501БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАСондай-ақ, Уахабилік пікір мен шектен шыққан Рафизилік мазхабы Ислам дініне зиян келтірмесін деп, Сыффин соғысындағы бүлікшілер туралы сөз қозғауды зиянды деп білуде.Хаджаж Залым, Язид пен Вәлид секілділерге келер болсақ, Ке-лам ілімінің ғұлама ғалымы Сағадеддин Тафтазани «Язидқа лағынет айтуға болады» деген. Бірақ лағынет айту уәжіп демеген. Солай еткен жақсы және сауап жазылады демеген. Өйткені Құранды да Пайғамбарды да, бүкіл сахабалардың киелі сұхбаттарын да жоққа шығарғандар көп. Қазір жер бетінде тірі жүргендері де аз емес. Бір адам бірде-бір малғұнды еске алмаса, лағынет айтпаса, шариғат тұрғысынан ешқандай зияны жоқ. Өйткені жамандау мен лағынет айту, мадақтау мен сүйіспеншілік таныту сияқты нәрсе емес. Олар жақсы амалдардың қатарына кірмейді. Егер зияны тисе, тіпті жаман. Қазіргі кезде жасырын мүнафықтар, бәрінен бұрын Ислам діні мен Құран ақиқаттарын қорғауға жауапты кейбір молдаларды Уахабилік сезімдерді қоздыру арқылы тұзаққа түсіруде. Осылайша хақ жолындағыларға «Алеви» деген кінә тағып, бір-біріне айдап салып отыр. Осындай әдістермен Ислам дініне ауыр соққы бергісі келетіндер қаптап жүр. Өз хатыңда сен де бір шамасын жазыпсың. Маған және Рисалей-Нұрға қарсы ең әсерлі құрал ретінде молдаларды қолданғанын өзің де білесің. Қазір Харамейн, Шери-фейнде билік құрып тұрған Уахабилердің және атақты ғұламалар Ибн Тәймие мен Ибн-ул Каймил Жезвидің еңбектері көптен бері Стамбулдағы молдалардың қолында жүр. Оның ішінде әулиелерге қарсы және бидғаттарға біршама атүсті қарайтын ұстанымдарын өздеріне перде еткісі келетін, бидғаттарға белшесінен батқан кейбір молдалар сенің Әһли Бейтке деген сүйіспеншілігіңнен туындаған және әзірге паш етудің қажеті жоқ иджтихатыңды желеу етіп, саған және Нұр шәкірттеріне соққы беруі мүмкін. Сонымен шариғат жа-манда, кәпір сана деп әмір бермейді. Алайда, шариғатта жамандау мен біреуді кәпір санаудың арнайы үкімі бар. Егер нақақтан-нақақ жамандап, біреуді кәпір деп айыптаса үлкен зияны бар. Егер айтқаны дұрыс болса онда ешқандай жақсылық та сауап та жоқ. Өйткені жа-мандау мен кәпір санауға лайық адамдар өте көп. Бірақ шариғатта неге жамандамадың, неге кәпір санамадың деген үкім жоқ.Сондықтан хақ жолындағылар, Әһли Сүннеттің жоғарыдағы ақиқаттарға сүйенген қасиетті қағидаларын өздеріне үлгі етіп,
502БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИтөрт имам мен Әһл-и Бейт және он екі имам кезеңінен басталған мұсылмандар арасындағы көне тарихта қалған фитне-бүліктер жай-лы айтысып-тартысуды жөн көрмеген. Пайдасы жоқ, керісінше зиян-ды деп білген.Сондай-ақ сол соғыста екі жақта да аса қадірлі сахабалар болған. Ал сол араздықты қозғаудың нәтижесінде әлгі сахабаларға, тіпті Талха(р.а.) Зүбейр (р.а.) секілді Ашаре-и мубашшереге қарсы көңілге сіздердікі дұрыс емес, қате деген ой келеді. Қателік болса да тәуба ету ықтималы жоғары. Баяғы дәуірге оралып, шариғаттың бұйрығы болмаса да сол жағдайларды құр босқа қазбалау, дәл қазіргі кезде Исламға аяусыз соққы беріп жатқан және мыңдаған лағынет айтуға, жиіркенуге лайық адамдарға назар аудармау секілді жағдайға түсу, байыпты бір мұсылманның қасиетті борышына сай келмейтін мінез. Тіпті, сенің Сабримен аздап айтысып қалғаныңның өзі Рисалей-Нұрға және иман ақиқаттарының жайылуына елеулі зиян келтіргенін жасыра алмаймын. Оны сол кездің өзінде, осы жерде отырып сездім және жаныма қатты батты, қиналып қалдым. Сосын сен сияқты зерделі бір ғалымның және Рисалей-Нұрдың сол аймақта өркен жаю-ына себеп болар Сабридың сол жерге баруларың және екеуіңнен Нұр қызметін күтіп отырғанда, керсінше Нұрға үш тұрғыдан зиян келгенін сездім және көрдім. Апыр-ай, бұл қалай болды деп отырғанда, үш күннен кейін Сабридың сенімен орынсыз жерде, құр босқа айтысып-тартысқанын естідім. Сен де ашуланған екенсің. «Қап», дедім. «О жаратқан Ием! Эрзурумнан маған көмекке келген осы екі кісінің араздығын татулыққа айналдыр!» деп жалбарындым. Рисалей-Нұрдың Ықылас сыры жайлы бөлімінде айтылғандай, қазір иманды жандар мұсылман түгілі христиандардың діндар дінбасыларымен ынтымақтасып, араздық туғызар мәселелерге мән бермеуі керек. Өйткені күпірлік шабуыл жасап жатыр. Сен діндар, ғылыми тәжірибең бар адамсың хәм Нұрлармен шұғылданып жүрген адам болғандықтан сенен өтінерім, Сабримен арадағы болған оқиғаны ұмытуға тырыс. Сен оны кешір, өйткені ол өз ойынан шығарып айтпаған. Баяғыдан бері молдалардан естіген нәрселерін орынсыз жерде дау-дамайға айналдырған.Үлкен жақсылықтар мен қайырымдылықтардың көптеген күнәларға кәффарат – өтеу болатынын өзің де білесің. Жерлесіміз Са-бри шынымен де Нұрға және Нұр арқылы қызмет еткені соншалық мың қателігін жуып шаяр. Сіз көрегенділік танытып әлгіндей Нұр
503БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАқызметтерінің құрметі үшін Нұр қызметінде жүрген бір жолдас, дос жерлес ретінде қарағаныңыз жөн. Сахабалардың кейбіреулері сол соғыста салыстырмалы әділетті және шариғаттың рұқсатын назарға алып, хазіреті Алидің (р.а.) аса тақуалықпен, қанағатшылықпен ешкімге тәуелді болмай ұстанған нағыз әділет пен шариғат жолын тәрк етіп, қарсы жаққа осы иджтихат негізінде қосылған. Тіпті имам Алидің (р.а.) бауыры Укайл және нағыз ғұлама атағына ие болған Абдуллаһ Ибн Абас та бір ауық қарсы жақта болғандықтан, Әһли Сүннет уәл жамағат, шариғаттың деген негізгі қағидасына орай деп сол фитне жайлы әңгіме қозғауды жөн көрмеген. Өйткені келіспеуге тұрарлық бірнеше кісі болғанымен, бір жаққа жақтасу сезімі билеп, үлкен сахабаларға, тіпті қарсыластардың арасындағы Әһли Бәйттің кейбір тұлғаларына Талха (р.а.) және Зүбейр (р.а.) секілді Ашара-и мүбашшарадан болған жандарға қарсы шығып, дұшпандық сезім оя-нып кетер деп, Әһли сүннет бұл есікті жауып тастауды қолдайды. Тіпті Әһли Сүннеттің және Кәләм ілімінің үлкен имамы, атақты Саадеддин Тафтазани, Язид пен Уәлидке лағынет айтуға рұхсат беретінімен, Сеид Шәриф Жүржани секілді Әһли Сүннет уәл жамағаттың ғұламалары былай деген: «Былай алып қарағанда, Язид пен Уәлид қатыгез, залым, күнәһар. Бірақ жантәсілім етерде имансыз кеткендіктері беймәлім болғандықан және бұлтартпас дәлелдер болмағандықтан, Иманды бо-лулары және тәубе ету мүмкіншіліктері болғандықтан, оларға арнайы лағнет айтуға болмайды. Бәлки секілді жалпылама бір атпен лағнет айтуға болар. Әйтпесе оның ешқандай пайдасы жоқ, қайта зиян» деп, Саадеддин Тафтазаниға қарсы келген.Сенің ғылыми түрдегі нақты өлшемдермен жазған хатыңа егжей-тегжейлі жауап жаза алмауымның себебі, меңдеп бара жатқан сырқатым мен маңызды істерімнің көп болуы. Сондықтан, жауабым асығыс және қысқа жазылды. БауырыңСаид Нұрси* * * * *
504БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНЕ АЙТЫЛҒАНДАРДАН ҮЗІНДІТарихта және жер бетінде болмаған зұлымдыққа ұшырадым. Он тұрғыдан заңға қайшы келетін қатыгездік пен қысымға душар бол-дым. Қасақана у берулерден ауру болған, әлсіз, жетпіс бір жастағы қарт, жалғыз өзі, кісі аярлық жағдайда, елден жырақ өмір кешіп, ша-паны мен аяқ киімін сатып, азық қылған пақыр және жиырма бес жыл бойы ешкіммен жүздесіп, әңгімелеспеген, мыңның ішінен бір-екі адал жанмен жүздесіп сөйлесетін, басқалар жат санайтын және жи-ырма жылдық өмірі мен еңбектерін үш сот пен Анкарадағы комиссия жіті тексергеннен кейін бір ауыздан ақталған, еңбектері отанымыз бен халқымызға пайдалы деп танылған бір бейкүнә және бірінші дүние жүзілік соғысқа қатысып ел қорғаған ұлан, қазір халқы мен елін анар-хиядан, шетелдіктердің арандатуынан құтқару үшін өз тәпсірлерімен бар күшін сала әрекет еткен отан сүйгіш, сондай-ақ жетпіс куәгердің сотта куәлік еткеніндей, жиырма бес жыл бойы бірде бір газет оқымаған, оқуға қызықпаған және жеті жыл бойы екінші дүние жүзілік соғыс жайлы сұрамаған, мән бермеген және өз еңбектерінде саясат-пен байланысын түбегейлі үзгенін нақты айғақтармен дәлелдеген және дүниелік істеріңізге араласпағанын сот орындарының өзі ресми түрде мойындаған еш зиянсыз адам, ақыретіне, ықыласына нұқсан келмеуі үшін халықтың қошеметінен, бауырларының марапатынан барынша бойын аулақ ұстаған бейшара Саидқа ішкі істер министрі болған өзің бастап, Афион әкімі мен Әмірдағы полициясын басыма бәле қылып, күн сайын оқшаулау камерасының бір айлық азабын тартқызудасың. Жалғыз өзімді оқшау ұстау қандай заңның талабы. Қандай заң мұндай қатыгездікке жол беруі мүмкін деп, бұқараның құқын қорғаушы әділет басқармасы арқылы ішкі істер министіріне айтып отырмын.Барлық мәдени, адами және өмір сүру құқынан қатыгездікпен мақұрым қалдырылған.Саид Нұрси* * * * *
505БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАБұрынғы ішкі істер министрі, қазір партияныңбас хатшысы Хилми БейБіріншіден: Жиырма жылдың ішінде бір ғана арызды ішкі істер министрі болып жүрген кезінде саған жазған болатынмын. Алайда, жиырма жылдық қағидамды бұзбадым. Сенімен бұрынғы ішкі істер министірі, қазіргі бас хатшы ретінде сөйлесемін. Жиырма жыл бойы үкіметке бір ауыз сөз айтпаған, бір-ақ рет үкіметтің жоғарғы шенді бір адамымен сөйлескен адам, он сағат сөйлесе де аз. Сондықтан сіз менімен бір-екі сағат сөйлесуге уақыт бөліңіз.Екіншіден: Қазір бір партияның бас хатшысы болғандықтан сізге бір ақиқатты баяндауға өзімді мәжбүрмін деп санамаймын. Ақиқатты айтайын: Өзің бас хатшы болып отырған Халық Партиясының халық алдында атқарар өте маңызды міндеті бар: Мың жылдан бері Ислам Әлемін өзінің ер жүректігімен қуантқан және Ислам бірлігін сақтап, адамзаттың күпірліктен, дінсіздіктен құтылуына себепші болған түрік халқы мен түріктенген халықтардың діни бауырластығы бо-латын. Егер қазір, бұрынғы кездегідей Құранға, иман ақиқаттарына қорған болып, ер жүректік көрсетпесеңдер және Құран мен иман ақиқаттарын жаюды тікелей қолға алмасаңдар, не болатынын сен-дерге айтып қояйын және солай болатынын бұлтартпас айғақтармен дәлелдеп беремін.Мұндай жағдай Ислам әлемінің сүйіспеншілігі мен бауырластығының орнына жиіркенішін, ер жүрек бауыры әрі қолбасшысы болған түрік халқына өшпенділігін туғызады. Сондай-ақ Ислам Әлемінің қорғаны, даңқты әскері болған түрік халқының быт-шыт болып ыдырауына солтүстік-шығыстан шығып, кәрін төгіп келе жатқан қызыл аждаһаның жаулап алуына себеп боласыңдар.Сырттағы екі қорқынышты ағымға қарсы қаһарман халқымыз Құранның күшімен шыдас береді. Абсолюттік күпірлікті, диктаторлықты, бейбастықты және намысты жандардың мал-мүлкін бейбастықтардың талан-таражға салуын әдетке айналдырған өте сұмдық күшпен келе жатқан өрт - ағымды тоқтатар күш, тек қана Ис-лам ақиқаттарымен біте қайнасқан, біріккен және тарихтағы барлық атақ-даңқына Ислам дінінің арқасында қол жеткізген халқымыздың діни қуаты мен имани тұтастығы.
506БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИХалқымыздың отан сүйгіштері, ұлт жандылары бәрінен бұрын, біртұтас халқымыздың жанына айналып, біте қайнасып кеткен Құран ақиқаттарын, мәдени тәрбиенің орнына қойып, дәстүрлі түрде әрекет ету арқылы ғана әлгі қорқынышты ағымды тоқтата алады, ИншаАллаһ.Екінші ағым: Егер сендер отансүйгішсымақ, ұлтжандысымақ адамдар секілді, күні бүгінге дейін толассыз жүріп жатқан және мәдениет деген атпен, қасиетті құндылықтарды аяқасты еткен жүйені сақтап қалуға тырысып, үш-төрт адамның төңкеріс жасадық деп істеп жатқан әрекеттерін негіз етіп алып, бар жақсылықтар мен төңкерістің оңды істерін солар жасады деп, ал бар кемшілікті халыққа жапсаңдар, онда үш-төрт адамның үш-төрт жаманшылығы, үш-төрт миллион жаманшылық болып шығады. Ержүрек, діндар, Ислам әскері болған түрік халқының, тарих қойнауындағы миллиардтаған даңқты әскерлеріне, миллиондаған шахиттеріне, жалпы халыққа қарсы жасалған әрекет және оларды рухани азапқа салар мазақ бо-лып есептеледі. Сонымен қатар әлгі төңкерісшіл үш-төрт адамның үлестері өте аз бола тұра, халық пен әскердің күш-қайратынан туған мол жақсылық сол үш-төрт адамға телінсе, үш-төрт миллиондық жақсылықтар үш-төрт қана жақсылыққа айналып, азайып қалады. Жоққа тән болып өте ауыр кемшіліктерді жуып-шая алмастай азайып қалады.Үшіншіден: Әлбетте сендерге қарсы, көптеген іштей және сырт-тай қарсыластар бар. Егер осы қарсыластарың иман ақиқаттары жо-лында қарсыласар болса, сендерді бірден жеңіп кетер еді. Өйткені халқымыздың тоқсан пайызы мың жылдан бері Ислам дінінің қағидаларына жан-тәнімен берілген. Жаратылыстарына үйлеспейтін әмірге сырттай бас игенімен іштей (жүрекпен) бағынбайды. Сондай-ақ мұсылман адам басқа халықтар сияқты емес. Егер дінін тастаса, анархист болып, ешқандай заңға бағынбай кетеді. Шексіз диктаторлық пен жемқорлықтан басқа ешқандай тәрбие, ешқандай шара көмектеспей қалады. Бұл ақиқаттың көптеген айғақтары, көптеген мысалдары бар. Сіздің алғырлығыңызға сенім артып, қысқа қайырамын.Бұл ғасырдың Құранға аса мұқтаж екендігін сезінуде Швеция, Норвегия, Финляндиядан қалып қоймағаныңыз жөн. Тіпті, Сіз соларға және солар сияқты елдерге жетекші болуға міндеттісіз. Сіз
507БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАтөңкерістің әсерінен болған кемшіліктерді (әсіресе діни дәстүрлерге қатысты кемшіліктерді) жөндеуге тырыссаңыз, келешекте үлкен абыройға бөленіп, ақыретте көптеген кемшіліктеріңізді жуып-шай-ып, отаныңыз бен халқыңызға пайдалы қызмет еткен ұлтжанды, отан сүйгіш деген атқа лайық боласыз.Төртіншіден: Ажалға араша жоқ, қабірдің аузы да жабылмайды. Сіз де барша жан секілді қабірге бет алып бара жатырсыз. Өлім – дінсіздер үшін мәңгілікке дарға асылу. Жүз мыңдаған ұйымдар, дүниеге табынушылық пен саясатшылар оны өзгерте ал-майды. Сондай-ақ Құран, әлгі мәңгіге дарға асылуды, иманды жандар үшін міндеттен босатылу жолдамасына айналдыратынын жарқыраған күндей дәлелдеп берген Рисалей-Нұр қолыңызда. Жиырма жылдан бері бірде бір философ, дінсіз оған қарсы келе алмай отыр. Қайта оған мән берген философтарды иманға келтірді. Он екі жыл бойы төрт үлкен сотыңыз бен философтар мен ғұламалардан құралған комиссияңыз Рисалей-Нұрды мақтап, мойындап, баға берген бола-тын. Иман жайлы келтірген айғақ-дәлелдеріне қарсы келе алмаған. Сондай-ақ бұл рисалелер халқымыз бен отанымызға ешқандай зи-яны жоқ. Қайта анталаған теріс ағымдарға қарсы Зұлқарнайын қорғанындай Құрани қорған болғанына түрік халқының ішінен, әсіресе жасөспірім жеткіншектердің ішінен жүз мыңдаған куәгер та-уып бер аламын. Әлбетте менің сізге ұсынып отырған пікіріме мән беру, маңызы зор міндетіңіз болып саналады. Сіз дүниелік мақсаттарға байланысты көптеген дипломаттар-ды үнемі тыңдап жүрсіз, бір ауық ақыреттік мәселелер жайлы сөз қозғаған қабір аузына таяп қалған, отандастарының халіне жаны ашып жылаған бір бейшараны да тыңдауыңыз керек. Бұл арыз, жиыр-ма жылдан бері ешқандай арыз бермесем де алғаш рет, ашуға мінген кезімде мені қыспаққа алған ішкі істер министірі Хилмиге арналып жазылған еді. Бұл жөніндегі мәлімет Афионның полиция бастығына жетіпті. Бостан босқа мені төрт-бес рет қинады. Сенің жазуың мұндай емес, саған кім жазып берді деп, мені полиция бөлімшесіне шақырып жауап алды. Мен де оларға, «Сендейлерге өтініш айтып, арыздануға болмайды, жиырма жылдық үнсіздігім дұрыс екен», дедім.Ей, Әмірдағы билігі мен полициясы! Осы әңгімені бір жыл бұрын жазған едім. Бірақ бермей сақтап жүрдім. Қазір бес тұрғыдан заңсыз түрде, жеке баспанамда бір көмекшіге де рұхсат бермей, әр ісіме
508БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИкилігіп, дүниеде болмаған қысым жасап отыр. Мұны, заң атынан заңсыздық жасағандар ынсапқа келер деген оймен айтып отырмын.Әзиз де адал бауырым! Мына өткінші дүниедегі қайратты да шы-найы жолдасым. Біріншіден: Бүкіл достарым мен жерлестерімнен бұрын сіздің және Эрзурумдық бірнеше кісінің менің азап тартқан бейшара жағдайыма мейрімділікпен көңіл бөлгендеріңізге және ойша болса да көмекке ұмтылғандарыңызға шын жүректен ризамын және өмірімнің соңына дейін ұмытпаймын. Сіздерге мың МашаАллаһ, бәрекелді деймін.Екіншіден: Өткінші дүниенің маңызсыз оқиғаларына мән беру, ұстанған жолыма және Рисалей-Нұрдан алған дәрістеріме мүлдем кереғар және он жылдан бергі өмірлік ұстанымыма қайшы бола тұра, сенің көңілің үшін және уайымдап жазған хатың үшін өз жағдайыма және залымдардың зұлымдықтарына қатысты бірнеше жағдайды ай-тып өтейін.Ең соңғы құрған тұзақтары, жоғарыда аты аталған ішкі істер министрін және Афион мен Әмірдағының бұрынғы әкімдерін айдап салу арқылы үкімет пен билікті маған қарсы пайдалану болды. Мен секілді әлсіз, қарт, пақыр, кәріп, көмекке мұқтаж бір бейшара жай-лы әлгі үш қызметкердің болымсыз үгіттері баршаны үрейлендіргені соншалық, бір қызметкердің маған сәлем бергенін ести сала оны ор-нынан ауыстырып жіберді. Сондықтан маған тыңшыдан басқа ешкім жоламады. Кейбір көршілерімнің де қорыққанынан маған сәлем бер-мей жүргендерін байқайтынмын. Мені Аллаһ сақтады. Маған сабыр мен ұстамдылық берді. Осындай шектен шыққан азап пен қысымның өзі мені оларға кіріптар етпеді.Үшіншісі: Екі сот екі жыл бойы, қолдарындағы бүкіл Рисалей-Нұр кітапшаларын тексерсе де заңға қайшы келетін еш нәрсе таба алмаған соң (Сілтеме ) бізді де Рисалей-Нұрды да ақтауға мәжбүр болды. *Сілтеме:Бір де бір заң ешбір тұрғыда, тіпті олардың өзімбілемдік заңдары да бізге де Рисалей-Нұрға да тиісе алмайды. Қазіргі кейбір заңдар тиіскен
509БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАОсыдан кейін дінсіз – бүлікшіл ұйым кейбір мүнапық қызметкерлерді пайдаланып орталық үкіметте бір жоспар құрды. Заңға мүлдем қайшы әрекет етіп жер аудару деген желеумен барлық достарымнан, шәкірттерімнен оқшау және денсаулығыма, өміріме зи-яны мол жерге, жалғыз кісілік камераға қамағандай етіп, Әмірдағына жіберді. Бұл әрекетті екі мақсатпен істегендіктері енді белгілі болды. Біріншісі мынау: Баяғыдан бері менің қорлыққа шыдай алмайтындығымды біледі. Мен қатты ашуланған кезде, келеңсіз бір оқиға туа қалса, соны сылтауратып, көзімді құртуды жоспарлаған. Бұдан ешнәрсе шығара алмаған соң у беру арқылы көзімді жоюға ты-рысты.Бірақ, Аллаһтың көмегі және Нұр шәкірттерінің дұғалары у қайтарғыш дәріге айналып, ойлары іске аспай қалды... Бірден көңіліме мынадай бір ой келді. Бұл залымдарға ашуланба, керісінше оларды аяуың керек. Көп уақыт өтпей-ақ саған уақытша берген азабының орнына одан мың есе ауыр мәңгілік азап шегетін болады. Сенің кегің мың есе артығымен қайтарылады. Олардың кейбіреулері тірі жүргенімен кеудесінен жаны шыққанша рухани азап шегеді. Мен оларға деген ашудан арылып, жаным ашыды. «Аллаһ оларды тура жолға салсын» дедім...Сондай-ақ, осы азаптар мен қиындықтар, өте көп сауапқа қол жеткіздірумен қатар, оларда Рисалей-Нұр шәкірттерімен емес, менімен әуре болып, мені ғана қинауда. Бұл жағдай Нұршылар үшін үлкен пайда және шәкірттердің аман-есен жүрулеріне қызмет етіп жатқандықтан Аллаһ Тағалаға шүкір етемін. Өте ауыр жағдайда жүрсем де бойымды шаттық кернейді.Төртіншісі: Сенің хатыңдағы, менің өз жағдайымды ойлап, Шамға немесе Хиджазға кетіп қалу үшін үкіметтен рұқсат сұрау мәселесіне келсек....Біріншіден: Біз Меккеде болсақ та Иманға, Құранға қызмет ету күннің өзінде Әділет басқармасы мен үш үлкен сот, келешекте өздеріне жауа-тын лағынет пен халықтың жиіркене қарауынан қорқып, Нұрларды және бізді соттауға батылдары бармай, бір ауыздан ақтап жіберуге және Рисалей-Нұр жинағын өзімізге қайтарып беруге шешім қабылдады. Күш-билігі таудай сот орындарының батылы бармай отырғанда, уақытша отырған қатыгез жеке тұлғалардың осындай зұлымдық әрекеттері әрине жер мен көкті ашуландырды... Енді, менің ашулануыма да қажеттілік жоқ.
510БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИүшін осында келу керек болар еді. Өйткені бұл жерлер соған өте мұқтаж. Мың жаным болып, мың бір бәлеге ұшырасам да, қандай қиындық шексем де осы елдің иманын құтқару үшін, осы елдің бақыты үшін осында қалуға (Құраннан алған сабақтарыма орай) қарар бердім. Екіншіден: Менің мұнда құрметтің орнына қорлық көріп отырғанымды айта келе, «Мысырда, Америкада болсаңыз құрметке бөленер едіңіз» дейсің.Құрметті бауырым! Біз өз ұстанымымызға орай, адамдардың құрмет, қошеметтерінен, бізге берген атақ-даңқ, сый-сыяпаттарынан қашудамыз. Әсіресе, анық түрдегі рияшылдық болып саналар атақ-даңқ, даңқты атыңның тарихта қалуы сынды мақтангершілік, жұрт алдындағы бедел, біздің ұстанымымыздағы ықыласқа қайшы келеді.Ондайды қалау былай тұрсын, бетін аулақ қылсын деп, қашудамыз. Құраннан нұр-фейіз алып, сол Құранның ақиқаттарын тәпсірлеп, тыл-сым-сырларын ашушы Рисалей-Нұрды таныстыру және кез-келген адамның сол ақиқаттарға мұқтаж екендігін сезінуін, сондай-ақ иман ақиқаттарының азғындардың дінсіздік әрекеттеріне төтеп беретінін, жеңіске де жетуде екенін көрсеткіміз келеді және мейірімді Аллаһтан соны тілейміз.Жеке басыма қатысты шағын бір мәселені түсіндіре кетейін. Ре-жеб бей мен Қара Қазым сенімен дос, менің ойымша Ескі Саидпен де байланысы бар екен. Онда олардан жақсылық күтудің орнына, өзінен бұрынғылар секілді маған босқа қысым көрсетіп, зұлымдық жасауына мүмкіндік бермесін. Шынымен бұл жердің табиғи да ру-хани да ауасына үйрене алмадым. Қиыншылықтар өте көп. Отырған жерімді іштен де сырттан да кілттеп отырмын. Мүлдем жалғызбын. Жақын көршісіз, тар бір бөлмеде, сырқат күйде өмірімді өткізіп жа-тырмын. Кейде бір күннің өзі, Денізлідегі бір ай абақтыдан бетер қинайды. Жиырма жыл бойы аяусыз зұлымдық жасап, бостандығыма, еркіндігіме шектеу қойғандары жетер! Жеке басымнан да Нұрлардан да еліміз бен халқымызға зиян келеді деп күмәнданумен ешкімді ал-дай алмайтындығы сот орындарының екі жыл тексерулерінен кейін және мұнапықтардың маған қарсы құрған тұзақтарының босқа кетуінен белгілі болды. Мен де жұрт секілді еркіндігіме ие болсам, осы ауданның ауа райы жұмсақтау басқа бір ауылына орын ауыстыру үшін рұхсат қағаз алсам жақсы болар еді.
511БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАӨзіңе және сол жердегі Нұр достарына көптен көп сәлем және дұға етеміз.Саид Нұрси* * * * *Құрметті де әзиз бауырларым!Материалдық та моральдық та мәні бар бір сұраққа байланысты ойға оралған жауап.Нұр шәкірттернің сен туралы өте жақсы ойлары мен саған деген толық сенімдерін, олардың Нұрларға деген құштарлықтарын арт-тыра түсуге себеп болар рухани дәрежелер мен кемелдіктерді неге қабылдағың келмейді? Деген сұрақ қойылуда.Жауап: Құдайға шексіз шүкір етемін, Рисалей-Нұрдың мызғымас, берік тіреулері және жарқын да бұлтартпас өз айғақтары бар. Жұрттың менің жеке басымда бар деп ойлайтын қабілеттер мен қасиеттерге Рисалей-Нұр мұқтаж емес. Рисалей-Нұр өзге туындылар секілді автордың қабілеттеріне қарай бағаланып, автордан күш алмайды. Бұл Рисалелер жиырма жылдан бері өзінің бұлтартпас айғақтарына сүйене отырып, менің моральдық та материалдық та дұшпандарымды жеңілуге мәжбүр етіп отыр. Егер менің жеке басыма арқа сүйеп тұрғанда, дінсіз найсап-тар Нұрларға ауыр соққы беруі мүмкін еді. Алайда әлгі ақымақтар әр түрлі айла-шарғылар қолданып, маған күйе жағып, халықтың ал-дында беделімді түсіруге тырысқанымен, Нұрлардың өркен жаюына, оның құндылықтарына ешқандай зиян келтіре алмай отыр. Нұрларды енді ғана таныған кейбір әлсіз жандардың көңілін алаңдатқанымен, бас тартқыза алмай отыр.Осындай ақиқаттарға байланысты және бүгінгі таңда менменшілдік белең алып тұрғандықтан, адамдардың маған деген шектен тыс жақсы ойларын қабылдай алмаймын. Сондай-ақ, мен бауырларым ойлағандай, өз нәпсім жайлы жақсы ойламаймын. Бауырларымның мына бейшара жанға берген ақыреттік дәрежесі шынында да діни
512БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИдәреже болса Мектубат кітабынан екінші Мектубтың соңындағы қағида бойынша, Менікі сияқты болып көрінген, рухани сыйлық ретіндегі кемелдіктерді, Құдай сақтасын! Өзіміздікі деп білсем, онда менде ондай дәреженің жоқ екендігін көрсетеді. Ал өзімді ондай дәрежедегі кісі емеспін деп білсем, онда бауырларымның маған берген дәрежелерін қабылдамауым керек. Өзін белгілі бір дәрежеге жеттім деп сезінген адамның менменшілдігі оянуы мүмкін. Тағы бір айта ке-тер нәрсе, дүниелік тұрғыдан алып қарағанда, иман ақиқаттарын жаю міндетін арқалаған адамның рухани дәрежесі жоғары болса, жақсы әсер етуі мүмкін деуге болар. Бірақ мұның да екі түрлі болымсыз жағы бар.Біріншісі: Егер ол адам әулие болса, біле тұра дәрежесін көтеру - әулиеліктің шарты саналар ықылас пен қарапайымдылыққа үйлеспейді. Пайғамбарлықтың ізбасар, мұрагерлері болған Сахаба-лар сияқты түсіндіріп бере алмайды. Олармен салыстыруға келмейді.Екіншісі: Көптеген тұрғыдан іске алғысыз болып қалатын кемшіліктері бар біреу әлгіндей мәртбеге ие болса, Нұрларға және ақиқаттардың өркен жаюына зияны тиеді. Бірақ, шүкіршілік етер бір жағдай бар. Саясатпен айналысушы дұшпандарым жоғарыда айтылған ақиқаттарды білмегендіктен, мені баяғы намысқой Ескі Саид деп ой-лап, Нұрларға емес, үнемі маған тиісіп, мені кемсітумен әуре. Кейбір қырсық, менменшіл молдаларды маған айдап салуда. Нұрларды осындай әдістермен сөндіруге тырысуда. Алайда Нұрлардың одан сайын жарқырай түсуіне себеп болуда. Рисалей-Нұр менің кемшілігі мол жеке басымнан емес, Құран атты күннен нұр алуда.Саид Нұрси* * * * *Ғазиз де адал бауырларым!Осынау таңғажайып, гүл жайнаған көктемді тамашалау үшін ар-бамен бір-екі сағат қыдырыстап жүремін. Бүкіл гүлді өсімдіктердің әдеттен тыс өркен жайып, гүлдегенін өмірімде бірінші рет көрдім. Олардың күлімсірей тәсбих етіп, Аллаһтың шеберлігін өздеріне тән
513БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАтілмен мадақтап тұрғанын шынайы түрде сезіндім. Дүниелік тірлікке құштар сезімім мен бейқам, шыдамсыз нәпсім, осынау бей-жай күйді пайдаланып қалғысы келді. Дүниеден жиреніп, науқас халдегі қиын тірліктен әбден мезі болып, берзахқа кетуге және сол жаққа кеткен жүзден тоқсан тоғыз достарын көруге құштар болып, сондай қарар қабылдаған көңілім, пәниден бақи ләззат іздеген нәпсіме қарсылық танытты. Бүкіл сезімдеріме бойлай енген иман нұры мыналарды жайып салды. Қара топырақ, осынша әсемдіктер мен мейірімділікке, тіршілік пен нақыштарға бөленіп, шексіз мейірімділікке сахна бо-лып тұр. Мұндағы бірде бір нәрсе бос қалмайды. Бүкіл осы көзге көрінер әшекейлер мен сұлулықтардың, мейірім мен өмірдің, руха-ни болмыстардың өз міндеттерін үздіксіз орындаушы кейбір түрлері топырақтың астында және арғы жағында жатыр. Әлбетте қамқор анамыздай болған осынау топырақтың астына кіру, оның құшағына тығылып, әлгі шынайы да тұрақты рухани гүл-шешектерді тамаша-лау әлдеқайда жақсы және соларға құштар болуға әбден лайық деп, әлгі көрсоқыр сезімім мен дүниепараст нәпсімнің үнін өшірді. Дүниепараст нәпсіме дегізді.* * * * *Асыл, адал бауырларым!Біріншіден: Бақытты жандарға сексен жылдық сауапты өмір сый-лайтын қасиетті Рамазан айы, иншаллаһ Нұрдың рухани серіктестігін де әлгі сауапқа бөлейтін шығар. Нұршылар ораза айтқа дейін қолдан келгенше, ықыласпен бір-бірінің дұғаларына «амин» деп қолдау та-нытуы керек. Сонда, егер біреуі әлгі сексен жылдық сауапқа ие болса, әрқайсысы дәрежесіне қарай өз үлесін алады. Ең әлсіз, бірақ ең ауыр жүк арқалаған науқас бауырыңызға әлбетте рухани жәрдем жасар-сыздар.
514БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИЕкіншіден: Науқасым ауырлай түссе де Нұрға қызмет етіп жүрген бір-екі адал дәрігерге ауруымды шағымданбадым. Берген дәрілерін де ішпей, ауруым меңдеп бара жатса да олармен кеңеспедім. Қатты қиналып жатқанымда қасыма келген кездерінде де ауруға қатысты тіс жарып ешнәрсе айтпадым. Бұл олардың көңілдерінде күдік оятқандықтан сырға толы бір ақиқатты паш етуге мәжбүр болдым. Бәлкім сендерге де пайдасы болар деп жазып отырмын.Оларға былай дедім: Жасырын дұшпандарым мен нәпсім шайтанның айтақтауымен осал тұсымды түртпектеуде. Сол арқылы мені тұқыртып, Нұрларға ықыласпен қызмет етуіме зиян келтірмекші. Ең әлсіз, ең осал тұс науқастық. Ауруға көңіл бөлген сайын денедегі сезімдер күшейе түседі. «Мәжбүрсің, мұқтажсың» деп рух пен жүректі басып тастайды. Дәрігерді үстемдік жүргізуші әкім етеді. Айтқандарын орындап, берген дәрілерін ішуге мәжбүр етеді. Бұл, жанқиярлықпен жүргізіліп жатқан ықыласты қызметке зиян береді. Жасырын дұшпандарым сол әлсіз жақтарымнан пайдаланып кетуге тырысуда. Үрей мен ашкөздікті және атақ-даңқ қуалау сезімдерін пайдаланғысы келеді. (Өйткені, адамның ең осал тұсы болған қорқу сезімі арқылы еш нәрсе өндіре алмады. Өлім жазаларына мән бермегенімізді аңғарды).Содан кейін адамның тағы бір осал тұсы болған күнкөріс жағынан да көп тиісті. Ақырында, әлгі осал тұстан да еш нәрсе өндіре алмады. Сосын олар мынаған көз жеткізді: өздері діндерін пида еткен дүниелік мал-мүліктің біз үшін ешқандай қадір-қасиеті жоқ екендігін көптеген оқиғалар арқылы анық сезді. Тіпті, соңғы он жылда жүз рет «ол, не-мен күн көріп жатыр?» деп жергілікті әкімшіліктен сұраған екен.Сондай-ақ, адам баласының ең осал тұстарының бірі атақ-даңқ тұрғысынан да ұстамақшы болды. Неше түрлі қорлық пен кемсітулер арқылы жүйкеме тиер азаптар көрсетті. Бірақ, көздегендеріне жете алмады. Өздері табынған дүниенің атақ-даңқын екіжүзділік, зиян-ды мақтаншақтық деп, қабылдайтынымызға көздері жетті. Олардың ерекше мән берген дүниелік атақ-даңқ пен дүниеқорлыққа бес тиындық көңіл аудармаудамыз... Бәлкім оларды осы тұрғыдан диуана деп көреміз.Содан кейін біздің қызметімізге қатысты осал жеріміз болып есептелетін, бірақ ақиқатында әркімнің жақсы көретін және қол жеткізуге құштар болған рухани дәрежеге ие болу, әулиелік мәртебеге
515БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАкөтерілу еді. Аллаһтың әлгі нығметіне иемін деп сезіну адамдарға пайдадан басқа келтірер ешқандай зияны жоқ. Алайда, өз пайдасын ғана ойлау сезімі үстемдік етіп тұрған мына заманда, әлбетте, ықылас пен ешнәрсеге құрал болмауды басты негіз еткен иман қызметі, жеке бастың рухани мәртебесін іздемеуді талап етеді. Шынайы ықыласты бұзбау үшін, оларды қалап, соларды ойламауы керек. Осындай ақиқаттардан кейін жұрттың бәрі іздеп жүрген керемет көрсету мен рухани кемелділікті Нұр қызметінің тысынан іздемегенімді осал жерімнен ұстағысы келгендер түсінді. Бұл жағынан да көздегендеріне жете алмады. Бүкіл бауырларыма жеке-жеке сәлем айтамын. Қадір түнін шапағатшы ете отырып, Аллаһтың мейірімділігінен алдағы Қадір түні әрбір нұршының өмірінде сексен үш жылдық сауапты өмірге айналуын сұраймын!БауырыңызСаид Нұрси* * * * *Әзиз адал бауырларымҚадір түні ойыма келген терең ақиқаттың өте қысқаша баяны.Адамзат екінші дүние жүзілік соғыстың зардабы мен орасан зұлым дығын бастан кешірді. Бір залымның кесірінен жүздеген жазықсыз жандар зиян шекті. Соғыстан жеңілгендер үмітсіздікке түсіп, жеңгендер үстемдігінен айырылып қалмаумен әлек. Қираған қалаларды қал пына келтіру өзінше бір мәселе. Сондай-ақ, дүниелік өмірдің расында баянсыз, ал мәдениет қиялының жалған әрі алдамшы екеніне әбден көздері жетіп, көңілі қалды. Адам баласының жоғары деңгейдегі қабілеті, оның ішкі дүниесі, армандары тас-талқан бол-ды. Бейқамдық пен адасудың берік қорғаны саналып келген меңіреу табиғатшылдық ұғымы Құранның алмас қылышымен парша-пар-ша болды. Сондай-ақ, адамды ғапыл қалдыратын, сан адастыратын құйтырқы саясаттың бет пердесі ашылды.Міне, соңғы кезде Солтүстікте, Батыста, Америкада байқалған–ындай, адамзаттың нағыз арманы болған бақи өмірді бар күшімен іздейтін күн туады. Оған мына дүниелік өмірдің осындай жағымсыз
516БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИда өткінші екені баршаға көрінуі зор ықпал етеді. Ал, бұл тұрғыда Кәламуллаh, яғни бір мың үш жүз алпыс жылдан бері әр ғасырда үш жүз елу миллионнан астам шәкірті бар және миллиондаған қарилардың жадында сақталып келе жатқан, басқа ешбір кітапта кездеспейтін ерекшеліктерге ие, адамзатқа бақи өмір мен мәңгі бақыттан дәйекті де ақылға қонымды түрде хабар беретін, оның рухани жарасына нағыз ем, дертіне шипа болар Қасиетті Құран таптыртпайтын қазына. Ол – қайта-қайта, қуатты да қатаң ескерте отырып, мыңдаған аяттары-мен, бірде ашық, бірде құпия түрде әрі бұлтартпас айғақтарымен, бұл өмірден кейін мәңгі өмір басталатынын және мол бақытқа бөленудің шындық екенін сүйіншілеп, хабар береді. Әлбетте, адамзат ақылынан мүлдем адаспаса, заттық немесе рухани қиямет қайым болмаса, Шве-ция, Норвегия, Финляндия және Англияның Құранды қабылдауға ұмтылған атақты ойшылдары, сондай-ақ Американың хақ дін іздеген белсенді ұйымдары, сондай-ақ Жер шарының ірі құрлықтары мен елдері Қасиетті Құранды шарқ ұра іздейтін болады. Мәнісін түсініп, ақиқатына көзі жеткен соң жан-тәнімен қабылдайды. Себебі, бұл тұрғыда оған тең келер ешбір кітап жоқ, болмайды да. Ешбір кітап ең ұлы мұғжизаның яғни Қасиетті Құранның орнын баса алмайды.Екіншіден: «Рисалей-Нұр» осы ұлы мұғжизаның қолындағы ал-мас қылыштың қызметін атқарып, қасарысқан дін дұшпандарын тізе бүктіруде. «Рисалей-Нұр» Құраннан нәр ала отырып, жүрек, рух, тағы басқа сезімдерді нұрға бөлеп, Құран ақиқаттарын әртарапқа жаюда. Құраннан басқа ұстазы, бұлағы болмаған «Рисалей-Нұр» делдалдық міндетін толық атқарып келеді. «Рисалей-Нұрға» қарсы үгіт жүргізушілердің еңбегі зая кетті. Құдайдан безген қырсықтардың жауырынын жерге тигізіп, дінсіздіктің алынбас қорғанындай болған «табиғат жаратты» деген ұғымды «Табиғат рисалесі» кітапшасы тас-талқан етті. Мәңгүрттік ұйығына батқалы жүргендерге «Аса-й Мұса» кітабындағы Миуаның Алтыншы мәселесі және Бірінші, Екінші, Үшінші, Сегізінші айғақтары құтқарушы болып, иман шарттарын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты.Бауырларым, қам жемеңдер! Нұрлардың жарияға жар салмай-ақ жеңістерге жетелеп жатқанына қанағат етіңдер. Күні бүгінге дейін бірде бір туындының осыншалықты ауыр шарттарға қарамастан мұншама әсер етуі болған емес. Сондай-ақ, оған толық еркіндік берілмеуінің себебі мен сыры Нұрлардың ерекше күшінен
517БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАдінсіздердің қорқуы. Бәлкім, қоғамдық толқуға себеп болуы мүмкін деп, оның құндылығын мойындай тұра, ресми түрде таралуынан тар-тынатынын дін істері төрағасы, елбасшысымен кездескенде хабардар болған көрінеді. Баяғыдай шабуыл жасап жатқан жоқ, қайта келісімге келуді қалауда. Бірақ, Нұрларды қолдаушы жағдайлар иншаллаһ әлгі бос уайымдарды ресми түрдегі жариялауға айналдырады. Көптеген менменшілдер, өз еңбектерінің құнын түсіріп алмау үшін Нұрлардың жарық көруін жақтамай қызғаныш танытуда.Үшіншіден: Рисалей-Нұр қажылар арқылы Ислам әлеміне жайы-луда. Өзі осы маған лайық деген жаның қолына тиюде. Біздің Шамға жіберген «Аса-и Мұса», «Зүлфиқар» қолжазбаларын ғылыми топ он бес күн сараптаған. «Біз мұны журналдарға бөліп-бөліп жариялайық, мұның барлығын бірден басуға көп қаржы керек» деп өз бағаларын беріпті.Саид Нұрси * * * * *Асыл, адал бауырларым!Алдыменен сіздерге басымнан өткен таң қаларлық та мұңды өмірімді және ешбір дұшпанымның, ешбір шайтанның бірде-бір адамды иландыра алмайтын жалаларын және Нұрға қарсы қолданар ешқандай қаруларының қалмағанын баяндайтын уақыт жетті.Өмірбаянымды оқығандарға мәлім, осыдан елу бес жыл бұрын, жиырма екі жасымда Битлис қаласының әкімі марқұм Омар Пашаның ғылымға деген құштарлығы мен өтінішін қия алмай, оның үйінде екі жыл тұрдым. Оның алты қызы болатын. Үшеуі бойжетіп қалған, үшеуі жас. Екі жыл бір үйде тұрсам да үлкен қыздарын бір-бірінен ажыратып тани алмайтын едім. Өйткені мән беріп қарамайтынмын. Бір күні бір ғалым досым қонаққа келді. Екі күн ішінде қыздарды бір бірінен ажыратып, танитын болды. Жұрт менің халіме қайран қалып «Неге қарамайсың?» дейтін. «Ғылымның абыройын сақтау мақсаты мойнымды бұрғызбайды» дейтінмін.
518БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИТағы бір оқиғаны айтайын. Қырық жыл бұрын Стамбулда бір мейрам күнінде көпірден Қағытханаға дейін қайық жалдадық. Қасымда депутаттар марқұм Молла Сейіт Таhа мен қажы Ілияс бар еді. Шығанақтың екі жағында серуендеп жүрген әлем-жәлем киінген Грек, Армян және Стамбулдық қыздардың жанынан өтуге тура келді. Менің еш нәрседен хабарым жоқ. Ал Молла Таhа мен қажы Ілияс мені сынау үшін кезек-кезек бақылап отырыпты. Жағаға шыққаннан кейін: «Сенің халіңе қайран қалдық, еш назар салмадың» деді. «Түкке тұрғысыз, өткіншi, харам ләззаттардың соңы өкініш пен қасірет болғандықтан, керегі жоқ» дедім.Сондай-ақ, бүкіл өмірім бойынша сыйлық алудан, біреуге кіріптар болудан, халықтың садақасы мен сый-сыяпаттарын алудан қашатынымды менімен жолдас болғандар жақсы біледі. Нұрлардың иман мен Құран қызметінің абыройын, амандығын сақтау үшін дүниенің қоғамдық және саяси бүкіл зауықтарын, қызықтарын тәрк еттім. Қасқөйлердің дарға асу секілді бүкіл қорқытуларына бес тиындық мән бермегендігім, азапқа толы жиырма жылдық түрмедегі өмірім мен сот орындарында анық көрінді. Міне, жетпіс бес жыл-дан бері жалғасып келе жатқан өмірлік қағидам осылай бола тұра шайтандардың ақылына кіріп шықпайтын бір жала жауып, рес-ми орында отырған біреу Рисалей-Нұрдың қадірін түсіру ниетімен «Түнде табақ-табақ бал қатқан бәліштер әкелініп, жезөкшелер мен на-мыстан жұрдай болғандар жанына жиналады!» депті. Алайда, менің есігім, түнде сыртынан да ішінен де құлыптаулы. Әлгі бейбақтың әмірімен таң атқанға дейін бір күзетші есігімді күзетеді.Сондай-ақ, бұл маңдағы көршілер мен достарым, менің құптан намазынан кейін таң атқанша ешкімді қабылдамайтынымды біледі. Міне, осындай жалаға бір ақымақ адам есек болып кетсе, со-сын шайтанға айналса да бұған сенбейтінін манағы адам түсініп, әлгіндей арам ойларынан бас тартты. Бұл жерден басқа бір жерге кетіп қарасы батты. Әлгі кісі ресми тұрғыда мені емес, Нұршыларға күйе жағу үшін жоспар құрып, шәкірттерге күйе жақпақшы болды. Алайда, Алла Тағаланың қорғауы мен, көмегі оның жоспарларын іске асырмады. Бұны айту арқылы өзімнің нәпсімді ақтап тұрған жоқпын. Қайта қасиетті иман қызметі нәпсіме бүкіл қызықтардан бас тартқызды. Иман қызметіндегі рухани қызықтар оған жетеді, дегім
519БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАкеледі. Нұршылардың ұқыптылық, қырағылық көрсетуге мұқтаж екендіктерін айтып тұрмын. Екіншіден, мәшинке білетін тәжірибелі, жазғышты сендерге жіберіп отырмын. Өзім ақырын жазғандықтан, бұдан кейін қысқаша жазамын, айыпқа бұйырмаңдар...............................................................................................................Төртіншіден, осы қазір Кастамону қаласының Хүсреві сана-лар Мехмет Фейзіден құттықтаулар мен Нұрдың жеңімпаздығын сүйіншілеген хат алдым. Сол қадірменді бауырымыз, бастаған Хилмиді, Әминді, бес ағайындыларды және Зехралар, Лүтфиелер, Улвиелер секілді Нұршы қарындастарымызды айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сондай-ақ, Хулусидің, Фейзінің хаттарын қоса жіберіп отырмыз.Саид Нұрси * * * * *Аса қадірлі де бекем бауырларым!Әуелі барлық Нұршыларды, сондай-ақ Ұлы қажылықта жүрген нұр шәкірттерін, және ондағы нұрға дос жандарды мейрамдарымен құттықтаймын. Ұзақ жылдар отаршылдық күн кешіп, бостандық аңсаған Үндістандағы, Араб әлеміндегі мұсылман елдерінің ірі басты-лары Ислам республикасы атанып, Үндістандағы жүз миллиондық Ис-лам республикасы, Явада халқы елу миллионнан астам Ислам респу-бликасы, Арабстанда төрт-бес үкімет, Одақтас республикалар сияқты «Араб бірлігі» мен Ислам бірлігінің ынтымақтастығы құрылды. Ис-лам Әлеміндегі ұлы мейрамдардың бастамасы болған бұл жағдайлар қуанышымызға қуаныш қосып, сүйінші хабар жеткізуде.Екіншіден: Стамбулдан Рефет мырза мен Мұстафа Оруждың жазғандарына қарағанда, бұрын Ислам әскерінің Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштер үйі болып тұрып, кейін Универси-тетке айналған ғимараттың маңдайшасына
520БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИҚұран аяты көркем түрде жазылған болатын. Соңғы заманда оны мәрмәр таспен жауып тастағандықтан, ол нұрлы әріптер көрінбей қалған-ды. Қазір қайтадан ашылуы Құран жазбасына рұқсат берілетініне және «Рисалей-Нұрдың» алдына қойған мақсаты орын-далатынына сондай-ақ, келешекте университеттер Нұр медресесі бо-латынына ишара деп білеміз. Сол сияқты Денізлі нұршыларынан Ахметтің хатында мәшhүр ғалым, он тоғызыншы ғасырдың зиялы тұлғаларының бірі, қоғамдық философияның бетке тұтар белсендісі Бисмарк туралы жазылған. Бисмарк өзінің еңбегінде былай деген екен: «Құранды жан жақты зерттедім. Әр сөзінде хикмет, терең мән бар. Бұған тең келетін, адамзатқа жол көрсететін өзге кітап жоқ, әрі болмайды да».Сосын ол ардақты Пайғамбарымыз жайлы, былай дейді:«О, Мұхаммед! Сенімен ғасырлас бола алмағаным өкінішті-ақ. Адамзат сен сияқты ерекше, дана, құдіретті бір-ақ рет көрді, бұдан кейін көре алмайды. Сондықтан сенің құзырыңа аса құрметпен бас иемін»БИСМАРКдеп қолтаңбасын қойған екен. Ол жерде көп өзгеріске ұшыраған және үкімі тоқтаған семауи кітаптардың кемшілік жақтарын көп айтып кеткендіктен ол сөйлемдердің жазылмағаны жөн. Он тоғызыншы ғасырдың ең ақылды, ұлы философы, саясаткері әрі қоғам қайраткерінің осындай болуы сондай-ақ Ислам әлемінің бостандыққа аз да болса қолы жетуі және шет елдердің Құранның ақиқатын іздестіруі, батыс пен солтүстік батыста Құранға деген қызығушылықтың пайда болуы ізгі нышан. Һәм Американың дарынды, танымал философы Мистер Карлайл де Бисмарк сияқты былай дейді: «Басқа кітаптар қай жағынан болсын Құранға жете алмайды. Міне, сөз деп соны айтады. Оны тыңдаған жөн» деп толық шешімге келуі, сонымен қатар Нұр шығармаларының әр тарапқа кеңінен таралуы үлкен жақсылықтың бастамасы. Бұл, шет елдерде әлі көптеген Бисмарктар мен Мистер Карлайлдер шығатындығының белгісі. Бұл хабарды Нұршыларға мерекелік сыйлық ретінде Бисмарктың жазбасымен қоса жіберіп отырмыз.* * * * *
521БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАЕкіншіден: Рисалей Нұрдың қаптаған дұшпандарына қарсы ең үлкен күші ықыласта және дүниелік нәрселерді мақсат етпеуінде жатыр. Сонымен қатар бір жаққа жақтасып, бұра тарту сезіміне негізделген ағымдарға, әсіресе саясатқа қатысты ағымдарға ара-ласпайды. Өйткені, бір жаққа жақтасу, ықыласты қашырып ақиқаттың өңін өзгертеді. Тіпті, мүбәрак бір ғұламаның жақтастық сезімінің жетегіне еріп, салиқалы, абыройлы бір ғұламаны өзінің пікіріне қарсы болғандығы үшін кәпір санап кемсітуі менің отыз жылдан бері саясатты тәрк етуіме себеп болды. Ал өзінің пікірін қолдаған атақты, жауыз бір мүнафықты мақтап-мадақтады. Мен де бұдан қатты шошыдым. Демек, жақтастық сезіміне саясат ара-ласса, осындай таң қаларлық қателіктерге себеп болады екен деп дедім. Сол кезден бастап са-ясатты тәрк еттім. Сол халімнің нәтижесін өздерің де білесіңдер. Жиырма бес жылдан бері бір де бір газет оқып, немесе тыңдаған емеспін. Қызыққан да емеспін. Сондай-ақ он жыл бойы дүние жүзілік соғысқа назар аудармадым. Мән бермедім, қызықпадым. Жиырма екі жылдық азапқа толы қапастағы өмірімде жақтастыққа, саясатқа жоламау үшін және Нұрдағы ықыласқа зиян келмеуі үшін өзімді қорғау сөздерімнің тысында, жан рахаты үшін үкіметке өтініш айтпағанымды білесіңдер. Сондай-ақ түрмеде сендерге жазғанымдай, мені дарға аспақшы болғандар, қинап, азапқа салғандар Рисалей-Нұр арқылы имандарын құтқарып жатса, сендер куә болыңдар, мен олар-ды кештім. Жақтасушылық сезімі арқылы ықыласқа зиян келмеуі үшін осы екі-үш жылда сыртта және іште туындаған аласапыран ағымдарға жақындамадық. Бауырларыма да ескертіп қойдым. Садақа мен жәрдем алмайтынымды білесіздер. Киімдерімді, қажетті зат-тарымды сатып, кітаптарымды жазған бауырларымнан әлгі түскен ақшамен сатып аламын. Мақсатым, Рисалей-Нұрдың ықыласына дүниелік пайда араласпасын, зиян келмесін және өзге де бауырлар үлгі-өнеге алып, ешқандай нәрсеге құрал етпесін деймін. Нұрдың шынайы шәкірттеріне Нұр жетеді. Олар да қанағат етсін. Басқалай абыройға немесе дүниелік-рухани пайдаларға көз тікпесін. Сондай-ақ, Нұрларға қарсы өшпенділік туындамауы үшін айтыс-тартыс, ұрыс-керіс жасамасын, діни мәселеде тараптарлық көрсетіп, жүйке қоздырар сөздер айтпасын. Тіпті, Алла Тағала күні бұрын сездірді ме, Мұстафа Оруч бауырымыз Рисалей-Нұрдың ұстанымдарына қайшы
522БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИтүрде біреумен айтысқан уақытта, жүрегім мазасызданып, оған қатты ашуландым. Тіпті, оны Нұрдағы қолы жеткен өте маңызды дәрежесіне қарамай жазалағым келді. Іштей қатты қынжылдым. Ол мен үшін Аб-дуррахман секілді еді. Неліктен бұлай қатты ашуландым?!Кейінірек, өткен айтта өзі келді. Аллаһқа шүкір, өте маңызды бір дәріс тыңдап, өзінің қателігін түсінді. Мен ашуланған уақыттағы қателігін мойындады. Иншаллаһ сол ашуым қателігінің өтеуі болды.Төрт-бес айдан бері, бір кісі маған газет жіберіп тұрады екен. Бірақ, бұны маған бергізбей келе жатқанын енді ғана естіп отырмын. Бұл жердегі достарым менің газет түгіл Нұрдан басқа бірде бір кітап, журнал қабылдамайтын әдетімді білгендіктен және жаңа әліпбиді танымағандықтан маған айтуға, көрсетуге батылдары бармапты. Ал енді мына кісі бір журналистің, дос, жерлес бір кісінің хатын көрсетіп, көптен бері сенің атыңа газет жіберіп тұратын еді. Саған айтуға баты-лымыз бармады деді. Мен жауап ретінде былай дедім:Ол кісіге менен көп сәлем айтыңыздар. Баяғы өзі білетін бұрыңғы Саид өзгерген деңдер. Дүниемен байланысын үзген де. Науқас болғандықтан өз бауырыма да хат жаза алмаймын. Сондықтан маған ренжімесін. Ол жердегі барлық достарыма, әсіресе Әмин қари мен Фахраддин қариға сәлем айтыңыздар. Айттарымен тағы да құттықтаймыз...Аллаһқа шексіз шүкір. Қасиетті Харемейн Шерефейнде Рисалей Нұрға қатысты жақсы нышан көрінді. Денизлі қаласының қаһарманы қари Мұстафа Үндістанға жіберілуі тиіс «Зүлфикар», «Аса-й Мұса» және «Сиражиннұр» кітаптарын Стамбұлдан алған екен. Жолда кейбір қажыларға оқытып, нұрлы Мәдина қаласында Кәшмирлік ғұлама, түрікшені де жақсы білетін бір адамның қолына тапсырған екен. Ол кісі кітапты көп мақтап, Үндістан ғұламаларының орталығына жіберетініне уәде береді. Нұрлы Мәдина қаласынадағы кітаптардың және басқа жерлерге жіберілген кітаптардың да аман-есен жетіп та-ралып жатқанын айтады. Денізлілік Мұстафа қаримен сапарлас бо-лып, жолда Нұрларды бірге оқып барған Афиондық екі жас қажы және басқа да қажылар осы қуанышты хабарды маған жеткізді. Шет елдерде Рисалей-Нұрға деген қызығушылықтың туындап жатқанын сүйіншіледі.Саид Нұрси * * * * *
523БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДААсыл, адал бауырларым!Ешқандай да уайымға салынбаңдар... Жиырма жылдық тәжірибе арқылы түсінікті болғаны, Аллаһ Тағала өзінің қамқорлығымен бізді сұмдық зұлымдықтардан құтқарып келгеніндей қазіргі мағынасыз, заңсыз, қатігез, үрейлі зұлымдықтардан да құтқаратынына толық сенімді болуымыз керек. Егер, қиындықтар шегіп, азап тартып жатсақ, онда әлгі азаптан мың есе артық Аллаһ Тағаланың мейірімділігіне бөленіп, сый-сыяпатына қауышатын боламыз және көптеген мұсылмандардың имандарын сақтап қалу жолында қызмет еткен бо-лып есептелуімізді. Аллаһ Тағаланың мейірімділігінен күтеміз. Бұл оқиғаның он тұрғыдан заңсыз болғанын баяндаймын.Біріншіден; Үш сот пен үш сараптаушы топ және Анкараның жеті тексеру органы, әділет орындары екі жыл бойы Рисалей-Нұрды зерттеп, бір ауыздан Рисалей-Нұр кітаптарын ақтап, оң қорытынды берген-ді. Сондай-ақ, Саидты қасындағы жетпіс бес шәкіртімен бірге босатып, бір күн болсын жазаға тартпаған-ды. Мәселе солай бола тұра, бұл кітаптар зиянды әдебиет секілді тағы да қылмыстық іс қозғап, тексеру жүргізу, заң бұзушылық екенін аз да болса ұяты бар жан түсінер.Екіншіден; Ақталып шыққан соң үш жарым жыл Әмірдағында жалғыз өзі, ешкімді танымайтын, есігін сыртынан да, ішінен де іліп жа-уып отыратын және зәру болса ғана жүзден бір адамды қабылдайтын, жиырма жылдан бергі әдетін тастап, соңғы кезде жазуды да қойған адамның бөлмесіне дүния саясаты үшін құлпын сындырып ішке кірген тексерушілер арапша дұғалар мен иманға қатысты жазбалар-дан басқа еш нәрсе таба алмай шарасыз қалды. Осындай азаптарға салып, мазалау, қаншалықты заңға қайшы әрекет екенін кішкене ұяты бар жан түсінер.Үшіншіден; Өзінің сотта айтқанындай: Жетпіс куәгер растаған жеті жыл бойы екінші дүние жүзілік соғыстан бейхабар, не болып жатыр деп сұрамаған (қазір он жыл болды дәл солай, еш өзгерген жоқ) жиырма бес жылдан бері бірде бір газет оқымаған, тыңдамаған және отыз жылдан бері деп са-ясаттан барынша аулақ және жиырма екі жыл азапты ғұмыр кешсе
524БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИде саясаткерлердің назарын аудармау үшін өкіметке шағымданбаған адамды үлкен саясаткер секілді, бүлік шығарғалы жатқандай баса көктеп кіріп науқас халінде мазасын алу заңға сәйкес келе ме? Ар-ожданы бар жандар бұл жағдайға тіпті, жылар еді.Төртіншісі; Ескішәһир сотында алты ай жатып әбден тексеріліп, тағылған айып мынау: Бір жерге жиналу, топтасу, тариқатшылық.Осы күдікті сылтаумен бір лауазымды тұлғамен арадағы келіспеушілігін алға тартып кейбір қызметкерлерді айдап салып айыптауға қанша тырысса да, ол тұрғыда яғни саяси ұйым құру, тариқат құру тұрғысынан ақталып шыққан-ды. Тек, Рисалей-Нұрдың ішіндегі «Тәсәттүр Рисалесін» сылтау қылып, мұны да заң жүзінде емес, айыптаушының жеке көзқарасына қарай, ұсталған жүз шәкірттен бес-он адамды алты ай жазаға тарт-ты. Тергеу кезінде төрт жарым ай қолдарында болған және жиырма жылдық хаттарымды, бес сандық кітаптарымды және сол хаттарым мен кітаптарым Анкара мен Денізлі соттарында егжей-тегжейлі сарапталғанның өзінде әлгі сот орындары бір ауыздан ешқандай саяси ұйым және тариқатқа қатысты мәселе таба алмай ақтап, кітап пен хаттарды иелеріне тапсырған-ды. Саид пен достарын босатқан-ды. Жағдай осылай бола тұра бізді саяси ұйым деп айыптап, мені бүлікшіл адам ретінде кінәлау және прокурорларды маған қарсы тариқатшы деп айдап салу неткен заңсыздық екенін адамгершіліктен айырылмағандар түсінер. Бесіншіден; Менің және Рисалей-Нұрдың өмірлік жолының негізі және отыз жылдан бергі берік қағидамыз «мейірім» болғандықтан бейкүнә бір адамға зияны тимеу үшін өзіме зұлымдық жасаған за-лымдарды жазаламақ түгіл қарғауға да батылым бармайды. Иә, маған зұлымдық жасаған өте кекшіл, қаныпезер кейбір пасық, бәлкім дінсіз залымдарға қатты ашуланған кезімде қарсыласу былай тұрсын қарғыс дұғасын оқуыма әлгі мейірімділік сезімі кедергі бо-лады. Себебі, әлгі залым қырсықтың я әкесі я шешесі секілді қарт байғұстарға немесе балаларына зиян тиіп кетуі мүмкін. Сол үшін он-дай залым жауыздарға да тиіспеймін. Кейде кешіре саламын. Міне, осы мейірім дейтін үлкен ақиқат үшін билікке, елдің тыныштығына зиянды әрекеттен аулақпын. Өзімнің жолдастарыма да мұны ескертіп отырамын. Содан болар, үш облыстың ұяты бар сақшылары мойындап: «Бұл Нұр шәкірттері рухани тәртіп сақшылары
525БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАсекілді елдің тыныштығын сақтауға пайдасы тиіп, бізге көмектеседі!» деген-ді. Бұл сөзді жиырма жылдан бері мыңдаған куәгерлер, растау-да. Мыңнан астам шәкірттері бола тұра саяси оқиғаға қатысты ешбірі тіркеуге алынбаған. Мәселе солай бола тұра, байғұс адамды бүлікшіл әрі ынсапсыз және астыртын ұйымның құрушысы ретінде бөлмесіне тінту жасау, қиянат қылып, айыптауға негіз болар ешнәрсе табылмаса да үлкен қылмыскер тәрізді ең құнды заттарын, ғажайып Құранын, басқа да арапша жазуларын қауіпті деректер секілді жинап алып кету, апырм-ай, қай заңның қай тармағында бар? Биязы мінез-құлқы мен жағымды ахлақ құндылықтарымен елдің тыныштығына қызмет еткен мыңдаған діндар жандарды күдікті деп тұтқындап, билік пен елдің тыныштығына қарсы әрекет етуіне мәжбүрлеу отанға опасыздық емес пе?Алтыншыдан; Мұнан отыз жыл бұрын Аллаһтың рахымымен бұл дүниялық уақытша атақ пен даңқ және мақтангершілік пен атаққұмарлықтың үлкен зиян, еш пайдасыз әрі мағынасыз екенін Құранның фәйзімен түсінген бір адам, содан бері бар күшімен өзінің жүгенсіз нәпсісімен күресіп, кішіпейілділік етіп, менмендіктен қашып, екіжүзділік, рия қылмау үшін қолынан келгенінше тыры-сып баққанын, оған қызмет еткендер мен достары анық біледі, куә бола алады. Өзі туралы мақтаудан, жұрттың қошамет-құрметінен тыс қалуды қалап, мүмкін болғанша аулақ тұратынына жиырма жыл-дан бергі өмірі дәлел. Өзін қатты құрметтегендерді тіпті, ренжітіп, оны әсте қабылдамайтынын хаттарында ашық жазған. Әрі өзінде көп қасиет жоқ екендігін жеткізіп, бүкіл қасиетті Құранның тәпсірі Рисалей-Нұрға және айналып келгенде Нұр шәкірттерінің мағынауи тұлғасына аударып өзін жәй, қарапайым қызметші деп білгені мәлім. Міне, бұл жағдайлар оның жағымпаз еместігін, ондайды мүлдем қаламайтынын, қабылдамайтынын дәлелдейді. Сөйте тұра, өзінің рұқсатынсыз, қалауынсыз кейбір достары оны сырттай қатты құрметтеп дәріптеп, мақтаса, жоғары баға берсе сол үшін айыптауға бола ма? Соған бола ауру, қарт, жалғыз әрі кіріптар адамның бөлмесіне үлкен қылмескерді ұстағандай баса көктеп кіріп, құлыпын сынды-рып тексеру жүргізуі және ол жерде кітап пен арабша жазуы бар тақтайшадан басқа ешнәрсе таба алмай құр шықты. Міне осындай заңсыз әрекетке рұқсат беретін дүнияда бір заң немесе саясат бар ма екен?
526БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИЖетіншіден; Осы күні елде ушығып тұрған көптеген ішкі, сыртқы партиялық ағымдар бола тұра, оны оңтайлы пайдалану мүмкіндігі бола тұра яғни бірнеше жолдастың орнына көптеген са-яси қайраткерлерді өзіне тартып, жақтас табуға ыңғайлы жағдай туып тұрғанда, мүлдем саясатқа араласпау үшін және ықыласын бұзбау үшін, өкіметтің назарын аудармау үшін және дүнияға арала-спау үшін бүкіл дос, шәкірттеріне: «Абайлаңдар! Ешбір ағыммен байланыспаңдар, саясатқа араласпаңдар! Елдің тыныштығын сақтаңдар!» деген, сол үшін де екі саяси ағым оған тиісіп, мазасын алған-ды. Әлгі екі партияның біреуі күдіктеніп, ал екіншісі: «бізді қолдап, көмектеспедің!» деп азаптаса да, мұндай дүнияқұмарлардың дүниясына әсте араласпай өзінің ақыретін ойлап, соның қамымен жүрген және туған еліндегі Нұрс ауылында тұратын бауырына жи-ырма екі жылда бір хат жазбаған және сол елдегі дос-жарандарына жиырма жылда жиырма хат жазбаған жазықсыз жанға ақырет ісіне кедергі боларлық іс-шаралар жасауға қандай құқықтық заң рұқсат береді екен?!Отанға, халыққа, һәм адамның мінез-құлқына түбегейлі зиян келтіретін дінсіздер жазған кітаптар емін-еркін басылып, жайылып және коммунизм ұғымын дәріптейтін баспалар қызу жұмыс істеп, оларға тиіспей жатқанда үш сот жауапқа тартуға негіз боларлық ешнәрсе таба алмаған, халқымызға, отанымызға қоғам өміріне, ахлақ пен тыныштықты сақтауда жиырма жылдан бері өз үлесін қосып келген және осы халықтың нағыз сүйеніші болып табылатын Ис-лам әлемінің ынтымағы мен достығының қайта жандануына мол ықпал еткен және діни басқарманың ғалымдары сынау үшін ішкі саясаттың тапсырмасымен үш ай тексеріп ешқандай сын айтпай керісінше жоғары баға беріп «Құнды еңбек!» деп діни басқарманың кітапханасына қойылған «Зулфиқар», «Аса-и Мұса» атты кітаптарды зиянды жазба секілді бәрін жинап сотқа беру дұрыс па? Мұны заң, ар-ождан, ынсап жөн көре ме?Сегізіншісі; Жиырма екі жылдық азапты да себепсіз айдаудан соң толық бостандығына қауышса да мыңдаған тума-туысқандары бар өзінің туған еліне бармай жалғыздықты, бөгде елде қалуды таңдаған, сондағы мақсаты дүнияға, қоғам өміріне, саясатқа араласпау. Және сауабы мол мешітке барып намазды жамағатпен оқудың өзін тәрк етіп, намазды бөлмесінде жалғыз оқып жүрген, яғни жұрттың
527БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАқошаметіне бөленуді ұнатпайтын және жиырма жылдық өмірбаяны дәлелдегендей тақуа, діндар бір түрікті, немқұрайлы көптеген күрдтен жоғары бағалайтын мұны мыңдаған беделді түрік растайды тіпті сотта Хафыз Али сынды иманы мықты бір түрік бауырын жүз күрдке айырбастамайтынын дәлелдеген және жеке басына құрмет пен сый-кәде қабылдамау үшін мүмкін болғанынша жұртпен арала-спайтын, мешітке сол үшін бармай жүрген және қырық жылдан бері жазған еңбектерімен Ислам әлемінің ынтымағына, мұсылмандардың достығына бар күшімен атсалысқан және Түрік халқы Қасиетті Құранның бетке тұтар, абыройы әрі Құранның мақтауына бөленген деп жақсы көрген, өмірін солардың арасында өткізген, және бір облыстың әкімі ресми түрде қиянат жасап одан жолдастарын бездіру үшін: «Ол күрд, сендер түріксіңдер. Оның мәзхабы Шәфи, сендер Ханафисіңдер!» деп жұртты үркітіп оған жолатпауға тырыс қандай заңға сыяды? Тоғызыншысы; Өте маңызды әрі қуатты...бірақ саясатпен қатысы болғандықтан үндемегенді жөн көрдім.Оныншысы; Бұл да ешқандай заңға сыймайтын, ешкімге ешбір пайдасы жоқ, мағынасыз күдік, түймедейді түйедей етіп көрсетуден пайда болған және заңға қайшы айыптау. Саяси тақырып болғандықтан, біздің саясатпен байланысымыз жоқ деп жауапсыз қалдырдық. Осылайша, он тұрғыдан заңсыздыққа қарсы, жауабымыз: болмақ.Саид Нұрси* * * * *Әзиз де адал бауырларым!Біріншіден: Нұрдың маңызды кітапшаларын қасиетті Мек-ке шәһарына апарып, үнділік Ахмед Али Шимширге тапсырып, одан үнді тіліне аударатындығы және Үнді еліне жіберетіндігі жай-лы уәде алған Хафиз Мұстафаға мың Бәрекаллаһ, Машаллаһ және Әсәдәкаллаһ дейміз. Медресетүз Зехра, Мекке-и Мүкерремедегі әлгі үлкен кісімен хабарлассын.
528БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИЕкіншіден: осы жолғы оқиғада, түймедейді түйедей еткендерін аңғардық. Бір белгісі мынау: Ішкі істер министрінің әмірімен Афион қаласының әкімі, полиция бастығымен бірге менің үйіме түн ортасын-да басып кірмекші болған екен. Прокуратура рұқсат бермегендіктен таң атқанға дейін күтіпті. Содан кейін бізге өлердей өш екі адамды тағайындапты, олар есіктің құлпын бұзып, күтпеген жерден баса-көктеп кірді. Дәл сол күні (Сілтеме ) күймемен шыққан кезімде бұл *маңайда өмірі кездеспеген бес ұшақ өте төмен ұшып, күймемнің төңірегінде айналшықтап жүрді. Екінші күні басқа бір жаққа, көзге түсе бермейтін жырадағы бір бұлаққа күймемен бара жатқанымда, бес ұшақтың төменде бір нәрсе іздегендей айналшықтап ұшып жүргенін көрдік. Бізді іздеп жүргенін түсіне қойдық. Тағы да дәл алдыңғы күндегідей бес ұшақ ауылдың үстінде ұшып жүрді. Үйге кірген кезімізде олар да кетті. Осының өзі түймедейді түйедей етудің белгісі екенін көрсетеді. Бұл жерде осыншалықты мағынасыз күдіктенулер арқылы маған жапа шектіріп жатыр. Медресет-үз Зехраның ержүрек қаһармандарына, және бұл жермен салыстырғанда, осы үш жыл-да оннан бір дәрежеде азап берген Спарта қаласының әкімшілігіне және сот орнына алғысымды айтып, қарыздар екенімді және олардың маған шектірген зәбір-жапаларын кешіретінімді жеткізерсіз.Саид Нұрси* * * * *Министрлер кабинеті мен мәжіліс төрағалығына кішігірім, бірақ аса маңызды бір сөзім бар.Отыз жылдан бері саяси өмірден ұзақ тұрсам да осы жолы отаны-мыз бен халқымыздың тыныштығына қатысты бір мәселені айтқым келіп отыр.Анархияны жақтаушылардың маған және Әмірдағы ауданы-на сонымен қатар отанымызға қарсы қастандық ұйымдастырып Сілтеме:Осы жердегі Нұр шәкірттерінің атынан куәлік етеміз. Оқиға айтқанындай болды. Иә Иә Иә Иә Иә Иә Тігінші Исмаи Мұстафа Қызметшісі Хайри Халил Мұстафа Нұри
529БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАжатқанына көптеген белгілер арқылы көзіміз жетіп отыр. Түймедейді түйедей етіп, шыбынның қанатындай маңызы жоқ оқиғаны таудай етіп көрсетуде. Осылайша, тыныштыққа мұқтаж мына елде мені желеу етіп, анархияны көздеп, шет елдіктердің нұсқауымен бізге, яғни бейшара отандастарымызды мәңгілік тозақтан, ақыретке деген күмәндардан құтқаруға тырысқан Нұр шәкірттеріне заңсыз түрде тиісуде. Аса өшпенділікпен отқа май құйғандай, мені желеу етіп, отанымызға, ынтымағымызға қастандық жасалды.Үш сот, жиырма жылдық хаттарымды кітаптарымды мұқият тек-сергеннен кейін бізге және кітаптарыма ақтау шешімін шығарды. Алайда, үш жылдан бері жазуды қойдым, аптасына бір ғана хат жаза аламын. Әр қайсысы кезектесіп, маған көмектесіп жүрген үш-төрт тігінші шәкірттен басқа ешкімді аса бір қажеттілік тумайынша қабылдап жатқаным жоқ. Басыма бостандық берілсе де туған жеріме қайтпадым. Сонда да мені ашуландырып, шу шығаруға итермелеу үшін әдейі кемсітіп, қорлау арқылы заңсыз және өшпенділікпен тексеру жасау деген сылтаумен өмірімде көрмеген нәрсе жасады. Үйімнің құлпын бұзып кірді. Құран кітабымды және Арабша нақыл сөздер жазылған тақтайшамды зиянды парақтар секілді алып кетті. Мұнымен қоймай, прокуратураның маңызды бір қызметкері бұл жердегі қызметкерлерге. «Саидтты екі жандарм сүйреп шығарып, басына шляпаны күштеп кигізіп, алып келулерің керек еді. Оған жолағандарды түгел тұтқындаңдар» бұйрық берген екен. Мұны маңызды бір жиналыста, менің берген жауабымды оқып жатқан кезде айтқан екен. Мені кемсітіп, қорлау арқылы ашуыма тиіп, тыныштықты бұзғысы келгендігіне енді ешқандай күмән қалмады.Бүкіл қадір-қасиетім мен абыройымды еліміздің, бұқара халықтың тыныштығы жолына, оларды бәлелерден құтқару жолына пида ету үшін маған рухани күш сыйлаған Аллаһ Тағалаға шексіз шүкір етемін. Сондықтан олардың мені кемсітіп, қорлауларына төзімділік танытуға шешім қабылдадым. Халқымыздың тыныштығын әсіресе бейкүнә сәбилер мен қадірменді қариялардың, бейшара науқас жан-дар мен пақырлардың дүниелік тыныштығы мен ақыреттік бақытына мыңдаған өмірім мен абыройымды пида етуге дайынмын.Шыбынның қанатын таудай етудің бір белгісі мынау: Мен секілді қаріп, науқас, қарт, әлсіз, жалғыз басты жан үшін Афион әкімі мен
530БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИполиция бастығы он күннің ішінде бес рет ал, Афион прокуроры екі рет осы жерге келді. Сондай-ақ екі күн бойы бес ұшақ төбемнен бақылап жүрді. Сонымен қатар, жүріс-тұрысымды бақылау үшін бес полиция жансызы мені аңдып жүргендерге көмекке жіберілді. Маған қатысты хаттарды тәркілеу үшін пошта бөлімшелеріне рес-ми түрде әмір беріліпті. Мұның бәрі шейх Саид немесе Менемен оқиғасынан он есе күшті оқиға ретінде үрей туғызғанын көрсетеді. Осынша үрей, түймедейді түйедей етіп жеткізгендіктен болып отыр. Мені баяғыдай деп ойлап, кемсітіп қорласақ ашуланады деп бол-жады. Алданып қалды. Біз бар күшімізбен бейбастақтыққа қарсы Зұлқарнайын қорғаны секілді Құрани қорған соғуға тырысып жатыр-мыз. Бізге тиіскендер анархияға, коммунисттерге жағдай жасаған бо-лып есептеледі.Иә, егер баяғы кезімдегідей ілімнің абыройын түсірмеу үшін бірде-бір кемсітушілікті қабылдамаған болсам және негізгі міндетім Мұсылмандарды ақырет пен өлімнің мәңгі тозағынан құтқару міндеті болмағанда және маған тиіскендер секілді тек дүниелік пайда көздеп, саясатқа араласқанымда онда әлгі бейбастақтықты көздеп әрекет ет-кендер, он Менемен, он шейх Саид оқиғасы секілді оқиғаларға себеп болар еді.Сондай-ақ үш сот пен бірнеше Уәләяттың полициясы жиырма жыл бойы киім үлгіме заң тұрғысынан тиіспеді. Менің оқшау тіршілігіме орай, киген киіміме ешқандай ескерту болмаса да, ел жұрттың орта-сында басыма шляпаны заңсыз, күштеп кигізуге тырысу, қырық жыл-дан бері мені білетін әсіресе шынайы иман дәрісіне бауырмалдықпен көңіл бөліп жүрген жүз мыңдаған адамды қатты толқытып, жер бетін ашу-ыза кернеп, еріксіз еңіреп жылауына себеп болар еді. Жұрттың маған деген көңілін аяқ асты ету ниетімен жүйкеме тиетін заңсыз әрекеттердің шет елдіктердің арнайы нұсқауымен болып жатқанына көптеген белгілер арқылы көзіміз жетіп отыр. Құдайға шүкір, мен секілді бір аяғы қабірде, дүниеден безген, құрмет пен халықтың на-зарынан қашқан, атақ-даңқ, мақтаншақтық тәрізді жасандылыққа ешқандай бейімі жоқ жанға істеген заңсыз қорлықтарының ешқандай құны қалмады. Бәрін Аллаһ Тағалаға тапсырдым. Менен орынсыз күмәнданып, жапа шектіргендердің жуық арада ажал тырнағына ілігіп, мәңгі азап шегетіндіктерін ойлап, шынымен жаным ашып
531БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАотыр. О Раббым, Рисалей-Нұр арқылы олардың иманын құтқара көр. Құранның сырлары арқылы мәңгі азапты рахатқа айналдыр. Мен де оларды кештім.Саид НұрсиБәдиүззаман Саид Нұрсидің дәрісі және жол көрсетуімен ақиқатқа жеткен Нұр қызметінде көп еңбек атқарған ержүрек әрі ықыласты бір шәкірттің ұстаздың болмысын сипаттап жазған сөздері.Бұл күнде мәлә-и ағланың жердегі қуанышыБұл күнде жер бетінің мәлә-и ағлада мақтаныБұл күнде Хабибулланың назар алаңыБұл күнде мұсылмандықтың тәжі, ақ таңыБүгінде хақ жолдың сұлтаныБүгінде ақиқат имамы.Бүгінде Алланың сүйгеніБүгінде ғасырдың ғалымы ең игі.Әрі нұр – түнекке сәуле төккен,Әрі көсем – һидаят, жол көрсеткенОл - Молла Саидун- Нурси «Бәдиуззаман» деп әлем оны мақтан еткен.Хүсрев * * * * *
МАРҚҰМ ХАСАН ФЕЙЗІНІҢ РИСАЛЕЙ-НҰР ЖАЙЛЫ ӨЛЕҢІ(Ескерту. Өлеңдер автордың ойын қаз-қалпындажеткізу мақсатында сөзбе-сөз аударылды.)аяты Мұхаммедтің (с.а.у.) мұрасы тұрғысында ишара еткен мағына бойынша осы ғасырдағы әлгі Рахметенлилаламиннің бір айнасы және Құран ақиқаттарының шынайы тәпсірі болған Рисалей-Нұр, әлгі ауқымы кең мейірімділіктің көрінісі, үлгісі болуына орай Мұхаммедтің (с.а.у.) кейбір сипаттары астарлы мағыналар арқылы мұрагеріне берілуі мүмкін деген оймен мына жарқын шумаққа тиіспедім. Тек Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ерекшеліктеріне ишара ретінде кейбір сөздер қосылады.Бүгін әлем көңлі жай табуда;Бұл ғасырда әлемнің мейірімі ей, Рисалей Нұр!Қуанышқа кенелер сенімен бүгін айнала,Әлемнің мейірімі ей, Рисалей Нұр!Жарымжан мына көңілдер көптен зардап шегуде;Лұқманнан болса егер сенде бір нышан;Кел бір шипа ұсын ей, сүйікті жан,Әлемнің мейірімді көрінісі ей, Рисалей Нұр!Соңы жоқ па, мына ұзын қатарлардың, Мұңы бітпес пе, мына түнек қайғылардыңЗары артты, сабыры таусылды қанша жанның,Әлемнің мейірімді көрінісі ей, Рисалей Нұр!Әлемдердің мақтанышы, ғарыштан жерге келді;Әулиелердің шахы келіп Дүлдүлге мінді;Зүлфикарға бүгін енді Нұр дегізді,Мына заманда әлемдердің мейірімі болған ей, Рисалей Нұр!* * * * *
533БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАДерттерге дауа, сүйікті жансың;Әрі әсем есімдерге иесің әрі Құран жолындасың;Әрі Хақ нұрының бізге деген сыйысың,Әлемдерге рахмет ей, Рисалей Нұр!Мына әлемде дүниелік зат емес, өзегісің;Әрбір зәрреден қараған тұтас бір көзсің;Әлемді қайран қып тамашалаған тұтас бір келбетсің,Әлемдерге рахмет үлгісі болған ей, Рисалей Нұр!* * * * *Өйткені, Рахметенлилаламиннің ұшқыны бұл ғасырда сенсің,Өйткені, сенсің шапағат етуші Жанның мұрагері,Медет я медет беруші жәрдемші, Әлемдерге рахмет болған ей, Рисалей Нұр сәулесі!Жарамыз шипа тауып жазылсын енді,Өшпес пұлымыздың артсын құны;Шаш нұрыңды, ағарсын түнегіміз,Әлемдерге рахмет болған ей, Рисалей Нұр жарығы!* * * * *Еміренбейміз мына жалған дүнияғаСалдық тоқтау бидғат пен рияға Алданбаймыз ондай сағым қиялғаӘлемдерге рахмет болған ей, Рисалей Нұр ақиқаты!Бізде жоқ ұйым құру арманы,Жоқ бізде өзге жол іздеу сарыны;Болдық тек Нұрдың жанып-күйген диуанасы,Әлемдерге рахмет ей, Рисалей Нұр келдің дертті жандарға!* * * * *Мақтау, марапаттауды аттап өттік,Байлық пен мал-мүліктен баз кештікМына жалған дүниеден өтпестен бұрын Нұр қалаймыз,Осы ғасырда әлемдерге рахмет болған ей, Рисалей Нұр!* * * * *
534БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИҒашықтардың көкке жеткен жан айқайыПәк рухты ата-бабамызды жылатуда;Аллаһ үшін бізге медет бер,Мұқтаж жандарға әлемнің мейірімі болған ей, Рисалей Нұр!Көктен келді пәлекет, жерден төнді алапат,Көкжиекті ащы дауыс тұндырды,Мейірімділік ете гөр, әлемге әй Жаратқан Нұр!Әлемнің мейірім шұғылысы болған ей, Рисалей Нұр!Бір жағынан сел, бір жағынан қан ағар,Бұл пәлекет жалыны әлемді отқа орар;Көз жасын төккен мына адамзат ұдайы саған қарар,Әлемнің мейірім үлгісісің ей, Рисалей Нұр!Жалынға оранды мына алып дүние,Тозақтан кем болмай қайнады дария!Медет бер әй, әулиелердің шахы,Мына заманда әлемге мейірім болып келген ей, Рисалей Нұр!* * * * *Дінсіздікке, күпірлікке қарсы ұмтылдың,Қайғыны аластаттың көңілдерден,Бізді Нұрдың дариясына сүңгіттің,Әлемнің мейірімсің бейшараларға ей, Рисалей Нұр!Қол көтермес саған қарсы ешкім батылы барып,Шын пейілімізбен бел байладық біз саған;Тірі жандарға үміт те амал да сенсің,Әлемнің мейірімді жарығы ей, Рисалей Нұр!Жимайсың Сен сарбаздардан, ұшақтардан армия,Зеңбірекпен, қанжармен соғыспайсың;Нұрыңмен мына ғасырды құшағыңа ал,Әлемдерге рахмет ей, Рисалей Нұр!
535БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАБітсін мына үрейлі аласапыран топан,Бақытты жаңа дәуір орнасын;Он сегіз мың әлем тоқтамай мейрамдасын,Құран жолындағыларға болдың әлемнің мейірімі ей, Рисалей-Нұр!Дегенмен қарсы жақтан түнек келеді,Бірақ, сенсің бүгін мейірімділік сыйлаушы,Әлбетте, оны нұрыңмен буып тастайсың,Әлемнің мейірімісің ей, Рисалей Нұр!Кірмесін ошағымызға қызыл айдаһар,Жабыспасын жағамызға зымиян қол;Нұрың қарсы тұрып мүмкіншілік бермесін,Әлемнің мейірімді қылышы болған ей, Рисалей-Нұр!Қара түнек ыдырасын үстінен,Қызыл жалын өшіп әлем есін жисын,Бұл жеңісің хаширге дейін есте қалсын,Әлемнің мейірімді зүлфикары ей, Рисалей-Нұр!Қанша жанды азаптап өлтіргендер бәрі бір тектен шыққандар;Шаңырақты шайқалтып, үйді қиратқандар бәрі бір тектен шыққандар,Саған өшпенділікпен қастасқандар бәрі бір тұқымнан тарағандар,Әлемнің мейіріміне айғақ болған ей, Рисалей-Нұр!Бейкүнә жандардың қандарын ішер!Әбу Жәһил мен Немрудтан асар олар,Ажалдардан ажалды таңдар,Әлемдерге рахмет ей, Рисалей-Нұр!Өкпемізді тескен микробтай,Өзін қанымызбен асыраған;Таза елімізді ластап, кірлетуде,Әлемнің мейірімді дәріханасысың ей, Рисалей-Нұр!
536БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИГазилардың, фатихтардың қонағы,Сейдтердің, басшылардың отауыМына отан шәхидтердің төсегі..Әлемнің мейірімді көрінісі болған ей, Рисалей-Нұр! Ал қызыл қанға бөккен шәһидтердің кебіні;Жұпар иіс аңқиды, гүлге ұқсаған денесі.Нұрлы жаназасын періштелер де сүйер,Әлемнің мейірімді көрінісі болған ей, Рисалей-Нұр!Өлген жоқ ол шәһидтер, тірі дейді Құран...Хақ Жаратушының арыстандары әрқайсысы!Мазарлары жүректерді тітіркендірер,Әлемнің мейірімді айнасы болған ей, Рисалей-Нұр!Асыл халқымызға берілген сыйсың,Құлдырамайық құрдымға бір күн де...Жетекте бізді ұлы мемлекет болуға,Әлемдердің мейірім үлгісі болған ей, Рисалей-Нұр!Істерің түгелдей нұрыңмен жетіп келед Жеңістермен абыройы асар халықтың,Шашсын шұғыла шығыспенен батысқа бұл мемлекет,Бізге әлемдердің мейірімі болған ей, Рисалей-Нұр!Нұрдан қанатың, әрі қуатты қолың бар,Хаққа барар Нұрдан жолың бар.Қабылда Фейзи деген кемтар бір құлыңды…Бұл ғасырға әлемге мейірім болған ей, Рисалей-Нұр!Ұстаз Хазрет! аятының нұрынан пайдалана отырып жазған шумақтарымды өзіңізге ұсынамын. Қабыл көруіңізді өтінемін. Қолыңыздан сүйіп құрмет көрсетушіБейшара шәкіртіңіз ХАСАН ФЕЙЗІ(рахметуллах алейхи әбеден даима)
537БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАМарқұм Хасан Фейзи, Нұрлардан алынған ақиқат дәрсін нұрларға ишара жасай отырып көркем түрде жүйелеген. Сондықтан, Лахикаға енсін.Жақсылап оқы! Әр зерреде шабытты бір-бір мағына бар,Дертті жанға бұл мағынада жандылық берер үн бар.Мұңды көңіл сарайын шырайландыру үшін,Назар аудар, әр шырайлыдан артық шырайлы барТерең де жақсы оймен зерделесең бұны сен,Рухы әлсірегендер үшін таудай азық табылар.Тілерсің сондай-ақ, таусылмас байлық қазынаны,Аш көзіңді Нұрларға тік, көлдей байлық бар.Мені таны, алға бас пендем деп біздерге,Әр демде мейіріммен Раббымыз үн қатар.Бұл үнді естісең әрбір зерренің тілінен,Сүйінші, онда саған жұмақтың төрі дайын.Алысқа назар аударма! «Нұрларға қара, алға бас!» әлем оның айнасы,Көрмеймісің әрбір жүзінде дәл сол түсте жарық бар.Күн ғой ол, әрбір зерреде шағылысып жарқыраған;Сенде де сол ұшқыннан бір ұшқын бар білмеймісің. Қолыңды ашып Рисалей-Нұрдан жарық ал бүгін тоятта!Ғашықтыққа ұйыған, нұрға қанған әр зерреде құтылу жолы барӨнер емес, досты дұшпан, жақынды бөтенсіту;Еске аларсың саналы түрде, тек доста ғана қайыр бар.Өнер екен, жапырақ жібек, топырақ алмас болуы!Өйткені назар сал, не жапырақта не топырақта бақилық бар.Келте назарыңмен теңіздерді тамшыға айналдырма;Ақиқатында, әрбір тамшыда бір-бір дария жасырулы.Бір тамшы су сенің негізің бола тұра тау мен тасты асасың,Көк аспанның тылсымдарын ашарсың, Түймедей нәрсені әлем ет, сөйтіп сол әлемге әкім бол,Өйткені, сенің түймедей түйсігіңде Күндей ақыл бар!
538БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИЖүрек – әрбір зерренің Қағбасы, сонда да өзіңеАбайла, бәрібір әрқайсысында Жаратушы жалғыз Құдай барБайқа Фейзи! Сен көзіңді Хақтан айырмаХақты көрген шындықтарға, хақ cекілді сый-сыяпат бар(Денизлі қаһарманы марқұм)ХАСАН ФЕЙЗИ* * * * *Әзіретке мына жерден айтқан едімХидает нұры жоғалса қайтадан зындан болады!Тағы да айрылу, тағы да өкініш, тағы да зиянға душар боламыз Жас орнына қан ағытып тағы да жыла жанарымӨйткені, қасіретке толы жүрегім тағы қасіретке толатын болдыТағы да көш бар деп, мәжнүнға хабар беруші болма!Тағы да қаралы, тағы да зарлы, тағы да жоқтаулар болатын болдыБүр жарған тәухид гүлі сарғайып солса керек;Ілімнің Қағбасы жабылып, қайтадан қирандыға айналатын болды.Бізге дос болған күні ертең есте қалатынын хабар алдымҚандай дос болса, кімдер бұған дауа бола алады?Мұндай үлкен қайғылы дертті кімге шағымданайын?Сыздағанымды естігендер мен секілді сыздайды.Шипа болған сол нұрыңды қайтарып алсаң егер, Маған кім нұр береді, кім маған Лұқпан болады?Пәк нәпсің мына шөлдің өмірлік нәрі, суы;Әрбір жан оған шөлдеген оны ұзақ ұстама! Кімге ұласса сол қасиетті Нұрың егер,Кішкентай жасуша болса да сәулеге айналады.Ілтипатты, жомарт қолды сүйген сайын, меніңМына шағын қайғылы жүрегім тағы да нұрланады.
539БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАПарасаттылық қақпаңнан ұзақ тұра алмаймын,Мен жанымды саған құрбан етуге дайынмын.Әй, Құдайдың нұры пақыр басыма назарын төксе,Мына елеусіз пақырың теңіздей болар;Мына бөлшектер, заттар бетіне қанша перде жапқаныменБәрібір хақсың, бұған куәгер тағы да Құран боладыҚабы Қаусейнден дәрсімді алып, анық үйрендімСол әдемі теңдессіз нұр рухани сұлтан болады. Тартынып, бейшара Фейзиге әңгіме айтпа бүгін;Қайтадан тағы да ессіз, тағы да қайғы жұтып, жыларман болар.....................................................................................................................................Бейшара шәкіртіңіз:ХАСАН ФЕЙЗИ* * * * *
Жетінші бөлімБәдиүззаман Афионда1947 жылдың соңына таман, арнайы іріктелген үш полиция қызметкері Афионнан Әмірдағына келеді. Мақсаттары, «Саид Нұрси және шәкірттері жасырын діни ұйым құрып алыпты» - деген қауесетті анықтау екен. Мұны расқа шығаруға тырысқан олар, әр түрлі сылтаулармен жала жабуға тырысады. Солардың бір мысалы былай болған еді. Әлгі полиция қызметкерінің біреуі қағазға «Саидтың қызметшісі осы жерден Саидқа апарып беру үшін арақ алды» деген мәлімдемені жазып алып, ішімдік сататын дүкен маңында жүрген есуас маскүнемге қол қойғызып, куәгер еткісі келеді. Әлгі маскүнем: «Тәубә, тәубә мұндай өтірікке кім қол қояды екен» деп көнбей қояды. Ойын іске асыра алмаған полиция қызметкері, сол күні кешке өз қателігінің жазасын тартады. Бірге арақ ішіп жүрген таныстарымен өзен жағасында қыдырып жүргенде араларында дау туындайды. Аналар әлгі полицейді оңдырмай сабап, тапаншасын тартып алады.* * * *Ұстаз пайтонмен қырға шыққан кезде төрт-бес күн бойы бес ұшақ ұстазды қадағалап жүрді. Ұстаз үйіне кірген кезде олар да кері қайтатын. Ұстаздың тек қана иман жолында, ақырет жолында, Құран жолында қызмет етуіне жаңсақ мағына беріліп, оған қарсы үгіт жүргізілуде, жоғарғы жаққа басқаша жеткізілуде еді.* * * *Рисалей-Нұрдың көшіріп басқан құрылғыларымен көбейтіліп таралуынан және Анадолыда Нұрлардың жайыла түсуінен қорыққан жасырын ұйымдар, мұндай имани қызметті тоқтату мақсатында үкіметті айдап салып, қарсы әрекеттерге көшеді. Әмірдағы, Спарта, Кастамону, Коня, Инеболу, Сафранболу, Айдын қатарлы үлкенді-кішілі елді мекендердегі Нұр шәкірттерінің үйлеріне тінту жүргізеді.
541БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДА1947 жылдың соңында Саид Нұрси және он бес шәкірті Әмірдағынан Афионға әкелінеді. Тергеу жауап алудан кейін қамауға алынады. Басқа да өңірлердегі Нұр шәкірттері тұтқындалып, Афионға жеткізіледі. Осылайша үшінші Медресе-и Юсуфие (Түрмені ұстаз осылай атаған) кезеңі басталады.* * * *БӘДИҮЗЗАМАН ЖӘНЕ АФИОН СОТЫБәдиүззаман өзі қамалған түрмедегі адамдарға сабақ беріп, тура жолды көрсетуші еді. Тіпті, ауыр қылмыс жасағандардың өзі қойдан жуас жағдайға келетін. Жалғыз кісілік камераға қамалса да, сол түрме Нұр мектебі болып кететін. Түрменің өзі «Медресе-и Юсуфие» атанып кеткен еді. Тіпті, Денізлі түрмесінде жатқан кейбір жастар «Медресе-и Юсуфиеден» шыққысы келмей «Бәдиүззман осы жерде қалар болса, біз де өзімізді қылмысты етіп көрсетіп, жаза алсақ та осы жерде қалып, Рисалей-Нұрдан сабақ аламыз», деген еді. Денізлі түрмесінде “Миуа Рисалесі“ атты кітап жазылды және бұл кітап түрмедегілердің түзелуіне қатты әсер етті... Бұл жағдайды жаудың өзі мойындады.Рисалей-Нұрдың өзегін түсініп, зейін қоя оқу арқылы шынайы иманға қол жеткізген нұр шәкірттері өлімнен де, тар қапас зынданнан да, жалпы адамдар берер жазаның еш қайсысынан да тайсалмайды. Қасиетті Құран мен Иманға қызмет ету арқылы халқымыздың, Ислам әлемінің, тіпті бүкіл адамзаттың мәңгілік бақыты жолында тер төгіп жүрген кезінде дінсіздердің шабуылдары мен зұлымдықтарына душар болса да, өз жолдарынан таймайды, сағы сынып, үміттері үзілмейді. Олар бір ғана нәрсеге арқа сүйейді. Ол – тек қана Аллаһ ризашылығы. Сондықтан олар шынайы ықыласпен Иман, Құран жолында тер төгуде.Зұлымдыққа ұшыраған бейкүнә жандардың қорғаушысы Аллаһ. Барлық кедергілерге мән бермей Рисалей-Нұр кітаптарын оқу, тарату жолында ер жүрек ұстаздары секілді жан аямай еңбек етеді. Жиырма бес жылға созылған диктаторлық жүйеге қарамастан Рисалей-Нұр жазбаларының жайыла түсуі жолында еңбек еткен Нұр шәкірттері Иман мен Исламға қызмет етуде аса табандылық таныта білді. ”Зиянды болып көрінген нәрселер, ақиқатында үлкен нығмет.
542БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИҚиыншылықта мейрім бар. Иманға қызмет ету жолында басыма не келсе де қайырлы. Біз басымызға келер нәрселерді ойланып жатуға емес. Құран жолында атқарар ісімізді ойлауға міндеттіміз. Біз мейірімді Аллаһтың қорғауындамыз, өлсек шәһидпіз, қалсақ Құранның қызметшісіміз. Исламның жаулары бізді өмір бойы қамауға кессе де біз Рисалей-Нұрға қызмет ете береміз” деп сенген. Сеніп қана қоймай еңбек еткендіктері белгілі.Бұл діндар да қайырымды халық, Бәдиүззаманның дұрыстығын, ұлылығын, қаһармандығын танып, сенім артқандары соншалық, оған қарсы қандай азғырулар жүргізілсе де сенбеді. Бәдиүззаманға жасалған зұлымдықтар мен азаптауларды естіген сайын жүректерінде оған деген сүйіспеншілік арта түсті. “Бәдиүззаман сынды дін жолындағы қаһарман, мүбәрак кісіні түрмеге қамап, кітаптарына тыйым салу, Анадолыны діннен алыстату және Исламды жоюға әрекет етудің белгісі“ деп, дінсіздер мен коммунисттердің зұлымдықтарына өшігетін. Сондықтан, үкімет бәрінен бұрын өзіне қарсы жасалып жатқан бұл жоспарларға тосқауыл болуы үшін, Бәдиүззаманға бостандық беруі керек. Әйтпесе Бәдиүззаманға қысым жасалған сайын халық үкіметке наразы болады. (Сілтеме )*Діннің, елдің, халықтың игілігі үшін осы ақиқатты жеткізу борышымыз деп білдік.Бәдиүззаман 1944-жылы Денізлі сотынан ақталып шықса да Афион Уәләятына қарасты Әмірдағы ауданына жер аударылады. Сол жерде өзінің ақыреті үшін және Рисалей-Нұр жолында еңбек етіп жүргенде, дініміздің жасырын жаулары, бұрынғы азаптар аз болғандай “Бәдиүззаман жасырын ұйым құруда, халықты үкіметке айдап салуда, қартайған сайын арта түскен күш-қуатымен билікті құртуға әрекет етуде, Мұстафа Кемалға Ислам Тажалы, Суфиян деуде“ деген сөздерді тақпақтай қайталап, басқа да сылтаулармен 1948-жылы Бәдиүззаманды елу шәкіртімен бірге Афион түрмесіне қаматады.Қаншама тергеу, тексерулер жүргізгенімен ешқандай қылмыстың нышанын таба алмайды. Ақырында (сот төрағасының жеке қарары бойынша) Саид Нұрсиға жиырма ай, тағы бір ғалымға он Сілтеме: Бұл ақиқат 1950 жылғы сайлауда көрініс тапты. Бәдиүззаманға жиырма бес жыл бойы зұлымдық жасап, толық диктаторлық жүйе орнатқан, дінге қас бұрынғы үкімет өте көп дауыс жоғалтып, биліктен кетті. Дінге жасалып жатқан қысымдарды тоқтатуға тырысып жүрген Демократиялық Партия билікке келді.
543БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАсегіз ай, жиырма кісіге алты айдан жаза кеседі. Басқа шәкірттерді “Бәдиүззаманды ұлы ағартушы деп білген және іштеріндегі рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Рисалей-Нұр кітаптарын оқыған“ деп ақтап жібереді. Үкім шығарылып, қамалғандарға да “Бәдиүззаман құрған жасырын ұйымға көмектескен“ деп айып тағады. Әрине бұл үкім кассациялық сотта қаралады. Кассациялық сот «Бәдиүззаман Денізліде де осы мәселелер бойынша сотқа тартылып, ақталып шыққан еді. Ол үкім қате болса да, кассациялық соттың үкімі бойынша бір мәселені қайта-қайта қарай беруге болмайды» деп, Афион сотының үкімін бұзады. Осыған байланысты барлық іс-шаралар қайта басталады. Айыпталушылардан қай үкімді қалайтындарын сұрайды. Бейкүнә Нұр шәкірттері кассациялық соттың қарарын таңдайды. Афион соты кассациялық соттың шешімімен келісіп, келіспейтіндіктерін ұзақ ойланады... Ақырында келісуге қарар береді. Енді кейбір кемшіліктерді түзетуге кіріседі. Бірақ бұл жұмыстар бітпей кетеді. Бәдиүззаман өз шәкірттерімен бірге нақты қарар берілмей қамалған түрмеде келісілген мерзім біткенге дейін отырып, бостандыққа шығады. Жоғарыда айтылған мәселе үш жылға созылады. (Сілтеме )*Миллиард рет қайталаса болардай, обал-ай, обал... Отанымызға, халқымызға, жастарға Ислам әлеміне ерен еңбек сіңірген иман жолында тер төккен адамзаттың барлық рухани қажеттіліктерін қанағаттандырар аса құнды еңбек жазған теңдесі жоқ дана адам соттан сотқа, түрмеден түрмеге сүйретілуде.Бәдиүззаман жиырма жылдан бері көріп келе жатқандай, соңғы үш-төрт жылда да неше түрлі азапты көреді. Тарихта ешбір ғалымға мұншалықты қаныпезерліктер, қастандықтар жасалмаған. Денізлі түрмесінде бір айда тартқан азабын бұл жерде бір күнде тартады. Ешбір заңның аясына сыймайтын істерге душар болады. Жиырма ай жалғыз кісілік камераға, қыстың күні өте суық жерге қамалады. Залымдардың ойы ол кісінің көзін құрту. Терезелерді қырау басқан, қыстың қақаған суығында у береді. Ауру қарт айлар бойы азап шегеді. Төсек тартып жатып, бір қырынан екінші жаққа аунап түсуге де шамасы келмей қалған күннің өзінде бір де бір шәкіртін қасына Сілтеме:Афион соты одан кейін де екі рет ақтау шешімін шығарып, соңғы рет 1956 жылв Рисалей-Нұр жинағының бәрін де, хаттармен қоса Бәдиүззаманға қайтарады.
544БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИжолатпайды. Осындай ауыр жағдайда жалғыз жатып, өліп кетуін қалайды. Ауруы асқынғаны соншалық, неше күн бойы нәр татпай, әбден әлсірейді. Осындай жағдайдың өзінде, қатаң бақылауда болса да Рисалей-Нұрды жазуын тоқтатпады. Бұрынғысынша, жасырын түрде жазумен болды. Түрмеде жатқан басқа шәкірттері көшіріп жазып, сыртқа да шығарып тарата берді. Бәдиүззаман түрмеде жатса да Рисалей-Нұрдың жазылып, таратылуы тоқтаған жоқ. Жүз мыңдаған нұсқалар ескі жазумен көшіріліп, тарап жатты. Нұр шәкірттері (Нұр батыры Хусрев сынды) бұл істі әдемі атқарды.Осындай ауыр күндерде өзіне у беріліп, неше күн өлім ауызында жатады. Берілген удың әсерінен жатып қалған ұстазының жанына ебін тауып жеткен бір шәкіртіне «Мен енді бұл өмірде қала алмайтын шығармын, бүкіл болмысымды Отанымыз бен халқымыздың, жастар мен Ислам әлемінің, бүкіл адамзаттың бақыты жолында пида еттім. Мен өлсем, достарым кегімді қумасын», деген еді.Бәдиүззаманың түрмеге келуінен көп пайдаланған бір тұтқынды, терезеден ол кісіге сәлем бергені үшін “Сен оған неге сәлем бересің? Оның терезесінен неге қарайсың?” - деп соққыға жығады. Әл үстінде жатқан ардақты ұстаздарының жанына жасырын келуге тырысқан шәкірттері ұсталып қалса соққыға жығылатын. Бірақ олар залымдардан тайсалмады. Иман мен Ислами намыстан нәр алатын батылдықтың арқасында ұрған сайын, “Ұрыңдар, ұрыңдар“ деп айқайлайтын. “Жаудың етігі алқымымызға басар болса, бетіне түкіріңдер! Денем жаншылса да рухым азат” дейтін ақиқатты баспа арқылы да жар салған ұстаздарының соңынан ерген еді. Осындай неше түрлі азаптар мен қысымдардың ішінде жүріп, түрменің ішінде де сыртында да Нұр қызметі жалғасып жатты. Ешкімге жасалмаған зұлымдықтар мен опасыздықтар Бәдиүззаманға жасалды.Бәдиүззаман Саид Нұрси 1949 жылдың 20-шы қыркүйегі күні өзіне кесілген мерзімді толық аяқтап, түрмеден босатылады. Әдетте түрмеден босағандар таңғы сағат онда шығарылады екен. Түрмеден шыққан Саид Нұрсиды халықтың қошеметпен қарсы алу үшін күтіп тұратынын сезген басшылар, Бәдиүззаманды әлі таң ата қоймаған, алагеуім уақытта түрмеден шығарады. * * * * *
545БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАБәдиүззаман Саид Нұрси түрмеден шыққаннан кейін біраз уақыт Афионда қалады. Кесілген мерзімін толық аяқтап, кассациялық соттың үкімімен ақталып шыққанына қарамастан үш полиция қызметкері күндіз-түні есігін күзетіп тұрады. Екі жылдық қапастан шыққан қарттың хал-жағдайын сұрауға келгендерге де кездесуге рұқсат берілмейді. Россияда тұтқында жүргенде орыс офицерлері тұтқындарға сабақ беруіне тыйым салмаған еді. Ал мұнда, өз Отанында, ғазиз мұсылман халықтың бақыты жолында қолда барын пида қылған қарияға зияратқа келушілерге рұқсат берілмеді. Тіпті оған көмектесіп жүрген кісілермен сөйлескен адамдарды көре қалса “Сен Бәдиүззаманға көмектесіп жүрген адаммен неге сөйлесесің“ деп қысым жасалатын. Осындай заңсыз әрекеттермен Халықтың Саид Нұрсиға деген құрметін тоқтатуға тырысқан сайын халықтың, әсіресе, жоғары оқу орындарындағы жастардың оған деген құрметтері арта түсті. Оған қарсы әрекет етушілердің мақсаты халықтың Бәдиүззаманға деген құрметін азайту, ол кісінің беделін түсіру арқылы Рисалей-Нұрдың халыққа таралуын тоқтату еді. Ал Рисалей-Нұрдың ол кісінің жеке тұлғасына қатысы жоқ. Рисалей-Нұр Құранның мүлкі. Бұл туынды басқа шығармаларға мүлде ұқсамайды. Рисалей-Нұр басынан аяғына дейін нақты дәлелдер қазынасы. Рисалей-Нұрды оқыған адам оның авторына назар аудармайды, тікелей сол жердегі ақиқаттар мен дәлелдерге зер салады. Осындай ақиқаттарға байланысты Саид Нұрсидың жеке басына жасалған шабуылдар нәтижесіз қалды. Нәтижесіз қалуы да заңды...Бұл мұсылман халық, отанға, елге шексіз пайдасы тиген Құран мен Иман жолындағы қызметін теңдессіз жанқиярлықпен атқарған ұлы автордың, ұлы ойшылдың осылайша соттан сотқа сүйрелуіне қарсы миллиардтаған өкініш білдіруде. Отан мен халықтың игіліг үшін айтқымыз келетіні, бұл іс дереу тоқтатылып, соттағы істер жабылсын. Өйткені Бәдиүззаман атқарып жүрген Құран мен Иман жолындағы қызмет Ислам әлемін тіпті бүкіл әлемді қамтитын шаруа. Бәдиүззаман Саид Нұрси жайлы айтылған ақиқаттар аса маңызды, дәлелсіз емес, асыра мақтау жоқ. Бұған күмәнданушылар әзірге арамызда жүрген Бәдиүззаманмен жақынырақ танысып Рисалей-Нұрды тұрақты түрде, шынайы ықыласпен оқысын. Сонда бұны түсінетін болады. Біз бұл кітапта жеткізуге тырысқан ақиқаттарды түсіндіру барысында сөзіміз әлсіз, жұтаң болып қалды. Өздері шын ықыласпен бізден де артық түсінер ақиқаттарды бүкіл әлемге жар салар ынтаға қол жеткізетін болады.
546БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИБүкіл әлемдегі соттар, жасырын дін дұшпандары таққан айыптарға қарап Бәдиүззаманды соттағылары келсе, егер ол соттар дәлелдерді мойындар болса Бәдиүззаманды соттай алмайды. Бәдиүззаман Саид Нұрси Хазрет, Исламның жаулары берген улар әсерінен қоза түсетін аурулардың кесірінен үнемі төсек тартып қалады. Өзі “Қабір аузында тұрмын“ дейді. Бірақ біз бүкіл болмысымызбен, бар ынтамызбен Аллаһқа жалбарынып, дініміздің ұлы қаһарманына ұзақ өмір бере көр, деп тілейміз. Өйткені Құранның мұндай жанкешті, шын ықыласты қызметшісіне, мұндай ұлы ойшыл-данаға, мұндай қаһарманға, теңдессіз Ислам ойшылына бүкіл Ислам әлемі, бүкіл әлем мұқтаж.* * * * *Бәдиүззаманның Әмірдағы мен Афиондағы өз өмірі жайлы жазған және Лемалар жинағына енген Он бесінші үміт атты рисале қаз-қалпында беріліп отыр. ОН БЕСІНШІ ҮМІТ (Сілтеме )*Мен, Әмірдағында тұрған кезімде ізімді аңдудан, жалғыздықтан қатты қиналғаным сондай түрмедегіден бетер күйзеліп, өмірден безіп кеткім келді. Жан-жүрегіммен Денізлі түрмесін аңсап, тіпті қабірді артық санаған кездерім болды. «Мынандай өмірден түрме немесе қабір артық қой» деген ойға келіп тығырыққа тірелген кезде Иләһи жәрдем келіп жетті. Қаламдары жазу мәшинесі секілді Медресетуз Зехра шәкірттерінің қолына жаңа шыққан көшіріп басқыш мәшине тиіпті.Әп-сәтте, Рисалей-Нұрдың өте маңызды кітаптарының әрқайсысы бес жүз дана боп жарыққа шықты. Осындай жаңа жетістік менің қиын-қыспақ өмірімді берекелендіргендей, көңілім жадырап, іштей: «Құдайға сансыз шүкір!» дедім. Содан көп ұзамай Рисалей-Нұрдың жасырын дұшпандары әлгі игі ісімізге кедергі келтіру үшін өкіметті қарсы қоюға тырысты. Бұл жағдай жаныма қатты батты. Тағы да Раббани көмектің сәулесі көрінді.Сілтеме*:Рисалей-Нұрдың жазылуы кезеңі бұдан үш жыл бұрын біткен еді. Он бесінші үміт \"Қарттар рисалесінің түсіндірмесі\" ретінде бір Нұр шәкіртінің қаламынан шыққан.
547БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАНұр рисалелері нұрға мұқтаж мемлекеттік қызметкерлердің назарын өзіне аударып, енді олар әзірге рұқсат етілмеген рисалелерді мұқият оқи бастады. Сөйтіп, Рисалей-Нұр олардың жүрегін өзіне баурап алды да оны сынап-тиісудің орнына құптап мақұл көрді. Осылайша рисаленің оқылу аумағы тіпті кеңейе түсті. Заттық зияннан жүз есе артық рухани табыс-пайдаға кенелдік.Көрген қыспақтардың бәрі өзінен-өзі шешіле бастады. Бұдан кейін тағы да, екіжүзді, жасырын дұшпандар өкіметтің назарын енді, Нұр рисалесіне емес, менің жеке басыма аударуға кірісті. Бұрыңғы саяси өмірімді қайта қозғады.Өкіметтік тексеру, қауіпсіздік ұйымдарын маған қарсы қойды. Партиялардың, коммунистердің, анархистердің ұйымдасуымен мәселе ұлғая бастады. Бізді аңдып, қолдарына түскен рисалелерді жоюға кірісті. Нұр шәкірттерінің қызметін тоқтатуға барынша тырысып бақты. Және менің жеке басымды жұрт алдында төмендету үшін ресми қызметкерлер ойға келмейтін түрлі сұмпайы істер жоспарлай бастады. Алайда, оған ешкімді сендіре алмады. Содан, өшіккені сондай адамшылыққа жатпайтын жағдайда өте суық бөлмеге екі күн бойы қамап, сұраққа алды. Ал, мен өз бөлмемде күніне қанша рет от жағып, пештің жанында отыратындықтан бұл жағдайдың маған қаншалықты азап екені белгілі. Осындай жағдайда отырғанымда Иләһи бір жәрдемнің белгісі ретінде көңіліме ақиқат нұры келді.«Өзің Юсуф медресесі деп атаған Денізлі түрмесінде шеккен қиыншылықтардан мың есе артық рухани жетістіктер, және ондағы тұтқындардың Нұрлардан көрген пайдасы мен рисалелердің кең ауқымда таралуы саған реніштің орнына қуаныш сыйлап, түрмедегі бір сағатың он сағаттық құлшылықтың сауабын береді, сөйтіп ондағы пәни уақыттар мәңгілікке айналды. Олай болса Иншаллаһ, бұл үшінші Юсуф медресесіндегі қиыншылықтарың да Нұр рисалелерінің таралуы арқылы сенің мына тоңуың мен аштығыңды қуанышқа айналдырады. Ал саған зұлымдық жасап отырған адамдар білместіктен, алданып мұндай іске барған болса, оларға ашуланудың керегі жоқ. Егер біліп, әдейі осындай зұлымдыққа дінсіздік үшін барған болса, олар көп кешікпей өлімнің азабын тартып, мәңгілік қабір қамауына алынып, бітпейтін азап шегетін болады. Ал, сен олардың осындай зұлымдығының арқасында сауап алып, пәни уақытыңды бақи уақытқа айналдырып, рухани ләззатқа кенеліп, хақ діндегі
548БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИміндетіңді ықыласпен атқарған болып саналасың...» деп, рухыма аян болды. Мен де, мұндай сүйінші хабарға «Әлхамдулиллаһ!» дедім. Әлгі залымдарға жаным ашыды. «Уа, Раббым! Олардың жүрегін тазарта гөр!» деп, дұға жасадым. Осы соңғы оқиға да солай болды. Ішкі істер қауіпсіздік комитетіне түсініктеме жазған кезімде мен оларға айттым: «Бұл он жақты заңсыздық, заң атын жамылып жасалған қылмыс. Нағыз қылмыскерлер заңды бұзушылар!» дедім.Сол залымдар мені айыптау үшін сылтау іздегендері сонша, жапқан жаласын кім естісе де күлкісі келеді. Ынсапты жандарды жылататын айыптаулар еді. Демек, Рисалей-Нұрға, оның шәкірттеріне тиісуге заңдық тұрғыдан мүмкін болмағандықтан, ақымақ сияқты әрекет етуде. Мысалы, бір ай бойы бізді аңдыған құпия қызметкерлер түк таба алмағандықтан бір қағазға былай деп жазыпты: «Саидтің бір қызметшісі дүкеннен бір шиша арақ алып оған апарып берді».Сол жазуды куәландыру үшін адам іздеп, ақыры таба алмаған соң, сырттан келген маскүнем біреуге: «Мынаған қол қой!» десе, ол: «Астағфируллаһ, мұндай сұмдық өтірікке кім сенеді?!» деп, бас тартқан соң әлгі қағазды жыртып тастауға мәжбүр болыпты.Екінші бір мысал: Аты-жөнін білмеймін бейтаныс бір адам маған өзінің мініс атын беретін, жазды күні бір-екі сағат атпен серуендеп қайтатынмын. Ақысына елу лиралық кітап беруге уәде еткен болатынмын. Өйткені, біреуге қарыздар болып қалмау, яғни өз әдетімді сақтау үшін солай дегем-ді. Ал мұнда тұрған не бар? Ойпырай, осы үшін «Бұл ат кімдікі?» деп, бізден полициясы бар, әкімі бар бәрі жабылып елу рет сұраққа тартты. Осы мағынасыз сұрақтардан құтылу үшін, екі адам азаматтық жасап біреуі «ат менікі» екіншісі «арба менікі» дегені үшін екеуін де менімен бірге қамап тастады. Міне, бұл баланың ойыны іспетті жағдайға бір күлдік, бір жыладық. Соңында мынаны түсіндік: Рисалей-Нұрға және шәкірттеріне тиіскендер қандай бір жағдайда масқара күлкіге қалып жатады...Сол мысалдардан бір оқиғаны баяндап берейін: Менің айыптау іс қағазыма қауіпсіздікті бұзушы деп, жазғандығынан хабарым болмаса да прокурорға: «Сені кеше кешке ғайбаттадым» дедім. Өйткені, сол Қауіпсіздік Комитетінің төрағасының орнына менімен сөйлескен бір қызметкерге: «Егер бұл мемлекетке мың қауіпсіздік басшысы қызметіндей қызмет етпеген болсам, Аллаһ мені үш қайтара бәлеге ұшыратсын!» дедім.
549БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАСол күндері суықтан сақтануға, жан тыныштығына өте мұқтаж болсам да мені жалғыз қамап, тергеуге алып төзімімнің шегінен шығаруға таяғанда, осыны жасап отырғандарға ашу-ызам келді. Міне, дәл осы сәтте тағы да Иләһи жәрдем келіп, жүрегіме аян берді: «Адамдардың саған жасап жатқан бұл зұлымдықтарында Иләһи тағдырдың бір әділдігі бар. Бұл қамаудың ішінде саған арналған ризық бар. Сені бұл қамауға әкелген сол ризығың ғой. Олай болса, осыған шүкір етіп, тағдырыңа риза болуың керек. Аллаһтың хикметі мен рахметінің де үлесі бар. Яғни, жазасын өтеп жатқандарды нұрландыру, оларды жұбату, осылайша сауап жинау. Бұған әрине сабыр сақтап, шүкір ету керек. Нәпсіңнің де сен білмеген кемшіліктері бар. Олай болса, осындай жазаға лайық болған шығармын деп мойындап, тәуба еткен дұрыс. Жасырын дұшпандардың алдау, азғыруына түсіп, саған зұлымдық жасауға мәжбүр болған аңқау, күдікшіл қызметкерлердің де бір үлесі бар. Ал, сол екіжүзділердің осы ісі үшін Нұрдың оларға жегізген рухани шапалақтары сенің өшіңді еселеп алып берді. Ал, ең соңғы үлес ресми қызметкерлерге тиесілі еді. Алайда, олар Рисалей-Нұрды сынау мақсатында оқып, соңында оның нұры арқылы тәубаға келіп, иманға бет бұрғаны үшін шарты бойынша оларды кешіру, шын мәнінде бір биік мәртебеге жетумен тең ізгі қасиет деп білген жөн».Осындай ақиқатқа көзім жеткен сәтте, осы жағдайыма шүкір еткенім сондай, осы Юсуф медресесінде маған қастық істеп жатқандарға жақтасып, оларға имани тұрғыдан жәрдем беру үшін әлі де осы медреседе тұра беру мақсатында өзімді зиянсыз бір қылмыс жасағандай көрсеткенім жөн шығар деген ой келді. Әрі мен секілді жетпіс бес жастағы адамның жетпіс құрдасының көп болса бесеуі ғана тірі, Нұр қызметін оның орнына атқаратын жетпіс мың Нұр нұсқалары еркіндікте, иман қызметінде бір ғана тіл емес, мың тіл болып сөйлейтін бауырлары бар мен секілді бір адам үшін қабір бұл қамаудан жүз есе артық емес пе? Сондай-ақ бұл қамау, сырттағы ешбір еркіндігі жоқ бостандықтан жүз есе рахат деуге болады. Өйткені, сырттағы еркіндікте жалғыз өзім жүздеген өктемшілдердің езгісінде жүргенше, мұнда жүздеген
550БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИқамаудағы достармен бірге бір-екі қызметкердің бақылауында жүріп, көптеген дос тауып олардың жақсылығын көрген артық. Мұндағы Исламиет жанашырлығы мен адамшылықтың ізгілігі, қарияға деген қамқорлық сезімін оятқандықтан тіпті, қамалғаныма риза болдым. Бұл жолы үшінші рет сотқа шақырылып келгенде, әлсіздік пен қарттықтың әсері болса керек, түрегеп тұруға шамам келмей, сондағы бір орындыққа отыра кеттім. Осы кезде сот төрағасы келіп: «Түрегеп тұрмай неге отырсың?» деп, зекіді. Мендей қарт кісіге жасалған мұндай құрметсіздікке ашуым келді. Осы кезде жан-жағыма қарасам, көптеген мұсылмандар аса жанашырлық, бауырластық ниетпен маған қарап, бізді айнала қоршап топталған екен, қуса да кетпей жатыр. Сол сәтте бірден екі ақиқат көңіліме келе қалды.Біріншісі: Менің және Рисалей-Нұрдың жасырын дұшпандары маған жала жабу арқылы қызметімізге бөгет жасау мақсатында, қауіпсіздік қызметінің аңғал қызметкерлерінің басын айналдырып, бізге қарсы түрлі қастандық жасаумен болды. Бұған қарсы Иләһи жәрдем ретінде әлгі опасыз бірнеше адамның орнына бізге жақтас жүз адамды Нұрдың иман қызметіне қолдаушы етіп қойды. Тіпті, екінші күні соттың тергеу сауалдарына жауап беріп жатқан кезде сот залының терезесінен мыңға тарта адам топталып, «оларға тиіспеңдер!» дегенді тұрыстары арқылы айтып тұр еді. Тәртіп сақшылары оларды тарата алған жоқ.Осыны көрген кезде көкейіме мына бір ой келді: Мына тұрған көпшілік осынау қатерге толы ғасырда көңілдеріне жұбаныш беретін, жүректеріне сөнбейтін нұр сыйлайтын қуатты иман мен мәңгілік бақыттың сүйіншісін тілеуде, соны жан-жүректерімен іздеуде. Іздегендері Рисалей-Нұрдан табылады деп сенгендіктен иманға біршама қызмет еткенім үшін лайық болмасам да менің жеке басыма құрмет пен сый көрсетуде...Екінші ақиқат: Қауіпсіздікке қатер төндірушілер деген жала жауып, бізге опасыздық пен қастық жасаушы бірнеше залымның іс әрекетіне қарсы, көптеген ақиқатшыл адамдар мен жас ұрпақтың қолдау көрсеткені көңілге медет беретін жәйт. Иә, шын мәнінде коммунистік пердесін жамылған анархисттердің халқымыздың тыныштығын бұзу үшін жанталаса жасап жатқан қастандығына қарсы еліміздің әр тарапында Рисалей-Нұр шәкірттері шынайы иман қуатымен олардың іс-әрекетін тоқтату үшін қызмет жасауда.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 632
- 633
- 634
- 635
- 636
- 637
- 638
- 639
- 640
- 641
- 642
- 643
- 644
- 645
- 646
- 647
- 648
- 649
- 650
- 651
- 652
- 653
- 654
- 655
- 656
- 657
- 658
- 659
- 660
- 661
- 662
- 663
- 664
- 665
- 666
- 667
- 668
- 669
- 670
- 671
- 672
- 673
- 674
- 675
- 676
- 677
- 678
- 679
- 680
- 681
- 682
- 683
- 684
- 685
- 686
- 687
- 688
- 689
- 690
- 691
- 692
- 693
- 694
- 695
- 696
- 697
- 698
- 699
- 700
- 701
- 702
- 703
- 704
- 705
- 706
- 707
- 708
- 709
- 710
- 711
- 712
- 713
- 714
- 715
- 716
- 717
- 718
- 719
- 720
- 721
- 722
- 723
- 724
- 725
- 726
- 727
- 728
- 729
- 730
- 731
- 732
- 733
- 734
- 735
- 736
- 737
- 738
- 739
- 740
- 741
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 650
- 651 - 700
- 701 - 741
Pages: