Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Өмір Тарихы

Өмір Тарихы

Published by risalekz, 2020-01-27 03:21:39

Description: “Рисалей-Нұр” жинағының авторы
БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ
(Tarihçe-i Hayat)

Keywords: БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ

Search

Read the Text Version

“Рисалей-Нұр” жинағының авторыБӘДИҮЗЗАМАНСАИД НҰРСИӨмір тарихы

Бәдиүззаман Саид Нұрси Өмір тарихы Ғылыми-көпшілік басылым. Ауд. Жандос Қиянбеков, Захараддин БатайұлыРедакция жасаған: Батырбек УбаевАлматы, «Нур Фейз» ЖШС. 2019 ж. ISBN 978-601-80605-3-3УДК 28ББК 86.38 Б 50УДК 28ББК 86.38ISBN 978-601-80605-3-3© «НУР ФЕЙЗ» ЖШС., 2019 ж.Ислам әлеміне «Рисалей-Нұр» атты тәпсірімен танымал, Құранның заманауи тәпсіршісі, ғұлама-ғалым Саид Нұрсиды естімеген кемде-кем болар. Енді сол құнды тәпсірдің авторы жайлы, оның мәнді де шымшытырық оқиғаларға толы өмірі туралы кітапты қазақшаға аударып, бастырылуына ұйытқы болған «Нур Феиз» ЖШС, кітаптың жарыққа шығуына қол ұшын беріп, редакция жасаған Дін танушы, аудармашы ғалым Убаев Батырбек мырзаға алғысын білдіреді. Таупық пен һидаят Аллаһтан.



АудАрмАшыдАнБұл кітап, ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде дүниеге келіп, ХХ ғасырдың жартысынан асып барып өмірден өткен, Ислам тарихында «Рисалей-Нұр» атты тәпсірдің авторы ретінде аты қалған ғұлама-ғалымның көзінің тірісінде-ақ қағазға түсіп, «Рисалей-Нұр жинағының авторы Бәдиүззаман Саид Нұрси өмір тарихы» деген атпен жарық көрген кітапттың қазақша аудармасы.Түп нұсқа Түрік тілінде жазылған. Саид Нұрси бүкіл өмірін халыққа Иман ақиқаттарын түсіндіру, иманды сақтап қалу жолына арнаған. Сол жолда мемлекеттік, саяси қайраткерлермен де етене жақын араласады. Дінге саяси жолмен қызмет етемін деп ойлады. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басындағы әлемдік өзгерістер, бірінен соң бірі жалғасып жатқан саяси төңкерістер, Империялар арасындағы текетірестер, бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтиже-сінде күйреген бірнеше империя. Мұның бәрі мұсылман жұртын бей-жай қалдырған жоқ. Ислам Халифатының орталығы, Османлы мемлекеті осы өзгерістердің қайнаған ортасында еді. Османлы жерінде туып өскен Саид Нұрсиге де бұл өзгерістер қатты әсер етті. Дінге саяси жолмен қызмет етемін деген кезі, өзі “Бұрынғы Саид” атап кеткен өмірінің 45 жасқа дейінгі кезеңі. Одан кейінгі “Бүгінгі Саид“ кезеңінде саясаттан да қоғамдық өмірден де бас тартып, қалған өмірін Иман және Құран ақиқаттарын түсіндіруге арнады. Оның нәтижесі де Рисалей-Нұр тәпсірі.Рисалей-Нұр адам баласының бұл өмірге келгендегі негізгі міндетінің не екенін, өмірдің мән-мағынасын Құрандағы ақиқаттарға сай түсіндіріп береді. Табиғатшыл, материялистік ұғымның түпкі мақсаты халықты діннен бездіру, өмірдің нағыз ақиқаттарынан халықты мақұрым қалдыру. Мұндай қоғамды қорқыту да алдау да оңай. Иманы кәміл мұсылман мұндай ойындарға алданбайтыны мәлім.* * * *

АЛҒЫ СӨЗБұл алғы сөз нұрлы қала Мәдинада тұратынғұлама-ғалымның қаламынан туған.«Бүйік Иқбал» атты кітаптың «Алғы сөзінде» былай деген едім: Ұлы тұлғалардың өмір баянын оқып, олардың бастан кешірген оқиғаларын естіп, керемет естеліктерін тыңдап отырғанда адам басқа бір әлемге еніп кеткенін сезеді. Ол кезде көңіл мөлдір махаббаттың лапылдаған отына күйіп, фейіз бен нұрға бөленеді. Тарих сахнасына шыққан сондай ірі тұлғалардың қасында көптеген атақты кісілер аласарып қалады.Тарихқа көрік берген, есіл ерлер еске түскен кезде,Рухың да көтерілер, қара жерден көк аспанға ілезде,Мың Райхан иісі аңқыр, гүл жайнаған көктемдей,Жұмақтағы бақшалардан тура келіп жеткендей.Осы терең ақиқатты «Алғы сөзді» жазып отырған кезімде толық әрі жан-жақты аңғарғандай болдым. Өйткені, ғазиз де құрметті оқырманға шын жүректен, шынайы ықыласпен ұсынылып отырған бұл кітап, бір ғасырға жуық берекелі, өмір сүрген, өмірінің әр кезеңі мыңдаған ғажайып оқиғаларға толы, көңілдерді баурап алушы үлкен Ұстаз Бәдиүззаман Саид Нұрси және оның жүз отыз кітапшадан тұратын Рисалей-Нұр тәпсірі мен көркем мінез-құлық, адамгершілік, ықылас пен адалдық, иман мен ирфан секілді игі қасиеттерімен бір елге ғана емес, күллі адамзатқа үлгі-өнеге боларлық, Нұр шәкірттері жайлы.Бір кітаптың кіріспесі сол кітаптың қысқаша түсіндірмесі деп жатады. Алайда әрбір тақырыбы жеке бір кітапқа сыймайтын, мағынасы терең, ауқымы кең осы құнды кітаптың мазмұнын бірнеше беттік кіріспеге сыйғызу мүмкін бе?

6БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИОсы уақытқа дейін жазып жүрген прозалық, поэзиялық шығармаларымды жазарда мұншалықты дәрменсіздік, шарасыздық жағдайды бастан кешірмеген едім. Бұл кітаптың қызығына түсіп, шат көңілмен оқыған әрбір адам Бәдиүззаманның бала кезінен-ақ ерекшелігі байқалған, Аллаһтың нұры жауған тамаша тұлға, асқан ғалым екенін көреді.Мен бұл кісіні, оның кітаптарын, тәрбиелеген шәкірттерін терең зерттеп, етене жақындап, сол бір нұрлы әлемдерге сезімдеріммен, пікіріммен, рухыммен сапар шеккеннен кейін ғана көне заманғы мәшһүр араб ақынының сөздері өте терең ақиқатты мегзеп тұрғанын түсіндім. Ол кісінің сөзімен айтқанда: «Аллаһ Тағалаға күллі әлемді бір адамның бойына жинап қою түк емес». Алға қойған мақсатының ұлықтығынан, көтерген мәселесінің маңыздылығынан, иманының күшінен нәр алған осы алып тұлғаның тартылыс күшіне шыдай алмай айналасына жиналып жатқандардың саны күннен күнге артуда. Жұртты таңғалдырған осы бір ғажайып құбылыс кәпірлерге қатты соққы болып, мүминдерді шаттық пен қуанышқа бөлеп келеді.Бұл оқиғаны, яғни, иманды жүректерді өзіне баурап алған Иләһи оқиғаны ержүрек күрескер өте әсерлі түрде тамаша суреттеген екен:“Жаман мінез-құлықтар етек алып, топан судай тасып, адамгершілікке шүйлігіп, оны жоқ қылуға сәл қалған кезде Бәдиүззаман әкелген нұр-фейз, көңілдегі сыр секілді жүректен жүрекке, ауыздан ауызға еш толассыз, тосқауылсыз тарап жатқанын көріп, көңіліміз жәй табуда. Түннің қараңғылығы қоюлана түссе таңның атуы жақын болғаны”.Иә, бір сыр секілді жүректен жүрекке еш кедергісіз жайылып, шашырап бара жатқан бұл нұрдың еліміздің әр тарапында ұшқынын, сәулесін көргендер аң-таң болып, бәз біреулер үрейленіп, «Атағы жер жарып, абыройы еліміздің түкпір-түкпіріне тарап жатқан бұл кісі кім? Өмір жолы, жазған еңбегі, ұстанымы қандай?» деп сұрай бастады. «Тариқат па? сопылық па? әлде саяси ұйым ба?» Мұнымен шектелмеді. Дереу билік органдары, тәртіп сақшылары ізіне түсіп, жіті бақылауға алды. Ұзаққа созылған соттар мен сараптамалар басталып кетті. Ақырында бұл Иләһи нұрдың ірге тасы көңілдер мен жүректерге орнатылатыны, мұның «Иман, мен

7АЛҒЫ СӨЗІлімнің ордасы” екені, одан өзге ешнәрсе еместігі анықталды да әділдік Аллаһтың қалауымен жарқын көрініс тапты: «Бәдиүззаман Саид Нұрси және Рисалей-Нұр кітаптары ақталсын!» деген қарар ресми түрде жарияланды. Осылайша рух материядан, хақ бұрыс жолдан, шындық өтіріктен, нұр қараңғылықтан, иман күпірліктен әрдайым үстем келетіні ежелден бергі өзгермейтін Иләһи заңдылық, ақиқат екендігі айқын көрінді.Қандай да бір ағартушы қайраткердің шынайы болмысын көрсететін ең негізгі өлшем – ол адамның өз қызметін бастаған күні мен жеңіске жеткеннен кейінгі жеке және қоғамдық өміріндегі мінезі мен рухындағы өзгерістер мен айырмашылықтар.Мәселен, ол адам алғашқы кезде кішіпейіл, қарапайым болып көрінеді. Қысқаша айтқанда мінез-құлқы, парасаты жағынан нағыз өнеге боларлық жан еді. Ал жеңіске жетіп, абырой жинап, аты шыққаннан кейін бұрынғы кіршіксіз парасаты мен өнеге болар мінезін сақтап қала алды ма?Әлде жетістіктерге масаттанып, көптеген атақты адамдар секілді жер-көкке сыймай кетті ме?Міне, ұлы істерді атқаруға бел буған адамның шынтуайтында кім екенін көрсететін ең мөлдір айна – осы.Тарихта осындай қиын сынақтардан сүрінбей өтудің үлгісін көрсеткендердің басында Пайғамбарлар тұр. Әуелі Пайғамбарлардың Сұлтаны, Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссалам, одан кейін оның Халифалары мен сахабалар, одан кейін солардың нұрлы жолынан таймаған Заңғар Тұлғалар бар.* * * * *Пайғамбарымыздың яғни, «Ғалымдар – Пайғамбарлардың мұрагерлері» деген хадис шәріпі ғалым болудың қаншалықты жауапкершілігі зор, оңай шаруа емес екенін тамаша түсіндіріп тұр. Олай болса, Хақ жолдың ақиқаттарын түсіндіру барысында, ғалымдардың да пайғамбарлар ұстанған жолмен жүрулері керек. Тіпті бұл жолда кездесер тауға да, тасқа да, ойға да, қырға да, көлге де, шөлге де қарамай, сотқа да тартылып, қапастарға қамалса да, зынданға тасталып, жер аударылса да, у беріліп, өлім жазасына кесілсе де, ойға келмес қанша бәлелерге тап болып, қаншама азап шексе де...

8БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИАл, Бәдиүззаман Саид Нұрсидің жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы қасиетті күрестің тар жол тайғақ кешуінен аман шығып, мыңдаған тосқауылдарды жасындай жарып өтуі, оның Пайғамбарлардың мұрагерлігіне лайық бір ғалым екенін және соны ісімен дәлелдегенін көрсетеді.Оның ілімі, ахлақы, шешендігі басқа да көптеген ізгі қасиеттерінің ішінен мені қатты таңқалдырған жағы оның көк аспанмен таласқан таудай заңғар, теңіздей терең кең пейілі, мықты иманы.Иманы қандай тұрақты! Сабыры неткен қуатты! Ерік-қалауы қандай күшті! Адамның төбе шашын тік тұрғызатын ауыр азап, жан төзгісіз қыспақ. Бірақ мұнша азап басын идіре, үнін өшіре алмаған. «Бүйүк Иқбал» атты кітаптағы өлеңдерді алғаш оқығанымда шабыттанып «Муджахит» деген өлең жазған болатынмын. Оны оқығандар бәлкім ақындыққа беріліп, әсірелеп жіберген екен деген шығар. Алайда, кіріспесін жазу маған нәсіп болған бұл кітапты оқығандар мынаған көз жеткізетін болды. Дүниеде Аллаһтың небір құлдары бар. Олардың жүрегіндегі иман кемелденіп, шырқау шегіне жеткен кезде таңғажайып кереметтер көрсетіп, ғажап істер атқарады.Иман толы жүрек егер нақты шешімге келсе,Иманның сырын түсініп, ол адам да меңгерсе,Үрей түгіл өлім де, оны тежей алмайды.Дес бермейтін жанартаудай тоқтамастан лаулайды.Шешіміне қуат беріп, илһам келер жүрегіне,Бәлкім, сүйікті Пайғамбарымызды көретін шығар ол күнде (түсінде).Бәлкім, оған қар мен аяз әсер етпейтін болар,Ал, мезгілдің бәрі де жадыраған жаз шығар,Жүрсе дағы бұл фәниде, жұмақты тамашалар,Таулар қирап жатса дағы, әсте, мойымас олар.Айналасына ор қазылып, қияң құзға итерілсе де,Тас түнек орнап, Ай батып, тіпті, Күн түнерсе де,Қара бұлт жамылып, бәрі қараң қалса да,Алған бетінен қайтпастай боп бекінген олар сірә,Жан дүниесінің иман шамы мүлде оның сөнбейді.Жүрегінде лаулап тұрған иманы неткен киелі!Ар-ожданы әрдайым оған былай деп тұрғандай:

9АЛҒЫ СӨЗУа, жолаушы! Таң атты, асық, ұмтыл алға!Зұлыматты жоятын бар ғой шамың,Көкке самғап, биік әлемдерге талпын!Адамзатты құтқаруға пейіштен келген нұрсың ғой, жарқын!Құдды, осы шумақтар иманы таудай, баһадүр Бәдиүззаман үшін жазылғандай. Олай дейтінім, бұл сипаттар оның бойынан толық табылады. Аллаһ тағала өз жолында күрескендерге не уәде ететінін мына аяттан білуге болады:Қысқаша мағнасы: «Біз үшін күрескен мұджахиттерге міндетті түрде жол көрсетеміз. Ешқандай шәк жоқ, Аллаһ мухсиндермен, яғни, Аллаһты көріп тұрғандай ғибадат қылатын мүджахиттермен бірге».Демек, иман мен Құран үшін жанын, дүниесін пида еткен күрескерлерге Аллаһ тағала ақиқатқа апарар һидает жолын көрсететінін уәде етіп отыр. Аллаһ тағала уәде берсе сөзсіз орындайды. Тек, осы ұлы уәденің шарттары жүзеге асса болғаны.Осы киелі аят, Ұстаздың кім екенін, оның ірі тұлғасын етене тану жолында бізге септігі тиіп, нұр болып, сәуле шашады. Сол нұрдың саясында өте көмескі қыр-сырлары көрініп, жан-жақты ортаға шығады. Кімде-кім Аллаһ Тағаланың қорғауына бөленіп, қол астына кірген болса, ол адамда қорқу, уайым, өкініш, қажу, жалығу, шаршау деген нәрселер мүлдем болмайды.Аллаһтың нұрымен нұрланған көңілдің ашық аспанын қандай бұлт жаба алушы еді? Әрдайым өзінің Аллаһтың алдында екенін сезінетін бақтияр құлдың рухын қандай фәни арман-тілектер, қошеметтер мен ілтипаттар қанағаттандырушы еді? Оған алдана қояр ма?Оның досы бір Аллаһ ғой, тәрбиешісі һәм қамқоршы,Оны еске алғанда сезімі де нұрға шомып, көңілі де шалқысын.Әрқашан мағрифат әлеміне қанат қағып ұшады.Қаққан сайын рухына Құран әртүрлі сый тартады.«Бәзм-и әләстиді» Құран есіне салады.Ғашық жан сонда шабыттанып қалады.Бәдиүззаман осындай таңғажайып Иләһи қамқорлыққа алынған кісі. Сондықтан, зындандар оған гүлстанға айналып, ол жерде отырып-ақ мәңгіліктің нұрлы таңын көріп тамашалайтын. Дар

10БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИағаштары оған уағыз насихат айтатын мінбер секілді көрінетін. Ол жерде тұрып адамзатқа ұлы мұратқа жету үшін сабыр, табандылық, қайсарлық, батырлық дәрісін береді. Абақты оған Жүсіп пайғамбардың медресесі болып көрінетін. Оған бара жатқанда профессордың университетке сабаққа бара жатқанындай сезінетін. Себебі, ол жерде отырғандар оның дәріс-нұрына, тәлім-тәрбиесіне мұқтаж. Күнде бірнеше адамның иманын құтқару, бұзылған адамды жөнге салу, адам халіне түсіру ол үшін баға жетпес бақыт болатын. Осындай таудай биік иман мен ықыласқа қолы жетіп, көкірек көзі ашылған жан, уақыт пен мекенге тәуелді болудан құтылып, рухымен руханият әлеміне сапар шегеді.* * * *Танымал тасауыфшылар (рахимуллаһ) «Финафиллаһ», «Беқабиллаһ» деп жүрген жоғары мәртебе, міне, осы киелі абыройға бөлену болса керек. Иә, әрбір мүминнің өзіне тән құзыр, нұрға шому, бәрін тәрік ету, бір нәрсеге қарық болу секілді тәтті күйлері болады. Ол күйден әркім иманы мен ілімі, игі амалы, тақуалығы, фәйіз бен руханияты дәрежесіне қарай пайдаланады. Алайда, мұндай тамаша хал, тәтті күй, теңдессіз ләззат жоғарыда аталған аят баяндаған ұлы күрескерлерде әрдайым болады. Сондықтан олар бір сәт болсын Жаратқанды ұмыту бейғамдығынан аман болады. Өмір бойы нәпсілерімен арыстандай арпалысып өтеді. Өмірінің әр кезеңі биікке өрлеу, даму, кемелденуге толы. Бүкіл болмысын жәмал, кәмал, жәлал сипаттары бар Рабб-үл Аламиннің ризасына арнаған. Жаратқан Ием бізге де сол бақтиярлар тобына кіруді нәсіп етсін, амин!* * * *Жоғарыда қадірменді Ұстаздың достарын қайран қалдырған, дұшпандарының зәресін алған теңдесіз иманы туралы айттық. Енді біршама, жеке басының ізгі қасиеттері, жайдары, жұмсақ, биязы мінез-құлқы, кәміл сипаттары туралы айтсам деймін.Өздеріңе мәлім, әрбір жеке тұлғаның сан-алуан ерекшеліктері, белгілі бір қасиеттері болады. Сонымен Ұстаздың да ерекше қасиеттерін төмендегідей жеке-жеке қарастырсақ;

11АЛҒЫ СӨЗ•Жан қиярлығы (Фәрағаты):Биік мақсатқа ұмтылған күрескерге, әсіресе рухани көсемге қойылатын ең бірінші талап “фәрағат” яғни ақысы бола тұра одан бас тарту. Өйткені сырт көз осы жағына көп мән беріп, мінеп, сынайды. Ұстаздың бүкіл өмірі, басынан соңына дейін фәрағатқа толы.Мәшһүр ғұлама Шәйһ-үл Ислам Мұстафа Сабри мырзанның (марқұм) фәрағат жайлы «Қазіргі таңда дін Исламға тек дүниесін ғана емес, ақыретін де пида етуге дайын мүджахит, күрескерлер керек болып тұр», дегенін естіген едім. Рухы асқақ кісінің бұл сөзін толық түсіне алмай, сопылардың “истиғрақ” жағдайда айтатын сырлы сөздеріне ұқсатып, әркімге әр жерде айта бермейтін едім. Енді мұны Бәдиүззаманның жалынды сөздерінен де кездестестіргенімде алып тұлғалар үшін “фәрағаттың” өлшемдері де жоғары болатынын түсіндім. Шынымен де Ислам үшін осындай өз ақысынан бас тартқан, ауыр т па шылықтарға кеудесін керген мұджахит-күрескерлерді Аллаһ Тағаланың қараусыз қалдыруы, ондай жанкешті құлдарын жарылқамай, жәрдемі мен қамқорлығынан құр қалдыруы мүмкін емес.Бәдиүззаман Аллаһтың осындай ерекше жарылқауына бөленген ерекше тұлға. Ғұмыры жалғыздықпен өтті. Бұл дүниенің шариғатқа сай ләззаттарынан да бас тартты. Отау құрып, жанұялы болу қызығын көруге уақыты жоқ еді. Бірақ, Аллаһ тағала оған сыйға тартқан баға жетпес тартуларын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Дүниеде Бәдиүззаман секілді рухани тұрғыдан бақытты отағасы бар ма екен? Ол секілді миллиондаған баласы бар әке табыла ма екен мына фәниде? Бала болғанда қандай балалар десеңізші! Ол секілді шәкірті мол ұстаз бар ма екен дүниеде?Мұндай киелі де рухани қарым-қатынас (Иншаллаһ) қияметке шейін жалғаса бермек. Өйткені бұл Иләһи мақсат Қасиетті Құраннан туындап, Құраннан бастау алған, Құранмен бірге жасай бермек.• Жан ашырлығы мен мейірімділігі: Ұстаз Хақты да, Ақиқатты да сонау бала кезінде-ақ тапқан еді. Жан дүниесінің толғаныстары мен рухының қалауын түсіну үшін тау ішінде оңаша қалып жасаған құлшылық, ғибадаттарынан, салған зікірлерінен ләззат алудың сырын тапқан «Ариф-ы Биллаһ» екендігі белгілі еді.

12БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИБірақ, қараңғы түнде салбырап кеп басқан албастыны еске түсірер дінсіздік пен бұзғыншылық деген бәле Ислам әлеміне, әсіресе, елімізге жетіп, жалмап бара жатқан кезде, қасиетті күрес майданына арыстандай атылып шықты. Жан тыныштығын да, өмірдің рахатын да сол жолда пида қылды. Әрбір сөзі шоқтай күйдіріп, пікірі мірдің оғындай дәл тиеді. Естіген құлаққа, тыңдаған жанға қатты әсер етіп, өзіне үйіріп алып кетеді. Ұстаздың бір кезеңде өзімен-өзі жалғыз қалып біршама «узлет», «инзиуа» қылуы, содан соң халыққа жол көрсетіп жөнге салуға кірісуі, қоғамға араласуы құдды Имам Ғазалидың өміріндегі маңызды да тарихи кезеңдерге ұқсайды. Демек, Жаратқан Иеміз осындай ұлы ұстаз, мүршидтерді осылайша біршама жеке ұстап, өзі тәрбиелеп, рухани тазартқаннан кейін халықты нұрландыру, жөнге салу міндетін жүктейтін болса керек. Сондықтан таза, пәк жүрегінен шыққан демі, жүрекке тиісімен мүлдем басқа әсер қалдырып, дереу баурап алады. Айтпақшы, Имам Ғазалидың бұдан тоғыз жүз жыл бұрын ахлақ, мінез-құлық саласында атқарған ерен еңбегін, бұл ғасырда Бәдиүззаман иман мен ықылас саласында атқарып мол табысқа жетті. Ұстазды осындай қырғын майданға айдап апарған оның бойындағы мейірбандық пен мәрхамат сезімі. Мұны оның өз аузынан естиік:«Маған сен анаған да, мынаған да неге соқтыға бересің дейді. Қарсы алдымда жалыны көк шарпыған сұмдық өрт бар... Ішінде балаларым жанып жатыр... Иманым жанып жатыр. Сол өртті сөндіру үшін, иманымды құтқару үшін жүгіріп жүргенімде мені шалып құлатқысы келгендерге аяғым тиіп кеткен болса, сол да маңызды болып па? Оларға мән беріп те жатқаным жоқ. Ондай алапат өрттің жанында мынадай болмашы нәрсенің не құны бар? Осындай да шолақ пікір, шолақ ойлар болады екен-ау»...• Истиғнасы яғни көңіл байлығы:Ұстаз өмір бойы қоғамның барлық деңгейіндегі адамдарға Аллаһтан басқа ешкімге қарыздар болмаудың, Раббымыздың сарқылмас қазынасына арқа сүйеп, адамдардан еш нәрсе алмаудың, қандай жағдайда да осы ұстанымнан қайтпаудың озық үлгісін көрсете білді. Бұл ұстаным, өзінде ғана қалмай шәкірттеріне де сіңген қасиетке айналуына таң қалмау мүмкін емес.Бұл мәселені Ұстаз Мектубат деп аталатын кітабының екінші мектубында алты жақты түсіндіре келіп былай дейді:

13АЛҒЫ СӨЗБіріншісі: Хақ жолдан тайған азғындар, ғалымдарды «өз ілімдерін пайдаланып мал табады» деп кінәлайды. «Ілім мен дінді өздеріне күнкөріс көзі етуде» деп, оларға ынсапсыз түрде тиісуде. Олай емес екенін оларға іс жүзінде дәлелдеу керек.Екіншісі: Ақиқатты жаю жолында Пайғамбарлардың ізінен еруге міндеттіміз. Қасиетті Құранда ақиқатты жаюшылардеп адамдардың заттай көмегінен бас тартқаны айтылады...Рисалей-Нұр шәкірттерінің ақиқаттарды жаю жолындағы жетістіктері осылай Пайғамбарлардың жолын ұстанудағы табандылықтарының нәтижесі.Осындай табандылықтың арқасында Ұстазымыз ілімнің абыройын алмастай құнды күйінде сақтап қалды.Талай адам жетегінде кеткен ақша, пара, мансап, байлықтың еш біріне де көңіл аудармады. Ендеше көңілдердің патшасы жүректердің мырзасы сол болмағанда кім болады. Әрине иманды жандар оның нұрына шомылмағанда не істейді?Үнемшілдігі: Үнемшілдік – жоғарыда айтылған көңіл байлығының іс жүзінде жүзеге асуы деуге болады.Негізінде \"Үнемшілдік сарайына\" кіру үшін көңіл байлығы (қанағатшылдық) деп аталатын есіктен өту керек. Бұл екеуі ажырамас бір бүтін.Пайғамбарларды үлгі тұтуды өмірлік қағидаларына айналдырған Ұлы күрескердің үнемшілдігі оның осы ұстанымдарынан туындайтын. Күніне бір тостақ көже мен бір үзім нан, бір кесе су жеткілікті еді. Ол «Ішіп-жеу үшін өмір сүрмеді. Өмір сүру үшін ішіп-жейтін».Ұстаздың өмірлік ұстанымдарын түсінгеннен кейін, оның үнемшілдігін мұндай ұсақ-түйек нәрселермен салыстыруды жөн көріп тұрғаным жоқ. Себебі осы бір ұлы тұлғаның жоғары деңгейдегі үнемшілдігінен руханият саласында үлгі алып, материядан жоғары өлшемдермен өлшеу қажет. Мәселен, ұстаз әлгіндей үнемшілдігін тек ішіп-жеу, киіну секілді қарапайым нәрселермен ғана шектемей пікірін, бейімділігін, ойын, қабілетін, уақытын, тіпті, алған демін үнемдеп, олардың ысырап болуына жол бермей, қолда барын жіті қадағалап отыратын кемеңгер

14БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИжан. Өмір бойы ұстанып келе жатқан осы ұстанымы әрнәрсені жіті бақылау дәстүрі бүкіл шәкірттеріне де мирас боп жалғасын тапқан. Сондықтан бір Нұр шәкіртіне кез-келген бір кітапты оқыту, не болса, соны тыңдату оңай шаруа емес. Өйткені оны көңілінің түкпірінде орналасқан сақтық сезімі оған әрдайым «Байқа!» деп ескертіп отырады. Міне, Бәдиүззаман керемет жол көрсетуші педагог, теңдесіз тәрбиеші екеніне тәрбиелеген шәкірттері куә. Үнемділік тұрғысында да үлгі-өнеге болар сирек тұлға.• Кішіпейілділігі, инабаттылығы:Нұр кітаптарының осыншама кең тарауында меніңше осы екі қасиеті үлкен рөл ойнаған, көп ықпал еткен. Себебі Ұстаз, сұхбаттасқанда, кітап жазғанда өзін «Құтб-үл Арифин», «Ғаус-үл Уасилин», яғни, білгір, көсем, медет беруші, құтқарушы етіп көрсеткен жоқ. Оның кішіпейілділігі, шынайылығы жұрттың көңілінен орын алып, олардың қолдау көрсетуіне жол ашты. Мысалы, мінез-құлық пен әдепке, даналық пен ғибратқа қатысты уағыз айтқан кезде тікелей өзіне, нәпсісіне бағыттап отырады. Өткір де отты сөздерін әуелі өзіне арнап, тыңдаушым өз нәпсім дейтін. Сосын барып орталық нүктеден жан-жаққа шашылғандай айналаны нұрға, қуанышқа, бақыт пен құзырға бөлеп, ақ көңілдерді баурап алатын.Жалпы ұстаз өте жұмсақ мінезді, биязы, өте кішіпейіл. Адам баласы түгіл ешбір жаратылысты ренжітпеу үшін барын салатын. Қатты қиналып, азап шексе де, машақатқа түсіп, зиянға ұшыраса да біреуге зиян тимеуі үшін бәріне төзетін. Бірақ, Иманына, Құранына зиян тиетін болса, мәселе басқаша... Егер оған қауіп төнсе, әлгі тынық теңіз буырқанып, толқындары жер дүниені шайып жіберердей аласұрып, қатуланып кететін. Өйткені, ол Құран Кәрімнің адал қызметшісі, иман елінің шекара сақшысы, жанкешті сарбазы, ержүрек қаһарманы. Мұны өз сөздері-мен суреттесек: «Бір сарбаз күзетте тұрғанда бас қолбасшы келсе дағы қаруын тастамайды ғой. Мен де Құранның бір қызметшісімін, оның жауынгер сақшысымын. Күзетте тұрған кезімде кім келсе де ақиқаттан танбаймын, ешкімге бас имеймін».Оның қызмет кезіндегі, күрес майданындағы халін мына өлең жолдары дөп басып суреттейтін секілді:Асау аттай жүгендеуге көнбеймін,Қорқауларша жасырынған жауларыма берілмеймін.

15АЛҒЫ СӨЗБерілу, тұтқын болу өзіңді жоғалтқанмен тең,Өйтіп, қор болғанша өлген артық па деймін.Мәңгі бақытқа қауыштыратын өлім, арман тілегім,Ешкім бұза алмайтын шеп-бекініс иманым.Мұндай арманым болғанына өзімде дән ризамын.Шейіт болған бабаларым жұмақта жүздескісі келеді,Рухым мәңгі, тірімін мен, жаса-и берем әрдайым,Қауыштырар өлім келсе, Раббым Аллаһқа мені.Кіріспе жазарда Ұстазды жан-жақты яғни іліми, пікіри, тасаууифи, әдеби тұрғыдан қолға алып таныстырғым келген. Алайда өте терең әрі ауқымды мұндай тақырыптарды бірнеше бетке сыйғызу мүмкін еместігін аңғарғаннан кейін, әлгі тақырыптарға қысқаша бір-екі сөйлеммен тоқтала кеткенді жөн көрдім.Раббым нәсіп етсе, аталмыш тақырыптарға Рисалей-Нұр тәпсірімен және Нұр шәкірттерімен бірге үлкен кітап жазып, әрқайсысына жеке-жеке талдау жасап, түсініктеме бергім келеді. Ол үшін қадірменді Ұстаздан және ғазиз бауырларымнан мақбұл дұға-тілекте болуларын сұраймын.• Ұстаздың ілімі жайлы бір-екі сөз: Кісінің айнасы сөзі емес ісі,Ісінен байқалады ой-өрісі.Марқұм Зия Паша мына бір өлең арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғаса беретін өміршең, терең ақиқатты шебер жеткізген. Иә, мұсылман жұртымызға «Рисалей-Нұр жинағы» дейтін иман мен ілімге толы құнды кітапхананы тарту еткен, баршаның көңілінен орын алған, ерекше тұлғаның ілім деңгейін түсіндіруге тырысу, тал түсте Күнді таныстыру секілді бос әурешілік деп білемін. Тілі өткір бір ақынымыздың: «Тамаша деп, көрген кезде еркіңнен айыратын әсемдікті айтады» дегеніндей, өмірінің әр кезеңі Иләһи құбылыстарға толы жаны жайсаң бұл кісінің іліми қыры, парасаттылығы, ахлақы, кәмілдігі жайлы сөз қозғағанда адам басқа әлемге кетіп қалғандай Иләһи ләззат, рухани зауық алады. Ұстаз, Рисалей-Нұр жинағында діни, әлеуметтік, әдеби, құқықтық, философиялық, тасаууифи тақырыптарды тыс қалдыр–май, бәрін толық қамтып жаза білген. Таңғалдыратын жағы көптеген ғұламалардың күрделі мәселеге келгенде ауытқып кеткен тұстарын нақты баяндап беруімен қатар, терең тақырыптарды

16БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИәһл-і сүннет уәл жамағат ұстанған нұрлы жолдан таймай аман-есен шыққан және ол жолды оқушыларына көрсете білген. Сондықтан Рисалей-Нұр жинағын ғазиз халқымыздың түрлі деңгейдегі барша жұртына сенімді түрде, шын жүректен ұсына отырып, оны абырой санап, мақтан тұтамыз. Рисалей-Нұр Құран Кәрімнің нұр теңізінен алынған мөлдір тамшылар, һидает күнінің сәуле шуақтары іспеттес. Сондықтан әрбір мұсылманның киелі міндеті иманды сақтайтын осы нұрлы кітаптардың жайылуына ат салысу. Өйткені, бір кітаптың көптеген кісілердің, отбасының тіпті, қоғамның һидаетіне, тура жол тауып, бақытты болуына ұйытқы болғанын тарихта көптеп кездестіруге болады. Пах, шіркін, бір мүмин бауырының иманын сақтап қалуына себеп болған кісі неткен бақытты!• Ұстаздың ойшылдық жағы:Әрбір ойшыл дананың өзіне тән тәфәккүрі, яғни, ой-толғау әдісі болады. Бүкіл ой-пікірімен ұмтылған өзіндік бір мақсаты, көңілімен әбден берілген бір арманы болады. Оның ойшылық жүйесінен, алға қойған мақсат-мұратынан сөз қозғау үшін едәуір кіріспе жасалуы қажет болады. Алайда, Бәдиүззаманның ой-толғау әдісі, алға қойған мақсаты, бар арманы ондай ұзыннан ұзақ кіріспелер мен жоспарларды қажет етпейді. Оның мақсатын бір ауыз сөзбен қорытындылар болсақ:Күллі аспани кітаптардың, барлық пайғамбарлардың жалғыз мақсаты «Әлемді Жаратушының Улухиетін (Аллаһқа тән толық сипаттарын) және Уахданиетін (жалғыз, дара) жариялау». Және осы үлкен мәселені іліми, ақылға қонымды, қисынды түрде бұлтарпас айғақтармен дәлелдеу».Олай болса Ұстаздың логика, философия саласымен, нақты ілімдермен де байланысы болды ғой?Иә, логика, философия егер Құранмен тату болып, хақ пен ақиқатқа қызмет етсе, онда Ұстазды логика ғалымы, үлкен философ деп атауға болар. Оның мақсаты Құранның Аллаһтың сөзі екенін бұлтартпас айғақтармен дәлелдеу. Ол осындай маңызы зор мәселені ақылға қонымды етіп, заманауи талапқа сай, ілімге негіздеп жүзеге асыра білді. Негізінде философияны хикмет, даналық мағынасында қарастырар болсақ, болмысы шарт, міндетті түрде бар Аллаһ тағаланы өзіне лайық сипаттармен дәлелдеуге тырысатын барлық ой-пікір - хикмет болып саналады, ол еңбектің иесі де үлкен дана, хәкім болмақ. Міне, Ұстаз осындай іліми жолды, яғни, Құран Кәрімнің

17АЛҒЫ СӨЗнұрлы жолын ұстанғаны үшін мыңдаған оқымысты жандардың иманын сақтап, үлкен абыройға бөленді. Айта берсек Ұстаздың іліми, әдеби, философиялық адам қызығарлық ізгі қасиеттері көп-ақ. Бірақ оларды өзінің кітабынан мысал келтіре отырып, иншаллаһ бөлек бір кітап етіп жазсам деймін. Таупық Аллаһтан. • Тасаввуфи (сопылық) жағы:Нақшибенді тариқатының танымал Шейхтерінің бірі, Пайғамбарымыздың сүннеттерін орындауға аса мән беретін бір ғалымнан: Ғұламалар мен сопылар арасындағы бір-бірін түсінбеушіліктің себебі не? деп сұрағанымда.- Ғалымдар Пайғамбарымыздың іліміне, сопылар да амалдарына мұрагер болып қалған. Ал, Әлемнің мақтанышы болған Кісінің іліміне де, амалына да мұрагер бола алған адамды «Зулжанахейн», яғни «Қос қанатты» дейді. Тариқаттың мақсаты Пайғамбарымыздың мінез құлқын бойына сіңіріп, рухани дерттен арылып, Аллаһ ризашылығы жолында жанқиярлық таныту. Осы ұлы дәрежеге қол жеткізген адам ақиқатты табады. Яғни, тариқаттың мақсаты болған межеге жеткендер болып саналады. Бірақ, бұл мәртебеге жету оңай болмағандықтан, сол мақсатқа жетуді оңайлату үшін тариқаттағы көпшілікке мәлім шектеулер ортаға шыққан. Қорыта айтқанда, тариқат шариғат шеңберінің ішіндегі кішкене шеңбер. Тариқаттан шыққан адам әлі де шариғат шеңберінде қала алады. Бірақ, шариғат шеңберінен шығып кеткен адам мәңгі өкінетін болады, деген еді.Бұл кісінің айтқандарына қарағанда Бәдиүззаман салған Нұр жолы мен нағыз тариқаттың арасында түсініспеушілік тудыратын ешқандай нәрсе жоқ. Екеуі де Аллаһтың ризашылығына, нәтижесінде Жәннатқа, оның ар жағында Аллаһтың дидарын көруге апаратын жол.Олай болса, осы асыл мақсатты нысана еткен бір сопы бауырымыздың Рисалей-Нұрды сүйіспеншілікпен оқуына еш кедергі жоқ. Керісінше, Рисалей-Нұр тариқаттағы «мүрақабе» шеңберін Құранның нұрымен кеңейтіп, оған қосымша тәфәккүр (пікірлеу) міндетін вирд яғни күнделікті оқылатын дұға ретінде ұсынады.Адамның ой-өрісін, көкжиегін кеңейтетін тәфәккүрдің арқасында тек жүректің мүрақабесімен, яғни, зікірмен шұғылданатын жолаушы енді жүрекпен қоса бүкіл сезімдерімен бірге зәрелерден бастап, сонау жұлдыздарға шейін күллі ғаламды жан-жақты тамашалап, мұрақаба,

18БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИмүшаһада етіп, Аллаһ тағаланың сол әлемдердегі мың бір түрлі жалт-жұлт етіп шағылысып жатқан көркем есім-сипаттарын таңдана көріп, өзінің ұлы ғибадатханада екенін айналяқын, ғылмәляқин, хаққаляқин түрде сезінеді. Себебі ішіне кірген ғибадатханасы сондай зәулім ғибадатхана, ол жерде миллиардтан астам жамағат, сүйсіне де құлшына, құлшына, ықыласпен һәм көңіл хоштығымен, бір жағынан тәтті қорқыныш сезіне отырып, Жаратушысын мадақтап зікір етуде. Тәтті де керемет тілдерімен бірде жарқын, бірде баяу, сазды да хош үндермен бір ауыздан:деп зікір салатынына куә болады. Рисалей-Нұрдың иман, ирфан және Құран жолына түскендер осындай ұлы зәулім ғибадатханаға кіреді. Бұл ақиқаттан әркім иманы мен сана-сезімінің, бен ықыласының дәрежесіне қарай өз үлесін алады. • Әдеби қыры:Әдебиетшілер, ақындар, ғалымдар, ойшылдар бұрыннан бері екі түрлі ұстанымда келеді. Біреулері ұйқасқа, жазылу мәнеріне, сөз саптауға баса мән бергендіктен мағына мен пікір екінші сатыда қалатын.Екінші топ, мағына мен мақсатқа көп мән бергендіктен сөз саптау, әдеби иірімдер құрбан болып кететін.Бәдиүззаманның шығармалары тек қана құлаққа жағымды, тамаша сөз саптаулар емес, мағыналық жақтан да жүрекке жағымды, рухқа нәр беретін, ар ождан мен ой пікірді баға жетпес құндылықтарға жетелейтін, діни сезімдер мен имани сананы жетілдіретін тамаша туындылар. Осындай ұлы мақсаттардың орындалуы жолында өзін де өмірін де пида еткен ұлы күрескердің, бос сөздерді тізбектей берумен айналыспайтыны белгілі.Ұстаздың сезімдері қаншалықты жоғары, ой-пікірі терең, қиялы ұшқыр екендігіне шығармалары куә. Сөз өнеріне жүйріктігі сол, әр тақырыптың ерекшеліктеріне қарай сөз саптауы да өзгеріп отырады. Мысалы: Ғылыми философиялық тақырыптарда, логикалық дәлелдермен ақылды ырқына көндіретін қанатты сөздер мен сөз тіркестерін қолданады, бірақ сол сөздер рухқа нәр беріп, көңілді де толқытып жібереді. Яғни, бір сөз бүкіл сезімдерге бірдей әсер етеді. Мысалға: Аспан әлемін, күнді, жұлдыздарды, әсіресе

19АЛҒЫ СӨЗкөктемді суреттеп, Аллаһ Тағаланың сол әлемдерде көрініп тұрған құдіретінің күштілігін айтып жатқанда өте шебер суретшінің ең әсерлі бояулармен салған суретін еске түсіреді...Сондықтан бір Нұр шәкірті Рисалей-Нұр кітаптарын талдап-талқылап оқыған кезде (мейлі ол университеттің қай бөлімінде оқымасын) оның сезімдері, рухы, ар-ожданы, қиялы толығымен қанағаттанып, дән риза болады. Қанағаттанбауы әсте мүмкін бе? Себебі Рисалей-Нұр – Құран Кәрімнің бүкіл ғаламды жайнатып тұрған бақшасынан терілген гүл десте. Рисалей-Нұрда да сол бақшаның нұры, сәулесі, иісі бар. Рухтың қажеттілігі шексіз көп қой, шіркін.Ықыласпен іздеген Құраннан табады еркін.Али Улви Қуружы* * * * *

КІРІСПЕАйта кететін бір нәрсе, бұл кітап Ұстаздың бүкіл өмірін толық суреттеп бере алмайды. Қысқаша ғана баяндалады.Оның жеке басына қатысты ерекшеліктерін аша түсетін оқиғалардың көбі айтылмай қалды. Көркем тілмен жеткізер ойлар да оқиғалар да көп. Олардың айтылмай қалуының бір ғана себебі өзінің риза болмауы...Ұстаз баяғыдан бергі сұхбаттарында, қазір жамағатқа баса мән берілетін кез екенін, жеке тұлғалардың ерекшеліктері мен артықшылықтары Иман жолындағы қызметке жамағаттың тұтас рухани келбетіндей әсер ете алмайтынын айтуда. Сондай-ақ, өзінің фәни тұлғасына емес, Құран Кәрімнен мөлдіреп шыққан Рисалей-Нұрға назар аударылғанын қалайды.Рисалей-Нұрдағы бүкіл құндылықтар мен артықшылықтардың Құран ақиқаттары екенін қайта-қайта ескертуде. Өзі туралы осындай кітап дайындалып жатқанын естігенде: «Түгел жазып, көп соза берудің қажеті жоқ. Тек Рисалей-Нұр қызметіне қатысты жәйттер ғана жазылсын» деп хабар жіберуіне орай, жеке басына қатысты жағдаяттар қысқаша жазылды. Ұстаздың өміріне, Нұр қызметіне қатысты хаттарды, соттағы қорғау сөздерін, әр түрлі кезеңдерде жазылған, өзінің сол кездегі жай-күйін білдіретін мақалалары мен естеліктерін қаз-қалпында енгіздік.Осылайша, бұл кітап келешектің зиялы Нұр шәкірттері үшін деректердің қайнар көзіне айналды. Келешекте әдебиетші, зерттеуші жазушылар осы кітапты пайдалана отырып, бұдан да тамаша, оқырманға бұдан да пайдалы кітаптар шығара жатар.Ескере кетерлік бір жағдай, бұл кітап, ұстанымдары мен стильдері әр түрлі редакторлар мен жазушылардың жеке пайымдаулары мен асыра көркемдеулеріне жол берілмей, артық сөздер қосылмаған қалпында жарық көрді.Айта кетерлік тағы бір нәрсе бар, бұл кітапты жазып отырғанда Рисалей-Нұрдың нұрға толы ерекшеліктері мен Саид Нұрсидың ғажайып болмысы мен мінез-құлқына лайық стиль мен сөздерді пайдалануға тырыспадық. Бұл кісі атқарған мыңдаған шаруаның әрқайсысы, басынан өткен қаншама кезеңдер мен оқиғалардың, көрсеткен ерліктерінің әрқайсысы, жазған еңбектерінің де әр қайсысы

21КІРІСПЕөз алдына бір кітапқа арқау боларлық дүниелер. Адами болмысқа тән мыңдаған қасиеттер мен асқақ мінезге, Құранға қызмет етудің сырлары мен Иманнан туындайтын батырлықтарға толы бір жүз отыз кітабы арқылы, ауыл, аудан аймақтарға ғана емес, бүкіл елге, мемлекеттерге, Ислам әлеміне, адамзаттың игілігі жолында атқарған еңбектері, өмір тарихы бір кітапқа емес, том том кітаптарға арқау болар құндылықтар...Оның мінез-құлқы мен ұстанымдарын, еңбек жолындағы болмысын суреттеп бере алмадық. Мұны жасау үшін, өмірінің әр кезеңдерінде жанында жүрген кісілермен, шәкірттерімен кездесіп, сөйлесу керек. Сонда ғана өмір тарихын толық қанды жазып шығуға болады.* * * * *Бұл кітапты оқып отырғанда, бүгінгі таңда Ислам әлемі ғана емес, бүкіл адамзаттың аса мән беруі тиіс ақиқаттар анықталуда. Бұл ақиқаттар көпшіліктің мойындауы арқылы «Рисалей-Нұрдың Иман жолындағы қызметі», «Бәдиүззаман және Нұр шәкірттері» деген атқа ие болып отыр.Бұл ақиқаттардың, бұл әрекеттердің не екендігі, олардың қайнар бұлағы, халық арасындағы әсері, жеке адамдарға да, қоғамға да тигізер моральдық-материялдық пайдасы, келешекте халқымыздың иманы мен бақытына қосар үлесі осы \"Өмір тарихы\" кітабында анық көрініп тұр.Нәтижесінде, біреуге уын шашудан ләззат алатын қара құрт пиғылды немесе рухына анархистік ойлар ұялаған азғындардан басқа кез келген адам бұл әрекеттерге сүйсінетін болады.Осы \"Өмір тарихы\" кітабы арқылы Саид Нұрсиді адами болмыстан жоғары жаратылған бір тылсым етіп көрсеткілерің келіп тұрған жоқ па? деген сұрақ қоюларыңыз да мүмкін.Жоқ! Олай емес.Мына дүние мен өмірдің мәнін түсінген адамға уақытша атақ-даңқтың ешқандай құны жоқ. Ақиқаттарды түсінген жан, өздері өткінші адамдардың өтірік-алдамшы құрметтеріне мән бермейді, тіпті оларға бұрылып та қарамайды.Саид Нұрси осындай жағымен де үлгі. Өмірі, адамды таң қалдырар батырлықтарға толы бұл адам, Хақ жолында жан аямайтын, жанкештілігімен де көзге түсуде. Аллаһтың инаятымен таудан да

22БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИүлкен кедергілерді асып, жүздеген теріс ағымдарға қарсы өз жолынан қайтпай, жеңіске жетуі, өзінің фәни болмысынан сырт айналып, жан қиярлық танытуы, оның Хақ жолындағы шын күрескер екендігін көрсетеді.Саид Нұрси өз кемеңгерлігі арқылы адамзат қоғамында жаңаша бір жол салған жоқ. Ол, бүкіл қабілетін, күш-жігерін мәңгілік ақиқаттар жолында пида қылды. Ешқашан ескірмейтін ақиқатты мәселе етіп көтерді. Жеке басындағы және атқарған еңбектеріндегі кемелдіктер сол өзі көтерген ақиқаттардың шағылысы ғана.Мысалға мыңдаған айналардың ортасында тұрған бір лампа, жарқырай түсіп, айналасындағы айналардың санындай көп болып көрінеді және сондай құндылықтарға ие болады. Өйткені әр бір айнада бір лампа өз жарығымен бірге көрініп тұрады. Сол сияқты Бәдиүззаман да жаратылыс атаулының мәңгілік күні болған Құран Хакимге және Дін Исламды жеткізуші Хазіреті Мұхаммед Алейһиссалату Уассәләмға бет бұрған. Солардың жарқын сәулесіне айна болған Рисалей-Нұрдың таралуына себеп болғандықтан, бұл кітаптардан нәр алған, ол көтерген мәселелерден күш-қуат алған жүз мыңдаған тіпті, милиондаған адамның жүрегінде рухани түрде өмір сүруде және үлгі болуда, ұлы ойшыл ретінде естерінде қалуда.Оған рухани өмір сыйлаған құндылықтар мынау еді. Адасушы ағымдарға қарсы иманды азаматтарды рухани тұрғыдан біріктіріп, Құран мен Иманның мызғымас қамалдары мұсылмандардың қорғаныс орындары екендігін көрсетіп берді. Хақ жолындағы, өзі көтерген мәселедегі табандылығы мүміндердің жүрегін оятып, рухтарына Исламға деген сүйіспеншілік сезімін ұялатты. Өткінші нәрселерге аса мән беріп кеткен жандарға, мәңгілік ақиқаттарды көрсетіп, сол ақиқаттарға баса назар аудару керек екендігі жолында тер төкті. Осындай құнды міндеттерді атқара жүріп (қарапайым адам ретінде) өзінің құлшылық міндеттерін атқару жолында өзін кемшілігі мол әлсіз бишара деп білді. Аса мейірімді Аллаһтың алдында әлсіз, пақыр құл ретінде жалбарынып, Аллаһтан адамзатқа мейрім, бақыт тіледі.Ол, «Егер мен бір адамның иманға келуіне себепші бола алсам, мен үшін тозақ та гүл-гүлістан саналар еді», деген адам. Өз нәпсісінің тәкәппарлығын сындыруымен қатар, әлемдегі табиғатқа табынушылардың пұттарын да тас-талқан етті. Мұны досы да дұшпаны да біледі.

23КІРІСПЕКітапта кездесетін Бәдиүззаманға арнап айтылған мақтау-мадақтау сөздер осы мағыналарды жеткізу үшін айтылған.Кейбір газеттердің қайта-қайта жазып жатқан мақалаларына қарап, аңғаруға болар жәйт; Дінге, Исламға дұшпан топтар әр түрлі сылтау тауып, дінге тиісуде. Тікелей діннің өзіне тиіспесе де, дін жолында жан аямай қызмет етіп жүрген кісілерді көпшіліктің алдында жамандап, халықтың оған деген сүйспеншілігін жою үшін шабуыл жасауда. Мақсаттары дінге қызмет етіп жүрген адамның сағын сындырып, жұмысын тоқтаттыру, діннің дамуына кедергі болу. Дінсіздік пен имансыздықтың белең алуына жол ашу. Демократиялық кезеңде, дін бостандығы бар деген шақта осындай болып жатса, «Дін апиын» деп жар салып жатқан кезде діндарларға, әсіресе мұсылмандардың дамуына қызмет етіп жүрген кісілерге қандай амалдар жасалғанын түсіну қиын емес...Өткен кезеңдерде Бәдиүззаманды және шәкірттерін сотқа бергендердің арасында, заң жүзінде деген сылтаулармен өздерінің азғын идеалары мен жеке бастық кектену сезімдерін қанағаттандыру үшін әрекет еткендер көп еді.Өз міндеттерін орындаудың орнына, отанын сатқан опасыздарды, халық жауларын ұстап алғандай әрекеттер жасап, Бәдиүззаманға және шәкірттеріне тиісуде еді. Соттың ақтау қарары шықса да, сол үкімді орындауға тиісті кейбіреулер, ертең Саид Нұрсиді дарға асатын болды деген алып қашпа сөздер таратуда еді. Біз бұл сөздерді соларды жамандау үшін жазып отырған жоқпыз. Ақиқатты жеткізу үшін айтып отырмыз. Мүмкін олардың көпшілігі үзірлі болар, мәжбүр болған шығар. Қалай болғанда да мұндай әрекеттер, Бәдиүззаман сотқа тартылып, тергеліп жатқан кезеңдерде жасырын дін дұшпандары мен бұзғыншы топтардың қарқынды жұмыс істегендігін көрсетеді. Заң жүзінде, соттың қолымен қаматып, дін жолындағы еңбектерін тоқтата алмаған соң Саид Нұрсиға жала жауып, теріс үгіттер жүргізуде еді. Мұндай сорақылықты көрген ар ожданын жоғалтапаған жандар. Саид Нұрсидің тура жолдағы, ақиқат жолындағы адам екенін айтудан тартынбады. Бәдиүззаман мен Рисалей-Нұр жайлы қайта-қайта айтылған мақтау сөздердің жазылуы осыған байланысты болып отыр, сынға алмаңыздар. Бұл кісіні және кітаптарын зейін қоя тыңдап, немесе оқыған жанның бәрі де ризашылықтарын білдіруде еді.

24БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИӘсіресе, соттау үшін тексеруші қызметкерлер мен сараптаушылар бұл кісінің өмір тарихымен, кітаптарымен танысқаннан кейін, кітаптардағы кемелдіктерді мойындауда, мақұлдауда еді. Олай болса, халықтың ең зиялы қауымы мен ақылдылары жарты ғасырдан бері мойындап келе жатқан және олардың барған сайын арта түскен Саид Нұрси мен Рисалей-Нұр жайлы қанағаттанарлық сөздеріне қарап, расында да ұлы ақиқаттардың ортаға шығуда екендігін қабылдау керек.* * * * *Сұрақ: Аллаһ барлық нәрсені білуші. Аллаһтың білуі, ілтипаты жетеді ғой. Кәміл жандар өздерін жарнамаламаған. Мәңгілік әлемде ақиқаттардың анықталатыны белгілі бола тұра, Рисалей-Нұрдың ерекшеліктері мен Илаһи жарылқаулар жайлы неге көп айтылады. Саид Нұрсидің, Құранға қызмет етуі жолында қол жеткізген ғажайып жетістіктері мен кемелдіктері айтылған тіпті жария етілген. Тіпті ғылыми туындылардың көбінде соңғы беттеріне осындай мақтау сөздер жазылады. Бұның себебі не?Жауап: Бұл сұрақтарға, кейбір хаттарда қанағаттанарлық жауаптар берілген. Қысқаша түсіндіре кетер болсақ, Бәдиүззаманның Рисалей-Нұрды жариялау арқылы атқарған қызметі, тікелей Құран үшін жасалған қызмет болып саналады. Иман ақиқаттарының жайыла түсуін, мұсылмандардың иманы арта түсуін, күшейе түсуін, сол арқылы Ислам дінінің дами түсуін, дін дұшпандарының бұзғыншылық шабуылдарының тойтарылуын және Ислам дінінің адамзаттың моралдық-материялдық тұрғыдан дамуының өзегі екендігін әлемге паш ету үшін жазылған, жария етілген. Жоғарыда айтылғандай, найсап дін дұшпандарының шабуылдарына нысана болған Саид Нұрси, саны да күш-қуаты да көп жауға қарсы күресуші саны аз өздері кедей, әлсіз Рисалей-Нұр шәкірттеріне рухани күш беріп, батырлық, табандылық танытулары үшін Рисалей-Нұрға деген Илаһи жарылқаулар мен бұл қызметтің ақиқат, хақ екендігін білдіретін Раббани көмектерді жария еткен. Арсыз шабуылдар мен ақылға сыйымсыз жалаларға қарсы қорғануға мәжбүр болған...Өмір тарихына енген бір хатында Бәдиүззаман былай дейді: \"Аллаһ қабыл көрген осындай тәпсірдің, менің қаламым арқылы жазылуына лайықпын деп санамаймын. Бірақ, елеусіз ғана бір дәннен

25КІРІСПЕалып ағаш жарату Құдіреттің қолында және Ұлылығының бір дәлелі. Ант іше отырып айтарым: Рисалей-Нұрды мақтаудағы мақсатым, Құран ақиқаттары мен Иманның шарттарын түсіндіру, дәлелдеу және соларды жар салу ғана. Нәпсімнің кемшіліктері мен айыптарын көрсетіп, рияшылдыққа бой алдыртпағаны үшін Раббыма жүз мың шүкір етемін. Қабыр аузында тұрған адамның фәни дүниеге қызығып, рияшылдық жасауы һәм ақымақтық, һәм өкінішті жағдай. Рисалей-Нұрдың игіліктері Құраннан сүзіліп шыққан, тек қана Иман ақиқаттарын жеткізуші нәрселер болғандықтан ғана жар салудамын. Рисалей-Нұрдағы ақиқаттар мен кемелдіктер менікі емес Құрандікі, Құраннан шығуда... Мен фәни, уақытша біреумін, олай болса, менен кейін де бақи қала беретін бір туынды маған байланып қалмауы керек. Жүзімнің тамаша дәмін кеуіп қалған діңгегінен іздеудің қажеті жоқ. Сол сияқты мен де құп-құрғақ бір бұтақпын\".Саид Нұрси, Рисалей-Нұр кітаптары арқылы дінсіздікке және Исламға қарсы жасалып жатқан әрекеттерге қарсы тұрған кезде, сол Иман, Құран жолындағы күресіне қаншама көмекші, қолдаушы керек еді. Тіпті, мемлекет болып, ұлт болып, ел болып көмектесу керек бола тұра, керісінше әр түрлі жалалар жабылып, кінә тағылып, түрмеге тығылды. Кітаптарын жоқ қылуға әрекеттер жасалды, халықты оған жолатпау үшін неше түрлі жалалар жабылды.Ақиқатты айту үшін, Құранның абыройы мен Пайғамбарымыз (с.а.у.) жеткізген ақиқаттарды асқақтата түсу жолындағы еңбектерін, жабылған жаладан арашалап қалу үшін ақиқатты айтуы, қорғануы керек еді. Тіпті, кейбіреулер мұны дұрыс көрмесе де көпшіліктің пайдасына жараған нәрселерге ризашылық таныту керек. Сондықтан Рисалей-Нұр жайлы айтылған, жазылған мақтау сөздерге осы тұрғыдан назар аудару керек. Әйтпесе, атқарылған шаруаларға зияны тиеді. Таяз ойлардың уақыты өтті. Имансыздар өздерінің бүлікшіл әрекеттерін, зиянды идеалогияларын, өтірік ерліктерін, тіпті Исламның жауларын неше түрлі мақтау-мадақтаулар арқылы адамзатқа тамаша етіп көрсеткілері келеді. Алысқа барудың қажеті жоқ. Әлемді жайлап бара жатқан дінсіздік деген бәлені жайып – таратушылар Ұлы тұлғалар ретінде таныстырылып жатқанда, мұсылмандардың хақ діндерін мақтауларына болмай ма? Ол діннің кемелдіктері, ұлы қасиеттері неге мақталмасқа? Құранның нұрын жая түсіп, дінсіздікке, қарсы майдан ашып, дін жолында үлкен жұмыстар атқарған кітаптар жинағын және оның қаншама

26БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИзұлымдықтарды басынан өткізген авторын неге мақтамасқа?! Бұл мақтау сөздер, өз бетінше айтыла салмаған. Көбісі соттағы қорғау сөздер мен жабылған жалаларға қарсы айтылған ақиқаттар.* * * *Ұстаздың өмірі, дін, иман жолындағы қызметі жайлы әңгімені екі бөліп қарастыруға болады. Біріншісі: Балалық шағы, білім жолындағы ізденістері, Ван қаласындағы өмірі, Стамбулға келуі, саяси өмірі, әр түрлі саяхаттары, бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы, Ресейде тұтқында болған кезі, Стамбулға оралуы және Ислам академиясында қызмет атқарған кезі, Ұлт азаттық соғыс кезіндегі Стамбулдағы әрекеттері, Анкараға келуі және алғашқы ұлттық мәжілістегі әрекеттері мен қалған өмірін Ван қаласында қоғамнан жырақ, тек қана құлшылықпен өткізуге шешім қабылдауы сынды әрқайсысы өзінше бір тақырыпқа айналған бірінші бөлімі, Иман мен Құранға қызмет етуге арналған өмірінің екінші жартысына дайындық, соның бастамасы іспетті.Екіншісі: Ван қаласына оралып, қоғамдық өмірден жырақ, Аллаһқа құлшылық етуден басқаның бәрін тәрк еткен кезінде, батыстағы Спартаның Барла ауылына жер аударылуынан басталады.Бұл кезең «Рисалей-Нұр кітаптарының жазылып, таратылу кезеңі» асқақ ықылас, жанқиярлық, табандылық, қайрат-жігер, аса үнемшілдік, Рисалей-Нұр арқылы басталған иман жолындағы рухани жихад, осындай мінездерді талап еткен кез еді.Өмірінің екінші жартысы Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде Османлы халифалығының күйреуінен соң, адамзаттың сан ғасырлық мәдениетін тас-талқан етіп, кітаби діндерді жоюды негізге ала отырып, адамзаттың жартысын езгісіне салған коммунистік режимнің елімізге да ауыз салып, қауіп төндірген кезеңіне тұспа-тұс келеді. Бұл кезең мың жылдан бері Құранның ту ұстаушысы қызметін атқарған, ғасырлар бойы Ислам жолында аянбай еңбек еткен қаһарман халықтың жағдайды жіті қадағалап, өте сақ қимылдауы қажет кез еді. Ұстаз, Рисалей-Нұрдың жазылу кезеңдерінде Құранның мұғжизалы нұрларынан туындап жатқан бұл жазбалардың баршаның көңілінен шығып, қолдау табатынын, елімізге дінсіздік ұғымының жайылуына тосқауыл болатынын, Отанымыз бен халқымыз үшін Құранның берік қамалындай қызмет атқаратынын, Рисалей-Нұрдан

27КІРІСПЕсабақ алған Түрік халқының қайтадан Исламның қаһарман әскеріне айналатынын, ресми оқу-ағарту орындарының Құран ақиқаттарына бет бұрулары арқылы халқымыздың рухани да, экономикалық жақтан да дами түсетінін, Исламның үлкен күшке айналатынын айтатын. Рисалей-Нұр өзінше бір әлем. Құран ақиқаттарының бүгінгі таңда көрініс тапқан жиынтығы. Асыл халқымыздың, адамгершіліктің асқақ үлгісі болған Исламға оралуы, рухани жаңғырудың, қайта бүршік атқан иманының қайта оянуының белгісі. Біз өмір сүріп отырған кезең өзгертіп жіберген өмірлік құндылықтарға, жаңа жүйе мен көзқарастарға қарсы иманды нығайту, күшейту жолындағы Ислам бірлігінің бір арқауы. Жүректері иман мен Пайғамбарымызға деген махаббатқа толы және солай екендігін мақтан тұтарлық жандардың көбеюі, бұл халықтың тарихына лайық батырлығы мен иманын, мінез-құлқын қайта жаңғыртуы көп нәрсені аңғартса керек...Бәдиүззаман, Рисалей-Нұр тәпсірін қандай да бір атақ даңқтың, мақам-мәртебенің әсерінсіз, ешқандай моральдық-материалдық пайда көздемей, Құран Кәрімді ғана қайнар бұлақ ете отырып, баршаға түсінікті тілмен, көпшіліктің көкейіне қонымды мысалдармен жазып шыққан. Бұл еңбектен белгілі бір топ қана емес, барша жұрт пайдалануда. Бір тайпаға, халықтың белгілі бір сыныбына ғана арналмаған. Бұл кітап, оқырманның назарын Құрандағы хикметтер мен нұрларды паш етуші Рисалей-Нұрға бұрып, соларды пайдасына жаратудың жолын көрсетеді. Саид Нұрсидың Құранға жан аямай қызмет еткен, Пайғамбарымыздың сүнеттерін ұстанып, сол жолда үлгі бола алған адам екендігі таныстырылады.Өмір тарихы кітабындағы кейбір хаттарына қарап, Саид Нұрсидың бір кездері философия саласында жоғарғы деңгейге көтерілгендігін, содан кейін Қасиетті Құранның арқасында хақты, хақиқатты тапқанын және пән ғылымдарымен, философиямен айналысып, ақиқат жолында күмән-күдікке түсіп қалғандарға, ақылды пайдалана отырып ақиқатты табуына жол ашатын кітаптар жазғандығын түсінуге болады.Рисалей-Нұрдың жолы қазіргі кездің шарттарына, адамдардың рухани жағдайына ең қолайлы, ең қысқа және баршаға арналған Құранның ұлы даңғылы. Ол, ілім мен тәфәккүрді (ой-толғау) негіз ете отырып ілгерілеуде. Рисалей-Нұрды оқып, одан сабақ алғандар, саналы түрде Иман ақиқаттарына қол жеткізгендіктен бұл дүниедегі кәсіптерін ақыреттегі мәңгі өмірінде бақытқа бөлену үшін баспалдақ

28БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИетуде. Ислам дініндегі осы бір ұлы ақиқатты түсінген жандар Хақ дінге қызмет етудің ләззатын алуда. Ақиқатты іздегенмен таба алмай жүргендерге ақиқатты жеткізуге тырысуда. Профессор, шәкірт, депутат кім болса да айналасына ақиқатты жеткізуге міндетті. Бір аймақтың, елдің бақыты үшін соларға ақиқатты айтып, білім беруге міндетті адамның басқалардан әлде қайда көзі ашық болуы керек. Саид Нұрси өз еңбектері арқылы бұл елдің игілігі үшін көп қызмет етті. Бұл еңбектері үшін өзіне рахмет айтуын да қалаған жоқ. Ол кісінің атына жазылған хаттардың ішінде мақтау-мадақтаулар да кездеседі. Ондай мақтауларды Рисалей-Нұрдың оқырманның пайдасына жарағандығының белгісі ретінде Рисалей-Нұрдың атынан қабыл алғандығы белгілі. Шынтуайтында Саид Нұрсидың бұл елден, халықтан, жастардан күткені, Иман арқылы екі дүниенің бақытына қол жеткізулері. Сондықтан Қасиетті Құранның заманға лайық дәріс бере алатын тәпсірі Рисалей-Нұрды негізге ала отырып, ондағы ақиқаттардың барлық жерге таралыуын, Имандағы ақиқаттардың түсінікті болуын қалаған. Халыққа, елге қарсы жасалып жатқан әрекеттерге қарсы тұрар шараның Рисалей-Нұрдан табылатынын айтуда, сүйіншілеуде еді.Ұстаздың Аллаһ ризалығы үшін ғана жасап жатқан еңбектері мен әрекеттерін көріп, басқа мақсат, басқа ниеті бар, басқа ойы бар деп тон пішкендер, тек қана өздерінің ақиқаттарды көре алмайтын көр-соқыр, надан екеніндіктерін ғана көрсетуде.Адамның рухы мен адами болмысының қалайтын бақыты тек қана Құранның даңғыл жолы мен Аллаһтың ризашылығында. Бәдиүззаман, Рисалей-Нұр арқылы адамзатқа осы жолды көрсетті. Адамзат үшін сырат-ы мустақиммен (тура жолмен) жүрудің қаншалықты қажет екенін паш етті.Біз де осы кітапты жинақтау арқылы, жоғарыда айтылған ақиқат–тардың жеткізілуіне аз да болса үлес қосқымыз келді. Келешектің зиялы да бақытты жандарына материал дайындап кеткіміз келді. Бұдан да терең зерттеулер жасалып, кеңінен түсіндірілетін \"Өмір Тарихы\" кітабының жазылуын қалаймыз.Баспаға дайындаушылар* * * * *

Бірінші бөлімӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІБәдиүззаман Саид Нұрси 1877 жылы Битлис уәлаяты Хизан ауданына қарасты Нұрс ауылында дүниеге келді. Әкесінің аты Мырза, анасының аты Нұрия. Тоғыз жасына дейін ата-анасының қолында болды. Сол кездері медреседе оқып жүрген ағасы Молла Абдуллаһтың ауылдағы медресе көрмеген балаларға қарағанда күннен-күнге кемелдене түскенін және мұның білімнің арқасында болып жатқанын сезініп, тәнті болады және білім жолын қууға бел буады.Осындай ниетпен Тағ ауылындағы молла Мехмед Әминнің медресесіне барады. Бірақ мұнда көп қала алмайды. Тумысынан бойына біткен намысшылдық тіпті бұйыра айтылған бір сөздің өзін көтере алмауы сынды қасиеттері (Сілтеме )* бұл жерде көп қала алмауына себеп болады. Ауылына қайтып келеді. Енді, аптасына бір рет демалысқа келетін ағасынан сабақ алу үшін оны асыға күтетін болды. Кейінірек Пирмис ауданына, одан кейін Хизан Шейхінің жайлауына барады. Бұл жерде де өзгенің өктемдігіне төзе алмайтын мінезі кейбір түсініспеушіліктерге себеп болады. Өзіне төрт шәкірт бірден жабылып кете бергендіктен бір күні Шейх Сейд Нұр Мұхаммед Хазіреттің алдына барып,– Мыналарға айтыңыз төбелескен кезде, төртеуі бірден емес, екі-екіден келсін, дейді.Шейх Нұр Мұхаммед кішкентай Саидтың мәрттігіне риза болып, - Сен менің шәкіртімсің саған ешкім тиісе алмайды, дейді.Осы оқиғадан кейін ол «Шейхтің Шәкірті» атанып кетеді. Ол жерде біраз уақыт болғаннан кейін, ағасы молла Абдуллаһпен Сілтеме:Молла Саидтың бойында жас кезінен-ақ байқалған өзін біреуге ба-сындырмау деген қасиет, нәпсісінен шығып жатқан жоқ еді. Тағдыр оған келе-шекте Аллаһтың сөздерін асқақтату міндетін жүктеген кезде, сол істі абырой-мен атқара алуы үшін берілген, ілімнің абыройын сақтай алуы үшін берілген еді. Молла Саид ол кезде бұның мән-мағынасын түсінбеген болар. Уақыттың өзі көрсеткендей, қазір зәулім ағашқа айналған Рисалей-Нұрдың аса ауқымды қызметінің талабы ретіндегі ілімнің абыройын сақтауды Жаратушы Хақ, Молла Саидтың рухында жас кезінен-ақ кішкентай дәнек күйінде сақтаған екен.

30БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИбірге Нуршин ауылына барады. Жаздың күні болғандықтан ауыл тұрғындары мен шәкірттерге еріп Шейхан жайлауына шығады. Сол жерде ағасы молла Абдуллаһпен төбелесіп қалады. Тағи медресесінің мұғалімі Мехмед Әмин Әфенді, бала Саидтан, - Ағаңа неге қарсы келдің?, деп әңгімеге араласады.Олар жүрген медресе атақты Шейх Абдуррахман Хазіреттің медресесі болғандықтан бала Саид былай жауап береді:- Мырза, мына жерде сіз де мен сияқты шәкіртсіз. Сондықтан дәл қазіргі жағдайда, сіз де мұғалім болып саналмайсыз! деп, күндіздің өзінде көп адам жүре бермейтін қалың орманды түн ішінде жүріп өтіп Нұршинге келеді. Шығыс Анатолиядағы медреселердің бір ерекшелігі, диплом (ижазат) алған бір ғалым, қалаған аулында Аллаһ ризалығы үшін медресе ашатын. Шәкірттерге қажетті нәрселерді шамасы келсе сол медресенің иесі беретін. Шамасы келмесе халық беретін. Мұғалім ақысыз сабақ беретін. Шәкірттердің тамағын да халық көтеретін. Ал молла Саид ешқашан зекет алмайтын. Зекетті де басқалай ақшаны да қабылдамайтын.(Сілтеме ) *Біршама уақыт Нұршинде тұрғаннан кейін Хизанға қайтты. Содан кейін ата-анасының жанына оралды.Сол жылдың көктеміне дейін үйінде болады. Сол кезеңде мынадай бір ғажайып түс көреді. Қиямет - қайым болып, бүкіл әлем қайта тіріліпті. Молла Саид Пайғамбарымызды (С.А.У.) зиярат етуді ойлайды. «Жұрттың бәрі Сырат көпірінен өтеді ғой, Ол кісіні сол жерде күтейін» деп, Сырат көпіріне келеді. Сол жерде барлық Пайғамбарларды зиярат еткеннен кейін, Пайғамбарымыз Мұхаммед (С.А.У.)-ді зиярат етіп барып оянады. (Сілтеме ) Осыдан кейін білім **Сілтеме:Зекет және басқа да сыйлықтарды алмауы, ақысын төлемей еш нәрсе алмауының себебі мен сыры, Рисалей-Нұрдағы Екінші мектубта және басқа да жазбаларда айтылған. Молла Саидтың келешекте Рисалей-Нұр арқылы атқарар Иман қызметін кәміл ықыласпен орындай алуы үшін, «Ақыреттік қызмет үшін еш нәрсе талап етпеу» деген қағиданың өзегі, Аллаһтың мейрімімен жасынан-ақ оның бойына сіңірілген еді.Сілтеме: Өмір тарихы кітабына енгізілмей қалған бұл түстің ақиқатын кейін былай жеткізген еді. Молла Саид Пайғамбарымыздан өзіне ілім берілуін сұрайды. Пайғамбарымыз (С.А.У.) үмметіне ешқандай сұрақ қоймау шартын қабыл алса, Құран ілімінің үйретілетінін айтады. Өмір тарихы мұны көрсетіп берді. Жас күнінінен-ақ ғасырдың білгір ғалымы ретінде танылса да ешқашан, ешкімнен еш нәрсе сұрамаған. Ал, қойылған сұрақтардың бәріне міндетті түрде

31ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІалуға деген құштарлығы бұрынғысынан да арта түседі. Әкесінен рұқсат алып, жолға шығады. Арвас ауылына келеді. Ондағы атақты ұстаз Молла Мехмед Әмин Әфенді бұл балаға сабақ беруге менсінбей, шәкірттерінің біреуіне мынаған сабақ бер дегені бұған ауыр тиеді. Бір күні сол атақты мұғалім мешітте сабақ беріп тұрғанда Молла Саид:- Мырза, олай емес, – деп қатесін түзетеді.Сондай-ақ өзіне сабақ беруге менсінбегендігін де есіне салып өтеді. Біраз уақыт сол жерде болғаннан кейін, Мир Хасан Вели медресесіне барады. Бұл жерде дәрежесі төмен шәкірттерге көп мән берілмейтіндігін түсінген соң, кезекпен оқылатын жеті кітапты аттап өтіп, сегізінші кітаптан бірақ бастайды.Бірнеше күннен кейін Вастан ауылына барғанымен ол жерде бір-ақ ай қалады. Содан соң Молла Мехмед деген кісімен бірге Эрзурумға қарасты Баязитке жол тартады. Нағыз шәкірттік өмірі осы жерден басталады. Осы уақытқа дейін араб тілінің грамматикасына қатысты «Сарф», «Нахив» қағидаларымен шұғылданған еді. Баязитте Шейх Мехмед Жәлел Хазіреттің алдында алған сабақтары үш айға созылды. Қызық бір жағдай. Шығыс Анадолыдағы оқу бағдарламасына орай «Молла Жамиден» кейінгі барлық кітаптарды бітіріп шықты. Мұны да бір кітаптан бір-екі дәріс алу арқылы, бас-аяғы он сабақта бітірді. Басқа жерлерін аттап өтті. Шейх Мехмед Жәлел Хазірет неге бұлай жасағанын сұрағанда.– Бұл кітаптардың бәрін оқып отыра алмаймын. Бұл кітаптар қазына салынған құтылар, ал олардың кілті сізде. Сізден өтінерім, бұл құтылардың ішінде не бар екенін көрсетіңіз. Яғни бұл кітаптар не туралы екендігін түсініп алайын, содан кейін қажеттілерін ғана оқиын дейді. Негізгі мақсаты, өз бойындағы жасампаздық қасиеті мен жаңашылдық пікірін медресе әдістемелерінде көрсету болатын.(Сілтеме ) Ол кітаптарда көп кездесетін сілтемелер мен *жауап берген.Сілтеме:Жиырма үш жылда жазылып біткен және жүз отыз кітаптан тұратын Рисалей-Нұр атты жазбалары арқылы Келам ілімінде жаңалықтар ашқандығы көрініп тұр. Өзінің де он бес жыл оқылуы керек білімді үш айда алып шығуы «Бір кезеңдер болады, он бес емес бір жылдық имани сабақ алатын ме-дерселер табылмай қалады. Сол кезде білім іздегендерге он бес жылға тати-тын сабақты он бес аптада бере алатын Құранның тәпсірі шығады Саид та соған қызмет етеді», дегенге ғайби ишара болса керек. Расында да солай болды. Рисалей-Нұр отыз жылға созылған ауыр күндерде, жасырын дін дұшпандары мен бұзғыншы ұйымдардың шабуылдарына қарамастан, Иман ақиқаттары

32БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИтүсіндірмелерге уақыт жоғалтпау болатын. Осы үш айдың ішінде жиырма жыл оқылуы тиіс ілімдер мен пәндердің негіздерін оқып, жаттап алады.Мұны байқап жүрген мұғалімдердің «Қай ғылымды жақсы меңгердің?» деген сұрақтарына, «Бұл ғылымдарды бөліп-жармаймын. Не бәрін де меңгердім, немесе ешқайсысын да меңгере алмадым» деп жауап беретін.Қолына алған кітаптың барлығын да түсініп алатын. Жиырма төрт сағаттың ішінде «Джем-ул Джеват», «Шерх-ул Меуақыр», «Ибн-үл Хажер» сынды кітаптардың екі жүз бетін өздігінен түсініп, талқылай беретін. Ғылымға берілгендігі соншалық, былайғы өмірмен шаруасы да болмайтын. Ғылымның қай саласынан болмасын өзіне қойылған сұрақтарға ойланбастан жауап беретін.* * * **СОЛ КЕЗЕҢДЕРГЕ ҚЫСҚАША ШОЛУСаид Нұрси алғашқы кезде материалистік философияны зерттейді. Дүниелік істерге көңіл бөлмей, тек қана құлшылықпен шұғылданды. Тамақты аз ішетін. Үш күнде бір тілім нанмен ғана шектелетін кездері болды.Кейіннен, Хазіреті Имам Ғазалидің «Ихя-ул улумында» сопылық негізде айтылған қағидасына сүйеніп, нан жеуді де қойып, тек қана өсімдіктермен қоректенген кездері болды.жайлы сабақтарды жүз мыңдаған нұсқалар арқылы жан-жаққа таратып жат-ты және мыңдаған қаламдардың арқасында баспаханаға қажеттілік қалмай-ақ Құранның жаңа тәпсірі жазылды және милиондаған жанның Иманын құтқаруға себеп болды.Анадолыдағы Рисалей-Нұр атқарған істер, иман жолындағы еңбектер, жоғарғы дәрежедегі ғылыми сабақтар жұртшылықтың назарын өзіне аударт-ты. Сот орындары мен тергеулер арқылы Аллаһ бұл Нұрларды саясаткерлер мен үкімет адамдарына да таратты. Ислам жолында, Иман жолында аянбай еңбек етер жастардың қатары көбейді. Мұның ең үлкен нәтижесі де атеизм мен адасушылықтың мұсылмандарға шабуылының тойтарылуы. Жер-жерде дінді жақтайтын іс-әрекеттер көбейді Аллаһтың рұхсатымен Ислам Әлемі мен адамзат баласының басына Ислами бақыттың қона бастағанын көрсетті. Әл хамдулиллаһи Рабил Аламин.

33ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІАз сөйлейтін. Атақты Күрд әдебиетшісі Молла Ахмед Хани Хазіреттің адамдар күндіз кіруге қорқатын мазарына кіріп отыратын, кейде тіпті сонда қонып қалатын. Сондықтан жұрт оған: «Ахмед Хани Хазіреттен рухани демеу алуда» дейтін. Мұны аталмыш әулиенің кереметтеріне балайтын. Сол кезде ол он үш-он төрт жастарында еді. Бағдадқа барып атақты ғалымдармен кездескісі келетінін айтып, ұстазынан рұқсат сұрайды. Дәруіштің киімін киіп, жолға шығады. Үлкен жолдармен айналып жүрмей-ақ, тау-тастың, орман-тоғайдың арасымен тіке тартады. Осылайша Битлиске келеді. Мұнда Шейх Мехмед Әмин Әпендінің жанында болып, екі күн сабақ алады. Шейх Мехмед Әмин ғалым-ұстаздардың киімін киіп жүруін өтінеді. Молла Саид,- «Мен әзірге кәмелеттік жасқа толмаған баламын. Ғалым-ұстаздың киімін кие алмаймын. Жас баланың ондай киіммен жүргенін жөн көрмеймін» деп жауап береді.Ол жерден Ширвандағы үлкен ағасы молла Абдуллаһқа барады. Сол жерде екеуара мынадай әңгіме өрбиді.Молла Абдуллаһ:Сіз кеткеннен кейін мен «Шәрх-і Шәмси» кітабын бітірдім. Сіз не оқып жүрсіз. Молла Саид:Мен сексен кітап оқыдым.- Не дедің?- Иә, медресе бағытындағы кітаптардың бәрін де оқып шықтым. Олардан басқа да бірнеше кітап бітірдім.- Олай болса, сенен емтихан алып көрейін.- Қандай сұрақ қойсаңыз да дайынмын. Молла Абдуллаһ інісін сынап көреді де, білімінің кемелдігін көріп, риза болады. Сегіз ай бұрын өзі сабақ беріп жүрген інісін ұстазым деп танып, шәкірттерінен жасырын түрде інісінен сабақ ала бастайды. Мұны байқап қалған шәкірттеріне, інісін тіл-көзден сақтау үшін «мен оған сабақ беріп жүрмін» деген екен. Ол жерде біршама болғаннан кейін Сииртке келеді. Сол жердегі Молла Фетһуллаһтың медресесіне барғанда, Молла Фетһуллаһ: - Былтыр «Суютиді» оқып жүр едің, биыл «Молла Жамиді» оқып жүрген боларсың? – дейді.- Иә, «Молла Жамиді» оқып бітірдім. Молла Фетһуллаһ қай кітапты сұраса да, «бітірдім» деген жауап алған соң, осынша кітапты аз уақытта бітіріп қойғанына сене алмай таң қалады.

34БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ- Былтыр асау едің, әлі де өзгермегенсің бе? дейді.Молла Саид:– Бір адам нәпсісіне соққы беру үшін ақиқатты жасырып қалуы мүмкін, бірақ әкеден де құрметті Ұстаздың алдында ақиқаттан басқа еш нәрсе айтуға тиісті емес. Мені жаңағы айтқан кітаптар бойынша сынап көріңіз, дейді. Молла Фетһуллаһ қай кітаптан сұраса да тамаша жауап береді.Бұл хабарды естіген және бір жыл бұрын ғана Саидтың ұстаздарының ұстазы болып жүрген Молла Али Суран деген кісі молла Саидтан сабақ ала бастайды.Молла Фетһуллаһ:– Алғыр екенсіз, ал жаттау қабілетіңіз қалай? Екі рет оқу арқылы «Макамат-ы Харириден» бірнеше жолды жаттап ала аласыз ба? – деп кітапты ұсынады.Молла Саид кітапты қолына алып, бір оқығанда бір бетті жаттап алып, қайталап береді. Молла Фетһуллаһ зеректік пен жаттау қабілетінің бір кісінің бойында аса жоғары дәрежеде кездесуі өте сирек нәрсе деп қатты таң қалды. Молла Саид сол жерде жүріп, күніне бір сағат шұғылдану арқылы «Джем-ул Джеуами» кітабын бір аптада жаттап алады. Сонда Молла Фетхуллаһ кітаптың бетіне мына сөздерді жазды.Бұл оқиға көпшілікке жайылып кетеді.Молла Фетһуллаһ: – Біздің медресеге бір жас шәкірт келді. Қандай сұрақ қойсам да, ойланбастан жауап береді деп, ғұламалар арасында Молла Саидты мақтайды. Осыдан кейін ғұламалар жиналып, Молла Саидқа сұрақ қоя бастайды. Бүкіл сұраққа мүдірместен жауап береді. Әрі сол жерден оқып тұрғандай Молла Фетхуллаһтың жүзінен көз алмады. Мұны көрген ғалымдар Бәдиүззаманның ерекше жаратылған жан екенін түсініп, Аллаһ берген қабілеттерін мақтап, мойындап жатты. Бұл оқиға шар тарапқа тарап кетеді. Халық енді ол кісіге әулие деп қарайтын болды. Мұндай жағдай, ортан қол ғалымдар мен шәкірттердің бәсекелестігін арттыра түсті. Жас, тәжірибесіз шәкірттердің кейбіреуі, ілім жарысында жеңе алмаған Бәдиүззаманды жұдырық арқылы жеңіп, аузын жаппақ болады. Сиирттіктер бұған жол бермейді. Өздері құрмет тұтатын Саидты үйден шығармай

35ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІұстағылары келсе де, өз әріптестерінің яғни ғылым іздеушілер мен қарапайым оқымаған адамдардың арасына сына түспеуі үшін, үйден шығып, өзін жақтаушы халықтан ғалымдардың ісіне араласпауын өтінеді. Қарсыластарының алдына барып, – Мені өлтіріңдер бірақ ғылымның абыройын түсірмеңдер, деп, теріс қарап тұрады. Ешкім шабуыл жасамайды. Бейбіт тарқасады. Бұны қорғап, аналарды ұстап әкетуге келген жандармаларға қарсы.– Біз шәкірттерміз, өз ара төбелесіп, қайта достасамыз. Басқалар–дың біздің ісімізге араласпағанын қалаймын, деп жандармаларды кері қайтарады.Он бес, он алтыға енді келген бозбаланың дене бітімі де, күш-қайраты да ерекше еді. «Мәшһүр Саид» атанып кетеді. Сииртте өзімен қарсыласқысы келген барлық шәкірттерге өзінің бұған дайын екенін және сұрақтардың бәріне жауап беріп, өзі ешқандай сұрақ қоймайтынын жария етеді. Содан Битлиске келеді. Битлисте екі шейхтың шәкірттері өз ара түсінісе алмай жүргенін естиді. Ол шәкірттерге алауыздыққа апартын сөздердің, әсіресе ғайбат айтудың Исламға жараспайтындығын ескертеді. Шәкірттер Шейх Әмин Әфендіге молла Саидтың үстінен шағым айтып барады. Шейх Әмин оларға,– Ол, әлі жас бала ғой, оған мән берудің қажеті жоқ, дейді. Бұл сөздер құлағына жеткен кезде онсыз да мұндай сөздерге шыдай алмайтын Молла Саид, Шейх Әмин Әфендінің алдына барып, оған құрмет көрсетіп, қолын сүйгеннен кейін,– Мырза мені сынап көріңіз, сөзіме мән берудің қажеті бар екенін дәлелдегім келеді, дейді.Шейх Әмин Әфенді, әр түрлі ғылым саласынан, ең қиын мәселелерден он алты сұрақ қояды. Молла Саид сұрақтардың барлығына дұрыс жауап беріп болған соң, Құрайыш мешітіне барып, халыққа уағыз-насихат бере бастайды.Енді Битлис халқының бір бөлігі Молла Саидқа, екінші бөлігі Шейх Әмин Әфендіге болыса бастайды. Мұны естіген Уәли (Әкім) мәселе ушығып кетпеуі үшін Бәдиүззаманды ол жерден шығартып жібереді.Ол жерден Ширванға келеді. Мұндай адамдардың қарсыластары да көп болады ғой. Әсіресе ғылыми айтыстарда жеңіліс тапқан кейбір аты молдалар Молла Саидтың жұрт алдындағы беделін түсіруге бар күштерін салып жүр еді. Әр қимылын аңдып жүретін. Бір күні Молла

36БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИСаид таң намазын қаза қылып алады. Мұны естіген қарсыластары «Молла Саид намазды тастап кетіпті» деген әңгіме таратады. Жұрт Молла Саидтан – Ел не әңгіме айтып жүр деп сұрайды.Молла Саид негізсіз нәрсе елге мұнша тез тарамайды. Қателік менде, сондықтан екі жақты таяқ жедім. Біріншісі Аллаһтан, екіншісі халықтан. Ал мұның негізгі себебі күнделікті әдетке айналған түнгі дұғаларымды жасамай кетуім. Халықтың рухы осы ақиқаттарды сезгенімен, толық түсіне алмағандықтан атын ауыстырып айтып жүр, деген жауап береді. Ширванда жүргенде Сиирт жақтан біреу келіп,– Ойбай мырза, Сииртке бір бала келіпті, он төрт, он бес жастарында екен. Ғұламалардың бәрін жеңіп кетіпті. Соны жеңіп беруіңіз үшін сізге келдім дейді. Молла Саид оның сөздерін қабыл алып, Сииртке баруға дайындала бастайды. Тіпті жолға да шығып кетеді. Бір-екі сағат жол жүрген соң, ол молданың түр-түсін, киім-киісін сұрайды.– Мырза атын білмеймін, бірақ алғаш келгенде үстінде дәруіштің киімі, иығында тері бөстек болатын. Кейіннен шәкірттердің киімін киіп жүрді. Ғұламалардың бәрін жеңіп кетті дейді.Бұл сөздерді естігеннен кейін, әңгіме өзі туралы болып жатқанын түсінеді. Бір жыл бұрын өз басынан өткен жағдайлар айналадағы ауылдарға енді жетіп жатқанын түсініп, кері қайтады.Бұдан кейін Сииртке қарасты Тиллоға барады. Атақты бір кісінің кесенесінде оңаша өмір сүреді. Сол жерде Қамус-у Окяанусты Син әріпіне дейін жаттап алады. Бұл сөздікті қандай оймен жаттап алғанын сұрағандарға:– Бұл сөздікте әр бір сөздің қанша мағынасы бары жазылған. Мен бұған керісінше, бір мағынаға қанша сөз пайдаланғанын түсіндіретін сөздік дайындағым келді. Сол оймен жаттадым деп жауап берген екен. Атақты мазарда оқшау тұрып жатқанда інісі Мехмед тамақ тасып беретін. Көженің дәндерін мазардың айналасында жүрген құмырсқаларға беріп, өзі суына нан батырып жейтін.- Дәндерді неге құмырсқаларға бересің? дегендерге.Бұлардың ұйымдасып өмір сүруге деген бейімділіктері мен өз міндеттерін атқарудағы еңбекқорлықтарын көріп, ұйымшылдықтарына марапат ретінде бұларға көмектескім келеді деген жауап береді.(Сілтеме )*Сілтеме:1935 жылы Ескішеһир сотында Республика туралы не ойлайсың? де-

37ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІТиллода жүргенде, түсінде хазіреті Абдулқадир Гейланиді көреді. Түсінде Абдулқадир Гейлани (Қ.С.) Молла Саидқа былай дейді: «Миран тайпасының көсемі Мұстафа Пашаға бар, хақ жолға шақыр. Зұлымдықты қойып, намаз оқысын, Аллаһтың әмірлеріне мойынсұнсын, осыны түсіндір. Түсінбейтін болса өлтір.Молла Саид ояна сала жолға шығады. Миран тайпасының көсемі Мұстафа Пашаның шатырына барса, ол кісі жоқ екен. Сол жерде жатып біраз тынығып алады. Мұстафа Паша келгенде жұрттың бәрі атып тұрады. Ал, Молла Саид орнынан да қозғалмайды. Мұны байқап тұрған Паша, мыңбасы Фәттаһ мырзадан, “мынау кім?” деп сұрайды. Фәттаһ мырза Молла Саид екенін айтады. Ал, Мұстафа Паша ғалымдарды жақтырмайтын. Одан әрмен ашу қысып булыға түседі. Молла Саидтан неге келгенін сұрайды. Молла Саид:– Сені тура жолға шақыруға келдім. Не зұлымдығыңды қойып, намазға жығыласың, не мен сені өлтіремін дейді. Мұны естіген Паша қатты ашуланып, сыртқа шығып кетеді. Біраздан кейін қайтып келіп, неге келгенін тағы да сұрайды:- Жаңа саған айттым ғой, сол үшін келдім! дейді. Мұстафа Паша шатырдың тіреуіне ілулі тұрған Саидтың қылышын көріп.- Мына жаман қылышпен бе? - дейді.- Кесетін қылыш емес, қол ғой, – деген жауапты естіген Мұстафа Паша қайтадан сыртқа шығып кетеді.Біраздан кейін қайта келіп, – Менің қол астымда көптеген ғалым ғұламалар бар. Егер солардың бәрін жеңіп шықсаң, сенің айтқаныңды орындаймын. Ал, жеңе алмасаң, сені Ефраттың суына лақтырам дейді. Молла Саид: - Ғалымдардың бәрін жеңіп шығу менің қолымда емес. Мені өзенге лақтыру да сенің қолыңда емес. Бірақ ғалымдарға жауап беріп болғаннан кейін маған бір маузер бересің. Егер сөзіңде тұрмасаң сені сонымен атып өлтіремін.Осы әңгімеден кейін атқа мініп Пашамен бірге Жәзираға қарай ген сұрақ қойылды. Мен былай жауап бердім: Ескішеһир сотының төрағасынан басқаларың дүниеге келмей тұрып та менің діндар, республикашыл екенімді қолдарыңдағы өмір тарихым дәлелдеп береді, дейді де жоғарыдағы құмырсқалар жайлы әңгімені айтып береді. Содан кейін, Хуләфа-и Рашидин, төрт халифа һәм халифа һәм республиканы яғни елді басқарған-ды. Сыддық-ы Әкбәр (р.һ) саңлақ сахабаларға әлбетте, көшбасшы болатын. Бірақ, мағынасыз аты бар заты жоқ басшы емес, толық мағынада нағыз әділ, шариғаттың тәуелсіздігін сақтаушы, діндар республика басшылары еді, дейді..

38БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИжолға шығады. Паша жол бойы бұған тіл қатпайды. Бани Тамы деп аталатын жерге жеткенде Молла Саид біраз тынығып алу үшін жата кетеді. Ұйқыдан тұрған кезде қолдарына кітаптарын ұстаған ғалымдарды көреді. Амандық-саулықтан кейін ортаға шәй келеді. Молла Саидтың атын естіп жүрген ғалымдар шәйді де ұмытып, Молла Саидқа қояр сұрақтарына дайындалумен болады. Молла Саид өзінің шәйін ішіп бітірген соң, алдында аңтарылып тұрған бірнеше ғалымның да шәйларын ішіп қояды. Аналар мұны байқамай, өздерімен өздері әлек болуда еді. Мұстафа Паша:– Мен оқымысты емеспін бірақ, Сендердің Молла Саидтан жеңілетіндеріңді қазірден-ақ түсініп отырмын. Сендер бас қатырып тұрғанда Молла Саид өзінікінен бөлек сендердің бір-екі кесе шәйларыңды ішіп алды дейді.Осылайша, біршама әзіл әңгімеден кейін Молла Саид: – Мырзалар! Мен ешкімнен сұрақ сұрамауға ант еткен адаммын. Мен сіздерге сұрақ қоймаймын. Сіздердің сұрақтарыңызға дайынмын дейді. Ғалымдар қырық шақты сұрақ қойып, бәріне де жауап алғаннан кейін, жиын тарқай бастайды. Сол кезде бір сұрақтың жауабын дұрыс айтпағаны Молла Саидтың есіне түседі. Анадай жерде кетіп бара жатқан ғалымдардың артынан айқайлап,- Кешіріңіздер мына сұрақтың дұрыс жауабы былай болатын. Мен қате айттым, бірақ сіздер қабыл көрдіңіздер, дейді.Сонда ғалымдар:– Бізді енді шынымен-ақ жеңіп шықтыңыз, дейді. Сол ғалым–дардың біразы Молла Саидтан сабақ ала бастайды.Мұстафа Паша да уәде еткен маузерін беріп, намазға жығылады. Молла Саидтың ғылымдағы теңдессіз қабілеттерімен қатар, дене бітімі де шымыр еді. Күрескенді қатты ұнататын. Медіреседе барлық шәкірттермен күресетін еді. Күресте де оны ешкім жеңе алмайтын.Бір күні Мұстафа Паша екеуі ат жарысқа шығады. Мұстафа Паша Молла Саидқа бас білмеген, асау ат дайындатады. (Құдай біледі, аттан құлап өлсін деген болуы керек). Он алты жасар Молла Саид атқа мініп, шаба жөнеледі. Асау ат ырық бермей ала қашады. Тізгінді қанша тартса да, тоқтата алмайды. Ойнап жүрген балаларға қарай тура тартады.Жәзиралық ағалардың (төрелердің) біреуінің баласын қағып түсіреді де алдыңғы екі аяғын көтеріп тұрып, екі жауырынның ортасынан жаншып өтеді. Бала тыпырлаған күйі талып қалады.

39ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІАйналадағылар жүгіріп келгенде баланың сұлқ жатқанын көріп, Ағаның (төренің) қызметшілері қанжарларын суырып алып, Молла Саидты өлтірмекке ұмтылады.Молла Саид револьверін қолына алып,– «Ақиқатына келер болсақ, баланы Аллаһ өлтірді. Сырт қарағанда, ат өлтірді. Себептеріне қарасақ, Таз Мұстафа өлтірді, өйткені мына асау атты сол берді. Тоқтаңдар, мен балаға бір қарайын. Егер шынымен өліп қалған болса, содан кейін шайқаса жатармыз» дейді. Содан соң баланы қолына алып, мұздай суға батырып алады. Бала күлім қаққан қалпында көзін ашады... Бұл оқиғаға жұрттың бәрі таң қалды. Осы оқиғадан кейін біраз уақыт Жәзирада тұрып, шәкірті Молла Салихпен бірге бәдәуи арабтар тұратын Бироға келеді. Біраз уақыт сол жерде тұрған соң, Мұстафа Пашаның қайтадан зұлымдық жасай бастағанын естиді. Тағы да барып ескертеді, насихат айтады. Бір күні, тағы да айтысып қалады. Мұстафа Пашаға:– Зұлымдық жасауды қайта бастадың, Сені Аллаһ үшін өлтіремін! дейді. Пашаның хатшысы араға түседі.Сол жерде Молла Саид Пашаның залымдығын бетіне басып, ауыр сөздер айтады. Бұған шыдай алмаған Паша да Молла Саидты өлтірмек болып ұмтылады. Мирандық ағалар (ауыл әкімдері) ұстап қалады. Сол кезде Мұстафа Пашаның ұлы Абдулкәрим Молла Саидқа жақын келіп.– Оның ақидасы дұрыс емес, сізден өтінерім бұл жерден кетіп қалыңыз, дейді.Абдулкәрімнің сөзінен кейін, жалғыз өзі бәдәуилер отырған Бир шөліне кетеді. Жолда бәдәуи қарақшыларға тап болады. Бәдәуилердің қаруы найза, Молла Саидтың қолында маузер болғандықтан алыстан оқ атып, жақындатпайды. Қарақшылар да шегініп кетеді. Жол бойы тағы бір топ қарақшыға тап болады. Бұл жолғы қарақшылар өте көп болғандықтан Молла Саидты қоршап алады. Енді өлтіреміз дегенде, қарақшылардың біреуі.– Мен бұны Миран тайпасынан көргенмін.Бұл бір атақты адам, дегеннен кейін қарақшылар одан кешірім сұрап, қауіпті жерлерде қорғап жүрейік деген ұсыныстарын қабыл алмай, әрі қарай жалғыз кетеді. Бірнеше күннен кейін Мардинге жетеді. Мардин ғұламалары білім жарыстырып көргілері келгенімен, оған шамалары келмейді. Балалары қатарлы Молла Саидтың ғажайып ғылыми деңгейін байқаған соң, өздеріне ұстаз етіп қабылдайды.

40БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИМардинде жүргенде екі шәкіртпен танысып қалады. Біреуі Жемалиддин Афганидің жолын ұстанады екен де екіншісі Сунуси тариқатын ұстанады екен, сол арқылы Жемалиддин Афганидің ұстанымына да Сүниси тариқатына да қызығушылығы оянады.Молла Саид жас кезінде-ақ саяси өмірді таниды. Отанға, халыққа қызмет ете бастайды. Саяси өмірге араласуы Мардиннен басталады. Сол жердегі бір әкімнің бұйрығымен қолы кісендеулі күйінде Битлиске айдалады. Айдауыл жандармалармен бірге жолда кетіп бара жатқанда намаз уақыты кіреді. Намаз оқу үшін кісендерінің шешілуін талап етеді. Жандармалар оған көнбеген соң темір кісендерді, қағаз құрлы көрмей жұлып алып, лақтырып тастайды. Мұндай керемет жағдайды көрген жандармалар, жалбарына кешірім өтініп, біз осы уақытқа дейін сіздің айдауылыңыз едік, бұдан кейін қызметшіңіз болайық! дейді.(Сілтеме )*Битлисте жүргенде Уәли (Губернатор) бір топ мемлекеттік қызметкерлермен бірге ішімдік ішуде деген хабар алады. Бұл хабарға қатты ашуланған Молла Саид:– Битлис сынды діндар бір жерде мемлекеттің уәкілдері мұндай әрекет жасап жатса бұған төзе алмаймын, деп, ішімдік жайлы бір хадис шәріп айтқан соң, өте ауыр сөздер де айтады. Әкім (Уәли) атуға ишара беруі мүмкін ғой деген оймен бір қолы револьверін суырып алуға дайын тұрады. Бірақ Уәли өте сабырлы, шыдамды адам болғандықтан үнсіз тұрады. Молла Саид ол жерден шығып кеткен соң Уәлидің адюданты Саидқа.– Сіз не істедіңіз, айтқан сөздеріңіз үшін өлім жазасына кесілуіңіз мүмкін, дейді.Жас Саид– Өлім жазасын ойлаған жоқпын. Түрмеге қамап, жер аударатын шығар деп ойладым. Болар іс болды. Аллаһтың риза болмайтын бір ісін тоқтатқаным үшін өліп кетсем де зияны жоқ деп жауап береді.Екі сағаттан кейін Уәли екі полиция қызметкерін жіберіп, алдына шақыртады. Уәлидің кабинетіне кіре бергенде Уәли құрметпен қарсы алып, қолын сүюге ұмтылады. Жоғары шығып отыруын өтінеді. Әр кімнің бір ұстазы бар. Сен де менің ұстазымсың, дейді.* * * * *Сілтеме: Бір күні Бәдиүззаманға сол кезде кісенді қалай аштыңыз? деген сұрақ қойылады.- Өзім де білмеймін. Намаздың кереметі болар деп жауап береді.

41ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІЖас Саид, өз болмысында адами заңдармен шектеулі әрекет етуді ұнатпайтын. Кез келген ісін еркін жасағысы келетін. Өзі де «мен еркіндігім мен тәуелсіздігімді еш нәрсеге айырбастамаймын», дейтін. Сондықтан да Стамбулға алғаш келгенде, адами заңдардың шектеулерін қабылдай алмады және өмірінің соңына дейін осылай өткенін көреміз. Оның бойындағы еркіндікке деген құштарлық, өзі орта жастан асқанда Европадан жеткен сұмдық адасушылық пен бұзғыншылыққа қарсы тұруға, материялистік философиядан туындаған Диктатураның Құранға қайшы принциптеріне бас имеуге, оларға бағынбауға итерді. Шариғатқа сай Ислами еркіндік пен Ислами мәдениет жолында тер төгуіне жол ашты.Молла Саид, Битлисте жүргенде он бес – он алты жасында болатын. Бәлиғаттық жасқа енді толған еді. Осы уақытқа дейін жинаған мағлұматтары, сүнухат (жүрекке жеткен тылсым хабар) арқылы жиналғандықтан зерттеп жатуды қажетсінбейтін. Енді, жасы балиғатқа толып қалғандықтан ба?, әлде саясатқа араласа бастағаннан ба?, әйтеуір бұрынғыдай сүнухат бірте-бірте азая бастаған еді. Бұдан былай, әр түрлі пән кітаптарын зерттеп-зерделей бастады. Әсіресе, Ислам дінінің хақ дін екеніне күмәнмен қарауды тойтару үшін «метали» және «мевакыф» деп аталатын кітаптармен қатар, улум-у алие (граматика, логика) және (тәпсір, келам ілімі) қатысты қырықтан астам кітапты екі жылда жаттап алды. Күніге қайталап отыру арқылы жаттап алған кітаптарын үш айда бір рет барлығын бір қайталап шығатын. Молла Саидтың бойында бір-біріне ұқсамайтын екі жағдай бар еді. Біріншісі: Ой пікірлері ашылып, шабыты келген кез. Ондай кезде қолына не алса да түсінбей қалуы мүмкін емес еді. Екіншісі: Ой-пікірі тарылып, тұйықталып қалатын кезі. Ондай кезде талқылау, зерттеулерді былай қойғанда, сөйлегісі де келмей қалатын. Молла Саид, күніне екі пара оқу арқылы Құран жаттай бастады. Күніне екі пара жаттап, Құранның басым бөлігін жаттап алды. Бірақ екі сүнухаттың әсерімен түгел жаттамады.Біріншісі: Құранның тез оқылуы, оған құрметсіздік болады.Екіншісі: Құрандағы ақиқаттарды жаттауға (түсінуге) мұқтаждық басым; деген сырлар жүрегіне жетеді. Сондықтан Құрандағы ақиқаттардың кілті және күдік күмандардан сақтап, соларға жауап

42БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИбере алатын Ислами ғылымдар мен хикметтерді қолға алатын қырық шақты кітапты екі жылда жаттап алды. Жаттаған кітаптарын қайталап шығу үшін үш ай уақыт кететін.«Мирқат» деп аталатын кітапты сілтемелері мен түсіндірмелерін қоспай жаттап алады. Кейіннен сол кітаптың сілтемелері мен түсіндірмелерін өз ойымен салыстырып қарағанда үш сөзден басқасы бірдей болып шығады. Бұл айырмашылық та ғұламалардың сөзді түрлендіріп, көркемдеп жіберуінен болған еді.Бір күні Битлистегі атақты шейхтердің бірі, Шейх Мехмед Куфреви Хазрет, Молла Саидты қарғады деген өтірік хабар жетеді. Осыған байланысты сол кісіні зиярат етеді. Шейх Хазрет Молла Саидты құрметпен қарсы алып, тәберік ретінде бір дәріс береді. Молла Саидтың ең соңғы рет алған дәрісі сол еді. Бір күні Молла Саид, Шейх Мехмед Күфреви Хазретті түсінде көреді. Түсінде Шейх:– Молла Саид, кел мені зиярат ет, кететін болдым, деген соң бұл да қасына бара қояды. Шейхтың ұшып кеткенін көргеннен кейін барып оянады. Сағатқа қараса, сағат түнгі жеті екен. Қайта жатып қалады. Таңертең Шейхтің үйінен жоқтаулар естіліп жатады. Барса, Шейх Хазрет түнгі сағат жетіде қайтыс болып кеткен екен.Көңілі түсіп, кері қайтады.Молла Саид шығыстағы Сеид Нұр Мехмед, Шейх Абдуррахман Тағи, Шейх Феһим, Шейх Мехмед Күфреви қатарлы ғұламалардың әр қайсысынан, ғылымның әр саласы бойынша сабақтар алғандықтан, оларды құрмет тұтатын. Шейх Әмин Әфенді, Молла Фетһуллаһ, Шейх Фетһуллаһ Әфенділерді ерекше құрметтейтін.Ванда ағартушы ғалымдар болмағандықтан, Хасан пашаның шақыртуы бойынша Молла Саид Ванға келеді. Ванда он бес жыл тұрды. Арасында ел аралап, сабақ берді. Әкімдерге, мемлекеттік қызметкерлерге ендігі жерде бұрынғы әдіспен шектеліп қалмай, жаратылыстану ғылымдарын да қоса оқыту қажет екенін айтатын.(Сілтеме ) Өзі де жаратылыстану ғылымдарын зерттей бастайды. *Сілтеме:Бәдиүззаманың жас кезінен-ақ білімдар болуы, оның келешек-те Құран және Ислам жолында атқарған еңбектеріне дайындық болған екен. Сол кезде-ақ өз ойын ортаға қойғандығынан, қырық жылдан кейін Аллаһ оған Рисалей-Нұр арқылы Келам ілімінде жаңа жол ашуын нәсіп етті.

43ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІАз уақыттың ішінде Тарих, География, Математика, Геометрия, Геология, Физика, Химия, Астрономия, Философия пәндерінің негіздерін үйреніп алады. Бұл ғылымдарды арнайы мұғалімнен сабақ алмай-ақ, өздігінен, кітап оқып, талқылау арқылы үйренеді. Мысалға, бір география мұғалімімен ғылыми сайысқа түспей тұрып, қолына алған география кітабын жиырма төрт сағаттың ішінде жаттап алып, ертеңіне Ваиның Уәлиі марқұм Тахир Пашаның сарайында әлгі мұғалімді жеңіп шығады. Тағы бірде бес күн бұрын қолына алған Кимия-и Ғайри Узби (Анорганикалық химия) кітабын жаттап алып, химия мұғалімін де жеңіп шығады. Жас жігіттің осындай ерекшеліктеріне тәнті болған ғалымдар Молла Саидты «Бәдиуззаман» (заманының озығы) деп атап кетеді.Сол кезеңде Бәдиуззаман өзінің осы уақытқа дейінгі жинаған діни, ғылыми білімдерін бір-бірімен ұштастыра отырып, сол кездің қажетіне қарай сабақ беру методикасын ойлап шығарады.Молла Саидтың сол аймақтың ғалымдарына ұқсамайтын принциптері бар еді.(Сілтеме )*1. Ешкімнен ешқашан сыйлық алмау, жалақы да алмау. Кейіннен де қаншама рет қамалып жер аударылса да ешкімнен еш нәрсе алмағандығына тарих куә.2. Ешбір ғалымға сұрақ қоймау. Тек өзіне қойылған сұрақтарға жауап беретін. «Мен ғалымдардың білімдерін жоққа шығармаймын. Олай болса, оларға сұрақ қою артық болады. Ал менің білімімнен күмәнданатындар болса, сұрақтарына жауап берейін» дейтін.3. Өз шәкірттерін де зекет, сыйлық алудан тыятын. Оларды тек қана Аллаһ ризалығы үшін жұмыс істеуге баулитын. Тіпті олардың ас-ауқатын көбіне өзі көтеретін.4. Дүниелік ешбір нәрсеге көңіл аудармайтын. «Бүкіл мал-мүлкімді бір қолыммен көтеріп кете беруім керек» дейтін. Мұндай жағдайдың себебін сұрағандарға «Уақыты келгенде, менің мұндай жағдайыма жұрттың бәрі қызығатын болады. Екіншіден мол байлық маған ешқандай ләззат бермейді. Мына дүниеге уақытша қонақ үй ретінде қараймын» дейтін.Ванда жүргенде марқұм Уәли Тахир Паша, Европалық кітаптарды зерттей отырып, Молла Саидқа сұрақтар қоятын. Бұл кітаптарды ешқашан көрмесе де, түрікшені жаңа үйреніп жүргеніне қарамай, Сілтеме: Сексен жылдық өмірінде бұл ұстанымдары өзгерген жоқ.

44БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИойланбай жауап беретін. Бір күні бұл кітаптарды көріп қалып, Тахир Пашаның сол кітаптардан сұрақтар қойып жүргенін түсінеді. Аз уақыттың ішінде бұл кітаптардың мағынасын түсініп алады.Ол кездегі ең үлкен арманы Битлис пен Ванда Мысырдағы «Әл-Әзһар» университеті сияқты өзі «Медресетуз – Зеһра» деп ат қойған оқу орнын ашу еді.Мұны тек ой-арман күйінде қалдырмай, іске асыруға бар күшін салып жүрді.Жазды, Башит және Бейтушшебаб атты жайлауларда өткізетін. Бір күні Тахир Пашаға жоғарыда айтылған таулардың басында шілде айында да мұз жататындығын айтады. Тахир Паша бұл сөздерді жоққа шығарып, «Шілде айында ол жерлерде мұз жатуы мүмкін емес», дейді. Молла Саид жайлауда жүргенде сол сөздер есіне түсіп, Тахир Пашаға алғаш рет түрікше хат жазады.– Ей Паша Башиттің басында мұз жатыр. Көрмеген нәрсеңді жоққа шығарма. Барлық нәрсе сенің білгендеріңмен шектелмейді, уәссалам!Молла Саид рулар арасындағы түсініспеушілікті естісе болды сонда барып, насихат айту арқылы бітімге келтіретін. Тіпті үкімет орындары да бітімге келтіре алмаған Шекер Аға мен Миранның басшысы Мұстафа Пашаны да бітімге келтіреді. Мұстафа Пашаға, әлі тәубеңе келмедің бе? дейді. Мұстафа Паша, – Мырза не айтсаң да сөзіңді екі етпеймін, дейді.Мұстафа Паша бұған ат, ақша бергісі келеді. Бәдиүззаман:– Осы уақытқа дейін ешкімнен ақша алмағанымды естіген жоқсың ба? Оның үстіне сен секілді залымнан қалай алады, дейсің? Сен тәубеңді бұзған сияқтысың. Олай болса Жазираға жете алмайсың, дейді. Шынында да Жазираға жетпей, жолда өлгендігі жайлы хабар жетеді. Бәдиүззаман математикалық есептерді өте тез шығаратын. Кез келген есепті ойынша шығара қоятын. Тіпті алгебраға қатысты бір кітап жазады. Тахир Пашаның Сарайында есеп шығару тақырыбында қандай да бір тартысты мәселе туындай қалса, ең бірінші Бәдиүззаман шығарып қоятын. Тәжірибелі хатшылардан да бұрын Бәдиүззаман ойша шығарып қоятын. Бірде мынадай сұрақ қойылды: – Он бес мұсылман, он бес мұсылман емес адам бар деп ойлайық. Бір бірінің артына тұра қалып, жеребе тасталса, бәрінде де мұсылман емес адамға шығатындай етіп қалай орналастыруға болады.

45ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІЖауап ретінде былай дейді: Мұның бір жүз жиырма төрт түрлі жағдайы бар. Бұдан да қиынын, екі мың бес жүз түрлі болатындай етіп құрастырдым. Екі сағаттың ішінде, жүз адамның ішіндегі елу мұсылман емес адамға әрдайым жеребе түсетіндей етіп есеп құрастырады. Тіпті бес жүз мұсылман емес адамға ықтималдық нұсқасы бар еді. Осы есепті жазып (Сілтеме ) Тахир Пашаға ұсынады.*Бәдиуззаман Ванда жүргенде Уәли (Губернатор) Тахир Пашамен бірге газетке шыққан Исламға қатысты хабарларды талқылап отыратын. Бір күні Тахир Паша бір газеттен мынадай хабар оқыды. Британ мәжілісінде, отарланған елдерге жауапты министр Құран Кәрімді қолына ұстап тұрып: “Мұсылмандардың қолында мына Құран тұрғанда біз оларға толық билік жүргізе алмаймыз. Не істесек те, олардың қолынан Құранды алып қоюымыз керек. Не болмаса, мұсылмандарды діннен, Құраннан бездіруіміз керек!”, депті. Бұл хабар оның бойында айтып жеткізе алмастай әсер қалдырады. Осы оқиғадан кейін Бәдиүззаман, «Құранның сөнбейтін, сөндірілмейтін нұр екенін бүкіл әлемге дәлелдеймін және паш етемін», деп, барлық ынта-жігерін сол жолға арнайды.(Сілтеме )**Сілтеме*:Өкінішке орай ол жазба Вандағы бір өртте жанып кетті.Сілтеме*: Саид Нұрси алпыс бес жыл бұрын Ванда Уәли Тахир Пашамен бірге жүрген кезінде газеттен оқыған бір хабарда Ағылшынның отарланған елдерге жа-уапты министрі, Британ мәжілісінде қолындағы Құран кәрімді көрсетіп тұрып, «Мұсылмандардың қолында мына Құран тұрағанда, біз оларға толық билік жүргізе алмаймыз. Не Құранды жоқ етуіміз керек, немесе мұсылмандарды Құраннан алы-статып жіберуіміз керек», деген сөзі оның рухын тебірентіп, намысын оятады. Құранның мұғжиза екендігін дәлелдеп, бүкіл әлемге паш етіп, кәпірлердің аузына құм құюға нақты қарар береді. Ванда жүрген он бес жылдың ішінде жаттап алған сек-сеннен астам кітапты іштей жатқа қайталаумен қатар, Ислам әлемінің сол кездегі жағдайына байланысты, қажетті мағлұматтарды жинастырады.Ешкімге ұқсамайтын, ерекше ғалым Бәдиүззаманның бойындағы жас кезінен-ақ байқалған ерекше дарын мен білімнен де байқалып тұрғандай оған Құрандағы хик-меттер үйретілген еді. Оның бойында, заманауи мәселелерге жауап бере алатын замандастарынан озық ғылыми да әдеби де қабілеттер мен бүкіл әлемге Құранның мұғжиза екендігін дәлелдеп, жұртты соған сендіре алатын қасиеттер мен ұстаным, жанкештілік бар еді.Бидайдың дәніндей ғана қарағайдың дәнегінен таудай ағаштың өсіп шығуы Аллаһтың Құдіретін анық көрсететініндей, материялық тұрғыдан қолында ешқандай күш жоқ, керісінше аяқ қолы байланғандай бір жағдайда жүрген Бәдиүззаман да, әлгі дәнектей ғана болмысы мен өз еңбегі арқылы, ең қиын кезеңнің өзінде Анадолыға, Ислам әлеміне және әлемнің көптеген аймақтарына әсер ететін және ой-сананы

46БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИШығыс Анадолыда «Медресетуз – Зеһра» деген атпен университет ашқызу, Ванда немесе Диярбақырда университет дәрежесіндегі медресе ашқызу ниетімен Стамбулға келеді. Стамбулға келуін бір журналист былай суреттейді. «Шығыстың заңғар шыңдарынан шыққан, жарқын даналықтың бір жұлдызы Стамбул көкжиегінен көрінді».Стамбулға аттанардың алдында Тахир Паша - Шығыстағы ғалымдардың бәрінен озып шықтың, Стамбулдай үлкен теңіздің үлкен балықтарына шамаң келер ме екен?- деген еді.Стамбулға келісімен ғалымдарды іліми сұхбаттарға шақырады. Стамбулдың атақты ғалымдары топ-тобымен келіп, өз сұрақтарына толық жауап алып қайтатын.Мұндағы ойы Шығыс Анадолыдағы оқу-ағарту ісіне көңіл аударту еді. Әйтпесе, Молла Саид мақтангершілікті жақтырмайтын.Стамбулда орналасқан үйіне «Бұл жерде барлық сұрақтарға жауап беріледі. Бірақ ешқандай сұрақ қойылмайды» деген тақтайша іліп қояды. (Сілтеме ) Жас жігіттің қойылған сұрақтардың *өзгертіп, рухани өзгерістерге жетелейтін жұмыстар атқаруы, оның артында Аллаһтың құдіреті мен жарылқауы және Илаһи бағыт-бағдар беріліп тұрғандығын көзге де көңілге де көрсетіп тұр. Өзі де бір еңбегінде, Аллаһ берген нығметтерге шүкір ету мақсатында, Аллаһтың жарылқауларын былай жеткізеді. «Бірінші Дүние Жүзілік Соғыстан бұрын немесе соның бастапқы кездерінде түсімде бір анық оқиға көрдім: Арарат Тауы деп аталатын мәшһүр Ағры Тауының етегінде екем. Бірден ол тау сұмдық бір түрде жарылды. Таудай бөлшектерді дүниенің әр тарапына шашты. Осындай сұмдық жағдайда жан-жағыма қарасам, марқұм анам жанымда екен: Анашым, қорықпа! Бұл Аллаһтың әмірі. Ол Рахим және Хаким дедім. Осындай жағдайда ерекше бір адам маған әмір еткендей:– Құранның мұғжизалығын баян ет! деді. Ояндым, түсінгенім мынау болды: Алапат үлкен оқиғалар болады. Сол алапаттан кейін, қоғамда үлкен өзгерістер болады болады. Сол үлкен өзгерістерден кейін, Құранның айналасындағы қорғандар қирайды. Құран енді, тікелей өзін-өзі қорғайтын болады. Құранға шабуыл жасалады. Сол кезде Оның мұғжизалығы құрыштай болат сауытқа айналады. Сол мұғжизалардың бірінің, сол кезде ортаға шығуына, шамамнан тыс болса да, мен секілді бір адам тағайындалады және тағайындалғанымды да түсіндім».Сілтеме*: Мына нәрсені де айта кеткен жөн, Саид Нұрсидың соңғы отыз-қырық жылда Дін Исламға және Құранға қызмет ету жолында Аллаһтың жарылқауымен Рисалей-Нұр нәсіп болғандықтан, жалпылық сипаттағы рухани жиһад жасап, Құранға қызмет ете алды. Бұл жазбалар рухани илхаммен жазылды. Оның өмірі де рухани түрде басқарылып, жүйеге түсірілген еді. Яғни, болашақта аса маңызды Құрани жұмыстар атқаратындықтан Аллаһ сол Құрани қызметке орын дайындау үшін Саидты әдеттен тыс шарттарда, әдеттен тыс жарылқаулармен аса алғырлық пен зейін, даналық сыйлаған еді. Сондықтан да өмір тарихы кітабының бас жағында

47ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІбәріне толық қанағаттанарлық жауап беруіне, шешендік өнерінің озық үлгісін көрсететін сөз саптауына таң қалған ғалымдар, «Бәдиүззаман» деген атқа лайық, «сирек кездесетін» құбылыс деп суреттейтін.Сол кездерде Стамбулға Мысырдағы Әл-Әзһар Университетінің ректоры, атақты Шейх Баһид мырза келеді. Бір жеңсе бұл жігітті Шейх Баһид жеңетін шығар, деген ойда жүрген кейбір ғалымдар, Шейх Баһидтен Саид Нұрсиға сұрақ қоюын өтінеді. Бір күні намаздан кейін Аясофия мешітінен шығып, шайханада отырған Саид Нұрсидың жанына соңынан ерген бір топ ғалымдармен бірге келген Шейх Баһид яғни Еуропа мен Османлы мемлекеті жайлы не ойлайсыз? – деп сұрайды.Шейх Баһид мырзаның бұл сұрақты қоюдағы мақсаты Бәдиуззаманның телегей-теңіз ілімін сынау емес, болашақты болжай алатын зердесін байқау және әлемдік саясатты түсіну болатын.Бәдиүззаман:Яғни, «Еуропа Ислам мемлекетіне жүкті, бір күні соны дүниеге әкеледі. Османлы да Еуропаға аяғы ауыр, ол да соны дүниеге әкеледі» дейді.Бұл жауапты естіген Шейх Баһид «Бұл жігітпен тартысу мүмкін емес. Мен де осылай ойлаушы едім, бірақ мұншалықты шешен тілмен жеткізе білу тек Бәдиүззаманның қолынан келеді» деген екен.(Сілтеме )*айтылғандай, оның өмірі мен мінез-құлқына осы тұрғыдан қарау керек. Тіпті өзі де демократиялық төңкерістерден бұрын көптеген шәкірттері мен достарына.- Бір нұр көрудемін, болашаққа үлкен үмітпен қараймын, деп, аса маңызды Құрани қызметтің атқарылатындығынан хабар беруде еді. Осындай оқиғаларды ал-дын ала сезу қабілеттері арқылы бүгінгі таңдағы Рисалей-Нұрдың Құран мен иман жолындағы қызметтерін, ол кезде саяси жолмен жасалады деп ойлап, бар күшін Стамбулда саясатты дінге, Құранға қызмет еткізу жолына жұмсауда еді.Сілтеме*:Бәдиүззаман айтқандай, бұл хабарлардың екі жағы да ортаға шықты. Бір-екі жылдан кейін демократиялық басқару кезінде Ислами нышандарға үйлеспейтін

48БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИБәдиүззаман Саид Нұрси Хазреттің Вандағы Хор хор медресесінің бақшасынан қарағандағы Ван қамалындағы үңгірлердің көрінісіБәдиүззаманның Стамбұлдағы өмірі белгілі бір дәрежеде саяси аренада өтеді. Саясат арқылы дінге қызмет етуге болады деп сенетін. Саяси өмірге араласуы Исламға қызмет етсем деген қызу әрекеттердің нәтижесі еді. Демократияны жақтайтын. Әділетсіздіктерді көріп жүретіндіктен “Жас түріктерге”– Сендер дінді қорлап жатырсыңдар, Аллаһтың қаһарын шақырудасыңдар,шариғатты аяқ асты еттіңдер бұның соңы жақсы болмайды, деп қарсылық білдіретін.шет елдік әдеттер арта түсіп, Түркияға орныға бастауы, ал бұған керісінше қазіргі Европада Құран мен Исламға деген қызығушылықтың артуы, әсіресе бақтияр Неміс халқының топ-тобымен Исламды қабылдауы, сол хабарларды толық растап отыр.

49ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІДемократиялық басқару жүйесі орнағаннан кейін, достарымен бірге Иттихад-ы Мухаммеди (С.А.У.) ұйымын құрады. Бұл ұйым аз уақыттың ішінде үлкейіп кетеді. Тіпті Бәдиүззаманның бір мақаласы арқылы Адапазары, Измит өңірінен елу мың адам ұйымға мүше болады.Демократияны бұрыс түсінбеу керектігін және парламенттік басқару жүйесі шариғатқа сай болуы керектігін айтып, газеттерге мақалалар жариялайтын, насихаттар айтатын. Бұл мақалалары мен сөздері теңдессіз деуге тұрарлық көркем, көңілге қонымды еді. Ғалымдар мен саясаткерлер Саид Нурсидің бұл жазбалары мен сөздерінен көп пайдаланатын. Сол кезеңдердегі ұлттың оянуын, Анадолы мен Азияның бұ дүниелік бақытының жарқын таңы ретінде сүйіншілейтін. Бірақ қолдан шығарып алмау керектігін, ол үшін Шариғаттың әмірлерін бұлжытпай орындау керектігін алға тартатын. «Егер парламенттік басқаруды шариғаттағы еркіндікпен ұштастырмасақ және бұны іске асырмасақ қолымыздан шығып кетеді. Оның орнына Диктатуралық жүйе орнайтын болады, дейтін. Сол мақалалар мен насихат сөздердің кейбіреуін осы жерлерге енгізгіміз келіп отыр.Бәдиүззаман Саид Нурсидің Демократиялық жүйенің жариялануынан соң үш күннен кейін, дайындалмай-ақ, бірден ортаға шығып сөйлеген және кейінірек Салоники қаласында, Азаттық алаңында қайта айтқан сөздерін сол кезеңнің газеттері жариялаған еді. Солардың бір көшірмесі. Демократияға арнауЕй, Шариғатқа сай демократия! Аса зор, бірақ сүйіншілі тамаша дауыспен шақырудасың. Мен секілді бәдәуи бір адамды ғапылдық ұйқысынан ояттың. Сен болмасаң мен де, барша жұрт та диктатураның зынданында қала берер едік. Саған мәңгі өмір тілеймін. Егер шариғатты өмірлік заңдардың қайнарына айналдырсақ, содан нәр алып өсіп-өнсек, бұл елдің бұрынғы өмірмен салыстырғанда әлдеқайда дами түсетінін сүйіншілеймін. Егер шын мағынасында саған ерсе солай болады. Бірақ жеке мақсаттар мен кек алуды ойлап, былықтырмаса...

50БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИЯ, Раб! Қандай бақытты көпшілік, хашир орнағандай деген ақиқаттың кішкентай бір үлгісін суреттеп беріп тұрғандай. Азия мен Балкан түбегінде көміліп қалған ежелгі мәдениет қайта тірілуде. Жеке мүддесі үшін көпшілікке зиян беруден тайынбайтын диктатураны жақтаушылар деп жатыр. Жаңа құрылған Шартты Үкіметіміз мұғжизаға ұқсап шыққандықтан, ИншАллаһ бір жылға жетпей сырына бөленетін боламыз. Тәуекел етіп, сабыр сақтай отырып, отыз жыл бойы тұтқан үнсіздік оразамыздың сауабы, көп қыйындықсыз, даму мен мәдениеттің есіктерін ашып берді. Демократиялық биліктегі бақытты өмірдің жаршысындай болған шариғатқа сай заңдар жәннатқа шақыруда.Ей мына елдің жаншылған халқы! Барайық, ішіне кірейік. Оның бірінші есігі: Шариғат шеңберінде көңілдердің бір болуы. Екіншісі: Елге деген сүйіспеншілік. Үшіншісі: Білім алу. Төртіншісі: Еңбек. Бесіншісі: Нәпсіқұмарлықты қою. Басқаларын сіздің өз ойыңызға қалдырамын. Ей, отандастар, абай болыңдар! Нәпсіқұмарлық, дінге немқұрайлылық арқылы (демократияны) қайта өлтіріп алмаңдар. Шариғаттың негіздеріне құрылған ата заң бүлікші ойлар мен нашар мінез-құлыққа, шайтанның айлалары мен жалтақтыққа Әзірейіл боп тиді,өлтірді. Ей отандастар байқаңдар! Ысырапшылдыққа салынып шариғатқа теріс әрекеттер жасап, харам ләззаттардың ізіне түсіп, оларды қайта тірілтіп алмаңдар. Демек осы уақытқа дейін мазарда шіріп жатыр едік. Енді мына ұлттың бірігуі мен демократия арқылы ана құрсағына түскендейміз. Өсіп-өркендейтін боламыз. Жүз жылға артта қалдық. Осы алшақтықтытың орынын толтыру үшін ИншАллаһ Пайғамбарымыздың мұғжизасы арқылы іс-қимыл, әрекетімізде шариғи құқықтар отарбасына, ал ой-пікір сана дамуында шариғи кеңес пырағына мінетін боламыз. Сол арқылы мына үрей торлаған надандық сахарасын аз уақытта аттап өтіп, өркениетті елдермен бір сапта иық тірестіріп, қатар жүретін боламыз. Себебі олар өгіз арбаға мініп жолға шыққан еді. Біз бірден поезд, дирижабль сынды жаңа техниканы пайдаланамыз. Бүкіл жақсылықтардың жиынтығы болған