Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Өмір Тарихы

Өмір Тарихы

Published by risalekz, 2020-01-27 03:21:39

Description: “Рисалей-Нұр” жинағының авторы
БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ
(Tarihçe-i Hayat)

Keywords: БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ

Search

Read the Text Version

451БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕМіне, осындай жиырмаға жуық күлли ақиқаттармен Аллаһ тағаланың «Хақ» есіміне айна және ең ұсақ тіршілік иесінің ең қарапайым қажеттілігін көріп-білетін, не сұрайтынын естіп, іс жүзінде жауап беріп отырған Хафиз-ы Зүлжалалдың «Хафиз» (сақтаушы)есімімен әрдайым істеген амалдары әлгі есімнің абыройлы жазушылары періштелер тарапынан жазылып отырған және бәрінен де бұрын сол есімнің назарын өзіне аударған мына адамзат әлбетте, міндетті түрде осы аталған жиырма ақиқаттың талабына сай адамзат үшін хашир мен нәшир, яғни қайта тіріліп бір, қиямет қайым болмақ. Сондай-ақ, Хақ есімінің талабы бойынша атқарған қызметінің сый-ақысын, жіберген кемшіліктерінің жазасын тартатын болады. Және Хафиз есімінің күшімен тіркеуге алынған үлкен-кіші әрбір амалына есеп беріп, сұраққа тартылмақ. Сөйтіп о дүниеде мәңгі бақыт саябағы ашылып, сонымен қатар мәңгі сорлататын зынданның қақпалары ашылмақ. Мына дүниеде көптеген жаратылысқа жетекшілік еткен, олардың істеріне араласып, кейде шырқын бұзған жетекші, әлбетте топырақтың астына кіріп алып, істеген істеріне жауап берместен, қайта тірілтілмей, тығылып жатып қала алмайды. Иләһи құдірет шыбынның дыбысын естіп, іс жүзінде оның тіршілігіне қажетті жағдайды жасай тұра, найзағайдай күркіреген бақилыққа қатысты шексіз адами құқықты таптау, және жоғарыда аталған жиырма ақиқатқа сүйеніп жасалған және аспан мен жерді шулатқан дұға-тілектерді естімеу және манағы шексіз құқұқтарды аяқ асты ету, сондай-ақ, шыбынның қанатындағы реттілік пен өлшем дәлелдеп тұрғандай шыбынның қанатындай ысырапқа жол бермейтін хикметтің әлгіндей ақиқаттарға негізделген адами қабілеттерді, олардың таусылмайтын арман-тілектерін, және осы қабілет пен өтініш-тілектерді растайтын әлемнің ақиқаттарын түгелдей ысырап қылып бекерге шығаруы – әділетсіздік, жөнсіздік, ақылға сыймайтын зұлымдық. Оған Аллаһтың «ХАҚ», «ХАФИЗ», «ХАКИМ», «ЖӘМИЛ», «РАХИМ» есімдеріне куәлік ететін барлық жаратылыс қарсылық танытады. \"Бұл дегенің жүз мәрте мүмкін емес, мың есе бекершілік\", дейтін болады.Сонымен біздің Жаратушымыздан хаширге қатысты сұраған сауалымызға өзінің «Хақ», «Хафиз», «Хаким», «Жамил», «Рахим» есімдері жауап беріп былай дейді: Біздің хақ әрі ақиқат болғанымыз секілді және бізге куәлік ететін жаратылыстың нақты болғанындай хашир де хақ, өлген соң тірілу сөзсіз болмақ!»

452БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИМіне, жоғарыда келтірілген мысалдарға және һәм деп басталатын мәселелерге байланысты Аллаһ тағаланың әлемге қарайтын жүз тіпті мың есімінің әрқайсысы болмысты өзіне айна қылып шағылысады. Шағылысқан сәулелер арқылы сол есімдердің иесін анық түрде көрсетіп, дәлелдейді. Сол секілді хаширді, ақыретті де көрсетіп һәм нақты дәлелдейді. Һәм, Жаратушымыздан сұраған сұрағымызға, Раббымыз өзінің бүкіл үндеу сөздерімен, түсірген кітаптарымен, өзінің есім сипаттарымен анық та қанық жауап берді, періштелер арқылы, олардың тілімен де басқа тұрғыдан былай дейді:«Адам (ғалейһиссалам) заманынан бері сендер бізбен де руханилермен де кездесіп келгендерің жайлы нақты хабарлар бар. Һәм біздің бар екенімізге және рухани болмыстардың анық екеніне, олардың құлшылықтарының хақ екеніне белгілер мен дәлелдер де жеткілікті. Сондай-ақ, біз ақырет әлемдерінде, кейбір жерлерінде кезіп, аралағанымызды өзара үйлесімді түрде сендердің Көшбасшыларыңмен, пайғамбарлармен кездескен кезде айттық, әрдайым айтып та жүрміз. Олай болса міндетті түрде біз кезген бақи әрі әсем әлгі әлемдер және олардың арғы жағындағы гүл-гүл жайнаған саябақтар мен зәулім сарайлар, шүбә жоқ аса қадірлі қонақтарын мәңгі тұрақтату үшін күтіп отыр. Мұны сендерге анық түрде баяндап тұрмыз!».Һәм, Раббымыз бізге ұлы мәртебелі мұғалім, керемет ұстаз, алданбайтын, әсте алдамайтын турашыл жетекші ретінде араб Мұхаммед аләйһиссалату уәссаламды тағайындағаны рас. Оны ең соңғы елші етіп жіберген. Олай болса бұл мәселені ғылыми тұрғыда ғана емес көзбен көргендей, қолмен ұстағандай анық түрде ең бірінші сол ұстаздан, манағы Жаратушыдан сұраған сұрақты сұрап иманымызды қуаттауымыз керек. Себебі, ол Кісі Аллаһ тарапынан растау боп табылатын мыңдаған мұғжизалар көрсетіп, Құранның хақ кәламуллаһ (Аллаһтың сөзі) екенін дәлелдеді. Сол сияқты Құран да таңғажайып қырықтан астам қыр-сырларымен Оның бір мұғжизасы болып Оның турашыл әрі Расулуллаһ екенін дәлелдеді. Екеуі бірін-бірі қуаттайды. Біреуі; шәһадат әлемінің, яғни, мына көзге көрінетін әлемнің жаршысы, болып онысын өзі өмірімен дәлелдеді, һәм өзінен бұрынғы әнбиялар, һәм өзінен кейінгі әулиелер растады. Екіншісі; ғайып әлемінің, яғни, мына көзге көрінбейтін әлемнің жаршысы

453БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕретінде мыңдаған аяттарымен дәлелдеген – мұнысын көктен түскен өзге кітаптар мен жаратылыс заңдары растап бекітіп отыр – хашир ақиқаты Айдан анық, күндізгідей жарық мәселе. Иә, хашир секілді өте ғажайып, орасан зор және ақыл таразысы тарта алмайтын үлкен мәселе тек осындай таңғажайып екі ұстаздың дәріс беріп, жетекшілік етуімен ғана шешіліп, түсінікті болады. Бұрыңғы заман пайғамбарлары өз үмметтеріне Құран секілді егжей-тегжейлі түсіндірмеуінің себебі, ол заманғы адамдар бәдәуи, бала секілді енді аяқ басып келе жатқан дамымаған дәуір болатын. Бастауыш мектептің сабағында түсіндірулер аз болмақ.Сонымен, Аллаһ тағаланың көптеген есімдері ақыретті талап етіп сұрайтыны расталды. Әлбетте ол есімдерді қуаттайтын барлық дәлелдер бір тұрғыдан алғанда ақыреттің болатынына да дәлел боп табылады. Һәм, періштелер мен рухтардың болмысы мен құлшылықтарына куәлік ететін айғақтар, айналып келгенде ақыреттің болмысына да дәлел болып саналады. Һәм, Мұхаммед аләйһиссалату уәссаламның өмір бойғы көтерген мәселесі, алға қойған мақсат-мүддесі Уахданиеттен (Аллаһтың бір екені) кейін ақырет болатын. Олай болса, әлбетте, Оның пайғамбар екеніне, адал нәби екеніне дәлел ретіндегі барлық мұғжизалары мен айғақ-дәлелдері белгілі бір мағынада айналып келгенде ақыреттің жүзеге асатынына, сөзсіз болатынына куәлік етеді. Һәм, Қасиетті Құранның төрттен бір бөлігі хашир мен ақырет жайлы екені белгілі. Құран мыңдаған аятымен соны дәлелдеп, содан хабар береді. Олай болса, әлбетте, Құранның рас екенін дәлелдейтін айғақтар мен дәлелдер айналып келгенде ақыреттің бар екенін, оның сөзсіз орнайтынын, қиямет-қайым болатынын дәлелдеп, куәлік етеді. Міне, қара! Иманның бұл шарты қаншалықты қуатты да анық, шүбәсіз екенін біл!* * * * *

Алтыншы бөлімБәдиүззаман ӘмірдағындаКіріспеДенізлі қылмыстық істер сотының ақтау шешімі шыққан соң Рисалей Нұр көптеген аймақтарға, аудан, ауылдарға еркін тарала бастады. Нұр шәкірттері қысқа мерзім ішінде жүз мыңнан асты. Рисалелер мәшинкемен көбейтіле бастады. Біршама уақыттан кейін яғни 1947 жылдың аяғына таман ұстаз және оның шәкірттері үшінші рет қамауға алынды.Алдымен үш жылдай Әмірдағында отырған Саид Нұрси, қамаудан кейін қайтадан Әмірдағында үш-төрт жылдай қалған еді. Кейін Спарта қаласына ауысады. Тоқсан жасқа жақындап қалған ұстаз, ауа алмастыру мақсатында Әмірдағындағы Нұр дәрісханасына барып тұрады.Әзірге Әмірдағы өлкесіндегі өмірінің Афион қамауына дейінгі алғашқы бөлімі баяндалады. Одан кейін, Афион түрмесінен шыққаннан кейінгі Әмірдағындағы иман қызметіндегі өмірі баяндалады. Әмірдағындағы өмірі бұрынғы кезеңдерге қарағанда оқиғаларға толы өткен еді. Ауыртпашылықтар мен жалаларға көбірек душар болған-ды. Ұдайы бақылауға алынып, тіпті көзін құртуға да әрекеттер жасалды. Осылай бола тұра, Рисалей-Нұр кең көлемде жайылды. Студенттер арасында қызметкерлер мен саясатшылар қауымында оқыла бастады. Ұстазды Әмірдағына жер аударғаннан кейін ол туралы қып-қызыл өтірік сөздер айтылып, неше түрлі қисынсыз жалалар жабылуына, Нұрлардың керемет түрде таралуына орай мына бір ақиқатты кіріспеде баян етудің реті келіп тұр.Саид Нұрсидің жүріс-тұрысы, іс-әрекеттері мен қызметтерінде байқалған ерекше жағдайларды баяндаудағы мақсатымыз:

455БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАБәдиүззаманның пәни тұлғасына оқырмандардың назарын аударып, жұрттың оны мадақтап, мақтауын қалау емес, ондайдан Құдай сақтасын! Қайта, оның жеке тұлғасы мен қызметіне жала мен өтірік арқылы күйе жаққысы келіп, Рисалей-Нұрдың иман қызметтеріне бөгет болғысы келгендерге қарсы Рисалей-Нұрдың Саид Нұрсидің Әмірдағында тұрған үйінұрлы, әсерлі және ақиқатқа толы қызметін атап өту үшін Құранның шәкірті, пайғамбарымыздың (с.а.у.) үмбеті, Аллаһтың құлы ретінде өзіне берілген нығметтерді айтпақпыз. Дін дұшпандарының әртүрлі сылтаулармен жасаған ынсапсыз шабуылын тойтару, және бір бейкүнә жанның пәктігін жеткізу үшін баяндап отырмыз. Тіпті, Бәдиүззаман секілді өзінің ұстанған жолы мен көзқарасы үшін осыншалықты жалаға ұшыраған жан тарихта өте аз деуге болады. Дерттің дауасына у деп, сенімсіздікпен қарап, халық пен ұрпақты бейбастақтықтан, дінсіздіктен, жүгенсіздіктен қорғау ниеті мен жақсы іс-әрекетін сатқындық, жастарды керітартпалыққа шақыру деп айып тағу, қаншалықты қайғылы жағдай екені түсінікті. Бәдиүззаман бір емес, екі емес мың рет осындай шындыққа мүлдем жанаспайтын жалаларға душар болған бейкүнә жан. Ұстанған жолында осындай сабырлы болғанындай мінез-құлықта да көркемдіктің ең жоғарғы үлгілерін көрсеткен адам. Әдептілік пен намысқойлықтың біртуар

456БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИүлгісін көрсете білген әсем мінез-құлықтың айтулы тұлғасы. Оның қызметінде қатар жүріп, тыныс-тіршілігіне, іс-әрекетіне қайран қалған шәкірттері ретінде бар дауысымызбен былай дер едік:Ұстаз, адамзатқа иман ілімдерін Құраннан алып ұсынды. Сондықтан, ең елеусіз деген іс-әрекеті мен жүріс-тұрысында, тыныс-тіршілігінде де, Құран Хакимнің әсем ахлақ ретінде сипаттаған көріністері мен әулиеліктің белгісіндей мінезі және ұдайы асқақ құлшылықтың ұстанымы байқалады. Оның әрбір жүріс-тұрысына мән бере қараған көзі ашық, парасатты жандар, нұрлы жүрегін ақиқат пен марғифаттың күні жарықтандырып тұрғанын байқар еді. Үнемі дариядай толқулы сезімде жүретініне таңғалар еді. Ислам деп аталатын алып ағаштың соңғы әрі кемел нұрлы жемісімен жер бетінің де заманның да мақтанып тұрғанын байқар еді... Ей, осындай асқақ адамды өздерінің жаман рухтарымен салыстырып, осынау ахлақ, әдеп, иман, мағрифат және ақиқаттың парасатты тұлғасына шайтан екеш шайтанды да ұялтатындай дәрежеде жалалар жауып, тіл безеген бетпақтар! Бұл кісіге жапқан жалаларың, берген уларың әсер етпеді. Хақ нұрын жарқырата түсті. Сол нұр арқылы әлемді жарықтандырды. Ал сендер болсаңдар өте төмен деңгейге түсіп, адамзаттың жиіркенетін нәрсесіне айналдыңдар. Сендерге обал жоқ! Адам кейпінде жүрулеріңнің өзі сендерге жараспайды. Сонда да сендер үшін құтылудың шарасы бар. Соған ұмтылсаңдар, бәлкім құтыларсыңдар. Саид Нұрсидің өзі ант еткен: «Бауырларым сендер куә болыңдар. Мені өлтіргісі келгендерді де кештім. Егер олар Рисалей-Нұрды оқып, имандарын құтқарса болғаны» дейді. Иә, оны соттағысы келгендер мен жамандағандардың көпшілігі бүгін оған дос болғаны секілді, жала жапқан сендер де ниет етіп, Нұр дәрістеріне құлақ салсаңдар, осынау мейірімді жан сендерге кешірім жасап, дұға қылар еді. Иә, Саид Нұрси теңдессіз қаһарман адам. Қаһармандығын соғыста, сотта қоқан-лоқы жасағандарға көрсете білді. Ал өзін жоқ еткісі келген дұшпандарының ішінен Нұрға жақындық танытқандарының иманды болуы үшін жылап тұрып жалбарынғанын көргендер көп. Халықтың ішіндегі әртүрлі деңгейдегі адамдармен өте қарапайымдылықпен ашық-жарқын араласқанын, сондай-ақ, адам бойындағы биік мәртебелерді осы кісінің бойынан көруге болады. Ол жайында айтылған сөздер, көрсетілген құрметтер дүниеуи тұлғаларға көрсетілгендей емес.

457БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАӘлемдегі ақиқатшыл жандардың осынау кәміл жанға көрсеткен құрметін, адамзаттың асқақ құндылықтарына, мұсылмандықтың шынайы үлгісіне көрсетілген құрмет ретінде бағалап, осындай рухани тұлғасына көрсеткен мақтау мен марапаттау деп түсіну қажет. Иә, Саид Нұрсиді таныстырып, ақиқат нұрлары тұрғысынан бағалауды, тек адамзат қана емес, бүкіл әлем, тіршілік атаулының барлық түрі қосыла, құттықтауда. Иә, оның Иман жолындағы қызметін өткен шақ пен болашақ осылай бағалап жатыр...Саид Нұрси, адамзаттың болмысына Аллаһ Тағала тарапынан берілген шексіз кемелділіктің барлық түрлерінде ең алда әрі ең кәмілі. Кейде асқар таудың басында, қияларда жалғыз өзі үнсіз жүреді. Кейде бау-бақшаларды, өсімдіктер мен жануарларды тамашалап, ойға шомса, қалаға келіп, ең үлкен саяси мәжілістерде өте шешендікпен ахлақи, әдеби нақылдарды тартынбастан айтатын өжет рух иесі. Конституцияның жариялануынан бұрынғы және кейінгі шығыс уәлаяттағы өмірі мен Стамбұлдағы буырқанған өмірі бұған куә. Шығыс Анадолиядағы қауымдарды аралап, оларға ахлақи және имани дәріс, үгіт-насихат берумен қатар, Дамаскіде ғұламаларға, Ислам саясаты тұрғысынан нақты және көрегендікпен айтқан көзқарастары мен болжамдары арқылы мұсылмандардың өрлеп, кемелденуінің негіздерін анықтап, беріп, үш жүз елу миллион мұсылманның болашақ бақытынан хабар берген еді. Сондай-ақ, жариялылық кезінде Мәжіліске арнап айтқандарында және газеттердегі мақалаларында Құранның қасиетті қағидаларын орнатып, іске асыру Ислам мемлекетіне екі дүниенің бақытына қол жеткізетін кемелділік пен өркениетке себеп болатынын айтып барынша жар салған болатын. Осы ұстанымын әскери сотта да қаһармандықпен қорғай білді.Міне, осындай аз ғана айтылған ахуалы мен ұстанымының өзі-ақ куәлік еткеніндей осынау ерекше тұлға, сан-алуан ақыл-қабілеттерден құралған өзі жеке бір жамағат секілді еді. Ислам діні басталған 1300 жыл ішінде жер бетіне келіп-кеткен және Ислам дінінің нұрлы шежіресінің сан-алуан гүлдері мен жемістері ретіндегі әр ғасырды безендіріп тұрған бүкіл шыншылдар мен ақиқатшылдардың кемелдігіне, сұлулықтарына ие болған, айрықша белгілері мен нышандарын бір өзіне таққандай еді. Білім алу Исламды тану осы кісі арқылы қайта жанданғандай болды.

458БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИҰлы пайғамбардың берген дәрістері мен көрсеткен өнегелері арқылы ақиқатқа жеткен, кемелділікке өрлеген және әрқайсысы Ислам жамағатынан бір тайпаны өзінің жетекшілігінде тура жолға бастаған ұстаздар, ғұламалар, мүжтәхидтер бір-бірінен бөлек ұстанымдары мен ілімдеріне осы тұлғаны мұрагер танығандай еді. Саид Нұрси өткен дәуірлердің бүкіл көркем де әсем ерекшеліктері мен қабілеттерін өз бойына сіңіріп шықты. Осылайша, Құран жолында Рисалей-Нұр арқылы бастаған діни қызметі, рухани жиһады бір жамағаттың, таңдаулы бір топтың тіпті орасан зор армияның атқаратын міндеттерін Құдайдың құдіретімен жүзеге асырған болатын. Ислам дінінің нұрынан, имани бауырластықтан туған күш-қуат пен байланыс арқылы құрылған Нұр шәкірттерінің рухани тұлғасы, дінсіздердің ұйымдасып жасаған шабуылына төтеп бере алады. Осылайша, олар мұсылмандардың арқа сүйер тірегі, қызыл қатердің отанымызды жаулап алуына қарсы Құраннан жеткен қорған болып, Ислам әлемінің қаһарман түрік халқына деген сүйіспеншілігін, бауырластығын және ынтымақтастығын бұрынғыдай сақтап қалуға себепші бола білді.Иә, Саид Нұрси өте ауқымды қабілетке ие тұлға болатын. Осы қабілеттерінің барлығында да үздік алға шықты. Өте шағын нәрсе мен бәрін қамтитын ауқымды нәрсені ең үлкен шеңбер мен ең кіші шеңберді, мысалға кішкентай ғана атом мен ғарыштағы Құс жолы галактикасын бір мәнде қадағалай алды, зерттей білді. Олардағы Тәухид нұрларын көрді және басқаларға көрсетіп, дәлелдеп берді. Бір жағынан Ислам әлемі мен адамзатқа созылған ауқымды Иман қызметімен шұғылданып жатса, екінші жағынан бәрінен оқшау тіршілік кешіп, құдірет қаламының хаты болған жаратылыстағы ғажайып туындыларды, Иләһи шеберліктің мұғжизаларын тамашалап, ой жүгірту арқылы әлем кітабын да талдайды. Осылайша, күн сайын осынау ұлы міндеттерді атқарып, Аллаһты танып-білудің және өзін үнемі Аллаһ алдында екенін сезінудің шексіз ләззаттары мен нұрында өрлей түседі.Міне, осынау рухани хал-ахуал мен жүріс-тұрысы ұстаздың өмірінің әрбір қадамдарында байқалғандай, Әмірдағында өткізген өмірі де осындай мағыналарға толы еді. Бұл жәйттар Лахикалардағы хаттарда біршама айтылғанымен де толық қамтылмаған еді. Мына өмірбаяны жайлы кітапта да тек теңізден тамшыдай ғана нәрселерді қанағат тұттық.

459БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАСАИД НҰРСИДІҢ ДЕНІЗЛІ ТҮРМЕСІНЕН БОСАП ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ӘМІРДАҒЫНА ЖЕР АУДАРЫЛУЫДенізлі қылмыстық істер сотының 1944 жылғы маусым айындағы шешімімен түрмеден босап шыққан Нұр шәкірттері туған жерлеріне қайтты. Ұстаз Анкарадан бұйрық келгенше Денізлідегі Шехир қонақүйінде тұрды. Түрмеге қамалған Рисалей-Нұр шәкірттерінің қамалуына және сот істеріне байланысты Денізлі халқының Рисалей-Нұрға деген қызығушылығы оянды. Прокоратурадағы екі-үш кісі сот істері кезінде Нұрларға деген қызығушылықтары артып, Денізліде жарыққа шығаруға әрекет етті. Кейіннен Нұр жамағатында «Әділ сот» ретінде есте қалған сот төрағасы және мүшелері, еңбегі сіңген отансүйгіш адамдардың әділдікпен берген шешімдері мен іс-әрекеттері бүкіл иманды жандардың шаттыққа бөленуіне себеп болды. Осылайша, олар рухани және мәңгілік жарқын дәрежеге қол жеткізді.* * * * *Саид Нұрси Денізліде екі ай қалғаннан кейін Афион уәлаятының Әмірдағы қаласында тұруға міндеттеледі. Әмірдағына 1944 жылы тамыз айында жер аударылады. Алғашқы он бес күндей қонақ үйде, тұрады, кейін ақшасын өзі төлеп жеке үй жалдайды.Әмірдағындағы өмірін қысқаша былай жеткізуге болады:Ұдайы бақылауда болды. Соттан ақталып шыққанымен және еңбектері қайтарылғанымен еркіне жіберілмеді. Бұрынғыдан бетер қатаң бақылауға алынып, есік-терезесінің алдына күзетші тұрды. Хаттарында да баяндалғандай, Денізлі түрмесінде тартқан бір айлық азапты Әмірдағында кейде бір күнде көріп жүрді. Әмірдағы халқы ұстазға жасалған жағымсыз іс-әрекеттер мен ұстанымдарды өте жақсы біледі. Денізлі соты ақтап шығарғаннан кейін, Саид Нұрсидің иман қызметіне, Нұрлардың жайылуына сот арқылы кедергі жасай алмаған құпия дінсіз ұйымдар, енді басқа жолдарды іздестіреді. Әкімшілік орындарды үрейлендіріп, оларды айдап салу арқылы көзін құртуды ойластырады. Бұл жоспарды іске асыруға қарарлы еді.

460БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИБір күзетші есіктің алдынан кетпейтін-ді. Адамдардың Ұстазбен жүздесуі өте мүшкіл халге айналды. Әмірдағында алғаш ұстазға жақындық көрсеткен Чалышкандар отбасы болды. Бұлар өз ауыл-дарына жер аударылып келген ғұлама қарияға достық пейілмен қызмет көрсетті. Тек, Аллаһ ризалығы үшін болған осы байланысын бұрмалаған жала жабушылар мен күйе жағушылардың іс-әрекеттеріне мойымастан қызмет етті. Чалышкан отбасымен бірге Әмірдағында көптеген адал мұсылмандар Нұр шәкіртіне айналды. Ұстаздың Нұр қызметіне ат салысты. (Сілтеме ) Рисалей-Нұрды оқып-жазып *төңірекке жая бастады. Ұстаз Әмірдағында тұра бастаған күннен ба-стап жергілікті халықтың Рисалей-Нұр арқылы ілім, иман, ахылақ және парасаттылық тұрғысынан өрлегені баршаға мәлім және мұны ресми орындардың өздері де мойындаған еді. (Сілтеме )**Әмірдағы шәкірттері ұстаздың Әмірдағындағы өмірі жайлы былай дейді:Ұстаз Әмірдағында ұдайы бақылауда болатын. Қырларға шығып, қыдырыстап жүретін. Ұстаздың көктем және жаз айларында міндетті түрде қырға шығу әдеті бар еді. Жалғыз өзі бірнеше сағат жүріп қайтатын. Қырға шыққанда көбіне соңынан аңду қойылатын. Кейде күзетшілер, кейде жандармдар аңдитын еді. Тіпті, бір жолы арты-нан оқ атқан, бірақ тигізе алмаған. Бір күні бір қызметкер соңынан жүгіріп барып, «сыртқа шығуға болмайды! Басыңа тақия киіп, сәлде орауыңа болмайды!» деп, әкіреңдеген. Ұстаз да кері қайтқан. Мұндай әрекеттер көп болды.Ұстаздың Әмірдағындағы қызметі, айналысқан ісі басқа жерлердегі секілді тек бір міндетпен шектеліп қалмады. Лахикалардағы хаттар-дан, достары мен ескі әріптестерінің, шәкірттерінің хабарынан және өзіне жақын шәкірттері мен көршілерінің, халықтың куә болуынан мынаны түсінуге болады. Аллаһ жолындағы ақиқаттан туындаған Сілтеме*:Бүгін Әмірдағы халқы жалпы алғанда Нұрларға дос әрі жақтас. Көптеген шәкірттер бар. Әмірдағы және оның төңірегіндегі ауылдарда Нұр дәрістері оқылуда.Сілтеме**:Ұстаз Саид Нұрси, Әмірдағын Нұр дәрісханасы ретінде есептегенін айтады. Сау, Барла, Әмірдағы, Эфлани секілді ауыл, аудандарда Нұрлар кеңінен таралып, оқылып жатқандықтан әрқайсысы Нұр дәрісханасы ретінде атала-ды. Өзінің Нұрс ауылы секілді өлі-тірі бүкіл тұрғындарына, бейкүнә сәбилер мен мүбарак ханымдарына дұға жасап, рухани жетістігіне ортақ етеді.

461БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАәртүрлі қызметтері, міндеттері бар еді. Әрбір күнін осы міндеттерді орындауға арнады. Құран ақиқаттарының нұрлары болған «Сөздер», «Лемалар» секілді шығармаларды жазып, жариялаумен шұғылданды. Сонымен қатар, құдірет қаламының сөздеріндей болған жаратылыс пен болмысты тамашалауға, әлем кітабын талдауға өте құмар еді. Жер бетінде жазылған, көктем парағымен ұсынылған мейірімділік пен даналықтың мұғжизалы туындыларын, ағаштар мен өсімдіктердегі, жануарлардағы Аллаһтың шебер өрнектерін, жарқыраған тәухид мөрлерін оқуға барынша құмар еді. Осылайша, иман ақиқатының, мағрифатуллаһтың шексіз көкжиектерінде хаққаляқин мәртебесінде қанатын жайып қалықтап жүреді.Негізінде, Құраннан алған жолдың бірі де тефеккур (терең-толғаныс) еді. Еңбектерінде адамды ұдайы тефеккурге (терең) ойға бастап, дәріс береді. Ілім мен тефеккур арқылы Аллаһты тану, рух үшін әлемнің кеңдігіндей шексіз мүмкіншілік береді. Жәнеәрбір нәрседе жалғыз Жаратушы Шеберге де-ген ишараттар мен дәлелдердің бар екенін білдіреді. сырымен әрекет ететін еді.* * * * *БӘДИҮЗЗАМАННЫҢ УЛАНУЫБір саяси қызметкердің, «Көзін жойыңдар деген бұйрық келді» деген сөздеріне алданған қарауыл басшысы, түн ішінде терезеге са-тымен өрмелеп шығып, Бәдиүззаманның тамағына у сеуіп кетеді. Ертесіне қатты уланған Ұстаз қанша қиналып жатса да, «Жәушан-үл Кәбир» сынды қасиетті дұғалардың арқасында өлімнен құтылдым, бірақ қатты қиналудамын» - деген екен. Бір аптадай нәр тата алмай жатады. Аллаһтың мейірімімен тәуір болып, рисалелерді тексеру жұмыстарымен қайта шұғылдана бастайды. Осындай қиын күндерде де намазын қаза қылмайтын. Алайда, екінші және үшінші рет уланған кезінде тұруға шамасы келмегендіктен екі-үш күн төсекте

462БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИнамаз оқыды. Өлім ауызында жатқан осындай ауыр күндерде жанын-да күзетіп отырған шәкірттері былай дейді. «Бір күні таңға жақын, көздері жұмулы күйде орнынан тұрды. Қолдарын жайып, өте ақырын ғана Рисалей-Нұр қызметінің дами түсуін және шәкірттерінің амандығын тілеп дұға етті. Содан кейін талықсып құлап түсті».Екі-үш шәкірті кезекпен жүріп, ұстазға қызмет етеді. Олардың бұндай қызмет жасауына тиым салынса да, шәкірттері ешуақытта бұдан бас тартпайтындарын айтып жанкештіліктің үлгісін көрсетті. Әмірдағында лауазымды шенеунік, кейіннен Нұрдың қаһарман шәкірті болған досына: «Саид Нұрсидің көзін құрту үшін құпия әмір келіп, жоспар құрылған болатын!» деген. Міне, ұстазға жасалған барлық іс-әрекеттер осындай жоспардың нәтижесінде жүзеге асып отырған. Бұл тіпті, бір-екі мәртемен шектеліп қалған жоқ. Жылдар бойы ұдайы жүргізіліп келе жатқан зұлымдық, аңду, шектеу, өте сұрқия жоспарлар еді.Бәдиүззаман алғашқы екі жылда Чаршы мешітіне барып, жамағатпен бірге болатын. Көбіне екінді намазында мешітке барып, құптан намазына дейін сонда болатын. Екі жылдан кейін халықпен тілдесуге болмайды деп, бұған тыйым салынды. Ұстаз Әмірдағында тұрғанда Спарта бастаған көптеген аймақтарда Рисалей-Нұрдың қолмен көшірілген нұсқалары таралып жатты. Рисалелерді оқып, пай-дасын түсінген халықтың ұстазды бір көрсек деген құштарлықтары арта түсуде еді. Бірақ, шынайы ықыласпен Аллаһ ризасы үшін бауырластық, сүйіспеншілік танытқан кісілер ғана Бәдиүззаманмен кездесіп, сабақ ала алатын. Ұстаз халық арасындағы әртүрлі деңгейдегі кісілерге, солардың түсіне алуына ыңғайлы етіп сабақ беретін. Бұлардың арасында жастар да, мемлекеттік қызметкерлер де, ғалымдар да бар еді.Денізлі сотынан ақталып шыққаннан кейін қызметкерлер арасын-да Рисалей-Нұрға деген үлкен қызығушылық оянды. Рисалей-Нұр шәкірттерінің саны артты.* * * * *

463БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАҰСТАЗ КЕЛУШІЛЕРГЕ НЕ АЙТАТЫН ЕДІ?Рисалей-Нұрдың бір ғана мақсаты бар, ол да иманды күшейту. Отанға, халыққа қауіп төндіріп тұрған дінсіздікке тосқауыл қою. Бүгінгі таңда әрбір адамның да, қоғамның да ең негізгі міндеті иман-ды құтқару, күшейте түсу. Ең маңызды мәселе Құран ақиқаттарынан берік ұстау. Рисалей-Нұр ең әуелі осы мәселелерге назар аудартатындықтан, халқымыздың, дініміздің жаулары әртүрлі сылтаулар тауып, Рисалей-Нұрға тиісуде. «Бірақ біз, тек қана болымды әрекет етуге мәжбүрміз. Қолымызда Нұр бар, саясаттың сойылы емес. Жүз қолымыз болса да, Нұрдан артылмас еді» - деп, болымды әрекеттің бомбадан да әсерлі екенін айтатын. Рисалей-Нұрдың ешқандай саясатқа қатысы жоқ, біздің ұстанымымыз шынайы ықылас пен Аллаһтың ризашылығы, басқа мақсатымыз жоқ дейтін. Нұрдың күші де осы ықылас пен болымды әрекетте екенін айтатын.Ұстаздың дәрісін және сұхбатын тыңдағандарды куәлікке тарта отырып былай дейміз:Ұстаздың бір дәрісі, бір сұхбаты көптеген жастар үшін тура жолға түсуге себеп болғанындай, Рисалей-Нұрға жанқиярлықпен қызмет ету үшін де негізгі діңгек болатын. Нұрға қызмет еткен жанқияр шәкірттерінің көпшілігі Ұстаздың осындай бір немесе бірнеше рет дәрісін тыңдаған жандар. Әмірдағында болған кезінде Анкараға Нұр қызметі үшін жіберген шәкірті, хал-ахуалға қарап, «Мына бейбақ адамдар Нұр ақиқаттарын қашан тыңдайды, қараңғылықтың қалың пердесі қалай жыртылады, рухани надандық қалай жойылады?» деп үмітсіздікке бой алдырады. Кейіннен Әмірдағына ұстаздың жанына оралған кезде, ұстаз оған былай дейді: «Біздің міндетіміз қызмет ету. Жеңіске жету, адамдарды тура жолға салу Аллаһ Тағаланың ісі. Біз тек өз міндетімізді атқаруға тиіспіз. Сен барған жеріңде: Бұл адамдар Рисалей-Нұрды қашан тыңдайды деп үмітсіздікке түспе, уайымдама! Мынаны біліп қой: көктегі сансыз тұрғындар, Рисалей-Нұрды мадақтап жатыр. Сондықтан, ешқандай қам жеме. Маңыздысы сан емес, сапа. Кейде ықыласты бір шәкірттің өзі мыңға татиды» деп үмітін қайта оятады.

464БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИҰстаз алғашқыда қырларға жаяу шығатын еді. Кейіннен күймемен қыдыратын болды. Ақысын төлемей арбаға мінбейтін. Біз тек қалтасы көтеретін бағаны айтып, «мұндағы баға осындай» дейтұғынбыз. Алайда, міндетті түрде біздің айтқанымыздан артық беріп, «ақысын бермесем болмайды. Ақысын бермеген бір сыйлық алсам ауырып қаламын, мұның да ақысын беруім керек және беруге міндеттімін» дейтін.Көбіне көктем, жаз және күз мезгілдерінде қыдырады. Қыста ара-тұра қырға шығатын еді. Әмірдағының төрт жағы ашық. Бұл жерде Нұрлармен шұғылданып жатқан көптеген дәрісханалар бар. Әмірдағында орналасқан күннен бері ұдайы бақылауда болғандықтан және қырға шыққан кезде соңынан жандармдар мен күзетшілер аңдып жүргендіктен көбіне жалғыз өзі қыдырды. Бір өзі отырып, жұмыс істейді. 1947 жылға дейін осылай жалғасты. Тек, күйме айдаушы шәкірті жолда серік болатын. Тоқтаған кезінде жалғыз өзі қалатын. Қырда көбіне Рисалелермен шұғылданып отыратын. Қолжазбаларды тексеретін. Кейіннен Спарта мен Инеболудағы жанкешті шәкірттері бір-бір мәшинке алып, Нұр кітапшаларын көбейте бастады. Ұстаз енді, тексеру үшін өзіне жіберілген кітапшаларды қарай бастады. Ұстаз Нұрлардың жазылуына, көбейтілуіне көп көңіл бөлетін. «Рисалей-Нұр осы ғасырды және болашақ ғасырларды нұрландыратын Құранның бір мұғжизасы» деп, Нұрға қатысты қызметті ең үлкен мәселе ретінде қарап, көңіл бөлетін еді. Ұстаз жылдам әрі әдемі жаза алмағандықтан, Рисалей-Нұрды тексеру арқылы нұрлы да берекетті қызметке өз үлесін қосатын. Сағаттар бойы еңбек етіп, шаршау дегенді білмейтін. Нұрға қызмет ету ұстаз үшін рухани бір қорек секілді еді. Тіпті, қатты науқастанып жатқан кездері де жұмысын тоқтатпады. Қоғамдық өмірден оқшауланғандықтан ешкіммен жүздеспейді. Біреулермен кез-десуге де тиым салынғандықтан адамдардың демеуі мен сүйенішінен мүлде мақұрым еді. Алайда, осыншама шектеу, шеттетудің өзінен шексіз қазына тапты. Аллаһтың мейірімділігі оған Нұрларды сыйла-ды. Бала-шаға, мал-мүлік тіпті бір қарыс жері жоқ еді. Тек Рисалей-Нұры ғана бар еді. Бары да нары да, қуанышы да, сүйеніші де сол еді. Барлық қабілеттері Нұрларға ауған еді. Нұрларды оқып, талдау және халыққа жаюды өзінің міндеті деп білді. Ұстаздың сөздеріндегі мағына мен шешендігі ерекше болатын. Егіншілікпен, саудамен шұғылданып жүрген көптеген кісілермен тауда, қырда, орманда кездесіп қалған кезде солармен сұхбаттасып

465БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАтұратын. Егер ұстаздың Құран қызметін назарға алмай, тек жүздескен адамдарға тура жолды көрсеткен дәрістерімен, әңгімелерімен шектеліп қалсақ, соның өзі де жеткілікті, үлкен қызмет деуге бола-ды. Өзінің бұл бағытта атқарған қызметі орасан зор. Барлада жүрген кезінде көптеген еркектер мен әйелдерді шәкірттікке, бауыр ретінде қабылдаған еді. Сол сияқты Әмірдағы және оның төңірегінде де көптеген шәкірттері мен бауырлары бар болатын. Әсіресе, бейкүнә сәбилерге деген көңілі ерекше болатын.Ұстаздың намыс пен тура жолдағы ұстанымы өте мығым, оны жоққа шығару мүмкін емес. Өмір бойы әйелдермен сөйлесуден, тіпті басын көтеріп оларға қараудан барынша қашқан. Жас кезінде де на-мысты да дұрыс жүріп-тұрудың шыңында жүргенін өзінің бір хаты-нан және оны танитындардың куә болуымен де білуге болады.Тұрғындардың бәрі де ұстаздың намыс пен тура жолдағы ұстанымындағы бірегей үлгісін көріп, оған ақыреттік және руха-ни тұрғыдан қатты көңіл бөлетін еді. Ұстаз ақыреттік дос ретінде қабылдаған ханымдар мен рухани балалары, шәкірті ретінде есепте-ген бейкүнә сәбилерге көп дұға жасайтын. Әйелдердің мейірімділіктің қаһармандары екенін, мына заманда Ислам тәрбиесі шеңберінде жүріп тұру керек екенін, өсіп келе жатқан бейкүнә сәбилерінің ақыреттік өміріне солар жауапты екенін, егер балаларын діндар етіп тәрбиелесе сауаптан үлессіз қалмайтындығын айтатын. Өзінің қатты науқас әрі шарасыз екенін айтып олардан дұға сұрайтын еді. Жасы ұлғайған ханымдарға, дұға етіп жастарының да бес уақыт на-мазын тастамай оқып жүргендеріне дұға етіп, ақыреттік дос ретінде есептейтінін қысқаша айтатын. Өзі де көп сөйлемейтін. Мүбәрак әйелдер қауымы да Саид Нұрсидің хақ пен ақиқаттың алып тұлғасы екендігін жүректерінің пәктігімен сезетін еді.Ұстаздың бейкүнә, жас балалармен әңгімелесуі өте ғибратты еді. Әмірдағында және айналасындағы ауылдарда, қасына келген балаларға үлкен кісілерше мән беріп, оларды шын жүректен өзіне жақын тартатын. «Балаларым, Сендер бейкүнәсыңдар, менің денсаулығым нашар, маған дұға етіңдер, сендердің дұғаларың қабыл болады. Мен де сендерді рухани балаларым және шәкірттерім деп санап, сендерге де дұға етемін», дейтін. Ұстаз, ғапыл жүрген үлкендерге қарағанда бейкүнә балалармен жақсы сәлемдесетін.

466БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИҰстаз, жастарға Рисалей-Нұр оқулары керектігін, қазіргідей заманның, арсыздықтың қауіптерінен сақтанып, намаз оқулары керектігін айтатын. Ауыл сыртында немесе жолда кездескен адамдарға, жұмысшысы бар, қызметкері бар әр қайсысына өзіне ыңғайлы түрде иман ақиқаттарын түсіндіретін. Намаз оқудың маңызды екендігін, намаз оқыған адамның бұл дүниелік жұмыстары да ақыреттік сауапқа айналатынын ескертетін.Мұндай сабақтар, «Дін, дамуға кедергі болады» деген сөздердің бос сандырақ екенін дәлелдеп береді. Керісінше, ондай адам өзіне де, халқына да пайда әкеліп, моральдік жақтан да, материалдық жақтан да дами түседі. Намазын оқып, түзу жолмен жүрген адам өз міндетін жауапкершілікпен атқарады. Бұл сабақтар қоғам мүшелерінің бәріне де пайдалы. Бұлар Ұстаздың қоғамның пайдасына жарар сансыз қызметінің бірнеше үлгісі ғана. Ислам діні кері тартпа дін, мұсылмандар керітартпа адамдар дегендерге обал-ақ(Сілтеме ).*Сілтеме*: Ұстазымыздың діни парыздарын орындап жүргендердің бұ дүниелік жұмыстарының да құлшылық болып саналатынына байланысты айтқан сабақтарынан бірнеше мысал. 1. Бір күні Ұстаз Бәдиүззаман Саид Нұрсимен бірге Ескішеһирде «Иылдыз» қонақ үйінде отыр едік. Қант зауытынан келген ұста мен жанындағы бірнеше жұмысшыға былай деді: «Сендер парыз намаздарыңды оқитын болсаңдар, фабрикадағы бүкіл жұмыстарың құлшылық болып саналады. Өйткені сендер халыққа өте қажет өнім өндіру арқылы сауапты қызмет атқарып жатырсыңдар.2. Тағы бірде Эгрідір жолының бойында кітап оқып отыр едік. Темір жол-да жұмыс істейтін бір кісі келді. Ұстаз оған да: Парыздарды орындап, үлкен күнәлардан аулақ болсаң, басқа жұмыстарыңның бәрі де құлшылық болып са-налады. Он сағаттық жолды бір сағатқа қысқартып жіберетін темір жолда жұмыс істегендіктен мұсылмандарға, жалпы жұртқа көрсеткен қызметің босқа кетпейді, мәңгі өмірде бақытқа бөленуіңе себеп болуы мүмкін, деген еді.3. Бір күні Ескішеһирде ұшқыштар мен офицерлерге де жоғарыдағыларға ұқсас сабақ берген еді. «Бұл ұшақтар бір күні Ислам жолында көп қызмет атқаратын болады. Парыз намаздарыңды өтесеңдер, оқи алмай қалған намаздарыңның қазасын өтесеңдер, сендер әскери адамсыңдар, сондықтан әр сағаттарың он сағаттық құлшылық, әсіресе әуе күштеріндегі қызметтің бір сағатына отыз сағаттық құлшылықтың сауабы жазылар. Бірақ, жүректеріңде Иман нұры бол-сын және сол Иманның талабы болған Намазды оқуларың керек.4. Сондай-ақ, Барлада, Спартада, Эгрідірде малшыларға да «Мал бағу да құлшылық, тіпті, көптеген Пайғамбарлар мал баққан». Бірақ сендер парыз намаздарыңды өтеңдер, сонда бұл істерің де Аллаһ жолындағы құлшылыққа ай-налады, деген еді.

467БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАӘмірдағыда тұрған кезінде ұстаздыңшәкірттеріне жазған хаттарынанӘмірдағындағы бауырларыма!Менен күмәнданғандарға айтыңдар: біз қызмет етіп отырған мына адамның жиырма жылдық өмірінің бүкіл іші-сыртын паш ететін хат-тары мен кітаптарын үкімет орындары қоймай жүріп тауып алды. Спарта, Денізлі және Анкара соттары тоғыз ай тексергеннен кейін, бес сандық кітаптары мен қағаздардан бір шәкіртіне бір тәуліктік жаза беретіндей де кінә таба алмады. Анкара комиссиясы мен Денізлі соты бірауыздан рисалелерді ақтады.Қария болғасын құрметтеп, көмектесіп жүрген ұстазымыз, сот-та жиырма жылдан бері ешқандай газет немесе саяси бір еңбек оқымағанын, сұрамағанын я болмаса әңгіме етпегенін бүкіл дос-жарандарын куәлікке тартып, дәлелдеген еді. Үкіметтің екі басшысын, бір әкім мен бір депутаттан басқа лауазымды шенеунікті танымайды, білмейді, білгісі де келмейді. Сондай-ақ, дүниежүзілік соғыс жай-лы үш жылдан бері сұрамаған, назар аудармаған, радио тыңдамаған. Жарық көрген жүз отыз еңбегін жиырма жыл бойы жүз мың адам ықтиятпен оқыса да үкімет ке, әкімшілікке, қоғамға, отанға, халыққа тигізер ешқандай зиянды нәрсе таба алмады. Бес облыстың қырағы полициясы мен тексерушілері және сот істерімен шұғылданған үш облыс пен үкіметтің төрт бірдей прокуратурасы оған айып тағатындай шынашақтай қылмыс таба алмағасын босатуға мәжбүр болды. Егер бұл адамның дүниеге және саясатқа бүйрегі бұрып тұрса, оның тым құрығанда ұшқындары мен белгілерінің көрінбеуі мүмкін бе? Алайда, сот істері кезінде ешнәрсе таба алмаған қырсық прокурор, болмаған нәрсені болуы мүмкін ретінде қарастырып, таққан айыптауларында «істеуі мүмкін» деген, «істеді» демеген. Істеуі мүмкін мен істелген істің арасы қайда жатыр? Тіпті, Саид оған сотта былай депті: «Кез келген адам кісі өлтіруі мүмкін ғой. Сіздің мына айыптауыңыз бой-ынша осы отырғандардың барлығын және сізді де сотқа беру керек...»5. Бір күні Эгрідірде электр станциясын салып жатқан жұмысшы-ұсталарға (құрылысшыларға) «Мына электрдің бүкіл халыққа көп пайдасы бар. Сол пайдаларға үлескер болуларың үшін парыздарды орындаңдар. Сол кезде барлық жұмыстарың ақырет жолындағы құлшылыққа айналады» деген еді. Мұндай оқиғалар он мыңдап саналады.Үнемі Ұстаздың жанында жүрген шәкірттері

468БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИСонымен, дүниелік істерге осыншама бейқамдық көрсеткен мына адам нағыз диуананың өзі я болмаса халқы мен отанының бақытына ықыласпен еңбек ету үшін еш нәрсеге мойын бұрып, мән бермейтін адам болуы керек. Олай болса, мұндай адамға қысым көрсету отан мен халыққа, қоғамға сатқындық болып есептеледі. Ол туралы әртүрлі күмәндарға бой алдыру-есуастық болып саналады.* * * * *ӨЗІМ ЖАЙЛЫ АЙТҚАНДАРЫМБұл айтқандарымды Анкараның ресми орындарына жеткізуді сендердің еріктеріңе қалдырамын.Соттың өзі даугер болса «Кімнен кімге шағым айтарымды өзім де білмей қалдым» дегенді мен сияқты бейшараға айтқызатын болар. Қазіргі жағдайым түрмеден де жаман. Бір күні, жалғыз кісілік камераның бір айынан бетер қанауда. Ұлғайған жасыма, денсаулығымның нашарлығына, елден жырақ жүруіме, күшімнің қайтуына қарамастан, қыстың қақаған суығында қатаң бақылауға алынып, оқшауландырылдым. Бір бала мен науқас бір адамнан басқа ешкіммен кездесіп жатқаным жоқ. Мен онсыз да жиырма жылдан бері оқшауландырудың азабын тартып келемін. Бұдан артық қысым жасау Аллаһтың қаһарына ұшырата ма деп қорқамын. Сот отыры-сында айтқанымдай төрт рет жойқын жер сілкінісінің бізге жасалған зұлымдық әрекеттерге дөп келуі сынды көптеген оқиғалар бар...Тіпті, менің құқымды қорғап, маған араша түсер деп үміттенген Афион әділет басқармасы, Денізлі Сотындағы Рисалей-Нұр жай-лы арыздарыма мән бермеді, үмітімді ақтамады. Бұл жағдай әділет басқармасының өртеніп кетуіне себеп болды ма деп ойлаймын.Маған адамгершілікпен, ар-ожданмен қараған мына ауданның билігінің де полициясының да сотының да ең маңызды міндеті мені қорғау. Өйткені, жиырма жылдық бүкіл еңбектерімді, хаттарымды үш сот пен үкімет орындары тоғыз ай тексергеннен кейін ақтап, босатуға шешім қабылдады. Бірақ, шетелдіктердің мүддесін көздеп, отанымыз бен халқымызға зиянкестік ойлаған астыртын бір ұйым, осы шешімді бұзғысы келіп, түймедейді түйедей етіп бірсыпыра қызметкерлерді маған айдап салып жатыр. Мақсат, менің сабырымды таусып, «же-тер енді» дегізу. Оларды кернеген ашу-ызаның бір себебі де менің

469БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАүндемеуім, дүниеге араласпауым. Бейне бір «Неге араласпайсың, аралассаң ғой мақсатымыз орындалып қалар еді» дейтіндей... Үкіметтің бірсыпыра шенеуніктерін маған қарсы айдап салудағы қолданған бір-екі айласын айтайын.Олар: «Саидтың ықпалы күшті. Еңбектері әсерлі әрі көп тараған. Онымен сөйлескен адам, оған дос болып кетеді. Олай болса, оны барлық нәрседен оқшауландыру керек. Көңіл бөлмеу, жұртты одан жирендіру және достарын одан шошыту арқылы ықпалын жою керек» деп үкіметті азғырды. Мені осылай қинауда. Мен де былай деймін:Ей, отанын, халқын сүйген бауырлар! Әлгі мүнафықтар айтқандай ықпалдың күшті екені рас. Бірақ, ол менікі емес, Рисалей Нұрдыкі. Ол жойылмайтын рухани күшке ие, қайта оған тиіскен сайын күшейе түседі. Ол күш отан мен халыққа қарсы ешқашан қолданылған емес, қолданылмайды, қолданылмайтын нәрсе. Екі сот, жиырма жылдық еңбектерімді араға он жыл салып бар күшімен тексерген күннің өзінде айыптауға себеп болар бірде бір қылмыс таба алмауы айтып отырғанымызға бұлтартпас дәлел болады.Иә, еңбектер түгелдей әсерлі. Бірақ, отанымыз бен халқымыздың рухани пайдасына жарап, жүз мың адамға таһхиқи иман дәрісін беруде. Олардың мәңгілік бақыт пен мәңгі өмірге қол жеткізуіне себепші бо-луда. Денізлі түрмесіне ауыр қылмыс жасап түскен жүздеген адам тек «Миуа Рисалесін» оқып, түсіну арқылы өте тәртіпті, діндар жандарға айналды. Тіпті, екі-үш адамды өлтірген қатыгездер әлгі кітаптан сабақ алғаннан кейін биттің өзін өлтіре алмайтын жанашыр жан болып шықты. Түрменің адам тәрбиелейтін медресеге айналғанын түрме бастығының өзі мойындады. Бұл, айтып отырғандарымызға бұлтартпас дәлел, айғақ бола алады.Иә, мені барлық нәрседен шеттетіп, оқшаулау ауыр азап және қатыгездікпен жасалған зұлымдық. Халқымызға қарсы опасыздық, сатқындық жасаумен пара-пар іс. Өйткені, отыз-қырық жыл бойы халықпен етене өмір сүріп келе жатырмын. Бұдан ешқандай зиян көрмегеніне, қайта халықтың қатты мұқтаж болған рухани халіне дем беруге, жұбанышқа және иманын қуаттандырғанына мызғымас бір дәлел, мені жамандаған осыншама үгіт-насихаттарға қарамастан барлық жақта Рисалей Нұрға таңқаларлық түрде көңіл бөліп қарсы алулары... ашық айтайын, лайық болмасам да жүз есе артық құрмет көрсетіліп жатыр.

470БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИЖергілікті әкімшілік менің ас-суыма, жатар орныма қарайлас–пақшы болып өтініш айтқан екен. Жоғарғы жақ қабылдапты. Мен бұлардың адамгершілігіне рахмет айта отырып, ең көп мұқтаж болған нәрсем және өмірімдегі қағидам бостандық, еркіндік екендігін ай-тамын. Негізсіз шүбәлардың кесірінен рухани еркіндігім қатты шектелді. Нақақтан нақақ зорлық-зомбылық көрсетулері өмірден бездірердей етті. Тіпті, түрме, зындан түгіл қабірдің өзі бұдан артық қой, дейтін халге келдім. Алайда, иман қызметінде қаншалықты ауыртпалық болса, соншалықты сауапқа себеп болуы маған сабырлық пен шыдамдылық берді. Сонымен, адамгершілігі мол мына жандар маған зұлымдық қаламайтыны рас болса, онда ең алдымен менің руха-ни бостандығымды шектемесін! Мен нансыз өмір сүрсем де, бұғауда өмір сүре алмайтын адаммын. Иә, он тоғыз жыл бойы тек қана екі жүз банкноттық қаражатпен ерекше үнемділік пен асқан тоқмейілдіктің арқасында бостандығы мен ар-намысын сақтап, ешкімге кіріптар болмау үшін сый-сыяапатты, зекет пен садақаларды алмаған адам, әлбетте, күнкөрістен бұрын бостандыққа мұқтаж. Иә, қатты қысым көріп жатырмын. Бір-екеуін айтып өтейін.Біріншісі: Рисалей-Нұрды сотта ғылыми тұрғыдан қорғап шыққан және Анкарадағы жеті жоғары орынға, президентке ақталу сөзіммен қоса жіберілген, Анкара ғалымдарының қолдауымен ақталып шығуымызға себеп болған және түрмедегі достарымнан қалған қолжазба естелік ретінде бірнеше нұсқасы жазылған «Миуа Рисалесі» мен бірге «Уәжнамамды» ұстап жүргенімді Денізлі полициясы көрсе де тиіспеген еді. Ал, Афион полиция бекетінде бір түн бойы олардың көз алдарында тұрды. Мен бұл кітаптарды алып қоймасын деп күн сайын уайымдап, тыққыштап жүрдім. Бәлкім, мені тінтитін шығар деп уайымдасам да, бөтен жерде, бейтаныс адамдарға мыналарды тығып қой деп айта алмай қатты қиналдым.Екіншісі: «Қарттар рисалесі» атты кітаптан Денізлі соты еш нәрсе таба алмаса, Ескішеһир соты бір сөзіне ғана тиіссе де оларға бір әріп қана тиісті жауабын берген болатын. Осы кітапты Стамбулдан келген біреу, осы жердегі бір адамнан алып Стамбулға апарған екен. Қалай болғанын қайдам, кітап маған қарсы болып жүрген бір дінсіздің қолына тиіпті. Түймедейді түйедей етіп, уәлаяттың полициясын дүрліктіріп: «Кіммен кездеседі, кімдер барып жүр оған?» деп менің мазамды алды. Міне, осындай көптеген ащы жағдайлар бар... Бірақ

471БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАең қисынсызы, мені сөйлетпеу үшін маған қызмет жасап жүрген бір бала мен ауру жаннан басқаның бәрін қорқытып қойғандығы. Мен бұған былай деймін: «Он адам менен қашқанымен мыңдаған, тіпті жүз мыңдаған мұсылман қаншама кедергілерге қарамастан Рисалей-Нұрдан сабақ алып жатыр. Сондай-ақ, елімізде және шетелдегі мұсылман мемлекеттерде Рисалей-Нұр өте анық ақиқаттары мен құнды рухани пайдалары үшін үлкен сұраныспен жарық көріп жатыр. Рисалей-Нұрдың әрбір данасы менің орныма менен де артық сөйлеуде. Мен үндемегеніммен, олардың үні өшпейді. Өшірілмейді де! Сонымен, жиырма жылдан бері саясатпен айналыспағандығыма соттың өзі көз жеткізіп отыр. Сондықтан, бұған керағар ешқандай белгі болмаса менімен кездескендерден күмәнданудың мағынасы жоқ.* * * * *Әділет орындарына және Рисалей-Нұрмен шұғылданып жүрген судьяларға айтар датым барМырзалар! Сіздер неге ешқандай себепсіз Рисалей-Нұрмен әуре болып жүрсіздер. Сіздерге нақты айтарым: Менің де Рисалей-Нұрдың да сіздермен сөз таластырмақ түгілі, сіздер жайлы ойлауға да уақытымыз жоқ, ол біздің шаруамыз емес. Өйткені, Рисалей-Нұр және оның хас шәкірттері елу жылдан кейін келетін болашақ ұрпаққа қызмет ету және соларды үлкен қатерден, елді аса қауіпті жағдайлардан құтқару жолында еңбек етуде. Қазір бізбен әуре болып жүргендер ол кезде қабірде топыраққа айналып кетер. Баяғы демократтардың қоғамдық тәрбиеге, дінге, ұлттық құндылықтарға салғырт қарауы, жиырма-отыз жыл өткен соң, қазіргідей дінге немқұрайлылыққа, нашар мінез-құлықтың белең алуына, ар-намыстың әлсіреуіне әкеліп соқтырды. Осылай кете бер-се, елу жылдан кейін, бұрынғы діндар, намысшыл, батыр халықтың ұрпақтары діни тұрғыдан, ар-намыс мәселесінде қандай жағдайға келерін түсініп отырған шығарсыздар. Мың жылдан бері Құранға жан-тәнімен қызмет етіп келе жатқан бұл батыр халықтың елу жылдан кейін келетін ұрпақтары, өз тарихының жарқын беттерін былғап, құрдымға жібермей тұрғанда қолдарына Рисалей-Нұрдағы

472БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИҚұран ақиқаттарын беріп, масқара болудан құтқару, халқымыздың да, отанымыздың да ең негізгі шаруасы деп білгендіктен, қазіргі адамдарға қарағанда сол кездегі ұрпақтарды ойлаудамыз:Мырзалар! Шынтуайтында Рисалей-Нұр тек қана ақыретке назар аударуда. Мақсаты Аллаһтың Ризашылығы және Иманды құтқару. Шәкірттерінің ойы әуелі өздерін, содан кейін басқаларды мәңгілік қапастан құтқаруға тырысу. Дүниелік жағдайға қатысты, екінші кезектегі маңызды мәселе де бұл елді анархиялық қауіптен құтқару, және болашақ ұрпақты адасушылықтан аман алып қалу. Өйткені, мұсылман адам басқаларға ұқсамайды. Діннен безіп, мұсылманшылықтан шыққан бір мұсылман, адасушылықтың қою қараңғылығына сүңгиді. Анархист болып, бетімен кетеді. Әзірге жас кезінде Ислами тәрбие алған адамдар қоғамның жартысын құрап тұр. Жартысы дінге немқұрайлы қарауда, ал елу жылдан кейін мұндайлар тоқсан пайыздан асып кетеді. Нәпсінің соңына ерген мұндай тобырды анархиядан құтқаруды ойлап, сол пәлекеттің алдын алу шарасы, мені жиырма жыл бұрын саясаттан сырт айналдырып, өз замандастарым-мен әуре болуыма тыйым салды... Рисалей-Нұрдың да, шәкірттерінің де қазіргі кездегілермен шаруасы жоқ.Жағдайдың ақиқаты осы. Олай болса, Әділет орындары менен және шәкірттерімнен күмәнданудың орнына, қорғаулары керек. Өйткені, бұл елдің нағыз жаулары Әділет орындарын алдап соғуда. Рисалей-Нұрға айдап салып, әділетсіздік жасатуда...Бұның шағын екі мысалын айтайын:Мәселен, түрмедегі достарымнан аман-саулық білдірген және арабша Рисалемнің бағасы болған он теңгелік ақшаны осындағы бір адамға жіберген едім. Ол кітаптар Спартада баспаға ақша төлеген адамға берілсін деген хатқа бола прокуратура мен үкімет орында-ры мені әуре-сарсаңға салып, жеткізуші адамды тергеп қинады. Шыбынның қанаты құрлы маңызы жоқ алты айда бір рет жазылған қарапайым хатқа бола осынша шу шығару соттың абыройына кір келтіретін нәрсе.Екінші мысал: Мен секілді ғәріп, қарт, әлсіз және ақталған адамнан көпшілікті, тіпті өз қызметшілерін үгіт-насихат арқылы үркітіп, өзін бейшара бір жағдайға түсіру осы уәлаят әкімшілігінің адамгершілігіне жараспайды. Шіркейдің қанаты құрлы бір нәрсеге та-удай көңіл бөліп, маған қарсы үгіт жүргізу, «кіммен кездеседі, қасына кімдер барып жүр?» деп барша жұртты дүрліктіріп, әбігерге салу...

473БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАүкіметтің даналығы мен басшылығын осындай ұждансыздыққа апар-мауы керек. Жарайды, осы екі мысал секілді адамды қайран қалдырар көптеген жағдайлар аз емес...Мырзалар! Адасушылық пен азғындық, надандықтан туындап жатса, оны тоқтату оңай. Ғылым мен білім адасудың құралына ай-налып отырса, оны тоқтату қиынға соғады. Бүгінгі таңда ғылым мен білім адасудың құралына айналып отырғандықтан, оған тойта-рыс беріп, болашақ ұрпақтың басына келер бәледен құтқару үшін Рисалей-Нұр секілді жан-жақты, кемел туынды керек. Рисалей-Нұрдың осындай құнды туынды екендігінің дәлелі жиырма жылдан бері менімен тайталасып келе жатқан философтардың ешқайсысы Рисалей-Нұрға қарсы шыға алмады, шыға алмайды да. Әділет орын-дары мен үкіметтік сарапшылар тоғыз айдан бері жүз кітаптан тұратын рисалелерді тексергенімен, бізді жауапқа тартар еш нәрсе таба алған жоқ. Құрандағы ишаралар мен Хазіреті Әлидің және Ғаус ағзам Гейланидің ғайби хабарлары Рисалей-Нұрдың маңыздылығын көрсетіп тұр...Әділет орындарының міндеті әділетсіздікке жол бермеу... Олай болса, өте маңызды нәрселерге мән бермей, елеусіз жағдайға баса мән беру, әділеттіліктің ақиқатына жараспайтынын ескертемін. Рисалей-Нұрдың жүз кітапшасы жиырма жылда жүз мың адамның бақытына қызмет жасағаны белгілі. Он жылдан бері екі сот пен үкімет және бірнеше уәлаяттың полициясы мен Денізлі соты тоғыз ай бойы бүкіл қағаздарымызды тексеріп шығып, ұлтымыз бен халқымызға зиян келер, жауапқа тартар еш нәрсе көрсете алмады. Бұл елде Рисалей-Нұрдың құқығы бар. Осы ауқымды және өте маңызды құқықты назарға алмай, жай қағаздар секілді тәркілеп, ұлтымызға және иманын қуаттандыруға мұқтаж жандардың рухани қажеттілігіне жасалған аса үлкен қиянатты назарға алмай, қарапайым бір адамның елеусіз құқын назарға алу прокуротураның болмысына, әділеттің ақиқатына еш жараспайтынын ескертеміз. Доктор Дузидің және тағы басқа дінсіздердің еңбектеріне тиіспей, Рисалей-Нұрға тиісу Құдайдың қаһарына ұшырата ма, деп қорқамыз. Алла Тағала, сізге ынсап пен мейірімділік, бізге де сабыр мен шыдамдылық берсін. Әумин…Заңсыз түрде оқшауландырылғанСаид Нұрси* * * * *

474БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ(Бұл өтініш үш жерге жіберілген еді. Сол жердегі бауырларыма нұсқаулық ретінде жіберілді.)Жиырма жылдан бері сабыр етіп, үндемеген бейшараның шағымын тыңдауыңызды қалаймын! Бостандықтың бүкіл түрін бер-ген Республикалық үкіметтің тұсында барлық еркіндігіме тиым са-лынумен қатар, дұшпандарым мені емін-еркін жаныштап жатыр. Ар-ождан бостандығы мен еркін ойлау бостандығын берген үкімет мені қорғап, күмәншіл, қасқөй дұшпандарымның үнін өшірсін не-месе дұшпандарым секілді маған да емін-еркін жазуға рұқсат беріп, қорғануыма тиым салмасын! Өйткені, хабар алысып тұруыма тиым салу үшін пошталарға жасырын түрде әмір берілген екен. Нан суым-ды әкеп беріп тұрған бір баладан басқа мені ешкіммен кездестірмеуге әмір берілген. Осындай кезде, баяғыдан бері қолайлы сәтті аңдып жүрген дұшпандарым ретін тауып, дәл касациялық соттың бізді ақтаған шешімінен кейін сот комиссиясы мақұлдаған кітаптарымды алайын деп тұрғанда, бір-екі еңбегімді маған өш комиссия мүшесіне беріп, мені даттаушы баяндама дайындаттырғандарын естідім. Бұдан артық шыдауға төзімім жетпеді. Үкіметтің бүкіл мүшелеріне, тіпті әлемге былай деп жар салам:Қасиетті Құранның ақиқаттары мен мұғжизаларының тылсым сыр-лары арқылы менің де, Рисалей-Нұрдың да жоспарлары, ұстанымы, мақсаты белгілі болып отыр. Біздің мақсатымыз иман ақиқаттарын жеткізу арқылы аяулы халқымызды анархиядан және мәңгілік тозақтан құтқару.Міне, үш комиссияның сараптамасынан және үш соттың тексерісінен өткен Рисалей-Нұрдың осы екі қасиетті міндетінен басқа дүниеге, әкімшілікке, қоғамға қасақана зиян берер жағы жоқ екеніне жиырма жылдық өмірім мен жүз отыз Рисале бұлтартпас айғақ болады.Иә, сотта да айтқанымдай және мені танып, қатынасып тұратын бүкіл дос-жарандарымды куәлікке тарта отырып, былай деймін: жи-ырма жылдан бері ешқандай өтініш айтпаған және он жылдан бері үкімет мүшелерін танымайтын, төрт жылдан бері дүние жүзілік соғыстың барысынан ешқандай хабар сұрамаған мына бейшара Саидтың саясатқа араласып, әкімшілікпен жағаласып, қоғамдағы тұрақтылықты бұзуға ниеті болуы әсте мүмкін бе!? Егер зәредей

475БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАпиғылы болса, «Алдымда кімдер тұр, дүниeде не болып жатыр, маған кім көмектесе алады?» деп сұрастырар, ізденер, араласар еді ғой. Айла-шарғылармен алпауыттардың ісіне араласар еді. Ең елеусіз оқиға мынау:«Барлық нәрседен оқшауландырылған хәлімнен құтылу үшін, тым құрыса түрмеге кіруіме бір сылтау табыңдар. Түрмеге кіріп, мына азаптан құтылайын» деп кейбір достарыма жасырын хат жолдаған едім. Өмірімнің жемісі мен көркі Рисалей-Нұрдың Денізлі сотын-да қаралып жатқан кітаптарына жақын болайын, соларды қайтарып алуға әрекет етейін дедім. Өкінішке орай, маған өш әлгі комиссияның ішінде бір ғана адам мені жақтапты. Ол да менің хатымды көріп, қамалуыма үкім беруге мәжбүр болыпты.Мені түрмеге қамағысы келген дұшпандарымның сылтауларының бірі, әлгі сотта ақталып шыққан, «тариқатшылдық». Алайда, Рисалей-Нұрда үнемі айтатыным: «Қазіргі заман тариқат ұстанатын уақыт емес. Иманды құтқаратын заман. Тариқатсыз жұмаққа кіргендер көп, имансыз жұмаққа барған жоқ» деп, бар күшімізбен иман жолында еңбек еттік. Мен ұстазбын, шейх емеспін. Жер бетінде баспанам да жоқ қой... зікірханам қайдан болсын? Осы жиырма жылдың ішінде «Маған тариқат сабағын берді» деп айтатын бір адам таппайсыз. Сот та полиция да таба алмады. Тек тариқаттың ақиқатын ғылыми түрде баяндайтын баяғыда жазылған «Телвихат Рисалесі» бар. Ол – үлкен ғылыми, және ақиқат сабағы. Тариқат сабағы емес. Ар-ождан еркіндігін мақсат еткен өкіметіміз, халқымыздың миллардтаған ата-бабаларының рухтары бас иген бір ақиқатқа, және осы жолда әлемге атой салған, шынайы иманды философияның алдында бұлтартпай дәлелеп шыққан бір туындыны да, оның қызметшілерін де қорғауға міндеті. Әйтпесе, әлгі бейшара қызметшінің қол-аяғын байлап, мыңдаған дұшпандардың алдына тастау Республикалық қағидаларға қайшы. Республикалық Өкімет менің айтқандарыма құлақ асар деп жаздым. деймін.* * * * *

476БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИҚұрметті бауырларым.Сұрақ: Неге ішкі, сыртқы ағымдарға, әсіресе, саяси ұйымдарға назар аудармайсың? Рисалей-Нұр шәкірттерін де мүмкіндігінше ондай ағымдарға жолаттырмайсың? Негізінде сен сол ағымдармен шұғылдансаң мыңдаған адам Рисалей-Нұрды танып, нұрлы ақиқаттар жайыла түсер еді. Сонымен қатар, себепсізден себепсіз, мынадай қиыншылықтар шекпес едің.Жауап: Оларға көңіл бөлмеуімнің, аулақ тұруымыздың ең басты себебі, өз ұстанымымыздағы ықылас, бізді олардан аулақ ұстауда. Өйткені, мынадай ғапылдық жайлаған заманда, әсіресе, бір жақты қолдау пікірі бар біреуге бұра тартуға жақын адам, кез келген нәрсені өз мақсатына пайдаланып кетеді. Тіпті, дінін де, ақыреттік амалдарды да өзінің дүниелік ұстанымдарына құрал етеді. Ал Иман ақиқаттары мен сол жолдағы қасиетті де нұрлы қызмет, еш нәрсеге құрал бола алмайды. Аллаһ ризашылығынан басқа мақсаты жоқ. Бүгінгідей бас-басына бөлініп алып, қырық пышақ болып жүрген кезеңде, шынайы ықылас сырын сақтап қалу, дінді бұ дүниелік істерге пайдаланбау өте қиын. Ең дұрысы, ондай ағымдардың күшіне емес, Аллаһтың көмегі мен жарылқауына арқа сүйеу.Олардан аулақ тұруымыздың бір себебі де Рисалей-Нұрдың төрт негізінің бірі «мейірімділік таныту», зиян беруден аулақ болу. Өйткені: яғни «Біреудің қателігі үшін екінші біреу немесе оның туысқаны жазаға тартылмайды» деген Илаһи қағидаға қарсы бүгінгі таңда сыры бойынша сұмдық зұлымдықтар жасалуда. Бір жаққа жақтас болу сезімі арқылы, бір қылмыскердің қателігі үшін оның туысқанымен ғана емес, жақтастарымен де жауласуда. Қолынан келсе, зұлымдық жасар еді. Қолында күші болса, бір адамның қателігі үшін бір ауылға бомба тастауға бар. Негізінде жүз қылмыскер үшін бір бейкүнә адамның құқын таптауға, оған зұлымдық жасауға болмайды. Қазіргі жағдайда бірнеше қылмыскер үшін жүз бейкүнә жанға зиян берілуде. Мәселен: Бір адамның қателігіне байланысты бейшара, қартайған ата-анасын, бейкүнә бала-шағасын зар еңірету, бұлар бізге қарсы деп жауласу, мейірімділіктің негіздеріне керағар нәрсе. Мұсылмандардың

477БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАарасындағы осындай жақ-жақ болып бөлінушіліктің кесірінен бейкүнә жандар зұлымдыққа ұшырап, зардап шегуде. Әсіресе, төңкерістерге себеп болатын нәрселер, зұлымдықты қоздырып жібереді...Жиһадта кәпірлердің бала-шағасы олжа болуы мүмкін. Мұсылмандар оларды өзінің мал-жанына қоса алады. Бірақ, Ислам шеңберінде өмір сүрген дінсіздің бала-шағасы ешбір тұрғыда олжа болмайды. Құқығы тапталмауы тиіс. Өйткені, әлгі бейкүнә жандар Ислам діні тұрғысынан дінсіз әкесіне емес, Ислам дініне, жамағатына қарасты саналады. Бірақ, кәпірдің бала-шағасы, бейкүнә болғандықтан тозақы емес. Бірақ құқық, бойынша өмірде әке-шешесінің қол астын-да болғандықтан жиһад кезінде әлгі бейкүнә жандар тұтқынға алы-нуы мүмкін.Барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем! Пайдасы мен сауабы көп Миғраж түні құтты болсын! Марқұм қажы Ибраһимге жамағайын ту-ысы Рефет бейдің қайтыс болуына орай менің атымнан көңіл айтып, былай деңіздер: «Ол марқұм Рисалей-Нұр шәкірттерінің қатарында. Ол да сол шәкірттерге жасалып жатқан дұға-тілектерге ортақ арнайы да дұға етеміз».Саид Нұрси * * * * *Құрметті бауырларым.Жаз айлары күн көрістің қамын көбірек ойлататын кез болғандықтан, қасиетті үш айдағы сауабы мол құлшылыққа немқұрайлы қаратпасын. Әлемдегі аласапыран жағдайлар қарумен емес, дипломатияның күшімен шешілуі тиіс. Мұндай жағдайда, аса ұстамдылық және қасиетті қызмет жолында табандылық болмаса, Рисалей-Нұр қызметіне зиян тигізер жалқаулық пен тоқырау баста-лады.Құрметті бауырларым, естеріңде болсын, Рисалей-Нұр мен шәкірттерінің айналысып жүрген мәселелері, жер бетіндегі бүкіл мәселелерден де үлкен. Сондықтан, бұл дүниелік, тартымды болып көрінер мәселелерге қызығушылық таныту арқылы мәңгілікке ұласар ақыреттік міндеттеріңе зиян келтіріп алмаңдар. Миуа рисалесінің Төртінші мәселесін қайта-қайта оқыңдар, рухани күштерің

478БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИсарқылмасын. Әһл-и дүниенің (бұл дүниені ғана ойлаушылар) ең маңызды деген мәселелері, уақытша өмірдегі зұлымдық шашар «өмір-күрес» қағидасы. Қатыгез, мейірімсіз, діни құндылықтарды дүниенің жолында құрбан ететін мұндай ұстанымдары үшін Аллаһ олардың сол қылмыстарының ішіне бұл дүниенің өзінде рухани тозақ орнатуда.Рисалей-Нұр мен шәкірттерінің айналысып жүрген шаруасы, мәңгілік өмірді өзінің артына жасырып тұрған өлімнің әһли дүние үшін қорқынышты жендет, иманды жандар үшін мәңгілік бақыттың есігі екендігін екі жердегі екі төрт болатындай анық дәлелдеу. Және мұны осы уақытқа дейін дәлелдеп келеді. Қорыта айтқанда, Әһли далалет (адасқандар) фәни өмір үшін күресуде. Күрес жолындағы олардың ең үлкен мәселелері (уақытша болғандықтан) біздің ең кішкентай мәселемізге (мәңгілік мәселе болғандықтан) тең келмейді. Олар ақымақтық жасап, біздің ұлы мәселелерімізге мән бермеуде, олай болса, қасиетті борышымызға зияны тиер олардың болмашы мәселелеріне біз неге қызығушылық танытуымыз керек... аяты және Ислами бір қағида саналар қағидасы, яғни, «басқалардың адасуы, сіздердің тура жолда жүрулеріңізге кедергі келтірмейді. Сендер орынсыз жерде олардың адасуларымен әуре болмаңдар»... қағидасының мағынасы, «Өз ризашылығымен зиянға ұрынған адамға жақтасуға, жанашырлық танытуға болмайды». Мына Аят та, қағида да өз ризашылығымен зиянға ұрынған адамға жанашырлық танытуға болмайтынын айтып тұрғанда, біз де бүкіл күшіміз бен уақытымызды өз міндетімізді атқаруға жұмсауымыз керек. Одан басқа мәселелерге мән бермей, уақытымызды босқа өткізбеуіміз керек.Өйткені, қолымызда нұр бар, сойыл жоқ. Біз күш көрсетпейміз, бізге күш көрсеткендерге нұр көрсетеміз.Бұл ескертудің жазылуына себеп болған жағдайлардың бірі мынау еді.Бірде Рисалей-Нұр шәкіртінің біреуін сынап көрдім. Қазіргі са-яси жағдайларға деген көзқарасы қалай екен деп, бұғаздар жай-лы әңгімесіне орай екі нәрсе сұрадым. Берген жауаптарынан бұл

479БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАмәселелерге деген қызығушылығы байқалып тұрды. Жүрегім обал-ай деді. Бұл жағдайдың қасиетті міндеттерімізге зия-ны тиетіндігін айтып, қатаң ескерту жасадым Біздің қағидамыз екенін айттым. Егер адамдарға жаның ашыса, жоғарыдағы қағида оның аяуға лайық, немесе лайық емес екенін көрсетеді. Жұмақ өзінде адамдардың болғанын қалайды. Тозақ та адам қалайды.(Бесінші Шұға жеткізген хабарлар көрініс беруде)Саид Нұрси * * * * *Құрметті бауырларым! Мына нәрсені де нақты айта кетейін. Рисалей-Нұр Құранға тиесілі. Менің оған иелік етуге құқым жоқ. Мен сол нұрдың кемшіліктері көп қызметшісі және сол асыл тастар дүкенінің делдалымын. Менің шым-шытырыққа толы жағдайымның оған қатысы жоқ. Рисалей-Нұрдың бізге үйретер дәрістері – ықыластың сырлары мен менмендікті тәрк ету. Өзінің кемшіліктерін түсініп, мақтангершілікке бой алдырмау. Біз иманды жандарға өзімізді емес, Рисалей-Нұрдың рухани тұлғасын таныстырудамыз. Біз өз кемшілігімізді көрсеткен адамға рахмет айтамыз. (Ақиқатқа сай болса) Аллаһ разы болсын дейміз. Мойнымыздағы қарақұрт шақпай тұрып, алынып тасталса қуанамыз ғой. Кемшіліктерімізді мойындап, рахмет айтамыз.Құрметті бауырларым! Мен Соттағы мүдафатымда (қорғау сөз) «Олар маған тиесілі емес, мұндай кереметтерге иелік етуге менің құқым жоқ. Бұлар Құранның рухани мұғжизаларының тамшылары мен сәулелері, Құранның бір тәпсірі болған Рисалей-Нұрда кере-меттер ретінде көрініп, шәкірттерінің рухани күштерін арттыра түсу үшін берілген Аллаһтың жарылқаулары. Аллаһтың жарылқауларын айту шүкірді арттырады. Оларды айту дұрыс нәрсе, деген едім.«Бұларды неге сонша көп айтып кеттің» деген сұраққа байланы-сты тағы да тереңірек түсіндіру қажет болып тұр.

480БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИЖауап: Бүгінгі таңда мыңдаған бұзғыншыларға қарсы жүз мың түзетуші және менің жаныма жүздеген көшіруші-көмекші қажет болса да... Менен тартынып, қашу емес, халық пен әкімшіліктің қолдауы мен көмегі өте қажет. Иман қызметі бақи өмірге қатысты болғандықтан, бұны өткінші өмірдің күйбең тіршілігі мен пайдала-рынан артық көру иманды жандарға уәжіп болады. Өзімді мысалға алып, былай дегім келеді:Мені барлық нәрседен оқшаулап, көмекшілеріммен жүздесуге тиым салған қарсыластарымыз бүкіл күштерімен достарымның ру-хани күш-қуатын сарқуға тырысуда. Менен және Рисалей-Нұрдан суытуға әрекет етуде. Мен секілді қарт, ауру, әлсіз, кәріп жалғыз ба-сты жанға мыңдаған адамның атқарар міндетін артуда. Оқшаулау мен қысымдардың кесірінен, ауру адамдай, жұртпен кездесіп, жүздесуден тартынуға мәжбүр болдым. Халықты қатты үркіткені соншалық, ең жақын деген достардың өзі сәлем беруге қорыққан, тіпті кейбіреулері намазын тастауға дейін барған болатын. Осынша үрейлендіру арқылы рухани күш-қуатты сарқуға әрекет еткен еді. Бүкіл осы кедергілерге қарсы еріксіз, Рисалей-Нұр шәкірттерінің рухани күш-қуаттарын толықтыруға себеп боларлық Аллаһтың жарылқауларын баяндадым. Осылайша, Рисалей-Нұрға рухани тұрғыда мән беру және Рисалей-Нұрдың жеке-дара, басқаларға мұқтаж болмай-ақ қалың қолдың күшіндей қуатты екенін көрсету мақсатымен осындай нәрселер маған жаздырылып отыр. Әйтпесе, Құдай сақтасын! Өзімізді жарнамалау жұртқа жақсы көрінуге тырысу, мақтану Рисалей Нұрдың маңызды қағидасы болған ықылас сырын бұзу болып табылады. Иншаллаһ, Рисалей-Нұр өзін-өзі ақтап, өз қадірін көрсеткендей, бізді де қорғап, кемшіліктерімізді жоюға себеп болады.Қымбатты бауырларым, Рисалей-Нұр жазылмай тұрып, қырық жыл бұрын алдын-ала сездірді. Бұның ғажайып түрде өз бойым-да ауылымызда, және ауданымызда көрініс тапқанына рухани ескертудің арқасында енді толық көзім жетіп отыр. Шефик пен ба-уырым Абдүлмәжидке осы сырды ашқым келді. Қазір Аллаһ Тағала сіздер арқылы көптеген Абдүлмәжидтер мен Абдуррахмандарды жеткізгендіктен сендерге айтайын.Он жасымда мақтаншақтық, тіпті жұртқа жақсы көріну секілді бір сезімім бар еді. Өзімді үлкен іс бітірген батырдай сезінетінмін. Өз өзіме: «Сенің бес тиындық құның жоқ. Мына мақтаншақтығыңа,

481БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАәсіресе, асыра батылдығыңа жол болсын?» дейтін едім. Мұның сырын білмегендіктен таң қалып жүрдім. Бір-екі ай болды, әлгі таңқалыстың жауабы берілді. Рисалей-Нұр, өзін алдын ала сездірген екен. Сен, қарапайым отынның жаңқасы секілді дәнек кезіңде, тамаша жемістерді алдын ала сезіп, өз меншігіңдей мақтанатын едің. Біздің «Нұрс» ауылымыз, шәкірттерім, жерлестерім, асқан батылдық пен өжеттік көрсетіп мақтануды қатты ұнататын. Қамал бұзар батырлық көрсетуге тырысады. Мен, өзіме де оларға да қатты таңқалатынмын. Шынайы бір ескертудің арқасында енді біліп отырмын: әлгі бейкүнә Нұрстық жерлестерім (Нұрс ауылы) Рисалей-Нұрдың арқасында үлкен абыройға ие болады. Әлгі уәлаяттың, ауданның атын естімеген адам-дар Нұрс ауылының маңызын түсінеді екен. Осыны алдын-ала, сезіп, Аллаһ берген нығметтерге деген шүкіршілікті жай мақтаншақтық ретінде көрсетіп жүреді екен.................................................................................................................Cендерді, бұрыннан бергі шәкіртім және ескі достарым, бауы-рым Абдүлмәжид пен Абдуррахман деп білгендіктен бұл сырды сен-дерге айттым. Сезімталдығыммен және тұла бойымның ылғалдан әсерленуінен Аллаһтың мейірімі болған жаңбырды жиырма төрт сағат бұрын сезетінімдей, мен де ауылым да ауданым, да қырық төрт жыл бұрын Рисалей-Нұрдағы мейірімділік жаңбырын алдын ала сездік» дер едім. Бүкіл бауырларыма және жерлестеріме сәлем айтып, дұға етемін. Сіздердің, де дұға етулеріңізді өтінемін!Саид Нұрси* * * * *ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ ҚОЛБАСШЫ ӘРІ МӘРТЕБЕЛІ ТҰЛҒАНЫҢ МАҢЫЗДЫ ХАТЫНА ЕРІКСІЗ ЖАЗЫЛҒАН ЖАУАПАсыл, адал бауырым!Біз де сіздің Рамазаныңызды құттықтаймыз! Түстеріңіз өте жақсы екен. Бұл, иншаллаһ, Аллаһ Тағала сізді үлкен нығметтеріне бөлейтініне ишара. Менің ойымша, бүгінгі таңдағы ең үлкен нығмет, және міндет иманды құтқару және өзгелердің имандарын қуаттандыруға еңбек

482БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИету. Тек, менмендік пен тәкаппарлыққа жетелейтін нәрселерден ұзақ тұру қажет. Мына заманда ақиқат жолындағыларға менменшілдікті тастау және кішіпейілдік көрсету қажет. Бұл ғасырдағы ең үлкен қатер менмендіктен және мақтаншақтықтан туындайтындықтан, ақиқат пен хақ жолындағылар, өзінің кемшіліктері мен нәпсісін ұдайы сынап-мінеп отыруы керек. Сіз секілді, ауыр шарттар ішінде иманы мен құлшылығын қаһармандықпен сақтап қалу үлкен мәртебе. Сенің көрген түсіңнің бір мағынасы да осы тұрғыдан сені қуанту болып табылады. Рисалей-Нұрдың тариқатқа қатысты «Телвихат-ы Тисға» атты жинағын тауып алып оқыңыз. Сіз секілді қайсар, иманды да ақиқатшыл жандар Рисалей-Нұр шеңберіне кіріңіздер. Өйткені, мына ғасырда Рисалей-Нұр, барлық шабуылдарға қарсы төтеп берді. Ең қырсық дұшпандарының өзіне де емін-еркін оқылуын ресми түрде мойындатты. Тіпті, жоғарғы жақтағылар мен соттар екі жылдан бергі тексеріс нәтижесінде Рисалей-Нұрды мойындап, барлық кітаптарды иелеріне қайтарып беруге шешім қабылдады. Рисалей-Нұрдың жолы өзге тариқаттар, жамағаттар секілді жеңіліп қалмай, қайта табысқа жетіп, көптеген қырсықтарды иманға келтірді. Көптеген оқиғалар көрсеткендей, Құранның осы ғасырдағы керемет рухани мұғжизасы екенін дәлелдеді. Ал, осы шеңбердің тысында жүріп елге жеке-дара қызмет жасау, бидғаларға көз жұма қарау немесе әлсіздіктен үндемеу арқылы күн өткізу, я болмаса дінбұзарлыққа қарсы болмай, әртүрлі жорамалдар жасап, дін жолында қызмет еткен болып жүре беруге бо-латынын күнделікті оқиғалар көрсетіп отыр.Сізде үлкен қажыр-қайрат пен күшті иман бар. Шын ықылас пен кішіпейілдік және табандылық таныта отырып Рисалей-Нұрға шәкірт бол! Мыңдаған, бәлкім жүз мыңдаған шәкірттермен бірге ақыретке қатысты рухани ортақ байлыққа үлескер бол. Осылайша, жасаған игі істерің, жақсылықтарың жеке-даралықтан шығып, жалпыға ортақ, ақыретте ұтымды саудаға айналсын.Саид Нұрси* * * * *

483БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДААса құрметті, аса қадірлі, сүйікті ұстаз хазрет!Әлхамдулиллаһ, осы жыл Спартадағы шәкірттеріңізді дүниелік істер бейқамдыққа салмады. Нұр қызметі жолындағы қажырлылығы-мыз шынайы түрде жалғасып келеді. Әрқайсысымыздың жүректеріміздегі Нұрға деген ықылас жүзімізден байқалады. Бейне бір шәкірттеріңіздің жүректері қуанышқа толып-тасып жатқандай. Сүйікті ұстаз, бүкіл шәкірттеріңіз бірауыздан былай деуде: Лайық болмасақ та Нұр қызметіне жүгіртіп жатыр. Біртуар бір ұстазға шәкірт, хатшы, сұхбатшы әрі күрескер, әрі насихатшы, әрі Жарату-шы Хаққа құл болу секілді жағдайлардың барлығын бізге берген Алла Тағалаға қаншалықты шүкір етсек те аз. Осылай шүкір етудің өзі, Жаратушымыздың мейірімімен жүрегімізге жеткен сый-сыяпаты екенін еске алғанда шәкірттеріңіздің жүрегін қуаныш пен шаттық кернейді.Бейкүнә Нұрстықтардың ұстазымыздың кішкентай кезінде шүкіршілікпен өткізген өмірлері біздің жүріс-тұрысымыздан байқалады. Шексіз шүкір мен соңсыз мадақ Аллаһ Тағалаға болсын, бізді надандықтың қараңғылығынан, күпірлік пен бұзақылықтың батпағынан мейірімділігімен, жомарттығымен шығарып, жанарлар-ды қаритын ең жарық Нұрға шәкірт атандырды. Егер сүйікті ұстазымыз, «Иктиран» деп аталатын екі нығметтің қоса келетінін бізге бұрынақ айтпағанда, қарыздар болғанымызды жүректеріміздің тілі болған жазғандарымыздан оқитын еді.Сүйікті ұстаз, біз өзімізді Рисалей-Нұрға лайық санамаймыз. Осыған қарамастан, мұқтаждық күшейген сайын, Халиқ-ы Рахимның мейірім төгіп тұрғандығына куә болып отырмыз. Ұстаздың жүрегі-жарқыраған айна, шағылыстырушы. Ұстаздың тілі – көркем, шешен, жол көрсетуші. Ұстаздың жүріс-тұрысы ең әдемі үлгі-өнеге, мы-сал. Адамзаттың мұқтаждықтары жазылып, көрсетілуде. Міне, жеті жылдан бері отқа оранған адамзаттың хәлі, бүгін одан сайын ауыр жағдайға килігіп отыр. Әрбір саналы жан, апырм-ай ертең не болады екен деп, құлақтарын радиоға тосуда, қатты алаңдауда. Шығыста жа-пондар жеңілгеннен кейін, әлемнің тыныштыққа қауышатынын күтіп

484БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИотырғанда, солтүстікте Тажалдың әрекетіне ұқсас жағдай байқалды. Бұл жағдай барша жанды үрейлендіруде. Жарқын болашақтың түнекке кеткенін ойлап, тағы да радио тыңдауға жүгіруде. Құдайға шүкір, Рисалей-Нұр өзінің асқақ үндеулерімен рухтарымызды саба-сына түсіруде. Шынайы дәрістерімен көңілдерімізді көншітуде. Міне, бүгінгі күні пайда болған осы қорқынышты ағымды, христиан әлемі мұсылмандармен ынтымақтасу арқылы ғана яғни Інжіл, Құранмен ынтымақтасып, Құранға мойынсұнудың арқасында қол жеткізетін күш-қуат арқылы жеңе алатынына ишарат етіп отыр. Хазірет Исаның (а.с.) оралатын уақытының келгенін ишари мағыналармен ескертуде. Естуімше, бүгінгі күні Америка, әлемнің төрт бұрышына жіберген төрт топтың біреуіне қазіргі адам баласынының бақытын қамтамасыз ететін таза дінді іздеуді жүктеген екен. Ал, өзінің мүжеддид екенін сот арқылы шар тарапқа паш етіп отырған Рисалей-Нұрдың осын-дай азап шегіп, қиыншылықтарға душар болып отырған адамзатқа ең үлкен бақыт болатынына сеніміміз өте мол.Сүйікті ұстаз қасымызда, ең асқақ ақиқаттарға ие және Құранның ең жоғары, мүбәрак тәпсірі болған Рисалей Нұр қолымызда тұрғанға қуанышымыз шексіз, оны шектеу мүмкін емес. Міне, осы ақиқаттардың бәрі де іс-әрекетке көшсе, барлық жер-де өзін құмарта, қызықтыра оқытады. Бұған анық айғақтар өте көп. Әсіресе, қайта тірілуді, хаширді жоққа шығару пікірін жеңген «Оныншы Сөздің» баспадан шығуы, жасырын басылғанымен, емін-еркін оқылып жатқан және иманды қуаттандыру жолында ғажайып кереметтерге ие болып отрыған «Аят-үл Кубра» жинағы, Құдайды жоққа шығару пікірін жермен жексен еткен «Хүджетүл Балиға» мен «Миуа рисалесі» секілді жинақтар ортада. Иншаллаһ, Рисалей-Нұр Құранның айналасын торламақшы болған имансыздықтың қорғанын түбінен қопарады. Имансыздықтың зұлмат жалынын сөндіріп, бүкіл әлемге тіршілік нәрін сыйлаған кәусәрін имани сусын етіп ішкізеді. ШәкіртіңізХУСРЕВ* * * * *

485БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАҚұрметті де адал бауырларым!Сендерді, мейрамдарыңмен қайта-қайта құттықтаймыз! Сендердің ақылдарыңа сенім арта отырып, өте маңызды екі мәселені, Рисалей-Нұрдың көптеген жерлерінде кездескендіктен, қысқаша айтайын:Біріншісі, Рисалей-Нұрдың шынайы бір шәкірті және Құранның хатшысы, осы жолғы жазған хатында, маған деген шектен тыс көңіліне сүйене отырып бір шындықты сұрап отыр. Рисалей-Нұрдың рухани тұлғасының өте маңызды және қасиетті міндетін, және пайғамбарларға ізбасар болудың өте асқақ міндеттерінің біреуі менің қарапайым тұлғамда, көрініс бергендіктен, ұстазы болғандығымнан маған рухани ретінде қарағысы келеді екен.Алдымен айтарым, мәңгілік ақиқаттар өткінші тұлғаларға негізделмейді. Негізделсе, ақиқатқа зұлымдық жасалған болып есептеледі. Барлық жағынан кемелденіп, жалғаса беретін бір міндет, шіруге, күйреуге дайын тұлғаларға жүктелмейді. Жүктелсе міндетке зарар берген болып есептеледі.Екіншіден: Рисалей-Нұрдың жазылуы, тек оны жеткізушінің пікірімен немесе оның рухани мұқтаждық тілімен Құраннан туындаған тек осы жеткізушінің қабілетіне қаратылған фейз емес. Қайта жеткізушінің тыңдаушылары мен Құран дәрісінде достары болған ықыласты, табанды да сенімді тұлғалардың әлгіндегі фейзді іштей қалаулары, қабылдаулары, мойындап іске асырулары. Осын-дай көптеген тұрғыдан алғанда жеткізушінің қабілетінен бұрын солар Нұрлардың жазылуына себеп болуда. Сондықтан, Рисалей-Нұрдың және шәкірттерінің рухани тұлғасының ақиқатын солар қалыптастыруда. Жеткізушінің де өз үлесі бар. Егер ықылассыздық жасап бұзып алмаса, бастаушы деген абыройға ие бола алады.Үшіншіден: Бұл заман жамағат заманы. Жеке тұлғалардың даналығы қаншалықты керемет болғанымен, жамағаттың рухани тұлғасынан туындаған даналыққа тең келе алмайды. Сондықтан, әлгі мүбәрак бауырымыздың жазғанындай, Ислам әлемін нұрландыратын

486БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИжәне қасиеті күшті дананың нұры болған иман қызметі, дұшпандары көп және оны қорлап төмендеткісі келетін қырсық қарсыластары мол бейшара, әлсіз бір жанның мойнына жүктелмейді. Жүктелген күннің өзінде де, әлгі кемшілігі мол жанды дұшпандары күйзеліске ұшыратар болса, ол жүк жерге түсіп шашылып қалар еді.Төртіншіден: Баяғыда көптеген кісілер, ұстазын немесе мүршидін, мұғалімін немесе басшысын өз дәрежесінен артық жақсы ойлаулары олардың берген сабағы мен нұсқауларын пайдалануға себепші болуы тұрғысынан ғана әлгіндей жақсы көрулерді белгілі бір дәрежеде қабылдаған еді. Бұл әдетке қайшы нәрсе деп, қатты сын айтылмаған. Алайда, қазір Рисалей Нұр шәкірттеріне лайық ұстазға сай асқақ мәртебе мен парасаттылықты, кемшілігі мол бейшара тұлғамда көргендіктен тек ынта-ықыластарын арттыру мақсатымен, мұндай шектен тыс жақсы көрулерін қабылдауға болады. Бірақ, Рисалей-Нұрдың рухани тұлғасының туындысы ретінде қолымда ұстап отырмын деп сезіну керек. Алайда, дінсіздер мен саясатшылар, бастаған ғапылдардың, тіпті ашық ауыз діндарлардың жеке тұлғаға көп мән берулері дұрыс емес. Олар жеке тұлғаны төмендету арқылы ақиқаттарға соққы бермекші. Бұл Нұрларға, мен секілді бір бейша-раны негіз деп біліп, бар күштерімен мені күйретіп, әлгі нұрларды сөндіруге және ақкөңіл аңғал жандарды сендіруге әрекет етуде. Екінші мәселедегі бір оқиға осы ақиқатты көрсетіп отыр.Екінші мәселе: Айттың екінші күні дем алу үшін қырға шыққан кезімде маңызды бір қызметкердің бес тұрғыдан заңсыз әрекеттеріне ұшырадым. Аллаһ Тағаланың мейірімі жомарттығы мойныма жүктеген Рисалей-Нұр қызметін, және шәкірттердің ру-хыма, жүрегіме артылған ар-намыстарын сақтау үшін ерекше төзім мен сабырлылық сыйлады. Әйтпесе, құрған тұзақтары арқылы мені ашуландырып, Рисалей-Нұрдың, әсіресе Аят-үл Кубраның табысты болуына қарсы шара жасамақшы болғандары анық. Сақ болыңдар, ешқашан мұңаймаңдар, уайымдамаңдар, саспаңдар, маған жандарың ашып күйзелмеңдер.Шүбәсіз Аллаһ Тағаланың мейірімділігі бізді сақтау арқылыаятының сырына бөлесін. Олардың құрған тұзақтары бәрібір босқа кетті. Алайда, осы уәлаятта жоғарғы жақтан тікелей қолдау алып мені түртпектегендер бар. Егер

487БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАмүмкін болып жатса, бұл жердің ауа-райына үйрене алмағандығымды айтып, Денізлі соты мен Анкараның касациялық соты арқылы басқа бір қолайлы жерге көшіруін сұраймын. Мұны өзім істей алмайтындықтан, маған қарайласып жүрген Денизлілік достарым әрекет етсе жөн болар еді. Тым болмағанда бір сылтау тауып, сол жердің абақтысына, алса деймін. Саид Нұрси* * * * *Әзиз, адал, төзімді, ықыласты бауырларым!Менімен моральдық та, материялдық та тұрғыдан араласып жүргендер өте маңызды сұрақ қойды: «Неге ешкімнің істемегенін істеп, өзіңе көмек бергісі келген маңызды күштерге мойын бұрмайсың? Қанағатшылдық көрсетесің? Рисалей-Нұрдың тара-луына, жайылуына құштарлықпен ұмтылған Рисалей-Нұрдың хас шәкірттері бірауыздан ұсынған жоғары дәрежені қабылдағыңыз келмейді? Қатты тартынудың себебі не?»Жауап: Мына заманда иманды жандар әлемде ешбір нәрсеге тәуелді, құрал, баспалдақ болмайтын бір ақиқатқа мұқтаж, оны ешқандай өшпенділіктер мен мақсаттар кірлете алмайды. Ешқандай шүбә мен философия оны жеңе алмайтын имани ақиқаттарды жеткізуі керек. Бүкіл иманды жандар мың жылдан бері жиналып қалған дінсіздердің шабуылынан имандарын сақтап қалуы керек. Міне, осы тұрғыдан Рисалей-Нұр, ішкі және сыртқы көмекшілер мен маңызды күштерге назар аудармайды, оларды іздеп тәуелді болмай-ды. Осылайша, бұқараның, иманды жандардың назарында дүниелік өмірдің кейбір мақсаттарына шығар баспалдақ болып көрінбесін дейді. Бақи өмірден басқа ешнәрсеге құрал болмағандықтан, ерекше күші мен асқан ақиқаты, күдік күмәндардың бетін тойтарып тұр.Сұрақ: Алайда, бүкіл ақиқатшыл жандар қалаған және шынайы бауырларымыздың игі оймен сізге берген рухани, нұрлы мақамдар мен ақыреттік мәртебелер ықыласыңызға нұқсан келтірмейтініне

488БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИбұлтартпастай айғақтар мен дәйектер бола тұра, кішіпейілдік көрсетпек түгіл ол бауырларыңның ренжігеніне қарамай сол дәрежелер мен мәртебелерден неге қашасыз?Жауап: Жанқияр ер азамат, өзінің достарын құтқару үшін жа-нын пида етеді. Сол сияқты Рисалей-Нұрдан алған мейірімділік сабақтарының арқасында иманды жанның бақи өмірін қауіпті дұшпандардан сақтап қалу үшін қажет болса (қажет болып та тұр) лайық болмаған әлгі дәрежелер тұрмақ, тіпті шынайы бақи өмірдің дәрежелерін де пида етуге дайынмын. Иә, әр қашанда, әсіресе мы-надай заманда оның ішінде дінсіздіктен туындап белең алған, жалпылық сипатқа ие болған ғапылдық кезеңде, саясат пен филосо-фия өршіп, менменшілдік пен өзімшілдік жайлаған ғасырда, жоғары мәртебелер барлық нәрсені өзіне тәуелді әрі баспалдақ етуде. Тіпті, дүниелік мәртебелер үшін дінін сатады. Рухани мәртебелер болса, көбіне құрал болады. Жұрттың көзіне түсу және әлгі мәртебелерге сай екенін көрсету үшін кейбір қасиетті қызметтер мен ақиқаттарды баспалдақ, құрал ретінде пайдаланып жатыр деген күдік туғызып, айтқан ақиқаттарына да күмән келетіндіктен мәртебелердің пайдасы болмайды. Мәртебенің жеке тұлғаға пайдасы біреу болса, жалпыға берер зияны мың болады.Сонымен, шынайы ықылас мені, атақ-даңққа, материялдық және рухани мәртебелерге себеп болар барлық нәрседен тыйып отыр. Нұр қызметіне, зияны тиуі мүмкін. Бірақ, санның сапаға қарағанда құны болмағандықтан, шынайы қызметші ретінде он адамға иман ақиқаттарын шын ықыласпен түсіндіру-үлкен әулиенің мыңдаған адамға сабақ беруінен әлдеқайда маңызды деп білемін. Өйткені, он адам әлгі ақиқатты барлық нәрседен артық санағандықтан тұқым секілді болған жүректері бір-бір ағаш бола алады. Бірақ мыңдаған адам дүниеден және философиядан туындаған күмәндар мен шүбәлар арқылы әлгі әулиенің айтқандарына, «ерекше мәртебесінен және жаратылысынан шығып отыр» деген назармен қарап, кез келген сәтте одан беті қайтып қалуы мүмкін. Сондықтан, қызмет етуді қол жеткізген мәртебелерден артық санаймын.Дұшпандарымның айдап салғанына еріп, айт күні маған бес тұрғыдан заңсыз, сатқындық жасаған әлгі адамның басына бір бәле келмесе екен деп уайымдадым. Өйткені, бұл мәселе ұлғайып кеткендіктен, қарапайым халық маған мәртебе беріп, таңғажайып бір

489БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАкеремет көргендей болып жүрмесін деп, «Иә, Жаратушы Ием, мына пендеңді тәрбиеле немесе жазасын бер. Бірақ, мынадай таңқаларлық түрде болмасыншы!» деп дұға еттім. Осыған қатысты бір нәрсені айта кетейін: Бұл жолы соттан маған қайтарылған шәкірттерімнің хаттарының арасында үстінде көптеген қолтаңбалар бар бір хатты көрдім. Лахикаға енген шығар бәлкім. Рисалей-Нұр шәкірттерінің күнкөріс тұрғысындағы берекетке және кейбіреулерінің тартқан сазайларына қатысты оқиғалар еді. Мұнда да Кастамонудағы сазайын тартқандар секілділер бар. Мұнда да бес адам сазайын тартты.Саид Нұрси* * * * *СТАМБУЛДАҒЫ КОММУНИСТЕРГЕ ҚАРСЫ ЖАСАЛҒАН ОҚИҒАНЫ КӨРГЕН РИСАЛЕЙ-НҰР ШӘКІРТТЕРІНІҢ ХАТЫНАН ҮЗІНДІҚымбатты бауырларым! кеше, Нұрдың рухани жеңісі бүкіл айбын–дылығымен, ауқымды түрде Стамбұлда көрініс берді. Күпірлікті бүкіл әлемге, әсіресе, Ислам әлеміне орнықтырғысы келген бір ұйым және олардың пікірін таратушы екі газеттің баспаханасы мен кітапханасының күл-талқаны шыға қиратылды. Дінсіз қылдық, ком-мунист болды деп ойлаған жастар мен студенттердің ауыздары мен іс-әрекеттері арқылы айыптауларға ұшырады. Коммунизм жойыл-сын деп айқайлады. Бұл ұйым мыңдаған лира материалдық және миллиондаған лира да рухани зиян шекті.Ей, Нұршылар! Қазір материалдық мүмкіншіліктер болмай тұр деп қиналмаңдар! Нұрдың табысқа жетуі кең шеңберде жалғасын табуда. Жалпылық табысқа жетіп келе жатыр. Һәза мин фазлы Рабби.* * * * *

490БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИӘзиз де адал бауырларым!Бірнеше айдан бері маған қарсы құрған жоспарлары белгілі болып қалды. Аллаһ Тағаланың қамқорлығы арқасында әлгіндей қауіп жиыр-ма есе азайды. Әдеттегідей мешітке баратынмын. Шәкірттерім маған айтпастан, намаз оқып жүрген жерде мені тоңдырмау үшін күркешік жасап қойыпты. Мен де ол жерге бармауға өз-өзіме серт еткеніме төрт-бес күн болды. Әлгі полицияның бастамасымен күркешікті алып тастады. Маған да ресми түрде «Мешітке бармайсың!» деп ескертті. Бірақ, түймедейді түйедей етіп дабыра қылды. Еш маңызы жоқ, бұған қам жемеңдер. Менің ойымша, маған деген халықтың шектен тыс сүйіспеншілігін азайту үшін осындай себептермен тиісуде. Баяғы кезімдегідей, мұндайға төзбейді деп ойлайды. Алайда, Рисалей-Нұрдың таралуына кедергі болмаса болды, күніне мың рет қорлап, ке-лемеждесе де Аллаһқа шүкіршілік етемін. Менің мән бермегенімдей, бұл жердегі шәкірттерім де еш қаймығып жатқан жоқ. Көптен бері күтіп жүрген бұл оқиға да Аллаһтың жәрдемімен жеңіл өте шықты.Бүкіл бауырларыма сәлем айтып, дұға етеміз.Саид Нұрси* * * * *ҰСТАЗДЫҢ, НҰР ШӘКІРТТЕРІН РИСАЛЕЙ-НҰРДАН СУЫТПАҚШЫ БОЛҒАНДАРДЫҢ АЙЛА-ШАРҒЫЛАРЫН ТҮСІНДІРІП, МҰНДАЙЛАРҒА ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРУ КЕРЕКТІГІ ЖАЙЛЫ ЖАЗҒАН БІР ХАТЫҚымбатты да адал бауырларым!Өте маңызды бір мәселені (бұдан бұрын сендерге қысқаша айтылған мәселе) тағы да айтуға күшті бір рухани ескерту алдым. Ол мынау:Жасырын жаулар, мүнафықтар, күні бүгінге дейін сотты, сая-сат пен әкімшілікті дінсіздік жолда пайдаланып, бізге жасаған ша-буылдары босқа кетті. Рисалей-Нұрдың жайылуына пайдасы тиген

491БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАескі әдістерін қойып, енді шайтанның өзін таң қалдырар бір жоспар құрып жатқандықтарының белгілері көрінді. Әлгі жоспарларының ең маңыздысы хас, табанды бауырларымызды суыту, немқұрайдылыққа салу, мүмкін болса Рисалей-Нұрдан бас тартқызу. Бұл жолда өтірік пен әзәзілдік тәсілдер қолданып жатқандығы соншалық, бұған шыдас беру үшін Спарта мен төңірегіндегі «Гүл» және «Нұр» фабрикасының қаһарман шәкірттері секілді болаттай беріктік, темірдей төзімділік пен ұстамдылық, адалдық қажет. Кейбіреулері дос көрініп келіп, қорқыту қолынан келіп жатса, түймедейді түйедей етіп күмән туғызуда. «Ой-бай, тыныш жүріңдер! Саидке жоламаңдар! Өкімет бақылап жүр» деп әлсіздерді Рисалей-Нұрдан бас тартқызуға тырысып жатыр. Тіпті, кейбір жас шәкірттерге, сезімдерін қоздыру үшін жас қыздарды соңдарынан салып қойған. Тіпті, Рисалей-Нұрдың хас шәкірттеріне де менің кемшіліктерімді көрсетіп: «Біз де мұсылманбыз, дін тек Саидтың ұстанымына тән нәрсе емес» деп, бізге жең ішінен жұдырық түйген дінсіздер мен анархияны қолдаушылардың сойылын соғып, ашық ауыз молдаларды да пайдаланып жатыр. Мұндайларға «Біз Рисалей-Нұрдың шәкірттеріміз. Саид те біз секілді бір шәкірт. Рисалей-Нұрдың қайнар көзі, негізі Құран. Жиыр-ма жылдық тексеріс пен бақылаудан өту арқылы өзінің құнын, жеңісін ең қырсық дұшпандарына да дәлелдеп берді. Оның жеткізушісі және қызметшісі Саид қандай жағдайда болмасын, тіпті Құдай сақтасын, Рисалей-Нұрға қарсы келіп жатса да, біздің Рисалей-Нұрға адалдығымыз, бен табандылығымызға Иншаллаһ зәредей нұқсан келтірмейді» деп, есікті жауып тастаңдар. Мүмкін болғанынша Рисалей-Нұрмен шұғылдану, қолынан келгенінше жазу мен айналысыңдар. Байбалам салып, азғырушыларға мән бермеңдер. Алайда бұрынғыдай мұқият болу керек.Барлық бауырларыма сәлем айтып, дұға етеміз.Саид Нұрси* * * * *Отанымыздың, халқымыздың үлкен күш-қуаты болып тұрған, Ис-лам әлемінің елімізге деген сүйіспеншілігін , құрметін, бауырластығын бұзып, оларды бізден суытып, жиіркендіріп жіберу үшін, сая-сатты дінсіздік жолға пайдаланып, астыртын ғана күпірлік пен құдайсыздықты орнықтырғысы келгендер билікті алдап, әділет орын-

492БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИдарын осымен екінші рет жаңылдырып, «Рисалей-Нұр шәкірттері дінді саяси мақсаттарға пайдалануда, елдің тыныштығына қауіп төндірулері мүмкін» - дейді. Ал елімізге моральдық та материялдық та береке сыйлап, аянбай еңбек етуші, Ислам әлемін ойландырып жүрген ақиқаттарға толы және Құранның отыз үш аятында ишара етіліп, Хазіреті Али (р.а.) үш рет ғайби түрде, ал Ғаус Ағзамның нақты хабарлары арқылы белгілі болып отырған Рисалей-Нұрдың саясат пен ешқандай байланысы жоқ. Рисалей-Нұр абсолюттік күпірлікті талқандап, Құдайсыздықтың іргетасы болған анархияны және оның бет пердесі болған диктатураны түп-тамырымен қопарып, олардың теріс екендігін көрсетіп берді. Елдің ішкі тыныштығын, қауіпсізідігін, еркіндік пен әділдікті қамтамасыз етеді. Ендігі жерде елді басқаруға кедергі келтіруде деген сылтаулармен Рисалей-Нұрға тиісуге бол-майды. Енді оған ешкімді сендіре алмайды. Бірақ мүнафықтар бұдан екі жыл бұрын Стамбулда және Денізлі төңірегінде Рисалей-Нұрға қарсы жасалған әрекеттер секілді, айла-тәсілдерін өзгертіп, дінді қалқан қылып, кейбір ақкөңіл молдаларды, бидғат шығарғыштарды, менменшіл сопыларды алдарқатып, құйтырқы әрекеттерге баруы мүмкін. Инша Аллаһ мақсаттарына жете алмас.* * * * *Рисалей-Нұр берекелі отанымыздың рухани құтқарушысы болғандықтан, бүгінгі таңда екі сұмдық рухани бәлені тойтару үшін баспа арқылы таралып, дәріс беретін уақыт келді, немесе жақындап келеді деп ойлаймын.Әлгі сұмдық бәленің біріншісі: Христиан дінін аяққа ба-сып, анархияны әкелген, солтүстіктен шыққан алапат дінсіздік ағымының, елімізді рухани түрде жаулап алуына қарсы Рисалей-Нұр Зұлқарнайнның қорғаны іспетті, Құрани қорған болу міндетін атқаруы мүмкін.Екіншісі: Ислам Әлемінің мына береке қонған еліміздің халқына таққан айыптары мен кінәраттарын тоқтату үшін, баспасөз арқылы жар салу керек деген ескерту келді жүрегіме, (Сілтеме ) *Сілтеме*:Бұл ақиқат, он жылдан кейін Рисалей-Нұр Анкарада басылып шығуы арқылы нақтылана түсті.

493БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАМен әлемде не болып жатқанын білмеймін. Бірақ Евро-пада басқыншыдай үстемдік жүргізуші және көктен түскен діндерге сүйенбейтін осынау қорқынышты ағымның шабуы-лына қарсы Рисалей-Нұр ақиқаттары қорған болуда және Ис-лам Әлемінің, Азиядағы елдердің бізге таққан айыптаулары мен кінәраттарының бетін қайтарып, бұрынғыдай сүйіспеншіліктері мен бауырластықтарын қайта жандандыруға себеп болған Құранның бір мұғжизасы. Еліміз бен халқымыздың отан сүйгіш саясаткерлері тез арада Рисалей-Нұрды бастырып, ресми түрде таратулары тиіс. Сонда ғана осы екі пәлекетке қарсы тұруға болады. (Сілтеме )** * * * *ТОСЫННАН ЕСКЕРТІЛДІ ДЕ ЖАЗУҒА МӘЖБҮР БОЛДЫМБауырым, мені кемсітіп, беделімді түсіру арқылы жұрттың маған деген сый-құрметін әлсірету үшін жасырын әрекеттер жасалып жатқандығы енді анық байқалуда. Барлық достарымды қорқытып-үркітуге әрекет етіп жатыр. Алайда Сикке-и Тасдик-ы Ғайби кітабы олардың бүкіл азғыру жоспарларын жермен-жексен етті. Жалпы, дінсіздік мақсатпен маған жасалған кемсіту, қорлау әрекеттері мені біршама азапқа салады. Ескі Саидтан қалған кейбір сезімдеріме бата-ды. Брақ Рисалей-Нұрдың керемет табыстарға жетуі және шәкірттері ақиқатшыл жандар мен руханилердің және періштелердің назарында құрметтеліп, мейрімділікпен марапатталып жатқанда жеке басымның кемсітіліп, қорлануының масаның қанатындай да құны жоқ. Әлгі бақытсыз опасыздардың, діндар ғалымдардың діндар болғаны үшін ғана беделін түсіруге тырысуы дінге жасалған опасыздық. Сондықтан олар руханилер мен періштелердің және ақиқатшыл, иманды жандардың назарында малғұн болып саналады. Олар бетімен Сілтеме**: Мұндай абыройлы атаққа және Ислами қызметке жаңа үкімет қана қол жеткізді. Түсіністікпен қарап, 1956 жылы Рисалей-Нұрдың басылып шығуына себеп болды. Осылайша, Мұсылман халықтың сүйіспеншілігіне ие болды.

494БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИкеткен бұзғыншылардың мыңнан бірінің ғана мақтауына ие болулары мүмкін. Олар мені кемсіту арқылы Рисалей-Нұрдың беделін түсіреміз деп ойлайды. Рисалей-Нұрдың менен шығып жатқанын ойлап, менің беделім түссе Рисалей-Нұрдың үні өшетіндей көріп, ақымақтарша әрекет етуде. Менің жеке басыма тиісуде.Менің де оларға айтарым: Ей дінсіздіктің сойылын соғып, маған опасыздық жасап, кемсітуші бейшаралар! Анық бір хабарды жеткізіп қояйын. Жақында тәуба етпейтін болсаңдар, басқаша құтылудың ша-расы жоқ. Ажал деген баскесердің қолымен өлім атты дар ағашына асылатын боласыңдар! Зымияндыққа толы рухың да жалғыз өзі тар қапасқа қамалып, иманды жандар мен руханилердің қарғысына ұшырайды! Егер тәуба етпесеңдер менің кегім еселеп алынатынын білгендіктен, сендерге ашумен емес аянышпен қараймын!Сен сияқты шыбынның қанатына да татымайтын біреулердің Рисалей-Нұрды бүркемелеуге әрекет етулері оның беделіне мысқалдай да зиян бере алмайды. Жүз мыңдаған адам сол арқылы имандарын құтқарғандықтан оны жан-тәнімен құрметтеуде, мақтан тұтуда. Ал жеке басымның ренішіне келер болсақ, бір-екі минуттық ашу шақырып, қапаланудың есесіне керемет жұбаныш сезімі билейді. Сендердің кемсітіп қорлауларың мың есе артып кетсе де әлгі жұбаныш сезімін сөндіре алмайды. Өйткені Рисалей-Нұрдың бізге жеткізуі бойынша, дінсіздікті көксеп, бізге қастық қылғандар мәңгі азап пен тар қапаста сазайын тартатын болады. Ал Рисалей-Нұр арқылы иман-дарын құтқарған шәкірттер ажал арқылы өз міндеттерінен құтылып, мәңгі бақытқа жолдама алып, соңсыз құрмет пен мейірімділікке және сый-сыяпатқа бөленетіндігін философтардың үнін өшіретін мыңдаған айғақтар арқылы баяндаған болатнбыз.Жаңа Саид та Ескі Саид секілді құрмет пен атақ-даңқты қаламайды. Ондайға түбегейлі қарсы, мүлде қаламайды. Сондықтан жиырма жылдан бері оқшау өмірді таңдаған.Егер, әкімшіліктің мүддесін көздеп оның ықпалын жою және жал-пы қауымның алдында беделін түсіру үшін әрекет етіп жатсаңдар, онда қатты қателесесіңдер... Екі жыл бойы үш сот, жиырма жылда жазылған жүз жиырма кітабынан, жүз жиырма мың Рисалей-Нұр шәкірттерінен бүлікке, төңкеріске себеп болар немесе жауапкершілікке тартар және отан мен халыққа қарсы келетіндей ешнәрсе таба алмады. Біз мұны өзіміздің ақталып шығуымызбен дәлелдедік. Олардың Рисалей-Нұр

495БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАтуындыларының барлығын қайтарып беруі де бұған айғақ болады. Сонымен, сендерге мынаны қатаң ескерткім келеді: дінсіздікті көксеп бізді қорлағандар, отанға да халыққа да тәртіп пен жүйеге де қарсы бейбастақтықты қолдауда. Шетелдік залым дұшпанның айтақтауымен мені қандай да бір шу шығарту үшін қинап жатырсыңдар. Осылайша сол ұйымның іске араласуын қамтамасыз етпексіңдер... Сондықтан, барлық қорлық пен зорлыққа бес тиындық та көңіл аудармаймын. Қоғамдағы тұрақтылықты сақтау үшін төзімділік пен сабырлық танытуға шешім қабылдадым. Әлбетте, дүние тұрақты емес ондағы оқиғалар да сапырылысып аумалы-төкмелі болып, ұдайы өзгеріп оты-рады. Бірнеше сағаттық қылмыстық істің бұ дүниелік те ақыреттік те мыңдаған тозақи азап берер кесірлері бар.Сол кезде, қазір бізге қарсы болғандар, жүз мың рет өкінетін боласыңдар. Бірақ одан пайда жоқ. Ресми мекемелерге және бізді бақылап, қадағалап жүрген қызметкерлерге айтқанымдай, сендер секілді бейбақтарға былай деймін: Біз Рисалей-Нұр арқылы еліміздің болашағын екі үлкен қауіптен сақтап қалуға еңбек етіп жатырмыз. Мұны іс жүзінде де тіпті, сотта да дәлелдегенбіз.Бірінші қауіп: Сырттан бар күшін салып, бұл елге кіргісі келіп жатқан анархияға қарсы елімізге қорған болу.Екінші қауіп: Үш жүз миллион мұсылманның бізге деген ренішін, бауырына деген сүйіспеншілікке айналдыру арқылы, елімізді арқа сүйер үлкен күшпен қамтамасыз ету.Афион қаласының Полиция төрағасына айтарым: Төраға мыр-за! Маған атам заманнан бері, әлем естіп-көрмеген осыншалықты заңсыз, мағынасыз және негізсіз зорлық-зомбылық жасап жатса да бұған неге мән бермейсіз? Бір ғана мысал:Мешітке, ілуде бір жамағаттың сауабын алу үшін барсам да, бір-екі адамнан басқа ешкімді қасыма алмасам да, ресми түрде, «Мешітке үзілді-кесілді бармайсың!» деген сөзді ауру, қарт, айдауда жүрген жарлы адамға қандай заңға сүйеніп айтып отырсыз? Қандай негіз бар? Мені тоңдырмау мақсатымен мешіттің бостау бір жеріне бір-екі тақтай мен кілемнен құрастырылған екі кісілік күркешікке бола сонша маңызды мәселе тәрізді дау көтеріп, мені және халықты дүрліктіру қандай заңға сүйеніліп жасалып отыр? Қандай логика бой-ынша атқарылып отыр? Сендерден осының жауабын сұраймын.

496БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИМені осыншалықты кемсітіп, қорлағандардың ешқандай дәлелдері жоқ. Тек жұрттың сүйіспеншілігін желеу етіп, осы айдаудағы адамға неге құрмет көрсетесіңдер? деп отырсаңыздар. Мен де былай деймін:Менің өзіме халықтың құрметпен назар аударуын қаламайтын–дығымды, одан бас тартатындығымды бүкіл достарым біледі. Мен, өзім туралы басқалардың жақсы ой-пікірлерін қабылдамасам да, менің еркімнен тыс, өзгелердің ой-пікірі үшін мені қандай заң жауапқа тартуы мүмкін? Тіпті, халықтың маған деген осы таза көңілі ақиқат болса да, одан халқымыз бен отанымызға пайдасы болмаса, қауіп жоқ қой. Сондай-ақ, егер, бұның біршамасын қабыл еттім делік. Сон-да, суық бір бөлмеде оқшау өмір кешкен қарт, ауру, жарлы біреудің аса қажетті шаруаларына көмектесіп жүрген бір-екі кісінің достық ниетін қабылдауының не сөкеттігі бар. Бұған қандай заң қой дейді? Мені бір-екі жұмысшы баладан басқа ешкіммен араластырмау шара-сы қандай заңның аясында атқарылуда? Әлгі жұмысшы балалардың да әр уақыт қолдары тие бермейтіндіктен өз ісімді өзім атқаруға ша-мам келмей жатыр. Бұл жағдайды әлбетте, осы мемлекеттің полиция-сы мен үкімет орындары назарға алуға міндетті. Сіздің назарыңызды аударар деп айтып отырмын.Әмірдағында бәрінен оқшау отырғанСаид Нұрси* * * * *Құрметті де адал, өте бақытты бауырларым!Қызыл Ресейден шапшыған қызыл жалын мен қызыл ұшқындар, әлем атты қаланың көшелерін бірінен кейін бірін өртеп, жалмап ба-рады. Кейбір жерлерде араздық пен алауыздықтың отын тұтатып, бауырына, «бауырыңды өлтір!» деп айқайлауда. Ең соңында бұл өрт христиан әлемін жалынға орап, күлін көкке ұшырғаннан кейін Ислам әлеміне ұмтылды. Үйіміздің шатырына ұшқындары шашыраған, ең үлкен және өте қауіпті бәле «коммунизм» деп аталатын алып өртке қарсы өрт сөндірушілік міндетті өз мойнына алған Рисалей-Нұр, мұсылмандар мен адамзаттың ең үлкен панасы болып тұр.Ей, Әлемнің мақтанышы (Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өзі көрсетіп кеткен жолдан тайғандар! Дүниенің өткінші байлықтарына малданып, көңілі тасығандар! «Дүниемізге зияны тиер» деп қорқып, Құранның

497БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАнұрынан қашқандар! Күпірліктің жалаңдаған жалыны ораған осын-дай қысылтаяң кезде тек Рисалей-Нұрдың алынбас қамалы, мызғымас қорғанына, нұрлы шеңберіне кіріп қана құтыла аласыңдар... Сондай-ақ, мәңгіге жоқ болу деп ойлап жүрген өлімнің өзін, мәңгі өмірге айналдыра аласыңдар. Міне, әлгі нұрдың жеткізушісі және мүбәрак рухани тұлғасының және осыған ұқсас дұғаларының қабыл болуы және шапағаты арқасында және Рисалей-Нұрды ұдайы оқудың арқасында, қорқынышты рухани аурулардан мен қалай құтылсам, сендер де әлгі қасиетті шеңберге кіру арқылы дүниелік және ақыреттік дерттер-ден, от-жалыннан дәл солай құтыласыңдар. Бала-шағаларыңыздың бақташысы ретінде оларды да құтқарасыңдар. Сондай-ақ, Нұр жо-лында қызмет ету арқылы әрқайсысыңыз материялдық та рухани да бақыт пен шаттыққа кенелесіздер! Мұндай ақиқаттарға миллиондаған Нұр шәкірттері куә.Ей, Нұршылар! Құдайдың сендерге сыйлаған соңсыз ілтипаты алдында бастарыңды сәждеден көтермеңдер! Түннің суықтығына қарамаңдар! Сендерге өзінің мейірімділігін аямаған Раббы Рахим-ге түннің бір уағында тұрып шүкіршілік етіңіздер. Кейбіреулердің келешекті ойлап, күнделікті күнкөрісті уайымдап жүрген жағдайларына қарап, қорықпаңдар! Нұрдың қасиетті кереметі мен демеуіне назар аударыңыздар! Дүние өткінші, пәни. Мыңдаған жылдық өмірдің өзі, ақыреттік мәңгі өмірге жетпейді. Алайда, дүние өткінші болғанымен, бақи өмірдің бақи жемістерін беретін егін алқабы. Аласапыран дауылдардың күштілігі, сұстылығы сендерді тайсалтпасын, қорқытпасын. Осынау мүбәрак егін алқабына ең мүбәрак, нұрлы да шығымды берекетті Нұр дәнектерін егіңіздер! Өйткені, аталарымыздың «еккен орар» деген қасиетті сөзі бар.Әй, Нұршылар! Дін дұшпандарының шабуылынан әсте тайсалмаңдар... бой бермеңдер.. еңбек етіңдер, еңбек етіңдер, еңбек етіңдер! Нұрдың шапағаты, нұрдың дұғасы, нұрдың демеуі сендерді құтқаратынына сөзсіз сеніңдер!..Бауырларың Мұстафа Осман* * * * *

498БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИАсыл да адал бауырларым!Маған қарсы өткен қыста ұйымдастырған қастандықтары, Алла Тағаланың мейірімділігі мен сендердің дұғаларыңыздың және са-быр мен шыдамдылықтың арқасында іске аспай қалды. Құрған тұзақтарының кең көлемді болғанына президенттің жуық арада айтқан сөздері дәлел болады. Ол Афион қаласында: «осы уәлаятта діни тұрпатты бір бүлік шығатынын ойлап жүр едік» деген еді.Демек, жасырын ұйым мені тығырыққа тіреу арқылы бүлік шығарғысы келген екен. Шетелдіктердің мүддесін көздеп, мұсылмандар мен отандастар арасында шығарғысы келген бүлік заңға мүлдем қайшы, жүйкеме қатты батқаны сатқындықтар мен зобалаңдар арқылы азапқа салу, оларға мына дүниенің өзінде таза зиян. Ақыретте көретіні де тозақ. Ал бізге мына дүниеде көп сау-ап пен табыс, ақыретте иншаллаһ жұмақ пен кәусер бұлағына қол жеткіздіреді. Демек, осы жасырын жоспарды министрлер мен елбас-шысы сезген болып тұр. Өйткені, осы жердегі бүкіл қызметкерлер, тіпті обылыс әкімі мен қала әкімі, полиция да менімен кездесуден қорқып, қашып жүрді. Мен таң қалған едім. Бірақ, қолымызда тек Нұр болғанын және саясат шоқпарының жоқ екенін зәрредей ақылы барлар аңғарды. Қайран қаларлығы мынау болды. Бәрінен бұрын мені қорғаштап, қорғап жүруге тиісті кейбір қызметкерлердің өзі бізге қарсы қолданылды.Нұршылар, қатты абай болып, байқап жүруіміз керек. Өйткені, қазір рухани аласапырандар кезеңі. Кейбір әзәзіл мүнафықтар барлық жер-ге тұмсықтарын тығып алады. Дінсіз адамдай диктаторлықты жақтай тұра, демократияны жақтаушылардың ішінде араздық туғызып, сыр-ларын біліп алу үшін солардың араларына кіріп алады.Сондай-ақ, Салахаддиннің «Аса-й Мұса» атты кітапты американдыққа беруіне байланысты былай дейміз: «миссионер-лер мен христиан дінбасылары, және Нұршылар өте-мөте абай болғандары абзал. Өйткені, солтүстіктен ескен ағым, Ислам мен Иса-уи дінінің шабуылына төтеп беруі үшін Ислам мен миссионерлердің ынтымағын ыдыратуға күш жұмсайды. Қарапайым халыққа жеңілдік жасап, зекетті шарт қылып, өсімқорлықты тыю арқылы буржуазия-

499БӘДИҮЗЗАМАН ӘМІРДАҒЫНДАны халыққа қарайласуға шақыруы және оларға зұлымдық жасатпауы тұрғысынан мұсылмандарды алдайды. Сөйтіп, оларға бір жеңілдік беріп, кейбіреулерді өз жағына тартуы мүмкін». Жарайды, осы да же-тер, бұл жолы сендердің көңілдерің үшін қағидамды бұзып, дүнияға үңілдім.Саид Нұрси* * * * *Бүгінгідей қысылтаяң шақта нәпсім сабырсыздық танытып мені қинап тұрғанда, осы әңгіме оның ауызына құм құйып, шүкір еткізді. Сізге де пайдасы тиер деген оймен жазылып отырған бұл Сөздер, бас жағымда ілулі тұр.1. Ей, нәпсім! Жетпіс үш жылдан бері талай қызық көрдің, ендігісіне сенің хақың қалған жоқ. 2. Сен уақытша, өткінші қызықтардың мәңгі жалғасуын қалайсың. Сондықтан, қызықтар бітіп қалған кезде көз жасыңды төгесің. Соқыр сезімнің кесірінен, сол қателіктерің үшін таяқ жейсің. Бір сағаттық күлкінің орнына он сағат жылайсың.3. Саған жасалып жатқан зұлымдықтар мен басыңа түскен қиыншылықтардың арғы жағында әділ тағдыр тұр. Өзің жасамаған бір іс үшін адамдар сені кінәлап, зұлымдық жасайды. Бірақ тағдыр сенің жасырын қалған қателіктерің үшін сол қиыншылықтардың қолымен сені тәрбиелеп, қателіктеріңнің өтеуін төлетуде.4. Ей, сабырсыз нәпсім! Жүздеген тәжірибелердің нәтижесінде анық көз жеткізгенім, сырт көзге қиыншылықтар болып көрініп тұрған нәрселердің ар жағында және нәтижелерінде Аллаһтың жарылқауы, тамаша нәтижелер бар. Өте анық ақиқаттарды жеткізуде.Осы ақиқатты үнемі есте сақта. Бүкіл әлемді айналдырып тұрған Аллаһтың заңдары сен үшін өзгертілмейді. 5. Осы қасиетті қағиданы үлгі тұт! Әуесқой, ақылсыз балалар секілді уақытша, түкке тұрғысыз қызықтардың соңынан жүгірме! Ойлап қарасаң, өткінші қызықтар,

500БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИсаған рухани өкініштер әкеліп, әттеген-ай дегізуде. Керісінше, қиыншылықтар рухани ләззат беріп, ақыреттік сауап қалдыруда. Егер ақылыңнан алжаспаған болсаң, уақытша ләззаттарды шүкір ету үшін ғана сұра. Онсыз да ләззаттар,шүкір ету үшін беріледі.Саид Нұрси* * * * *Қымбатты бауырым.Алдымен өзіңнің бір шығармадай ауқымды, байыппен жазған хатыңды қызыға оқыдым. Бірінші кезекте саған мынаны айтқым келіп отыр. Рисалей-Нұрдың ұстазы және өзінің Жәлжәлутие атты кітабында ишаралар арқылы Рисалей-Нұрға көп мән берген және иман ақиқаттары жолындағы менің ұстазым Хазіреті Али (р.а.). Сондай-ақ аятының нақты хабары бойынша, Әһли Бейтке сүйіспеншілік, Рисалей-Нұрдың және біздің ұстанымымыздың негізі. Уахабилік пікір ешбір тұрғыда Рисалей-Нұрдың шынайы шәкірттеріне тән нәрсе емес. Алайда мына заманда дінсіздер мен Құдайдан безгендер алауыздықты пайдаланып, Исламның нышандарын өзгертіп, Құран мен иманға қарсы сұмдық әрекеттер жасап жатыр. Әлбетте осындай жау тұрғанда ұсақ-түйекке бола алауыздық тудыратын айтыс-тартыстардан аулақ болған жөн.Сондай-ақ өлген адамдарды жамандаудың еш қажеті жоқ. Олар о дүниедегі сыбағаларын алатын жерге аттанып кеткен. Олардың кемшіліктерін айтудың зияннан басқа пайдасы жоқ. Әһли Бәйтке деген сүйіспеншілік ондайға жол бермеуі тиіс. Қажеті жоқ нәрсе. Әһли Сүннет уәл жамағат, сахабалар дәуіріндегі өзара араздықтарды қозғауға тыйым салған. Өйткені Жәмал оқиғасында Ашара-и мүбашшарадан (Жәннатпен сүйіншілеген он сахаба) Зүбейр (р.а.) мен Талха(р.а.) және Айша Сыддықалар араласқандықтан, әһли сүннет уәл жамағат ол соғысты «Иджтихадтың нәтижесі деп білген. Хазреті Алидікі(р.а.) дұрыс, қарсы жақтыкі бұрыс, бірақ иджтихадтың нәтижесінде болғандықтан кешірім бар» деген.


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook