Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Өмір Тарихы

Өмір Тарихы

Published by risalekz, 2020-01-27 03:21:39

Description: “Рисалей-Нұр” жинағының авторы
БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ
(Tarihçe-i Hayat)

Keywords: БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ

Search

Read the Text Version

Ұстаз Бедиүззаман Хазіреттің Афион сотында дәлізде,сот залына шақырылуын күтіп тұрған сәті

552БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИӨйткені, Нұр шәкірттерінің осындай жиырма жылғы қызметінде біздерге қарсы жүргізілген үш төрт сот пен он уәләяттың қауіпсіздік қызметі тексеру барысында бірде-бір қылмыстық іс таппады. Тіпті, бір уәләяттың ынсапты бір қауіпсіздік қызметкері былай деп қорытынды жасағаны бар:«Расында, Нұр шәкірттерін рухани қорғаныс қызметін атқару–шылар деуге болады. Олар ішкі тыныштықты сақтап, бізге жәрдем беруде. Нұр рисалелері адамның иманын кәміл етіп, түсінгендердің жүрегіне күзетші қояды. Елдің қауіпсіздігіне қызмет етуде».Мұның нақты мысалы Денізлі түрмесі деуге болады. Онда нұр кітаптары мен қамаудағы тұтқындар үшін жазылған «Миуа» рисалесін оқып, үш-төрт айдың ішінде екі жүзден астам адам иманға келіп, баяғыдан бергі діндар жандардай өзгерді. Төрт кісіні өлтірген бір адам, қандаланы өлтіруге батылы бармайтындай жұмсарып, мейірбан халге келгеніне сондағылардың бәрі куә болған еді. Олардың бәрі де осылайша отанына пайдалы адамдардың қатарына қосылды. Тіпті, бұл жағдайға ресми орындар, түрме қызметкерлерінің өзі таңдана разы болды. Тіпті, кейбір жастар: «Егер Нұршылар осы қамауда қалатын болса біз де қамалып, олардың сабақтары арқылы өзімізді түзеуге тырысайық» деген болатын. Міне, осындай адал қызметте жүрген Нұр шәкірттеріне қарсы біле тұра немесе білмей, қауіпсіздікке қауіп төндіруші деген жаламен қарсы әрекет етуші өкіметтік қызметкерлер арасында біздің көзімізді жою мақсатында жүрген анархист, бас бұзар, бүлікшілдердің бары анық еді. Біз оларға былай демекпіз: Өлімді өлтіру мүмкін емес, қабірдің аузын жауып тастатуға да ешкімнің шамасы жетпейді.Олай болса, пәни дүниенің қонақүйіне топ-тобымен келгендер, дәл солай топ-тобымен жер астына жол тартуда. Біз де кешікпей бір-бірімізбен қоштасып, солай қарай жол тартамыз. Ал, сендер бұл дүниеде өздерің жасап жүрген зұлымдықтың жазасын тартатын боласыңдар. Ал, имандылар үшін ең берісі демалысқа шығу болып есептелетін өлім, сендер үшін көздеріңді мәңгілікке жоятын дар ағашы. Сендердің бұл дүниеде татқан рахаттарың ақыреттің ащы азабына айналады...Өкінішке орай, біздің ішіміздегі жасырын екіжүзді дұшпан–дарымыз, өкіметтің алаңғасар қызметкерлерін алдап, осынау діндар халқымыздың миллиондаған шәһид қаһармандарының қаны мен

553БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАқылышымен қорғалып келген Ислам ақиқаттарына «тариқат» деген ат беріп, алып Күннің тек бір шұғыласын сол Күннің дәл өзі секілді көрсетіп, Құран мен иман қызметіне жан-жүрегімен қызмет етуші Нұр шәкірттерін «тариқатшылар» яки «саяси жамағат» деген атпен қуғынға ұшыратуда. Біз ондайларға және соларға ергендерге Денизлі сотында айтқанымызды қайталап былай дейміз:«Жүз миллион бас пида болған қасиетті ақиқаттың жолына біздің басымыз да пида болсын. Дүниені түгелімен басымызға төндіріп, отқа салсаңдар да Құранның ақиқаты үшін пида болған бастар, діннен безген кәпірлердің алдына ешқашан иілмейді, қасиетті қызметтен ешуақытта бас тартпайды, иншаллаһ!»Міне, қарттығымның мұңға батырар қиын кезеңдерінде Құрани ақиқат жәрдемге келіп, көңілімді нұрға бөлегені үшін қарттықтың ең қиын бір жылын, жастық шақтың жалындаған он жылына айырбастамас едім. Әсіресе, қамауда отырып парыз намазын өтеген, тәубаға келген әрбір сағат он сағаттық құлшылыққа татиды. Ауру-сырқау мен қиындыққа тап болған кездегі әрбір күн, сауап жағынан он күн құлшылықпен тең келеді деген сүйінші хабар мен секілді қабір ауызында, ажалын күткен адам үшін қаншалықты қуанышты хабар екенін түсіндім.«Раббыма сансыз шүкір!» деп, қарттығыма сүйсіндім де, қамауда болғаныма разы болдым. Өйткені, өмір тоқтап тұрған жоқ, зулап ағып барады. Егер тек ләззат пен рахатқа батқан күйінде кетіп жатса, онда ләззаттар азапқа айналып, күнә арқалап, ғапылдық пен адасумен пәни өмір өте шығар еді. Ал, егер қамауда, қиыншылықпен өтіп жатса, қиыншылықтар рухани ләззатқа айналып, тіпті құлшылықтың бір түрі болып есептелетіндіктен бір жағынан мәңгіліктің бастамасы болып, бақи өмірдің жемістеріне айналады.Өткен күнәлар мен қамауға алынуға себеп болған қателерден тазарып, күнәларды жууға себі тиеді. Бұл жағынан алып қарағанда тұтқындағылар парыздарын өтеп жүрген болса, сабыр сақтап шүкір етулері тиіс.* * * * *

554БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИБӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИДЫҢАФИОН СОТЫЕнді Саид Нұрсидың Афион сотында өзін қорғау үшін сөйлеген сөзінен үзінділер бере кетуді жөн көріп отырмыз. Бұл сөздер, оның өлімі Құран ақиқаттарының жанында елеусіз ғана нәрсе екендігін дәлелдейтін үндеу болатын. Нәтижесінде Касациялық сот екі рет ақтау шешімін шығарды. Рисалей-Нұр жинағы мен бес жүзге тарта хаттары өзіне қайтарылды.* * * * *АФИОН СОТЫНДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ ҚОРҒАУ СӨЗДЕРІНЕН АЛЫНҒАН ҮЗІНДІЛЕРОн сегіз жылдық үнсіздіктен соң (жазуға мәжбүр болдым) жазылған бұл қарсы арыздың көшірмесі Анкараға жіберілген еді, қайта жіберуге мәжбүр болып отырмын.Айта кететін бір жәйт: Қастамонуда отырған үйімді тінту үшін үш рет келген екі прокурорға, екі тінту жүргізуші сардарға, үшінші рет келгенінде полиция бастығына және бес-алты комиссарға және Спартада прокурорға берген жауабымда, сондай-ақ Денізлі мен Афионның сотына айтқан бір ақиқаттың өзегі; Олардың бәріне де былай деген едім: Мен он сегіз-жиырма жылдан бері жалғыз өмір сүріп келемін. Қастамонуда сегіз жыл полиция бөлімшесінің қарсы алдында, басқа жерлерде де жиырма жыл бойы қатаң бақылаудамын. Қаншама рет отырған жеріме тінту жүргізілсе де дүниелік істер мен саясатқа араласқаным жайлы ешбір нышан табылмады. Қандай да бір ілік табылған болса, әділет орындарының қызметкерлері білмей қалды ма? Егер біле тұра жасырып қалған болса, менен гөрі солар жауапты. Егер ондай нәрселер табылмаса, өзінің ақыреті үшін құлшылық етіп, жалғыз өмір сүріп жатқан кісілерге әлемнің еш бір жерінде тиіспейді. Елге де халыққа да зиян келтіріп, маған неге орынсыз тиісе береді?

555БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАБіз Рисалей-Нұр шәкірттері, Рисалей-Нұрды дүниелік істер түгілі, бүкіл әлемнің жолына да құрал қыла алмаймыз.Құран біздің саясатпен айналысуымызға тыйым салып отыр. Рисалей-Нұрдың міндеті – мәңгілік өмірді тозаққа айналдырып, бұл өмірді улап отырған имансыздыққа қарсы Иман ақиқаттарын таныстыру. Бірбеткей, қырсық, атеист философтардың өзін иманға келтіретін нақты дәлелдер арқылы Қасиетті Құранға қызмет ету. Сондықтан да Рисалей-Нұрды басқа еш нәрсеге пайдаланбаймыз. Біріншіден: Құранның алмастай құнды ақиқаттарын, сол ақиқаттарды тани алмай жүрген надандар ойлағандай саяси үгіт-насихаттың құралы дегізіп, құнсыз шынылардың қатарына қосқызуға болмайды. Яғни, аса құнды ақиқаттарға қиянат жасамау керек. Екіншіден: Рисалей-Нұрдың негізгі ұстанымы болған мейірім, хақ және ақиқат пен ар-ождан, біздің саясатқа және биліктің ісіне араласуымызға тыйым салып отыр. Өйткені, өз басына бәле тілеп, таяқ жеуге лайық болып отырған күпіршілікке белшесінен батқан бір-екі дінсіз адамның айналасында жеті-сегіз бала-шаға, бейкүнә, ауру қарттар болуы мүмкін. Пәлекеттер мен қиыншылықтар келсе, ана бейшаралар да зардап шегуі мүмкін. Сондықтан нәтижесі, қайда апаратыны күмәнді саясат жолы арқылы билік пен қоғамның тыныштығына зиян тигізетін қоғамдық өмірге белсене араласуымызға тыйым салынған. Үшіншіден: Қазіргідей аласапыран заманда бұл қоғамды анархиядан құтқарар бес негіз өте қажет болып тұр. «Құрмет, мейірім, харамнан аулақ болу, қоғамның тыныштығы, немқұрайлылықты қою, Аллаһқа мойынсұну».Рисалей-Нұр қоғамдық өмірдің осы бес қасиетті негізін анықтай отырып, қоғамның тыныштығын сақтап отырғандығының дәлелі, жиырма жылдан бері Рисалей-Нұр жамағатының жүз мың адамы халқымыз бен Отанымызға зиян тигізбейтін, қайта пайдалы бір қоғам мүшесі болып отыр. Спарта және Кастамону уәләяттары бұған дәлел. Демек, Рисалей-Нұр жамағатына тиісушілер, біліп-білмей анархияны қолдап, Отанға да, Ислам ақиқаттарына да қиянат жасап отыр. Рисалей-Нұрдың жүз он тоғыз кітабы арқылы елге тиіп жатқан жүз он тоғыз пайда мен жақсылықтарды адасқан үрейшілдердің ойынша зиянды деп қорқып жүрген екі үш рисаледегі оларды

556БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИуайымға салған сөйлемдер жоққа шығара алмайды. Солардың кесірінен соншы жақсылықтарды жоққа шығару шектен шыққан зұлымдық болады.Егер дінсіздікті өздерінше саясат деп ойлап, кейбіреулер айтып жүргендей «Бұл туындылар арқылы мәдениетімізді бұзып, мазамызды алудасың» дейтін болсаңдар. Менің де айтарым: «Дінсіз бір халық өмір сүре алмайды» деген әлемдік қағида бар. Әсіресе, асқынған атеистік, құдайсыздық пікір тозақи азап беретінін Рисалей-Нұрдағы Жастар шырағы дәлелдеп отыр. Бұл кітапша қазір ресми түрде жарыққа шықты. Егер бір мұсылман (құдай сақтасын) діннен безсе, абсолюттік күпірлікке ұрынады. Шала-жансар күйдегі күдікті, күмәнді күпірлікте қалмайды. Шетелдік дінсіздер секілді де бола алмайды. Өмірден ләззат алу тұрғысына келгенде, болашақ немесе өткен шақ ұғымдарын сезе алмайтын малдан да төмен деңгейге түседі. Өйткені бұрын болған және келешектегі жаратылыстардың өлімдері дінсіз, адасқан жанның жүрегіне үнемі қайғы салады.Ал жүрекке Иман ұяласа, әлгі жаратылыстар, достар қайта тіріліп сала береді. «Біз жоқ болып кеткен жоқпыз, өлмедік» дегенді хал тілдерімен жеткізеді. Тозақи жағдайды жұмақтың ләззатына айналдырады. Шындық осы. Олай болса, сендерге ескертіп қояйын Құранға арқа сүйеген Рисалей-Нұрға тиіспеңдер..... Нұрды тоқтата алмайсыңдар. Бұл елдің обалына қаласыңдар. (Сілтеме ) Ал ол басқа жерлерді *нұрландыра береді. Егер басымдағы шаштарымның санынша басым болса, күніне біреуі кесіліп жатса да, Құран ақиқаттары жолында пида болған бұл басты, бұзғыншылар мен күпірліктің алдында әсте имеймін. Иман қызметінен бас тартпаймын, тарта да алмаймын...Қорыта айтқанда: Мәңгі өмірдің шырқын бұзатын және қоғамдық өмірдің астан-кестеңін шығаратын және халықтың мазасын алатын атеизмді отыз жылдан бері күл-талқанын шығарып тамырына балта шауып келген және табиғат жаратты деушілердің кәпір ойын быт-шыт қылған және екі дүнияның бақыты қайда екенін бұлтартпас айғақтармен дәлелдеп көрсетіп берген және арқасын Құранның ғарыштық ақиқатына сүйеген Рисалей-Нұр, мұндай шағын Сілтеме:Рисалей-Нұрға тиіскен кездерге сәйкес төрт рет қатты жер сілкінуі \"Обал болады\" дегенді дәлелдеп берді.

557БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАрисалесінің бір-екі тақырыбы түгіл тіпті мың кемшілігі болса да ішіндегі мыңдаған терең ақиқаттары үшін кешіріммен қаралуы тиіс деп ойлаймыз әрі оны дәлелдеп беруге дайынбыз.Республиканың заңдары ар-ождан бостандығына сәйкес діннен безгендерге тиіспейтінін білеміз. Олай болса мүмкін болғанша дүнияға араласпайтын, дүнияқұмарлармен шұғылданбайтын және ақыретіне, иманына және отанына пайдалы болуға тырысатын діндар кісілерге де тиіспеуі керек тіпті қорғауға міндетті. Мың жылдан бері осы елдің азық-қоры мен шипасы секілді аса қажетті дүниесі болған тақуалыққа, діндарлыққа мына әнбиялар мекені болған Азияда үкім жүргізгісі келген саясаткерлер тыйым салмауы керек әрі сала алмайды деп білеміз. Жиырма жылдан бері жалғыз өзі өмір сүріп жатқан және сұралған сұрақтарға жиырма жыл бұрыңғы Саидтың ойымен берілген жауаптар егер осы заманның ережесіне сәйкес келмейтіндей болып жатса кешірерсіздер. Бұл адамгершіліктің талабы болса керек. Отанға, халыққа және елдің тыныштығына пайдасы болғандықтан мұны сіздерге ескерту отан алдындағы борышым деп біліп, айтарым мынау: Бізге және Рисалей-Нұрға азғана байланысы бар деп, жұртты бұлай тұтқындай беру, осылайша халықтың ызасына тию, отанның қауіпсіздігі мен тыныштығына пайда келтіріп жүрген діндар кісілерді билікке қарсы қойып, тыныштықты бұзуға себеп болуы әбден мүмкін. Иә, Рисалей-Нұр арқылы имандарын сақтап, халқына, Отанына пайдалы жағдайға келген адамдардың саны жүз мыңнан асады. Олар өкіметтің тіпті, жоғары билік органдарында, халық арасында, әрбір жерде бар, ондай турашыл жаны таза кісілер көп-ақ. Оларды ренжітпей керісінше, қорғаштап сақтау керек. Қазір, жазған шағымымызға құлақ аспай бізді сөйлетпей және түрлі сылтаумен отанға қауіпті анархияға жол ашып жатыр деп уайымдайтынымыз рас. Үкіметтің пайдасы үшін айтарым: «Бесінші Шуақ» атты жазбаны Денізлі мен Анкара соты зерттеуден өткізген соң, бізге қайтып берген-ді. Әлбетте, оны қайтадан ресми түрде күн тәртібіне әкеліп даурықтырудың қажеті жоқ, билік басындағылар осыны ойласын. Біз ол рисалені соттың қолына түспей тұрып, халық арасына жаймай жасырып келдік. Сондай-ақ, Афион соты да оны сұрап күн тәртібіне келтірмегені жөн. Неге десеңіз, ішіндегі ақиқаттар өте қуатты әрі ешкім жоққа шығара алмайтындай дәрежеде дәйекті. Оқиғалар болмай тұрып хабар берілген еді, кейін дәлме-дәл шықты. Мақсаты

558БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИда бұ дүниелік өмір емес. Болған күннің өзінде, бұл дүниеден өтіп кеткен біреуге қатысты хадистің көптеген мағыналарының бір мағынасы ғана. Ол ғайби хабарды, ондағы мағынаны ресми түрде халыққа жария қылмау керек. Және сол үшін бізді айыптап ол кітаптың кеңінен тарауына жол ашпаған жөн. Мұны мен сіздерге отан үшін, халық үшін, елдің тыныштығы мен билік үшін шын жүректен ескертуге міндеттімін.Бұл мәселеде менің немесе кейбір бауырларымның кемшіліктеріне бола Рисалей-Нұрға тиісуге болмайды. Рисалей-Нұр Құранға тікелей байланып тұр. Ал Құран Арш-ы Ағзамға байлаулы. Ол жерге кімнің қолы жете алады. Аса берік ол жіптерді кім үзе алады! Сондай-ақ Рисалей-Нұр бұл елдің рухани да материялдық та берекет көзі екендігіне және тигізген пайдаларына ел куә. Құранның отыз үш аятының ишараты мен Имам Алидің (р.а.) үш ғайби кереметі және Ғаус Ағзамның (р.а.) нақты хабарлары растап тұрған Рисалей-Нұр, біздің жеке кемшіліктеріміз үшін жауапты емес болмайды да болмауы керек.Әйтпесе, бұл ел материялдық та рухани да орны толмас зиянға ұшырайды. ИншаАллаһ жасырын жауларымыздың ішіндегі кейбір қаныпезерлердің шайтани жоспарлары іске аспай, аяусыз шабуылдары тойтарылатын болады. Рисалей-Нұр шәкірттерін басқалармен салыстыруға болмайды. Оларды бағыттарынан тайдырып, таратып жібере алмайды. Аллаһтың қалауымен олар жеңілмейді де.Егер Құран біздің материялдық түрде қорғануымызға тыйым салмағанда, бұл елдің сүйіспеншілігіне бөленіп, жанындай жақсы көріп кеткен шәкірттер, Шейх Саид немесе Менемен оқиғалары сынды нәтижесіз әрекеттерге ұрынбас еді. Құдай сақтасын, оларға жасалып жатқан зұлымдықтарға қарсы күш қолдануға мәжбүр қалса, жасырын жаулар мен мүнафықтар қатты өкінер еді!Қорыта келе айтарым, Біз әһл-и дүниенің ісіне араласып жатқан жоқпыз ғой. Олар да біздің ақыретіміз бен имани істерімізге мұншалықты араласпасын! Иә, біз жамағатпыз. Мақсатымыз бен жоспарымыз, әуелі өзімізді, одан кейін халқымызды мәңгілік құрдымнан және берзақтағы қапастан құтқару. Халқымызды анархиядан және бұл дүниеге не үшін келгендігін ұмытып кетуден

559БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАсақтау және екі дүниеде де құрдымға құлауға себеп болатын бұзғыншылыққа қарсы Рисалей-Нұрдың болаттай берік ақиқаттары арқылы өзімізді сақтап қалу...Мен сендердің маған берер ең ауыр жазаларыңа түк те мән бермеймін. Оның маған еш құны жоқ. Неге десеңдер, мен қабірге таяп қалған адаммын, жасым жетпіс бесте. Бұлай қиналып, жәбір көріп бір-екі жылдық өмір сүргенше шәһид мәртебесіне көтерілу мен үшін үлкен бақыт. Рисалей-Нұрдың айғақтарына сүйене отырып иман еттім: өлім бізге демалысқа шығу болып табылады. Егер сырт көзге дарға асылған болсам да біз үшін бір сағаттық қиыншылық мәңгі бақыттың кілті, рахымның қақпасы болмақ. Бірақ, ей жасырын дұшпандар! Ей, жұртты діннен бездіру үшін әділет басқармасын шатастырып, үкіметті алдап бізбен нақақтан нақақ шұғылдандырып қойған ынсапсыздар! Мынаны нақты біліп алыңдар, сендерге қатаң ескерту! Сендер мәңгі бақи жоқ болуға, жалғыз адамдық зынданға қамаласыңдар! Кегімізді еселеп тұрып аламыз әлі. Тіпті, сендерді бұл тұрғыда аяп та кетеміз. Ия, мына қаланың халқын жүз рет молаға апарып төгіп тастаған өлім дейтін ақиқаттың өмірден де көп талабы бар. Оның адамды жойып жіберетін үкімінен құтылу, адамзаттың кез-келген мәселесінен жоғары, маңызды және аса қажетті, өзекті мәселе. Апырм-ай, мұның шарасын тапқан Рисалей-Нұр шәкірттерін және ол шараны мыңдаған дәлелдермен бекіткен Рисалей-Нұр тәпсірін түкке тұрмайтын сылтаулармен айыптауға тырысқандар ақиқат пен әділет ұғымының алдында өздері қаншалықты айыпты екенін топастар да түсінер.Бұдан отыз жыл бұрын Аллаһтың рахымымен бұ дүниелік уақытша атақ пен даңқ және мақтангершілік пен атаққұмарлықтың үлкен зиян, еш пайдасыз және мағынасыз екенін Құранның фәйзімен түсінген бір адам, содан бері бар күшімен өзінің жүгенсіз нәпсісімен күресіп, кішіпейілділік танытып, менмендіктен қашып, екіжүзділік, рия қылмау үшін қолынан келгенінше тырысып баққанына, оған қызмет еткендер мен достары анық біле тұра әрі оған куәлік ете тұра және өзі туралы мақтаудан, жұрттың қошамет-құрметінен тыс қалуды қалап мүмкін болғанша аулақ тұратынына жиырма жылдан бергі өмірі дәлел. Өзін қатты құрметтеген шәкірттерін реніш танытып, ондайды әсте қабылдамайтынын хаттарында ашық жазған әрі өзін қасиеттен жұрдай көрсетіп, бүкіл қасиетті Құранның тәпсірі Рисалей-Нұрға және Нұр шәкірттерінің мағынауи тұлғасына аударып, өзін жәй,

560БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИқарапайым қызметші деп білгені мәлім. Бұл жағдайлар оның жағымпаз еместігін, ондайды мүлдем қаламайтынын, қабылдамайтынын дәлелдейді. Сөйте тұра, өзінің рұқсатынсыз, қалауынсыз кейбір достары оны сырттай қатты құрметтеп, дәріптеп, мақтаса, жоғары баға берсе сол үшін айыптауға бола ма? Соған бола ауру, қарт, жалғыз әрі кіріптар адамның бөлмесіне үлкен қылмескерді ұстағандай баса көктеп кіріп, құлыпын сындырып тексеру жүргізді және ол жерден кітап пен арабша жазуы бар тақтайшадан басқа ешнәрсе таба алмай құр шықты. Осындай заңсыз әрекетке рұқсат беретін дүнияда бір заң немесе саясат бар ма екен?Отанға, халыққа, һәм адамның мінез-құлқына түбегейлі зиян келтіретін дінсіздер жазған кітаптар емін-еркін басылып, таралып жатыр. Коммунизм ұғымын дәріптейтін баспалар қызу жұмыс істеп, оларға тиіспей жатқанда үш сот жауапқа тартуға негіз боларлық ешнәрсе таба алмаған, халқымызға, отанымызға, қоғамға, тыныштықты сақтау жолында жиырма жылдан бері өз үлесін қосып келе жатқан осы халықтың нағыз сүйеніші болып табылатын Ислам әлемінің ынтымағы мен достығының қайта жандануына мол ықпал еткен және діни басқарманың ғалымдары сынау үшін ішкі саясаттың тапсырмасымен үш ай тексеріп ешқандай сын айтпай керісінше жоғары баға беріп «құнды еңбек!» деп, діни басқарманың кітапханасына қойылған «Зулфиқар», «Аса-и Мұса» атты кітаптарды, Аса-и Мұсаның өзінің мақбұл кітап екендігінің нышаны ретінде Пайғамбарымыздың(с.а.у.) қабірінің үстінде тұрғанын хажылар көрсе де зиянды жазбалар секілді жинап алып. сотқа беру дұрыс па? Мұны заң, ар-ождан, ынсап жөн көре ме?* * * * *АФИОН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІГІНЕ, СОТЫНА, ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА АЙТАР СӨЗІМ БАРБіріншіден; Пайғамбарлардың басым көпшілігі шығыстан, Азиядан шығуы ал, философтардың көбісі батыстан, Еуропадан шығуы бізге мынаны мегзейді: Азия дінмен басқарылып, үкімдер дінге сәйкес болуы керек. Философия екінші орында. Бұл тағдырдың рәмізіне орай, Азияны басқару үшін діндар болмаса да дінге қызмет етушілерге тиіспеуі керек, тіпті құптап қолпаштауы керек.

561БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАЕкіншіден; Қасиетті Құран жер шарының ақылы, ойлау жүйесі секілді. Егер, Құдай сақтасын, жұмыр бас секілді жер шары Құраннан айырылса, жер шары ақылынан айырылған бас секілді бір планетаға соқтығып, қияметтің болуына себеп болуы әбден мүмкін. Иә, Қасиетті Құран жер шарын аспан денелерімен байлап, ұстап тұрған шынжыр іспеттес Иләһи арқан. Ол жер шарын тартылыс күшінен де артық сақтап тұр.Міне, осы Қасиетті Құранның шынайы да қуатты зор тәпсірі Рисалей-Нұр бұл ғасырда халық арасында, осы отанда жиырма жылдан бері жағымды әсерін тигізіп өзінің үлкен Иләһи нығмет екенін, Құранның сөнбейтін мұғжиза нұр екенін дәлелдеп келеді. Өкімет оған тиісіп шәкірттерін үркітіп одан бас тартқызбақ түгілі қайта, қорғаштап, оқылуына жағдай жасауы керек. Үшіншісі; Иманды ұрпақ бұрыңғы ата – бабаларына дұға мағфират тілеп, игі амалдарымен сауап жаздыратынына, оларға рухани жәрдем ететініне байланысты Денізлі сотында былай деген едім: «Алда болатын Ұлы Сот, қиямет қайымда миллиардтаған иманды жандар дау шығарып, Құран ақиқаттарына қызмет еткен Нұр шәкірттерін соттап, қинағысы келген сендерден: Егеменді елдің еркін заңына сүйеніп діннен безген, коммунистердің кітаптарына, анархияға апаратын ұйым-топтарға тиіспедіңдер. Ал отанды, халықты анархиядан, дінсіздіктен, ахлақсыз жаман мінезден сақтауға тырысқан және адамдарға өлімнің ақиқатын, оның мүлдем жоқ болу еместігін түсіндірген Рисалей-Нұрға тиісіп, шәкірттерін неге түрмеге қамап, қыспаққа алдыңдар?» деп, сұраса не деп жауап бересіңдер? Осыны айтыңдаршы қазір біз сұраймыз, ал қияметте... деген болатынмын. Сонда ол жердің ынсапты да әділ қазылары бізді ақтап, бас бостандығымызды беріп, соттың әділдігін көрсеткен-ді. Төртіншісі; Мен, Анкара немесе Афион қаласының соты шақырғанда маңызы зор үлкен мәселелер үшін, Рисалей-Нұрдың қызметін ескеріп ақылдасу мақсатында кеңесер деп ойлаған едім. Иә, сырттағы үш жүз елу миллионнан астам мұсылмандардың сүйікті отанымызға бұрыңғы достығын, жақсы көзқарас пен құрметін, рухани жәрдемін қайта қалыптастырудың тиімді жолы, ең қуатты шарасы Рисалей-Нұр екеніне дәлел мынау: Биыл Қасиетті Меккеде атақты бір ғалым Рисалей-Нұрдың үлкен кітаптарын арабшаға және үнді тіліне аударып Арабияға, Индияға жіберіп,

562БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИбіздің тірегіміз, сүйенішіміз болған Имани бірлік пен Ислами бауырластығын нығайта түсуімен қатар, Түрік халқының әрдайым дінге, иманға берік, көш ілгері екенін Рисалей-Нұр арқылы көрсетіп беріпті.Мен, «Елімізде анархияның орнауына себеп болатын коммунизм қауіпіне қарсы Рисалей-Нұрдың қызметі қаншалықты ықпал етеді, Мына берекелі отанды әлгі сұмдық апаттан қалай сақтап қаламыз?» деген секілді аса маңызды да қажетті мәселелер сұрай ма десем, түкке тұрмайтын шыбынның ызыңы секілді және жауапқа тартуға татымайтын болмашы, жеке басқа қатысты және кекшілдердің жала жапқанына қатысты түймедей мәселені түйедей қылып қайдағы бір мәселемен ауыр азапқа салып өмірімде көрмеген қыспақтарға салды. Бізді үш сот тергеп, ақырында ақтап шығарған мәселелерге байланысты және әншейін жеке басқа қатысты мағынасыз сұрақтар қойып, жауапқа тартты. Бесіншісі: Рисалей-Нұрмен айтысып-тартыспаңдар! Оны жеңе алмайсыңдар! Ол жиырма жылдан бері діннен безген қырсық философтардың ауызына құм құйып келеді. Иманның ақиқаттарын Күндей жарқын түрде көрсетуде. Билік басындағылар оның күш қуатынан пайдаланулары керек. Алтыншысы: Менің түкке тұрмайтын жеке басымның айыптарын алға тартып, мені төмендетіп, қиянат жасау арқылы жұрттың алдында беделімді түсіруден Рисалей-Нұрға еш зиян келмейді. Керісінше ол күш-қуат алады. Өйткені, менің уақытша, фәни тілімнің орнына Рисалей-Нұрдың жүз мың кітаптарының бақи тілі сөйлеуін тоқтатпайды. Оның адал, сөзге шешен мыңдаған шәкірттерінің тілдері әлгі киелі де жалпыға ортақ нұр қызметін күні бүгінге дейін атқарып келгені секілді иншаллаһ, қияметке дейін жалғастыра бермек.Жетіншісі; Өткен соттарда айтқан болатынмын және айғақтармен дәлелдегенімдей, өкіметті алдап, кейбір мемлекет қызметкерлерін күдіктендіріп, әділет басқармасын бізге қарсы айдап салып отырған ресми және бейресми жасырын дұшпандарымыз я қатты алданған немесе елде анархия, орнату үшін жүрген жауыз, бүлікшіл, іріткі салушы лаңкестер не болмаса Дін Исламға, Құрани ақиқатқа қарсы діннен безген сұмдық айлакер, жалмауыздар. Олар бізге шабуыл жасау үшін озбырлықты, диктатураны «республика» діннен безуді жүйе ал, рухани азғындықты «мәдениет» күпірлікке негізделген

563БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАжәбірлеу саясатын \"заң\" деген желеумен бізді қинап өкіметті алдап, әділет басқармасын бізбен босқа шұғылдандырып қоюда. Оларды Қаһһар-ы Зүлжәлал Аллаһтың қаһарына тапсырып, өзімізді олардың бәлесінен сақтау үшін: қамалын пана тұттық.Сегізіншісі; Былтыр Совет Одағы көп адамды қажылыққа жіберіп, басқа халықтарға қарағанда орыстар Құранды құрметтейді дегізіп, дүнияға жар салып, біздің елдің діндар халқын Ислам әлеміне жағымсыз етіп көрсетуге тырысты. Сол кезде Рисалей-Нұрдың үлкен кітаптары Қасиетті Мекке, Мәдинә және Шам-ы Шәрифте, Мысырда, Халебте ғұламалар тарапынан жоғары бағаланып, біршама таралып әлгі коммунистік идеологияға бөгет болды және мұсылман әлеміне Түрік халқы және мұндағы бауырлары бұрыңғыдай дініне, Құранына ие және мұсылман жұртының белді бір мүшесі, Құран жолындағы қызметтің көшбасшысы екенін манағы киелі Ислам орталықтарын Рисалей-Нұр паш етті. Апырм-ай, Рисалей-Нұр бұл халыққа осындай баға жетпес ұлттық қызмет көрсетіп жатқанда оған жауап ретінде мұндай азап пен қуғынға ұшыраса, жер шарының ашуға булығуына себеп бола ма деп қорқамын!Тоғызыншысы; Денізлі сотында түсіндіріліп, дәлелденген бір мәселенің қысқаша мазмұны:Бір сұмдық әккі, қу қолбасшы қулық жасап Ислам армиясының болымды нәтижелерін, игі-табыстарын жалғыз өзі иемденіп, ал өзінің қателіктерін, болымсыз нәтижелерін армияға еншілеп, осылайша қанша жауынгер болса сонша жақсылық пен жеңісті құнсыздандырып, ал армияда қанша солдат болса сонша жамандықтың санын арттырып адам айтқысыз зұлымдық әрі ақиқатқа қайшы әрекет еткендігін, бұдан қырық жыл бұрын бір хадис арқылы дәлелдеп, оның басынан нұқып ұрған болатынмын. Осы оқиғаға байланысты өткен соттарда мені айыптаушы прокурорға, мен ол адамды хадистің хабарын баяндау арқылы ренжіткенім рас, дегенмен армияның абыройын сақтап, үлкен қателіктерге жол бермеу үшін оны сақтандырдым. Ал, сен болсаң сол досыңа бола Қасиетті Құранның көшбасшысы болған, Ислам әлемінің ержүрек батыры саналатын жанкешті Түрік армиясының абыройын төгіп, жасаған жақсылықтарының құнын түсіріп отырсың» дедім. Иншаллаһ, әлгі прокурор ойланып тәубасына келді, қателескенін мойындады.

564БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИОныншысы; Әділет органы әрқашан әділдікті жақтап, өзіне өтініш білдіргендерді алаламай, бәрінің құқығын тең қарап, әділ шешуге міндетті. Ислам тарихында Хазіреті Али (р.һ.) өзінің халифа кезінде бір яһудимен дауласып сотқа шақырылған екен. Сондай-ақ, әділетті қазы қарамағындағы қызметкердің заң бойынша ұрының қолын шабарда оның ұрыға ашуланып тұрғанын байқап дереу жұмыстан босатыпты. Әлгі қызметкерге «Осы кезге шейін әділет атынан әрекет етемін деп, сезімге берілгендер көп қателесіп зұлымдық жасаған. Сен, заңның үкімін орындар кезде айыпкерге жаның ашымаса да ызаланып ашуға берілуге хақың жоқ. Өйтсең, сен де залым болғаның. Тіпті, шариғатқа сай «қысас» бойынша яғни кек аларда адамға ашуланып тұрып өлтірсе, белгілі мағынада ол адам да қылмыскер боп есептеледі!» деген екен. Міне, сот осындай адал да тура, суыққанды хақ үкім шығаратын құзырлы орган. Олай болса үш сот бізді ақтап шыққаны рас және біле білсе, бұл халықтың жүзден тоқсаны Нұр шәкірттерінің еш зияны жоқ, қайта отанға, халыққа пайдалы екеніне куә бола тұра, бұл жерде бейкүнә, жұбанышқа мұқтаж, әділдікті аңсап жүрген Нұр шәкірттерін қинап, оларға қиянат жасалып, әділетсіздік орын алуда. Біз кез-келген бәлеге, қандай да бір қиянатқа сабыр сақтап, төзімділік танытуға бел буғандықтан үндемей, ісімізді бір Аллаһқа тапсырып: «Мұның да жақсылық жағы бар!» дейміз. Алайда, күдік пен ашу араластырған бұқаралық ақпарат құралдары байғұс жандарға қиянат жасап табиғи апаттың келуіне себеп бола ма деп қорқып, осы хатты жазуға тура мәжбүр болдым. Онсыз да бұл мәселеде бір ағаттық болса, мен кінәлімін, менің кесірімнен. Бұл бейшаралар Құдай үшін тек иманын сақтап, ақыреті үшін маған көмекке келгендер еді. Оларды осы ерлігі үшін құрметтеп дәріптеудің орнына мұндай мәміле жасау, қыс мезгілін қатуландырып, аяздың артуына себеп болды-ау. Һәм, таңқаларлық нәрсе, бұл жолы тағы да саяси ұйым деген күдікпен тергеу жүріп жатыр. Алайда, үш сот бұл тұрғыдан тергеу жүргізіп ақтаған-ды, арамыздағы байланыстардан айыптауға тұратын саяси күдік туғызатындай қандай да бір нәрсені сарапшылар да, сот та таба алмаған-ды. Тек бір мұғалімнен сабақ алушы оқушылардың немесе студенттердің арасындағы немесе Құраннан сабақ беретін ұстаздың алдындағы Құран жаттаушы шәкірттер арасындағы байланыс секілді Рисалей-Нұр шәкірттерінің арасында да өзара ақыреттік бауырластық, ынтымақ бар. Мұны саяси ұйым деп айыптаушылар

565БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАбарлық саудагерлердің, оқушылардың, уағызшылардың өзара ынтымағына саяси ұйым деп қарауы керек. Сондықтан, мұндай негізсіз, мағынасыз айыптаулармен түрмеге қамалғандарды ақтап жатудың өзін артық деп білемін. Бірақ, осы елге және Ислам әлеміне тікелей қатысы бар және отанға, халыққа рухани-заттық пайда мен берекенің ұйытқысы болған Рисалей-Нұрды үш рет қорғаштап ақтағанымыз секілді тағы да ақтауға дайынмын. Оған кедергі болар себеп көріп тұрғаным жоқ. Ешбір заң, ешбір саясат оған тыйым салмайды, сала алмаса керек. Иә, біздің ұйым екеніміз рас. Біздің ұйымның әр ғасырда үш жүз елу миллионнан астам мүшелері бар. Олар күнде бес уақыт намаз арқылы сол киелі ұйымның ережелеріне аса құрметпен қарап, адал екенін дәлелдеуде. деген қатаң ережесіне сай бір-біріне дұғаларымен, сауаптарымен көмекке жүгіреді. Міне, біз сол киелі де ұлы ұйымның мүшесіміз. Атқарар міндетіміз болса, Құранның иман жайлы ақиқаттарын нақты түрде иманды жандарға жеткізіп, оларды және өзімізді мәңгі жоқ болудан, бәрзахта және қабірде тоқтаусыз азапталудан құтқару. Одан басқа дүнияуи, саяси, елдің тыныштығын бұзатын астыртын ұйымдармен, қандай да бір комитетпен, бізге жала боп жабылған негізсіз, мағынасыз, саяси құпия ұйыммен ешбір байланысымыз жоқ және өзімізді ондай деңгейге түсірмейміз де! Бұл айтқанымды төрт сот егжей-тегжейлі зерттеп, ол тұрғыдан бізді ақтап, бостандыққа шығарған болатын.Иә, Нұр шәкірттері біледі, мұны сотта да айғақтармен дәлелдеген болатынмын, мен жеке басыма сый-құрмет, атақ-даңқ, қошемет сұрамаймын. Ақыреттік те рухани да дәрежеге жетуді көксейтін адам емеспін. Мен барынша, қолымнан келгенінше әһл-і иманға имани тұрғыдан қызмет ету үшін дүниялық өмірімді және өткінші мақам-мәртебелерді ғана емес керек болса ақыреттік өмірімді және әркімнің арманы болған ақыреттегі бақи мәртебелерді де пида етуге, тіпті тозақтан кейбір бейшаралардың құтылуына себеп болу үшін – қажет болса – жұмақты тастап тозаққа кіруге дайын екенімді шынайы бауырларым біледі. Оны соттарда белгілі мағынада дәлелдегенмін. Солай бола тұра маған әлгіндей айып тағу арқылы Иман мен Нұр қызметімде ықылассыз деп жазғыру және Рисалей-Нұрдың қадірін түсіру арқылы оның орасан зор пайдасынан халықты мақұрым қалдыру

566БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИүлкен қиянат. Апырм-ай, бұл бейбақтар дүнияны мәңгі және жұртты өздері сияқты иманын дүнияға сатады деп ойлай ма екен?! Адасқан дінсіздерге қарсы атой салған, иман қызметі үшін дүниялық керек болса ақыреттік өмірін қиюға дайын және соттарда айтқанындай, иманның бір ақиқатын дүнияның салтанатына ауыстырмайтын және саясаттан тіпті, саясаттың иісі шығатын рухани не заттық мәртебелерден ықылас сырына орай аулақ тұратын және жиырма жыл бойы адам айтқысыз азапқа төзіп саясат үшін ұстанған жолына орай өзін төмендетпеген және нәпсісі жағынан өзін шәкірттерінен төмен санайтын және олардан әрдайым көмек пен демеу, дұға дәметкен және нәпсісін тым бейшара, түкке тұрмайтын құнсыз деп сенетін адам жайлы кейбір адал достары, Рисалей-Нұрдан алған имани қуаттың әсерімен әлгі бейшараны жазған тәпсірі үшін өз хаттарында Рисалей-Нұрдың қасиетін оған теліп және ешқандай саяси мағынасы жоқ, жалпы әдет бойынша адамдар өз арасында жақсы көрген жәй бір адамға: «Көкем, жаным!» дейтіні секілді оны да жоғары мәртебелі санап, шамадан тыс асыра сілтеп мақтаса және ескі әдет бойынша ұстаз бен шәкірт арасында болатын еш сөкеттігі жоқ мақбұл әдет пен ризашылық білдіру мақсатымен тым артық мақтап-мадақтаса және ескі үрдіспен мақбұл кітаптардың соңғы бетіне мақтап, алғыс сөздер жазылса мұның айыбы бар ма? Бұл ешбір тұрғыдан қылмыс саналмаса керек! Иә, асыра сілтеудің ақиқатқа жараса бермейтіні рас. Дегенмен, ешкімі жоқ ғәріп, дұшпаны көп, жәрдемшілерін жаппай үркітіп тастаған, сол үшін ынсапсыздардың мұндай әрекетіне қарсы тек өзіне жәрдем етушілерді сақтау, оларды рухани демеу мақсатында және олар да қашып кетпесін деп, сондай-ақ, асыра сілтеп мақтаған кісілердің көңілін қалдырмау үшін олардың кейбір мадақ сөздерін Рисалей-Нұрға аударып, түгелдей жоққа шығармағаны үшін қабірге таяп қалған қарт кісіні, оның иманға адал қызметін \"дүния үшін жасап жүр\" деп жазғырған кейбір мемлеткеттік қызметкерлердің хақ пен ақиқаттан, ынсап пен заңнан қаншалықты ұзақ екені мәлім. Менің айтар соңғы сөзім: болмақ.* * * * *

567БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДААфион сотына және қылмыстық істер сотының төрағасына айтарым Бала кезімнен бері бойымда озбырлықты көтере алмайтын мінез болғандықтан дүниямен байланысты үзген болатынмын. Соңғы кездері еш негізі жоқ, мағынасыз мүлдем орынсыз озбырлықтың салдарынан өмір сүру тым қиындап кетті. Түрменің тысында жүздеген ресми қызметкерлердің озбырлығына шыдау мүмкін емес. Мұндай өмірден жалықтым. Мен сендерден жазаға тартуларыңды талап етемін. Дәл қазір өлім қолға түспей тұр. Маған түрмеде отыру керек боп тұр. Айыптаушы органның бізге таққан айыбының негізі жоқ екенін өзіңіз де білесіз. Ондай айыппен бізді жазалай алмайды. Бірақ, рухани тұрғыдан өз міндетімді адал атқармағаным үшін менің жазаға тартуға лайық кемшіліктерім көп. Егер нендей кінәм бар екенін білгіңіз келсе айтып берейін. Иә, менің үлкен бір кемшілігім мынау: Отан үшін, халық үшін, дін үшін атқарылуы тиіс аса маңызды міндетті дүниядан безгенім үшін атқармағандықтан расында кешірілмес кінә екенін және оны білмеу сылтау еместігіне осы Афион түрмесінде көзім жетті. Нұр шәкірттерінің риясыз, тек ақырет үшін Рисалей-Нұрға және аудармашысына деген ынта-ықыласын дүнияуи әрі саяси ұйым санап оларды жауапқа тартуға әрекет еткендер ақиқаттан, әділеттен қаншалықты алыс екенін үш соттың бұл тұрғыдан бізді ақтауын дәлел ретінде келтіріп былай демекпін:Адамзат қоғамының әсіресе, мұсылман халқының ең негізгі іргетасы мыналар: туысқандар арасындағы шынайы құрмет, сыйластық қауымдар мен рулар арасындағы жылы қарым-қатынас; Ислам өнегесіне сай мүмин бауырымен риясыз рухани байланыс; мәңгі өмірін қамтамасыз ететін Құранның ақиқаттарына, оны насихаттап, таратушыларға ажырамастай етіп бекем ілесу. Міне, осындай, қоғамдық өмірдің негізін ұстап тұратын құндылықтарды аяқасты етіп, оның орнына солтүстіктегі қатерлі анархияның тұқымын шашып, ұрпағымыз бен ұлтымыздың тамырына балта шауып, балаларымызды өз қарауына алып туысқандық пен ұлт ұғымын жойып жатқан сондай-ақ адамзаттың мәдениеті мен қоғам өмірін астан-кестеңін шығаруға бағытталған (коммунистік) қызыл тажалды мойындаған кезде ғана Нұр шәкірттерін кінәлап саяси ұйым деп айып тағуға болады.

Шәкірттерімен бірге Афион сотына бара жатқан кезінен көрінісШәкірттерімен бірге Афион сотына бара жатқан кезінен көрініс

569БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАСондықтан, Нұрдың шынайы шәкірттері тайсалмастан Құран ақиқаттарына адал, онымен тығыз байланыста екенін және ақыреттік бауырларына деген ыстық ықыласын жасырмай, тайсалмай көрсетуде. Сол киелі бауырластық жолында кез келген жазаны тартуға риза болатындықтан, болған нәрсені еш бүкпесіз, әділ сотта айтып, жайып салуда. Алдап, жағымпазданып, жалған айтып, өздерін ақтауға тырысып, дәрежесін төмендетпейді.АФИОН СОТЫНА, АЙЫПТАУЛАРҒА ҚАРСЫ ЖАЗЫЛҒАН НАРАЗЫЛЫҚ ХАТТЫҢ ҚОСЫМШАСЫБіріншіден; Менің сотқа айтарым: Жаңа айыптама Денізлі және Ескішәһир қаласында болған сотымыздағы бұрыңғы айыптамаларға қарап және бізге қарсы сарапшылардың атүсті тергеу шешіміне негізделіп жасалғандықтан, \"Осы айыптаманың жүз қатесін тауып бермесем жүз жылға сотталуға разымын\" демекпін. Міне, бұл айтқанымды дәлелдедім. Қаласаңыз жүзден астам қатенің тізімін берейін. Екіншіден; Мен Денізлі сотында, кітаптарымыз бен құжат қағаздарымыз Анкараға жөнелтілген кезде, бізге қарсы үкім берілетін болды-ау деп уайымдап, үміт үзгенімді достарыма жазған болатынмын. Кейбір ақталу сөздерімде де жазылған сол жазу мынау болатын: Егер Рисалей-Нұрды мінеу мақсатымен оқып сараптама жүргізген әділет басқарманың қызметкерлері, нұрдың саясында имандарын қуаттап немесе сақтап қалса, кейін олар мені өлім жазасына кессе, сендер куә болыңдар, мен оларды кештім. Себебі, біз Иман мен Құран қызметшілеріміз. Рисалей-Нұрдың міндеті иманды күшейтіп, сақтап қалу және мынау дос, мынау дұшпан деп бөліп жармай, бір жаққа бұра тартпай, ықыласпен баршаға имани қызмет жасау. Уа сот қызметкерлері! Осы ақиқатқа байланысты сотта Рисалей-Нұрдың бұлтартпас қуатты айғақтары өзіне назар аудартқаны рас. Енді, маған не істесеңдер де кешірем, ренжімеймін. Сол үшін маған қатты зұлымдық жасап жәбірлесе де, және өмірімде көрмеген опасыздыққа ұшырап үлкен қиянат жасасаңдар да шыдап бағамын. Тіпті, оларды қарғамаймын. Бізге қарсы мұндай айыптаулар мен

570БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИжабылған жаланың бәріне қарсы қояр қалқанымыз Рисалей-Нұрдың кітаптары және ешкім төтеп бере алмайтын ақталу сөздерім және жоққа шығарылмайтын наразылық жазбаларым. Таңғаларлық жәйт: Мысыр, Шам, Халеп (Алеппо), Мүнәууәр Мәдинә, Мүкәррәм Меккенің ғұламалары және Діни басқарманың білімі терең имамдары Нұр кітаптарын талдап-талқылап, бірде-бір сын айтпай, жоғары бағалап жатса да бізге айыптама дайындаған пысық біреу, Құранда жүз қырық сүре бар деп, Айды аспанға бір-ақ шығарды. Кітаптарымызға атүсті қарады. Рисалей-Нұр қилы кезеңдерде, ешкімді танымайтын ғаріп хәлімде, неше түрлі қиянат көріп жатқан қиын кезеңдерде жазылып, жүз мыңдаған ақиқатшыл жандар мойындап, растап жатса да, әлгіндей Құранда қанша сүре барын да білмейтін біреудің «Рисалей-Нұр Құран мен хадисті жоруға тырысқанымен кейбір кітаптарында оқырманға берер ілімі, үйретер құндылығы жоқ!» деп, мін тағуы, заңнан, ақиқаттан, әділеттен, шындықтан алшақ екені белгілі. Шағым ретінде сізге мынаны да айтайын: ішінде жүздеген қатесі бар, көңілімізге ауыр тиетін қырық беттік айыптаманы толығымен бізге екі сағат бойы оқып тыңдатты. Ал біздің бір жарым беттік ақиқаттарға толы наразы хатымызды қанша жалынсам да екі минут оқуға рұқсат бермеді. Сондықтан, менің наразылық хатымды толық оқып шығуларыңызды әділет атынан сұраймын. Үшіншіден; Кез-келген өкіметте қарсыластар, оппозиция болады. Елдің тыныштығын бұзбау шартымен заң жүзінде оларға тиіспейді. Мен және мен секілді дүниядан безген, тек ақыретін ойлайтын жандар мың төрт жүз жылдан бері ата-бабамыздың жолы мен Құранымыздың тәрбиесі шеңберінде, сондай-ақ әр ғасыр сайын үш жүз елу миллион мүмин – мұсылманның мақұлдайтын үлгісіне сай мәңгі өмірге қам жасауды бір шетке ысырып қойып орнына, жасырын дұшпандарымыздың олардың алдап-арбағанына еріп, мына қысқа, баянсыз дүниелік өмір үшін азғындыққа салынып, жабайы батыс мәдениетінің анайы өмір салтын, большевизмдегі секілді озбыр заңдарымен қоса қабылдап, оны өмірлік жол қылып ұстануымыз әсте, мүмкін бе?! Дүнияда ешбір заң, торғайдың миындай миы бар адам мұны күштеп қабылдатуға тырыспасы анық. Әлгі қарсыластарға «Бізге тиіспеңдер, біз сендерге тиіскеніміз жоқ» демекпіз:

571БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАОсыған байланысты айтарым: Аясофияны пұтханаға, Ислам орталығын қыздар лицейіне айналдырған бір қолбасшының ойынан шығарған «заңнамасындағы» бұйрықтарын пікірмен де, ақылмен де қабылдамаймыз, және оны тұлға ретінде қолдамаймыз. Мына жиырма жылға созылған азапты өмірімде адам айтқысыз зұлымдық шексем де саясатқа араласпадым, билікте шаруамыз болмады, тәртіп бұзбадық. Жүз мыңдаған Нұр достарым бола тұра қауіпсіздікке қатысты бірде-бір оқиға тіркелмеді.Мен жеке адам ретінде соңғы кезде өмірімде көрмеген қиянат көріп, намысқа тиетін орынсыз мәмілелер мен опасыздықтардың салдарынан өмірден жалықтым. Басқан ізімді аңдып, әкіреңдеп, әмір беретін сырт көзге ғана еркін болудан шаршадым. Сізге өтініш жазған едім, ақталу емес, әдеттен тыс жазаға тартылуымды, жеңіл емес өте ауыр жаза сұрасам деймін. Өйткені, мұндай сұмдық зұлымдықтан құтылудың жолы меніңше я қабірде я да түрмеде жату, одан басқа шара көрмей тұрмын. Қабір яғни өлім әзірге қолға түспей тұр өз-өзіне қол жұмсау күнә, сол себепті бес-алты ай (Сілтеме )* жалғыз адамдық камерада жатуға разы болдым. Бірақ, бұл өтінішті бейкүнә бауырларымның құрметі үшін әзірге табыстамадым. Төртіншіден; Соңғы отыз жылдық өмірім мен жаңа Саид атанған кезеңім және Рисалей-Нұрда жазғандарым, жеке басыма қатысты ақиқаттар куә және менімен танысқан ынсапты жандар да біледі, солардың куәгерлігіне сүйене отырып былай деймін: Мен жүгенсіз нәпсімді қолымнан келгенше мақтаншақтықтан, атақ құмарлықтан тыйып, жеке басыма құрмет көрсеткен Нұр шәкірттерін бәлкім жүз рет ренжіткен шығармын. Менің жеке басымда түк жоқ, мен Құранның құндылықтарын сататын дүкеннің байғұс делдалымын, сатушысымын дегенімді, жақын достарым мен бауырларым естіп, біліп жүр. Мен дүниялық мансап, атақ-даңқ түгіл тіпті рухани жоғары атақ берілсе де нәпсім араласып қызметтегі ықыласым бұзылар деген оймен ол рухани мәртебені де пида етуді қабылдаған адаммын. Оны іс жүзінде де дәлелдегенмін. Мәселе солай бола тұра, сотта бейне бір үлкен саяси оқиға тәрізді, кейбір бауырларымның Рисалей-Нұрдың пайдасын Сілтеме: Қазір он жеті ай өтті, еш өзгеріс жоқ.

572БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИкөріп, соған алғыс ретінде мен қабылдамасам да әкесінен де артық құрмет көрсетуін, айыптауға себеп қылдыңдар. Кейбіреуінің менен бас тартуына ұйытқы болдыңдар. Бізді тыңдауға мәжбүрледіңдер. Апырм-ай, өзі риза болмаса да, өзін лайық санамаса да басқалар мақтап-мадақтаса сол үшін адамды айыптап жауапқа тартуға бола ма?Бесіншіден; Сендер мынаны жақсылап біліп алыңдар! Ешқандай да саяси ұйым емес және ешбір ұйыммен байланысы жоқ Нұр шәкірттерін саяси ұйым деп кінәлау немесе саясатшыл деп айыптау, бізбен қырық жылдан бері күресіп келе жатқан және дін Исламға, Иманға жау дінсіз комитетке және осы елде анархияның үстемдік еткенін қалайтын большевиктерге жақтас болу, біліп-білмей соларға көмектесу болып табылады. Үш сот Нұршылардың, Рисалей-Нұрдың саяси ұйым еместігін растап, ол тұрғыда ақтап шешім шығарған-ды. Тек, Ескішәһир соты «тәсәттүр-ү нисуан» туралы жазылған шағын рисаленің бір ғана мәселесін, атап айтсақ, «Естуімше, астанада бір аяқкиім тазалаушы тал түсте, базардың қақ ортасында жоғары лауазымды шенеуніктің жартылай жалаңаш әйеліне құмарлана тап беріпті. Оның осындай әдепсіз әрекеті тәсәттүрге қарсы адамдарға яғни әйел затының оранып жүруіне қарсы пікірдегілердің ұятсыз қалың бетіне шапалақ ұрғандай болды!» деген ертеректе жазылған сөзге бола мені бір жылға, ал күдікті деп ұсталған жүз жиырма адамның он бесіне алты айдан жаза берді. Демек, қазіргі таңда Рисалей-Нұрды және оның шәкірттерін айыптау әлгі үш сотты айыптау, оларды сотқа беріп, үстінен іс қозғау деген сөз. Алтыншыдан; Рисалей-Нұрмен айтысып-тартысуға болмайды. Оны көрген Ислам ғұламалары жаппай «бұл Құранның ақиқатқа толы тәпсірі!» деп яғни Құрани ақиқаттардың бұлтартпас дәлелі, осы ғасырдың рухани мұғжизасы және солтүстіктен шыққан қызыл қауіпке қарсы қорған, осы елге, халыққа, сүйікті отанымызға мықты бекініс екенін мойындаған-ды. Сондықтан, сот органдары шәкірттерді шошытпай керісінше, халыққа пайдалы нәрсеге ынталандыруы керек. Бұл сендердің міндеттерің деп білеміз, соны күтеміз. Халыққа, отанға, елдің тыныштығына зиянды дінсіздердің, кейбір кәпірлердің саяси тақырыптағы кітаптарына, журналдарына \"ғылыми еркіндік\" деп тиіспей жатқан заманда, мына бейкүнә, мұқтаж жастардың

573БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАиманын сақтап, жаман мінезден құтылу үшін Рисалей-Нұрға шәкірт болуы қылмыс па екен?! Әлбетте қылмыс емес, қайта үкімет пен Білім министрлігі қолдап, жоғары баға беретіндей игі амал.Соңғы сөзім: Аллаһ Тағала судьялардың әділ болуын нәсіп етсін! Әмин дей отырып былай дедік:Саид Нұрси* * * * *СОҢҒы СӨЗІмСудьяларға айтарым:Айыптамалардан және ұзаққа созылған қамаудан менің түсінгенім; бұл мәселеде ең бірінші менің жеке басымды назарға алып, көзімді құртуды ниет еткенге ұқсайды. Менің жеке басымның билікке, тәртіпке және отанға бейне бір зияны бардай. Олардың ойынша, мен діннің атын жамылып, дүниялық мақсат қуған адаммын. Белгілі бір мағынада саясат жасап жүр екенмін. Бұған қарсы нақты жауабым былай:Мұндай күмәнға беріліп, менің көзімді құртсаңдар да Рисалей-Нұрды және отанға адал, халқына сүйікті жанкешті де қымбатты шәкірттерді ренжітпеңдер! Ренжітсеңдер отанымызға, халқымызға обал болып, үлкен рухани зардап шегесіңдер, тіпті үлкен қауіп төнуі мүмкін. Сонымен қатар мынаны да айта кетейін; Жеке басымды қорлап, қиянат жасап, азаптап жатса да ризамын – (Рисалей-Нұрға және оның шәкірттеріне мен үшін зиян келмесе болды), қазіргі ұстанған жолымыздың талабы осы. Бәлкім, бұл ақыретім үшін пайдасы бар шығар, бәлкім осылайша жүгенсіз нәпсінің бәлесінен құтылуыма септігі тиер деп бір жағынан жылап тұрсам да бір жағынан ризамын. Егер, мына бейшара, бейкүнәлар менімен бірге осы мәселе үшін түрмеге қамалмағанда сотта қатты-қатты сөйлер едім. Сендер де байқаған шығарсыңдар, айыптаманы жазған адам әрнәрсені жиып-

574БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИтеріп, жиырма-отыз жылдық өмірімді – жеке және жасырын, ашық хаттарым мен кітаптарымды тіміскілеп, бұрыс мағына шығарып, бейне бір биыл жазылғандай, ешбір сотта тексерілмегендей, мүлде ақталмаған кітаптар секілді, бәрін қағазға тізіп шығыпты. Сол арқылы менің беделімді түсіргісі келеді. Мен өзім-ақ, жеке басымның түкке тұрмайтынын айтқанмын және менің қарсыластарым да түрлі жолдармен менің жеке басымды төмендетіп, саясаткерлердің алдында менің беделімді қанша түсіруге тырысса да түк пайда бермеуінің себебі мынау: Қазіргі кезде және бұл елде иманды күшейту керек, соған аса мұқтаждық туып отыр. Оны үйрететін адамдар ақиқатты ешбір нәрсеге айырбастамайтын, еш нәрсеге құрал қылмайтын адал болуы керек. Жеке басына ешқандай да үлес алмайтын, шынайы болуы тиіс. Сонда ғана имани дәрістерінен жұрт пайдаланып, еш күмәнданбайтын болады. Иә, мұндай аса мұқтаждық ешқашан, еш жерде болмаған сияқты. Өйткені, қауіп сырттан батпандап келуде. Жеке басым мұндай үлкен қажеттілікті өтеп, қанағаттандыра алмайтынымды мойындап, жаһанға жар салып отырсам да бәрібір жеке басыма мән берілуде. Бәлкім әлеуметтік ортада менен басқалар көзге көп түсе бермегендіктен болар. Мен қайта-қайта \"менде ерекше қасиет жоқ\" десем де, мені нұрдың қайнар бұлағы деп ойлауда. Мен бұған көптен бері таңғалып, еш лайық болмасам да кемшіліктерім көп бола тұра, мұнша назарға ілігуімнің хикметін енді толық түсінген секілдімін. Оның хикмет-мәнісі мынау: Қазір және осы жерде Рисалей-Нұрдың ақиқаты мен шәкірттерінің рухани тұлғасы әлгі аса мұқтаждықты өз мойынына алып, толық қамтамасыз етіп келеді. Ел жұрт маған осы қызметім үшін, (ол да мыңнан бір бөлігі бола тұра) әлгі керемет ақиқаттың, таза да пәк тұлғаның уәкілі ретінде қарап, құрмет көрсететіні рас. Мұндай құрмет маған зиян әрі ауыр келеді. Сондай-ақ, ақым болмаса да Нұр ақиқаттары үшін және әлгі рухани тұлғаның құрметі үшін үндемей әлгі мағынауи зияндарға көнген сыңай танытатынмын. Тіпті, Хазіреті Али (р.һ) мен Ғаус-ы Ағзам (қ.с) сынды кейбір әулиелердің Иләһи илһам арқылы Қасиетті Құранның осы заманғы рухани мұғжизасын көрсететін айна іспеттес Рисалей-Нұр туралы, оның ақиқаттары жайлы және адал шәкірттерінің рухани тұлғасы жайлы ишари хабар берген кезде арасында түкке тұрмайтын мені де қызметім үшін назарға ұсыныпты. Мен, қателесіп олардың жеке басыма қатысты азғантай

575БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАілтипатын кейбір жерде жору жасап, Рисалей-Нұрға аудармаппын. Бұл қателіктің себебі, өз әлсіздігім және жәрдемшілерімді үркітіп жатқан кезде сөздеріме сенімділік тусын деп сырттай, біршама қабылдағаным рас. Сендерге мынаны ескерте кетейін: Пәни, бір аяғы төрде бір аяғы көрде, еш құны жоқ жеке басымды төмендетудің қажеті жоқ, соншалықты мән беруге де тұрмайды. Бірақ сендер Рисалей-Нұрмен тайталаспаңдар! Ол қолдарыңнан келмейді. Оны жеңе алмайсыңдар! Онымен тайталасу халыққа да отанға да орасан зиян әкеледі. Бәрібір оның шәкірттерін тарата алмайсыңдар. Себебі, Қасиетті Құранның ақиқаттарын сақтау жолында шәһид болған қырық-елу миллион аталарымыздың немерелері бүгінгі таңда Құранның ақиқатын сақтап қалу үшін атсалысуда және Әлемінің алдында бұрыңғы ата-бабалары секілді діндарлығын, батырлығын жалғастыра бермек. Сырттай бас тартқан секілді көрінгенмен, адал шәкірттер жан-тәнімен осы киелі ақиқатқа шынайы берілген азаматтар. Сол ақиқаттардың бір айнасы болған Рисалей-Нұрды тастап, отанына, халқына қиянат жасамайды, елдің тыныштығын сақтап қалу үшін қолынан келгенінше сабыр етеді. Соңғы сөзім: * * * * *БАРЛЫҚ МИНИСТІРЛІКТЕРГЕ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНА ЖӘНЕ КАСАТЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫНАЕртең махшар күні болатын Ұлы Сотқа халімді баяндау әрі Аллаһтың дәргаһына шағым хат. Қазіргі заманның соты және келешек ұрпақ және жоғары оқу орындарының мұғалімдері мен шәкірттері тыңдасын.Жиырма үш жылда тартқан жүздеген қиыншылықтарымның он шақтысын өте әділ, Хаким-і Зүлжәлалдың әділетті дәргаһына шағымдана ұсынамын.

576БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИБіріншіден; Мен, кемшіліктерімнің көп екенін мойындай отырып осы халықтың болашағына, иманын сақтап қалуына өмірімді арнадым. Миллиондаған жан пида болған ұлы ақиқатқа менің де басым пида болсын деп бар күшіммен Рисалей-Нұр арқылы аянбай қызмет еттім. Қаншама зұлымдық пен азапқа душар болсам да Аллаһтан таупық келіп, шыдап бақтым. Қаймықпадым, қайтпадым. Атап айтсам, осы Афион түрмесінде, сондай-ақ, сотында шеккен азабымның бір мысалы мынау: үш мәрте және әрқайсысы екі сағатқа жуық оқылған, толықтай жалған, іші қастандыққа толы айыптаунаманы маған және әділдік күткен Нұр шәкірттеріне соңына шейін тыңдатты. Құқымызды қорғау үшін бес-он минут рұқсат берілуін өтініп едім, бір-екі минуттан артық рұқсат бермеді...................................................................................................Мені жиырма ай жалғыз ұстап, ешкіммен кездестірмеді. Енді, үш-төрт сағатқа ғана онда да бір-екі досыммен сөйлесуге рұқсат берді. Ақталу хат жазуыма сәл жәрдем етті. Сосын, оларға да тыйым салды. Осылай аяусыз түрде жазалауда, прокурор жоқ жерден сылтау іздеп жан-жақтан жинап алған, кейбіреуін бұрыс түсініп, жала жауып өшіге жазған он бес беттік айыптаунамасынан сексен бір қатесін тауып дәлелдеген едік. Сол қағазды тыңдауға бізді мәжбүрледі. Маған сөйлеуге рұқсат бермеді. Егер рұқсат бергенде былай дер едім: Дініңе сенбей, жоққа шығаратын, ата-бабаларыңды қорлап тіл тигізетін және Пайғамбарларыңды (с.а.у.) және Қасиетті Құранның заңдарын теріске шығаратын яһуди немесе христиан яки мәжусилерге, әсіресе соңғы кезде шыққан большевизм атын жамылған анархист, діннен безген және екіжүзді мүнафықтарға (Сілтеме ) сөз бостандығы, зайырлылық деген желеумен тиіспей *Сілтеме:Уа Ұстаз! Жиырма миллион емес, үш жүз елу миллион адамның морольдық та материялдықта құқын Құранның нұрымен Аллаһ үшін қорғадыңыз. Аллаһ үшін жасағандығыңыздың дәлелі, Аллаһ сіздің Құран жолындағы қызметіңізді табысты етті. Мұса Алейһиссаламның Перғауынның зұлымдығынан құтылғандай, Пайғамбарымыз (с.а.у.)да мұнапықтардың өлексесін көріп, әсіресе мүнафықтардың басшысын өз қолымен тозаққа аттандырғанындай, Рисалей-Нұр да Ескішеһирде, мінәжат рисалесі, Денізліде миуа Рисалесі мен Дәлелдер, Афионда осы жазбалар арқылы азғындар мен кәпірлердің және солардың шәкірттерінің жанын Жәһәннамға жіберді. Олардың прицптері мен жүйесін тас-талқан етіп, бүкіл әлемге жайып салды. ӘлхамдулиллаһКіші Али

577БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАеркіне қоя бересіңдер. Англия сынды христиан дінін мықты ұстанатын өктемшіл елдің өзінде билік органдарында, әкімшілік қызметте миллиондаған мұсылмандар Құранын оқып, Англияның қисық ережелерін, бұрыс ақидаларын теріске шығарып, қабылдамаса да бүкіл елде қарсылас партиялар өз көзқарастарын емін-еркін жайып, насихаттап жатса да оларды сотқа беріп жауапқа тартылмайды. Ал менің қырық жылдық өмірім көз алдарыңда, жүз отыз кітабым үстел үстінде, ең құпия рисалелерім мен хаттарым қолдарыңда және оны Спарта қалалық әкімшілігі мен Денізлі қалалық соты және Анкара қылмыстық соты, және Діни басқарма сондай-ақ, екі рет тіпті үш рет кассациялық сот жіті зерттеп, Рисалей-Нұрдың барлық кітаптарын толық дерлік екі-үш жыл тексеріп, аз да болса жазаға тартуға себеп таба алмаған-ды. Сонымен қатар, менде күш-қуат болмаса да зұлымдыққа ұшырап отырмын. Екі жүз мың шынайы да жанкешті шәкірттерге отансүйгіштікті, халқына қызметті, елдің тыныштығын сақтау керектігін үйреткен пайдасы мол Рисалей-Нұр кітаптары түгел қолыңызда және кінәсіз екенімізді дәлелдейтін төрт жүз беттік ақталу хатымыз да алдыңызда. Мәселе солай бола тұра, қандай заңға сүйеніп, қандай пиғылмен, нендей пайда көздеп, қандай айып тағып бізді ауыр жазаға тартпақсыңдар! Мұнша қиянат, жалғыздық камерасы не үшін? Әлбетте, ертең қиямет күні махшарда сендер бұған жауап бересіңдер.Екіншісі; Мені жазаға тартқандарына айтатын сылтаулары; Менің Құранның ашық аяттарына сүйене отырып тәсәттүр (әйелдердің шариғатқа сай киініп, жабық жүруі), мирас мәселесі, зикруллаһ яғни Аллаһты зікір ету, бірнеше әйел алу туралы қазіргі мәдениетке қайшы тәпсір жазуым. Отыз бес жыл бұрын, Ескішәһир қаласының сотына және Анкараның кассациялық сотына сондай-ақ, біз туралы айыптау хатына жауап ретінде және хаширде болатын ұлы сотқа шағым ретінде және бізден кейінгі нұрлы, зиялы қауымға естелік және маған сөйлеуге мұрша бермеген және сексен қатесі табылып дәлелденген, маған өштесіп жазылған айыптаунама арқылы мені екі жыл ауыр жазаға тартқан және жалғыз өзімді қамап, екі жылға бөтен жерге жер аударып, басқан ізіме шейін аңдыған ұйымға төмендегі шағым хатты қаз-қалпында қайталамақпын. Менің әділ сотқа айтарым: Мың үш жүз елу жылда, әр ғасыр сайын үш жүз елу миллион мұсылманның қоғамдық өміріне үлкен ықпалы бар киелі де нақты заңды, Иләһи дәстүрді үш жүз елу мың

578БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИтәпсірдің растап, қоштағанына сүйене отырып ата-бабамыздың діни нанымдарына, дүние танымдарына сәйкес тәпсір жазған адамды соттайтын соттың мұндай бұрыс шешімін әлбетте, жер бетінде әділдік болса жоққа шығарады. Ондай бұрыс үкімді қабылдамайды. Оған сенімім зор. Апырм-ай, бұл ғасырдың құлағы саңырау боп, мүлдем естімей қалғаны ма? Заманның кейбір талабы бойынша уақытша қабылданған кейбір батыстық заңнамаларды ақылға салып, қисынсыз деп тауып, қабылдамайтын және саясатпен еш қатысы жоқ, қоғамдық өмірге араласпайтын адамды әлгіндей аятты тәпсірледің деп айыптауға бола ма? Бұл дегенің, Дін Исламды жоққа шығару, діндар әрі батыр миллиардтаған ата-бабасына опасыздық және миллиондаған тәпсірлерді айыптау емес пе?Үшіншісі; Мені тұтқындау үшін алға тартқан сылтауы мынау; Елдің тыныштығын бұзу, қоғамға қауіп төндіру. Және болу ықтималы өте аз тіпті мыңнан бір мүмкін нәрсені болғандай көрсетіп, кейбір махрем жеке кітаптарымыз бен жеке адамдарға жазылған хаттарды талдап, Рисалей-Нұрдың жүз мың сөз-сөйлемдерін бұрмалап, басқа мағына шығарып, оны дәлел ретінде көрсетіп, бізді жазаға тартып, айып таққысы келеді.Мен оған жауап ретінде отыз-қырық жылдық өмірімді білетіндер мен Нұрдың мыңдаған хас шәкірттерін куәгер ретінде былай демекпін: Стамбулды басып алған кезде Англияның қолбасшысы мұсылмандардың арасына іріткі салып, тіпті Шәйх-үл Исламды, кейбір молда-имамдарды алдап, бір-біріне айдап салып, саяси партияларды қырқыстырып, гректердің жеңіске жетуіне ықпал жасаған сәтте, Англия мен Юнанды (Греция) әшкерелеп жазылған «Хутуват-ы Ситте» атты кітапшамды Әшрәф Әдип мырзаның қолдауымен бастырып, тарату арқылы әлгі жауыз қолбасшының сұмдық жоспарын іске асырмайтындай әшкерелегенім үшін менің көзімді жоюға әрекет етсе де қауіпке басын тігіп қаймықпай және осы ерлігі үшін Анкарада билік басында отырғандар оны шақырса да Анкараға қашпаған және Орыстың бас қолбасшысы дарға асуға үкім шығарған кезде міз бақпай, мән бермеген сондай-ақ, отыз бірінші наурыз күні елде дүмпу болып, жаппай тәртіпсіздік кезінде сегіз полк әскерді өткір сөзімен тынышталдырған және әскери трибунал шақырылып, сотта генералдар: «Сен де кері тартпасың, саған да шариғат керек еді!» деген кезінде өлімнен қорықпай:

579БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДА«Егер конституциялық басқару жүйесі белгілі бір топтың өктемшіл билігі болса бүкіл адам мен жын куә болсын, мен кері тартпамын. Шариғаттың бір ғана мәселесі үшін жаным пида!» деп әлгі пашаларды састырып таңғалдырған, өлім жазасына кесілгелі тұрғанда ақталуына үкім шыққан және бостандыққа шыққан соң жолда кетіп бара жатып, оларға алғыс айтудың орнына: «Залымдар үшін жасасын жәһаннам!» деп жар салған және Анкарадағы резиденцияда Мұстафа Кемал оған ашуланып: «Сені мұнда бізге пайдалы іліми пікірлер айтсын деп шақырып едік. Сен болсаң намаз туралы бір нәрселер жазып, арамызға бүлік салдың!» дегенде, оған жауап ретінде: Иманнан кейінгі ең ұлы ақиқат намаз. «Намазсыз адам қиянатшыл келеді, ал қиянатшыл адам қоғамнан аласталады» деп қырық-елу депутаттың алдында қарсы сөз қайтарғанда әлгі қолбасшы үндей алмай кешірім сұраған сыңай танытып, ашуы басылып қалған еді. Және алты аймақтың тергеу органдары мен үкіметі елдің тыныштығын бұзатын бірде-бір оқиға тіркемеген және жүз мыңдаған Нұр шәкірттерінің ешбір тәртіп бұзғандығы байқалмаған (тек бір жас шәкірттің өте орынды бір оқиғасынан басқа тіркеуге алынбаған) және ешбір шәкірттің үстінен қылмыстық іс қозғалмаған және олар қай түрмеге қамалса, ол жерде отырған қылмыскерлерді жөнге салып тәрбиелеген және Рисалей-Нұрдың жүз мыңдаған кітабы ел арасында кеңінен тараса да әсте зияны тимей, керісінше пайдасы тигендігі жиырма үш жылдан бері белгілі. Оған өткен өмірім, үш аймақтың әкімшілігі мен соттардың ақтау шешімі куә. Рисалей-Нұрдың қадірін түсінген жүз мыңдаған шәкірт мұны ісімен, сөзімен растайды. Өзі жалғыз, елден оқшау өмір сүретін, ғәріп, жасы ұлғайған, пақыр, қабірге таяп қалған, қолынан келгенінше пәни дүнияны ұмытып, өмірдің не екеніне әбден көзі жеткен, сондай-ақ бұрыңғы күнәларының кешірілуін тілеп мәңгі өмірдің қамын жеген, дүниялық мақам-мәртебеге мүлдем қызықпайтын және өте мейірімді болғандықтан бейкүнә жандарға, қарттарға зияны тимеу үшін өзіне зұлымдық жасап, азаптағандарға қарғыс та айтпайтын адам жайлы: «Бұл жалғыз басты қарт кісі елдің тыныштығын бұзады, мемлекетке қауіп төндіреді, мақсаты дүния, іс-әрекеті лаңкестік, билікті құлату. Сол үшін айыпты!» дейтіндердің өздері барып тұрған қылмыскер. Жер мен көктің арасын толтырардай айыпты. Ұлы сотта жауапқа тартылатын болады!Апырм-ай, тәртіпке бағынбай бүлік шығарған сегіз полк әскерді

580БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИбір үндеуімен тәртіпке келтірген және қырық жыл бұрын газетке бір мақала жазып, өзіне мыңдаған адамды қаратып алған және аталмыш үлкен үш қолбасшыдан тайсалмай оларға жалбақтамаған және сотта шашым қанша болса сонша басым болып, күнде біреуі шабылса дінсіздер мен кәпірлерге бас имеймін, отаныма, халқыма қиянат жасамаймын, Құранның ақиқатына арналған басымды залымдарға әсте имеймін деген және Әмірдағы қаласында бес-он ақыреттік бауырларынан және үш-төрт қызметшісінен басқа ешкіммен жұмысы жоқ бір адам туралы күмәнданып, айыптаунамада: «Бұл (Саид) Әмірдағы қаласында астыртын ұйым құрып, елдің тыныштығын бұзу ниетімен кейбір адамдарды алдап, санасын улаған. Жиырма шақты адам айналасына жиналып оны мақтап, жеке хат жазған, демек ол төңкеріске, жаңа тұрмысқа, үкіметке қарсы жасырын саясат жүргізуде!» деп адам сенгісіз жала жауып, қиянат жасап екі жыл түрмеге қамау, жалғыз өзін абақтыда ұстау және сотта сөйлеуіне мұрша бермей азаптау әрине барып тұрған зұлымдық, әділдік ұғымына мүлдем қайшы, ұяттан жұрдай әрекет екенін ұяттарың болса түсінерсіңдер. Өздерің ойлаңдаршы, бір үндеуімен мыңдаған адамға сөзін қабылдатқан және бір ғана мақаласымен мыңдаған адамды Иттихад-ы Мұхаммедие ұйымына мүше қылған және Аясофия мешітінде елу мың адамға уағыз айтып тәнті еткен адам мұнша беделге ие бола тұра үш жыл Әмірдағы қаласында жұмыс істеп, тек бес әрі кетсе он адамды ғана алдап, ізінен ертуі және ақыреттің қамын ойламай саяси ойындарға араласуы әсте мүмкін бе? Анық баратын қабіріне нұр апарудың орнына түк пайдасы жоқ, қара түнек жинауы мүмкін бе? Әлбетте, шайтанның өзі бұған ешкімді сендіре алмас! Төртіншісі; Басыма шляпа кимегенім үшін айыпты санап, соны қамауға негіз қылуда. Сотта маған сөз бермеді, бергенде мені қамауға алғысы келгендерге айтар едім: Қастамону қаласының полиция бөлімінде үш ай қонақ болдым. «Шляпа киіңіз!» деп ешқашан айтпады және үш сотта да басыма олардың шапкасын кимедім. Бірақ ешқайсысы тиіспеді. Жиырма үш жыл бойы кейбір дінсіз залымдар соны сылтау қылып бейресми түрде азап шектіріп, түрлі ауыр жазаға тартты. Балалар мен әйелдер және көптеген шаруа адамдары мен кеңседе жұмыс істейтіндер шапка киюге міндетті емес деген заң шықты. Солай бола тұра оны киюдің ешқандай пайдасы болмаса да мен секілді мүнзәуи, жапа шеккен жалғыз басты кісіні және шапка

581БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАкиюге бүкіл мүжтәһит имамдар, шәйһ-үл Ислам ғұламалар қарсы болған шляпаны кимегенім үшін жала жауып, жиырма жыл жазаға тартылдым. Мағынасыз түрде, киімге бола мені қайта қамауға тырысуда. Ал күндіз жұрттың көзінше рамазан айында ораза ұстамай арақ ішіп, намаз оқымайтындарға \"зайырлылық\", \"еркіндік\" деп оларды өздеріне салыстырып тиіспейді. Осылай кектеніп, қайта-қайта менің киім киісіме тиісіп жазалауға тырысқандар әлбетте, өлімнің ащы дәмін татып, қабірдің ауыр азабын шегіп болған соң Махшар күні, бұл істеген ісі үшін сұраққа тартылмақ.Бесіншісі; Отыз үш Құрани аяттың мақтау ишаратына бөленген және Хазіреті Али (кәррамуллаһү уәджһаһү) мен Ғаус-ы Ағзам (қуддуси сырруһу) сынды әулиелердің құрметіне іліккен сондай-ақ, жүз мыңдаған имандылар қуаттап қабыл алған, жиырма жылдан бері отан мен халыққа еш зияны жоқ керісінше мол пайдасы тиген Рисалей-Нұрдың кейбір кітаптарын түкке тұрмайтын сылтаулармен тыйым салу жөнсіз шешім. Тіпті, төрт жүз беттен тұратын жүз мың адамның иманын сақтап қалған «Зүлфикар», «Мұғжизат-ы Ахмәдия» дейтін кітаптарым ертеректе жазылып, кешірім берілген және екі аяттың тамаша тәпсірі бола тұра, екі парағын сылтау етіп өте пайдалы, құнды кітапқа тыйым салуға тырысуда. Сондай-ақ аса құнды Рисалелердің бір сөзінен қате мағына шығарып, мың пайдасы бар кітаптарға тыйым салуға тырысады. Үшінші реттік айыптауларды естіп, біз жариялаған қарарнаманы көргендер мұны растайды. Біздің соңғы сөзіміз:Алтыншысы; Нұрдың кейбір шәкірттері Рисалей-Нұрдан керемет имандылық дәрісін алып нақты айғақ, имани күшті дәлел тауып пайдасына жаратқандықтан, оның авторын яғни мына байғұсты ынталандыру, құттықтау, алғыс білдіру мақсатымен шамадан тыс құрметтеп, асыра сілтеп мақтағаны үшін мені кінәлі деп айыптағандарға айтарым: Мен әлсіз әрі жалғыз, ғәріп, бөтен жақтан жер аударылып келген мені жұртқа жамандап теріс көзқарас қалыптастырып қойған адаммын. Құранның имани ақиқаттарынан өзіме дәрмен, рухыма шипа тауып оны осы елдің азаматтарына да ем-шипа болсын деген ізгі ниетпен сол құнды ақиқаттарды қағазға түсіргім келді. Жазуым

582БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИтым нашар болғандықтан көмекке мұқтаж болдым. Аллаһ жарылқап қасыма өте адал, жанға жақын, қайсар жандар шоғырлана бастады. Әлбетте, олардың мен жайлы жақсы ойларын, шынайы мақтау сөздерін жаппай қабылдамай, көңілдерін қалдыру әлгі Құрани қазынадан шыққан Рисалей-Нұрға опасыздық, қиянат болар еді. Әлгі қаламы жүйрік, ержүрек, батыр көмекшілерден айырылып қалмайын деп, олардың мен секілді дәрежесі төмен, ерекше қасиеті жоқ пенденің жеке басына қатысты мақтау сөздерін нағыз мақтауға лайық, заттың нағыз иесі, Құранның мұғжизасы Рисалей-Нұрға, одан қала берді шәкірттердің рухани тұлғасына, жамағатқа аударатынмын. Маған шамадан тыс көп мән бересіңдер, деп белгілі мағынада оларды ренжітетінмін. Апырм-ай, өзі риза болып, сұрамаса да басқа адамдар оны мақтап, мадақтаса заң бойынша айыпты санала ма?! Алайда, заң атынан сөйлейтін ресми қызметкерлер мұны да айыпқа санауда. Бізге қарсы жазылған қарарнаманың елу төртінші бетінде: «Ақырзаманда келетін ерекше тұлға Әл-и бәйттен яғни ардақты Пайғамбарымыздың тұқымынан шығады. Біз Нұр шәкірттері тек рухани түрде Әл-и бәйттен боп саналамыз. Рисалей-Нұрдың жолында ешбір тұрғыдан менмендік, жеке басқа қатысты пайда, мақам-мәртебе, атаққұмарлық, атын шығару жоқ, болмайды да. Нұрдағы ықыласты бұзбау үшін маған ақыреттік мақам, жоғары мәртебе берілсе де қабылдамауға мәжбүрмін деп білемін!» делінген. Жиырма екінші және жиырма үшінші бетінде: «Кемшілігін мойындау, өзінің әлсіз де пақыр екенін түсіну, кішірейіп Аллаһтың дергаһына жалбарыну. Міне, бұл тұрғыдан алғанда өзімді бәрінен де бейшара, әлсіз, кемшін көремін. Ол жағдайда бүкіл халық мені мақтап мадақтаса өзімнің кәміл, жақсы, біреуден артық екеніме әсте сенбеймін. Сендер қашып кетер деп үшінші қырымды яғни нағыз болмысымның жасырын, жаман жақтарын, нашар халдерімді айтпай отырмын. Аллаһ Тағала жарылқап ең қарапайым, қатардағы жауынгердей жеке тұлғама Қасиетті Құранның сырларын ашу деген қасиетті қызмет жүктеп, лайық болмасам да жұмсап жатыр. Оған сансыз шүкір етемін. Нәпсі бәрінен төмен, қызмет бәрінен жоғары!» деп жазулы тұрса да мені басқалар тарапынан мақталды деп және Рисалей-Нұр деген атаудан ұлы һидаят беруші мағынасын шығарып, сол үшін мені жазаға тартпақ болғандар әлбетте, бұл қателігінің жазасын еселеп тартатын болады.

583БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАЖетіншісі; Біз және барлық Нұр кітаптары Денізлі мен Анкараның касациялық сотының қарарымен бірауыздан ақталған болатынбыз. Барлық кітаптарымыз бен хаттарымыз қолымызға қайтарылып берілген-ді. Кассациалық сот шешімі: «Денізлі соты ақтап шыққандықтан қателік болған күннің өзінде сот шешімі өзгертілмейді, үкім күшін жоймайды, қайта сотқа жіберілмесін!» десе де мен, Әмірдағы қаласында үш жыл жалғыз өмір сүрудемін, екі-үш кісіден басқа ешкіммен бес-он минуттан артық сөйлеспейтін, тек Рисалей-Нұрға қызықтыру үшін аптада бір ғана хат жазатын және өзінің туған бауыры уәкіл имамға үш жылда үш-ақ хат жазған және жиырма-отыз жылдан бері жазып жүрген кәсібін қойған еді. Имандыларға пайдасы тиер жиырма беттік екі тұжырым жазған-ды. Бірінші тұжырымда, Қасиетті Құрандағы аяттардың қайталану хикметі, ал екінші тұжырымда періштелерге қатысты тақырыптар қамтылған. Осы мәселеден басқа еш нәрсе жазбаған. Сотта қайтарып берген рисалелерден үлкен-үлкен жинақтар жасалуын және ескі әріптермен басылып шыққан \"Аятул-Кубра\" рисалесінің бес жүз нұсқасын сот бізге қайтарып бергендіктен, Ислам Әлемінің пайдасына жарар деген оймен бауырларыма көбейткіш машинамен көбейтіп басуларына рұқсат беріп, тек қана соларды тексерумен айналысып отырған саясатпен еш байланысы жоқ, еліне оралуға ресми рұқсат берілсе де дүнияға, саясатқа араласпау үшін қиын болса да жалғыздықты қабылдап, туған еліне бармаған адам жайлы соңғы айыптаунамада негізсіз айып тағып, өтірік нәрселер жазып, бұрыс мағыналар беріп, айыптауға тырысқандар екі мақсатта әрекет етті. Әзірге ол мақсаттарын айтпай-ақ қояйын соңғы жиырма айда маған жасаған қиянаттары дәлелденіп отыр. Менің оларға айтарым: «Қабір мен тозақ сендерге жетеді. Махшардағы үлкен сотта жолығамыз!» Сегізіншісі; Бесінші Шуақ Рисалесі Денізлі және Анкара сотында екі жыл бойы тексерілді. Сосын, қолымызға қайтып берілген-ді. Ақтау қағазымыздың соңғы бетіне ол туралы жазылған болатын. Оны әу баста құпия ұстағанымыз рас, дегенмен сот орындары оны жарыққа шығарып, баршаға жария етті. Сосын ешқандай зияны жоқ деп басылуына рұқсат бердім. Жалпы «Бесінші Шуақ» рисалесінің негізі отыз-қырық жыл бұрын жазылып, мүтәшәбих хадистердің мағынасы еді. Бірақ, мұсылмандар арасында бұрыннан бері кеңінен тараған мұндай хадистердің кейбіреуіне мамандардың күмәнмен

584БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИқарағаны рас, дегенмен хадистің сыртқы мағынасына наразылық туғандықтан, имандылардың күмәнін жою мақсатында ғана жазған болатынбыз. Уақыт өте келе, оның мән-мағынасы ашылып, көзге де көріне бастағандықтан әркімге көрсете бермей, құпия ұстадық. Ондағы мақсатымыз бұрыс түсініп қалмасын дегеніміз. Кейіннен бірнеше сот органдары оны зерттеп, кеңінен тарауына себеп болуымен қатар, өзімізге қайтарып берсе де қайтадан сол мәселені көтеріп, бізді жауапкершілікке тарту әділет ұғымына қайшы, ұят екенін, бізді заңға сүйеніп емес өз ойларына сүйеніп соттағандардың ар-ождандарына тапсырамыз. Оны ұлы сотқа шегере тұрып, дейміз.Тоғызыншысы; Өте маңызды. Дегенмен бізді соттап жатқандар Рисалей-Нұрды талқылап, талдап оқығаны үшін оларды ренжітпейік деп, ол мәселені жазбадым. Оныншысы; Өте қуатты әрі маңызды мәселе. Бірақ, тағы да соларды ашуландырмау үшін әзірге жазбадық. (Сілтеме )** * * * *Сілтеме*:Пайғамбарымыз (с.а.у.) миғражға көтерілу мұғжизасы арқылы жындарға да адамдарға да періштелерге де өзінің ұлы Пайғамбар екендігін дәлелдеп береді. Мүшриктер мен мүнафықтарға, Иман дәрежесінің шарықтау шегі болған Аллаһтың дидарын, жұмақты да тозақты да өз көзімен көріп куә болды. Сенімді Мұхаммед атанған мүбәрәк болмысымен Хақ Тағаланың бар екендігін, Хаширдың, (қайта тірілу), Ұлы Соттың болатындығын жындарға да адамдарға да жеткізеді. Рисалей-Нұр да \"Хаширдегі Ұлы сотқа арыз\" атты осы рисале арқылы, бүгінгі таңда иман мен ақиданың әлсіреп қалуына байланысты шәк-шүбәларға маталып қалған мұсылмандарға, ғалымдар мен хәкімдерге Хақ Тағаланың бар екенін, әділдігін, Ұлы соттың болатындығын, ғайып әлемін көзге көрсеткендей дәлелдеп, күдік-күмән қалдырмады. Күпірлікке әбден шырмалып қалған, хақ жолдан адасушыларға Тозақ, Иманды жандарға Жұмақты дүниелік көзге де көрсетіп, дәлелдеп береді.Адамзат баласына шынайы Иманды Хаққаляқин түрде дәлелдеп берді. Хақ Тағала Рисалей-Нұрдың авторына мәңгі риза болсын. Амин.Кішкентай Али

БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИДІҢ АФИОН ТҮРМЕСІНДЕ ЖАЛҒЫЗ КІСІЛІК КАМЕРАДА ЖАТҚАН КЕЗІНДЕГІ ШӘКІРТТЕРІНЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРЫНАНАзиз, адал бауырларым!Сендер жұбатуға емес құттықтауға лайықсыңдар. Тағдыр айдап, бізді мына үшінші Юсүф медресесіне бір хикметпен әкелді және ризығымыздың бір бөлігін осы жерде жеуді жазған екен, яғни ризығымыз бізді осында шақырды және бүгінге дейінгі тәжірибелер арқылы көзіміздің әбден жеткені сонша бізді сырына Аллаһтың инает – жәрдемі бөлегеніне шәк-шүбә жоқ. Юсүф медресесіндегі жаңа бауырларымыз Рисалей-Нұрдың жұбаныш-ақиқаттарына аса мұқтаж және құқықшылар басқа қызметкерлерге қарағанда Нұрдың, ережелеріне, басқа да киелі заңдарға мұқтаж Нұр рисалелері біздің сырттағы істерімізді молынан атқаруда. Оның қарқынды жеңісі жалғасуда. Бұл жердегі біздің әрбір фәни сағатымыз бақи ғибадат сағаттары саналуда. Олай болса әлбетте, біз мына оқиғаға әлгі айтылған ақиқаттарға байланысты сабыр сақтап, табандылық танытып, көңіл хоштығымен шүкір етуіміз керек. Денізлі түрмесінде жұбаныш үшін жазылған қысқа хаттарды сендерге қаз-қалпында қайталамақпын. Иншаллаһ, ол ақиқаттарға толы хаттар сендерге жұбаныш сыйлайды деп ойлаймын.Саид Нұрси* * * * *Азиз, адал бауырларым!Әуелі, менің жеке басыма жасалған зұлымдықты, опасыздықты ойлап уайымдамаңдар! Себебі, Рисалей-Нұрдан кемшілік таба алмаған соң, оның орнына менің түкке тұрмайтын кемшілігі көп жеке басыма тиісуде. Мен бұған ризамын. Рисалей-Нұр аман болып,

586БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИмерейі үстем болуы үшін жеке басым мың түрлі қиыншылықтар мен азап, шексем де небір пәлекет көрсем де мақтана шүкір етемін. Бұл Рисалей-Нұрдан алған дәрісімнің жемісі. Сондықтан, ол тұрғыдан мені мүсіркеп уайымдамаңдар! Екіншіден; Бізге жасалған ауқымды да сұмдық әрі аяусыз шабуылдың күші жиырма есеге азайды. Мыңдаған хас шәкірттердің орнына бірнешеуін және жүз мыңдаған достардың орнына бірнеше бауырларымды ұстап алып кетті. Демек, Аллаһтың инает-жәрдемі, жарылқауы әлгі сұмдықтың бетін қайтарып жеңілдетті. Үшіншіден; Аллаһ жарылқап, екі жыл бойы бізге тұзақ құрып, қудалап жүрген әкімнің қарасы батты. Біз туралы жалған ақпараттан қатты үрейленген ішкі істер министрі менімен жерлес әрі аталары өте діндар болып шықты. Бізге жасалған қастандықтың жеңілдеуіне себеп болған секілді. Сондықтан, үмітсіздікке түсіп үрейленбеңдер!Төртіншіден; Рисалей-Нұр жыласа я жер сілкінеді я ауа райы күрт бұзылады. Көптеген тәжірибелер мен тосын оқиғалар арқылы бұған біздің көзіміз әбден жетті. Көзімізбен көп көрдік және сотта оны дәлелдегеніміздей, менің ойымша биылғы қыстың жаз секілді жадырап бастапқыда жылы болуы, Рисалей-Нұрдың жасырын нұсқалары машинкамен көбейтіліп, әртарапқа жайылуына байланысты. Өйткені уақыты дәлме-дәл сәйкес келуде қудаланып тыйым салына бастаған кезде яғни Рисалей-Нұр жылап, қиналған кезде кенет күн суытып аяз көтерілуі мынаны меңзейді: Рисалей-Нұр Құран ақиқаттарының бұл ғасырдағы жарқын да ұлы мұғжизасы. Онымен жер жүзі, тіпті ғалам кіндіктес. Саид Нұрси* * * * *Әзиз адал бауырларым(Қызық бір жағдайымды айтуым керек болды)Бір кездері жихадта жүрген жауынгерлер, атақты бір ғұламаны бірнеше жерден көрген екен. Бұл жағдайды оның өзінен сұраған кезде, « Маған сауап жаздыру және сабақтарымды иманды жандарға жеткізу үшін, кейбір әулиелер менің орныма жұмыстар атқаруда» деген екен. Сол сияқты Денізлі мешіттерінен мені көргендер болыпты.Бұл

587БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАхабарды ресми түрде жеткізгендер де бар. Түрме бастығы да түрмедегі қызметкерлерден мұның қалай болғанын сұраған екен. Кейбіреулер «камераның есігін кім ашып беріп жүр » деп, әбігерге түсіпті. Мұнда да сондай жағдай болып тұр. Мұндай таң қаларлық нәрселер менің кемшіліктерге толы жеке басыма қарағанда, Рисалей-Нұрдан жүз есе, тіпті мың есе артығымен туып жатқанына, Нұрлардың сенімді де қабыл болған ақиқаттар екендігін дәлелдеп берген, «Сикке-и Ғайби» жинағы куә болуда. Әсіресе, Нұрдың ер жүрек шәкірттері өздерінің таң ғажайып халдері мен қаламдары арқылы дәлелдеп беруде.Саид Нұрси* * * * *Азиз, адал бауырларым!Рисалей-Нұр менің орныма сендермен сұхбаттасады әрі дәріске құмар жаңа түскен бауырларға тамаша дәріс береді. Рисалей-Нұрды оқумен оқытумен яки жазумен шұғылданудың өте пайдалы екені яғни көңілді көтеріп, жанды рахатқа батыратыны, ризықта береке, денсаулыққа пайдалы екені тәжірибелермен көз жеткізілген ақиқат. Енді, қастарыңа Хүсрев сынды Нұрдың қаһарман, батыры барды. Иншаллаһ, болашақта сол Юсүф медресесі де «Зехра» медресесінің берекелі дәрісханасы болмақ. Мен, осы кезге дейін Хүсревті Әһл-и дүниеден жасырып, көрсетпей келіп едім. Алайда, жарыққа шыққан рисалелер оны саясаткерлерге ашып көрсетті. Енді жасыратын ешнәрсе қалмады. Сондықтан, мен оның атқарып келген екі-үш маңызды қызметін хас шәкірттеріме тапсырдым. Мен де, ол да бұдан кейін жасырмай, қажет болса ақиқатты тура айтамыз. Бірақ, әзірге ақиқат айтылатын адамдардың арасында екі қырсық адам бары белгілі. Біреуі діннен безген кәпір һәм коммунист – ол Әмірдағы қаласына әйгілі. Екіншісі осы жерде өте сұм, қара ниетті біреу бар. Жалған ақпарат таратып, мемлекет қызметкерлерін үрейлендіретіндер солар. Сол үшін біз өте мұқият болып уайымға салынбауымыз және Аллаһтың жарылқауын күтіп, медет сұрап, тәуекел етуіміз керек.* * * * *

588БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИАзиз, адал бауырларым!Мен, Хусрев, Хыфзы және Бартындық Сейідтер әкелген сүйінші хабарды естіп, Рисалей-Нұрды да сендерді де өзімді де құттықтап, «сүйінші!» демекпін. Олай дейтінім, Меккеде Рисалей-Нұрдың негізгі кітаптарын ірі ғалымдар арабшаға және үнді тіліне аударып басуға әрекет етіп жатыр екен. Сондай-ақ, Қасиетті Мәдинада да қабыл болса керек, Нұрдың құнды кітаптарын мутаххар Раузадағы мақбердің үстіне қойылыпты. Қажы Сейід «Аса-и Мұса» кітабының Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қабірінің үстінде тұрғанын өз көзімен көріпті. Демек Ардақты Пайғамбарымыз қабыл алып, риза болғаны ғой, киелі жерлерге дейін барған. Біздің ниет еткеніміздей және осы жерден кеткен қажыларға айтқанымыздай, Нұрлар біздің орнымызға әлгі қасиетті жерлерді зиярат еткен ғой деп түйдік. Құдайға шүкір Нұрдың қаһарман шәкірттері кітаптарды әбден жіті тексеріп, ішінен бірде бір қате табылмайтындай етіп түзетіп, жан-жаққа таралуына көп еңбек етуде. Көптеген пайдаларының біреуі, мені түзетіп, жөндеу қызметінен босатты, енді еш уайымдамайтын болдым. Толық тексерілген кітаптар басқа нұсқаларға үлгі болып, қате жазылуға жол бермеуде. Аллаһ Тағала олардың амал дәптеріне сол кітаптардың қанша әрпі болса сонша сауап, мыңдаған жақсылық жазсын, Әмин!Саид Нұрси* * * * *Азиз, адал бауырларым және абақтыдағы жолдастарым!Әуелі; Жүздесіп, кездесе алмағанымыз үшін уайымдамаңдар! Біз әрдайым рухани түрде жүздесудеміз. Менің түкке тұрмайтын жеке басыммен кездескенше Рисалей-Нұрдың қандай да бір кітабын алып оқысаңдар немесе тыңдасаңдар менің еш құны жоқ жеке тұлғаммен емес, Қасиетті Құранның қызметшісі деген сипатымды сол рисаленің

589БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАішінен тауып, сұхбат қыласыңдар. Онсыз да мен сендермен барлық дұға уақытында, жазу кезінде және алаңдаған кездеріңде ойша кеңесіп отырамын. Біз бір аулада болғандықтан әрқашан бірге жүргендей болып есептелеміз.Екіншіден; Осы Жүсіп медресесіндегі Рисалей-Нұрдың жаңа шәкірттеріне былай демекпін: Бұлтартпас айғақтармен тіпті сараптамашыларды да қабылдауға мәжбүр қылған Құрани ишаралардан мынадай мағына шығады: «Рисалей-Нұрдың адал шәкірттері бұл дүниядан иманды кетеді. Һәм, Нұрдың рухани сертіктестігінің берекетімен Нұрдың әрбір шәкірті дәрежесіне қарай барлық бауырларының рухани табыстарына, дұға-тілектеріне үлескер болады. Бейне бір мыңдаған тілмен тәубә етіп, истиғфар етіп, құлшылық еткендей».Бүгінгі таңда аталған екі пайда мен нәтиженің жолында бүкіл қиыншылықтар мен азаптар түкке тұрмайтындай арзан боп есептеледі. Мұндай аса қымбат екі пайда адал шәкірттерге арзанға нәсіп болуда.Саид Нұрси* * * * *Азиз, адал бауырларым!Афион сотындағы ақталу хатымыздың ішінде һәм бізге, һәм Рисалей-Нұрға, һәм осы елге, һәм Ислам әлеміне қатысты маңызды ақиқаттар бар. Міндетті түрде осы хатты жаңа әріппен бес-он нұсқа көбейтіп, Анкараға жіберу керек. Бізді сол үшін жазаға тартып, тергеуге алса да оқасы жоқ. Ендігі міндетіміз, әлгі ақталу хаттағы ақиқаттарды өкіметке, әділет басқармасына, сот органдарына халыққа білдіру. Мүмкін, тағдыр бізді сол үшін осы дәрісханаға айдап әкелген шығар. Мүмкін болғанынша тездетіп машинкамен жазылсын. Егер бізді бүгін шығарса біз бәрібір әлгі орындарға жеткізуге міндеттіміз. Сендерді алдап кейінге қалдырмасын. Жетер енді! Айналып келіп бір мәселе үшін он бес жылда үш рет мұндай сұмдық зұлымдықтарға, қайдағы бір сылтаулар мен ауыр азаптарға қарсы соңғы ақтау хатымыз болсын.

590БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИЗаң бойынша өзімізді қорғау үшін алдыңғы соттар қол машинкасын пайдалануға рұқсат беріп еді. Олай болса, ешбір заң ондай құқымыздан айыруға жол бермейді. Егер, ресми түрде жолын таба алмасаңдар сыртта өзіміздің адвокат шұғыл түрде машинкамен бес нұсқасын көбейтіп шығарсын, бірақ мұқият болсын, қате жібермеуге тырыссын. Саид Нұрси* * * * *Азиз, адал бауырларым!Қамаудағылармен сөйлесіп, өзара амандасқаным үшін бүгін менің тереземді сыртынан жауып тастады. Сырт көзге басқа сылтау көрсетуде. Бірақ, сендер еш уайымдамаңдар! Керісінше мен бұған ризамын, себебі, менің түкке тұрмайтын жеке басыммен шұғылданып Рисалей-Нұрға, шәкірттеріне тиісіп, азаптамайды. Сондықтан, олардың менің жеке басыма қиянат жасап азаптағанына сендер үшін Рисалей-Нұр үшін, Нұрға тиіспегені үшін риза болып, сабыр сақтап, Құдайға шүкір етемін, еш уайымдап жатқаным жоқ. Сендер де әсте алаңдамаңдар! Жасырын дұшпандарымыздың мемлекеттік қызметкерлердің назарын жеке басыма аударуы Нұр қызметі мен шәкірттердің есен-саулығы үшін Аллаһтың жарылқауы деп ойлаймын, мұнда да бір қайыр бар деп сенемін. Кейбір бауырлар ызаланып, қатты сөз айтпасын. Сақтық жасап, оғаш әрекеттен аулақ болсын. Мұны әркімге айта бермесін. Өйткені, аңғал және сақтыққа үйрене алмаған жаңа бауырларымыздың сөздерінен мағына шығарғысы келетін тыңшылар бар. Олар түймедейді түйедей қылып жалған ақпарат жеткізеді. Дәл осы кез күрделі кезең. Дегенмен, еш алаңдап уайымдамаңдар! Бізді Аллаһтың инает-жәрдемі сақтайды. Біз барлық қиыншылықтарға сабыр етіп, тіпті шүкір етіп, төзімділік танытуға қарар бердік. Біршама қиыншылықтар көптеген жақсылықтар мен сауапқа себеп болатындықтан шүкір етуге міндеттіміз. Саид Нұрси* * * * *

591БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДААзиз, адал бауырларым!Маңызды екі себепке және қуатты ескертуге байланысты мен өзімізді ақтау міндетін осы жердегі және енді келетін бауырларыма, Нұрдың хас шәкірттеріне тапсыр деп жүрекке әмір келді. Мен де солай істеуге мәжбүр болдым. Атап айтқанда (Х. Р. Т. Ф. С.). Бірінші себеп; Мен, тергеу кезінде және жалпы белгі-нышандардан түсінгенім, маған қолынан келгенше қиындық туғызуға тырысуда және ой-пікір жағынан басым түсетіндігімнен қашқақтайды әрі ресми түрде ол жайлы белгі-хабарлар бар. Бейне бір, мен сөйлей бастасам болды, соттағылардың үнін өшіріп тастайтындай, дипломат, саясаткерлерден де үстем келетіндей және менде іліми құдірет, саяси күш бардай түрлі сылтаулармен мені сөйлеткізбейді. Тіпті, өткенде тергеу кезіндегі бір сұраққа: «Есіме түспей тұрғаны!» десем, судья таңқалып: «Сен секілді ғажайып зерек ғалым қалай ұмытады?» деді. Олар Рисалей-Нұрдың таңғажайып қасиетін, іліми құндылығын менен, менің ойымнан шығып жатыр деп ойлап зәресі қалмай қорқып жүр. Менің сөйлегенімді қаламайды. Менімен сөйлескен адам бейне бір дереу Рисалей-Нұрдың жанкешті шәкірті болып кететіндей қорқады. Сол үшін болар, мені ешкіммен кездестірмейді. Тіпті, дін істері министрі бұл туралы \"Кім онымен сөйлессе, дереу пікірін қабылдап қояды. Оның адамды баурап алу қабілеті күшті\" депті. Демек, бүкіл жұмыстарымды сендерге тапсыру қажет болып тұр. Қолдарыңдағы соңғы және бұрыңғы жазған ақталу хаттарым өзара кеңескен кезде менің орныма қатысып, ақылдасуға толық жеткілікті.................................................................................................................* * * * *Азиз, адал бауырларым!Бүгін рухани ескерту келіп, сендер үшін мұңайып уайымдадым.Тезірек бостандыққа шыққысы келетін және тұрмыстық жағдайын уайымдайтын бауырларымды ойлап өкіне, жабыққан кезде көкейге

592БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИбір ақиқат, сүйінші хабар келді. Ол не десеңдер, бес күннен кейін өте берекелі, сауабы мол қасиетті үш айлар басталмақ. Әрбір жақсы амалдың сауабы басқа уақытта он болса қасиетті Режеб айында жүзден асады, ал қасиетті Шағбан айында үш жүзге жетіп жығылады. Берекелі Рамазанда мыңнан асады, жұма күндері мыңдаған есеге артады. Ал қасиетті Қадір түнінде отыз мыңға таяп еселеніп кетеді. Мұндай ақыреттік пайдасы мол жәрмеңке, ақиқатшыл әрі құлшылыққа аса мән беретіндерге таптырмайтын сәт. Және имандыларды үш айда сексен жылдық өмірдің пайдасына кенейтін қасиетті үш айды сауапты он есе көбейтетін Юсүф медресесінде өткізу әлбетте, үлкен ғанибет, мол олжа. Қанша қиналсақ та бұл Аллаһтың рахымшылығы деп қабылдап, ғибадат тұрғысынан осындай болумен қатар, Нұр қызметі үшін де бес есе пайдалы. Мәселе санда емес сапада болғандықтан бұл тұрғыдан да тиімді. Өйткені, осы қонақжайға әрдайым келіп-кетіп жатқандар Нұр дәрістерінің жайылуына ұйытқы болады, кейде бір адамның ықыласы жиырма адамдай пайда әкеледі. Һәм, Нұрдың ықылас сыры Нұрдың жұбаныштарына аса мұқтаж қамалғандар арасында жайылып тарауы үшін біршама қиындық шегіп, азапқа түссек те оқасы жоқ. Ал күнкөріс мәселесіне келер болсақ онсыз да мына үш ай ақыреттік базар саналатындықтан әрқайсымыз көптеген шәкірттердің орнына, тіпті кейбірі мың адамның орнына қамалғандықтан әлбетте, сендердің сыртқы шаруаларыңа олар жәрдемші болады деп, көңілім жәй тауып, терең тыныстап рахаттанып қалдым және айтқа дейін осы жерде болудың үлкен нығмет екенін түсіндім. Саид Нұрси* * * * *................................................................................................................Байқаймын, жасырын дұшпандарымыз, Рисалей-Нұрдың қадірін түсіру мақсатымен саясаттың иісі шығатын мәһдилік мәселесін алға тартып, бейне бір Рисалей-Нұр соның құралы деп босқа даурығып, еш негізі жоқ сылтау іздеуде. Бәлкім, жеке басыма жасалып жатқан мұнша азап сол күдіктен болса керек.

593БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАМен әлгі залым дұшпандарға және оларды тыңдап бізге қарсы келушілерге айтарым: Құдай сақтасын! Ешқашан бұлай шектен шығып иман ақиқаттарын жеке басыма пайдаланып, сол арқылы жоғары мәртебеге жетуге, атақ-даңқ иеленуге құрал қылмағаныма жетпіс бес жылдық, әсіресе соңғы отыз жылдық өмірім мен Нұр рисалелері және менімен араласатын мыңдаған жандар куәлік етеді.Иә, Нұр шәкірттері біледі, мұны сотта да айғақтармен дәлелдеген болатынмын, мен жеке басыма сый-құрмет, атақ-даңқ, қошамет сұрамаймын не ақыреттік не де рухани дәрежеге жетуді көксейтін адам емеспін. Мен қолымнан келгенінше әһл-і иманға имани тұрғыдан қызмет ету үшін дүниялық өмірімді және өткінші мақам-мәртебелерді ғана емес керек болса ақыреттік өмірімді және әркімнің арманы болған ақыреттегі бақи мәртебелерді пида етуге, тіпті тозақтан кейбір бейшаралардың құтылуына себеп болу үшін қажет болса жұмақты тастап, тозаққа кіруге дайын екенімді шынайы бауырларым біледі әрі оны соттарда белгілі мағынада дәлелдегенмін. Солай бола тұра маған әлгіндей айып тағу арқылы Иман мен Нұр қызметімде ықылассыз деп жазғыру және Рисалей-Нұрдың қадірін түсіру арқылы оның орасан зор пайдасынан халықты мақұрым қалдыру үлкен қиянат. Апырм-ай, бұл бейбақтар дүнияны мәңгі және жұрт та өздері сияқты иманын дүнияға сатады деп ойлай ма екен?! Адасқан дінсіздерге қарсы майдан ашқан иман қызметі үшін дүниялық, керек болса, ақыреттік өмірін қиюға дайын және соттарда айтқанындай, иманның бір ғана ақиқатын дүнияның салтанатына айырбастамайтын және саясаттан тіпті, саясаттың иісі шығатын рухани да не заттық та мәртебелерден ықылас сыры арқылы аулақ тұратын және жиырма жыл бойы адам айтқысыз азапқа төзіп, саясатпен айналысатындай ұстанған жолына орай өзін төмендетпеген және нәпсісі жағынан өзін шәкірттерінен төмен санайтын және олардан әрдайым көмек пен демеу, дұға дәметкен және нәпсісін тым бейшара, түкке тұрмайтын құнсыз деп сенетін адам жайлы кейбір адал достары, Рисалей-Нұрдан алған имани қуаттың әсерімен әлгі бейшараны жазған тәпсірі үшін өз хаттарында Рисалей-Нұрдың қасиетін оған теліп және ешқандай саяси мағынасы жоқ, жалпы әдет бойынша адамдар өз арасында жақсы көрген адамды: жоғары мәртебелі санап, шамадан тыс мақтаса және ескі әдет бойынша ұстаз бен шәкірт арасында болатын еш сөкеттігі жоқ мақбұл әдетпен ризашылық білдіру мақсатымен тым артық мақтап-мадақтаса мұның айыбы бар ма? Бұл ешбір тұрғыдан қылмыс саналмаса керек!

594БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИИә, асыра сілтеудің ақиқатқа жараса бермейтіні рас. Дегенмен, ешкімі жоқ ғәріп, дұшпаны көп, жәрдемшілерін жаппай шошытып тастаған, біреу, ынсапсыздардың мұндай әрекетіне қарсы тек өзіне жәрдем етушілерді сақтау, оларды рухани демеу мақсатында және олар да қашып кетпесін деп, сондай-ақ, асыра сілтеп мақтаған кісілердің көңілін қалдырмау үшін олардың кейбір мадақ сөздерін Рисалей-Нұрға аударып, түгелдей жоққа шығармағаны үшін қабірге таяп қалған қарт кісіні, оның иманға адал қызметін \"дүния үшін жасап жүр\", деп жазғырған кейбір мемлеткеттік қызметкерлердің хақ пен ақиқаттан, ынсап пен заңнан қаншалықты ұзақ екені мәлім.Саид Нұрси* * * * *Әзиз адал бауырларым!Біріншіден, еш уайымдамаңдар, алаң болмаңдар. Бізге байланысты кез келген оқиғаның ар жағында, нәтижесінде Илаһи мейірім мен жарылқаудың ілтипаттары, тағдыр мен әділеттің мейірімді тәрбиелері жатыр. Бұл нақты тәжірибелермен дәлелденген. Сондықтан біз ең ауыр жағдайлар мен қиыншылықтарға қарсы аса сабырлы болып, шүкір етуге міндеттіміз.Терісі сыпырылған Джержис Алейһиссалам сынды мыңдаған, миллиондаған ақиқат жолындағы мүжахидтер атқарған иман ақиқаттары жолындағы киелі қызметке ат салысып жүрген Нұр шәкірттері тартқан азаптар баяғы тұлғалар тартқан азаптың мыңда біріне жетпейді. Ал сауабы мен пайдасы жөнінен, ИншаАллаҺ бірдей, тең болмақ.Екіншіден: Он бір рет маған қастандық ұйымдастырып, төрт рет соттарды айдап салған және үш рет түрмеге қаматқан жасырын жауларымыздың Нұрларға қарсы құрған жоспарлары іске аспай қалғандықтан, бар айлаларын пайдаланып, жеке басыма қиындықтар туғызу, жалғыз адамдық камераға қамау, ешкіммен сөйлестірмеу, ашуыма тию арқылы азаптауға тырысуда. Аллаһтың жарылқауымен мен де мұндай азаптарға шыдап, шүкір етудемін. Денем сендерден он есе әлсіз болса да сендерден он есе ауыр азаптарға шыдап жүруім,

595БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАсендер сияқты мықты да жанкешті бауырларымның уақытша тартып жатқан болмашы қиындықтарын жеңілдетіп тастар деген оймен, бұдан артық жұбаныш сөздердің қажеті жоқ деп білемін.Үшіншіден: Қазір менің беделімді түсіруге тырысуларына, қиындықтар туғызып, опасыздық жасап жатқандарына қиналмаңдар.Өйткені бұл Нұрларға және шәкірттеріне тиісіп жатпағандығын білдіреді. Алданып жүргендіктерінің белгісі. Яғни: өнер мен қасиет менде деп ойлап, мені тұқыртуға тырысуда. Бұлай алдануларында көп жақсылықтар мен Нұрларға мол пайда бар. Менің толық атқара алмай жүрген Нұр қызметін осылай жасатуда. Инша Аллаһ бұлар кемшіліктерімнің өтеуі болар.Төртіншіден: Жасырын мұнафықтар, кейбір ресми қызметкерлерді «Саидпен сөйлескен адам онымен дос болып, Нұршы болып кетеді.Оған ешкім жоламасын», деп алдап, үрейлендіріп жүр екен.Тіпті басшылар да, қарауылдар да жолағысы келмейді. Мұндай жағдайға менде ризамын, шүкір етемін. Сендермен жүздесіп, кездесе алмауым мәселе емес. Бір ғимаратта, рухымыз бірге, жүрегіміз бірге,бір міндетті арқалап, ой пікіріміз бір жерде жүрміз ғой.Рухымыздың бір болуы жеткілікті.Саид Нұрси* * * * *Әзиз адал бауырларым, Құран мен Иман жолындағы қызметке жан аямай ат салысып, табандылық танытып жүрген достарым: Бірнеше күннен бері хат жазыса алмай қалғанымызға қиналмаңдар.Көңілімдегі екі нәрсені айта кетуім керек болып тұр.Біріншісі: сыры арқылы, Аллаһқа мойынсұнып, тәуекел еткен соң жұбаныш таптым. Ол былай: Бізді әсіресе Чалышқандарды бостандыққа жібермей, бөліп тастамай, кейінге қалдыруларында материалдық зияндар болғанмен рухани түрдегі

596БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИпайдасы мол. Мысалы: Анкараның алты мекемесіне жіберген ғылыми, имани түрдегі аса құнды қорғау сөздеріміз жиырма күннен бері солардың назарында. Ол жердегі аса құнды ақиқаттар және солармен айналысып жатқандардың назарын аударып отырған мәселеміздің сафтығы,ол мекемедегілерді әрине бей-жай қалдырмайды. Ондағы ақиқаттар аналардың мысын баспағанда, осы уақытқа дейін бізге қарсы шабуылдар үдей түсер еді. Сондай бұйрықтар берілер еді. Ондай бұйрықтар түскенде біз туралы түймедейді түйедей етіп жүргендердің іс әрекетінен байқалар еді. Демек ақиқат жеңіп отыр.Енді олардың соққылары ауыр болмайды. Осындай нәтиже бергеніне ризамын. Осы уақытқа дейінгі материалдық ауыртпалықтардан жүз есе артық рухани пайдам бар. Бұл пайдадан сендердің әрқайсысының мененде көп үлестерің бар деп білемін. Демек, біздің еркіндікке шығуымызды кейінге қалдырғандары хайырлы болды. Чалышқандардан үш ағайындының көптеген Нұр шәкірттерін мұнда келуден құтқарумен қатар, өздеріне жабылған жалалар да Рисалей-Нұрды соттың назарынан тыс қалуына себеп болды. Егер өздері ғана бостандыққа шығып кетсе мына екі үлкен олжаға қол жетпей қалар еді.Сондай-ақ ел олардың Рисалей-Нұрға деген ниеттеріне сенбей қалар еді.Екіншісі: Мәселеміз Ислам әлемін ойландыратын аса үлкен Иман мен Құранға қызмет ету. Бұдан қатты шошыған жасырын мұнафықтар, қолдарынан келгенінше бұл мәселені маңызсыз етіп көрсетуге тырысуда. Өздері аса мән беріп,жұртқа маңызсыз мәселе етіп көрсетуде. Үкімет пен Әділет орындарын алдарқатуда. Мысалы: Рисалей-Нұрды оқып жүрген генералдар мен полковниктерге мән бермегенсіп, Анкарада қатардағы жауынгердің қолындағы бірнеше кітапқа бола мұндағы соттың ұзауына себеп болды. Неше түрлі опасыздықтар мен қысым жасау арқылы менің беделімді түсіріп, менен мың есе құнды Рисалей-Нұрдағы ақиқат дәрістері мен шәкірттердің сарқылмас рухани күштеріне мән бергізбеуге тырысуда. Ал өздері олардың маңызды екендіктерін түсініп зәрелері қалмай жүр. Түйедей нәрсені түймедей етіп көрсетуге тырысуда.Бірақ өздері қатты алданып қалды. Соттың ұзауы арамыздағы төрт-бес бауырымыздың саудасына, шаруасына аздап зиян тигізгенімен, рухани табыстарымыз, материалдық зияндардың орнын

597БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАтолтыруда, ИншаАллаһ! Уайымдамаңдар, біздің міндетіміз сабыр сақтап, шүкір ету. Мүмкін болғанша Нұрлармен шұғылдану, бізден де қиын жағдайда, түрмеде отырған бауырларымызға қолдау көрсету.Саид Нұрси* * * * *Өзекті бір рухани мәселені жүрегіме қалай ескертілген болса, солай қаз қалпында жеткізейін. Алты мекемеге жіберілген қорғау сөздеріміздің жауабы келіпті. Бізге тисер сылтау таба алмапты.Бір мекеме ғана жасырын хабарлар жолдау арқылы менің жан кешті бауырларымды менен алыстатып отыр. Байланыстарын үзу жоспарлары бар. Онсыз да көптен бері (неше түрлі опасыздықтар мен жалалар, қамаулар арқылы) қасиетті де ақыреттік,имани байланысты үзуге тырысқанымен қолдарынан келмеді. Енді Нұршыларды шошытып, әлсіз жақтарын тауып, олардың назарын басқа жақтарға бұруға сылтаулар қарастыруда. ИншаАллаһ Нұршылардың болаттай берік жігерлері мен ұлы мүджахид саналар Рисалей-Нұрдағы ақиқаттар және олардың рухани бірлігі шәкірттердің қолында алмас қылыштың міндетін атқарып, әлгілердің жоспарын орындатпайды. Ия, Жұмақ арзан емес, Тозақта керексіз емес. Тағы қайталаймын, баяғының батыр мүджахидтерімен салыстырғанда аз қиыншылықтар шегіп, заманның мұқтаждығына орай, көп сауап жинағандар ИншаАллаһ Нұршылар болып отыр. Бостан босқа, тіпті күнә арқалатып кетер бірнеше жылдық өмірін қасиетті Құран мен Иман жолындағы қызметке арнап, мәңгілік бақытты өмірге қол жеткізетіндер Нұр шәкірттері болып отыр. Өз мойныма түскен бүкіл ауыртпалықтарға, шабуылдарға шыдас беремін деген шешім қабылдадым. ИншаАллаһ, жігерлі, жанқияр, жас, ержүрек бауырларым менен қалыспайды, ауыртпалықтардан қашпайды, шегінгендерді кері қайтаруға тырыс–ады. Мұны осы уақытқа дейін де атқарып келді.Саид Нұрси* * * * *

598БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИАзиз, адал бауырларым!Әуелі; Шын жүректен Қасиетті Режеб айы мен ертеңгі Рәғайып түні құтты болсын демекпін.Екіншіден; Үміт үзбеңдер! Уайымдап дегбірсізденудің қажеті жоқ! Аллаһтың инает - жәрдемі иншаллаһ, медет болар. Үш айдан бері бізге қарсы дайындалған бомба ақырында жарылды. Менің пешім мен Фәйзинің стаканы және Хусревтің екі стаканы берген хабар тура боп шықты. Бірақ, ауыр емес жеңіл болды. Құдай қаласа ол жарақат та жазылар, от та сөнер. Енді бар күштерін салып менің беделімді түсіруге және Нұрдың жайылуына кедергі туғызуға тырысып бағуда. Әмірдағы қаласындағы сендерге белгілі мүнафықтан бетер, одан да зымыян әрі жасырын жұмыс істейтін, діннен безгендердің қуыршағы болған бір адамды және бидғатшы дүмше молданы пайдаланып, бар күштерін салып бізді құртуға жасаған жымысқы әрекеттерінің әсері жиырма есеге азайды. Иншаллаһ, қалғанының да зияны тимес және ойлаған мақсаттары яғни бізді араздастырып, Рисалей-Нұрдан бездіру жоспары да жүзеге аспай қалады. Осы қасиетті айлардың құрметіне және көп сауап жинау ниетімен сабыр сақтап, шүкір етуіміз және тәуекел етуіміз керек. деген ережені ұстанып, тағдырға тәсілім болуымыз қажет, тіпті міндеттіміз. Саид Нұрси* * * * *Әзиз, адал бауырларым, мына өмірде көңліме демеу беріп, ақиқаттар жолындағы қызметімізге талмай ат салысып жүрген жолдастарым.Мына қасиетті айларда, сауабы мол мына азапханада, осындай ауыр күндерде мүмкін болғанынша Құранмен, Нұрлармен шұғылдану өте пайдалы. Жүрегіңмен шұғылдану өте пайдалы. Жүрегің мен

599БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАрухың жеңілдеп қалуымен қатар, сауабы мол құлшылық болады. Иман жолында сауабы мол құлшылық болады. Иман жолында нұрлармен шұғылдану терең толғанысты (тәфеккүри) құлшылық. Сондай-ақ «Ықылас Рисалесінің» соңында жазылғандай бес жақты құлшылық болып саналады. Осы күндері мен бір мезгіл қорғау сөздеріммен шұғылданып кеткендігіме қынжылушы едім. Жүрегіме «Мұндай шаруа да ғылыми еңбек, Имани ақиқаттардың таралуына, еркін басылуына қызмет ету де өзіндік бір құлшылық», деген ақиқат жетті. Қиналған кезімде, жүз оқысам да қызығына тоя алмаған Нұрларды қайта талқылап отырмын. Қорғау сөздерімді де Рисалей-Нұрдың ғылыми тақырыптарының бірі деп қараймын. Бұрынырақта бір бауырым «Мен Оныншы сөзді отыз рет оқысам да қайта-қайта оқығым келе береді деген еді. Құранның бір маңызды жағы да оқушыны жалықтырмау. Ал Құрандағы ақиқаттарды жеткізіп тұрған тәпсірі Рисалей-Нұрға да Құранның осы қасиеті дарығанын сонда түсіндім.Саид Нұрси* * * * *Азиз, адал бауырларым!Бұл дүнияда әсіресе бұл заманда әсіресе бәлеге ұшырағандарға және оның ішінде Нұр шәкірттерінің ауыр жағдайына, үмітсіз халдеріне жұбаныш не десеңіздер, ол өзара бір-бірін жұбату, құлазыған көңілін көтеру, рухани демеу және жанкешті адал бауырдай мейірім төгіп, бір-бірлерінің қайғы-мұңын сейілтіп, жабырқау көңілдерін көтеру... Арамыздағы шынайы бауырластық пен ақыреттік достық өзара ренжісуді, жақ-жақ болып араздасуды көтермейді. Мен сендерге жан-тәніммен беріліп, сенім артқаным рас әрі сендер үшін жан тыныштығымды ғана емес тіпті, қуана-қуана жанымды да пида етуге дайын екенімді білесіңдер, мүмкін көріп те жүрген шығарсыңдар. Жасыратыны жоқ, ант етейін, сегіз күн болды Рисалей-Нұрдың екі озат шәкірті бір-біріне еркелеп, жұбатудың орнына ренжітіп, мұңайтқанын естідім. Бұл сырт көзге жәй, кішкене мәселе боп көрінер. Дегенмен, естіген кезде жүрегім ауырып қатты қиналдым. «Қап, әттеген-ай! О, Әрхамәррахимин! Медет бере гөр!

600БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИБізді жын мен адам шайтандарының бәлесінен сақта! Бауырларымның жүректерін бірі-біріне адал, шынайы берілген, өзара сыйластық, пен мейірімге толтыр!» деп рухым, жүрегім, ақылым зар қақты. Уа, болаттай мықты бауырларым! Маған көмектесіңдер! Мәселе өте күрделі. Мен сендерге үлкен сенім мен үміт артып бүкіл міндетімді сендердің рухани тұлғаларыңа тапсырған едім. Сендер де бар күштеріңмен аянбай маған көмекке жүгірулерің керек. Араларыңда болған оқиға уақытша әрі кішкене екені рас, дегенмен сағаттың ішіне немесе көздің ішіне бір тал шаш түсіп кетсе ауыртады емес пе? Дәл сол секілді араларыңда болған кикілжің аса маңызды. Оны үш оқиға мен өзіміз куә болған үш мәселе растады.Саид Нұрси* * * * *Құрметті бауырларым, Миғраж түні екінші Қадір түні іспетті. Бұл түнді мүмкіндігінше құлшылықпен өткізсе, сауаптар мың есе артады. Қырық мың тілімен тәсбих ететін кейбір періштелер сияқты сендер де Рухани серіктестік сырына сүйене отырып, сауаптарды еселей түсетін мынадай қиыншылықтардың ортасында отырып, әр қайсысың қырық мың тілмен дұға жасап, құлшылық етіңдер...Сондай-ақ өздерің де мұқият болыңдар. Сонымен қатар, ашықтан ашық Аллаһтың жарылқауларына бөленіп жатқандарыңды жеткізгіміз келеді.Саид Нұрси* * * * *Азиз, адал, ықыласты бауырларым!Біз қолымыздан келгенше Ықылас рисалесіндегі ереже-дәстүрлерді және шынайы ықыластың сырын өз арамызда қатаң сақтап, жүзеге асыруға міндеттіміз. Нақты хабар бойынша үш айдан бері осы жердегі хас шәкірттерді бір-біріне айдап салып, әртүрлі пікірде болғандығын


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook