401БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕАйыптауларға қарсы айтылған наразылық сөздерімнің толықтырмасыБұл наразылық сөздерім Денізлі соты мен прокурорына ғана емес, Спарта мен Инеболының да прокурорларына және бұрмаланып жазылған мәлімдемелерге сүйеніп, мына адам сенгісіз айыптаунаманы бізге қарсы пайдаланып отырған кекшіл, күдікшіл қызметкерлерге арналады.Біріншіден: Саясатқа қатысы жоқ Рисалей-Нұр шәкірттеріне ешқандай негізсіз, тіпті ойға келмейтін, бұлар саяси ұйым деген айдар тағып, иман ақиқаттары мен ақыреттік мәселелерден басқа мақсаттары жоқ бейкүнә жандарды, саяси ұйымның белсенділері, үгіт-насихатшылары, ұйым мүшелері ретінде көрсетіп, Рисалей-Нұр кітаптарын оқыған, оқытқан, жазған деген айып тағып сотқа беру, әділет ұғымына мүлдем керағар әрекет. Оған дәлел, Құранды жамандап кітап жазған доктор Дузидің және басқа да дінсіздердің зиянды жазбаларын оқығандарға «Ой еркіндігі», «білім алу еркіндігі» қағидалары бойынша кінә тағуға болмайды екен. Құрани және Имани ақиқаттарды білгісі келетін, соған аса мұқтаж және құштар жандарға сол ақиқаттардың күндей жарқын нұрларын жеткізетін Рисалей-Нұрды оқу немесе жазу, қылмыс болып саналуда.Жұрт дұрыс түсінбей қалмасы үшін, жарыққа шығаруға тыйым салған екі-үш рисаленің ішіндегі бірнеше сөйлемді сылтау етіп, кінә тағыпты.Ал ол рисалелерді Ескішеһир соты тексеріп, қараған (біреуінен басқасын) болатын. Қалғандарының бәріне де нақты жауап берілген. «Қолымызда нұр бар, саясаттың сойылы жоқ» деп, Ескішеһир сотында мұны жан-жақты дәлелдеп бергенбіз. Ынсапсыз прокурорлар көпшілікке арналмаған және әзірге жарияланбаған үш рисаленің үш-төрт сөйлеміндегі мағынаны бүкіл Рисалей-Нұрға жауып, бұл кітаптарды оқығандар, жазғандар қылмыскер, мені де «Үкіметке қарсы әрекет етуде» деп кінәлауда. Өзімді де достарымды да куәгер ете отырып ант етемін, соңғы он жылда екі басшы, бір депутат және Кастамонуның әкімінен басқа үкімет басындағы министрлердің қолбасшылардың, қызметкерлердің кімдер екенін де
402БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИбілмеймін, білгім де келген жоқ. Саясатпен айналысатын адамның өз қарсыластарын танымауы, дос екенін, қас екенін білгісі келмеуі мүмкін бе?Демек, бұдан түсінеріміз, бізді соттау үшін, біле тұра әртүрлі негізсіз сылтаулар табуда. Жағдай осылай.Олай болса менің бұл жердің жергілікті сотына емес, анау ынсапсыздарға айтарым. Мен сендердің маған берер ең ауыр жазаларыңа түк те мән бермеймін. Мен үшін оның құны жоқ. Өйткені мен жасым жетпістегі, қабір аузындағы адаммын. Бұлай жазықсыз жапа шегіп өткізер бір-екі жылдық өмірімді шәһидтік мәртебеге айырбастау мен үшін үлкен бақыт.Рисалей-Нұрдың мыңдаған айғақтарына сүйене отырып, көз жеткізгенім, өлім біз үшін демалысқа шығу. Өлім жазасына тартылсам да, бір сағаттық қиыншылықтар мәңгілік бақыт пен мейірімділік қақпасының кілтіне айналады. Бірақ сендер! Ей, дінсіздердің сойылын соғып, әділет орындарын алдап, үкіметтік мекемелерді себепсізден-себепсіз бізге айдап салып отырған найсаптар! Біліп қойыңдар және қорқыныштан қалтырай беріңдер! Сендер мәңгілік азап шегіп, жеке-жеке қамалатын боласыңдар. Кегімізді еселеп тұрып аламыз әлі. Тіпті, сендерді аяп та тұрмыз.Мына қаланың халқын жүз рет молаға апарып төгіп тастаған өлім атты ақиқаттың талабы өмірдікінен де көп. Өлімнің мәңгілікке жою деген тырнағынан құтылудың шарасы адамзаттың кез келген мәселесінен де жоғары, аса маңызды, аса қажетті тақырып, ең өзекті мәселе. Апыр-ай мұның шарасын тапқан Рисалей-Нұр шәкірттерін және сол шараны мыңдаған дәлелдермен түсіндіріп берген Рисалей-Нұр тәпсірін түкке тұрғысыз сылтаулармен айыптаушылардың өздері ақиқат пен әділет ұғымының алдында қаншалықты айыпты екендігін топастар да түсінер.Бұл найсаптарды да шатастырып, ешқандай негізсіз, бізге саяси ұйым ретінде күдікпен қаратып отырған үш нәрсе бар.Біріншісі: Бұрыннан бері шәкірттерім менімен ағайын-туыс секілді етене араласады. Сондықтан аналар бізді бір ұйым деп ойлайды.Екіншісі: Рисалей-Нұрдың кейбір шәкірттері мемлекеттік заңдар рұқсат берген және қылмыс саналмайтын істерде, Ислами жамағат секілді әрекет ететіндіктен, бұлар бір ұйым деп ойлаған. Алайда, әлгі
403БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕүш-төрт шәкірттің ниеттері ұйым құру емес, риясыз түрде иманға қызмет жолындағы адал достық пен ақырет үшін ынтымақтасу ғана.Үшіншісі: Әлгі найсаптардың өздері дүниеге табынып жүргендіктен және үкіметтің кейбір заңдарын өздеріне ыңғайлы деп тапқандықтан, «Саид және оның жолдастары бізге және үкіметтің шариғатқа қайшы болса да бізге ыңғайлы, біздің әуестік сезімдеріміздің талаптарын қанағаттандыратын заңдарына қарсы. Олай болса олар опозициялық саяси ұйым.» деп ойлайды.Менің де айтарым: Ей бейбақтар! Егер бұ дүние мәңгі болса және адам мәңгі өмір сүретін болса, мүмкін мұндай жала жабуларыңның бір мағынасы болар ма еді? Егер мен саясатқа араласқан болсам, жүз кітабымнан саяси және қарсылық танытатын он емес мың сөйлем табар едіңдер.Айталық біз сендер секілді бар күшімізбен дүниелік мақсат қуып, ойымызға келгенді істеп, саясатқа араласқан болсақ (бірақ бұған шайтан да ешкімді сендіре алмайды) жиырма жылдың ішінде қандай да бір оқиғаға, келеңсіз жәйттерге араласқан жеріміз болар еді. Өкіметтің міндеті іс-әрекетті қадағалау, жүрекке араласа алмайды. Қай үкіметтің де қарсыластары болған, болады да. Сендер бізді әділ заң бойынша жауапқа тарта алмайсыңдар. Соңғы сөзім.Саид Нұрси* * * * *Ескішеһир сотында оқылмай қалған және ресми тіркеуге де ақтау қағазыма да түспей қалған ертеректе болған бір соттағы ақталу сөзімді баяндап берейін.Бірде менен «Республика туралы не ойлайсың?», деп сұрады: Мен былай жауап бердім: Ескішеһир сотының төрағасынан басқаларың дүнияға келмей тұрып та менің діндар, республикашыл екенімді қолдарыңдағы өмір тарихым дәлелдеп берді. Қысқаша айтар болсам, ол кездері мен ескі кесенені паналап, жалғыз өмір сүретінмін. Артымнан тамақ әкелетін. Мен көжедегі дәндерді құмырсқаларға
404БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИберетінмін. Суына нан турап жейтінмін. Себебін сұрағандарға «Мына құмырсқалар мен аралар қауымы республикашыл яғни ұжымдасып тіршілік етеді. Осындай ұйымшылдықтарын құрметтеп, тамақтың дәндерін тарту етемін» дейтінмін.Тағы да сұрақ қойды: «Сен салих сәләфтерге яғни Пайғамбардың ізінен ерушілерге қарсы әрекет етесің бе?». Жауап ретінде былай дедім: Хуләфа-и Рашидин, төрт халифа һәм халифа һәм республика басшысы болатын. Сыддық-ы Әкбәр (р.һ) саңлақ сахабаларға әлбетте, көшбасшы болатын. Бірақ, мағынасыз аты бар заты жоқ басшы емес, толық мағынада нағыз әділ, шариғаттың тәуелсіздігін сақтаушы, діндар республика басшылары еді. Ей, прокурор және сот мүшелері! Елу жылдан бері мені өзімнің көзқарасыма мүлдем керағар оймен кінәлап келесіңдер. Егер зайырлы республика десеңдер, менің білетінім зайырлы демек, еш жаққа жақтаспай тарапсыз болу яғни ар-ождан бостандығы бойынша діннен безген, азғындарға тиіспейтіні секілді діндарларға, тақуа жандарға да тиіспейтін өкімет деп білемін. Менің саяси-қоғамдық өмірден қол үзгеніме жиырма бес жыл болды. Республикалық өкімет қандай жағдайға жеткенін білмеймін. Құдай сақтасын, егер дінсіздік жолында иманға, ақыретке қызмет еткендерді жауапқа тартатын заңдар шығарып, соларды қабылдайтын сұмдық жағдайға жеткен болса, онда менің сендерге айтарым: Мың жаным болса да иманым мен ақыретім үшін бәрін құрбан етуге дайынмын. Қолдарыңнан келгенін істеңдер! Соңғы сөзім: Мені дарға асасыңдар ма, ең ауыр жазаға тартасыңдар ма, мұндай зұлымдықтарыңа қарсы айтар сөзім: Рисалей-Нұрдың нақты хабары бойынша мен жоқ болып, құрып кетпеймін. Керісінше, демалысқа шығып, нұрлы да бақытты әлемге сапар шегемін. Ал сендер, ей, жұртты адастыру үшін бізді азаптап жатқан бейбақтар! Сендердің мәңгілікке құрып, жалғыз адамдық зынданға қамалатындарыңа, сеніп, біліп, солай көріп тұрғандықтан кегімді толығымен аламын. Ендеше жүрегім жай тауып тұрып жан тапсыруға дайынмын!Мырзалар! Көптеген белгі-нышандардан көзімнің жеткені, бізге, «діни сезімді қоздырып қауіпсіздікке қатер төндіруші» деген
405БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕжелеумен өкімет тиісіп жатқан жоқ. Негізінде, жала жауып дінсіздік атынан, біздің иманымызға және иманға еңбек еткеніміз үшін және елдің тыныштығына қызмет еткеніміз үшін тиісіп отыр. Оған дәлел-мысалдар көп. Атап айтар болсақ, жиырма жылдың ішінде Рисалей-Нұрдың жиырма мың кітапшалары жиырма мың адамның қолында қызыға оқылып, мақұлданғанның өзінде Рисалей-Нұр шәкірттері тарапынан елдің тыныштығын бұзатын, қауіп төндіретін бірде-бір оқиға болмады. Ондай оқиға ресми түрде тіркелмеген және бұрыңғы сот та соңғы сот та таба алмаған. Алайда, ондай астыртын үгіт-насихат жүргізілсе жиырма күнде-ақ төтенше жағдаймен ортаға шығар еді. Демек, адасқандар ар-ождан бостандығы дейтін заңға қайшы әрекет етіп, бүкіл діндар насихатшыларға қатысты, қай жаққа тартса солай қарай созыла беретін заңның жүз алпыс үшінші бабын сылтау қылып бізге қысым жасауда. Діннен безгендер кейбір мемлекеттік қызметкерлерді алдатып, әділет басқармасын шатастырып бізді аяусыз жаншып, көзімізді жойғысы келеді.Мұның ақиқат екені рас, олай болса біз де жан айқаймен былай дейміз: Ей, дінін дүнияға сатқан, дінге мүлдем сенбейтін бейбақтар! Қолдарыңнан келгеннің бәрін істеңдер! Дүния бастарыңды жұтсын, жұтады да! Көресіңдер әлі! Неше жүз миллион батыр жандар пида болған бұл қасиетті ақиқатқа біздің де жанымыз құрбан болсын. Қандай жаза берсеңдер де, тіпті өлтіріп тастаңдар да дайынмын. Қазіргі таңда абақтының сырты ішінен жүз есе жаман. Біз душар болған мұндай өктемшіл диктатураның артында ешбір бостандық – мейлі ол ғылым саласында не ар-ождан, не дін тұрғысында болсын – жоқ болғандықтан ар-намысты, діндар және бостандықты қалайтын жандарға я өлген артық, я абақтыға қамалу, одан басқа шара жоқ секілді. Біз тек деп Раббымызға ғана сенеміз. Тұтқын: Саид Нұрси
406БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИСот төрағасы Али Рыза мырза!Құқымды қорғау үшін өте маңызды талабым әрі бір өтінішім бар. Мен соңғы шыққан жаңа әріпті танымаймын және жазуым да нашар, мені басқа адамдармен жолықтырмайды, жалғыз адамдық камерада жатқандаймын. Тіпті, айыптау қорытындысын он бес минуттан соң қолымнан тартып алды. Менің қорғаушы, адвокат жалдауға шамам келмейді. Тіпті, сізге ұсынып отырған мына арызымның өзін әзер дегенде бір бөлігін жаңа әріппен бір нұсқасын жасырын түрде жаздырып алдым. Және Рисалей-Нұрдың белгілі бір мағынада арыз-талабы саналатын және ұстанымының өзегі болған «Миуа» рисалесінің бір нұсқасын бас прокурорға және бір-екі нұсқасын Анкараға жіберу үшін көшіртіп едім, оны да қолымнан алып қойды, әлі қайтып берген жоқ. Ал, Ескішеһир қаласының әділет басқармасы біз абақтыда жатқанда қол машинкасын жіберіп еді. Біз арыз-шағымдарымызды сол машинкамен жаңа әріппен бір-екі нұсқа жаздырған болатынбыз. Һәм соттың өзі оны көшіріп жазған болатын. Енді менің сізден өтінерім; бізге сондай қол машинкасын беріңіздер немесе бізге рұқсат етіңіздер өзіміз сырттан алдырайық. Өзіміздің арыз-шағымымыз һәм, Рисалей-Нұрдың арызы болып табылатын «Миуа рисалесін» жаңа әріппен екі-үш нұсқасын шығарып әділет министрлігіне, һәм комиссия мүшелеріне, һәм мәжіліске, үкімет кеңесіне жолдайық. Себебі, айыптау қорытындысындағы бүкіл мәселе Рисалей-Нұр және соған қатысты тақырыптар, ал оны кінәлау, жәй әншейін бір мәселе емес, ескерусіз шетке ысырып қоя салатындай жеке басқа қатысты оқиға да емес. Бұл, халықты, елімізді, үкіметті жіті алаңдататын, сайып келгенде Ислам әлемінің назарын өзіне аударатындай дәрежеде өзекті де үлкен әрі жалпыға ортақ мәселе. Иә, Рисалей-Нұрға астыртын шабуыл жасап, тиісіп жатқандар шетелмен байланысы бар сұрқиялар. Олар отанымыздың, халқымыздың үлкен күш-қуаты болып табылатын елімізге деген Ислам әлемінің сүйіспеншілігін, құрметін, ынтымақ пен бауырластығын бұзып оларды бізден суытып, жиіркендіру үшін саясатты құрал қылып дінсіздікті, нақты күпірлікті, анық құдайсыздықты астыртын
407БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕтүрде орнатқысы келеді. Міне, сол үшін де олар өкіметті алдап, әділет органдарын шатастырып осымен екі рет «Рисалей-Нұр және оның шәкірттері дінді саясатқа пайдалануда, олар елдің тыныштығына қауіп төндіруде!» – деді.Әй, бейбақтар! Рисалей-Нұрдың саясатпен еш қатысы жоқ. Дегенмен, Рисалелер күпірлікке, Құдайсыздыққа оңдырмай соққы беретіндіктен кәпірліктің іргетасы болған анархияны және бет пердесі болған өктемшілдікті, диктаторлық режимді күл-талқан етіп, жоққа шығарады. Рисалей-Нұр елдің тыныштығын, қауіпсіздігін, егемендігін және әділдікті қамтамасыз етеді. Мұны дәлелдейтін дәлелелдердің біреуі және өзін-өзі қорғауы боп саналатын «Миуа рисалесі». Ол кітапты жоғарғы ғылыми комиссия мүшелері мен қоғам қайраткерлері мұқият оқып, зерттесін. Егер олар менің айтқандарымды растамаса, мен сендердің ең ауыр жазаларыңа, азаптарыңа, тіпті өлім жазасына да келісемін. ТұтқынСаид Нұрси* * * * *Төраға! Соттың үкімі үш тарауға негізделген екен.Біріншісі; Саяси ұйым. Мен осындағы барлық Рисалей-Нұр шәкірттерін және мені танитындарды және Рисалей-Нұрды оқитындарды және жазатындарды куәге тарта отырып айтарым, нанбасаңдар солардан сұраңдар, мен ешкімге: «Біз бір саяси ұйым яки нақшибәнділік ұйым құрамыз!» деген емеспін. Мен әрдайым «Біз әуелі иманымызды сақтап қалуға тырысайық!» – дедім.Иә, біз бір ұйымның мүшесіміз. Ол ұйымда барлық имандылар, үш жүз миллионнан астам киелі Ислам жамағаты, мұсылмандар бар. Басқа мақсатымыз жоқ. Құранда «хизбуллах» деп аталған, күллі имандыларды қамтитын бауырластық үшін, Қасиетті Құранға қызмет ету үшін сол ұйымға кірдік. Егер, соттың үкімі осыны ниет еткен болса мұны жан-тәнімізбен, мақтанышпен мойындаймыз. Егер бұдан басқа ойы болса, біздің хабарымыз жоқ, басқа нәрсе білмейміз.
408БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИЕкінші тарау; Соттың үкімі растаған және Қастамону қаласының сақшылары берген түсініктемеде де көрсетілген, біздің әсте жарыққа шықпасын деп отын мен көмірдің астына, сандыққа салып тығып тастаған, сондай-ақ, кейін оны Ескішәһир қаласының соты сараптап, тексеруден өткен және жеңіл жазасы да өтелген, ешкімге көрсетпей жүрген «Тәсәттүр рисалесі» мен «Хужумат-ы Ситте уә зәйлі» атты кітаптарды, оның да кейбір сөздеріне бұрыс мағына беріп, тоғыз жыл бұрын, жазасы өтелген, өтіп кеткен мәселені көтеріп сол арқылы бізге айып таққысы келеді. Үшінші тарау; Сот шешімінің бірнеше жерінде: «Елдің тыныштығын бұзып, қауіп төндіруі мүмкін» деген сөзді жиі қайталап мүмкін нәрсені болғандай көрсетуге тырысқан. Ендеше, кез келген адам, адам өлтіріп қоюы мүмкін. Осылай болуы мүмкін деп жұрттың бәріне айып тағуға бола ма?!Тұтқын Саид Нұрси* * * * *Төраға мырза!Анкара басқармасына және елбасына өтініш ретінде жіберілген өзімнің уәжнамамды, сондай-ақ, премьер министрдің өзі мойындағанын растайтын хатты қоса жіберіп отырмын. Прокуратураның бізге қарсы негізсіз айыптауының нақты жауаптары сол хатта көрсетілген. Басқа қалалардың сот органдары ашу-ызамен, ат-үсті берген қарарларына сүйенген жергілікті сарапшылардың да болымсыз, қисынсыз көптеген сөздерінен мысал келтірдік. Оның да жауабы осы хатта бар деп ойлаймын. Атап айтар болсақ, бұрын да сізге білдіргенімдей, Ескішәһир қаласының соты, мені заңнаманың 163-бабымен айыптағысы келгенде оларға «Республиканың үкімет адамдары, екі жүз депутаттың ішінен 163-і қол қойып Ван қаласында ашпақ болған «Дар-ул Фунун» медресеме жүз елу мың банкнот ақша аударуға келіскен-ді. Міне, осы үкімет адамдарының маған деген құрметі сендердің маған тағып отырған 163-баптағы айыпты жоққа шығарады!» десем де әлгі сарапшылар бұл сөзімді бұрмалап, «Саид
409БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕНұрсиға 163 депутат қарсы шығып, оны қудалаған екен» депті. Мені айыптаушылар сол сарапшылардың негізсіз айыптауына сүйеніп бізді жауапқа тартуда. Алайда, мәжілістің өз қаулысы бойынша жоғары деңгейлі сарапшылар мен ғалым-ғұламаларға тапсырылып Рисалей-Нұрдың барлық кітаптары зерттеліп, нәтижесінде «Саидтың және Рисалей-Нұр шәкірттерінің жазбаларында діни құндылықтарды пайдаланып, елдің тыныштығын бұзатын яки саяси ұйым құру немесе өкіметке қарсы шығу секілді бүлікшіл әрекеттер байқалмаған және Саидтың шәкірттері өзара хабарласуында үкіметке қарсы жаман пиғыл, қарсы топ ұйымдастыру немесе тариқат құру істері болмағаны белгілі болды» деп бірауыздан қаулы шығарған-ды. Сондай-ақ, сарапшылар былай деген: «Саид Нұрсидың кітаптарының жүзде тоқсаны шынайы әрі шабытпен жазылған, һәм ілім, ақиқат және дінге негізделіп, еш ауытқу байқалмайды. Бұлардың дінді қолдану немесе қандай да бір ұйым құру, мемлекетке қауіп төндіру әрекеті жоқ екені анық. Шәкірттері болсын, Саидтың өзі болсын бір-біріне жазған хаттары осы тақырыпта. Жекеше жазылған бес-он дана және шағымданып, ашынып жазған және ғылыми емес рисалелерінен басқа бүкіл кітаптары я аяттың, я хадистің мағынасын түсіндіру үшін жазылған. Тақырыптары дін, иман, Аллаһ, пайғамбар және ақыретке иман. Соларды тәмсіл-мысалдармен түсіндіреді. Барлығы да өзінің ғылыми ой-пікірлері, қарттарға, жастарға ахлақ, мінез-құлық тәрбиесі және өмірлік тәжірибеден алынған ғибратқа толы оқиғаларды, пайдалы кеңестерді қамтитын шамамен осы сарындағы рисалелер. Бұлардың үкіметке, билікке, тәртіпті бұзушылыққа еш қатысы жоқ» деп жаппай шешім шығарған-ды. Сонымен, айыптаушы орган, осы жоғары деңгейлі сарапшылардың қорытындысымен санаспай бұрыңғы, түсініксіз әрі нұқсан қарарға сүйеніп мағынасыз түрде бізді айыптауда. Біз бұған шынымен ренжідік. Бұлай істеу соттың парасатты да ынсапты қазыларына жараспайды деп білеміз. Мұны түсіндірер тәмсілдің айыбы жоқ, бір бекташиға «Сен неге намаз оқымайсың?» депті. Сөйтсе ол, Құранда: «(Намазға жақындамаңдар) деген аят бар емес пе?» депті. Оған: «Ол аяттың жалғасын оқымайсың ба!» ол жерде деп
410БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИтұрғой десе: «Мен хафыз емеспін, яғни мен Құранды жаттап алды деймісің!» депті. Сол секілді Рисалей-Нұрдың бір сөйлемін алып, бірақ негізгі ойды жеткізетін жалғасын оқымай бізге қарсы қолдануда. Ұсынып отырған арызымда мені айыптаған сөздерінен осыған ұқсас отыз-қырық мысал табасыз. Мысал ретінде біреуін баяндап берейін. Ескішәһир қаласының сотында айып тағушылар қателесіп, Рисалей-Нұрдың имани дәрістерінде: «Халықтың арасына іріткі салып, бүлік шығаруда» деген сөз бар депті. Бірақ оны кейіннен түзеткеннің өзінде Рисалей-Нұрдың Абдрәззақ дейтін шәкірті бір жыл өтіп кеткен соң да әлгі сотқа, «Әй, бейбақ! Қасиетті Құран отыз үш аятымен ишара еткен, Хазіреті Али (р.һ) үш мәрте кәрамат көрсетіп хабар берген және Ғаус-ы Ағзам, Шейх Гәйләни айтып кеткен, әрі діни құндылығы расталған және соңғы жиырма жылдың ішінде билікке еш зияны тимеген, ешкімге зарары жоқ, керісінше жұрттың иманын қуаттап, жүректерді нұрландырып, тура жолға салып, жаман мінез-құлықтан сақтап жүрген Рисалей-Нұрдың тағылымына қалай ғана дәтің барып: «іріткі салу, бүлік шығару» дейсің. Құдайдан қорықпайсың ба?! Тілің күрмеліп, үнің өшкір!» депті. Енді, өзіңіз ойлаңыз, бұл шәкірттің орынды айтқан сөзін прокуротура ести тұра «Саид Нұрси, бүлік шығаруда» дегенін өз ар-ожданыңызға салып сараптаңыз. Айыптаушы орган Рисалей-Нұрдың қоғамдық өмірге қатысты дәрістерін шектемек болып: «Діннің жалпы орны, өзінің мақамы бар. Ол ар-ождан, дінді әркім өзінше ұстануы керек. Онымен үкім шығарып, заңға араластыруға болмайды. Бұрыңғы заманда заңдастырып бүлік шықты емес пе?» - деді. Мен оларға жауап ретінде: «Дін тек иман келтірумен шектелмейді. Салих амал, ізгілік те діннің бір бөлігі. Адам өлтіру, зина, ұрлық, құмар ойын, арақ секілді қоғам өмірін бұзатын көптеген үлкен күнәларды тоқтату үшін тек қамауға алып немесе тәртіп сақшысымен қорқыту жеткілікті деп ойлайсыңдар ма?! Онда, әр үйге, тіпті әркімнің басына әрдайым бақылаушы, полиция қызметкерін қою керек болар. Мүмкін, сонда жүгенсіз нәпсі жамандықтан тыйылар? - дедім. Міне, Рисалей-Нұр оқырманын ізгі амал мен имандылыққа баулып әркімге әрдайым қадағалаушы бар екенін ескертіп тұрады. Жәһаннам азабын, Аллаһтың қаһарын ескеріп, жағымсыз қылықтан сақтандырады.
411БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕҺәм, бір рисаленің керемет тәуафукына яғни әріптерінің өзара үйлесімділігіне байланысты оқырмандар риза болып астына аты-жөндерін жазып, қол қойса, айыптаушы орган мұны: «Ұйым мүшелері» деп қисынсыз мағына шығарыпты. Апырм-ай, кәсіпкерлер мен жеке қожайындардың дәптер-тізімінде болатын белгілі бір мағынада қол қойғандарды ұйым деп атауға бола ма? Ескішәһир қаласында да дәл осындай күмәндану болды. Оларға жауап ретінде, «Мұғжизат-ы Ахмедие» рисалесіндегі Құрани кәрәматты, тәуафукты көрсеткен кезімде өздері де таңғалды. Егер, біздің қарым-қатынасымыз дүнияуи ұйым құру болса, менің кесірімнен зиян шеккендер әлбетте, менен ат-тонын ала қашар еді. Менің және біздің Имам-ы Ғазалимен рухани байланысымыз бар және ол үзілмейтіндей берік, себебі ол дүниялық емес, ақыреттік байланыс. Дәл сол секілді мына бәйкүнә, ниеті ақ, көңілі таза діндар адамдар мен секілді бейшара бір байғұспен иман дәрісі үшін тығыз байланыс құрған. Соған бола, құр күмәнмен саяси ұйым деп жазғыру жөнсіздік болар. Менің соңғы сөзім:Жалғыз адамдық камерада қамауда отырған тұтқын Саид Нұрси* * * * *БҰЛ БӨЛІМ ӨТЕ МАҢЫЗДЫСоңғы сөздің маңызды бір үзіндісіМырзалар! Төраға! Абайлаңыз! Рисалей-Нұрды және оның шәкірттерін тұтқындау – күпірлікті жақтап, Құран және иман ақиқаттарын бұғаулау болып есептеледі. Сонымен қатар, он төрт ғасырдан бері жыл сайын үш жүз миллион адам ұстанған және үш жүз миллиард мұсылманды ақиқатқа бастап, мәңгі бақытқа жетелейтін ұлы даңғылды жабуға тырысу болып табылады. Бұл, сол жолда жүрген абзал жандардың жиіркенішін, наразылығын тудырады. Өйткені, ол жолда жүргендер мен жүріп өткендер артынан ерген
412БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИұрпаққа дұға тілеп, өзара жәрдемдесіп отырады. Мына берекелі отанның басына бір пәлекет келуіне себеп болуы мүмкін. Апырм-ай, ертең ақыреттегі Ұлы Сотта әлгі үш жүз миллиард кісі сізден: «Доктор Дузидің бастан аяқ Исламға тіл тигізген, отанға қарсы жазылған «Ислам тарихы» атты зиянкес кітабына тиіспедіңдер, оқылуына кедергі болмадыңдар, шәкірттері заңға сәйкес деген желеумен дінсіздік, коммунисттік, анархиялық, бүлікшіл ұйымдар құрып, мемлекеттің ұстанған саясатына қарсы, болымсыз әрекет етсе де тиіспедіңдер. Ешқандай саясатқа араласпаған, өздерін тек қана Иман мен Құранның жолына арнаған, өз халқын, отандастарын мәңгі жоқ болудан, қабір қапасынан құтқару үшін тырысқан, Құранның керемет тәпсірі Рисалей-Нұр секілді іші хақ пен ақиқат толы кітапты оқығандарға, олардың ешбір саяси ұйыммен байланыстары болмаса да сол абзал, діндар жандардың өзара ақырет жолындағы достықтарына, бауырластығына тиісіп, саяси ұйым деп жала жаптыңдар! Оларды қисынға келмес қайдағы бір заңмен қудалап, қамағыларың келді?» деп, сұраса, не деп жауап берер едіңдер? Біздің де білгіміз келеді. Сендерді де әділет басқармасын да алдап, үкіметті халыққа, отанға қарсы қойып бізбен әуре қылып қойған дінсіздер мен мұнапықтар біздің де дұшпанымыз. Олар өктемшіл саясатты «республика», діннен безуді «режим, құрылым» ал, нағыз азғындықты «мәдениет» деп, жұртты күпірлікке мәжбүрлеуді «заңнама» деген айдар тағып, сіздерді алдап, билікті қолға алып, бізді қинап, Ислам құндылықтарына, оның өміршең үкімдеріне қол сұғып, халыққа қиянат, отанға опасыздық жасап отыр.Уа, мырзалар! Төрт жылдың ішінде төрт мәрте жер сілкініп, зілзәлә болды. Рисалей-Нұр шәкірттеріне қатты шүйліккен кезде, зұлымдық шектен шыққан кезде зілзаланың болуы тегін емес. Тиісу тоқтап, тұтқындау қойған кезде апаттардың да тоқтауы, осы күнгі қамалуымызға байланысты болып жатқан табиғи апаттарға сендер жауапты екендіктеріңе ишара!Денізлі қаласының түрмесінде жалғыз кісілік камерада жатқан, тұтқынСаид Нұрси* * * * *
413БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕСОҢҒЫ СӨЗДЕН ҮЗІНДІ Мырзалар! Қазіргі қоғамдық өмірдің жағдайын білмеймін. Ал бізге айып тағушылардың айтқанына қарағанда, бізді тұтқындап қайта-қайта кінәлап, айып тағуына себеп: «саяси ұйым құру!» деген желеу. Мұндай жала айыптауға қарсы көптеген дәлелдермен нақты жауап берген болатынмын. Оны Анкара сарапшылары жіті тексеріп, ақырында растаса да, мұнша шүйліккендеріне таң қалып отырғанымда көкейіме мынандай бір ой келді: Расында, қоғамдық өмірдің іргетасы, адам табиғаты өте мұқтаж болған отбасынан бастап, әулеттік, ұлттық, Ислами, жалпы қоғамдық өмірдегі ең маңызды ең күшті байланыс - достық, қауымдасу болып табылады. Сондай-ақ, дүнияда жеке басымен қарсы тұра алмайтын заттық-рухани кесел-кедергілерге және адами, Ислами міндетті атқаруға бөгет жасайтын себептерге төтеп беретін күш – өзара көмек достық, бауырластық пен ынтымақ, ағайындай жарасып жамағат болу. Солай бола тұра, ешқандай да саяси мақсаты жоқ, тек Хақ дін мен ақырет үшін және бұ дүниелік бақытқа да себеп болатын имани, Құрани сабақтар алу жолында жолдас болған және елге қауіпті, отанға зиянкес нәрселерден сақтану үшін бір-бірімен тығыз байланыс құрған Рисалей-Нұр шәкірттерінің өте тамаша да адам қызығарлық, имани дәріске жиналуларын «саяси ұйым» деп айып таққандар – арандатушылққа еріп қатты алданып отыр немесе өте жауыз, залым, анархист адамдар. Олар адамзатқа қауіп төндіретін жыртқыш хайуандар секілді және дін Исламға нәмруд секілді дұшпандық етеді. Қоғамдық өмірді де бұзып, астан-кестеңін шығарғысы келетіндер. Олар отанның, халықтың жауы, олар Ислам шариғатына, діни құндылықтарға қарсы қасарыса жауласатындар. Немесе, шет елдің қуыршағына айналып, халқымыздың тамырын тесіп қанын ішетін «Әл-ханнас» деп аталатын астыртын жұмыс істейтін діннен безген сатқын ұйымдар. Олар үкімет пен әділет органдарын алдап шайтандарға, перғауындарға, анархистерге қарсы қолданып келген рухани күш қаруымызды өз бауырларымызға өз отанымызға қарсы кезетіп, бірімізді-бірімізге айдап салғылары келеді.ТұтқынСаид Нұрси
414БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИМырзалар! Отыз-қырық жылдан бері шетелдіктердің мүддесі жолында халықты күпірлікке итермелеп, діннен бездіру үшін, сондай-ақ, сүйікті отанымызда бүлік шығарып, елге іріткі салу мақсатында, қаскөйлік арам пиғылдармен Құран мен Иман ақиқаттарына барынша қастандық жасап жүрген және неше түрлі бетперде киіп, астыртын жұмыс жасап жатқан ұйымға және соларға қол шоқпар болып отырған ынсапсыз, жауапкершіліксіз қызметкерлерге, сондай-ақ, Сот істерін бұрмалап отырған, мұсылман кейпіндегі бірақ өзі дінсіздікті насихаттайтын адамдарға сіздің алдыңызда сырттай сізге айтқан болып көрінсем де негізінде соларға айтар бір-екі ауыз сөзім бар еді. Соған рұқсат етіңіз!(Бірақ келесі күні ақталсын деген шешім шығып, әлгі қатты айтылар сөзім айтылмай кейінге қалды).Жалғыз кісілік камерада жатқан тұтқынСаид Нұрси* * * * *Маңызды бір сұраққа ақиқат толы жауап:Бірнеше ірі мемлекеттік қызметкерлер менен мынаны сұрады: «Мұ тафа Кемал, сізге үш жүз лира айлық төлейтін болып Күрдистанға сжәне Шығыс уәлаяттарға сол кездегі Шейх Синусидың орнына уәкіл-уағызшы етіп тағайындағысы келгенде неліктен бастарттыңыз? Егер, қабылдап сол орынға отырғаныңызда көтерілістің салдарынан дарға асылған жүз мың адамды бәлкім құтқарып қалар ма едіңіз?» Мен оларға жауап ретінде былай дедім: Олардың жиырма әрі кетсе отыз жылдық дүниялық өмірін сақтап қалмағаны рас. Дегенмен, жүз мыңдаған отандастарымның әрқайсысын миллиондаған жылдық ақыреттік өмірге қол жеткізетін Рисалей-Нұр, жарыққа шығып, олардың жоғалтқан нәрсесінен мың есе артық пайдаға кенелтіп, зор қызмет атқарды. Егер, ол ұсынысты қабылдағанымда еш нәрсеге құрал болмайтын, ешкімге тәуелсіз, нағыз ықыласқа негізделген Рисалей-Нұр жарыққа шықпас еді. Тіпті мен, абақтыда отырған қымбатты достарыма былай деген едім: Егер Анкараға жіберілген Рисалей-Нұрдың ащы шындығы мен, ауыр сөздері үшін мені дарға асуға үкім шығарған кісілер, Рисалей-Нұрды оқып, иманға келсе және өздерін мәңгі жоқ болудан құтқарып жатса сендер куә болыңдар шын көңілден мен оларды кештім.
415БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕАқталып шыққан соң Денізлі қаласында мені аңдып, мазамды алып жүргендерге және бастықтарға және полиция бастығы мен қызметкерлеріне айтқан сөзім: Рисалей-Нұрдың ешкім жоққа шығара алмайтын бір кәрәматы болса керек; жиырма жыл бойы маған зұлымдық жасалып, жүздеген рисалелерімді, хаттарымды, сондай-ақ мыңдаған шәкірттерімді ізіне түсіп қанша аңдыса да бірде-бір жат ағыммен, саяси ұйыммен, не ішкі не сыртқы комитетпен байланысы бар екенін дәлелдейтін бірде-бір құжат, бір оқиға тіркелмеді. Тоғыз ай бойы сұрастырып, бұған өздерінің де көздері жеткен. Мұндай ғажап жағдай туындатуға ешбір зеректік пен сақтықтың шамасы келмесі анық. Тіпті, бір адамның бірнеше жылғы құпия сырлары жарияланса әлбетте оны ұятқа қалдыратын, тіпті жауапқа тартқызатын жиырма шақты дәлел табылып үстінен іс қозғалар еді. Иә, бұл ақиқат, олай болса мұны өте таңғажайып әрі еш жеңілмейтін зейін, жоғары ақыл жасап жатыр деу керек, не болмаса бұл Аллаһтың сақтауында ғана болатын жәйт, Құдайдың өзі сақтайды, дейсің.Ендеше, мұндай жоғары ақылмен тартысу үлкен қате, олай ету халыққа да, отанға да зиянды. Немесе, ондай Құдайдың өзі сақтайтын Раббани жәрдемге бөленгендермен қарсыласу перғауын секілділерде ғана болатын тәкаппарлық.Егер: Сені өз еркіңе қоя беріп, еш аңдымай, қадағаламасақ дәріс беріп, құпия әрекеттеріңмен қоғамның шырқын бұзуың мүмкін дер болсаң.Менің оған жауабым: Менің дәрістерімнің тақырыбы түгелдей үкіметтің, әділет басқармасының қолында. Олар бір күндік болсын жазаға тартатын кінә таба алмады. Рисалей-Нұрдың қырық-елу кітаби дәрістері халықтың қолында мұқият әрі қызыға оқылуда. Бірде-бір зияны жоқ керісінше пайдалы болғаны бұрыңғы сотта және жаңа сотта дәлелденіп, осы соңғы сот бірауыздан ақтап шешім шығарғанды. Ал, бұрын болған сот болса, бір мәшһүр кісінің құрметіне бола жүз отыз рисаленің ішінен бес әрі кетсе он сөзге тиісіп, оны да ақылға емес, сезімге беріліп жүз жиырма бауырымның тек он бесін ғана алты ай жазаға тартты. Бұл нені көрсетеді? Бұл маған және Рисалей-Нұрға босқа күдіктеніп тиісудің негізсіз әрі үлкен зұлымдық екенін көрсетеді. Әрі менің енді беретін жаңа дәрісім де ашылмаған жасырын сырым да қалмады. Бұдан былай аңдып, қадағалаудың қажеті жоқ.
416БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИМен осы кезде еркіндікке қатты мұқтажбын. Жиырма жылдан бері бекерге әрі жөнсіз, түк пайдасыз аңдығандарың жетер. Сабырымды тауыстыңдар! Қарттық меңдеп әлім тайғандықтан соң осы кезге дейін жасамаған қарғыс дұғасын оқуым мүмкін. «Жәбірленген жанның зары сонау ғарышқа жетеді» деген сөз бар.Содан соң, әлгі жоғары мансапты залым бейбақтар маған былай деді: Сен, жиырма жылдан бері бір рет болсын басыңа шапкамызды кимедің. Тіпті бұрыңғы соттың да, қазіргі соттың да алдында сәлдеңді шешпедің. Негізінде, біз секілді киінуді он жеті миллион адам қабылдады ғой». Мен оған былай дедім: «Қателесіп тұрсыңдар! Он жеті миллион емес, жеті миллон да емес, тіпті өз ризасымен, шын жүректен қабылдағандардың саны жеті мың болар. Ондай еуропашыл маскүнемдердің киім үлгісін шариғаттың жеңілдігі мен заңның қыспағы арқылы қабылдағанша тақуалық жолды ұстанып жеті миллиард халықтың киінгеніндей киінуді артық санадым. Мен секілді жиырма бес жылдан бері қоғам өміріне араласпай, тәрк еткен адамға: «Қырсығып тұр! Бізбен ерегісіп жүр!» деп айту жөнсіз болар. Жарайды, мұнымды қырсығу десеңдер деңдер. Бірақ оған Мұстафа Кемалдың өзі қарсы шығып тойтара алмады емес пе? Оның қасында сендер кімсіңдер?! Сендердің бұл әрекеттеріңнің бәрі бекер және халыққа, һәм үкіметке зиян. Тіпті, менікі саяси қарсылық саналғанның өзінде, өздерің білесіңдер, жиырма жыл бұрын дүниямен қош айтысқан, жиырма жылдан бері рухани тұрғыдан да өліп қалған бір адам, қайта тіріліп келіп, өзіне түк пайдасы жоқ, қайта зияны тиетін саяси өмірге араласып, сендермен шатысып несі бар! Сендердің одан қорқуларың ақымақтық. Ал ақымақтарға мән беріп сөйлесудің өзі ақымақтық саналатындықтан сендер сияқтылармен сөйлеспеймін де!» дедім. Әрине, бұл сөзім оларды ашуландырды әрі үндерін өшірді. Соңғы сөзім:* * * * *
Ислам дұшпандары Бәдиүззаман Саид Нұрси мен Нұр шәкірттерін түрмеге айдап бара жатқанда, төңірекке үрей таратады. Ресми орындарға бастан-аяқ ойдан құрастырған мәліметтер жеткізеді. Барлық жанды Бәдиүззаман және Рисалей Нұрдан аулақ ұстау үшін жанын салады. Нұр шәкірттерінің арасында іріткі тудыру үшін қастықтың небір түрін қарастыруда. Бәдиүззаман Саид Нұрси, Нұр шәкірттерінің арандатушылықтарға алданып қалмаулары үшін және Нұр шәкірттерінің сүйікті ұстаздарымен жүздесуге деген құштарлықтарын қанағаттандыру мақсатында Бәдиүззаман Саид Нұрсидің Денізлі түрмесінде жазған хаттарының бірсыпырасын осы жерге қосып отырмыз. Түрмеде жазылған хаттары мен еңбектерін Нұр шәкірттері ұстаздарынан жасырын түрде алып отырған еді. Өйткені, ұстаз түрмеде оқшауландырылып, біреумен жүздесуіне тиым салынған болатын!* * * * *Мына әңгіме бір жансыз арқылы ресми орындарға белгілі болғандықтан «Лахикаға енген».Қасиетті Рамазан айынан бір күн бұрын дінсіз дұшпандарым берген (дәрігердің растауымен) күшті удың әсерінен қызуым қырық градустан асып бара жатқан кезде, Кастамонуда прокурор мен тексеруші полиция жатқан жерімді тексере бастады. Мен сол сәтте басыма төнген қауіпті сезе бастадым. Денемді жайлаған у жанымды алмай тынбас, деген оймен Спарта облысындағы қадірлі бауырларымның құшақтарында жан тәслім етуді әрі сол қасиетті жерде жерленуді шын жүрегімнен қаладым. Хизбүл-Әкберүл-Құранды аштым. Бірден мына аят көзіме түсті:
418БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ«маған назар сал» дегендей. Мен де үңіле түстім. Үш қуатты мағыналы ишаратымен мені және барлығымызды жұбатып тұр екен. Енді, басымызға түскен ауыртпалықты азайтты. Спартаға бесінші рет тұтқын болып айдалуым, әлгі шын жүректен жасаған дұғамның қабыл болғандығына айғақ болды.Бірінші ишарат: (шәдделер есептелсе) әбжад есебімен мың үш жүз алпыс екі, бұл жылдың араби күніне дөп келіп: «Сабыр сақта! Басыңа түскен Жаратқанның тағдырына разы бол! Уайымдама, Жаратқан Иеңнің қамқорлығындасың! Түнде тәсбихат пен мадақтауларыңды жалғастыра бер, үзбе!» деген мағынаны береді.Сараптау: үш (), алты жүз (600); төрт ( ), екі жүз (200); бір () бір ( ), жүз (100); бір ( ), бір (), бір ( ), екі жүз он (210); төрт ( ), бір (), жүз елу (150); үш (), бір ( ), бір (), қырық (40); бір ( ), тоғыз (), бір ( ), бір ( ), төрт ( ), алпыс екі (62) болады. Барлығы мың үш жүз алпыс екі(1362) болып, осы жылдың сол күніне және басымызға келген ауыртпалықтың дәп сол сәтіне дөп келуі қуатты ишарат болып табылады................................................................................................................................Үшінші ишаратты айтуға әзірге қажеттілік тумағандықтан жаздырылмады.Саид Нұрси* * * * *Осы оқиғаның әсерінен өзімді бейкүнә бауырларым үшін шын көңілден пида етуге бел байлағанымда әрі жолын іздестірген кезімде Джелджелутиені оқыдым. Кенеттен хазіреті имам Алидің (р.а.) «Я, Раб! Құтқар!» деп дұға қылғаны есіме түсті. Иншаллаһ сол дұғаның сырымен құтыласыңдар. Иә, хазреті Али (р.а.) Джелджелутие қасидесінде Рисалей Нұр жайлы екі хабар берген еді. Осылайша «Аят-үл Кубра Рисалесіне»
419БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕдеп ишарат еткен. Осы ишара арқылы мынаны білдіргісі келеді: Аят-үл Кубра үшін Рисалей Нұр шәкірттері ауыртпалыққа душар болады. Әрі «Аят-үл Кубраның құрметі үшін әлгі ауыртпалықтардан шәкірттерді құтқар!» деп жалбарынады. Әлгі Рисалені, қайнар бұлақты шапағатшы етеді. Иә, Аят-үл Кубра Рисалесі жарық көрер кезде келген пәлекет, әлгіндегі ғаиби ишаратты растады. Сондай-ақ, әлгі қасидеде Рисалей Нұрдың өте маңызды бөлімдеріне ретімен жасалған ишаралардың қортындысында:яғни, «сен олардың маңыздыларын жинақта және мағыналарына мән бер, барлық жақсылық пен қайыр солармен толығады» дейді. Әріптердің мағыналарын зертте деп, белгілі бір мағынаны білдірмейтін жеке-дара әріптерді емес, сөздер мағынасындағы Сөздер атты Рисалені меңзеп тұр.* * * * *Асыл бауырларым, өткен Қадір түндеріңді және айттарыңды шын көңілден құттықтаймын! Сендерді Аллаһ Тағаланың мейіріміне тапсырамын.сырына байланысты сендерді жұбатуды артық көргендігімнен былай дегім келеді:аятының мағыналық ишарасы берген жұбанышты толық көрдім.
420БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИОл былай: Дүниені ұмытуды, Рамазан айын тыныш өткізуді ойлап отырғанда, ойламаған жерден сап ете қалған шектен тыс мына үрейлі оқиғаның, маған және Рисалей-Нұрға, сендерге және оразамыз бен бауырмалдығымызға орай келген Аллаһтың қамқорлығы екеніне көзім жетті. Маған қатысты пайдаларынан тек екі-үшеуін айтып өтейін:Біріншісі: Рамазандағы асып-тасқан сезімдерім, ынта-ықыласым, жалбарына жасаған мінәжаттарым қатерлі науқасты көзге де ілдірмей әрекет еттірді.Екіншісі: Осы жылы сендерді көрсем, жүздессем деген ниет қатты мазалап еді. Тек біреуіңді көрсем, Спартаға келу үшін көрген осыншама азапқа мойымас едім.Үшіншісі: Кастамонуда да, жолда да, осында да барлық данға бататын жағдайлар ерекше түрде өзгеріп сала берді. Күткенімнен және қалағанымнан өзгеше түрде Аллаһтың қамқорлығы байқалуда еді. Еріксіз, дегізді. Мені ең көп ойландырған Рисалей-Нұрды, нағыз бейқам, дүниелік мансаптың шыңында отырғандарға да барша назарымен оқытқызып, басқа бағытта табысқа жеткізіп жатыр. Сондай-ақ, жүрегімді ең көп сыздатқан, өз басымдағы қайғы емес, сендерге келген ауыртпалық еді. Бұған қарсы, бір сағаты жүз сағатқа тең қасиетті айда әлгіндегі ауыртпалықтар әрбір сағаты он сағатқа тең құлшылықты мыңға теңестіреді. Сондықтан, Рисалей -Нұрдан дәріс алып, дүниенің пәни, сауда орны екенін білген және барлық нәрсесін иманы мен ақыреті үшін пида еткен, Жүсіптің дәрісханасындағы уақытша қиыншылықтардың ұдайы ләззаттар мен табыстарға жеткізетініне сенген сендердей ықыласты жандарға аяушылық білдіруге тиіс жағдайымды құттықтауға, ұстамдылықтарыңды марапаттауға айналдырды. Мен дедедім. Маған қатысты осындай пайдаларының болғаны секілді бауырмалдығымыздың, Рисалей-Нұрдың, Рамазанымыздың да пайдалары бар. Егер ғайып пердесі ашылса, «Я, Рабби! Шүкір! Аллаһтың пешенемізге жазғанында бір қамқорлық бар» дегізетініне шүбәм жоқ.
421БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕОқиғаға себеп болғандарға сөкпеңдер. Негізінде бұл қастан–дықтың ауқымды да қорқынышты жоспары баяғыдан құрылған еді. Бірақ, рухани тұрғыдан өте жеңіл соқты. Иншаллаһ, тез өте шығар. сырына орай үмітсіз болмаңдар.Саид Нұрси* * * * *Азиз бауырларым!Сендердің қастарыңда болудың өзі мен үшін ғанибет. Сендердің қиял-ойларыңмен анда-санда сөйлесіп, өзімді жұбатып қоямын. Әттең, қолымнан келсе сендердің бүкіл қиыншылықтарыңды қуана-қуана өзім шегер едім. Сендердің арқаларыңда Спарта қаласын, сол аймақты тасымен-топырағымен бірге жақсы көріп кеттім. Тіпті, былай деп ойлаймын және мұны ашық айта аламын: Спарта үкіметі мені айыптап, жазаға тартса, басқа аймақтар ақтап бас бостандығымды берсе бәрібір осы жерді таңдар едім. Иә, мен өзімді үш тұрғыдан Спарталықпын деп ойлаймын. Мұны әрине, тарихи деректермен дәлелдей алмаймын, дегенмен Спарит ауданында дүниеге келген Саидтың тегі осы жерден кеткеніне көзім жетті. Оның үстіне Спарта облысы маған нағыз дос-бауырлар сыйлады. Олардың кез келгенінің жолына Абдүлмәжитті, Абдурахманды ғана емес, керек болса Саидты да ойланбастан пида етуге дайынмын. Менің ойымша, мына әлемде Рисалей-Нұр шәкірттеріндей ақыл-ойы, жүрегі, жаны тыныш адамдар кемде-кем. Өйткені, олардың жүрегі, жаны, ақылы, хақиқи иман нұрының арқасында азап шекпейді. Ал материалдық тұрғыдан қиыншылықтар болса Рисалей-Нұр түсіндіргендей һәм уақытша, һәм сауап жаздырады, аса маңызды нәрсе де емес. Иман қызметінің жайыла түсуіне себеп болатындықтан шүкір етіп, сабыр сақтауда. Олар өз халдерімен «Шынайы иман бұ дүнияның өзінде бақытқа бөлейді!». «О, Аллаһ! Сен не істесең, соның бәрі де жақсылық!» деп табандылық танытып, мұндай уақытша қиыншылықтарды бақи рахымшылыққа айналдыруға тырысуда.
422БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИАса мейірімді, ерекше қамқор Аллаһ сондай азаматтардың санын көбейтсін! Оларды отанымыздың мақтанышы, жарқын болашақтың кепілі қылсын. Өздерін де фәрдаус жәннатында мәңгі бақытқа бөлесін, Әмин!Саид Нұрси * * * * *Мейрамдарыңды тағы да бір құттықтап қояйын. Жүздесе алмағанымызға ренжімеңдер. Біз шындығында әрдайым біргеміз. Әбәд жолында, мәңгілік сапарда да иншаллаһ достығымыз жалғаса бермек. Иманға қызмет кезінде қол жеткізген мәңгілік сауаптар, рухани кемелдіктер, адами қасиет пен қуаныш мына уақытша азап пен уайым-қайғыны ұмыттырып жібереді деп ойлаймын. Осы уақытқа дейін Рисалей-Нұр шәкірттеріндей қасиетті қызметте жүріп, мұншалық аз қиындық шеккендер болмаған. Иә, жәннат арзан емес. Екі өмірдің шырқын бұзатын күпірліктен құтқару, мына заманда өте маңызды уазипа. Аздап қиналғанға қарамастан ықыласты жоғалтпай, ынта жігермен, шүкір етіп, сабыр сақтауымыз керек. Бізді осы қызметке жұмсаушы Жаратушы Иеміз өте рахымды да хикмет иесі. Олай болса басымызға не келсе риза болып, Аллаһтың мейіріміне, хикметіне сеніп, шыдап бағуымыз керек. Саид Нұрси* * * * *БҰЛ ЖОЛҒЫ АҚТАЛУЫМДА БЫЛАЙ ДЕГЕН БОЛАТЫНМЫНРисалей-Нұрдағы мейірім, ақиқат пен хақ мәселесі біздің саясатпен айналысуымызға тыйым салды. Өйткені, бейкүнә жандар бәлеге ұшырап, біз оларға зұлымдық жасаған болып қалуымыз мүмкін. Кейбір кісілер мұны толығырақ түсіндіруімді сұрады. Мына аласапыран заманда, залым мәдениеттен туындаған өзімшілдік, тапқа бөліну және дүние жүзілік соғыстан пайда болған әскери өктемшілдік және адасудан туындаған мейірімсіздік, тас жүректік жайлап, сұмдық зұлымдық пен диктаторлықтың етек алғаны сонша, хақ жолдағылар өздерінің ақысын материалдық
423БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕтұрғыдан қорғайтын болса, олар да зұлымдық жасап, өз жақтастарына болысу арқылы көптеген бейшара жандарға зияны тиіп, өздері де залымға айналады, жеңіліп қалуы да мүмкін. Себебі, ондай сезіммен әрекет етіп, шабуылға шыққан адам бір-екі адамның қатесіне бола болмашы бір сылтаумен жиырма-отыз адамға соққы беріп, қиын жағдайға салып қояды. Егер, тура жолдағылар хақты, әділдікті ұстанамыз деп, тек зиян бергендерге ғана соққы берер болса, отыз шығынның орнына қарсылас жақтың біреуіне ғана зиян береді, нәтижеде жеңілген боп есептеледі. Ал, егер «маған не істесе, мен де оған соны істеймін» деген зұлымдық қағидасын ұстанса, онда хақ жолдағылар да бір-екі адамның қатесіне бола, жиырма-отыз бейшараны жаныштар болса әділдік жасаймын деп жүріп, сұмдық зұлымдық жасаған болады. Міне, Құранның әмірімен және оның қатаң ескертуіне байланысты біз саясаттан мүлдем қол үзіп, билікке араласудан ат-тонымызды ала қашып, аулақ тұрамыз. Мұның басты себебі де нағыз хикметі де осы. Әйтпесе, хақтан келген күш-қуатымызға сүйеніп, өзімізді сақтап қалуға толық күшіміз жетеді. Оның үстіне барлық нәрсе уақытша, пәни және өлім тоқтап, қабірдің есігі жабылар емес. Ал қиыншылықтар Иләһи рахымға айналуда. Олай болса әлбетте, біз сабыр сақтап, Аллаһқа шүкір және тәуекел етіп үндемейміз. Бізді мәжбүрлеп, зиянға ұшыратып, тыныштығымызды бұзу әрине ынсапқа, әділдікке, отаншылдыққа, ұлтжандылыққа мүлдем керағар әрекет. Сөздің түйіні. Үкімет басындағылардың, саясаткерлердің, биліктегілердің, тәртіп сақшыларының, әділет басқармасының бізге тиісуге ешқандай хақысы жоқ. Тек қана әлемдегі ешбір өкімет дұрыс деп айта алмайтын, ақыл есі дұрыс ешбір жан құптамайтын абсолюттік күпірлік пен сұмдық дінсіздікпен, материализммен уланған діннен безгендер ғана шайтанға еріп кейбір мемлекеттік қызметкерлерді алдап, үрейлендіріп бізге айдап салуда. Біздің оларға жауабымыз: Мұндай бірнеше күдікшіл үркектер түгіл, бүкіл дүнияны бізге қарсы айдап салсаңдар да Құранның қуатымен, Құдайдың құдіретімен олардан тайсалмаймыз, ондай діннен безгендер мен күпірлікке бас имейміз!Саид Нұрси* * * * *
424БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИАзиз, адал бауырларым!Сендердің табандылықтарың және берік, әрі мәрт қасиеттерің масондар мен мүнафықтардың жоспарын түбірімен астаң-кестеңін шығарды. Иә, бауырларым жасыратыны жоқ, әлгі діннен безгендер Рисалей-Нұрды, оның шәкірттерін тариқатпен шатыстырды білем. Әсіресе, Нақшибәнди тариқатына ұқсатып оларға жасаған айла-қулықтарын бізге де пайдаланып, арамызға іріткі тастап, жамағатты таратып, жоқ қылу үшін осы шабуылын жасаған-ды.Әуелі олар жамағатты қорқытады, үрей туғызады, сосын, ұстанған жолдың кемшіліктерін, бұрысқа пайдаланған жерлерін көрсетеді.Екіншіден; Сол жолдың ірі тұлғаларының, жамағатта жүрген кісілердің айыптарын жария қылып, жұртқа паш етеді. Үшіншіден; Материализм философиясының және мәдениеттің нәпсі қоздырар азғындық жақтарын және адамның басын айналдыратын тәтті улы ләззаттарын көрсетіп, жамағаттың шырқын бұзуға, тырысады. Өзара ауызбіршілік пен ынтымақты азайту және ұстаздарына қиянат жасап оны төмендету, әшкерелеу және ұстанған жолдарын пән мен ғылым арқылы, философияның кейбір заңдарымен бұрысқа шығару, міне осы секілді жымысқы әрекеттермен Нақшибәнди, басқа да тариқатшыларға қолданған қарумен бізге де шабуыл жасап еді, бірақ алданды. Өйткені, Рисалей-Нұрдың негізгі жолы, оның мызғымас ұстаным-ережелері былай: Шынайы ықыласқа қол жеткізу, менмендікті тастау және қиыншылықтың ішінен рахымшылықты табу, қайғыдан бақи ләззат сезініп, соны іздеу және фәни, харам ләззаттың ішіндегі ауыр өкініш пен қайғыны көре білу және иманның бұл дүнияның өзінде шексіз ләззат пен рахатқа бөлейтін нығымет екенін, ешбір философия шешімін таппаған мәселелерді, терең ақиқаттарды түсіндіріп беріп, олардың сұм жоспарларын жүзеге асырмай тастайды, Иншаллаһ.«Рисалей-Нұрды» тариқатпен салыстыруға болмайды, ол мүлдем басқа нәрсе» - деп олардың үнін өшіреді. Саид Нұрси* * * * *
425БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕАзиз бауырларым! Мен, осының алдындағы және соңғы Жүсіп медресесінде қатты қыспақ көріп емтихан тапсырған кезімізде табандылық танытып, қайтпаған қайсар, аузы күйсе де шәкірттіктен бас тартпаған және мұнша соққыларға ұшыраса да рухани күшінен айырылмаған жандарды әһл-і ақиқат яғни көзі ашық, көкірегі ояу кісілер жоғары бағалап түсінеді, болашақ ұрпақ дән риза болып қадірлейтін болады, сонымен қатар көктегі періштелер де, руханилер де риза болып қошеметтейтін болады деп ойлаймын. Дегенмен, араларыңда науқас, жағдайы төмен пақырлар болғандықтан материалдық қыспақ та жоқ емес. Мұндайда, әрқайсымыз бір-бірімізге жұбаныш сыйлап, жақсы мінез-құлық пен сабырда үлгі көрсетіп, өзара ауызбіршілік сақтап, бір-бірімізді еркелетіп қамқор болып, және дәрістерімізді пысықтап, талқылап ұшқыр ойлы тыңдарман бола алу сынды жақсы қасиеттердің бір-бірімізге жұғуына жағдай жасасақ, Иншаллаһ мұндай материалдық қиыншылықтар тоқтайды деп ойлаймын. Осыны ойлағанда, жанымнан да жақсы көретін сендер жайлы жұбаныш табамын. Жүз жиырма жасқа толған Мәуләна Халидтің (қуддусу сиррух) шапанын сендерге бір күні жібермек ойым бар. Ол кісі шапанын маған жапқаны секілді мен де оны сол кісінің атынан сендердің әрқайсыңа тәбәрік ретінде кигізгім келеді. Қалаған уақыттарыңда сендерге жіберемін.Саид Нұрси* * * * *Азиз, адал бауырларым!Иләһи тағдырдың әділдігі бізді Денізлі қаласының Жүсіп медресесіне әкеп тапсырды. Мұның бір хикметі, барлық жер, қамаудағылар да тұрғын халық та, тіпті мемлекеттік қызметкерлермен әділет басқармасы да Рисалей-Нұрға және оның шәкірттеріне өте мұқтаж болғаны ғой. Сондықтан, біз осы имани және ақыреттік қызметті атқару үшін мына қиындау емтиханға кірдік. Иә, біз келгенде жиырма-отыз адамның бір-екеуі ғана намазын толық оқитын болса, Рисалей-Нұр шәкірттерінен кейін қырық-елу адам жаппай намазын
426БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИтолық оқи бастады. Бұл шәкірттердің я халімен яки ісімен берген дәрістердің нәтижесі, тәрбиесі. Сол үшін біздің қиналысымыз, шеккен азабымыз түк те емес, тіпті қуанарлық жағдай. Нұр шәкірттері іс-әрекетімен мұндай дәріс бергені секілді, жүректеріндегі қуатты имандарымен де бұл жердегі мүмин жандарды кәпірлердің күдік-күмәндарынан құтқарып, қиыншылыққа шыдауына ұйытқы болуда. Олардың осылай болаттай мықты қорған болуын Аллаһтың рахымы мен инаетінен үміт етіп тілейміз. Бұл жерде мына адасқандардың бізді сөйлетпей, басқалармен араластырмай қоюы түк емес, еш зияны жоқ. «Хал тілі қал тілінен әлдеқайда әсерлі» яғни біреудің хал-жағдайы кейде сөзінен анағұрлым қатты әсер етеді. Жалпы абақтыға қамау тәрбие үшін екені белгілі. Олай болса егер олар халықты жақсы көретіні рас болса қамаудағыларды Рисалей-Нұрдың шәкірттерімен кездестірсін. Сонда бір айда, тіпті бір күнде, бір жылдық тәрбие алып шығары сөзсіз. Сол кезде сотталғандар халыққа да, отанға да өзіне де, ақыретіне де пайдалы жан болып, ақталып шыққанда жақсы азамат боп шығады. «Жастар шырағы» болғанда көп пайдасы тиер еді.Иншаллаһ бір күні ол да келер. Саид Нұрси* * * * *Азиз, адал бауырларым!Бүгін, менің үлкен ағам, марқұм Молла Абдуллаһ пен Хазіреті Зияиддин туралы өздерің білетін арамызда болған әңгімені еске алдым. Сосын сендер еске түстіңдер. Көкейіме мұндай бір ой келді: Егер ғайып пердесі ашылса мына құбылмалы аласапыран заманда табандылық танытып, мұндай күйдіргі күйге түссе де қажымайтын қайратты да ықыласты мына діндар, шынайы мұсылмандар егер әрқайсысы әулие тіпті «құтұб» болып шықса менің оларға деген қазіргі көзқарасым, құрметім тым арта қоймас. Ал егер олар жәй қарапайым біреу болса да құрметім азайып, өзгере қоймас деп шештім. Өйткені, мұндай қысылтаяң кезеңде иман құтқару қызметі бәрінен де маңызды. Жеке тұлғалық мәртебені әсірелеп қасиетті санау мұндай аласапыран заманда, мұндай аумалы-төкпелі кезеңде өзара құрметке зиян келтіреді. Сыйластығы, сүйіспеншілігі жоғалады. Әлгі, құрметті
427БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕадам да олардың назарында өзінің мәртебесін, беделін сақтау үшін жасанды әрекетке бой алдырып көтере алмайтын жүкті мойнына алуға, жасандылықпен ықыласты көрінуге өзін мәжбүр сезінеді. Құдайға шүкір, біз ондай жағымсыз тәкәллуфтерге, қолынан келмейтін істі мойнымызға алып өзімізді қинауға мәжбүр емеспіз.Саид Нұрси* * * * *...............................................................................................................Бауырларым, бұл жағдай жақтастарымыз бен кейбір қызметкерлердің Рисалей-Нұрдан тартынуына себеп болды. Алайда, барлық қарсыластардың, діндарлар мен бізбен айналысатын қызметкерлердің бойында құштарлық сезімін оятып, олардың назарын аудартты. Қам жемеңдер, Нұрлар жарқырап шығады!...Саид НұрсиАзиз бауырларым!Менің ойымша, нағыз және ең соңғы ақталу сөзіміз осы Денізлі түрмесінде жазылған соның бір жемісі боп табылатын «Миуа» рисалесі болса керек. Олай дейтінім, бос уайымға беріліп, бізден үрейленіп бір жылдан бері бізге қарсы ойлап тапқан жоспарлары мынау болатын: «Тариқатшылық, астыртын ұйым, сыртқы ағымдармен байланыс, солардың қол шоқпары, діни сезімді пайдаланып оны саясатқа құрал қылу, республика болуға қарсылық, билікті құлату, елдің тыныштығын бұзып қауіп төндіру». Міне осы секілді негізі жоқ сылтаумен бізге тиіскен болатын. Хақ Тағалаға сансыз шүкір, олардың жоспарын іске асырмай тастады. Олар ауқымды түрде, жүздеген шәкірттерді тұтқындап, жүздеген рисалелерді сараптап, он сегіз жыл бойғы хаттар мен кітаптарды зерттеп ақырында имани, Құрани ақиқаттардан басқа ештеңе таба алмады. Енді сұм жоспарларын жасыру үшін түкке тұрмайтын болмашы сылтау-себептер іздей бастады. Дегенмен, үкіметте істейтін кейбір шенеуніктерді алдап, оларды бізге қарсы қойып жүрген сұмдық әрі астыртын, діннен безген ұйым осы кезде
428БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИтікелей күпірлік, Құдайдан бездіру мақсатымен бізге қастандық жасауы мүмкін. Оған қарсы қолымызда Күндей жарқын, еш күмән-күдік қалдырмайтын, таудай берік, мызғымас «Миуа» рисалесі бар.Иншаллаһ, оларға тегеурінді тосқауыл болып біздің ақтаушы қызмет атқаратын болады. Сол үшін жаздырылды деп ойлаймын.Саид Нұрси* * * * *Азиз бауырларым, жұма күні Құран оқып отырғанда сендер ойыма оралдыңдар. «Мына пәлекеттен құтылу үшін не істейміз?» дедіңдер. Менің жүрегіме мынау келді: бір-біріңнен мықтап ұстаңдар, бір-біріңе сүйеніш болыңдар. Өйткені, бір-бірінен, Рисалей-Нұрдан және менен бойын аулақ ұстағысы келгендер мен бізді езгісі келіп астыртын күшке жалбақтағандардың зияннан басқа көретіні жоқ. Сендерге мынаны айтқым келеді: менен бойларыңды аулақ ұстау арқылы құтылатындарыңды білсем, жамандауға, өсектеуге, сатқындық жасауларыңа рұқсат беріп, кешер едім. Алайда, бізді жаныштағысы келген жасырын күш сендерді айнымай таниды, алданбайды. Ондай жағдайда, олар әлсіздіктеріңді, немқұрайлықтарыңды сезген сайын батылданып, барған сайын жанши түседі. Оның үстіне ұстанған жолымыз бауырмалдық, достық болғандықтан менмендік пен жеке тұлғалық тұрғыдан бақталастық болмайды. Мен сияқты кемшілігі көп, өте әлсіз бейшараның нұқсандықтарына емес, Рисалей-Нұрдың кемелдігіне назар аударған жөн.Саид Нұрси* * * * *Азиз, адал бауырларым!Бұл дүнияның өмірі тез өтетіндіктен әрі өткіншілігімен өкіндіріп кететіндіктен, пәни, кейде бос, түкке тұрмайтын ләззаттарына алданбау үшін және айырылу мен қоштасу соқпақтарына қарсы күшті демеу, мықты жұбаныш не десеңіздер, ол адал достармен жолығып жүздесу. Иә, кейде адам бір ғана досын бір-екі сағат көру үшін жиырма күндік жол жүріп жүз лирасын жұмсайды. Қазір, мына аласапыран, доссыз заманда адал қырық-елу досты бір жерде бір-екі ай бойы көру
429БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕжәне Құдай үшін сұхбат қылу және өзін әбден жұбатып әрі достарды жұбату мүмкіндігі туып отыр. Әлбетте, басқа түскен мұндай машақат пен шығын оның қасында түк емес, мәнісі жоқ деп ойлаймын. Мен өзім, бұл жердегі бауырларымның бір де біреуін он жылдан бері көрмегендіктен осы қиыншылыққа көнер едім. Шағымдану - тағдырға наразылық, ал шүкір ету болса - тағдырға көну деген сөз.* * * * *Азиз, адал бауырларым!Сендер ғой, ақырет үшін, ғибадат ниетімен, сауап жинау пиғылымен, иман және Құран жолында Рисалей-Нұрмен етене жақын болдыңдар. Әлбетте мұндай қиын кезеңдердің әр сағаты жиырма сағат ғибадатқа пара пар. Сол жиырма сағат, Құран мен Иман қызметінде рухани күреске жұмсалғандықтан жүз сағатқа пара-пар. Біз бұл жерге сол жүз сағатты әрқайсысы жүз адамға татитын нағыз мүжахит, ержүрек бауырлармен бірге өткізу, олармен серттесіп достасу және оларды қуаттап әрі олардан қуат алу, бауырларын жұбатып өзі де жұбану, қол ұстасып киелі қызмет жолында табанды түрде күресті жалғастыру және бір-бірінің жақсы мінездерінен үлгі алу үшін және «Зехра» медресесіне шәкірттікке лайық болу үшін ұйымдастырылған емтихан орны яғни мына «Юсуф медресесі» деген ат қойылған абақтыда өз несібесін алып, тағдырда жазылған ризығын, бұйырған дәм-тұзын жеу және сол арқылы сауап жинау үшін келдік, оған шүкір етуіміз керек. Барлық қиыншылықтарға жоғарыда аталған пайдаларды ойлау арқылы сабыр сақтап, шыдап бағуымыз керек. Саид Нұрси* * * * *Азиз, адал, табанды да қайсар бауырларым!Сендерді мұңайту немесе бір шара қарастыру үшін емес, тек рухани дұға және ортақ сауап қазаннан көптеу үлес алуым үшін және сендердің де суыққандылық сақтап, әрі сақ болуларың үшін, және сабырлы болып әрі ынтымақ бірліктеріңді бұзбай әрі қарай қарқынды түрде жалғастыра беру үшін бір халімді баяндап берейін: Бұл жерде
430БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИбір күндегі шеккен азабымды Ескішәһирде бір айда шекпейтін едім. Сұмдық, арам ойлы масондар ынсапсыз бір масонды маған айдап салып басыма бәле болды. Мақсаттары мені қатты ашуландырып шамадан тыс азаптауына: «Жетер, енді!» деп төзімімді тауысу. Сосын, соны сылтау қылып өздерінің зұлымдықтарына желеу етіп, өтірік-жалаларын сонымен жасырғысы келеді. Бір ғажабы, Аллаһтың жарылқауымен мен соның бәріне шүкір ете сабыр сақтап келемін және солай ете беруге ниет еттім. Біз тағдырға көнген жанбыз. Мұндай азапты оқиғаларға сырына орай, көп сауап жинатқызатын үлкен рухани нығмет деп білген жөн. Оның үстіне ол жағдаят өткінші. Жалпы дүниялық бәлелердің соңы көбінесе көңіл хоштығымен, қайырлы болып тынатыны белгілі. Біздің еш күмәнсіз көзіміз жеткені мынау: Біз жанымызды пида етуге дайын тұрған ақиқат - Күннен де жарық, жұмақ тәрізді тамаша, мәңгі бақыт секілді керемет. Әлбетте, біз мұндай қиын жағдайларға мақтана да масаттана шүкір етіп «Рухани күрес жүргізіп жатырмыз!» деп ешқашан шағымданбауымыз керек.Әзиз бауырларым, ең басты нәрсе өзара жәрдемдесу, менменшілдік пен бақталастықтан сақтану және барынша абай болу.Саид Нұрси* * * * *Азиз бауырларым!Прокурордың осы соңғы айыптамасынан түсінгенім; кейбір министрлерді алдап, бізге қарсы айдап салушы діннен безгендердің жоспары іске аспай, жала екені әшкере болды. Енді, онысын жасыру үшін сылтау ретінде бізді астыртын ұйым деп қаралағысы келеді. Сондықтан мені ешкіммен кездестірмей отыр. Олардың ойынша менімен жолықса дереу бізге жақтасып кететіндей. Тіпті, үлкен қызметкерлер де үркіп аулақ жүретін болыпты. Кейбіреуі бастыққа жағыну үшін мені қинауға тырысады. Саид Нұрси* * * * *
431БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕАзиз, адал бауырларым! Рас, мен сендермен жүздесіп, көрісе алмаймын. Бірақ, сендерге жақын, бір ғимаратта болғаныма қуаныштымын, Құдайға шүкір етемін. Кейде еріксіз түрде жасалуы қажет шараларды сендерге ескертіп отырамын. Атап айтсам, көрші камераға масондар бір суайт, өтірікші әрі тыңшы бір адам жіберіпті. Жалпы бұзу оңай болғандықтан (әсіресе, мұндай жастарды) әлгі оңбаған менің мазамды алды әрі осы жердегі жастарды бұзықтыққа үйретті. Бұдан түсінгенім, сендердің қылмыскерлерді тәрбиелеп, жөнге салып жүргендеріңді біліп, енді әлгі, діннен безгендер енді соған кедергі болып, жолдан тайдыруға тырысуда. Мұндай жағдайда, сендер өте сақ әрі мүмкін болғанынша бұрыннан отырған жігіттерге ренжімей, ренжітпей, екіге бөлініп жік-жік болуға жол бермеңдер. Суыққандылық танытып, шыдап бағыңдар! Қолдан келгенше бауырлар өзара ынтымақты сақтап, ауызбіршілікті кішіпейілділікпен нығайтып, менмендікті тастау қажет, тіпті, шарт десе болады. Менің мұндай дүниялық істермен шұғылдануым мазамды алатынын білесіңдер. Сендердің парасаттарыңа сенемін, сондықтан мәжбүр болмасам шұғылданбасам деп едім.Саид Нұрси* * * * *Бауырларым! Не болары белгісіз болғандықтан бүгін таңертең көкейге келген бір мәселені баяндауға тура келіп тұр. Біздің Құраннан алған ақиқаттарымыз Күн секілді айқын, күндізгідей жап-жарық әрі ешқандай күмән туғызбайтындай анық екеніне дәлел, жиырма жылдан бері: «Апырм-ай, дінсіз философтар бұған қарсы не дер екен, оларды бұл ақиқатқа қарсы шығуға итерген нендей нәрсе екен!»деп нәпсім мен шайтаным қатты тіміскілеп, шарқ ұрып барынша ізденіп бақты. Соңында ешбір ақау, кем-кетік, бірде-бір тесік таба алмай дал болды. Ойлап отырсам, өте сезгіш әрі істің басында, дәл ортасында жүрген нәпсі мен шайтанымды қанағаттандырған ақиқат әрине, ең қырсық кәпірлерді де қанағаттандырады. Олай болса, біздің қолымызда осындай мықты әрі аса құнды, бәрінен жоғары, маңызы зор, баға жетпес қымбат, тіпті бүкіл дүния-мүлікті, керек болса жанын берсе де құны өтелмейтін ақиқат бар, біз сол үшін жүрміз. Олай болса әлбетте кез-келген қиыншылыққа, азапқа, қандай да бір дұшпанға
432БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИтабандылық танытып шыдап, қарсы тұруымыз керек. Бәлкім, алданған немесе біреудің алдағанына еріп бізге қарсы шығатын кейбір молдалар, шейх-пірлер және сырт қарағанда тақуа жандар әлі талай кездеседі. Олар тиіскенде сендер ауызбіршіліктеріңді сақтап олармен шұғылданбаңдар, айтыс-тартыстың керегі жоқ. Саид Нұрси* * * * *Азиз, адал бауырларым!Кастамону қаласында бір тақуа кісі шағымданғандай былай деді: «Мен әбден бұзылып барамын. Бұрыңғы халім басқа еді. Ол кезде қызықты да нұрлы болатын. Қазір олардың бірде бірі жоқ!». Мен оған былай дедім: «Бауырым, керісінше сен рухани кемелденгенсің, нәпсіңді қоздыратын және ақыреттік жемісті бұл дүниеде жегізетін әрі менмендікті оятатын сезімдерді, пиғыл әрекеттерді қойып, одан да биік дәрежеге көтеріліп, өзімшілдікті тастап уақытша ләззатқа құмартпау секілді қасиеттерге ие болып мәртебең көтеріліпті. Иә, Аллаһ өзінің берген сый- жарылқауын менменшіл құлдарына сездірмеудің өзі үлкен жарылқау болып табылады... бәлкім, пендесі тәкаппарланып кетпесін дейді. Бауырларым! Осыған байланысты айтарым, әлгі адам секілді ойлайтын немесе біреуді әсірелеп, қатты көтермелеп, жоғары мәртебесіне назар аударатын кісілер, сендерге қарап сендердің қарапайым кішіпейіл, инабатты әрі қызметші міндетін атқарып жүргендеріңді көріп «Бұл шәкірттер өте қарапайым адамдар ғой! Ақиқат жолындағы қаһармандар дегені осылар ма? Ондайлар қайда, бұлар қайда! Қане, бұл заманда әулиелерден асып кетті деп жүрген киелі қызметтің күрескерлері?!» деп, егер жақсы ниетті дос болса, тауы қайтып қалады, егер ниеті жаман дұшпан болса «Айттым ғой, әне!» - деп, өзінің қарсы пікірінің дұрыстығына мәз болады. Саид Нұрси* * * * *
Бәдиүззаман Саид Нұрси Денізлі түрмесінде өте маңызды, тоғыз мәселеден тұратын Миуа Рисалесін екі жұма күні жазған еді. Бұл туынды, Рисалей-Нұр ақиқаттарының қорытындысы деуге келетіндей рисале. Түрмедегі Рисалей-Нұр шәкірттері «Миуа Рисалесін» көшіріп көбейтумен, оқумен шұғылдануда еді. Алғашында өте жасырын түрде оттық қорапшаларының ішіне жазылып, камераларға тарай бастайды. Бұл рисаленің түрмедегілерге өте пайдалы жақтары байқалған соң, еркін жазыла бастады. «Миуа Рисалесі» Денізлі сотына, кассациялық сотқа және Анкараға тиісті органдарға Рисалей-Нұрды қорғау баяндамалары ретінде жіберілген еді. Денізлі түрмесінде өте әсерлі із қалдырған, иман ақиқаттарына толы бұл жазбалар Денізлі сотының ақтау шешіміне себеп болған маңыздылығына орай, «Миуа Рисалесінің» алтыншы, жетінші мәселелері осы жерден орын алып отыр. * * * * *МИУА РИСАЛЕСІНЕН АЛТЫНШЫ МӘСЕЛЕ[Рисалей-Нұрдың көптеген жерінде баяндалып, бұлтартпас айғақтармен дәлелденген Аллаhқа иман шартының мыңдаған айғақтарының бір ғана айғағына қысқаша ишара.]Қастамону қаласының мектеп оқушылары: «Бізге Жаратқан Иемізді таныстырыңызшы. Мұғалімдер Аллаh туралы айтпайды» деді. Мен оларға: Сендер оқып жатқан пәндердің әрқайсысы, әрдайым өз тілімен Аллаh туралы айтып, Соны таныстырып жатыр ғой. Сендер мұғалімнің орнына соларды тыңдасаңдар жеткілікті хабар аласыңдар дедім.Мәселен, керемет бір дәріхананы елестетіңдер. Әрбір құтыға өте дәл өлшеммен жасалған, әрі тірі әрі ғажайып қоймалжың дәрі дәрмектер салынған. Сөз жоқ, бұл бізге өте кәсіби, білікті химик, дана дәрі жасаушыны көрсетеді емес пе! Сол сияқты Жер шары да үлкен дәріханаға ұқсайды. Онда тіршілік ететін төрт жүз мың
434БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИтүрлі өсімдіктер мен жануарлар бар. Олар бейне бір дәрі салынған құты тәріздес немесе тірі қоймалжың дәрі дәрмектер іспетті. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әлгі дәріханадан Жер шары дәріханасы қаншалықты үлкен болса, сендер оқитын дәрігерлік ғылымы да соншалықты дәрежеде Жер шары деп аталатын алып дәріхананың дәрі жасаушысы – Хаким-і Зүлжәлалды (Айбынды, хикмет иесі) соқырларға да көрсетіп, таныстырып тұр.Не болмаса, таңғажайып бір фабриканы алайық. Ол фабрика маталардың мыңдаған түрін қарапайым бір ғана шикізаттан тоқиды. Бұл іс шүбәсіз мына фабриканың қожайыны шебер әрі ілімді екенін білдіреді. Сол сияқты біздің \"Жер шары\" дейтін жүз мыңдаған басы бар, әр басында жүз мыңдаған керемет фабрика орнатылған \"жылжымалы Раббани мәшине\", адамдар салған фабрикадан қаншалықты үлкен әрі керемет болса, сендер оқып жатқан механика пәні де Жер шарының Шебер Иесі бар екенін соншалықты білдіреді, таныстырады.Тағы бір мысал. Өте керемет, әр тарапынан түрлі-түрлі азық-түлік келіп тұратын, іші сан-алуан затқа толы қойманы яки бір дүкенді алайық. Оның міндетті түрде бір иесі, өте бай қожайыны, бақылаушысы болады. Сол сияқты біздің Жер шарымыз, бір жылда жиырма төрт мың жылдық жолды жүйелі түрде жүріп өтеді. Жүз мыңдаған мұқтаж жандарды арқасына артып алып саяхаттайды. Саяхат барысында жолай жыл мезгілдеріне соғады. Көктемге барып, сан-алуан тағамдарды толтырып алады да жинаған азығын қыс бойы жеп тауысқан бейшара жан-жануарларға жеткізеді. Ол – азық-түлік таситын бейне бір көлік, Рахмани азық қоймасы, Субхани кеме, яки түрлі-түрлі қажетті заттарды, сондай-ақ, консерві құтыларын таситын жүк машинасы немесе Раббани дүкен. Міне, мына Жер шары әлгі мысалдағы фабрикадан қаншалықты үлкен әрі керемет болса, сендер оқып жатқан немесе келешекте оқитын жеңіл өнеркәсіп ілімі, Жер шарының иесін, оны жаратып, басқарып тұрған Құдіретті Қожайынды соншалықты бұлтартпас түрде дәлелдейді, таныстырады, сүйсіндіреді.Тағы бір мысал. Төрт жүз мың ұлттан құралған, әр ұлттың сүйікті асы, қолданатын қаруы әртүрлі, киетін киімі бөлек, тәлім-тәрбиесі, демалысқа шығу мерзімі сан-түрлі, саны көп қалың әскерді өте шебер, бір ғана қолбасшысы жалғыз өзі басқарса, және әлгі сан-алуан
435БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕұлтқа өзіндік азық-түліктерін, қару-жарақтарын, киім-кешектерін, құрал-саймандарын әсте ұмытпай, шатастырмай, дәл уақытында, дер кезінде үлгертіп беріп тұрса, әлгі ғажап әскер мен әскери бөлімше, өздерінің керемет қолбасшысын анық түрде көрсетіп, іскерлігіне жұртты тәнті қылып, таңдандыра сүйсіндірмей ме? Дәл сол әскери бөлімше тәрізді жер жүзінде көктем сайын жаңадан қару-жарақпен жабдықталған, жаңа бір Субхани әскери бөлімше секілді өсімдіктер мен жануарлар әлемін алайық. Олар сан-алуан ұлттан құралған әскердей төрт жүз мың түрден тұрады. Олардың сыртқы пішіндері мен киімдері, азық-түлік, қару-жарақ, тәлім-тәрбиесі мен демалысқа шығу мерзімдері өзара ұқсамайтын сан-алуан болғанымен өте жүйелі де тәртіпті түрде, ешбірі ұмыт қалмай, шатастырылмай бір ғана Ұлы қолбасшы тарапынан беріліп жатыр. Міне, Жер Шарының \"Көктем\" атты әскери бөлімшесі жоғарыда аталған мысалдағы әскери бөлімшеден қаншалықты ауқымды да зор, керемет болса, сендердің келешекте оқитын әскери дайындық сабағы ұқыпты, ақылды балаларға Жер Шарының Хаким-і Раббысы (Үкімі әрқашан жүретін, бәрін тәрбиелеуші) және басқарушы Ұлы қолбасшысы керемет екенін соғұрлым таңғаларлық, мақтауға тұрарлық екендігін білдіреді. Шүкір етуге, оны мадақтауға лайық екенін көрсетіп, сүйсіндіреді.Мәселен, ғажайып бір қалада жүрміз делік. Төбемізде миллион-даған электр шамдары бір орнында тұрмай жылжып отырады. Олардың жанар майлары да тоқ көздері де таусылар емес. Мұндай ғажап электр шамдар, өздерін басқарып, қадағалап отырған, жылжымалы қылып жасаған, электр станциясын салған, жанармаймен қамтамасыз етіп отырған таңғажайып шеберді көрсетіп, ондай аса керемет құдіретті ғалымға деген сүйіспеншілігімізді оятып, ризашылығымызды арттырады. Оның өнеріне тәнті болып, қошеметтеп, сүйсіне: \"Жарайсың!\" деп айқайлағың келеді. Дәл сол сияқты мына \"Әлем\" атты қаламызда, \"Дүние\" дейтін сарайдың төбесіндегі шам тәріздес жалт-жұлт еткен жұлдыздарға бір қарайықшы! Олар, астрономия пәнінің мәліметі бойынша Жер шарынан мың есе үлкен, зеңбірек оғынан жетпіс есе жылдам қозғалып жатса да жүйесін әсте бұзбай, бір-біріне қақтығыспай, сөніп те қалмай, қуаты кемімей жанып тұр. Сендер келешекте оқитын астрономияның айтқанына сүйенетін болсақ, Жер шарынан миллион есе үлкен және миллион жыл бұрын жаратылған Рахмани қонақ үйде әрі шам, әрі ошақ қызметін атқарып
436БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИтұрған Күннің бір тәулік бойы сөнбей жанып тұруы үшін, жер жүзінің теңізіндей жанармай, тауларындай көмір немесе мыңдаған Жер шарының көлеміндей отын керек екен. Мұны және осы сияқты алып жұлдыздарды шексіз құдіретімен жанармайсыз, көмірсіз жандырып, сөндірмей тұрған әрі әрқайсысын өте жылдам жүргізіп, бір-біріне соқтығыстырмайтын Иләһи құдірет пен билікті көзімізбен көріп жүрміз, сенбегендер басын көтеріп төбесіндегі аспан денелеріне бір қарасын! Әлем атты мына зәулім қаланың, дүние дейтін мына үлкен сарайдың электр шамдары және оны басқару істері қаншалықты зор әрі керемет, өте тамаша болса, сендер оқыған немесе келешекте оқитын физика пәні әлгі ұлық көрменің Сұлтанын, Мүнәууирін (Нұрландырушы), Мудеббирін (Басқарушы, ұйымдастырушы), Шеберін аспандағы нұр шашқан жұлдыздарды куә ретінде көрсетіп, таныстырады. Тәсбих еткізіп, қошеметпен сүйсіндіреді, Иесіне ынтық қылады.Мәселен, қолымызда бір кітап бар делік. Оның бір жолына ұсақ жазумен бір кітап жазылған. Әрбір сөзіне үшкір қаламмен Құранның бір сүресі жазылған. Кітап өте тамаша. Бірін-бірі қуаттайтын тақырыптары жазушысының асқан шебер, құдіретті екенін көрсетеді. Мұндай кітап, міндетті түрде, өзінің жазушысы, құрастырушысы өте өнерлі әрі ерекше қасиетті екенін анық білдіреді, таныстырады. \"Машаллаh, Бәрекелді\" дегізіп, жоғары бағалатады. Дәл сол сияқты мына \"әлем\" атты ұлы кітапқа үңілейік. Бір ғана парағын жер жүзі деп алсақ, соның бір ғана жолы болып табылатын көктемде үш жүз мың түрлі өсімдік пен жануарды, барлығын бірге, аралас-құралас болса да бір-бірімен шатыстырмай, қатесіз, жаңылыспай, ауыстырып жібермей, керемет әрі тиянақты түрде өсіріп өндіреді. Кейде \"ағаш\" дейтін бір сөзге бір өлеңнің, дән дейтін бір нүктеге бір кітаптың толық мазмұнын жазып қояды. Мұндай құдіретті бір қаламның көз алдымызда ғажайып жазу жазып жатқанына өзіміз де куәміз. Міне, осындай шексіз әдемі, әрбір сөзі хикметке толы мына \"әлем\", яки осы алып Құран, аталған мысалдан қаншалықты үлкен әрі керемет болса, сендер оқыған философия пәні мен мектептерде үйретіліп жатқан оқу мен жазу ілімі өз тұрғысынан мына \"әлем\" кітабының жазушысын, хас шебер суретшісін өнерімен бірге жақсылап таныстырады, \"Аллаhу Әкбар\" сөзін еріксіз айтқызып, өнеріне тамсандырады, \"Сүбханаллаh\" сөзімен мақсатын түсіндіреді, \"Әлхамдүлиллаh\" сөзімен өзін мадақтатып шүкір еткізеді.
437БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕМіне, осындай түрлі ілім саласына қарай жүздеген пәндердің әрқайсысы өзінің ауқымды өлшемімен, өзіндік айнасымен, дүрбі тәрізді көздерімен, ғибратты назарымен мына әлемнің Хаким-і Зүлжәлалын (Айбынды хикмет иесі) есім-сипаттарымен бірге таныстырады. Осы бір заңғар да жарқын Уахданиет айғағы болып табылатын дәлелдерді бізге ұғындыру үшін, Құран-ы Мүғжиз-үл Баян бірнеше мәрте, әсіресе:деген аяттарымен әрдайым Жаратқан Иемізді таныстырып отырады\" деп, әлгі сауалдың жауабын аяқтадым. Оқушылар да дән риза болып, мақұлдап: \"Раббымызға шексіз шүкір. Толық қанағаттанарлық, нағыз ақиқат жауап алдық. Аллаh сізге разы болсын!\" деді. Мен оларға арнаған сөзімді былайша түйіндедім:Адам баласы сан-алуан жақтан қайғы жеп қамығатын, сан-алуан тұрғыдан ләззат алып шаттанатын таңғажайып тірі мәшине тәрізді. Өзі өте әлсіз бола тұра, заттық әрі рухани дұшпандары көп-ақ. Тым пақыр бола тұра, көзге көрінетін-көрінбейтін, белгілі-белгісіз сансыз қажеттіліктері бар. Әрі қоштасу мен аяқталудың соққыларын әрдайым жейтін бейшара мұңлық біреу. Міне, осындай күйдегі жан, иман келтіріп, құлшылық арқылы әлгіндей Падишах-ы Зүлжәлалға сенсе, оған мойынсұнып, айтқан бұйрықтарын орындаса және Оны барлық дұшпанынан сақтайтын пана, арқа сүйер тіреніш, әрі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қамқоршы деп білсе, әркім өз қожайынының абыройымен, атақ-даңқымен масаттанатыны сияқты, ол да иманы арқылы әлгі Қадир, Рахим бір Аллаhты танып, соның қол астына кіріп, қамқорлығына бөленсе, құлшылық етіп қызмет етсе, сондай-ақ өзіне сұқтанып тұрған ажалын, көзін жоятын баскесер емес, керісінше ол, міндеттен босатылу, демалысқа шығудың жарлығы екенін аңғарса, қаншалықты қуанарын, шүкір етіп шаттанарын, шексіз қарыздар болатынын, қаншалықты мақтанарын өздерің ойлап көріңдер!Әлгі мектеп оқушыларына айтқанымды абақтыда отырғандарға да қайталап былай дедім: \"Оны танып, мойынсұнған адам, зынданда жатса да бақытты. Ал, Оны ұмытқан адам, зәулім сарайда тұрып жатса да сорлы, бейбақ.\"
438БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИБаяғыда Раббысын жақсы таныған бір кісі, дарға асылар алдында бейбақ залымдарға былай деген екен: \"Негізінде көзі жойылғалы тұрған мен емес, сендерсіңдер. Бәріңнің мәңгіге жойылатындарыңа кәміл сенгендігімнен, қазірден-ақ сендерден өшімді толық алып тұрмын... деп ризашылықпен жан тапсырған екен.* * * * *
439БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕМИУА РИСАЛЕСІНЕН ЖЕТІНШІ МӘСЕЛЕ[Денізлі қаласының түрмесіндегі жұма күнінің жемісі]Бірде Кастамону қаласында «Бізге Жаратқан Иемізді таныстырыңызшы» деген мектеп оқушыларына, осының алдындағы «Алтыншы Мәселе» деп аталған пәндердің тілімен берілген дәрісті «Денізлі» түрмесінде менімен кездесе алған кісілер оқыды. Имандары қуаттанып, ақыретке деген қызығушылық пайда болды. «Енді бізге ақырет жайлы айтып беріңіз. Бұдан былай нәпсі мен заманауи шайтандарға алданып, мұндай қапасқа қамалудан аман жүрейік!» деді. Сөйтіп, Денізлі түрмесіндегі Рисалей-Нұр шәкірттерінің, сондай-ақ, жоғарыдағы Алтыншы Мәселені оқығандардың өтініші бойынша ақыретке иман шартын қорытындылап баяндауға тура келді. Мен де Рисалей-Нұрдан алып, қысқаша былай дедім:Мәселен, Алтыншы Мәселеде біз, Жаратушы Иемізді жерден, аспаннан сұраған болатынбыз. Олар пәндердің тілімен Айдай анық түрде Жаратқанды жақсылап таныстырған болатын. Ендеше біз де ақырет жайлы сол Раббымыздан, сосын Пайғамбарымыздан(с.а.у.), Құранымыздан, содан соң басқа да пайғамбарлар мен киелі кітаптардан, одан кейін періштелерден, ғаламнан сұрайық. Ақырет жайлы әуелі Аллаһтан сұрайық. Ол, өзі жіберген пайғамбарлары мен пәрмен-жарлықтары және бүкіл көркем есім-сипаттары арқылы былай дейді: «Иә, ақырет бар. Мен сендерді
440БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИсол жаққа айдап апарамын!». «Оныншы Сөз» он екі жарқын да бұлтартпас ақиқаттарымен Аллаһтың кейбір есім-сипаттарының ақыретпен қатысты тұстарын түсіндіріп дәлелдеген болатын. Қазір сол түсініктемеге сүйеніп, өте қысқа ишаралармен жауап береміз. Иә, дүниеде өзіне бағынып, мойынсұнғандарға сый-сияпат, ал бас көтеріп қарсы шыққандарға жаза бермейтін салтанат, билік болмайтыны анық. Олай болса, Иләһи толық рубубиет (билік), мүлтіксіз, жаппай бағындыратын сәрмәди салтанат, әлбетте өзіне иман келтіріп бет бұрған, әрі байланысқан, мойынсұнып әміріне құлдық ұрғандарға мол сый-сияпаты, ал сондай абыройы үстем Иләһи салтанатқа күпірлік қылып, қырсығып, қарсы шыққандарға, тіпті, жоққа шығарғандарға сөзсіз жазасы болмақ. Әрине ол жазалау мен сыйға бөлеу оның шексіз рахымы мен жамалына, һәм оның иззаты мен абыройына, жалалына лайық түрде болмақ деп бізге Аллаһтың «Рабб-үл Аламин» уа «Сұлтан-үд Дәийан» есімдері жауап беруде. Һәм, жер жүзінде жалпыға ортақ рахымшылық, барлығын қамтып жатқан қамқорлық пен молшылық, жомарттық бар екені ап-анық байқалады, оны өзіміз де көзбен көріп жүрміз. Мәселен, көктем сайын ағаш атаулыны, жеміс жидектерді жәннаттың хор қыздарына ұқсатып безендіріп, қолдарына яғни бұтақтарына сан-алуан миуа-жемістерді іліп жіберіп, бізге иілгізіп: «Қане, алыңдар, жеңдер!» дегізетін сол рахым ғой. Улы жәндік арқылы бізге шипалы да тәтті бал жегізетін, қолы жоқ құрттың қолымен өте жұмсақ та нәзік жібек кигізетін, сондай-ақ, бар болғаны бір уыс кіп-кішкене дән-тұқымдардың ішіне мыңдаған батпан ризық-несібелерімізді сақтап қойып, құдды ол дәнектер сақтау қоймасы секілді етіп, біз үшін орналастырып отырған тағы сол рахым мен қамқорлық емес пе? Олай болса әлбетте мұншалықты еркелетіп, рызық-несібесін беріп отырған рахым мен мейірім осы сүйкімді де дән риза және қарыздар, өзіне ғана табынатын мүмин мұсылмандарды мүлдем жоқ қылып жібермейді. Қайта оларды бұдан да жарқын рахымына бөлеу үшін дүниелік тұрмыстан, жүктелген міндеттен босатып құрметті демалысқа шығарады деп, Аллаһтың «Рахим», «Кәрим» есімдері біздің сұрақтарымызға жауап береді. «Әл-джәннату хаққун» дейді. Барлық жаратылғандардан және жер бетінен мол хикмет байқаймыз, сондай-ақ, адам ақылы жетпейтін керемет әділ де дәл өлшемдермен жұмыс атқарылуда. Мұны да көзімізбен көріп жүрміз. Атап айтар болсақ, адамның ағзаларында байқалатын мыңдаған
441БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕкеремет хикметтің біреуін ғана алайық. Ол, кіп-кішкене дәнектей есте сақтау қабілеті, яғни адамның жады. Онда адамның бүкіл өмірбаяны, көріп-білген, бастан кешірген оқиғалары толығымен дерлік жазылып, бейне бір кітапхана секілді, ертең махшар күні пенденің есеп-сотында алдына жайылып салынатын амал дәптерінің шағын құжаты ретінде әрқашан есіне түсіру мақсатымен әрбір адамға берілген. Міне, осыны мидың бір бұрышына ғана орналастырған шексіз хикметке таңғалмау мүмкін бе? Сондай-ақ, бүкіл жаратылысқа өте дәл өлшемдермен ағзаларын орны-орнына қою, сонау микробтан бастап мүйізтұмсыққа дейін, шыбыннан бастап, сонау бүркітке, бір ғана гүл ашатын өсімдіктен бастап сонау миллиардтаған, триллиондаған шешек ашатын гүлдерге шейін, жаппай, бәрінде де ысырапсыз өлшем, реттілік пен тәртіп, керемет жүйе бар. Осыларды орны-орнына тағайындаған және өте сұлу етіп шебер жаратқан және әрбір тіршілік иесінің өмір сүруі үшін қажетті себеп-шарттарды таразылап, өлшеп берген, һәм жақсы амалдарға жақсы нәтижелер ал, жаман амалдарға жаман нәтижелер бергізген, және Адам ата заманынан бері тағы, залым қауымдарды апат-бәлемен жазалап өзінің бар екенін нақты сездіріп тұрған сәрмәди әділдік. Әлбетте, оған еш дау жоқ, ол толық әділдікті, толассыз хикметті ақыретсіз елестету мүмкін емес. Ондай әділет міндетті түрде ақыретті талап етеді. Бұл дегеніміз, жарықсыз Күннің болмайтыны секілді анық мәселе. Ажалы жетіп өлген кезде, ең залым мен жәбір көрген бейшараның бірдей болып, еш парықсыз бақилық болып кете беруіне, яғни ондай зұлымдыққа, жөнсіздікке, бассыздыққа, хикметсіздікке әсте жол берілмейді деп Жаратқан Иеміздің «Хаким», «Хакем» және «Адл», «Адил» есімдері біздің сұрақтарымызға толық жауап береді. Және де барлық тіршілік иелері өздерінің қолы жетпейтін, сондай-ақ, шама-шарқынан тыс жатқан бүкіл қажеттіліктерін, өмірге қажетті талап-тілектерін белгілі бір мағынада дұға болып табылатын табиғи қабілеттерімен әрі зәру де мұқтаж тілдерімен сұраған кездерінде, оларға өте мейірімді, бәрін естуші, аса қамқор құдірет тарапынан беріліп жатқандығынан, әрі өз ықтиярымен жасалатын адам дұғаларының, әсіресе, ерекше тұлғалар мен пайғамбарлардың дұға-тілектерінің оннан алтау-жетеуі әдеттен тыс, таңғажайып түрде қабыл болғандығынан нақты түсінетініміз мынау болса керек: Демек, перденің арғы жағында әрбір дерті бардың қайғы-мұңын, әрбір мұқтаж жанның дұғасын еститін және тыңдайтын Сәмиғ-і Мужиб біреу бар,
442БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИол бәрінен хабардар, бәрін көріп-біліп отыр. Ең ұсақ тіршілік иесінің ең кішкентай қажеттілігін біледі, жүрегінің түкпірінде жасырын жатқан қайғы-мұңын естиді, қамқорлық жасайды. Нақты ісімен жауап қатып, пендесін риза қылады. Әлбетте, жаратылғандардың ең жоғары мәртебелісі болып табылатын адамзаттың ең маңызды тұлғасының ауқымы кең дұғасы жалпыға ортақ және күллі ғаламға, Аллаһтың барлық есім-сипаттарына қатысты, мәңгілік, ақыреттік дұғаларды қамтиды, сондай-ақ, адамзаттың ірі тұлғалары, күн көсемдері, көшбасшысы болып табылатын пайғамбарлар жаппай ізіне еріп, Оның дұғасын «Амин, амин» деп растап, діндар үмметінің әрқайсысы күн сайын аз дегенде бірнеше рет оған салауат айту арқылы ол кісінің дұғасын «Амин, амин» деп қостап, тіпті, жаратылыс атаулы оның дұғасына қосылып «О, Раббымыз! Қалауын бере гөр! Оның тілегі біздің де тілегіміз» деп қолдап-қоштап отыр. Осындай жауапсыз қалуы мүмкін емес шарттармен жасалған, ақыреттік бақи өмір мен мәңгі бақыт сұраған Мұхаммед ғалейһиссалату уассаламның бір ғана дұғасы – басқа себептерді есептемегеннің өзінде – жәннаттың жаратылуына жеткілікті себеп. Аллаһтың құдіретіне ақыретті жарату көктемді жарату секілді оп-оңай. Оған ол түк те емес! – деп Аллаһтың «Мүжиб» (Жауап беруші), «Сәмиғ» (Естуші), «Рахим» (Аса мейірімді) есімдері біздің сұрағымызға жауап беруде. Һәм, күндізгі жарық, ап-анық түрде Күнді көрсететіні секілді жер жүзіне, атап айтқанда маусымдардың ауысуына назар аударар болсақ, жаппай өлу мен тірілу болып жатыр. Бұл құбылыстар перденің артында жасырын бір басқарушы бар екенін білдіреді. Ол, сан құбылта түрлендіре отырып басқарушы өте тәртіпті түрде жер шарын бір бау-бақша, тіпті, бір ағаш секілді жеңіл әрі жүйелі басқарады. Көктемді бір тал гүл тәрізді оңай әрі өлшемді де сұлу түрде жаратады. Жер жүзі парағына үш жүз мың хашир мен нәширдің, яғни, өліп қайта тірілудің үлгі мысалдарын жазып көрсетеді әрі ол параққа үш жүз мың кітапқа татитын өсімдіктер мен хайуанат түрлерін жайып салады. Олар барлығы бірге, аралас-құралас бола тұра араласпайтындай, шырмалып жатса да шатаспайтындай, өзара ұқсас бола тұра ауыспайтындай қатесіз, жаңылмайтындай керемет әрі тәртіпті, терең мағыналы болып табылады. Оларды осылай етіп жазып отырған құдіреті күшті бір қалам, осыншама алып істерді
443БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕмол мейірім мен шексіз хикметпен жаратады. Сонымен қатар, алып ғаламды баспана секілді адамзатқа бағындырып, безендіріп, төсеніш қылып, оны, яғни, адам баласын жер жүзіне халифа етіп тағайындап, оған аспан мен жер, тау мойнына алуға батылы жетпеген ұлы аманатты жүктеп, өзге тіршілік иелеріне көшбасшы мәртебесіне көтеріп, абыройын үстем қылған. Және Субхани үндеуіне, пәк сөзіне тыңдарман ету арқылы жоғары мақамға шығарып, аспани жарлық-пәрмендердің барлығында оған мәңгі бақыт пен бақи өмірге қол жеткізуге болатындығына жақсылап тұрып, нақты уәде еткен. Олай болса, шүбәсіз, міндетті түрде өзінің шексіз құдіреті толық жететін бақыт әлемін манағы абыройлы да жоғары мәртебелі адамдарға арнап сыйға тартатын болады, нұрлы әлемнің қақпасын айқара ашып махшарды, қиямет қайымды жаратады. Міне, мұны бізге «Мухий», «Мумит», «Хай», «Қайюм», «Қадир», «Алим» есімдері білдіреді және Жаратушыдан әу баста сұраған сауалымызға жауап ретінде ұсынады. Иә, әр көктем сайын ағаш атаулыны, өсімдіктер мен олардың тамырларын айнытпай дәл сол қалпында тірілтіп, хайуандар мен өсімдіктер әлемін хаширдің үш жүз мың түрлі мысалы ретінде жарататын бір құдірет, Мұхаммед (с.а.у.) мен Мұса пайғамбарлардың (а.с.) әрқайсысының үмметтерінің өмір сүрген уақытының мың жылдығын ойша бетпе-бет қойып қарастырсақ, онда хашир мен нәширдің, яғни, өлгеннен соң қайта тірілудің мыңдаған үлгі-мысалын, сан мың дәлелін екі мың көктем (Сілтеме ) арқылы көрсететініне *куә боламыз. Әрі мұндай құдіреттің хаширді жарата алатындығына шүбәлану мың есе көрсоқырлық және ақымақтық. Һәм, адамзаттың ең мәшһүр ірі тұлғалары жүз жиырма төрт мың пайғамбар бір ауыздан мәңгі бақыттың, ақыреттік бақи өмірдің бар әрі хақ екендігін Аллаһ тағаланың мыңдаған уәделеріне сүйене отырып жар салып, оны мұғжизаларымен растап, бекіткені секілді сансыз әулиелер де өздерінің кәшиф уа кереметтерімен дәл сол ақиқаттың рас екенін қуаттаған. Әлбетте, ол ақиқат Айдай анық, оған шүбәланған адамның есі дұрыс емес.Сілтеме:Өтіп кеткен әрбір көктем, мерзімі жетіп заман ақыры орнаған, өліп қалған, ал одан кейінгі көктем болса, оның хаширі яғни қайта тірілген түрі секілді.
444БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИИә, бір ғылымның яки бір өнер саласында білікті бір-екі маманның сол ғылым мен өнерге қатысты үкіміне, ол саламен қатысы жоқ мың адамның қарсы пікірінің тіпті олар өз саласының атақты ғалымы, білікті маманы болса да, еш мәні жоқ, сөздері есепке алынбайды. Сондай-ақ, бір нәрсені жоққа шығарып, бар екеніне сенбеу мәселесі де сондай. Мысалға, Рамазан айында шек күні «Ай туды» немесе «дүниеде сүт консервісіне ұқсас какос жемісі өсетін бау-бақша бар» деген дәлелдеуші екі адам, оған сенбей, жоққа шығарушы мың адамнан үстем келіп, жеңіп шығады. Өйткені, дәлелдеуші тек бір ғана түйір кокосты немесе кокос өсетін жерді көрсетсе жетіп жатыр. Ал, оны жоққа шығарып, сенбейтін адам бүкіл дүние жүзін аралап, қарап шыққаннан кейін ғана еш жерде жоқ екенін көрсетіп өзінікін растаған болады. Дәл сол секілді жәннат туралы, мәңгі бақыт әлемі жайлы хабар берген адам тек нышан-белгілерін, бір ғана жемісін, бір тек сәулесін көрсетсе болғаны айтқанын дәлелдеген болады. Ал, жәннатқа сенбеушілер, бақилықты жоққа шығарушылар болса бүкіл ғаламды, тіпті ежелден болашаққа дейінгі уақыт аралығын көріп, көрсеткенде ғана өз пікірлерінің дұрыс екенін дәлелдеген болады. Бұл өте маңызды мәселе. Жеке емес, ортақ нәрселерге қатысты және имани ақиқаттар секілді бүкіл әлемге қатысты жалпыға ортақ мәселені жоққа шығару, оған сенбеу (мүлдем мүмкін емес жағдайды айтпағанда) әсте дәлелденбейтінін зерттеуші ғұламалар бір ауыздан мойындап, оны бір заңдылық ретінде қабылдаған. Сонымен, осы анық ақиқатқа байланысты мыңдаған ақылгөй философтардың дінге қайшы пікірлері, имани мәселелерге келгенде бір ғана пайғамбардың хабарына ешбір шәк күмән, тіпті, уәсуәсә туғызбауы керек. Өкінішке орай кейбір бейбақтар жүз жиырма төрт мың дәлелдеуші және олар өз саласында маман, адал және олардың хабарын сансыз дәлелдеуші, зерттеушілер бір ауыздан мақұлдап отырса да ақылы көзінде, жүрегі қара, руханияттан жұрдай, көзі соқыр бірнеше философтың иман шарттарын жоққа шығарып сенбегеніне бола шүбәланады. Бұл неткен ақымақтық, есуастық екенін өзің ойла.Һәм, ап-анық түрде өз бойымызда, һәм айналамызда жалпыға ортақ рақым, барлығын қамтыған хикмет әрі әрдайымғы инает (жәрдем) бар екенін көзімізбен көріп жүрміз. Сондай-ақ, орасан зор рубубиеттің
445БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕсалтанатын (билік, басқарма), өте мұқият жоғары дәрежедегі әділдікті, абыройы үстем жалал (айбындылық) істерді немесе олардың іздерін, ұшқындарын байқап отырмыз. Иә, бір ағаштың жемістері яки гүл шешектері қанша болса сонша сол ағашты хикметпен жаратқан зор хикмет және әрбір адамды оның қанша дене мүшелері, сезім қабілеттері болса сонша жарылқап, нығметке бөлеген рақым және Нұх, Худ, Салих (аләйһиссалам) пайғамбарлардың қауымдарын, сондай-ақ Ад, Сәмуд және Перғауын сықылды қасарысқан халықты жермен жексен еткен, өте ұсақ тірі жанның ақысын жегізбей, қамқорлыққа алған абыройы үстем, жәрдемге әрқашан дайын әділдік бар екені рас. Сонымен қатар:аяты қысқа да нұсқа түрде былай дейді:Екі казармада тұрып жатқан тәртіпті сарбаздар қолбасшының бір бұйрығымен қаруларын асынып, сап түзеп қызметке дайын күйде қалай тұра қалатын болса, дәл сол сияқты бұйрықты орындауға келгенде олардан асып түсетін алып аспан мен жер шары, Әзәли Сұлтан Аллаһтың мойынсұнғыш жауынгерлері іспеттес. Олар екі казарма тәрізді, Исрафил періштенің сүрі үрленіп әлгі казармаларда өліп жатқандар махшарға шақырылған кезде әп-сәтте дене дейтін киімдерін кие сала жүгіретін болады. Мұны әрбір көктем сайын жер шары казармасында жатқандар яғни өсімдіктер мен жәндіктер найзағай ойнап, күн күркіреген кезде қайта тіріліп, Рағд періштесінің сүрімен дәл қияметтегі жағдайды еске түсіреді. Әлбетте, оған сөз жоқ, Оныншы Сөзде дәлелденгеніндей осындай шексіз ұлық Рубубиеттің салтанаты, яғни, Аллаһтың билік пен толық үстемдігі, аталмыш мол рақымы, шексіз хикметі, керемет инаеті (жәрдем), үстем әділдігі ақырет әлемінің орнауын, хашир мен нәшир болуын, махшар алаңының ашылуын керек етеді. Егер ақырет болмайтын болса, әлгі мол рақымшылық өте нашар мейірімсіздікке айналып, әлгі шексіз хикмет өте жағымсыз әбестікке, пайдасыз ысырапқа өзгеріп, әлгі шырын, тәтті инает (жәрдем) тым ащы қиянатқа айналып, әлгі дәлме-дәл өлшемді нағыз әділдік те сұмдық зұлымдыққа ауысып және
446БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИманағы ұлық та абыройы үстем Сәрмеди салтанат құлдырап, айбыны тайып тоз-тозы шығып, рубубиетіне шек келіп, нұқсандық түсер еді. Бұлай болуы әсте мүмкін емес, оған ешбір ақыл сенбейді, ақылға сыйымсыз, хикметке қайшы, тым қисынсыз, сандырақ. Себебі, адам баласын нәзік әрі ерке, аяулы қылып және оған ақыл, жүрек секілді қымбат сезімдер беріп әрі мәңгі бақытқа құштарлық, бақилыққа деген арман бере тұра оны мәңгіге жоқ қылу барып тұрған қатыгездік. Сондай-ақ, оның тек миының өзін сансыз хикметтермен жаратып, оны мол пайдаға жарайтын қыла тұра адамның өзін қайта тірілтпей аталмыш бүкіл сезім мүшелерін, мыңдаған пайдалы қабілеттерін түк пайдасыз, мағынасыз өліммен аяқтап нәтижесіз, хикметсіз, түрде ысырап ету, мүлдем әбестік болар. Және мыңдаған уәдесін, берген сөзін орындамай – Астағфируллаһ – өзінің әлсіздігі мен надандығын көрсетуі әлгіндей ұлық салтанатқа, кәміл рубубиетіне жараспайтын керағар құбылыс. Мұны ақылы бар кез келген адам түсінер. Енді өзің әлгіндей инает (жәрдем) пен әділдікті ойла!Міне, Жаратушымыздан сұраған ақыретке қатысты сауалымызға «Рахман», «Адил», «Кәрим», «Хаким» есімдері аталмыш ақиқатпен жауап береді. Олар шүбәсіз түрде ақыретті дәлелдейді. Сонымен қатар жан-жақты қамтып жатқан, құдіреті күшті хафизиет ісі (барлық нәрсені мұқият сақтау) қызу жүріп жатқанын көзімізбен көріп отырмыз. Барлық тірі жанның, әрбір оқиғаның көптеген бейне көріністерін, суреттерін, атқарған міндеттерінің дәптерін, Иләһи есімдерге хал тілімен қалай тәсбих қылғаны туралы амал парақтарын мысали таспаларда, дән-тұқымдардың ішінде және ләух-ы махфуздың үлгісі ретіндегі қува-и хафызаларында әсіресе адамзаттың миындағы сиымдылығы үлкен бірақ, өзі кіп-кішкене қува-и хафызасында (ес, жады) және басқа да заттық, рухани шағылыстырушы айналарда жазып, жаздырады, мұқият тіркеп сақтап қояды. Сосын уақыты келгенде әлгі мағынауи жазуларды түгелдей заттық тұрғыдан көзімізге көрсетіп миллиондаған мысалдар мен дәлелдер боп табылатын аятындағы өте ғажайып хашир ақиқатын әрбір көктем яғни құдіреттің бір тал гүлі тәріздес әрбір көктем, өзіндегі бір ғана гүл арқылы миллиардтаған тілдерде әлемге жар салады. Әу баста адамзат, барлық зат, тіріжан уақытша, жоқ болып кету, құрып, із түссіз жоғалу үшін жаратылмаған. Олар бақилыққа
447БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕұмтылып, мәңгілікке бөлену үшін тазарып, аса маңызды да соңсыз міндет атқаруға қабілеттерін арттыру үшін жаратылғандарын өте қуатты түрде дәлелдейді. Иә, әрбір көктем сайын мынадай көрініске куә боламыз: Қиямет қайымға ұқсайтын күз мезгілі болғанда опат болған сансыз өсімдік атаулы, махшар күні секілді көктемде әрбір ағаш, әрбір тамыр, әрбір дән, барлық тұқым аятын өз тілімен оқып, оның бір мағынасын, бірғана жағын өткен жылдарда атқарған міндеттерінің мысалдарын көрсетіп, тәпсірлеп манағы ұлық та жойқын хафизиет (бірде-біреуін қалдырмай сақтау) ақиқатына куәлік етеді. Олар аятындағы мағынасы терең, ұлы төрт ақиқат барлық жерде кездесетінін көрсетіп хафизиетті ауқымды түрде, хаширдің көктем секілді оңай әрі анық екенін бізге дәріс беріп тұр. Рас, осы төрт есімнің сәуле-шуақтары ең ұсақ, шектеулі нәрседен бастап сонау ауқымды, шексіз алып нәрселерге дейін жайылып жатыр. Мәселен, айталық мына ағаштың қайнар бұлағы болып табылатын дәнегі Аллаһ тағаланың (Әл-Әууел)есіміне бөленгендігін көрсетеді. Сондықтан бұл дән ағаштың керемет программасын, жаратылысына қажетті керек жарақтарын, тіршілік шарттарын толық қамтитын мазмұнды құтысы тәрізді. Ол, Хафизиеттің қаншалықты ұлы ақиқат екенін дәлелдейді.(Уәл-Ахир)есімін шағылыстыратын жемісі болса, дәнектері арқылы ол ағаштың атқарған табиғи міндет–терінің мазмұнын, жасаған амалдарының тізімін және бұдан кейінгі екінші тіршілігінің ереже-заңдарын қамтып тұрған бір құты. Ол да хафизиетке толық түрде куәлік етеді. (Уәз-Захир) есіміне бөленген манағы ағаштың заттық денесі, оның бейне пішіні болса, ғажайып үйлесімді де шебер, өте керемет әдемі киімге оранған. Үсті сан-алуан нақыш, ою-өрнекпен безендірілген, бейне бір жетпіс түрлі хури (қор) қыздарының көйлегін киіп алғандай. Ол да һәм хафизиетті сонымен қатар шексіз құдіретті, мол хикметті және әсем мейірім шапағатты көзге ұрып тұрып көрсетеді.
448БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ (Уәл-Батин) есіміне айналық ететін ол ағаштың ішіне орналасқан механизмін, мұғжиза яғни таңғажайып өндірісін, керемет химиялық зертханасын және ешбір бұтақты, жемісті, жапырақты қорексіз қалдырмайтын өлшемді ризық толы қазанын алайық. Ол да хафизиетті ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар асқан құдіретті, орасан әділдікті, мол мейірімді, шексіз хикметті Айдан анық көрсетеді.Сол секілді жыл мезгілдері де жер шарын бір ағашқа ұқсатып тұр. Ол, ағаш Аллаһтың (Әл-Әууәл) есімінің құдіретімен күз мезгілінде сақтау үшін аманат қылып тапсырылған барлық тұқымдар мен дәнектерден өсіп шыққан өсімдіктер арқылы жасыл-желекке оранып, көктем дейтін құлпырған көйлек киген кезде жер жүзі миллиардтаған тал-бұтағы бар, жемісті, гүл-шешек атқан зәулім ағашқа ұқсап кетеді. Бүкіл дән-тұқымдар болса ол ағаштың табиғатына қатысты Иләһи заңдылықтың яғни әмірлердің жинағы, тағдырдың ережелерінің тізімі және өткен жаз мезгілінің атқарған міндеттері жазулы шағын амал дәптері, жасаған қызметтерінің кітапшасы. Міне, бұл құбылыс ап-анық түрде бір Хафиз-і Зүлжалал-і уәл Икрамның бар екенін, бұл құбылыстар оның шексіз құдіретімен, өте әділдігімен, мол хикметімен, кең рахымымен болып жатқанын көрсетеді.Енді, осы жер шары ағашының бір жылдық қорытындысын екінші күзде әлгі ағаштың атқарған барлық міндеттерін және Иләһи есім-сипаттарға айна болып жасаған фытри тәсбихтерін және келесі көктем хаширінде қайта тірілетіндердің амал парақтарын кіп-кішкене құтылардың ішіне қойып Хафиз-і Зүлжалалдың хикмет қолына тапсырады. Сөйтіп, (Һуәл-Ахиру) есімін сансыз тілде әлемге жар салады.Ал, ол ағаштың захиры яғни сырты болса, хаширдің үш жүз мың мысалдары мен белгі-нышандарын көрсететін үш жүз мың түрлі гүлдер ашып, шексіз рахманиет (мол мейірім), раззақиет (толық қамтамасыз ету), рахимиет (рақымшылық) және кәримиет (шексіз жомарттық) дейтін дастархандарды тіршілік иелерінің алдына жаю
449БӘДИҮЗЗАМАН ДЕНІЗЛІДЕарқылы Аллаһ тағаланың есімін қанша жемістері, гүл-шешектері, тағамдары болса сонша тілмен зікір етіп, мақтап-мадақтап ақиқатын Айдан анық түрде көрсетеді. Енді осы зәулім де ұлы ағаштың ішкі жағы болса, есептеуге келмейтін сансыз керемет механизмдерді, тап-тұйнақтай завод, фабрикаларды өте мұқият әрі жүйелі түрде жұмыс істетіп тұрған кәсіпорынды, қайнап жатқан бір қазанды еске түсіреді. Жәй қазан емес, бір граммнан мың батпан тағамдарды пісіретін, сансыз мұқтаждарға үлгертетін қазан. Оның өте дәл өлшеммен, мұқият есеппен жұмыс істейтіні сондай, қандай да бір кездейсоқтықтың болуы әсте мүмкін емес. Жаратушының есімін жер шары өзінің ішкі жағымен, күрделі құрылысымен, жүз мың тілмен тәсбих қылады, демек кейбір періштелерге ұқсап жүз мың тілмен жария қылады һәм дәлелдейді. Һәм, жер шары жыл мезгілдері жағымен бір ағашқа ұқсағаны секілді және манағы Иләһи төрт есімнің саясында хафизиетті көрсетіп әрі сол арқылы хаширге ұйытқы болғанындай, дәл сол сияқты дәуір мен дүние тірлігі тұрғысынан алып қарағанда тағы да жемістері ақыреттік базарға жөнелтіліп жатқан керемет ағашқа ұқсайды. Манағы төрт есімге бөленіп ауқымды айнаға айналып жалт-жұлт шағылыстырады, һәм ақыретке апарар даңғыл жол ашады. Оның қаншалықты кең екенін әрі оны суреттеуге ақылымыз жетпейді. Біз тек былай деумен шектелеміз;Мысалға, апталық сағатты алайық. Оның секундты, минутты, сағатты, күнді санайтын тілдері өзара ұқсас әрі бірін-бірі дәлелдеп, толықтырып тұрады. Секунд тілінің қозғалысын көрген адам басқа тілдерінің жүріп тұрғанына сенуге мәжбүр болады. Дәл сол сияқты, аспан мен жердің Жаратушысы Халиқ-ы Зүлжалалдың алып ұлы сағаты тәріздес мына дүниенің секунттарын санайтын тәуліктер, минуттарын санайтын жылдар, сағаттарын көрсететін ғасырлар және күндерді санайтын дәуірлер өзара бір-біріне ұқсайды, бірін-бірі дәлелдейді. Бүгінгі түннің атар таңы, осы қыс мезгілінің көктемі болатынына анық сенімдіміз, сол сияқты фәни дүниенің де қараңғы қысының мәңгі көктемі мен жазы, ұдайы жалғасар таңы
450БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИболатынына сансыз белгі-нышандармен хабар береді деп Аллаһтың Хафиз есімі мен есімдері біздің Жаратушымыздан сұраған хашир мәселесіне жоғарыда аталған ақиқатпен жауап беруде.Көзімізбен көріп, ақылымызбен мынаны түсінеміз: Адам баласы – мына ғалам ағашының ең соңғы, өте мазмұнды жемісі және Мұхаммедтің (аләйһиссалату уәссалам) ақиқаты көрсеткендей, ғаламның негізгі дәнегі, және ғалам бейне бір алып Құран десек адамзат оның аят-ул Күбрасы, немесе исм-і Ағзамды қамтитын аят-ул Күрсисі, ғалам сарай десек, ол оның сыйлы қонағы, әрі сол сарайдың басқа тұрғындарын басқаруға құзырлы, тыным таппайтын қызметкері және \"ғалам\" шаһары, жер шары ауданындағы бау-бақшасында, егін алқабында кіріс-шығысына жауапты, өнімін қадағалаушы, сондай-ақ, жүздеген пән мен мыңдаған өнер үйретілген, жүрген жері айқай-шу, аса жауапты бақылаушы қызметші, \"Ғалам\" елінің жер шары өңірінде Әзәл мен Әбәд Патшасының жіті бақылауындағы тексеруші дейтін жоғары мәртебелі халифа, аз-көп бүкіл амалынан сұраққа тартылатын билеуші және аспан мен жер, таудың өзі тартынған ұлы аманатты мойнына алған, алдында екі ғажайып жол жатқан, біреуімен жүрсе тіршілік иелерінің ең сорлысы, ал екіншісімен кетсе ең бақыттысы және мағынасы терең құлшылық жасауға міндетті абд-ы күлли, яғни жан-жақты құл, һәм ғалам Иесінің исм-і Ағзамына яғни ең ұлы есіміне бөленген және Оның бүкіл есімдерін қамтитын мазмұнды айна, Субханның сөзі мен үндеуін ұғатын ерекше тұлға және тірі жандардың ең мұқтажы, өзі өте пақыр әрі әлсіз бола тұра шексіз арман, тілектері бар, сонымен бірге сансыз дұшпандары мен тиісіп, аяқтан шалатын жаулары көп бейшара тіріжан, өте қабілетті, өмірдің ләззатын ала алмайтын мұңлық, алса да онысы өкінішке айналатын, мәңгілікке құштар әрі аса мұқтаж әрі оған лайық, бақилықты, соңсыз бақытты жан-жақты шексіз дұғалармен сұрайтын, жалынып жалбарынған, тіпті оған бүкіл дүние қызығы берілсе оның әлгі мәңгілікке деген арманына жетпейтін және өзіне жақсылық жасап жарылқағанды табынатындай қатты жақсы көрген, сүйкімді де сүйікті өте таңғажайып Сәмедани Құдіреттің мұғжизасы, керемет жаратылыс. Және кейбір сезімдері ғаламды қамтитын, өзінің мәңгілік үшін жаратылғанына бүкіл сезім-мүшелері куәлік ететін...
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 632
- 633
- 634
- 635
- 636
- 637
- 638
- 639
- 640
- 641
- 642
- 643
- 644
- 645
- 646
- 647
- 648
- 649
- 650
- 651
- 652
- 653
- 654
- 655
- 656
- 657
- 658
- 659
- 660
- 661
- 662
- 663
- 664
- 665
- 666
- 667
- 668
- 669
- 670
- 671
- 672
- 673
- 674
- 675
- 676
- 677
- 678
- 679
- 680
- 681
- 682
- 683
- 684
- 685
- 686
- 687
- 688
- 689
- 690
- 691
- 692
- 693
- 694
- 695
- 696
- 697
- 698
- 699
- 700
- 701
- 702
- 703
- 704
- 705
- 706
- 707
- 708
- 709
- 710
- 711
- 712
- 713
- 714
- 715
- 716
- 717
- 718
- 719
- 720
- 721
- 722
- 723
- 724
- 725
- 726
- 727
- 728
- 729
- 730
- 731
- 732
- 733
- 734
- 735
- 736
- 737
- 738
- 739
- 740
- 741
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 650
- 651 - 700
- 701 - 741
Pages: