Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Өмір Тарихы

Өмір Тарихы

Published by risalekz, 2020-01-27 03:21:39

Description: “Рисалей-Нұр” жинағының авторы
БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ
(Tarihçe-i Hayat)

Keywords: БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ

Search

Read the Text Version

701БӘДИҮЗЗАМАН ЖӘНЕ РИСАЛЕЙ-НҰРкөзін құрту үшін тартылған сотта, осыдан жиырма төрт жыл бұрын «Ей, ылаңшыл, дінсіз найсаптар! Менде елу мың адамның күші бар дейді екенсіңдер... Қателесесіңдер... Құран мен Иман жолындағы қызметім тұрғысынан, елу мың емес, елу миллион адамдық күшім бар!... Ал жүректерің қорқыныштан жарылып кетсін... Шамаларың келсе, тиісіп көріңдер, менің өлімім бастарыңа бомба болып жауады. Топыраққа түскен бір дәннен жүздеген сабақ өсіп шығатыны секілді бір Саидтың орнына жүздеген Саид шығып, асқақ ақиқаттарды жар салатын болады». Он бес жыл бұрын Шаштарымның санындай басым болса, күн сайын біреуі кесіліп тұрса да Иман жолындағы қызметімнен бас тартпаймын». Бүкіл әлемді отқа айналдырып, басыма төңкере салсаңдар да Құран ақиқаттарының жолында құрбан етер бұл басым дінсіздерге иілмейді, деген және осыдан елу жыл бұрын, Ислам әлемін сүліктей сорып отырған бір Империяға қарсы «Түкіріңдер мына арсыз залымдардың бетіне» деп баспасөз арқылы үн қатқан, ал мәжіліс төрағасына, «Төраға мырза әлемдегі ең асқақ ақиқат Иман. Иманнан кейін намаз. Намаз оқымаған адам қиянатшыл. Ал ондай адам қоғамнан аластатылады. Аллаһ Тағала Құран Кәрімнің жүз жерінде намаз оқу керек екенін бұйырады. Одан өткен ақиқат болса, Иманнан кейін соны айтар еді ғой, деп, артынша бір баяндама жазып таратады. Содан кейін мәжілісте намаз оқитындардың саны артады. Бірінші Дүние жүзілік соғыста еріктілер полкының қолбасшысы ретінде соғысып, тұтқынға түскен кезінде Орыс Патшалығына қарсы Исламның абыройын қорғап қалды. Ату жазасына кесілген кезде «Ақыретке кету үшін маған бір паспорт керек болып тұр еді» деп қасқайып тұрған қаһарман Ұстаз Бәдиүззаманның кітаптарын оқу бақытының жолында жанымызды пида етсек, өмірімізді де сол жолға арнасақ, қаншама азап шексек те, өміріміздің соңына дейін шүкір сәждесінен бас көтермей жатсақ та аз...Ұстаз, Біздің ұстанымымыз болымды әрекет ету, болымсыз әрекеттерге баруға Құран тыйым салады, деп жиі айтады.Уа аса қымбатты Ұстаз! Рухымыздың рухы, жанымыздың жаны, жүрегіміздің жүрегі, басымыздың тәжі, Сүйікті Ұстаз! Сіз біздің болымсыз әрекет етуімізге рұхсат бермейсіз. Олай болса біз де Аллаһтан мейірім тілей отырып, ант етеміз.

702БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИДінімізге қастық ойлап, ұстазға зұлымдық жасаған найсаптардан кек алу мақсатында өміріміздің соңына дейін Рисалей-Нұрды қайталап оқи береміз, табанды түрде тарата береміз, алтын сиямен жаза береміз... Инша АллаһСтудент Нұр шәкірттері* * * * *

703БӘДИҮЗЗАМАН ЖӘНЕ РИСАЛЕЙ-НҰРЗИЯРАТ ЕТУШІЛЕРГЕ ЖАЗЫЛҒАН БІР ХАТБарлық достарыма, әсіресе, мені зиярат етушілерге өзімнің бір үзірімді баяндауға мәжбүр болдым.Өмірімнің басым бөлігі оқшаулықпен өтті. Отыз-қырық жыл бойы қатаң бақылауға алындым. Аса қажетсіз кездесу-сұхбаттардан тартынамын. Маған сыйланған рухани-заттай сыйлықтар бұрында да маған жақпайтын. Қазір мені зиярат етушілер де, достар да көбейді. Азғантай да заттай сыйлық маған жақпағанындай, зияратқа келу, жүздесу, әсіресе ұзақтан арнайы келу де рухани сыйлық қой... Оларды да қабылдай алмаймын. Бұлар арзан нәрселер емес, рухани жақтан өте қымбат. Мен өзімді мұндай құрметке лайықпын деп санамаймын..... Сондықтан Аллаһтың жарылқауы маған заттай сыйлық алуға тыйым салғанындай, рухани сыйлық алуға да тыйым салды... Заттай берілген сыйлықтың ақысын бермесем, ауырып қалатыным секілді, кейде рухани сыйлықтар да маған жақпай, ауырып қаламын. Сондықтан маған ренжімеңіздер.Рисалей-Нұрларды оқу менімен жүздескеннен он есе пайдалы. Онсыз да менімен кездесу ақырет, иман, Құран мәселелері үшін емес пе? Бұ дүниелік нәрселерден толық қол үзгендігімнен, олар туралы әңгіме қозғаудың, жүздесудің мағынасы жоқ. Ақырет, Иман, Құран үшін кездесем деушілерге Рисалей-Нұр бар. Менің қажетім жоқ. Тіпті, жанымда жүрген хас шәкірттеріммен де өте қажет болғанда ғана сөйлесемін. Тек қана Рисалей-Нұрдың таралуына байланысты мәселелер бойынша кейбір кісілермен кездескім келеді. Сол кезде, сол мәселелер бойынша кездесуге болады. Мұндай жүздесулер маған зиян бермейді. Бұл жағдайларды білмейтін кісілерге айтып қояйын, бірнеше жылдан бері газеттерге хабарландыру берудемін. Менімен кездескісі келетіндерге, әсіресе, ұзақ жерлерден келіп, жүздесе алмай кеткендерге дұға етудемін. Күніге таңертең дұғама қосамын. Сондықтан маған ренжімеңіздер.Саид Нұрси* * * * *

704БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИҚатты ауырып жатқан Ұстазға жоғары лауазымды бір қызметкерден хат келді. Хатында былай дейді. Мына «Өмір Тарихы» кітабын шығартпау үшін бұрынғы үкіметтің жоғары мансапты адамдары, ірі көлемде сыйақы беріп, бұрынғы үкіметтің мансапты адамдарын айдап салуда...Ұстаз былай жауап берді: Бұл кітаптың ең маңызды бөлімі Себилүлрешид журналында үш рет жарияланды. Отыз-қырық жылдан бері ескі әріптермен де жаңа әріптермен де жарық көріп келеді. Ол жердегі қорғау сөздері де соттардың алдында қаншама рет оқылды. Ресми түрде де жарыққа шықты. Жаңадан қосылғаны Нұрлы қала Мәдинада тұратын бір-екі ғалымның түсіндірмелері, рахмет айтқан хаттары ғана. Ол үшін сот орындарының ресми түрде араласар реті жоқ.Екіншіден: Рисалей-Нұр қырық елу жылдан бері саясат–шылардың қыспағына түссе де Ислам әлеміне тарап кетті. Миллиондаған таратушылары бар. Енді оған бұрынғы үкімет түгіл, бүкіл әлем жиналып келсе де бөгет бола алмайды, ол мүмкін емес жағдай. Бұл бір жарнама болып қала беретін шығар. Нұр шәкірттері ол үшін алаңдамасын...Үшіншіден: Бұрынғы үкіметтің маған жасаған зұлымдықтарын кештім және Қасиетті Құранның негізгі қағидаларының бірі болған қағидасы бойынша яғни біреудің қателігі үшін басқа біреу, партияласы, жауапқа тартылмайды қағидасы Рисалей-Нұрда тәпсірленгендіктен Анадолыда және Шығыс аймақтарда қоғамның тыныштығын сақтау жолында үлкен роль ойнады. Демек әрбір адамның жүрегіне рухани сақшы қойды. Олай болса Рисалей-Нұр бұрынғы үкіметтің төрт-бес қателігін жүз есе арттырып жіберуге бөгет болды. Бес адамның қателігін тоқсан беске бөліп беріп, жиырма бес-отыз есе көбеюіне жол бермеді. Сондықтан бұрынғы үкімет те (партия) қазіргілермен бірге Рисалей-Нұрға борыштар.

705БӘДИҮЗЗАМАН ЖӘНЕ РИСАЛЕЙ-НҰРҚұранның осы негізгі қағидаларын Рисалей-Нұр үйретіп бермегенде әлгі бес адамның қателігі мың адамның қателігі болып саналар еді.Төртіншіден: Нақты дәлелденген бір ақиқат Рисалей-Нұр сырттан шабуылдап жатқан күпірлік ағымдарға қарсы өз халқымызды және Ислам Әлемін қорғап қалатын Қасиетті Құранның рухани мұғжизасы. Дінсіз философтардың еш қайсысы да оған қарсы тұрар шара таба алмады. Нақты хабарларға қарағанда, Шет елдерде миллиондаған жастар «Қоғамдық бақытқа жетелер ақиқат Рисалей-Нұр» дейді екен. Әлемдік бейбітшілікті жақтайтын Германия, Америка сынды елдер де Рисалей-Нұрды өз тілдеріне аударуға кірісті.Бесіншіден: Егер ресми қызметкерлер кейбір жаңа заңдарға басқаша мағыналар беріп, Рисалей-Нұрдың бір-екі жолына тиісер болса менің орныма былай деңдер: Бір адамның қатесі үшін, жиырма мың көршісін (жерлесін) жазалауға, қамап тастауға бола ма? Әлемде осылай ететін заң бар ма? Әр беті жиырма жолдан тұратын, бес жүз беттік кітаптың бір жолы біреудің шымбайына батып кеткен болса, біріншіден, ол жерде нақты біреудің аты жазылмаған. Ешкім тікелей жауапқа тартылмайды... Біреудің аты айтыла қалған күннің өзінде, цензура жасалып, сол жерлерді алып тастауға болады. Ал бүкіл кітапқа тыйым салу, он мың адамды қамап тастау сияқты әлемде болмаған заңсыздық болумен қатар, қалған жиырма мың жол бүгінге дейін жиырма мың адамның Иманын арттыруына байланысты, жиырма мың жақсылық жасағаны үшін, әлгі бір жолдағы қателіктің орнын толтырады.Егер мен қатты ауырып жатпаған болсам, әлі де біраз нәрсе айтатын едім. Сіздер, маған көмектесіп жүрген жігіттер, қателерін жөндеп жазарсыздар. Рухани түрде сақшылық қызмет атқарып отырған Рисалей-Нұрға сақшылар қолдау көрсетуі керек еді. Алайда қазір тергеушінің қызметін атқарып отырған сақшыларды бұл істерге қыймай отырмын. Олардың бәрін де кештім, соны жеткізіңдер оларға. Алтыншыдан: Миғраж түнінің қарсаңында, қасиетті үш айдың құрметіне жақсылық хабар күтіп отырғанда, «Өмір Тарихы» кітабына байланысты тергеп-тексерулердің орын алуы өкінішті. «Садақа бәлелерді тоқтатады» деген мағынадағы сахих хадиске орай, Рисалей-Нұр Анадолыға келер бәлелерді қайтаратын садақа еді. Рисалей-Нұр ақталып, еркін тарай бастаған кезде бәлелердің беті

706БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИқайтып, Рисалей-Нұрға шабуылдар күшейген кезде бәлеге душар болғаны жайлы жүз мысал бар. Кейде жер сілкініп, кейде қатты дауыл тұрды. Қазір, өмірі болмаған минус он сегіз дәрежелік суық та Рисалей-Нұрға жасалған шабуылдар мен тексерулердің уақытымен дөп келіп отыр.Қатты ауырып отырғандықтан, Ұстаз бұдан кейін көп сөйлей алмады.Уайымдап қалмасын, кейбір достар мен ресми қызметтегі кісілерге де жолдаңдар дегенді айтты жанындағы көмекшілерге.Қатты ауырып жатқан Ұстаздың көмекшілері. Иә, көмекшілерімнің жазғандарын растаймын. Саид Нұрси* * * * *Саид Нұрсидың 1959-жылы Стамбулға келген кезінде машинада отырған сәті

707БӘДИҮЗЗАМАН ЖӘНЕ РИСАЛЕЙ-НҰРҚұрметті Ұстаз!Рухани түрде жихад жүргізіп аса сабырлылық танытқаныңыз үшін Аллаһтың сыйы ретінде осы Иман жолындағы майданда жеңіске жет кендігіңізді Рисалей-Нұрдың еркін басылып, таралуы арқылы көріп отырмыз. Неше жылдан бері жалғасып келе жатқан ұлы күрес, арпалысқан майдан, жеңіспен нәтижеленді. Хақтың қалауы болды. Көңіліміздегі арман-тілектеріміз орындалды. Иман күпірлікті жеңді. Зұлымдықтың пердесі қақырай сөгілді. Айнала Нұрға толып, жарқырап сала берді. Осындай нәтижеге, осындай жеңістерге жету, Иман атты нығыметтің шексіз бақытына бөлену, осылайша Хаққа жақындау бақытын біздерге, Түрік халқына бәлки де бүкіл адамзатқа сыйлап отырған Рисалей-Нұр осы жан түршігерлік имансыздық майданында бізді жеңіске жетелер атом күшіне айналды. Рухымызды емдеп, жүрегімізге нәр беріп, көңілімізден орын алды. Осы ретте сүйікті де әзиз Ұстазымызға рахметімізді айта отырып, бір ғасырға жуық өміріңіздің әр сәті күрес, майдан, азаптар, зұлымдықтар, осындай қиын күндердің ауыртпалықтарына қарсы тұра білген табандылығыңыз, батылдығыңыз, болаттай берік иманыңыз, Исламды түсінудегі, адамгершілікті көрсете білудегі өнегеңіз, әсіресе Рисалей-Нұр жинағының адамзатқа әсері, асқақ мағыналары миллиондаған Нұр шәкірттерін соңыңыздан ергізіп, алғыс жаудыртуда.Құрметті Ұстаз, қартайған шағыңызда осынша қиындықтардың жеңіспен аяқталуына орай, дем алып, рахат өмір кешіңіз. Бұдан кейін бұл қасиетті күресті, Иман мен Құран жолындағы күресті жалғастырып әкетер болашақтың Саидтері ер жетті. Иманның нұры арқылы олар бұл қасиетті борышты саналы түрде жалғастыра бермек. Ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, қияметке дейін апаратын болады. ИншаАлллаһ.Құрметті Ұстаз! Ертең тарихтың алтын парақтарында мақтан–ышпен еске алынатын «Өмір тарихыңыздың» Анкарада басылып шығуына қуанып жатырмыз. Өйткені бұл «Өмір Тарихыңыз» өмір бойғы мақсатыңыз болған Иманды сақтап қалу жолындағы күрес

708БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИпен рухани жихадыңыздың қаншама қиындықтар мен қапастарды артқа тастап жеңіске жетуіңізді және Рисалей-Нұрдың жазылуы, жинақталуы, басылуы жайлы толық мағлұмат беруі жағынан аса құнды болмақ. Бүгін миллиондаған адамдарды шабыттандырып бақытқа жетелеген Нұр дариясы үздіксіз аға бермек, күпірлікті тұншықтырып, қараңғылықты жарып өтпек, адамзатты бақытқа жетелей береді.Сізге қарыздармыз. Шын көңілден сүйіспеншілігімізді, құрметімізді, сәлемімізді жолдаймыз. Мүбәрак дұғаларыңызды күтеміз. Қолыңыздан сүйдік Әзиз Ұстаз.Стамбулдық Нұр шәкірттері* * * * *

1959-жылы өз шәкірттерімен бірге қонақүйден шығып келе жатқан сәті

Рисалей-Нұр және шет мемлекеттерРисалей-Нұрдың шет елдерге таралуымен қолдау табуына қысқаша шолуРисалей-Нұр Жиырмасыншы ғасырдың ғылыми деңгейіне сай, бейбітсүйгіштік әдістемелермен ақылға қонымды, жүрекке жағымды түрде түсіндіру жолымен әрекет еткендіктен, Түркияда ғана емес, шет елдерде де ыстық ықыласпен қабылданды. Бұл туындылар Түркияда жаңа әріптермен басылып шықпай тұрып-ақ, Пәкістанда, Иракта т.б. Ислам мемлекеттерінде Арабша, Урдуша, Ағылшынша, Хинд тілдерінде басылып шыққан еді. Ислам әлеміне таралып, қатты қызығушылық танытылған еді. Кең көлемде оқырманы да қалыптасып еді.Бәдиүззаман қырық-елу жылдан бері Ислам әлеміне ғана емес, бүкіл әлемге танылған тұлға еді... Жас кезінен бері ғылыми сайыстарда ешқашан жеңілмегендіктен, елге де шет елдерге де танымал еді. Ислам әлемінің ғылыми орталығы болып саналатын Әл-Әзһар университеті, Бәдиүззаманның ғылыми деңгейінің өте жоғары екенін сол Университеттің Ректоры Шейх Баһид сынды ғалым арқылы таныған еді. Нақты ғылымдардағы білімділігі жөнінен де әлемге танылып жатты. Мысыр баспасөзінде «Ғасырдың Дана тұлғасы» деп суреттеліп, мақалалар жазылуда еді. Бұдан қырық бес-елу жыл бұрын Шамдағы Әмәуи мешітінде арасында жүзден астам ғалым-ғұламалар отырған он мыңнан астам жамағатқа айтқан құтба-уағызында Ислам әлемінің артта қалу себептерін және қалай дамудың жолдарын түсіндіріп, Ислам әлемінің ауызбіршілігі қаншалықты қажет екендігін баяндайды.Бұл хұтбаны Ислам әлемі ризашылықпен қабылдап, ғылыми бас қосуларда Бәдиүззаманның аты көп айтылатын. Оның күрескерлік әрекеттерін естіп, шығармаларын оқыған мыңдаған адамның оған деген қызығушылықтары оянған еді. Әл-Әзһар Университетінің студенттері күмәнді ойлар мен талас-тартысқа себеп болған бір

711РИСАЛЕЙ-НҰР ЖӘНЕ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРХадис Шәріптің мағынасын Бәдиүззаманнан сұраған екен. Ұстаз ауырып жатқандықтан шәкірттері сол мәселеге байланысты тақырыптарды Рисалей-Нұрдан жинақтап, ұстаздың сол хадиске байланысты туындауы мүмкін сұрақтарға бұрынырақта жазған нақты жауаптарын жинақтап береді. Бұл жауап ризашылықпен қабылданады. Пәкістан білім министрінің орынбасары Али Әкбар Шах (қазір Синд Университетінің Ректоры) Түркияға келген кезінде Бәдиүззаманды зиярат етеді. Қайтарында, жастарға Ұстаз және шығармалары жайлы баяндама (лекция) оқиды. Өзімен бірге Рисалей-Нұр жинағының толық нұсқасын ала кетеді. Университетте ресми түрде Рисалей-Нұрдың оқытылуына және Урду тіліне аударылуына қайрат жасайды. Пәкістандағы Арабша, Ағылшынша шығатын газет-журналдарда Ұстаз және шығармалары жайлы аңдатпа жасайды. Рисалей-Нұр – Түркиядағы Ислами тұрғыдан қайта жаңғырудың үлгісі екендігін және Бәдиүззаман Ислам Әлеміндегі рухани көшбасшы ретінде «Хазіреті Бәдиүззаман Саид Нұрси» деп таныстыра отырып, көптеген мақалалар жариялайды. Бүгінгі таңда Рисалей-Нұр Ислам Әлеміне және Исламиятқа жасалған шабуылдарды тойтарып тұрған Құрани қорған іспетті. Еуропада да, Америкада да, Африкада да Рисалей-Нұрға қызығушылықтар арта түседі. Германия, Финляндия бастаған көптеген мемлекеттерде қызыға оқылады. Берлин Техникалық Университетінің мешітіне Рисалей-Нұр жинағы қойылады. Шығыстану Университетінің Илаһият (Дінтану) бөлімінде Рисалей-Нұр жайлы конференциялар ұйымдастырылады. Германияда Исламның жайыла түсуіне Рисалей-Нұр үлкен рөл атқарды. Грекияның Гүмілжине қаласында Хафыз Али Әфенді ашқан дәрісханада Рисалей-Нұр оқытылуда және жүздеген Нұр шәкірттері жетілуде.Финляндия Ислам Жамағаты Төрағасы Рисалей-Нұр жинағын жарыққа шығартады. Осылайша, көптеген Фин азаматтарының мұсылмандықты қабылдауына себеп болады. Жапония мен Кореяда да көптеген Рисалей-Нұр оқырмандары бар. Корей соғысына қатысқан Нұр шәкірттері Өздерімен бірге Рисалей-Нұрларды ала барып, университеттерге, кітапханаларға тапсырады. Осындай еңбектердің арқасында Жапония мен Кореядағы мұсылман жамағаты Рисалей-Нұрды пайдасына жаратуда.

712БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИҮндістан мен Индонезия мұсылмандары да Рисалей-Нұрдан мақрұм қалмады. Қажылыққа келген Үндістандық ғалым Рисалей-Нұрмен танысқаннан кейін бұл туындыларды Хинд тіліне аударуды өзінің қасиетті борышы санаған екен.Америкадағы Вашингтон мешітіне кейбір рисалелер сыйға тартылып, сол жердегі мұсылмандардың бұл туындылармен танысуына жол ашылды. Ирактан жіберілген Рисалей-Нұр кітаптарына байланысты, Вашингтон Ислам мәдени орталығының бас хатшысы, кітаптарды жіберген Нұр шәкірттеріне алғыс хат жолдаған.Бұл жерде айтарымыз, Рисалей-Нұрдың шетелдерге таралуын қолымыздағы мәліметтер шеңберінде жеткізудің бір үлгісі ғана.Жақында жарыққа шығатын «Мұғжизалы Құран» да Хафыз Османның жазу үлгісі қаз-қалпында сақтала отырып, Құранның жазылу реттілігіндегі мұғжизалар таныстырылады. Бұл Құранның Ислам Әлемінен бастап, бүкіл әлемде жақсы қабылданатындығына шүбә жоқ.Бұлардың бәрі Рисалей-Нұр бүкіл әлемдегі үлкен бір олқылықтың орнын толтырып тұрғандығының дәлелі. Адамзат Құранға мұқтаж, олай болса оның мұғжизаларын дәлелдеп, баяндап беріп отырған Рисалей-Нұрға да мұқтаж.Енді Бәдиүззаман Саид Нұрси және Рисалей-Нұр жайлы шет елдерде жарияланған мақалалар мен Ұстазға жазылған хаттардан үзінді-үлгілерге кезек берейік.* * * * *Синд Университетінің Деканы Али Әкбар Шахтың Анкарадағы бір Нұр шәкіртіне жазған хатыҚұрметті бауырым. Көптен бері сізге хат жазбағаным үшін кешірім өтінемін. ИншаАллаһ бұдан кейін жиі жазып тұратын боламын. Сіздің де жиі-жиі хат жазып тұруыңызды өтінемін. Арамыздағы сыйластық азайған жоқ, қайта арта түсуде. Түрікше білмеймін, бірақ Рисалей-Нұрды қатты жақсы көремін...

713РИСАЛЕЙ-НҰР ЖӘНЕ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРНе деген керемет, жинақтың аты да Нұр... Арамызда рухани байланыс бар. Аллаһтан бұл байланыстардың арта түсуін тілеймін... Хазіреті Нұрдың (Ұстаз) жағдайы қалай. Ол кісі туралы жазыңыз, сәлемімді жеткізіңіз, Рисалей-Нұрға қызмет етуде екенімді айтыңыз... Дін жолында бұдан да көп еңбек етуіміз керек. Аллаһ жәрдем етсін.... Хатымды аяқтай отырып, сізге денсаулық тілеймін. Аллаһ Тағалаға мұсылмандардың сенімін арттыр деп жалбарынамын.Дін бауырыңСЕЙІТ АЛИ ӘКБАР ШАХ,Синд Университеті, Дінтану факультетінің Деканы Хайдарабад – Батыс Пәкістан* * * * *Пәкістан Ислам студенттер ұйымының төрағасының Ұстаз Бәдиүззаман Хазретке жазған хаты Пәкістан Студенттер Ұйымының жылдық конгресі Пәкіистанның астанасы Карагиде хижри 14-15-16 Рабиүлахир 1377 милади 8-9-10 желтоқсан 1957 жылы өтетінін қуана, хабарлаймыз. Ислам жолында тер төгіп жүрген жастарды ынталандыру мақсатында, осы конгресімізге бір ауыз сөзіңізді жолдауыңызды өтінеміз. Мүмкін ол кісі, Пәкіистандағы Мұсылман студенттер ұйымының Ислами өмір сүргісі келетіндігін білетін шығар... Бүкіл әлемдегі түйіткілді мәселелердің дұрыс шешімі тек Ислам діні арқылы шешілетініне де сенетін шығар.Бұл ұйым, Пәкістандағы ең күшті ұйым. Ең мықты қоғамдық қозғалыс. Он жылдан бері Ислами пікірлер мен Ислами жүйені жастарға, қоғамға түсіндіріп, дәлелдеумен шұғылдануда. Қоштаса отырып, біздің сізге деген үмітіміздің босқа кетпейтіндігіне сенеміз. Үлкен рахмет айтамыз...Дін бауырыңыз ИБСАР АЛИМПәкістан Ислам Студенттер ұйымының төрағасы* * * * *

714БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИПәкістан мұсылман шәкірттер ұйымынан жазылған хатРисалей-Нұрды Пәкістанда басып шығарып, көпшіліктің осы кітаптардан пайдалануына себепші болған Карачи Университеті Түрік тарихы бөлімінің ассистенті және төрт үлкен газеттің тілшісі М. Сабирдың бір хаты.Құрметті дін бауырларым. Хаттарыңызды алдым көп, көп рахмет. Хазреті Ұстаз Саид Нұрсидің халі, денсаулығы қалай? Оны жақсы көретін шәкірттер де халық та сұрап жатыр. маған бір хабарын берулеріңізді өтінемін.Соңғы екі айдың ішінде Үндістанда, Исламның және Түріктердің қас дұшпандары болған сионист және қызыл кәпірлерге қарсы төрт мақала жарияладым. Түрік-Пәкістан достығының негіздері мен тарихы жайлы да Карачиде қысқаша бір мақала жарияладым, сіздерге де жібердім. «Имам» атты айлық газетке «Ресейдегі зұлымдыққа ұшыраған мұсылман» деп аталатын мақала жаздым. Бұны да сіздерге және басқа да Урду тіліндегі газеттерге жібердім. Мақсатым, Исламға

715РИСАЛЕЙ-НҰР ЖӘНЕ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРқызмет ету, Түрік әдебиетін таныстыру және Түрік дұшпандарына қарсы мақала жазу.....................................................................................................................................Осы жерде бір кітап шығарғым келді, бұны да сіздерге айтып отырмын. Бұл мәселеде халықшыл партияның Түріктерге қарсы жұмыс істегенін, Республиканы желеу етіп, бүкіл халықты алдап келгенін, діндарларды зындандарға тастағанын жеткізудемін. Карачиде жарияланған осы мақалаларды бір кітап етіп бастырығым келеді. Бізге қанша материал жіберсеңіздер бәрін де осында жариялаймын.Осы хаттан кейін сіздерге маңызды бір хат жазбақшымын. Ол жерде Ұстаздың неге ислам әлемінің ең ұлы адам екендігін, ондай адамның Индонезияда да Хинд-Пак түбегінде де Арабта да Африкада да жоқ екендігі айтылатын болады. Ей нұршы достарым! Түрік – Пакистан достығына ат салысыңыздар, коммунисттерден абай болыңыздар. Түркия мен Пәкістан Бағдат келісім шарты бойынша одақтас екендігі қуантады. Жолымыз Ислам, Арабшылдық та Ираншылдық та емес...Өткен айда Сейіт Али Әкбар Шах мені шақырды, бұл кісі 1950 жылы Ұстазды көрген, маған көп мағлұматтар берді. Ол, өз мақалаларында Ұстазды таныстырып, Яһудилерді сынға алған мақалалар жазған. Ол кісі, Ұстазға сәлем айтып, шәкірттерге дұға етуде және былай деді: «Маған екі адам қатты әсер қалдырды. Біріншісі Мәулана, екіншісі Саид Нұрси»М. САБИРМ. Сабирдің тағы бір хаты...................................................................................................................................Мендерес Үкіметі, Ислам Әлемінің ғана емес бүкіл әлемнің ұлы ойшылы Ұстаз Саид Нұрси Хазреттің аса құнды Ислами туындысы Рисалей-Нұрдың басылуы үшін бұйрық беріпті деп естідік. Бұл хабар Пәкістандағы дін үшін тер төгіп жүрген жандарды қатты қуантты. Осы оқиғаға байланысты Саид Нұрси Хазіретті және шәкірттерін, Түрік бауырларымызды құттықтаймыз. Халықты зұлымдықтан, диктатурадан, дінсіздіктен құтқарған Мендерес бастаған барлық демократтарға алғыс білдіреміз.

716БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИОсы әрекеттерге байланысты Түрік халқына қарсы жасалып жатқан арандатулар тоқтап, Ислам Әлемінің Түркияға деген сүйіспеншілігі қайта оянатын болады.Мен бір Пәкістандық мұсылманмын. Түркияға барған емеспін. Саид Нұрсиді де көрген жоқпын. Стамбул Университеті Нұр шәкірттері шығарған кейбір кітаптарды зерттей-зерделей оқып, шынайы түрде рухани ләззат алдым. Қазір де мына алыс өлкеде Нұр шәкіртіне айналып отырмын. Ана тілім Урдуша жазылған мұндай кітап жоқ.Саид Нұрси сынды дін қаһарманы Үндістан, Пәкістанда жоқ. Бұл бір ақиқат. Егер бұл кітаптар Урду тіліне аударылса, үлкен бір Ислами қызмет болар еді деген үміттеміз. Коммунистерге қарсы баспасөз арқылы күрес жүргізу аса қажет шаруа. Демократтар өз жоспарларында осыған орын берген екен. ИншаАллаһ осындай Ислами іс шаралардың арқасында Түріктерге қарсы жұмыс істеп жатқан коммунистер, масондар және басқалар да тас-талқан болады. Келешекте Түркия бұрынғы деңгейіне қайта көтерілетін болады...... Амин!!!!М. САБИР Әр-рабадтық,Пәкістандағы бір нұр шәкірті.* * * * *

717РИСАЛЕЙ-НҰР ЖӘНЕ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРҚарачи Нұр шәкірттерінің атынан жазылған бір хатҚАРАЧИ НҰР ШӘКІРТТЕРІ:ПӘКІСТАНМ. Сабир Ихсанұғлы, М.А. (Прев) Departament of islamic History and CultureUniversity of Karachi islamic Republic of PakistanМырза!!!Асыл да ардақты Ұстаз Бәдиүззаман Саид Нұрсидің маңызды шығармаларын алдым. Басқа кітаптарын бұрын көрмеген едім. Сіз мұны маған алғаш рет жіберіп отырсыз. Жақында емтихандарым басталады. Мамыр айынан кейін, Хазіреті Ұстаз Жайлы және оның шығармалары туралы мақала жазатын боламын. ИншаАллаһ сол кезде мұнда басылған нұсқаларынан да сіздерге жіберетін боламын. Сізді әлі көрмесем де танысымдай сезінемін. Қасиетті Құран бұйырғандай, бүкіл мұсылмандар бауыр ғой. Мен сізге Түркиялық мұсылман болғаныңыз үшін, әсіресе Нұршы ретінде жазудамын. Мен бір Пәкістандықпын. Түркиялық емеспін, тілім де түрікше емес. Алайда Нұр шәкіртімін. Сондықтан Бәдиүззаман Саид Нұрсиді ең үлкен дін ғұламасы ретінде танимын, өзімді де Нұр шәкіртімін деп санаймын. Ал Саид Нұрси тек сіздердің ғана емес, бүкіл Ислам жастарының ұстазы саналады. Ең өкініштісі елімізде түрікше білетіндер жоқ болғандықтан Ұстаздың еңбектерін түсінбейді.Пәкістандағы Рисалей-Нұр жайлы сізге біраз мағлұмат бермекпін.Бұл елде Ұстаз бен Түркия туралы мағлұмат өте аз. Осы мәселеде екі жылдан бері қызмет етіп келемін. Пәкістан, Бұхара және Бирма газеттерінде мақалалар жазудамын. Бұларға аса мән беріліп, менен Түркия және Рисалей-Нұр жайлы көбірек жазуымды талап етуде. Алайда бұрын менде Ұстаз жайлы мағлұматтар жоқ еді. Осыған байланысты Салих Өзжан атты бір жас жігітке Түркияға қатысты кітаптар жіберуін өтінген едім, Ол да өтінішімді орындады. Ол жіберген кітаптардың бірі Серденгечті еді. Сол кітаптан Рисалей-Нұр жайлы бір мақала көрдім. Соны оқығаннан кейін қатты, әсер алдым

718БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИда, сол кезден бастап Рисалей-Нұр жайлы мағлұматтар жинауға кірістім. Содан бері сол шығармаларды оқып, солар жайлы жазуды мақсат ете бастадым. Оларды оқығаннан кейін Бұл не? деп, терең ойларға шомдым. Көзімнің жеткені, оған қарсы Ислам дұшпандары көптеген жала жапқан екен. Міне содан бері ол жайлы он екі мақала жаздым.Ұстаз жайлы жазылған бұл мақалалар басқа тілдерге де аударылған болатын. Бүгінгі күні оны мыңдаған, бәлки миллиондаған мұсылмандар, мұсылман еместер де біледі. Әлі де ол жайлы білгісі келетіндер көп. ИншаАллаһ үш айдан кейін бұған байланысты барлық күш-жігеріммен қызмет ететін боламын. Ислам дұшпандарынан сескенбеймін. Карачиде Ұстаздың кітаптары мен басқа да түрікше кітаптарды жинастырып, шағын кітапхана жасап қойдым. Яғни Түркиядан қандай кітап келген болса соның бәрі осында сақталуда.Осы жылы, Түрік-Пәкістан студенттерінің бірлігі атты ұйым құруды ойластырудамыз. Нұршы достарымнан тілейтінім, Түрік-Пакистан достығын нығайта түсуіміз қажет. Ол үшін Урду тілін де үйренсе деймін. Өйткені үнді түбегіндегі жүз отыз миллион мұсылманның ана тілі Урдуша. Біз мұнда Түрікше үйренуге тырысудамыз. Түрікше білсе Шығыс Сібірден Албанияға дейінгі алпыс миллион мұсылманмен Түркиядағы жиырма бес миллион Түрікпен сөйлесе алады.Нұр шәкірттері бауырларыма айтарым: «Қай жерде болса да сионизмге қарсы күресу қажет». Коммунизмді шығарғандар да яһудилер. Бүгінге дейін бұл коммунистер, Еділ, Урал, Кавказ, Германия, Қырым, Әзірбайжан, Батыс Түркістан мен Шығыс Түркістанды түгел жайлап алды.Алпыс миллион дін бауырымыздың құқы аяққа тапталды. Үндістан да бір Империалист. Неру де басқа үндістандықтар да Исламияттың қас жауы. Ең өкініштісі мұсылман елдер бұл жағдайлардан хабарсыз жатыр. Неру Кашмирлік мұсылмандарды өлтіруде. Саид Нұрсиге мұндағылар өте құрметпен қарайды.Ол кісіні өте жақсы көреміз және сау сәлемет болып, ұзақ өмір сүргенін тілейміз. Қазір ислам әлемінде Саид Нұрсиге тең келер ғалым жоқ. Мысырда Хасан ул Банна бар еді, ол кісі шәһит болыпты. Икбал бар еді, ол да дүниеден өтті. Әзірге Мәудуди бар, басқа да үлкен ғалымдар бар, алайда Ұстаздай адам жоқ екені шындық. Ұстаз

719РИСАЛЕЙ-НҰР ЖӘНЕ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРқазіргі Ислам әлемінің жауһары, алайда ол жайлы бұл елде мағлұмат аз. Оның шығармалары Парсышаға, Ағылшыншаға, Урдушаға әлі аударылмаған, ИншаАллаһ келешекте аударылады. (Сілтеме )*Ұстаздың құнды өмірі түрмелерде өтіпті. Халықшылдар (партия) оған зұлымдық жасады. Әлхамдулиллаһ, олардың да күні өтіп, орнына Демократтар келді. Біз Пәкістандықтар Мендерес үкіметін жақтаймыз. Егер Демократтар болмағанда, Түрік – Пәкістан достығы да Бағдат келісім шарты да сіздермен діни бауырластық та болмас еді.Кешірім өтіне отырып, Ұстаз Хазіретке көптен көп сәлемімді жолдаймын. Нұршы достарымызға да көп сәлем айтамыз!Ұстаздың үлкен әрі әдемі бір фото суретін жіберулеріңізді өтінеміз!Жасасын Ислам бауырластығы мен Түрік–Пәкістан достығы!Mекен-жайым: Room No: 8Üniversity Hostel Mission Rd.KarachiПәкістандық Нұр шәкіртіМ. Сабир. 30.03.1957* * * * *М.Сабирдің Түркияда Исламның жандануына байланысты өз ризашылығын білдірген хатыӘзиз, адал, қадірменді бауырларым,Төрт хатыңызды, суреттерді және Хазірет Ұстаздың «Сөздер» атты кітабын алдым. Қуанғаным соншалық айтып жеткізе алмаймын. Хатыңыздан оқығанымдай, Түркияда Рисалей-Нұр және Ислам өрлеу үстінде екен, бұған қатты риза болдым. Өкінішке орай, бұрынғы билік ұстазға қарсы дұшпан еді, оған көптеген зұлымдықтар жасады. Алайда шынайы мұсылман болған мына Мендерес Исламды қысым көруден құтқарды. Аман болсын. Иншаллаһ Түркия жуық арада бұрынғы жоғары дәрежесіне ие болады. Ұстаз және Рисалей Сілтеме*:Бұл тілек орындалып, аз уақыттан соң кітаптар аударыла басталды.

720БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ-Нұрды жарыққа шығарған қайратты дін адамдары Түркияда бар екен: Өкіметіңіз неліктен оларды Ислами жиналыстарға жібермейді. Мықты адамдар Түркияда көп. Менің ойымша бойынша ұстаз секілді ғұлама дүниеде жоқ. Біздің елден ұстаз секілді ғұлама шықпады. Өкінішке орай, қызыл Ресей мен кәпір Қытайдан көптеген ғалымдар келуде, және конференциялар өткізіп, жастардың санасын ақырындап улап жатыр. Егер Түрік халқы Түрік ғұламаларын жіберер болса, Пәкістанда және бүкіл Ислам әлемінде зор әсері болар еді.Біз пәкістандықтар Түркияны Ислам әлемінің көшбасшысы ретінде көреміз. Түркия Ислам әлемінің батыстағы қамалы. Түркиясыз Исламның бірігуі мүмкін емес. Сіздерге ұстаз жайлы мақалаларымды жібердім. Ұстазға қатысты мақаламды және «Шығыс Түркістанда Қытай империализмі» атты мақаламды жарияладым. Пәкістанда түрік мектебі, кітапханасы не болмаса іскер адамдары жоқ. Елшілігіңізде де Урду тілін білетін адам жоқ. Олар Пәкістан жастарымен байланыс құрмаған. Урду тілінде басылымдары да жоқ. Егер кейбіреулер оларды шақыра қалса оған да қосылмайды. Прес атташелігінде де дінге қатысты мағлұматтар да кітаптар да жоқ. Өткенде Лахорда Ислами дискуссия болып өтті. Түркиядан атақты тұлғалар келген жоқ. Анкара университетінде оқытушы болып қызмет атқаратын доктор Рехбер(Пәкістандық) Ислам дініне қарсы сөз сөйледі. Бүкіл Ислам әлемі оған лағнет айтты... Алайда, газеттерден оқыған қарапайым халық оны түрік деп ойлап, қатты таң қалды. Бұл адам дінді және түріктерді қорлады. Себилүррешадқа жаздым.Хазірет ұстаздың мекен-жайы қайда? Хазірет ұстазға бір дана Құран Кәрім және өзі туралы жазылған мақалалар жарияланған журналдарды бергім келеді. Өзіңіз туралы көп мақала жаздым. Барлығын жинап, кітап етіп шығармақшымын. Пәкістанның маңызды тұлғалары Хазірет ұстазға және оның денсаулығына қатысты мағлұмат сұрауда. Біз, осы жердегі нұр шәкірттерімен бірге Хазірет ұстазды осында шақырамыз.Әл бақи хуәл бақи Бауырыңыз: М.САБИР

721РИСАЛЕЙ-НҰР ЖӘНЕ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРПәкістанның ең үлкен журналы «Students’ Voice» да Ислам конференциясының төрағасы Зафер Афак Ансардың (ZAFER AFAQ ANSAR) «Исламның қарыштап өрлеуі» атты мақаласында Рисалей-Нұрдың қадірлі де құрметті авторы жайлы былай деуде:..................................................................................................................................Осы қозғалыстың негізгі күшін Саид Нұрсидің көптеген шәкірт–тері оқитын университеттер мен мәдени орталықтар қалыптас–тыруда. Бұл шәкірттер, Рисалей-Нұр шәкірттері деп аталады. Бұл жастар, біз Құранды тыңдаймыз. Біз рахат өмір Аллаһ жолында жүру деп білеміз. Біздің мақсатымыз: Ислам дінін бүкіл әлемге жаю, дейді.Сионизм, коммунизм, атеистік секілді Ислам дініне қайшы ағымдарға қарсы күрес жүргізу.Барлық түрік жастарының Ислам дінін толық мағынасында қабылдауына күш жұмылдыру.Түркияны әртүрлі қауіп-қатерден қорғау. Ұлтшылдық пен рушылдыққа жол бермеу, Ислам бірлігін орнату.Хазірет Ұстаз Саид Нұрсидің 130 кітапшадан тұратын Рисалей-Нұр жинағын осы шәкірттер басып шығаруда.* * * * *

722БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИПӘКІСТАН БАСПАСӨЗІНДЕ РИСАЛЕЙ-НҰР ЖӘНЕ ХАЗІРЕТ ҰСТАЗ САИД НҰРСИ ЖАЙЛЫ ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАРДАН1958 жылғы қаңтардың 31-жұлдызындағы «Students’ Voice» (Шәкірттердің үні) газеті, Пәкістан Ислам шәкірттері ұйымының 15 күнде шығаратын және шәкірттерді (болашақтың ғұламалары) Исламның асқақ қағидалары негізінде дайындауды мақсат еткен студенттік ұйымның басылымы. Осы газеттің «Түрік жастары оянуда» атты мақаласынан:Бүкіл мұсылман елдерінде Ислам бірлігі үшін еңбек еткен Ислами ұйымдардың аты айтыла келіп, осы орайда Түркиядағы нұр шәкірттері тілге тиек етілген. Соңында Ислам бірлігі үшін еңбек етіп жатқан және Пәкістанның ең жақын достары болған нұр шәкірттерін таныдық. Нұр шәкірттерінің ұстазы, жасы сексен беске келген үлкен ғұлама Саид Нұрси екен. Ислам ақиқаты жолында жүргізген күресі, өз отанында, яғни Түркияда, отыз жыл азапқа толы өмір өткізуіне, жиі-жиі түрмеге отыруына себеп болды. 1952 жылы бостандыққа шықты. Алайда, осы қарттың жанарынан әлі де от ұшқындап тұр. Отыз жылдық түрме мен азаптар оны жеңе алмады. Оның күрескерлік жігері өзара ынтымағы берік нұр шәкірттерін қалыптастырды. Ұстаз Саид Нұрси, Рисалей-Нұр еңбектері арқылы түрік жастарын Ислам идеологиясының ең үлкен дұшпандары болған сионистер мен коммунистердің әзәзіл тұзақтарына түсуден аман сақтап қалды. Түркия премьер министрі Аднан Мендерес Рисалей-Нұр жинағы–ның жарық көруіне рұқсат еткен кезде, Түркияның Пәкістандағы елшісі Селахаддин Рифат Эрбил мырза арқылы осы ұлы тұлғаға өзіміздің құттықтауларымызды білдірген болатынбыз. Осы орайда ұстаз Саид Нұрси және нұр шәкірттеріне сәлам жолдадық. Бұл хатымыз Түркияда мыңдаған данамен басылып таратылды. Біздің бағдарламамыз түрік тіліне аударылды. Біз де бірнеше маңызды рисалелерді урду тіліне аудардық. Пәкістан Ислам шәкірттері ұйымының онжылдық мерейтойында Түркиядағы Ислами қозғалыстарды көрсететін түріктердің Ислам әдебиеті көрмесі де болатын. Бұл көрмеде Илаһият факультетінің,

723РИСАЛЕЙ-НҰР ЖӘНЕ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДін Істері Басқармасының басылымдары, түрік тіліне аударылған кейбір діни кітаптар және Рисалей-Нұр жинағынан он бес дана кітап болды. Нұр шәкірттерінің іс-әрекеттері осы көрмеде карта, фотосурет және графика арқылы түсіндірілді. Пәкістанда Араб тілінде шығатын газет-журналдардажарияланған Рисалей-Нұрдың бір беті

724БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИПәкістанда Араб тілінде шығатын газет-журналдарда жарияланған Рисалей-Нұрдың бір беті«Students’ Voice» атты газеттің 1958 жылғы Сәуірдің 30-жұлдызындағы «Ислам әлеміндегі жандану» атты мақалада:Әрбір Ислам мемлекетінде Ислам дінінің үстемдігі үшін атқар–ылып жатқан мақтауға тұрарлық абыройлы іс-әрекеттер айтылуда... Түркияда жүргізілген күрестің нәтижесінде үкімет, дінге қысым жасау шараларын біршама азайтқан. Мехмед Акиф, материалистік ұлтшылдықты айыптаған және халыққа тың құлшыныс, шабыт берер «Сафахат» атты еңбегін жазды. Хазірет Саид Нұрси Ислам ақиқаты үшін қайтпастан күрес жүргізуде. Өзі, Түркияда ең үлкен қылмыс болып есептелетін Ататүрікке қарсы келді деген жала жабылып,

725РИСАЛЕЙ-НҰР ЖӘНЕ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРбаспасөз арқылы жамандалып жатса да, мұндай зұлымдық, халықты оның төңірегінде топтастырды. 130 еңбектің авторы болған Ұстаздың түрмеде жатқан кезде берілген улардың әсерінен денсаулығы нашар. (Сексен жасынан асып кетсе де) Бұл жағдай Ислам ақиқаттары мен мұсылмандардың бақыты жолында жүргізген күресіне тоқтау бола алмады.* * * * *Нұрлы қала Мәдинәда тұратын, Нұрдың ақиқатын толық түсінген, Ислам дініне қызмет етіп жатқан бір ғұламаның хатыБарша көңілді жаулаушы, қадірменді де қымбатты ұстазым!Қолдарыңыздан сүйіп, барлық шәкірттеріңізбен бірге аман-есен жүруіңізді Аллаһу Тағаладан сұраймын. Сіздің ақталып шығуыңызды мұсылмандар үшін ең үлкен мейрам деп сипаттауға болар. Бұл бүкіл нұршыларды қуанышқа бөлеумен қатар мені де шат-шадыман етті... Қалай қуантпасын. Сіздің еңбектеріңізбен бірге ақталып шығуыңыз рухтың материализмге, нұрдың қараңғылыққа, иманның күпірлікке, тәухидтің шірк қосуға, зиялының надандыққа үстем келгенін білдіреді. Неше жылдан бері алдарында таудай тосқауылдар, үрейлі құздардай кедергілер тұрған Нұр ағыны, ең соңында бүкіл тосқауылдардан, кедергілерден өтіп кеткен нұрымен барлық қараңғылықтың іргесін сөкті. «Таңғажайып кереметтермен дүниеге келген Илаһи көріністерді сипаттарда қаламсаптар сынып, пікірлер шашырап, илхамдар жанып күл болар» деп келетін еді ғой. Шынында мен де, осынау ерекше жеңістің алдында дәл сондай әлсіздігімді, бейшаралығымды жан-тәніммен сезінудемін. Өйткені, ой-өрісім мен илхамыма ұшы-қиыры жоқ шексіз көкжиек ашылды. Жер жаһан керемет бір Нұрдан құйылған ескерткішті еске салуда. Төңірегімдегі барлық нәрсе, барлық жер Аллаһқа деген соңсыз әрі терең махаббаттан есінен адасқандай бір күйге түскен... Әрбір жасушада, зәрреде Аллаһтың сыры көрініс беруде...Сонымен, осынау қуанышты оқиғаны тамаша жеңіс, әлде керемет бір жетістік, я болмаса Аллаһтың құтқаруы, не болмаса әлемдік мейрам деп сипаттайын ба? білмеймін. Өйткені, осынау

726БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИкүрестің қол жеткізген жеңісі, бүкіл Ислам әлемі мен бүкіл әлемдегі мүджаһиттердің жігерлерін қайрай түсіп, рухтарына жан, имандарына қуат беріп, құлшындырды.Иә, жігерлері мен имандары, Аллаһқа деген сүйіспеншіліктері өз дәрежесіне келмеген, толыспаған көптеген мұсылмандар өкінішке орай, аянышты үмітсіздікке түсіп отыр. Мұндай жеңіске қол жеткізуге болатынын ойламайтын да еді. Алайда, барлық фейз бен нұрды адамзатты нұрландырып, тура жолға салу үшін Илаһи күн болып Ғарыштың нұрлы көгінен жеткен Құран Кәрімнен алып отырған нұр басылымдары, борсып, сасуға айналған көл секілді көңілдерді өзендей тасытып, қараңғылық пен зұлымдық жылдарында үміт пен армандарға салынған бұғаулар мен шынжырларды үзіп тастады. Осынау нұр бұлағынан атқылап шыққан мөлдір фейз бен хикметтер шашқан туындылар, сезімдердің, пікірлердің әсіресе от-жалынға оранған рух пен ождандардың мәңгілік мұқтаждықтарына жауап беріп отыр. Сондай-ақ оларды, тұншықтырғыш асау толқындай қараңғылық мұхитынан нұрдың айнадай жарқыраған, мөлдір көкжиегіне алып шықты.Ұзақ жылдардан бері жалғасып келе жатқан үнсіздік, қою ғапылдық пен тұмшалап тұрған қараңғылықтан кейін Аллаһтың жарылқауы іспеттес болған мына қасиетті жеңіс, нұр іздеп діңкесі құрыған бейшара адамзаттың көп ұзамай көздері ашылатынын сүйіншілеп тұр. Өйткені, дінге деген мұқтаждық тек мұсылмандарға тән нәрсе емес, бұл бүкіл адам баласының ежелден келе жатқан және мәңгілік мұқтаждығы.Бүгін бейбақ адам баласы, діннен мақұрым қалудың ащы дәмін ұдайы татып, барша ауыртпалықтарын, азаптарын жүрегі өртене тартып жатыр. Осынау аянышты тоқыраудың нәтижесі ретінде ширек ғасырдың ішінде екі дүниежүзілік соғысты басынан өткізді. Бұнымен қоймай үшінші бір соғыстың қақпасын қағып есерсоқтануда.Енді бүкіл адам баласын бір-бірімен бауырластырып, жап-жасыл жұмақтың нұрлы көкжиектерінен ескен шаттық пен бақыт, бейбітшілік пен тұрақтылық желімен желбіреген баршаға ортақ бір байрақтың астына жинайтын күш – Ислам ғана. Өйткені, адам баласының бүгінгі жағдайы Ислам діні келмей тұрғандағы адамзат қауымының аянышты хәлге еніп тұр. Сондықтан, адамзатты сол кездегі мәңгі ауыртпалықтарынан құтқарған Ислам бүгін де құтқара алады... Иә, миллиондардың, миллардтардың жүректерінде,

727РИСАЛЕЙ-НҰР ЖӘНЕ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРкөңілдерінде ғасырлардан бері қанап келе жатқан терең жараны жазатын жалғыз шипалы қол – Ислам діні. Алыс көкжиектерде анда-санда жалт-жұлт еткен алдамшы жарықтар көзге түскенімен, болашақ, барлық нұр мен фейзін күндерден емес, тікелей әлемдердің Раббысынан алған әзели де әбәди де «Жұлдыздыкі». Ол жұлдыз қиямет қайымға дейін тұра береді. Ал оны сөндірмекші болғандарды жерден алып, жерге ұрады.Қымбатты ұстаз! Өзіңізге белгілі, соңғы кездері осынау қасиетті жолда қызмет ету мақсатымен кейбір ағымдар мен қозғалыстар пайда болған. Бірақ, өкінішке орай, олардың ешқайсысы «Рисалей-Нұр» жинағы атқарып жатқандай маңызды іс бітірмеген. Аллаһу Тағала әзірлеген жеңіске қол жеткізе алмады. Өйткені, бұл жол, пайғамбарлардың, әулиелердің, тақуа, салих жандардың әсіресе жандарын осы жолда пида еткен миллиондаған ержүрек шеһидтердің қасиетті жолы. Осынау қатерлі жолды ұстанбақшы болғандар сәт сайын кездесіп тұратын қорқынышты кедергілерді қаперінен шығармауы тиіс. Иә, осы жолда жүрмекші болғандар сарқылмас иман, асқақ ой, әсіресе, ерекше ықылас пен жанкештілікке ие болуы керек. Осынау маңызды майданда халықты дінге шақыруда, тура жолды көрсетуде, «Нұр» ұстанған тәсіл мүлдем ерекше. Адамның сезімі мен ойына, рухы мен ар-ожданына басқа бір әлемнің көкжиектерін ашатын мұндай терең мағыналы кітаптың алғы сөзін жазып, әзиз дін бауырларыма ұсыну абыройына ие болуға дұға етсеңіздер... Өйткені, осынау нұрлы мәселенің мағынасының тереңдігі әрі маңыздылығы сонша, бірнеше парақтық хатпен немесе мақалалармен жеткізу мүмкін емес.Иманның, Құранның нұрымен көңілдерін жаулап алған мына жастар Аллаһтың бізге сыйлаған жеңісінің ең жарқын айғағы, ең құнды жауһарымыз. «Нұр даусы» атты өлеңімнің әрбір шумағында айтып отырған саналы да ойшыл жастар, осындай хақ пен ақиқатты іздеп, өзегі өртенген жастар. Нұр жолында жеткен осынау жеңістің шабытымен бір сәтте жазылған мына бір шумақ өлеңді ұсынамын. Қабыл алуыңызды өтінемін.Аса қадірменді ұстазым, сіздің құнды дұғаларыңызды күтіп, қайта-қайта қолыңыздан сүюшіРухани балаларыңыздың біріАЛИ УЛВИ

728БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИСтамбул сотының «Жастар Шырағын» ақтап шығарған шешіміне орай Бағдаттан келген құттықтау хат. Себилүррешад Журналынан, СтамбулИслам Әлемінің Ұлы ғалымы Бәдиүззаман Хазіреттің ақталуы бізді қатты қуантты. Біздің бұл қуанышымызға себеп болған мына әділ үкімге сүйене отырып, Түрік Сотына және адвокаттарға алғыс айтамыз. Ұстаз Бәдиүззаманға және басқа да бауырларымызға сіздердің журналдарыңыз арқылы құттықтау хат жолдаймыз. ӘМЖЕД ЗУХАУИИРАК * * * * *Пакистандағы Нұр шәкірттерінің Ұстаз Саид Нұрсиден хат жазуын өтінген тілектеріне байланысты Ирактағы бір Нұр шәкіртінің жазған хаты.Бұдан бірнеше күн бұрын Пәкістанда студенттердің конференциясы өтті. Ұстаздың бір ауыз тілек хат жазуын өтінді. Бұның тарихи маңызы зор еді. Салихтың, Нұр шәкірттерінің атынан бір хат жолдағандығын естідік.Сіздерге де жазған екен, тезірек ұстазға білдірерсіздер. Конференцияда Хазіреті Ұстаз және Нұр кітапшалары көп мақталыпты. Коммунистер бұған қарсылық танытыпты. Бірақ төраға оларды тойтарып тастапты. Хазіреті Ұстаздың фото суреттері көрсетіліпті. Жақында Нұр және Нұрға қатысты суреттермен безендірілген журнал жариялайтын көрінеді. Дұғай сәлем жолдап, дұға етуші.АХМЕД РАМАЗАН* * * * *Бағдатта шығатын «Эддифа» газетінің тілшісі Иса Абдүлқадірдің арабша мақаласының аудармасыБағдатта шығатын «Эддифа» газеті Рисалей-Нұр шәкірттері туралы былай дейді:

729РИСАЛЕЙ-НҰР ЖӘНЕ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕР Түркиядағы Нұр шәкірттерінің Ихуан-ы Мүслимин ұйымымен қандай байланысы бар? Олардан айырмашылығы не? Түркиядағы Нұр шәкірттері, Мысырдағы және араб елдеріндегі Ихуан-ы Мүслимин секілді Ислам әлемінің бірлігі үшін әрекет ететін өзінше бір ұйым ба? Бұлар да солардың санатынан ба? Мен де жауап ретінде былай дедім:Негізінде Нұр шәкірттері мен Ихуан-ы Мүслимин ұйымының мақсаттары, Құран ақиқаттары мен иманға қызмет және Ислам әлемінің бірлігі шеңберінде мұсылмандардың дүниелік және ақыреттік бақытына еңбек ету. Бірақ Нұр шәкірттерінің бес-алты тұрғыдан айырмашылығы бар.Бірінші айырмашылық:Нұр шәкірттері саясатпен айналыспайды, саясаттан қашады. Егер саясат жүргізуге мәжбүр болса, онда саясатты дінге пайдаланады. Осылайша, саясатты дінсіздік жолында пайдаланушыларға қарсы діннің қасиеттілігін көрсетеді. Ешқашан саяси бір ұйымдары болған емес.Ихуан-ы Мүслимин болса, мемлекеттік жағдайға қарай саясатқа араласу арқылы дін жолында қызмет етеді әрі саяси ұйым құрады.Екінші айырмашылық: Нұршылар ұстаздарымен бірге отырып жиналыс жасамайды, олай етуге мәжбүр де емес. Ұстазбен жиналыс өткізуге мәжбүрміз деп сезінбейді. Сабақ алу үшін бірге болуды қажетсінбейді. Бүкіл ел дәрісхана іспетті. Қолдарындағы Рисалей-Нұр кітаптары оларға ұстаз секілді сабақ береді. Әрбір рисале бір Саид секілді болады.Қолдарынан келгенше ақысыз көшіреді. Мұқтаж жандардың оқып-үйренуі үшін тегін береді. Осылайша алып мемлекет, алып дәрісханаға айналады.Ихуан-ы Мүслимин болса, барлық орталықтарда өздерінің мүршидтерімен, басшыларымен жүздесіп, сабақ алу үшін алдарына барады. Ұйымның бөлімшелерінде де үлкен ұстазбен және оның көмекшілерімен, уәкілдерімен кездесіп тұрады. Олардан дәріс, бұйрық алады. Сондай-ақ жалпы орталықтарда шыққан газет-журналдың ақысын беріп, олардан дәріс алуда.Үшінші айырмашылық: Нұр шәкірттері, жоғары оқу орнының шәкірттері секілді ғылыми отырыстар арқылы дәріс алуда. Үлкен бір уәлаят бір медресеге айналады. Бірін-бірі көрмесе де танымаса да қашықта тұрса да бір-біріне дәріс беруде және бірге дәріс оқуда.

730БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИАл Ихуан-ы Мүслимин болса, мемлекеттері мен жағдайларының талабына орай газет-журналдар мен кітаптар шығарып, бүкіл әлемге таратады. Сол арқылы бір-бірін танып, дәріс алады.Төртінші айырмашылық: Нұр шәкірттері, бүгінгі күні Ислам әлемінің көптеген жеріне таралған, әрі жиі кездеседі. Әртүрлі өкіметтің қол астында болғанымен жиналып, бас қосуға рұқсат сұрамайды. Өйткені, ұстанған жолдары саяси ұйым болмағандықтан жергілікті өкіметтен рұқсат сұрауға мәжбүрміз деп қарамайды.Ал Ихуан-ы Мүслимин болса: ұстанымдарына орай саясатқа араласуға, ұйымдар құруға және бөлімшелер мен орталықтар ашуға мұқтаж болғандықтан жергілікті өкімет орындарынан рұқсат алуға мәжбүр. Нұршылар секілді білінбейді емес білінеді. Осыған орай, жалпы орталықтары болған Мысырда, Сирияда, Ливанда, Палестинада, Иорданияда, Суданда, Мароккода және Бағдатта көптеген бөлімшелер ашқан.Бесінші айырмашылық: Нұр шәкірттерінің арасында әртүрлі сынып бар. Нұршылардың арасында Құран үйрену үшін мешітке барып жүрген жеті-сегіз жасар сәбиден бастап, сексен-тоқсан жасындағы қарттарға дейінгі әйел де бар, ер адам да бар. Сондай-ақ, шаруадан бастап депутатқа дейін, қатардағы сарбаздан жоғары шенді қолбасшыға дейін бар. Бүкіл осы әртүрлі деңгейдегі Нұршылардың бар мақсаты, Құранның жол сілтеуімен шынайы иман арқылы нұрлану. Бар іс-әрекеттері, ғылым мен таным және иман ақиқаттарын жаю. Бұдан өзге іспен айналысқан емес. Қатал сот орындары мен қызғаншақ қасқөйлер жиырма сегіз жылдан бері осынау қасиетті қызметтен өзге бір мақсатты олардан таба алмағандықтан, оларды жауапқа тарта алмай, ыдырата алмай отыр. Сондай-ақ Нұршылар, өздеріне жақтас адам іздеуге мұқтаж емес... «Біздің міндетіміз қызмет, тұтынушы іздемейміз. Олар бізді іздеп, тапсын» дейді. Санға көңіл бөлмейді. Шынайы ықыласы бар бір адамды жүз адамнан артық көруде.Ал Ихуан-ы Мүслимин болса, олар да Нұршылар секілді Ислам ілімі мен танымы жолында және иман ақиқаттарын ұстану үшін жұртты құлшындырып, солай қарай бағыттауда. Бірақ, жағдайлары, мемлекет пен саясатқа араласуды талап еткендіктен санға көңіл бөлуде, өздеріне жақтастар іздеуде.

731РИСАЛЕЙ-НҰР ЖӘНЕ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРАлтыншы айырмашылық: Шынайы ықыласты Нұршылар, материалдық пайдаға мән бермейді. Кейбіреулері кедей бола тұра аса үнемділік пен қанағат арқылы Құран қызметінде шынайы ықыласты әрі жанкешті болу үшін сабырлылық көрсетуде. Сандары өте көп және қатігез дінсіздердің алдында жеңіліс таппау үшін және мұқтаж жандарды ақиқатқа, ықыласқа шақыруда күмән келмеуі үшін Аллаһтың ризашылығынан басқа әлгі қасиетті қызметті ешнәрсеге құрал етпеу үшін қоғамдық өмірдің пайдаларынан өздерін аулақ ұстауда.Ал Ихуан-ы Мүслимин болса мақсаттары бір бола тұра, мекен-жай, ұстаным және кейбір себептерге байланысты, Нұр шәкірттері секілді дүниені тәрк ете алмауда. Барынша жанкештілік көрсетуге өздерін мәжбүрлемейді.Иса Абдүлқадир* * * * *Бағдатта шығатын маңызы зор, саяси «Эддифа» газетінің тілшісі Иса Абдулқадир былай дейді:Нұр шәкірттерінің Ұстазы Бәдиүззаман Саид Нұрси жайлы «Эддифа» газетінен оқығандар Түркиядағы Нұр шәкірттері және олардың ұстаздары Саид Нұрси жайлы мағлұмат бер деп өтініш білдіруде. Мен де қысқаша жауап берейін. Ұстаздың, Нұрдың және Нұр шәкірттерінің Арабтарда хақы бар болғандықтан, арабтар олар жайлы көбірек әңгіме қозғасын деймін. Өйткені, мұсылмандардың негізгі тобын қалыптастырып отырған арабтар Рисалей-Нұрдан көптеген пайда көре бастады. Нұр Шәкірттері, Рисалей – Нұр арқылы Түркияда да Араб елдерінде де коммунистерге қарсы алынбас қамалдар тұрғызуда....................................................................................................................................Бұл жазба Демоктр аттардан бұрынғы кезеңдер жайлы. Сон–дықтан Нұр Шәкірттерінің саны Прокурор айтқандай бес жүз мың емес. Қазір Түркияда олардың саны миллиондап саналады. Күн сайын арта түсуде. Рисалей-Нұр өте кең таралуда. Түркияда Ислам әлемінде ғана емес шет елдерде қызығушылық артуда.

732БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИНұр шәкірттерінің ынтасын еш нәрсе азайта алмайды. Нұр шәкірттері мен Рисалей-Нұр және олардың Құран жолындағы қызметтері Демократ Үкіметтің үлкен қазнасы, Ислам әлеміндегі Ислами қозғалыстар мына Демократ Үкіметті жақсы қабылдауда. Ирактың бүкіл мұсылман халқы Араб та, Түрік те Күрд те, Иран да мына Исламға жасалып жатқан қызметті қуана қолдауда. Түркиядағы түрік бауырларымыз батыстың жаман әсерлеріне қарсы осылай жауап беруде деп білемін.ИСА АБДУЛКАДИР________________________________________________ Жастар Шырағының ақталуына байланысты, Әл-Әзхар Университетінің Түрік шәкірттерінің құттықтау хаты Каирден 13/4/1952Қадірменді Ұстаз Бәдиүззаман Саид Нұрси Хазірет жүректердегі иманды нұрландырушы, барлық жүйенің тірегі, ақырет жолының сенімді компасы Қасиетті Құраннан нәр алған кітаптарыңыздың ішіндегі «Жастар Шырағы» атты кітапты жауапқа тартып жазалағысы келген сот барысында ақталып шыққандығын естіп, қатты қуандық.Құрметті ұстаз, сізді және Демократ түрік әділет орындарының әділ соттарын шын жүректен құттықтаймыз.Өмірін Исламияттың амандығы жолына арнаған, Түрік Халқына қызмет етуді абырой санайтын, осы ғасырдағы теңдессіз дін жолындағы күрескер ұстаз! Сізге Ислам Әлемі де адамзат та риза. Біз соның мысқалдай бір бөлшегін жеткізіп, рахмет айтамыз, берекелі дұғаларыңызды күтеміз. Аллаһ сізге және сізді қолдаушыларға разы болсын.Әл-Әзхар Университеті Түрік Шәкірттері атынан ХАЖЫ АЛИ ҚЫЛЫНША* * * * *

733РИСАЛЕЙ-НҰР ЖӘНЕ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕР_________________________________________________ (Ирандық Нұр Шәкіртінің Ұстаз Бәдиүззаман Хазіретке жазған хаты. Түркия Республикасының Спартаға қарасты Барла ауылында тұратын ардақты Бәдиүззаман Хазіретке арналады.)Аса құрметті Ұстаз Бәдиүззаман Хазретке, бәрінен бұрын жеке құрметім мен сәлемімді жеткізіп, Аллаһ Тағаладан мықты денсаулық тілеймін. Мен Иранда Риза уәләятына қарасты Мергивар ауданы, Дизе ауылында тұратындығымды айтамын.Соңғы қырық жыл ішіндегі дүниенің аласапыран оқиғаларына байланысты шет қиырлап кеттім. Әуелі денсаулығыңызды сұрағым келіп тұр. Аллаһқа шүкір жақында Ирандық Тайиб сардардан сау – сәлемет екендігіңізді естіп, қатты қуанып қалдым. Қасиетті дінімізге қызмет ете алуыңыз үшін Аллаһ сізге денсаулық берсін. Амин.Аса құнды кітаптарыңыздан «Нұр Қақпасы» «Аса-и Мұса» «Жастар Шырағы» тағы да басқа кітаптар құрметті бауырымыз арқылы қолыма тиді. Өте қуаныштымын. ИншаАллаһ бұлардан өз нәсібімді алармын.Бұл алғашқы хатым болғандықтан көп соза бермей Аллаһтан сіздің аман-саулығыңызды тілеймін.Хатымның аман жететінінен үміт етіп, Хазіреттен де дұға тілеймін.Марқұм Сейнд АбдұлқадирзадеСЕЙИД АБДУЛЛАҺ * * * * *Сириялық кішкентай бір Нұр шәкіртінің Ұстаз Бәдиүззаманға жолдаған хатыИслам Әлемінің мақтанышы Ұлы Ұстаз Хазіреті Бәдиүззаманға. Сізге деген құрметім шексіз. Сіздің аяғыңыз басқан топырақты маңдайыма қойып, сүйіп алғым келеді. Алты жастамын. Қасиетті Рамазан айының жиырма алтысы күні Құран Кәрімді хатым қылдым. Сириядағы ең кішкентай Нұр шәкіртімін. Менімен бірге он бір досым Құран Кәрімді хатым қылды. Бәріміз бірге намаз оқимыз. Осы хатым мен шағын суретімді Урфадағы Нұр шәкірттері арқылы жолдап отырмын. Сізден бір өтінішім бар, суретімнің артына өз

734БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИқолыңызбен бір-екі сөйлем бата-тілегіңізді жазып, қайтарсаңыз екен. Әкем Абдүлхади де сізге құрметпен сәлем жолдап, дұғаңызды күтеді.Сирия, Дербасие ауданына қарасты Алия ауылынан Хусейн АбдулхадиРисалей-Нұр, Ислам Әлемінде ғана емес, Европада да жақсы қабылдануда. Мұның бір мысалы ретінде ФинляндиядағыХабибуррахман Шакірдің екі хатын осы жерге енгізіп отырмыз.Имам Хабибир Рахман Шакир (арабша Tampereen Islamilaisen seurakunuan imami. Adress: Tampere. Finland Vellamokatu 21)Аса құрметті бауырымСыйлық ретінде жіберген аса құнды, «Әл Мәснауи-ул Араби мин Рисалетин – Нур» атты кітапты алдым. Осыған байланысты сізге рахметімді жеткіземін. Аллаһ сіздің барлық тілектеріңізді қабыл етсін деп тілеймін. Бұл аса құнды сыйлығыңыз менің исламды түсіндіру қызметімде көп пайдаға жарап, маған көмекші болатындығына күмән жоқ.Кітаптың авторы Саид Нұрси Хазіретті де бізге таныстыруыңызды өтінемін.ҚұрметпенХАБИБУР РАХМАН ШАКИР* * * * *Рисалей-Нұрдың Еуропаға жайылуы және халықтың оған қызығушылық танытуының бір мысалы ретіндегі Финляндиядағы Нұр шәкірті Хабибуррахман Шәкірден келген хат. Велламонкату 21.12/2.1958Құрметті бауырым,Хаттарыңызбен бірге «Ықылас рисалесі», «Зейлүл Хубаб», «Рисалей-Нұр жайлы авторына жазылған хат» және «Рисалей-Нұр

735РИСАЛЕЙ-НҰР ЖӘНЕ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРжайлы жасалған баяндама» атты жазбаларды алдым, көп рахмет.Ұстаз Хазіреті Саид Нұрси, заманымыздың ұлы ойшылы және Аллаһтың сүйген құлдарының бірі екеніне күмәніміз жоқ. Бәлкім бұл кісі 14-ғасырдың мүжедиді деп сенсек артық кетпеген болармыз. Түрік халқының арасынан шыққан гауһардай асыл адамды, төңкерістердің толқынына тұншықтырып жібермей бүгінге дейін аман алып келгеніне Аллаһқа шүкір етеміз. Бұл кісі біздің ғасырға сән беріп тұр. Мұса Пайғамбарды Ферғауынның қолында өсіргендей, бұл кісіні де дінсіз, залымдардың ортасынан, қиыншылықтардың арасынан алып шықты. Бұдан кейін де сау-сәләмәт ұзақ өмір сүруін тілейміз. Ұстаз Бәдиүззаман жайлы біздің білетініміз осы. Мүмкіндік туып жатса сол кісінің алдына барғымыз келетінін, көрмесек те ол кісіні жақсы көретінімізді жеткізіңіз. Біз үшін дұға етуін өтінеміз. Құрметпен, дін бауырыңызХАБИБУРРАХМАН ШӘКІР* * * * *Сорбонна Университеті Ислам және Рим құқығын салыстыра зерттеу кафедрасының профессоры, Париж Ислам Мәдениеті Орталығының құрметті төрағасының Хазіреті Бәдиүззаманға жазған хатыАллаһ жолында күрескен Құрметті Ұстаз Хазірет, Аллаһ сізге ұзақ өмір сыйласын. Сіз жолдаған кітаптарды сыйлық ретінде қабыл алып, рахмет айтамын. Осындай құнды туындыларды пайдамызға жаратуды нәсіп етсін. Сіздің жоғарғы дәрежелі сый-сыяпаттарыңызды, ұлы күрескерлігіңізді бұрын да естіп жүретінмін, үнемі құлағдармын. Аллаһ бір-бірінен ұзақ нәрсені қауыштырушы ғой. Біздерге, сіздің ризашылығыңыз бен сүйіспеншілігіңізге қол жеткізуді нәсіп қылсын. Мына әлсіз, пақыр құл, сіз секілді Құранның Ғазиз қызметшісіне алғыс айтады. Доктор Мұхаммед Хамидуллаһ* * * * *

736БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИВашингтон Ислам жамағатының және Ислам мәдени орталығының Бас Секретары Доктор Мұхаммед Хамидуллаһтың Ирактағы Нұр шәкірті Ахмед Рамазанға жолдаған хатыВашингтон Ислам Мәдени Орталығына сыйлық ретінде жіберген Бәдиүззаман Саид Нұрсидің «Хутбе-и Шамие» және «Рисалей-Нұр мизанлары» атты кітаптар үшін алғысымызды қабыл алуыңызды өтінемін. Қайта-қайта алғыс айта отырып, бақытты күндер тілеймін. Ислам мәдени орталығының бас секретары Др. МҰХАММЕД ХАМИДУЛЛАҺ* * * * *Грецияға Рисалей-Нұрды таратып, жүздеген нұр шәкіртін шығарған бір кісінің, Түркиядағы Нұршы бауырына жазған хаты.Дін мен Иманға қызмет етіп, ширк пен күпірді талқандаушы азиз бауырларым! (Абдуллаһ, Хүснү, Абдулқадир, Мехмед, Сүлейман)Біріншіден: сіздердің зор ықыласпен, шын жүректен жазған хатыңызды алып, қатты қуандым. Жалынды сөздеріңізбен шынайы құттықтауларыңыз діни шабытыңыз бен нұрға деген ғашық рухыңыздан туғандықтан, нұрлар арқылы нұрланған зиялы жүректерді шабыттандырмау, толқытпау мүмкін емес.Сол үшін, сіздердің сәлемдеріңіз бен сүйіспеншіліктеріңізге біздің де сәлеміміз бен сүйіспеншілігіміз шексіз. Сіздерді құшақтап, ислами сағынышпен жанарларыңыздан сүйемін.Екіншіден сіздер жіберген «Хутбе–и Шамие», «Шеква» атты кітапшалар мен сот үкімін, хаттарды алып қатты қуанып қалдым. Осыған жауап жазайын деп отырғанда Керкуктегі Ахмет Рамазан бауырымыз жіберген «Сөздер» жинағын алдым. Бұған да қатты қуанып қалдым. Енді оған да сіздермен қаттар алғысымды білдіріп, хат жазып отырмын. Осынша шаттық пен қуанышқа жамағатымыздың барлығы ортақ болып баршаңызға сәлем

737РИСАЛЕЙ-НҰР ЖӘНЕ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРжолдауда. Өзара бауырластығымыз арта берсін. Менің де барлық бауырларымыздың да Хазреті Ұстазға еруіміздің себебін былай түсіндіреміз. Әрбір ғасыр, жалпыдан да жалқыдан да көрініп тұрған шексіз аяттарды кемел түрде тәпсірлеп беретін кәміл адамға мұқтаж. Біздің ғасырда шығыста да, батыста да парасаттылығымен, ілімімен танылған тұлғалар аз емес. Алайда өткінші мүдделерден ада, тек бақи нұрмен нұрланған, сусындаған дара тұлға, сенімді жан қажет. Ұлы Ұстамыз осы айтылған сипаттарға тұнып тұрғандықтан заманымыздың данасы дәрежесінде. Оның сөзіне құлақ асу, соңынан еруге лайық жанға түгелдей сенім артқанмен бірдей.Заманның мүжеддиді, имамы дағдарысқа ұшырағанына қарағанда, ұстаздай ұлы мүршидтің ізінен еру уәжіп дәрежесіне шығып отыр. Міне осы себеп, бізді де басқаларды да ойланбастан ұлы ұстаздың соңынан еруге итермелеуде. Мұны жасатып тұрған олардағы иман күші мен нұр бұлағының орталығындағы тартылыс күші болып отыр. Олар осынау туындыларды талдап талқылау арқылы, аз уақыттың ішінде білімдері артып, бойларында өзгеріс пайда болуда....Яғни тез арада, нұрлар қамтып жатқан тақырыптарды түсіну қабілетіне ие болуда. Аллаһтың мейірімділігі мен жомарттығына қанша шүкір айтылса да аз. ................................................................................................................................ Бұл қызметте табысқа жету үшін сіздердің мыңдаған қиыншылықтар көру арқылы жинаған тәжірибелеріңіз бен жол көрсетер әрекеттеріңіз секілді тайсалмас, мызғымас ұстамдылық қажет.ИншаАллаһ барлық жердегі, барлық бағыттағы осындай әрекеттер мұсылмандардың толық азаттық алуымен нәтижеленетін болады.Хафыз Али* * * * *

Европадағы Нұр шәкірттері, мұғалімдерімен бірге

Исм-і Ағзамның хаққы үшін, Қасиетті Құранның құрметі үшін, Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләмның құрметіне, осы жинақты бастырушылар мен жәрдем еткендерді, Рисалей-Нұр шәкірттерін Фердаус Жәннатта мәңгі бақытты ете гөр. Әмин.... Иман және Құран қызметі жолында үнемі табысқа жеткіз... Әмин.... Амал дәптерлеріне осы жинақтың әрбір әрпіне мың сауап жаза гөр.... Әмин. Нұрлардың жайылуы жолында табандылық пен ықылас бере гөр. Әмин. Уа, Әрхамуррахимин! Рисалей-Нұрдың бүкіл шәкірттерін екі дүниеде бақытты ете гөр... Әмин. Оларды адам және жын шайтандарынан қорға! Әмин... Мына әлсіз, бейшара Саидтың күнәларын кеше гөр! Әмин...Бүкіл Нұр шәкірттерінің атынан Саид Нұрси

мАЗмұныӨмірінің Алғашқы кезеңі...................................................................29Бәдиүззаман Барлада..........................................................................139Бәдиүззаман Ескішеһирде................................................................203Бәдиүззман Кастамонуда.................................................................268Бәдиүззаман Денізліде.......................................................................394Бәдиүззаман Әмірдағында................................................................454Бәдиүззаман Афионда........................................................................540Бәдиүззаман Спартада................................................................... 615....Сараптамалар........................................................................................630Рисалей-Нұр және шет мемлекеттер.............................................710

Бұл кітап жайында ұсыныс-пікірлеріңіз болса, мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады.«Нур Фейз» ЖШС.050009, Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, №84-үй. Тел.: 8 (727) 374 71 10Сот: +7 701 311 47 91E-mail: [email protected]


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook