғызып, уайымға салатын күпірлік пен адасушылық, тозақтағы заққұм ағашы іспетті. Бұл дүниенің өзінде кәпірдің жанын тозаққа салады. Дін мен иманға қатысы жоқ мыңдаған пән ілімдері мен адамзаттың дамуы деп жүрген нәрселердің Рүстем мен Гераклдың батырлықтары секілді бес тиындық құны жоқ екенін көрсетеді. Қорқыныш деген сезімді уақытша ұмыттыра тұру үшін азғындық пен маскүнемдікке салады. Ал, иман мен күпірді салыстырар болсақ, ақыретте жәннат пен жәһаннам сынды нәтижелерге апарады. Иман бұ дүниенің өзінде рухани жұмақ сыйлап, өлімді демалысқа шығу жолдамасына айналдырады. Ал, күпірлік бұ дүниенің өзінде рухани тозаққа салып, адамзаттың шын бақытын тас-талқан етеді. Өлімді мәңгілікке жойылу құрдымына айналдырады. Бұл ақиқаттар Рисалей-Нұрда жүздеген дәлелдер арқылы толық түсіндірілгендіктен қысқа қайырамыз.Осы мысалдың ақиқатын көргің келсе басыңды көтер, әлемге зер сал. Поездарға ұқсаған қаншама автомобиль, ұшақтарға, құрлықта, суда жүретін қаншама кемелерге, ауада, суда жүретін Абсолюттік Құдіреттің жүйелі түрде, аса даналықпен жаратқан жаратылыс–тарына, жұлдыздар әлеміне, әлемде болып жатқан қаншама оқиғаларға, жүйелі қозғалыстарға назар сал. Мына көзге көрініп тұрған әлемдегі денелерімен қатар рухани әлемдегі, бұлардан да ғажайып нәрселердің болып жатқанын, ақылы бар жан мойындайды, көзі бар жан көреді.Міне, әлемдегі моральдік (рухани), материалдық бүкіл нәрсе имансыз кәпірлерге шабуыл жасап, зәресін алуда. Рухани күш-қуатын тас-талқан етуде. Иманды жанды қорқытпақ түгіл, қуанышқа бөлеп, үміт сыйлауда, күш беруде. Өйткені мұсылман адам иман назарымен қарағандықтан моральдік, материалдық поездарды, шыр айналған планеталарды керемет жүйе бойынша жүргізіп, «хикметіне сай мін» деп отырған Жаратушы Хақты танып біледі. Олардың өз міндеттерін қалтқысыз орындауда екенін көреді. Өз қызметтерінде

97ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІтиттей де болса мүлт кетпейді. Бір бірімен соқтығыспайды. Әлемдегі кемел өнер мен Аллаһтың жамалын (Сұлулығын) көрсетіп тұрған нәрселерге қарап, өз иманы арқылы рухани күш алады. Яғни Иман, мәңгілік бақыттың үлгілерін тамашалатады. Ал адасушылардың, имансыздықтарынан туындайтын қорқыныш пен үрейді ешбір ғылым, адамзаттың дамуы, еш нәрсе баса алмайды. Жігері құм болады. Алайда уақытша бейқамдық, бұл ақиқаттарды бүркемелеп, алдаусыратады. Ал иманды адам өз иманы арқылы қорқу, рухы пәсейу былай тұрсын, әлгі мысалдағы бала секілді, рухани күш-жігері артып, бұлардың бәріне Имани ақиқаттар арқылы зер салады. Жаратушы Хақтың хикмет шеңберіндегі мүлтіксіз басқару мен жүйені көреді, уайымдаудан, қорқудан құтылады. «Жаратушы Хақтың бұйрығы мен рұхсаты болмаса, мына үнемі қозғалыста жүрген әлемдер әрекет ете алмайды, өз бетінше еш нәрсеге араласа алмайды» деп түсінеді. Рахат өмір кешіп, өз дәрежесіне қарай бақытына қол жеткізеді. Кімнің жүрегінде иманнан және хақ діннен нәр алатын осы ақиқаттардың дәні болмаса және арқа сүйер ақиқаттар болмаса, мысалдағы Рүстем мен Гераклдың батырлықтары іске алғысыз болып қалғанындай рухани күші де, қайрат жігері де құм болады, ар-ожданы әбден бұзылып, әлемдегі оқиғалардың құлына айналады. Кез келген нәрседен қорқатын, қайыршыға айналады. Имандағы осы сырды және имансыздықтағы мына дүниенің өзінде-ақ тартар ауыртпалықтарды Рисалей-Нұр жүздеген нақты дәлелдер арқылы жеткізіп бергендіктен қысқа қайырамыз.Рухани күшке, рухани жұбаныш пен мызғымас қорғанға аса мұқтаж бүгінгі адамдар, шын бақытқа жеткізер Ислам мен имандағы арқа сүйер тірек – иман ақиқаттарынан теріс айналып, Еуропаға еліктеудің кесірінен Исламдағы рухани күшін сарқып, жұбанышынан айырылып, қызыққұмарлық пен азғындыққа түсуі, алдамшы саясатқа сенім артуы – адамзатты бақытқа жетелер Ислами ақиқаттардан қаншалықты ұзақ нәрселер екенін әуелі көзі ашық мұсылмандар, одан кейін бүкіл адамзат сезіп біледі. Жер-дүние қирап кетпесе, Құран ақиқаттарына жабысатын болады. * * * * *

Бәдиүззаман Саид Нұрси Ван көлінің жағасында салдырмақ болған университеттің іргесі қаланған жерБәдиүззаман Хазіреттің Вандағы өмірін еске салар Эрек тауы және Чораванис аулындағы медресенің ұзақтан көрінісі

99ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІСол жолы Косовода кешенді түрдегі Ислам университетінің ашылуына күш салынады. Бедиүззаман сол жерде Үкімет мүшелері мен Сұлтан Решадқа «Осындай Университеттің шығыста да ашылуы керектігін, ол жақтың аса мұқтаж екенін және Ислам әлемінің нақ ортасы сол жерлер екенін жеткізеді. Олар шығыста да осындай университет ашуға уәде береді. Артынша Балқан соғысы басталып кетеді де, Косово қолдан шығып кетеді. Бәдиүззаман енді сол Косоводағы университет құрылысына бөлінген он тоғыз мың алтын лираның шығыстағы университет құрылысына берілуін талап етеді және бұл талабы қабыл етіледіБәдиүззаман Ванға оралып, Ван көлінің жағасында (Артемитте) Университеттің іргетасы қаланады. Өкінішке орай, бірінші дүниежүзілік соғыс басталып кетеді де, басталған жоба тоқтап қалады. Молла Саид сол жылдың қысында-ақ шәкірттеріне «Дайын болыңдар, бір үлкен пәлекет бізге де жақындап келеді» дейтін.БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИДЫҢ ЕРІКТІЛЕР ПОЛКЫНЫҢ КОМАНДИРІ РЕТІНДЕГІ ОТАН ҮШІН,ЕЛ ҮШІН АТҚАРҒАН ЕҢБЕКТЕРІ МЕН ЕРЛІКТЕРІБәдиүззаман, Кавказ майданында Бас қолбасшы Әнуар Паша және басқа да армия генералдары қайран қаларлықтай ерліктер жасайды. Орыс әскерінің шабуылдауы нәтижесінде Ван қаласына дейін шегінеді. Ванда Орыс әскеріне қарсы қорғаныс шебін құрып, сол жерде өз шәкірттерімен бірге шәһид болғанға дейін соғысуға қарар қабылдайды. Бірақ Ван губернаторы Жевдет Бейдің өтініші бойынша Вастанға баруы қажет болады. Өйткені, Ваннан қашқан бала-шағаға бір полк казак атты әскері шабуылға шыққан екен. Бәдиүззаман өз шәкірттерін және отыз-қырық басқа да солдаттарды ертіп, казак атты әскеріне қарсы тұрады. Босқындардың жау құрсауынан аман-есен құтылып кетуіне жол ашады. Казак атты әскерін алға жылжытпай, Вастанды жаудан қорғап қалады. Осындай қырғын майданның ортасында жүріп, дарынды шәкірті молла Хабибпен бірге «Ишарат’ул Иғжаз» атты Құран тәпсірін жазуда еді. Кейде ат үстінде, кейде алғы шепте, кейде окопта Бәдиүззаманның ауызша айтқандарын Молла Хабиб жазып отыратын. «Ишарат’ул Иғжаз» тәпсірінің басым бөлігі осылай жазылған. Бұл тамаша

100БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИтәпсірдің бас жағындағы «Жағдайды түсіндірейін» деген бөлімде өз тәпсірі жайлы біраз мағлұматтар бергендіктен, сол бөлім қаз қалпында осы жерге енгізілді. (Сілтеме )*ЖАҒДАЙДЫ ТҮСІНДІРУҰлы Құран, өткен-кеткен адамзат баласының барлық әлеуметтік-рухани топтарына, халықтарына, жеке тұлғаларға арналып, Ұлы Ғарыштан айтылған, Илаһи жинақ сөз. Баршаға айтылған Раббани үндеу. Оны танып білуге бір адамның немесе шағын жамағаттың шамасы келмейді. Әлемдегі материяларға қатысты көптеген пәндер мен ғылымдарды қамтып тұр.Сілтеме:Ескерту: Бұл «Ишаратул Иғжаз» тәпсірі бірінші дүние жүзілік соғыстың алғашқы жылы майдан даласында, кітаптар, әдебиеттер пайдалануға мүмкіндік жоқ, ауыр шарттардың ішінде жүріп жазылды. Соғыстың ауыр жағдайынан басқа, төрт себепке байланысты өте қысқа түрде, аз сөзбен көп мағына жеткізіле отырып жазылды. «Фатиха» мен бірінші бөлімі мүлдем қысқартылып жазылды.Біріншіден: Ұзақ түсіндіріп жазуға уақыт жоқ еді. Бұрынғы Саид аз сөзбен көп мағына жеткізетін.Екіншіден: Өте алғыр және аса білімді өз шәкірттерінің деңгейін ойлады. Басқалардың деңгейіне назар аударылмады.Үшіншіден: Бұрынғы Саид дәл өлшеммен, өте маңызды мәселелерді аз сөзбен жеткізуші Құрандағы мұғжизалы сөздерді тәпсірлеп жатқан соң, ол да аз сөзбен көп мағынаны жеткізуді ойлады. Қазір Бүгінгі Саидтың назарымен қарадым: Бұрынғы Саидтың бүкіл қателерін қоса алғанда, бұл тәпсірдегі ғылыми зерттеулері аса жоғарғы деңгейдегі кітап екендігін көрсетуде. Жазылып жатқан кезінде, кез келген уақыт шәһид болуға дайын жүргендіктен, шынайы ықыласпен, шешендік өнері мен Араб тілінің заңдарына сай жазылғандықтан сөздердің еш қайсысын сынға ала алмадым. Мүмкін Аллаһ бұл кітапты оның күнәларының кешірілуіне бір себеп жасап, бұл тәпсірді түсіне алатын адамдарды да тәрбиелеп шығарар. Инша Аллаһ.Егер бірінші дүние жүзілік соғыс кедергі болмағанда, тәпсірдің бірінші томын-да Құранның баяндау әдісіндегі мұғжизаларды жеткізгені секілді, басқа бөлімдері мен хаттар да тәпсірдің ақиқаттарын жеткізе алғанда, Баяндауы мұғжиза болған Құранға аса ауқымды бір тәпсір болар еді. Инша Аллаһ тәпсірдің осы бөлімі, жүз отыз рисаледен тұратын «Сөздер», «Лемалар», «Мектубат» кітаптарымен бірге болашақта арнайы топ жазатын тәпсірдің пайдасына жарар. Инша АллаһСаид НұрсиСтамбулда пәтуа бөлімінің бұрынғы басшысы Али Риза Әфенді үнемі осы тәпсірді талқылап отырып, өз достарына қаншама рет «Мына Ишаратул Иғжаз, мың тәпсірден де қымбат, құнды» деп ант-су ішіп тұрып айтқан екен.Шығыстың ғұламалары, Дамаск пен Бағдаттың ғалымдары «Ишарату Иғжаз өте тамаша және теңдессіз тәпсір» деп мақтауда.


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook