и и тАт д ш Т А ТА ҒК ҒЯ У Д У І$% ШЕРХЯН 1 МУРШЙ 1 іі 1 %1 Алты томс)ык шыгзрмзлзр |] йжиизғы I§ 1 Алматы, «Қазығұрт», 2002 I
5Г Б Б К 84 Қ зз-7,-44 М 8 |/[ Осы басылымға Бас демеуші болганы үшін «Қазмұнайгаз» Үлттық Компаниясы» жабы қ акционерлік қоғамына алғыс сезімімізді білдіреміз! М 82 Мұртаза Ш . Алты томдық шығармалар жинағы — Алматы «Қазығұрт».— 2002. Екінші том. Қызыл жебе: Роман. Үшінші, төртінші, бесінші кітап.— 760 бет. м 4702250201-016 \\ К ББК 84 Қаз 7-44 402(05)—02 І5ВК 5-620-01069-4 Ю © ШерхавгМ^ртаза, 2002 І5ВИ 5-620-01074-0 (том 2) © «{(аЗьіғұрт» баспасы 2002 ІГ
Ш 1|* Т А ІТ іУА ТА ТА Т & I?< ҚМЗЫЛ & Ромзи 1 1 іншТ том I 1 а> іу д » і¥ іу іу іу іу і
ждолы? кеміг үшінші кітап
«РЕК А5РЕК А - АО А5ТКА» «Через тернии — к звездам» «Азаптардан — жүлдызға жол». Латын сөзі. I Ш еңгел бұтағына ілініп қалған зер қабық қаудырайды. Осыншама қуаңшылыққа қарамай, жылан биыл да түлеген. Несіне жетісіп түлейтіні белгісіз? — Түрар, міне әкең... — деді қырық құрақ қаудыр тонды Дәуіт шал. Басындағы түлкі түмақ ескіргені сонша, қотыр мысықтың терісіндей өлі жүні үйпалақекен. Түрар төмпешікке тесіле қарап, қалттоқтады. Қасындағы Қабылбек Сармолдаев бір адым кейін қалды. Ш еңгел бүтағына ілініп қалған зер қабық діріл қағып, қаудырайды. Күн кақтап, жел жүлмалаған жылан-жейде әр жерінен жыртылып, өрім-өрім болған екен. Төмпешік тым жүдеу. Үстіне көктемде шыққан раң шөп алдақашан курап, үшып кеткен. Ескірген топырақтың тан дыры кеуіп жатыр. М үрденін бір қапталы ойылып, топырағы ішіне түсіпті. Талай тас қапастың бүйірін жанталаса опырып қашып шыққан қайран Рысқүл, бүл ақырет түрмені де тесіп шықпақ болған сияқты. Ж амау тонды Дәуіт пен оның қасындағы ойық-ыстылар Түрардың мына жыртық мүрдеге соншалықты қадала қара- ғанынан қысылып, өздерінше ақталмақ: — Аласапыран заман болды. Зиратты күте алмадық... Түрар оларға түнере қарап: — Ш ыннан кекемдікі ме? Басқа біреудікімен шатыс- тырып алған жоқсыздар ма? Белгі қойылмапты ғой, — деді. — О не дегенің жиеншар, — деп Дәуіт қалбалақтап қалды. — Рысқүл жиеннің жатқан жерін үмытып не көрініпті бізге? Батырды өзіміз ақ жауып, арулап, осы араға жайғас- тырғанбыз. Сүйегіне мен өзім түстім. Апырай, Түрар, саған өтірік, маған шын, денесінде сау жері жоқ жарықтықтың, бәрі жарақаттың тыртығы. Ең соңғы оқ қара санынан тиіп,
қағынып кетіпті. Ақыры сол М ерке маңында тиген оқ түбіне жетті есіл ердің. Осыны айтып, Тұрардың түп нағашысы мүрденің арғы басына барып, қатқан топырақты саусақтарымен тырмалап жатып, тот басқан бір темірді ырғап-ырғап, суырып алды. — Міне, белгісі! Апыр-ай, мұным қандай ақыл болған! Бүл болмаса, маған сенбейтін түрің бар ғой, Түрар. Міне, қанжары. Басына әдейі қойғам. Бүл қанжарды өзі көз жүмғанша қолы- нан шығармай жатты. «Кісеннен соқтырғам. Сібірден қаш- қанда кісенімді сындырып, содан соққан қанжарым», — деп жатушы еді, жарықтық. «Әкел, мына жаққа іліп қояйын», — десем. — «Жоқ, жау келіп қалады», —деп бермейтін. Түрар топырақ түтқан, тот қанжарды Дәуіт шалдың қолынан абайлап алып, ақырын ғана ернін тигізді. Бүл- діргендей қызыл ерін мен бармақтай қара мүртқа бірер түйір сүр топырақ жабысып қалды. Бұл көкесімен көріскені еді. К өкесінің көзін көрген, тірісінде серігі болған қанжарды қасиет түтып, пәруана мүсылманның қүран сүйгеніндей, құрмет көрсеткені еді. Қанжарды енді Тұрардың қолынан Қабылбек алып, сағағы- нан салмақтап түрып: — Ойпыр-ой, ауыр ғой, — деді. — Ауыр-ауыр, Қабылбек шырағым, — деп Дәуіт шал сөз тамызығын тұтатты. — Біздің Рысқүл жиен осы зілмауыр темірді он жыл аяғына салып жүрген. Он жыл! Ж әне одан қанжар соқтырған. Қалай?! «Қалай?!» — дегені қатқыл шықты. Қабылбек: — Рас, рас —дей берді. — Мына Түрар екеуміз —бала кез- ден М еркеде бірге оқыдық, ақсақал. Сонда Түрар мүғалім- нен ұдайы Сахалин, Сібір туралы сұраушы еді. Біз онысын түсінбейтінбіз. Сөйтсек, осындай сыр бар екен ғой. — Ә, сыр бар, сыр бар. Қалай?! —деп Д әуіт тағы ш аңқ ете қалды. Онан соң алысқа, Алатау жаққа көзін сығырайта қарады: — Марқұм, үзілердің алдында жанталасып: «Мыл- тығым қайда? Қанжарым қайда? Келіп қалды! Келіп қалды!» деп жан-жағын жасқап, жалын-өрттің ішінде қалғандай арпалысты. Бір сәт талмаусырап кетіп сыбырлады: «Нағашы, А қсу-Ж абағылы, Ақсу-Ж абағылы» дей берді. Сәлден соң: «Мені Ақсу-Ж абағылыға апарып жерле» деп жаутандады. Көзіндегі жалыныштан жаным шыр-шыр еткендей болды. Ол тілегін орындай алмадым. Балапан басымен, тұрымтай түсымен дегендей, шамамның келгені осы болды, Түрар.
Жамау тонды Дәуіт шал бүк түсіп жатқан бүйірі тесік төмпешікке мұңая қарады. Ақсу-Жабағылыда Рысқүлдың несі қалды? Неге сонша бір жетуге зар болды? Ақырет мекеніне неге сонша Ақсу- Жабағылыны қалады? Ақырғы арманы екен, о да орындалмаған-ау сонда. Соноу Итжеккенде он жыл жүріп, жалаң аяқ жар кешіп, қызыл аяқ қар кешіп, тілерсегін кісен қиып, ақбақай болған бүғаулы бозым, онда он алтыншы жылдың Меркедегі ойранынан кейін, Төменгі Таласқа тартқанша, жаралы тәнін Ақсу-Ж абағылысына қарай неге сүйретпеген? Зират басында тұрғандардың көкейінде осы сұрақ қалды. Бірақ, жауап болмады. Бүк түсіп жатқан жербесік тіл қатпады. Тек айнала тұрған қу шеңгелдің қоңыраушалары былдыр-былдыр, шылдыр-шылдыр ызың қағып, теріскей желдің лебінен баяу ғана тербеледі. Ш еңгел бұтағына ілінген жүп-жұқа қабық Жылан жылының жалмауыз жалауындай желбірейді. Бәлкім, Рысқүл да мына Ойық жеріне қабығын ғана қалдырып, өзі сол арман тауы — Ақсу-Ж абағылысына кеткен шығар. Тұрар төмпешік жер-бесікке телміріп тұрып, әкесінің бет-кейпін, түр-түлғасын көз алдына келтірмек болды. Бейне көмескілене бастаған екен. Бұлдырай береді. Соңғы рет Сібірге кетерде екі қолы артына қайырылулы, жантайып жатып, мойнын соза, үздіге қарағаны көз алдында анық қалыпты. Әсіресе, Түрардың есінен кетпес елес — Рысқүлдың Қызыл Ж ебеге мініп, көкпар тартқаны ғой. Сол сәтті көргені қандай онды болған. Әкесінің бүкіл қиқар өмірі жиналып, сол бір жүлдызды сәтке татымайтын сияқты. Бүкіл ғүмырының шарықтаған шыңы —сол Қызыл Жебеге тақымы тиген кез. Адамның найзағайды ерттеп мінген бір сәті. Әттең, сол сурет өнер тіліне көш ер ме еді! Түрар суретші бол- мағанына өкінді. Уақыт мейірімсіз. Көңілдегі көне суретін бірте-бірте көмескілендіре беретін сияқты. Енді, міне, найзағайды жалынан ұстап мінген адам мына төмпешік дегенге нанғысы да келмейтін сияқты. Түрар өз ойын өзі бөліп: —Қабылбек, сен Ақсу-Ж абағылыда болған жоқсың, ә ? — деді жолдасына бұрылып. — Ж оқ, бірақ естуім бар.
— Осыдан Таш кентке барған соң, Түркістан үкіметінің алдына мәселе қоймақшымын. Оны мемлекеттік қорыққа айналдырып, қамқорлыққа алу керек. Дәуіт шалдың кішкентай көзі шақшаң ете қалды. — Әй, жиеншар, шырағым Түрар, қамқорлыққа алар болсаң, мына Таластың халқын ал. Бұ да бір елің. Түп нағашың. Зираттың шетіне қараң-құраң жиналып, әлдекімді қабір- ге қойып жатты. — Ойбай, сорлаған екен ғой, сорлы Сәрсембі өлген екен, — деп Дәуіт кепкен бетін сипады. Жылап түр, бірақ көзінен жас шықпады. К өзінің айналасы айғыз-айғыз әжім, ылғал біткен сол сызаттардан алдақашан ағып таусылғанға үқсайды. — Бұ да алғы ішіп, аштан өлді. Осыны айтып, Дәуіт шал тез өзгерді. Түрар мен Қабылбекке бүрынғыдай жалбақтамай, қабағы кіртиді. Содан соң, Тұрарға тыжырына тік қарап: — Өткен жылы оязды құлатып, Әулиеата жүртының алдында сайрағаның әлі менің есімде. «Таңың атты, күнің шықты, халқым!» — деп едің сонда. «Енді арқанды аяз қарымайды, бит теспейді», —деп едің сонда. «Байлардың күні батты, кедейдің таңы атты», — деп едің сонда. Сонда мы на сақалы мнан саулап аққан ж асқа омырауым жуылып еді. Ж үйке-жүйке босап, ет жүрегім уылжып, қуаныштан елжіреп едім. Қайда сол уәде еткен жұмағың, Түрар? Патша қүрыды, Керенский кетті, ендігі не? Қарадан туып, төре болып, үстіңе қылау жуытпай тұрысың мынау. Сен, сірә, ашықпассың. Мына Қабылбек мырза да аштан тарықпас. Ж аз бойы жан сақтағанымыз жаужұмыр мен алғы еді. Ондайды сен жеп көрмеген шығарсың, Түрар. Борсық қазып жейтін шөптің тамыры. Алғы ішіп, жаужүмыр жұтып, жаз бойы уланған жүрт енді баудай түсе бастады. Әулиеатада Кеңес өкіметін жариялап жар салғанынды өз құлағыммен естіп, өз көзіммен көріп едім. Басқа айтса, сенбес едім. Ал енді не болдық? Халқың қырылып қалса, Кеңес өкіметі кімге керек? Іргеде ағып жатқан өзен қысыр жыландай, тым жіңішке. Асау Талас деп айтуға келмейді. Жағадағы селдір қамыс тозған тақияның ұйпалақ үкісіндей, реңсіз. Әуесінде қар- лығаш қалықтамаған, қамысында қырғауыл пырылдамаған, жыңғылынан қоян қашпай қалған сүңқиған дала. Бедеу аспан шаңытады. Ш еңгел бүтағында жыланның кебенек терісі қаудырайды.
«Қала басында аштарға арнап асханалар аштырдық. Айбар сияқты азуы алты қарыс тарпаң байлардың қос құлағын басып, шыңғыртып тұрып, артық астығын қазынаға құйып, кембағалға үлестірдік. Әулиеата аштарды асырайды екен дегенді естіп жоқ- жұтаң ел-елден қалаға қарай ағылды. Соны аңғарып, комиссар-болыстарға тапсырма айттық. Байлардың мал- мүлкінен кедейлерге қарайласу туралы пәрмен берілді. Бірақ, советтің жауы астыртын қастандыққа көшіп, байдың малын алудың орнына, кедейдің жалғыз түяғын тартып әкеткені мәлім болды. Әулиеата уезінің ендігі басшысы мына Қабылбек Сармолдаев. Мен асығыс Ташкент аттанып, бара жатырмын. Бүкіл Түркістанға аштықпен күрестің төтенше комиссары болып тағайындалдым. Ж алғыз Талас емес, бүкіл байтақ Түркістанның михнаткер комис сары болып тұрмын. Мына көкемнің қабірінің басында ант етемін: халықты аштық апаттан алып қалу үшін жан аямаймын. Артель қүрып, күш біріктіріп, егін салып, мал бағып, ортақтасып, қоғамдасып ел болу жағын қарас- тырамын. Нала болмаңыз, түп нағашы». Түрар Дәуіт шалдың шарт-шүрт еткен сүрағына осылай жауап бермек еді, бірақ айтпады. Ашты қүр сөзбен асы- раудан асқан қорлы қ жоқ. Тек іс керек, әрекет керек. Ауқат керек. Ендеше, тездетіп Ташкентке тарт. — Мына қанжарды мен аламын. Көкемнің көзі болсын. Бүдан басқа қалған заттары бар ма, түп нағашы? — Мылтығы бар еді. Бір қадақ үнға айырбастап жібердім. Киім-басы жүдеу болатын әкеңнің. Қалтасынан мына бір сақина табылған. М ә, бұ да бір белгі шығар. Рысқүл жиен Сібірде алтын қаздық дегенге, алтын сақина ма деп әркім-әркімге көрсетсем, алтын емес дейді. — Мұны да маған беріңіз. Түрар көзілдірігін нығарлап қойып, сақинада сиқырлы жазу бардай, сонда әкесінің сыры сақтаулы жатқандай, әрі-бері айналдыра қарады. Кәдімгі қара темір, егеуі көшіп, көмескіленіп қалыпты. Түрар сақинаны аппақ бәтес ора- малға орап, қалтасына сала берді. — Көкем маған мұраға қора-қора қой, үйір-үйір жылқы калдырмады, түп нағашы. Көкем маған мұраға тек есімін ғана қалдырды. Оның өзінен де айырылып қалып, «Қырғызбаев» болып жүріп, Рысқүлов деген фамилияға әрең жеттім. Сон- дықтан мына қанжар мен сақина менде болсын. Қанжар —
қаталдық. Көкем маған: «Жауыңа қатал бол!» — деген шығар. Сақина — татулық. Көкем маған: «Досыңа адал, тату бол!» деген шығар. Менде жау да, дос та бар, түп нағашы. Шамаң келсе, көкемнің қабіріне қарайлай жүр. Кейінірек келіп, басына белгі қоярмын. Күмбез тұрғызбаймын, керегі жоқ, бәрібір мәңгілік емес. Сыпатайдың күмбезі де құлап жатыр. Қош, көке! Қош, түп нағашы! — Оу, жиеншар, бірдеңе десеңші! — деп ышқынып қалды Дәуіт шал күйме соңынан. — Көп кеш ікпей жауап болады, — деген дауыс естілді күйме ішінен. Қос ат жеккен қара күйме қоңырауы бебеулеп жолға шықты. Ш еңгел қоңыраулары күйме қоңырауына қош-қош айтысты. Сояу бүтада зер қабық желбірейді. Үлы Ж ылан жылы еді. II Рысқұлов Түркістан картасының алдында тұр. Карта ескі болатын. Кауфман заманынан бері ілулі тұрған. Бір өзгермесе — осы карта өзгерместей еді. Біреу өлмесе, гене рал-губернатор фон Кауфман өлместей еді. Бірақ: «бір Қүдайдан басқаның бәрі өзгермек» деп Абай айтқан. Заманы заңғарланған шақта Кауфман да бұл картаның алдында талай тұрған. Енді — Рысқүлов... Екеуінің қарасы екі басқа. Россия империясының орасан отарлық бөлігі сары бояумен боялған. Неге сары? Күні ыстық, ауасы құрғақ, жері қуаң болғандықтан ба? Бірақ, мұнда да жер көгеріп, жасыл желек жамылатын мезгіл болады. Каспийден бастап, Ш ығыстағы Тарбағатай, Қытай шекарасына дейін керіліп жатқан кең дүниеде сары ренді шөлден басқа толып жатқан шүраттар бар. Бірақ, карта бояуы сары. Халықтың сары уайым мен ащы запыраны шығар. 1867 жылы тұңғыш рет фон К ауф ман билік құра бастаған бүл өлкеге Арал төңірегі, Каспийден бергі Түркменстан, Үстірт адайлары, Қарақалпақстан, Өзбек елі, Тәжікстан, таулы Қырғыз, байтақ Сырдария губерниясы, Жетісу губер- ниясы кірер еді.
Рысқұловтың қабағы түйіле калды. Картада Қазақ- станның жартысынан көбі жоқ. «Бөліп ал да, билей бер» деген патша саясатының залымдығын жаңа сезіп түрғандай, кенет тісі ауырған адамдай бет-әлпеті өзгерді. Ж ер бетінде қазақ деген халық бар. Оның ғасырлар бойы жаумен жағаласып жүріп мекендеген жері бар. Ал патша келеді де сол қазақтың жерін бөліп-бөліп Арқа мен Алтай жағын «Степной край» деп Омбы генерал-губернаторына бағындырады. Батыс бөлігін Орынбор әкімшілігіне каратады. Ал Сыр бойы мен Оңтүстік, Ж етісу қазақтарын Түркістан генерал-губерна- торлығына қосады. «Бөліп ал да, билей бер». Рысқұлов картадан бармақтай ғана жерді алып жатқан қырғыз еліне қарап, ызалана мырс етті. Патша Қырғыз Алатауының теріскейінде жатқан қырғыздарды Ж етісу оязы мен Әулиеата оязына бағындырады да, күнгей қырғыздарды Ферғанаға жыға салады. Ал Түркістанның қақ ортасынан Бұқара мен Хиуа хандықтарын «тәуелсіз» мемлекеттер етіп қояды. Сөйтіп, біртұтас өзбек те жоқ. Бәрі бөлек-бөлек. «Бөліп ал да, билей бер». Бүл залым сөйлемнің төркіні ағылшындардан шыққан: «Рул энд дивайд». Отаршыл- дықтың жілік майын жүтқан ағылшындардан осы сөзді патшасы қағып алып: «Разделяй и властвуй» деп қағидаға айналдырады. «Бөліп ал да билей бер». Рысқүлов алақанымен Әулиеата тұсын сипалап қойды. Қүлағына Дәуіт шалдың айқайы келді. «Талас бойына қол ұшынды бер!» — деп еді. Күні кеше Әулиеатаға Совет өкіметін орнатысқан. Бір жылға жетер-жетпес, сол Әулиа- таны басқарады. Бір жылға жетпесе де, жүз жылға бергісіз. Қуанышы, қасіреті аралас. Қасіреті басым шығар. Аштық- пен арпалыс. Солшыл эсерлермен арпалыс. М еныпевик- термен, жергілікті бай, саудагерлермен дамылсыз айқас. Кулактар көтерілісі. Кулактармен арпалыс. Қасиетті Әулиеата. Күні кеше оның бір түкпірінде топырақ болып томпайып жатқан Рысқұлмен қоштасты. «Көке, сен өмір бойы әділет үшін жағаласып өтіп едің. Әділетті болуға ант етемін», — деді әкесінің қабірі ба сында. Ал, енді әділетті болып көр. Түркістанның астанасы — Ташкенттің қақ төрі. Алдында — карта. Ж аңа өкімет бүған ауыр міндет жүктеді. «Бүкіл Түркістанды аштықтан сақта» деді. Аштық жайлаған, азап жайлаған Түркістанның қай пұшпағына жедел жету керек? Талас десе, Ферғана қалып 13
барады. Үкімет басшыларымен таласып-тармасып жүріп, жырып алған аз қаржыны Ферғанаға берсең, Сыр бойы ыңырсып тұр. Кулактардың қорлығынан әлі қүтыла алмаған Жетісуды қайда қоясың? Түркістан үкіметінің басшылары бастапқы пәрмен бой- ынша мұны Денсаулық сақтау комиссары етіп тағайындады. Кешегі тар заманда бүл жетім жүрегін сүрелеп, жанталасып жүріп алған білімі — әуелі: орман-тоғай мамандығы; одан кейін: мүғалімдік еді. Әсте дәрігер емес. Ағаштың, тал- дарақтың, бау-бақшаның ауруын емдей алар, ал адамды емдеуді оқымаған. Бірақ, Денсаулық сақтау комиссары. Егер Түркістан өкіметі Денсаулық сақтау комиссарлығының өзіне тікелей мамандығы ж оқ адамды қойса, есіл Түркістанда дәрігерлер қайдан болсын?! Бар болса, мыңға біреу табылар ма екен? Аз күннен кейін Рысқұлов ТүркЦ И К-тің мәжілісінде сөз сөйлеп: — Қ азіргі таңдағы басты опат — аштық, — деді. — Оны жоймай, ешқандай денсаулық сақталмақ емес. Мені Ден- саулық сақтау комиссары міндетінен босатындар. Аштық- пен күрес комиссариатын қүрыңыздар. Оның комиссары етіп мені тағайындаңыздар, — деді. Басшылар ойланып қалды. Денсаулық сақтау комис сариаты қай заманда да бола бермек. Аштықпен күрес комиссариаты тоқшылық келген күні керек болмай қалады. Мына жігіт әріден ойламай ма, қалай дегендер де болды. Бірақ ұсынысын қабылдады. Қомақты қара столдың бір шетінде күркетауықтай қорбиған телефон шар-шар ете қалды. Рұсқүлов карта алдынан бұрылып, трубкаға қол созды. — Тындап тұрған Рысқұлов. Ар жақтан ентіккен дауыс орысшалап: — Жолдас Рысқұлов! Сізді Осипов шұғыл мәжіліске шақырады! —деді. Рысқұлов қасын кере танданып, сәл кідіріп барып: — Қайда? Қайда? — деді. Ар жақтағы дауыс бұл жолы өктемірек естілді: — Соғыс комиссары Осипов гарнизонға шақырады. Тез! Басқа комиссарлар күтіп отыр. Шұғыл жағдай! — Қазір. — Рысқүлов ірі ісектің жілігіндей трубканы сал- мақтап түрды да, үясына қондырып, одан қолын айырмаған қалпы қалшиып тұрып қалды. «Мұнысы несі? ТүркЦИК-тің
төрағасы Вотинцев шақырса бір сәрі, Түрксовнарком төрағасы Фигельский шақырса бір сәрі, ал комиссарды комиссар өзіне бұйырып шақыра ма екен?» Көңіліне күдік кірді. Сан-сапалақ ойлар жан-жағынан қамалап келіп тұрып қалды. «Әлде, Каспий майданында қатты өзгеріс болып, жау Ташкентке таяп қалды ма? Орынбор майданының шебі бұзылып, Ташкентке төніп келетіндей реті жоқ. Ж етісу майданы да жер түбінде. Әлде, Ф ерғана басмашылары басып кірді ме?» Ташкентке түнде тұңғыш рет жалаңқат жүкалаң қар жауып, арты қалың түманға айналған. Кабинет іші күңгірт тартқан соң шамдалдар жағылған. Рысқұлов жез қоңырауды сылдырлатқан заматта қара қайыспен қапталған ауыр есік салмақпен ашылып, ар жақтан ашаң жүзді, ақ сары жігіт гимнастеркасының етегін тартқылай, белдігін түзей түсіп, кіріп келіп, Рысқүловтың тапсырмасын үнсіз тосып, түрып қалды. — Маған Вотинцевті жалғастыр. — Қүп болады, Тұрар-ака. Ж ігіт жалт бүрылып шығып кетті. Қаптама қара есік сабыр сақтап, салмақпен қайта жабылды. Опыр-топыр ойлар қайта оралды. «Осы Осипов дегенді суқаны сүймейтіні несі? Соғыс комиссары. Мен күдіктенетіндей, ол сатқын болатын болса, бүкіл қарулы күш соның қолында, лезде талқанымыз шығады-ау. Қой, олай болмас. Вотинцев оны комиссарлыққа танымай тағайындаған жоқ қой». Осиповтың ұдайы лепіре сөйлейтіні құлағына келді: — Жауларды аяусыз жою керек! Революция менің пірім, оның жолында қасық қанымды аямаймын! — Ешкім одан ант талап етпесе де ТүркЦИК мәжілісі сайын сөз сарыны осылай келетін. Кім біледі, мінез шығар. Жуан қайыс белдігін тағы да қыналай түзете-түзете көмекші жігіт қайта кірді. Рысқүлов оның белдікпен алыса бергенін бүрын байқаса да, бұл жолы: «Ш алақүрсақ-ау байғүс» деп ойлады. — Вотинцев жауап бермейді, Түрар-ака. «Бұл қалай болды?» — дегендей, Рысқүлов енді өз телефонына қол созды. Түйетауық телефонның құлағын бүрап-бұрап, Фигельскийді сүрады. Фигельский орнында жоқ болып шықты. 15 . &
Республиканың екі бірдей басшысы екеуі де орнында жоқ болғаны, іштегі бір әлсіз күдікті күшейте түсті де, телефон- мен Тұрсынходжаевты сұрағанын өзі де аңғармай қалды. — А, Тұрар, сенбісің, даусың бір түрлі ғой, тыныштық па? —деді Тұрсынходжаев жарқын-жарқын сөйлеп. Рысқүлов жағдайды түсіндірді. Тұрсынходжаев ойланып қалды. — Осиповке бармай қоя тұр, — деді ол сәлден кейін. — М ен Низаммен хабарласайын. М үмкін, сол бірдеңе білер. Өзім телефон шылдырлатайын, мақұл ма? — Мақүл, Сағдулла-ака, мен тоса түрайын, — деп Рысқүлов әуелі ершікті басып, трубканы жайлап қана үясына қондырды. Көз алдына Сағдулла-ходжа Тұрсынходжаевтың мүрты елестеп, жымиып қойды. Сағдулланың қап-қара мойыл мүртының екі үшы ширатылып, орге шаншылып түрушы еді. Омірі сәнді киінетін Сағдулланың ыждаһаттап күткен бір қазынасы осы мұрты болар. Мәжілістерде басынан доңгелек қүндыз боркін алмайтын. Басқа өзбектер сияқты ала топы кимес еді. Кушекин алғашқы кезде Тұрсынходжаевтың мәжілісте борік киіп отырғанын жақтырмай, бірде қағытып қалғаны бар. — Ж олдас Тұрсынходжаев, мәжілісті сыйласаңыз, бас киіміңізді алып отырыңыз. Ал бас киім шеше алмайтындай кінәрат бар болса, амал жоқ, — деп езуі қат-қабат болып, ыржия күлген. Сонда Түрсынходжаев мүрты құлағына жеткенше шан- шыла түсіп, басынан құндыз бөркін жүлып алып: — Ж олдас Кушекин, менің басым, сіз ойлағандай таз емес. Ш аш деген жетеді. Тіпті әлдекімдерге қарайласуыма да болады, — деп бөркін қолына кигізіп, дөңгелетіп-дөңгелетіп койып еді. Кушекин озінің жап-жалтыр басын сипалап, қызғылтым жүзі қан-қызыл болып қысылып қалған. — Аузында әзілі жоқтың, қолында шоқпары жүреді. Сіздікі де, менікі де әзіл болсын, жолдас Кушекин. Кешіріңіз, — деген Түрсынходжаев ыңғайсыздықты сейілт- кісі келіп, —Бала жастан бас киіммен отыру әдетке айналған. Мен Крайком, Түркатком сияқты киелі мекемеге бас киімімді емес, аяқ киімімді шешіп кіремін. Калошым босағада қалды. К ір-қоқы с басқа емес, аяққа ілеседі.
— Кім біледі, кейбір жолдастардың басында да кір-қоқы с болуы мүмкін, — деп Кушекин кегін кешіре алмай, зілденіп, күрең қызыл, жып-жылтыр бетінің алауы қайтып, боп-боз, сөнік көзі мөлие бастаған. Тұрсынходжаев есесін жібергісі келмей, мұртын ширата беріп еді, Рысқүлов: — Іліксіз, қағытпасыз сөйлесейік, жолдастар, — деп басу айтқан. Телефонный шар-шар ете қалғаны сонша, түйетауықтай қара қорап селкілдеп кетті. Рысқүлов трубканы жұлып алды. — Тұрар, — деді ар жақтан Тұрсынходжаевтың қатқыл даусы. — Низамиддинді таппадым. Осы тегін емес. Сақ бол. Осиповтен қаупім бар. Мен тағы барлау салып көрейін. Телефон күт. «Сақ бол, — дейді. — Осиповтан қаупім бар, — дейді. Сонда қалай? Түркаткомның мәжілісі сайын қүлшына ^сөйлеп, Совет өкіметі жолында жанын қиып жіберуге дайын отүратын сабаз осы Осипов емес пе еді?» ч- Рысқүлов телеф онға телміріп, мына түйін сүрақты ң шешуін содан күткендей, сілейіп түр. Терезеге көзі түсіп еді, ^шыңылтыр аяз шыныларына кәдімгідей шілтер тоқып ^үлгеріпті. Талғар таудың бауырындағы жеркепе үйдің қырық құрақ жалғыз терезесіне де осындай ақпан аязында нешебір ғажайып суреттер түсіп қалар еді. Таңертең таудан асып, терезеге күн сығалар еді. Күн ж арықтықтың бір жақсылығы, түлдыр кедейсің демейді. Сәулесін әмме жанға: байға да кедейге де бірдей шашыратады. Сонда әлгі аяз салған суреттер алтын жалатқандай құлпырып кетеді. Қүрақ терезенің сызықтары қырғауылдың қауырсынындай сан қүбылып, таңғажайып әдемі әлем пайда болар еді. Тұрар аласа ағаш төсектен түрмай, сол суретке қарап көп жататын. Кішкентай Рысқұловтың алғаш көрген сурет галереясы — қырық қүрақ жамаулы терезенің қырау суреттері еді. Өгей шешесі Ізбайша баланың әйнектен көз алмай қалшиып жатқанына қарап, танданып, ернін сылп еткізер еді. Қәзір де шыныдағы шілтер суретке қадалып, әр түрлі ойдың шырмауында түрғанда, көмекші жігіт кіріп келді. Ақ сары жүзі алаулап, бетіне қан жүгіріпті. Артық ауыз сөзі жоқ, әскери адамша тақ-тақ жүрісі біртоға жігіттің бұл жолы орынсыз күлімдегені несі екен? **
— Тұрар-ака, сіздің қабылдауыңызға бір бикеш келіп отыр. М ына аязбен бірге аштық қысқан қаһарлы күндерде Рысқүловтың қабылдауын сұраған адамдар көп. Оған танданатын дәнеңе жоқ. Әлде, көмекші Ләзиздің жымың- дауы эсер етті ме, әлде, өзінің жүрегі бірдеңе сезді ме, Рысқүловқа бұл хабар ерекше мәнде болып естілді де, абыржып қалды. — Кім екен? Не мәселе? — Өзім айтам дейді. Тікелей өзіңізге. Ләзиздің кәзі тағы күлімдейді. — Кірсін, — деді Рысқүлов көмекші жігіттің қутында- ғанына түсінбей. Мойнына көкшіл түлкі салған, басындағы жасыл камшат бөріктен төмен қарата бетін бүркеп, қара шілтері түсірген қыпша бел қыз кіріп келгенде, Рысқүлов: «Бұл аш емес. Мұның арызы басқа болар, —деп ойлады. — Дәуде болса, экспроприацияға ұшыраған бай тұқымы шығар. Мүлкімді қайтар деп арыз айта келген ғой. Мұндайларға қайырымсыз бол, Тұрар!» — Келіңіз. Мен сізді тындап тұрмын, — деді Рысқүлов әйел затын сыйлағандықтан ғана креслоға отырмай, тіке- сінен тік тұрып. Ж үріс-тұрысы бек жұмсақ, тым биязы, әдемі, сәнді киінген қыз: — Сәлематсыз ба, жолдас Рысқұлов, — деп үн қатты. Рысқүлов сәл кідіріп: — Сәлематсыз... — деп селқос қостады. «Конфиска- циядан бәрібір қүтылмайсың» деп қойды ішінен. — Мені танымадыңыз ә, жолдас Рысқұлов. — Біздің үлкен Ташкентте кім көп, пәренже жамылған әйел көп. Ал сіз, қателеспесем, европалыққа ұқсайсыз. Европа әйелінің пәренже жамылғаны жараспайды екен. Кәне, келген шаруаңызды айтыңыз. Рысқүлов тым қатқылдау, бәлкім дөрекілеу кетіп қалғанын озі де сезді. Бірақ әрі-сәрі күдік-күмән көбейіп кеткен сияқты. Әлгі Осиповтың оспадарсыз бұйрығы. Тұрсынходжаевтың кеңесі. Телефонға жалтақтау. Енді мына жүмбақ жан. — Мен сені бүлай деп ойламап едім, Тұрар. — Қыз даусы дірілдеп кеткендей болды. — Қалай озгергенсің. Әлде, уақыт
өзгерткен бе? Сен кішіпейіл едің ғой. Әлде, революция қатыгездендіріп жіберген бе? Осыны айтып, қыз бетіндегі жібек шілтеріні басындағы камшат бөріктен асыра серпіп ашып тастады. Ж арқ етіп аппақ дидарлы, нұрлы жүз сүлу қыздың жәудіреген көкжасыл көздері көрінді. Бір тамшы жас сыныптай ойнақтап, үзіліп түсе жаздап, сабаудай сары кірпігіне әрең ілініп қалыпты. «Мені танымадың-ау» деген наланың нышаны болар, сірә. Рысқүлов үлкен қара столды айналып, үн-түнсіз бері жылжыды. Алыстан толықсып, үздігіп-үздігіп «Полонез» естілді. — Сен менің көңілімде әлі кішкентай Наташа қалпында қалыпсың. — Рысқұлов өз даусының жұмсарып бара жатқа- нын аңғарды. — Өзгеріп кетіпсің. Сені де көретін күн болады екен-ау. Рысқұлов бір-бір басып, қыздың жанына жақындады. Соноу-соноу бала кезінде, Талғар таудың қапталындағы жеркепе үйіне, әйтеуір бір жазда теңбіл торғай ұшып кіргені бар. Сірә, кепенің есігі ашық қалған болар. Сірә, жабайы қүс жеркепеде адамдар түратынын байқамаған-ау. Бала сонда демін ішінен алып, теңбіл торғайға мысықша жылжып жетіп, қолын соза бергенде, жабайы қүс шошып кетіп, ұша жөнелген. Рысқұлов қыздың нәп-нәзік сүйрік саусақтарын қос қолдап ұстап, ақырын ғана ерніне басты. —Көп жыл өтті, Құдайым-ау, біз көріспегелі қай заман, — деп, әлгі Түрардың жұмсақ ерні тиген саусақтарымен жігіттің қайратты қара шашын сипағанда, сол қату шаш пен нәзік саусақтардан от шашырағандай, екеуінің бойы да лап-лап ете қалды. — Сен сонда зым-зия ж оқ болдың, Түрар. Сені іздемеген жеріміз қалмады. Папам полицияны аяғынан тік түрғызды. Верныйды түгел тінтіп шыққан шығар. Саймасайлар үрлап әкетті ме деп, Талғар жақты да дүрліктірді. Біраздан кейін сені бәрі де үмытты. Ал мен үмыта алмадым, Тұрар... — Мен де, Наташенька, мен де. Бір кезде сені іздеп бармақшы да болдым, әкеңнен қорықтым. — Ол кісі опат болған, — деді Наташа көзіне жас үйіріп.
Көкірегіне жұлдыз болып басылған жасыл көзден өппек болып, Рысқүлов емірене ұмсынғанда, телефон шар ете қалды. Қолына ғайыптан келіп қонған бақыт құсынан айы- рылып қалатындай, Рысқұлов қызды бір қолынан ұстап тұрып, телефонға бос қолын созды. — Рысқұлов тындап тұр! Я, Сағдулла-ака, мен тыңдап тұрмын. Не дейді?! Көтеріліс?! Қандай бунт, Осипов?! Қызды тұтып тұрған колы еріксіз трубканың екінші басына жармасты. Өзінің қолын босатып салғанын қыз да жаманға жорыды. Рысқұловтың түрі лезде өзгеріп, сүрапыл түстеніп кеткенін аңғарып, жап-жаңа ғана мінезі майдай, толықсыған айдай биязы адамның кенет шиыршық ата қалғанынан секем алды. — Алда, атаңа нәлет сатқын-ай! Мен кәзір жетемін, жолдас Түрсынходжаев! Низамеддинді тап! Станцияға жиналайық. Темір жол жұмысшыларын, Ескі Ташкент түр- ғындарын көтеруге кісілер жібер! Мен қазір... Рысқұлов дәу қара столдың тартпасын сілке тартып, сүп-сұр суық маузерді суырып алып, жан қалтасына сала салды. Босағаның оң ж ақ бұрышында темір бақанға ілулі тұрған қара қайыс пальтосын асығыс киемін деп екінші жеңіне қолын сүға алмай, қайта шешіп, қайта киді. — Кешір, Наташа. Көріп тұрсың ғой. Жағдай қиын. — Қүдайым-ау, не деген қатыбас уақыт! Жылдар бойы зарығып көргенде, бір ауыз сөзге келтірмеген не деген сүмдық! Соғысқа бара жатсаң, енді қайтып көрісуіміз де екіталай ғой. Тым болмаса, қайдан келдің, халің қалай, деп те сүрамадың-ау, Түрар. Қыз дәл есіктің көзіне түрып алып, Рысқүловтың жолын кесті. Әлгі алау сезім, заңғар дүние, бір сәттік керемет кеңшілік кенет тарылып, су сепкендей, айнала қарауыта бастады. Рысқұлов қызды ренжітпеуге тырысып, иығынан құшып, абайлап қана жолдан ысырып, есіктің жез тұтқасына қол созды. — Біз жолығамыз, Наташа. Кең-мол отырып, армансыз әңгімелесеміз. Мына оңбаған Осиповтың ойранын көр- мейсің бе? Ал қош, көріскенше...
Рысқүловпен бірге ауыз үйге Наташа да шықты. Көмекші Ләзиздің миығындағы ку күлкі лезде лып етіп өшіп, комиссардың әмірін күтіп қалшиды да қалды. — Қаруың қайда? Жүр соңымнан! Рысқұлов сыртқы есіктен атырыла шығып бара жатып, артына бүрылып үлгірді. Наташа қара шілтерді бетіне қайтадан түсіріп, көгілдір түлкіні мойнына қымтай орап алған екен. Түнек бұлт бүркеніп қалған ай сияқты, жаңа ғана жарқырап түрып, лезде шілтері тұтқаны Рысқүловтың жүрегін жырымдап жібергендей болды. Бірақ аялдауға мұрша ж оқ еді. Бүл сағынышты адамның сүйкімді сүйрік саусақтарын сипалап түрғанда, ту сыртында алай-түлей айқас басталып кетіпті. Рысқұлов мәрмәр баспалдақтан секіре түсіп бара жатып: «Адресін де сүрап алмады-ау, — деп қынжылды. — Осы Ташкентте тұра ма, әлде Алматыдан келді ме? Мені неге іздеген? Ш ыннан ұмытпағаны ма?» Іле-ш ала тағы бір ой: «Станция басына қалай жетеміз? Қалай топтасамыз? Қару қайда? Атаңа нәлет Осипов! Қарудың бәрі сонда!» деп келіп килікті. Ілезде: «Қап, Наташаға бір ауыз жылы сөз айта алмадым-ау. Ол кіріп келгенде тым сіресіп, сыздана қалғаным нем? Үят-ай», — деді. Іле-шала: «Сағдулла мен Низамеддин Ескі Ташкент қауымын көтерсе, станциядан жұмысшыларды көтерсек, атаңа нәлет Осипов, ойқастарсың әлі!» — деп кіжінді. Ілезде: Ж аңағы Наташа қаңғыған оққа кезікпесе не ғылсын? Маған қатты ренжіп қалды-ау, сірә? Жөндеп қоштаса да алмай шықтым-ау!» Іле-шала: «ТүркЦИК қоршауда қалса, қалай бүзып шығарамыз? Қоршамай түрғанда үлгірсек? Түрсынходжаев Ескі шаһарға жетті ме екен? Низамеддин Ходжаевты тапты ма екен? Әй сондағы Кушекиннің Низамедцинге шұқшиғаны-ай. Сен- беді-ау, сенбеді. Ал сенген Осипов не істеді? Ж ау ж оқ деме жар астында, бөрі жоқ деме бөрік астында. Ай, данышпан халқым-ай! Сенің табаныңа кірген тікен, менің маң- дайымнан шөңге суырылар күн қайда? Атаңа нәлет Осипов! Қазақ-қырғыз ашықса ашыға берсін, бір тиын қаржы бөлінбесін, қару-ж араққа жүмсалсын деп еді-ау» Рысқұлов қып-қызыл оттың ішінде кетіп бара жатты.
Казарма биік дуалмен қоршалған. Жалғыз казарма ғана емес, жалпы Ташкенттің көп үйлерін дуал қамап тұрады. Тұтас көшелер, толайым махаллалар биік дуалдан пәрәнже жамылып алған. Өзге дүниеден өзін қорғалап, жан-жағын тұйықтап, қорасын бекітіп отыруға қадим замандардан бергі талай-талай талапайлар үйреткен болар, Түркістанның қалалары түгел дерлік дуалмен қымтаулы келер еді. Тіпті жеке жарым үйлер, көшелер тұрмақ, қала түгел биік қорғанны ң ішінде түрған заман болған. Соның бірі — Ташкент қой. Бірақ Ташкент тас қамалмен қанша қым- талғанмен, Ш ырнайпаша-генерал Черняевтің зеңбірек- теріне түк те төтеп бере алмай, қақпалары шалқалай түсіп, ашылып-ашылып жүре берген... Казарма — губернаторлар дәуірінде күйген қызыл кір- піш тен мықтап салынған биік дуалдың қүндағында еді. Соғыс комиссары Осипов қарауындағы Ташкент гарнизоны осы казармаға орналасқан. Қаңтар айының қысқа күні күңгірт тартқанда, комиссар Осипов Түркістан басшыларының орнынан табылғандарын түгел казармаға дабылдата шақырады. Ойбай, жау келіп қалды, ақылдасайық, әскер дайындығын көзбен көріңіздер, жауынгерлерге сәт сапар тілеп, жігер беріңіздер, деп сендіреді. Түркістанды жау қоршап түрғаны рас. Оны дұшпаннан қорғағаннан артық қандай парыз бар? Комиссарлар шұғыл шаруаларын тастай салып, салып ұрып казармаға жетеді. Ж етеді де... Екі омырауында екі қызыл жүлдыз бар жасыл қақпа екі жаққа алшайып ашыла бергенде, алғаш кірген күйменің ішінде Вотинцев пен Ф игельский бар еді. Ж ол рәсімімен күймеден бірінші болып Вотинцев түсті. Әуелі алагеуім ауланың ішін барлады. Оның ойынша плацалаңға қазір әскерлер тізіліп тұруы керек еді. Соғысқа аттануға сақадай сай тұруы керек еді. Вотинцев сол строй алдында сөз сөйлемек болған. Айтар сөзін жол-жөнекей асығыс жүптап келе жатқан. — «Қызыл қырандар! — деп бастамақшы еді. — Советтік Түркістанның басына қауіп төнді, қара бұлт үйірілді. Сол бұлтты түріп тастап, жарқыраған күннің көзін аршитын сендерсіндер. Қатерлі қорқауларды аяусыз соғыңдар! Жеңіс
жолында, пролетариат ісі жолында қасы қ қан аямаңдар! Совет өкіметінің Түркістандағы туы сендердің қолдарында. Сол туды жығып алмандар. Сәт сапар!». Республика президенті осылай демекші еді. Бірақ сап түзеген қырандар көрінбейді. Түнжыр түқыш екі-үш адам үн-түнсіз келді де, келеңсіз қылық көрсетіп, мүның екі қолын лезде артына қайырып, кісен салып тастады, қалтасындағы қаруын суырып алды. Ауланың арғы түкпіріне ала жөнелді. Ауыз ашып, ау, бұларың не деуге мүрша келтірген жоқ. Ф игельский де Вотинцевтің кебін киді. Бұдан соң бірінен кейін бірі тағы да он екі комиссар келеді. Бәрі де қызыл жүлдызды жасыл қақпадан өтеді. Ешқайсысы да соңғы қақпа екенін сезбейді. Қылышын алыстан қайраған қас дүшпаннан қасындағы опасыз жаман. Жау жоқ деме жар астында, бөрі жоқ деме бөрік астында. Қайран қазекем... Ауланың арғы түкпірінде үзыннан-үзақ бастырма бар. Ар жағы тас қабырға, бер жағы бастырманы ұстап түрған қатар-қатар бөрене тіреулер. Қараңғыда Римнің салтанатты сарайларының мәрмәр колонналарындай сәнді көрінеді. Бірақ жақындай берсең, тезек сасиды. Тас қабырғаны жаға- лай ат ақыр болатын. Бүл гарнизонның ат қорасы еді. Ат қораның тұйық түкпірінде арқаларын тас қабырғаға жапсырып, он төрт комиссар тізіліп тұр. Вотинцев жота- сымен қабырғаны итеріп көрді. Ж ауырынына үшкір тас қадалды. Жотамен итергенге қабырға құламас. Тас дуал қазір Осиповтай қатал, қатыгез. — Опасыз сатқын Осипов! Енді не күтіп тұрсың? Істер сойқанынды істемейсің бе? — деп айқай салды он төрттің ішінен біреуі. Күтірлетіп кеурек жоңышқа жеп тұрған аттар ащы айқайдан осқырынып, бастарын ақырдан көтеріп-көтеріп алды. — Асықпа, Фоменко! — деді сидаң бойлы, сұлу, сымбатты Осипов екі қолын артына ұстап, ары-бері аршындай жүріп. — Қайда асығасың? Бәрібір кешіктің. ЧК! Сені ЧК-ға бастық етіп қойған қайран, Совет өкіметі. Көрдіндер ғой Совет өкі- метінің қопал екенін. Енді Басқа өкімет, нағыз өкімет болады. Бірақ оны сендер көре алмайсындар. Приходько! Қайда қалғандары? Қашанғы күтеміз? — деп Осипов бағанаға ілулі фонарь жарығына қолын созып, сағатына қарады.
Рысқұлов пен Тұрсынходжаев, тағы әлгі кім еді... Низам Ходжаев келмей жатыр. Рысқұлов дегенде, Азық-түлік комиссары Першин ең- сесін көтеріп, қозғалақтап қалды. Қартаң тарта бастаған ақ самайлы комиссардың қүлағына ызындап, алыстан талып: «Алло, алло! Әулиеатадан сөйлеп тұрған большевик Рысқұлов. Уақытша үкімет Ташкентпен телеграф қаты- насын үзіп тастады. Темір жол телеграфымен әрең жалғасып түрмын. Ташкентте не болып жатыр? Бейхабармыз. Қандай бағыт бересіздер? Мен — Рысқұлов!» Сонда осы Першин: «Жолдас Рысқұлов! Ташкентте Уақытша үкімет құлады. Совет өкіметі орнады. Әулиеатада да өкіметті өз қолдары ңы зға алыңыздар!» — деп еді. Демек, Рұсқұлов та Осипов қазған орға құламақшы екен ғой. Аштықпен күрес комиссары Рысқүлов қызмет бабымен, әсіресе Першинмен көп үшырасар еді. Азық-түлік комис сары Першиннің қамбасы астыққа сіресіп түрмаған. Қамба тақыр, азық-түлік тақыл-түқыл. Рысқүлов өзі аштан үзіліп бара жатқандай, кейде қаһарланып, кейде жыларман болып, тақыл-тұқыл тамақтың өзін зорлап тартып алғандай болып, аштардың қүлқынына салатын. Першиннің есіне енді түсе береді. ТүркЦ ИК мәжілісінде согыс комиссары Осипов Першинді айыптады. Әскерге керек азықты Рысқүловқа бересің деп. Сонда Рысқүлов Першинді қорғап, Осиповтің аузына құм қүйған. Оны әрине, Осипов кешіре қоймас. — Приходько! Рысқүлов қайда? Қашанғы күтеміз? — Осиповтың көзі ақш аң етті. — Келмей жатыр, иттің баласы. Сол-ақ менің шең- гелімнен шығып кете береді. Он алтыншы жылы Меркеде атылайын деп тұрған жерінен бір құтылып кетіп еді, орайы келген бір сәт осы қазір еді. Қап! — Ж арар, Комиссар Рысқүлов бәрібір енді қүтылмас. Бүгін болмаса, ертең. Приходько! Баста! Приходько адъютант үсынған қайыс қобдишадан санап түрып он бес патрон алды да, он бесінші патронды кайтадан қобдишаға лақтырайын деп тұрып, ойланып қалды да, эуеге лақтырып жіберіп, қақшып алып, мундирінің төс қалтасына салып, түймелеп қойды. — Бүл ерекше патрон, —деп езуін қисайтты. «Кімге?» —деп ешкім сұрамаса да: — Рысқүлов үшін, —деп қойды. 24
ЩШШ§ Он төрт патронның алғашкы жетеуін қолақпандай маузердің өңешіне бірінен кейін бірін сүңгітті. Екінші маузерге қалған жетеуін салды. Ажал таянғанын сезген Вотинцев ақырғы сәтте ғайыптан бір көмек келердей алдағы қараң-қараң адамдардың басынан асыра мойнын созып қарады. Күрт-күрт жем жеп түрған ереуіл әскери аттардан басқаша ештеңе көрінбейді. Кенет «Кушекин арамызда неге жоқ? Успенский қайда?» деген ой сап ете калды. Осипов оларды күтпейтін де сияқты. Осиповтың күтіп түрғаны: Рыскүлов,Түрсынходжаев, Низам Ходжаев.. Өздері жаңа солай деді. Куш екин Вотинцевтің орынбасары ғой, әттең көмек алып, жетіп келер ме еді. Ерекше бөлім бастығы Успенский бүл жайдан қалай хабарсыз? Неге жетпейді, неге күтқармайды? Кенет Вотинцев Осиповтың тасасынан сұр пальтоның жағасын көтеріп алған, қаншырдай қатқан адамды әлдекімге ұқсатты. Әскери киімді емес. Кім болды екен? Бүл кім, Қүдай-ау? Әне, аузынан қап-қара сигар оты жылтырайды. Стоп! Вотинцевтің қабылдауында болған агылшын елшісі. Бейли! «Во-тен-цов мырза» деп еді. Апыр-ай, сонда Рыс- қүлов осы Бейлиге сүмдық бір сөз айтып еді: «Ашғабадтың ар жағындағы ағылшындарды Ташкенттен күтіп алуға келген жоқсыз ба? — деп төтесінен қойып қалған. Бейли жалаңаяқ шоқ басқандай шар-шар еткен. Рысқүловтың сол күдігін сонда бірден ескерсе ғой Вотинцев. Тым болмаса бір жанаш ыр есітер, есітер де Осиповтың кіммен байланысты екенін ел білер деген үмітпен Вотин цев: — Бейли! —деп айқай салды. — Бейли! Жағасы көтерулі сүр пальтолы, көзіне баса киген сұр шляпалы адамның қолынан қара сигар жалп етіп жерге түсті де, шоғы қырбық қарға быж етіп тиіп, сөніп қалды. Артынша Приходьконың оң қолы селт көтеріліп, маузер үні гүрс етті. Бірінші комиссар бүк түсіп, тізесі бүгіле берді... Қорадагы ереуіл аттар дүр-р-р етіп үріккенде ауыз- дықтар шақүр-шүқыр сыңғырлап, шылбырлар борт-бүрт үзіліп, бастырманы қүлатып кете жаздады. Ш ылбырын үзгеннен кейін тым адырлары осқырына-пысқырына, кісі- ней-місіней ойқастап, ашық алаңға шығып кетті. Бірақ, көшеге шыга алмас. Анандай зау дуалдан бүлар түрмақ, Александр Македонскийдің Буцефалы да секіре алмас.
Сондықтан Осипов және оның сыбайластары ә дегенде қобалжығанмен, аса саса қойған жоқ. Мылтық даусын көшедегілер естір деп те айылын жимайды. Казармадағы тарс-тұрс атысқа көрш і-қолаңның құлағы үйренген. Үзын ат қора бір жағынан мылтық атып жаттығатын тир орнына да жүретін. М ылтық даусы бұл маңайдың халқы үшін үй- реншікті тарсыл. — Бейли! — деген ащы айқай шыққанда-ақ ЧК пред- седателі Ф оменконың санасына ТВО1 сарт ете қалды. ТВО-ның барын білсе де, Ч К көпке дейін оның ордасын таба алмай сарсаң еді. Сөйтсе, Бейли тізгінін ұстаған ТВО-ның ең пәрменді өкілінің бірі ТүркЦ И К -тің мәжілістерінде үдайы өзімен қатар отырыпты ғой. Соғыс комиссары Осипов ЧК председателі Фоменкомен қатар отыратын. Ф оменконың өзегі өртеніп кетті. Қос қолы шідерлі болса да, тым қүрыса кіндігінен бір тебермін деп Осиповке қарай атылып кеп ыршыды. Оны көріп, ішкі істер комиссары Малков кеудесін алға сүйрей атылды. Мүны күтпеген Приходько қапелімде келесі оғын айдалаға жіберіп алды. — Ақымақ! — деді Осипов ызаланып. Тасада түрған бір болімше солдатқа қол бүлғап: — Ат! — деді. Қ аңқ еткен жеке тарсыл емес, жаппай гүрсіл жамырай шықты да, он терт комиссар бір сәтте жер жастанды. Қораның іші қан сасығанын сезіп, әскери аттар азан- казан кісінесіп, бір-бірін сауырымен соққылап, ығы-жығы теңселіп кетті. — Түркістан совет өкіметінің басы кесілді. Аттан! ТүркЦИК-ті, Түрксовнаркомды, почта-телеграфты алың- дар. Ферғана — Ергешке, Ашғабат — ағылшындарға, Орын- бор — Дутовқа хабар беріндер! Ура! Ташкентті түгел қолға алындар! Аттан! Осипов ойраны осылай басталды. Гарнизон түгел қаруға жармасты. Таш кент көшелеріндегі ақ қарға қызыл қан төгілді. Осипов бірақ Ескі Ташкент пен Темір жол барын естен шығарып, мастанып алған кезі еді. 1 ТВО — Туркестанская военная организация. Ағылшын шпиондарының көмегімен ақ гвардияшылардан, басмашылардан т. б. сатқыңдардан құрылған антисоветтік жасырын ұйым.
Ойраннан аман қалған комиссарлар, ТүркЦИК мүше- лері, Крайком басшылары, Совнаркомның жауапты қыз- меткерлері ТүркЦ ИК председателінің даладай кең каби- нетіне шұғыл жиналған. Бірақ председателінің өзі жоқ, креслосы бос. Бос креслоны көріп Рысқұловтың көңілі жабырқады. Вотинцев шын ленинш іл коммунист еді. Аз үлттан шыққан жәдігерлерге жаны ашып, қолтығынан демеп жіберуге дайын Түркістан басшыларының қатарын маңай- лай алмас па еді... Бос креслоға барып отыруға ешкімнің қақысы да жоқ, батылы да жетпес. Вотинцевтің орынбасары күні кеше солшыл эсерлерден шыққан Кушекин председательдің креслосына тесіле қарап біраз түрды да, тез тайқыды. Сонда да болса, бос орындықтардың бірін креслоға жақын жыл- жытып қойып, соған отырды. «Мәжілісті мен басқарамын» деген ниеті содан-ақ белгілі болды. Бірақ Кушекин қатты қайғыдан қажып, кедерлі кейпі опырылып қалғандай көрінді. Аһылап-үһілеп, сөз бастамай, арсыл-гүрсіл күрсініп отырып алды. Басқалары соның аузын бағып, тыпырши бастады. Кушекин болса, кос қолымен бетін басып алып, жап-жалтыр жұмыртқа басын тұқыртып, томен қарап отыр. Қылпықсыз сопақ бастың терісі қызғылтым. Түркістан басшыларының арасына молда да кіріп кеткен сияқты: Низамеддин Ходжаев басын аппақ мәрлімен шандып алған. Низамедцин, әрине, молда емес, әлгі Осиповпен киян-кескі үрыста шекесін оқ жырып кеткен. Әлі де тататын дәм-түзы, көретін жарық сәулесі бар екен, әйтпесе оқ сәл батыңқыраса, ол да құрбан болғандардың тізімінде тұратын еді. Ж арақаты сыздады ма, әлде мына үнсіздік азабы шы- дамын тауысты ма, әйтеуір Низамеддиннің шықшыты бүлтылдап кетті. Салбыраңқы мұрты жыбырлағандай болды да, қарама-қарсы отырған Рысқұловқа иегін көтеріп: «Сөйле!» дегендей ишарат білдірді. Рысқұлов жан-жағына қарап еді, озіне қадалған көп көздермен үшырасты. Низамеддиннің үсынысын олар да іштей құптаған сияқты. Басшының алдын орап, ықыластың соңында қаларын, Кушекин мұны қырына аларын қалауына қарсы келмей, қос қолымен үзын столдың кенерін тірей, орындығын әдейі сықырлата түрегелді. Қимылсыз отырған
адамдар арқаларынан ауыр жүк түскендей, қозғалақтай бастады. Кушекин басын көтеріп, Рысқұловқа түйме көкшіл көздерін қаһарлана қадап, «бүл не?» дегендей пішінде қалды. М әжілісті өзі ашуы керек еді, бірақ енді кеш іккенін сезіп, іші-бауыры ш оқ түскендей қызып ала жөнелді. «Рысқұлов! Ш ошандамай отыр!» деп жекіріп тастағысы келді. Бірақ бүл сөздерді үнсіз айтты. Сондықтан да боржыңқыраған қызыл беттегі бұршақтай қара сүйеліне дейін қызарып кетті. Үйықтап жатып бастығырылғанда адам түсінде ышқына айқайлайды, бірақ үні шықпай қалады. Бір сәтке Кушекин де сондай хәл кешті. Әлгі сөздерді дауыстап айта алмайтынына опынды. Өйткені, мына жас комиссар да өзі сияқты президиум мүшесі. Дәрменсіздік долы ашуга айналды да, сол ашуына өзі булығып отыра берді. «Мұның мұндай боларын білгенімде о баста-ақ түншықтырып тастар едім-ау, — деп өкінді. — Марқүм Вотинцевтен болды. Мүны Әулиеатадан алдырған, комиссар тағайындатқан сол. Ә дегенде-ақ лапылдап келді, енді өшіре алмайсың. Алдын орай берейін десең, арыны қатты асау аттай қағып кетеді. Сөзден жеңілмейді, ойдан кенде емес. Қайта ТүркЦИК мәжіліс- теріндегі көп айтыста мені иықтап кете береді. Жабайы киргизға мұндай дарын қайдан біткен?» — Жолдастар! — деп Рысқүлов Кушекиннің кіжіншек ойын бөліп жіберді. Рысқүлов қанша сабырлы болса да, алғашқы сөзі дірілдеңкіреп естілді. Бірақ келесі сөздері мүлтіксіз, мүдіріссіз шықты. — Түркістан революциясы айтып болмас ауыр қазаға үшырады. Тап жаулары біздің ең табанды жолдастарымызды опат қылды. Опасыз Осипов алдап қолға түсіріп, он төрт комиссарды атып жіберді. ТүркЦИК төрағасы Вотинцев Түрксовнарком төрағасы Фигельский Ташсовет төрағасы Шумилов Ташсовет раисының орынбасары Финкелыптейн Азық-түлік комиссары Першин Еңбек комиссары Качуринер Ішкі істер комиссары Малков ЧК төрағасы Фоменко Ж ол-қатынас комиссары Дубицкий Төтенше әскери сот төрағасы Червяков Редактор Троицкий
ж&втшвтгщтщ Партиялық жасақ төрағасы Ш пильков Ташисполком мүшесі Гордеев Ташкент еңбек комиссары Лугин — Орындарыңыздан түрыңыздар, жолдастар! Опасыз жау қолынан опат болған қарулас, идеялас, армандас достары- мыздың рухын қүрметпен еске алайық! Орындықтар сықырлайды. Бүл сықыр азалы оркестр сияқты. Бәрі де тікелерінен тік тұрып, үнсіз қалған. Бір минут — мәңгілікке үласқандай көп заман өтті. Осы сәл сәт ішінде бәрі де зілмауыр ойлар ауыртпалығын зарыға көтеріп түрған. Куш екиннің тізесі дірілдей бастады. Тіпті қүлап кететіндей үрей биледі. Өзінің қозғалақтай бергенін ақтамак болып, қалтасынан орамалын алып, ақ кірпік, көк түйме көздерін сүртеді. Орамалды қалтасына қайта салмақ болады. Дірілдеген қолы қалтаның аузын бірден таппай, өз бөксесін сипалап барып, еріксіз, креслоның арқалығынан ұстай алады. Рысқүлов Низамедцин Ходжаевтың шықшыты бұлтыл- дағанын көреді. Оның жанындағы Сағдулла-ходжа Түрсын- ходжаевтың мүрты өрге шаншылған. Міз бақпайды. Бетінің бір тамыры да бүлк етпейді. Осылайша бір сағат тұра беруге пейіл. — Отырыңыздар. Орындықтар тағы сықырлайды. Куш екин бір қанар құм қүлағандай, сылқ етіп отыра кетеді. — Ал біз жауды жендік, — деген Рысқүловтың сабырлы даусы қүлағына келеді. «Мынау тағы сөйледі-ау» деп тыр- жияды. — Осипов жаралы қанш ықтай қаңсылап қашып кетті, — дейді Рысқұлов аспай-саспай. «Осының өзі председатель болғысы келгеннен сау ма?» деген күдік Кушекинді жегідей жей бастайды. — Тірілердің тірш ілігі бар, — дейді Рысқұлов. — Революция тұншыққан жоқ. Алдағы күнді ойлап, іске кірісейік. М әж ілістің ендігі тізгіні өзіңізде, жолдас Кушекин. Еңсеңізді көтеріңіз. Кушекин өзінің зымиян ойынан үялғандай, қайта Рыс- қүловқа риза болғандай, реңі өзгеріп сала берді. Ол тегі Рысқұловтың «еңсеңізді көтеріңіз» деген қорлықты ескерт- песін де кешіргендей. Ж оқ, байкайды, Рысқүлов раис креслосына үмтылып тұрған жоқ. — Кешіріңіздер, — деді Кушекин шырылдап шығатын жіңішке дауыспен. — Біз де ет жүректі пендеміз. — Әлі қалтасына салып үлгермей, уысына мыжып үстап отырған
орамалмен көзін және сүртті. — Революция қанша қаталдық талап еткенмен, қайғы қатты. Қайғы орасан. Шынын айтсам, есеңгіреп қалғанымыз рас. Коммунист Осипов опасыз деген кімнің ойында бар? — «Осипов» деген сөздің тұсына «коммунист» деген сөзді тіркемей сөйлегеніміз дұрыс, —деп қалды Рысқұлов. Куш екиннің Рысқүловқа деген әлгібір сезімі лезде өшті. — Дегенмен, Осипов коммунистер партиясының мүшесі болып жүргенін жасыруға болмайды ғой, —деп Кушекиннің үні тым шырылдап шықты. — Сол себепті де оған бүкіл Түркістан әскери күштерін сеніп тапсырып қойған жоқпыз ба? М арқүм болған адам туралы пікір айту қиын. Бірақ марқүм Вотинцев Осиповке қатты сенді. Түрсынходжаев мүртының үшын ширшықтап қойды: — Оған жалғыз Вотинцев емес, бәріміз кінәліміз. ЧК, оның бастығы марқүм Фоменко, ТүркЦИК төрағасының орынбасары сіз, жолдас Кушекин, Ерекше бөлім бастығы сіз, жолдас Успенский, бәріміз. Ж аңа ғана қанды майдан, соғыстан шыққан адамдардың жай-күйін Рысқұлов түсініп отыр. Бәрінің жүйкесі жүндей түтілген. Өмір мен өлім бетпе-бет келген сәттен аман шыққан комиссарлар әңгімені бірден зәру мәселеге тірей алмай, қажаса бергені жақсылық емес. — Қазіргі жағдай кикілжіңді көтермейді, — деді орнынан тұрмастан. Дереу әрекет жоспарын жасайық. ТүркЦИК сессиясын шакырайық. Түркістанда Совет өкіметі бар еке- нін, оның жойылмағанын танытайық халыққа. Барлық билікті Реввоенсоветтің қолына беріп қою туралы Куше- киннің пікірін мен қүптамаймын. ТүркЦИК өлген жоқ. Өлсе оның төрағасы Вотинцев өлді. Түрксовнарком өлген жоқ. Өлсе — оның төрағасы Фигельский өлді. Ал олар қаза болды деп ТүркЦИК пен Түрксовнаркомды коса жерлей алмаймыз. ЦИ К пен Совнарком біздің ұлы революцияның жемісі және символы. Түркістанда Совет өкіметі орнаған. Ол құлаған жоқ. Ал Реввоенсовет Совет өкіметін жоққа шығармауы керек. Реввоенсовет қүрыла берсін, бірақ Совет өкіметінің өкілеттігін алмасын. Онда халық мүны қате түсінеді. Куш екиннің ұрты салбырай бастады. Ж алпақ иегімен косарланған әукесі тершіп жылт-жылт етеді. Өзімен ниеттес деген комиссарларды түқшиып отырып, көзінің болар- болмас қиығымен бір-бір шолып өтті. Солшыл-эсер Успенский қопаңдап-қопаңдап қойды. Қалың жирен мұрты
дүрдиіңкіреп тұр екен. Успенский мұны жалғыз қалдырмас. Оның оң жағын ала отырған, Успенскийдің қасында баладай болып көрінетін Нәзір Төреқұловтың қушық, арық иығы қиқаң еткендей болды. «Бұл қанына тартатын шығар, бірақ Рысқүловқа қарсы қоюдың амалын тапса, бүл оңай жау емес». Айтса айтқандай, Успенский жөткірініп алып: — Дәл қазір тек қана Реввоенсовет! — деп бір-ақ кесті. — Бізге түскен ауыртпалық Орталыққа, Москваға түспей түр ма екен? — Рысқұловтың сөзі сақпан атылғандай, ес жидырмай сарт ете қалды. — Ал Орталықты Реввоенсовет басқарып отырған жоқ қой! Успенский қайтып қарым айтуға жарамады. Төреқүлов- тың жүқалаң, сүлуша, бидай өнді шырайы лып ете қалып, лып етіп лезде қалпына келді. Екеуінен де көңілі қалғандай болған Кушекин Рыс- құловқа өлердей ызаланып, іші-бауырына тотияйын сепкен- дей тызылдап кетті. Осы Рысқүловтың қалай комиссар болғанын есіне түсірді. Әуелі бүл Әулиеата уездік советінің председателі еді. Уездік Советтер председательдерінің Ташкентте өткізілген алғашқы жиналысында Рысқүлов Түркістан көлемінде жарқ етіп көзге түсті. Ақылына, шешендігіне, біліміне тәнті болған Вотинцев пен Фигельский Рысқұловты Денсаулық сақтау комиссары етіп тағайындады. ТүркЦИК-тің көп үзамай, келесі мәжілісінде Рысқұлов Денсаулық сақтау комиссары міндетінен босату туралы арыз берді. Басшылар бүған түсінбей аң-таң болып отырғанда, Рысқүлов тағы бір қағаз ұсынды. Онда: Түркістанды аштық індеті алып барады. Ол жаудан да жаман. Сондықтан Аштықпен күрес комиссариатын қүрып, өзін Аштықпен күрестің төтенше комиссары етіп тағайындауды өтінді. Вотинцев пен Фигельский бұл үсынысты ешқандай карсылықсыз қабылдады. Рысқүловқа сәлден кейін екінші қызмет жүктелді. РКП(б) Мүсылман бюросы президиум- дерінің қүрамына ендірілді. «Иә, бүл солай, лезде алаулап ала жөнелген, бәрімізді жалынымен күйдіріп жібермесе жарар еді», — деп К уш екин опық жеп отыр. — Енді Вотинцев те, Фигельский де жоқ. Рысқұловтың арынан басар кезең де дәл осы шығар. — Қазіргі аса қиын жағдайда революциялық жұдырық керек, —деді Кушекин ақ кірпіктің ар жағынан кішкене көзін бір жылт еткізіп, қайта жұмып алып. — ТүркЦ И К пен Түрксовнарком ондай шымыр болмай шықты. Рысқұлов
Орталық дейді. Орталық қайда, біз қайда? Арамызда Дутов жатыр, ар жағында Колчак тұр. Жағдай әр қалай. Сондықтан қазір Түркістанды жаудан сақтап қаларға тек Реввоенсовет қана дәрменді. Қазіргі танда армияны сақтау —бірінші міндет. Армияны үстап тұруға, оны асырауға тек Реввоенсовет керек. Реввоенсовет Түркістанды билейтін бірден- бір күш. Ж әне ол қолына барлық билік тиген соң, армияны нығайта алады. Реввоенсовет қаржы табады. Біз бар қаржыны бір тиынын қалдырмай армияға жүмсауымыз керек. Кушекин бірте-бірте қызына сөйлеп, тіріліп, тізгінді қолға ала бастады. Реввоенсовет туралы өз пікірін тас түйін етіп тастайын деп, сөзін әрі қарай сабақтай бергенде, ауыз үйден көмекші кіріп, Кушекин жақтырмай тыжырына қараса да, қасына таяп, құлағына сыбырлады. — Бізде мәжіліс жүріп жатыр ғой, — деп бұрқ етті Кушекин. — М әжіліске қатысуым керек дейді, — деп сыбырлады көм екш і. — Онда мәжіліс өзі шешсін, — деп Кушекин қауымға қарады: —Жолдастар, Москвадан төтенше комиссар Кобозев келіпті. Біздің мәжіліске қатысуды өтінеді. Қалай қарайсыздар? Мынандай айтыс кезінде... — Оны дауысқа салып жатудың өзі ұят. Әрине, қатысады. Бізге дәл қазір керегінің өзі сол М осква көмегі емес пе? —деп Рысқүлов арқалана түскендей болды. Басқалар жамырай қостап кеткен соң, Кушекин орнынан түрып, есікке қарай өзі жүрді де, Кобозевті босағадан күтіп алды. Ж ылтың көзін көрсетпей тұрған ақ қас-қабақ лезде ашылып, езуі күлімсіреуден қатпар-қатпар жиырылып шыға келді. Кобозев гимнастеркелі, хром етікті, жартылай әскери формада екен. Жүріс-түрысы да, әскери адамның нобайын танытқандай. Өңі жас болса да, сақал-мүртына, шалқайта қайырған күрең қошқыл шашына ақ кіре бастаған. Көзі мейірлі, жанары жылы екен. Комиссарлардың бәрі тік көтеріліп, шетінен Кобозевпен сәлемдесе бастады. — Неге телеграмма бермедіңіз? Күтіп алатын едік қой! — деді Кушекин қынжылған кейіппен. Оқасы жоқ, — деп күлді Козбозев. — Сіздерде бос уақыт мол деп ойламаймын. Ж үмыстарыңыздан бөлгім келмеді. ' 32
Күтіп алу, шығарып салу салтанатына жоқпын. Ал рұқсат етсеңіздер, қатысып отырайын. — Оу, әуелі мейманханаға орналасып, дем алып алмайсыз ба? — Рақмет, жолдас Кушекин. Пойызда жарты айдан аса демалғаным да жетеді. — Онда өзіңіз біліңіз. Біздің жағдайдан хабардар шығарсыз. Ағылшын агенттерінің арандатуымен Осипов опасыздық жасап, он төрт комиссарымызды өлтірді. Сол сойқаннан кейін бірінші жиналып отырғанымыз. — Мәжілісті жүргізе беріңіз, жолдас Кушекин, мен — тындаушы, — деп Кобозев Кушекиннің оң жағын ала, стол- дың шетіне ғана шынтағын таяп, орындыққа жайғасты. Төтенше комиссардың төтеннен келгені әркімге әр түрлі ой салды. Ш ынтуайтқа жүгінгенде, бұл Орталықтан келген тұңғыш өкіл. Түркістанда Совет өкіметі орнағалы бері Орталықпен онды қатынас болған жоқ. «Орынбор тығыны» деген майдан Түркістанды Россиядан бөліп тастады да, байланыс тек радиограмма арқылы ғана жүріп түрған. Енді, міне Лениннің мандатымен, арып-ашып, майдан шебінен әрең өтіп, тұңғыш Төтенше комиссардың келген беті. Бұрқ-сарқ қайнап жатқан, алаулаған Түркістанның жалынына тап болған Кобозевтен жұрттың күтері де көп болатын. — Бүл мәжілісте өкімет құрылымы сөз болып отыр, —деді Кушекин Кобозевке жиналыс мәнісін түсіндіріп. — Мен және Успенский жолдас, тағы біршама жолдастар ұсыныс қойып отырмыз: өкімет билігі Реввоенсоветке берілуі керек. ТүркЦ ИК, Түрксовнарком бүгінгі танда Түркістанды уысын- да ұстап түруға дәрменсіз. — Оған басқа жолдастар қалай қарайды? — деп Кобозев шашын қайырып қойып, кабинетте отырғандарға жағалай жайдарман көз тастап өтті. Біршама уақыт үнсіздік басты. Кобозев келмегенде Кушекинмен пікір таластыруға әзір отырған комиссарлар қазір тосылып қалган сияқты. Бүл сыпайылыққа таң қалған Кушекин кеңшілік таны- тып: — Ау, айтсаңыздаршы, — деп мыртық саусақты дөңбек алақандарын жайып, езулері қатпар-қатпар жиырыла қалып, ыржия түсті. Рысқүловтың орнынан түрғанын көріп,
әлгі езу бірте-бірте қатпарлары жазылып, енді салбырап бара жатты. Кобозев Рысқұловқа сақтана қарап, алға ұмсына түсіп, сөзін тосты. Түркістанның жергілікті халықтарынан шық- қан тірі коммунисті тұңғыш рет тындайын деп отырғаны осы. «Тілмаш арқылы сөйлесер ме екен?» деп қойды ішінен. М осквадан аттанарда Түркістан жайлы біраз деректер алған. Оның тарихы, халқы, халқының мінез-құлқы, әдет-ғүрпы... Бірақ коммунистер жергілікті халықтан әлі жөнді шыға қоймаған деген мәлімет бар. Өкімет басында да олар аз, тіпті саусақпен санарлық деп естіген. Түркістанда ең алдымен шешілетін бір мәселе болса, ол осы кадр мәселесі, үлт мәселесі. Осы жағына баса назар аударыңыз деген Ленин. Ал Түркістанды түркістандықтар басқаратын күш жоқ, жуық арада болмайды да деген Бухарин. Олар марксизмнен жырақ деген. Ал алыстан тон пішкен бір басқа да, көзбен көріп, қүлақпен естіген бір басқа. Рысқұловтың аузынан шыққан әр сөзге, әрбір қимылына бар ықыласымен зейін қоюы осы себепті еді Кобозевтің. Әуелгі әсері: тандану сүйсінуге айнала берді. Рысқұлов орысша мүдіріссіз ғана емес, аса мәдениетті, шешен сөйлейді екен. Орысша тіл байлығы Кушекиннен әлдеқайда асып түсіп жатты. Куш екиннің тілі даңғалақтау, дөрекілеу шыққан. Рысқүлов қысылмай, қымтырылмай: «е-е, ы-м» деп ыңқылдап түрып алмай, еркін көсіледі екен. — Түркістанда Совет өкіметі қүлап, билік әскери адамдардың қолына көшіпті деген дақпырттың өзі зиян, — деді Рысқұлов —Халыққа бүл кері эсер етеді. Жаудың аруағы көтеріледі. Ж ауға желікпе пайда болады. Қайталап айтам: Өлсе — ТүркЦ И К -тің төрағасы Вотинцев өлді. ТүркЦ ИК өлген жоқ, өлсе — Түрксовнаркомның төрағасы Фигельский өлді. Түрксовнарком өлген жоқ. Ендеше ТүркЦ ИК пен Түрксовнаркомды жойып жіберіп, Р ев во ен со вет ту ғып көтерудің не жөні бар?! Түркістанда Совет өкіметі өмір сүріп түрғанын танысын бүкіл әлем! Куш екин бір мезгіл сабаудай ақ кірпігін жалп еткізіп, жылтың көздерімен қасындағы Кобозевке тесіле қарады. Өйткені, Кобозев Рысқұловқа ден қойғаны сонша, басқа дүниені үмытып кеткендей көрінді. Куш екиннің реңі қызғылтым тартты. Іші қалтырай бас тады. «Кобозев — революционер, ол Дутовпен шайқасып келді, —деді ол қалтырай отырып. — Бірақ біз шошқа тағалап
жүріппіз бе? Ташкентте генерал Коровиченкомен соғысқан кім екен? Түркістанда Совет өкіметін орнатқан кім екен?» Кушекин кірпігін ақ көбелектің қанатындай лып еткізіп, Кобозевке тағы қарады. Төтенше комиссардың тозаң түтқан сақал-шашы өсіп кеткен екен. Қалың кастары ғана түрпі емес, сыпайы. Оның астындағы қоңыр көздері қылаусыз, ызғар із жоқ. Куш екиннің өзіне екі рет тесіле қарағанын Кобозев сезбей калган жоқ. Сыр бермеді. Сөйлеп тұрған жігіттің сөзін бөлмеуге тырысып, ішінен тынды. «Жасы нешеде»? — деп ойлады Кобозев. — Сірә, жиырма бесте шығар? Менен он бес жас кіші. Ш ырайы жеңілтек яки қатал адамның түрі сияқты емес. Кендік, терендік, биіктік бар. Үш қасиет қабат дарыған бақытты шығар. Әлде, алғашқы эсер солай ма? Мүнымен жақынырақ жуысқан жөн болар. Мүншама еркіндік қайдан пайда болған қасиет? Әлде, кең далада өскендердің бәрі өзін осылай еркін сезіне ме екен? Ал қасымдағы Кушекин тырсылдап, қыпылдап, сыр алдырып отыр. Ж ігіттің жігерлі екені көрініп тұр. Тым тіктігі — жауы болмағай. Ал осындай азаматы бар ел кадрға, басшы қайраткерлерге жұтаң дейтіндері не? М арксизмнен алшақ, деді-ау Бухарин. Мына Рысқүлов сонда қайдан сауатты! Ой-жүйесі, қазіргі жағдаятты біліп пайымдауы, елдің коңіл- күйін тануы — бәрі кокейге қонымды ғой. Бүларды біз неге менсінбеуге, шет- қақпайлатуға тиіспіз? Ж ергілікті халыққа сеніңіз, сеніміне ие болыңыз, —деді ғой Ленин. Ал мүнда, мысалы Кушекинде бүларга сенбеушілік бар. Неге? Осылай болып келді ғой. Ғаж ап! — Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. Көп сөйлеп, уақыт оздырудың реті жоқ. Әрбір минут қымбат. Әрбір минут мындаған адамның тағдырын шешеді, —деп тұр Рысқүлов. — Өкімет қандай формада болады деген қысыр дауды қоялық та, ТүркЦ ИК-ті, Совнаркомды өз орнында қалдырайық. Бірақ бұл өкімет пен үкіметтің алдында бүгінгі танда интервенциямен күреспен қатар түрған аса жауапты міндет — аштықпен күрес екенін тагы да талап етіп, қайталап айтамын. Ж ергілікті, әсіресе кәшпенді халық айтып болмас ашар- шылыққа үшырады. Ж ер бетінен жойылып кету қаупі төніп түр. Окімет пен үкіметтің жаңа құрамы, егер революция ісіне шын адал болса, ең алдымен халықты аштық ажалынан қүтқарып қалсын! Менің айтарым осы. 35
Рысқұлов демікпей тоқтап, орнына отырды. Бірақ ол сабырлы болғанмен, кабинет ішіндегі ауа райы сұрапыл боран соғып өткендей, отырғандар бір сұмдық картина көргендей, картина бітіп, шам ж арқ еткендей, әлі әлгі қорқыны ш ты жерден айыға алмағандай, м ең-зең күйде еді. Кушекин бұршақтай түйме қалы бар көзінің алды бүлк- бүлк етіп, К обозевке қарады да: — Маған рұқсат етсеңіз, — деп даусы діріл қаға шықты. Кобозев қос иығын кушита қомдап, қол жайды. Осы үнсіз қимылдың өзі-ақ анық жауап еді: «Жиналысты басқарып отырған өзің емес пе?» — Мәселе былай, жолдас Кобозев, иә, Петр Алексеевич, көріп отырсыз, біздің Түркістанның түзем түрғындарынан шыққан большевиктер әлі жас. Ж астыққа қателесу тән. Мен бүл пікірімді кезінде крайкомда да, ТүркЦИК-те де айтқанмын және М оскваға да жазғанмын. Бізді түзем халықтардың өкілдерін басшы қызметке тартпайды деп Орталық айыптайды. Ал ондай кадрлардың әлі піспегеніне көзіңіз жетіп отыр ғой. Міне, Рысқұлов жолдас. Талас- паймын, жалынды жас қайраткер. Ал айтып түрғаны шала- пула, кешіріп қоясыз, әрине, — Кушекин езуі гармонша жиырылып күлген болды. — Жан-жағымызды қоршап, ал- қымнан алып түрған жау. Орынбор анау, Фергана анау, Каспий майданы, Жетісу майданы дегендер түншықтырып түр. Бізге әскер керек. Әскерге тамақ керек, киім керек, қару керек. Ал Рысқүлов айтады: әскерді қоя тұр, аштан қырылып жатқан көшпенділерді асыра дейді. Ал марксистердің көшпенділер туралы қағидасын білесіз: олар бәрібір жер бетінен жойылып кетуге тиіс, ойткені омірге бейімсіз. Ендеше Совет окіметінің мүдцесі үшін, революцияны сақтап қалу үшін, әскерді нығайтып, жауды жеңейік. Әне, содан кейін шама келгенше аштарга қол ұшын берейік. Кобозев бурыл сақал басқан иегін уыстап отырды да қалды. Кошпенділер жер бетінен қүрып кетуге тиіс, деп марксистер қай уақытта айтып жүр? Бәлкім, Бухариншілер шығар? Кобозевті сауатсыз деп ешкім айта алмас. Мың да сегіз жүз тоқсан сегізінші жылдан бері коммунистік партияның мүшесі. Ригада политехника институтын бітірген. М арксизм- ді бір кісідей-ақ білген. Ал көшпенділер тірілер санатынан шығып қалуға тиіс деген үзілді-кесілді тұжырымды үшы- ратқан емес. Ал марксизмді түгел игеріп, бастан-аяқ оқып,
двашха/вяаяу«сяше ктт \"■ааааайааваййжь зейіндеп шыққан кім бар? Бар ғой. Бірақ аз ғой. Кім біледі, бір жерде айтса, айтқан да болар. Кобозев осылай марксизмнің ұшан-теңіз қиырына көз жеткізе алмай, Кушекинге қарсы қалай дау айтарын білмей отырғанда, Рысқұлов орнынан тағы тұрды. Байқайды, бұл жолы Рысқұловтың өңі өртеніп бара жатқандай екен. Өзін өзі тек орасан жігермен жүгендеп тұрғаны сезіледі. Әйтпесе, таре кетпекші. — Қүрметті Кушекин, — деп бастады ол эр сөзін сал- мақтап. Бірақ нығыз даусы бас білмеген асаудай бұлқынып, ықтиярдан ырықсыз айқайлап кете жаздап түр. — Сіз күні кеше Түркістанды билеп-төстеген колонизатор генерал- губернатор фон Кауфманнан да асып түстіңіз. Генерал- губернатор Кауфман отаршылдық саясаттың адал қүлы болатын. Оның қасында генерал Черняев өзін Наполеон санаушы еді. Ал Кауфман тамақ үстінде мойнына ақ салфетка іліп қойып, бір қолына күміс шанышқы, бір қолына күміс пышақ ұстап отырып, түтқын туземдерді ондап, жүздеп ату туралы бұйрық бере беретін. Қасында адъютанты түтқындардың аты-жөнін оқып түратын; ал генерал: — Атуга! — деп күміс пышақты қолын сермеп қалып отыратын. Бірақ сөйткен Кауфманның өзі көшпенді түземдерді жер бетінен түгел жойып жіберуге әрекет- тенбеген. Жүздеп, мындап қырған, бірақ халық ретінде тып-типыл ете алмаған. Ал, Сіз Кушекин, РСДРП -ның солшыл эсер тармағынан күні кеше болыневиктер қатарына өтіп алып, бүгін күллі марксистер атынан тұтас бір халыққа өлім үкімін шығарғыңыз келеді. Егер сіз айтқандай, көшпенді халық бәрібір жойылар болса, егер олар бақытты күнге жете алмай, бәрібір сүйегі қуарар болса, онда... сол қиырдан қиырға дейін шашылған сүйектің орнына орнаған ӨКІМ ЕТ кі-мге ке-рр-ек!!! — Соңгы сөздерді айтқанда Рысқүлов ақыры таре кетіп тынды: ышқына айқайлап жіберді. Кейбіреулер шошып кетіп, орындарынан түрегелді. Әлдекім Кушекиннің алдындағы графиннен су құйып алып, Рысқұловқа үсына берді. Ол: — Рақмет! — деп жымиды да қойды. Сонда барып жұрт тынышталды. Бірақ Низамеддиннің шықшыты аунақшып, бұлтылдай жөнелді. Түрсынходжаев мұртының ұшын саусағына орап-орап жұлып алатындай көрінді. Кушекиннің көзінің алды жыбырлап ала жөнелді. Көзін сүрткен болып,
қолымен бетін көлегейледі. Бірақ сол қолдың өзі тынымсыз діріл қақты. Кобозев әлгіде азаптана іздеген сұрақтың жауабы соншалықты қарапайым, соншалықты дәл, соншалықты қаһарлы екеніне таң қалды да, Рысқұловқа сөз тастады. — Айтыңызшы, жолдас Рысқұлов, қазір республикада қанша халық ашаршылыққа ұшырап отыр? — Сыпайылап, ықшамдап айтқанда бір жарым миллион адам. Бұл әбден шыңына жеткендер. Ал бүгін-ертең бұл цифр еселей бермек. — Не себеп? — Себеп: екі жыл қатарынан қуаңшылық. Егін шықпады, жем-шөп және жоқ. Мал қырылды. Сондықтан респуб- ликаның ең кедей табы, күні кеше патша заманында жоқш ылық көргендер, бүгін ең алдымен ажал қүрығына ілініп отыр. Бұл — Совет өкіметіне ең тілектес қауым. Ал Совет өкіметі оған әзір қол үшын бере алмай тұр. Сондықтан халықтың сенімінен айырылып калайық деп тұрмыз, жолдас Кобозев. Әсіресе, мал бағып күн көрген халық қатты каусап тұр. Алғы дейтін улы түбірді қазып жеп қаңғып кетті. Ж ер-жерде Совет өкіметі әлі нығайған жоқ. Жат элементтер тонын айналдырып киіп алып, зиянкестік әрекеттер де жасауда. Елдің наразылығы оларға тиімді. Ал Түркістан өкіметі пәрменді күрес жүргізбей отыр. — Сіз басқарып отырған пом гол^е тындырды? — Аштарға арнап, Ташкенттен және уезд орталық- тарынан тамақтандыру пункттерін ашты. Қол өнер артель- дерін ашып, аштарды жүмысқа тарту шарасы жүргізілді. — Қаржыны кім берді? — Байлардан алым-салық алу жолымен. — Тығырықтан шығу жолы қайсы? — Өкімет тарапынан жедел көмек. Ең жоғы — бір жарым миллион сом. Одан кейін аш кембағалдарды артельге ұйымдастыру. Осы көктемнен қалмай егін салдыру. Қүрал- сайман, түқыммен қамтамасыз ету. Патша заманының саясаты отырықшы елдің егін салуынан гөрі, мақта егуіне мүдделі болды да, астық азайды. Мақта да керек, ондай жағдайда Орталық бізге енді азық-түлікпен көмекке келуі керек. 1 Помгол — помощь голодающим — Аштықпен күрес комиссариатының кысқаша айтылуы
— Орталық қазір ондай көмек бере алмайды, жолдас Рысқұлов, — деді Кобозев. — О, оған салсаңыз, Түркістанда коммунизмді қазір орнатып бер дейді, — деп Куш екин Кобозевке қарап қутың- дап қалды. Кобозев тұңғыш рет түрі сұстанып, жалпақ алақанымен Куш екиннің алдындағы столдың үстін сарт еткізіп бір салып қалды да, орнынан тұрды. Комиссарларға Кобозев Куше- киннің бетінен шапалақпен тартып жібергендей болып көрінді. Рысқүловтың талабы бойынша ТүркЦ И К қаулы алды: 1) Барлы қ совдептерде, совет мекемелерінде аш тарға көмек мәселесі кезектен тыс, жедел қаралсын. 2) А ш тарға көм ек корсету ісіне кедергі ж асаған адамдар әскери трибуналға тартылсын. 3) А ш тарға көм ек үш ін республика үкімет қазы насы нан 1 миллион сом қаржы бөлінсін. 4) Осы қаулы ны ң мүлтіксіз оры ндалуы на совдеп председательдері тікелей жауап беретін болсын... IV Наташа қайтып көрінбей кетті. Рыскүлов көмекші Ләзизден күнде сұрайды. — Ж оқ, ол бикеш келмеді, — дейді Ләзиз. — Онда сүрау салғыз: Ташкентте Наталья Приходько қайда тұрады? — Приходько дейсіз бе, Тұрар-ака? Ол бикештің фа- милиясы басқа сияқты еді ғой... Мен жазып қойып едім-ау, — деп Ләзиз ауыз үйге шығып, өз столында жатқан журналды ашып қарады да қайта кірді. — Ол бикештің аты-жөні Наталья Колосовская Тұрар- ака. Рысқұловтың кара торы реңі қуқыл тартқандай болды, Ләзиз өзі әзілге жорып жүргені жай әйел емес екенін сонда түсінді. — Ко-ло-сов-ска-я?! Қалайша? Сен басқа біреумен шатыстырып тұрған жоқсың ба, Ләзиз? Колосовская деген қайдан шықты? — Ж оқ, бетіне шілтер түтқан қыз. Мен жақсы білемін, — деп Ләзиз ресми жөнге көшті.
Рысқұлов содан бері дал: «Колосовская болғаны қалай? Әлде, күйеуге тиіп, соның фамилиясына көшті ме екен?» «Колосовская» деген ызың құлағынан кетпей қойды. К өзін жұмса да естіледі, құлағын басса да естіледі. Сөйтсе, оны естіп тұрған қүлақ емес, жүрек екен. Ал жүректі қалай бітеп тастайсың? «Тоқтай тұр, —деді Рысқүлов өзінен өзі. — Колосовский, Колосовский... Оу, ол кешегі Ш ымкенттің оязы ғой. Уездной начальник. Қазір қарасын батырып, қашып кеткен. Сонда қалай? Әлде, баска Колосовский ме? Фамилиялас бола береді емес пе?» Таңсәріден тұра салып, ТүркЦ И К -ке барып, ішкі істер комиссарын шақырып алып, Колосовский фамилиялы адамдар туралы мәлімет алдырмаққа бекініп, төсекте бір аунап түсті. Тар темір төсектің пружинасы шиқылдады. Темір тосек жалғыз кісілік еді. Бөлме де тарының қауызындай ғана болатын. Наташа менің бұл бөлмемді қомсынып жүрмес пе екен? — деген күдік келді. — Жарайды, әуелі табылсын. Аш ыққан қарын тойынар, ашылған етек жабылар, — дейтін баяғыда әкесі. Әуелі Наташа қолға қонса, үй-жайдың бір мәнісі болар. Түрған жері жаман да емес. Ж аңа Ташкенттің ортасы. Үкімет үйіне де жақын. Тыныш қана тұйық көше, Ташкент шілдесінің шырқыраған ыстыгында сая болар шынар ағаштар, бау-бақшасы және бар. Бүл арадан губернатор бағы да алые емес. Губернатор енді келмеске кетсе де, бүрынғы әдет бойынша жүрт әлі губернатор бағы деседі. Наташа екеуі жүмыстан соң шәй ішіп алып, бір мезгіл қыдырып кайтқанға қандай! Әрине, дүрыс. Түркістанда Совет өкіметі орнага- нына екі жыл толса да, генерал-губернатор ескерткіші ауыздықпен алысқан атқа мініп, күллі Түркістанның үстінен қылыш үйіріп, міз бақпастан түрып алды. — Ескерткішті құлатайық. Бұл лағынет атқан отар- шылықтың ескерткіші. Көзге шыккан сүйелдей етпей, алып тастайық, — деп Рысқүлов кезінде үсыныс айтқанда Куше кин көнбей қойған-ды: — Рысқұлов жолдас, мәдениет ескерткіштерін қирата беру мәдениеттілікке жатпайды. Петроградта түр гой ана Петр І-нің, Николай І-нің ескерткіштері. Олар жөнінде петроградтықтардың мынандай өлеңі де бар:
Дурак умного догоняет, Да Исакий ему мешает — яғни, «мыс салт атты» Петр I алдында да, ұрдажық Николай I артында. Араларын Исакиев соборы бөліп түрады. Көрдіңіз бе, қатерлі ештеңе де жоқ. — Е-е, жолдас Кушекин. Петроград бір басқа, Таш кент бір баска. Күні кеше Таш кент отаршылдықты басынан кешкен кала. Бұл генерал Черняевтің шапқыншылығын, генерал фон Кауфманның қаһарын, генерал Куропаткиннің қиямет қиянатын корген Ташкент. Бүгін азаттық алған Ташкент. Ескерткіш генерал-губернатор қылышын енді кімге үйіріп түр? Тагы да Түркістанга ма? Келеңсіз, жолдас Кушекин! Кушекин әлі көнбейді. Ал Наташа жарқ етіп бүлттан шығып, жарқ етіп қайтадан бұлтқа кіріп кеткендей, ж оқ болды. Губернатор багы таяу. Наташа жоқ. Кушекин генерал- губернатордың ескерткішін қүлатқысы келмейді. Қола генерал қылыш үйіреді. Тарпан аты Түркістанды таптап кеткісі келеді. Рысқүлов ұйықтайын деп көзін жұмады. Бірақ Наташаны көреді. Оң жамбасына аунап түседі. Темір төсек баж-баж етеді. «Наташа бүған қалай жатады?» Көзін жұмады. Генерал-губернатордың зор ескерткішін көреді. Қалай құлату керек? Мойнына шынжыр салып тартса, қанша аттың күші керек екен? Динамит қойып жарса, біреулерді жаралап жүрер?!» Рысқұловтың кірпіктері айкаса бастайды. Буалдыр ұйқы дүниесін кезіп бара жатып, Талғардың күнге шалғылысқан шыңын көреді. Енді бірде ол Талғар емес, Аспара екен дейді. Аспара шыңына генерал-губернатор... емес, Кушекин шығып алып, қылышын сермеп түрады. Рысқүлов томен тұрып айқайлайды. Қызыл Ж ебеге мінген әкесі қылыш сермеген адамды итеріп жіберіп қүзға қүлатады. — Көке! —деп айқайлап жатып, Рысқүлов оянып кетеді. * ** Кабинет терезесінің кемерінде даусын қыраттап қар- лығаш сайрап отыр екен. Қағазға үңіліп қалған Рысқүлов әуелі байқаган жоқ. Тек қым-қуыт қызу істің арасында
миыңның бір қатпарынан ж арқ етіп, әкең елес беріп қалғандай, әкесінің қатқыл қоңыр үні естіліп қалғандай сезілген де, кенет селк етіп, терезе ж аққа қараған. Қараса сыртқа қарай ашылған желдеткіште қарлығаш отыр екен. — Е, жарықтық, әулие құс, — деді Рысқүлов, алыстан талып жеткен мейманды үркітіп алмайын деп ішінен дем алып. — Қүтты көктем ала келгейсің. Үя салғың келсе —сала ғой. Рас, бұл кабинет келім-кетімі көп, күні түрмақ, түні де сабырсыз, мазасыз жер. Бірақ саған зияны тимес. Қонысың жайлы болсын, қарлығаш! Рысқүлов жилетінің қалтасынан шынжырлы швейцар сағатын суырып алып, сырт еткізіп, күміс қақпағын ашып қарады. Ж ез қоңырауды сылдырлатты. Қаптаулы қалың қара есік салмақпен ашылды да, жіптіктей болып, хром етіктерін сарт еткізіп, көмекші жігіт тұра қалды: — Ләббай, Түрар-ака? — Аттарды әзірле, Ләзиз! — Құп болады, Түрар-ака. Сәл сәттен кейін Ләзиз қайта кіріп: — Көлік дайын, Тұрар-ака, — деп хабарлады. Жымиып, даусын жылытып: — Қайда барамыз, Тұрар-ака? — Ескі Ташкентке. Базарға. Айтпақшы, Ләзиз, сен қарауылдарға ескертіп қой. Мына терезенің алдына көлік тоқтамасын, адамдар топырламасын. Қарылғаш үя салғалы жүр, — деді. — Е-е, қарлығаш па? Қарлығаш ұя салған жерге құт қонады. Құтты болсын, Түрар-ака, айтып қоямын қарауыл- дарға, — деп Ләзиз балаша мәз болып, ресми тәртіпті ұмы- тып, есіктен тапырақтап шығып жүгіре жөнелді. Түркістанды ашаршылық қанша кеулеп алғанмен Т үркЦ И К -тің ат қорасындағы көлік күйлі еді. Екі кісілік траш пенкеге жегілген қос қарагер атырылып ала жөнелді де, Орда өзенінің ағаш көпірін дүбірлетіп өтті. Ар жақтан Көкілташ мешітінің көгілдір күмбездері тәкаппар тартып, кесірленіп, кегжиіп көрінді. Одан ары Ескі Таш кент базары басталар еді. Қаланың кейпі — ала-құла: қүрақ көрпеше сияқты. Орда өзеніне жеткенше Европаша салынған көк түңке төбелі үйлер көбірек те, Ордадан ары өткен соң балшықтан домбаздап соққан киқы-жиқы үйлер, қисық-қыңыр көшелер басталады. Европалықтар қаланың бүл қиырын — «азиялық Ташкент» — деп атайды. Екі арба бетпе-бет ұшырасса, қақтығыспай өте .<яйэ>йбяйа5е 42 айаааа.
алмайтын қушық көшеде қос қарагер жегілген траш пенкенің қоңыраулы үнінен хабардар болған аттылы-жаяу дуалға арқаларын сүйеп тұрып жол береді. Баяғы губернатор заманы үйретіп қойған қу әдет бойынша ала шапанды, қара паранжалы пенделер жел жыққан қоғадай жапырылып қалады. Қол жайып, тостаған тосып, қайыр-садақа тілейтіндері қаншама. Рысқұловтың есіне баяғы Алматының кафедрал соборы түседі. Приходько мырза екеуі баратын собор. Онда да садақа сұрап түратын кембағалдар көп еді. Ж алпы Түрар баланың қалтасында онда соқыр тиын да болмайтын. Өзінен қайыр тілегендерден қысылатын. Енді ғой комиссардың айлығын алады. Мемлекеттің миллиондаған қаржысының тағдырын шешеді. Оны мына көше бойымен уыстап шашып өтсе де қүдіреті келеді. Бірақ қазір соқыр тиын қайыр бере алмайды. Әр тиынның орны бар, әрбір тиын ашаршылыққа қарсы атылған оқ орнына жұмсалмақ. Ескі Ташкентте кез келген коше — базар. Арнайы сауда алаңы болса да, сиырдың ішегіндей шүбатылған көшелердің өн бойында алып-сатпа тіршілік сапырылысып жатады. Оларға тыйым салып, милиция сарсылып бағады. Бірақ сауда құдіреті бір жерін бітесең, екінші жерден атқылап ағып кете береді. Қоңыраулы қос қарагерді көріп, жасырын нан сатқан, шүберекке орап ет сатқан, самогон сатқан жалдаптар жарықтан қашқан тарақандай, жан-жакка зытып жөнеледі. Соқыр дуалдағы ін-ініне кіріп, зым-зия болады. Қоңыраулы қос қарагер алаң басына да жеткен. Мүнда аштарды тамақтандыратын пункттер бар. Рысқұлов соларды аралап көрмек. Біреудің үйі өртеніп жатса, біреу барып сол өрттің жалынына қойдың басын үйткен көрінеді. Дүние ала-қүла. Біреулер бір шайнам нан таба алмай теңселіп жүрсе, біреулер солардың аштығын пайдаланып, түйенің көзіндей күлшеге әкесінің құнын сұрайды. Республиканың тамағынан жырып алып, аштарга арнап бөлген азық-түліктің өзі кейде қазанға түгел түспей, қайбір жырындылардың жүтқыншағына жүгіріп кетеді. Рысқүлов осы жағын да бір шолып шықпақ. Ат айдаушы мен қос қарагерді базардың шетінде қалдырып, Рысқүлов Ләзиз екеуі жаяу түсіп, қалың нопірдің
ішін аралап келе жатқан. Базардың заңына дауа жоқ. Әне бір биік өкше етік киген әйел қара түлкі сатып түр. Сірә, қабының түбі қағылған болар. Еңгезердей ала тақиялы күннің қытымырлығына қарамай, түкті көкірегін ашып тастап, шапа-шот сатқалы жүр. Рысқұлов пен Ләзиздің алдын кес-кестеп: — Алындар, мырзалар, шот сатып алындар, жүдә өткір, — деп өңешін созып бағады. Көзі сығырайған сықсима шал Рысқүловқа қолын көлегейлеп қарап: — Уа, мырза, мынау сізге лайық тон. Ала қал, — деп қы- рылдайды. Тоны торғай қамасаң тұрмайтын шұрық тесік. — Мырзалар киетін тон. Арзан берем, ала қал, — деп сықсима шал Рысқүловтың соңынан көпке дейін қалмады. Рысқұлов бір сәтке шалды аяп кетіп, айтқанын беріп қүтылғысы да келді. — Оны қайтесіз, шыннан киесіз бе? — деп таң қалды Ләзиз. — Құтылайық та мына кісіден. — Түрар-ака бұларға жанашырлық жарамайды, — деп Ләзиз Рысқүловтың жеңінен тартқылады. Сықсима шал Ләзизді қарғап қалды. Паранжа салған сабадай әйел: — Е, жігіттер, шүмек алындар. Ж ас жігіт екенсіндер, құда қаласа, балаларың көп болады, бала сүйесіндер, шүмек алындар, жақсы ырым болады, —деп айқайлады. Жанындағы Ләзизді таң қалдырып, Рысқұлов шүмектің біреуін ұстап көрді. — Оны қайтесіз, Түрар-ака, —деп күлді Ләзиз. — Қайтушы едім, маған да бала бітетін шығар. Өзіңніқ ғой балаларың көп. Менде әлі жоқ. Осы да әділеттік пе? — Оныңыз рас, Түрар-ака. Үйлену тойын да сағындық. Той бастап, би билеп, бәйге алдын бермеуші едім. Осы кезде той тыйылды. Өзіңіз бастамасаңыз. Бірақ әлгі орыс қызы... әлгі Колосовская. Кім біледі, орыс қызы сіздің балаңызға бүл шүмекті пайдалана қояр ма екен... Олар мүндайға дағдыланбаған ғой. — Үйретеміз, Ләзиз. Біздің жақта бүл шүмекті қойдың жілігінен жасар еді, таш кенттіктер ағаштан жасайды екен. Мейлі, —деді Рысқұлов. — Алсаңыз, — мына бесікті алыңыз, Тұрар-ака. Бұл Ташкенттің базарында сатылмайтын зат жоқ. Бірақ бәрінен 44 ^
асылы, мен білсем, осы бесік — деді Л әзиз қызыл-жасыл бояғы бар ағаш бесіктің жонарқасын сипалап тұрып. Сатушы екі езуі екі құлағына жеткенше ыржиып: — Алың, алың. Құтты бесік, қош қардай қос ұлың бола ды, — деп дүниесін мақтай жөнелді. Талғар таудың бауырындағы жер үйде ескі бесік болушы еді. Босаға жақта ілулі тұратын. Ол Түрардың бесігі еді. Өгей шешесі Ізбайша бала көтеремін деп үміттеніп, ырым етіп, сол бесікті жер кепенің іргесінде сақтап еді. Тұрардың содан бері бесік көріп түрғаны осы. —Дұрыс айтасың, Ләзиз. Бүл бесікті бұйырса, мен сатып аламын. Біреуін бізге сақтап қойыңыз, — деді сатушыға. Сатушы: — Ж үдә мейлі, —деп жалпақтап қалды. — Иә, Бахауаддин! Иә, Бахауаддин! А, мырзалар, қайыр-садақаларың болса, диуаналардың пірі Бахауаддинге бағыштандар. Қүдай тілеулерінді береді. Мен тілеуқор боламын, —деп орама сәлде салған шауқар бет, ақшел көзді, қаба сақал диуана аяққа оралады. Иығында қоржыны, қолында ақ таяғы, ала шапанды көк күлдәрімен екі-үш орап алыпты. — Бүрылмаңыз, бүрылмаңыз, соңымыздан қалмайды, — деп Ләзиз Тұрарды қақпайлай берді. — Балалар, бал аштырыңдар! Алдарында не күтіп тұр, бәрін айтып беретін бал, — деп шырылдайды паранжа салған әйел. Алдына жайған ала қаптың үстінде бір уыс ала лобия шашылып жатыр. Түрардың есіне сонау Мерке базары түсті. Илья «пайғамбарға» бал аштырып еді. И льяның теңіз шошқасы оған қораптың ішінен иіскеп-иіскеп суырып алып берген кір-кір қағазда: «Бүкіл өмірің шайқаспен өтеді» деген жазу бар-тын. «Сол сорлының айтқаны шыннан келгені ме?» — деп таң қалды Рысқүлов. М еркенің базарында Илья «пайғамбарға» бал аштырмаса, Рысқүловтың тағдыры басқаша соқпаққа түсер ме еді? Азаптан ада, можан-томпай, бейбіт өмір сүрер ме еді? Қайран Мерке. Балалықсыз балалық шағы өткен қүт мекен. Меркеде оқымаса, Ақкөз батырмен кездеспесе, он алтыншы жылдың қырғын соғыстарына қатыспаса, Рысқұлов қай қиырдан шығар еді?
Өмірінде кездейсоқж айлар кездескенмен, соның бәрі сол өмірдің зандылығына әкеліп сайған сияқты. Ж оқ, Илья «пайғамбардың» балы сәуегейлік айтпаса да, Рысқұловтың жолы бәрібір ш айқас әлеміне әкеліп соқпай қоймас еді. Рысқұловтың жүрегі сыздап қойды. Меркені сағынғанын сезді. Төрткүл базары Ескі Ташкенттің мына базарынан басқа дүние болатын. Меркедегі Төрткүл базар — Рысқүлов шайқаскерлігінің тұсауын кескен... Екеуі осылай келе жатқанда, алдынан келеңсіз жағдай кездесе кетті: сегіз-тоғыз жастардағы қара баланы шошақ буденновкалы милиционер қолынан сүйреп келе жатыр екен. Ол-ол ма, паранжалы әйел онсыз да жүдеу жүгірмекті ондырмай осқылап, шапалақпен екі беттен кезек-кезек үрады. — Тоқта! — деді Рысқұлов миллиционерге. — Үстауын ұстадың. Неге ұрғызасың? Миллиционер Рысқүловты жыға танымаса да комиссар екенін, түр-түлғасынан, екпінінен байқап, тым жуаси тіл қатты: — Бала мына әйелдің нанын ұрлапты, жолдас... — Ж олдас Рысқұлов, — деп Ләзиз түзеп жіберді. Тұтқын бала адамдардың жүзіне қарай алмай, түқшиып түр еді, Л әзиздің айтқанын естіп, басын шалт көтеріп алып, жасаураған көздері жалт етіп Рысқұловқа бір қарады да, қайтадан сынықтартты. Рысқүловтың жүрегі бүлк етті. Еңкейіп түрып: — Атың кім? К імнің баласысың? — деді. Бала міз бақпай, қара тастай қалшиды. — Аты кім болушы еді оның? Оның аты үры! — деп паранжалы әйел бажылдады. Бажылдаған сайын қүла- ғындағы шеңбірек алтын сырга бүлғаң-бүлғаң етеді. — О Қүдай, ақырзаман осы ма? Үры көбейді. Кеңірдегінді суырып жей жаздайды. Қандай күн көріс болады? Азынған әйелдің зарына қүлақ аспай Рысқұлов баланы тагы айналып-толғанып көріп еді, ештеңе шықпады. Бала ж ақ ашпады. — Уақыт өтіп барады, — деп тықыршыды Ләзиз. Нан үрлаған қүртақандай балаға бола, Рысқұловтың осынша әуреге түскеніне риза емес. — Детдомға апарып тапсыр, — деді Рысқұлов мили- ционерге қатал қарап. — Үрғызушы болма. Өзің де үрма!
Рысқұлов пен Ләзиз бұрылып жүре бергенде, әлгі балаға ғайыптан тіл біткендей: — Көке! —деп шыр ете қалды. Рысқұлов жалт қарады. Ж ақындай жанына келді. — Не дедің? —Түрар көке, —деді бала енді сыбырлап. —Мені қайдан білесің? —Рысқүлов та сыбырлап сұрады. — Ана жылы Әулиеатада апам екеумізді сіз қүтқарып қалғансыз. Атшабар... М ирза-ауф... мен Рысқүлдың бала- сымын. Атым — Арман. Апам солай деп айт деген. — Апаңның аты кім? — Ізбайша. Ләзиз көмекші Рысқүловтың түрі өзгеріп кеткенін байкап, сескеніп қалды. Ал бүл кезде Рысқүловтың басынан не халдер өтіп жатпады? «Қалайша? Ойықтардың айтуынша, Рысқүл он алтыншы жылдың күзінде Талас бойында дүние салды. Моласын өзі барып көзімен көрді. Ақкөз көтерілісіне қатысқан. Оның алдында Шығыс Сібір каторгасынан қашқан. Ізбайшамен сонау бесінші жылдан кейін кездескен емес. Сонда бұл қайдан Рысқүлдың баласы болады? Ізбайша Рысқұлдың інісі М олдабекке тиіп алған. — Сен, айналайын, Молдабектің баласы шығарсың? — деді Рысқұлов баланы басынан сипап түрып. — Ж оқ, —деп қасарды бала, басын шалт шайқап: — Апам айтқан, әкең — Рысқұл деп. — Апаң қайда? — Білмеймін. Мені Әулиеатада детдомға өткізіп, өзі айтты: — Рысқүл әкенді іздеймін. Талас деген жерге барам деп. Содан кейін келген жоқ. — Баланың аузы қисайып кем- сендей бастады. Ж аңа өзін ұрып-соғып жатқанда безірейіп, міз бақпап еді, енді жылайын деп түр. Қайран ана! — Мүнда қалай келдің енді? — Әулиеатадағы детдомды Ш ымкентке көшірді. Ш ым- кентте біреулер айтты: Ташкентте Рысқүлов Түрар деген өкімет бар деп. Апам айтқан: Түрар сенің көкең деп. Детдомнан қашып кеттім. Сізді қалай табарымды білмей жүр едім. Қарным ашты. Сөйтіп... — деп бала паранжалы әйел жаққа көзінің астымен қарап қойды. — О тоба! — деді әйел. — Өкіметтің балалары да тентіреп, үрлық істеп жүреді. Неткен заман — ақырзаман! Басқаларга не жосық! 47
Детдомнан қашқан баланың қарны ашқан. Аштық оның ілмиген көлеңкесі сияқты. Әулиеатада да, Ш ымкентте де, Ташкентте де сүмендеп соңынан қалмай қойды. Ал Таш кенттің базарында бетіне қалампыр сепкен аппақ тандыр нанның иісінен аш адамның басы айналып, ақылдан айрылар еді. Сатып алар қауқар жоқ. Содан көзі қарайған байғұс бала мына әйелдің себеттегі ақ нанына ілмиген арық қолын созған ғой... Сөйтсе ол Түркістанды «сүрап түрған» әйгілі Рысқүлов- тың туысы екен. Өте үят болған. Рысқүлов нан сатқан әйелден кешірім сұрады. Милиционерге айтты: — Баланы мен алып кетемін. Бірақ бүл үлкен Ташкентте қарны ашып, қаңғып жүрген жалғыз осы дейсің бе? Панасыз бала көрсең детдомға өткіз. Қабылдамаса, маған хабарла. ТүркЦИК. Рысқүлов. — Құп болад, жолдас Рысқұлов! — Милиционер қолын шекесіне көтеріп қалшиды да қалды. *** Рүсқүлов баланы әуелі моншаға апарып шомылдырып, тырнағына дейін өзі алып, шашын қырықтырғанда, байғұс жетім, қабығын аршыған жауқазындай жайнап шыға келді. Содан кейін Рысқұлов Әулиеата уездік атқару коми- тетінің төрағасы Қабылбек Сармолдаевқа телефон соқты. — Есіңде ме, Қабылбек, ана жылы екеуміз Төменгі Таласта менің әкемнің басына барып едік қой. И ә-иә, білсең сол Рысқүлдың Ізбайша деген әйелі болған, яғни менің өгей шешем. Сол Ізбайша Рысқүлды іздеп Төменгі Талас кетті деген хабар алып отырмын. Сұрастырып, іздеу салып көрші. Табылса — Ташкентке жеткізіндер. — Кешір, Тұрар айтқаныңның бәрін істейін. Бірақ Рысқүлды іздегені қалай? —деп танданды Қабылбек. — Оны түсіну қиын, Қабылбек. Мүмкін, күйеуін тірі екен деп естіген шығар. М үмкін, өлгенін біле тұра, жарының жатқан жерін көргісі келді ме екен, қайдан білейін. Әйтеуір тірі жүрсе іздеп таптырғаның жөн болар еді, — деп өтінді Рысқүлов. Басқа ретте ресми мәселелерді бұйырып, тап- сырып жататын Рысқұлов бүл жолы өз шаруасын тек өтінішпен ғана айтты. Араға апта салып, Қабылбек Сармолдаев телефон соқты. — Ж ақсы хабар айта алмай, қысылып түрмын, Тұрар. 48
— Айта бер, қай хабарға да көнбіс қазақпыз, — деді Рысқұлов. — Өзіңіз айтқан Төменгі Таласқа сұрау салмаған жеріміз жоқ. Ойық — Ыстылардың айтуы бойынша, Рысқұлдың мо- ласын құшақтап жатқан бір әйелдің денесі табылыпты. Аты-жөні белгісіз. Ешқандай құжаты жоқ. Содан бұл бишара бір жақыны шығар, тегін емес шығар деп, Ойық-Ы сты әлгі әйелді Рысқұлмен қатар жерлепті. Мен білген хабар осы, Тұрар. Басқа ештеңе айта алмаймын. Көңіліңе ауыр алма, жақсылықпен жолығайық, — деді ескі досы Қабылбек Сармолдаев. *** Бала күнде кешке Рысқүлов қызметтен қайтқанда, ағасының аузын бағып, бір ж аңалық күтетін. Соны сезген Рысқұлов шай үстінде былай деді: — Апаң аман екен, Арман. Рысқүл әкенді тауыпты. Бүгін маған Әулиеатадан хабарлады. — Қайда? Қайда? Олар қайда? — деп бала ішіп отырған шайын төгіп алды. Әлде, шай төгіп алғанынан жасқанды ма, әлде анамның хабарын толық айт деп жалынды ма, әйтеуір баланың түрі аянышты болатын. Арманның алдын орамалмен сүртіп, басынан сипады да, Рысқүлов бір күрсініп, жауап айтты. Не айтарын білмей қиналып қала жаздап, қашанда қиыннан қияға өтетін әдетіне басып, жай ғана күлімсіреп қойды да, Рысқүлдың тар түрмені кеңітіп жіберетін қиялын әңгімеге арқау етіп: — Олар қазір алыста, Арман, — деді. Көзі жасаурап еді, көзілдірігін тазалаған болып, ақ бәтес орамалмен сүртініп алды. — Басында мәңгі мұз жататын асқар-асқар таулар бар. Ол таулар көк аспанды тіреп түрады. Сол шындарға кейде бүлттар барып қонақтайды. Ал тірі жан оған әлі шығып көрген емес. Тіпті үлар құстың өзі мүз шындардан төмен жайылады. Ал сенің әкең Рысқұл Қызыл Ж ебе деген түлпар мініп, үдайы шың басына шығып жүреді. Ж ан-жағын заңғар таулар қоршаған аршалы, қарағайлы, жаңғақты орманнан арқар аулайды. Өмірі қуармайтын жасыл аланда аршадан соққан күркесі бар. Сол күркенің алдында қызғылт қанат теңбіл торғай сайрайды. Таң алдында бүлбүл жырлап, үлар шулайды. 4— 626
Рысқұлов алдында отырған балаға көзі түсіп кетіп еді, Алматы түрмесінде Рысқүлдың әңгімесін тындаған дәл өзіне үқсайды екен. Енді Рүсқұлдың сол ертегін мына жетім бауырына қайталайды. Ертек айтып отырғанын үмытып, өз сөзіне өзі нанып, өз қиялына өзі қызығып, қызынып, алған екен. Рысқұловтың айтуына қарағанда, Рысқұл мен Ізбайша ашаршылық болмайтын, күн суымайтын, қайғысыз, қамсыз, дау-дамайсыз, бәлесіз-жаласыз, қырсығы мен қиянаты жоқ; бірін-бірі аяқтан шалмайтын, біріне бірі ор қазбайтын, арқар мен жолбарыс бірге жайылатын, жәнатты жайда жүріп жатқан көрінеді. Ж етім бала бұл ертекті шын көріп, кішкентай жүрегін сағыныш кернеп: — Тұрар көке, біз де барайықшы сол жаққа, — деп мүңая қалды. — Барамыз, Арман, асықпа, — деді Рысқүлов баланы басынан тағы сипап. — И я, қашан? —деді бала сенер-сенбесін білмей. — Әлі көп жыл өтер, әбден қартаямыз, әкең мен шешеңді әбден сағынасың. Сонда барамыз, асықпа, Арман. Ал кәне, төсегіңе жат та, ұйықта. Мен бірер сағат кеңсеге барып, жұмыс істеп қайтамын. Үйықта. — Осыны айтып Рысқұлов түн ішінде ТүркЦ И К -ке бармақ болып, киімін киіп, сүр маузерді төс қалтасына сала берді. Ал Арман түсінде теңбіл торғайды көрді. Теңбіл торғай шыр-шыр етіп, балаға жол нүсқағандай, алдына түсіп үшты да отырды... *** Рысқүлов кеш ке жақын үйге бөтен әйелді ертіп кіргенде, Арман аузын ашып, көзі бақырайып, бейтаныс кісіге қадалып қарады да қалды. — О-о, сен жалғыз тұрмайды екенсің ғой, Тұрар, — деді бейтаныс әйел Арманның сонша тесіле қарағанынан қысылып. — Саған ұқсайды өзі. Верныйда сен тура осындай едің, Тұрар. — М ұның аты — Арман. М енің інім. Ж ақсы бала. — Рыс- құлов Арманның қайсар қара шашын үйпалақтап қойды. — Танысып қой, Арман. Мынау сенің жеңгең Наталья Алексеевна. Енді біз үшеу болдық. Түсіндің бе?
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436
- 437
- 438
- 439
- 440
- 441
- 442
- 443
- 444
- 445
- 446
- 447
- 448
- 449
- 450
- 451
- 452
- 453
- 454
- 455
- 456
- 457
- 458
- 459
- 460
- 461
- 462
- 463
- 464
- 465
- 466
- 467
- 468
- 469
- 470
- 471
- 472
- 473
- 474
- 475
- 476
- 477
- 478
- 479
- 480
- 481
- 482
- 483
- 484
- 485
- 486
- 487
- 488
- 489
- 490
- 491
- 492
- 493
- 494
- 495
- 496
- 497
- 498
- 499
- 500
- 501
- 502
- 503
- 504
- 505
- 506
- 507
- 508
- 509
- 510
- 511
- 512
- 513
- 514
- 515
- 516
- 517
- 518
- 519
- 520
- 521
- 522
- 523
- 524
- 525
- 526
- 527
- 528
- 529
- 530
- 531
- 532
- 533
- 534
- 535
- 536
- 537
- 538
- 539
- 540
- 541
- 542
- 543
- 544
- 545
- 546
- 547
- 548
- 549
- 550
- 551
- 552
- 553
- 554
- 555
- 556
- 557
- 558
- 559
- 560
- 561
- 562
- 563
- 564
- 565
- 566
- 567
- 568
- 569
- 570
- 571
- 572
- 573
- 574
- 575
- 576
- 577
- 578
- 579
- 580
- 581
- 582
- 583
- 584
- 585
- 586
- 587
- 588
- 589
- 590
- 591
- 592
- 593
- 594
- 595
- 596
- 597
- 598
- 599
- 600
- 601
- 602
- 603
- 604
- 605
- 606
- 607
- 608
- 609
- 610
- 611
- 612
- 613
- 614
- 615
- 616
- 617
- 618
- 619
- 620
- 621
- 622
- 623
- 624
- 625
- 626
- 627
- 628
- 629
- 630
- 631
- 632
- 633
- 634
- 635
- 636
- 637
- 638
- 639
- 640
- 641
- 642
- 643
- 644
- 645
- 646
- 647
- 648
- 649
- 650
- 651
- 652
- 653
- 654
- 655
- 656
- 657
- 658
- 659
- 660
- 661
- 662
- 663
- 664
- 665
- 666
- 667
- 668
- 669
- 670
- 671
- 672
- 673
- 674
- 675
- 676
- 677
- 678
- 679
- 680
- 681
- 682
- 683
- 684
- 685
- 686
- 687
- 688
- 689
- 690
- 691
- 692
- 693
- 694
- 695
- 696
- 697
- 698
- 699
- 700
- 701
- 702
- 703
- 704
- 705
- 706
- 707
- 708
- 709
- 710
- 711
- 712
- 713
- 714
- 715
- 716
- 717
- 718
- 719
- 720
- 721
- 722
- 723
- 724
- 725
- 726
- 727
- 728
- 729
- 730
- 731
- 732
- 733
- 734
- 735
- 736
- 737
- 738
- 739
- 740
- 741
- 742
- 743
- 744
- 745
- 746
- 747
- 748
- 749
- 750
- 751
- 752
- 753
- 754
- 755
- 756
- 757
- 758
- 759
- 760
- 761
- 762
- 763
- 764
- 765
- 766
- 767
- 768
- 1 - 50
- 51 - 100
- 101 - 150
- 151 - 200
- 201 - 250
- 251 - 300
- 301 - 350
- 351 - 400
- 401 - 450
- 451 - 500
- 501 - 550
- 551 - 600
- 601 - 650
- 651 - 700
- 701 - 750
- 751 - 768
Pages: