651САРАПТАМАЛАРЗалдағы адамның көптігінен сот процесін бастау қиынға соқты. Сот төрағасының «Молдекеңді сыйласаңыздар бізге мүмкіндік беріңіздер» деген сөздерінен кейін ғана халық артқа шегініп, сот процесі басталды. Өткендегідей халықтың көптігінен сот процесінің өтуіне кедергі келтірмес үшін, сот залына полиция қызметкерлері көптеп шақырылып, ғимараттың сыртын да қоршап тұрады. Тепкішектер мен дәліздерге халықты жібермей, есіктерді жауып тастайды. Сот отырысы басталды. «Жастар шырағын» басып шығарған баспаханашының сөзінен кейін полиция қызметкерлерінің сөзі тыңдалды.Сарапшылар жүргізген сараптамалар оқылған кезде, Ұстаз қарсылық білдірді... Екінді уақыты жақындап қалғандықтан Ұстаз намаз оқуға рұқсат сұрады. Сот төрағасы ұстаздың бұл өтінішін қабыл көріп, сол күнгі сот процесін аяқтады. Студент жастар ұстаздың қолтығынан демеп, дәлізге шыққан кезде, мыңдаған халықтың қол шапалақтаулары естіліп жатты. Сыртта үш-төрт мың халық күтіп тұр еді. Арасында қуаныштан жылап жүргендер де бар еді. Мұнша адамның арасынан жаяу өту мүмкін болмағандықтан, Ұстазды бір машинаға мінгізіп, Сұлтан Ахмед мешітіне алып келді. Сол жерде намаз оқып болған соң, тұрып жатқан жеріне қайтты...* * * * *1952 жылдың 5-ші наурыз күні сот процесінің соңғы отырысы басталды. Тағы да мыңдаған халықтың арасынан өтіп, сот залына кірді. Әуелі куәгер ретінде «Жастар шырағын» бастырған студенттің сөзі тыңдалды. Өз сөзінде Ол: Шығыстың да, Батыстың да көптеген шығармаларын оқығандығын, содан кейін қолына Рисалей-Нұр кітаптарының тигенін, бұл туындылардан оның ақылы да, рухы да қатты әсер алғанын, өзін-өзі түзетуіне, мінез-құлқының жақсаруына қатты ықпал еткенін айтты. Бұл кітаптардың жастардың иманын күшейтіп, мінез-құлқының түзелуіне өте пайдалы және мұнда ешқандай қылмыстың нышаны жоқ екенін жеткізді...
Бәдиүззаман Хазреттің 1952 жылы Стамбулда Фатих Сұлтанның мазарында Фатиха оқып тұрған сәті.
653САРАПТАМАЛАРҰстаздың өзін-өзі қорғау сөздері:Көптеген зұлымдықтар мен ауыртпалықтарды басымнан өткізген ұзақ өмірім жайлы қысқаша айта кеткім келіп тұр. Тыңдауларыңызды өтінемін.Сот Ұстазға еркін түрде қорғау сөздерін айта алуына рұхсат берді. Ұстаз да тереңнен қозғап, ішіндегісін еркін ақтарып, көсіле сөйлейді.– Құрметті судьялар. Жиырма сегіз жыл бойы опасыздықтар мен азаптауларға душар болдым, абақтыларға қамалдым. Барлық жалалар мен айыптаулар мына нәрселерге негізделген.1. Ең бірінші айыптаулары, мені қазіргі басқару жүйесіне қарсы деп біледі. Кез келген үкіметке наразылар (оппозиция) болады. Қоғамның тыныштығын бұзып, бүлік шығарып жатпаса, көңіліндегі ой-пікірлері мен әдістеріне бола ешкімді кінәлауға болмайды. Бұл, бәрі білетін құқықтық норма. Өз діндеріне өте берік, аса қатыгез Ағылшын үкіметі, жүз милионнан астам мұсылманды жүз жылдан бері билеп-төстеп отырса да, Мұсылмандар, Ағылшындардың күпірлікке сүйенген жүйелерін қабылдамай отырғанымен Ағылшын соты осы уақытқа дейін оларды кінәлаған жоқ.Мұнда да, барлық Ислами елдерде баяғыдан бері. Яһуди, Христиан дінін ұстанатындар өмір сүруде. Олар сол елдің дініне, саяси жүйесіне қарсы болғандарымен ол жерлердегі билік сол үшін оларды заң жүзінде қудалап, қысым жасап жатқан жоқ.Хазіреті Омар Халифа кезінде қарапайым бір Христианмен бірге сотқа тартылды. Ал ол Христиан Исламның қасиетті қағидаларына, Ислам дініне, заңдарына қарсы, оларды мойындамаса да сотта олар назарға алынған жоқ. Бұл жағдай, әділет орындарының ешқандай ағымдарға ілеспей, бір жаққа бұра тартпай әділ болуы керектігін көрсетеді. Бұл, дін және ар-ождан еркіндігінің ең негізгі қағидасы. Комунистерден басқа бүкіл әлемде, Шығыста да Батыста да осы қағидалар сақталып тұр.Мен де осы дін бостандығы, ар-ождан бостандығы қағидаларына сүйеніп, жүздеген Құран аяттарына үйлеспейтін мәдениеттің бұзғыншылықтарына, еркіндік деген желеумен жасалып жатқан диктаторлық әрекеттерге, зайырлылық деген масканы киіп алып, дінге және діндарларға қарсы жасалып жатқан қысымдарға наразы болсам заң бұзған боламын ба?
654БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИБұл әрекетім бұрыс дей аласыздар ма?Әділетсіздіктерге, зұлымдықтарға, заңсыздықтарға қарсы болуды еш қандай үкімет қылмыс деп санамайды. Керісінше оппозиция заңды нәрсе және әділдікті сақтап тұрудың құралы.2. Мені зұлымдыққа ұшыратып, жапа шегуге лайық деп білген кезеңдердің екінші кінәраты, қоғамның тыныштығын бұзу. Мұндай бос уайымдар мен ойдан құрастырылған айыптаулар арқылы маған жиырма сегіз жыл бойы азап тартқызды. Бір жерден екінші жерге, бір соттан екінші сотқа сүйреді. Зынданнан зынданға тастады. Ешкіммен кездестірмеді. Қоғамнан аластады. У берді, қаншама қорлықтар көрсетті.Біз, бес жүз мыңға тарта Нұр шәкірттері, еліміздің барлық аймақтарында қоғамның тыныштығын күзетуші рухани сақшылармыз. Бізге мынадай жала жабудың өзі үлкен күнә. Бізге қанша зұлымдық жасалса да, біз ешқашан сезімге берілген жоқпыз. Көңілдің тыныштығы жолында, Иман мен Құранға қызмет ету жолында, бейқамдыққа салынып жүріп, өзімбілемдік пен анархияның ұйығына құлағандарды құтқару жолында аянбай еңбек еттік.Құрметті судьялар, бұл айтқандарым дәлелсіз, бос сөз емес. Бізге зұлымдық жасап, азапқа салған алты аймақтың алты соты, қаншама тергеу-тексерулердің нәтижесінде қоғамға зиян тигізер, тыныштығын бұзар еш нәрсе таба алған жоқ. Бұл жағдай Нұр мектебінің шәкірттері жүректерге әсер етіп, қоғамның тыныштығын қорғайтын сақшыны миға, жүрекке орнататынын көрсетеді... Біздің имани дәрістеріміз анархияға, бұзғыншылыққа, масондар мен коммунисттерге қарсы. Еліміздің барлық полиция бөлімшелерінен сұраңыздар, бес жүз мың Нұр шәкіртінің біреуі заңға қайшы, қоғамға зиян бір іске араласып па екен? Жоқ. Әрине, араласпайды, өйткені, олардың жүрегінде заңның да, тыныштықтың да сақшысы болған Иман бар...Сәбилүррешад газетінің 116-санындағы «Ақиқат сөйлеуде» деп аталатын мақалада бұл мәселені кеңінен түсіндірдім. Бүкіл болмысын, қажет болса өмірін де, тіпті ақыретін де діні үшін пида еткендігін бүкіл өмірі дәлелдеп беріп отырған, отыз бес жылдан бері саясаттан сырт айналған, қаншама сот орындарының көптеген тексерулерінен кейін де ешқандай кінәрат таба алмаған, сексеннен асып, қабір аузында тұрған, дүниелік ешқандай мүлкі жоқ, оларға еш мән бермеген адам жайлы «Дінді саясат жолына пайдалануда» дегендер
655САРАПТАМАЛАРжер мен көктің арасын толтырардай қасиетсіз найсаптар. Біздің – Нұр мектебі шәкірттерінің Қасиетті Құраннан алған сабағымыз мынау: Бір үйде немесе бір кемеде он қылмыскер мен бір бейкүнә адам отырса, Құрани әділет сол бейкүнә адамға зиян келтірмеу үшін ол үйді немесе кемені өртеп жіберуге рұхсат бермей тұрғанда, он бейкүнә адамды бір қылмыскердің кесірінен жойып жіберу үшін әлгі үйді немесе кемені өртеуге рұхсат бере ме? Егер өртеп жіберер болса ең ауыр қылмыс, аса зұлымдық болмай ма? Сондықтан, қоғамның тыныштығын бұзып, он қылмыскердің кесірінен тоқсан бейкүнә жанның өміріне қауіп төндіруге Илаһи әділеттілік пен Құрани ақиқаттар тыйым салғандықтан, біз Құраннан алған сабақтарымызға сүйене отырып, бар күшімізбен қоғамның тыныштығын қорғауға мәжбүрміз деп білеміз.Бізге өтірік-жала жауып, қылмыскер еткісі келген бұрыннан бергі жасырын жауларымыз саясатты дінсіздіктің құралына айналдырғысы келді. Немесе біліп-білмей, әбден бұзылған идеялогияларды елімізге сіңіруге әрекет етті. Елдің тыныштығын бұзған біз емес солар. Нағыз мұсылман, шынайы мүмин ешқашанда анархияға, бұзғыншылыққа қолдау жасамайды. Дініміз фитне мен бұзғыншылыққа қатаң тыйым салған. Өйткені, анархия ешқандай хақты, құқықты танымайды. Адамгершілік пен мәдениеттің деңгейін жыртқыш аңдардың деңгейіне түсіріп жібереді. Бұны істейтіндердің ақырзаманда келетін Яджуш-Мәджүштердің тобыры екендігіне Құран ишара етуде.Міне, құрметті судьялар жиырма сегіз жыл бойы маған және шәкірттеріме зұлымдықтар жасалды. Ал прокурорлар сот залында бізді қорлаудан тартынбады. Біз бұлардың бәріне де шыдадық. Иман мен Құранға қызмет етуімізді жалғастыра бердік. Өткен кезеңдерде билік басында отырғандардың барлық зұлымдықтары мен тартқызған жапаларын кешірдік. Өйткені олар өздері лайық болған жерлерге кетті. Біз де еркіндікке шықтық.Сіздер сияқты әділ, иманды судьялардың алдында сөз сөйлеуге мүмкіндік берген Аллаһқа шүкір етеміз.Саид Нұрси* * * * *
656БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИАдвокат Михри Хелевтің қорғау сөздеріненРисалей-Нұрдың авторы, барлық авторлар мен редакторлардың ішіндегі ең кішіпейілі. Атақ-даңқ пен тәкәпбарлыққа жаны қас. Дүниелік нәрселердің бәрінен де сырт айналған. Мал-мүлк, атақ-даңқ. Олардың ешқайсысы оның өкшесіне де жете алмайды. Ганди де дүниеден мұншалық сырт айналмаған. Күніне елу грам нан мен бір кесе көжені қанағат ететін бұл ұлы адам өмір сүріп жатқан болса Құран мен Иман жолында атқарар қызметі үшін өмір сүруде. Ол үшін басқа еш нәрсенің құны жоқ.Мұндай жағдайда, өзінің кітаптарын мақтады деп кінәлауға тырысу, 163-бап бойынша қылмысты етіп шығаруға әрекет ету әділдікке, ақиқатқа, ғыдымға, адами ой-пікірге, құқықтық нормаларға, ақыл мен логикаға сай келе ме? Ол жағын сот шешсін............................................................................................................................Үкіметке қарсы деген әңгіме жайлы да бір екі ауыз сөз айта кетейін. Сіздерден шын көңілден әділ қарар күтетін алдарыңыздағы кәміл жан, бір де бір рет ақиқатқа жанаспайтын нәрсе айтқан емес. Алғашқы сот отырысында, қазіргі үкіметке разы екендігін, сынға алып, жақтырмаған үкіметтері бұрынғылар екендігін қаншама рет айтты. Мен қорғап отырған адам, бүкіл елмен бірге диктатураға қарсы күресті. Еркіндік пен демократияның орнауына ат салысты, осы жолда жеңіске жеткеніне қуанды. Рисалей-Нұрдың мақсаты қоғамдағы жүйе мен заңдарды жүректерге орналастыру. Саяси билік, халықтың еркіндігі мен қоғамның тыныштығын саяси алаңда қалыптастыруға тырысатын болса Рисалей-Нұрдың авторы да оларды рухани алаңда, жүректерде орнатуға тырысуда. Мақсаттар ортақ. Ағартушы мектеп саналатын Рисалей-Нұр және оның авторы мен оның шәкірттері қоғамдағы жүйе мен тыныштықты сақтаудың рухани сақшылары. Рухани алаңда, жүректер мен көңілдерге анархия мен бұзғыншылықтың орналасуына жол бермеуге тырысуда. Шын жүректен, қандай да бір пайда күтпей-ақ, тек қана Аллаһ ризалығы үшін, халық пен елдің пайдасы үшін жұмыс жасауда. Бұлай ету қылмыс емес, халыққа елге қызмет.
657САРАПТАМАЛАРТергеп-тексеруге емес, мақтауға лайық. Ақталуын талап етуге хақымыз бар. Қарар беру соттың шаруасы.______________________________________________Артынша автордың өкілі адвокат Сениуддин Башак орнынан тұрып, қысқаша ғана сөз сөйлейді. Адвокат Сениуддин Башактың қорғау сөзі:– Мәселе түсінікті, ақиқат күндей жарқын көрініп тұр. Сот мәселені біліп отыр. Менің бұған қосар сөзім жоқ.Аса құрметті, халық пен елдің пайдасы үшін өздері ешқандай пайда күтпей-ақ, жан аямай, Аллаһ ризасы үшін еңбек етіп жүрген кісілерді осында алып келіп, қылмыскердің орнына отырғызғандардың түсінігі жайлы ойымды айта кеткім келген, бірақ қазір оны айтатын жер емес. Ол үшін арнайы бір кітап жазу керек. өйткені ондай ой, ондай түсінікпен күресу бәріміздің борышымыз. Жоғары дәрежелі соттың жоғары дәрежелі ар-ожданы менің сөз сөйлемей-ақ қоюым үшін сенім ұялатуда. Қорғауымдағы кісінің ақталуын қалау да мені қуантуда.* * * * *Адвокат Абдуррахман Шереф Лачтың қорғау сөздері.Олардан кейін Ұстазды қорғау үшін, иманды, майталман маман адвокат Абдуррахман Шереф Лач сөз алды. Әуелі бір кіріспе жасады.-Күдікті ретінде алдарыңызға келіп тұрған жасы сексеннен асқан құрметті қарияның ешқандай қылмысқа қатысы жоқ екендігі толық түсінікті болып отыр. Соттың да мұны біліп отырғандығы белгілі және ақтап шығарады деген үміттемін. Болымсыз қарардың берілуі мыңнан бір ықтимал болса да, мойныма алған жұмысқа салғырттық танытуыма болмайды. Бейкүнә жанды қорғау үшін, өз міндетімді атқаруым керек. Касациялық соттың шешімдерін де ескере кеткен жөн. Бұл жерде ол туралы әңгіме қозғалмады деп, іс жүргізудің тәртібін бұзбағанымыз дұрыс. Сондықтан қорғау сөздерімді бас–тауға соттан рұхсат сұраймын.– Жақсы Абдурахман Мырза бастаңыз. Сөйлеуші адвокаттардың соңы сіз боласыз...............................................................................................................................
658БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ– Жастар шырағы атты кітап, Қасиетті Құранның әмірлерін тәп–сірлейді. Ислам дінінің бұйрықтары жайлы насихаттардан тұрады. Ата заңның 70-бабына сай, жеке наным-сенім, ар-ождан, ой-пікір бостандығы және сөз бостандығы, баспасөз бостандығы Түрік халқының заңды құқы. Ал Ата заңның 75-бабы бойынша ұстанған діні мен мәзһабына бола ешкім жауапқа тартылмайды. Мен қорғап отырған кісіні Ата заң бойынша қорғалған діни наным-сенім бостандығынан, баспасөз еркінен айыру, сол үшін жазалау, Ата заңға сай келмейді...............................................................................................................................Жоғарыда айтылған заңдар ескерілмей, қылмыстық кодекстің демократиялық жүйеге үйлеспейтін 163-бабына сәйкес, қудалану мүмкін деген жағдайды, тағылған айыптарды зерттей келе айтарым: Бір мұсылман. Ақ шашты, қарт мұсылман. Бүкіл өмірін, ақ шашын нұрмен ағартқан мұсылман. Бүкіл болмысы, жан дүниесі Аллаһтың берген өмірін Түрік халқының шынайы бақыты жолына арнаған адам. Рухын бүкіл әлемнің иесі болған Аллаһқа тапсырғанға дейін алған бетінен қайтпауға бел буған, денесін Аллаһ жолында қартайтқан Мұсылман. «Демократия орнады» деген бүгінгідей заманда, Аллаһ деді, кітап деді, Пайғамбар деді жастарға абай болыңдар деді. Соны айта қап еді, бір прокурор жағасына жармаса кетті. (сотқа арыз берген прокурор)– Бері кел... Қылмыс жасадың! деді.Айнала, қара түнекке айналды.Бірақ, қараңыздар мына асыл текті қарт мұсылманға! Қандай сабырлы, қандай еркін сезінеді өзін. Өйткені, бір Аллаһқа сенеді. Түннің қараңғылығы, күндізгі неше түрлі бояулар оны уайымға салмайды. Зынданда жатып бақытты тамашалауда. Жапа шегіп жатып та бақытты тапқан жан. Өйткені жаратылыстардағы ақиқаттарды көріп тұрған адам. Кесапат, бәлелерді де бақытқа айналдыра алатын жан. Тамырында қан емес, Аллаһтың фейзі мен нұры ағып жатқан адамды бір прокурор түрмеге сүйреуде.Неге? Не үшін? Не істен қойды бұл қарт! Кінәсі не бұл мұсылманның? Прокурорға салсақ не кінәсі бар екен қарап көрейік. «Жастар шырағы» атты кітап шығарды.
659САРАПТАМАЛАР1.Зайырлылыққа қарсы әрекет етті. Аллаһ, дін Иман зайырлы болдырмайтын нәрселер ме? Солай екен. Басқа не істеді?2.Мемлекеттің қоғамдық, саяси-экономикалық, құқықтық негіздерін өзгерткісі келеді екен. Не үшін? қандай мақсатта жасауда бұларды?3.Жеке басының беделін арттырып, айналасына адам жинағысы келеді екен. Саяси пайда бар ма сонда? Жоқ, ондай нәрсе жоқ. Сарапшылар да ондай мақсатты таба алмаған. Прокурор да бұны айта алмайды. Саяси мақсат-мүдде жоқ болса, бұл қария не күтеді бұл дүниеден? «Ол жағын мен білмеймін» дейді прокурор. «Соны қалайды, болды» дейді. Сарапшылар да, соны айтады.Оны қалай жасады бұл мұсылман?1. Дінді және діни сезімдер мен қасиетті ұғымдарды саясат жолында пайдалану арқылы.Қасиетті нәрселер не екен? Ислам діні, Мұсылмандық сезімдер, Аллаһ деген сөздің жүрекке әсері, Құран, тәпсірі... Демек прокурор бұларды біледі. Бұлардың қасиетті екеніне сенеді.Ал осыларды білу, сену, солар жайлы айту құрал ету ме екен? Иә, сотқа арыз берген прокурордың ойынша бір мақсатқа құрал етіп пайдалану екен. Олай болса прокурордың өзі де бұларды құрал қылып, пайдаланып отыр. Тіпті саяси бір заңға пайдаланып отыр. Оның үстіне бір мұсылманды соттау үшін пайдаланып отыр. Мұндай жағдайда ол да 163-бап бойынша қылмыс жасап отырған жоқ па?«Жоқ» дейді прокурор мен үгіт жасап жатқан жоқпын. Ол үгіт жүргізді, ескерту айтты. Не дейді сонда. Мыналарды айтты.«Қазіргі заманда дінсіздердің Исламға қарсы жүргізген шайқасында олардың жойқын әскері, әрі ең қауіптісі, жүгенсіз нәпсі мен шайтанның қол астына берілген – жартылай жалаңаш әйелдер болып отыр. Олардың ашық-шашық балтырлары пышақтан бетер. Олар иманды мұсылмандарға тұтқиылдан шабуыл жасап, некеге тұруды азайтып, жезөкшеліктің етек алуына ықпал етуде. Көпшіліктің сезімін тұтқындап, рух пен жүректі ауыр күнәлармен жаралап жатыр. Тіпті кейбіреулерді өлтіріп те жатыр.»Ал бұлар өтірік пе? Зинақорлыққа итермелеп, некені бұзып жатқан жезөкшелер өтірік пе? Ашық және жасырын жасалып жатқан зинақорлықпен мемлекет күресіп жатқан жоқ па?
660БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИБұлар бар қоғамда, бірақ бұлармен біз күресіп жатырмыз. Аллаһтың не қатысы бар? дейді Прокурорлар. Солай десін. Десін ал... заң, полиция, прокурор қылмыс жасалғаннан кейін соны жасаушыларды немесе жасатушыларды ұстайды. Яғни қылмыс жасалып болған соң, намыс аяқ асты болып, адам өліп қалғаннан кейін. Заңның бұлардың алдын алатын қауқары жоқ. Ал дінде мұндай мүмкіндік бар. Аллаһтан қорқу және дін. Осы қорқу арқылы неше түрлі сорақылықтың алдын алуға болатындығын білдіруде. Ислам діні соны бұйырады. Алдын ала қамданады. Қалай? Насихат айтыңдар, ескертіңдер, Аллаһты таныстырыңдар, адамның жүрегіне Аллаһтан қорқу, Аллаһты жақсы көру, Тозақ, мәңгілік азап, мәңгілік бақыт ұғымы ұяласын. Білсін, түсінсін, жақсы көрсін, қорықсын, қорыққаннан кейін жамандықтардан қашсын, өзі де құтылсын, қоғам да, прокурор да, мемлекет те ел де тыныш болсын. Сол үшін Аллаһтан қорқу мен Аллаһты сүю ұғымын адамзаттың жүрегіне жеткізіңдер, дейді. Бұларды қалай жасау керек? айтыңдар, жазыңдар, оқытыңдар. Ал ол кезде үгіт жасап жатырсыңдар дейді. Енді не болады? Бұлар Аллаһтың әмірлері, Қасиетті Құранның хикметтері емес пе? Дін сіздердің ең табиғи құқыңыз емес пе? Кім тыйым салады бұған. (Аллаһ жолына) Бұған қылмыс деп жатыр. Олай болса, Аллаһтың әмірін оқыңыздар:аудармасы: Хабардар болыңдар, күпірлік жасап, халықты Аллаһ жолынан тыйғысы келгендер мен өздеріне хақ жол жайлы айтылғаннан кейін Пайғамбарға қарсы келгендер, ешқашан Аллаһқа зиян келтіре алмайды. Амалдары босқа кетеді.Ал тыңдамаса ше? Тыңдағандарға, иман еткендерге қайталаңдар. Өйткені жасап жатқан амалдарың жақсы адамдарға, қоғамға, халыққа, билікке, мемлекетке хайырлы. Жамандықтардан, бәлелерден сақтайды. Иман етушілерге
661САРАПТАМАЛАРдеңдер. Аударма мағынасы: «Ей барлық иман еткендер... Аллаһқа және Пайғамбарына мойынсұныңдар, сонда амалдарың босқа кетпейді.Оған да сенбесе, елге, Отанға келер қауіп діннен және дінді насихаттаудан емес, дінсіздіктен. Бұны Премьер министр де «Оңшылдардан елге қауіп төнгенін көрген жоқпын», бүгін дінді насихаттауға кедергі болар нәрсе жоқ, уайымдаудың да қажет жоқ», дейді.Құрметті судьялар! Өздеріңіз білесіздер, бірақ бір рет осы сотқа берген прокурордан сұрап көріңіздер. Мынаны жоққа шығара алар ма екен? Жастарға Аллаһтың әмірлері мен қасиетті Құранның хикметтері түсіндірілмесе, үйретілмесе, насихаттау қылмыс деп танылса, зина, кісі өлтіру сынды қылмыстарды тоқтату мүмкін болар ма екен? Қылмыстық кодекс жеткілікті болар ма екен? «Коммунизм» сынды сұмдық апаттың ашық та жасырын бүліктерін қалай тоқтата алар екен? Құрметті отан сүйгіш, Аллаһқа және қасиетті ұғымдарға сенетін бақытты Түрік судьялары! Мына сұмдық күпірлік ойларды халыққа жайып, жап-жас Түрік мұсылман балалардың ой-пікірлерін жылдар бойы улап, сал қылып тастаған дін дұшпандарының әрекеттеріне зер салыңыздар. Жан түршігерлік қарама-қайшылықтардың ішіндеміз. Прокурор мұны көрмей қалады, Ислам дініне және барлық әлемдік діндерге жасалып жатқан шабуылдарды байқамайды, ал жастарға осындай шабуылдардан құтылудың жолын айтқан адамды ұстай сала ма?Аса құрметті Түрік мұсылман судьялар! Сіздер Қасиетті Құранның нұрына толы және сол Иләһи Нұрды жаңғыртып тұрған Рисалей-Нұрдың бір бөлшегі болған Жастар шырағы кітабы үшін менің қорғауымдағы адамды соттай алмайсыздар...Құрметті, текті де Мұсылман Түрік судьялары! Өздеріңіз де жақсы білесіздер, нағыз ағартушы ғалымдар – Пайғамбарлардың мұрагерлері. Бұл құрметті кісілер де өздеріне мирас болып қалған уағыз-насихатты Қасиетті Құранның бұйрықтарына сай жасауға міндетті. Уағыз айтқандары үшін ешқандай ақы талап етпейді. Ол істі Аллаһ ризалығы үшін жасайды. Тек қана Аллаһтың және Пайғамбарымыздың ризалығы үшін жасайды. Соңғы демдері біткенше осы қасиетті істі жалғастыра береді. Өйткені бұл міндет
662БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИоларға Аллаһтың және Пайғамбарымыздың аманаты. Осындай аманатты жеткізуде деп, соңынан аңдып, азапқа салуға бола ма? Қартайған, күші қайтқан адамға осынша ауыр қарым-қатынас жасауға бола ма?– Кел зынданға түс! деу.Бұл сұмдық зұлымдық болады. Ал сіздерге зұлымдықты тоқтату міндеті жүктеліп отыр. Барлық жамандықтарды, күнәларды, арсыздықтар мен бүлік – фитнені жоятын нұр..................................................................................................................................аударма – мағынасы: «Олар Аллаһтың Нұрын ауыздарымен үрлеп сөндіргілері келеді. Аллаһ өз нұрын жеткізеді. Кәпірлер қаламаса да».Адвокат АбдуррахманШЕРЕФ ЛАЧОлардың сөзін тыңдап болған Сот төрағасы Бәдиүззаман Саид Нұрсиден, «басқа айтарыңыз бар ма»? деп сұрады. – Менің уәкілдерім жеке басымды тым асыра мақтап-мадақтап жатыр. Мен мұндай мақтауларға лайық емеспін. Мен Құран мен Иманның қызметшісі, әлсіз ғана адаммын. Басқа айтарым жоқ.Бұдан кейін сот процесі аяқталып, алқа билер бір ауыздан ақтау үкімін шығарды. Көпшілік ұзақ қол шапалақтаулармен құрмет білдірді. Мемлекеттік айыптаушы қарсылық білдірмеген соң, үкім нақтыланды.* * * * *
663САРАПТАМАЛАРБәдиүззаманның Стамбулға келуіне орай, бір студент нұр шәкіртінің досына жазған хаты.Сүйікті ұстазымыздың Стамбулға келуіне байланысты бізді және Стамбулды құттықтағаның үшін рахмет. Осындай ілуде бір болатын оқиғаға байланысты алып қала шайқалып кетті, аяғы мерекеге айналды. Ғалымы да оқымаған қарапайымы да, жасы да кәрісі де сот залында, қонақ үйде сол кісіні көріп қалуға, сұхбаттасып қалуға ұмтылуда. Тәтті, қуанышты түстер көретін болдық. Жауларымыздың беттері тұтығып кетті. Араға от тастаудан түк шықпайтындығын түсінді. Ұстаз Стамбулдың бұрынғы дәуренінен қалған жәдігерлердің бәріне жан бітіргендей. Бауырлардың көздері де қаланың көшелері де жайнап кетті. Аясофияның айналасы да Сарай бұрны да өзгеріп сала берді. Мұнаралардан Арабша азан оқылуда, мешттердің ішінде қарилар қайтадан Құран оқи бастады. Фатих Сұлтан күн сайын қабірінен тұрып, өзі алған қаланың құрметті қонағына «Қош келдің», деп құттықтап қарсы алып жатқандай. Йені Жамидің мұнарасынан, шығып Бейоғлуның ең қараңғы, жиіркенішті бұрыштарына дейін жарық қылып жіберетін нұрды қазірден көріп тұрғандаймыз. Аясофияның, Фатихтің, Сұлтан Ахмедтің, Әюбтің, Сүлейманиенің және бүкіл мұсылман Стамбулдың бүркеліп қалған перделері лақтырылып, жарқын нұр туып тұр. Ұстаз осы қалаға күнді жеткізгендей. Ол кісі кетіп қалса, күн де соған еріп кетіп қалатындай, ол кезде миллиондаған халқы бар қаланы қайтадан қара түнек басатындай. Жұбанышымыз, Фатих Сұлтан алып берген қала Рисалей-Нұр арқылы жарқырай түседі деген үміт.Телефоннан Ұстаздың келетіні жайлы хабарды естіген кезде жансыз денемнен ток жүріп өткендей болды. Өлтіріп, талдырып тастайтын ток емес, күш беретін ток. Материалдық та моральдық та бүкіл болмысым күш-қуат алып, алып магнит мені тартып бара жатқанын сездім. Қылмыстық соттың ғимаратына жеткен кезде менің жағдайымды жұрттың бәрі де сезінгенін көрдім. Сот ғимаратының іші де сырты да адамға лық толы еді. Көпшіліктің арасын жарып өтіп, ішке кірмекші болдым. Екі студенттің ортасында кетіп бара жатқан Ұстазды көзім шалып қалды. Рухани жақтан ғана емес, материалдық
664БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИжақтан да қымбатты, дәл қазір миллиондаған адам қарап тұрған сирек тұлға, еш нәрседен хабары жоқ адамдай байсалды қалпында кетіп бара жатты...............................................................................................................................Сот залында едім. Мәртебелі аты аталған кезде, ұлы адам, бүкіл бір халықтың, діннің бір дәуірдің уәкілі ретінде ішке кірді. Халық бір сәтке дүрк ете қалды да үнсіздік орнады. Жұрт осы бір керемет сәттің сезімінен шыға алмай тұрды. Науқас екендігіне қарамастан Ұстаздың жасындай жарқын қимылдары мен сөздері сот алқасындағы судияларды қайран қалдырды. Екінші отырыста, біріншісінен де көп адам жиналды. Білімсіз сарапшылардың жауаптары... Сот отырысының 5-наурызға қалуы... Кемшіліктерім мен күнәларыма мың тәуба етіп, толғаныстан дірілдей барып мүбәрак қолдарынан сүйгенім, өз бойымды ұстауға тырысып, көздеріне қарай алған сәттерім, естеліктерімнің ішіндегі ең мақтанышты сәттерім болатын шығар. Ұстаздың жанында жүріп, оған қызмет көрсете алған студент бауырларым қандай бақытты. Аллаһ Ұстазға мәңгі риза болсын. Жанындағы шәкірттеріне және мен бейшараға да ақыл-парасат, ыстық ықылас берсін. Амин. Бауырлар! Осы ғасырдың рухани патшасы екендігін кітаптары дәлелдеп беріп отырған Ұстаздың кітаптарын оқуымызды нәсіп еткен Аллаһқа шексіз шүкір етеміз. Қазіргі кездің дертіне ең пайдалы дәрі, қараңғылықта қарманған мұсылмандарға ең дұрыс жол сілтеуші болған Рисалей-Нұрды кеудемізден жан шыққанша оқимыз, тарата береміз Инша Аллаһ.Стамбул Университетінің Нұр шәкіртіКАМИЛ* * * * *
665САРАПТАМАЛАРҰСТАЗ ӘМІРДАҒЫНА БАРУЫҰстаз Бәдиүззаман Стамбулдағы соттан ақталып шыққаннан кейін Әмірдағына келді. Әмірдағында, Рамазан айында қырға шыққан кезінде бір аға сержант үш қарулы жандарм қасына келіп, басына шляпа киюі керектігін айтады. Осыған байланысты полиция бөлімшесіне шақырылады. Осы оқиғаға орай, Ұстаз бір арыз жазып, әділет және ішкі істер министрлігіне жолдайды. Сонымен қатар Анкарадағы шәкірттері бұл арыздың бір нұсқасын Самсунда шығатын үлкен жиһад газетіне де жіберді. Үлкен жиһад газеті «Ең үлкен дәлел» деген атпен шағын түсініктемемен қоса шығарады. Анкара мен Стамбулдағы студент жастар да екі-үш мақала жазып, үлкен жиһад газетінде басқызады. Осы кезде Малатия оқиғасы орын алады. Діндарларға қарсы көптеген жалалы үгіттер жасалады. Осындай арандатуларға алданған кейбір кісілер, діни газеттерден кінәрат іздей бастайды. Жоғарыда айтылған «Ең үлкен дәлел» атты мақала мен студенттер жазған мақалаларға байланысты газеттің редакция меңгерушісі мен Анкарада сол мақалаларды дайындаған бір Нұр шәкірті қамауға алынып, сотқа беріледі. Нұршылық әрекеттердің ел ішіне жайыла түсуіне қарсы мақалалар, баяндамалар, көзқарастар жариялана бастайды. Алты жүзге жуық Нұр шәкіртін сотқа тартатындай болып, жиырма бес жерде тінту жүргізіледі. Бірнеше жерде іс қозғалады. Нәтижесінде, Рисалей-Нұрда және Нұр шәкірттерінде кінә артар нәрселер жоқ, қылмыстың нышандары да жоқ деген тұжырым жасалады.Самсунда қозғалған істе, әуелі соттау қарары алынғанымен Касациялық соттың Рисалей-Нұр жинағы және оның авторы Бәдиүззаман жайлы зерттеулері, соттау қарарын түбегейлі бұзуына орай, қайта сот болып, бұл жинақта қылмыстық мәселе жоқ деген қарар беріледі. «Ең үлкен дәлел» мақаласына байланысты Самсунда да Ұстазға қарсы іс қозғалған еді. Самсунға сотқа келуі керектігі талап етіледі. Қартайған, денсаулығының нашар екендігіне байланысты ауданнан алған медициналық анықтамасына мән берілмей, қалайда сотқа келуі керектігі талап етіледі. Ақырында Ұстаз Самсундағы сотқа бару үшін Стамбулға дейін келеді. Алайда денсаулығының күрт нашарлап кетуіне және жолға жарамайтындығына орай,
666БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИмедициналық комиссиядан анықтама алып, сотқа жібереді. Анықтамада Саид Нұрсиға жасалған тексерулердің нәтижелері, қара жолмен де теңіз жолымен де ұшақпен де Самсунға баруға денсаулығының жарамайтындығы жазылған еді. Сотта прокурор Саид Нұрсидің қалай да сотқа қатысуы керектігін талап етсе де, алқа билер медициналық анықтамаға сүйеніп, Бәдиүззаманнан Стамбулдағы соттардың бірінде жауап алынса болды, деген қарар береді. Бірнеше рет сот отырысы өткеннен кейін, Самсун соты да бұл істе соттап, жазаға тартарлықтай қасақана жасалған еш нәрсенің жоқ екендігін ескеріп, Саид Нұрсиді ақтау шешімін шығарады.* * * * *ҰСТАЗ БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ БҰЛ УӘЖНАМАНЫ СТАМБУЛ СОТЫНДА ОҚЫДЫЖӘНЕ СОТ ОНЫ АҚТАУ ШЕШІМІН ШЫҒАРДЫ.Жасырын дұшпандарымыз биылғы қасиетті Рамазан айында әділет орындарын маған айдап салды. Мәселе де жасырын бір коммунистік ұйымға қатысты. Жалғыз өзім қырда жүргенде, ешқандай заңға сай келмейтін жағдайда, қарулы үш жандарм мен бір аға сержантты артымнан жіберіпті. «Сен неге шляпа кимейсің» деп, полиция бөлімшесіне күштеп алып келді. Әділдікті қалайтын барлық әділет орындарына айтарым:Бес жақты заңсыздық жасап, заң атынан Ислами заңдарды аяққа таптаған адам, нағыз заң бұзушы ретінде жауапқа тартылуы керек бола тұра, таң қаларлықтай сылтаулар тауып, екі жылдан бері азап беріп келе жатыр. Әлбетте Махкеме-и Күбрада жазаларын тартатын болады. Отыз бес жыл бойы жалғыз өмір сүріп, базар аралап, көше кезбейтін бір адамды «Сен неге Европалық стильдегі шляпа кимейсің», деп кінәлауға әлемдегі қандай заң рұхсат береді.Жиырма сегіз жылдан бері бес уәләяттың бес соты және полициялары оның бас киіміне тиіскен жоқ. Ал осы жолы Стамбул сотында жүзден астам полицияның көз алдында, екі ай бойы көптеген жерлерді жаяу аралаған кезде, ешқандай полиция қызметкері тиіскен жоқ. Касациялық сот берет киюге тыйым салған жоқ. Барлық әйелдер
667САРАПТАМАЛАРжалаңбас жүр. Тіпті әскерилер мен мемлекеттік қызметкерлер де берет киюге мәжбүр емес, кисе жақсы болады деген нәрсе де жоқ. Мен де мемлекеттік қызметкер емеспін. Берет кигендер де жауапқа тартылмайды дегендеріне қарамастан, жалғыз өмір сүріп, қоғаммен араласудан бас тартқан, Рамазан айында мұндай заңсыздықтармен рухын кірлеткісі келмеген, дүниені ойлағысы да келмегендіктен өзінің хас достарымен де кездесуден бас тартқан, тіпті ауырып жатса да рухы мен жан дүниесін денесі үшін алаңдатқысы келмей доктор да шақырмаған бір адамға шляпа кигізу үшін шет елдік поптарға ұқса деп, сотпен қорқытудан титтей де болса ар-ожданы сақталып қалған адам, жиіркенетін шығар.Оған осы әңгімелерді айтқан адам «Мен бұйрық орындаушы ғанамын» дейді. Ойына келгенді айта салғанды орындаушы адам мен бұйрық орындаушымын деуіне бол ма?Иә, Құранда Яһудилер мен Христиандарға ұқсамау керектігі жайлы Аят бар жәнеаяты да басшыларға бағыну керектігін бұйырады. Дей тұрғанмен Аллаһқа және Пайғамбарына қарсы келмеу шарты бар. Содан кейін барып, мен басшының бұйрығын орындауға міндеттімін десе болады. Ал бұл мәселеде Ислами заңдар ауруларға, кәріп жандарға мейірімділік таныту, Аллаһ жолында Құран жолында Иман ілімі жолында қызмет етушілерге тиіспеу керектігін бұйырады. Жалғыз өмір сүріп жатқан адамға шетелдіктердің шляпасын ки деу он жақты, тіпті жүз жақтан заңға қайшы. Ислами заңдарға да қайшы заңсыздық. Ойына келгенді айта салған бұйрыққа, дініміздің қасиетті әмірлерін жығып беру болып саналады. Пайғамбарымыздың Сүннетіне қайшы келіп қалмау үшін отыз бес жылдан бері дүниені тәрік қылған, қабір аузында тұрған науқас, ғәріп, қарт адамға қарсы мұндай әрекеттерге барған адамдардың артында коммунистік шапан жамылған анархия орнату үшін елге, ұлтқа, дінге Исламға қастық ойлайтындардың тұрғандығына күмән қалмады. Исламиятқа, отанға қызмет етіп, сырттан келген сұмдық бұзғыншы күштерге қарсы тұрғысы келетін
668БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИдепутаттар мен демократтарға да жасалып жатқан қастандық. Діндар депутаттар абай болсын. Мына сұмдық шабуылдарға қарсы қорғаныста мені жалғыз тастап кетпесін(Сілтеме ).*Мейірімді де Ғазиз Мүбәрәк Ұстаз ХазіретМына дінсіздік пен материя жайлаған ғасырда көз зерделей алмайтын, жағдайға жетіп, жүректер жамандықтарға толып кетті. Қасиетті Құранның осы заманғы шынайы тәпсірі Рисалей-Нұр ғана сол зерделей алмайтын жағдайға жеткен көзді кез келген заттың, болмыстың өзегіне үңілтуде, зынданның түпкіріндей болып, қараңғылық басқан жүректерді нұрға толтыруда. Сондықтан бұл ғасырды «Нұр ғасыры» десе орынды болады.Сілтеме:Орыстың бас қолбасшысы алдынан арнайы түрде үш рет өткен де орнынан тұрмаған, кішіреймеген, ал оның өлім жазасына кесуінен Исламның абыройын түсірмеу үшін тайсалмаған, Стамбулға басып кірген Ағылшынның бас қолбасшысына және соның айтқанымен пәтуә берушілерге қарсы тұрып, Ислам жолында өлім жазасына түк те мән бермей «Түкіріңдер залымдардың ұятсыз беттеріне» деп, баспасөзде жариялаған, Мұстафа Кемалдың елу депутаттың ортасында тұрып ашу шақыруына қарсы «Намаз оқымаған қиянатшыл» деп жар салған, әскери трибуналдың сұрақтарына қарсы «Шариғаттың бір ғана мәселесі үшін жанымды пида етуге дайынмын» деп, жағымпаздық жасамаған, кәпірлерге ұқсап кетпеу үшін, жиырма сегіз жыл бойы жалғыз өмір сүрген, Ис-лам қаһарманына, Құран ақиқаттарының жанкешті қызметкеріне ақылға да заңға да қайшы түрде «Сен Яһуди және Христиан дін басыларына ұқса, солар сияқты басыңа шляпа ки, бүкіл мұсылман ғұламаларына қарсы шық, әйтпесе жазаланасың» десе, барлық нәрсені Құран ақиқаттарының жолына пида қылған адам, түрмеге қамамақ түгілі, тілім-тілім етіп турап тастаса да тозаққа салса да жүз жаны болса соның бәрін пида етуге дайын екендігін өмір тарихы дәлелдеп береді.Ал, мына Отанымыз бен дініміздің жаулары жасап жатқан сұмдық зұлымдықтарға қарсы Рухани жақтан күші бола тұра, бұл кісінің шыдап бағуы, материалдық күшімен ғана болымды түрде әрекет етуінің сыры не? Бұл сыр-ды сіздерге және барлық ар-ожданы бар жандарға жайып салып отырмын. Он оңбаған дінсіздің кесірінен тоқсан бейкүнә адамның зардап шекпеуі үшін, қоғамның ішкі тыныштығын сақтау үшін, Нұр дәрістері арқылы әрбір адамның жүрегіне қарауыл қою үшін Қасиетті Құран оған сабақ беріп отыр. Әйтпесе дұшпандарымның жиырма сегіз жылдық зұлымдықтарының кегін бір-ақ күнде алар едім. Сондықтан қоғамның тыныштығын сақтап, бейкүнә жандарға зиян бермеу үшін намысыма тиіп, қорлағысы келгендерге қарсы тұрып жатқан жоқпын. Мен дүниелік өмірімді ғана емес, қажет болса ақыреттік өмірімді де мұсылман халықтың бақыты жолында пида етемін..Саид Нұрси
669САРАПТАМАЛАР................................................................................................................................Рисалей-Нұр адамзаттың емдеуге келмей қалған жараларын ақыреттік дәрілерімен емдеуде. Рисалей-Нұр және оның авторы сіз мүбәрәк Ұстазымыз, мыңдаған жасты тура жолға бағыттау міндетіңізді орындадыңыз әлі де орындаудасыз. Иманға келген біз бейшаралар мұның тірі куәгерлеріміз. Осындай аласапыран ғасырда материализмді тамырымен қопарып, масондар мен коммунисттердің адасқан идеалогияларының білім мен ақылға қонымсыз екендігін дәлелдеп, жермен-жексен еткен Рисалей-Нұр, өз оқырмандарына (осы ғасырдың бақытты жандарына) бұл дүние түгілі бүкіл әлемге айырбастауға болмайтын мәңгілік нәр, яғни мәңгілік әлемінің билеті болған иман сыйлауда.Әзиз, мүбәрак Ұстаз! Бізге осынша құнды сыйлық ұсынған Ұстазымызға қанша құрмет көрсетіп, сүйіспеншілігімізді білдірсек те аз. Ұстазымыз бен Рисалей-Нұр шәкірттерінің арасындағы байланыс – мәңгілік байланыс. Оны ешқандай күш үзе алмайды. Құрметпен қолдарыңыздан сүйіп, дұғаңызды күтемін.Студент Нұр шәкірттерінің атынан Гуманитарлықбілімдер факультетінің студентіАХМЕТ АТАК* * * * *БҰЛ ХАТ САМСУНДА ШЫҒАТЫН ҮЛКЕН ЖИХАД ГАЗЕТІНДЕ ЖАРИЯЛАНДЫ. ЖАЛА ЖАБУШЫЛАРДЫҢ КЕСІРІНЕН САМСУНДА СОТҚА ТАРТЫЛДЫ.СОТ АҚТАУ ШЕШІМІН ШЫҒАРДЫ.Ислам Әлемінің құтқарушысы, мұсылмандардың тәжі, Рисалей-Нұрдың тәржүманы Ұстазымыз Бәдиүззаман Саид Нұрси Хазіретке осы жолы діндар демократтардың дәлелдері арқылы Афион соты Рисалей-Нұрға қойылған шектеудің күшін жойып, барлық кітаптар мен хаттарда қылмыстың нышаны болмағандықтан оларды авторға қайтарып беруге үкім шығарды. Неше жыл бұрын өзіңіздің, «Рисалей-Нұр менікі емес Құранның мүлкі. Құранның фейзінен
670БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИшығуда. Ешқандай күш оны Анадолының кеудесінен жұлып ала алмайды. Рисалей-Нұр Құранға байланған. Ал Құран Арш-ы Ағзамға байланған. Оны ол жерден жұлып алуға кімнің шамасы келеді.» дегеніңіздің жарқын дәлелі болып отыр бұл шешім. Бұл жағдай ерен еңбегіңіздің Илаһи және Құрани екендігінің дәлелі деп білеміз. Бұл ақтау қарары Ислам Әлемінің, бірінші кезекте мына Мұсылман халықтың күні туып келе жатқандығының белгісі. Осыған байланысты, осы Нұр алқасының басшысы, ақиқаттар теңізінің капитаны болып тағайындалған, күпірліктен азғындаған адамзатқа тура жолды көрсетуші болған Ұстазымызға және бұған себепші болу арқылы мұсылмандарды өздеріне дос еткен Демократтарға және әділ сот алқасына шексіз рахмет айта отырып былай дегіміз келеді.Неше жылдан бері дамуына, кемелденуіне ат салысып, сол жолда жаныңызды да пайда етуге дайын жүріп, Құран ақиқаттарының бүкіл бір елдің, халықтың мұсылмандардың жүректеріне тыныштық әкеліп бақытты ететін қызметті арқаладыңыз және жеңіске де жеттіңіз. Бұл қызметіңіздің қаншалықты жоғары да жарқын екендігі айдай анық дәлелденді.Жиырма бес, отыз жылдан бері барлық кедергілерге, қиыншылықтарға қарамай, сабырлықпен, табандылықпен, жарқын жүрегіңізге Құраннан жеткен Рисалей-Нұрды жазып тарату барысындағы ерен еңбегіңіз, күрескерлігіңіз, келешек ұрпақтарға және Исламның қаһарман күрескерлеріне үлгі өнеге болуда. Құран атты күннің сөнбес нұрлары мен сәулелері болған Нұр шуақтары адасушылық пен надандықтың қою қараңғылығын түріп тастап, миллиондаған жүректерді нұрға толтырып, иманды жандарды өзіңізге борыштар еттіңіз.Бұл ел бұл еңбектеріңізді ешқашан ұмытпайды. Мәңгілік әлемге өтіп кеткеннен кейін де бұл еңбегіңіз бір дәнге айналады. Одан өніп шыққан алып ағаш өрлей өсіп, сол Нұр ағашының айналасына жиналған жамағат Рисалей-Нұрдан шығып жатқан жарқын нұрларды одан да қатты жарқырата түсіп, жалғастыра беретін болады.Сіз Рисалей-Нұрдың тәржүманы ретінде, осы Иман жолындағы қызметіңіздің жарқырай түсуіне орай осы ғасырдың тура жолға бастаушысы көшбасшысы екендігіңіз анық. Мұхаммеди (с.а.у.) он төртінші ғасырда Қасиетті Құранның делдалы, сұмдық зұлымдықтар ғасырының зұлымдықтарына қарсы Құранның Нұры арқылы
671САРАПТАМАЛАРкүрескен ұлы күрескер, Рисалей-Нұрдың жүз мыңдаған нұсқаларын өзінің жүз мыңдаған шәкірттеріне жазғызып, күпірлікке қарсы Құрани қорған салған қаһарман, сүйікті Ұстазымызсыз!Әлемді мейірімділік пен бақытқа жетелеп, адамзатқа жұбаныш сыйлаған бұл қызметіңіз, Мұсылмандарға Исламның үкімі жүрер күндердің жақындап қалғандығын сүйіншілеп, нышандарын да көрсете отырып, дәлелдеп бердіңіз. Осындай қуанышқа жан-тәнімізбен құтты болсын демекпіз. Аллаһ сізге ұзақ өмір сыйласын деп тілейміз. Құрметпен қолыңыздан сүйеміз. Анкара УниверситетіНұр шәкірттерінің атынан,ИСМАИЛ, САЛИХ, АТЫФ, АХМЕД,ЗИЯ, МЕХМЕД, АБДУЛЛАҺ* * * * *
672БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИҰСТАЗ БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИДІҢСПАРТАҒА ОРНАЛАСУЫ1953-жылдың жазында Ұстаз Әмірдағынан Спартаға келді. Спартада көптеген адал шәкірттері бар еді. Бұрыннан бергі жазған хаттарында Спартаның тасы да, топырағы да берекелі екенін айтатын. Рисалей-Нұрдың жазылуында, таралуында рухани өмірінің жалғаса беруіне Спартаның рөлі зор екендігін айтатын. Расында да Спарта мұндай ілтипатқа лайық екендігін қанша жылдан бері, неше түрлі оқиғалар арқылы дәлелдеп келеді. Рисалей-Нұрдың алғашқы медресесі, жазыла бастаған жері Барла, Спартаға қарасты бір ауыл. Рисалей-Нұрдың үлкен-үлкен жинақтары сол жерде жазылды.Ең қиын кезеңдерде мыңдаған қаламдармен Рисалей-Нұрдың көбейтілген жері де Спарта және соған қарасты ауылдар еді. Мысал ретінде Сав ауылын тілге тиек етудің өзі жеткілікті. Ұстаз Кастамонуда жүргенде Спартаның бір ғана Сав ауылында мыңға жуық адам, жылдар бойы Рисалей-Нұрды көшіріп жазумен шұғылданды. Әр қайсысы бір облыстай, тіпті одан да артық Рисалей-Нұрға жанашырлық танытқан ауылдар және Нұрлардың таралу орталығына айналған жері Спарта еді. Гүл және Нұр фабрикалары, олардың айналасындағы Медресе-и Нұрие шәкірттері, Мүбәрәктар тобы, бәрі де Спарта уәләятына қарасты. Құран жолындағы қызметтері жөнінен әрқайсысы бір-бір құтыб дәрежесінде болған және Нұр шәкірттерінің мақтанышына айналған алдынғы буын ағалар да Спарталықтар еді.Спартаның Әділет мекемелері де Рисалей-Нұрға ынсаппен қарады. Ұстаз бұл мекемелерге көп дұға етуші еді. Бұл мәселе бойынша да Спартаны үлгі етуге болады. Осындай себептерге байланысты, Ұстаз өмірінің соңын Спартада өткізіп, ажалын адал достарының ортасында қарсы алғысы келетінін, сүйегінің де Сав ауылына немесе Барлаға қойылуын аманат ету үшін Спартаға келді. Бір үй жалдап, сол жерге орналасты. Қасында төрт-бес шәкірті бар. Сол шәкірттерімен бірге өзінің Нұр дәрісханасын ашты...* * * * *
Саид Нұрсидің Спартада тұрған үйі, көшеден және бақшадан қарағандағы көріністері
674БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИҰСТАЗДЫҢ СПАРТАДАҒЫ ӨМІРІНІҢКЕЙБІР КЕЗЕҢДЕРІ.Сот отырыстарының жалғасып жатуы: Афион соты кітаптарға шектеу қоймау туралы шешімін шығармай тұрып, Малатия оқиғасына орай кейбір облыстарда тінтулер жүріп жатты, істер қозғалды. Мысалы: Ризеде, Диярбақырда, Рисалей-Нұрдың және Нұршылардың үстінен іс қозғалды. Нәтижесінде Соттар ақтау шешімдерін шығарды. Көптеген аймақтарда жүргізілген тінтулер мен тергеулерге орай, Нұршылардың үстінен жалпылық сипаттағы іс қозғау үшін Спарта Прокуратурасы әрекетке көшіп, сексеннен астам Нұр шәкіртінің үстінен арыздар жазылып, іс тергеу басқармасына жіберіледі.Нұршылар жайлы жазылған хаттар мен қағаздар әділет орындарының арасында ерсілі-қарсылы тасылып жатты. Нұр шәкірттерінің басқан іздерін аңдыды. Анкара, Стамбул, Адапазары, Сафранболу, Қарабүк, Динар, Інеболу, Ван қатарлы жерлерде тергеу жүргізілді. Барлық тергеп-тексерулердің нәтижесінде, елге, отанға, халыққа титтей де болса зиян беретін іс-әрекет анықталмады. Керсінше Нұр шәкірттерінің ел мақтан тұтарлықтай ғылыми, Имани, істермен айналысқандықтары анықталды. Рисалей-Нұрды оқу, оқыту, таратудан басқа мақсаттары жоқ екендігі түсінікті болған соң, «Нұр шәкірттерінен қылмыстың нышанын да таба алмадық, жауапқа тартатындай іс-әрекет жасамайды» деген шешім шығарылады. Мұндай тергеп-тексерулер Рисалей-Нұрдың ақиқат екендігін түсінуге себеп болады. Нәтижесінде Нұрларды ақтау қарары берілді.Урфа мен Диярбақырдағы белсенді Нұр шәкірттері бір-бір Нұр медреселерін құрды. Рисалей-Нұрды қоғамның әр деңгейіндегі адамдарға, әсіресе, жастар мен студенттерден тұратын жамағатқа оқу, оқыту арқылы ғылыми сабақтар жүргізе бастады. Осы кез үшін аса маңызды болған ғылым жолын қуған шәкірт тәрбиелеп, бұл ұғымның дәрежесін қайта жаңғыртты. Шығыс аймақтарда Иман жолында қызмет етуді қалыптастырды. Сол кездері Диярбақырда Иман мен Құран жолында қызмет еткен белсенді бір Нұр Шәкіртінің үстінен іс қозғалды. Ақталып шығып, мұсылмандардың қуанышы мен шүкір етуіне себеп болады.
675САРАПТАМАЛАРАфионда да қозғалған істер нәтижеленді. 1956-жылы Рисалей-Нұрға спарптама жасайтын Дін істерінің ақылдастар алқасы Рисалей-Нұрдың иман мен мінез-құлықты кемелдендіру жолындағы орнын жақсы бағалайтындықтарын жариялады. Афион соты да сол сараптамаға сүйене отырып, Рисалей-Нұрды ақтап, еркін тарала беруіне рұхсат берді. Үкім нақтыланды.Афион сотының ақтау шешімінен кейін, Спарта тергеу басқармасы да істі тоқтататындығын жариялады. Осылайша Рисалей-Нұр көптеген әділет орындарының сүзгісінен өтіп, жалпылық сипаттағы еркін таралымға шығып, көпшіліктің жақсы қарсы алуына бөленеді.Рисалей-Нұрдың таралуы: Анадолының көптеген аймақтарында Нұрға қызмет ету жалғаса беруімен қатар, Анкара, Стамбул, Диярбақыр, Урфа қалаларындағы Нұр медреселері өз аймақтарында ғана емес, басқа аймақтарда да иман қызметіне белсене ат салысты. Бұл қызметті белгілі бір кісілер, немесе орталықтар ғана жасаған, жоқ. Құран жолындағы қызмет болғандықтан көптеген кісілер атқарып жатты. Аттары көпшілікке таныс емес қаншама Нұр шәкірттері, табанды мұсылмандар осы қасиетті жүкті арқалауға ат салысты. Мұхаммеди Нұрдың жайыла беруі жолында күш-қайраттарын аямады.Анкарадағы Студенттер мен қоғам белсенділері, Рисалей-Нұрды баспаханаларда бастырып тарату арқылы, жаңа әріптерді пайдаланушы көпшілікке жеткізуге тырысты.Рисалей-Нұрдың жалпыға тарауы және жастар мен студенттердің бұл ақиқаттарды түсініп, сол жолда белсенділік танытулары елімізге, халқымызға зор бақыт әкелді. Өйткені, бас пайда талап етпей-ақ, Аллаһ ризалығы үшін еңбек етулері, нағыз осы елдің азаматтары екендігін көрсетуде.Ұстаздың Барлаға баруыҰстаз Барладан жиырма бес жыл бұрын шығып, осы уақытқа дейін бармаған еді. Барламен өзінің Нұрыс ауылынан да артық байланыста еді. Өйткені, рухани өмірі саналар Рисалей-Нұр осы жерде жазыла бастады. Қасиетті Құранның бақытқа бастар нұрларының өкілі ретіндегі «Сөздер», «Мектубат», «Нұр Лемалары» осы жерден тарады. Бұл жағынан алғанда Барла, Рисалей-Нұр медреселерінің орталығы еді.
676БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИШынтуайтында, Барладағы өмірі айдауда, аңдуда, жалғыз өткізген ауыр күндер еді. Алайда, Рисалей-Нұр ақиқаттары жазылған жер болғандықтан ұстаздың ең бақытты дәуірі, Барлада өтті деуге болады. Осы жолы Барлаға айдалып немесе қамалуға кетіп бара жатқан жоқ еді. Өз еркімен азат халде бара жатты. Көктемнің жайма-шуақ күнінде Барлаға келді. Барладағы шәкірттерінің басым бөлігі алдынан шығып, қарсы алды.Ұстаз, сегіз жыл тұрған Нұр медресесіне жақындаған кезде, өзін ұстай алмады, мүбәрәк көздерінен жас парлады. Алып шынар ағашы да сәлем беріп тұрған еді. Бір кездері, яғни Барлада сегіз жыл тұрғаннан кейін Спартаға шақыртылған еді. Кетіп бара жатқанда алып шынар ағашы Ұстазға рухани демеу бергендей, айбарлы алып бұтақтарын Аллаһқа сәжде еткендей иіп, Ұстазды шығарып салған еді. Енді ұзақ уақыттан кейін қайта қауышудың қуанышынан Аллаһқа шүкір етіп, шүкір сәждесін жасап жатқандай иілді.Ұстаз алып шынар ағашын құшақтап тұрып, шәкірттеріне біраз уақыт оңаша қала тұрғысы келетінін айтты, ал өзі көз жастарына ерік берді. Одан кейін Нұр Дәрісханасы болған бөлмесіне кірді. Екі сағаттай сол жерде болды. Еңкілдей жылаған даусы сыртқа естіліп жатты.Аллаһтың шексіз мейіріміне бөленгендігіне күмән жоқ еді. Бір кездері Шығыс Анадолыдан Спарта уәләятына жер аударылған еді. Спартадан да тау арасындағы Барлаға... Осы жерде өліп-бітуі керек еді... Өмір тарихына қарап отырсақ, бұл батыл да жанкешті адам, Қасиетті Құрандағы ақиқаттарды қалайтын, жеке адамның да қоғамның да бақыты Ислами ақиқаттарға жармасу арқылы ғана орнайтынын көріп, бар даусымен соны жар салғанын және оны ақылға қонымды, ғылыми түрде дәлелдеп беру үшін күреске шыққан жан екенін көреміз.Үш дәуір өткізді басынан. Қаһарлы қолбасшыларға бас имеді. Қасиетті жолынан қайтпады. Жараланды, у берілді өлмеді. Таудай алып оқиғалардың толқыны шайқай алмады.Қаншама елді, қаншама қауымды жұтып қойып, ой-сананы өзгертіп жіберген заманның ағымдары бұл кісіні Құран мен Иман жолындағы күрескерлік жолдан тайдыра алмады. Ол өз рухындағы Имани батырлығы арқылы уақыты келгенде Иман ақиқаттарына халықтың да жармасатынына сенімді еді.
677САРАПТАМАЛАРБір Саид мың Саидқа, тіпті жүз мың Саидқа айналатынына сенімді еді. Адамзатқа жар салған Иман ақиқаттарының жеңісті – жемісті күндері туады... Ислам әлемінің аспанын торлап алған қара бұлтты Құраннан жетіп, тура жолға бастар нұрлы алаудың көмегімен таратады... Рухани жақтан өлуге айналған Мұсылман халықты қайта оятады...Әлемнің мырзасы болған Исламның жер жаһанға мырза болатындығын сүйіншілеуші болады...Осы ақиқаттарды арқалап жүріп жар салушы, шынтуайтында қазіргі адамдардың мақтанышы болар бұл кісі дін дұшпандарының жоспары бойынша (бір кездері) осы жерге жер аударылды. Анадолыда орнатылып жатқан жүйеге қарсы шықпасын, кедергі болмасын дегендері еді. Айтады екен! Өзі бас тартты саясаттан. Әһл-и дүниенің дүниелік істеріне араласпады. Ол келешекті нұрландыратын ақиқаттарды жазып таратуға кірісті. Әлемдердің иесі, барлық оқиғаларды басқарушы Аллаһ оны қорғап, нығметтерге бөлеп, жәрдем беріп тұрған еді. Міне отыз жылдан кейін Барлаға қайта орлаған кезде, Иман жолындағы қызметіне сыйланған жарылқаулар мен қорғауларды ойлап, соларға көз жеткізіп, қуаныштан көз жастарын төгуде еді. Шүкір сәждесін жасауда еді.Қазір Ұстаз Спартада тұрады. Кейде Әмірдағына, кейде Барлаға барады. Бұл жерлер Рисалей-Нұрдың жазылып, жайыла бастаған жері болғандықтан әрине оның жанына жақын жер бұл. Жасы да тоқсанға таяп, қаншама рет у берілгендіктен денсаулығы нашар. Ауыр науқас. Рухы сезімтал. Бүкіл әлем, әсіресе Ислам Әлемі, Рисалей-Нұр шеңбері рухани денесі сияқты болып кеткендіктен, екі денесінің де дерті ауыр. Шәкірттерінің дұғалары мен Имани нұрлардың тарай түсуі дертке дәрмен болғанымен, бойындағы мейірім мен аяныш оны қайта-қайта мазасыз күйге түсіреді. Сондықтан таза ауаға шығып, анда-мұнда барып тұрғаны дұрыс. Бір жерде ұзақ уақыт отыра алмайды. Ауа алмастырып, жүріп қайтса біршама жеңілдеп қалады.Рисалей-Нұрдың көптеп тарала бастауынан және барлық жерде Нұр шәкірттерінің молаюына байланысты, Ұстаз, көпшілік қауыммен кездесуді мүлде тоқтатқан болатын «Рисалей-Нұрды оқу менімен сұхбаттасқаннан он есе пайдалы» деп, зияратқа келушілерді қабылдамайды. Тіпті жанында жүрген шәкірттерімен де аса қажет болғанда ғана сөйлеседі. Өмірінің соңына келгенін, осы айдан аман шығатындығы неғайбыл екенін айтып, ажалын күтуде. Рисалей-
678БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИНұрдың басылып таралуына қуанады, шүкір етеді. Халық пен елдің, Мұсылмандардың бақыты жолында жасалған әрбір қадамды бағалап, құптап отырады. Хақ жолда жүріп, Ислами нышандарды қайта жаңғыртушыларға дұға етуде. Ислам Әлемінің моралдық-материалдық бақытын тілейді. Осы жолда жасалған отандық, шет елдік іс-әрекеттерге қатты қуанып қалады.Бәдиүззаманның 1950-жылдан кейін Барлада тұрған үйіРисалей-Нұрды Қасиетті Құранның осы заманға тиесілі бір мұғжизасы деп біледі. Рисалей-Нұрдағы Құрани ақиқаттардың бұл елді коммунизмнің бәлесінен құтқарып қалғандығын және Ислам Әлемінің өзара бауырластығын арттырып, екі дүниелік бақытқа жетуіміз осы ақиқаттарға жармасу арқылы ғана болатындығын айтуда.Рисалей-Нұрдың Анадолыдан басқа мұсылман мемлекеттерге де жайылуы аса қажет деп біледі. Саяси әрекеттерден гөрі Рисалей-Нұрдың таратылуы пайдалырақ болғандығын ескертуде.* * * * *
Саид Нұрсидың Ескішеһирге келген кезінде тоқтаған үйі
Бәдиүззаман және Рисалей-НұрРисалей-Нұр не? Ол қандай тәпсір?Қасиетті Құранды қазіргі заманның нақты ғылымдарына сай, дәйекті түрде тәпсірлейтін Рисалей-Нұр жинағы әрбір ақылы бар адамды толғандыратын «Мен кіммін»? «Қайдан келдім»? «Қайда барамын»? «Атқарар міндетім не»? «Мына қоршаған орта қалай пайда болды, сан құбылып қайда барады»? «Жаратылыстың мән-мағынасы, ақиқаты неде»? – деген секілді сұрақтарға нақты және түсінікті, тартымды түрде, көңілге қонымды етіп баяндап, рух пен ақылды нұрлы жауаптармен қанағаттандырады. Құранның жиырмасыншы ғасырдағы бұл тәпсірі бір жағынан техника, білім, өнер сынды материалдық құндылықтарды екінші жақтан Иман, мінез-құлық (ахлақ) сынды рухани құндылықтарды қамти алатын Түрік мәдениетінің, тек қана материяға сүйенген басқа мәдениеттерді шаң қаптырып кететіндігін дәлелдеп, жар салуда.Бір кездері аталарымыз жүректеріндегі иман күшімен өздерінен жүз есе күшті мемлекеттерге қарсы тұра алды. Рухани кемелдік пен Исламның байрағын Азияда, Африкада, Европаның ортасында желбіретті. «Өлсем шәһидпін, қалсам ғазимын» деп, өлімнің бетіне күле қарағандықтан, өзінен әлдеқайда көп жауға да, небір сұрапыл жағдайларға да қарсы тұра алды. Халқымыздың мақтануға тұрарлық тектілігінің бүгін біздің бойымызда қайта жаңғыруы болашағымыздың бақыты үшін қаншалықты қажет екендігі белгілі. Атқарған кез-келген ісі үшін материалдық ақы талап ету, Түріктің ұлттық тарихы мен абыройына жараспайтын нәрсе. Біз тек қана Аллаһ ризалығы үшін еңбек етеміз. Отандасымызға, бауырымызға көмектесуден алған ләззат, Ислам жолында, адамзатқа қолғабыс ете алғанымыз үшін мәңгі өмірде сезінер қуаныш пен үміт, біз үшін ең жоғарғы ақы болмақ.
681БӘДИҮЗЗАМАН ЖӘНЕ РИСАЛЕЙ-НҰРЖалпы, тәпсір екі түрлі болады. Біреуі жұртқа белгілі, кәдімгі тәпсірлер. Олар Қасиетті Құранның сөздері мен сөйлемдерінің мағынасын баяндап, дәлелдермен түсіндіреді. Екіншісі: Құранның имани ақиқаттарын бұлтартпас дәлелдермен баяндап, ақыли дәлелдермен көңілге қонымды түрде түсіндіреді. Мұндай тәпсір өте қымбат. Белгілі тәпсірлер Құранның мұндай мағынасы терең тұстарын кейде қысқа қайырады. Рисалей-Нұр екінші түріне жатады. Ерекше тәсіл қолданады. Дінге қарсы, қырсық философтардың үнін өшіретіндей қуатты, мағынауи тәпсір.Рисалей-Нұр, ғасырлар бойы миллиондаған адамға тура жолды көрсетіп келе жатқан қасиетті кітабымыз Құран Кәрімнің ақиқаттарын субъективтік көзқарастардан ада, объективті түрде, адамзаттың пайдалана алуына ыңғайлы етіп жазылған тәпсірі.Рисалей-Нұр - Құран аяттарының нұрлы тәпсірі.Ол бастан-аяқ Иман мен Тәуһид ақиқаттарын баяндайды. Оны әр деңгейдегі адамдар оқып, түсіне береді. Нақты ілімге негізделген Құрани тәпсір. Әр нәрседен күмәнданғыш адамның өзін толық қанағаттандырады. Оқымаған қарапайым адамнан бастап, оқымысты зиялы қауымға шейін, тіпті ең қырсық философтың өзін ақиқаттарға тізе бүктіреді...Рисалей-Нұр жинағы үлкенді-кішілі жүз отыз кітапшадан тұрады. Заманауи қажеттіліктерді толық қанағаттандырады. Ақылға қонымды, жүректі жай таптырады... Құран Кәрімнің жиырмасыншы ғасырдағы мағынауи тәпсірі...Иманның барлық мәртебелерін, Аллаһтың бір екендігін, Пайғамбарлықтың хақ екендігін дәлелдеп береді.Жер шары мен Аспан әлемінің қабаттарын, періштелер мен рухтың бар екендігін, заманның ақиқаттарын, Ақырет әлемінің бар екендігін, Қайта тірілудің болатындығын, Жұмақ пен Тозақтың бар екендігін дәлелдеп, өлімнің мән-мағынасын түсіндіріп береді. Нақты ғылымдарға ынталандырушы... Математикалық дәлелдерден де нақты дәлелдер арқылы ақылды да жүректі де қанағаттандырып, күдік-күмән қалдырмайтын аса құнды кітап...Аз нұсқада басылып, ақша табу мақсатында саудаға түспейтін, қаржысы өз шығыны мен келесі басылымға ғана жұмсалатын кітап. Аса мән беріп, жіті назарға алып отырған бір мәселе, Рисалей-
682БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИНұрдың өзіне лайықты адамдардың қолына тиюі. Оның негізгі өтеуі, кем дегенде жиырма бес адамның пайдалануына мүмкіндік жасау.Иман мәселелеріне байланысты ойға келетін бүкіл сұрақтарға ақылға қонымды, логикаға сай, ғылыми түрде дәлелді жауаптар береді...Бұл құнды тәпсір: «Сөздер», «Мектубат», «Лемалар», «Шуақтар» деп аталатын төрт үлкен кітаптан тұрады. Барлығы жүз отыз рисале (кітапша).Жарыққа шығарушылар* * * * *
Спартада, әскери гарнизонда салынатын мешіттің іргетасын қалау сәт
Спартада, әскери гарнизонда салынатынмешіттің іргетасын қалау сәті
685БӘДИҮЗЗАМАН ЖӘНЕ РИСАЛЕЙ-НҰРАйтылып жатқандар тек қана ақиқатРисалей-Нұрда дәлелденгенiндей кейде зұлымдықтың ішінен әділдік көрініс табады. Яғни, адам бiр себеппен әдiлетсiздiкке, зұлымдыққа ұшырауы мүмкін, басына бiр пәле келедi, қамауға алынып, зынданда жатуы мүмкін. Бәлкім бұл әділетсіздік болар, мұндай үкiм зұлымдық боп көрінер. Бiрақ ол оқиға әдiлдiктiң көрінуіне себеп болады. Тағдыр жазалануға, лайық пенденi бір себеппен яғни залымның қолымен жазаға тартады, пәлеге душар етедi. Бұл Иләһи әдiлеттiң көрінісі.Қазiр ойлап отырсам, жиырма сегiз жыл бойы ауылдан-ауылға айдалып, түрмеден-түрмеге қамалып жүрген жайым бар. Маған зұлымдық жасаған залымдар маған қандай кінә тақпақ болды?Дiндi саясатқа пайдалану ма? Мұны дәлелдей алмады ғой. Өйткенi, шын мәнiнде ондай ниетім жоқ. Бiр сот қыр соңымнан қалмай айыптап, айлап, жылдап соттауға тырысады. Ол ештеңе шығара алмаған соң, екiншi бiр сот бұрынғы iстi қозғап, қайта тергейдi. Ұзақ уақыт қинап, түрлi-түрлi азапқа салады да ол да нәтижеге жете алмай iстi аяқсыз қалдырды.Ендi бiрде үшiншiсi келіп жағама жабысады. Осылайша азаптан азап, бәледен-бәле таусылар емес. Өмірімнің жиырма сегiз жылы осылай өттi. Ақыры таққан айыптарының негiзсiз екендiгiн өздерi де түсiндi-ау. Олар мұны әдейі істеді ме, жоқ, әлде босқа күдіктеніп, қауіптенді ме екен? Мейлі әдейi істесін, мейлі босқа қауіптенсін, менiң мұндай қылмысқа қатысым жоқ екені айдан анық. Арым таза, оған кәміл сенімдімін. Дiндi саясатқа пайдаланбайтынымды ары таза жанның бәрі бiледi. Тiптi, менi айыптаушылар да, жазаға тартқандар да, мұны жақсы біледі. Неге онда олар маған зұлымдық жасаудан тайынбады? Неге олар менi нақақтан нақақ, жазықсыз болсам да абақтыға қамады? Осындай зұлымдыққа үнемі душар болуымның себебі не? Бұлай болуы Иләһи әдiлетке қайшы келмей ме?Ширек ғасыр бойы бұл сұрақтың жауабын таба алмай сан ойландым. Міне, оның негізгі себебін енді түсіндім. Мен бұған қатты толғандым. Менiң кiнәм мынау екен: Құранға деген қызметiмдi заттық немесе рухани кемелденуiме баспалдақ қылуым мүмкін еді. Соны ендi түсiнiп, жаңа аңғардым.
686БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИАллаһқа шүкiр, жылдар бойы еріктен тыс, иманға деген қызметiмдi адал түрде яғни жеке басымның заттық немесе рухани кемелденуіне құрал қылуға, тозақтан құтылуыма, тiптi мәңгi бақытқа жетуге себеп қылуға, не болмаса қандай да бiр мақсатқа пайдалануыма бұлар өте күшті рухани кедергілер, тосқауылдар екен. Бұл iшкi сезiм Иләһи ескерту менi қайран қалдырды. Баршаға жағымды рухани мәртебеге яғни игі істер мен салих амалдар жасап, ақыреттік қуанышқа қол жеткiзуге кез келген адам құқылы емес пе?Мұның ешқандай зияны болмаса да менің көңілім алаңдап, жүрегім ондай жағдайды қаламайтын. Аллаһтың ризашылығынан басқа еш нәрсені ойламай, ілімге қызмет етуге, киелі мiндетті атқаруға еріксіз түрде айдап, маған тек қана иманға қызмет жолы көрсетiлдi. Өйткені, бұл заманда еш нәрсеге құрал болмайтын, тәуелсіз және барлық мақсаттан жоғары тұрған иман ақиқаттарын білмейтіндерге және білгісі келетіндерге әсерлі түрде түсіндіру керек және мына аласапыран заманда иманды сақтайтын және ең қырсық бір беткейлерді де толық қанағаттандыратын, яғни еш нәрсеге құрал болмайтын Құран дәрісін беру қажет болатын.Мұны құлшылық деп білген жөн. Сонда ғана дінсіздік пен қырсықтықтың адасушылықтың дауылы басылады. Баршаның көзі жетіп, толық қанағаттанады. Ал мұндай қанағаттандыру - қазіргідей қиын кезеңде діннің жеке бастың, ақыреттік немесе дүниелік моральдік-материялдық пайдасына құрал болмағанын барша жұрт біліп, көзі жеткенде ғана іске аспақ. Әйтпесе, ұйым болып біріккен дiнсiздiкке қарсы жеке бір тұлғаның рухани дәрежесі қанша жоғары болса да, өзi туралы шүбә, күдiктерден арыла алмайды. Иманға келгiсi келген қырсықтың нәпсiсi мен менмендiгi ол туралы: «өткір ойымен, керемет қасиетімен бiздi алдап түсiрдi» деп iштей күмәндануы мүмкін. Аллаһқа мың мәрте шүкiр етемін. Дiндi саясатқа пайдалану қаупiнен жиырма сегіз жыл бойы Иләһи тағдырдың жазуы еріксіз түрде қақпайлап сақтап отырды. Дiндi ешқандай бас пайдама қолданбау үшін, өзiнiң шексіз әдiлдiгiмен мені адамдардың залым қолымен тоқпақтап, сан рет ескерту жасады. «Байқа, иман ақиқаттарын бас пайдаңа жаратпа! Иманға мұқтаж жандар айтылып жатқандардың тек қана ақиқат екенін білсін. Нәпсiнiң уәсуәсасы, шайтанның үні өшсін!...»
687БӘДИҮЗЗАМАН ЖӘНЕ РИСАЛЕЙ-НҰРНұр рисалелері көңілге қонып, жүрекке ұялап, алып теңiздiң толқынындай шабыт беруінің сыры осында. Рисалей-Нұрдағы ақиқаттарды мыңдаған ғалымдар, жүз мыңдаған кiтаптарында өте көркем түрде жазған болса да дiнсiз, күпірлік пiкiрлердi тоқтата алмауда. Мұндай қиын-қыстау, аласапыран заманда, шектен шыққан күпiрлiкке қарсы күресте Рисалей-Нұр аз да болса жеңiске жетiп жатса, мұның сыры осында. Саидтың құдiретi де, бiлiктiлiгi де жоқ. Айтылып жатқан тек қана ақиқат, имани ақиқат. Ақиқаттың нұры иманға мұқтаж жандарға әсер етiп жатқаны рас, олай болса, бiр Саид емес мың Саид пида болсын. Сол үшін жиырма сегiз жыл тартқан азапты, душар болған қиындықты, шеккен жапаны, кештім. Маған зұлымдық жасағандарды, мені жер аударғандарды, зорлық-зомбылық көрсеткендерді, неше түрлi айып тағып кiнәлағысы келгендерді, маған зынданнан орын дайындағандарды кешірдім, кештiм.Әдiл тағдырға айтарым: Мен сенiң осындай мейірімді шапалағыңа лайық едiм. Әйтпесе, мен де өзгелер сияқты қауiпсiз бір жол тауып өзiмдi құтқаруды ойлағанымда және қалау-сезімдерімді тыңдағанымда иман қызметiндегі мұндай үлкен рухани жеңіске жете алмас едiм. Мен барлық нәрсемдi құрбан еттiм. Түрлi қиындыққа шыдадым, сан алуан азаптарға сабыр еттiм. Соның арқасында иман ақиқаты кең құлаш жайып, шар тарапқа жайылды. Нұр мектебiнiң жүз мыңдаған, тiптi миллиондаған шәкiрттерi жетiлдi. Ендiгі жерде иманға қызмет жолын солар жалғастыратын болады.Менiң мадди-мағнауи (моральдік-материалдық) барлық нәрседен бастартып, азға қанағат ұстанымынан әсте ауытқымай, тек Аллаһ ризалығы үшiн қызмет ететін болады.Бiзге қиянат жасағандар Иләһи тағдырдың терең сырларына ақылдары жетпей, бiздiң киелі мақсатымызға яғни, иман ақиқаттарының таралуына қызмет еттi. Бiздiң мiндетiмiз оларға тек тура жол, хидает тiлеу. Мен ауыр науқаспын жазуға да, сөйлеуге де шамам жоқ. Мүмкiн бұл менiң соңғы сөздерiм болар. Медресет-уз Зехраның Рисалей-Нұр шәкiрттерi бұл өсиетiмдi ұмытпасын.Саид Нұрси* * * * *
688БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИИСЛАМ ДҰШПАНДАРЫ ЖАСАП ЖАТҚАН ШАБУЫЛДАР МЕН АҚЫЛҒА СЫЙЫМСЫЗ ТҮРДЕГІ БОЛЫМСЫЗ ҮГІТТЕРІНЕ ҚАРСЫ СТУДЕНТ, НҰР ШӘКІРТТЕРІНІҢ БАЯНДАМАСЫ.Әзиз Сыддық бауырларҒазауат майданындағы емтихан-сынақтарың жеңіл өтсін және құтты болсын демекпіз. Рисалей-Нұрдың имани сабақтарын алып, Имандарының деңгей-дәрежелерін көтеріп, жүректеріне шынайы Иман ұялаған Нұр шәкірттері үшін мұндай шабуылдар бір жақтан көмір мен алмазды бөліп шығарар елек. Нұр шәкірттерінің Аллаһқа иман етіп, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) соңынан ергені үшін және Қасиетті Құранның әмірлері бойынша амал еткендіктері үшін абақтыға қамалуы, Медресе-и Юсуфиеге барғанмен бірдей. Зұлымдықтар мен азаптаулар-қамшы, түрткі болуда. Сол шабуылдар арқылы тағдыр сізге «Тоқтамаңдар, еңбек етіңдер» деп жатқандай. Құран мен Иман жолында жүргені үшін сотта сөз сөйлеу, Нұр шәкірті үшін бір досымен сұхбаттасқанмен бірдей. Полиция бөлімшелеріне барып қайтудың, дүкенге, базарға барып қайтудан айырмашылығы жоқ.Кісендер, дін жолындағы жихадтың алтын білезіктері. Адамдардың зұлымдық жасап, соттаулары Аллаһтың кешірім жасап, ақтауының дәлелі. Нұр шәкірттері үшін әлгіндей азаптаулар мен зұлымдықтар орден-медаль іспетті. Отыз жылдан бері осындай нығметтерге бөленген Нұр шәкірттері ағаларымыз қандай бақытты. Өкінішке орай біз ондай дәрежелерге жете алмадық, жете алмаймыз да. Өйткені ондай табыстардың дәуірі өтіп барады.Рисалей-Нұр, еліміз бен халқымыздың қоғамдық қауіпсіздігін сақтап, жүректерге қарауыл қоятын, имани кітап. Ислам дұшпандарының айдап салуымен орын алып жатқан қаншама сот орындарында Рисалей-Нұрды ақтау шешімдері шығарылды. Касациялық сот бір ауыздан ақтау шешімін шығарды. Рисалей-Нұр мәселесі нақты шешімін тапқан мәселе деді. «Жиырма бес сот та, Рисалей-Нұрда қылмыстың нышаны жоқ» деген қарар берді. Отыз жылдан бері бір де бір Нұр шәкіртінің тәртіп бұзғандығы жайлы мәлімет жоқ. Сондықтан Рисалей-Нұрдың басылуына, таралуына
689БӘДИҮЗЗАМАН ЖӘНЕ РИСАЛЕЙ-НҰРкедергі болуға тырысып жүргендер ел ішіндегі тыныштық пен қауіпсіздіктің жаулары, халқын, отанын сатқан опасыздар, біліп-білмей анархияны қолдаушылар.Рисалей-Нұрға тиісіп жатқан үкімет емес. Өйткені ішкі істер басқармасы Бәдиүззаманның да Нұр шәкірттерінің де саяси мақсаттары жоқ екенін біледі. Олар тек қана Исламиятпен, иманмен шұғылдануда. Міне осындай дін дұшпандарының шабуылдарына қарсы, Нұр шәкірттері Рисалей-Нұрдағы имани сабақтардан алған иман күшінің арқасында Құранның қайтпас шәкіртіне, алынбас қамалға айналып отыр. Дін дұшпандарының шабуылдары артқан сайын, Нұр шәкірттері Рисалей-Нұрға және Ұстаздарына бұрынғыдан да табанды түрде жармасуда. Бір шәкірті Ұстазға жазған бір хатында былай деген екен: «Уа менің ғазиз, қаһарман Ұстазым! Қарсыластарымыз көбейген сайын, күшіміз артуда. Рабб-ы Рахимімізге шексіз шүкір етемін».Иә, сол бір қара бұлт үйірілген, зұлматты, диктатуралық кезеңде ешкім үндей алмады. Бір-ақ адам өз үндеуін тоқтатпады, оны тоқтата алмады. Ол дара тұлға Бәдиүззаман еді. Оның шәкірттері де жеңілмеді.Нұр шәкірттері әуелі өз имандарын құтқару, содан кейін дін бауырының Иманын сақтап қалу үшін Құранның жарқын тәпсірі болған Рисалей-Нұрды оқуда және оқытуда. Имандарын сақтап қалу үшін, Аллаһ Ризалығы үшін Құран жолында, Иман жолында Рисалей-Нұр арқылы қызмет еткен кездерінде дін дұшпандары жасаған шабуылдар олар үшін қамшылау, ынталандыру екендігіне сенеді. Отыз жылға созылған осындай оқиғалардың нәтижелері мына Мұсылман Халықтың бойынан көрінуде. Рисалей-Нұрға құштар жаңа шәкірттер, бауырларым! Сіздер де осындай Ұстаздың және осындай тәпсірдің шәкірттері болғандықтан, сіздер де осы жемістерге қол жеткізу үшін, Рисалей-Нұрға жақындай түсіп, тұрақты түрде оқисыздар деп білеміз және сіздерді шын жүректен құттықтай отырып, дұғай-дұғай сәлем жолдаймыз, дұға етіп, сіздердің де дұғаларыңызды күтеміз.* * * * *
690БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИНұрларға жасалған шабуылдардың бір зияны болса, жиырма пайдасы бар. Жиырма ұтып, бір жоғалтқан зиянға ұшырамайды. Бұл шабуылдар Рисалей-Нұрдың жайыла түсуіне, дами түсуіне себеп болуда. Мұсылмандардың өзіне деген сенімін арттыруда. Рисалей-Нұрдың Анадолыға, Ислам Әлеміне, Европа мен Америкаға моральдық та материалдық та әсер етіп, жайыла түскенін көріп отырған Ислам дұшпандары тағы да шабуылға шығуда. Естуімізше осы шабуылдардан кейін, шығыс аймақтарда Рисалей-Нұрдың таралуы он күн ішінде бұрынғысынан он есе артып кетіпті. Осылайша халықтың назары Рисалей-Нұрға және Ұстазға ауыпты. Ұйқыда жатқандар оянып, жалқаулар әрекетке көшіпті. Мән бермей жүргендер зер сала қарайтын болыпты. Бұл шабуылдар өткінші болуымен қатар, қорқыту, үрей туғызу үшін әдейі жасалып жатқан әрекеттер. Ақымақ дін дұшпандары Нұр шәкірттерін қорқыту мақсатында мемлекеттік қызметкерлерді алдап, оларды пайдаланып қалуға тырысуда. Ол ақымақтар біздің Нұр шәкірттері екендігімізді білмей жүргендей... Негізінде дінсіздер де масондар да коммунистер де әлсіз. Сырт көзге күшті болып көрінулері, жас баланың бір шырпымен үлкен сарайды өртеп жіберетіндігі секілді бүлдіргіштігінен. Иә, олар өте әлсіз өйткені торғай құрлы шамасы жоқ өз денелеріне сенеді. Өте сорлы, намыссыз, моральдық жағдайлары өте төмен. Өйткені адамдарға құл болып, екіжүзділік, жағымпаздық жасауда. Ал мұсылмандар, әсіресе жүрегіне шынайы Иман ұялағандар абырой-изеттерін сақтап жүретін табанды, мықты жандар. Олардың әр қайсысы абыройлы құл, (Аллаһтың құлы) олардың құлшылықтары өте ауқымды. Әлемдерді жаратушы бір ғана Аллаһқа құлшылық етеді. Соның Әмірлерімен жүріп, соған арқа сүйейді... Мына дін дұшпандары мен мүнафықтар, Нұр шәкірттерінің өлімінен қорықпайтындығын көптен бері тырысуда. Оларды Рисалей-Нұрдан және Ұстаздарынан бөліп тастау мүмкін емес. Сондықтан Шайтани жоспарларын, айлаларын өзгертті. Нұршылардың әлсіз жақтарын тауып, сол жақтардан тиісуге немесе аңғалдықтарын пайдаланып қалуға тиісуде. Ол мұнафықтар немесе сол мүнафықтардың айтағына ерген адамдар, Нұр шәкірттеріне дос болып көрінеді. Кейде Нұр
691БӘДИҮЗЗАМАН ЖӘНЕ РИСАЛЕЙ-НҰРшәкірттері болып көрініп былай дейді екен немес басқаларға айтқызады. «Бұл да Ислам жолында қызмет ету, бұл да сол жолда күресу. Мына мағлұматтарды жинап, біліп алсаң, Рисалей-Нұрға бұрынғыдан да көп қызмет етуің мүмкін. Бұл да жақсы туынды ғой», деген секілді алдарқату сөздермен Нұр шәкірттерінің назарын басқа жақтарға бұрып, басқа шаруалармен уақыттарын алғысы келеді. Бара-бара Рисалей-Нұрмен шұғылдануға уақыт таба алмайтын жағдайға жеткізеді немесе айлық, байлық, қызмет, атақ беріп алдайды, кейде қорқыту арқылы Рисалей-Нұрдан алыстатуға тырысады. Рисалей-Нұр, өзін мұқият оқыған адамның жүрегін, рухын оятып, жаңағындай алдарқатудың қақпандарына түсіртпейді. Ғажайып... өздерінің негізгі міндеттерін орындағаннан кейін (әлгі мұнафықтарға ерегісіп) дүниені тәрк етіп, өз өмірін Рисалей-Нұрға арнаған Нұр шәкірттері де шығуда... Ұстаз айтқандай, «Қазір Ислам жолында жанкештілік танытатын заман», деуде.Ислам жолындағы қызметпен салыстырғанда алмаздың жанындағы шишадай болып қалатын саясатпен шаруамыз жоқ. Сарапшылар берген анықтамада Дін істері төрағасы «Рисалей-Нұр кітаптарында саяси тақырыптарға байланысты еш нәрсе жоқ» деген. Тіпті сол кезде Афион прокуроры да «Бәдиүззаман мен шәкірттерінің әрекеттерінде саяси мақсат жоқ» деген. Иә, Рисалей-Нұр шәкірттері шұғылданып жүрген іс, дүниелік мақсаттағы ең маңызды, ауқымды шаруалардан да маңызды. Саясатпен айналысуға уақытымыз жоқ. Жүз қолымыз болса да Нұр жолында жұмсалады. Американың, Англияның байлығындай байлығымыз болса да Иманды құтқару жолында жұмсалды. Саяси немесе қандайда бір ағымдарға жұмсар уақытымыз жоқ. Өмір қысқа. Уақыт аз. Ұстаз айтқандай «Жағымсыз істермен айналысу жағымсыз әсер етеді. Жаман із қалдырады». Әсіресе мынадай кезеңде, «Ақиқатқа қайшы нәрселерді тәптіштеу, суреттеу, таза ой-пікірлерді былғайды». Жағымсыз, болымсыз нәрселерді үйреніп алып, енді солармен күресемін деп, таза ниетпен сол істермен шұғылдана-шұғылдана дінмен арадағы байланысын нашарлатып алғандар бар.
692БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИРисалей-Нұр, нұрды тұрақтандырып, қараңғылықты жояды. Жақсыны үйрету арқылы, жақсы менен жаманды ажырата алатын жағдайға жеткізуде, жамандықтардан тыюда. Ақиқат сабақтарын беру арқылы, адасудан құтқаруда, сақтап қалуда.Әңгіменің өзегі: Біз тек қана Нұрлармен шұғылданамыз. Біз Құрандағы қымбат қазынаға мән береміз. Біз Құранның алмастай құнды ақиқаттарымен шұғылданудамыз... Мәңгілік нәрселерге қызмет етудеміз... Уақытша нәрселермен әуре болмаймыз. Біздің Рисалей-Нұр арқылы Иман жолындағы қызметіміз, басқа нәрселермен айналысуға қажеттілік қалдырмайды. Бізге сол жетеді.Қорытынды: Ұстаз Бәдиүззаманға, Рисалей-Нұрға тиісіп, қарсы шығып жатқан дін дұшпандары найсаптар, мәнгі сорлайтын болады. Бәдиүззаман мен Рисалей-Нұр мәңгілік табысқа кенеледі. Жеке адамның беделін түсіру арқылы Рисалей-Нұрға зиян бере алмайды. Өйткені Рисалей-Нұрдың өз дәлел-айғақтары өзінде. Оны және авторын тұқыртып, құртамын деушілердің өздері құрдымға бет алуда. Тарихта мұның мысалдары көп. Өздері құрып кетеді.Рисалей-Нұрдағы ұлы ақиқаттар, Рисалей-Нұрды мәнгі жеңімпаз етпек...Нұр шәкірттері сотта: «Бізді Ұстазымыз Бәдиүззаманнан және Рисалей-Нұрдан бөліп әкетер ешқандай күш жоқ. Бұл мәселеде, ана мүнафықтардың атом бомбалары болса да қолдарынан келіп, денемізді өлтіргенімен рухымыз мәңгілік бақыт табады». Ұстазымыз «Мектубат» кітабында «Біріміз мына дүниеде, екіншіміз Ақыретте, біреуміз Шығыста екіншіміз Батыста, біреуіміз Солтүстікте екіншіміз Оңтүстікте болсақ та біз біргеміз» деген. Ұстаз ешқашан менің рухани жоғары дәрежем бар демеген. Басқалар берген жоғарғы дәрежелердің бәрін де жоққа шығарған. Бірақ оның хал-жағдайы, еңбектері, әрекеттері оның кім екендігін түсінуге, дәлелдеп беруге жеткілікті. Иә Бәдиүззаманның және Рисалей-Нұрдың Құран, Иман, Ислам жолындағы қызметіне кедергі бола алу үшін бүкіл әлемді қолына алып, шыр айналдыра алатын күш керек.Хазіреті Ұстаздың өзін өлім жазасына кеспекші болған сотта айтқан қорғау сөздерінен үзінділер:Рисалей-Нұр шәкірттері басқаларға ұқсамайды. Олармен әуре болмаңдар, жеңе алмайсыңдар. Рисалей-Нұр Құранның мүлкі. Құраннан сүзіліп шығып жатыр. Ал Құран, Бүкіл Әлемді ұстап
693БӘДИҮЗЗАМАН ЖӘНЕ РИСАЛЕЙ-НҰРтұрған нұрлы шынжыр... Ол жерге кімнің қолы жете алады. Рисалей-Нұр Анадолының кеудесіне орныққан нұр. Ешқандай күш оны ол жерден ала алмайды. Атақты Аят-ул Күбра рисалесінен: Рисалей-Нұр тек бір кішігірім қираған жерді, шағын бір үйді жөндеп жатқан жоқ. Ол, қабырғасы қирап, қатты бүлінген және дін Исламды қамтитын және тастары таудай үлкен бекіністі жөндеп, ретке келтіруде. Және ол, тек жеке бір жүректі немесе бір ар-ожданды тәрбиелеп жатқан жоқ. Ол, мың жылдан бері жиналып, әбден бірігіп алған, сұмдық жарақат алған жалпы халықтың қалбын яғни жан-дүниесін көзқарас-пікірін, көпшіліктің әсіресе мүмин қара халықтың сүйеніші болып табылатын Ислам негіздерінің, белгі-нышандарының азайып, құлдыраған заманында жалпы халықтың ар-ожданын, пейілін Қасиетті Құранның уә Иманның ем-дәрілерімен емдеуге тырысуда. Әлбетте, мұндай күлли, сұмдық бүлікке ауыр жарақат пен жараларға қарсы хаққаляқин, нақты да анық таудай заңғар, мызғымас берік айғақтар мен қару-жабдықтар қажет және мың дәріге татитын дәрі-дәрмектер керек. Міне, бұл заманда баяны мұғжиза Қасиетті Құран Кәрімнің мағынауи иғжазынан туындаған Рисалей-Нұр осы маңызды міндетті адал атқарып қана қоймай, иманның шексіз дәрежелерін көрсетіп, мәртебесін көтеріп, қанатын жайып, өркендеуіне ұйытқы болады...»Құрметті бауырлар, жүздеген ғалымдардың үнін шығармай, діни шығарма жазғызбай, Құрандағы ақиқаттарды түсіндіруге, халыққа жеткізуге міндетті ресми дін адамдарының өзіне тыйым салып, діндарлардың көзін жойып жіберуге әрекет жасап жатқан сұмдық кезеңде, Құранды, Иманды, Исламды жоқ ету жоспарлары жасалып жатқан уақытта тарихта бұрын соңды болмаған, күпірлік пен азғындықтың шарықтау шегіне жетіп тұрған кезеңде, Бәдиүззаман Саид Нұрси, Құран мен Иманды, Исламды сақтап қалуға бас тігіп, діни жихад майданына жалғыз да болса тайсалмай шыққан жан. Бәдиүззаман тек бір елдегі бір Перғауын пиғыл жандарға ғана емес, бүкіл Европалық дінсіздік идеаларға қарсы шығып, солардың бәріне қарсы майдан ашқан адам. Ол Құрандағы ақиқаттарды сұмдық зұлымдықтар мен абсолюттік диктатуралық жағдайдың ортасында жүріп жар салған адам.«Біздің міндетіміз еңбек ету. Бізді жеңіске жеткізу, жеңіліске ұшырату, Нұрларды жұртқа қабыл еткізу Аллаһтың шаруасы. Біз
694БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИоған араласа алмаймыз» деп, тарихта болмаған зұлымдықтар мен азаптарға төзе білді. Есігін сақшылар күзетіп, Жұма намазына да жібермей қойды. Бұларды ешкім естімесін деп, қатаң бақылауға алынды.Осындай ауыр жағдайларда Хазреті Ұстаз Аллаһтың жәрдемімен Рисалей-Нұрды жазып шықты. Көпшілігін Құран әліпбиімен (ескіше, араб әріптерімен) қолмен көшіріп таратты. Осылайша Құран әліпбиі де сақталып қалды. Жүз мыңдаған мұсылман Түрік жастары Рисалей-Нұрды оқи алуы үшін Қасиетті Құран әліпбиін үйрену бақытына қол жеткізді. Ұстаз өзінің қуатты иманы мен табанды ықыласы арқылы Құран ақиқаттарын және негіздерін көпшілік қауымға, ғалымдар да пайдасына жарата алатындай етіп, заманға сай жаңа әдістермен түсіндіріп, жеткізе білген. Рисалей-Нұр Аллаһтың жәрдемімен жаңа үлгіде жазылған Құранның жарқын тәпсірі.Бұл ғажайып кітаптар еліміз бен халқымызды дінсіздік пен коммунизмнен сақтап қалды. Ислами нышандар күштеп алынып жатқан зорлықшыл заманда дүниелік жағдайлар үшін өздерін мәжбүрміз деп санап, қасиетті нышандардан сырт айналғандар мен дінге зиян тигізетін әдеттер жасап, Исламиятқа жат пәтуә беруге, бидғалараға баруға мәжбүрленіп жатқан кезде Бәдиүззаман қаншама зұлымдыққа ұшырап, өлім жазасына кесілу қауіпі төніп тұрса да оның бойынан еш өзгеріс байқалған жоқ. Керісінше «Ажал бір-ақ рет келеді және оның уақыты өзгермейді. Өлім мына жалған дүниеден бақи әлемге, Нұр әлеміне өту жолындағы сапар» деп, күресін жалғастыра берді. Ненің бидғат екенін көрсетіп берді, оларды тоқтататын, Ислами нышандарды сақтай отырып, Пайғамбарымыздың сүннеттерін қайта жаңғыртатан кітаптарын жасырын түрде отыз жыл бойы жаза берді. Оның айналасында бақыт ғасырының бір көрінісі сақталып қалғандай еді. Бір ғана Сүннетке қарсы әрекетке бармау үшін, азабы мол қамауға разы болған еді. Отыз жыл бойы миллиондаған адамдарға үкімі жүрген диктатураның үкімі Бәдиүззаманға жүрмейді, бағындыра алмайды, керісінше залым диктаторлар жеңіліс тапты.Рисалей-Нұр ерме–еліктеу иманды шынайы, жүректен мықтап орын алған Иманға айналдырып, екі дүниенің бақытына жол ашады. Мүлдем дінсіз философтарға да тізе бүктіреді. Рисалей-Нұрдың
695БӘДИҮЗЗАМАН ЖӘНЕ РИСАЛЕЙ-НҰРбір қасиеті де, басқа кітаптарға ұқсамайтындығы. Олар секілді адасқандардың бұрыс жақтарын санамаламай-ақ, ақиқаттарлы жеткізу арқылы, ешкімді жараламай ем жасайды. Осылайша Рисалей-Нұр күдік-күмәндар мен бұрыс ойларға нәпсінің күдіктенуі мен жүректегі сезімдерге қанағаттанарлық жауап береді. Рисалей-Нұр ақылды да жүректі де нұрландырады. Нәпсіні де бағындырады. Сондықтан тек ақылмен ғана өлшейтін ғалымдар мен философтар, да жүрекке аса мән беретін сопылар да Рисалей-Нұрға ұмтылады. Ғалымдар да философтар да нағыз зиялылық ақыл мен жүректің нұрынан туындайтындығын түсінді. Тек қана ақылмен әрекет ету, ақылды көздің қарашығында шектеп қояды. Ал бұл бір қанаты сынық құстың жағдайына әкеледі. Аса ықыласты сопылар да қазіргі кездің бұрынғыға ұқсамайтынын, қос қанатпен самғау үшін, жүрекпен де ақылмен де әрекет етіп, Құранның даңғыл жолымен жүру керектігін түсінді. (Сілтеме )*Көкірек көздері ашылған шәкірттер, бұрынғы әдістермен білім берген медреселерде он бес жылда алуға болатын Имани, Ислами білімді бүгінгі таңда Рисалей-Нұр арқылы он бес аптада алуға болады. Ұстаз «Бір жыл бойы Рисалей-Нұрды түсіне отырып, ол ақиқаттарды қабылдай отырып оқыса, осы заманның ақиқатшыл ғалымы болады» деген.Рисалей-Нұр, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Нұрлы жолы мен Сахабалардың өмір, болмыстарын баяндайтын Нұр қазынасы.Бұл жағдай бүгінгі әлемге жап-жаңа нұрлы өмір сыйлап, мына ақиқаттарды жеткізуде: Көптен бері бір-бірімен басы піспестей болып көрінетін жаңа үлгідегі мектептер мен медреселердің және тәкие түлектерін Рисалей-Нұр біріктіріп, ынтымақтастырып тұр. Өз ара дүрдараз Шығыс пен Батысты татуластыруда. Ислам Әлемін біріктіргісі келген мұсылмандар үшін бірден-бір жол Рисалей-Нұр Сілтеме:Жетпіс-сексен жылдық сейр-і сүлік жасап, құтыптық, ғаустық дәрежеге жеткен аса зерек тұлғалардың өзі белгілі бір дәрежеге жеткен соң «Бұл жер мүнтеха болса керек. Әрі қарай өте алмаймыз» деген мәртебелерден Бәдиүззаманның Құраннан тапқан даңғыл жолы арқылы өтіп кеткендігін Арабша Мәснәуи Нұрие кітабын зерделей оқыған кісілер айтуда. Аса құнды осы арабша жазылған кітапты мұқият зерттей отырып оқыған ғалымдар «Бұл кітаптардағы өте терең, аса маңызды ақиқаттардан қанша пайдалана алсақ, соншалықты ұтамыз» дейді.
696БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИарқылы табылатынын бұл жолда зерттеу жүргізген кісілер айтып отыр. Қазіргі алауыздықты тоқтатып, ақылы, ой-өресі жоғары жиырмасыншы ғасырдың адамына хақ пен ақиқатты жеткізер ғылыми жаңалықтарды Америка мен Европаның әсіресе Германияның ғалымдары іздестіруде. Түсінген жанға осы ақиқаттарды жеткізер жаңа бастама Рисалей-Нұр... Мұны Неміс халқы түсініп келе жатқандай (Сілтеме )*Батыстың ежелгі философтары шеше алмаған, жаңа дәуірдегілер де «Мұны философия шеше алмайды» деген түйіндерді Рисалей-Нұр Құранның нұрымен шешіп, ақылға да логикаға да дәлелдеп берді. Шығыстың даналары қырық бет жазба арқылы түсіндіруге тырысқан түйткілдер Рисалей-Нұрда бір бетте оңай жеткізіледі. Бәдиүззаманың 1935-жылы өлім жазасына кесілуі үшін тартылған сотта айтқан сөздерінен бір-екі сөйлем: «Рисалей-Нұр, сөндірмек болып үрлеген сайын жарқырай түсетін Нұр. Рисалей-Нұр бүкіл әлемнің сырын ашушы Нұр»Атақты дана Ибн Сина; хаширде денемен қайта тірілу мәселесіне «Хашир нақли ақиқат, Иман етеміз, бірақ бұған ақыл жетпейді», деген. Ал Рисалей-Нұр Құранның нұрымен бұны көпшілікке түсінікті етіп, ақылға қонымды түрде дәлелдеп берген.Европаның ақиқатты таба алмаған философтары мен солардың жолын қуушылардың кейбір мағынасы терең Ақиқаттар мен Хадистердің сыртқы (сөздік) мағыналарына қарап айтқан сындарына (таққан міндеріне) қарсы Рисалей-Нұр ақылға қонымды түрде жауап беріп, бұл Аяттар мен Хадистердің әрқайсысы өз алдына бір-бір мұғжиза екендіктерін дәлелдеп береді. Осылайша, бүнгінгі таңда философиядан бастау алатын адасушылық пен күмәндарды Рисалей-Нұр түп-тамырымен қопарып тастайды. Рисалей-Нұр бұл ақиқаттарды да ақылға қонымды, болымды әдістермен жеткізеді. Рисалей-Нұрдың әдеби жағы да таң қаларлықтай. Ең атақты әдеби шығармаларда кездесе бермейтін көркемдік стиль мен шешендік, аз сөзбен көп мағына жеткізу өнері бар. Тіпті Бәдиүззаманның кітаптарын Ислам Әлемінің үздіксіз өтініштері бойынша арабшаға аудару үшін, атақты мұсылман ғалымдарға «Аса-и Мұса» кітабын Сілтеме:Европадағы Христиандардың арасынан бір қалашықтың өзінен алпыс бес Нұр шәкіртінің шығуы бұның бір көрінісі
697БӘДИҮЗЗАМАН ЖӘНЕ РИСАЛЕЙ-НҰРжіберген кезде олар бір оқып шыққан соң, «Бәдиүззаманның кітаптарын тек оның өзі ғана тәржіма жасай алады. Рисалей-Нұрдың шешендігін және аз сөзбен көп мағына жеткізу шеберлігін сақтай алмаймыз. Оның ғылыми өресіне біз жете алмаймыз» деген екен. Осылайша, әлгі ғұлама-ғалымдар, Ұстаздың деңгейі мен Рисалей-Нұрдың кемелдігін таныстырып беруде.Бәдиүззаманның басқа әдебиетшілерден ерекшелігі, сөзге емес мағынаға мән береді. Сөздің жолында мағынаны құрбан етпейді. Мағнаның жолында сөзді құрбан етеді. Оқушыны әуестендіруді көздемейді. Ақиқаттар мен мағына басты назарға алынады. Киімге ыңғайлап денені кеспейді, денеге ыңғайлап киім пішеді. Рисалей-Нұрдағы, жүректі, ақылды, ар-ожданды баурап алатын Иләһи тартымдылық баланы да жасты да кәріні де, оқымаған адамды да ғалымды да тартып әкетеді. Бәрі де Рисалей-Нұр оқуға жүгіруде, Рисалей-Нұрдың айналасына көбелектей үймелеуде. Бұл ақиқаттың жарқын бір мысалы, көптеген студент жастардың Рисалей-Нұрды оқуы, дін дұшпандарын қалтыратар жағдайға жетті. Рисалей-Нұрдың әдеби қырын, әдеби шығарма ретіндегі маңыздылығын айту әдебиетшілердің ісі. Қолымыздан келгенше айтуға тырысудамыз. Тағы да Рисалей-Нұрдан алған өнегеміз іске асуда. Біздікі тек шексіз алғыс айту, шүкіршілігімізді жеткізу. Ал бұл тақырып бойынша да нағыз сөз иесі Рисалей-Нұрдың авторы ғана.Рисалей-Нұр осы ғасырдың сұрақтарына толық жауап беретін Қасиетті Құранның бірден бір тәпсірі екендігін Хақ жолында менмендігін пида қылған Ислам ғалымдары растап, өте жоғары бағалауда. Елу жыл бұрын Бәдиүззаман Саид Нұрсидың жазбаларындағы ерекшеліктер мен телегей-теңіз ілімі Мысыр баспасөзінде «Бәдиүззаман, Фатинүласр» деп бағаланған еді.Бәдиүззаманның қайтарымсыз (ақысын төлемей) сыйлық алмайтындығын жаулары да жақсы білетін. Бұл тұрғыда, Ислам дұшпандарының ғалымдарды кінәлауы шындыққа жанаспай–тындығын іспен дәлелдеп, ілімнің еш нәрсеге құрал болмайтын–дығын көрсетіп берген жан.Ислам ғалымдарының абыройын, Исламның беделін, діни ар-намысты ең залым билеушілердің алдында да қорғай білді. Аш қалған күндерінде де осы өмірлік ұстанымын бұзған жоқ, «үнемдеу мен қанағат екі үлкен қазына, осылардың берекеті маған жетеді» деп,
698БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИешкімнен еш нәрсе алмаған, әлі де солай. Бәдиүззаман Саид Нұрсидің қаншама жылдан бері түрмеден түрмеге қамалып, бір жерден екінші жерге жер аударылуы, оған үнемі қысымдар жасалып, зұлымдықпен азапталуы, он жеті рет у берілуі, бір күнде бір айға татитындай азап шегуі өзінің де Рисалей-Нұрдың да хақ, ақиқат екендігінің нақты дәлелі. Мысалы Үндістандағылар «Бәдиүззаман қандай адам? деген сұрақтарына, науқас, қаріп, пақыр, зұлымдық көруде бірақ, сыйлық та садақа да алмайды, әлі де осынша зұлымдықтар шегіп жатса да алпыс жылдан бері өз жолынан қайтқан емес» деген жауапты естігенде, «Онда ол ақиқатты айтуда, күпірлікке, дінсіздікке бас имейді, екі жүзділік жасап, жағымпазданбайды, Құранға, Исламға пайдасы мол қызмет етуде, сондықтан оған зұлымдықтар жасалуда» деген екен. Ізгі ниетті жандардың Ұстазымыз Бәдиүззаман жайлы жазғандары жәй бір мақтау емес. Жасалған еңбектердің жүзден бірін қысқаша суреттеу ғана. Сондай-ақ Рисалей-Нұр шәкірттері жазған мақалалар, хаттар, естелік-пікірлер құр мақтау емес. Бұлар Ұстаздың діни қызметтерін нысанаға алып, шабуыл жасаушы арсыз, дінсіз найсаптарға қарсы айтылған уәжнама, қорғау сөздері. (Сілтеме ) *Соның өзінде Ұстаз әлгіндей кісілердің Рисалей-Нұр шәкірттері жайлы мақтаулы мақалаларына ашуланып, олар ренжіп қалады-ау демей. «Қазіргі заман, жеке тұлғаның емес, ортақ рухани тұлғаның заманы. Риаслей-Нұрда жеке тұлға жоқ, рухани ортақ тұлға бар. Мен ешкім де емеспін. Рисалей-Нұр Құранның мүлкі. Құраннан сүзіліп шығуда. Атақ та жақсылық та Құранда. Менің жеке тұлғам мен Рисалей-Нұрды шатастырып алуда. Аса жоғарғы ерекшелік Рисалей-Нұрға тиесілі. Рисалей-Нұрдың жазылып таралуындағы табыстар Сілтеме:Адам және жын шайтандарының бір айласы мынау: кейде былай дейді немесе біреуге айтқызады. “Ұстаздарын жеке басына көп мән берілуін қаламайды. Ал сендер ол жайлы мақтау сөздер жазып, Ұстаздарыңның айтқанын істемей отырсыңдар” дейді. Осылайша олар Рисалей-Нұрды, Ұстазды Ислам дұшпандарынан болымды түрде қорғатқызбау үшін олардың ақ көңіл аңғалдықтарын пайдаланып, Нұр шәкірттерін алдарқатып отыр. Иә Ұстаз өз бойындағы ықыласына орай, жеке басына мән бергізбеуі мүмкін. Бұл Ұстазымыздың кемелдігінен туындап отыр. Ол өзінің жеке басына қаншалықты мән бермесе, мән бергізбесе біз одан миллиард есе мән беру, бағалауымыз керек. Бұл бір Аллаһтың жарылқауы. Өйткені Рисалей-Нұрдай Құранның тәпсірі сол кісі арқылы жазылуда. Осындай тәпсірдің авторымен, Рисалей-Нұрмен бүгінгі Ислам Әлемі ғана, осы ғасырдың адамдары ғана емес, келешек ұрпақ байланыста болуы керек. Өйткені бұл өлім мен өмір мәселесі.
699БӘДИҮЗЗАМАН ЖӘНЕ РИСАЛЕЙ-НҰРРисалей-Нұр шәкірттеріне тиесілі. Бір нәрсені айта кетейін, менің аса мұқтаж екендігіме байланысты Аллаһ менің дертіме Құраннан шипа-дәрілер жеткізді, мен де соларды жаздым. Қалай болғанын қайдам осыларды жазып-жеткізу маған жүктеліпті. Мен де Рисалей-Нұрдың шәкіртімін. Бір Рисалені жүз рет оқысам да қайта оқуға мұқтажбын. Мен де сіздер сияқты осы кітаптардан дәріс алудамын» дейді.Бәдиүззаман Саид Нұрсидің бүкіл әлемді қамтитын Құран, Иман, Ислам жолындағы қызметінде ерекше табыстарға қол жеткізуінің және Рисалей-Нұрдың қатты әсер етуінің сыры оның шынайы ықыласында. Яғни тек қана Аллаһтың Ризашылығына қол жеткізуді мақсат етуінде. Бұл тұрғыда: «Ұстанымымыздың негізі шынайы ықылас, менмендікті тастау. Шын ықыласпен жасалған мысқалдай амал, ықылассыз жасалған жүз батпан амалдан артық. Жұрттың моралдық, материалдық сыйлықтары мен құрметтерінен, атақ-дәрежелерінен қашудамын» дейді. Зиярат етушілерді қабылдамауының бір хикметі де осы болса керек. Және ықыласқа аса мән беруінде . Жүз отыз рисаленің ішіндегі «Ықылас Рисалесінің»(«Ықылас сыры») басында «Он бес күнде бір рет міндетті түрде оқылуы керек» деп жазылуы да осы жәйтті түсіндіреді. «Үлкен соттағы уәжнама» атты кітабында «Рисалей-Нұрды дүниелік нәрселер түгілі бүкіл әлем үшін де пайдаланып, құрал етуге болмайды, мақсатымыз тек қана Аллаһ Ризашылығы» деген. Міне осындай ықыластың сыры болса керек, Имам Ғазали(р.а.) сынды атақты Ислам ғұламаларының еңбектерін көп зерттеген, терең білімді бір кісі былай дейді. Рисалей-Нұрдан оқыған бір парақтың әсері, басқа туындылардың он парағынан әсерлі. Ал, философтардың еңбектерін оқумен шұғылданған бір мұғалім: Өз басым талай жылдан бері ғылыми, философиялық еңбектерді оқумен келген едім. Ал Рисалей-Нұр мені толық қанағаттандырады және Батыстық шығармалар мен философия салған жаралардың бәрін емдеп, жазды. Қазіргі заманның сұрақтарына толық жауап беретін басқа кітап көрмедім.Бір әдебиетшінің сөзі: Менің ақылым қараңғылықта, көңілім ғана мұсылмандықта еді. Рисалей-Нұр ақылым мен көңілімді қатар нұрландырып, нәпсімді өзіме бағындырып берді. Мені тозақи азаптан құтқарды.
700БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИБір дәрігер: Рисалей-Нұрды түсіне бастаған күн мен үшін көзімнің ашылған күні.Студенттің айтқаны: Ұстазға, Рисалей-Нұрға қатысты бір хатты бір жерден екінші жерге жеткізу қызметі, мен үшін депутаттықтан әлдеқайда артық.Осыдан отыз жыл бұрын, ықыласты да ізгі ниетті, сопы қарияның Лүтфү деген жігітті көрсетіп тұрып «Мына Нұр шәкірттерінің парасаты менен жоғары», дегені мыңдаған ақиқаттардың бірнеше мысалдары ғана. Міне осындай шынайы ықыластың арқасында, ол шәкірттер мойымай, Иман мен Ислам жолындағы қызметтерінде табыстарға жетуде және өз өмірлерін Ұстаздары мен Рисалей-Нұрдың жолына арнаумен келеді. Рисалей-Нұрды өмірлерінің мағынасына, тіршіліктегі ең негізгі мақсаттарына айналдырған. Рисалей-Нұр көтерген мәселе тек қана Аллаһ ризалығы үшін көтеріліп жатқандықтан, Исламға қызмет еткісі келетін адвокаттар Рисалей-Нұрдың ерікті адвокаттары ал, хақ жолындағы хатшы, жазушылар әлемге тарап жатқан Рисалей-Нұрға қызмет көрсетіп, Нұрлардың жаршысы болу бақытына бөленуде. Рисалей-Нұрдың жазылуы да таралуы да адамдарға беріп жатқан әсерлері де ешқандай дабырасыз, көктемгі табиғаттың бүр жарып, жайнай түсуіндей болып жатыр.Ей, Рисалей-Нұр атты мақтауға да марапаттауға да лайық, бір нығметке қол жеткізген Нұршы бауырлар. Осындай Ұлы ойшыл, дана, Ислами кітаптардың авторы, ескіше де жаңаша да ілімдерді меңгереген ғасырымыздың ғұлама-ғалымы, дінімізді қайта жаңғыртушы, ғылымда да тақуалықта да ерекше тұлға, иман ақиқаттарын бойына сіңірген Аллаһтың шын құлы, Аллаһ ризасынан басқа еш нәрсеге ілтипат жасамайтын, аса ықыласты Құран шәкірті, Исламның адал қызметшісі «Бір адамның Иманын құтқару үшін Тозаққа түсуге дайынмын» деген ұстаз, өлім жазасына кесіліп тұрған әскери трибуналда «Сен де кері тартпасың» деген айыптауларға қарсы «Егер демократия дегендерің бір ғана топтың диктаторлық әрекеттерінен тұратын болса, бүкіл адамзат баласы мен қоса жындар да куә болсын, онда мен керітартпамын, мың жаным болса да Құранның бір ғана мәселесінің жолында бәрін де қиюға дайынмын» деп, ақталып шығысымен судьяларға рахмет айтудың орнына, Баязит алаңындағы көпшіліктің ортасында тұрып, «Жасасын Залымдар үшін Жәһаннам! Жасасын залымдар үшін Жәһаннам!!!» деп жар салған,
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 632
- 633
- 634
- 635
- 636
- 637
- 638
- 639
- 640
- 641
- 642
- 643
- 644
- 645
- 646
- 647
- 648
- 649
- 650
- 651
- 652
- 653
- 654
- 655
- 656
- 657
- 658
- 659
- 660
- 661
- 662
- 663
- 664
- 665
- 666
- 667
- 668
- 669
- 670
- 671
- 672
- 673
- 674
- 675
- 676
- 677
- 678
- 679
- 680
- 681
- 682
- 683
- 684
- 685
- 686
- 687
- 688
- 689
- 690
- 691
- 692
- 693
- 694
- 695
- 696
- 697
- 698
- 699
- 700
- 701
- 702
- 703
- 704
- 705
- 706
- 707
- 708
- 709
- 710
- 711
- 712
- 713
- 714
- 715
- 716
- 717
- 718
- 719
- 720
- 721
- 722
- 723
- 724
- 725
- 726
- 727
- 728
- 729
- 730
- 731
- 732
- 733
- 734
- 735
- 736
- 737
- 738
- 739
- 740
- 741
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 650
- 651 - 700
- 701 - 741
Pages: