601БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАпайдаланып өзара араздастыру үшін үш адам тағайындалғанға ұқсайды. Сондай-ақ берік Нұршыларды жалықтырып тоқырату және әлжуаз, шыдамсыздарды уайымдату және Нұр қызметінен бастартқызу үшін еш себепсіз соттың күнін созып кейінге қалдыруда. Абай болыңыздар! Осы кезге дейінгі өзара жанкештілік, бауырластық пен адал сыйластық азаймасын, араларыңа сызат түспесін. Кішкене сызат дәл қазіргі жағдайда үлкен зиян береді. Біз бір-біріміз үшін керек болса жанымызды пида етуге дайынбыз, мұны Құран мен Иман қызметі талап етеді. Солай бола тұра мазасыздықтан немесе басқа бір жағдайға байланысты кірпияздық танытып шынайы жанкешті азаматтар бір-біріне ренжімек түгілі, барынша кішіпейілділік жасап, инабаттылық танытып, тағдырға көніп, өзін кінәлап сыйластық пен құрметті арттыруға тырысқан жөн. Әйтпесе, түймедей мәселе түйедей болып орны толмас өкініш пен күллі зиян шегеміз. Сендер парасатты болғандықтан сөзді қысқа қайырдым.Саид Нұрси* * * * *Азиз, адал бауырларым!Әуелі; сырымен, иншаллаһ сотымыздың кешігуі және ақталып шыққан бауырларымыздың қайта сотқа шақырылып, бұл жерге келуінде үлкен қайыр, жақсылық бар. Иә, Рисалей-Нұрдың көтеріп отырған мәселесі, Ислам әлемі үшін әсіресе, осы ел үшін өте маңызды. Сондықтан, осындай дүрбелеңдер бұқараның назарын ақиқаттарға аудару қажет болатын. Біз ойламаған жағдайда, еріктен тыс әрі қанша жасырсақ та және дұшпандарымыз мәселені маңызсыз көрсетуге тырысса да жарқын түрде Рисалей-Нұр өзінің дәрістерін дос пен дұшпанына ашық түрде оқытуда. Ең құпия сырларын бөтен адамдарға да еш қаймықпастан көрсетуде. Бұл ақиқат, олай болса біз аздаған қиыншылықтарды ащы дәрі ретінде қабылдап сабыр сақтап шүкір етуіміз керек. «Бұл да өтеді де кетеді!» деуіміз керек.
602БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИЕкіншіден; Осы Юсүф медресесінің бастығына былай деп жаздым: Мен Ресейде тұтқында болғанымда большевизмнің дауылы ең алғаш түрмеден басталған болатын. Сол секілді Франциядағы революция да ең бірінші түрмеден бастау алған. Жалпы тарихта есерсоқ әумесерлер түрмеде отырғандардан шыққан. Сондықтан, біз Нұр шәкірттері Ескішәһирде, Денізліде және осы жерде мүмкін болғанынша қамауда отырғандарды түзеуге тырыстық. Аталған қалаларда пайдасы көзге де көрінді. Бұл жерде де көп пайдасы болады деп ойлаймын. Себебі мына өте күрделі кезеңде Нұр дәрістерінің саясында фитне-бүліктің беті қайтып, жүзден бірге түсті. (Сілтеме*) Әйтпегенде мұндай оқиғаны күтіп жүрген, оны оңтайлы сәт деп жүрген қара ниетті кері ағымдар ондай отқа май құйып өрт шығарар еді. Саид Нұрси* * * * *Азиз, адал, болаттай берік, мойымас қайсар, қажымас бауырларым!Дәл қазіргі кезде тәніммен рухымның мазасы кетіп, нәпсім сендер үшін мені мұңайтқан шақта, кенет көкейге мұндай ой келді: сен, осындағы бауырларыңның біреуін жақыннан көру үшін мұнша қиыншылық пен машақаттың он есесін тартқан болсаң аз дер едің. Сондай-ақ, Рисалей-Нұрдың тақуалық, қанағатшыл жолы және жалпыға ортақ әрі өте мұқтаж жандарға тіпті, өзіне дұшпан кісілерге де дәріс беру ұстанымы сондай-ақ, өз ішіндегі мағынауи тұлғаны сөйлеткізу үшін бұрыңғы заманда ақиқатшылдар жылда бір-екі рет бас қосып, сұхбат етіп тұрғаны секілді Нұр шәкірттерінің де бірнеше жылда бір рет бас қосу үшін ең ыңғайлы жер осы Юсүф медресесі. Демек осында жиналып бас қосуы қажет болды. Сол үшін бұдан мың есе қиналып, көп машақат шексек те еш оқасы жоқ. Мұның алдында қамалғанымызда бірнеше әлжуаз бауырларымыз-дың сағы сынып, Нұр шеңберінен бас тартқаны өздеріне зиян болды, Сілтеме: Афион қаласында түрмеде бүлік шығып көтеріліс болды. Оған бірде-бір Нұр шәкірті қатыспады.
603БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАбірақ, Рисалей-Нұрға ешқандай зияны болмады. Олардың орнына әлдеқайда берік, анағұрлым ықыласты шәкірттер пайда болды. Дүнияның мұндай сынақтары уақытша, лезде өтіп кетеді де рухани жеміс беріп, сауап жаздырады. Олай болса Аллаһтың жәрдемін күтіп сабыр сақтап, шүкір етуіміз керек.Саид Нұрси * * * * *Әзиз, адал бауырларым, мына Медресе-и Юсуфиедегі (түрме) сабақтас достарым. Келе жатқан Барат түні – бір жылдың қасиетті дәнегі іспетті және адамның бір жылдық тағдырының жоспары ретінде болғандықтан Қадір түніндей қасиетті түн. Қадір түнінде жасалған жақсы амалдардың сауабы отыз мың болса, Барат түнінде жасалған салих амалдар мен оқылған Құранның әрбір әріпінің сауабы жиырма мыңға шығады. Басқа кездерде он сауап жазылса, қасиетті үш айда жүз, тіпті, мың сауап жазылады. Ал қасиетті түндерде он мыңға, жиырма мыңға, отыз мыңға шығады. Мұндай түндер елу жылдық құлшылық еткендей сауап жаздырады. Сондықтан қолдан келгенше Құран оқып, тәуба етіп, салауат айтып, құлшылықпен өткізудің пайдасы мол. Саид Нұрси * * * * *Әзиз, адал бауырларым! Шын жүректен Қасиетті Рамазан айы құтты болсын деп тілеймін. Хақ Тағала Рамазан айындағы Қадір түнін бәріміз үшін де мың айдан да қайырлы етсін! Амин! Сексен жылдық сауапты өмір өткізгендей етіп қабыл алсын! Амин...Саид Нұрси* * * * *
604БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИӘзиз, адал, қайтпас қайсар, уайымдап қорықпайтын, ақыретті тастап фәни дүнияға қызықпайтын бауырларым!Біраз осында қалғанымызға және мәселемізді үлкейтіп кешіктіргеніне қамығып қайғырмаңдар! Қайта, мен сияқты риза болыңдар! Өмір бір орында тұрмайды, зымырап өте шығады. Мұндай азапты жердегі амалдар ақыреттік жеміс беріп, бақилыққа айналады. Нұрдың дәріс алаңыда кеңейіп келеді. Мысалы, сарапшылардың ішіндегі имамдар Сирадж-ун Нұрды мұқият оқуға мәжбүр болды. Дәл осы кезде шығуымыздың екі тұрғыдан иман қызметімізге кесірі тиюі мүмкін. Мен, жеке басым тұрғысынан сендерден де көп азап шексем де шыққым келмейді. Сендер де мүмкін болғанынша сабыр сақтап, шыдап бағып, мұндай өмірге үйренуге және Нұрларды жазудан, оқудан жұбаныш тауып, рахаттануға тырысыңдар! Саид Нұрси* * * * *...............................................................................................................................Екіншіден: «Рисалей-Нұр Құранның өте тамаша, шынайы тәпсірі» деген сөзімізді тағы да қайталауымыздың мағынасын мұқият мән бермегендер түсінбей қалғандықтан, мына бір ақиқатты айта кетуім керектігі ескертілді. Жалпы, тәпсір екі түрлі болады. Біріншісі, жұртқа белгілі, кәдімгі тәпсірлер. Олар Қасиетті Құранның сөздері мен сөйлемдерінің мағынасын баяндап, дәлелдермен түсіндіреді.Екіншісі: Құранның имани ақиқаттарын бұлтартпас дәлелдермен баяндап, ақыли дәлелдермен көңілге қонымды түрде түсіндіреді. Мұндай тәпсір өте қымбат. Белгілі тәпсірлер Құранның мұндай мағынасы терең тұстарын кейде қысқа қайырады. Рисалей-Нұр екінші түріне жатады. Ерекше тәсіл қолданып, дінге қарсы, қырсық философтардың үнін өшіретіндей қуатты, мағынауи тәпсір...Саид Нұрси
605БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДААзиз, адал бауырларым!Маңызы зор біреу тарапынан өте маңызды сұрақ қойылды. Сұрақ былай: «Сендердің саяси ұйым емес екендерің үш мәрте сот арқылы расталып, ол тұрғыдан ақталдыңдар. Жиырма жылдан бері аңдып, жіті қадағалап, алты уәләят ол тұрғыдан айыптайтын мін таба алмады. Солай бола тұра Нұршылардағы өзара байланыс, қарым-қатынас ешбір ұйымда, ешбір қауымдастықта жоқ. Бізді мазалап жүрген осы сұраққа жауап беріңізші!» . Мұның жауабы: «Иә, Нұршылар қандай да бір ұйыммен әсіресе саяси, дүнияуи, болымсыз және жеке тұлғалық я да белгілі бір топтың мүддесі үшін құрылған ұйыммен байланысы жоқ, өздері де ешқандай ұйым саналмайды. Бірақ, олар осы отанның азаматтары әрі дін Ислам үшін жанын қуана-қуана пида еткен ата-бабаларының ұрпағы, ұл-қыздары. Жанкештілікті солардан мирас етіп алған. Сондықтан өте ұйымшыл түрде жанкештілік көрсетеді. Бұл мінездер маған қатты әсер етіп Денізлі сотында төмендегі сөзді солардың атынан сөйлеткізген болатын: «Миллиондаған батырлардың басы құрбан болған ұлы ақиқатқа біздің де басымыз пида болсын!».Сонда соттағылар аң-таң болып, жоғары бағалап үндемей қалған еді. Демек, Нұршылардың арасында шынайы, ықыласты, тек Аллаһ ризасы үшін, болымды әрі ақырет үшін әрекет ететін жанкешті азаматтар бар. Оларға масондар, коммунисттер, дін бұзарлар, бүлікшілер, діннен безгендер, астыртын ұйымдар түк істей алмаған соң өкіметті, әділет басқармасын бізге айдап салып, заңның қайда тартса сонда созыла беретін бір бабымен олардың сағын сындырғысы және таратқысы келеді. Құдай қаласа олардың бұл арам ойы жүзеге аспайды. Қайта, Нұрдың, иманның жанкешті шәкірттерінің көбеюіне себеп болады. Саид Нұрси* * * * *
606БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИАзиз, адал бауырларым!Кешегі сұраққа ұқсас, бірақ қырық жыл бұрын сұралған сұрақ-жауапты баяндап берейін. Бұрыңғы Саидтың шәкірттері ұстазымен тығыз байланыста болып, ұйымшыл түрде етене араласатыны сонша бір-біріне жанын пида етуге дайын болатындықтан Ван, Битлис аймақтарында «ташнак» деп аталатын жанкешті армян жасақтары қызу әрекет етіп, халыққа дамыл бермеген соң, Бұрыңғы Саид өз шәкірттерінен жасақ құрып, оларға қарсы тойтарыс беретін. Шәкірттерін өзі қару-жарақпен қамтамасыз етіп, сабақ беретін медресесі бір кездері әскери бөлімше секілді кітаптармен бірге мылтықтар да тұратын. Бір күні бір офицер келіп: «Мына жер медресе емес әскери бөлімшеге ұқсайды!» деп, Битлис оқиғасына байланысты қауіптеніп: «Қаруларыңды тапсырыңдар!» деп әмір берді де қолдарына түскен он бес маузерімізді жинап алған-ды. Бір-екі ай өтпей дүние жүзілік соғыс басталып біз қару-жарақтарымызды қайтып алдық.Соған байланысты айтайын дегенім, сол кезде менен жан түршіктірер жасақтары бар армян ұйымы сендерден қорқады, сендер Ерек тауына шықсаңдар болды, олар артқа шегініп басқа жаққа бет алып қашып кететін. Апыр-ай, олар тайсалатындай сендерде қандай күш-құдірет бар?» деп сұрайтын.Мен де былай дейтінмін: «дүниялық фәни өмір үшін азғантай армян халқының болымсыз ұлтшылдық ниетпен халқының болашағы мен есендігі үшін жанкештілік жасап жатқанын көзбен көріп тұрсыңдар. Олай болса әлбетте, мәңгі өмір үшін және орасан зор Ислам жұрты үшін, олардың жарқын болашағы үшін және «ажал біреу, одан қашып құтылу мүмкін емес!» дейтін шәкірттер әлгі жанкешті армяндардан кері қалмаса керек. (Сілтеме )* Керек болса, маңдайға жазылған, еш өзгермейтін ажалды қарсы алып, қанша жалғасары белгісіз, Сілтеме: Лайық болмасам да бауырларымның атынан айтарым: Егер қажет болса Инша Аллаһ, олардан асып түсеміз. Біз діни мәселеде ғана емес ерлік жасауға келгенде де ата-бабаларымыздың ізбасарлары екенімізді көрсетеміз.
607БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАбірнеше жылдық дүниялық өмірді миллиондаған жылдық өмірге айналдыру үшін және миллиардтаған дін бауырларының амандығы үшін, солардың жарқын болашағы үшін еш ойланбастан, қуана қуана мақтанышпен жанын пида етеді.Саид Нұрси* * * * *Әзиз, адал, сенімді де мейірімді бауырларым!Екі күн болды басым ауырып, қатты тұмауратып жүрмін. Мұндай кезде бірауық достармен сұхбаттасу жұбаныш сыйлап, көңілге демеу болатындықтан қатты мұқтаж болсам да жалғыз өзімді қамап, ешкіммен жолықтырмай қойғаны жаныма қатты батты. Шағымданғандай көкейге мынадай бір ой келді:«Бұл азаптың сыры не, қызметімізге нендей пайдасы бар?».Кенет бүгін таңертең мұндай бір ой келді: Сендерді осындай ауыр емтиханмен сынаудың және өте майда електен бірнеше рет өткізудің яғни «алтын ба екен, бақыр ма екен!» деп байқаудың және бірнеше тұрғыдан еш аямай «бұлардың нәпсілерінің үлесі бар ма, жоқ па? деп тәжірибе жасаудың қызметімізге яғни ықыласты талап ететін, хақ пен ақиқатқа негізделген қызметімізге өте қажет болатын. Сол үшін Иләһи тағдыр, Раббани инает-жәрдем рұқсат берді. Өйткені бұлай емтихан дүниясында қырсық әрі сылтау тапқыш ынсапсыз дұшпандардың көз алдында осылай ашықтан ашық жария етілгендіктен, бұл қызмет ешқандай да қулық, ешбір менмендік, ашу-ыза араласпай және дүниялық яки жеке басқа қатысты немесе ақыреттік бірде-бір пайда күтпей таза шынайы ниетпен, пәк пейілмен, тек ақиқат үшін атқарылып жатқанына көздері әбден жетті. Егер мұндай жария болмағанда неше түрлі ой тууы мүмкін еді. Көпшілік мүмин халық толық сенбей: «Мүмкін бұлар бізді алдап жүрген болар!» деп, ал зиялы қауым. «Кейбір мансапқорлар секілді жағымпазданып, сенімге кіру үшін әдейі істеп жүр!» деп күдіктеніп, толыққанды иланбас еді.
608БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИЕнді, мұндай емтиханнан кейін ең қырсық, күмәншіл адамның өзі сенбеске шарасы жоқ. Қиналғанымыз рас, бірақ пайдасы мың есе көп, иншаллаһ!Саид Нұрси* * * * *Әзиз, адал бауырларым!Біріншіден; Ғибрат боларлық әрі таңғаларлық жағдайды баяндап беруге тура келді.Ресейдің Кострома қаласында тоқсан тұтқын офицермен бірге бір баракта жататынбыз. Мен офицерлерге анда-санда дәріс беруші едім. Бір күні орыстың қолбасшысы көріп: «Мына күрд, еріктілер полкының командирі, біздің көптеген солдаттарымызды өлтіріп, енді қара, саяси дәріс, үгіт-насихат жүргізуде. Бұдан былай дәріс бермесін, тыйым саламын!» деді. Екі күннен кейін келіп: «Сенің дәрісің саяси емес, діни уағыз, ахлақи, тәрбиелік мәнісі бар екен, жалғастыра бер!» деп өзі рұқсат берді. Екінші тұтқындағы оқиға: Осы түрмеде менің жиырма жыл дәрісімді тыңдаған және менен әлдеқайда тамаша дәріс беретін хас шәкіртімнің сондай-ақ, аса қажетті қызметіме көмектесетін достарымның қасыма келуіне әділет басқармасы тарапынан тыйым салынды. Мақсаттары менен дәріс алғызбау. Алайда, Нұр рисалелері басқа біреудің үйретіп, дәріс беруіне қажеттілік туғызбайды. Және біздің басқа дәрісіміз, жасырар сырымыз да қалмады. Жарайды, айтылар әңгіме ұзақ еді, қысқа қайыруға бір жағдай себеп болды.* * * * *БАСҚА ТҮСКЕН АУЫРТПАЛЫҚТАРДЫ ЖОЙЫП ЖІБЕРГЕН, АҚИҚАТТАРҒА ТОЛЫ ЖҰБАНЫШТАРЫМБіріншісі: Басымызға түскен қиыншылықтардың, мейірімге айналуы.Екіншісі: Әділ тағдырға ризашылықпен мойынсұну.
609БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАҮшіншісі: Аллаһтың Нұр шәкірттеріне деген ерекше көмектерінен туындаған қуаныштар.Төртіншісі: Өткінші нәрселердің аяқталуындағы ләззат.Бесіншісі: Өте маңызды сауаптар.Алтыншысы: Аллаһтың ісіне араласпау.Жетіншісі: Аса жойқын шабуылдардан елеусіз ғана жарақаттар алып, қиындықсыз құтылу.Сегізіншісі: Басқалармен салыстырғанда оңай құтылуымыз.Тоғызыншысы: Нұр және Иман қызметіндегі ауыр сынақтардан кейінгі жарылқаулардың қуанышы.Осы тоғыз рухани жұбаныш – айтып жеткізе алмастай қолдау, шипалы ем. Ауыр азаптарды жеңілдетіп жіберуде.Саид Нұрси* * * * *Әзиз, адал бауырларым!Біріншіден; Қажылыққа баруымызға тыйым салған, зәмзәм суды жерге төктірген, бізге сұмдық зұлымдық жасалуын білмегенсіп, көз жұма қараған және «Зүлфиқар» мен «Сирадж-ун Нұрға» тиісіп жатқанына мән бермеген және бізге заңсыз түрде, ашу мен ызаға беріліп азап берген қызметкерлерге мақам, мәртебе беріп шенін көтерген, біздің жан даусымызға құлақ аспайтын озбыр, зорлықшыл үкіметтің тұсында және осындай бассыздықтар болып жатқан уақытта ең ыңғайлы да рахат жер түрме деп ойлаймын. Тек бір ғана мәселе бар, егер мүмкін болса басқа түрмеге көшірсе, ең дұрысы, ең тынышы сол болар еді.Екіншіден; Олар бізді мәжбүрлеп ең құпия рисалелерімізді алып, көрсетуге әсте болмайтын адамдарға көрсетіп, оқытты. Сонымен қатар бізді мәжбүрлеп, ұйым болуға итермелеуде. Алайда, біз ұйым құруға қажеттілік сезінбеуші едік. Өйткені, имандылар жамағатының өзара ауызбіршілігі Нұршыларда жоғары дәрежеде, таза ықылас пен жанкештілік те өте мықты. Дін бауырлар өзарада жанкешті. Сондай-
610БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИақ, бұрыңғы ата-бабамыздан да ақиқат үшін жанын пида етуді мирас етіп алғандықтан және Нұр шәкірттері өздерінің сол миллиондаған батыр бабаларының аманатымен ақиқат үшін басын пида етуге дайын болғандықтан киелі де Құрани бір ақиқатқа жан-тәндерімен, мықтап жабысқандықтан күні бүгінге шейін ресми немесе саяси, астыртын немесе ашық түрде тіркелген ұйым құруға қажеттілік жоқ еді. Демек, енді қажеттілік туындағаны ғой, Иләһи тағдыр оларды бізге айдап әкеліп тиіскізуде. Олар жоқ нәрсені бар санап, саяси ұйым ретінде бізді кінәлауда, ал тағдыр болса «неліктен толық ықыласпен, қатты ұйымдасып, ауызбіршілігі мықты нағыз «Хизбуллаһ» болмайсыңдар?» деп аналардың қолымен жазаға тартты, әділ шешім шығарды. Саид Нұрси* * * * *Бұл жолғы тиісу жоспары өте ауқымды болатын. Елбасы мен қазіргі билік бізден қатты күдіктеніп жоспарлы түрде қатты шабуыл жасады. Алынған хабар бойынша және ишараларға сүйенер болсақ, жасырын мұнафықтардың алдап-арбауына еріп, бізді халифат құрғысы келетін саяси ұйым және Нақшибенди тариқатының астыртын ұйымымен байланысы бар қылып, тіпті бізді соның басындағылар ретінде көрсетіп, үкіметті шошытып, күдікті еткісі келеді. Оған өздерінше дәлел ретінде Рисалей-Нұрдың үлкен кітаптары Стамбулда бастырылып Ислам әлеміне таралуын, қызыға оқылуын алға тартты. Осылайша, үкіметті үрейлендіріп және қызғаншақ ресми имамдарды және күдікшіл мемлекет қызметкерлерін бізге қарсы жауыздық жасау үшін айдап салды. Қызық жағдайлар орын алады деп ойлады. Бұрыңғы Саид, осынша қиянатқа шыдай алмай бүлік шығарып, елдің тыныштығын бұзады деп ойлады. Құдайға сансыз шүкір, олар ойлаған бәле мыңнан бірге азайды. Қанша тексеріп, тіміскілесе де не саяси ұйыммен не астыртын топтармен байланысымызды таба алмады. Табу үшін байланысымыз болуы керек қой, ал ол жоқ. Сондықтан, прокурор өтірік айтуға бұрыс мағына беруге, еш кінә саналмайтын ұсақ-түйек айыптағуға мәжбүр болғанға ұқсайды. Бұл рас. Олай болса Рисалей-Нұр және біз, жүзде тоқсан тоғыз ықтимал бәледен құтылдық. Енді шағымданбай, қайта шүкір етіп, Аллаһтың жәрдемінің шуағы толық
611БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАкөріну үшін сабыр сақтап ыждағаттылықпен күтуіміз керек. Мына медресеге жаңадан келген және жақында шыққан нұрға мұқтаж әрі құштар бауырларға Нұр дәрістері арқылы жұбаныш сыйлап, жәрдем етуіміз керек. Саид Нұрси* * * * *
Үшінші Медресе-и Юсуфие болған Афион түрмесінде Ұстаз Саид Нұрси, Әлхуджетуззехра атты рисале жазады. Тәухид жайлы, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) пайғамбарлығы жайлы бұл аса құнды рисале, түрмедегі Нұр шәкірттері мен басқа да қамаудағыларға ғылыми, имани дәрістер бергендіктен түрмеде қайырлы да нұрлы іске айналды. Соттың қарарынан кейін Ұстазбен бірге түрмеде болған шәкірттері жазған мақтау хатты осы жерге қаз-қалпында беріп отырмыз.Рисалей-Нұр қандай кітап? Бәдиүззаман кім?Хадис бойынша әр ғасырда діннің жоғарғы мәртебелі қызметшілері келіп, діннің мерейін көтеретіні жайлы сүйіншілеп хабар берілгені белгілі. Олар, \"мубтәди\" емес, \"муттәбилер\" яғни олар өз ойларынан жаңа бір нәрсе қосып, үкім шығармайды. Діннің негіздерін, шариғат үкімдерін, Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетін айнытпай ұстана отырып, дінді нығайтады. Діннің ақиқаттарын, өзегін түсіндіреді. Дінге араластырмақ болған бұрыс, жат пікірлерді жойып, Аллаһтың әмірлерінің орындалуына ат салысып, шариғаттың ұлылығын халыққа көрсетіп, жаһанға жар салады. Олар діннің негіздерін әсте өзгертпей, оның рухына тиіспей, тек түсіндіруге келгенде жаңа тәсіл қолданып, заманның ұғымына сай түсініктеме жасап өз міндеттерін адал атқарады.Мұндай Раббани қызметшілер өздерінің кім екендерін іс-амалдарымен дәлелдейді. Берік имамдары мен ықыластарының шуағын шашып, имани мәртебелерін іс жүзінде көрсетеді. Мұхаммеди (с.а.у.) ахлақты толықтай ұстанып, Пайғамбардың өнеге толы іс-әрекеті мен сырлы сипаттарын бойларына сіңіргендіктерін паш етіп тұрады. Қысқасы, амал мен ахлақ тұрғысынан, Пайғамбар сүннетіне еру мен бекем ұстану жағынан Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметіне үлгі-өнеге болып, жетекшілік етеді. Олар жазған Құран тәпсірі мен діни үкімдердің түсіндірмесі және заманының түсінігі мен ілім деңгейіне сәйкес жазған еңбектері – жеке бастарынан туындаған өз ой-пікірлерінің жемісі емес. Олардың тәпсір кітаптары тікелей уахидың бұлағы болған Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мағынауи илхамымен яғни рухани нұсқауымен жазылған. Атап айтсақ, «Джәлжәлутия», «Мәснәу-и Шәриф», «Футух-ул Ғайб» т.с.с. кітаптар
613БӘДИҮЗЗАМАН АФИОНДАсынды. Мұндай киелі еңбектердің жарыққа шығуына авторлары тек (тәржімеші) аудармашы қызметін атқарады. Әрине, бұл ерекше тұлғалардың, әлгі ерекше кітаптарды реттеуде, баяндау тәсілінде өз үлестері болады, яғни олар әлгі мағыналарды шағылыстырып, басқаларға көрсетуші айна ғана. Рисалей-Нұр және оның аудармашысына келер болсақ.Бұл ерекше еңбекте осы кезге дейін теңдесі жоқ, керемет нұр, айырықша кемелдік байқалады. Сондықтан болар, ешбір кітап бөленбеген абыройға ие болып, һидаят нұрын шашқан, бақыттың жолын ашқан Қасиетті Құранның нұр-фейізіне бөленгені көрініп тұр. Сол үшін сенімді түрде, бұл еңбекті Құранның нұры деп айта аламыз. Бұл кітапты әулиелердің еңбегі дегеннен гөрі Мұхаммедтің (с.а.у.) нұр-фейізіне бөленген тәпсір деген дұрыс. Сондай-ақ, Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ықпалы, алаңдаушылығы, рухани басқаруы әулиелердің кітабынан әлдеқайда басым және тәржімешісі болып табылатын рухани тұлғаның үлесі, кемелдігі соншалықты жоғары екені күндей жарқын ақиқат. Иә, ол кісі сонау жас кезінде ешқандай ілім жинамай тұрып, себептер шеңберінен шығып кетпеуі үшін алған үш айлық ілімімен-ақ бұрыңғы заманның, да кейінгі жаңа заманның да ілімін меңгеріп, діни, руханият, хикмет, астрономия, Иләһи ілім, бәрін-бәрін жетік біліп, ілімнің шырқау шыңына көтерілген. Ондай дәрежеге сірә, ешкім жете қоймаған болар. Басынан аяғына дейін асқақ абырой, теңдессіз батылдық, сарқылмас қанағатқа толы Нұрдың осынау дәнекері өзінің ғажайып көркем мінезімен сөзсіз жаратылыс муғжизасы, Алланың қамқорлығының көрінісі және жалпыға ортақ сыйы екендігінде еш күмән жоқ.Бұл таңғажайып кісі, бәлиғатқа толмай жатып ғұлама атанып, ғылыми ортаны дүр сілкіндірді. Қандай да бір ғылыми пікір таласта үнемі жеңіп кететін. Қандай да бір тақырыпта сұрақ қойылса, толық әрі қанағаттанарлық, жауап беретін. Ол он төрт жасынан бастап ұстаз атанған. Айналасына ілім мен хикмет нұрын шашқан. Ерекше түсіндіру тәсілі, мәселені жан-жақты қолға алуы, керемет парасаттылығы, көрегенділігі зиялы қауымды қайран қалдырған. Осылайша, «Бәдиүззаман» лақабын иеленген. Ерекше қасиеттері, ғылыми артықшылығы арқылы Мұхаммедтің (с.а.у.) дінін жаюда, оны дәлелдеуде үлгі-өнеге болған бұл кісі әлбетте, Сәйид-үл Әнбияның
614БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ(с.а.у.) қошеметіне бөленген, Оның желеп-жебеуіне ие болған тұлға. Ол Пайғамбарымыздың (с.а.у) әмірімен, нұсқауымен жүрген, тікелей қадағалауымен әрекет еткен. Оның нұрына мұрагерлік, айналық қызметті адал атқарған ерекше тұлға. Ол кісінің Мұхаммеди (с.а.у) нұрларды, Ахмеди ілімді, Иләһи фейізді өте жарқын көрсетуі және Құран мен хадистегі риязм ишаралардың сол кісіге келіп түйісуі және Пайғамбарымызға (с.а.у) бағытталған жәлил аяттардың да риязи баяндарының сол кісіге тоғысуы кездейсоқ емес. Яғни бұл ишаралар ол кісінің иманға қызмет тұрғысында Рисалеттің (пайғамбарлықтың) жарқын айнасы, Рисалет ағашының соңғы нұрлы жемісі, Иләһи нұр-сәуленің имани қызмет тұрғысынан соңғы жүк тасушысы екенін меңзейтіндігінде еш күмән жоқ.Үшінші Юсүф медресесінің \"Әл-худжат-уз Зәхра\" және \"Зухрет-ун Нұр\" деп аталған бір ғана дәрісін тыңдаған Нұр шәкірттерінің атынан:Ахмед Фәйзи, Ахмед Назиф, Салахаддин, Зубәйр, Джәйлан, Сүнгүр, Табанжали.Бұл хатта менің үлесімді жүз есе арттырып асыра сілтегені көрініп тұр, дегенмен хатқа қол қойған бауырларымның көңілін қалдыруға батылым жетпеді. Үндемей қоя салдым да мұндай мадақты Рисалей-Нұр шәкірттерінің рухани тұлғасы атынан қабылдағанды жөн көрдім.Саид Нұрси. * * * * *
Сегізінші бөлімБәдиүззаман Спартада1950-жылдан кейінҰстаз Саид Нұрси Афион түрмесінен 1949-жылдың қыркүйек айында босап шықты... Екі полиция сардарының (комисар) ортасында отырған Ұстаз мінген арба бір үйдің алдына келіп тоқтады. Қасында өзіне көмектесіп жүрген шәкірттері де бар еді. Ұстаздың Афион түрмесінен шыққаннан кейінгі өмрінде және Нұр қызметінде мынандай өзгерістер байқалып жатты. Осы кезге дейін Ұстаз түнгі уақыттарда ешкімді өз үйінде қондырмайтын. Күн батқаннан ертесі күнгі сәскеге дейін есігі іштен ілулі тұратын. Афион түрмесінен кейін кейбір адал, хас шәкірттері ұстазына көмектесу үшін бірге тұратын болды. Ұстаз үнемі жеке бір бөлмеде жататын. Қажет болғанда ғана шәкірттері жанына баратын.Афион түрмесінен кейін Үшінші Саид кезеңі басталады. (Бұл оның өз сөзі). Өйткені бұдан кейін Нұр қызметі басқаша бейне алады. Рисалей-Нұр барлық жерге, жаппай тарала бастайды. Ұстаздың айналасында Нұр қызметіне жүгіріп жүргендердің дені студент жастар еді. Мейірімді Аллаһ Афион түрмесіндегі қиыншылықтардың орнына мейірім шуақтарын төккен еді.Жақсылықтың екінші жағы мынау еді: Сот болатын күндері әр аймақтан ауылдан жиналған Нұр шәкірттері бір-бірімен танысып, Ұстаз жайлы Рисалей-Нұр жайлы, Нұр қызметі жайлы мәліметтер алып, Нұрдан нәр алып тұрған ақырет жолындағы, иман жолындағы, Аллаһтың ризашылығы жолындағы шынайы бауырластыққа, рухани күшке қол жеткізуде еді. Сот отырысы басталар кезде Ұстаздың өз шәкірттерімен бірге хас батырлардай сап түзеп, сот залына кірулері, мұсылмандардың жүрегіне шексіз махаббат ұялатып, Аллаһ үшін жақын тарту сезімін оятуда еді. Мұндай сот отырыстары Иман жолында Ислам жолында қызмет етуге ынталандыра түсетін. Мұндай қиыншылықтар, дін дұшпандарының мақсаттарына керсінше, Рисалей-Нұрдың иман жолындағы қызметтерінің қадірін түсінетін, сол істерді өмірлік мақсаттарына айналдыратын жан
616БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИкешті батырларды шыңдап шығаруда еді. Рисалей-Нұрдың нұрымен нұрланған жаңа, зиялы шәкірттер көбейді. Түрмеден шыққаннан кейін де Ұстаздың есігінің алдында екі полиция қызметкері қарауылдап тұрып, үйге ешкімді кіргізбейтін. Түрмеде жатқан кезінде халықты үркітіп-қорықыту үшін “Бәдиүззаманың көзін құртады екен”, деген сынды өтірік – қауесеттер таратып жүрді.Ұстаз Афионда екі айдай тұрғаннан кейін Әмірдағына келді. Әмірдағында көптеген Рисалей-Нұр шәкірттері бар еді. Сол шәкірттер, сол өңірдегі Рисалей-Нұр қызметін жалғастырып жатты.АФИОН ТҮРМЕСІНЕН КЕЙІН НҰР ҚЫЗМЕТІ ҚАЛАЙ ЖАЛҒАСТЫ?Спартада Рисалей-Нұр жинақтары көшіріп басу құралдарымен көбейтіліп, тарап жатты. Ұстаз бұрынғы әдетінше тексерулермен шұғылданатын. Рисалей-Нұр кітаптары ендігі жерде тек қолмен көшірілу немесе көшірме құралдарының көмегімен көбейтілумен шектелмеді. Сол кезеңдегі Нұр қызметтерін былай суреттеуге болар:1. Әр аймақтарда, аудан, ауылдарда Нұр шәкірттерінің бұл ақиқаттарды оқу, оқыту жұмыстары жүріп жатты.2. Спарта және Инеболыда көшірме құралдары арқылы көбейтіліп, жинақтар түрінде шыға бастады. 3. Анкара мен Стамбулда әр түрлі әлеуметтік деңгейдегі халық арасына, әсіресе студенттер мен жастар арасында, мемлекеттік қызметтегілер мен әйелдер арасында кең таралып жатты. Бұл кітаптардың таралуы, оқылуы және осы иман ақиқаттарының кеңінен таралу жолында аянбай еңбек етуші жандардың саны арта түсті.4. Кітаптардың қайтарылуымен қатар, кейбір жерлерде Нұр шәкірттеріне тиісулер жалғасып жатты. Бірақ бұл ресми мекемелердің Рисалей-Нұрмен танысуына жол ашты. Рисалей-Нұрдың Отанымыз бен халқымызға және болашақ ұрпақтың бақыты үшін пайдалы екендігінің анықталуы, дәлелденуі, жария етілуі сынды істер орындалып жатты. Жаңа Үкімет Құранның кемел Нұрларын мақтан тұтатындай көзқараста еді. Жаңа технологиялардың көмегімен басылып, Анадолыға ғана емес, бүкіл Ислам әлеміне таралып жатты...5. Шығыс аймақтарда Рисале-Нұрдың таралуы...
617БӘДИҮЗЗАМАН СПАРТАДАСаид Нұрсидың Афион түрмесінен шығып, Әмірдағына келген кезіндегі жағдай осындай еді. Нұр қызметі тұрғысында орталық Үкіметке де назар аударуда еді. Осы уақытқа дейінгі Нұр қызметі рисалелердің жазылып, көбейтілуімен ғана шектеулі еді. Ұстаз сонау Барладан бастап, үнемі өзінің хас шәкірттермен кездесіп, сөйлесетін. Олардың жасап жатқан еңбектерін қолдап, ынталандыратын. Енді оқушылар мен студенттер және мемлекеттік қызметкерлер Нұрларға қызыға бастады. Рисалей-Нұр арқылы елге, халыққа, Исламиятқа қызмет етуді өмірлік мақсат ете алған, сол арқылы елге көп пайдасы тиген шәкірттер шықты.* * * * *Касациялық сот Афион сотының Рисалей-Нұрға тыйым салып, тәркілеу қарарының күшін жояды. Касациялық соттың мұндай шешім шығаруының бір себебі, Афион сотының қарарындағы қылмыстық материал ретінде танылған рисалелердің Денізлі қылмыстық істер соты ақтап шығарған туындылар ма? жоқ па? анық айтылмаған. Егер бұдан бұрын ақтау шешімі шығарылған туындылар болса, Афион сотының қарары қате болғаны. Сондай-ақ Касациялық соттың шешімімен нақтыланған істің қайта қаралуы заңға қайшы болуы.Касациялық соттың бұл шешімінен кейін Афионда қайта сот болды. Істің барысы осылай кетіп бара жатқанда, билікке келген Демократиялық Партия жалпылық сипаттағы рақымшылық жариялайды. Афиондағы іс те рақымшылық туралы заңның аясында тоқтатылды. (Сілтеме )*Сілтеме: Бірақ алқа билер, Рисалей-Нұр жинағын ақтау шешімін шығармады, шектеу қарарын алды.Бұл қарардың күші 1956-жылға дейін сақталды. Сот, Рисалей-Нұр жинағын шектеуге екі рет шешім шығарып Касациялық сот бұл екі шешімнің де күшін жояды. Афион соты Касациялық соттың шешімдеріне сай, Рисалей-Нұрды ақтау шешімін шығарады. Енді Касациялық сот істі қарау барысында қателіктер кеткенін алға тартып, бұл туындыларды Дін істері басқармасының тексеруден өткізуін қалайды. Дін істері басқармасының бақылауындағы комиссия барлық кітаптарды тексеруден өткізеді. Нәтижесінде Рисалей-Нұрдағы ақиқаттардың хақ екендігін біршама айтып өткен анықтама беріледі. Мамандар дайындаған анықтамаға сүйенген Афион соты 1956 жылдың маусым айында, бір ауыздан Рисалей-Нұрды ақтау және шектеу қоймау шешімін шығарады. Шешім нақтыланып, өз күшіне енеді. Бұдан кейін Рисалей-Нұр жинағы баспаханаларда басылып шыға бастады.
618БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИҰстаздың Афион түрмесіне қамалуынан бұрын, Дін істері басқармасының төрағасы Ахмед Хамди, Саид Нұрсиден Рисалей-Нұр жинағының екі данасын сұратады. Олардың біреуін Дін істері басқармасының кітапханасына қоюға, екіншісін өзі үшін сұраған еді. Бірақ ұстаздың қамауға алынуына байланысты ол кітаптар жіберілмей қалды. Ұстаз түрмеден шығып, Әмірдағына келгеннен кейін, бұрыннан дайын тұрған кітаптарды бір қарап шыққан соң Ахмед Хамдиге жібереді және өз қолымен жазған мына хатты қоса жолдайды.Құрметті Ахмед Хамди Әфенді!Көңілімде жүрген бір ойды сізге айтып берейін. Бұрындары мен, сіздің және сізбен қызметтес молдалардың зәрулік жағдайларға орай, шариғат рұқсат берген мәселелерді бірінші орынға қойып, Шариғаттағы ұлы ақиқаттарды екінші кезекке қалдырулары жайлы пікірлерін құптамайтын едім. Мен оларға да саған да ренжіп, ашуланатын едім. «Ұлы ақиқаттар тұрғанда, неге рұқсатпен шектеледі» - деуші едім.Рисалей-Нұрды сендерге тікелей жібермеген едім. Үш-төрт жыл бұрын көңіліме сені сынға алған реніш те келді. Алайда бірден рухани ескерту алдым. «Сенің баяғы медреседен бергі достарың, Ахмед Хамди сынды кісілер, сұмдық бұзғыншылықтарға қарсы «Әһуанишшер» яғни жаманшылықтардың ішіндегі тәуірін таңдау қағидасына орай, кейбір ғылыми құндылықтарды аса қасиетті нәрселерді сақтап қалу жолына пида етіп, төніп тұрған қауіптерді төрттен бірге түсірді. Бұл олардың мәжбүрлі түрде рұхсаттармен ғана шектеліп қалу сынды кемшіліктерінің өтеуі болар» деген ескертулер келді көңіліме. Сол уақыттан бері мен сізге және сіз сияқты кісілерге баяғы медреселік бауырларым және сабақтас достарым ретінде қарай бастадым. Сондықтан менің уланудың кесірінен болған ауруым мені өлтіріп тынатын шығар деген оймен, Рисалей-Нұрға менің орныма ие болып, қорғап, сақтап жүре алады деген ниетпен үш жыл бұрын өзің қатты қалаған Рисалей-Нұр жинағын жіберіп отырмын. Қазір (онша жақсы жазылмаған, түгел де емес) осыдан он бес жыл бұрын үш кісі жазған жинақты қатты ауырып отырғаныма қарамай қайта қарап шықтым. Бұл үш кісінің қаламы мен үшін он кісіден де қымбат. Бұл жинақты сенен басқа ешкімге бермес едім. Сондықтан мұның рухани бағасы үш нәрсе.
619БӘДИҮЗЗАМАН СПАРТАДАБіріншісі: Сіз (мүмкін болғанынша) Дін істері басқармасының бөлімшелеріне, ескі жазумен мүмкін болмаса жаңа әріптермен жиырма-отыз дана етіп, көбейтіп таратыңыз. Бірақ менің хас шәкірттерімнің біреуі басында тұрып, қадағалап, тексеріп тұруы керек. Өйткені сырттан келіп жатқан дінсіздік ағымына қарсы осындай кітаптарды жарыққа шығару Дін істері басқармасының міндеті.Екіншісі: Рисалей-Нұр медресенің мүлкі. Сіз де медреселердің негізі, басшылары, шәкірттерісіздер, олай болса бұл кітаптар да сіздерге тиесілі.Үшінші: Сәйкестікпен жазылған Құранымыз (мүмкін болса) фото техникамен басылып көбейтілсін. Құранның Сәйкестік мұғжизаларының сәулесі жарқырай түссін.Саид Нұрси* * * * *БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИДІҢ ЖӘНЕ ШӘКІРТТЕРІНІҢ 1950-ЖЫЛДАН КЕЙІН ЖАЗҒАН ХАТТАРЫНАНДемократтардың Азанның Арабша оқылуына рұхсат беруіне байланысты жазылған бір хат.Әзиз, адал бауырларым.Біріншіден: Сіздің және бүкіл елдің, сондай-ақ Ислам Әлемінің маңызды жетістіктерінің бастамасы, еліміздегі Ислам нышандары жарқырай түсетінінің сүйіншісі ретіндегі Азанның он мыңдаған мұнаралардан күмбірлей оқылуы құтты болсын. Сексен жылдық өмірді құлшылықпен өткізгендей сауап жаздыратын қасиетті Рамазандағы құлшылықтарыңыз бен дұғаларыңыздың қабыл болуын тілеймін. Мейірімді Аллаһтан Рамазан айының әр түні сіздерге Қадір түніндей сауап жаздыруын тілеймін. Бұл Рамазанда қатты ауырып, шамам құрып отырғандықтан сендерден рухани демеу сұраймын.Саид Нұрси* * * * *
620БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИИслам Әлемінің орталығындағы мүбәрәк мұсылман бауырларға.Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз. Өз еңбектері арқылы барлық ғұламалар мен тәпсір жазушы ғалымдардың ең жоғарғы дәрежесіне көтерілген Бәдиүззаман Хазретке, аса құрметті дін жолында аянбай еңбек етіп жүрген бір ғалымның құттықтау хатын тапсырған едім.Бәдиүззаман Хазреттің бізге жазған жауап-хатында, аса құрметті Ұстаз Бәдиүззаман Хазрет, сіздерге мың алғыс айтады. Анадолыда Құран және Иман жолындағы қаһармандардың ізбасарлары болған Нұршылар мен Арабстандағы Құран ақиқаттарын тануға ұмтылған мұсылмандарды Құранға ерген ұлы топтың ішіндегі екі бауыр, бір-біріне үйлесімді жолдас екендіктерін сүйіншілеуде. Сол бауырларымыздың Рисалей-Нұрға қызығушылық танытып, кейбір бөлімдерін Арабшаға аударып жарияласақ деген ниеттеріңізге қатты қуанғанын жеткізуде. Сонымен қатар, Олардың Урфадағы Нұр шәкірттерімен байланыс құрғандары дұрыс екенін жазыңдар деген бұйрық берді бізге.Ей әзиз де бақытты Араб халқының нұрлы ұландары! Ислам әлемін бөлшектеу үшін ата-бабамызға мың төр жүз жылдан бері шабуыл жасап келе жатқан кәпірлер, ақыр соңында, Бірінші дүние жүзілік соғыста армандарына жетіп тынды. Екі мұсылман бауыр – Түрік пен Арабтың мың жылдан бергі мызғымас сүйіспеншілігін, әр түрлі айла-шарғылар қолдану, алдап-арбау арқылы жойып жіберді. Мұсылмандардың, адамзаттың мақтанышы, бүкіл әлемнің жаратылуына себеп болған Аллаһтың барлық жарылқауына ие болған ұлы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Рауза-и Мұтаххарасына жетуді аңсаған жүректердің махаббатын көре алмады.Сол ұлы Пайғамбардың азғантай ғана ілтипатына бөлене алу үшін жанын да пида еткендерді көріп, қызғаныштан іштері күйеді. Бір мың төрт жүз жылдан бері жер бетінде, уақыт деп аталатын параққа шәһидтер мен ғазилардың аппақ қылыш-қаламдарымен, қызыл сиямен жазып қалдырған мақтанышқа толы тарихын ұмыттырғысы келді мұсылмандарға. Осындай арамза пиғылмен алға ұмтылған жау, ауыр азапқа салып жаныштаған екі бауырды – Түік пен Арабты,
621БӘДИҮЗЗАМАН СПАРТАДАбұдан былай бас біріктіре алмастай етіп, аса ауыр келісім шарттардың шынжырымен байлады. Темір шынжыр бұғау салып, жылдар бойы зарлатты. Мұсылмандардың басына неше түрлі бәлені үйіп төкті.Жоқ, олардың дегені бола қоймас! Аллаһтың Инаяты бізге қайта жар болатынын, Рисалей-Нұр сынды Құранның керемет тәпсірі арқылы және оның авторы Бедиүззаман арқылы Мұсылмандардың ұлы жеңістерге жететінін біле алмады, байқай алмады. Ал бұл туындының Аллаһтың бір екендігін, Пайғамбарымыздың расында да Пайғамбар екендігін және өлгенен кейін қайта тірілудің рас екендігін өте күшті, нақты айғақтармен дәлелдеп беретіндігі сонша, осы уақытқа дейін бір де бір философ, бір де ғалым қарсы шыға алмай отыр. Біз Түрік қауымы, Сейттердің басым көпшілігі сіздердің араларыңызда болғандықтан жомарт Араб халқын және сіздердің аталарыңыз болған ардақты Сахабаларды Аллаһ үшін, Пайғамбарымыз (с.а.у.) үшін шексіз жақсы көреміз, құрметтейміз, бұл сүйіспеншілік біздің рухымызға сіңген және мәңгі жасай бермек.Ұлы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жолында, асыл дініміздің жолында барлық нәрсемізді, жанымызды да пида етуге дайынбыз. Ұстазымыз Бәдиүззаман Хазірет жеткізген сүйінші хабар тезірек орындалып, екі бауыр, Түрік пен Арабтың жақын арада ынтымақтаса әрекет етуін шексіз мейірімді Аллаһтан тілеп, жалбарынамыз. Сол ынтымақтастықтың нәтижесінде залым жаудың мұсылмандардың арасына шашқан алауыздықтың тұқымдарын өз беттеріне қайта ұратын боламыз. Темір құрсаудың астында жатқан төрт жүз миллион Мұсылман, қасиетті Ислами өмірге қайта қауышып, адамзатты бейбіт өмірге бастайтын болады, Инша Аллаһ.Рисалей-Нұрдың бейшара шәкіртіХУСРЕВ* * * * *
622БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИҰстаздың Рисалей-Нұрдың Отанға, Халыққа Ислмаға көп қызмет еткендігін қабылдап, мақтан тұтқан Премьер министр Аднан Мендереске жазған бір хаты.Өзім ауыр науқаспын және саясатта шаруам жоқ. Бірақ Аднан Мендерес сынды Ислам қаһарманымен сөйлесіп, сұхабаттасқым келеді. Кездесуге шамам болмағандықтан, көзбе көз кездеспесек те мына хат менің сөзімді жеткізер деп, жазып отырмын.Ислам қаһарманы Аднан Мендерес сынды діндар жанға бірнеше ақиқатты айтайын.Біріншісі: Исламның негізгі қағидаларының бірі аятының ақиқаты. Біреудің қылмысы үшін басқа біреу, туысқаны, досы жауап бермейді. Ал қазірге саяси ортада, партиялық жақтастықтың салдарынан, бір қылмыскер үшін көптеген бейкүнә жанның зардап шегуіне ризашылық танытылуда. Бір қылмыскердің қылмысы үшін оның жүздеген жақтастарына немесе туыстарына өрескел ғайбаттар айтылып, сын тағылуда. Осылайша бір ғана қылмыс жүз қылмыстық сипат алуда. Кек қайтару, жауласу сынды пиғылдарды өршітіп, кек алуға, жауласуға, маған не істесең саған да соны істеймінге мәжбүр етуде. Мұндай жағдай қоғамдық өмірдің тас-талқанын шығаратын у-дерт. Сыртқы жаулардың араласып кетуіне қолайлы жағдай тудырады. Иран мен Мысырда байқалған толқулар осындай нәрселерден туындап отырғандығы түсінікті болып отыр. Бірақ ол жақтар бізге ұқсамайды. Бізбен салыстырғанда жүзде бір ғана жағдай. (Құдай сақтасын) ондай жағдай бізде бола қалса, сұмдық болады.Мұндай қауіпті жағдайға қарсы бір ғана шара: Ислами бауырластық, Ислам мен ұлттың бір ұғымға айналуы негізге алынуы керек. Бейкүнә жандарды қорғау үшін, тек қылмыскерлер ғана жазалануы керек.Қоғамдағы тыныштықты сақтаудың негізі ретінде тағы сол қағида қолға алынуы керек. Мысалға: бір үйде немесе кемеде бір бейкүнә адам мен он қылмыскер отырса, нағыз әділдік пен сенімділікті сақтау
623БӘДИҮЗЗАМАН СПАРТАДАүшін, әлгі бейкүнә жанды құтқару керек, ол сыртқа шықпайынша ол үйге немесе кемеге тиісуге болмайды. Міне осы Құрани заңның үкімі бойынша, қоғамның тыныштығын бұзып, он қылмыскердің кесірінен тоқсан бейкүнә жанға қауіп төндіру Аллаһтың қаһарына ұшырауға себеп болады. Аллаһ осындай қиын-қыстау заманда діндар жандарды билікке әкелген болса, олар да Қасиетті Құранның заңдарына сүйенуі керек және өздеріне тиісушілерге қарсы қалқан етулері керек екенін уақыттың өзі хабар беріп тұр.Исламның тағы бір негізгі қағидасы мына Хадис Шәріп: хадисіне орай мемлекеттік қызметкер халықтың қызметшісі. Менменсіп, билеп-төстеудің құралы емес. Бүгінгі таңда Ислами тәрбие мен құлшылықтың азаюынан, халыққа қызмет ету емес, билік жүргізу, өзімбілемдік жасау, әмір беру дәрежесіне шығарып жіберген. Сондықтан бұл дәретсіз, құбылаға бет бұрмай намаз оқу сияқты, әділеттіліктің негіздері бұзылып, халықтың құқы тапталады. Құл ақысы, Тәңір ақысы, деп білмегендіктен әділет болмайды. Өзім білемдікке жол ашады. Қазір, Аднан Мендерес сындылар Исламның, діннің талаптарын орындаймыз деп жүргенде, жоғарыда айтылған екі негізгі қағидаға кері әрекет ететін екі ағым, аса ірі көлемдегі Парамен халықты алдау және шет елдіктердің іске кірісуіне жол ашып беру сынды шабуылдардың ықтималы жоғары.Біріншісі: Бірінші негізгі қағидаға керағар түрде бір қылмыскердің кесірінен, қырық бейкүнә жанды өлтіріп, бір ауылды жағып жіберіпті. Осындай дәрежедегі шексіз диктаторлық жағдай бүкіл адамның нәпсісіне ұнамды мемлекеттік қызметке “билік“ сипатын беру арқылы паралап діндар, еркіндік сүйгіш жандарға соққы жасауда.Екінші шабуыл: Ислам деп аталатын қасиетті ұлтын тәрк етіп (біріншіге ұқсас) бір қылмыскердің кесірінен жүз бейкүнә жанның құқын таптай салатын, сырт көзге ұлтжандылық, ал ақиқатында нәсілшілдік сезіммен, еркіндік сүйгіштерге де діндар Демократтарға да осы елдегі жетпіс пайызды құрайтын әр түрлі ұлттарға да үкіметке де беишара Түрік халқына да, Демократтар жүргізіп отырған саясатқа да қарсы әрекет етуде. Бұл үшін менменшіл бұзақылардың нәпсілеріне жағымды “пара“ ретінде нәсілшілдік бауырластығын ұсынуда. Сол нәпсіге жағымды бауырластықтың астарында оның нәпсани пайдасынан мың есе
624БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИартық шынайы бауырларды дұшпандыққа бастайтын өте үлкен қатер тұр. Алайда мұны нәсілшілдік сезімінің мастығымен байқай алмай отыр. Мысалы: Ислам атты ұлтқа айналған төрт жүз миллион бауырының күн сайынғы деген ортақ дұғасынан пайдаланудың орнына, нәсілшілдік пиғылмен төрт жүз миллион бауырын төрт жүз басбұзар мен немқұрайлы жандардан келер дүниелік пайдаға айырбастап отыр. Мұндай жағдай, Отанға да үкіметке де діндар демократтарға да Түріктерге де аса қауіпті. Бұлай жасап жатқандар шынтуайтында Түрік те емес. Жаны жомар Түріктер мұндай келеңсіз іске жоламайды. Бұл екі ағым, екі топтың да кез келген нәрсені пайдаланып, діндар Демократтарды құлатып тынуға әрекет етіп жатқандықтары, сол жолда жұмсалып отырғандықтары анық белгілі болып тұр. Мұндай сұмдық бұзғыншылыққа және екі күшті жауға қарсы, қырық Сахабамен әлемнің қырық мемлекетіне қарсы майдан ашып, жеңіске жеткен және бір мың төрт жүз жыл бойы, әр ғасыр сайын үш жүз, төрт жүз миллиондық шәкірті бар Құран ақиқаттарының сарқылмас күшіне арқа сүйеп, ол жердегі екі дүниенің бақытына бөлер, өзіне баурап әкетер ақиқаттарға арқа сүйеу керек. Бұл, әлгі топтарға және іштен де сырттан да шабуыл жасаушы жауларға қарсы қолданар аса қажетті, жалғыз ғана шара. Әйтпесе аяуды білмейтін ішкі де сыртқы жаулар, сендердің бір қылмыстарыңды мың есе асырып көрсетеді және бұрынғылардың қылмыстарын да сендердің мойындарыңа артып, басқаларға жасағанын сендерге де жасайды. Сендерге де елге де халыққа да бетін қайтаруға келмей қалатын қауіп төндіреді. Аллаһ сіздердің Исламның пайдасы үшін атқарар қызметтеріңізді табысты етсін, жоғарыда айтылған қауіптерден сақтасын деп, мен де Нұршы бауырларым да осы ақиқаттарды қабылдап, келешекте атқарар қызметтеріңіз үшін дұға етуге қарар бердік.Үшінші: Исламның қоғамдық өмірге қатысты негізгі заңдарының біреуі мына Хадис Шәріптің ақиқаты. Яғни, сыртқы жауға қарсы, ішкі араздықты ұмыту және бір біріне арқа сүйеу. Тіпті ең бәдәуи тайпалардың өзі осы негізгі қағиданың пайдаларын түсініп, сырттан жау келген кезде, өзара бір-бірінің әкесін, ағасын өлтіріп қойса да ішкі араздықты ұмытып,
625БӘДИҮЗЗАМАН СПАРТАДАсыртқы жаудың бетін қайтарғанға дейін ауызбіршілік танытуда. Менмендіктен, өзімшілдіктен, мақтангершіліктен, қатаң саясаттан туындайтын өзара жік-жік болудың кесірінен, өзінің сөзін сөйлеуші шайтанға рахмет айтқызып, қарсыласын қолдаған періштеге лағнет жаудыратын оқиғалар орын алуда. Тіпті бір діндар ғалым өзінің саяси пікірін қолдамайтын діндар ғалымды кәпір дәрежесінде ғайбаттап, өзінің ойын қолдаған, Исламға жау бұзғыншы адамды қатты мақтағанын көрдім. Содан бері саясаттан шайтаннан қашқандай қашып, саясаттан сырт айналғаныма отыз бес жыл болды. Қазір де біреудің Қасиетті Рамазан айында, Ислами нышандарға және мына діндар халыққа қарсы ауыр қылмыс жасаған кезінде қарсыластары оның мұндай жағдайына қатты қуанды. Ал күпірлікке риза болу да күпір болып саналатыны сияқты, адасушылыққа, пасықтыққа, зұлымдыққа ризашылық білдіру де адасушылық, пасықтық, зұлымдық, болып саналады. Бұл өкінішті жағдайдың сырын түсіндім, көрдім. Өздері жасаған қылмыстарды халықтың алдында үзірлі (болымды себепке байланысты) етіп көрсету үшін қарсыластарын өздерінен де өткен дінсіз, қылмыскер етіп көргісі және көрсеткісі келеді.Мұндай сұмдық әділетсіздіктердің нәтижесі өте қауіпті болуымен қатар, қоғамдағы ахлақты (мінез-құлықты) бұзады. Отанға да Халыққа да Исламның үстем болуына да үлкен қастандық болып саналады. Әлі де жаза түсер едім, бірақ осы үш негізгі мәселені еркіндік сүйгіш, діндар жандарға жеткізу жеткілікті болар деймін.Саид Нұрси* * * * *Аднан Мендереске жіберу ниетімен бұрынырақтажазылған, қоғам өміріне қатысты бір ақиқаттыңсілтемесін қайта ұсынып отырмыз.Сілтеме: Бұрынғылардың түкке тұрғысыз, қалағанын істеп шығарған заңдары мен орынсыз қолдануларының нәтижесінде, тіпті бүлдірулерінің нәтижесінде пайда болған Тижани мәселесін *діндар демократтардың мойнына арта салмау және Ислам Әлемінің *Солтүстік Африкада құрылған бір тариқаттың аты(ауд.)
626БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИназарында Демократтардың абыройын түсірмеудің бір ғана шарасы мынау деп ойлаймын. Азанның қайтадан Арабша айтыла бастауы арқылы Демократтар он есе күш жинады. Діндар демократтар Ая Софияның бес жүз жыл атқарып келген қасиетті міндетін қайта жандандыруы және Ислам Әлеміне жақсы әсер етіп, Ислам Әлемінің бұл елдің халқына деген сүйіспеншілігін оятқан, жиырма сегіз жыл бойы тергеп тексерсе де зиянды жақтарын таба алмаған, бес сот ақтау қарарын шығарып берген Рисалей-Нұрға ресми түрде еркіндік берілуін ашық түрде жария етуі және бұл жараға дәрі жағуы керек. Сол кезде Ислам Әлемінің сүйіспеншілігіне бөленуімен қатар, басқа біреулер жасаған зұлымдықтар бұлардың мойнына артылмайды деген ойдамын. Діндар демократтардың, әсіресе Аднан Мендерес сынды кісілердің құрметі үшін, отыз бес жылдан бері тастап кеткен саясатқа бір-екі сағатқа бет бұрып, осыларды жаздым.Саид Нұрси* * * * *Анкара қаласындағы Нұр шәкірттерінің бір хатыҒазиз, адал бауырларым!Хаттарыңды оқып, Ислам күні туатын уақыт жақын екенін сезгендей болдық. Жүздеген жылдар бойы адамзатқа қарсы, Дін Исламға тосқауыл болар пікір, үгіт-насихат жасап келген кәпірлердің бұзған жерлерін жөндеуге бел буып кіріскен Рисалей-Нұрдың жастар арасында кеңінен тарап жатқанын естіп қуанып қалдық. Мәңгі өмірге жол тартқан хаққа құмар жандар қияли, бос сөздерді қойып, Рисалей-Нұрды қолға алып күпірлікке қарсы күресуі заңдылық. Нұр шәкірттері жүрегі таза, иманды жандардың адал достары болып табылады. Сендер секілді бауырлардың жазған хаттары бізді құлшындырып, шабыт беруде. Құранның тәпсірі Рисалей-Нұр адасушылық неткен жаман екенін, бұл заманда күпірлікпен күреспеу барып тұрған ақымақтық екенін үйретеді. Мына коммунизм, анархия жайлаған заманда және масондық ұйымдар қарқынды жұмыс істеп жатқан кезде ең басты міндет Рисалей-Нұрға қызмет және Аллаһтың ризашылығы үшін оны сұрағандарға жеткізу болмақ. Мұндай киелі де
627БӘДИҮЗЗАМАН СПАРТАДАмаңызды әрі аса қымбат қызметтен бас тартқызғызы келген жойқын тосқауылдар керісінше біздің ықыласымызды арттыра түспек. Рисалей-Нұр бізге былай үйретеді әрі дәлелдейді: Бұл дүния мейманхана. Мәңгі өмір сүргісі келетіндер мейманханадағы міндетін адал атқарған жағдайда қошеметке бөленеді. Демек, қазіргі таңда басты міндетіміз ұйықтан шыққысы келетін діндарларға, қараңғыдан көзі талған, мұқтаж жандарға қол ұшын беріп көмектесу. Әуелі өзіміз Нұрларды оқып түсініп, жұртқа таныстырыуымз керек. Бұл өте маңызды мәселе. Әуелі Рисалей-Нұр кітаптарын мұқият және әрдайым оқу керек. Сол құнды кітаптардағы Құран және Иман ақиқаттарымен қаруланып, оны жақсы меңгерген жөн. Осылайша, осы таңғажайып тәпсірді толық оқып жақыннан танысуымыз керек. Міне, сол кезде зор нығметке бөленген боламыз. Ондай адамның құндылығы жүз тіпті мың есе артып өзіне, отанына, халқына пайдалы болары сөзсіз. Отанына, ұлтына, жастарға, Ислам әлеміне қызмет ете алатын дәрежеге көтеріледі. Сондықтан әуелі Хазіреті Ұстаз Бәдиүззаман және оның хас, ықыласты шәкірттері болуға лайық сіздер, біздің Рисалей-Нұр жинағын тауып алып, мұқият талдап-талқылап, ықыласпен оқуымыз үшін дұға етіңіздер. Құран мен Иманға қызмет ету үшін аянбай еңбек етейік. Рисалей-Нұрдың бұл ғасырда қабыл болған кітап екеніне дәлелдер көп-ақ. Сондықтан ар-намысты әрбір мүмин оның туа біткен жанашыры, көмекшісі деп ойлаймын.Рисалей-Нұрдың осы ғасырға тән қасиеттері бар екені рас әрі мыңдаған ғалымдар оны растап жатқаны да шындық. Һәм Құранға делдал болған қаһарман Ұстаз, теңдесіз түрде, аяғын нық басып, құнды ережелерді қатаң сақтай отырып бүкіл өмірін Иман мен Ислам дініне арнаған, һәм дүниелік ешбір пайда көздемей, тек Аллаһ ризасы үшін еңбек етуде. Һәм Нұр шәкірттері де бар күштерімен Иман мен Дін Исламға Пайғамбарымыздың сүннеттін ұстана отырып қызмет ету үшін жандарын қиюда. Олар түкке татымайтын бас пайданы ойламайды, һәм жүз мыңдаған Нұр шәкірттері қанша қыспақ, зорлық-зомбылық көрсе де осы ақиқатты іс жүзінде дәлелдеді, һәм әрбір шәкірті бүгінде қоғамда етек алған қисық көзқарастарға, жөнсіз нанымдарға толық қанағаттанарлық, қисынды жауап бере алатын дәрежеде. Һәм барлық сұрақтарға Құранда жауап бар. һәм Қасиетті Құран керемет сабақ беретін Аллаһтың сөзі, сый-кәдесі, нұры,
628БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИрахымы. Олай болса осы рахымға толы қазынаны, осы бір ақиқат бұлағын көрсеткен, үйреткен және жастардың, жалпы бұқараның оңай түсінетін тілінде жазылған Рисалей-Нұрды мұқият, ден қоя отырып оқиық. Бос уақытымызды тиімді пайдаланып жазайық. Мұны әрі ғибадат әрі энергия көзі деп білейік.Ол, осы шақ пен келешектің және біз секілді жастардың өте тәтті, өте пайдалы, һәм құштарлана ішетін дәрісі, рухани құтқарушы десем артық айтқан болмаймын. Мұндай ақиқаттар жарыққа шығып, қол жеткізу мүмкін бола тұра оған талпынбау, Рисалей-Нұр тәпсірін бастан аяқ зерттемеу, мән бермеу тек бейғамдардың ісі, соларға ғана жарасатын қылық. Һәм, кімде-кім ақиқатты іздеп жүрсе, Рисалей-Нұрдан дәріс алуы керек. Біз Анкара Нұр шәкірттері бір ауыздан Нұр жолында жүрген әрбір нұрлы жан нағыз бақытқа қол жеткізеді, дүниенің не екенін, мәнісін түсінеді демекпіз. Мәңгі өмірдің қазынасын ашып көрсеткен Құран Кәрімнің нұры – Рисалей-Нұрдың нұрлы үнін уақыты келгенде бүкіл әлем еститін болады.Хадис бойынша, Ислам ғұламалары дүниеге қызықпай, әуестікке берілмесе пайғамбарлардың ең сенімді ізбасарлары болып қала береді. Біз де Рисалей-Нұрды Оның ізбасары деп білеміз. Рисалей-Нұрдың мағынауи тұлғасы толыққанды ізбасар екенін дәлелдеді, дәлелдеуде. Оған қарсы шыққан көр-соқырлар мен тоңмойын ғапылдар масқара болады. Осындай керемет қасиеттерге ие Рисалей-Нұр, әлбетте, бүкіл философтарды, дүние жүзіндегі ілім адамдарын, хақ жолдағыларды өзіне шақырады. Ақыл-есі дұрыс, жүрегі жомарт жандарды өзіне шәкірт қылады. Бұл айтылған күн де алыс емес, жақын. Алдымызда жарқын болашақ күтіп тұр. Көптеген дана-ғалымдардың айтуынша дүния жаңа бір кезең өткергелі тұр. Дүнияға бір нұр керек. Ақиқатшыл ақын Мехмет Акиф: О, Аллаһ! Ғасырлар бойы сарғайып күтіп жүрген нұрды жіберші, келсін.Тұншығып, тынысы тарылды халықтың, таңның атқанын көрсін!- дегені бізше осы нұрға ишара екені даусыз.
629БӘДИҮЗЗАМАН СПАРТАДАӘзиз бауырларым!Рисалей-Нұрға лайық боларлықтай жұмыстар жасай алуымыз үшін бізге дұға етіңіздер. Анкара жақ бізді жұтып қоймасын. Нұр қанша жерден қараңғылықты жарық еткенімен, бәрібір оны көретін көз, түсінетін бас керек. Мынадай жерде көзімізді шел баспасын. Біз бейшараларға дұға етіңіздер. Аллаһ бәрімізге Рисалей-Нұр арқылы әзиз дінімізге қызмет етуді нәсіп етсін. Амин... Бір бауырымыз, бүгін таң намазынан кейін мына өлең жолдары көңліме оралды, деді. Дінім Ислам, кітабым Құран, Иманым хақ. Осы жолда жан беру де мәңгі бақ.Сіздерді қатты жақсы көретін Анкара университетініңНұр шәкірттері * * * * *
СараптамаларҰзақ уақыттан кейінгі кездесуҰстазды көрмегелі жиырма сегіз жыл болған шығар. Оның жарқын дидарын көріп, көзайым болғанға дейін қарап отыруды, зиярат етуді қанша қаласам да уақыт таба алмадым. Бірақ ол біздің жүрегімізден орын алған соң, рухани түрде бірге болатынбыз. Бұл жағдай кеудедегі қалауды біршама қанағаттандырып тұрды ғой. Оны көріп, құшақтасқан кезімде оның нұрлы бейнесімен көзбе көз дидарласудың қаншалықты әсерлі болатынын көрсетті. Ұстазбен танысқалы қырық жылдан асты. Ол кезде Акиф бар, Наим бар, Ферид бар, Измирліктер бар бәріміз күніне бір неше сағат сұхбат құратын едік. Ұстаз өзіне тән диалектісіне салып өте терең ғылыми мәселелерді қозғайтын. Оның сөз саптауларындағы батырлық, жалынды жігер бізді де қоздырып жіберетін. Туа біткен алғырлық, Аллаһ берген талант, адамды тығырыққа тірер мәселелердің өзін ақылмен, парасатпен шешетін. Басы ой-пікірлерге толы жүретін. Нақыли сөздермен (бұрынғылардың айтқаны) көп шұғылданбайтын. Оның нұсқаушысы тек қана Құран еді. Бүкіл рухани азығы мен парасатының қайнары сол еді. Барлық сәуле, барлық нұр тікелей сол бұлақтан келіп жатыр. Өзі мүжтеһид имамдай сөз иесі. Жүрегі Сахабалардай Иманға толы. Рухында Омардың батырлығы. Жиырмасыншы ғасырда жүріп, «Бақыт ғасырында» өмір сүрген мүмин, бар арманы бар ойы Иман мен Құран. Исламның негізгі мақсаты болған «Тәуһид» пен «Аллаһқа Иман», оның және Рисалей-Нұрдың ең үлкен, ең негізгі қағидасы. Бақыт ғасырында, мұсылмандардың алғашқы кезеңінде өмір сүргенде Пайғамбарымыз (с.а.у.) Қағбадағы пұттарды қирату ісін соған берер еді. Күпірлікке, Ширкке, пұтқа табынушылыққа соншалықты өш, жау.Иман және Құран ақиқаттарын жеткізу жолында арпалысып өткен бір ғасырға жуық, ұзақ өмір. Майдан даласында, алғы шептерде, қолына қылыш алып жауға шапқан баһадүр. Тұтқында жүріп, жаудың қолбасшысына қарсы тұрған батыр. Өлім жазасына кесіліп тұрып, дұшпанның қолбасшысын райынан қайтарып, ақылға келтірген ер. Отан үшін, халық үшін ойланбастан өліп кетуге дайын
631САРАПТАМАЛАРжанкешті. Бұзғыншылық пен фитненің қас жауы. Халықтың игілігі үшін қаншама азаптарға төтеп берді. Өзіне зұлымдық жасағандарға қарғыс та айтпады. Зынданға салып қинағандарға таупық, иман тіледі. Өз мақсаты жолында өліп кету, ол үшін оңай шаруа еді. Азғантай көже, бір тілім нан, бір кесе суға қанағат етті. Киімдері өте қарапайым, бірақ тап-таза болатын. Тазалыққа қатты мән беретін. Қағаз ақшаны қолына да ұстамайтын, қалтасына салып та жүрмейтін. Бұл дүниеге тиесілі еш нәрсесі жоқ еді...Дене бітімі шағын болғанымен, өте айбарлы еді. Көзқарасы өткір болғанымен, көздері нұр шашып тұратын. Дүниелік тұрғыдан ең кедей адам шығар, ал, рухани байлықтың сұлтаны дерсің.Сексеннен асып кетсе де, бетінде бір әжім жоқ, бірақ шаштары аппақ еді. Өңі аққұба келген, сақалы жоқ еді. Жас жігіттей жігерлі болатын. Жұмсақ мінезді момын жан еді. Бірақ қоздырып жіберсе, арыстандай айбарланып, патшалардың патшасындай саңқылдап сөйлеп кететін.Ең жек көретін нәрсесі саясат болатын. 35 жылдан бері қолына бірде бір газет ұстаған емес. Дүниелік істерден байланыс үзген еді. Ақшам намазынан кейін ертесі күнгі сәскеге дейін ешкімді қабылдамай құлшылық ететін. Өте аз ұйықтайтын. Шәкірттерін де саясаттан аулақ ұстайтын. Еліміздің әр өңірінде алты жүз мыңға жақын, тіпті бір милионға жететін шәкірттері еліміздің ең хайырлы ұландары. Университеттерде сабақ алып жүрген шәкірттер өте көп, жүздеп, мыңдап саналады. Сыныптағы ең үздік, ең озат шәкірттердің бәрі де Нұр шәкірттері. Еліміздің барлық жерінде кездесетін Нұр шәкірттерінің тәртіп бұзғандығы, қоғамның тыныштығына зиян бергендігі жайлы еш қандай оқиға тіркелмеген. Кез келген Нұр шәкірті тәртіп пен жүйенің сақшылары, қоғамдағы тыныштықтың рухани күзетшілері.Стамбул сапарында қиналған жоқсыз ба? деп сұрадым. Мені қинайтын бір ғана нәрсе, Исламның басына төнген қауіптер. Бұрындары қауіп-қатер сырттан келетін. Оны тойтару оңай еді. Қазір іштен шығып жатыр. Құрт кеуденің ішіне түсті. Қарсыласу қиынға соғуда. Қоғамымыздың денесі мұны көтере алмай қала ма деп қорқам.... Өйткені жауды сезіп тұрған жоқ. Күре тамырға азуын салып, қанын ішіп жатқан дұшпанды дос деп ойлайды. Қоғамның көкірек көзін мұншалықты шел басса, иманға қауіп төніп тұрғаны.
632БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИМені қинайтын бірден бір нәрсе осы. Әйтпесе, өз басыма түскен қиыншылықтарды ойлауға да уақытым жоқ. Менің басыма бұдан мың есе ауыр зұлымдықтар жасалса да, иманға қауіп төнбесе, соның болашағы жарқын болса ғой, шіркін.– Жүз мыңдаған иманды шәкірттеріңіз болашаққа сеніммен қарауға үміт бермей ме?– Мүлде үмітсіз емеспін...................................................................................................................................Әлемде, рухани тұрғыдан аласапыран жағдайлар орын алуда. Рухани іргетастары шөгуге айналған батыстан шыққан індет, оба бүкіл әлемге жайылып барады. Мұндай жұқпалы індетке қарсы Ислам қоғамы қандай шара қолдана алады. Батыстың тозығы жетіп, шіріген, ақиқаттарға керағар формулаларын пайдалана ма? Әлде, Исламның ешқашан ескірмейтін Имани негіздерін бе?....Иманның қорғанын күпірліктің шіріген тіреулері ұстап тұра алмайды. Сондықтан да мен бүкіл уақытымды Иман жолында жұмсаудамын...Рисалей-Нұрды түсінбей жатыр. Немесе түсінгілері келмейді. Мені схоластиканың батпағына батқан медресе мұғалімі деп ойлайды. Мен нақты ғылымдардың барлығымен, заманымыздың пәндерімен, философиясымен шұғылдандым. Бұл тақырыптарда өте терең мәселелерді шештім. Осыған орай, қаншама шығармалар жаздым..... Бірақ мен Құранды негізге ала отырып, Тәуһид пен Иман шеңберінде еңбек етудемін.Ислами қоғамның негізгі іргетасы да осы. Бұлар шайқалған күні Ислам қоғамы да жойылады.Маған «Сен анаған да, мынаған да неге соқтығасың» дейді. Қарсы алдымда жалыны көк шарпыған сұмдық өрт бар... Ішінде балаларым жанып жатыр... Иманым жанып жатыр. Сол өртті сөндіру үшін, иманымды құтқару үшін жүгіріп жүргенімде, мені шалып құлатқысы келгендерге аяғым тиіп кеткен болса, сол да маңызды ма? Оларға мән беріп те жатқаным жоқ. Анандай алапат өрттің жанында, мынадай болмашы нәрсенің не құны бар? Осындай да шолақ пікір, шолақ ойлар болады екен-ау! Мені өз басының қамын күйттеп жүрген біреу деп ойлай ма? Мен көпшіліктің иманын құтқару жолында бұл дүниемді де, ақыретімді де пида еттім. Сексеннен асқан шағымда бұ дүниелік «қызық» деген нәрсенің не екенін білмеймін. Бар өмірім
633САРАПТАМАЛАРмайданда немесе тұтқында, одан кейін өз отанымның түрмелерінде өтті. Мен көрмеген қиындық, мен тартпаған жапа қалмады. Әскери трибуналдар маған кісі өлтірген залымдармен бірдей қарады. Істейтін шаруасы қалмаған қаңғыбастай ана аймақтан, мына аймаққа айдалдым. Қаншама рет у берді. Қорлықтың неше түрін көрдім. Мұндай өмірден өлімді артық санаған кездерім де көп болды. Егер дінім өз-өзіме қол жұмсауыма тыйым салмағанда, бүгінге дейін Саидтың сүйегі де шіріп кеткен болар ма еді.Менің болмысым (жан дүнием) қорлыққа шыдай алмайды. Исламияттан күш алатын батылдық пен намыс мені ондайдан аулақ ұстайды. Ондай жағдайға тап болсам, алдымда кім тұрғанына қарамаймын, ең залым, қас-дұшпанның қолбасшысы болса да бас имеймін. Залымдығын, оңбағандығын бетіне басамын. Мені зынданға тастай ма? Өлімге айдай ма маңызды емес. (Солай болды да) Осылардың бәрін көрдім. Баяғы қаныпезер қолбасшының жүрегі зұлымдықтан арыла алмай бірнеше минут шыдай тұрғанда, Саид сол кезде ақ дарға асылып, бейкүнәлардың қатарына қосылып кеткен болар еді.Менің бүкіл өмірім қиыншылықтарға, машақаттарға толы. Жамағаттың иманы мен бақыты жолында өзімді пида еттім. Өкінбеймін, кештім бәрін де. Ешкімге де қарғыс айтпаймын. Өйткені Рисалей-Нұр кем дегенде жүз мың, әлде бірнеше миллион адамның иманын құтқаруға себепші болды.(Қанша екенін де білмеймін ғой, Афионның прокуроры бес жүз мың деген еді.) Өліп кетсем, тек өзім ғана құтылар едім. Қаншама қиыншылық шексем де, осынша жанның құтылуы үшін тер төктім. Аллаһқа мың шүкір.Көпшіліктің иманы мен бақыты жолында ақыретімді де пида еттім. Ойымда Жұмаққа кірсем-ау деген арман да, Тозаққа түсем-ау деген қорқыныш та жоқ. Көпшіліктің, жиырма бес миллион Түрік жамағатының иманы жолында бір Саид емес, мың Саид садаға кетсін. Жер бетінде Құранымыз жамағатсыз қалса, жұмақтың да қажеті жоқ. Ол жер де маған зынданға айналар. Халқымның иманының кемелденгенін көрсем, тозақ отына жануға да разымын. Өйткені, денем жанып жатқанда рухым шат болады.Хазіреттің ішкі әлемі тасқындап кеткен еді. Жанартаудан атқылаған шоқтардай жалынды сөздер атқылап жатты. Көңіліміз,
634БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИдауыл күнгі теңіздей толқып тұрды. Биік шыңнан құлап аққан сарқыраманың жойқын күші рухымызды соққылап жатқандай еді. Қатты толқып тұрды. Жұрт алдында мінбеге шыққан шешендей сөз маржанын төгілтіп жатты. Сөзін бөлгім келмеді. Шаршағанын да сезіп тұрдым... Қартты шаршата бермей, тақырыпты өзгерткім келді.– Сотта қиналып, шаршап қалған жоқсыз ба? деп сұрадым.............................................................................................................................Әйелдер мен апа-қарындастарымыздың діни сабақ алып, Ислами тәрбие арқылы өз намыстарын қорғап алуын қолдау қылмыс па? Мұны қылмыс деп танитын заң бар ма? «Жүрекке жеткен ақиқат» деген сөз тіркесі өзінің абыройын арттырып, айналасына адам жинау мақсатында айтылды дегенді білдіре ме? Ғалымдар мен құқықшылардан сұрау керек екен. Ұстазбен кездеспегелі көп болған еді. Рұқсат сұрап, сыртқа шыққанымда уақыт та біраз жерге барып қалған екен.1952ЭШРЕФ ӘДИБ* * * * *Саид Нұрси және ШәкірттеріБақытты бір қария бар. Айналасы сегіз жасар баладан сексендегі қартқа дейінгі кісілерге толы. Жастары әр түрлі, бет әлпеттері әр түрлі болғанымен сенімдері бір. Бәрінің де сенері бір Аллаһ. Әлемдердің Раббысы болған Аллаһқа... Оның Ұлы Пайғамбарына және Ұлы Кітабына сенеді. Құран жаңа түсіп, жұр одан қалағанын іздеп тауып жатқандай жағдай болып жатыр. Саид Нұрси мен шәкірттеріне қарап, өзіңді бақыт ғасырында жүргендей сезінесің. Беттері нұр, іштері нұр, сырты нұр... Бәрі де бақытты. Бүкіл әлемді жаратушы, барлық жерді бақылаушы Аллаһ көрсеткен жолда жүру, сол жолда жүруге құштар болу әрине бақыт. Үлкен бақыт..!Саид Нұрси үш кезеңді басынан өткерген жан.Үш кезең: Мешрутиет (Демократиялық кезең), Иттихад уә Тераққи партиясы басқарған кезең, Республика кезеңі. Үш кезеңнің үшеуі де үлкен-үлкен төңкерістерге, күйреу-қирау мен аласапырандарға
635САРАПТАМАЛАРтолы кезең. Құламаған, қирамаған нәрсе жоқ... Мызғымай тұрған бір адам бар. Шығыстағы жайлаудан, күннің шыққан жерінен Стамбулға жеткен адам. Ол адамның иманы заңғар таудай мығым. Үш кезеңнің пәлекеттеріне қарсы кеудесіндегі иманын қалқан еткен адам. Аллаһ деді, Пайғамбар деді. Басқа еш нәрсе айтқан жоқ. Арараттың шыңындай тік тұрған басын, ешбір залым игізе алған жоқ.... Тастай берік жігер, жай оғындай алғырлық.... Саид Нұрси осы.... Әскери трибуналдар, соттар, төңкерістер.... Соған арнап құрылған дар ағаштары, қуғын-сүргін.... Бұлардың еш қайсысы да бұл адамды, руханият адамын жолдан тайдыра алмады.... Ол адам бұл қиыншылықтардың бәріне иманынан нәр алған жойқын күштің арқасында қарсы тұра алды.Құран Кәрімде «Имандарың болса, әлбетте үстемсіңдер» (Әл-Ғимран сүресі 139-аят) деп бұйырады. Бұл аяттың мағынасы Саид Нұрсиде көрініс тапқандай.Батырлық пен даналықтың символы...Сократ неге осынша ұлы? Бір пікірді, бір ойды өмірден де артық көргені үшін емес пе? Саид Нұрси кем дегенде бір Сократ. Дініміздің жаулары оны кері тартпа ретінде таныстыруда. Олар шетелдіктерді ғана ұлы санайды.Соттардағы қорғану сөздерін оқыдық. Бұл сөздер өз басын арашалау емес. Ұлы күрескердің ақиқатты қорғау сөздері...Ол адамды түрмеден түрмеге сүйреді. Ол қамалған түрме, ол жатқан зындан Медресе-и Юсуфиеге айналды. Саид Нұрси зындандар мен көңілдерге нұр ұялатты. Қаншама адам өлтіріп, ар таптаған залымдардың өзі момақан ғана мүсілім, қоғамға пайдалы азаматқа айналды. Сендердің қай мектептерің, қандай жүйелерің мұны жасай алды, қай тәрбиелеу орындарың жасай алады.Оны бір өлкеден екінші өлкеге жер аударды. Барған өлкесі оның өз отанына айналды. Қайда барса да қайда айдалса да айналасына саф, таза мүміндер топтасатын. Заңдар, тыйым салулар, сақшылар, жандармдар, түрмелер оны мұсылман бауырларынан ажырата алмады. Ұлы ұстаз бен шәкірттерінің арасына қойылған материялдық кедергі дін мен иманның арқасында байланыс құралдарына айналып, шектеулері мен қысымдары, рухани әлемнің мұхиттарында алып толқындар құрады. Бұл толқындар ауылдағы үйлерден бастап, бүкіл жерді алып кетті. Университеттің аудиторияларына дейін жетті.
636БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИНеше жылдан бері рухани құндылықтары аяқ асты болған азаматтар, қор болған ұрпақ, Иман нәріне сусаған жандар оның нұрына ұмтылды. Ұстаздың Нұр рисалелері қолдан-қолға өтіп, таралып жатты. Жастар да, қарттар да олардан өз үлестерін алып, нұрымен нұрланды. Әрбір шәкірт баспа мәшинесіне, баспаханаға айналды. Иман, техникадан озып кетті. Нұр рисалелері мың-мыңдап жазылды, көшірілді...Көздерінің нұры сөніп, ішкі жан дүниесінің жарығы өшіп қалған көр соқырлар мұндай нұрдан қорықты. Тілдері ғана сайрап жүрген «Төңкерістер мен зайырлылыққа қарсы әрекет етуде» дегенді сылтау етіп, сол бір әзиз жанды қайта-қайта сотқа беріп, түрмеден түрмеге сүйреткізді... Қаншама рет у берді. Зындандар медресеге айналды. Ол нұрлар – Құранның нұры, Аллаһтың нұры бұл елдің шекараларынан да асып кетті. Бүкіл Ислам әлеміне таралды. Қазір Түркияда барлық топтардың, тіпті кез келген адамның тік тұрып құрмет көрсетуі керек біреулер бар, Саид Нұрси және шәкірттері. Олардың ұйымы жоқ, жиналатын жері жоқ, арнайы үйлері жоқ, партиялары жоқ, айқай-шу жоқ, көрініп қалу, өзін көрсетіп қалу деген нәрселері жоқ. Бұл үндемей жүріп-ақ, үлкен іс тындыратындардың, өздерін сол жолға арнағандардың, Иманды, сенімді жандардың тобы.Осман йүксел Серденгешті* * * * *Бәдиүззаманға у берілдіБұдан жеті жыл бұрын, заңдар аяққа тапталып, адам құқы төрт қазыққа керіліп байланған кез болды. Еркіндік ұғымы ұмытылып, жеке адамның қалауы заңнан жоғары тұрды. Осындай кезеңде Афион Уәлиятына қарасты Әмірдағы ауданына сексен жастағы дін ғалымы жер аударылды. Сол жерге тіркеуге алынып, сонда тұруға мәжбүр болды. Бір ғана мақсаты, адамзатқа Қасиетті Құранның үкімдерін насихаттау арқылы тура жолға жақсылыққа, намысты болуға бағыттау еді. Қаншама рет қан майданда қанын төгіп қорғаған өз елінде, Инквизициялық соттар жасай алмаған зұлымдықтарға ұшырады. Сақал-мұртына, киім киісіне тиісті. Жандармдардың айдауымен қаншама рет өлімнің есігіне барып қайтты.
637САРАПТАМАЛАРЖер аударылған жерде де тыныш отырғызбады. Ата-бабасынан қонақ сыйлауды, қарттарға, кәріп жандарға көмектесуді мұра етіп алған кез келген Түрік секілді бұл ауылдың халқы да білімі мен жазбалары, іс-әрекеттері арқылы тура жолға шақырушы бұл кісіге көмектесуге міндеттіміз деп білді.Ислам мен ілімнің абыройын қорғап қалуды жақсы білетін бұл адам, дүниелік қызықтар үшін біреуге кіріптар болуды қабылдай алмайтын. Саяси партиялармен, ұйымдармен ешқандай байланысы жоқ. Түркияда иманы мен өз ұстанымы, өз ойы бар кез келген адамға жасалғандай, қанша рет бұл кісінің де үйі тінтілді. Сотқа тартылды, барлық кітаптары, хаттары, қарапайым жазбалары да жиналып алынды. Нақақтан нақақ түрмелерге қамалды. Нақақтан нақақ дейтін себебіміз, Уәлиі мен әкімінен бастап, полициясы да жандармы да Ұстазға тыныштық бермеуді, түрмеден түрмеге айдатуды мақтаныш санады. Басшыларға жағынып қалуға, қызметін өсіруге мүмкіндік ретінде қабылдады.Мұндай зұлымдықтардың себебі, сол кезеңде дінге қарсы, Исламға қарсы жасалған қастандықтар үйреншікті халге айналған еді.Елден дінсіз, материалист, хайуани сезімдерге құл болған жаңа ұрпақ өсіріп шығаруға тырысып жатқан сол кезеңде, бұл кісі қанша қорлық көрсе де, хайуани сезімдерге құл болмайтын, еркін, тәрбиелі, иманды жас ұрпақты тәрбиелеп шығару жолында еңбек етуі әлбетте ұнамайтын еді. Халықтың құқын аяққа басып, миллиондаған адамның қанын сүліктей соруды әдетке айналдырған арамтамақтарға жақпайтын, зәресін алатын іс еді бұл. Аңдулар, қысым жасау қаншама жылға созылды. Онымен сөйлесіп, хат жазысқандардың, көмектескендердің үйі тінтілді. Өздерін Афион түрмесіне қамап, бала-шағасын қаңғытып жіберуге тырысты.Оның қолмен көшірілген Құран Кәрімі мен сол Қасиетті Құранның тәпсірі болған Рисалей-Нұр зиянды жазбалардай тартып алынып, прокуратураға өткізіледі. Сот болғанға дейін де қамауға алынып, жиырма ай жазықсыз түрмеде жатты. Сол кездері Афион түрмесі, Аллаһқа Иман етіп, әмірлерін орындаудан басқа кінәлары жоқ, бейкүнә жандарға толды. Оларға жасалған зұлымдық шайтанның өзін шошытардай сұмдық еді. Қасиетті Құдыс қаласы, Яһудилердің жауыздығы мен Пайғамбарларға жасалған зұлымдықтардың сахнасына айналған болса, Афион қаласы да адам құқықтары аяқ асты болып, қос ағашқа шегеленген екінші Құдысқа айналды.
638БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИОн төртінші майдағы сайлаудан кейін ширек ғасырға созылған диктаторлық жүйе тас-талқан болып жатқанда халық өз тағдырын өздері шешудің қуанышына бөленуде еді.................................................................................................................................Он төртінші майдан кейін бүкіл нәрсенің өзгеретінін күтіп жүргенде, әкімдердің ескі әдеттерін жалғастырып жатқандығын көрдік. Тінту қызметкерлері онымен сөйлескен екі-үш адамның соңынан аңдуда, Бәдиүззаманың үйі бақылауда. Тіпті бір жандарм сержанттың өзі Түрік Республикасының заңы бойынша рұхсатсыз кіруге болмайтын біреудің баспанасына рұхсатсыз кіріп, тінту жүргізуде. Ал ондай басбұзар жаза алмайды. Әлі де Ұстаздың киіміне тиісуде, ұстазды зиярат ету үшін келгендер бұрынғысынша тіркеуге алынып, полиция бөлімшелеріне шақырылуда..................................................................................................................................Өзінің бүкіл болмысын халқына арнаған сексен жастағы қарт ғалымды өлтіруге әрекет етілуде. Рамазан айтының алдында, ауыз ашар асына у қосылған еді.Бұл не деген масқара, жан төзгісіз жағдай. Өзі оқшауланған, қатаң бақылауда, есігінде күзетші. Ал ол іште, жалғыз өзі өліммен арпалысуда. Келіңдер, ей мұсылмандар. Бәріміз бірге жылайық. Жо-жоқ! Көз жасыңды көл қылғанмен бұл дертке ем болмайды. Аллаһ жолында тер төгу керек.НИХАТ ЯЗАР* * * * *Бәдиүззаман Саид НұрҰлы да дана жандардың бесігі болған Түркия осы уақытқа дейін көптеген мұжахидтерді, мүжеддиттерді және қаншама ұлы адамдарды көрді. Олардың тұрмыстық жағдайы, көрген құрметтері, бағалануы қабілет-қарымдарына сәйкес келумен қатар, жағдайлар да жасалатын. Соңғы жиырма бес жылда керсінше, зұлымдықтың ең ауыр түріне душар болдық. Бұл кезең бізге осындай ауыр жағдайларда шыңдалған, көтерген мәселесі мен Иманының қуатынан күш алатын ұлылығын әлемнің ең алыс түпкірлеріне дейін көрсете алған данышпанды, Нұр мен даналықтың үлгісін сыйға тартты.
639САРАПТАМАЛАРНұры қаншама көңілдерді жарқыратып, имани күші әлсіз жандарға батылдық сыйлады. Даналығы қаншама жанның рухына шабыт берді. Ал бұл ұлы адам Саид Нұр Хазірет еді. Қай жолға түсерін білмей абдырап қалған қаншама адам, одан тәрбиелік мәні зор сабақ алып, өздерінің бақытты да жарқын жолға түскендерін түсінді. Ақыл, парасаты мен батылдығы қандай болса Иманы да сондай күшті аяулы жан, жиырма бес жылға созылған диктатуралық жүйенің зұлымдықтарына тайсалмай кеуде тосқан қаһарман, қаншама әділетсіздіктер мен азаптарға Иманынан нәр алатын батырлығы арқылы қарсы тұрған жалғыз адам.Бүкіл мұсылман әлемі, бұл құтыптың шеңберіне тартылуда. Түркияның алыс ауылынан шыққан бұл Нұрдың сәулесі Пакистанға, Индонезияға дейін жетті. Өзінің ғана емес, халқымыздың да абыройын асқақтатты. Өкінішке орай өз арамыздан шығып, абыройымызды асқақтатқан, қарайып кеткен кеудемізге нұр сыйлап, адасқан жандарды тура жолға бастаған аяулы жан, бізден құрмет көрудің орнына қысым көрді, зұлымдыққа ұшырады.Бірақ ол алған бетінен қайтпады, өз жолынан айнымады. Жан аямай күреспейінше, қиындық көрмейінше ешқандай игі істің өркен жаймайтынын ол жақсы біледі. Қанша жерден бұл Нұрды сөндіруге тырыссақ та, не істесек те оның нұры қараңғы көңілдерді шырақтай жарқыратуда, бізді нұрландыруда. Бұл, сол бір ұлы адам көтерген мәселенің жемісі. Осылай болуы шарт. Қандай бақытты жан.ЖЕВАТ РЫФАТ АТИЛХАН________________________________________________ Бәдиүззаман Саид НұрБұл, көрікті Түрік елі өсіріп шығарып, бүкіл адамзатқа үлгі ретіне сыйға тартқан дана ағартушының аты. Тоқсан жылға жуық өмірінің әрбір күні нұр жұлдызы, кемелдіктің шамы іспетті. Бұл Нұр алып имани шеңберлерге айналып, Түрік жастарының рухына, жан дүниесіне сіңіп жатыр. Бұл Нұр қарайған кеуделерді жылдар бойы жарықтандырып, тура да жарқын жолдарға бағыттауда.Илаһи даналықтың нышанындай болған Ұстаз Саид Нұрси Хазірет Аллаһ өзіне ерекше етіп сыйға тартқан даналығын Имани батылдықпен әзиз халқының пайдасына, дамуына жұмсады. Оның
640БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИНұры Түркияның шекараларынан асып, Пакистан мен Индонезияға дейін жетті. Бұл нұрдың адамзатқа сыйлаған тамаша мінез-құлықтың үлгілерін ғана мақтап қоя салуға болмайды.Ол жердегі керемет ұстамдылықтың, қанағаттың, жоғарғы адамгершілік деңгейдің кез келген адамға үлгі болатынындай жоғары екендігін көреміз.Біз ғана емес, Мұсылмандар ғана емес, бүкіл адамзат, осы ұлы адамның мінез-құлқы пен жоғар дәрежелі иманның көз тартарлық әсемдіктерін тамашалай алады. Бүкіл Түрік жастары өз отандарының осындай ұлы данышпанның, керемет тұлғаның, нағыз таза адамның бесігі болғанын мақтан тұтуына болады. Алдыңғы күні оның соты болды. Бұл соттан екі нәрсе үйрендік. Біріншісі: нағыз Түрік жастарының көркем де жоғары дәрежелі мінез-құлыққа, жоғары дәрежелі Иман мен ұстанымға деген құрметтері, көңіл бөлулері... Екіншісі: Байлықтары мен мансаптарына, бүгінгі өткінші қызықты өмірлеріне, Түрік халқының азғындап, бұзылуы арқылы қол жеткізгендіктеріне сенетін, мұндай улы айлалар мен мәліметтерді, күш-қуатты халықаралық жасырын төңкерісшіл, бүлікшіл Түрік халқының жауларынан алатын тексіздердің іс-әрекеттері. Көзі ашық көкірегі ояу мыңдаған Түрік жастарының ішінен бөлініп қалған шағын бір топ – улы, бүлікшіл қаламдарын қорқа-қорқа, жасырын түрде қолданған, дәурені өткен өсек-аяңдарды жиып-теруші, мына аса қымбат еңбектерді менсінгісі келмейтін топ.Мынадай бір салыстырма жасауға болады. Ұлы Ұстаз және оның замандасы, Үндістанның тәуелсіздігі жолындағы көшбасшысы Махатма Ганди. Біреуі Ағылшынның зұлымдығына, Ағылшын Империализміне, солардың сұмдық басқыншылықтарына қарсы тұрған, жылдар бойы алған бетінен қайтпай Англияның алпауыт күшін өзінің табандылығының алдында тізе бүктіруі. Біздің арамыздан шыққан ұлы адамның күрескерлік істері мен өмірі бірінші адамға ұқсағанымен оның артықшылығы Аллаһ оған мұсылмандықты нәсіп етті, Иман нұры да күндей жарқырап Ислам әлемінің түпкір-түпкіріне төгіліп жатыр. Араларында үлкен және өкініш тудырарлықтай айырмашылық. Бұл айырмашылық, біріншісіне төрт жүз милионға жақын адамның сенімі мен құрметі және оны көшбасшы деп тануы бар... Біздің адамға қарсы (саны аз болса да) тексізден туған тексіздердің менсінбеушілігі мен жасырын шабуылдары тұр.
641САРАПТАМАЛАРЯ Рабби! Бізді неге құндылықтарды бағалай алмайтын сорлы етіп қойдың? Білеміз, сенің алдыңда күнәхармыз. Күнәларымыз үлкен. Осынша үнсіз қалғанымыз да жетер Я Аллаһ!ЖЕВАТ РЫФАТ АТИЛХАН* * * * *Бәдиүззаман кім?Бәдиүззаман, ауып кетсең құрдымға құлар қоғамдық өмірімізде рухани құндылықтар арқылы, Иман нұры мен ағартушылық қызметтері арқылы қауіпсіздігімізді сақтап қалуға тырысқан, ақиқаттарды түсіну – өз-өзіне ие болып, еркін өмір сүру, ал оларды түсінбеу – соқыр құлға айналып, біреудің жетегінде кететіндігін халыққа жеткізе білген адам. Бәдиүззаман, Ұлттық ерекшеліктеріміз бен мінез-құлықтардың дінсіз ғылыммен қатар жүре алмайтындығын, дінсіз өскен ұрпақтың бос кеуде күйінде қалып, келешекте халқымыздың басына бәле болатынын дәлелдеп, одан құтылудың шарасы барын анық көрсетіп берген адам.Бәдиүззаман, шығыс пен батыс арасындағы үлкен айырмашылық–тар, адами болмысты бағалау деген түсініктің өлшемдеріндегі айырмашылықтан туындап жатқанын көрген, мына заманның адами болмысты ұмытып, маймылша еліктеулерге еріп кетуіне қарсы, адами болмыс ұғымының Ұлылығын көресете білген ғалым. Бәдиүззаман, еркін адамдар мен азат мемлекеттердің жаратылысқа сай түрде қалай құрылу керектігін ақылға да көңілге де қонымды етіп жеткізген дін ғалымы.Бұл текті халық, “өз нәпсісіндегі өз пайдасын ойлау” деп аталатын пұттың тас-талқанын шығарған Бәдиүззаман сынды жандардың қызметіне аса мұқтаж.Құқық факультетіненЗИЯ НҰР* * * * *
642БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИДЕМОКРАТ БАУЫРЛАРҒА ЕСКЕРТУДиктаторлар мен дара билеушілер кезеңінде елдің дінін, иманын, жанын күл сыпырғандай тып-тыйпыл еткен масон құлдарының жандары алқымына тірелген бүгінгі таңда, Демократтарға кезеп жатқан қаруларының ең әсерлісі, оларды өздерінен де дінсіз етіп көрсетуге тырысулары. Кейбіреулері діндар болып көрініп, демократтардың уәде еткеніндей халыққа дін бостандығын алып бере алмайтындығын айтып қақсауда. Енді біреулері демократтар діншіл, керітартпа деп кінәлап, оларды да діни орындарды қиратып, діндарларға қатқыл болуға итермелеуде.Демократтардың билікке келер-келмес, коммунистерге қарсы қатаң шараларға көшуі, бір жақтан да Азанның арабша оқылуын қалпына келтіруі сынды әрекеттері халықтың сүйіспеншілігін оятып, халықтың қолдауын жиырма есе күшейтіп жіберуі, халықшылдар партиясын қатты састырды.Өз дәуірлерінде олардың діндарлар мен Нұршыларға қарсы ұстанған зұлымдық саясаттары оларды осындай халге түсіргендігін демократтар түсіне алатын деңгейде болғандықтан, аналар құрған қақпанға түсіп қалмайды деп сенеміз.Бұрынғы кезеңнің негізгі нышандары белгілі. Демократтар билікте қалғылары келсе, осы нышан белгілерге қарсы саясат ұстанулары керек. Бір жақтан коммунистерге қарсы қыспақ, екінші жақтан дінді және діндарларды қорғау. Осы жолда екендіктерін ашық және табанды түрде көрсете білулері керек. Бұл жолда аз да болса әлсіздік танытса немесе немқұрайлылық білдірсе, Халықшыл Партияның қақпанына түседі.Біз Нұр шәкірттері, саясатпен мүлдем айналыспаймыз. Біздің бір ғана тілегіміз, елде шынайы түрдегі дін бостандығы. Дінге, діндарларға, Нұршыларға қарсы ширек ғасыр бойы жалғасқан зұлымдық пен қысымның толық тоқтауы. Демократ бауырларға айтарымыз: бұрынғылардың шайтани ойындарына, айлаларына алданбасын. Аналар сияқты адасушылыққа ұрынбасын. Халықтың рухы мен ұстанымдарын менсінбеушілікке бармасын. Коммунизмге деген, дінге деген өз ұстанымдарын сақтап қалсын.Нұр шәкірттерінің атынанСадық, Сұңғұр, Зия
643САРАПТАМАЛАРБәдиүззаманБергсон «Мінез бен діннің екі бұлағы» атты соңғы кітаптарының бірінде, мінез құлықты қоғамның әбден азғындаған жағдайынан, жоғарғы деңгейге көтеру тек қана діндар, таза тұлғалардың арқасында болады, дейді. Бұл көзқарас адамзат және Ислам тарихында сансыз мысалдар арқылы дәлелденіп келеді. Онсыз да психология ғылымына сүйенетін тәрбие өнері, (ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан) осы ұстанымды ұстанатындығы және жаңа бағытта тәрбиеленетін ұрпаққа осындай адамдарды үлгі ететіндігі бізден бұрынғы кезеңдерде де болған және бізден де бақытты адамдарды тәрбиелеген.Бәдиүззаман, қай қоғамда өмір сүрсе де біз айтып отырған үлгі боларлық адамның ерекшеліктеріне ие, таза, өте сирек кездесетін адамдардың бірі. Түрік халқын жоқ қылу үшін жасырын жаулар тәрбиелеп шығарған Түрік халқын алдап, арбап орға жығуды күн көріс кәсібіне айналдырған бір топ сатқындар, халқымыздың жаулары, осындай таза адамды қаншама жылдар бойы қанап келді. Сұрап көрейік, (бірақ кімнен сұраймыз) тарих бойынша оңтайлы сәттің бәрін пайдаланып, аяусыз жау екендіктерін дәлелдеп келе жатқан Православ шіркеуінің Патриархтары салтанатты сарайларда өмір сүріп отырғанда, мына қасиетті отанымыздың иесі ретіндегі (мың жылдан бергі) Бәдиүззаманның, әлгі бүлік ұясының қарауылы құрлы өмір сүруге құқы жоқ па? Оқып отырып, ой жүгіртіп, рухымызбен қоса парақтарына кіріп кететін кітабымызды, қасиетті мекен, үйімізге басып кірген біреулер қолымыздан жұлып алса қалай шыдап тұра аламыз? Мұндай бассыздық (еліктеу мәдениеті) қазіргі мәдени қоғамнан кенже қалған Испанияда да жасалмайтын шығар. Бола қалған күннің өзінде, қайта-қайта қайталанбайтын шығар.Біз Бәдиүззаманның ілім, жақсы мінез-құлық, кемелдік, әдептілік деп аталатын қасиеттерге толы болмысына, кісілік қасиеттеріне қарсы жасалып жатқан, соңғы күндері өрши түскен зұлымдықтардан және соны қолдайтындардан жиіркенудеміз. Әдепсіздіктердің селдей ағып, жан-жаққа жайылып жатқан кезеңінде, игілік атаулыны тұншықтырып бара жатқан заманда, Түріктердің басына осыншама
644БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИқара бұлт үйірілген тұста, сол кісі арқылы жеткен нұрды жүректен жүрекке жеткізу арқылы жұбаныш табудамыз. Түннің қою қараңғылығы шегіне жетті. Олай болса таңның атуы да жақын.ЖЕВДЕТ СЕЗЕР* * * * *Аса құрметті, мүбәрак, сүйікті Ұстаз Хазірет. Дұға тілектеріңіздің демеуімен Рисалей-Нұрға зер сала, түсіне отырып оқыған сайын, бұл үлкен жинақтың әлемнің тылсым сырларын ашып, мәселелерін түсіндіруші, қазіргі кездің де, болашақтың да ұлы ағартушысы, жол сілтеушісі екендігін түсінеміз. Иә, Ұстаз Хазірет, Рисалей-Нұрды оқушы кез келген есі бар жан, Рисалей-Нұр осы ғасырдың да, келешек ғасырдың да адамдарын надандықтан құтқарып, зиялы ететін болады.Рисалей-Нұр тек осы елдің, осы халықтың ғана емес, Ислам әлемінің, бүкіл адамзаттың қажетіне жарайтын, мәселелеріне толық жауап беретін ауқымды жинақ. Бүгінгі таңда бұрын соңды болмаған бүлікшілік пен пәлекеттерге тап болған адамзаттың осы бәлелердің батпағынан құтылу жолы – Рисалей-Нұрға жабысу. Қаншалықты қымбатқа түссе де Рисалей-Нұрға зер сала оқып, терең ой жүгірте отырып түсіну.Рисалей-Нұрды оқыған адамның бәрі де бұл ақиқатты түсінді, түсінуде. Қолымыздан келсе, бүкіл әлем көре алатын бір жерге шығып алып, жаһанға жар саламыз.Бұған шамамыз жетпейді, ал біз ұстазымыздың дұға-тілектерінің арқасында Рисалей-Нұрдың әлемдік маңызы бар ақиқаттар жинағы екенін түсіндік. Олай болса, осындай Нұр мен кемелдіктің, білімнің бұлағы болған Рисалей-Нұрды бір минутымызды бос жібермей, күн сайын, үздіксіз оқып, күндіз түні осы жолда еңбек ететін боламыз Инша Аллаһ. Ұлы Ұстазымыздың дұға тілектерінің арқасында басқа жұмыстарымыздағы сияқты, бұл істе де жеңіске жететін боламыз.
645САРАПТАМАЛАРМынадай бір ақиқат тағы бар, біреу тіпті ғұлама болып кетсе де Рисалей-Нұрдың және авторының шәкірті болып саналады. Рисалей-Нұрды оқуға мұқтаж. Егер олай етпесе, өзін-өзі алдап, менмендігіне жеңілгені. Рисалей-Нұр жинағын оқымаса, үлкен ақиқаттардан мақрұм қалғаны. Өзіміз түсініп отырған осы ұлы ақиқаттың алдында, адамзаттың тозақтан құтылуына себеп болатын Аллаһтың қызметшісінің алдында қаншалықты борыштар екендігімізді айтып жеткізе алмаймын. Тағы да сол дұғаларыңыздың арқасында түсінгеніміз, Қасиетті Құранның мағынауи мұғжизасы болған Рисалей-Нұр жинағының бір жолынан алған пайдамыздың құнын төлеуге де шамамыз келмейді.Сондықтан. «Я Раб! Бізді мәңгілік тозақтан құтқарып, мәңгі бақытқа жетелейтін ақиқаттар қазынасының кілтін, Рисалей-Нұр сынды теңдессіз бір кітапты сыйлаған сүйікті Ұстазымызды, залымдар мен дұшпандардың қастандығынан сақта. Құран және Иман жолындағы қызметін үнемі табысты ет. Оған зор денсаулық және ұзақ өмір бере гөр» деп дұға етеміз.Хазіреті Ұстаз! Рисалей-Нұрды терең ой жүгірте отырып оқу нәсіп болған біздер, бір топ студент жастар, жәй ғана жақсы ойлармен немесе солай шығар деген оймен ғана емес, анық көз жеткізе отырып, сарқылмастай илмеляқин дәрежесіндегі Имани сеніммен айтарымыз, жер бетінде осы уақытқа дейін болмаған жабайылық пен сұмдықтың себебі болған дінсіздік пен бұзғыншылықты Аллаһтың жәрдемімен Бәдиүззаман жеңетін болады.Біз мұны ақ көңілділікпен, болжаммен айта салып тұрған жоқпыз. Ғылыми дәлелдерге сүйеніп айтып отырмыз. Сондықтан қарсы шығушылардың өзі ішкі әлемінде бұл ақиқатты мойындайды. Дұға етіп мейірім тілеңіздер, Құран мен Иман жолындағы қызметтің сарбаздары болайық. Бір минутымызды да жоғалтпай Рисалей-Нұр оқиық, жазайық, шынайы ықыласқа қол жеткізейік.Университеттегі Нұр шәкірттерінің атынанАБДУЛМУХСИН* * * * *
646БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИАса құрметті Ұстаз ХазіретБіріншіден: Өткенде алған кітаптардың бәрі тарап кетті. Нұрға құмар жандар қуанып қалды. Рисалей-Нұр нәсіп болған кісілер біртіндеп-біртіндеп өздері ұмтылып жатыр. Нұр іздеген жандар ақиқатына сай іздегендерін табуда. Осы жолы Зия бауырым жеткізген отыз төрт дана Сөздерді талап алып кетті. Аса-й Мұсалар Анкараға және Анадолының түкпір-түкпіріне тарап жатыр...............................................................................................................................Риаслей-Нұрдың ар жағындағы жарқын ақиқаттарды байқай қоймаған кісілер де оған қолдау білдіруде. Рисалей-Нұрдың медресетүззехрасы болған Анадолыда және Ислам әлеміне кеңінен тарайтындығын Рисалей-Нұрдағы жоғарғы ақиқаттардан және оған зер сала оқыған мүминдер мен ғалымдардың арасындағы шынайы бауырластықтан байқауға болады. Медресетүззехраның мына орасан зор еңбегі, көктемде жер бетін жайнатып жіберетін Илаһи мұғжиза сияқты тыныш қана жүріп жатыр. Жаратылысында асығыстық деген сезімі бар адам баласы, әлемдегі Илаһи заңдылықтарға мән бермей, кез келген нәрсе, қалаған уақытында бола қалуын қалайды. Өзіне тән шағын шеңберлерден аттап өтіп, үлкен шеңберлерге қарай жүгіреді.Тұқымдары егіліп, өне бастаған Рисалей-Нұр тәрбиелеп шығарған нағыз иманды жандар, ИншаАллаһ жақын арада Ислам Әлеміне үлгі-өнеге болып, хидаят нұрын көрсететін болады.Анкара УниверситетініңНұр шәкірттерінің атынанАБДУЛЛАҺ* * * * *
647САРАПТАМАЛАРАнкарада Рисалей-Нұрды басып шығару нығметі нәсіп болған үлкен ғалым, әулие кісінің Ұстазға жазған бір хаты.Аса ықыласты, кемел ағартушы ұлы күрескер Бәдиүззаман Хазірет!Аллаһ Ризасы үшін сын сағаттар арпалысқан майданға кірген күннен бері Илаһи заңдар мен адам құқын сақтау жолында күндіз-түні арпалысудасыз. Хақтың да халықтың да көз алдында өзіңізге тән іліми күшіңіз бен кемелдігіңізді және ағартушылық әдістеріңізді пайдаланып, осынша ауыр шарттарға қарамастан үздіксіз еңбек етіп келе жатқаныңызға Періштелер де, Аспан Әлемі, де Ғарыш та, Күрсі, Ләуһ, Қалам, Жер де, барлық жаратылыс, адам да, жын да, мұсылман да, емес те мына әлсіз бейшара құл да «Уақыттың да Әлемнің де соңына дейін куә боламыз» дей аламыз.Сіз Нұрға толы Бәдиүззаманымызсыз! Мына бейшара құл, сізге шын жүректен дос. Бұл достығым өткінші, уақытша достық емес. Рухтар әлемінен бері жалғасып, мына өмірде де жарты ғасырдан бергі хал-харекетіңіз бен ұстанымыңызды үлгі тұтып келе жатқан достық. Осы уақыттың ішінде Диктатуралық та Демократиялық та Республикалық та кезеңдердегі бірі бірінен ауыр сынақтарды өткіздіңіз. Әр түрлі кезеңдерде аса ауыр жағдайларда, әскери трибуналдар мен соттарда, қан майданда, төңкерістер мен білім сайыстарында қатарлас, қарсыластарыңыздың бәрін жеңдіңіз. Аса құнды ғылыми еңбектеріңіз бен ықыластан туындап жататын салих амалдарыңыздан алған сабақтарым, бұрынғы достығымды арттыра береді, нығайта түсті, сүйіспеншілік оятты. Осы сүйіспеншілік Сұлтан Хамид заманынан бері өзіңізге және Нұр шәкірттерінің құқын қорғау жолында Аллаһ Ризасы үшін, қолдан келгенінше еңбек етіп жатырмын және мұны жалғастыра беремін. Бұл жағдайымды Хақ та халық та кейбір Нұр шәкірттері де біледі. Инша Аллаһ Хақ Тағаланның көмегі мен Пайғамбарымыздың жебеуінің және теңдессіз ықыласыңыздың арқасында кіші және үлкен жихадыңызда жеңіске жетесіз. Хақ жеңіп, Хақсыз жеңіледі. Адамзат баласы Исламды қабылдап, Мұхаммеди мәдениет жарқырап келеді. Адамдар мен жындар, періштелер мен аспан әлемі бірге қуанып, тойлайтын боламыз. Осындай ұлы қуанышымызды денсаулығыңыз мықты күйінде бірге тамашалауды
648БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИжазсын деп дұға етудеміз. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) құрметі үшін Аллаһ Тағала осы дұғаларымызды қабыл алсын. Амин, амин.Аса құрметті сырлас, жан досым! Мына бейшара құлды есіңізге түсіре алдыңыз ба? Не болса да, өзім айта кетейін. Еліміздің барлық жағында ұлт-азаттық шайқастар жүріп жатқан кезде, Анкарада азаттық үшін шайқасып жүрген он сегіз адаммен бірге өзіңізді шақыру үшін Стамбулға, үйіңізге бірнеше рет барған полк имамы Анкаралық Осман Нуримін. Соңғы кезде қорғаныс министрлігінің өкіл имамы болып тағайындалдым. Бұл жерде жиырма бес жылдай қызмет еттім. Үш жыл бұрын демалысқа шықтым. Қазір Анкарада тұрып жатырмын. Сізге және адам баласының бәріне, Мұсылмандарға күндіз-түні дұға етудемін. Ең үлкен арманым, тілегім өлмей тұрып, дүниелік көзбен дидарыңызды бір көріп, зиярат етсем, бір сұхбатыңызды тыңдай алсам. Шын жүректен осыны қалаймын.Әзиздердің әзизі, құрметтім! Аса құрметпен өзіңізге және Нұр шәкірттеріне сәлем жолдаймын. Екі дүниенің бақытын тілеймін Хақ Тағаладан. Мүбәрәк қолдарыңызды сағынышпен сүйіп, ықыласты дұғаларыңызды күтемін. Аллаһқа аманат болыңыз біздің Сахибуннур уәл Азм уәл Ираде уәл Иршад Хазірет.Әл-бақи һуә Аллаһ, Қанды көйлек досыңыз.Түкке тұрғысыз бейшара құлОСМАН НУРИ* * * * *ҰСТАЗДЫҢ ӘМІРДАҒЫНА БАРУЫҰстаз Бәдиүззаман Саид Нұрси Афион түрмесінен шыққаннан кейін, жанындағы шәкірттерімен бірге Әмірдағына кетті. Екі жылдай сол жерде тұрды.1952-жылдың мұхаррам айында Ескішеһирге келді. Екі айға жуық Йылдыз қонақ үйінде тұрды. Ұстаздың бұл келісінің мәні басқаша еді. 1950-жылға дейін, жер аударылып келген жерінен басқа ешқайда шыға алмайтын, рұқсат берілмейтін. Тіпті жақын маңдағы бір ауылға да жіберілмейтін.
649САРАПТАМАЛАРҰстаз Ескішеһирде өз шәкірттерімен емін-еркін кездесіп, Рисалей-Нұрмен жаңа танысып жүрген жастармен көп әңгімелесетін. Ескішеһирден кейін Ұстаз Спартаға барып, жетпіс күндей сонда тұрды. Осы кезде Стамбулдағы шәкірттері «Жастар шырағы» жинағын басып шығарған еді. Осыған байланысты Ұстаздың үстінен іс қозғалып, Стамбулға Сотқа шақырылады.Ұстаз Спартада және одан кейін Стамбулда жүргенде «Нұр Әлемінің кілті» атты Тәуһид тақырыбын қолға алатын жинақ шығарады. Шәкірттеріне хат ретінде жолданған бұл жинақтың мәні өте зор.* * * * *СТАМБУЛ СОТЫЖастардың иманын күшейтіп, мінез-құлқын түзеуге әсері мол «Жастар шырағы» Стамбулда басылып шыққан еді. Осыған байланысты, “Саид Нұрси зайырлы елдің принциптеріне қарсы. Елдің негізгі заңдарын шариғатқа негіздеуге үгіт жүргізуде. Сондай пікір қалыптастыруда”, деген сылтаулармен Стамбулдың №1 қылмыстық істер сотына тартылады.Бәдиүззаман 22-қаңтар 1952 жылы Спартадан Стамбулға келеді. Саид Нұрсидің шәкірттері мен студент жастар сот залына сыймай кетті. Кіре беріс дәліздер де лық толды. Әуелі айыптау баяндамасы оқылды. Ол жерде «Автор бұл шығармасында діни пікірлер таратуда, жастарға үлгі болатын діни пікір таратуда. Әйелдердің хиджаб киіп жүруін қолдайды. Әйелдердің қысқа көйлек киюін, аяқтары ашық жүруін Исламға қайшы және әйел болмысына жат нәрсе екенін айтады. Әйелдерді әдемі ететін нәрсе Ислам тәрбиесі шеңберінде, Құран қағидаларына сай нәрселер екенін жазады. Діни сабақтарды қолдайды. Мемлекеттік заңдарды діни заңдарға негіздеу керектігін қалайды» .... деген сынды айыптаулар ұзақ оқылды.Бәдиүззаман Саид Нұрсиге Стамбулдық адвокаттар Сениуддин Башақ, Михри Хелев, Абдуррахман Шереф Лач қорғаушылық қызмет атқарады.
650БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИТағылған айыптауларға қарсы Ұстаз Саид Нұрси соңғы отыз бес жылдық өмірінде саясатпен, қандай да бір дүниелік іспен айналыспағанын, өзін қызықтыратын бір ғана шаруа иман ақиқаттары мен Құранға қызмет ету екенін, бүкіл күшін иман құтқару жолына жұмсағанын айтады.Бұған дейін дәл осы мәселелер бойынша қаншама соттың ақтау үкімдерін шығарғанын алға тартады. «Жастар шырағы» атты жинақтың студент жастар тарапынан бастырылғаны қуантарлық жағдай екенін айтады. Бұл ғасырдағы зиянды ағымдарға, әсіресе, қоғамдық өмірімізді астаң-кестең ететін арсыздық пен имансыздық дертіне қарсы, «Жастар шырағы» сынды Рисалей-Нұрдың басқа кітаптарының таралуы, оқытылуы жастар мен жасөспірімдерге, әйелдерге, халқымыздың бақыты үшін өте қажет екендігін шешен түрде жеткізеді... Сот 19-ақпанда қайта жалғасатын болып тарасады.19-ақпан күні Рисалей-Нұрдан дәріс алушы жастармен қатар көптеген оқымыстылар, ғалымдар сот залын да, дәліздерді де лық толтырады. Ұстаз шәкірттерінің демеуімен, ұзақ қол шапалақтаулармен сот залына кіріп, айыпталушының орындығына отырады. Адвокаттар да өз орындарына жайғасты. Сот залына кіре алмаған мыңдаған адам теңіздей толқып, иін тіресіп тұрады. Бұл жағдайлардың өзі сырт көрініспен әлде қайда терең, әлдеқайда салмақты мағнаны жеткізіп тұрады. Ислам нұрының көрінісіне айналған Саид Нұрсиге діни тәрбиеден мақұрым қалдырыдған жастардың оған деген құрметінің белгісі еді. Олар сол тұрыстары арқылы «Ей жиырмасыншы ғасырдың қою қараңғылығын Құранның нұрымен жарып, мұсылмандарға нұрлы жолды көрсетуші, адамзатты адами жаратылысқа сай келетін аса құнды, мәңгілік бақытқа шақырушы ұлы күрескер! Адамзат баласына, әсіресе еліміздің ұландарына көрсеткен қызметіңе рахмет айтуда. Болашақтағылар да сені мақтанышпен еске алатын болады. Сен рухани түрде өліп бара жатқан ұрпаққа рухани нәр беріп, аса құнды рухани емшілік қызмет атқардың. Құрдымға құлап, мәңгілік сорлап қалуға итермеленген ұлтты, келешек ұрпақты Құранның нұры арқылы бақытқа жетелеп, Аллаһ жолына шақырғандығыңды, осы жолда өміріңді де пида етуге дайын екендігіңді білеміз...Иманды ұрпақ сенің еріп соңынан,Таймақ емес ақиқаттың жолынан ... деп тұрғандай.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 632
- 633
- 634
- 635
- 636
- 637
- 638
- 639
- 640
- 641
- 642
- 643
- 644
- 645
- 646
- 647
- 648
- 649
- 650
- 651
- 652
- 653
- 654
- 655
- 656
- 657
- 658
- 659
- 660
- 661
- 662
- 663
- 664
- 665
- 666
- 667
- 668
- 669
- 670
- 671
- 672
- 673
- 674
- 675
- 676
- 677
- 678
- 679
- 680
- 681
- 682
- 683
- 684
- 685
- 686
- 687
- 688
- 689
- 690
- 691
- 692
- 693
- 694
- 695
- 696
- 697
- 698
- 699
- 700
- 701
- 702
- 703
- 704
- 705
- 706
- 707
- 708
- 709
- 710
- 711
- 712
- 713
- 714
- 715
- 716
- 717
- 718
- 719
- 720
- 721
- 722
- 723
- 724
- 725
- 726
- 727
- 728
- 729
- 730
- 731
- 732
- 733
- 734
- 735
- 736
- 737
- 738
- 739
- 740
- 741
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 650
- 651 - 700
- 701 - 741
Pages: