301БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАҚұрметті Бауырларым.Осы жолғы жазғандарыңыздың ішінен Ықылас Рисалелерін көргендіктен сендерді сол рисалелерге тапсырып, қосымша дәрістердің қажеті жоқ деп білемін.Тек, мына бір нәрсені ескерте кетейін. Біздің ұстанымымыз ықыласпен атқарылар Иман ақиқаттарын түсіндіру болғандықтан, бұ дүниелік, қоғамдық өмірдің мәселелеріне мәжбүр қалмайынша араласпаймыз. Өз ұстанымымыздың талабына сай, бақталастыққа, бір жаққа жақтас болуға, араздыққа итермелейтін нәрселерден аулақ болуға мәжбүрміз. Өкінішке орай, қазір әб жыландардың шабуылына ұшырап жатқан ғалымдар мен діндар жандар шыбын шаққан құрлы әсері жоқ кемшіліктерді сылтау етіп, бірін-бірі сынап-мінеу арқылы әб жыландар мен дінсіз кәпірлердің бұзғыншылықтарына және өздерінің өлтірілулеріне көмек беруде. Ықыласты бір бауырымыздың хатында айтылғандай, жасы ұлғайған бір уағызшы-ғалым Рисалей-Нұрға зиян тигізер ұстанымда екен. Мен сияқты мыңдаған кемшілігі бар бір адамды, маңызды бір үзіріне орай, бір сүнетті тәрк етуімді сынға алып, мені сынау арқылы Рисалей-Нұрға тиіскісі келіпті.Біріншіден. Ол кісі де, сендер де білесіңдер мен Рисалей-Нұрдың қызметшісімін. Және сол дүкеннің делдалымын. Ал, Рисалей-Нұр – Арш-ы Ағзаммен байланысып тұрған Ұлы Құранға жалғанып тұрған ақиқатты тәпсір. Менің жеке басымның кемшіліктері оған әсер етпейді.Екіншіден. Ол уағызшы-ғалым кісіге менің атымнан сәлем айтыңыздар. Жеке басыма айтылған сындарын қабыл көремін.Сендер де ол кісімен және соған ұқсаған жандармен айтысып-тартыспаңдар. Тіпті сендерге күш көрсетілсе де қарғыс айтып сөкпеңдер. Кім болса ол болсын, иманы болса болды, өз бауырымыз болып саналады. Біздің ұстанымымыз бізге қастық қылғандарға дәл солай жауап беруге тыйым салады. Өйткені олардан да күшті жаулар, әб жыландар бар.Қолымызда сойыл емес, нұр бар! Нұр ауыртпайды, сәулесімен сипап өтеді. Әсіресе, ғылыммен шұғылданып жүрген ғалым болса, бойындағы білім қоздырып тұрған менмендігі бар шығар. Кеудесінен итеріп, жаншымаңдар. Мүмкін болғанынша
302БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИқағидасын үлгі тұтыңдар. Оның үстіне ол кісі бұрын Рисалей-Нұрды танып білген, жазуға да көмектесіп жүрген екен. Өз арамыздағы бауырымыз. Оның ойлары қате болса да кешіріммен қараңдар.Олар секілді дін жолында, тариқатта жүрген мұсылмандармен ғана емес, мынадай қиын шақтарда иманы болғанымен адасқан топтарда жүрген жандармен де айтысып-тартыспау керек. Аллаһты мойындап, ақыретке сенетін христианмен де айтысып-тартыспаңдар. Ондайдан аулақ болу мынадай қиын кезеңнің де, ұстанымымыздың да, қасиетті қызметіміздің де талабы.Саид Нұрси* * * * *Рисалей-Нұрдың ұстанымы – өз міндетін атқару, Аллаһ Тағаланың ісіне араласпау. Міндеті түсіндіру, жеткізу. Қабыл еткізу Аллаһтың ісі. Санға да көп мән бермейді. Сен сол өңірден бір Атыф тапсаң, жүз адам тапқандай боласың, уайымдама. Мүмкін болғанынша жұрттың сынап-мінеулеріне мән берме. Мынадай ғапылдық, жалқаулық басқан кезеңде, күн көрістің қамы да қысып тұрған шақта, аз да болса тиянақты түрде Рисалей-Нұрдың тарала түсуі жолында еңбек ету өте маңызды. Рисалей-Нұр барлық өңірлерде жемісті қызмет етеді, тоқырау жоқ, тоқтау жоқ, жеңіліс жоқ, жеңіс қана бар.Саид Нұрси* * * * *Рисалей-Нұрды дүниелік істерге пайдалануға болмайды. Дүниелік істерде алға тартып, қалқан қылуға да болмайды. Өйткені өте маңызды тәфаккүрлік құлшылық болып саналатындықтан, ондай дүниелік мақсат күтуге болмайды. Ондай ой болса, ықылас қашады. Әлгі аса маңызды құлшылықтың мағынасы жойылады. Кейде балалар төбелесіп қалған кезде қолдарындағы Құранды қалқан етіп, басына
303БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАсілтенген жұдырыққа қолындағы Құранды тоса қояды. Сол сияқты мына қасарысқан дұшпанға қарсы Рисалей-Нұрды қалқан етуге болмайды. Расында Рисалей-Нұрға тиіскендер таяқ жейді. Бұған жүздеген оқиға куә. Бірақ Рисалей-Нұрдан дұшпандарға соққы келуін күтуге, сондай ниетте болуға болмайды. Ондай жағдайда соққылар да болмайды. Өйткені ондай жағдай ықыластың да құлшылықтың да сырына үйлеспейді. Біз, бізге зұлымдық жасаушыларды,бізге қамқор болып, Рисалей-Нұрға қызмет еткізіп тұрған Раббымызға тапсырамыз. Дүниелік істерге қатысты ғажайып нәтижелер, (кейбір маңызды вирдтер сияқты) Рисалей-Нұрда көп кездеседі. Бірақ оларды тілеуге болмайды, олар сый ретінде беріледі. Негізгі мақсат етуге болмайды. Берілсе пайда. Егер қалау арқылы орын алса, мақсат сол болғаны, онда ықылас жойылады. Құлшылықтың бір бөлшегі жойылып кетеді. Иә, Рисалей-Нұрдың қасарысқан осынша дұшпанына қарсы тұра алуы, ықыластағы сырда, пайда ойламауда, тек қана мәңгілік бақыт жолына арналуында, Иман жолындағы қызметтен басқа мақсаттар күтпеуінде, кейбір тариқатшылар аса мән беретін жеке бастағы кәшф-кереметтерге мән бермеуіндегі сырда жатыр. Сондай-ақ ұлы әулиелік жолдағы Сахабалар сынды Пайғамбарымызды (с.а.у.) үлгі тұтып, Иманның нұрларын жаюды, мүміндердің иманын құтқарып қалуды ғана мақсат тұтуында. Мынадай аласапыран заманда Рисалей-Нұр арқылы қол жеткізуге болатын екі нақты нәтиже барлық нәрседен де жоғары және басқа нәрселерге, дәрежелерге мұқтаждық қалдырмайды.Бірінші нәтижесі:Рисалей-Нұрдың шеңберіне шынайы ықыласпен кіріп, соған қанағат етушілердің қабірге иманды кететіндігіне көптеген белгі нышандар бар.Екіншісі: Рисалей-Нұрдың шеңберінде арнайы ұйымдаспасақ та, өздігінен қалыптасқан ақыреттік, рухани серіктестік бар. Ондағы әр бір садық шәкірт мыңдаған тілмен, мыңдаған көңілден дұға етіп, тәубә қылады. Құлшылық етеді. Кейбір періштелер секілді қырық мың тілмен тәсбих тартады. Қасиетті Рамазанда Қадір түнінің ақиқатын, жүз мың қол жаю арқылы күтеді. Осы нәтижелерге байланысты, Рисалей-Нұр шәкірттері бұл нұрлы қызметті әулиелік дәрежеден артық көреді, кәшф-керемет іздемейді. Ақыреттік жемістерді бұ дүниеде үзіп алуға тырыспайды. Табысқа жеткізу, халықтың қызығушылығын арттыру, еңбектерін жемісті ету сынды
304БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИАллаһтың ісіне араласпайды. Лайық бола тұрса да, атақ-даңққа бөлеу, рахатқа бату сынды өз міндеттерінің сыртындағы нәрселерге араласпайды, ондай нәрселер үшін әрекет етпейді. Шын ықыласпен еңбек етеді «Біздің міндетіміз қызмет ету, бізге сол жеткілікті» дейді.Саид Нұрси* * * * *Сексен жылдық құны бар және Қасиетті Рамазан айының кез келген түнінде жасырын тұрған Қадір түнінің ақиқатына қол жеткізу үшін, Рисалей-Нұр шәкірттері арасындағы ақыреттік-рухани серіктестіктің талабына сай, әрқайсысы басқалардың да атынан сөйлей алу сырына орай деген кездерінде «біз» деу арқылы Рисалей-Нұрдың садық шәкірттерін ниет етуі керек. Осылайша әр бір шәкірт баршаның атынан дұға етіп, еңбегі ортақ болады. Шамасынан тыс қызмет талап етіліп тұрған, азғантай ғана іс атқара алатын бейшара бауырларыңыз өткен Рамазандағыдай көмектеріңді күтеді.Саид Нұрси* * * * *Екі-үш күн бұрын, Жиырма екінші сөзді тексеріп отырғанда көргенім, байқағаным; ішінде жалпылама зікір, ауқымды пікір, Аллаһтың бір екендігін айтар, өте күшті Имани сабақ, үнемі Аллаһтың алдында екендігін түсіну, қасиетті қызмет, жоғарғы дәрежедегі тәфәккүрлі құлшылық сынды нұрлар бар. Кейбір шәкірттердің құлшылық ниетімен рисалелерді жазуының оқуының, тыңдауының хикметін түсіндім. Бәрекелді дедім. Олардың ісі дұрыс деп білдім.Саид Нұрси* * * * *
305БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАҚара таудың бір жемісіӘзиз, Сыддық бауырларымОсы жолы хаттың орнына мына жемісті жолдап отырмыз. Бұл аят ишара етіп тұрған мағыналар барлық адамзатты қамтиды. Олардың бір бөлігі Демократиялық төңкеріс пен қазіргі кезеңнің ортасы. Бір мың үш жүз елу сегізінші жылы он бірінші айдың отызы күні, Қара таудың басына шығып келе жатқанда, адамзаттың, әсіресе мұсылмандардың басына бірінен соң бірі келіп жатқан бәлекеттер, соққылар қашан басталды және қашанға дейін жалғасады деген ой келді. Бүкіл сұрақтарыма жауап беретін Қасиетті Құран, бірден сүресін көз алдыма әкелді. Қара! деді. Зер салдым. Бүкіл ғасырларды қамтып тұрғанындай, осы ғасырға көбірек назар салып тұрғанаятындағы ның джифри есебі, бір мың үш жүз жиырма төртке сәйкес келіп, демократиялық төңкерістерден соң басталған биліктің ауысуы, Балқан соғысы, Итальян соғысы, бірінші дүние жүзілік соғыстағы жеңілістер мен келіссөздерді және Ислам дінінің нышандарының және бүкіл елді шарпыған өрттер мен зілзалаларды және екінші дүние жүзілік соғыстың бүкіл әлемді шарпуы сынды жер мен көкті қамтыған пәлекеттерден адамзаттың жеген таяқтары аятының осы ғасырға қарап тұрған ақиқаттарының уақытын дәлме-дәл, іс жүзінде көрсету арқылы жарқын бір мұғжизасын көрсетуде.соңындағы ның сандары, шәдде есептелсе, джифри есеп бойынша бір мың үш жүз елу сегіз және елу тоғыз болатын биылғы жыл мен келер жылды көрсету арқылы, ондай пәлекеттерден, әсіресе рухани соққылардан құтылудың жалғыз жолы, иман мен
306БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИсалих амалдар екенін, ал кері мағынасы ондай пәлекеттердің бір ғана себебі күпірлік пен нығметтердің құнын білмеу, шүкір етпеу яғни Имансыздық пен пасықтық, нәпсіқұмарлық екенін көрсетеді. сүресінің ұлы қасиеттерін, өзі қысқа ғана болуымен қатар аса ауқымды ақиқаттардың қазынасы екендігін растап, Аллаһқа шүкір еттік. Осы ғасырды астан-кестең еткен Екінші дүние жүзілік соғыстан Ислам Әлемінің аман қалуының себебі, Құраннан жеткен иман мен салих амалдар. Сондай-ақ, кедейлердің ашаршылыққа ұрынуының себебі, оразада жанға жайлы аштықты тартқысы келмеу, ал байлардың шығынға ұшырап, соққы жеулерінің себебі де зекет бермей мал жию. Ал, Анадолының мына алапат соғыстан аман қалуының себебі, қасиетті сөзінің ақиқаттарын жүз мыңдаған адамның көңіліне мызғымастай етіп орнатқан Рисалей-Нұр екендігіне көптеген дәлелдер арқылы куә болып отырған мыңдаған шәкірттер мен ақиқатты көре білуші өткір назарлы жандар бар.* * * * *РИСАЛЕЙ-НҰРДЫҢ КІШКЕНТАЙБЕЙКҮНӘ ШӘКІРТТЕРІӘзиз Сыддық бауырларым.Рисалей-Нұрдың кішкентай бейкүнә шәкірттерінен елу-алпысының жазған нұсқалары бізге де жіберіліпті. Біз де ол жазбаларды үш кітап етіп түптедік. Сол бейкүнә шәкірттердің кейбіреуінің атын жазып қойдық. Мысалға, Омар он бір жаста, Хафыз Нәби он төрт жаста. Мұстафа, он төрт жаста. Мұстафа он үш жаста. Ахмет Зәки, он үш жаста. Али, он екі жаста. Хафыз Ахмед, он екі жаста. Осы жастағылар өте көп, ұзата бермейік деп жазбадық. Міне, осы бейкүнә балалардың Рисалей-Нұрдан алған сабақтары мен өздері жазған Рисалелердің бір бөлігін бізге жіберіпті. Біз де олардың аттарын бір тізімге жианап жаздық. Мынадай заманда бұлардың ықыласпен іске кірісуі, Рисалей-Нұрда рухани ләззат, тартымды нұр бар екендігін көрсетеді. Мектеп жасындағы балаларды оқуға
307БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАынталандыратын, балалардың өздері ойлап тапқан ойындары мен қызықтарынан да артық ләззат, шаттық сыйлауда Рисалей-Нұр. Сол үшін балалар осындай әрекеттер жасауда. Бұл жағдай, Рисалей-Нұрдың тамыр жайып жатқанын көрсетуде. Инша Аллаһ бұл тамырды енді ешкім қопара алмайды. Келешек ұрпаққа да жалғасады. Осы бей күнә балалар секілді, Рисалей-Нұрдың тартымды шеңберіне кіріп жатқан оқу-жазу білмейтін қарттар да қырық-елу жастан асқанда Рисалей-Нұрдың құрметіне жазу үйренуде. Сол кісілер жазған қырық-елу рисалені түптеп, бір кітап етіп қойдық. Оқу-жазу білмейтін, кейбіреуі малшы, кейбіреуі аусарлау адамдардың қазіргідей қиын жағдайларға қарамастан Рисалей-Нұр жолында еңбек етулері, бүгінгі таңда халықтың Рисалей-Нұрға наннан да артық мұқтаж екендігін көрсетеді. Егінші, малшы көшпенді демей, бәрі де өздерінің маңызды шаруаларынан бұрын Рисалей-Нұр жолында еңбек етуде. Бұл жағдай Рисалей-Нұрдың хақ екендігін көрсетуде. Мына жинақта аз, алдыңғы алты кітапты тексеруде көп қиындықтар туды. Уақыт аз болатын. Бірден ойыма мына нәрселер келіп, рухани түрде былай деді. Сен бұған қиналма, бұл балалар мен қарттардың жазулары тез оқылмайтындықтан, асығыс оқушыларды асықпай оқуға мәжбүр етеді. Сол арқылы Рисалей-Нұрдың азық-астай ақиқаттарынан ақыл да жүрек те рух та нәпсі мен сезімдер де өз үлестерін ала алады. Әйтпесе, тек ақыл ғана азғантай үлес алып, басқалары азықсыз қалуы мүмкін. Рисалей-Нұр басқа ілімдер мен кітаптар секілді оқылмауы керек. Өйткені ондағы тахқиқи иман ілімдері, басқа ғылымдарға ұқсамайды. Ақылдан басқа да сезімдерге күш береді, нұр береді.Қорыта айтқанда, бейкүнә балалар мен қарттардың нашар да болса жазуларында екі пайда бар.Біріншісі: Асықпай, байыппен оқуға мәжбүр етеді.Екіншісі: Бейкүнә түрде ықыласпен, шын жүректен, тәтті тілдерінен шыққан дәрістерден, Рисалей-Нұрдағы терең де астарлы мәселелерді тыңдау, сабақ алу мүмкіндігі жатыр.Саид Нұрси* * * * *
308БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИСПАРТАҒА ЖІБЕРІЛГЕН БІР ХАТӘзиз Сыддық бауырларым.Намаздан кейінгі тәсбихаттың сырына орай, намаздан кейін Аллаһтың бір екенін қайталап, тәсбих тарту арқылы Пайғамбарымыз бастаған ұлы жамағатқа және бүкіл әлемге жайылып жатқан Пайғамбарымызға еріп шүкір етуші жамағатқа ойша, ниетімен қосылу – керемет рухани күш беретіні секілді, Рисалей-Нұрдан дәріс алушы кең шеңберге кіріп, нұрлы дәрістер алушы, сол жолда тер төгуші мыңдаған пәк тілді балалар мен қарттардың дұғаларына қосылып, салих амалдарына ортақ болу, дұғаларына амин дегендей ойша солармен бірге болу, ғайби болса да иық тірестіріп, тізе қосып, бірге тұрмыз деп ойлағанда өзімізді шексіз бақытты сезінеміз. Әсіресе өмірімнің соңына жақындаған шағымда мұндай асыл рухани балаларды яғни жүздеген Абдурахмандарды табу мен үшін бұл дүниеде жүріп, Жұмақта өмір сүргендей сезім береді. Өйткені қасиетті Рамазанда ауырып қалуыма байланысты, бауырларымның әр қайсысы менің есебіме бір сағаттан еңбек етулерінің нәтижесін айнеляқин, хаққаляқин байқадым. Дұғалары кері қайтпайтын бейкүнә балалар мен берекелі қарттардың, менің орныма дұға етіп, еңбек етулері, менің Рисалей-Нұрға қызмет етуімнің ақыретте мәңгілік нәтиже беретінін бұ дүниеде де көрсетті. бауырларыңСаид Нұрси* * * * *СПАРТАҒА ЖАЗҒАН БІР ПІКІРРисалей-Нұр, өзіне шын берілген, табанды шәкірттеріне қол жеткіздіретін орасан зор пайдалар мен аса құнды нәтижелердің өтеуі ретінде сол шәкірттерден шын ықылас пен мызғымас табандылық талап етеді. Иә, медреселерде он бес жылда қол жеткізер шынайы Иманға Рисалей-Нұр он бес аптада кейбіреулерге он бес күнде қол жеткіздіретініне жиырма мың адам өз тәжірибелері арқылы куә болып отыр. Сонымен қатар «Ақыреттік амалдардағы серіктестік» арқылы әрбір шәкірттің күн сайын мыңдаған ықыласты тілдер
Ұстаздың шәкірттеріне өз қолымен жазған хаты...*Әзиз, сыдық бауырларым, мына айыптауларға қарағанда, кейбір үкімет адам-дарын алдап соғып, оларды бізге айдап салып отырған жасырын бұзғыншылардың жоспарлары іске аспай қалды. Енді ұйым құру деген сылтауларды алға тартып, өз жоспарларын жасыруға тырысып жатыр. Мұның бір көрінісі де маған ешкімді жолаттырмаулары. Маған жолаған адам бірден бізге қосылып кететіндей көреді. Тіпті жоғары дәрежелі қызметкерлер де маған жолағылары келмейді. Мені қинау арқылы бастықтарына жағынғылары келеді. Әсіресе, () Мен өз қарсылықтарымның аяғына мына әңгімені қоса жазғым келген. Бірақ кедергі туындады әңгіме мынау: «Иә, біз жамағатпыз, бұл жамағаттың әр ғасырда үш жүз елу миллион мүшесі бар. Бұл жамағат күніне бес уақыт намаздарында
* * * * *осы жамағаттың принциптеріне кемел құрмет көрсетіп, бағдарламасы бойынша өз дұғалары арқылы бір-біріне көмекке ұмтылуда. Біз осындай ұлы жамағаттың мүшелеріміз. Біздің міндетіміз де Құранның Имани ақиқаттарын саф күйінде мұсылмандарға жеткізіп, оларды да өзімізді де мәңгілікке жойылудан, берзахтағы қапастан құтқару. Құйтырқы саясатқа толы дүниелік ұйымдармен, бізді кіналауларына себеп етіп отырған басқалай жасырын ұйымдармен ешқандай байланысымыз жоқ. Біз ондай түкке тұрғысыз нәрселермен шұғылданбаймыз...
311БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАмен жасаған қабыл болғыш дұғалары және мыңдаған салих амал жасаушылардың ізгі амалдарының сауабы басқаларға да дәл сол амалдардың сауабындай болып жазылуы садық, табанды шәкірттердің ізгі амал жасауда мыңдаған адам секілді болып кететіндігіне дәлел, Хазіреті Алидың мақтағандай үш керемет хабары және Ғаус Ағзамның кереметтеріндегі қолдап қолпаштағандай болған сүйіншілері және Қасиетті Құранның нақты ишаралары, сол шын ықыласты шәкірттердің мәңгілік бақытқа қол жеткізіп, әһл-и Жәннат болатындықтарын нақты дәлелдеп беруде. Әрине мұндай аса пайдалы нәрсе, сондай баға талап етеді. Ақиқат осы. Олай болса, Рисалей-Нұрға жақын жүрген ғалымдар, Әһл-и тариқат, сопылық жолдағылар, Рисалей-Нұрдың шеңберіне кіріп, білімдері мен тариқаттағы жетістіктерін осы жолға күш беруге, кеңейте түсуге ат салысып, шәкірттерін осы жолға бағыттап, мұзға айналған менмендіктерін бір әуізге тастап еріту арқылы сол әуездегі судың бәріне ортақт болуға болатынындай, абыл хаят суындай болған сол әуізге тастап ерітулері керек.Әйтпесе басқа жаққа бұра тарту арқылы, өзі де зиян шегеді және Құранның даңғыл жолы болған бұл жолға зиянын тигізіп жатқанын өзі де білмей қалады. Тіпті, бұзғыншыларға көмектескен болып кетуі де мүмкін.Саид Нұрси* * * * *Құрметті бауырларым. Абай болыңдар!Дүниелік ағымдар, әсіресе саяси ағымдар, оның ішінде шет елдермен байланысы бар нәрселер араларыңа іріткі салып жібермесін. Бізге қарсы одақтасып отырған адасушы топтардың алдында сендерді қиын жағдайда қалдырмасын.деген Рахмани қағиданың орнына,
312БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИдеген шайтани қағида орын алып, періштедей ақиқатшыл бауырына қастық жасатып, саяси көзқарастары ортақ шайтан секілді досына сүйіспеншілікпен қаратып, зұлымдықтарына риза болу арқылы қылмыстарына ортақ қылдырып жүрмесін.Қазіргі заманғы саясат, жүректі бұзып, асау мінезді рухтарды азапқа салады. Жүрегі жай тауып, рухы тыныш болуын қалаған жан саясатты қоюы керек. Бүгінгі таңда жер бетіндегі жұрттың бәрі де басқа түскен ауыртпалықтарды не жүрегімен не рухымен немесе денесімен сезіп,азап шегуде, қиын жағдайда. Әсіресе Аллаһтың мейірімі мен хикметтерінен бейхабар адасушылар мен бейқамдар өз уайымдарымен қоса адамзаттың басына төнген мына қиыншылықтарды ойлап қиналуда, азап шегуде. Өйткені өздерінің шынайы міндеттері мен қажетті істерін тастап, кең шеңбердегі, саяси қақтығыстарға және әлемдегі оқиғаларға қызығушылық танытып, соларға құлақ түріп,араласу арқылы, рухтарын есеңгіретіп, ақылдарын зар жаққа айналдырған. «Зиянды нәрсеге өз еркімен ризашылық білдірген адамға мейірімділік танытуға болмайды» деген мағынадағықағидасына орай өздерін мейірім таныту құқынан айырып отыр. Оларға жанашырлық танытып, мейрім етуге болмайды. Өздеріне өздері бәле тілеп алып отыр. Байқауымша дүниені шарпыған алапат өрттен жүректері мен рухтарын аман сақтап қала алғандар, тек қана имандылар мен Аллаһқа тәуекел етушілер. Олардың ішінде де өздерін жақсы сақтап қалғандар Рисалей-Нұрдың шеңберіне кіріп, оған адалдық танытқандар. Өйткені олар Рисалей-Нұрдан алған имани сабақтардың нұрымен бүкіл нәрседен Аллаһтың мейірімінің ізін, таңбаларын көріп, барлық нәрседегі Кемел хикмет пен Тамаша әділеттілікке куә болуда. Сондықтан да олар Аллаһтан келген барлық қиыншылықтарды ризашылықпен қабылдап, оларға ризашылық танытуда. Олар басқалар секілді азап шегетіндей, Аллаһтың мейірімінен де артық мейірім танытуға тырысып жатқан жоқ.
313БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАОсы ақиқаттарға сүйене отырып айтарымыз, тек ақыреттік қана емес, дүниелік бақыт пен қызыққа кенелгісі келген жандар, оларды Рисалей-Нұрдың имани, Құрани сабақтарынан таба алады, тауып та жатыр. Саид Нұрси* * * * *КАСТАМОНУДА БӘДИҮЗЗАМАНҒА СЕГІЗ ЖЫЛ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН МЕХМЕД ФЕЙЗИ МЕН РИСАЛЕЙ-НҰРДЫҢ ОЗАТ ШӘКІРТТЕРІНІҢ БІРІ ӘМИННІҢ БІР ХАТЫСүйікті де қадірлі, аса мейірбан Ұстаз Хазірет. Әуелі, миғраж түні құтты болсын демекпіз және қолыңыздан сүйіп, біздің кемшіліктерімізге кешіріммен қарауыңызды өтінеміз.Ұстазымыздың кім екенін, оның өмірі жайлы білгісі келетіндерге айтарымыз: Қасиетті Құранның отыз үш аятының мұғжизалы ишараларында және Имам Алидің (р.а.) Жәлжәлутие және Әржузе атты кітаптарындағы керемет саналар дәлелдері мен Ғаус Ағзамның (к.с.) сүйіншілі баяндамаларында Ұстазымыздың кім екендігі және Рисалей-Нұрдың шынайы құндылығы, мән-мағынасы баяндалған.Ұстазымыздың рухани тұлғасын (болмысын) танығысы келетіндер Рисалей-Нұрдағы Құрани ишаралар, хазіреті Али мен Ғаус Ағзамның кереметтері жайлы рисалелерді және Рисалей-Нұрдағы басқа да тақырыптарды мұқият зерттеулері керек. Ал біздің Ұстазымыз жайлы нақты пікіріміз мынау: Ол Аллаһтың Нұр және Хаким есімдерінің нұрына бөленуі арқылы Құранның қазынасынан алған ақиқаттар мен білімге шүкір ету мақсатында оларды адамзатқа жар салушы. Дүниелік те ақыреттік те білімдердің білгірі Бәдиүззаман Хазірет, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) ның мінез-құлқынан үлгі алып, нәпсі мен әуестіктің өткелдерінен аман өтіп, Аллаһ риза болар мінез-құлықтардың осы ғасырдағы ең жоғарғы дәрежелі үлгісін көрсете білген жан. Осы уақытқа дейінгі бүкіл өмірінде таң қаларлықтай
314БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИеңбекқорлық, аса ұстамдылық, өте кішіпейілділік көрсете білген жан. Үлкен жүректі, аса тәуекелшіл, қанағатшыл жан. Тамақтану мен киім киісі өте қарапайым, мінез-құлқы аса жоғары дәрежеде. Дүниелік нәрселерге мысқылдай да көңіл бөлмейді. Һәм, ілімнің абыройын сақтауды өмірлік қағидасына айналдырғаны сонша, ешқашан ешкімге қол жаймаған. Өзі келіп тұрған дүниеден, мал-мүліктен сырт айналған Ұстаз, күн көріс мәселелерінде Аллаһтың жарылқауымен өз абыройын сақтап қалды. Садақа, сыйлық, зекет алмайды. Кастамонуда тұрған үйінің ақысын төлеу үшін көрпесін сатса да ешкімнен ешнәрсе алмағанын жақсы білеміз.Ұстаз көзге түсу үшін жасанды әрекет жасауды тәкәппарлықты жек көреді, шәкірттерінен де мұндай әрекеттерден аулақ болуды талап етеді. «Жасанды әрекет жасау шариғат бойынша да жаман нәрсе, мән-мағынасы да жоқ. Өйткені жасанды әрекеттерге бару адамды Ислами шеңберден шығып кетуге итермелейді. Жасанды әрекеттерге барушы адам кейде өзімшілдікке, көзге түсуге, мақтангершілікке, екі жүзділікке бой алдырудан құтыла алмай қалады», дейді.Һәм Ұстаз өте кішіпейіл жан. Жұрттан ерекше болып, өзін жоғары ұстаудан қашады. Өзіне тән ұстанымдары, ондай жағымсыз мінездерден әлдеқайда жоғары. Жұрттың бәрімен, әсіресе қарттармен, балалармен, кедейлермен мейірімді, жылы жүзді қарым-қатынас жасайды. Жүзі мейірім төге күлімсіреп тұрумен қатар, айбындылықтың да сәулесін шашып тұрады. Үнемі күлімдеп жүреді. Кейде болмысына тән айбындылығы көрініп, жүзі сұстанып кеткен кезде қасында тұрып бір нәрсе айтқысы келген адамның тілі байланып қалғандай, не айтқысы келгені түсініксіз болып қалатын. Біз мұндай жағдайлардың талайына куә болдық.Әдетте ұстаз аз сөйлейді. Бірақ сөзге шешен. Шешендіктің шарты іспетті терең мағыналы сөздер ғана айтатын сөздің кені. Ұстаз ешкімді кінәламайды. Біреудің кемшіліктері мен қателіктерін жария қылмайды. Тек қана жақсы ойлайды. Тіпті өзі туралы нашар сөздер айтқан жандар жайлы да «Қой мұның өтірік. Мына сөздерді айтты деген адамның бұлай айтуы мүмкін емес» дейтін.Ұстаз нәпсімен күрестің шебері. Ешқашан нәпсіге ұнайтын нәрсе жасамайды. Бір адам тоя қоймайтын тамақ ішіп, аз ұйықтайды. Түнімен, таң атқанша Аллаһқа жалбарынып, құлшылық етеді. Мұндай жағдай қысы-жазы өзгермейді. Тахаджут намазы мен өзі әдетке айналдырған мінәжат дұғаларын тастаған емес.
315БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАТіпті, бір Рамазан айында қатты ауырып қалғанына қарамастан алты күн бойы нәр татпастан оразасын бұзбай, құлшылықтарын жалғастыра берді. Көршілері, біз сендердің Ұстаздарыңның сегіз жыл бойы, қысы-жазы таң атқанша күңіренген дауысымен мінәжат қылғанын еститінбіз. Мұндай үздіксіз, өзгеріссіз жасаған құлшылықтарына қайран қалатынбыз» дейді. Ұстаз Исламға сай тазалық пен дәретке қатты мән береді. Дәретсіз жүрмейді. Уақытты босқа өткізбейді. Не Рисалей-Нұр жазып отырады немесе тексерумен шұғылданады не жәушан оқып отырады не жайнамазда тұрады. Немесе Аллаһтың ұлылығын тәфәккүр етіп ойға шомып отырады. Жазды күні көбіне қаладан ұзақ, таудағы орманға кетіп қалатын.Ұстазбен бірге біз де барамыз. Жаңа Рисалелерді тексеріп, біз оқып жүрген Рисалелердің де қателерін түзетіп, немесе бұрынырақ көшірілген жерлерден дәріс оқитын. Осылайша жолда да уақытты босқа өткізбейтін. Ұстаздың сөйлеу мәнеріндегі тартымдылық, жағымдылық таң ертеңнен кешке дейін сабақ алса да жолда жүрсе де жалықтырмайды. Біз бұған куәміз.Ұстаз Рисалей-Нұр қызметін кез-келген нәрседен артық көреді. «Жиырма жылдан бері Қасиетті Құран мен Рисалей-Нұрдан басқа кітап оқымадым, талқыламадым, тыңдамадым да. Қасымда басқа кітаптарда жоқ. Рисалей-Нұр бәрінің орнын толықтырды» дейтін.Иә, Шексіз Фейз-Берекет иесі Аллаһ Құранның ақиқаттарын жүрегіне илхам етіп, салып берген жан, Құранннан басқа нәрсеге мұқтаж бола ма? Бұған күмән келтірушілер Рисалей-Нұрды мұқият оқысын. Аллаһ Ұстазға Рисалей-Нұрды жазуы барысында сыйлаған күш-қуаты, әркімге нәсіп бола беретін нәрсе емес. Бұл ғажайып Нұр-Рисалелерінің әрқайсысы, елден жырақ, тауда, орманда, бақшада, науқас халде, хатшы жоқ, басқа жоқ, адам төзгісіз жағдайда жазылып, мүминдерді құтқаруға асықты. Аллаһқа шүкір, Аллаһтың жарылқауы Ұстазға әдеттен тыс жарылқаулар нәсіп етті. Осы сырларға орай Аллаһ оған бүкіл әлемді бір кітаптай, жер шарын бір парақтай оқып тамашалай алардай күш-қайрат берді. Сол жарылқаулары арқылы осындай тәпсір жазуды нәсіп етті. Шариғи аяттарды қамтып тұрған Қасиетті Құрандағы ақиқаттар мен ілімдерді және әлемдегі аят дәлелдердің жиынтығы болған әлем атты кітаптың міндеті мен мағынасын баяндап, адамзатты Аллаһты танудың ең жоғарғы
316БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИдәрежесіне көтерілуге ынталандырушы және бүгінгі таңда өлуге аз қалған жүректердің өзін Аллаһтың рұхсатымен қайта қозғалысқа келтіруші, тез жазылып, тез тарап жатқан теңдесі жоқ Рисалей-Нұр кітаптарын жазу арқылы ақиқаттарды паш етуші бақытты жанды бүкіл адамзат баласы мақтан тұтуы керек бола тұра, өкінішке орай, шағым айтқыш азғындар, оған у бергізіп, таспен шөкелеткізуден тайынбай отыр. Иә, сыры бойынша, Пайғамбарлардың ізінен ерген мұрагерлерінің неше түрлі бәлелерге душар болулары Аллаһ қойған хикіметтердің талабы болғандықтан, сол мүбәрак топтағылар секілді Ұстазымыз да қаншама бәлелерге душар болды. Тіпті Кастамонуға жаңа келеген кезінде, бір оңбағанның алдауына ерген балалар дәрет алу үшін бұлақ басына барған ұстазды таспен шөкелейді... Бірақ Ұстаз талай шеккен жапаларына сабырлық танытып, шыдап бағады. Ақ жүрек жан бұл балалар «Ясин сүресіндегі бір аяттың ақиқатын түсінуіме себеп болды» деп, сол балалар үшін дұға ететін. Кейіннен сол балалар Ұстаздың дұғасының берекетімен таң қаларлықтай болып өзгерді. Ұстазды көре қалса болды, жүгіріп барып, мүбәрәк қолдарынан сүйетін, дұғасын алатын болды. Ұстаздың таң ғажайып жағдайлары, таң қалдырар халдері көп. Солардың ең бастысы Рисалей-Нұр. Біз қаншама рет мынандай нәрселерге куә болдық. Ұстаз біздің көкейімізде жүрген нәрселерді қатты ескертіп, алаңдап қалатын. Біз бұған қатты таң қалатынбыз. Арада бірнеше күн өткеннен кейін Ұстаздың ескерткен нәрселері алдымыздан шыққанда, мәселені түсініп, есімізді жиятынбыз. Ұстазбен бірге тауға шыққанда, қалаға қайтар уақыт болмаса да орнынан атып тұрып, қайтамыз деп бұйыратын. Мәнісін сұрағанымызда «Тез қайтайық, Рисалей-Нұр қызметі үшін бізді күтіп отыр» дейтін. Шынында да қалаға келгенде бір нұр шәкірті бізді күтіп тұратын немесе көршілер біреудің бізді іздеп, бірнеше рет келіп кеткенін айтатын. Бір күні, Мәулана Халид(к.с.) Хазіреттің Кішкентай Ғашық атты шәкіртінің ұрпағынан тараған мүбәрак бір әйел, неше жыл бойы қолында сақтап келген Мәулана Халидтің шапанын, Қасиетті Рамазанда Ұстаздың жанында тәбәрік ретінде тұрсын деп Фейзиден беріп жіберіпті. Ұстаз бірденен Әминге жуғызып, Аллаһқа шүкір
317БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАете бастайды. Фейзидің ойына «Бұл әйел мұны маған жиырма күнге берді. Ұстаз неге иемденгендей болып жатыр» деген ой келіп, бұл іске таң қалады. Кейінірек әлгі әйелді көрген кезінде «Ұстаз сыйлық қабылдамайтындықтан мүмкін осылай айтсам қабылдап қалар деп, солай айтып едім. Негізінде бұл сол кісіге тиесілі аманат болатын, жаным да құрбан» деп, бауырларымыздың таң қалысын тоқтатты. Иә, Ұстаздың ол шапанды қабылдауы, Мәулана Халидтен кейін дініміздегі мүжәддидтік міндет сол кісіге өткендігінің белгісі екен. Солай болуы да қажет. Өйткені Сахих хадистедеп айтады. Мәулана Хазіреттің туған жылы бір мың бір жүз тоқсан үш, Ұстаздың туған жылы бір мың екі жүз тоқсан үш. Бұл хадистің толық түсіндірмесі Рисале-и Ғаусиеде бар.Ұстаз кейде бізбен, әсіресе Фейзимен әзілдескендей болып, «Жазаға тартыласыңдар, таяқ жейсіңдер, түрмеге түсесіңдер» деп, Денізлі түрмесіне қамалатынымыздан хабар беріп, ескерту жасайтын. Әлі болмаған, оқиғаларды дөп басып айтатын. Расында да көп ұзамай Ұстаздың айтқандары келді. Денізлі түрмесіне қамалардан бұрын, «Бауырларым көптен бері бір жерде сегіз жылдан артық тұрып жатқаным жоқ, мұнда келгелі де сегіз жыл болыпты. Осы жылы не өлемін, не басқа жаққа жер аударыламын» деп Кастамонудан кететінінен хабар берген еді.Сондай-ақ Денізлі түрмесіне қамалудан бұрын, «Бауырларым, Рисалей-Нұрға бірнеше жақтан шабуыл жасалатынын сезудемін, өте мұқият болыңдар» деген еді. Расында да көп ұзамай, Стамбулда бір қарт молда, өзі мұны білмесе де Рисаледегі бір мәселені сынға алады. Кейіннен бұрын Пәтуә бөлімін басқарған Али Рыза Әфенді хазірет ол молданың сынауы дұрыс емес екендігін және Рисалей-Нұрдағы ақиқаттардың растығын нақтылап береді............................................................................................................................................
318БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИАрада біраз уақыт өткен соң, аты үркіп кетіп, Ұстаздың аяғын қатты ауыртып кетеді. Бірнеше ай бойы қатты ауырсынып, құлшылығы мен Рисалей-Нұр қызметін қиыншылықпен атқарды. Артынша тауда қатты уланудың нәтижесінде ауырып жатқанда, Денізлі түрмесіне қамалу мәселесі туындады. Бірақ ондай теңдессіз тұлға жан төзгісіз жағдайдың өзінде, Иман мен Құранға қызмет ету жолындағы қайсарлығы мен өз құлшылықтарын орындаудағы табандылығы арқасында өз міндеттерін ешқандай кемшіліксіз, өзінің кемеңгерлігіне сай түрде сабырлылық таныта алды. Қамалудан бұрын Ұстаз «Әһли дүниенің Рисалей-Нұрға тиісуіне болмайды. Тиіссе апаттардың орын алуына себеп болады» дейтін. Расында да жұрттың бәрі білетін бір мәселе, Рисалей-Нұр шәкірттері қамалысымен, жан-жақта апаттар болып, жер сілкінді, аурулар шықты. Мұндай жағдай Рисалей-Нұрдың ақиқат екендігі, халыққа пайдалы екендігі мойындалғанға дейін жалғасты. Кастамонуда жер сілкініп тұрды. Тіпті тарихи Кастамону қамалы (көп рисалелер осы жерде жазылған еді) Рисалей-Нұр мен оның авторы Ұстазға деген сағыныштан қасірет шегіп, күңіренді және өзінің тастай берік ірге тасына дейін шашып, лақтырып тастады. Осылайша Ұстаздың ғайби хабарларын материалдық түрде растап берді. Біз қамалмай тұрып Ұстаз «Рисалей-Нұрға сұмдық шабуылдар жасау жоспарлары дайындалуда. Бірақ сендер қорықпаңдар, Аллаһтың жарылқауы бізді құтқарады, сүйінші, бүгін, Хизб-і Ағзам-ы Нуриді оқиыншы деп ашып едім, бірден қарсы алдымааяты шықты. «Маған қара» дегендей болды. Зер салып қарасам, мынаны байқадым. Мағынасының көптеген деңгейлері, әсіресе ишари және джифри мағыналары біздің түрмеге түсуімізге де, одан құтылатынымызға да ишара етіп, сүйіншілеуде», деген еді. Міне, Денізлі соты ақтау қарарын шығарардан тоғыз ай бұрын, еш күмәнданбастан осы Аяттың қазынасынан алған гауһарды ортаға алып шығып, қасиетті Аяттағы мүғжизаны ашып, рухани демеуге мұқтаж шәкірттеріне сүйінші хабар жеткізіп, қуантқан еді. Бұл аяттың түсіндірмелері Денізлі қорғау сөздері мен қосымшаларында бар.
319БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАӨз заманында өте сирек кездесер тұлға болған Ұстаз, өте батыл, қайсар, өзіне лайық батырлыққа ие, ақиқаттарды айтып, хақ жолда хақ сөйлеуден таймайтын, жамандаушылардың сөзінен қорықпайтын жан. Бір күні «Бисмиллаһ» деген жазулары бар қабір тастарын лас жерлерге қойып жатқандарды көріп, сол жерде атақты адамдардың тұрғанына қарамастан, ешкім айтуға бата алмай тұрған ауыр сөздер айтып, ондай өрескел жөнсіздікке және басқа да жөнсіз істерге қарсы берік қорған болады.Сондай-ақ бұл елде кім де кім ұстазды ренжітіп, Рисалей-Нұрға зиян берген болса, олардың соңы жақсы болмаған. Кейбіреулері естерін жинап, кешірім сұраса, кейбіреуі жазаларын тартқан. Мұндай оқиғалардың кейбіреулері Рисалей-Нұрдың лахикалар (қосымшалар) бөлімінде айтылған.Қорыта айтқанда, Хазіреті Ұстаздың кемел болмысы мен көркем мінездерін біз сияқты әлсіз жандардың толық суреттеп, түсіндіріп беруі мүмкін емес. Жаратушы Хақ, Ұстазды ерекше болмысқа ие етіп жаратқан. Ол Аллаһ Тағала тақуалық берген жан. Ол кісі аса мән беріп, сол іспен айналысуға ынталандырып жүрген Рисалей-Нұр арқылы Құран мен Иман жолында қызмет етіп, Рисалей-Нұрдан сабақ алып жүрген жан қандай бақытты. Ұстаз біздің аймақта жүргенде ақиқаттардың жайыла түсуіне тоқтаусыз еңбек етіп, біздің бақытымыз үшін мүбәрәк терін төкті. Мейірімді Аллаһтан шын көңілден, «Махшар күнінде де Хадис Шәріпінің нұрына бөленген, ғылым мен білімнің кені, шешен тілді ғұлама Бәдиүззаман Саид Нұрси Хазіретпен бірге тірілт» деп тілейміз. Сол қорқынышты күнде мүбәрәк, мейірімді қолымен біздің қолымыздан ұстап, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алдына ертіп барсын деп тілейміз.Рисалей-Нұр шәкірттеріненФейзи, Әмин* * * * *
320БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИАЯТҮЛ КУБРА ЖАЙЫНДАБәдиүззаман Қастамонуда «Аят-үл Кубра» атты Аллаһтың бар және бір екенін, жаратылыстардың тілімен дәлелдеп беретін үлкен рисале жазады. Ұстаз бұл рисале жайлы, «қазіргідей сұмдық бұзғыншылыққа қарсы, Құрани ақиқат және мызғымас қамал» деген екен. Жүрекке қалай жеткен болса, сол қалпында жазылған. Алғаш жазылған күйі, ешқандай түзетулер енгізілмеген. Ұстаз «Өз күшім мен ықтиярымнан тыс жазылғандықтан, өз ойыммен түзетіп, ретке келтіруді жөн көрмедім» дейді.Бұл рисале алғашында жасырын басылғандықтан Ұстаздың да, шәкірттерінің де қамауға алынуына себеп болғанымен, Денізлі және Анкара қылмыстық істер соты екі жылдық сараптамадан кейін ақталуына және рисалелердің қайтарылуына қарар береді. Имам Али (Р.А) көрегендік назарымен бұл рисалені көрген, «Касиде-и Жәлжәлутие» атты кітабында осы рисаленің маңыздылығы мен дұрыстығына ишара ретіндесөйлемі арқылы дұға еткен. Аят-үл Кубраның сараптау нәтижелері бойынша Ұстаз бен шәкірттерінің ақталып шығуы, Хазіреті Али (Р.А) тың осы дұғасының қабыл болғандығын көрсетеді. Осы ғасырдағы адасушылық ағымдарының, мұсылмандардың имандарына қатты соққы беруге әрекет етулеріне қарсы, осы Құран ақиқаттарының мызғымас қорғанға айналуына байланысты, орны да келіп тұрған соң сол Рисаледен үзінді бере кетуді жөн көрдік.* * * * *
Аят-ул КүбраЖаратқан Иесін әлемнен сұраған бір жолаушының көріп-білгендері[Осы ұлы аят секілді көптеген Құран аяттары мына ғаламның Жаратушысын таныстыру тұрғысынан әрдайым және әркімнің таңғала қарап қызықтайтын өте жарқын, тәухидтың көрнекі парағы боп табылатын көк аспанға назар аудартады. Олай болса біз де әуелі содан бастағанымыз жөн болар].Осы ұлы аят секілді көптеген Құран аяттары мына ғаламның Жаратушысын таныстыру тұрғысынан әрдайым және әркімнің таңғала қарап қызықтайтын, тәухидтың өте жарқын парағы боп табылатын көк аспанға назар аудартады. Олай болса, әуелі содан бастаған жөн болар.Иә, мемлекет секілді немесе мейманханаға ұқсайтын мына дүниеге келген әрбір жолаушы пенде көзін ашып қарағанда көретіні мынау:Өте жомарт біреудің жайған дастарханы немесе өте шебер біреудің көрмесі, яки өте айбынды әскердің мекен-жайы мен тәлім-тәрбие орны немесе көрген жанды бейжай қалдырмай шабыт беретін таңғажайып серуен жай немесе мағынасы терең, хикметке толы зерттеу орны. Олай болса осы тамаша мейманхананың иесін және әлгі алып кітаптың жазушысын және мұндай алып мемлекеттің Сұлтанын танып білгісі келіп тағатсызданатыны анық. Оған ең бірінші болып аспанның ашық, нұрлы жүзі күлім қағып былай дейді: «Бері қара! Танып білгің кеп жүргеніңді мен таныстырайын!» дейді.
322БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИҚараса: Аспан денелерінің кейбіреуі жерімізден мың есе үлкен, әрі ол алып денелердің кейбіреуі зеңбіректің оғынан жетпіс есе жылдам зымырап барады, саны жүз мыңнан асады. Олардың бәрін де ешбір тіреусіз, бір-біріне соғыстырмай өте жылдам және бәрін бірге қозғап отырған және әлгі сансыз лампаларды жанармайсыз жағып еш сөндірмей тұрған және мүлдем дыбысын шығармай, өзара қақтығыстырмай, сол саны шексіз үлкен алып денелерді басқарып отырған және оларға Ай мен Күн секілді белгілі бір міндет жүктеп қойған, әсте қарсыластырмай бағындырып отырған, ешбір өлшем бірлігіне сыймайтын әлгі бір-бірінен қашық орналасқан шексіз денелерді бір уақытта, бір қуатпен, бір әдіспен барлығын бірге мұқият дәл реттеп тұрған және мұндай алып әрі аса қауіпті, жойқын қуатты күштерді шамадан асырмай заңына мүлтіксіз бағындырған және ондай құжынаған нәрселерден пайда болатын күл-қоқыс, қалдықтың жиналып аспанның бетін кірлетуге әсте жол бермей қадағалап, көкпеңбек қып тазартқызып отырған және тәртіпті қалың әскердің жаттығуы секілді сан-құбылтып және жерді айналдыру арқылы әлгі әскери жаттығуға ұқсас аспан құбылысын әртүрлі қылып, сан-алуан бейнеде әрбір түн мен әрбір жылды бейне бір киноленталар тәрізді көрермен пенделеріне көрсетіп отырған Иләһи рубубиеттің күшінде, оның қызу жұмысы кезінде байқалатын тәсхир (бағындыру), тәдбир (іс-шара), тәдуир (айналдыру), танзим (реттеу), танзиф (тазарту), таузиф (міндет жүктеу) сынды істерді білдіретін, сол мағыналарды қамтитын үлкен ақиқат, өзінің ұлықтығы мен ауқымдығы жағымен аспанның Жаратушысы міндетті түрде бар екенін, ол жалғыз, әрі біреу екенін, Ол аспанның болмысынан әлдеқайда анық екенін көзге шұқып тұрып көрсеткендей куәлік етеді. Осы мағынаны білдіретін бірінші мақамның бірінші баспалдағында былай делінген болатын:
323БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАСосын, дүниеге белгілі бір мақсатпен келген әлгі жолаушы қонаққа жәуу-і сәма деп аталатын, ғажайып махшарға ұқсайтын алып кеңістік өзінің күркіреген үнімен былай дейді: «Маған қарашы! Сенің қызыға іздеп жүрген және сені осы жерге жіберген Құдіретті мен арқылы танып, табуыңа болады».Әлгі жолаушы оның сұсты, дегенмен мейрімге толы жүзіне қарады. Қараса, қорқытатыны рас, алайда сүйінші хабар беретіндей түрі бар. Құлақ асып тыңдап, көзін ашып қарағанда көргені; Жер мен Аспанның ортасында қалықтап тұрған бұлттар, өте хикметті түрде жерге мейірім шуағын шашқандай бау-бақшаларды суарып, жердің тұрғындарына абыл-хаят әкеледі және ауа-райын реттейді яғни ыстықты басады. Сондай-ақ, қажеттілікке орай әр жерге медет қылып көшіп жүреді. Осындай маңызды міндеттерді атқаруымен қоса тәртіпті қалың әскердің бұйрықты тез орындап дереу жасырынып, қайтадан ортаға шыққаны секілді олар да яғни аспанның жүзін жауып тұрған әлгі алып бұлттар да бір мезетте жасырынып, бөлшектері тынығуға кеткендей болады, аспан шайдай ашық.Кенет «Жаңбыр жау!» әмірі келгенде, бір сағатта тіпті бірнеше минуттың ішінде бұлттар үйіріліп бейне бір қолбасшының бұйрығын күтіп тұрғандай, аспан түнере қалады.Содан кейін әлгі жолаушы желге, дауылға қарады. Қараса, олар қыруар міндеттерді өте хикметті әрі берекелі түрде атқаруда.Бейне бір ауа қабатын құрайтын бейсана зеррелерінің әрқайсысы осы ғалам Иесінің әмірлерін тыңдап, оны таныйтын секілді. Тапсырманы толық орындап, әлгі Ұлы қолбасшының құдіретімен қозғалады, жүйелі түрде жүзеге асырады. Атап айтсақ, жер жүзіндегі тірі жандардың тыныс алуына қызмет етеді. Оларға қажетті жарық, жылу, электр тоғы секілді заттарды жеткізеді, дыбыстарды тасымалдайды, өсімдіктердің тозаңдануына себеп болады. Міне, осы іспеттес көптеген күлли міндеттер мен қызметтер атқарады. Олар ғаиби құдіреттің күшімен өте саналы да білікті түрде тіршіліктің айналасына шоғырланып қызу жұмыс істейді.Енді, жаңбырға назар аударады. Қараса, нәзік әрі мөлдір, тәтті әрі жоқтан жаратылған және ғайып қазынасынан келетін жауынның атқарар маңызды міндеттері, әкелер сыйлықтары өте көп. Жаңбыр береке әкелетіндіктен «Аллаһтың рахымы денеге айналып тамшы түрінде Раббани қазынадан жауып жатыр» деген мағынаға келетіндіктен, жаңбырды «рахмет» деп те атайды.
324БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИСодан кейін найзағай мен күннің күркіріне назар аударып қарады. Қараса, олар өте керемет әрі таңғажайып қызметтер атқаруда. Сонан соң көзін жұмып, ақылға салып, өзі-өзіне былай дейді: «Мына, түтілген жүнге ұқсас жаны жоқ, бейсана бұлттар әлбетте бізді танымайды, бізге жаны ашып көмекке өздігінен келмейді. Олар әсте бұйрықсыз пайда болып, өздігінен жасырынып қалмайды. Олар міндетті түрде құдіреті күшті әрі аса мейрімді бір Әміршінің бұйрығымен әрекет етеді. Өйткені, ешбір із қалдырмастан тығылып қалады, кенет ортаға шығып жиналады да шаруасына кіріседі. Олар өте қызу жұмыс істеп, мерейі үстем, мәртебесі жоғары, сан құбылтушы, айбынды Сұлтанның әмірімен, күш-құдіретімен уақыты келгенде аспанды торлап, қайта сейіліп ашып отырады. Көк аспанды бір тынбастан хикметке толы жазу жазылып сосын өшіріліп тұратын жазу тақтасына яғни «ләух-ы махв уә исбатқа» айналдырады, сондай-ақ, хашир мен қияметті еске түсіріп өте жарылқаушы, жомарт, әділ басқарушы үстем Патшаның бұйрығымен желге мініп алады да өзімен бірге жаңбыр тиелген таудай алып қазыналарды айдап, мұқтаж жерлерге жеткізеді. Құдды оларды аяп көзінің жасын төгіп оларды гүл-шешекпен күлімсіретіп, жайнатып жібереді. Сонымен қатар күннің ыстықтығын бір қалыпқа келтіріп салқындатады және су сепкіш сықылды бау-бақшаларға су себелеп жер жүзін жууып тазартады.Манағы ықыласты жолаушы ақылға салып былай деді: Мына, жансыз, ақылы жоқ, әрдайым толқып тұратын, тұрақсыз, үздіксіз қозғалыста болатын ауаны перде қылып яғни сыртқы себеп ретінде пайдаланатын хикметке толы, өте пайдалы, мейрімді де шебер жүз мыңдаған істерге, сый-сияпаттарға, медеттерге қарашы! Ол бізге мына іскер желдің яғни дамылсыз жұмыскердің өз бетімен әрекет етіп жүрмегендігін дәлелдейді. Бұл міндетті түрде өте Қадир (құдіреті күшті), Алим (бәрін білетін), өте Хаким (өте дана), Кәрим (аса жомарт) бір Әміршінің әмірімен әрекет ететінін дәлелдейді. Бейне бір ауаның әрбір бөлшегі барлық жұмыстың көзін тауып, Әміршінің әр айтқанын түсінетін тілалғыш жауынгер сықылды ауа арқылы жүзеге асатын әрбір Раббани әмірді бұлжытпай орындайды. Сөйтіп, тірі жандардың тыныстауына, өмір сүруіне және өсімдіктердің тозаңдануына, өсіп-өнуіне, тірілікке қажетті заттардың жеткізілуіне сондай-ақ, бұлттардың бір жерден екінші жерге көшіп жүруіне яғни жанармайсыз жүретін әлгі кемелердің
325БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАсаяхаттауына әсіресе дыбыстардың, сымсыз телефон, телеграф, радио арқылы сөйлесушілердің дауыстарының бір-біріне жетуіне және осы тектес жалпыға ортақ күлли қызметтерінен басқа азот пен оттегі секілді қарапайым екі нәрседен тұратын ауаның зәрелері яғни ұсақ бөлшектері өзара қатты ұқсас бола тұра өте жүйелі түрде жер бетіндегі жүз мыңдаған Раббани өнерге толы істерге Иләһи хикмет пен жұмсалып жатқанын көрді.Демек,аятының ашық түсіндіргеніндей, желдің есуі шексіз Раббани қызметке қолданылады және бұлттардың бағынуы арқылы Рахмани сансыз істерде пайдаланылады, және ауаны сондай етіп жаратқан тек Уажиб-ул Ужуд уә Қадир-і Күлли Шей, Рабб-ы Зүлжәлал-и уәл Икрам ғана.Енді ол жаңбырға назар аударады. Қараса жаңбырдың тамшылары қанша болса сонша шексіз пайдалы екенін, түйіршіктерінің санына пара-пар Рахмани сәуле шуақтары бар екенін, ылғалдығы қанша болса сонша хикметтері бар екенін көрді. Сол тамаша, нәзік, берекелі тамшылардың жаратылысының кереметтігі сонша, әсіресе, жаздың күні жауатын ірі жауынның реттілігі мен тәртібі өте ғажап. Оларды жерге жібергенде өте жұмсақ түсетіні сонша жолда кездесетін жел, дауыл, үлкен құйындар олардың реттілігі мен тәртібін бұзып, тамшыларын бір-біріне қосып зиянды ірі жаңбырға айналдыра алмайды. Осындай көптеген хикметке толы істерге әсіресе тіршілік иелеріне көп қызмет атқаратын қарапайым, жансыз, ақылсыз оттегі мен сутегі сықылды жай бір заттан жасалған мына су, жүз мыңдаған хикметті де ақылды әрі сан-алуан қызметтерге, Иләһи өнерге жұмсалуда.Демек, рахымның дене түріндегі көрінісі мына жаңбыр, Рахман-ы Рахимнің мейірім толы ғайби қазынасында ғана жасалады және жауып жатқандааятын көзге көрінетіндей етіп тәпсірлейді. Сосын, жолаушы көктің күркіреген дауысын тыңдап, найзағайдың жарқылына қарайды.
326БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИҚараса, ол екі ғажап аспан құбылысы толық түрде аяты мен аятын заттық тұрғыдан тәпсірлеп қана қоймай, жаңбыр жауатынын хабарлап мұқтаждарға сүйінші әкеледі екен.Иә, олар жоқтан әрі кенеттен ғажайып дыбыс шығарып аспанды сөйлеткендей, жап-жарық нұр мен жарық шығарып қараңғы кеңістікті әп-сәтте жарық қылады. Және таудай үлкен, мақтадай жұмсақ, іші тола қар мен су, бұршақ болған бұлттарды тұтандырып жібереді де осындай хикметке толы, ғажап жағдайымен жерде басы салбырап жүрген бейқам адамдардың төбесінен тоқпақпен ұрғандай былай дейді: «Басыңды көтер! Саған Өзін таныстырғысы келетін шебер әрі құдіреті шексіз Жаратушының таңғажайып істеріне қара! Сені сандалтып, басыңды бос қоймайтыны секілді бұл құбылыстар да босқа, өз бетінше, босқа болып жатқан жоқ. Олардың әрқайсысы көптеген хикметті міндеттер атқарып зыр жүгіруде. Оларды Мүдәббир-і Хаким белгілі бір мақсатқа жұмсап, қызмет еткізіп отыр» деп ескерту жасайды. (Ескерту )*Сонымен, әлгі ынталы жолаушы аспаннан манағы айтылған бұлттың бағындырылуы, желдің айдалуы, жаңбырдың жаудырылуы, аспан құбылыстарының реттелуі секілді мағыналарды қамтитын ақиқаттың жарқын әрі керемет шәһәдатын яғни куәлігін өз құлағымен естіп, көзімен көрді де «Әмәнтү билләһ» (Аллаһқа иман келтірдім) деді. Бірінші мақамның екінші мәртебесінде айтылған мына сөз манағы жолаушының аспанға қатысты көргендерін білдіреді:Ескерту.Бірінші мақамда баяндалған тәухидтің отыз үш мәртебесіне біршама түсініктеме жасамақ боп оқталып едім, жағдайым көтермей тек қысқаша айғақтарын және меалының аудармасын жазуға тура келді. Рисалей-Нұрдың отыз тіпті жүз рисалелерінде осы отыз үш мәртебе дәйекті түрде, сан-алуан бейнеде жеке-жеке баяндалғандықтан жан-жақты баяндауды соларға сілтеп отырмыз.
327БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАЕнді әлгі пікірімен саяхат етіп жүрген ойшыл жолаушыға жер шары хал тілімен яғни өзінің халымен былай дейді: «Аспанда, ғарышта, ауада неғып жүрсің? Бері кел! Іздеп жүргеніңді мен саған тауып берейін. Сен менің атқарған міндеттеріме қара, мендегі жазылған парақтарды оқы!» сөзін тыңдап назарын салып қараса: Жер шары тартылыс күшіне тәуелді түрде керемет шыр айналады. Оның екі түрлі әрекеті бар. Осылайша күн мен түннің, жыл мезгілдерінің ауысына себеп болатын шеңберді яғни ұлы хашр болатын алаңның шекарасын сызып жүр. Ол, үстіндегі жүз мың түрлі тірі жандардың барлық ризық, несібелерін арқалап ғарыш теңізінде тепе-теңдігін сақтай отырып, жүйелі түрде, Күнді айналып саяхаттап жүзіп жүрген Раббани алып әрі бағынышты кеме.Енді ол жер шарының парақтарын аша бастайды. Қараса, әрбір беті мыңдаған аяттармен Раббысын таныстыруда. Барлығын түгел оқуға уақыт таба алмағандықтан, бір ғана парағы болып саналатын тірі жандардың көктем кезіндегі жаратылуы мен олардың басқарылуына назар аударады. Қараса, жүз мыңдаған түрдің сансыз тұлғаларының сурет, пішіндері қарапайым бір заттан өте керемет түрде ашылуда. Және аса қамқорлықпен тәрбиеленуде. Кейбіреуінің тұқымдарына таңғажайып қанат тағып ұшу арқылы әр тарапқа жаяды. Өте жүйелі түрде басқарылып, өте мейрімді қамқорлықпен асыралып, сан-алуан, неше түрлі тәтті де дәмді ризықтар берілуде. Және ол ризықтар жоқтан, құп-құрғақ топырақтан сондай-ақ, өзара өте ұқсас, сүйек секілді тамыр мен дәнектерден және су тамшыларынан жасалуда.Әрбір көктем вагон секілді, ғайып қазынасынан жүз мың түрлі ризық, несібе тиеп бүкіл жан-жануарларға жіберіп отыр. Әсіресе төлдер мен нәрестелерге арналып ішіне ризық салынған торсықтай, аналарының мейрім толы кеудесіндегі желіндер мен омырауды алайық. Олар асқан мейрімділік пен қамқорлықты, шексіз даналық пен хикметті көрсетеді.Әрине бұл Рахман-ы Рахимнің аса қамқор, тәрбиеші екенін және бұл оның жарылқауы мен рақымының бір ғана сәулесі екенін көрсетеді.Сонымен, осы тіршілік толы көктем парағы, ұлы махшардың жүз мың үлгі-мысалдарын көрсету арқылы
328БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИаятын материалдық тұрғыдан жарқын түрде тәпсірлейді. Ал бұл аят осы парақтың мағыналарын ғажап түрде жеткізеді. Әлгі жолаушы жер шары өзінің барлық парақтарымен, алыптығымен, зор қуатымен дейтінін түсінді.Міне, жер шарының жиырмадан астам үлкен парақтарының бір ғана парағының жиырма бөлігінен бір ғана бөлігінің қысқаша куәлігін көрді. Осы және басқа да парақтар мен бөліктерінің куәліктерін қамтитын, және соны меңзейтін Бірінші мақамның үшінші мәртебесінде былай делінген:Сосын, әлгі ойшыл жолаушы жердің әрбір парағын оқыған сайын бақытқа бөлейтін иманы қуаттанды және рухани дамудың бірден бір себебі мағрифаты артып сондай-ақ, кемелдік атаулының негізі, ұйытқысы болып табылатын Аллаһқа иман ақиқаты бүршік атып, ашыла бастады да көптеген рухани зауық пен ләззат берген сайын оның қызығушылығы одан әрі арта түсті. Көк, аспан мен жердің керемет әрі нақты дәрістерін тыңдаса да яғни «тағы да бар ма екен?» деп тұрғанда, теңіздер мен үлкен өзендердің тартымды да керемет құлшылық-зікірлерін, олардың мұңлы да құлаққа жағымды, тәтті дауысын естіді. Олар хал тілдерімен дауыстап былай деді: «Бізге де қара! Бізді де оқы!». Қарап еді, көргені мынау болды:
329БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАТіршілікке толы әрдайым шайқалып, төгілуі, айналасын шайып кетуі және сіңіп жоқ боп кетуі әбден мүмкін теңіздер жер жүзін құшағына алып жатыр. Бір жылда жиырма бес мың жылдық қашықтықты жер шарымен бірге өте жылдам жүріп отырса да әсте төгілмейді, тоғысып жатқан құм-топырақты шайып кетпейді. Демек құдіреті күшті біреудің әмірімен тұр және белгілі бір бағытта әрекет етеді, өзінің белгілі мөлшері сақталып тұрады.Енді ол теңіздің ішіне үңіліп қарап еді, керемет әсем, көздің жауын алатын жауһар тастарға толы. Ішінде одан басқа өмір сүретін мыңдаған түрлі тірі жандардың қоректенуі, олардың басқарылуы, сондай-ақ тұқым жайып көбеюі және ажалы жетіп өлуі өте жүйелі түрде іске асады. Шынымен-ақ, олардың жай бір құм мен ащы судан ризық-несібелері керемет берілетіні сонша, бұл анық түрде бір Қадир-ы Зүлжалалдың, Рахим-ы Зүлжамалдың ісі, Соның басқаруы, Соның асырап жатқаны екенін дәлелдеп, көрсетеді.Сосын әлгі жолаушы өзендерге назар салады. Қараса, олардың пайдасы мен атқарар міндеттері, кіріс-шығыстары өте хикметпен, мейрімді түрде жүзеге асатыны сонша, бүкіл көлдер мен бұлақтар, сарқырамалар мен үлкен өзендер Рахман-ы Зүлжалал-і уәл Икрамның рақым қазынасынан бастау алып, ағып жатқанын анық дәлелдейді. Тіпті керемет жинақталып, ғажайып ағатыны сонша: «Төрт өзен жұмақтан бастау алады» деген риуаят бар, яғни олардың сыртқы себеп-салдары әдеттен тыс, ғажайып болғандықтан мағынауи жәннаттың қазынасынан алынып, ғайби, таусылмайтын бұлақтың нұрынан ағып жатыр деген мағынада айтылған.Мысалға, Мысырдың шөл, сахарасын жер жәннатына айналдырған мүбәрак Ніл өзенін алайық. Ол, оңтүстіктегі «Жәбәл-і Қамар» деп аталатын бір таудан бастау алып, шағын бір теңіз сықылды тынбастан ағып жатыр. Алты айда аққан суы тау қылып жиналса және мұзға айналса, әлгі таудан әлдеқайда үлкен болып кетер еді. Алайда, оның шығып жатқан жері сол таудың алтыдан бір бөлігіне де жетпейді. Ал, жауын-шашын ондай шөлейт жерде өте сирек жауады. Және кеуіп тұрған топырақ жауған жаңбырды тез жұтып қояды. Аздап жиналатын жаңбырдың суы әлбетте ондай тепе-теңдікті сақтай алмасы хақ. Сондықтан әлгі Мүбәрак Ніл өзені әдеттен тыс, ғайби жұмақтан бастау алады деген риуаят өте тамаша, терең мағыналы ақиқатты білдіреді.
330БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИСонымен, жолаушы теңіздер мен өзендердің теңіздей терең ақиқаттарының және куәліктерінің мыңнан біреуін ғана көрді. Барлығы бірдей теңіздей жойқын күшпен дейтінін және оны теңізде тіршілік ететін қанша жәндік болса сонша куәгерлер дәлелдейтінін аңғарды. Теңіздер мен өзендердің жаппай куәліктерін білдіру мағынасында бірінші мақамның төртінші мәртебесінде былай делінген болатын:Енді, әлгі пікірімен саяхат етіп жүрген жолаушыны таулар мен сахаралар шақырып: «Біздің де парақтарымызды оқы!» дейді.Қараса, таулардың жалпыға ортақ күлли қызметтері мен атқарар міндеттері орасан зор әрі хикметке толы екен. Ақыл-ой таңғалады. Мәселен, Аллаһтың әмірімен таулардың жерден дүмпіп шығуы және жер асты құбылыстардың салдарынан пайда болатын қысым мен ашуды шығарып жіберіп тыныштандыруы сондай-ақ, жанар таулардың атқылауы нәтижесінде тыныс алып қауіпті сілкіністерден, зиянды зілзәладан құтылып, тұрғындарының мазасын алмай, өзінің жүйелі айналу міндетін толық атқарады.Демек, кемелердің ауып кетпей тепе-теңдігін сақтауы үшін үстіне тіректер орнатылатыны секілді таулар да «жер» кемесінде сондай қазынаға толы тірек қызметін атқаратынын Құран-ы Мұғжиз-ул Баянсекілді аяттарымен керемет суреттейді.Сондай-ақ, таулардың іші тірі жандарға қажетті сан-алуан заттарға яғни шикізаттарға, қазына байлықтарға, кендерге, суларға, дәрі-дәрмектерге толы. Оларды даналықпен, алдын ала, мұқият реттеліп қойылуы, әлбетте құдіреті шексіз Қадирдің, хикметіне шек жоқ Хакимнің әмірі, олар Аллаһтың мол қазына-байлықтары және қызметкерлері деп түсінді.
331БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАИә, таулар мен сахаралардың атқарар таудай алып міндеттері мен керемет хикметтері көп-ақ. Осы аталған екі міндетіне басқа да хикметтерін салыстырып таулар мен сахаралардың барлық хикметтері, әсіресе ықтияттап сақтап, қойма болу қызметін атқаруы арқылы жеткізер (лә иләһә иллаһу) тәухид сөзінің күшімен беріктігі таудай, ал ауқымдылығы сахараның кеңдігіндей алып екенін көрді де «Әмәнту Билләһ» деді.Міне, осы мағынаны білдіру үшін, бірінші мақамның бесінші мәртебесінде былай делінген болатын:Сосын, әлгі жолаушы тауда, сахарада ойша кезіп жүргенде оған ағаштар мен өсімдіктер әлемінің есігі ашылып, ішке кіруге шақырды. «Кел бізді де аралап көр, жазуларымызды оқы!» деді. Ол да ішке кіріп қарап еді:Олар өте әдемі әрі көз тартар «тәухид» «тәхлил» зікір алқасын жасап, өзара Жаратқанын мақтап, шүкір етуде. Өсімдіктер мен ағаштардың барлық түрлері жиналып: «Лә иләһә иллаллаһ» дейтінін түсінді. Өйткені, жеміс ағаштары мен өсімдіктер жаппай өлшемді де түсінікті жапырақтарының тілдерімен сондай-ақ, әдемі де көркем, өзара ұқсас шешектерінің сөздерімен, тәртіпті де жүйелі шешен сөздермен яғни жемістерінің тілімен барлығы қосылып Раббысын тәсбих қылып куәлік етеді және жұмыла «Лә иләһә иллаһу» дейді. Мұны дәлелдеп растайтын үш күлли, алып ақиқат бар екенін көрді.Біріншісі: Олардың әрқайсысында өте анық түрде әдейілеп жасалатын нығметке бөлеу, сыйлық беру, арнайы түрде жарылқау, өзіне қарыздар қылу мағынасы мен ақиқаты бар екені сезіледі. Сонымен қатар бұл мағына барлығында жаппай күннің сәулесіндей жарқын түрде көрінеді.
332БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИЕкіншісі: Кездейсоқтық әсте араласа алмайтындай әдейілеп әрі хикметпен жасалған өзара өзгешелік, бір-бірінен айырмашылық және ерік-қалаумен болған әрі мейрімге толы әдемілеу, суреттеу мағынасы және ақиқаты әлгі шексіз түрде және жеке-жеке тұлғаларында әшекейлеу ап-анық көрініп тұр.Үшіншісі; Әлгі сансыз жаратылыстың жүз мыңдаған түрі, сан-алуан бейнеде және шексіз пішін-суреттерінің өте тәртіпті де өлшемді әрі сұлу түрде шектеулі әрі санауға болатын әрі өзара ұқсас және қарапайым да жансыз, бір-бірінен айнымайтын немесе азғана парқы бар әрі тым шатасып жататын дән-дәнектерден шығуы яғни манағы екі жүз мың түрдің бір-бірінен өзгеше, ретті әрі ерекше әрі өлшемді әрі тірі әрі хикметті әрі еш қатесіз жеке-жеке сурет-пішіндерінің ашылуы. Бұл ақиқат аспандағы Күннен де жарқын ақиқат. Және бұл ақиқатты дәлелдейтін көктемде қанша гүл, жеміс және жапырақ болса тіпті болмыс қанша болса сонша куәгер-дәлелдер бар екенін білді. деді.Міне, осы аталған ақиқаттар мен куәліктерді білдіру мағынасында бірінші мақамның алтыншы мәртебесінде былай делінген болатын:
333БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАСосын, пікірімен саяхат қылып жүрген әлгі іздемпаз және жетілген сайын зауқы мен ынтасы арта түскен манағы жолаушы, көктем бау-бақшасынан көктемдей үлкен мағрифат (Аллаһты тану) пен Иман шоқ гүлін алып келе жатқанда оның ақиқатшыл ақылына, мағрифатқа құштар пікіріне хайуанат және құстар әлемінің есігі ашылды. Оны қиқулаған жүз мың түрлі дауыспен, сан-алуан тілдермен ішке енуін өтініп, «төрлетіңіз!» деді. Ол ішке кірді де мынаған куә болды: Бүкіл хайуанат пен құстардың барлық түрі мен топтары жұмыла өзіндік дыбыстарымен немесе хал тілдерімен деп жер жүзін бір зікірханаға, ұлы бір тәхлил (Сілтеме*) мәжілісіне айналдырып жібергендей әрқайсысы Раббани қасида (Сілтеме**)немесе әрбірі Сүбхани кәлимә, мағынасы мол жеке-жеке Рахмани әріп іспеттес өз Жаратушыларын сипаттап хамд пен мадақ айтып жатқан жағдайда екенін көрді. Құдды әлгі хайуандар мен құстардың сезім мүшелері, ағзалары, құрал-жабдықтары ұйқас әрі үйлесімді кәлимәлар, өте ретті де керемет жазылған сөздер секілді. Олар сол арқылы Халлақ (күшті жаратушы), Рәззақ (барлығына ризық беруші) Жаратушыларына шүкір етіп, оның Уахданиетіне (жалғыз, дара) шәһәдат етіп жатыр. Мұны бұлтартпас дәлелдейтін үш ірі әрі ауқымды айғаққа яки ақиқатқа куә болды.Біріншісі: Ешбір тұрғыдан кездейсоққа, соқыр қуатқа және меңіреу табиғатқа тапсыруға болмайтын, жоқтан бар болу әрі хикметпен әрі шебер түрде әдейілеп, таңғажайып етіп, біле тұра жарату, сондай-ақ, жиырма жағымен ілім мен хикметті, ирадені (қалау) көрсететін рух беру, тірілту ақиқаты. Бұл ақиқат әлемде қанша тірі жан болса сонша куәгер, растаушылары бар бұлтартпас айғақ болып Зат-ы Хаи-ы Қаюм Аллаһтың сөзсіз бар екеніне, оның жеті сипатына және жалғыз екеніне куәлік етеді.Екіншісі: Әлгі сансыз жаратылыс бір-бірінен кескіндері әртүрлі, пішіндері сан-алуан, салмақ мөлшері неше түрлі, түр ерекшеліктері тәртіппен өзара айырылып өзгешеленген және бәрі әшекейлене суреттелген қалыпта. Міне, бұл қуатты да алып ақиқатты көрсетеді. Ал бұл Қадир-ы Күлли Шей уә Алим-ы Күлли Шей Аллаһтан басқа Тәхлил* – Лә иләһә иллаллаһ сөзін қайта-қайта зікір ету.Қасида** – біреуді мақтап-мадақтап жазылған өлең.
334БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИешбір себеп осындай жан-жақты таңғажайып хикметке толы ауқымды іске әсте араласа алмайтынын, ешбір тұрғыдан әсер ете алмайтынын, мүлдем мүмкін еместігін көрсетеді.Үшіншісі: Өзара тең және бір-бірінен айнымайтын немесе азғана айырмасы бар, өте ұқсас шектеулі де белгілі жұмыртқалардан және жұмыртқашалардан, сондай-ақ нүтфә деп аталатын аталық су тамшыларынан әлгі шексіз жануарлардың сан-алуан бейнеде, әрбірін хикметке толы мұғжиза қылып керемет суреттерін өте ретті әрі тең жағдайда, еш қатесіз толық түрде ашу, бұл сондай жарқын ақиқат, мұны қанша хайуандар болса соншама дәлелдері оны растап, бекіте түседі әрі нұрландырады.Сонымен аталған үш ақиқат бірігіп, хайуандардың барлық түрі жұмыла (Лә иләһә иллаллаһ) деп шәһәдат келтіретінін, Жаратқанның бірлігіне куәлік ететінін, бейне бір жер шары алып адам секілді өзіне лайық зор даусымен (Лә иләһә иллаллаһ) деп, онысын аспан тұрғындарына естіртіп тұрады екен деп көңілге түйді, түйді де одан жақсы бір дәріс алды. Бірінші мақамның жетінші мәртебесінде осы аталған ақиқаттарды білдіру мақсатында былай делінген болатын:
335БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАСосын, әлгі ойшыл жолаушы Мағрифатуллаһтың толып жатқан мәртебелерінен өтіп, даму үшін және шексіз зауық пен нұрларына терең шому үшін адамзат әлеміне енгісі келді. Сол кезде оны әнбиялар шақырды, ол ішке еніп қараған кезде мынаған куә болды: Адамзаттың ең нұрлы және кәмілдері саналатын күллі пайғамбарлар (ғаләйһиссалам) бір ауыздан жаппай (Лә иләһә иллаллаһ) деп зікір салып жатқанын және жарқын әрі расталған сансыз мұғжизаларының қуатымен тәухидты даулап, алға тартуда және адамзатты хайуандық деңгейінен періште дәрежесіне көтеру үшін оларды Аллаһқа иман етуге шақырып дәріс беріп жатқанын көрді. Ол да осы нұрлы медреседе тізе бүгіп дәріске қатысты.Қараса, мәшһүр адамдардың ең абыройлы да атақтысы болған манағы ұзтаздардың әрқайсысы әлемдердің Иесі тарапынан берілетін және қабыл болғанына белгі-нышан болып табылатын мұғжизалар көрсеткен. Соның саясында айтқан хабарларына сенім артып халық арасынан үлкен жамағат, бір топ кісі оларға үммет болып мақұлдап иман келтірген. Енді ол сол жүз мыңдаған адал да ықыласты жандардың жұмыла әрі бір ауыздан қарар беріп, бекіткен ақиқат қаншалықты қуатты әрі шүбәсіз нақты екенін аңғарды. Және осындай қуатты да шыншыл хабаршылардың сансыз мұғжизаларға сүйене отырып айтқан ақиқатты жоққа шығарып сенбеген кәпірлер үлкен қателік, ауыр қылмыс жасап отырғандарын және соңында мәңгі азапқа лайық болатындығын түсінді, ал оларға сеніп иман келтіргендер қаншалықты жөні түзу, ақиқатшыл адамдар екендігін білді. Сөйтіп, оған қасиетті иманның тағы бір мәртебесі көрінді.Иә, тарихта Әнбияны (ғаләйһиссалам) Аллаһ тарапынан іс жүзінде растау болып саналатын қыруар мұғжизалар болған. Олардың шыншыл екенін айғақтайтын тағы бір нәрсе, дұшпандарының аспани апаттарға ұшырауы және әнбиялардың хақ екендерін растайтын жеке басының кемелдіктері, сондай-ақ, ақиқатқа толы тәлім-тәрбиесі, тура екендерін көрсететін мықты имандары және толық ықыластары мен жанкештіліктері және қолдарындағы киелі кітап пен парақтары
336БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИәрі олардың хақ, тура жолда екендерін көрсететін кәміл адамдардың жетілуі яғни олардың артынан еріп ақиқатқа, кемелдікке, нұрға қолы жеткен сансыз шәкірттері бар. Міне, осыларды есептемегеннің өзінде олар өзара болымды мәселеге келгенде жұмылып, бір ауыздан бірін-бірі құптап, ынтымақта болуы жойқын қуат, бұлтартпас айғақ болып табылады. Оған дүниеде ешбір күш қарсы төтеп бере алмайды. Ол туралы ешқандай күмән, күдік болмауы тиіс. Иман шарттарының ішіне барлық Пайғамбарларға (ғаләйһиссалам) иман етудің де болуы бұл растаудың артында орасан зор қуат жатқанын көрсететінін аңғартады. Олардың дәрістерінен иман фейізін алды. Міне, осы жолаушының аталмыш дәрісін білдіру мағынасында бірінші мақамның сегізінші мәртебесінде былай делінген болатын: Сосын иманның қуатымен ақиқаттың тәтті зауықын алған әлгі жолаушы-тәліп, пайғамбарлардың (ғаләйһиссалам) мәжілісінен келе жатып ғұламалардың дәрісханасына жолықты. Олар ғылыми түрде, бұлтартпас дәлелдерге сүйене отырып Әнбияның (ғаләйһиссалам) көтерген мәселелерін анық дәлелдеген. Асфия, сыддық деп аталатын олар мутәбаххир, мужтахид мухаққиқ яғни ілімге терең бойлап, әдбен көз жеткізгендер. Мұны өздерінің дәрісханасына шақырды. Оның дәрісханаға кірген кездегі көргені: Мыңдаған зерек және жүз мыңдаған талғампаз әрі жоғары мәртебелі зерттеуші ғалымдар шүбәсіз терең де күрделі зерттеудің нәтижесінде ең бірінші Аллаһтың сөзсіз бар екені және оның жалғыздығы жайлы дәйекті имани мәселелерді анықтап жатыр екен. Иә, әртүрлі бейімділікте, ұстанған жолдары да бөлек бола тұра иманның шарттары мен негіздеріне келгенде барлығы бір шешімге тоқтауы және әрқайсысының қуатты да нақты айғақтарға сүйенуі, бұл да өзіндік бір айғақ болып саналады. Оларға қарсы шығып дауласу үшін олардың барлығын қосқанда шығатын зеректік пен ой-өрістеріне тең келерлік зеректік пен үстем түсетін пікір қажет және күллі айғақтарынан асып кететін бір айғақ керек болар еді. Әйтпесе, жоққа шығарушылар тек өздерінің надандығынан, сенбеуінен,
337БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАдәлелденбейтін болымсыз мәселеге келгенде қырсығып, көзін тарс жұму арқылы ғана тайталаса алады. Ал, көзін жұмғанға тек өзіне ғана күндіз түн болады.Бұл саяхатшы осы керемет әрі зәулім дәрісханада әлгі аса қадірлі де ғалым ұстаздардың шашқан нұрлары мың жылдан астам уақыт бойы жер шарының жартысын жарықтандырып келгенін білді. Бойын рухани құдірет билеп, мағынауи күш-қуаты тасығаны сонша дүниедегі бүкіл кәпірлер бірігіп тиіссе төтеп беріп, әсте жолдан тайдыра алмас еді. Міне, біздің жолаушымыздың осы дәрісханадан алған сабағына қысқа ишара ретінде бірінші мақамның тоғызыншы мәртебесінде былай делінген болатын:Сосын, иманы одан әрі қуаттанып, бүршік ашқан сайын және ол ғылм-әл яқин дәрежесінен айн-әл яқин дәрежесіне көтерілген сайын болатын нұр мен зауыққа құштар әлгі ойшыл жолаушы медреседен келе жатып сансыз кішкене зікірхана, завиялардың саясында ауқымы кеңіп, өріс алған өте фәйізді де нұрлы, тым алып зікірханаға, иршадгахқа яғни тәрбие орындарына ат басын бұрды. Ол жердегі Мұхаммедтің (с.а.у) сара жолын ұстанып және Ахмедтің (с.а.у) миғражын паналап ақиқатқа ұмтылған, хаққа қолы жеткен, айнәляқин дәрежесіне көтерілген мыңдаған, миллиондаған жоғары мәртебелі муршидтер, ірі тұлға ұстаздар мұны дергахтарына, мекен жайларына шақырды. Кіріп көріп еді;Ол әһл-и кәшф уә кәрамат ұстаздар өздерінің көріп-білгендеріне және кәраматтарына сүйене отырып бір ауыздан (Лә иләһә иллаһу) деп уахдетті, Оның вужуб-ы вужудын яғни Аллаһтың сөзсіз бар әрі біреу екенін әлемге жар салып жатқанын сондай-ақ, Күнді өз сәулесіндегі жеті реңімен тану деген секілді, жетпіс реңімен тіпті, көркем есімдерімен Шәмс-и Әзәлидің сәулесінен шашыраған сан-алуан нұрлы түстерге боялған, жалт-жұлт еткен сансыз түрлі реңгі бар және неше түрлі ақиқатқа бастар тариқаттар құрған, тура жолға апарар сан-алуан ережелер ұстанған әлгіндей қасиетті ұстаздар мен нұрлы ариф-әулиелердің жұмыла растаған ақиқаты өте анық та қанық
338БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИжәне орасан зор маңызды екенін көрді. Әнбияның (ғаләйһиссалам) бір ауыздан, асфияның ортақтаса, әулиенің өзара сәйкес қарар, шешімдері және осы үш топтың бәрі бірігіп ұйымдасуы Күнді көрсететін күндіздің жарығынан әлдеқайда жарық екеніне көзі жетті. Сонымен, бұл қонақтың зікірханадан алған фейіз-нұрға қысқа ишара ретінде бірінші мақамның оныншы мәртебесінде былай делінген болатын:Сосын, адамның кемелденуінің басты себебі, қозғаушы күші тіпті кемелдік атаулының қайнар көзі, негізі және Аллаһқа иман келтіруден, Оны танудан пайда болатын Мухабетуллаһ екенін яғни Жаратқанды жаныңнан жақсы көру екенін түсінген әлгі дүние жолаушысы жан-тәнімен, бүкіл сезімдерімен иманын қуаттауға, мағрифатын одан әрі арттыруға ниеттеніп басын көтерді де аспанға қарады. Өзінің ақыл-ойына былай деді:Әлемде ең қымбат нәрсе тіршілік. Болмыс атаулы тіршілікке қызмет етеді. Және тірі заттардың ішінде ең құндысы рух иелері. Ал рух иелерінің ең маңыздысы сана иелері. Және осы маңыздылығына орай жер шары тірі жандарды әрдайым көбейту үшін жыл сайын, ғасыр сайын бірде толып бірде босайды. Олай болса міндетті түрде мына керемет әрі әсем аспанның да өзіне тән тұрғындары мен халқы, тірі жандары, рух иелері, саналы мақұлықтары болмақ керек. Бұрыңғы заманнан бері періштелерді көру, олармен сөйлесу уақиғалары күмәнсіз түрде анық болған әрі сенімді жолдармен жеткізіліп отырған. Атап айтсақ, Хазіреті Жәбрейіл періште Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) құзырына келіп сөйлескен, оған сахабалар да куә болған. Жолаушы: «Шіркін! Мен де аспан халқымен көріссем, олар не дейтінін білсем ғой! Өйткені, әлем жаратушысы туралы тұщымды сөз солардан шықса керек!» деп, армандап тұрғанда кенет мынадай аспани бір дауыс естіді: Сен бізбен көрісіп, дәріс тыңдағың келетін рас болса, мынаны жақсылап біліп ал! Ең бірінші, Хазіреті Мұхаммед пайғамбарға (с.а.у.) және Қасиетті Құранға сондай-ақ, барлық пайғамбарларға біз арқылы келген имани мәселелерге әу баста өзіміз иман келтірген болатынбыз. Әрі, адамдарға көрінген, және біздің жынысымыздан болған күллі
339БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАигі әруақтар, бәрі жұмыла осы әлем Иесінің сөзсіз болмысына, оның бір екеніне және киелі сипаттарына куәлік етіп, бірін-бірі растайтын дәрежеде үйлесімді түрде ақпарат берген. Ол сансыз ақпараттың өзара сәйкес болуы, үйлесімділігі саған Айдай анық дәлел болып жөн сілтейді. Мұны естіген соң жолаушының иманының нұры одан бетер жарқырай түсті. Бірден жерден көкке самғап ұшқысы келді. Бұл туралы, Бірінші мақамның он бірінші мәртебесінде былай делінген екен:Енді, әлгі құмарпаз әрі ынталы жолаушы шәһәдат әлемін яғни мына материалдық көзге көрінетін әлемнің және ондағы белгілі заттардың тілдерінен, олардың хал-жағдайларынан сабақ алғаннан кейін «Ғайып әлемін, берзах яғни қабір әлемін, о дүниені де зерттеп шолып өтейін, ол жақтан да ақиқат іздейін, не дейді екен?» деп ойлады. Сол кезде оған әрбір топ адамдарда болатын, әлемнің жемісі саналатын, адамзаттың дәнегі түрінде әрі өзі кішкене бола тұра мағына жағынан ғалам секілді кеңейіп, қанаттары ашыла беретін мұстақим (тура) әрі мүнәууәр (нұрланған) ақылдар мен сәлим (таза, аман) нұрлы жүректердің қақпасы ашылды. Қараса, Ол екеуі ғайып әлемі мен шәһәдат әлемінің ортасына орналасқан адами перделер болып табылады екен. Екі әлемнің өзара байланыстары, қарым-қатынастары адам үшін сол жерде жүзеге асады екен. Сондықтан, жолаушы ақылы мен жүрегіне былай деді: «Бері келіңдер! Сендердің қақпаларыңнан ақиқатқа баратын жол әлдеқайда төте. Біз өткен жолдағылардың айтқанынан дәріс алғандай емес, яғни иман тұрғысынан ақыл мен жүректің қосындысынан, олардың хал-жағдайынан, түр-түстерінен ғибрат алып, ой жүгіртуге тиіспіз» деді де ішіне үңілді. Бейімділіктері әртүрлі, жолдары да бір-бірінен ұзақ және мүлдем ұқсамайтын барлық тура бағыттағы нұрлы ақыл иелері иман мен тәухидке келгенде бір сап болып, тамыры терең нанымдары өзара сәйкес келуі және ризашыл қанағаттары мен анық көзқарас, қарарлары өзара үйлесіп бір арнаға топтасып жатуы бекер емес. Демек, әсте
340БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИөзгермейтін бір ақиқатқа оралып, тамырлары жұлынбайтындай бір мықты негізге сүйеніп тұрғаны ғой. Олай болса бұлардың иман тұрғысынан және Аллаһтың болмысы мен тәухиді (бірлігі) жағынан осылай ұжымдасуы, бірігіп қосылуы еш үзілмейтін нұрлы шынжыр және ақиқатқа апарар даңғыл жол, сол жаққа ашылған қақпа болып табылады. Әрі Ұстанған жолдары бөлек-бөлек, тұтынатын негіздері әрқалай, тіпті бір-бірінен алыс, мүлдем ұқсамайтын әлгі жаппай дерлік сәлим ақылдар мен нұрлы жүректердің иман шарттарына келгенде өзара бірлесе, қанағаттана, жақындап тартыла түсіп, ақиқатты көруі, тылсым сырларды ашуы әрі бір-біріне сәйкестігі, тәухид мәселесінде өзара үйлесімді ойлары, бір жерден шығуы әрине, босқа емес. Демек, ақиқатқа бағытталған және соған жеткізетін және өзара ұқсас мына кішкене Раббани мағрифат ғаршы саналатын әрі ауқымы кең, аса күрделі және әрқайсысы жеке-жеке Самедтің айнасы болып табылатын жүректер, ақиқат күніне қарай тура ашылған терезелер іспеттес. Ал олардың барлығын қоссаң Күнге айна болып шағылыстыратын үлкен теңіз сықылды алып айна болып табылады. Міне, бұлардың яғни күллі ақыл мен жүректердің Аллаһтың вуджудына, уахдетіне келгенде бірлесуі, өзара ынтымақтары әлбетте, бізге әсте адаспайтын, адастырмайтын керемет жетекші, ұлы жолбасшы, дәлел боп табылады. Өйткені, осыншама толассыз әрі тереңіне бойлайтын, мұнша алып әрі өткір назарлардың барлығын ақиқаттан өзге бос ой, шындыққа жанаспайтын құр пікір, негізі жоқ бір сипат жаппай алдатып, шатастыруы әсте мүмкін емес, оған сену ешбір ақылға қонбайды. Мұндайды мүмкін дейтін қисық ой мен шірік пікірге бүкіл әлемді жоққа шығаратын ақымақ софестаилар (скептиктер) да риза болмай, ондай ақылдан ала тонын ала қашар еді. Мұны түсінген жолаушымыз өз ақыл-ойы мен көңілін пайдаланып: «Әмәнтү Биллаһ» (Аллаһқа сендім!) деді. Міне, бұл жолаушының мұстақим ақылдар мен мүнәууәр жүректерден алған имани мағрифат дәрісіне қысқаша ишара ретінде бірінші мақамның он үшінші мәртебесінде былай делінген болатын:
341БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАСосын, ғайып әлеміне жақыннан қарап, ақыл-ойымен саяхаттап жүрген әлгі жолаушы: «Апырым-ай, ғайып әлемі бұл туралы не дейді екен» деп қызыға әлгі есікті пікірімен қақты. Яғни, мынау материалдық шәһәдат әлемінің өзінде мұншама сұлу әрі көркем, шебер жаратылған нәрселер арқылы өзін таныстырғысы келетін және мұншама тәтті де әсем толассыз нығметтермен өзін жақсы көргенді қалайтын және мұншама мұғжизалы да шебер істерімен өзінің құпия кемелдігін білдіргісі келетін және мұнысын сөзбен жеткізуден әлдеқайда ашық әрі түсінікті түрде іспен көрсеткен, хал-жағдаймен жеткізген Құдіреттің, ғайып пердесінің артында бар екені сөзсіз. Әлбетте, әрі оған еш күмән жоқ әлгі құдрет іс жүзінде әрі хал-жағдаймен мұратын білдіргені секілді сөзбен де сөйлемдермен де жеткізіп, өзін таныстырады, жақсы көргізеді. Олай болса ғайып әлемі тұрғысынан Оны, Оның шағылыс-көріністері арқылы тануға тырысалық!» деді. Ой дүниесі ішке еніп, ақыл көзімен қарап еді: Өте жойқын түрде өзінің бар екенін көрсететін уахилардың ақиқаты ғайып әлемінің әр тарапын жайлап өз үкімін жүргізіп тұрғанын көрді. Ғаламның, жалпы жаратылыстың шәһәдаттарынан әлдеқайда қуатты тәухид жайлы, Аллаһтың бір екені туралы хабар Аллам-үл Ғуюб тарапынан уахи мен илһам арқылы келіп, білдіріліп жатады. Аллаһ Тағала өзінің бар әрі жалғыз екенін тек жаратылыс арқылы білідіріп қана қоймайды яғни олардың куәліктерімен шектелмейді. Ол өзіне лайық әзәли, мәңгі таусылмайтын сөзімен де жеткізеді. Барлық жерде өзінің ілімі мен құдіреті әзір-назыр Жаббардың сөзі де шексіз болмақ. Сөздерінің мағынасы оның өзін таныстыратыны секілді сөйлеу арқылы да өзінің сипаттарын таныстырады. Иә, жүз мың Пайғамбардың (ғаләйһиссалам) нақты хабарларын және олардың ақпараттары Иләһи уахиға сүйену тұрғысынан бәрі бір жерден шығып, үйлесім табуы сондай-ақ, адамзаттың басым
342БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИкөпшілігі мойындап оларға жетекші әрі өнеге әрі уахимен келген және уахи екені дәлелденген киелі кітаптар мен аспани парақтардың дәлелдеуімен, мұғжизалар арқылы расталған уахидың ақиқат екенін, анық болғандығын білді. Әрі уахидың ақиқаты, мән-мағынасы қасиетті бес ақиқатты қамтып, білдіретінін аңғарды:Біріншісі;дейді яғни айтылғанындай адамзаттың ақылына, ой-өрісіне сәйкес сөйлеу, бұл тәнәззүл-аты Иләһи. Иә, өзі жаратқан күллі рух иелерін сөйлеткізген және сөздерін білетін Аллаһ әлбетте, өзі де ол сөздерге араласып сөйлеуі Рубубиетінің талабы. Екіншісі; Өзін таныстыру үшін ғаламды мұнша толассыз шығындармен керемет түрде басынан соңына дейін таңғажайып жаратқан және мыңдаған тілдермен кемелдігін паш еткен Құдрет, әлбетте өзінің сөздерімен де өзін таныстырмақ. Үшіншісі; Жаратылыстың ең таңдаулысы және аса мұқтажы және өте нәзік әрі құштар болған нағыз адамдардың жалынышты мінәжаттарына, риза болғандағы шүкірлеріне іс жүзінде жауап бергені секілді сөзімен де жауап береді, бұл жоқтан бар ету, жарату ісінің талабы. Төртіншісі; Ілім және тіршіліктің міндетті түрде бар екенін көрсткен және оның шарты мен жарқын көрінісі болып табылатын мукалеме яғни сөйлеу сипаты, әлбетте ілімі шексіз, мәңгі тірі яғни ауқымды түрде, мәңгі бақи бітпейтін жағдайда болмақ. Бесіншісі; Өте сүйкімді, жақсы көруге лайық әрі сүйенішке аса мұқтаж және өзінің Жаратқан иесін табуға ынтық әрі жаратылысы пақыр әрі әлсіз пенделеріне; оларды осындай әлжуаз, құштар, пақыр, мұқтаж және келешекті уайымдайтын әрі жүрегіне махаббат пен құмарлықты берген Құдірет әлбетте өзінің бар екенін оларға сөйлеу арқылы да білдіреді, бұл улухиетінің талабы. Міне, жоғарыда аталған тәнәззүл-ү Иләһи, тағарруф-ы Раббани, мукабеле-и Рахмани және мукалеме-и Сүбхани және ишар-ы Самедани ақиқаттарын қамтитын барлық аспани уахилердің бір жерге тоғысып, ұжымдасуы, осылайша Уажиб-үл Ужуд Аллаһтың болмысын және Оның ужудын дәлелдеуі, өте қуатты айғақ болып табылады. Бұл айғақ күндізгі Күннің жарығы қалай Күннің бар екеніне дәлел болса, тіпті одан да қуатты дәлел, деп түйді.
343БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАЕнді ол илһам деген нәрсеге назар аударды. Қараса, садық илһамдар бір жағынан уахиге ұқсас әрі ол да Раббани мукәлеме яғни Аллаһтың сөйлеуі екен. Дегенмен, оның екі айырмашылығы бар. Бірінші айырмашылығы: Илһамнан мәртебесі әлдеқайда жоғары уахидің көпшілігі делдал арқылы яғни періште арқылы, ал илһамның көбісі делдалсыз тікелей келеді. Мәселен, Бір падишаһтың екі түрлі сөйлеуі халқына жолдауы,әмір-бұйрқтары болады. Біреуі; салтанатының ұлықтығы мен жалпылай үстемдігінің талабына сай өзінің жолдауын бір шабарман делдал арқылы бір әкіміне жібереді. Өзінің билігінің айбындылығын, әмірінің маңыздылығын көрсету мақсатында кейде әлгі делдал арқылы жиналыс жасап, сосын жолдауы оқылады, бұйрық жеткізіледі. Екіншісі; Сұлтан падишах деген жалпылай ортақ атымен күлли сипатымен емес, жеке өз атынан, жалпы бір мәселемен, өзара аса маңызды емес, бір мәміле үшін жеке қызметшісімен немесе қарапайым халқымен және арнайы телефонымен сөйлеседі. Сол секілді, Әзәли Падишаһтың бүкіл әлемнің Раббысы атымен және ғаламның жаратушысы жағымен, уахи арқылы және уахидің қызметін атқаратын ауқымды илһамдар арқылы сөйлеу түрі бар. Сонымен, қатар әрбір тұлғаның, әрбір тірі жанның Раббысы Халиқы (Жаратушы) болу жағымен жеке-жеке бірақ перделердің артынан олардың қабілетіне қарай өзіндік сөйлеуі де бар. Екінші айырмашылғы; Уахи тынық, мөлдір, көлеңкесіз, сафи әрі ол ерекше тұлғаларға тән. Илһам болса көлеңке тұстарымен қатар реңдер араласады әрі жалпыға ортақ болады. Атап айтар болсақ, періште илһамы, адам илһамы, хайуандар илһамы болып көп түрге бөлінеді. Теңіздердің тамшылары санынша Раббани кәлимәлардың көбеюіне ұйытқы боларлық дәрежеде сансыз деуге болар. Сөйтіп жолаушы:деген аяттың бір мағынасын тәпсірлейтінін түсінді.Сосын, илһамның мәнісіне, хикметіне, оның шәһәдатына яғни Жаратқанның бар екеніне қалай куәлік ететініне қарады. Қараса, мәнісі, хикметі және нәтижесі төрт нұрдан тұрады екен.
344БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИБіріншсі; Тәуәддүд-і Иләһи дейтін өзін жаратқан пенделеріне іс жүзінде жақсы көргізгені секілді сөзбен, құзырмен және сұхбатпен де өзін жақсы көргізеді. Бұл уәдудиеттің, рахманиеттің талабы. Екіншісі; Ибадының яғни құлдарының дұға-тілектеріне іспен жауап бергені секілді перделердің сыртынан сөйлеп те жауап береді. Бұл оның рахимиетінің ісі. Үшіншісі; Ауыр қиыншылықтарға, бәлелерге ұшыраған пенделерінің көмек сұраған дұғаларына, жылап-сықтаған өтініш, тілектеріне іс жүзінде медет бергені секілді белгілі мағынада сөйлеуі боп табылатын илһами сөйлеумен яғни аян беру арқылы да жәрдем етуі Рубубиетінің талабы.Төртіншісі; Өте әлсіз, тым әлжуаз, аса пақыр әрі мұқтаж және өзінің иесін, қамқоршысын, басқарушысын, сақтаушысын танып-табуға өте мұқтаж әрі құштар саналы пенделеріне өзінің болмысын, құзырын, сақтаушы екенін іс жүзінде сездіргені секілді белгілі бір мағынада сөйлеуі боп саналатын кейбір дұрыс илһамдар (аян) пердесінің артынан, әркімге бөлек-бөлек әрқайсысының қабілетіне қарай қалб телефоны арқылы сөйлесіп өзінің бар екенін сездіруі, құзырын білдіруі Улухиет мейрімінің, Рубубиет рахметінің қатаң әрі сөзсіз талабы деп түсінді.Сосын, илһамның қалай куәлік ететініне назар аударды. Сондағы түйгені: Мәселен, Күнді егер тірі әрі ой-санасы бар деп қабылдасақ онда, оның жеті түсті реңгі жеті сипаты болар еді. Енді, ол жарығындағы сәулелерімен белгілі бір мағынада сөйлер еді. Оның мысалы мен шағылысы барлық мөлдір, жылтырақ заттардан табылар еді. Әрбір айна, кезкелген жылтырақ нәрсе және шыны сынықтары, су бетіндегі көпіршіктер, тамшылар тіпті мөлдір зерре бөлшектер оны шағылыстырып әрқайсысымен қабілетіне қарай сөйлесіп, олардың сұрағанына жауап берер еді. Олардың барлығы Күннің бар екеніне куәлік етеді. Бір мезетте қыруар істі атқара береді, бірақ бір ісі бір ісіне кедергі болмайды. Біреумен сөйлесуі дәл сол уақытта басқамен сөйлесуіне кедергі туғызбайды. Мұны кәдуілгі көзбен көруге болады. Дәл сол секілді Әзәл мен Әбәдтің Зүлжәлал сұлтаны, жаратылыс атаулының Зүлжәмал жаратушысы Шәмс-і Сәрмәди Аллаһтың сөйлеуі де оның ілімі мен құдіреті секілді күлли, жалпыға ортақ, барлығын қамтып жататындықтан әрбір нәрсенің
345БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАқабілетіне қарай мәміле жасап, жеке-жеке шағылысады. Бір сұрақ бір сұраққа, бір іс бір іске, бір үндеу басқа үндеуге кедергі болмайды, әсте араласып мүлдем шатаспайды. Бұл өте түсінікті жай. Міне, осы барлық шағылыстар-көріністер, сөйлеу мен илһамдар жеке-жеке және топтасып әлгі Әзәли Шәмсі Аллаһтың құзырын, оның сөзсіз бар екенін әрі жалғыз, дара Уахид, Әхад екенін дәлелдейді, куәлік етеді. Мұны жолаушы айнәляқынге жақын ғылмәляқын яғни анық-қанық көрді. Сонымен, біздің құмарпаз қонағымыздың ғайып әлемінен алған мағрифат дәрісіне қысқа ишара ретінде бірінші мақамның он төртінші және он бесінші мәртебесінде былай делінген болатын: Сосын, манағы жолаушы өзінің ақылына былай деді: Мен ғой ғаламдағы жаратылыс арқылы Жаратқан Иемді іздеп жүрмін. Олай болса бәрінен бұрын осы жаратылыстың ең мәшһүры тіпті дұшпандарының өзі оның кәміл жан, ұлы қолбасшы, жоғары мәртебелі жан, сөзі маржан, ақылы мол данышпан екенін мойындаған және он төрт ғасырды адамгершілігімен, қымбат қасиеттерімен, Құранымен нұрландырған араб Мұхаммедті (ғаләйһиссалату уәссалам) зиярат етіп, іздегенімді сол Кісіден (с.а.у.) сұрау үшін оның бақыт ғасырына бірге барайық деп, ақылымен бірге ол өмір сүрген ғасырға аттанды. Қараса, ол ғасыр шынымен де әлгі ардақты Кісінің (с.а.у.) саясында адамзаттың ең бақытты кезеңі болған екен. Себебі, ол әкелген
346БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИнұр арқылы өте жабайы, мүлдем сауатсыз надан халықты қысқа мерзімде дүниеге танымал ел басқарататын білікті би, дипломат, қоғам қайраткері жасады. Әрі ақылына былай деді: Біз бәрінен бұрын осы керемет Кісінің (с.а.у.) аз да болса қадір қасиетін және айтқан сөздерінің ақиқат екенін, берген ақпаратының рас екенін біліп алуымыз керек, сосын барып одан Жаратушы иемізді сұрайық деп оны жақыннан тануға кірісті. Көзі жеткен көптеген анық дәлелдерден әзірге «тоғыз ауқымды айғаққа» жеке-жеке бірақ қысқа ишара етілмек.Біріншісі: Бұл кісінің табиғаты көркем мінез-құлыққа Азиз қасиетке тұнып тұр, мұны тіпті дұшпандарының өзі растаған. Сондай-ақ,аятының ишара еткеніндей бір саусағының ишарасымен көктегі Ай екіге бөлінген-ді. Жауға лақтырған бір уыс топырақтан әрқайсысының көзіне бір уыс топырақ құйылып тым-тырақай қашады. Суы таусылып шөлдеген әскеріне бес саусағынан кәусардай аққан судан қанғанынша ішкізген еді. Осы секілді бізге жеткізілген кейбірі тәуәтүр дәрежесінде жүздеген мұғжизалар оның қолынан көрініс тапқан. Мұндай мұғжизалардың үш жүзден астамы Он тоғызыншы Мәктуб деп аталатын «Мұғжизат-ы Ахмедие» атты ғажап кітапта нақты дәлелдермен баяндалғандықтан оны соған қалдырып былай деді: Мұншама көркем мінез бен кемел сипаттарға ие әрі әлгіндей көптеген мұғжизаларға бөленген Кісі (с.а.у.) әлбетте шыншыл, айтқандарының бәрі дұрыс, адал жан. Ол жаман мінезді кісілерге ұқсап жалған айтуға, өтірік алдауға, қулыққа барып өзін төмендетпейді. Олай болуы мүмкін емес. Екіншісі: Қолында мына ғаламның иесінің жолдауы, және ол жолдауды әр ғасырда үш жүз миллионнан астам адамдар оқып, қабылдап, растаған және манағы жолдау яғни Қасиетті Құран жеті тұрғыдан таңғажайып болып табылады. Сондай-ақ, осы Құранның қырық жақтан керемет, мұғжиза екендігі және ол ғаламның иесінің сөзі екені қуатты дәлелдермен Жиырма бесінші Сөз және Мұғжизат-ы Құрания атты Нұр Рисаленің бір Күні боп саналатын мәшһүр бір рисаледе жан-жақты баяндалғандықтан оны соған сілтеп былай деді: Мұндай нағыз хақ, іші толы ақиқат жолдаудың аудармашысы, оны
347БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАбізге жеткізуші Кісінің (с.а.у) жолдауға қастандық әрі жолдау Иесіне қиянат болып табылатын жалған сөйлеуден аулақ, өтірік алдауы мүмкін емес.Үшіншісі: Ол Кісі (с.а.у.) сондай керемет шариғатпен, дін Исламмен және убудиетпен (құлшылық), дағуатпен (шақыру), иманмен ортаға шыққан. Ондай құндылықтың теңі жоқ, болмайды да. Одан артық кемелдік болмаған, болмайды да. Неге десеңіз, үмми яғни я жазу, я оқу білмейтін Кісінің (с.а.у.) әкелген шариғаты он бес ғасыр бойы адамзаттың бестен бірін өте әділ түрде, ақиқатқа тура, өте терең де мызғымас шексіз заңдарымен басқаруы теңдессіз емей не!? Әрі, үмми Кісінің (с.а.у.) іс-әрекетінен, айтқан сөздерінен және хал-ахуалынан туындаған дін Ислам, әр ғасырда үш жүз миллион адамға жол көрсеткен жетекшісі, данышпан көсемі, күллі ақылдың мұғалімі, ұстазы, жүректердің нұрландырушысы, тазартушысы және нәпсілердің тәрбиешісі, ағартушысы, рухтардың ашылып дамуына бірден-бір себеп, дәнекер болуы тұрғысынан оған ешнәрсе жете алмаған, жетпейді.Әрі, үйреткен дінінде ғибадаттың барлық түрлерінен алдыңғы шепте болуы, баршадан артық тақуа болуы, Аллаһтан ерекше қорқуы, әрдайым күрес пен аласапыран ішінде жүрсе дағы құлшылықтың бүге-шүкесіне дейін керемет толыққанды орындауы әрі ешкімнен көшіріп алған да емес, толық мағынада, алғаш рет бірақ, ең кемел түрде, әрі басы мен соңын біріктіре отырып атқаруы әлбетте теңдессіз, теңі болмайды да. Әрі мыңдаған дұға-тілектері, мінәжаттары таңғажайып! Мәселен «Жәушан-үл Кәбир» атты мінәжатында Раббани мағрифат керемет баяндалып, Раббысын тамаша сипаттайтыны сонша, сол ықылым заманнан бері мағрифат қылушылар мен әулие-абыздар өзара пікір алысып жәрдемдесе отырып мағрифат қылса да оның мәртебесіне, Раббысын сипаттау дәрежесіне жете алмауы дұға етуге келгенде де теңдесі жоқ екенін көрсетеді. Мінәжат рисалесінің басында Жәушән-үл Кәбирдің тоқсан тоғыз шумағынан бір шумағының қысқа мәні баяндалған жерге қараған адам: «Дұғасының өзі теңі жоқ» деп айтары сөзсіз.Әрі, рисалетті яғни пайғамбарлық міндетін орындап, ақиқатты жеткізу, халықты хаққа шақыру барысында қайсарлық пен батырлық, табандылық танытуы өзінше бөлек тақырып. Алпауыт мемлекеттер
348БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИмен үлкен діндер, тіпті өзінің қауым мен руы, туысқан көкесі оған қас дұшпан бола тұра титтей де болсын сасқалақтамауы, уайымға, үрейге берілмеуі әрі бір өзі бүкіл дүниеге атой салуы әрі соңында табысқа жетіп дін исламды дүниеге мойындатуы ғажап оқиға. Міне, бұл оның ақиқатты жеткізу, дағуатта да теңі жоқ екенін, теңі болмайтынын көрсетеді. Әрі иманы таудай асқар, әбден көзі жеткен, сенімі тым мықты әрі таңғажайып гүлдей жайнаған нанымы керемет. Сол заманға үкімі жүріп тұрған діни наным, көзқарас, ой-пікір, даналардың хикметтері мен рухани басшылардың ілімдері түгелімен оған мүлдем қарсы әрі келіспейтін, тіпті жоққа шығаратын дәрежеде қарсы бола тұра, нанымына, көзқарасына, сеніміне, қанағатына әсте күдік, бірде-бір күмән, әлсіреу, кері шегіну, ешқандай уәсуәсә туғызбаған және руханиятта, иман мәртебесіне өрлеу үстінде болған әу баста сахабалар, сосын күллі әулие, асфиялар оның иманынан фейіз, нәр алуы және оны әрдайым жоғары дәрежеде көруі анық түрде иманының да теңдесіз екенін көрсетеді. Сонымен, мұндай теңдесіз шариғат пен ерекше дін Исламның иесінің және керемет құлшылық етуші әрі ғажап дұға қылушының сондай-ақ, әлемге шулы дағуат пен таңғажайып иман иесінің әлбетте өтірік алдауы мүмкін емес, сөзі жалған болуы ақылға сыйымсыз деп түсінді, мұнысын ақылы да қоштады. Төртіншісі: Қалайша, әнбиялардың (аләйһиссалам) ұжымы Аллаһтың ужуд (бар болу) уахданиетіне (бір болу) қуатты дәлел болып табылады, дәл солай олар бұл Кісінің де (с.а.у.) пайғамбарлығына мықты куәлік болып табылады. Өйткені, әнбия аләйһиссаламның рас әрі пайғамбар екенін дәлелдейтін қанша киелі сипаттар мен мұғжизалар, атқарылған міндеттер болса бұл Кісіде (с.а.у.) өте жоғары дәрежеде болғаны тарихи шындық. Демек олар, қалайша сөзбен Тәурат, Інжіл, Зәбүр және көктен түскен парақтарда ол Кісінің (с.а.у.) келетінін хабар беріп адамзатқа сүйіншілегені – мұндай көктен түскен кітаптардың қуанышты ишари хабарларынан жиырмадан астамы және өте анық кейбір түрлері Он тоғызыншы Мәктубта жақсылап дәйекті түрде баяндалған болатын, дәл сол секілді олар хал тілдерімен де яғни пайғамбарлық арқылы және мұғжизаларымен жолдасы әрі серіктес достары болған осы озат әрі кемел адамды растап мүддесін қоштап жатыр.
349БӘДИҮЗЗМАН КАСТАМОНУДАБесіншісі: Осы ұлы тұлғаның ережесін сақтап, тәрбиесіне көніп, ізінен еру арқылы хақ пен ақиқатқа, кемелдікке, кереметке, кәшфиятқа, мүшәхәдатқа қолы жеткен мыңдаған әулиелер уахданиетке куәлік еткендері секілді, ұстаздары болған осы Кісінің растығына, пайғамбар екеніне бір ауыздан, ұжымдаса куәлік етеді. Оның ғайып әлемі туралы ақпаратының кейбірін олар әулиелік нұрымен көрген. Барлық айтқан хабарларын иман нұрымен, я ғылым-и яқын немесе айнәл-яқын не болмаса хаққал-яқын түрде сеніп растаған. Міне, бұл да ұстаздары болған бұл Кісінің (с.а.у.) қаншалықты ақиқатшыл, турашыл екенін көрсетеді. Жолаушы осыны түсінді. Алтыншысы: Бұл кісі үмми бола тұра әкелген ұлы ақиқаттар мен бұрын-соңды болмаған ілім және жаңадан ашқан Иләһи мағрифат дәрісінің саясында ілімнің биік мәртебесіне жеткен миллиондаған мудаққиқ асфия мен мухаққиқ сыддықтар және дана, зерек хәкім мүминдер бұл кісінің басты мүддесінің негізі болып табылатын уахданиетті қуатты айғақтармен бір ауыздан дәлелдеп, растаған. Олар осылайша әлгі ұлы мұғалімнің, жоғары мәртебелі ұстаздың анық ақиқатшыл екеніне, айтқан сөздерінің рас екеніне жұмыла куәлік етеді. Бұл куәліктері оның пайғамбар екеніне, рас шынайы екеніне айдан анық дәлел болып саналады. Мәселен, Рисалей Нұр жүз кітапшасымен осы Кісінің шынайы адал екенінің бұлтартпас дәлелі болып табылады. Жетіншісі: Әл уә, асхаб деп аталатын ақырғы елшіге ерушілер әрі адамзаттың әнбиядан кейін келетін парасат пен көрегенділігімен аты шыққан аса құрметті де діндар, кәміл жандар өткір назарларымен жіті бақылап қызыға, тапжылмай өте мұқият, бұл кісінің құпия я ашық барлық хал-ахуалын, ішкі-сыртқы дүниесін, жүріс-тұрысын зерделеудің нәтижесінде осындай тұлғаның дүниеде ең адал, шыншыл және мәртебесі өте жоғары әрі өте дұрыс, ақиқатшыл адам екеніне көздері әбден жетіп, бір ауыздан растап бекіткен әрі толық иман келтірген. Бұл да күннің жарығын дәлелдейтін күндіз секілді мықты дәлел. Жолаушы осыны ұқты.Сегізіншісі: Мына әлем өзінің жаратылуы, басқарылуы, реттелуі, суреттелуі, өлшемді болуы жағымен бір сарайға яки бір кітапқа немесе бір жайма, бір көрмеге ұқсап, өзін салған ұстаны, жазушыны, суретшіні көрсетеді. Сол секілді әлем өзінің жаратылысындағы Иләһи мақсаттарды білетін, білдіретін және құбылыстарындағы Раббани хикметтерді үйрететін және белгілі
350БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИбір міндет атқаратын қозғалыстардағы нәтиже мен пайдалар жайлы дәріс беретін, оның мән-мағынасын ашып, қадір-қасиетін, кемелдігін паш ететін және әлгі алып кітаптың мәнін қортындылайтын жоғары мәртебелі делдал, тылсым сырларды ашатын турашыл тұлға, сенімді ұстаз, адал мұғалім керек етеді әрі міндетті түрде болуын талап етеді. Міне, осы тұрғыдан алғанда мұндай міндеттерді бәрінен де толық, адал атқарған осы кісі. Олай болса, бұл да ол Кісінің пайғамбар екеніне және ол мына ғалам иесінің жоғары мәртебелі, шын берілген қызметшісі екеніне куәлік етеді. Жолаушы осыны аңғарды. Тоғызыншысы: Мына хикметке толы әрі шебер жаратылған әрі хикметпен жаратылған болмыс арқылы өзінің өнерін, шеберлігінің кемелдігін жария қылғысы келетін және мына әсем сұлу сансыз жаратылыс арқылы өзін таныстырғысы, жақсы көргізгісі келетін және мына тәтті де қымбат нығметтерімен өзіне алғыс пен шүкір, хамд еткізгісі келетін Бір Құдіреттің бар екені рас. Және мына мейрімді де қамқоршыл жалпыға ортақ тәрбие мен асырау арқылы, тіпті тілдің өзін сан-алуан дәм сезіп пен ләззат алатындай етіп, тәбеттің небір түрін қанағаттандыратындай жаратылған Раббани нығметтер мен ас-дәмдер арқылы өзінің рубубиетіне ризашылықпен, шүкір ете, табынатындай құлшылық еткізгісі келетін сондай-ақ, маусымдарды, түн мен күнді ауыстыру секілді алып істер мен басқару, хикмет толы құбылту, жоқтан бар ету арқылы өзінің улухиетін яғни Аллаһ екенін көрсеткісі келетін Біреу бар. Және оған иман етіп мойынсұнуды талап ететін және әрдайым жақсылыққа ынталандырып, жақсыларды қорғаштап ал, жаманшылықтан тиып, жамандарды тойтарып, аспани апаттармен залымдарды ауыздықтап, суайт, өтірікшілерді әшкерелеп өзінің хақ әділдігін көрсеткісі келетін перденің артында Біреу бар. Әлбетте, оған еш күмән жоқ. Олай болса, әлгі ғайби Құдіреттің ең сүйікті пендесі және өте адал құлы және жоғарыда аталған мақсаттарына аянбай қызмет етіп, әлемнің жаратылысындағы тылсым-сырды ашқан және әрдайым Жаратушының атымен әрекет еткен, Одан жәрдем мен сәттілік сұраған және әрдайым медет алып, таупыққа бөленген, Мұхаммед-і Құрайши деп аталатын кісі осы болса керек. Әрі, ақылына деді: Осы аталған тоғыз ақиқаттар Оның адалдығына куәлік ететіні рас. Олай болса әлбетте, бұл адам адамзаттың мақтанышы әрі әлемнің абыройы және оны «Фахр-ы Әлем», «Шәрәф-і Бән-и Адам» деуге әбден лайық. Сондай-ақ, қолындағы ұлы жарлық, күллі жаратылысқа жолдау Қасиетті Құранның рухани салтанатының ұлылығы жер
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 632
- 633
- 634
- 635
- 636
- 637
- 638
- 639
- 640
- 641
- 642
- 643
- 644
- 645
- 646
- 647
- 648
- 649
- 650
- 651
- 652
- 653
- 654
- 655
- 656
- 657
- 658
- 659
- 660
- 661
- 662
- 663
- 664
- 665
- 666
- 667
- 668
- 669
- 670
- 671
- 672
- 673
- 674
- 675
- 676
- 677
- 678
- 679
- 680
- 681
- 682
- 683
- 684
- 685
- 686
- 687
- 688
- 689
- 690
- 691
- 692
- 693
- 694
- 695
- 696
- 697
- 698
- 699
- 700
- 701
- 702
- 703
- 704
- 705
- 706
- 707
- 708
- 709
- 710
- 711
- 712
- 713
- 714
- 715
- 716
- 717
- 718
- 719
- 720
- 721
- 722
- 723
- 724
- 725
- 726
- 727
- 728
- 729
- 730
- 731
- 732
- 733
- 734
- 735
- 736
- 737
- 738
- 739
- 740
- 741
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 650
- 651 - 700
- 701 - 741
Pages: